Chapter 1
| Lame | Kaz | 1:1 | (Пайғамбар:)Беу, бір кезде халқы мол болған қалаЖападан-жалғыз отыр қазір қалайша!Ол сыйлы болатын халықтар арасында,Ал енді жесірдей болды тым бейшара.Аймақтарды басқарған ақсүйек ханшаЖай күңдей қазір ауыр жұмыс жасауда. | |
| Lame | Kaz | 1:2 | Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. | |
| Lame | Kaz | 1:3 | Көп азап шегіп, езгіге салынып,Яһуданың халқы кетті айдалып,Халықтардың арасын мекендейді,Ал сол жерде тыныштықты білмейді,Жау қуып жетті оны мүшкіл күйінде. | |
| Lame | Kaz | 1:4 | Сионға апаратын жолдар қайғыруда,Өйткені келер ешкім жоқ мейрамдарына,Қаңырап бос тұр оның қақпалары да,Діни қызметкерлер күңірене жоқтауда,Қызметші қыздары қайғырып жылауда,Оның өзі де қатты қиналуда! | |
| Lame | Kaz | 1:5 | Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан. | |
| Lame | Kaz | 1:6 | Сион шаһары бар сәнінен айырылған,Оның күллі әміршілері ұқсас болғанБұғыларға жайылым таппай ашыққан,Әлсіреп қашуда олар жау алдынан. | |
| Lame | Kaz | 1:7 | Иерусалим қиналып, ел кезіп жүргендеБұрынғы мол байлығын сақтайды есінде.Халқы оның дұшпанның қолына түскенде,Көмектесер ешкім болмады өзіне.Жаулар қарап, күлді оның күйрегеніне. | |
| Lame | Kaz | 1:8 | Иерусалим күнәға терең батып,Осылай жексұрын болды арамданып.Бұрын оны құрметтеп сыйлағандар даАбыройының ашылғанын табалауда,Ал өзі сырт бұрылып, аһылауда. | |
| Lame | Kaz | 1:9 | Зор күнәсінен қала арамданып қалды,Соңында не боларын ол еш ойламады.Сондықтан да қала қатты құлдырады,Оны жұбататын ешкім де болмады.«Назар салшы азабыма, уа, Жаратқаным, —Дейді ол, — Тым мақтанады қас дұшпаным!» | |
| Lame | Kaz | 1:10 | Жау қол сұқты бар қымбат қазыналарына,Бөтен жұрт кіріп алды ғибадатханасына,Ал Сен бұйырдың: «Олар кірмесін жамағатқа!» | |
| Lame | Kaz | 1:11 | Бүкіл халқы нан іздеп аһ ұруда,Азық үшін бар дүние-мүлкін сатуда.(Иерусалим:)«Қорланғаныма назар салшы, уа, Жаратқан!» | |
| Lame | Kaz | 1:12 | «Бұл сендерге әсер етпей ме, ей, қасымнанӨтушілер, жан-жаққа қарап, ЖаратқанҚаһары лап еткенде, мені қайғыртқанКезде тартқан жазамды басқа кім тартқан? | |
| Lame | Kaz | 1:13 | Көктен Тәңірім бойыма от жіберді,Өрт жалмады күйретіп сүйектерімді.Аяғыма тұзақ құрып, мені кері бұрды,Ием мені қаңыратып бос қалдырды,Күн сайын шаршатып-шалдықтырды. | |
| Lame | Kaz | 1:14 | Күнәмді қолымен жіптей есіп шығарды,Жармадай етіп мойныма салды оларды,Жаратқан мені қуатымнан айырды,Қарсы тұра алмайтын жауыма тапсырды. | |
| Lame | Kaz | 1:15 | Жасақшыларымды Ием менсінбеді,Жас ерлерімді құртуға қол жинап әкелді.Жүзімнің сыққышта тапталатыны секілдіСүйікті Яһуда халқын таптай берді. | |
| Lame | Kaz | 1:16 | Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:) | |
| Lame | Kaz | 1:17 | Сион қол созса да, жоқ жұбатушылары,Ал Жаратқан Ие былай деп бұйрық шығарды:«Жақып елін қоршауға алсын дұшпандары!»Олар үшін Иерусалим арам затқа айналды.(Иерусалим:) | |
| Lame | Kaz | 1:18 | «Жаратқан Ие әділ, — дейді Иерусалим. —Мен Оның айтқанына бағынбаған едім.Бар халықтар, тыңдап, қараңдар азабыма,Жас жігіт-қыздарым менің кетті айдауға! | |
| Lame | Kaz | 1:19 | Шақырып ем көмекке көңілдестерімді,Алайда олар сатып кетті өзімді.Діни қызметкерлерім мен ақсақалдарымҚаза тапты аралап ИерусалимҚаласын азық іздеп жүріп өлмес үшін. | |
