Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
LAMENTATIONS
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 3
Lame Kaz 3:1  (Пайғамбар не қайғырған басқа адам:)Иемнің қаһарынан таяқ жеген адаммын мен,
Lame Kaz 3:2  Ол айдап жүргізді мені жарық емес, түнекпен.
Lame Kaz 3:3  Күн ұзағына Ол өзімді ұрғылай береді,
Lame Kaz 3:4  Ет пен терімді шірітіп, сындырды сүйектерімді,
Lame Kaz 3:5  Зор азап, ауыртпалықпен мені қоршап алды,
Lame Kaz 3:6  Ежелде өлгендердей түнекте отырғызды.
Lame Kaz 3:7  Шықпастай қоршап, Ол мені қоламен шынжырлады.
Lame Kaz 3:8  Қатты шақырсам да, дұғама құлақ салмады.
Lame Kaz 3:9  Жолымды Ол ирелеңдетіп қисық қылды,Қашалған қойтастар қойғандай бөгет салды.
Lame Kaz 3:10  Ием мен үшін аңдып жатқан аюдай,Әрі жасырынып жатқан арыстандай,
Lame Kaz 3:11  Ол мені жолдан сүйреп, талап тастады,Мүлдем дәрменсіз қылып оңаша қалдырды.
Lame Kaz 3:12  Жаратқан мергендей садағын тарта берді,Жебелері үшін нысана етті мені,
Lame Kaz 3:13  Осылайша Ол бүйректеріме меніңАтқылады қорамсағының жебелерін.
Lame Kaz 3:14  Мен бүкіл халқымның күлкісіне айналдым,Олар мазақтап мені ән салады күн сайын.
Lame Kaz 3:15  Ием мені ащы күйінішпен тойдырды,Удай ащы жусаннан ішкізіп мас қылды.
Lame Kaz 3:16  Тәңір тістерімді таспен сындырып тастады,Күл-топыраққа Ол мені басып таптады.
Lame Kaz 3:17  Тыныштық атаулыдан айырылды жаным,Амандықтың не екенін мүлдем ұмытқанмын.
Lame Kaz 3:18  Былай дедім: ғайып болды Менің бар күшім,Жаратқан Иеге артқан бүкіл үмітім.
Lame Kaz 3:19  Мүшкіл халім мен мүсәпір жағдайымдыЕске алсам, күйініш толтырады жанымды.
Lame Kaz 3:20  Олар жадымда берік сақталып қалады.Содан жаным түңіліп, қатты қайғырады.
Lame Kaz 3:21  Алайда мына жайтты есіме аламын,Соған мен енді үмітімді артамын:
Lame Kaz 3:22  Түгелдей құрып кетпегеніміз біздіңБерік рақымынан Жаратқан Иенің,Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім,
Lame Kaz 3:23  Жаңара береді ол таң атқан сайын.Уа, Ием, сондай зор Сенің адалдығың!
Lame Kaz 3:24  Өзіме: «Жаратқан Ие — үлесім менің,Сондықтан үмітімді артам Оған!» деймін.
Lame Kaz 3:25  Иеміз ізгі Өзіне үміт артқанға,Шындап Оған бет бұрып сиынатын жанға!
Lame Kaz 3:26  Жаратқанның оны құтқарып азат етуінСабыр сақтап күткені игі адам үшін.
Lame Kaz 3:27  Жас кезінен Тәңірге мойынсұнып жүргеніАдам баласы үшін сондай игілікті!
Lame Kaz 3:28  Оңашада отырсын ол тыныштықпен,Өйткені Жаратқан Ие соны оған жүктеген.
Lame Kaz 3:29  Тәңірге бағынып жерге дейін бас исін,Әлі де үміт бар шығар сол адам үшін,
Lame Kaz 3:30  Өзін соққан жауға бетін ұсынсын,Соның көрсеткен көп қорлығына көнсін.
Lame Kaz 3:31  Өйткені өз халқын Жаратқан ИеӨзінен аластатпайды мәңгілікке.
Lame Kaz 3:32  Ол қайғыртса да, кейін рақым көрсетеді,Соншалықты зор Оның берік мейірімі!
Lame Kaz 3:33  Адам баласына қайғы-қасіреттіОл өз жүрек қалауымен жібермейді.
