Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
DEUTERONOMY
Prev Up Next
Chapter 32
Deut Kaz 32:1  Көк ден қойып тыңдасын, мен сөйлейін,Жер де аузымнан шыққан сөзді естісін,
Deut Kaz 32:2  Тағылымым жаусын жаңбыр тамшыларындай,Сөздерім түссін түннің мөлдір шығындай,Жас шөпке құйылған таза жаңбырдай,Көк құраққа төгілген жұмсақ нөсердей.
Deut Kaz 32:3  Паш етемін Жаратқанның ұлы атын,Даңқтаңдар Құдайымыздың салтанатын!
Deut Kaz 32:4  Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы!
Deut Kaz 32:5  Бірақ осы халық Оның алдындаСалынып кетті зұлым азғындыққа,Олар Оның балалары емес сонда,Қайта, азғын алдамшы ұрпақ, масқара!
Deut Kaz 32:6  Жаратқанның жасаған жақсылықтарынаЖауап беретін жолдарың осы ма?!О, халық-ау, ақымақ та, ақылсыз да,Ол сені жаратып, қалыптастырғанӘкең емес пе, әрі бекітіп қойған?
Deut Kaz 32:7  Ежелгі заманды есіңе алшы,Өткен ұрпақтар туралы толғаншы,Атаңнан сұрашы, ол саған айтып берер,Қарттарыңнан сұрашы, олар түсіндірер.
Deut Kaz 32:8  Адамзатты Алла Тағала таратқанда,Мұралық жерін үлестіріп әр халыққа,Исраилдің ұрпақтарының санынаСай белгіледі шекараларын сонда.
Deut Kaz 32:9  Себебі өз халқы — Жаратқанның үлесі,Жақыптың ұрпақтары — Оның меншігі.
Deut Kaz 32:10  Ол халыққа ұшырасты айдалада,Жел ысқырып, құлазыған маң далада,Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады,Көзінің қарасындай сақтап қорғады,
Deut Kaz 32:11  Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған,Балапандары үстінен қалықтаған,Олар үшін қанаттарын кең жайған,Қауырсын қанатымен тасыған.
Deut Kaz 32:12  Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады,Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
Deut Kaz 32:13  Ол халқын жер қыраттарына шығарды,Даланың өнімімен оны асырады,Жартастағы ұядан оған бал сорғызды,Тастақта өскен зәйтүннен май ағызды.
Deut Kaz 32:14  Табын-отар малының май-сүтімен,Бордақы тоқты-лақтың етіменен,Башанның ең қоңды қошқарларыменТойдырады, әрі үздік астық дәнімен.
Deut Kaz 32:15  Ал Ешүрун семіріп қыңырланды,Халық әбден тойынып қоң жинады,Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,Жартастай Құтқарушысынан безіп кетті.
Deut Kaz 32:16  Халық бөгде тәңірлерге табынды,Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,Жексұрын пұттармен қаһарландырды,
Deut Kaz 32:17  Құдай емес жын-періге құрбан шалды,Оларды бұрын еш біліп-танымады,Солар жаңа ғана елімізде пайда болды,Ата-бабалары олардан қорықпады.
Deut Kaz 32:18  Өзіңе өмір берген «Жартасты» тастадың,Өзіңді жаратқан Құдайды ұмыттың!
Deut Kaz 32:19  Жаратқан мұныңды көріп, наразыланды,Рухани ұл-қыздарына қаһарланды
Deut Kaz 32:20  Былай деп: Бұлардан жүзімді жасырамын,Көремін олардың соңының не боларын,Өйткені олар азғындаған ұрпақтарӘрі опасыз, сатқын болған балалар.
Deut Kaz 32:21  Құдай емес мүсіндерге табынды,Осылай қызғанышымды тұтандырды,Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылыОлардың қызғаныштарын тұтандырамын,Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтынӨзге халықпен оларды ашуландырамын!
Deut Kaz 32:22  Өйткені қаһарым оттай тұтанады,О дүниенің түбіне дейін жайылады,Жерді бар өнімімен бірге жалмайды,Таулардың негіздерін өртеп талқандайды.
Deut Kaz 32:23  Халқымның басына пәлелер түсіремін,Жебелерімді оларға атып бітіремін.
Deut Kaz 32:24  Аштықтан халқым жүдеп әлсірейді,Жаппай індеттерден азап шегеді,Обадан толығымен құртылады.Жұмсаймын оларға жыртқыш аңдарды,Жерде жорғалайтын улы жыландарды.
Deut Kaz 32:25  Жас жігіт пен бойжеткен, емшектегі баланы,Ақ қырау басын шалған қарияны,Барлығын далада семсер өлтіреді,Үйде үрей билеп үміттерін үзеді.
Deut Kaz 32:26  Халқымды талқандап, таратып жіберуге,Адамзат есінен аттарын өшіругеМен әбден дайын тұрған болар едім.
Deut Kaz 32:27  Бірақ жау табаламасын деп жүрдім,Олар: «Жаратқан емес мұны істеген,Өз күшімізбен жеңіп шықтық!» демесін.
Deut Kaz 32:28  Осы халық түсініктен жұрдай болған,Ақыл-парасаттары еш қалмаған.
