GENESIS
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
Chapter 19
Gene | Kaz | 19:1 | Кешке қарай Жаратқан Иенің екі хабаршысы Содом қаласына жетті. Лут сол кезде қала қақпасының алдында отырған еді. Ол хабаршыларды көргенде оларға сәлем беру үшін орнынан тұрып, жерге дейін басын иіп тағзым етті де: | |
Gene | Kaz | 19:2 | — Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған:— Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді. | |
Gene | Kaz | 19:3 | Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды. | |
Gene | Kaz | 19:4 | Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды. | |
Gene | Kaz | 19:5 | Лутты айқайлап шақырып:— Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік, — деді. | |
Gene | Kaz | 19:8 | Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! — | |
Gene | Kaz | 19:9 | Алайда қаланың ер адамдары оған:— Былай кет! Мынау кірме неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды. | |
Gene | Kaz | 19:10 | Сонда үй ішінде тұрған хабаршылар есікті сәл ашып, қолдарын созып, Лутты ішке қарай тартып кіргізіп алды. Хабаршылар есікті қайтадан бекітіп, | |
Gene | Kaz | 19:11 | алдында тұрған үлкенді-кішілі адамдардың бәрін есікті таба алмастай соқыр етіп тастады. | |
Gene | Kaz | 19:12 | Бұдан кейін олар Лутқа:— Сенің бұл жерде тағы қандай жақындарың бар? Күйеу балаларың, ұл-қыздарың әрі барлық басқа адамдарыңды осы қаладан алып кет! — деп бұйырды. | |
Gene | Kaz | 19:13 | — Біз оны құртпақшымыз. Жаратқан Иеге бұл жер туралы қатты дауыспен айтылған шағым түсуде. Сондықтан Жаратқан Ие бізді осы қаланы құрту үшін жіберді. | |
Gene | Kaz | 19:14 | Сонда Лут сыртқа шығып, қыздарына үйленбек күйеу балаларына барып: «Жиналып, бұл жерден кетіңдер! Жаратқан Ие қаланы құртпақшы!» — деп ескертті. Бірақ күйеу балалары оны қалжыңдап тұр деп ойлады. | |
Gene | Kaz | 19:15 | Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды алып, кетіп қал!» — деді. | |
Gene | Kaz | 19:16 | Лут әлі де қобалжып тұрғанда, елшілер оны, әйелін, екі қызын қолдарынан ұстап далаға сүйрей жөнеліп, қаланың сыртына шыққанда ғана қоя берді. Себебі Жаратқан Иенің оларға рақымы түскен болатын. | |
Gene | Kaz | 19:17 | Төртеуін қаладан алып шыққанда хабаршылардың біреуі:— Осы жазықтың еш жеріне аялдамастан, арттарыңа қарамай қашыңдар! Өліп қалмау үшін тауға барып, соны паналаңдар! — деп бұйырды. | |
Gene | Kaz | 19:19 | Сен құлыңа рақыммен қарап, мені аман сақтап қалып, үлкен мейірімділік жасадың. Бірақ мен тауға қашып құтыла алмаймын, әйтпесе апатқа ұшырап өліп қалармын. | |
Gene | Kaz | 19:20 | Міне, алдымызда мына қала бар. Барып, паналау үшін ол жақын және кішкентай ғана қалашық қой. Соған қашып құтылайын. Ол кішкентай қалашық емес пе? Осылай жаным аман қалмақ. | |
Gene | Kaz | 19:21 | Хабаршы оған:— Жарайды. Мен осы тілегіңді де орындап, сен айтып отырған қаланы құртпаймын. | |
Gene | Kaz | 19:22 | Бірақ тезірек сол жерге қашып құтыл! Себебі сен жеткенше мен түк те істей алмаймын, — деді. Бұл қала осы оқиғадан кейін Сиғор (яғни «Кішкентай») деп аталатын болды. | |
Gene | Kaz | 19:25 | бұл қалаларды, төңірегіндегі бүкіл жазықты, барлық қала тұрғындарын және далада өсіп тұрғанның бәрін де күл-талқан етіп қиратты. | |
Gene | Kaz | 19:26 | Ал Луттың әйелі артына қарамақ болып кері бұрылды. Сонда ол бірден тұз бағанасына айналды. | |
Gene | Kaz | 19:27 | Ыбырайым таңертең ерте тұрып, кеше өзі Жаратқан Иенің алдында тұрған жерге қайтып барды. | |
Gene | Kaz | 19:28 | Содом мен Ғомораға және төңірегіндегі бүкіл жазыққа көз тастағанда Ыбырайым сол жерден тек балқыту пешінен шыққандай будақтаған түтінді ғана көрді. | |
Gene | Kaz | 19:29 | Алайда Құдай Лут тұрып жатқан жазықтағы қалалардың күл-талқанын шығарар кезде Ыбырайымды мейірімділікпен есіне түсіріп, Лутты апаттан аман алып шыққан болатын. | |
Gene | Kaz | 19:30 | Лут Сиғорға қоныстанудан қорқып, қаладан көшіп кетіп, тауды паналады. Сонда бір үңгірде екі қызымен тұрып жатты. | |
Gene | Kaz | 19:31 | Бір күні үлкен қыз кішісіне: «Біздің әкеміз кәрі, ал бұл маңайда бүкіл әлемдегі әдет бойынша бізбен жақындасатын еркек жоқ. | |
Gene | Kaz | 19:32 | Жүр, әкемізге шарап ішкізіп, ұрпағын жалғастыру үшін онымен бірге жатып шығайық», — деді. | |
Gene | Kaz | 19:33 | Олар сол түні әкелеріне шарап ішкізді. Үлкен қызы оның қасына жатты, бірақ әкесі не істеп, не қойғанын білмей де қалды. | |
Gene | Kaz | 19:34 | Таңертең үлкені кішісіне: «Кеше мен әкеммен болдым, бүгін түнде біз оған тағы да шарап ішкізейік, сен де онымен жатып шық, осылайша әкеміздің ұрпағын жалғастырамыз», — деді. | |
Gene | Kaz | 19:35 | Сол түні де олар әкесіне шарап ішкізді. Кіші қызы әкесіне барып, қасына жатты, бірақ әкесі тағы да не істеп, не қойғанын білген жоқ. | |
Gene | Kaz | 19:37 | Үлкен қызы ұл туып, оның атын Моаб («Әкеден») деп қойды. Одан осы күнгі моаб халқы тарады. | |