MARK
Chapter 5
Mark | Kaz | 5:2 | Иса қайықтан түсісімен-ақ, Оған зират арасынан шыға келген, жын соққан бір кісі кездесе кетті. | |
Mark | Kaz | 5:3 | Сол адам қабірге арналған үңгірлерде тұратын. Ешкім оны тіпті шынжырлармен де бұғаулап қоя алмайтын. | |
Mark | Kaz | 5:4 | Талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен және кісендермен бұғаулап тастаған еді, бірақ ол шынжырларды сындырып, кісендерді үзіп, қашып кететін. Оны бағындыруға ешкімнің де күші жетпеді. | |
Mark | Kaz | 5:5 | Сол кісі күні-түні қабірлердің арасында және тау-төбелерде айқай салып, өзін-өзі таспен ұрғылайтын. | |
Mark | Kaz | 5:7 | Содан соң ол қатты дауыспен:— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса, менде нең бар? Құдай үшін жалынамын: мені азаптай көрме! — деп айқай салды. | |
Mark | Kaz | 5:9 | Бұдан кейін Иса:— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:— Атым — «Үлкен топ», себебі біз көппіз, — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 5:13 | Иса жол берген соң, жындар сол кісіден шығып, әлгі екі мыңдай хайуанға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды. | |
Mark | Kaz | 5:14 | Бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. Халық соны көруге жолға шығып, | |
Mark | Kaz | 5:15 | Исаға келді. Олар бұрын үлкен жындар тобы буған кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, сол жерде отырғанын көргенде қорқып кетті. | |
Mark | Kaz | 5:16 | Болған оқиғаны өз көздерімен көргендер оларға жын қинаған адаммен не болғанын әңгімелеп, шошқалар туралы да айтып берді. | |
Mark | Kaz | 5:18 | Иса қайыққа мінгенде, жындарынан арылған кісі Одан: «Сізбен бірге болайыншы», — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 5:19 | Бірақ Иса оған рұқсат бермей:— Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды. | |
Mark | Kaz | 5:20 | Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін Онқала аймағында жариялай бастады. Естігендердің бәрі таңданып, қайран қалысты. | |
Mark | Kaz | 5:21 | Иса қайыққа мініп, көлдің батыс жағына қайта оралды. Содан көлдің жағасында көп халық Оның қасына жиналды. | |
Mark | Kaz | 5:22 | Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі де сонда келді. Жайыр Исаны көргенде, Оның аяғына жығылып: | |
Mark | Kaz | 5:23 | «Жас қызым өлім аузында жатыр. Сауығып, тірі қалуы үшін барып, оған қолыңызды тигізе көріңізші!» — деп жалына өтінді. | |
Mark | Kaz | 5:26 | Сол әйел көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаған еді. Алайда одан еш шипа болмай, керісінше, халі бұрынғысынан бетер нашарлай түскен болатын. | |
Mark | Kaz | 5:27 | Иса туралы хабарды естіген әйел халықтың ішінде Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанына қолын тигізді. | |
Mark | Kaz | 5:28 | Себебі ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын. | |
Mark | Kaz | 5:30 | Ал Иса дереу Өзінен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сезіп, жұртқа бұрылып:— Шапаныма қолын тигізген кім? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 5:31 | Шәкірттері Оған:— Соншама халықтың Өзіңізді қаумалап, қыспақтап тұрғанын көре тұра, «Маған қолын тигізген кім» деп қалай сұрайсыз? — деді. | |
Mark | Kaz | 5:33 | Өзіне не болғанын білген әйел қорыққаннан дірілдеп, Исаның алдына келді. Оның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді. | |
Mark | Kaz | 5:34 | Иса оған:— Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді. | |
Mark | Kaz | 5:35 | Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен кісілер келіп: «Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз», — деп хабарлады. | |
Mark | Kaz | 5:38 | мәжілісхана жетекшісінің үйіне барды. Сол жерден абыржығандар мен зар жылап жоқтау айтқандарды көрді. | |
Mark | Kaz | 5:39 | Иса үйге кіріп, оларға: «Неге осылайша абыржып, жылайсыңдар? Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. | |
Mark | Kaz | 5:40 | Олар Оның айтқанына күлді. Бірақ Иса барлығын сыртқа шығарып жіберіп, тек қыздың әке-шешесін және Өзінің қасында жүргендерді ғана ертіп, қыз жатқан бөлмеге кірді. | |
Mark | Kaz | 5:41 | Қыздың қолынан ұстап тұрып, оған: «Талифа куми!» — деді. Бұның мағынасы: Қызым, саған айтамын, тұра ғой! | |
Mark | Kaz | 5:42 | Он екі жасар қыз бала сол сәтте-ақ орнынан тұрып, жүре бастады! Мұны көргендер үрейлері ұшып, қайран қалысты. | |