Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
NUMBERS
Prev Up Next
Chapter 1
Numb Kaz 1:1  Исраилдіктер Мысыр елінен шыққаннан кейінгі екінші жылдың екінші айының бірінші күні Жаратқан Ие Синай атты елсіз далада тігілген кездесу шатырында Мұсаға тіл қатып былай деді:
Numb Kaz 1:2  — Әрбір ер адамның атын жеке-жеке тіркеу арқылы Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын өз рулары мен әулеттері бойынша санақтан өткізіңдер!
Numb Kaz 1:3  Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктерді жасақ топтарына сай Һарон екеуің түгендеп санап шығыңдар.
Numb Kaz 1:4  Сендерге әрбір рудан бір-бір адамнан көмектессін. Олардың әрқайсысы өз руының басшысы болсын.
Numb Kaz 1:5  Сендерге көмектесетін адамдардың аты-жөндері мыналар:Рубеннен Шедеур ұлы Елисур,
Numb Kaz 1:6  Шимоннан Суришадай ұлы Шелумиел,
Numb Kaz 1:7  Яһудадан Әминадап ұлы Нағасон,
Numb Kaz 1:8  Исашардан Суғар ұлы Нетанел,
Numb Kaz 1:9  Забулоннан Хелон ұлы Елияп,
Numb Kaz 1:10  Жүсіптің ұлдарынан:Ефремнен Амихуд ұлы Әлишама,Манасадан Педасур ұлы Гамалиел,
Numb Kaz 1:11  Буняминнен Гидеони ұлы Абидан,
Numb Kaz 1:12  Даннан Амишадай ұлы Ахиезер,
Numb Kaz 1:13  Аширден Охран ұлы Пагиел,
Numb Kaz 1:14  Ғадтан Рәгуел ұлы Әлиасаф,
Numb Kaz 1:15  Нафталимнен Енан ұлы Ахира.
Numb Kaz 1:16  Осылар Исраил қауымынан тағайындалған адамдар; олар өз әулеттері мен руларының жетекшілері әрі мыңбасылары да болатын.
Numb Kaz 1:17  Мұса мен Һарон аты-жөндерімен белгіленген осы адамдарды шақырып алып,
Numb Kaz 1:18  олар сол екінші айдың бірінші күні бүкіл жамағатты жинады. Жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдар шыққан ата-тектері, әулеттері мен аты-жөндерін атап санақтан өтті.
Numb Kaz 1:19  Сонымен Мұса Жаратқан Иенің берген нұсқауына сай Синай атты елсіз далада халықты түгендеп санақтан өткізуді басқарды.
Numb Kaz 1:20  Исраилдің тұңғыш ұлы Рубеннің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:21  Рубен руынан санақтан өткендер саны қырық алты мың бес жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:22  Шимонның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:23  Шимон руынан санақтан өткендер саны елу тоғыз мың үш жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:24  Ғадтың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:25  Ғад руынан санақтан өткендер саны қырық бес мың алты жүз елу болып шықты.
Numb Kaz 1:26  Яһуданың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:27  Яһуда руынан санақтан өткендер саны жетпіс төрт мың алты жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:28  Исашардың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:29  Исашар руынан санақтан өткендер саны елу төрт мың төрт жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:30  Забулонның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:31  Забулон руынан санақтан өткендер саны елу жеті мың төрт жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:32  Жүсіп ұлы Ефремнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:33  Ефрем руынан санақтан өткендер саны қырық мың бес жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:34  Жүсіп ұлы Манасаның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:35  Манаса руынан санақтан өткендер саны отыз екі мың екі жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:36  Буняминнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:37  Бунямин руынан санақтан өткендер саны отыз бес мың төрт жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:38  Данның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:39  Дан руынан санақтан өткендер саны алпыс екі мың жеті жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:40  Аширдің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:41  Ашир руынан санақтан өткендер саны қырық бір мың бес жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:42  Нафталимнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:43  Нафталим руынан санақтан өткендер саны елу үш мың төрт жүз болып шықты.
Numb Kaz 1:44  Міне, Мұса, Һарон және Исраилдің он екі жетекшісі жүргізген санақтың нәтижелері осындай. Сол он екі жетекшінің әрқайсысы өзі шыққан руының өкілі болды.
Numb Kaz 1:45  Исраилдіктердің шыққан ата-тектері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда,
Numb Kaz 1:46  олардың жалпы саны алты жүз үш мың бес жүз елу болды.
Numb Kaz 1:47  Леуіліктердің әулеттері басқалармен бірге санақтан өткен жоқ.
Numb Kaz 1:48  Өйткені Жаратқан Ие Мұсаға былай деген болатын:
Numb Kaz 1:49  Леуі руын түгендеп санама, басқа исраилдіктерді санаған кезде оларды санаққа енгізбе!
Numb Kaz 1:50  Леуіліктерді Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырда қызмет етуге, оның барлық құрал-жабдықтары мен басқа бұйымдарын қарауға тағайында. Леуіліктер киелі шатырды және оның жабдықтарын көтеріп алып жүріп, оларға күтім жасайтын болсын. Олар қостарын киелі шатырдың айналасына тіксін.
Numb Kaz 1:51  Шатырды көшіру қажет болған кезде леуіліктер оны жинап, қонған кезінде қайтадан тігуге тиіс. Ал егер киелі шатырға олардан басқа біреу жақындайтын болса, сол өлтірілсін.
Numb Kaz 1:52  Әрбір исраилдік өз әулетінің қосында, өз тұрағының байрағы астында қоныстансын.
Numb Kaz 1:53  Ал леуіліктер қостарын киелі шатырды айналдыра тіксін. Осылай олар исраилдіктердің қауымын (киелі шатырға абайламай жақындап Құдайдың) қаһарына ілігіп қалудан қорғайтын болады. Осылайша леуіліктер Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырды қорып, қызметтерін атқаратын болады.
Numb Kaz 1:54  Исраилдіктер барлығын да Жаратқан Иенің Мұса арқылы нұсқауларына сай істеді.