| Lame | Kaz | 1:20 | Менің қанша азап шегіп келгенімеАударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие!Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан,Жан дүнием менің алай-дүлей болған,Жүрегім де әбден тынышсызданған.Жол бойы семсер халқымды жалмауда,Үйлердің ішіне де ажал таяуда! | |
| Lame | Kaz | 1:21 | Жұрт естісе де ауыр күңіренгенімді,Жұбататын ешкім жоқ қасіретімді.Жауларымның барлығы басыма түскенҒаламат азабым туралы естіген,Сенің солай істегеніңе жұрт көңілденген!Сен алдын ала айтқан сот күнің келсін,Олар да мен сияқты бола берсін! | |
Chapter 2
| Lame | Kaz | 2:1 | (Пайғамбар:)Жаратқан Ие Сион халқын қалайшаӨз қаһарының бұлтымен тұмшалауда!Исраилдің даңқты ұлылығын ӨзіАспаннан жерге лақтырғандай етті!Қаһарын ашық білдірген сол күніИеміз ешқандай мүсіркемедіАяғының тұғыры — киелі үйді. | |
| Lame | Kaz | 2:2 | Жаратқан Ие Жақыптың жеріндегіБар үйлерді аяусыз құртып жіберді.Ол ашуланып, Яһуда еліндегіҚамалдарын бұзып тастап бүлдірді,Патшалықты әрі әміршілердіАрамдап аяқасты етіп жіберді. | |
| Lame | Kaz | 2:3 | Ием қатты қаһарланып, ИсраилдіңТалқанын шығарды, барлық күштерінің.Жау шапқанда Тәңір құдіретті қолынЕш созған жоқ бізді қорғау үшін.Ол лапылдаған оттай түкпір-түкпірінЖалмап тұр Жақыптың бүкіл елінің. | |
| Lame | Kaz | 2:4 | Жаратқан мергендей тартты садағын,Оң қолымен қыруға тұрды дайын.Ол қас жауы сияқты халқымыздыңҚұртып жіберді қымбат жастарын.Жаратқан Қыз Сионның шатырыныңҮстіне оттай төге берді қаһарын. | |
| Lame | Kaz | 2:5 | Жаратқан Ие қарсыласқа айналды,Түгел жұтып жібергендей Исраилді.Бар сарайының күл-талқанын шығарды,Бекіністерін жермен-жексен қылды.Қыз Яһудаға қайғылы жоқтау айттырды. | |
| Lame | Kaz | 2:6 | Өзінің киелі үйін Ол қираттыБақшадағы күркені күйреткен сияқты,Халқының мейрамға жиналған жерін құртты.Ием Сионға өзінің мейрамдарыМен діни демалыс күндерін ұмыттырды.Қатты ашуланған Ол тіпті патшаныАяған жоқ әрі діни қызметкерді. | |
| Lame | Kaz | 2:7 | Тәңір Ие өз құрбандық үстеліненБезіп кетті әрі киелі үйінен.Ол Сион шаһарындағы сарайлардыДұшпандарының қолына тапсырды.Солар Жаратқанның ғибадатханасындаМейрам болып жатқандай айқай салуда. | |
| Lame | Kaz | 2:8 | Жаратқан Ие Сион шаһарыныңҚамалын да бұзуды жоспарлаған.Ол өлшеуіш жіп тартып, түгел құртамынДеп, қайтқан жоқ ойына алғанынан.Бар бекіністер мен қабырғаларданҚаладағы түк қалмады сондықтан. | |
| Lame | Kaz | 2:9 | Шаһардың қақпалары жерге шөкті,Ысырмаларын Ол сындырып күйретті,Қаланың патшасы мен әміршілеріБөтен жұрт арасына айдалып кетті.Оларда мүлдем жоқ Таурат заңы,Жаратқаннан аян көрмейді пайғамбарлары. | |
| Lame | Kaz | 2:10 | Жерде үнсіз отыр Сионның ақсақалдары,Азалы киініп, бастарына топырақ шашты.Ұялып бас иіп жүр Иерусалим қыздары. | |
| Lame | Kaz | 2:11 | Халқым құрып, бала мен бөбектің көшелердеАштан өліп жатқандарын көргенімде,Төгілген жасымнан талды көздерім де,Жаным қиналды, ақтарылғандай боп жерге. | |
| Lame | Kaz | 2:12 | Сәбилер: «Тамақ, сусын қайда?» — деп аналарына,Жаралы адамдай көшелерде талықсуда,Жан тапсырады аналарының құшағында. | |
| Lame | Kaz | 2:13 | Иерусалим, не дейін саған, неге теңейін сені?Уа, Сион халқы, немен салыстырып жұбатам сені,Жараң теңіздей терең, кім жаза алар өзіңді? | |
