Chapter 1
| Song | Kaz | 1:1 | Сүлейменнің таңдаулы әні.(Қалыңдық:)Еріндерің өпсін қайта-қайта мені,Махаббатың сенің шараптан да тәтті, | |
| Song | Kaz | 1:2 | Иісмайыңның жұпары аңқып кетті,Атың шашылған иіссудай әйгілі,Сондықтан да қыздар өзіңе тәнті. | |
| Song | Kaz | 1:3 | Ала кетші мені өзіңмен бірге,Жылдам жүгірейік екеуіміз, кәне!Патшам мені кіргізді өз бөлмелеріне.(Қалыңдықтың құрбылары:)Саған шаттанып өзіңді жырлаймыз,Махаббатыңды шараптан көп мақтаймыз.(Қалыңдық:)Өзіңді ұнатқандарына осылардың,Уа, жаным, сен әбден лайықтысың! | |
| Song | Kaz | 1:4 | Өңім қара торы, әйтсе де сұлумын,Уа, қыздары Иерусалим қаласының.Қидардағы шатырлардай қара торымын,Сүлейменнің қара перделеріне ұқсаймын.(Қалыңдық:) | |
| Song | Kaz | 1:5 | Қарамаңдаршы маған тесірейе,Бетімді күйдірді күн сәулелері.Ағаларым маған ашуланған еді,Баққызып қойды содан жүзімдіктерді,Сөйтіп күте алмадым өз жүзімдігімді. | |
| Song | Kaz | 1:6 | Айтшы маған, уа, сүйіктім, қай жердеБағып жүресің өз отарыңды?Әрі сен қайда барып, түскі кездеТынықтырып аласың қойларыңды?Мен несіне қаңғырамын бет-пердеЖамылған жүгенсіздей, достарыңныңОтарлары арасынан сені іздеуге?(Құрбылары:) | |
| Song | Kaz | 1:7 | Ең сұлу ару, сен мұны білмеймісің?Ұсақ малдың соқпақтарымен жүр сонда,Жайып бақ лақтарыңды өзіңніңШопан қостарының маңайында. | |
| Song | Kaz | 1:15 | Қандай көріктісің, сүйгенім, сүйкімдісің!Көк шалғын болады төсегіміз біздің.(Күйеу жігіт:) | |
Chapter 2
| Song | Kaz | 2:3 | Ғашығым жас жігіттер арасындаАлма ағашындай орман арасында!Саясында оның отыра берсем екен,Жемісі тәтті, ләззат табамын мен. | |
| Song | Kaz | 2:7 | Иерусалим қыздары, сендерге жалынамын,Елік пен бұғының аттарын атаймын:Махаббатты қоздырып оятпаңдар, жетілсінӨзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!(Қалыңдық:) | |
| Song | Kaz | 2:9 | Ол ұқсайды елік пен жас бұғыға,Жетіп те қалды үйдің арт жағына,Әне, ол терезеден қарайды да. | |
| Song | Kaz | 2:12 | Айнала гүлдер қаулап өсіп кеткен,Құстардың әндетер кезі де келген,Кептер гуілі естіледі әр жерден. | |
| Song | Kaz | 2:13 | Інжірдің алғашқы жемісі пісуде,Жүзім де гүл шашып, хош иіс беруде,Орныңнан тұршы енді, қарашығым,Далаға шығайық, уа, ғашық жарым! | |
| Song | Kaz | 2:14 | Көгершінім, жартастың жарығындаЖасырынған, шыңдардың арасында,Көрсетсеңші маған сұлу жүзіңді,Естиін мен сондай тәтті үніңді! | |
| Song | Kaz | 2:15 | Ұстаңдаршы сол кішкентай түлкілерді,Олар бүлдіреді ғой жүзімдіктерді,Жүзімдігіміз гүлдеп тұр себебі.(Қалыңдық:) | |
Chapter 3
| Song | Kaz | 3:2 | Кәне, мен тұрып, аралайынҚаланың көше, алаңдарын!Бірақ таба алмадым сандалғанмен,Көп іздеп бекер жүрдім мен. | |
| Song | Kaz | 3:3 | Қарауылдар маған тап болды,Аралап жүрді олар қаланы.«Көрдіңіздер ме жан досымды?»Деп сұрап іздедім сүйген жарымды. | |
| Song | Kaz | 3:4 | Мезгілде қастарынан сәл-ақ өткенКездестірдім жарымды жаным сүйген!Оны ұстап алып жібермедім,Анашымның үйіне алып келдім,Өз шешемнің бөлмесіне кіргіздім. | |
| Song | Kaz | 3:5 | Иерусалим қыздары, сендерге жалынамын,Елік пен бұғының аттарын атаймын:Махаббатты қоздырып оятпаңдар, жетілсінӨзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!(Құрбылары:) | |