Lame Kaz 3:34  Қайта, елдегі бар тұтқынды басып жаншуды,
Lame Kaz 3:35  Хақ Тағала алдында адам құқығын бұзуды,
Lame Kaz 3:36  Адамға тиісті әділдікті бұрмалауды:Жаратқан Ие көрмей ме сол сұмдықтарды?
Lame Kaz 3:37  Жаратқан Ие солай болсын демесе,Адам қолынан мұндай нәрсе келе ме?
Lame Kaz 3:38  Ауыртпалық пен амандық екеуі деЖаратқан Иенің айтуымен келмей ме?
Lame Kaz 3:39  Адам өз күнәсі үшін қасірет шексе,Оның шағым айтуы керек несіне?
Lame Kaz 3:40  Жүрген жолдарымызды байқап сынайық,Жаратқан Иеге қайтадан оралайық!
Lame Kaz 3:41  Көктегі Құдайға жүрегімізді ашайық,Оған сиынып қолымызды жаяйық:
Lame Kaz 3:42  «Біз опасыз болып бағынбай кеттік Саған,Әрі Сен кешірім берген жоқсың бұған.
Lame Kaz 3:43  Қаһарыңа бөленіп, бізді қудаладың,Еш мейірімділік көрсетпей қырып-жойдың.
Lame Kaz 3:44  Өзіңе өтпеуі үшін дұғамыздың,Сен бұлтпен тұмшаланып жасырындың.
Lame Kaz 3:45  Бізді халықтар арасындағы «қоқысы»Етіп жібердің әрі «сыпырындысы».
Lame Kaz 3:46  Күллі қарсыластарымыз да біздіАуыздарын кең ашып келемеждейді.
Lame Kaz 3:47  Бар көретініміз — үрей мен тұзақ,Қырылу мен ойранға душар болдық».
Lame Kaz 3:48  Ойран түсті қымбат халқымның басына,Содан көз жасым көл болып ағылуда.
Lame Kaz 3:49  Көз жасым еш тоқтамай аға береді де,
Lame Kaz 3:50  Жаратқан Ие көктен қарап көрмейінше.
Lame Kaz 3:51  Қаланың бейбақ әйел затына болаЖаным қайғы-қасіретке батуда.
Lame Kaz 3:52  Дұшпандарымның хақысы болмағанмен,Құс аулағандай соңымнан қуып жеткен.
Lame Kaz 3:53  Құдық ішінде олар жанымды алмақ болды,Сонымен қатар мені таспен атқылады.
Lame Kaz 3:54  Су ағыны асып кетті сонда басымнан,Мен: «Құрыдым енді!» деп түңіліп ойлағам.
Lame Kaz 3:55  Атыңды сенің терең құдық түбіненУа, Жаратқан Ием, атап шақырдым мен.
Lame Kaz 3:56  «Құлағыңды көмек сұраған үнімненЖаппашы!» деген жалынышымды естідің Сен.
Lame Kaz 3:57  Солай шақырғанымда жақындап келдің,«Еш қорықпа!» деп мені жігерлендірдің.
Lame Kaz 3:58  Уа, Жасаған Ие, Сен мүддемді қорғадың,Құнын өтеп менің өмірімді құтқардың.
Lame Kaz 3:59  Ием, шеккен зорлығымды көріп келесің.Әділдікпен шеше гөр ісімді менің!
Lame Kaz 3:60  Сен көресің дұшпандардың кекшіл қылықтарын,Олардың маған қарсы ойлаған сұмдықтарын,
Lame Kaz 3:61  Уа, Ием, мені мазақтап қорлағандарынМаған қарсы құрып қойған жоспарларын,
Lame Kaz 3:62  Қарсыластарымның күнде күбірлескендерін,Маған қарсы сөз байласып жүретіндерін.
Lame Kaz 3:63  Назар аударшы: олар отырса да, тұрса да,Мені ылғи әнге қосып келеке қылуда.
Lame Kaz 3:64  Уа, Жаратқан Ие, осы дұшпандарымаІстеріне тиісті жаза тартқызасың,
Lame Kaz 3:65  Жаулардың жүректерін қасарыстырасың,Оларды қарғысыңа ұшыратасың,
Lame Kaz 3:66  Уа, Ием, қаһарлана қудалайсың,Аспаныңның астынан аластатасың.