| Lame | Kaz | 2:14 | Пайғамбарларыңның хабарлары пайдасыз, жалған,Айдаудан сақтап олар күнәңді ашпады саған,Өтірік аяндар паш етіп сені адастырған. | |
| Lame | Kaz | 2:15 | Өткен-кеткеннің бәрі қол шапалақтауда,«Мінсіз әсем, бар жердің қуанышы деген қалаОсы ма?» — деп ысқыра бастарын шайқауда. | |
| Lame | Kaz | 2:16 | Күллі жауың саған арандарын ашуда,Ысқыра тіс қайрап: «Оны жалмап тындық та!Көп күткен күнді, міне, көрдік!» — деп мақтануда. | |
| Lame | Kaz | 2:17 | Жаратқан жоспарын орындап, баяғы сөзінІске асырды: сені аяусыз қырып, жаудыңТабалауына жол беріп, молайтты оның күшін. | |
| Lame | Kaz | 2:18 | Жан сала халқың Тәңір Иеге үн қатады,Өзің де, көзің де тыншымай, уа, Сион қамалы,Күні-түні өзендей қып ағыз көз жасыңды! | |
| Lame | Kaz | 2:19 | Тұр да айқайла, уа, Сион, түнгі күзет басталғанда,Тәңір алдында жүрегіңді ақтар әр көше басында!Аштан өлер халқың үшін қолыңды жай жалбарына!(Иерусалим:) | |
| Lame | Kaz | 2:20 | «Қарашы, Ием, қай халыққа істедің мұндайды,Туып-өсірген балаларын әйелдер жалмайды!Қызметкер, пайғамбар өз киелі үйіңде құриды! | |
| Lame | Kaz | 2:21 | Көше бойы жерде жатыр жас та, кәрі де,Семсерден қырылды қыз-жігіттерім де,Бәрін аямай құрттың қаһарланған күніңде. | |
Chapter 3
| Lame | Kaz | 3:22 | Түгелдей құрып кетпегеніміз біздіңБерік рақымынан Жаратқан Иенің,Өйткені рақымы Оның сарқылмас дәйім, | |
Chapter 4
| Lame | Kaz | 4:1 | (Пайғамбар:)Алтын қаншама көмескі тартқан,Саф алтын сапасынан айырылған,Киелі орынның құнды тастарыКөше қиылыстарында шашылған! | |
| Lame | Kaz | 4:7 | Қардан пәк, сүттен ақ еді елдің әміршілері,Әрі маржаннан қызғылт олардың тәндері,Көк асыл тастай жарқылдайтын өңдері. | |
| Lame | Kaz | 4:8 | Ал қазір күйеден де қара келбеттері,Көшеде танымайды оларды таныс кісілері,Отындай кеуіп, сүйегіне жабысты терілері. | |
| Lame | Kaz | 4:9 | Аштықтан өліп жатқандардан гөріСемсерден қаза тапқандарға игі.Болмағанда жейтін азық-түліктеріАдамдар зор азаппен қалжырап өледі. | |
| Lame | Kaz | 4:10 | Халқымның осылай күйреген кезіндеМейірімді әйелдердің өздері деБалаларын өз қолымен асып, жеді де. | |
| Lame | Kaz | 4:11 | Жаратқан Ие бүкіл кәрін жаудырды,Ол Сионға қаһарының отын құйды,Өрт қаланың негізін де жалмап жойды. | |
| Lame | Kaz | 4:13 | Бірақ халықтың зұлым пайғамбарларыМен діни қызметкерлерінің күнәларыҮшін солай болды: жазықсыз адамдардыҚала ішінде солар өлтіріп тастады! | |
| Lame | Kaz | 4:14 | Енді олар көшеде соқырдай сипалауда,Үстері төккен қандарынан ластанды да,Ешкім жанасқысы келмейді оларға. | |
| Lame | Kaz | 4:15 | Жұрт: «Алшаққа кетіңдер, арамсыңдар сендер! —Деп айқайлады. — Кетіңдер! Қол тигізбеңдер!»Һәм былай деді бөтен елдердегі кісілер:«Осында тұра алмайды сол кінәлілер!» | |
| Lame | Kaz | 4:16 | Жаратқан оларды Өзі шашып тастайды,Бұдан былай Ол соларға ден қоймайды.Жұрт діни қызметкерлерге ізет білдірмейді,Қарияларға да мейірім көрсетпейді. | |
| Lame | Kaz | 4:20 | Сеніп едік Жаратқан тағайындаған патшамызға,Бірақ ол да түсті жаудың тұзақтарына.Былай деп едік: «Патшаның қол астындаТірі қалармыз өзге ұлттар арасында». | |
| Lame | Kaz | 4:21 | Ус еліндегі Едом халқы, қуанасың ба?Ащы шараптай кәрлі жазаны тартасың да,Мас адамдай абыройыңды ашасың да! | |
Chapter 5
| Lame | Kaz | 5:21 | Уа, Иеміз бізді Өзіңе қабылдай гөр қайта,Сонда біз бет бұрамыз Саған тағы да,Бұрынғыдай етші күндерімізді жаңарта! | |