Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
EZRA
Up
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Chapter 1
Ezra Kaz 1:1  Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды:
Ezra Kaz 1:2  «Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады.
Ezra Kaz 1:3  Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам Яһудадағы Иерусалимге өрлеп барып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге, яғни (жер бетіндегі тұрағы) Иерусалимде болатын Құдайға, арнап киелі үй салсын! Баратын әркімге Құдайы жар бола көрсін!
Ezra Kaz 1:4  Осы халықтан тірі қалғандарға олар қазір тұрып жатқан әрбір жердің адамдары алтын-күміс пен мал-мүлік беріп көмектессін! Сонымен қатар көршілері оларды Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйіне арнайтын ерікті тартулармен де қамтамасыз етсін!»
Ezra Kaz 1:5  Сонда Құдай Яһуда мен Бунямин руларының бірсыпыра әулет басшылары, діни қызметкерлер және леуіліктердің жүректеріне Иерусалимге өрлеп көшіп барып, Жаратқан Иенің киелі үйін қайта тұрғызуға түрткі салды.
Ezra Kaz 1:6  Күллі көршілері бұларға алтын-күміс бұйымдар, мал-мүлік және басқа да қымбат сыйлықтар берді. Сонымен қатар оларға киелі үйге арналған ерікті сый-тартуларын да табыстады.
Ezra Kaz 1:7  Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты.
Ezra Kaz 1:8  Кир патша өзінің қазынашысы Митредатқа тапсырма беріп, ол сол бұйымдарды Яһуда халқының басшысы Шешбасарға тізім бойынша табыстады.
Ezra Kaz 1:9  Сол бұйымдардың тізімі мынау: отыз алтын табақ, бір мың күміс табақ, жиырма тоғыз пышақ,
Ezra Kaz 1:10  отыз алтын тостаған, төрт жүз он қалпы бірдей күміс тостаған және бір мың басқа бұйымдар.
Ezra Kaz 1:11  Алтын-күміс бұйымдардың жалпы саны бес мың төрт жүз дана болды.Жер аударылғандардың көші Бабыл елінен Иерусалимге кері оралғанда, Шешбасар осылардың бәрін өзімен бірге алып барды.
Chapter 2
Ezra Kaz 2:1  Бабыл патшасы Набуходоносор өз еліне жер аударып әкеткен тұтқындардан Яһуда аймағына қайтып келгендері мыналар. Олар Иерусалим мен Яһудаға, кезінде өз ата-бабалары мекендеген сондағы қалаларына қайта оралды.
Ezra Kaz 2:2  Олардың жетекшілері: Зоробабел, Ешуа, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах.Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны:
Ezra Kaz 2:3  Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам.
Ezra Kaz 2:4  Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам.
Ezra Kaz 2:5  Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам.
Ezra Kaz 2:6  Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам.
Ezra Kaz 2:7  Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам.
Ezra Kaz 2:8  Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам.
Ezra Kaz 2:9  Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам.
Ezra Kaz 2:10  Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам.
Ezra Kaz 2:11  Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам.
Ezra Kaz 2:12  Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам.
Ezra Kaz 2:13  Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам.
Ezra Kaz 2:14  Бигуайдың ұрпақтары: екі мың елу алты адам.
Ezra Kaz 2:15  Адиннің ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам.
Ezra Kaz 2:16  Езекияның тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам.
Ezra Kaz 2:17  Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам.
Ezra Kaz 2:18  Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам.
Ezra Kaz 2:19  Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам.
Ezra Kaz 2:20  Гибардың ұрпақтары: тоқсан бес адам.
Ezra Kaz 2:21  Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш.
Ezra Kaz 2:22  Нетопаттың адамдары: елу алты.
Ezra Kaz 2:23  Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз.
Ezra Kaz 2:24  Азмауеттің адамдары: қырық екі.
Ezra Kaz 2:25  Кирият-Иғарымның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш.
Ezra Kaz 2:26  Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір.
Ezra Kaz 2:27  Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі.
Ezra Kaz 2:28  Бетел мен Айдың адамдары: екі жүз жиырма үш.
Ezra Kaz 2:29  Небоның адамдары: елу екі.
Ezra Kaz 2:30  Мағбиштың адамдары: жүз елу алты.
Ezra Kaz 2:31  Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт.
Ezra Kaz 2:32  Харымның адамдары: үш жүз жиырма.
Ezra Kaz 2:33  Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бес.
Ezra Kaz 2:34  Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес.
Ezra Kaz 2:35  Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз.
Ezra Kaz 2:36  Діни қызметкерлер:Едаяхтың Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам.
Ezra Kaz 2:37  Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі.
Ezra Kaz 2:38  Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам.
Ezra Kaz 2:39  Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам.
Ezra Kaz 2:40  Леуіліктер:Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам.
Ezra Kaz 2:41  Әншілер:Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам.
Ezra Kaz 2:42  Қақпа күзетшілері:Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз.
Ezra Kaz 2:43  Ғибадатхана қызметшілері:Сиха, Хасуфа, Таббаот,
Ezra Kaz 2:54  Несиях және Хатифа есімді аталардың ұрпақтары.
Ezra Kaz 2:55  Сүлейменнің қызметшілері:Сотай, Хасоферет, Перуда,
Ezra Kaz 2:57  Шафатиях, Хатил, Похерет-Хасебаим және Ами есімді аталардың ұрпақтары.
Ezra Kaz 2:58  Ғибадатхана қызметшілері мен Сүлейменнің қызметшілерінің ұрпақтарының жалпы саны: үш жүз тоқсан екі адам.
Ezra Kaz 2:59  Тел-Мелах, Тел-Харша, Керуб, Аддан, Имер деген жерлерден көшіп келген, бірақ өздерінің қай әулеттен екенін, тіпті Исраил халқына жататындықтарын да дәлелдей алмағандар мыналар:
Ezra Kaz 2:60  Делаях, Тобиях, Некода есімді аталардың ұрпақтары. Олардың жалпы саны: алты жүз елу екі адам.
Ezra Kaz 2:61  Діни қызметкерлердің Хобаях, Хақос және Барзилай есімді аталарының ұрпақтары да көшіп келген еді. Соңғы әулеттің арғы аталарының бірі ғилақадтық Барзилайдың бір қызына үйленіп, қайын атасының атымен аталған болатын.
Ezra Kaz 2:62  Осы оралмандар шежіре жазбаларынан өз ата-тектерін іздеп көрді, бірақ таба алмады. Сол себепті олар діни қызмет атқарудан шеттетілді.
Ezra Kaz 2:63  Яһуда аймағының әкімі олар жөнінде былай деп шешті: «Нұр және Кемелділік атты қасиетті жеребелер арқылы осы мәселе жайлы Құдайдың еркін біліп алатын діни қызметкер пайда болмайынша, олардың ғибадатханадағы ерекше киелі тартулардан жеулеріне болмайды».
Ezra Kaz 2:64  Бүкіл қауымның жалпы саны қырық екі мың үш жүз алпыс адам болды.
Ezra Kaz 2:65  Бұған қоса олардың жеті мың үш жүз отыз жеті еркек, әйел басыбайлы қызметшілері және екі жүз еркек, әйел әншілері болды.
Ezra Kaz 2:66  Сондай-ақ, олардың жеті жүз отыз алты жылқысы, екі жүз қырық бес қашыры,
Ezra Kaz 2:67  төрт жүз отыз бес түйесі, алты мың жеті жүз жиырма есегі де бар еді.
Ezra Kaz 2:68  Кейбір әулет басшылары Құдай Иенің Иерусалимдегі киелі үйіне келгенде, оның қайтадан өзінің бұрынғы орнында салынуы үшін ерікті тартулар жасады.
