JOB
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
Chapter 41
Job | Kaz | 41:1 | Сол алып аңды жеңемін деген үміттің өзі құр бекершілік. Оны көргеннен-ақ зәрең ұшып қалшылдарсың. | |
Job | Kaz | 41:2 | Оның мазасын алуға ешкімнің дәті бармайды. Олай болса, Маған қарсы тұра алатын біреу бар ма? | |
Job | Kaz | 41:3 | Құнын Менен қайтарып аламын деп кім бір нәрсесін Маған беріп қойған? Аспан астындағылардың барлығы да Менікі! | |
Job | Kaz | 41:5 | Оның денесінің сыртқы қабатын кім шешіп тастай алады? Оның қос қабат сауытын кім тесіп зақымдай алады? | |
Job | Kaz | 41:7 | Арқасында қатар-қатар тізіліп, бір-бірімен тығыз бекітілген қалқан іспетті қабыршықтары бар. | |
Job | Kaz | 41:12 | Оның танауынан шыққан түтін жанып жатқан қамысқа әрі қайнап тұрған қазаннан шыққан бу мен түтінге ұқсайды. | |
Job | Kaz | 41:15 | Құрсағындағы бұлшық еттерінің бүрмелері бір-бірімен тығыз, біте жабысқан, оларды шайқалтуға болмайды. | |
Job | Kaz | 41:20 | Садақтың жебесі оны қашуға мәжбүрлей алмайды, сақпанмен атылған тастар ол үшін қабықпен бірдей. | |
Job | Kaz | 41:21 | Сол хайуанды сойылмен соғу сабанмен ұрған іспетті, алдаспанның тарсылына ол тек күліп қана қояды. | |
Job | Kaz | 41:22 | Бауырындағы қабыршақтары қыш құмыраның өткір сынықтарындай. Қозғалса, жер жыртылып, іздері қалады. | |