Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EXODUS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 39
Exod Kaz 39:1  Шеберлер діни қызметкерлердің киелі шатырдағы қызмет еткенде киетін киімдерін қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптерден тоқып дайындады. Олар Һаронның мына арнайы киімдерін де Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етіп жасады:
Exod Kaz 39:2  (ефод деп аталған) жеңсіз сырт киім алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылды.
Exod Kaz 39:3  Бұл үшін шеберлер алтыннан балғамен соғып жұп-жұқа тегіс қабықшалар дайындап, соларды талшықтар етіп қиып, қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және зығыр жіптермен бірге кестелеп тоқу үшін иірді.
Exod Kaz 39:4  Сырт киімнің алдыңғы, артқы бөліктерінің жоғарғы жақтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын екі иық жапсырмасы да жасалды.
Exod Kaz 39:5  Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл киімнің өзі сияқты алтын талшықтармен және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн әрі жіңішке зығыр жіптермен Жаратқан Иенің Мұсаға тапсырғанындай кестеленіп тоқылды.
Exod Kaz 39:6  Екі оникс тасы әшекейлі алтын жиектемелерге қондырылып, олардың бетіне мөр жасайтын зергерлік мәнермен Исраилдің он екі руының аттары ойылып жазылды.
Exod Kaz 39:7  Жиектемелерге қондырылған осы екі тас Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай сырт киімнің иық жапсырмаларына бекітілді. Олар Исраилдің үрім-бұтағын рақыммен ескере гөр деген өтінішті білдіретін тастар болды.
Exod Kaz 39:8  Жеңсіз сырт киім сияқты, кеуде қалта да алтын талшықтармен және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн әрі жіңішке зығыр жіптермен кестеленіп тоқылды.
Exod Kaz 39:9  Ол ені мен көлденеңі жарты шынтақтан төрт бұрышты екі қабат етіп дайындалды.
Exod Kaz 39:10  Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалды: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд,
Exod Kaz 39:11  екіншісіне лағыл, сапфир, алмас,
Exod Kaz 39:12  үшіншісіне жақұт, жүзақ, аметист,
Exod Kaz 39:13  ал төртінші қатарға зүбәржат, оникс, яспис тастары алтын жиектемелерге безендіріле қондырылды.
Exod Kaz 39:14  Асыл тастардың саны он екі болды, Исраилдің әрбір руы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөрдегідей ойылып жазылды.
Exod Kaz 39:15  Шеберлер кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып шынжыр баулар өрді.
Exod Kaz 39:16  Олар алтыннан екі жиектеме мен екі шығыршық та жасап, соларды төс қалтаның жоғарғы екі бұрышына бекітті.
Exod Kaz 39:17  Өрілген екі алтын шынжыр бауды осы алтын шығыршықтардан өткізіп,
Exod Kaz 39:18  қалған ұштарын иық жапсырмаларының үстіндегі оникс тастарының екі жиектемесіне бекітіп, солармен алдыңғы жақтан байланыстырды.
Exod Kaz 39:19  Шеберлер тағы екі алтын шығыршық жасап, оларды кеуде қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекітті.
Exod Kaz 39:20  Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасалды. Олар жеңсіз сырт киімнің алдыңғы жағында оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан, белбеудің үстінен бекітілді.
Exod Kaz 39:21  Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылды. Осылайша кеуде қалта орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болды. Бұл Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанына сай еді.
Exod Kaz 39:22  Жеңсіз сырт киімнің ішінен киетін сырт көйлек қою күлгін жүн жіптен тоқылды.
Exod Kaz 39:23  Оның жоғарғы жағында бас сыятындай ойығы болды, ал тарқатылып кетпеуі үшін ойықты айналдыра жаға іспетті қаптама жасалды.
Exod Kaz 39:24  Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді.
Exod Kaz 39:25  Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді.
Exod Kaz 39:26  Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді.
Exod Kaz 39:27  Һарон мен ұлдарына арнап бедерлі бәтестен ұзын көйлек тігілді.
Exod Kaz 39:28  Бәтестен сәлде мен өзге баскиімдер де дайындалды. Шалбар бедерлі бәтестен тігілді.
Exod Kaz 39:29  Жалпақ белбеу жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден кестеленіп тоқылды. Бәрі де Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай болды.
Exod Kaz 39:30  Саф алтыннан кішкене тақташа жасалып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылды. Бағышталудың белгісі болған
Exod Kaz 39:31  алтын тақташа қою күлгін баумен сәлдеге алдыңғы жағынан бекітілді. Ол да Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай болды.
Exod Kaz 39:32  Сонымен киелі шатырдың, яғни Жаратқан Иемен кездесу шатырының бүкіл жұмыстары аяқталды. Исраилдіктер бәрін де дәл Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай жасаған еді.
Exod Kaz 39:33  Олар Тәңір Иенің жер бетіндегі тұрағы — киелі шатыр мен оның барлық бұйымдарын Мұсаға алып келді. Әкелгендері мыналар еді: шатырдың ілмек шығыршықтары мен ілгіштері, бөренелері мен сырықтары, бағаналары мен тағандары,
Exod Kaz 39:34  қызыл түске боялған қошқар терілерінен жасалған төбе жапқышы мен борсық терілерінен жасалған жабыны; ішкі шымылдық;
Exod Kaz 39:35  сырықтарымен, қақпағымен Келісім сандығы;
Exod Kaz 39:36  барлық қажетті бұйымдарымен және үстіндегі нан тартуларымен үстел;
Exod Kaz 39:37  шамдарымен, қосымша құрал-саймандарымен саф алтын шам қойғыш және жағуға қажетті май;
Exod Kaz 39:38  хош иісті заттар түтетілетін алтын үстел, жағу рәсіміне арналған май, түтетілетін хош иісті заттар; шатырдың кіреберісіндегі шымылдық;
Exod Kaz 39:39  шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын қола үстел мен оның қола торы, сырықтары және барлық құрал-саймандары; тазару рәсіміне арналған қазан астындағы тұғырымен;
Exod Kaz 39:40  тағандарымен, бағаналарымен бірге аулаға және оның кіреберісіне арналған перделер; арқандар мен қазықтар, Тәңір Иемен кездесетін (жер бетіндегі) тұрағындағы қызмет үшін қажетті күллі бұйымдар;
Exod Kaz 39:41  сондай-ақ киелі орында киілетін арнайы киімдер — діни қызметкер Һаронның және оның ұлдарының қызмет атқарған кездерінде киетін киімдері.
Exod Kaz 39:42  Исраилдің үрім-бұтағы бұл жұмыстардың бәрін де Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай етіп орындаған еді.
Exod Kaz 39:43  Мұса барлығын тексеріп қарағанда исраилдіктердің оны дәл Жаратқан Иенің тапсырғанындай етіп жасағандарына көзін жеткізіп, оларға батасын берді.