Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JOHN
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 10
John Kaz 10:1  Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: кім қой қораға есіктен емес, өзге жерден өрмелеп кірсе, сол — ұры әрі қарақшы.
John Kaz 10:2  Ал кім есіктен кірсе, қойлардың бағушысы — сол.
John Kaz 10:3  Қарауыл оған есік ашып, қойлар оның даусын естіп таниды. Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады.
John Kaz 10:4  Шығарған соң олардың алдында жүріп отырады, ал қойлары соңынан ереді, өйткені олар оның даусын таниды.
John Kaz 10:5  Олар бөтен кісінің соңынан ермей, одан қашады, себебі оның даусын танымайды.
John Kaz 10:6  Осы астарлы сөзді Иса яһуди діндарларына айтып берді, бірақ олар Оның не айтқанын түсінген жоқ.
John Kaz 10:7  Сондықтан Иса сөзін жалғастырып былай деді:— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: қойлар кіретін «есік» Менмін.
John Kaz 10:8  Менен бұрын келгендердің бәрі ұрылар әрі қарақшылар болатын. Бірақ қойлар оларға бағынған жоқ.
John Kaz 10:9  Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады.
John Kaz 10:10  Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім.
John Kaz 10:11  Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды.
John Kaz 10:12  Ал бағушы емес жалданған адам қойлар өзінікі болмағандықтан, қасқырды көрсе, отарын тастай қашады. Қасқыр қойға шауып, оларды жан-жаққа бытыратып жібереді.
John Kaz 10:13  Жалшы отарын тастай қашады, өйткені ол — жай жалданушы, қойлардың қамын ойламайды.
John Kaz 10:14  Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын.
John Kaz 10:15  Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын.
John Kaz 10:16  Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады.
John Kaz 10:17  Әкем Мені жақсы көреді, себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын.
John Kaz 10:18  Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет.
John Kaz 10:19  Осы сөзге бола яһудилер тағы да екі жақ болып айтысып кетті.
John Kaz 10:20  Көпшілігі: «Оны жын соғыпты, сандырақтап тұр! Неменеге тыңдап тұрсыңдар?» — десе,
John Kaz 10:21  басқалар: «Бұл жындының сөзі емес! Жын соқырдың көзін аша ала ма?!» — деп қарсылық білдірді.
John Kaz 10:22  Бұдан кейін Иерусалимде Киелі үй мейрамы болды. Мезгіл қыстың кезі еді.
John Kaz 10:23  Сонда Иса ғибадатхананың Сүлеймен патша атындағы бағаналы ғимаратында әрі-бері жүрді.
John Kaz 10:24  Яһуди діндарлары Оны қоршап алып:— Қашанға дейін бізді еліктіріп, алаңдатып қоясыз? Құтқарушы Мәсіх болсаңыз, ашығын айтыңыз! — деп талап етті.
John Kaz 10:25  Иса оларға былай деп жауап берді:— Мен оны айттым ғой, ал сендер сенбедіңдер. Әкемнің атынан істеп жүрген істерім Менің Сол екеніме айғақ.
John Kaz 10:26  Бірақ сендер сенбейсіңдер, себебі Менің «отарымнан» емессіңдер.
John Kaz 10:27  Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді.
John Kaz 10:28  Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды.
John Kaz 10:29  Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды.
John Kaz 10:30  Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.
John Kaz 10:31  Сонда діндар яһудилер Оны тас лақтырып өлтіру үшін тағы да жерден тас алды.
John Kaz 10:32  Иса оларға:— Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім. Солардың қайсысына бола Мені тас лақтырып өлтірмексіңдер? — деген сұрақ қойды.
John Kaz 10:33  Діндар яһудилер:— Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді! — деді.
John Kaz 10:34  Иса оларға былай деп жауап берді:— Өздерің құрметтейтін Киелі жазбада (Құдайдың билерге арнап мынаны айтқаны) жазылған: «Былай деген едім: сендер құдайсыңдар».
John Kaz 10:35  Ал Киелі жазбалардың күшін жоюға болмайды ғой. Сонымен Құдай Өзінің сөзі жеткен сол билерді «құдай» деп атаған.
John Kaz 10:36  Онда Мен «Құдайдың (рухани) Ұлымын» десем, қалайша «Құдайды қорладың» деп айта аласыңдар? Өйткені Әкемнің Өзі Мені ерекше тағайындап, осы дүниеге жіберген.
John Kaz 10:37  Егер Әкемнің Маған тапсырған істерін істеп жүрмесем, Маған сенбей-ақ қойыңдар.
John Kaz 10:38  Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер.
John Kaz 10:39  Содан олар Исаны тағы да тұтқындамақ болды, бірақ Ол араларынан сытылып шығып кетті.
John Kaz 10:40  Мұнан кейін Иса қайтадан Иордан өзенінің арғы бетіне, бұрынырақ Жақия пайғамбар шомылдыру рәсімін орындаған жерге барып, сонда қалып қойды.
John Kaz 10:41  Исаның қасына көптеген адамдар келіп былай десті: «Жақия ешқандай керемет істеген жоқ. Бірақ оның мына Кісі туралы айтқандарының бәрі де шындық!» —
John Kaz 10:42  Сол жерде жиналғандардың көбі Исаға сенді.