Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 28
Prov Kaz 28:1  Ешкім қумаса да қылмыскер қуыстанар,Ал әділ жан арыстандай батыл болар.
Prov Kaz 28:2  Ел заңнан безсе басшылары көп болар,Білгір, дана билеушімен елде тәртіп сақталар.
Prov Kaz 28:3  Бейшараларды қанайтын кедей жанЕгінді шайған жауындай елге зиян.
Prov Kaz 28:4  Заңды бұзғандар зұлымдарды мақтар,Заңды сақтағандар оларға қарсы шығар.
Prov Kaz 28:5  Зұлым жан әділдікті ұғынбас,Жаратқанға бет бұрған оны толықтай ұғынар.
Prov Kaz 28:6  Бұрыс жүрген байдан гөріАдал жүрген жарлы жақсы.
Prov Kaz 28:7  Заңды ұстанған — зерделі бала,Ал ысырапшылдарға қосылса,Әкесін қалдырар ұятқа.
Prov Kaz 28:8  Тойымсыз өсімқор жиған байлығынан айырылар,Соңында байлығы кедейді аяғанға бұйырар.
Prov Kaz 28:9  Заңға құлақ аспайтынныңМінажаты да Құдайға жексұрын.
Prov Kaz 28:10  Әділді адастырған теріс жолғаӨз торына өзі түсер жан,Ие болар ақырында жақсылыққаКінәратсыз, адал жан.
Prov Kaz 28:11  Бай адам өзін данышпан санар,Зерделі кедей оның шындығын ашар.
Prov Kaz 28:12  Әділдер жеңіп шықса, елдің ұлылығы асар,Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт бас сауғалар.
Prov Kaz 28:13  Күнәларын жасырған жан өркендемейді,Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді.
Prov Kaz 28:14  Жаратқанды лайым қастерлейтін жарылқанар,Ал жүрегін қасарыстырған пәлеге ұшырар.
Prov Kaz 28:15  Бейшара халыққа билік құрған арамзаҰқсайды ақырған арыстан я бас салған аюға.
Prov Kaz 28:16  Зердесіз билеуші халқын езгіге салар,Арам пайданы жек көрген ұзақ билік құрар.
Prov Kaz 28:17  Кісі өлтірген күнәкарӨле-өлгенше қашқын болар,Болмасын ешкім оны қорғар!
Prov Kaz 28:18  Мінсіз жүрген жан пәледен аман болар,Бұрыс жолмен жүрген бірден құлап қалар.
Prov Kaz 28:19  Жер өңдегеннің тамағы мол,Құр қиял қуғанның жоқшылығы мол.
Prov Kaz 28:20  Адал жан молынан жарылқанар,Баюға асыққан жазасын тартар.
Prov Kaz 28:21  Адамдарды алалау ешқандай дұрыс емес,Кейбіреу бір үзім нан үшін қылмыстан шегінбес.
Prov Kaz 28:22  Ашкөз адам асығып баюға ұмтылар,Аңғармай ақырында жоқшылыққа ұшырар.
Prov Kaz 28:23  Жағымпаздан гөрі ескертушіСоңында көбірек көрер құрметті.
Prov Kaz 28:24  «Күнә емес» деп ата-анасынан ұрлаушы —Қарақшылардың нағыз сыбайласы.
Prov Kaz 28:25  Тәкаппар адам дау-жанжал туғызар,Тәңір Иеге сенуші өркендейтін болар.
Prov Kaz 28:26  Өз ақылына ғана сенген аңғал болар,Даналықпен жүрген аман сақталар.
Prov Kaz 28:27  Мүсәпірді аяған жоқшылыққа тап болмас,Ал оған көзін жұмған қарғыстан бас алмас.
Prov Kaz 28:28  Зұлымдар үстемдік етсе, жұрт бас сауғалар,Зұлымдар құлап түссе, әділдер саны молаяр.