NEHEMIAH
Chapter 7
Nehe | Kaz | 7:1 | Қала қабырғасы салынып біткен кезде мен қақпалардың есіктерін орнаттырып қойдым. Содан қақпа күзетшілері, ғибадатхана әншілері және леуілік ғибадатхана қызметшілері міндеттеріне тағайындалды. | |
Nehe | Kaz | 7:2 | Мен ағайыным Хананиға және қорғанның бастығы Хананияхқа Иерусалимнің үстінен билік жүргізуді тапсырдым. Өйткені Хананиях сенімді адам болатын және Құдайды басқалардан гөрі артық қастерлейтін еді. | |
Nehe | Kaz | 7:3 | Екеуіне мынадай нұсқау бердім: «Күн ысып, қақпа күзетшілері өз орындарында тұрмайынша Иерусалимнің қақпалары ашылмай, есіктері жабылып, кесе-көлденең бөренелермен бекітіліп тұрсын! Иерусалимнің тұрғындарының арасынан сақшыларды тағайындаңдар. Олар қала қабырғасын бойлай және өз үйлерінің қарсысында қарауылда тұратын болсын». | |
Nehe | Kaz | 7:4 | Сол кезде қала кең-байтақ, ал ішіндегі халқы аз болатын. Қаладағы үйлер әлі де қайта салынбаған еді. | |
Nehe | Kaz | 7:5 | Содан Құдай маған жетекшілер мен қызметкерлерді және жай халықты жинап, әрқайсысын шығу тектері бойынша тіркеп жазып алу жайлы ой салды. Мен ең бірінші болып елге қайтып келген оралмандардың шежіре жазбасын тауып алып, сонда жазылған төмендегі сөздерді оқыдым: | |
Nehe | Kaz | 7:6 | Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендер мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды. | |
Nehe | Kaz | 7:7 | Олардың жетекшілері: Зоробабел, Ешуа, Нехемия, Азариях, Рағамиях, Нахамани, Мардохай, Билшан, Мисперет, Бигуай, Нехум, Бағанах.Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны: | |
Nehe | Kaz | 7:11 | Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб есімді екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он сегіз адам. | |
Nehe | Kaz | 7:45 | Қақпа күзетшілері:Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита, Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз сегіз адам. | |
Nehe | Kaz | 7:60 | Ғибадатхана қызметшілері әрі Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам. | |
Nehe | Kaz | 7:61 | Мыналар Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген еді, бірақ олар өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмады: | |
Nehe | Kaz | 7:62 | Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз қырық екі адам. | |
Nehe | Kaz | 7:63 | Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос, Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын. | |
Nehe | Kaz | 7:64 | Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді. | |
Nehe | Kaz | 7:65 | Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды». | |
Nehe | Kaz | 7:67 | Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз қырық бес еркек, әйел әншілері болды. | |
Nehe | Kaz | 7:70 | Бірқатар әулет басшылары құрылыс жұмысына өз үлестерін қосты. Аймақтың әкімі қазынаға бір мың алтын теңге, елу алтын тостаған және діни қызметкерлерге арнап бес жүз отыз көйлек тарту етті. | |
Nehe | Kaz | 7:71 | Өзге әулет басшыларының бірнешеуі жұмыс қорына арнап жиырма мың алтын теңге және екі мың екі жүз қадақ күміс берді. | |
Nehe | Kaz | 7:72 | Ал халықтың қалған бөлігінің тарту еткені жиырма мың алтын теңге, екі мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған алпыс жеті көйлек болды. | |