Ezra Kaz 2:69  Олар өз шама-шарқынша осы ұлы істің қорына арнап алпыс бір мың алтын теңге, бес мың қадақ күміс және діни қызметкерлерге арналған жүз көйлек берді.
Ezra Kaz 2:70  Сонымен діни қызметкерлер, леуіліктер, жалпы халықтың біразы, сондай-ақ әншілер, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері де өздерінің (Иерусалимнің маңайындағы) елді мекендеріне қоныстанды. Қалған Исраил халқы да (бүкіл елдегі) өз қалаларына қайтып, сонда тұрып жатты.
Chapter 3
Ezra Kaz 3:1  Күз жетіп, халық бір адамдай Иерусалимге жиналып келді.
Ezra Kaz 3:2  Сонда Ехосадық ұлы Ешуа өзінің діни қызметкер ағайындарымен бірге және Салатиел ұлы Зоробабел өз ағайындарымен бірге Исраилдің сиынатын Құдайына арнап құрбандық үстелін сала бастады. Олар соның үстінде шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды ұсынбақ болды. Бұл Құдайдың Өзі таңдаған адамы Мұса арқылы табыстаған Таурат заңында жазылған ережелерге сай өтуге тиіс еді.
Ezra Kaz 3:3  Айналадағы өзге ұлттардан қорықса да, олар осы құрбандық үстелін өзінің бұрынғы негізінің үстіне қайта салды. Оның үстінде таңертең және кешке Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандықтарды шалып, ұсынып отырды.
Ezra Kaz 3:4  Халық Таурат заңында жазылған тәртіп бойынша Күркелер мейрамын өткізіп, оның әр күніне сәйкес түгелдей өртелетін құрбандықтардың ережеге сай тиісті санын ұсынып отырды.
Ezra Kaz 3:5  Олар сонымен қатар күнделікті түгелдей өртелетін құрбандықтарды да, айдың алғашқы күні және Жаратқан Иенің тағайындаған мейрамдарына бағышталған құрбандықтарды да шалып, ұсынып отырды. Халық Жаратқан Иеге арнап ерікті тартулар да жасады.
Ezra Kaz 3:6  Халық жетінші айдың бірінші күні Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандықтарды ұсына бастады. Сол кезде Жаратқан Иенің ғибадатханасының негізі әлі де салынбаған болатын.
Ezra Kaz 3:7  Сондықтан халықтың басшылары тас қалаушылар мен ағаш шеберлеріне күміс беріп, жалдап алды. Басшылар сидондық және тирлік саудагерлермен Ливан тауларынан самырсын бөренелерін Жерорта теңізі арқылы Яффадағы кемежайға жеткізулері жайында келісті. Сол үшін саудагерлерді азық-түлік, шарап және зәйтүн майымен қамтамасыз етті. Себебі парсы патшасы оларға осылай істеуге рұқсат берген болатын.
Ezra Kaz 3:8  Осылайша Салатиел ұлы Зоробабел және Ехосадық ұлы Ешуа өз ағайындарымен: діни қызметкерлермен, әрі өзге леуіліктермен және жер аударылудан Иерусалимге қайта оралған басқа да халықпен бірге осы ұлы іске кірісті. Бұл олардың Иерусалимдегі Құдайдың киелі үйіне келгендерінен кейінгі екінші жылдың екінші айында болды. Жасы жиырмаға жеткен және одан жоғары леуіліктер Құдай Иенің киелі үйінің құрылысын басқаруға тағайындалды.
Ezra Kaz 3:9  Бүкіл жұмысқа бірігіп басшылық етіп жүрген леуіліктер мыналар еді: Ешуа, оның ұлдары мен ағайындары, Яһуданың ұрпағы Қадмиел және оның ұлдары. Хенададтың ұрпақтары да олармен бірлесе жұмыс істеді.
Ezra Kaz 3:10  Сөйтіп құрылысшылар Жаратқан Иенің киелі үйінің негізін қалап болды. Содан кейін арнайы киімдер киген діни қызметкерлер кернейлермен, әрі леуілік Асафтың ұрпақтары сылдырмақтармен өз орындарына тұрғызылды. Сол екі топ ежелде Исраил патшасы Дәуіт бекіткен тәртіппен Жаратқан Иені дәріптемек болды.
Ezra Kaz 3:11  Олар кезек-кезек Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік айтып ән салды:«Жаратқан Ие ізгі, Оның ИсраилгеДеген рақымы ұласады мәңгілікке!»Бүкіл халық Жаратқан Иені қатты дауыспен мадақтап оларға жауап беріп отырды. Себебі Жаратқан Иенің киелі үйінің негізі қаланған еді.
Ezra Kaz 3:12  Сонда бұрынғы киелі үйді көздері көрген қарт діни қызметкерлер, леуіліктер және әулет басшылары осы жаңа киелі үйдің негізінің салынғанын көргенде қатты жылады. Ал басқа көптеген адамдар қуаныштан айқай салды.
Ezra Kaz 3:13  Осылайша қуанғаннан айқайлаған халықтың дауысын жылап-сықтағандардың дауысынан ажырату мүмкін емес еді. Айқай-шу өте зор болып, алысқа естіліп тұрды.
Chapter 4
Ezra Kaz 4:1  Ал исраилдік Яһуда мен Бунямин руларының дұшпандары да болды. Олар жер аударылудан қайта оралған халықтың Исраилдің Құдай Иесіне арнап ғибадатхана сала бастағанын естіді.
Ezra Kaz 4:2  Осы дұшпандар Зоробабелге және исраилдік әулет басшыларына келіп, оларға былай деді:— Осы құрылысқа сіздермен бірге қатысайықшы! Себебі өздеріңіз сиынатын Құдайға біз де сіздер секілді сиынамыз. Ассур патшасы Асардан бізді осы жерге көшіріп әкелген уақыттан бері, Құдайға арнап құрбандық шалып келеміз. —
Ezra Kaz 4:3  Бірақ Зоробабел, Ешуа және исраилдік әулет басшылары оларға:— Құдайымызға арналған ғибадатхананы салу ісіне бізбен бірге қатысуға құқықтарыңыз жоқ. Парсы патшасы Кир өзімізге бұйырғандай, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге арнап киелі үйді тек өзіміз ғана саламыз! — деп жауап берді.
Ezra Kaz 4:4  Сонда елде тұрып жатқан сол бөтен ұлттықтар құрылыс жұмысын тоқтатпақ болып, Яһуда халқын түңілдіріп, қорқытып-үркіте бастады.
Ezra Kaz 4:5  Олар Яһуда халқының жоспарларын бұзу үшін оларға қарсы арнайы кеңесшілерді жалдап алып жүрді. Бұл әрекеттері парсы патшасы Кирдің бүкіл заманында, тіпті парсы патшасы Дарийдің таққа отырған кезіне дейін ұласты.
Ezra Kaz 4:6  Бірнеше жылдан соң, Ахасуер патша билік құра бастаған кезде, Яһуда халқының дұшпандары патшаға Яһуда мен Иерусалимнің тұрғындарын айыптап хат жазды.
Ezra Kaz 4:7  Осыдан кейін, Артақсерікс парсы еліне патшалық құрып тұрған заманда да, Бишлам, Митредат, Табеил және олардың қызметтестері арамей тілінде жазылған төмендегі хатты жіберді. Хат патша үшін (парсы тіліне) аударылды.
Ezra Kaz 4:8  Әмірші Рехум және хатшы Шимшай Артақсерікс патшаға Иерусалим үстінен шағымданған бір хатты салып жіберді.
