Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 37
Exod Kaz 37:1  Содан кейін Беселиел аққараған ағашынан Келісім сандығын жасатты. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болды.
Exod Kaz 37:2  Сандықтың іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелді.
Exod Kaz 37:3  Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйылды. Олар төменгі төрт бұрышына: екеуі бір жақ бүйіріне, қалған екеуі қарама-қарсы бүйіріне арналған еді.
Exod Kaz 37:4  Мұнан кейін Беселиел аққарағаннан сырықтар жасатып, алтынмен қаптатты.
Exod Kaz 37:5  Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтарды оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткіздіріп қойды.
Exod Kaz 37:6  Сандықтың қақпағын ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ етіп саф алтыннан жасатты.
Exod Kaz 37:7  Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соққызып жасатты. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан соғылып жасалды.
Exod Kaz 37:8  Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соққызып жасатты. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан соғылып жасалды.
Exod Kaz 37:9  Керуб мүсіндері жоғары жайған қанаттарымен қақпақты көлегейлеп, беттерін бір-біріне бағыттап, қақпаққа қарап тұрды.
Exod Kaz 37:10  Беселиел аққарағаннан ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ үстел де жасатты.
Exod Kaz 37:11  Ол саф алтынмен қапталып, жақтауы айналдыра алтынмен қапталды.
Exod Kaz 37:12  Шеберлер үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектеп, соны да алтынмен қаптады.
Exod Kaz 37:13  Мұнан кейін олар төрт алтын шығыршық құйып жасап, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекітті.
Exod Kaz 37:14  Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды.
Exod Kaz 37:15  Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды.
Exod Kaz 37:16  Үстелдің қажетті бұйымдары: аяқ-табақтары мен табалары және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандары саф алтыннан жасалды.
Exod Kaz 37:17  Беселиел саф алтыннан шам қойғыш та жасатты. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалды.
Exod Kaz 37:18  Діңгегінен екі жағына үш-үштен алты тармақ шығып тұрды.
Exod Kaz 37:19  Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болды. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болды.
Exod Kaz 37:20  Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болды. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болды.
Exod Kaz 37:21  Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналасқан еді.
Exod Kaz 37:22  Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалды.
Exod Kaz 37:23  Беселиел шам қойғыштың жеті май шамын, білте түзеткіштері мен табақшаларын да саф алтыннан жасатты.
Exod Kaz 37:24  Шам қойғыш пен қажетті құрал-жабдықтары үшін бір ат басындай алтын жұмсалды.
Exod Kaz 37:25  Беселиел шеберлерге ақ қараған ағашынан хош иісті заттарды түтету үстелін де жасатты. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болды. Үстел (үстіңгі жағындағы төрт бұрышынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалды.
Exod Kaz 37:26  Үстелдің беті, бүкіл жақтаулары және шошақтары да саф алтынмен қапталып, беті айналдыра алтын ернеумен жиектелді.
Exod Kaz 37:27  Ернеудің астына, үстелдің қарама-қарсы екі жағына екі-екіден алтын шығыршықтар орнатылды. Соларға үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар кіргізілді.
Exod Kaz 37:28  Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды.
Exod Kaz 37:29  Адамдар мен заттар киелі шатырдағы қызметке бағышталған кезде оларға май жағу рәсімін жасауға арналған май да, түтетілетін хош иісті заттардың таза қоспасы да дайындалды.