EXODUS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
Chapter 21
Exod | Kaz | 21:2 | Егер басыбайлы исраилдік қызметші сатып алсаң, ол саған алты жыл қызмет етсін. Жетінші жылы оған бас бостандығын тегін бер. | |
Exod | Kaz | 21:3 | Егер ол келгенде жалғыз басты болса, жалғыз кетсін; ал үйленген болса, әйелі де онымен бірге босатылсын. | |
Exod | Kaz | 21:4 | Егер қожайыны қызметшісіне әйел алып беріп, сол оған ұл-қыздарын туса, онда әйелі мен балалары қожайында қалып, қызметшінің жалғыз өзі ғана босатылсын. | |
Exod | Kaz | 21:5 | Алайда қызметші: «Қожайынымды, әйелім мен балаларымды сүйемін, бостандық алмаймын», — десе, | |
Exod | Kaz | 21:6 | қожайыны қызметшісін төрешілердің алдына алып барсын. Оны есіктің не жақтауының қасына қойып, сырғалығын бізбен тессін. Сонда ол қожайынының өмірлік басыбайлы қызметшісі болып қалады. | |
Exod | Kaz | 21:7 | Егер біреу қызын басыбайлы қызметші болуға сатып жіберсе, сол еркек қызметшілер сияқты бостандық ала алмайды. | |
Exod | Kaz | 21:8 | Алайда қыз өзі үшін таңдап алған қожайынына ұнамаса, қожайыны соның туысқандарына оны құнын төлеп босатып алуларына рұқсат етсін. Бірақ өзі уәдесінде тұрмағандықтан оны бөтен біреуге сатуға құқығы жоқ. | |
Exod | Kaz | 21:10 | Ал қожайыны оған өзі үйленіп, одан кейін де әйел алса, онда қызметші әйел жеткілікті тамақтан, киім-кешектен, жұбайлық қақыларынан құр қалмауға тиіс. | |
Exod | Kaz | 21:11 | Егер қожайыны осы үш нәрсемен қамтамасыз етпесе, қызметші әйел құны төленбей-ақ тегін босатылсын. | |
Exod | Kaz | 21:13 | Алайда егер оны ешқандай арам ниетсіз, Құдайдың жол беруімен істеген болса, онда ол Өзім белгілейтін бас сауғалау жеріне қашсын. | |
Exod | Kaz | 21:14 | Бірақ егер амалын тауып зұлымдықпен кісі өлтірсе, оны (қашып, паналап барған) Менің құрбандық орнымнан шығарып алып, өлімге бұйырыңдар. | |
Exod | Kaz | 21:18 | Адамдар төбелесіп, біреуі екіншісін таспен не жұдырықпен ұрып-соғып, сол өлмегенмен де төсек тартып жатып қалса, | |
Exod | Kaz | 21:19 | егер ол орнынан тұрып, далаға таяқпен шыға алатын болса, ұрып-соққан өлімге бұйырылмайды. Бірақ ол жәбір көргеннің жұмысынан қалғанының және толықтай емделуінің шығындарын өтесін. | |
Exod | Kaz | 21:20 | Егер біреу не еркек не әйел болсын басыбайлы қызметшісін таяқпен ұрып, ол содан өліп қалса, онда қожайыны жазалансын. | |
Exod | Kaz | 21:21 | Ал егер қызметшісі бір-екі күннен кейін орнынан тұрып кетсе, қожайыны жазаланбасын. Себебі қызметшісі — оның меншігі. | |
Exod | Kaz | 21:22 | Біреулер төбелесіп, аяғы ауыр әйелді ұрып, ол түсік тастап, бірақ өзіне содан басқа зақым келмесе, онда кінәлі кісі әйелдің күйеуіне оның талабы мен төрешілердің шешіміне сай айып төлеуге тиіс. | |
Exod | Kaz | 21:23 | Ал әйелдің өзіне де зақым келтірілсе, онда мына аралықта ғана кек алынсын: жанға жан, | |
Exod | Kaz | 21:26 | Біреу басыбайлы қызметшісінің, не еркек, не қыз-әйел болсын, көзінен ұрып, жанарын зақымдаса, сол үшін оған бас бостандығын берсін. | |
Exod | Kaz | 21:28 | Біреудің мүйізді ірі қарасы не ер, не әйел адам болсын, басқаны сүзіп өлтірсе, сол мал таспен атқыланып өлтіріліп, еті желінбесін. Ал иесіне кінә тағылмасын. | |
Exod | Kaz | 21:29 | Алайда сол мал бұрыннан да сүзеген болып, иесі бұл туралы ескерту алғанмен оны қамап ұстамаған болса, мал сол себептен де біреуді өлтірсе, онда сол ірі қара таспен атқыланып өлтіріліп, иесіне де өлім жазасы берілсін. | |
Exod | Kaz | 21:30 | Ал егер иесіне тек айып қана салынса, онда ол өз жаны үшін белгіленген құнды төлеп, аман қалсын. | |
Exod | Kaz | 21:31 | Осы заңның күші не ұл баланы, не қыз баланы сүзіп өлтірген мүйізді ірі қараға да жүреді. | |
Exod | Kaz | 21:32 | Егер мал басыбайлы қызметшіні сүзіп өлтірсе, оның қожайынына мал иесі отыз мысқал күміс төлеп, мал таспен атқыланып өлтірілсін. | |
Exod | Kaz | 21:33 | Біреу шұңқыр не құдық қазып немесе аузын ашып, оны жаппай кетіп, соған біреудің мүйізді ірі қарасы не есегі құлап түсіп өлсе, онда | |
Exod | Kaz | 21:35 | Біреудің мүйізді ірі қарасы көршісінікін сүзіп өлтіріп тастаса, олар тірі қалған малды сатып, түскен ақшасын, сондай-ақ өлімтікті де тең бөліп алсын. | |