Ezra Kaz 4:9  Олар сол хатты әмірші Рехум, хатшы Шимшай және өздерінің қызметтестері — төрешілер мен әкімдердің атынан жазды. Осы қызметкерлер Тарпел, Персия, Ерех, Бабыл, Сузы, Дехай және Елам аймақтарынан жер аударылып келгендердің үстінен қарайтын.
Ezra Kaz 4:10  Ұлы да даңқты Аснапар патша кезінде жер аударып, Самарияға және Батыс Евфрат өлкесіндегі өзге жерлерге қоныстандырған басқа ұлттардың адамдары да сол қызметкерлердің қарамағында болды.
Ezra Kaz 4:11  Осы қызметкерлер жолдаған хаттың көшірмесі төмендегідей:«Артақсерікс патша ағзамға Батыс Евфрат өлкесіндегі қызметкерлерінен сәлем!
Ezra Kaz 4:12  Патша ағзам мынаны білсе екен: Сіздің жағыңыздан бізге өрлеп көшіп келген яһудилер Иерусалимге барды. Олар сол бір зұлым да қыңыр қаланы қайтадан салып, қабырғаларын қалпына келтіріп, негіздерін нығайтып жөндеп жатыр.
Ezra Kaz 4:13  Патша мынадан да хабардар болсын: Егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп бітсе, онда олар не ақшалай, не заттай алым-салық, не кеден салығын мүлдем төлемей қояды. Содан патша қазынасының кірісі азаятын болады.
Ezra Kaz 4:14  Патшаның алдында біздің борышымыз бар, әрі патшаның абыройына қандай да дақ түсуіне жол берсек, сол дұрыс болмас еді. Сондықтан бұл хатты жіберіп, патшаға мәлімдеп отырмыз.
Ezra Kaz 4:15  Осы мәселе туралы ата-бабаңыздың жылнамаларынан іздестірсеңіз екен. Сол кітаптардан осы қаланың бас көтергіш қала екеніне, әрі оның патшалар мен аймақтарға көп зиян келтіргеніне көзіңіз жететін болады. Ежелгі заманнан бері бұл қаладағылар бүлік шығарып келген еді. Сондықтан да қала қиратылып, қаңырап бос қалдырылды.
Ezra Kaz 4:16  Сонымен патшаға білдірмек болғанымыз мынау: егер сол қала қайта тұрғызылып, қабырғалары бекітіліп жөнделсе, онда Сіз түбінде Батыс Евфрат өлкесіндегі бүкіл иеліктеріңізден де айырылып қалып жүрерсіз».
Ezra Kaz 4:17  Патша бұған мынадай жауап жолдады:«Әмірші Рехумге, хатшы Шимшайға және Самария мен Батыс Евфрат өлкесінде тұрып жатқан олардың қызметтестеріне сәлем.
Ezra Kaz 4:18  Өздерің жолдаған хаттарың мұқият аударылып, маған оқылғаннан кейін,
Ezra Kaz 4:19  менің бұйрығыммен (жылнамаларда) тексеріс жасалды. Осы қаланың ежелден бері патшаларға қарсы шығып, оның ішінде көтеріліс пен бүліктің болып келгені анықталды.
Ezra Kaz 4:20  Кезінде Иерусалимнің бүкіл Батыс Евфрат өлкесіне билік жүргізген құдіретті патшалары болғаны, оларға ақшалай және заттай алым-салықтар мен кеден салығының төленгені де белгілі болды.
Ezra Kaz 4:21  Сондықтан сол адамдарға: «Жұмысты тоқтатыңдар! Мен арнайы жарлық шығармайынша қала қайта тұрғызылмасын!» деген бұйрық беріңдер!
Ezra Kaz 4:22  Бұл іске ешкімнің немқұрайды қарамауын қадағалаңдар! Әйтпесе патшаның мүддесіне зиян келтіре алатын қауіп төніп тұр ғой».
Ezra Kaz 4:23  Артақсерікс патшаның осы хатының көшірмесі Рехумге, хатшы Шимшайға және олардың қызметтестеріне оқыла салысымен-ақ, олар дереу Иерусалимдегі яһудилерге барып, жұмысты күштеп тоқтатқызып тастады.
Ezra Kaz 4:24  Сонымен Иерусалимде Құдайдың киелі үйінің құрылысы доғартылды. Ол парсы патшасы Дарийдің билік жүргізген екінші жылына дейін тоқтап тұрды.
Chapter 5
Ezra Kaz 5:1  Сол кезеңде Хаққай пайғамбар және Иддоның ұрпағы Зәкәрия пайғамбар Яһуда мен Иерусалимдегі яһудилерге Құдайдың хабарларын жеткізіп жүрді. Олар мұны Исраилдің үстінен билік құрған Құдайының атынан істеді.
Ezra Kaz 5:2  Сонда Салатиел ұлы Зоробабел және Ехосадық ұлы Ешуа қайтадан іске кірісіп, Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінің құрылысын жалғастырды. Құдайдың пайғамбарлары қастарында бірге болып, оларды қолдап жүрді.
Ezra Kaz 5:3  Сол уақытта Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері яһудилерге келіп, мынадай сауал қойды: «Осы үйді салып, құрылысын бітіріп қалпына келтіруге сендерге кім бұйрық берді?» —
Ezra Kaz 5:4  Олар ғимараттың құрылысына қатысқан адамдардың аты-жөндерін де сұрастырып біліп алды.
Ezra Kaz 5:5  Алайда Құдай яһудилердің ақсақалдарына көз қырын салып қамқор болды. Сондықтан әмірші Дарий патшаға мәлімет хат жіберіп, соған жазбаша жауап қайтып келгенше, яһудилердің жұмысын тоқтатқан жоқ.
Ezra Kaz 5:6  Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері — Батыс Евфрат аймағының басқа да лауазым иелері Дарий патшаға жіберген сол мәлімет хаттың мазмұны төмендегідей болды.
Ezra Kaz 5:7  Олар патшаға былай деп баяндады:«Дарий патша ағзамға дұғай сәлем!
Ezra Kaz 5:8  Патшамыз мынау туралы хабардар болса екен. Біз Яһуда аймағына, ұлы Құдайдың сондағы киелі үйіне бардық. Жұмысшылар сол үйдің қабырғаларын қашалған тастан қаластырып, бөренелермен бекітіп салуда. Жұмыс зор ынтамен істеліп, тез алға басып жатыр.
Ezra Kaz 5:9  Біз ақсақалдарына: «Осы үйді салып, құрылысын бітіріп қалпына келтіруге сендерге кім бұйрық берді?» деген сауал қойдық.
Ezra Kaz 5:10  Сонымен қатар өзіңізге жіберу үшін басшыларының аты-жөндерін де сұрастырып біліп, жазып алдық.
Ezra Kaz 5:11  Олардың берген жауабы мынау: «Біз көк пен жердің Құдайының қызметшілеріміз. Бұдан көп жыл бұрын салынған осы үйді қайта тұрғызып жатырмыз. Исраилдің бір ұлы патшасы оны салып кеткен болатын.
Ezra Kaz 5:12  Алайда ата-бабаларымыз көктегі Құдайды қаһарландырды. Сондықтан Ол соларды Бабыл патшасы — халдейлік Набуходоносордың қолына тапсырды. Сол патша осы үйді қиратып, халықты Бабылға жер аударып әкетті.
Ezra Kaz 5:13  Ал Кир патша өзінің Бабылға билік құрған бірінші жылы Құдайдың осы киелі үйін қайта тұрғызу туралы жарлық шығарды.
Ezra Kaz 5:14  Бұған қоса Набуходоносор кезінде Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен алып, Бабылдағы ғибадатханаға әкеткен алтын-күміс бұйымдарды Кир патша енді сол ғибадатханадан шығартып алды. Оларды өзі Яһуда аймағының әкімі етіп тағайындаған Шешбасар есімді адамға табыстады.
