LUKE
Chapter 11
Luke | Kaz | 11:1 | Бірде Иса бір жерде мінажат етіп отырды. Онысын аяқтаған кезде шәкірттерінің бірі Оған:— Мырза, Жақия шәкірттеріне мінажат етуді үйреткендей, Сіз де бізге үйретсеңізші, — дегенде, | |
Luke | Kaz | 11:2 | Иса оларға былай деді:— Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер:Көктегі Әкеміз!Сенің киелі есімің қастерлене берсін,Патшалығың осында орнасын!(Сенің еркің көкте орындалғандай,Жер бетінде де орындала берсін!) | |
Luke | Kaz | 11:4 | Бізге күнә жасаған әркімді кешіргеніміздей,Сен де күнәларымызды кешіре гөр.Азғырылуымызға жол бермей,(Бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин.) | |
Luke | Kaz | 11:5 | Иса (мінажат ету туралы тәлімін жалғастырып) оларға былай деді:— Араларыңдағы біреудің досы бар дейік. Түн ортасында ол соның үйіне барып, одан: «Досым, маған қарызға үш күлше нан бере тұршы. | |
Luke | Kaz | 11:6 | Себебі жаңа ғана бір жолдасым жолаушылап келіп қалған еді. Үйімде оған беретін ештеңем болмай тұр», — деп сұрайды. | |
Luke | Kaz | 11:7 | Бірақ сол кісі іштен дауыстап жауап беріп: «Мені мазалама! Есігім бекітулі, балаларым да, өзім де жатып қалдық. Енді тұрып, саған ештеңе бере алмаймын», — дейді. | |
Luke | Kaz | 11:8 | Сендерге айтамын, сол адам төсегінен тұрып, сұрағанын тіпті дос болғаны үшін бермесе де, көршісі қадалып сұрап тұрып алғандықтан, ақыры оған қажетінің бәрін береді. | |
Luke | Kaz | 11:9 | Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады. | |
Luke | Kaz | 11:13 | Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтыны ешбір шүбәсіз! | |
Luke | Kaz | 11:14 | Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды сол кісіден қуып шығарды. Жын шыққан соң, мылқау сөйлей бастады! Көптеп жиналған халық бұған қайран қалды. | |
Luke | Kaz | 11:15 | Бірақ кейбіреулері: «Ол жындарды солардың әміршісі белзебүлдің (яғни әзәзіл шайтанның) күшімен қуып шығарады!» — деп жала жапты. | |
Luke | Kaz | 11:16 | Басқа адамдар Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. | |
Luke | Kaz | 11:17 | Бірақ олардың бұл ойларын біле қойған Иса былай деп жауап қайырды:— Жікке бөлініп, өзара соғысып жататын әрбір патшалық жойылып, бос қалады. Өзара ұрысып-керісіп жататын әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. | |
Luke | Kaz | 11:18 | Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алады? Ал сендер Мені: «Жындарды белзебүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығарады» дейсіңдер. | |
Luke | Kaz | 11:19 | Ендеше Мені жындарды соның күшімен қуып шығарады десеңдер, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығады?! Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді! | |
Luke | Kaz | 11:20 | Бірақ шынында Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығарамын. Демек, араларыңда Құдайдың Патшалығы орнаған! | |
Luke | Kaz | 11:22 | Бірақ одан да күшті басқа Біреу шабуыл жасап, жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару-жарағын тартып алып, қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді. | |
Luke | Kaz | 11:24 | Жын адамнан шыққаннан кейін шөл даланы кезіп, баспана іздеп, таппайды. Сонда ол: «Шыққан үйіме қайта оралайын» дейді. | |
Luke | Kaz | 11:26 | Содан жын барып, өзінен бетер жауыз тағы жеті жынды ертіп келіп, үйге кіріп, сонда тұрып қалады. Осылайша әлгі адамның кейінгі жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болады. | |
Luke | Kaz | 11:27 | Иса бұларды айтып тұрғанда, бір әйел халықтың арасынан қатты дауыспен:— Сізді көтерген құрсақ, Сізге нәр берген ана бақытты! — деді. | |
Luke | Kaz | 11:29 | Айналасына халық көптеп жиналғанда, Иса сөзін былай деп бастады: «Осы заманғы ұрпақ — жаман ұрпақ! Ол (билігімді дәлелдейтін) бір керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді! | |
Luke | Kaz | 11:30 | Себебі (ежелде) Жүніс пайғамбардың Ниневи қаласының тұрғындарына керемет белгі болып көрінгеніндей, көктен келген Билеуші де осы ұрпаққа керемет белгі болып көрінетін болады. | |