| Song | Kaz | 3:6 | Даладан өрлеп келе жатқан бұл кім екен,Түтін бағанындай, мүрдей жұпар затпенен,Саудагердің алуан дәмдеуіш ұнтақтарымен?(Құрбылары:) | |
| Song | Kaz | 3:7 | Мұнда қара, өз күймесінде СүлейменКеле жатыр алпыс мықты жігітімен,Исраилдің таңдаулы ерлерімен! | |
| Song | Kaz | 3:8 | Семсері белінде асынған бәрінің,Шайқаста көрсеткен өз ерліктерін,Бұл жігіттер түнгі қауіп-қатерге дайын. | |
| Song | Kaz | 3:10 | Оның бағандарын күміспен жалатқан,Һәм оның негізін алтыннан жасатқан,Отырғышын қырмызы матамен қаптатқан.Күйменің ішін Иерусалимнің қыздарыБар ықыласпен безендіріп дайындады.(Қалыңдық:) | |
Chapter 4
| Song | Kaz | 4:1 | (Күйеу жігіт:)Неткен сұлу едің, сүйіктім менің!Қандай көріктісің, қымбаттым, өзің!Бет пердеңнің артындағы бота көзіңТартымды-ау көзіндей көгершіннің!Ғилақад тау беткейімен түсіп келгенЕшкі отарындай шашың төгілген. | |
| Song | Kaz | 4:2 | Тістерің отарындай саулықтардың,Жаңа қырқып, таза жуып шығарған,Кемістік табылмас араларынан,Бәрі де бір-біріне дәл қиысқан. | |
| Song | Kaz | 4:3 | Ал қызыл жіп секілді еріндерің,Қандай сұлу еді ауызың сенің!Бет пердеңмен жабылған самайларыңҚос бөлігі іспетті қызғылт анардың. | |
| Song | Kaz | 4:4 | Мойның сенің сымбатты Дәуіт патшаныңСәулетті салынған мұнарасындай, соныңҚабырғалары әсем әшекейленгенДәуіттің мың батырының қалқандарымен. | |
| Song | Kaz | 4:6 | Таң атып, көлеңке қысқара түскенше,Мүр шайыры бар тауға көтерілейінші,Жұпар шайыр төбесінде жүрейінші! | |
| Song | Kaz | 4:8 | Ливан тауынан менімен бірге келгін,Амана шыңынан, қалыңдығым менің,Заңғар бастарынан Хермон, Сенірдің,Арыстан тыншып жатқан үңгірлерінен,Барыс білдіртпей жүрген төбелерінен. | |
| Song | Kaz | 4:9 | Жүрегімді тартып алдың, қарындасым,Бір-ақ көзқарасыңмен, уа, қалыңдығым,Бір ғана асыл тасымен алқаңның! | |
| Song | Kaz | 4:10 | Қандай тәтті сенің махаббатың,Уа, қымбаттым, сүйген қалыңдығым!Ол шараптан әлдеқайда артық екен,Хош иісің сенің артық дәмдеуіштен. | |
| Song | Kaz | 4:11 | Қалыңдығым, балдай тәтті еріндерің,Бал мен сүттей тәтті асты тіліңнің!Хош иісі киімдеріңнің сеніңЖұпарындай Ливандағы самырсынның. | |
| Song | Kaz | 4:12 | Уа, қымбаттым, сен жабық бақшадайсың,Қалыңдығым, қоршалған бұлақтайсың,Мөрленіп бекітілген қайнардайсың. | |
| Song | Kaz | 4:14 | Нард пен запыран, шайыр мен дәмқабықтың,Хош иісті таңдаулы ағаштардың,Мүр мен алоэдей дәмдеуіштердіңЖұпары аңқып тұр бақшаңнан сенің. | |
Chapter 5
| Song | Kaz | 5:1 | (Күйеу:)Міне, мен өз бақшама кіріп алдым,Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым!Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым,Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын,Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын.(Құрбылар:)Уа, достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер,Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер!(Жас келін:) | |
| Song | Kaz | 5:2 | Ұйықтап жатып, жүрегім сергек еді.Тыңда, сүйіктім қағып тұр есігімді:«Ашсаңшы есікті, қымбаттым менің,Сүйген жарым, кемелді көгершінім!— Деді ол маған, — шықтан су болды басым,Түннің ылғалынан бұйра шашым!» | |
