Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CHRONICLES
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 8
I Ch Kaz 8:1  Буняминнің тұңғыш ұлы Бела, екінші ұлы Ашбел, үшінші ұлы Ахрай,
I Ch Kaz 8:2  төртінші ұлы Ноха, бесінші ұлы Рафа еді.
I Ch Kaz 8:3  Беланың ұлдары: Аддар, Гера, Әбихуд,
I Ch Kaz 8:6  Гебада тұрып, ал кейін Манахатқа жер аударылған әулеттердің басшылары болған Ехудтың ұрпақтары мыналар:
I Ch Kaz 8:7  Нағыман, Ахиях, Гера. Оларды Гера бастап алып барды. Оның ұлдары Ұзза мен Ахихуд болатын.
I Ch Kaz 8:8  Шәкәрім екі әйелі Хушим мен Бағарадан ажырасқаннан кейін, Моаб елінде де бала сүйді.
I Ch Kaz 8:9  Оның әйелі Ходеш Жобаб, Сибиях, Меша, Малқам,
I Ch Kaz 8:10  Еус, Сахия, Мирма есімді ұлдарды туды. Шәкәрімнің осы ұлдары әулет басшылары болды.
I Ch Kaz 8:11  Шәкәрімнің бұрынғы әйелі Хушим оған Абитуб пен Елпағал есімді екі ұл туып берген болатын.
I Ch Kaz 8:12  Елпағалдың ұлдары: Ебер, Мишам, Шемед. Шемед Оно мен Лодты әрі Лодқа қарасты елді мекендерді салды.
I Ch Kaz 8:13  (Елпағалдың басқа ұлдары:) Бериях пен Шема. Осы екеуі Аялон тұрғындарының әулет басшылары болатын. Ғаттың тұрғындарын сол қаладан қуып шыққан да осылар еді.
I Ch Kaz 8:16  Михайл, Ишфа, Жоха: Берияхтың ұрпақтары.
I Ch Kaz 8:17  Забадиях, Мешулам, Хизки, Хебер,
I Ch Kaz 8:18  Ишмерай, Излиях, Жобаб: Елпағалдың ұрпақтары.
I Ch Kaz 8:21  Адаях, Бераях, Шимрат: Шимейдің ұрпақтары.
I Ch Kaz 8:24  Хананиях, Елам, Антотиях,
I Ch Kaz 8:25  Ифдиях, Пенуел: Шашақтың ұрпақтары.
I Ch Kaz 8:26  Шамшерай, Шехариях, Ғотолия,
I Ch Kaz 8:27  Ярешиях, Ілияс, Зіхри: Ерохамның ұрпақтары.
I Ch Kaz 8:28  Осылардың өз әулеттерінің басшылары болғандығы шежірелерде тіркелген. Олар Иерусалимде тұрды.
I Ch Kaz 8:29  Гибеонның түп атасы Еиел Гибеон қаласында тұрды. Оның әйелінің аты Маха,
I Ch Kaz 8:30  тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб,
I Ch Kaz 8:32  Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды.
I Ch Kaz 8:33  Нердің ұлы: Қиш, Қиштың ұлы: Саул (патша). Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал.
I Ch Kaz 8:34  Жонатанның ұлы: Меріб-Бағал, ал соның ұлы: Миха.
I Ch Kaz 8:35  Миханың ұлдары: Питон, Мәлік, Тареях, Ахаз.
I Ch Kaz 8:36  Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы: Моса.
I Ch Kaz 8:37  Мосадан өрбірген ұрпақтар: Мосадан Бинея, одан Рефаях, одан Елеаса, одан Асел.
I Ch Kaz 8:38  Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді.
I Ch Kaz 8:39  Аселдің інісі Ешектің ұлдары: тұңғышы Ұлам, екіншісі Егуш, үшіншісі Әлипәлет еді.
I Ch Kaz 8:40  Ұламның ұлдары садақ атуға шебер мықты сарбаздар болды. Олардың ұлдары мен немерелерінің жалпы саны өте көп, барлығы жүз елу болды.Осылардың бәрі Буняминнің ұрпақтары.