Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
NUMBERS
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 26
Numb Kaz 26:1  Сол індеттен кейін Жаратқан Ие Мұсаға және діни қызметкер Һарон ұлы Елазарға тіл қатып былай деді:
Numb Kaz 26:2  «Исраил қауымындағы шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлық исраилдіктерді шыққан әулеттері бойынша түгендеп санап шығыңдар!»
Numb Kaz 26:3  Сол кезде бүкіл Исраил халқы Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағасындағы Моабтың елсіз алқаптарында қостарын тігіп аялдаған еді. Сонда Мұса мен діни қызметкер Елазар оларға былай деп жариялады:
Numb Kaz 26:4  «Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлық ер адамдарды түгендеп санап шығыңдар!»Мысыр елінен көшіп шыққан Исраилдің бүкіл үрім-бұтағы мынау:
Numb Kaz 26:5  Исраилдің тұңғыш ұлы Рубеннің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Ханохтан ханохтықтар, Паллудан паллулықтар,
Numb Kaz 26:6  Хесроннан хесрондықтар, Қармидан қармилықтар тарады.
Numb Kaz 26:7  Бұлар Рубеннен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық үш мың жеті жүз отыз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:8  Паллудың ұлы Елияп болды.
Numb Kaz 26:9  Елияптың ұлдары: Немуел, Датан, Абирон. Жаратқан Иеге мойынсұнбай, Мұса мен Һаронға қарсы шыққан Қорахтың сыбайластарының арасында осы Датан, Абирон атты қауым жетекшілері де болды.
Numb Kaz 26:10  Сол кезде жер қақ айырылып, оларды Қорахпен бірге жұтып қойды. Қорахтың тағы да екі жүз елу жақтасын сол күні Құдайдың оты жалмап құртты. Осылайша бұл адамдар басқаларға ескертетін мысал болды.
Numb Kaz 26:11  Алайда Қорахтың ұрпақтары толығымен құрып кетпеген еді.
Numb Kaz 26:12  Шимонның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Емуелден емуелдіктер, Яминнен яминдіктер, Яхиннен яхиндіктер,
Numb Kaz 26:13  Зарахтан зарахтықтар, Саулдан саулдықтар тарады.
Numb Kaz 26:14  Бұлар Шимоннан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны жиырма екі мың екі жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:15  Ғадтың ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Сефоннан сефондықтар, Хагиден хагиліктер, Шуниден шуниліктер,
Numb Kaz 26:16  Озниден озниліктер, Ериден ериліктер,
Numb Kaz 26:17  Ародидан ародилықтар, Арелиден арелиліктер тарады.
Numb Kaz 26:18  Бұлар Ғадтан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық мың бес жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:19  Яһуданың Ер мен Онан деген ұлдары да бар еді, бірақ олар Қанахан елінде қайтыс болды.
Numb Kaz 26:20  Ал Яһуданың қалған ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шелахтан шелахтықтар, Парестен парестіктер, Зарахтан зарахтықтар тарады.
Numb Kaz 26:21  Парестің ұрпақтары: Хесроннан хесрондықтар, Хамулдан хамулдықтар тарады.
Numb Kaz 26:22  Бұлар Яһудадан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны жетпіс алты мың бес жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:23  Исашардың ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Толадан толалықтар, Пуадан пуалықтар,
Numb Kaz 26:24  Яшубтан яшубтықтар, Шимроннан шимрондықтар тарады.
Numb Kaz 26:25  Бұлар Исашардан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны алпыс төрт мың үш жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:26  Забулонның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Середтен середтіктер, Елоннан елондықтар, Яхлелден яхлелдіктер тарады.
Numb Kaz 26:27  Бұлар Забулоннан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны алпыс мың бес жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:28  Манаса мен Ефрем есімді екі ұлы арқылы Жүсіптен тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар:
Numb Kaz 26:29  Манасаның ұрпақтары: Махырдан махырлықтар тарады. Махыр Ғилақадтың әкесі болатын, әрі Ғилақадтан ғилақадтықтар тарады.
Numb Kaz 26:30  Ғилақадтың ұрпақтары: Езерден езерліктер, Хелектен хелектіктер,
Numb Kaz 26:31  Азриелден азриелдіктер, Сихемнен сихемдіктер,
Numb Kaz 26:32  Шемидадан шемидалықтар, Хеферден хеферліктер тарады.
Numb Kaz 26:33  Хефер ұлы Салопахадтың ұлдары болмай, Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса есімді қыздары болды.
Numb Kaz 26:34  Бұлар Манасадан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны елу екі мың жеті жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:35  Ефремнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шутелахтан шутелахтықтар, Бехерден бехерліктер, Таханнан тахандықтар,
Numb Kaz 26:36  әрі Шутелахтың Әран деген ұрпағынан әрандықтар тарады.