| Song | Kaz | 5:5 | Есікті оған ашуға тұрдым содан,Хош иісті мүр тамды қолдарымнан,Құлып ысырмасына саусақтарымнан. | |
| Song | Kaz | 5:6 | Есікті ашсам, сүйіктім жоқ екен,Кері бұрылып, кетіп қалған екен!Кеткеніне жүрегім лүпіл қаққан,Іздеп шықсам да, таппадым еш жақтан!Шақырсам да, жауап бермеді маған. | |
| Song | Kaz | 5:7 | Қарауылдар қаланы аралап жүрді,Ұстап алып мені, ұра берді.Күзетшілер қамал үстіндегіЖұлып тастады менің бет пердемді. | |
| Song | Kaz | 5:8 | Өтінем, жалынышымды тыңдаңдаршы,Оу, Иерусалим қаласының қыздары:Егер де көрсеңдер сүйген жарымды,Ғашықтықтан талықсыды деп айтыңдаршы!(Құрбылар:) | |
| Song | Kaz | 5:9 | Бұлай деп бізге өтінетініңдей сен,Сүйіктің қай жағынан артық өзгеден?Әйелдердің ең сұлуы, соны айтсаң екен!(Жас келін:) | |
| Song | Kaz | 5:12 | Жанарлары бұлақ жағасындағыКөгершіндер сияқты жылтырайды,Оның тістері сүтке шомылғанАсыл тастардай, көмкеріле қойылған. | |
| Song | Kaz | 5:13 | Екі беті оның аңқып жатқанЖұпар иісті шөптер өсіп тұрғанБақшадағы жүйектерге тұр ұқсап.Еріндері сұйық мүр тамшылапЖатқан лалагүлдерге тұр ұқсап. | |
| Song | Kaz | 5:14 | Білектері оның алтыннан жасалған,Асыл тастармен жиек салынғанЖұмыр сойылдарға ұқсап жаратылған.Денесі тегіс піл сүйегіне ұқсайды,Сапфир тастар тәрізді жалтырайды. | |
| Song | Kaz | 5:15 | Аяқтары саф алтын негізгеОрнатылған мәрмәр баған секілді.Тұлғасы оның Ливан тауындай,Таңдаулы самырсын ағаштарындай, | |
Chapter 6
| Song | Kaz | 6:1 | (Құрбылар:)Уа, ең сұлуы бар әйелдердің,Қай жаққа кетті сүйіктің сенің?Оны өзіңмен бірге іздейік,Ол қайда кеткен, соны білейік?!(Жас келін:) | |
| Song | Kaz | 6:2 | Сүйгенім түсті бақшасына өзінің,Жүйектеріне жұпар шөптерінің,Бау-бақшада серуендеп жүру үшін,Жинамаққа өскен лалагүлдерін. | |
| Song | Kaz | 6:3 | Мен өз сүйіктімдікімін лайым,Ал сүйіктім де менікі әрдайым,Серуендеп жүр арасында лалагүлдің.(Күйеу:) | |
| Song | Kaz | 6:4 | Сүйгенім, сен Тирсадай әдемісің,Иерусалим де іспетті көріктісің,Ту көтерген әскердей сес көрсетесің. | |
| Song | Kaz | 6:5 | Менен бұрып әкетші көздеріңді,Толқытып жібереді олар мені.Ғилақад тау беткейімен түсіп келгенЕшкі отарындай шашың төгілген. | |
| Song | Kaz | 6:9 | Ал көгершінім, мінсізім, айрықша өзі,Ол — шешесінің теңдесі жоқ жалғыз қызы,Өзін туған анасының таңдаулысы!Қыздар оны көргенде мадақтады,Патшайымдар, кәнизактар да мақтады.(Құрбылары:) | |
| Song | Kaz | 6:10 | Бұл кім екен, айдай сұлу, таңдай атқан,Күндей нұрын шашып, ту көтеріп тұрғанӘскерге ұқсап сес көрсетіп жатқан?(Жас келін:) | |
| Song | Kaz | 6:11 | Жаңғақ ағашының тоғайына бардым,Аңғардың көгорай шалғынын қарадым.Жүзім бұталары бүршік жарды ма,Анар ағаштары гүлдей бастады ма,Соны біліп келуге шықтым далаға. | |
Chapter 7
| Song | Kaz | 7:1 | (Құрбылары:)Айналшы, шуламдық, дөңгелеп би биле!Саған қарап тұрайық біздер сүйсіне.(Күйеу:)Неге Маханайым биін билегендерАрасындағы бұл шуламдыққа сендерСүйсіне қарауды сонша тілейсіңдер?(Күйеу:) | |
