Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
PROVERBS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 21
Prov Kaz 21:1  Патшаның жүрегі Жаратқанның қолындаҰқсайды аққан суға өзен салаларында:Жаратқан бағыттайды оны қалаған жағына.
Prov Kaz 21:2  Өз жолы адамға түзу болып көрінер,Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер.
Prov Kaz 21:3  Адамның адалдық пен әділдік сақтағаныЖаратқанға құрбандық шалғанынан ұнамды.
Prov Kaz 21:4  Көз тәкаппарлығы, жүректің асқақтығыЕкеуі де күнә — зұлымның қылықтары.
Prov Kaz 21:5  Ұқыптының ой-ниеті дәулетке бастар,Тым асыққан тапшылыққа ұшырар.
Prov Kaz 21:6  Жалғандықпен жиналған байлық —Ұшып кетер бу әрі ажалды тұзақ.
Prov Kaz 21:7  Зұлымның зомбылығы өзін жоқ қылар,Әділ істен бас тартқаны себепшісі болар.
Prov Kaz 21:8  Айыптының жолы — қисық соқпақ,Айыпсыздың жүрісі түзу болмақ.
Prov Kaz 21:9  Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғаншаҮй төбесіндегі күркеде тұрған артық оңаша.
Prov Kaz 21:10  Зұлымның жаны сұмдық көздер,Өз жақынына қаталдық көрсетер.
Prov Kaz 21:11  Мазақшыл жазаланса, аңғырттың даналығы артар,Дана жан тәлім алса, ол содан білім қабылдар.
Prov Kaz 21:12  Әділ Тәңір Иеміз зұлымның үйін бақылар,Содан зұлымды құлатып, көзін құртар.
Prov Kaz 21:13  Жарлының зарына құлағын жабатынТаппас өз зарына құлақ асатын.
Prov Kaz 21:14  Жасырын сый-тарту ашуды тыншытар,Құпия сыйлық зор қаһарды басар.
Prov Kaz 21:15  Әділдік жасалса әділдер қуанар,Ал зұлымдық жасаушылар шошынар.
Prov Kaz 21:16  Даналық жолынан адасқан —О дүниеге жақында аттанар жан.
Prov Kaz 21:17  Байи қоймас шарап, майға құмартқан,Кедейленер аса сауықшыл жан.
Prov Kaz 21:18  Арамза адам әділдің төлемі болар,Опасыз ұсталып, адал жан құтылар.
Prov Kaz 21:19  Ұрысқақ, ызақор әйелмен тұрғанша,Оңаша тұрған артық айдалада.
Prov Kaz 21:20  Дананың мекені май мен байлыққа толар,Ал надан өзінде барды шашар.
Prov Kaz 21:21  Әділдік пен берік мейірім жолынанШын өмір, әділет, құрмет табады жан.
Prov Kaz 21:22  Күштілердің қаласын кемеңгер басып алар,Олар сенген қамалдың күл-талқанын шығарар.
Prov Kaz 21:23  Тілі мен аузына ие болғанПәледен басын сақтар аман.
Prov Kaz 21:24  Өркөкірек, паң адамды мысқылшыл дер,Асқан менмендікпен ол әрекет етер.
Prov Kaz 21:25  Жалқауды құмарлықтары құртар,Себебі қолы жұмыстан қашар.
Prov Kaz 21:26  Жалқау жан күні бойы алуды көксер,Ал әділ жан мұқтажға аямай берер.
Prov Kaz 21:27  Зұлымның құрбандығын Жаратқан жек көрер,Арам оймен ұсынса оны, одан да бетер.
Prov Kaz 21:28  Өтірік айтатын куә құрып кетер,Ал өз құлағымен естігеннің сөзі өтер.
Prov Kaz 21:29  Азғын жан сондай батыл болып көрінер,Әділ жан жүрер жолына көңіл бөлер.
Prov Kaz 21:30  Ешбір даналық, түсінік пен кеңесЖаратқан Иеге қарсы келмес.
Prov Kaz 21:31  Жауынгер шайқасқа атын дайындар,Ал жеңісті оған Жаратқан Ие сыйлар.