Chapter 1
Nahu | Kaz | 1:1 | Бұл — Жаратқан Иенің Ниневи жайындағы ауыр хабары, елқостық Нақұм көрген көріністер туралы жазба. | |
Nahu | Kaz | 1:2 | Жаратқан Ие — Өзінен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбейтін әрі арам істің қарымтасын қайтаратын Құдай. Ол зұлымдықтарды жазалап, оларға ашуланады. Жаратқан Ие жауларына лайықты жазаларын тартқызып, дұшпандарының қылмыстарын есінен шығармайды. | |
Nahu | Kaz | 1:3 | Жаратқан Ие қаһарлануға асықпайды, Оның құдіреті ерен зор. Ол айыптыны жазасыз қалдырмайды. Тәңір Иенің жүрген жолы құйын мен дауылдан өтеді, бұлттар Оның аяғының басқан шаңына ұқсайды. | |
Nahu | Kaz | 1:4 | Жаратқан Ие теңізге тыйым салып, оны құрғатады, өзендерге бұйырғанда солардың барлығы кеуіп қалады, Башан мен Қармил тауларындағы жайылымдар күйіп кетеді, Ливанның қаулаған ормандары солып қурап қалады. | |
Nahu | Kaz | 1:5 | Таулар Оның алдында сілкініп, төбелер балқып кетеді. Жер беті, бүкіл әлем және онда тұратындардың барлығы Оның алдында дірілдейді. | |
Nahu | Kaz | 1:6 | Жаратқан Иенің ашуына кім шыдай алар екен? Оның лаулаған қаһарына кім төтеп бере алады? Оның ашу-ызасы от сияқты төгіліп, жартастар да Оның алдында талқандалып үгітіледі. | |
Nahu | Kaz | 1:7 | Жаратқан Ие ізгі, басыңа қиындық түскен кезде Ол паналайтын қорғаның болады. Өзіне сенім артқандарды Ол жақыннан танып біледі. | |
Nahu | Kaz | 1:8 | Бірақ жау қаласын Иеміз ғаламат топан сумен іргетасына дейін құртады, қара түнек Оның жауларын басады. | |
Nahu | Kaz | 1:9 | Сендер Жаратқан Иеге қарсы не ұйымдастырмақсыңдар? Ол соларыңды біржола құртады. Осы пәле екінші рет бастарыңа түспейді. | |
Nahu | Kaz | 1:10 | Оның жаулары тікенді бұтаға шырмалып, мас адамдай тәлтіректеп жүретін болады. Олар өртке жанған құрғақ сабандай мүлдем құрып кетеді. | |
Nahu | Kaz | 1:11 | Жаратқан Иеге қарсы жамандық ойлап, зұлым іс жоспарлайтын біреу сенен шығып аттанды (уа, Ниневи). | |
Nahu | Kaz | 1:12 | Жаратқан Ие мынаны айтады: «Олардың күші зор, саны өте көп болғанмен, ассурлықтар жойылып, құрып кетеді. Уа, халқым, Мен сені ауыр апатқа ұшыратқан едім, алайда қайтадан солай істемеймін. | |
Nahu | Kaz | 1:13 | Мен енді Ассурдың салған мойынтұрығын иығыңнан алып тастап, кісендеріңді үзіп босатамын». | |
Nahu | Kaz | 1:14 | Жаратқан Ие сен туралы мынадай бұйрық берді, уа, Ассур патшасы: «Сенің соңыңнан ұрпақ қалмай, атың өшеді. Тәңірсымақтарыңның ғибадатханаларындағы қашалған бейнелер мен құйылған мүсіндерді қиратамын. Мен қабіріңді ойрандатқызамын, себебі сен жек көрініштісің». | |
Chapter 2
Nahu | Kaz | 2:1 | Уа, Ниневи халқы, сені шашырататын басқыншы саған қарсы аттанып келе жатыр! Қамалыңды күзетіп, жолдарыңды қадағала! Беліңді бекем буып, бар күш-қайратыңды жинақта! | |
Nahu | Kaz | 2:2 | Жаратқан Ие Яһуданың да, Солтүстік Исраилдің де салтанатын қайтадан қалпына келтіреді. Өйткені құртушы жаулары оларды талқандап, бау-бақшаларын да жермен-жексен қылған болатын. | |
Nahu | Kaz | 2:3 | (Ниневиді шабуылдаған) жасақшылардың қалқандары қан қызыл түсті, сол мықты жауынгерлер қырмызы шапан жамылған. Соғыс күймелері шайқасқа келе жатқанда темірлері оттай жалт-жұлт етеді. Сарбаздар қарағай найзаларын сілтелеп шайқасқа дайын тұр. | |
Nahu | Kaz | 2:4 | Соғыс күймелері қаланың көшелерімен құйындай жүйткіп, алаңдармен зымырап, әрлі-берлі шапқылайды. Олар алаудай жалындап, найзағайдай жарқылдап зуылдайды. | |
Nahu | Kaz | 2:5 | Қолбасшы өзінің таңдаулы жасақшыларына бұйрық береді. Олар жол бойында сүрінгенмен қаланың қабырғасына қарай асығып, сонда дәу қорғаныш қалқандарын орнатып қояды. | |
Nahu | Kaz | 2:7 | Ниневи халқы айдауға кетуі керек деп шешіліп қойылған. Оның күң қыздары көгершіндей күңіреніп, қайғыдан көкіректерін соққылайды. | |