Ezra Kaz 5:15  Кир патша Шешбасарға былай деп тапсырды: Иерусалимдегі Құдайдың киелі үйін өзінің бұрынғы орнына қайтадан сал! Мына бұйымдарды алып, сол ғибадатханаға апарып қой!
Ezra Kaz 5:16  Осылай Шешбасар Иерусалимге келіп, Құдайдың киелі үйінің негізін қайтадан қалады. Мына ғимарат сол кезден бері салынып келе жатыр, ол әлі күнге дейін біткен жоқ».
Ezra Kaz 5:17  Сондықтан егер патша ағзам мақұл көрсе, Бабылдағы патшалық қазынасынан іздестіріп, Кир патшаның Иерусалимдегі Құдайдың киелі үйін қайтадан салуға жарлық шығарғанын анықтатса екен. Содан соң патша ағзам өзінің осы мәселе бойынша жасаған шешімін бізге жолдаса игі болар еді».
Chapter 6
Ezra Kaz 6:1  Сонда Дарий патша бұйрық беріп, Бабыл патшалығындағы қазына қоймаларында сақталған мұрағаттарға іздеу салғызды.
Ezra Kaz 6:2  Содан Мидия аймағының астанасы Екбатанадағы қорғаннан төмендегідей жазуы бар бір кітап табылды:«Ескерілуге тиісті құжат.
Ezra Kaz 6:3  Кир патша өзінің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйі туралы мына жарлықты шығарды: Сол ғимарат құрбандықтар шалынып ұсынылатын орын ретінде қайтадан салынсын. Оның негізі қаластырылып, үйдің биіктігі мен ені алпыс шынтақтан аспасын.
Ezra Kaz 6:4  Қашалған тастардан қаланған үш қатарға жаңа бөренелерден қаланған бір қатар келетін болуы керек. Шығындар патшаның есебінен төленсін.
Ezra Kaz 6:5  Сондай-ақ, Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан олжалап, Бабылға әкеткен алтын-күміс бұйымдар Иерусалимге қайтарылып, ғибадатханадағы өз орындарына апарылсын. Сен оларды Құдайдың киелі үйіне сақтап қоясың».
Ezra Kaz 6:6  Сонымен Дарий патша мынадай бұйрық хат жолдады:«Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және сендердің қызметтестерің — сол өлкедегі қызметкерлер: сендер бұл мәселеге араласпаңдар!
Ezra Kaz 6:7  Құдайдың киелі үйінің құрылысына кедергі келтірмеңдер! Яһуди әміршісі мен ақсақалдарына Құдайдың осы үйін өзінің бұрынғы орнына қайта салуларына жол беріңдер!
Ezra Kaz 6:8  Бұған қоса яһудилердің ақсақалдарына Құдайдың үйін салуға көмек ретінде сендер істеуге тиісті нәрселер туралы бұйрық мынау:Жұмыс тоқтап қалмауы үшін олардың шығындары патшаның есебінен, яғни Батыс Евфрат өлкесінің патшаға төлейтін алым-салықтарының есебінен, толығымен өтелсін!
Ezra Kaz 6:9  Оларға керектінің бәрі: көктегі Құдайға арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсыну үшін жас бұқалар, қошқарлар, тоқтылар, әрі Иерусалимдегі діни қызметкерлердің сұрағандарына сай астық, тұз, шарап және зәйтүн майы оларға ешбір кідіріссіз күн сайын беріліп отыратын болсын.
Ezra Kaz 6:10  Сонда олар көктегі Құдайға ұнамды құрбандықтарды шалып, патшаның және оның ұлдарының амандығы үшін сиынып дұға ете алады.
Ezra Kaz 6:11  Тағы мынаны әмір етемін: Кімде-кім осы жарлықты өзгертетін болса, оның үйінен бір бөрене суырылып алынсын. Бөрененің бір ұшы үшкірленіп, қылмыскердің денесі соған қадалсын. Ал оның үйі күл-қоқыстың үймегіне айналдырылсын.
Ezra Kaz 6:12  Осы жарлықты өзгертуге немесе Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйін қиратуға әрекет еткен әрбір патша не халықты өз есімін сол жерде орнатқан Құдай жазалай көрсін! Мен, Дарий патша, осы жарлықты шығардым. Жарлық мұқият жүзеге асырылсын!»
Ezra Kaz 6:13  Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері Дарий патшаның жарлығында айтылғандарды мұқият жүзеге асырды.
Ezra Kaz 6:14  Содан Яһуди ақсақалдары Хаққай пайғамбар және Иддоның ұрпағы Зәкәрия оларға жеткізген Құдайдың хабарларынан жігер алып, құрылысты жалғастырып, табысты болды. Осылай олар Исраилдің Құдайының еркімен және парсы патшалары Кир, Дарий, Артақсерікстің жарлықтары бойынша киелі үйді қайта салып бітірді.
Ezra Kaz 6:15  Киелі үй Дарий патшаның билік құрған алтыншы жылының адар айының үшінші күні салынып бітті.
Ezra Kaz 6:16  Сонда Исраилдің бүкіл халқы: діни қызметкерлер, леуіліктер және Бабылға жер аударылудан қайта оралғандардың бәрі де жиналып, Құдайдың киелі үйін Оған зор қуанышпен бағыштады.
Ezra Kaz 6:17  Олар Құдай үйінің бағышталу рәсіміне арнап бір жүз жас бұқа, екі жүз қошқар, төрт жүз тоқты шалды. Сонымен қатар олар бүкіл Исраил халқы үшін күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде Исраил руларының санына сәйкес етіп он екі теке шалып ұсынды. Осылай әр ру үшін бір текеден құрбандыққа шалынды.
Ezra Kaz 6:18  Содан соң Құдайға Иерусалимде қызмет ете алулары үшін діни қызметкерлер топтарға бөлініп, леуіліктердің де өз топтары бойынша қызмет ету кезектері тағайындалды. Бұл, Мұса арқылы берілген Таурат кітабында жазылғандарға сай істелінді.
Ezra Kaz 6:19  Бірінші айдың он төртінші күні жер аударылудан қайта оралғандар Құтқарылу мейрамын өткізді.
Ezra Kaz 6:20  Діни қызметкерлер мен леуіліктердің барлығы да тазару рәсімінен өтіп қойған болатын. Леуіліктер қайта оралған халықтың бәрі үшін де, өз руластары — діни қызметкерлер және өздері үшін де Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды.
Ezra Kaz 6:21  Жер аударылудан қайта оралған исраилдіктер де, басқа ұлттардың Құдайдың халқына қосылғандары да құрбандық тоқтылардың етін жеді. Осы қосылғандар Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге мойынсұнып, елде тұрып жатқан жат ұлттардың арам істерінен бас тартып, бөлініп шыққандар еді.
Ezra Kaz 6:22  Исраилдіктер Ашымаған нан мейрамын жеті күн бойы шаттана тойлады. Өйткені Жаратқан Ие оларды зор қуанышқа кенелтті. Оның Өзі Ассурға билік еткен парсы патшасының исраилдіктерге деген көзқарасын өзгерткен болатын. Содан бұл патша оларға Исраилдің сиынатын Құдайының киелі үйін қайтадан салуға тіпті қолдау да көрсеткен еді.
