JOSHUA
Chapter 19
Josh | Kaz | 19:1 | Екінші жеребе әулеттері бойынша Шимон руына түсті. Бұл руға үлестірілген мұралық жер Яһуда руының жерінің ішінде жататын болды. | |
Josh | Kaz | 19:8 | Бұларға қоса олардың айналаларындағы Бағалат-Берге, яғни Негевтегі Рамаққа, дейінгі жердегі барлық елді мекендер де берілді. Әулеттері бойынша Шимон руына берілген мұралық жер, міне, осы. | |
Josh | Kaz | 19:9 | Шимон руына мұралық жер Яһуда руының үлесінен берілді, себебі Яһуданың үлесі өздері үшін тым үлкен болатын. Сондықтан Шимонның ұрпақтарына мұралық жер Яһуданың үлесінің ішінен берілді. | |
Josh | Kaz | 19:10 | Үшінші жеребе әулеттері бойынша Забулон руына түсті. Оларға тиген жердің шекарасы Сарыдқа дейін созылып, | |
Josh | Kaz | 19:11 | содан батысқа қарай көтеріліп, Маралаға, содан Дабешетке, одан соң Жоқнеамның қасындағы жылғаға дейін жетеді. | |
Josh | Kaz | 19:12 | Шекара Сарыдтан шығысқа бағыт алып, Қислот-Табордың жеріне дейін барады да, Дабератқа дейін ұласып, одан Япияға дейін көтеріледі. | |
Josh | Kaz | 19:13 | Сол жерден шекара шығысқа қарай Ғат-Хефер мен Ита-Қасынға кесіп өтіп, Риммонға жетіп, Неяға қарай бұрылады. | |
Josh | Kaz | 19:15 | Забулонның жері бұдан басқа Қаттат, Нахалал, Шимрон, Идала және Бетлехемді де — барлығы он екі қаланы әрі оларға қарасты елді мекендерді қамтиды. | |
Josh | Kaz | 19:16 | Сонымен әулеттері бойынша Забулон руының үлесіне тиген мұралық жер, ондағы қалалар мен оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар. | |
Josh | Kaz | 19:22 | Шекара Табор, Шахасима және Бет-Шәміштің шегімен жанасып, Иордан өзеніне барып тіреледі. Осы жердің аумағына барлығы он алты қала әрі оларға қарасты елді мекендер кіреді. | |
Josh | Kaz | 19:23 | Сонымен әулеттері бойынша Исашар руының үлесіне тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар. | |
Josh | Kaz | 19:26 | Аламәлік, Амад, Мишал кіреді. Батыс шекарасы Қармил тауы мен Шихор-Либнатпен жанасып, | |
Josh | Kaz | 19:27 | содан шығысқа қарай бұрылып Бет-Дагонға дейін жетеді де, Забулонның жерімен солтүстікте орналасқан Ифтах-Ел аңғарында шектесіп, Бет-Емек пен Неиелмен де жанасады. Бұдан кейін шекара Қабулдың сол жағымен өтіп, | |
Josh | Kaz | 19:29 | Содан соң шекара Рамаққа қарай кері бұрылып, бекіністі Тир қаласына жетіп, Хосаға қарай бұрылады да, Ахзибтың маңайында теңізге келіп тіреледі. | |
Josh | Kaz | 19:30 | Аширдің жеріне тағы Умма, Әфек, Рехоб — барлығы жиырма екі қала әрі оларға қарасты елді мекендер кіреді. | |
Josh | Kaz | 19:31 | Сонымен әулеттері бойынша Ашир руының үлесіне тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар. | |
Josh | Kaz | 19:33 | Нафталим руының шекарасы Хелефтен басталып, Сананымдағы дәу емен ағашы мен Ябниел арқылы өтіп, Лақумға дейін жетеді де, Иордан өзеніне келіп тіреледі. | |
Josh | Kaz | 19:34 | Содан соң ол батысқа, Азнот-Таборға қарай бұрылып, Хұқоққа беттейді. Сонымен Нафталимнің жері оңтүстікте Забулонмен, батыста Аширмен, шығыста Иордан өзенімен шектеседі. | |
Josh | Kaz | 19:38 | Ирон, Мигдал-Ел, Хорем, Бет-Анат және Бет-Шәміш. Барлығы он тоғыз қала әрі оларға қарасты елді мекендер болды. | |
Josh | Kaz | 19:39 | Нафталим руына әулеттері бойынша тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар. | |
Josh | Kaz | 19:47 | Дан руы өзіне берілген мұралық жеріне ие бола алмай, одан айырылып қалды. Сонда олар Ләшемге қарсы соғысып, оны қолға түсіріп, тұрғындарын семсердің жүзімен қырып тастады. Дандықтар сол қалаға өздері қоныстанып алды да, Ләшем деген атын түп аталарының құрметіне Дан деп өзгертті. | |
Josh | Kaz | 19:48 | Дан руының үлесіне әулеттері бойынша тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар. | |
Josh | Kaz | 19:49 | Елді мұралық жер етіп шекараларына сәйкес үлестіріп болғаннан кейін, исраилдіктер өз араларынан Нұн ұлы Ешуаға да мұралық жер бөліп берді. | |
Josh | Kaz | 19:50 | Жаратқан Иенің бұйрығы бойынша, олар Ешуаға өзі сұраған қаласын: Ефремнің таулы аймағындағы Тимнат-Серахты белгіледі. Ешуа сол қаланы қайта салып, сонда орналасты. | |