Deut Kaz 32:29  Дана болып олар ұғынса ғой,Ақыр аяғы не боларын ұқса ғой!
Deut Kaz 32:30  «Жартастай Қорғандары» — Жаратқанның ӨзіЖау қолына тапсырмаса Исраилді,Қалайша жаудың жалғыз жауынгеріИсраилдің мың сарбазын қуар еді?Және қалайша жаудың екі жауынгеріОн мыңдай исраилдікті қашқызар еді?
Deut Kaz 32:31  Себебі жаулардың «жартастай қорғандары»Біздің «Қорғанымыз» — Құдайға ұқсамайды,Бұлардың өздері соны мойындайды.
Deut Kaz 32:32  Олардың жүзім бұталары Содомнан,Әрі Ғомораның бақшаларынан,Піскен жүзімдері түгелдей улы,Жүзім шоқтары да сондай ащы.
Deut Kaz 32:33  Шараптары — сұр жыланның заһарындай,Зәрлі жыланның кісі өлтірер уындай.
Deut Kaz 32:34  «Жаулардың зұлым істерін қойдым сақтап,Қоймама салдым мөрлеп тастап, —
Deut Kaz 32:35  Дейді Иеміз. — Жазалау — Менің ісім,Тиісті жазаларын тартқызамын Өзім!Кезі келгенде аяқтары таяды,Күйрейтін күндері жақындап қалды,Тағдыры зырғытып қуады оларды».
Deut Kaz 32:36  Тәңір Ие сотта тергейді өз халқын,Олардың күш-қуатының сарқылғанын,Құл мен еріктінің тірі қалмағанынБайқап, оларға түсірер шапағатын.
Deut Kaz 32:37  Сонда Жаратқан Ие қояды сауалын:«Тәңірсымақтары олардың қайда екен?!
Deut Kaz 32:38  Шалған құрбандықтарының майын жеген,Сұйық тартуларының шарабын ішкен,Өздеріне медеу тұтып сеніп жүрген«Сондай берік жартастары» қайда екен?!Тұрсын олар, сендерге көмектессін,Бас сауғалайтын паналарың болсын!
Deut Kaz 32:39  Біліп алыңдар енді, Менің Өзім,Жалғыз Өзім ғана (шынайы) Құдаймын,Менен басқа құдай болмас дәйім!Өмірді алар яки қайтарар Өзіммін,Жаралап, жараны жазар да Менмін,Құтқара алмайды өз қолымнан ешкім.
Deut Kaz 32:40  Көкке қарай Мен қолымды созамын,Салтанатты түрде жариялаймын:Тек Мен ғана мәңгі тірі Құдаймын,
Deut Kaz 32:41  Жүзі жылтыр семсерімді қайраймын,Үкім орындап оны қолда ұстаймын,Бар жауымды әділдікпен жазалаймын,Мені жек көргендерге жазасын тартқызамын,
Deut Kaz 32:42  Жебелерімді сонда қанға маламын,Семсерім жалмайды өлетіндердің тәнін,Қаза тапқандар мен тұтқындардың қанынӘрі жау көсемдерінің бастарын».
Deut Kaz 32:43  Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар,Жаратқан Иенің халқымен қатар,(Бар періштелері де Оған тағзым етсін,)Себебі Ол өз қызметшілерініңҚанын төккенге жазасын тартқызадыЖәне өз халқы мен елін тазартады.
Deut Kaz 32:44  Мұса мен Нұн ұлы Ешуа екеуі халықтың алдына шығып, оларға осы жырдың сөздерінің барлығын естіртті.
Deut Kaz 32:45  Мұса бүкіл Исраилге жырды айтып болғаннан кейін
Deut Kaz 32:46  оларға былай деді: «Мен бүгін сендерге нықтап айтқан осы сөздерді түгелдей жүректеріңе жазып, жаттап алыңдар! Содан бұл Таурат заңының барлық сөздерін балаларыңа үйретіп, сақтап орындауды өсиет етіңдер!
Deut Kaz 32:47  Сол бұйрықтар жай сөздер емес, олар сендерге (рухани игілікке толы) өмірді алып келеді. Оларды ұстанатын болсаңдар, Иорданның арғы жағындағы иемденгелі тұрған елдегі өмірлерің ұзақ болады».
Deut Kaz 32:48  Сол күні Жаратқан Ие Мұсаға былай деді:
Deut Kaz 32:49  «Моаб еліндегі Абарим қыратына, Иерихонның қарсысындағы Небо тауына көтеріл де, Мен исраилдіктерге меншікке бергелі тұрған Қанахан еліне көз жіберіп қара.
Deut Kaz 32:50  Сол шыққан тауыңның үстінде, Хор тауында қайтыс болған ағаң Һарон сияқты, сен де көз жұмып, ата-бабаларыңның қасына аттанасың.
Deut Kaz 32:51  Бұның себебі — Исраил халқының Сін даласындағы Қадештің маңында, Мерібадағы жартастан ағып шыққан судың қасында жиналып тұрғанда, екеуің исраилдіктердің көзінше Маған сенім артпай, киелі атымды қастерлемедіңдер.
Deut Kaz 32:52  Сондықтан Мен Исраил халқына табыстағалы тұрған елді көзіңмен көресің, бірақ өзің оған аяқ баспайсың».