Luke | Kaz | 11:31 | Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы қиямет күні осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді. Себебі патшайым Сүлейменнің даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған шынымен құлақ аспайсыңдар!) | |
Luke | Kaz | 11:32 | Ниневидің тұрғындары да қиямет кезінде осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді: ниневиліктер Жүніс уағыздағанда теріс жолдарынан қайтты. Ал мұнда Жүніс пайғамбардан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер теріс жолдарыңнан қайтудан бас тартасыңдар!)» | |
Luke | Kaz | 11:33 | Ешкім шам жаққан соң оны жасырын жерге немесе бір ыдыстың астына қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда ол үйге кіргендерге жарығын түсіреді. | |
Luke | Kaz | 11:34 | Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда, өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер ашкөз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. | |
Luke | Kaz | 11:36 | Егер де бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады, — деді Иса. | |
Luke | Kaz | 11:37 | Иса сөзін аяқтағанда, бір парызшыл кісі Оны түскі тамаққа үйіне шақырды. Иса барып, дастарқан басына жайғасты. | |
Luke | Kaz | 11:39 | Алайда Иеміз оған былай деді:— Парызшылдар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасайсыңдар, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! | |
Luke | Kaz | 11:41 | Ең дұрысы мынау: иеліктеріңнен мұқтаждарға қайыр беріңдер! Сонда барлық нәрселерің де адал болады. | |
Luke | Kaz | 11:42 | Бірақ, парызшылдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті (бақшадан жиналған) жалбыз, тасшөп сияқты әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің құнының да оннан бір бөлігін садақаға бересіңдер. Бірақ та әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмағандарың дұрыс болар еді. | |
Luke | Kaz | 11:43 | Парызшылдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда сыйлы орында отыруды, әрі базарларда жұрттың өздеріңе сәлем беріп қошеметтеуін ұнатасыңдар. | |
Luke | Kaz | 11:44 | (Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер) сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар: жұрт олардың қабір екенін білмей, үстімен жүріп арамданады. | |
Luke | Kaz | 11:45 | Сонда Таурат заңын үйретуші ғұламалардың бірі:— Ұстаз! Бұл сөзіңіз бізді де ренжітеді, — деді. | |
Luke | Kaz | 11:46 | Иса бұған былай деп жауап берді:— Таурат заңын үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге ыңғайсыз, тым ауыр борыштарды артып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұшын да тигізбейсіңдер. | |
Luke | Kaz | 11:47 | Сендер қасіретке қаласыңдар! Ата-бабаларың өлтірген пайғамбарларға әдемілеп мазар саласыңдар; | |
Luke | Kaz | 11:48 | осылайша ата-бабаларыңның істеріне куә болып, тіпті оларымен келісесіңдер де. Ата-бабаларың пайғамбарларды өлтірген, ал сендер соларға мазар орнатасыңдар. | |
Luke | Kaz | 11:49 | Сондықтан Құдай Өзінің даналығымен былай деген: Мен оларға пайғамбарлар мен елшілерді жіберемін. Бірақ олар солардың кейбіреулерін өлтіріп, басқаларын қудалайды. | |
Luke | Kaz | 11:50 | Сол үшін де Әбілден бастап, құрбандық үстелі мен киелі үйдің арасында өлтірілген Зәкәрияға дейін, яғни дүние жаратылғаннан бері өлтірілген барлық пайғамбарлардың төгілген қандарының құны осы ұрпақтан талап етілсін! Иә, сендерге шындығын айтамын: ол осы ұрпақтан талап етіледі! | |
Luke | Kaz | 11:51 | Сол үшін де Әбілден бастап, құрбандық үстелі мен киелі үйдің арасында өлтірілген Зәкәрияға дейін, яғни дүние жаратылғаннан бері өлтірілген барлық пайғамбарлардың төгілген қандарының құны осы ұрпақтан талап етілсін! Иә, сендерге шындығын айтамын: ол осы ұрпақтан талап етіледі! | |
Luke | Kaz | 11:52 | Таурат заңын үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер (құтқарылу туралы) білімнің кілтін тартып алдыңдар: өздерің де кірмедіңдер, кіргісі келгендерге де кедергі жасадыңдар! | |
Luke | Kaz | 11:53 | Иса осыны айтып болып, сол жерден кете бергенде, дін мұғалімдері мен парызшылдар Оған әр түрлі сұрақтар қойып, жан-жақтан қыспақтады. | |