Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
JOHN
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 11
John Kaz 11:1  Сол кезде Елазар деген бетаниялық кісі қатты ауырып жатты. Бұл ауылда Мәриям мен оның әпкесі Марта да тұратын.
John Kaz 11:2  Кейінірек Иеміздің аяғына иісмай жағып, шашымен құрғатқан осы Мәриям еді. Қазір оның бауыры Елазар қатты науқастанып жатты.
John Kaz 11:3  Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», — деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді.
John Kaz 11:4  Иса мұны естігенде: «Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді», — деді.
John Kaz 11:5  Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді.
John Kaz 11:6  Бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды.
John Kaz 11:7  Бұдан кейін Иса шәкірттеріне:— Яһудея аймағына қайта барайық! — деді.
John Kaz 11:8  Олар:— Ұстаз, яһуди діндарлары күні кеше ғана Сізді тас лақтырып өлтіргісі келмеп пе еді? Шынымен тағы сол жаққа бармақсыз ба? — деп сұрады.
John Kaz 11:9  Иса:— Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Адам жолмен күндіз жүрсе, сүрінбейді, өйткені ол бұл дүниенің жарығын көреді.
John Kaz 11:10  Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ, — деп астарлап жауап берді.
John Kaz 11:11  Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып:— Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді.
John Kaz 11:12  Шәкірттері:— Мырза, ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады! — деді.
John Kaz 11:13  Иса астарлап сөйлеп, Елазардың өлгенін айтқан еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды.
John Kaz 11:14  Сонда Иса жасырмай:— Елазар өлді, — деді.
John Kaz 11:15  — Бірақ Өзімнің сол жерде болып, оны сауықтырмағаныма сендер үшін қуанамын; осылай берік сенімге жетесіңдер. Енді Елазарға барайық!
John Kaz 11:16  Сыңарлас деп аталатын Тома басқа шәкірттерге: «Біз де барып, Онымен бірге өлейік», — деді.
John Kaz 11:17  Иса Бетания ауылына жеткенде, Елазардың өліп, қабірге қойылғанына төрт күн болғанын естіді.
John Kaz 11:18  Бетанияның Иерусалимнен қашықтығы үш-ақ шақырымдай болғандықтан,
John Kaz 11:19  қаладан көптеген яһудилер Мәриям мен Мартаға көңіл айтуға келген екен.
John Kaz 11:20  Исаның келе жатқанын естіген Марта алдынан шықты; Мәриям үйде отыра берді.
John Kaz 11:21  Марта Исаға:— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді!
John Kaz 11:22  Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз да, оны Сізге беретінін білемін, — деді.
John Kaz 11:23  — Бауырың қайта тіріледі, — деп жауап берді Иса.
John Kaz 11:24  Сонда Марта:— Ақырғы күнгі қайта тірілуде оның да тірілетінін білемін, — деді.
John Kaz 11:25  Ал Иса оған:— Қайта тірілу мен шынайы өмір — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады.
John Kaz 11:26  Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді.
John Kaz 11:27  Марта:— Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге сенемін, — деп жауап берді.
John Kaz 11:28  Осыны айтқан соң Марта барып, басқаларға білдірмей Мәриямға: «Ұстаз осында, сені шақырып жатыр», — деді.
John Kaz 11:29  Мәриям мұны естісімен асығыс тұрып, Оған қарсы жүрді.
John Kaz 11:30  Ал Иса әлі де ауылға кірмей, Мартаға кездескен жерінде болатын.
John Kaz 11:31  Мәриямның қасында көңіл айтып отырған яһудилер оның асығыс тұрып, сыртқа шығып кеткенін көргенде соңынан ере шығып: «Қабірдің басына барып жоқтау айтатын шығар», — деп ойлады.
John Kaz 11:32  Мәриям Иса тұрған жерге келіп, аяғына жығыла:— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді! — деді.
John Kaz 11:33  Мәриямның және оған ерген яһудилердің қайғырып жылағандарын көргенде, Иса іштей қатты қобалжып, қайғырып, толқып кетті.
John Kaz 11:34  Олардан:— Оны қай қабірге қойдыңдар? — деп сұрады.— Иеміз, барып көріңіз, — деді олар.
