Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next
Chapter 26
Exod Kaz 26:1  Киелі шатыр үшін он жабын жасат. Олар жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып, бетіне керубтердің бейнелері шебер кестеленсін.
Exod Kaz 26:2  Барлық жабындардың көлемі бірдей болсын: ұзындығы жиырма сегіз, ені төрт шынтақтан.
Exod Kaz 26:3  Жабындарды бес-бестен қатарластыра біріктіріп тіккіз.
Exod Kaz 26:4  Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін әрқайсысының бір жақ шетіне қою күлгін жіптен баулық сияқты елу ілгек дайындатып бекіттір. Екі жапқыштың жиегіндегі елу-елуден жасалған ілгектер бірдей қашықтықта бір-біріне тұспа-тұс келсін.
Exod Kaz 26:5  Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін әрқайсысының бір жақ шетіне қою күлгін жіптен баулық сияқты елу ілгек дайындатып бекіттір. Екі жапқыштың жиегіндегі елу-елуден жасалған ілгектер бірдей қашықтықта бір-біріне тұспа-тұс келсін.
Exod Kaz 26:6  Алтыннан елу ілмек шығыршық жасатып, солармен жапқыштың екі жартысын біріктірт. Осылайша киелі шатыр біртұтас жапқышпен жабылатын болады.
Exod Kaz 26:7  Шатыр төбесін жабу үшін түбіттен тағы он бір жабын тоқыт.
Exod Kaz 26:8  Барлық он бір жабынның көлемі бірдей болсын: ұзындығы отыз, ені төрт шынтақтан.
Exod Kaz 26:9  Бес жабынды бір бөлек, келесі алты жабынды бір бөлек қатарластыра біріктіріп тіккіз. Ал алтыншы жабынды шатырдың алдыңғы жағынан екі қабаттап бүктеп қойғыз.
Exod Kaz 26:10  Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін бір жақ шетіне баулық сияқты елу ілгектен дайындатып бекіттір.
Exod Kaz 26:11  Қоладан елу ілмек шығыршық жасатып, ілгектерді солармен бекітіп, шатырдың төбесін осы біртұтас жапқышпен жапқыз.
Exod Kaz 26:12  Жабынның шатырдың төбесін жапқаннан артылып қалған бөлігі шатырдың артқы жағынан салбырап төмен түсіп тұрсын.
Exod Kaz 26:13  Ал жабындардың ұзындығынан артылып қалғаны шатырдың екі жанынан бір шынтақ бойы төмен салбырап жауып тұрсын.
Exod Kaz 26:14  Қызыл түске боялған қошқар терілерінен де шатырға арнап жапқыш қап жасат. Оның үстінен жабуға борсық терілерінен тағы бір жабын дайындат.
Exod Kaz 26:15  Шатыр үшін аққарағаннан қырлы бөренелер жасат, олар қабырғалары ретінде тік тұрмақ.
Exod Kaz 26:16  Бөренелердің ұзындығы он, ені бір жарым шынтақтан болсын.
Exod Kaz 26:17  Әрқайсысының табанында қатар тұрған екі төлкеден болсын. Күллі бөренелерді осылай жасат.
Exod Kaz 26:18  Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын.
Exod Kaz 26:19  Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын.
Exod Kaz 26:20  Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын.
Exod Kaz 26:21  Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын.
Exod Kaz 26:22  Ал шатырдың батысқа қараған артқы қабырғасы үшін алты бөрене
Exod Kaz 26:23  және оның бұрыштары үшін тағы екі бөренеден жасат.
Exod Kaz 26:24  Сол бұрыштардағы бөренелер төменнен жоғарыға дейін жұпталып, бір шығыршығы бар жоғарғы жақта біріктірілсін.
Exod Kaz 26:25  Сонымен барлығы сегіз бөрене болады. Оларға арнап әрбіреуіне екі-екіден он алты күміс таған дайындат.
Exod Kaz 26:26  Киелі шатырдың оңтүстік, солтүстік және батыс қабырғалары үшін аққарағаннан көлденең бес сырықтан жасат.
Exod Kaz 26:27  Киелі шатырдың оңтүстік, солтүстік және батыс қабырғалары үшін аққарағаннан көлденең бес сырықтан жасат.
Exod Kaz 26:28  Ал ортаңғы сырықтар бөренелердің ортасынан өтіп, қабырғаның бір басынан келесі басына дейін жететін болсын.
Exod Kaz 26:29  Бөренелерді, сырықтарды және бұларды өткізетін шығыршықтарды алтынмен қаптат.
Exod Kaz 26:30  Киелі шатырды өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай дайындап тұрғыз!
Exod Kaz 26:31  Қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке иірілген зығыр жіптерден (ішкі) шымылдық тоқытып, бетіне керубтердің бейнелерін шебер кестелет.
Exod Kaz 26:32  Аққарағаннан төрт бағана жасалып, алтынмен қапталып, оларға алтын ілгіштер орнатылсын. Бағаналар төрт күміс тағанға бекітіліп тұрғызылсын. Шымылдықты бағаналардағы алтын ілгіштерге ілгізіп қой.
Exod Kaz 26:33  Шымылдық ілінген соң оның ішкі жағына Келісім сандығы кіргізіліп қойылсын. Осылай шымылдық сендер үшін қасиетті бөлмені ең қасиетті бөлмеден ажыратып бөліп тұратын болады.
Exod Kaz 26:34  Мұнан кейін сол ең қасиетті бөлмеде Келісім сандығының бетіне қақпағын қойғыз.
Exod Kaz 26:35  Шымылдықтың сырт жағына (яғни қасиетті бөлмеге) үстелді, оған қарама-қарсы, киелі шатырдың оңтүстігіне қаратып, шам қойғышты орналастырт. Ал үстел солтүстік жақта тұрсын.
Exod Kaz 26:36  Киелі шатырдың кіреберісіне арнап қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке иірілген зығыр жіптерден шымылдық тоқыт.
Exod Kaz 26:37  Оны іліп қою үшін аққарағаннан бес бағана жасатып, алтынмен қаптатып, оларға алтын ілгіштер орнатқыз. Бағаналарға арнап қоладан бес таған құйдыр.