Chapter 7
Ezra Kaz 7:1  Осы жайттардан едәуір уақыт өткеннен кейін, парсы патшасы Артақсерікстің заманында, Езра есімді адам Бабыл елінен Иерусалимге келіп жетті. Оның шыққан ата-тегі мынау: Езра Сераяхтың ұлы еді, ал Сераях Азарияхтан, Азариях Хелкиядан,
Ezra Kaz 7:2  Хелкия Шаллумнан, Шаллум Садықтан, Садық Ахитұбтан,
Ezra Kaz 7:3  Ахитұб Амарияхтан, Амариях Азарияхтан, Азариях Мерайоттан,
Ezra Kaz 7:4  Мерайот Зерахияхтан, Зерахиях Ұззиден, Ұззи Букиден,
Ezra Kaz 7:5  Буки Абишуадан, Абишуа Пінехестен, Пінехес Елазардан шыққан еді. Елазар алғашқы бас діни қызметкер Һаронның ұлы болатын.
Ezra Kaz 7:6  Осы Езра Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің Мұса пайғамбар арқылы берген Таурат заңын жетік білетін дін мұғалімі еді. Езра Бабылдан Иерусалимге өрлеп көшіп барды. Құдай Иесі Езраны шапағатты мейірімімен жарылқап, оған жар болғандықтан, парсы патшасы оны сұрағандарының бәрімен қамтамасыз еткен болатын.
Ezra Kaz 7:7  Араларында діни қызметкерлер мен леуіліктер, ғибадатхана әншілері, қақпа күзетшілері және ғибадатхана қызметшілері бар бір топ исраилдіктер де Езрамен бірге Иерусалимге қайта оралды. Бұл парсы патшасы Артақсерікстің билік жүргізген жетінші жылы болды.
Ezra Kaz 7:8  Осылай Езра оларды ертіп Иерусалимге сол жетінші жылдың бесінші айында келді.
Ezra Kaz 7:9  Ол Бабыл елінен бірінші айдың бірінші күні жолға шыққан болатын. Өзі сиынатын Құдай құдіретті қолын созып, шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, Езра оралмандар көшін бастап бесінші айдың бірінші күні аман-есен Иерусалимге жетті.
Ezra Kaz 7:10  Езра өзін Жаратқан Иенің Таурат заңын оқып-зерттеуге, орындауға және оның ережелері мен шешімдерін Исраил елінде үйретуге шын жүректен бағыштаған болатын.
Ezra Kaz 7:11  Артақсерікс патшаның Жаратқан Иенің Исраилге берген өсиеттері мен ережелеріне байланысты мәселелерді жетік білетін діни қызметкер және дін мұғалімі Езраға табыстаған рұқсат құжатының көшірмесі мынау:
Ezra Kaz 7:12  «Патшалардың патшасы Артақсерікстен көктегі Құдайдың заңының мұғалімі әрі діни қызметкер Езраға сәлем.
Ezra Kaz 7:13  Мен мынаны бұйырамын: Патшалығымдағы Исраил халқына жататын кез келген адамдардың, діни қызметкерлер мен өзге леуіліктердің Иерусалимге көшіп баратын ниеттері болса, олардың саған еріп баруларына болады.
Ezra Kaz 7:14  Патша және оның жеті кеңесшісі сені Құдайың бұйырған, өзіңнің қолыңда бар заңның Яһуда мен Иерусалимде қалай орындалып жатқандығы туралы тексеріс жасауға жіберіп отыр.
Ezra Kaz 7:15  Сонымен қатар патша және оның кеңесшілері (жер бетіндегі) тұрағы Иерусалимде болатын Исраилдің Құдайына арнап өздері ұсынған ерікті алтын-күміс тартуларын да сол жерге апаруың керек.
Ezra Kaz 7:16  Сен бүкіл Бабыл аймағындағылардан қабылдайтын алтын-күмістің бәрін, әрі халық пен діни қызметкерлердің Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйіне бағыштап табыстаған тартуларын да сол жаққа апарып жеткізуің қажет.
Ezra Kaz 7:17  Өзіңе тапсырылған сол қаражатқа құрбандыққа шалу үшін бұқаларды, қошқарлар мен тоқтыларды және соларға тиісті астық-сұйық тартулары үшін астық пен шарапты міндетті түрде сатып ал. Оларды өз Құдайыңның Иерусалимдегі киелі үйіндегі құрбандық үстелінде ұсынып тарту ет!
Ezra Kaz 7:18  Ал алтын-күмістің қалған бөлігін ағайындарың — яһудилермен бірге ең тиімді деп тапқандарың бойынша жұмсауға еріктісіңдер. Мұны өздерің сиынатын Құдайдың қалауына сай істеңдер!
Ezra Kaz 7:19  Бұған қоса, Құдайыңның киелі үйіндегі қызметке арналған, өзіңе сеніп тапсырылған бұйымдарды да Иерусалимдегі Құдайдың алдына апарып жеткіз.
Ezra Kaz 7:20  Құдайыңның киелі үйіне керекті, өзің қамтамасыз етуге міндетті басқа да кез келген нәрселерді патшаның қазынасынан сұрап ала аласың.
Ezra Kaz 7:21  Сонымен менің, Артақсерікс патшаның, бұйрығым мынау:Батыс Евфрат өлкесіндегі барлық қазынашыларға әмір етемін: Көктегі Құдайдың заңының мұғалімі әрі діни қызметкер Езра сендерден не сұраса да, бәрін еш кідіріссіз қамтамасыз ететін болыңдар!
Ezra Kaz 7:22  Күмісті жүз ат басындайға дейін, астықты жүз қапқа дейін, шарап пен зәйтүн майының әрқайсысын жүз күбіге дейін, ал тұзды еш шектеусіз берулеріңе болады.
Ezra Kaz 7:23  Көктегі Құдай Өзінің киелі үйіне арнап нені әмір еткен болса да, сол ыждағатпен орындалсын. Әйтпесе патша мен оның ұлдарының патшалығына қарсы Құдайдың қаһарын лаулатып не бар?
Ezra Kaz 7:24  Сендер тағы мынаны да білуге тиіссіңдер: сендерге күллі діни қызметкерлерден, леуіліктерден, ғибадатхана әншілерінен, қақпа күзетшілерінен және ғибадатхана қызметшілерінен, жалпы, Құдайдың киелі үйінің барлық қызметшілерінен алым-салық пен кеден салығын алуға және міндетті жұмысқа салуға тиым салынған.
Ezra Kaz 7:25  Сен, Езра, Құдайыңның өзіңе берген ақыл-даналығымен Батыс Евфрат өлкесіндегі халықтың арасында пайда болатын дау-жанжалдарды шешетін, өзің сиынатын Құдайдың заңдарын білетін барлық әкімдер мен төрешілерді тағайында. Ал Оның заңдарын білмейтіндері болса, оларға өзің үйрет.
Ezra Kaz 7:26  Өзіңнің Құдайыңның заңына және патшаның заңына мойынсұнбайтындар болса, оларды міндетті түрде қатаң жазалап отыр. Жазаның түрлері мынадай бола алады: өлім жазасы, жер аудару, мал-мүлкін тәркілеу, түрмеге қамау».
Ezra Kaz 7:27  Осындай кереметті істеген Жаратқан Ие мадақталсын! Ол — ата-бабаларымыздың Құдайы Өзінің Иерусалимдегі ғибадатханасын безендіріп көркемдеуге деген құлшынысты патшаның жүрегіне салған болатын.
Ezra Kaz 7:28  Жаратқан Ие патшаның, оның кеңесшілерінің және патшаның барлық қуатты әміршілерінің алдында да маған деген Өзінің берік рақымын көрсетті. Құдай Ием мені шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, жігерлендім. Содан өзіме еріп Иерусалимге өрлеп баратын біршама исраилдік басшыларды жаныма жинап алдым.
