JOHN
Chapter 1
John | Kaz | 1:7 | Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. | |
John | Kaz | 1:12 | Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары болуға құқықты етті. | |
John | Kaz | 1:13 | Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды. | |
John | Kaz | 1:14 | Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді. Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. | |
John | Kaz | 1:15 | Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп:— Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын деген Кісім Осы, — деді. | |
John | Kaz | 1:17 | Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. | |
John | Kaz | 1:18 | Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты. | |
John | Kaz | 1:19 | Жақия былай деп куәлік берген еді: яһудилердің басшылары діни қызметкерлер мен леуілік көмекшілерді Иерусалим қаласынан Жақияға жіберіп, «Сен кімсің?» — деп сұратты. Сонда ол жауап беруден бас тартпай: | |
John | Kaz | 1:21 | Олар:— Онда сен кімсің? (Мәсіхтен бұрын қайтып келуге тиісті) Ілияс пайғамбарсың ба? — деп сұрады. Жақия:— Жоқ, ол емеспін, — деді.— Мүмкін, сен (Мұса Құдай жібереді деген) пайғамбар шығарсың? — Жақия:— Жоқ, — деп жауап қатты. | |
John | Kaz | 1:22 | Олар:— Бізді жібергендерге жауап беруіміз үшін кім екеніңді айтшы! Өзің туралы не дейсің? — деп сұрады. | |
John | Kaz | 1:23 | Жақия:— Ишая пайғамбар «Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!» деп алдын ала айтып кеткен болатын. Жар салған сол хабаршы менмін, — деп жауап қайырды. | |
John | Kaz | 1:25 | Олар Жақияға сұрақ қойып:— Егер сен не Мәсіх, не Ілияс, не келуге тиісті пайғамбар болмасаң, неліктен адамдарды (Құдай жолына түсіріп) суға шомылдыру рәсімінен өткізесің? — деді. | |
John | Kaz | 1:26 | Жақия оларға:— Мен тек суға шомылдыру рәсімін ғана орындаймын. Ал араларыңда сендер танымайтын Біреу тұр. | |
John | Kaz | 1:27 | Ол менен кейін келе жатыр, бірақ мен Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын, — деп жауап берді. | |
John | Kaz | 1:28 | Бұл оқиға Жақия шомылдыру рәсімін орындап жүрген Иордан өзенінің шығысындағы Бетанияда болды. | |
John | Kaz | 1:29 | Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды. | |
John | Kaz | 1:30 | «Менен кейін Біреу келе жатыр, Оның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын» дегенімде, Сол туралы айтқан едім. | |
John | Kaz | 1:31 | Бұрын мен де Оның шынымен кім екенін білмейтін едім. Бірақ Оны Исраил халқына таныстырып, адамдарды шомылдыру рәсімінен өткізу үшін осы жерге келдім, — деді. | |
John | Kaz | 1:32 | Содан кейін Жақия куәлік етіп:— Мен Киелі Рухтың көгершін бейнесінде көктен түсіп, Исаға қонғанын көрдім. | |
John | Kaz | 1:33 | Исаны бұрын шынымен танымайтын едім. Бірақ мені шомылдыру рәсімін орындауға жіберген Құдай маған: «Сен Киелі Рухтың Біреуге қонғанын көргенде, Киелі Рухқа Шомылдырушының Соның Өзі екенін білесің» деген болатын. | |
John | Kaz | 1:34 | Мен Киелі Рухтың Исаға қонғанын көріп, Оның Құдайдың рухани Ұлы екеніне куәгер болдым, — деді. | |
John | Kaz | 1:36 | Ол қастарынан өтіп бара жатқан Исаны көріп: «Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы!» — деді. | |
John | Kaz | 1:38 | Иса бұрылып, олардың Өзіне ергенін көріп:— Сендер не іздеп жүрсіңдер? — деді. Олар Исадан:— Раббы! — арамей тіліндегі мағынасы «Ұстаз!» — Сіз қайда тұрып жатырсыз? — деп сұрады. | |
John | Kaz | 1:39 | Иса:— Келіңдер де көріңдер! — деді. Олар келіп, Исаның тұрған жерін көрді де, сол күні Онымен бірге болды. Уақыт түстен кейінгі сағат төрттің шамасы еді. | |
John | Kaz | 1:41 | Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді. | |
John | Kaz | 1:42 | Содан кейін Әндір Шимонды Исаға ертіп келді. Иса Шимонға қарап:— Сен Жоханның ұлы Шимонсың. Бұдан былай Кефа деп аталасың, — деді. Кефа грекше — Петір, яғни «Тас». | |
John | Kaz | 1:43 | Келесі күні Иса Ғалилея аймағына бармақшы болды. Иса Філіпті тауып, оған: «Менің шәкіртім болып соңымнан ер», — деді. | |
John | Kaz | 1:45 | Філіп Натанайылды тауып алып, оған:— Біз Мұса Тауратта жазған, басқа пайғамбарлар да өз жазбаларында айтып кеткен Мәсіхті таптық! Ол — назареттік Жүсіптің ұлы Иса! — деді. | |
John | Kaz | 1:46 | Бірақ Натанайыл:— Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің? — деп жауап қатты. Філіп оған:— Келіп, өзің көр! — деді. | |
John | Kaz | 1:47 | Иса өзіне қарай келе жатқан Натанайылды көргенде:— Мынау — қулық-сұмдығы жоқ, нағыз исраилдік, — деді. | |
John | Kaz | 1:48 | Натанайыл:— Сіз мені қайдан білесіз? — деп сұрады. Иса:— Сені Філіп шақырмай тұрып, інжір ағашының астынан көріп едім, — деді. | |
John | Kaz | 1:49 | Натанайыл (өзін Исаның інжір ағашының қалың жапырағының астынан көре алғанына қайран қалды да):— Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз! Соған көзім жетті, — деп жауап берді. | |
John | Kaz | 1:50 | Иса оған:— Мен «сені інжір ағашының астынан көрдім» дегенді ғана айтқанда, Маған сендің. Әлі бұдан да зорды көресің! — деді. | |