Numb Kaz 26:37  Бұлар Ефремнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны отыз екі мың бес жүз екендігі анықталды.Жүсіптен (ұлдары Манаса мен Ефрем арқылы) тараған әулеттер, міне, осылар.
Numb Kaz 26:38  Буняминнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Беладан белалықтар, Ашбелден ашбелдіктер, Ахирамнан ахирамдықтар,
Numb Kaz 26:39  Шефуфамнан шефуфамдықтар, Хұфамнан хұфамдықтар тарады.
Numb Kaz 26:40  Беланың Ард пен Нағыман есімді екі ұлынан да екі әулет тарады: Ардтан ардтықтар, Нағыманнан нағымандықтар тарады.
Numb Kaz 26:41  Бұлар Буняминнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық бес мың алты жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:42  Данның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шухамнан шухамдықтар тарады.
Numb Kaz 26:43  Дан руының барлығы шухамдықтар әулеті болды. Олардың жалпы саны алпыс төрт мың төрт жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:44  Аширдің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Имнадан имналықтар, Ишуиден ишуиліктер, Берияхтан берияхтықтар тарады.
Numb Kaz 26:45  Осы соңғы әулет Берияхтың Хебер мен Малхиел деген екі ұлынан тараған хеберліктер мен малхиелдіктер әулеттеріне бөлінетін еді.
Numb Kaz 26:46  Аширдің тағы Серах есімді қызы да болған.
Numb Kaz 26:47  Бұлар Аширден тараған әулеттер. Олардың жалпы саны елу үш мың төрт жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:48  Нафталимнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Жахсиелден жахсиелдіктер, Гуниден гуниліктер,
Numb Kaz 26:49  Есерден есерліктер, Шилемнен шилемдіктер тарады.
Numb Kaz 26:50  Бұлар Нафталимнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық бес мың төрт жүз екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:51  Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктердің жалпы саны алты жүз бір мың жеті жүз отыз ер адам екендігі анықталды.
Numb Kaz 26:52  Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:
Numb Kaz 26:53  «Елдің жері осы руларға меншікті үлестері болуға олардың адамдарының санына сәйкес бөлінуі керек.
Numb Kaz 26:54  Халқының саны көп руға мұралық жер көбірек, ал халқының саны аз руға жер азырақ берілуі тиіс. Жер әр рудың санақтан өткен адамдарының санына сәйкес бөлінуі керек.
Numb Kaz 26:55  Елдің жері жеребе арқылы үлестірілсін. Ол әркімге өзінің әкесінің руының аты бойынша беріледі.
Numb Kaz 26:56  Әрбір мұралық жер үлкенірек және кішірек әулеттердің арасында жеребе арқылы бөлінетін болады».
Numb Kaz 26:57  Леуіліктердің шыққан әулеттері бойынша түгенделіп саналғандар мыналар: Герсоннан герсондықтар, Қахаттан қахаттықтар, Мерариден мерариліктер тарады.
Numb Kaz 26:58  Леуіліктерге тағы мынадай әулеттер де жататын еді: лібіниліктер, хеброндықтар, мәхлиліктер, мұшилықтар, қорахтықтар.Қахаттан Ымрам тарады.
Numb Kaz 26:59  Ымрамның әйелінің есімі Иохебед болатын, ол да Мысыр елінде туған леуілік әйел еді. Ымрам мен Иохебедтің Һарон, Мұса мен Мәриям есімді екі ұл, бір қызы болды.
Numb Kaz 26:60  Һаронның Надаб пен Әбиһу, Елазар мен Ітамар есімді ұлдары бар еді.
Numb Kaz 26:61  Надаб пен Әбиһу Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынғанда өлімге ұшыраған болатын.
Numb Kaz 26:62  Жасы бір айдан жоғары еркек кіндікті леуіліктердің жалпы саны жиырма үш мың болды. Олар Исраилдің басқа руларымен бірге санаққа енгізілмеді. Себебі леуіліктерге олардың арасында жеке мұралық аймақ бөлінбеген еді.
Numb Kaz 26:63  Сонымен Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағасындағы Моабтың елсіз алқаптарында Мұса мен діни қызметкер Елазар исраилдіктерді түгендеп санаған кезде санақтан өткендер, міне, осылар болды.
Numb Kaz 26:64  Олардың арасында (содан отыз сегіз жыл бұрын) Синай атты елсіз далада болған бірінші санаққа енген исраилдіктерден бірде-бір адам болған жоқ.
Numb Kaz 26:65  Жаратқан Ие солар туралы «Олар сөзсіз елсіз далада қайтыс болады!» деп айтқандықтан Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуадан басқаның бәрі дүниеден өткен еді.