Chapter 8
Ezra Kaz 8:1  Артақсерікс патшаның кезінде Бабыл елінен менімен бірге Иерусалимге еріп келген әулет басшыларының есімдері мен олардың шыққан ата-тектері мыналар:
Ezra Kaz 8:2  Діни қызметкер Пінехестің ұрпақтарынан: Гершом.Діни қызметкер Ітамардың ұрпақтарынан: Даниял.Дәуіт патшаның тұқымынан шыққан
Ezra Kaz 8:3  Шеханияхтың ұрпақтарынан: Хатуш.Пароштың ұрпақтарынан: Зәкәрия және онымен бірге тізімге тіркелген жүз елу ер адам.
Ezra Kaz 8:4  Пахат-Моабтың ұрпақтарынан: Зерахиях ұлы Елиехонай және онымен бірге екі жүз ер адам.
Ezra Kaz 8:5  (Заттудың ұрпақтарынан:) Яхазиел ұлы Шеханиях және онымен бірге үш жүз ер адам.
Ezra Kaz 8:6  Адиннің ұрпақтарынан: Жонатан ұлы Ебед және онымен бірге елу ер адам.
Ezra Kaz 8:7  Еламның ұрпақтарынан: Аталиях ұлы Ишая және онымен бірге жетпіс ер адам.
Ezra Kaz 8:8  Шафатияхтың ұрпақтарынан: Михайл ұлы Забадиях және онымен бірге сексен ер адам.
Ezra Kaz 8:9  Жоғабтың ұрпақтарынан: Ехиел ұлы Абадиях және онымен бірге екі жүз он сегіз ер адам.
Ezra Kaz 8:10  Банидың ұрпақтарынан: Жосифиях ұлы Шеломит және онымен бірге жүз алпыс ер адам.
Ezra Kaz 8:11  Бебайдың ұрпақтарынан: Бебай ұлы Зәкәрия және онымен бірге жиырма сегіз ер адам.
Ezra Kaz 8:12  Азғадтың ұрпақтарынан: Хақатан ұлы Жоханан және онымен бірге жүз он ер адам.
Ezra Kaz 8:13  Адониқамның ұрпақтарының арасынан ең соңғы қайта оралғандардың есімдері: Әлипәлет, Еуел, Шемаях және олармен бірге алпыс ер адам.
Ezra Kaz 8:14  Бигуайдың ұрпақтарынан: Утай мен Зақур және олармен бірге жетпіс ер адам.
Ezra Kaz 8:15  Сапарға шығарда мен, Езра, осы айтылып өткен исраилдіктерді Аһауаға қарай ағатын өзен тармағының қасына жинадым. Сол жерде біз үш күн қондық. Мен діни қызметкерлерді және басқа адамдарды түгендеп шығып, олардың арасынан бірде-бір леуілік көмекшіні таппадым.
Ezra Kaz 8:16  Сонда мен Елиезер, Ариел, Шемаях, Елнатан, Жарип, Елнатан, Натан, Зәкәрия, Мешулам есімді әулет басшыларын әрі Жояриб пен Елнатан есімді екі ғұламаны қасыма шақырып алдым.
Ezra Kaz 8:17  Оларды Қасипиях деген жердің басшысы Иддоға жолдадым. Оған және оның Қасипияхтағы леуілік руластарына әрі бұрын Иерусалимдегі ғибадатхананың қызметшілері болғандарға бізге Құдайымыздың киелі үйінде қызмет ететін адамдарды жіберсін деп айтуды тапсырдым.
Ezra Kaz 8:18  Құдай бізді шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, олар қайтқанда бір өте қабілетті ғалымды өзінің ұлдары және ағайындарымен бірге, барлығы он сегіз адамды, ертіп алып келді. Ғалымның есімі Шеребиях еді. Ол Исраил ұлы Леуіден тараған Мәхлидің ұрпағы болатын.
Ezra Kaz 8:19  Сондай-ақ, Хашабиях және онымен бірге Мераридің ұрпағы Ишая өзінің бауырлары және олардың ұлдарымен, барлығы жиырма адам да келді.
Ezra Kaz 8:20  Олар ғибадатхана қызметшілерінің екі жүз жиырма ұрпағын да ертіп алып келді. Бұлардың ата-бабаларын кезінде Дәуіт патша және әміршілер леуіліктерді діни қызметтерінде қолдауға тағайындаған болатын. Жаңадан қосылғандардың бәрі де аты-жөндері бойынша тіркеліп, тізімге енгізілді.
Ezra Kaz 8:21  Мұнан кейін мен сол жерде, Аһауадағы өзен тармағының жағасында, барлығымызды Құдайымыздың алдында мойынсұнып, ораза ұстауға шақырдым. Осылай біз Құдайдан өзіміз бен бала-шағамыз және барша мал-мүлкіміз үшін оң сапар сыйлауын сұрап мінажат еттік.
Ezra Kaz 8:22  Өйткені мен патшадан бізді жол жүріп бара жатқанда дұшпандардан қорғайтын жасақшылар мен атты әскер сұраудан ұялған едім. Қайта, біз патшаға: «Құдайымыз Өзіне бет бұрып, сиынатындардың бәрін шапағатты мейірімімен жарылқайды. Ал Өзін елемей кеткендердің бәріне қаһарланып, құдіретімен жазалайды», — деп айтқан едік.
Ezra Kaz 8:23  Сондықтан біз ораза ұстап Құдайдан осыны жалбарына сұрадық. Ол біздің өтінішімізге құлақ түрді де.
Ezra Kaz 8:24  Содан соң мен аға діни қызметкерлердің он екісін, Шеребиях пен Хашабияхты және солардың он леуілік қызметтесін де таңдап алдым.
Ezra Kaz 8:25  Оларға патшаның, оның кеңесшілері мен әміршілерінің және Бабыл аймағында тұрған барлық исраилдіктердің біздің Құдайымыздың киелі үйіне бағыштап табыстаған тартуларын: алтын-күмісті және бұйымдарды таразыға тартып өлшеп бердім.
Ezra Kaz 8:26  Осылайша оларға алты жүз елу ат басындай күміс, әрқайсысының салмағы екі ат басындай бір жүз күміс бұйымдар, бір жүз ат басындай алтын,
Ezra Kaz 8:27  құны бір мың алтын теңге болатын жиырма алтын тостаған және құны алтынмен бірдей жылтыратылған қоладан жасалған екі бұйымды сеніп тапсырдым.
Ezra Kaz 8:28  Оларға былай дедім: «Өздерің Жаратқан Иеге бағышталғансыңдар, осы бұйымдар да Оған бағышталған. Мына алтын-күміс — ата-бабаларымыз сиынған Құдай Иеге арналған ерікті тартулар.
Ezra Kaz 8:29  Өздеріңе сеніп тапсырылғанды мұқият қадағалап сақтаңдар! Кейін оны Иерусалимде, Жаратқан Иенің киелі үйінің ішкі бөлмелерінде діни қызметкерлер, леуіліктер және Исраил әулеттерінің басшыларының алдында таразыға тартып табыстайсыңдар».
Ezra Kaz 8:30  Осылайша діни қызметкерлер мен леуіліктер Құдайымыздың Иерусалимдегі киелі үйіне апарып жеткізу үшін таразыға тартылып, өлшенген сол алтын-күмісті және сол бұйымдарды өзара бөлісіп алды.
Ezra Kaz 8:31  Содан біз бірінші айдың он екінші күні Аһауадағы өзен тармағының жағасынан сапарға шығып, Иерусалимге бет алдық. Құдайымыз үстімізге құдіретті қолын созып, бізді шапағатты мейірімімен жарылқады да, жол бойы дұшпанның және қарақшының торуылынан аман-есен сақтады.
Ezra Kaz 8:32  Иерусалимге жеткен соң сонда үш күн тынықтық.