| Song | Kaz | 7:2 | Сандал киген аяғың қандай ажарлы,Уа, ақсүйек әміршінің қызы!Сенің қос саныңның сұлу пішініЗергер қалпын жасаған асыл тас секілді. | |
| Song | Kaz | 7:5 | Уа, сүйіктім, сенің сымбатты мойныңПіл сүйегінен жасалған мұнарадай,Қос жанарың Бат-Раббим қақпасыныңМаңындағы Хешбон тоғандарындай,Һәм мұрның Дамаскіге қарап тұрғанЛиван тауының әсем мұнарасындай. | |
| Song | Kaz | 7:6 | Басың Қармил тауындай көтеріңкі,Төгілген шашың сенің сондай көрікті,Бұйраларың патшаны баурап әкетеді! | |
| Song | Kaz | 7:9 | Құрма ағашына өрмелеп шығайын,Жемістері бар сабақтарын ұстайын,Қос анарың болсын жүзім шоқтарындай,Деміңнің иісі алма жұпарындай, | |
| Song | Kaz | 7:10 | Әрі ауызың таңдаулы шараптай!(Жас келін:)Сусын сүйіктіме тікелей төгілсін,Ерін мен тіс арқылы ағатын болсын. | |
| Song | Kaz | 7:13 | Ерте тұрып, жүзімдіктерге барайық,Жүзім бұталары бүршік жарды ма,Олардың гүлдері ашылып қойды ма,Анар ағаштары да гүлдеп тұр ма?Соны көру үшін серуендейік бақтарда,Махаббатымды сыйлаймын саған сонда. | |
Chapter 8
| Song | Kaz | 8:1 | (Жас келін:)Сен анамның ақ төсін еміп өскенБірге туған бауырым болсаң екен!Кездестіріп далада сонда сені,Өбіп алсам, жұрт сөкпес еді мені. | |
| Song | Kaz | 8:2 | Тәрбиелеп мені өсірген шешемніңҮйіне сені ертіп келер едім,Саған дәмдеуіш қосқан шарабымМен анар шырынын татқызар едім. | |
| Song | Kaz | 8:4 | Иерусалим қыздары, сендерден өтінемін:Махабатты қоздырып оятпаңдар, жетілсінӨзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!(Құрбылары:) | |
| Song | Kaz | 8:5 | Сүйіктісіне сүйене айдаладанКім екен мынау өрлеп келе жатқан?(Жас келін:)Мен сені алма ағашының астында,Анаң саған жүкті болған орнында,Толғатып, сені туған жердің маңындаҚоздырып ұйқыдан оятып алдым да. | |
| Song | Kaz | 8:6 | Жүрегіңнің үстіне мені мөрдей тақшы,Мөрлі білезіктей білегіңе салшы!Өйткені махаббат өлімдей қуатты,Құлшынысы оның ажалдай қатты!Ол өз отын найзағайдай шашады,Лапылдап өрт жалынындай жанады. | |
| Song | Kaz | 8:7 | Мол су да махаббатты өшіре алмас,Тасыған өзен оны батыра алмас.Бір адам өз үйінің бар байлығынҰсынғанмен сүйіспеншілік үшін,Мүлдем менсінбес еді ешкім онысын!(Құрбылары:) | |
| Song | Kaz | 8:8 | Кенже туған қарындасымыз бар біздің,Әлі де жетілмеген денесі қыздың,Айттырылып қойған күнінде оныңНе істерміз игілігіне қарындастың? | |
| Song | Kaz | 8:9 | Егер берік қабырғадай болса, бізКүмістен оған бекініс саламыз.Ал егер есіктей ашық болса, бізСамырсын тақтаймен жауып тастаймыз.(Жас келін:) | |
| Song | Kaz | 8:10 | Өзім берік қабырғаға ұқсаймын,Һәм мұнарадай тіп-тік қос анарым.Содан оның көзінде кемелді болдым. | |
| Song | Kaz | 8:11 | Бағал-Хамонда Сүлейменнің жүзімдігі болған,Соны бағуды бағбандарға тапсырған.Әрқайсысы соның жемісі үшінМың мысқал күмістен төлеп берсін. | |
| Song | Kaz | 8:12 | Менің «жүзімдігімді» кімге берсем,Мұны мен өзім біліп, өзім шешем.Мың мысқал, уа, Сүлеймен, сіздікі болсын,Ал екі жүз — жемісін өсіргендерге оның.(Күйеу:) | |
| Song | Kaz | 8:13 | Уа, бау-бақшада отырған жеріңненДос қыздарың естіп тұр даусыңды сенің,Енді маған да оны естіртсең екен!(Жас келін:) | |