Nahu | Kaz | 2:8 | Ежелден Ниневи суға толы тоғанға ұқсайтын, бірақ қазір суы таусылып бара жатқандай, қала халқы қашып кетуде. «Тоқта, тоқта!» деген бұйрық берілсе де, ешкім артына бұрылмайды. | |
Nahu | Kaz | 2:9 | Жау: «Күмісті олжалаңдар! Алтынды да әкетіңдер!» — деп шақырады. Қала қазыналарындағы қымбат бұйымдар сансыз көп! | |
Nahu | Kaz | 2:10 | Ниневи тоналып, қиратылып, қаңырап бос қалады. Адамдар жүрексініп, тізелері дірілдеп, денелері қалтылдап, барлығының бет-жүздері аппақ қудай болады. | |
Nahu | Kaz | 2:11 | Арыстанның апанындай болған қала енді қайда екен? Еркек, ұрғашы арыстандар іспетті балаларын азықтандырып, ештеңеден қаймықпай шарлап, жер бетін кезіп жүрген қатыгез халық қайда енді? | |
Nahu | Kaz | 2:12 | Арыстан өзінің күшіктеріне жемтіктерін паршалап жеткілікті етіп әкеліп, ұрғашысын да қамтамасыз ететін. Ол апанын олжасы мен паршаланған жемтікке толтыратын. | |
Chapter 3
Nahu | Kaz | 3:1 | Қан төгуге, өтірікке толы, ұрлық пен тонау толастамайтын қала — Ниневи қасіретке қалады! | |
Nahu | Kaz | 3:2 | Қамшының сартылы, дөңгелектің тарсылы, жылқының дүбірі, соғыс күймелерінің дүрсілі естіліп тұрады. | |
Nahu | Kaz | 3:3 | Атты әскер алға жүйткіп, семсерлер жарқылдап, найзалар жалт-жұлт етеді. Көп адам қырылып, сансыз өліктер үйіліп, жұрт өліктерге сүрінетін болады. | |
Nahu | Kaz | 3:4 | Осының бәрі Ниневидің шексіз азғындығы мен опасыздығы үшін басына түседі. Сұлу да тартымды болып, сиқыршылықты әбден меңгерген бұл қала арам іс-әрекетімен халықтарды баурап алды да, көп әулеттерді сиқыршылығымен құлдыққа сатты. | |
Nahu | Kaz | 3:5 | «Мен саған қарсымын, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Сенің етегіңді бетіңе дейін түргіземін! Халықтар мен патшалықтарға сенің жалаңаш тәніңді ашып, абыройыңды төгемін. | |
Nahu | Kaz | 3:7 | Көргендердің барлығы сенен қашып: «Ниневи қирап қалды, енді кім оған көңіл айтпақ?» дейді. Оны жұбататын ешкім де табылмайды». | |
Nahu | Kaz | 3:8 | Әлде сен Ніл өзенінің бойында орналасқан, айналасын су қоршаған Но-Аммон қаласынан артықсың ба? Өзен сол қаланың қорғанышы, қоршаған суы оның қамалы іспетті болған еді. | |
Nahu | Kaz | 3:10 | Бірақ та оның халқы тұтқындалып, айдалып кетті; сәбилері әр көшенің қиылысында ұрылып өлтірілді. Жаулап алушылар абыройлы адамдарын жеребе тастап бөлісіп алып, барлық ұлықтарын кісендеп айдап әкетті. | |
Nahu | Kaz | 3:11 | Ал енді, Ниневи, сен де (Жаратқан Иенің қаһарынан) мас болғандай тәлтіректеп жүресің! Сен де тығылып, жаудан бас сауғалайтын орын іздейтін боласың. | |
Nahu | Kaz | 3:12 | Інжір ағашын ерте сілкігенде, піскен жемістері адамның аузына келіп түседі. Сенің барлық қамалдарың да дәл солай жау қолына түсетін болады. | |
Nahu | Kaz | 3:13 | Өз жасақшыларыңа көз тасташы: олардың барлығы да әйел сияқты әлсіз болады. Еліңнің қақпалары жауларыңа айқара ашылады, себебі олардың ысырмаларын от жалмап қояды. | |
Nahu | Kaz | 3:14 | Ниневи, қоршауға түсетін кезіңе дайындалып, су қорын жинап ал! Бекіністеріңді күшейт! Балшық илеп, әктас ерітіндісін дайындап, кірпіш қабырғаны жөнде! | |
Nahu | Kaz | 3:15 | Алайда от сені жалмайды, семсер шауып түсіріп, шегіртке құртындай жоқ қылады. Шегірткедей көбейіп, соның құртындай молайып көр, бәрібір жау сені жоятын болады. | |
Nahu | Kaz | 3:16 | Сенің саудагерлерің аспандағы жұлдыздардан да көбейіп кеткен, бірақ олар шегіртке құртындай елді тып-типыл қылып, ұшып кетеді. | |
Nahu | Kaz | 3:17 | Нөкерлерің көк шегірткелер іспетті, лауазымды адамдарың шегіртке үйірлері сияқты. Салқын күндері олар шарбақтарға қонып отырады да, күн ысығанда ұшып кетеді. Қайда кеткендерін ешкім білмейді. | |
Nahu | Kaz | 3:18 | Уа, Ассур патшасы, сенің бақташыларың мүлгіп отыр: сол даңқты әміршілерің демалып жатыр! Ал халқың таулардың арасына шашырап кеткен, оларды жинап әкелетін ешкім жоқ. | |