Ezra Kaz 8:33  Төртінші күні біз әкелген алтын-күміс пен арнайы бұйымдар Құдайымыздың киелі үйінде таразымен өлшеніп, діни қызметкер Ұрия ұлы Меремоттың қолына тапсырылды. Оның қасында Пінехес ұлы Елазар тұрды. Сондай-ақ, Ешуа ұлы Жозабад пен Бинуй ұлы Ноғадиях атты леуіліктер де сол жерде болды.
Ezra Kaz 8:34  Әкелінген заттардың барлығы таразыға тартылып, жалпы салмағы мен сандары анықталған соң дереу тіркеліп жазылып қойылды.
Ezra Kaz 8:35  Бабылға жер аударылудан қайта оралғандар осыдан кейін Исраилдің сиынатын Құдайына арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсынды: бүкіл Исраил халқы үшін он екі жас бұқа, сонымен қатар тоқсан алты қошқар мен жетпіс жеті еркек тоқты шалынды. Ал күнәнің құнын өтеу үшін он екі теке де құрбандыққа ұсынылды. Бұлардың бәрі Жаратқан Иеге арналған шалынып, өртелетін құрбандықтар болды.
Ezra Kaz 8:36  Оралмандар патшаның жарлықтарын оның Батыс Евфрат өлкесіндегі әміршілеріне және ондағы аймақ әміршілеріне табыстады. Осылай солар да Исраил халқын және Құдайдың үйін қолдап, көмектесетін болды.
Chapter 9
Ezra Kaz 9:1  Осы нәрселер орындалып болғаннан кейін халқымның бірқатар басшылары маған келіп, былай деді: «Исраил халқы, соның ішінде тіпті бірнеше діни қызметкерлер мен леуіліктер де бар, елдегі бөтен ұлттық адамдардан бойларын аулақ ұстаған жоқ! Сол ұлттар ежелгі қанахандық, хеттік, перездік, ебустік, аммондық, моабтық, мысырлық, аморлық халықтарға ұқсас. Исраилдіктер сол бөтен ұлттардың жексұрын әдет-ғұрыптарынан сақтанып, бөлек жүрмейді.
Ezra Kaz 9:2  Өйткені олардың өздері және ұлдары бөтен ұлттардың бірсыпыра қызына үйленіп алған. Осылайша Құдайға бағышталған халық жалған тәңірлерге табынатын көршілес ұлттармен араласып кеткен. Мұндай опасыздықты алдымен істейтіндер — басшылар мен қызметкерлердің өздері!»
Ezra Kaz 9:3  Мен осыны естігенде қатты қайғырып, үстімдегі көйлегім мен шапанымның өңірін айыра жырттым. Сақал-шашымды жұлып, жаным түршіге есеңгіреп жерге отыра кеттім.
Ezra Kaz 9:4  Исраилдің Құдайының сөздерін терең қастерлеп, орындайтындар жер аударылудан қайта оралған сол адамдардың опасыздығына қатты қайғырып, айналама жиналды. Ал мен жаным түршіге есеңгіреген қалпымда сол жерде кешкі құрбандықтың уақытына дейін отырдым.
Ezra Kaz 9:5  Содан кешкі құрбандық кезінде қатты қайғырып, көйлегім мен шапанымның өңірі жыртылған күйі орнымнан тұрдым. Қолдарымды көкке, Құдайым Жаратқан Иеге қарай жайып
Ezra Kaz 9:6  былай деп мінажат еттім:— Уа, Құдайым! Күнәларымыз басымыздан асып, теріс қылықтарымыз аспанға дейін жетті. Бет-жүзімді Өзіңе көтеруге қатты ұялып, масқара болып қысылып тұрмын.
Ezra Kaz 9:7  Ата-бабаларымыздың заманынан бастап қазірге дейін Сенің алдыңдағы кінәміз өте зор. Біз патшаларымызбен, діни қызметкерлерімізбен бірге теріс қылықтарымыздың кесірінен бөтен елдердің патшаларының қолына түстік. Күні бүгінге дейін солардың семсерлерінен әрі құлдық, тонау, қорлықтан көз ашпай келеміз.
Ezra Kaz 9:8  Бірақ осы күндері, қысқа ғана уақыттан бері, Құдай Иеміз зор шапағатын көрсетіп келеді. Ол халқымыздан бірқатарымызды тірі алып қалып, Өзінің киелі үйінен бізге берік орын берді. Сөйтіп Құдайымыз құлдықта жүрген біздің еңсемізді аздап көтеріп, көзімізді жарқыратып келеді.
Ezra Kaz 9:9  Себебі құл болсақ та, Құдайымыз бізді осы құлдығымызда тастап кеткен жоқ. Керісінше, бізге парсы патшаларының көз алдында Өзінің берік мейірімін көрсетті. Осылайша Құдайымыздың қирап жатқан киелі үйін қайта тұрғыза алуымыз үшін бізге жаңа өмір сыйлады, әрі Яһуда мен Иерусалимде қабырға іспетті қоршайтын қорғаныш та берді.
Ezra Kaz 9:10  Ал енді біз не дей аламыз, уа, Құдайымыз? Сенің өсиеттеріңді қайтадан елемей тастап кеттік.
Ezra Kaz 9:11  Кезінде Өзіңе қызмет еткен пайғамбарлар арқылы Сен мынадай бұйрықтар берген болатынсың:«Өздерің еніп, иемденейін деп жатқан осы ел сонда әзірше тұрып жатқан ұлттардың жексұрын да жалған тәңірлерінің кесірінен арамдалған. Сол ұлттар жексұрын іс-әрекеттерімен елді бір шетінен екінші шетіне дейін арамдап тастаған.
Ezra Kaz 9:12  Сондықтан олармен құдандалы болып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! Ешқашан да олармен ынтымақтасып, игілік тілемеңдер. Сонда ғана күшті болып, елдің шығарған өнімін жеп, өздеріңнен кейінгі ұрпақтарыңа елді тұрақты мұра етіп қалдыра аласыңдар».
Ezra Kaz 9:13  Басымызға түскендердің бәрі өзіміздің зұлым істеріміз бен зор кінәміздің кесірінен болды. Сонда да Сен, уа, Құдайымыз, бізді күнәларымыз бойынша емес, одан жеңілірек жазаладың. Осылайша халқымыздың толығымен қырылып кетуіне жол бермей, бірқатарымызды тірі алып қалдың.
Ezra Kaz 9:14  Сонымен осындай жиренішті істермен айналысатын халықтармен құдандалы болып қайтадан Сенің өсиеттеріңді бұзамыз ба?! Сонда Сен қатты қаһарланып, ешқайсымызды да тірі қалдырмай құртып жібермес пе едің?!
Ezra Kaz 9:15  Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, Сен әділсің! Біз қырылудан аман қалған біраз адамбыз. Сенің алдыңда әбден кінәлі болдық. Осы істегеніміздің кесірінен ешқайсымыз Сенің алдыңда тұра алмаймыз.
Chapter 10
Ezra Kaz 10:1  Езра осылай мінажат етіп жылап, Құдайдың киелі үйінің алдында сиынып, күнәларды мойындап етпетінен жатты. Сол кезде оның айналасына исраилдіктердің ер адамдар, әйелдер және балалардан тұратын өте үлкен жамағаты жиналды. Олар да зар еңіреп жылаумен болды.
Ezra Kaz 10:2  Сонда Еламның ұрпақтарының бірі — Ехиел ұлы Шеханиях Езраға тіл қатып былай деді: «Рас, біз айналамыздағы бөтен жұрттықтардан әйел алып, Құдайымызға опасыздық жасадық. Бірақ та Исраил үшін әлі де үміт бар.
