Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
NUMBERS
Prev Up Next
Chapter 2
Numb Kaz 2:1  Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді:
Numb Kaz 2:2  — Исраилдіктердің әрқайсысы өз әулетінің таңбалары бар байрағының астында қоныстануға тиіс. Олар кездесу шатырынан біраз қашықтықта, оны айналдыра қостарын тіксін.
Numb Kaz 2:3  Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон.
Numb Kaz 2:4  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — жетпіс төрт мың алты жүз.
Numb Kaz 2:5  Одан кейін Исашар руы қостарын тігеді. Исашардың рубасы — Суғар ұлы Нетанел.
Numb Kaz 2:6  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу төрт мың төрт жүз.
Numb Kaz 2:7  Сол тұрақтағы үшінші ру — Забулон. Забулонның рубасы — Хелон ұлы Елияп.
Numb Kaz 2:8  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу жеті мың төрт жүз.
Numb Kaz 2:9  Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын.
Numb Kaz 2:10  Ел қонысының оңтүстік жағында Рубен руының тұрағы мен байрағы орналассын. Рубеннің ру басы — Шедеур ұлы Елисур.
Numb Kaz 2:11  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық алты мың бес жүз.
Numb Kaz 2:12  Одан кейін Шимон руы қостарын тігеді. Шимонның рубасы — Суришадай ұлы Шелумиел.
Numb Kaz 2:13  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу тоғыз мың үш жүз.
Numb Kaz 2:14  Сол тұрақтағы үшінші ру — Ғад. Ғадтың рубасы — Рәгуел ұлы Әлиасаф.
Numb Kaz 2:15  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық бес мың алты жүз елу.
Numb Kaz 2:16  Рубен руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу бір мың төрт жүз елу. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында екінші болып жүретін болсын.
Numb Kaz 2:17  Бұлардан кейін Леуі руы кездесу шатырын әрі өздерінің тұрағын басқа рулардың тұрақтарының арасында алып жүрулері керек. Олардың орналасу тәртібі қонған кезде қалай болса, көшкен кезде де дәл солай болып сақталсын. Әркім өз байрағының маңындағы орнында жүрсін.
Numb Kaz 2:18  Ефрем руының тұрағы мен байрағы ел қонысының батыс жағында орналассын. Ефремнің рубасы — Амихуд ұлы Әлишама.
Numb Kaz 2:19  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық мың бес жүз.
Numb Kaz 2:20  Одан кейін Манаса руы қостарын тігеді. Манасаның рубасы — Педасур ұлы Гамалиел.
Numb Kaz 2:21  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз екі мың екі жүз.
Numb Kaz 2:22  Сол тұрақтағы үшінші ру — Бунямин. Буняминнің рубасы — Гидеони ұлы Абидан.
Numb Kaz 2:23  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз бес мың төрт жүз.
Numb Kaz 2:24  Ефрем руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сегіз мың бір жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында үшінші болып жүретін болды.
Numb Kaz 2:25  Дан руының тұрағы мен байрағы көштің солтүстік жағында орналассын. Данның рубасы — Амишадай ұлы Ахиезер.
Numb Kaz 2:26  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — алпыс екі мың жеті жүз.
Numb Kaz 2:27  Одан кейін Ашир руы қостарын тігеді. Аширдің рубасы — Охран ұлы Пагиел.
Numb Kaz 2:28  Рудағы санақтан өткен жасақшылардың саны — қырық бір мың бес жүз.
Numb Kaz 2:29  Сол тұрақтағы үшінші ру — Нафталим. Нафталимнің рубасы — Енан ұлы Ахира.
Numb Kaz 2:30  Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу үш мың төрт жүз.
Numb Kaz 2:31  Дан руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу жеті мың алты жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру өз байрақтарының астында көштің соңында жүретін болды.
Numb Kaz 2:32  Шыққан ата-тектерінің әулеттері бойынша санақтан өткен исраилдіктер — осылар. Олардың тұрақтарындағы шайқасқа жарамдылардың жалпы саны — алты жүз үш мың бес жүз елу.
Numb Kaz 2:33  Алайда Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай, леуіліктер осы санаққа енгізілген жоқ.
Numb Kaz 2:34  Исраилдіктер барлығын да Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауларына сай істеді. Олар осылайша өз байрақтарының астында қонып, шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша жолға шығып, көшіп жүретін.