John Kaz 11:36  Яһудилер:— Қараңдар, Ол Елазарды қалай жақсы көрген! — деді.
John Kaz 11:37  Ал араларындағы кейбіреулері:— Соқырдың көзін ашқан Ол оны да ажалдан арашалап алып қала алмас па еді? — деді.
John Kaz 11:38  Иса тағы да қатты қобалжып, қабірдің басына барды. Қабір — аузы (дөңгелек дәу) қақпақ таспен жабылған үңгір екен.
John Kaz 11:39  Иса:— Тасты алып тастаңдар! — деп бұйырды. Бірақ марқұмның әпкесі Марта:— Ием, ол иістеніп барады, жатқанына төрт күн болды! — деп қарсылық білдірді.
John Kaz 11:40  — Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
John Kaz 11:41  Сонда олар қақпақ тасты үңгір аузынан домалатып алып тастады. Иса көзін көкке қадап:— Әке, тілегімді қабыл алғаның үшін Саған ризамын!
John Kaz 11:42  Тілегімді әрқашан қабыл алатыныңды білемін. Алайда айналамда тұрған жұрт Мені Өзіңнің жібергеніңе сенсін деп мұны айтып тұрмын, — деп мінажат етті.
John Kaz 11:43  Осылай дегеннен кейін: — Елазар, шық! — деп қатты дауыспен бұйырды.
John Kaz 11:44  Сонда марқұм болған адам қабірден шықты! Оның аяқ-қолы кебінге оралып, бет-аузы да орамалмен байланған еді. Иса қасындағыларға:— Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін! — деп тапсырды.
John Kaz 11:45  Мәриямға келген яһудилердің көбі Исаның керемет ісін көріп, Оған сенді.
John Kaz 11:46  Бірақ кейбіреулері парызшылдарға барып, Исаның не істегенін айтып берді.
John Kaz 11:47  Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Жоғарғы кеңестің мәжілісін шақырып:— Біз не істесек екен? Мына Кісі көптеген кереметтер жасап жүр.
John Kaz 11:48  Оны осылай қалдырсақ, бәрі Соған сенетін болады. Сонда римдіктер келіп, киелі үйіміз бен ұлтымызды біздің қолымыздан тартып алып жүрер! — десті.
John Kaz 11:49  Олардың біреуі, сол жылы бас діни қызметкер болған Қаяфа, тіл қатып:— Сендер түк білмейсіңдер ме?
John Kaz 11:50  Бүкіл ұлтымыздың құрып кетуінен гөрі, бізге халық үшін бір Адамның өлгенінің жақсы екенін ойламайсыңдар ма? — деді.
John Kaz 11:51  Бұл сөзді ол өздігінен айтқан жоқ, қайта, сол жылы бас діни қызметкер болғандықтан: «Иса халқымыз үшін өлуге тиіс» деп алдағы оқиғаны білдірді.
John Kaz 11:52  Ал Иса Исраил халқы үшін ғана емес, сондай-ақ жер жүзіне таралған басқа халықтардың енді Құдайдың рухани балалары болулары үшін де өлуге тиісті болды. Ондағы мақсаты — екі жақты жинап, біріктіру еді.
John Kaz 11:53  Сол күннен бастап олар Исаны өлтіру туралы берік байламға келді.
John Kaz 11:54  Сондықтан Иса бұдан былай яһудилердің арасында ашық жүрмей, айдалаға жақын жердегі Ефраим атты қалашыққа кетіп, сонда шәкірттерімен бірге болды.
John Kaz 11:55  Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Бүкіл елден көптеген кісілер мейрам алдындағы діни тазару салтын орындау үшін Иерусалимге өрлеп бара жатты.
John Kaz 11:56  Олар Исаны іздестіріп жүрді. Қалаға жеткеннен кейін: «Ол мейрамға осында келмейтін шығар, қалай ойлайсыңдар?» — деп ғибадатханада әңгімелесіп тұрды.
John Kaz 11:57  Себебі басты діни қызметкерлер және парызшылдар: «Оның қайда жүргенін көрген біреу болса, тұтқындау үшін бізге хабар берсін!» — деп жарлық шығарып қойған еді.