Ezra Kaz 10:3  Қазір-ақ Құдайымызбен Келісім жасайық! Біздің мырзамыз — сіздің ақыл-кеңесіңіз және Құдайдың өсиеттерін терең қастерлейтін басқалардың да ақыл-кеңесі бойынша былай істейік: Сондай әйелдердің бәрін олардың туған балаларымен бірге қоя берейік. Бұл Таурат заңына сәйкес істелсін.
Ezra Kaz 10:4  Енді орныңыздан тұрыңыз, бұл міндет сіздің мойныңызда. Біз сізді қолдайтын боламыз. Осы істі батыл жүзеге асырыңыз!»
Ezra Kaz 10:5  Сонда Езра орнынан тұрды да, алдымен аға діни қызметкерлерге, леуіліктерге және барлық басқа исраилдіктерге осы айтылғандарды істеуге ант бергізді. Олар ант берді.
Ezra Kaz 10:6  Мұнан кейін Езра Құдайдың киелі үйінің алдында тұрған орнынан кетіп, Елияшип ұлы Жохананның ғибадатханадағы бөлмесіне барды. Бабылға жер аударылудан қайтып келгендердің опасыздығына қатты қайғырғанынан Езра сол бөлмеде болған кезінде аузын бекітіп, нан да жемеді, су да ішпеді.
Ezra Kaz 10:7  Содан соң басшылар бүкіл Яһуда аймағы мен Иерусалим қаласында жар салып, мынаны хабарландырды: «Жер аударылудан қайта оралған яһудилер Иерусалимде жиналуға міндетті!
Ezra Kaz 10:8  Кімде-кім үш күннің ішінде келмесе, басшылар мен ақсақалдардың шешімі бойынша содан бар мал-мүлкі тартып алынып, Құдайға бағышталып жойылады. Ал өзі жер аударылудан қайта оралған яһудилердің қауымынан аластатылады».
Ezra Kaz 10:9  Сонда Яһуда мен Буняминнің күллі тұрғындары үш күннің ішінде Иерусалимге жиналды. Бұл тоғызыншы айдың жиырмасыншы күні болды. Халықтың бәрі Құдайдың киелі үйінің алдындағы аулада бас қосты. Олар осы оқиғаға және жауған жауынға бола дірілдеп тұрды.
Ezra Kaz 10:10  Діни қызметкер Езра орнынан тұрып, оларға былай деді:— Сендер (Жаратқан Иеге бағынбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, опасыздық жасадыңдар. Осылай сендер Исраилдің кінәсін одан әрі арттыра түстіңдер.
Ezra Kaz 10:11  Ал енді ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иенің алдында күнәларыңды мойындаңдар! Осы елдегі бөтен халықтардан және өздеріңнің жат бөтен жұрттық әйелдеріңнен бөлініп, Жаратқан Иенің еркін орындаңдар!
Ezra Kaz 10:12  Сонда бүкіл жамағат қатты дауыспен былай деп жауап берді:— Сіздікі дұрыс. Сіз қалай айтсаңыз, солай істеуге міндеттіміз.
Ezra Kaz 10:13  Бірақ мұнда халық көп. Қазір жылдың жаңбыр жауатын мезгілі, сондықтан далада тұра беруге болмайды. Оның үстіне бұл — бір-екі күннің ішінде істей салуға болатын нәрсе емес. Өйткені арамыздағы көбіміз осындай күнә жасадық.
Ezra Kaz 10:14  Құдайымыздың осы себептен тұтанған қаһарының бетін қайтару үшін біздің басшыларымыз бүкіл қауымның өкілі болып бұл жерде қалсын. Ал бөтен жұрттық әйел алған әркім өз қаласының ақсақалдары, төрешілерімен бірге белгіленген мезгілде осында қайтып келсін.
Ezra Kaz 10:15  Бұл ұсынысқа тек Асахил ұлы Жонатан мен Тикуах ұлы Яхзеях қана қарсы болды. Мешулам және леуілік Шабтай оларды қолдады.
Ezra Kaz 10:16  Әйтсе де жер аударылудан қайта оралғандар солай істемек болып келісті. Діни қызметкер Езра барлық әулеттерден басшыларын таңдап алып, аттарын атап белгіледі. Содан олар оныншы айдың бірінші күні осы мәселені қарауға отырды.
Ezra Kaz 10:17  Бұдан кейінгі жылдың бірінші айының бірінші күні олар (Жаратқан Иеге бағынбайтын) бөтен жұрттық әйел алғандардың мәселесін қарап бітірді.
Ezra Kaz 10:18  Діни қызметкерлердің бөтен жұрттық әйел алғандары мыналар болды: Ехосадық ұлы Ешуа мен оның бауырларының ұрпақтарынан: Мағасиях, Елиезер, Жарип, Ғодалиях.
Ezra Kaz 10:19  Олар сол әйелдерін қайтарып жіберуге қол беріп уәделесіп, өз кінәларын мойындады, әрі соның айыбын өтеу үшін бір қошқардан шалып Жаратқан Иеге ұсынды.
Ezra Kaz 10:20  Имердің ұрпақтарынан: Ханани, Забадиях.
Ezra Kaz 10:21  Харымның ұрпақтарынан: Мағасиях, Ілияс, Шемаях, Ехиел, Ұзиях.
Ezra Kaz 10:22  Пашхурдың ұрпақтарынан: Елихоенай, Мағасиях, Ысмағұл, Нетанел, Жозабад, Еласах.
Ezra Kaz 10:23  Леуіліктерден: Жозабад, Шимеях, Келита деп те аталатын Келаях, Петахиях, Яһуда, Елиезер.
Ezra Kaz 10:24  Әншілерден: Елияшип.Қақпа күзетшілерінен: Шаллум, Телем, Ұри.
Ezra Kaz 10:25  Басқа исраилдіктерден: Пароштың ұрпақтарынан: Рамиях, Изиях, Малқиях, Миямин, Елазар, Хашабиях, Бенаях.
Ezra Kaz 10:26  Еламның ұрпақтарынан: Маттаниях, Зәкәрия, Ехиел, Әбди, Еремот, Ілияс.
Ezra Kaz 10:27  Заттудың ұрпақтарынан: Елихоенай, Елияшип, Маттаниях, Еремот, Зауад, Ғазиз.
Ezra Kaz 10:28  Бебайдың ұрпақтарынан: Жоханан, Хананиях, Забай, Атлай.
Ezra Kaz 10:29  Банидың ұрпақтарынан: Мешулам, Маллух, Адаях, Яшуб, Шеал, Еремот.
Ezra Kaz 10:30  Пахат-Моабтың ұрпақтарынан: Адна, Хелал, Бенаях, Мағасиях, Маттаниях, Беселиел, Бинуй, Манаса.
Ezra Kaz 10:31  Харымның ұрпақтарынан: Елиезер, Ишиях, Малқиях, Шемаях, Шимон,
Ezra Kaz 10:32  Бунямин, Маллух, Шемариях.
Ezra Kaz 10:33  Хашумның ұрпақтарынан: Матынай, Мататта, Зауад, Әлипәлет, Еремай, Манаса, Шимей.
Ezra Kaz 10:34  Басқа Банидың ұрпақтарынан: Мағадай, Ымрам, Уел,
Ezra Kaz 10:38  Бинуйдің ұрпақтарынан: Шимей,
Ezra Kaz 10:41  Азарил, Шелемиях, Шемариях,
Ezra Kaz 10:43  Небоның адамдарынан: Еиел, Мататиях, Зауад, Зебинах, Яддай, Жоел, Бенаях.
Ezra Kaz 10:44  Бұлардың бәрі (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, кейбіреулері солардан бала көрген еді.