Chapter 1
Dani | Kaz | 1:1 | Яһуда елінде Жохақымның патшалық құрған үшінші жылы Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалим қаласына шабуыл жасап, оны қоршап алды. | |
Dani | Kaz | 1:2 | Сонда Яһуданың патшасы Жохақым да, Құдайдың киелі үйінен алынған бірнеше ыдыстар да Жасаған Иенің еркімен Бабыл патшасының қолына түсті. Сол қасиетті ыдыстарды патша Шинар аймағына әкетіп, өзі табынатын жалған тәңірдің ғибадатханасының қазына қоймасына сақтап қойды. | |
Dani | Kaz | 1:3 | Бабыл патшасы сондай-ақ өзінің сарай қызметкерлерін басқаратын уәзірі Ашпеназға исраилдік патша әулетінен және ақсүйек тұқымынан шыққан бірнеше жасөспірім баланы Иерусалимнен алып келуге бұйырды. | |
Dani | Kaz | 1:4 | Бұлар ешбір кемтарлығы жоқ, келбетті, ғылымның бар жағынан да хабардар, парасатты да зерделі әрі патша сарайында қызмет атқаруға қабілетті болуға және халдейлердің тілі мен әдебиетін үйренуге тиісті еді. | |
Dani | Kaz | 1:5 | Патша оларға өз дастарқанындағы тамағы мен шарабынан күнделікті үлес тағайындады. Сол жасөспірімдер үш жыл бойы тәлім алғаннан кейін патша оларды сарайындағы қызметке кірістірмек болды. | |
Dani | Kaz | 1:6 | Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях деген балалар бар еді. | |
Dani | Kaz | 1:7 | Уәзір сол төртеуінің аттарын өзгертіп, Даниялға Балташазар, Хананияхқа Садырақ, Мишаелге Мисақ, Азарияхқа Әбдінего деп жаңадан ат қойды. | |
Dani | Kaz | 1:8 | Алайда Даниял патшаның тамағы мен шарабын ішіп-жеп өзімді арамдамаймын деген берік шешім қабылдаған болатын. Сондықтан ол сарай қызметкерлерін басқаратын жаңағы Ашпеназ уәзірге осы туралы өтініш жасады. | |
Dani | Kaz | 1:10 | Сонымен уәзірдің Даниялға берген жауабы былай болды: «Мен патша иемнен қауіптенемін. Ішіп-жейтін тағамдарыңды тағайындаған оның өзі еді ғой. Егер сендердің басқа балаларға қарағанда жүдеп бара жатқандарыңды байқап қалса, сендердің кесірлеріңнен менің басым кетеді!» | |
Dani | Kaz | 1:12 | «Тақсыр, бізге он күн бойы жеуге тек адал тағамдар, ішуге су ғана беріп сынап көрсеңіз екен. | |
Dani | Kaz | 1:13 | Содан кейін біздің түріміз бен патша дастарқанынан ішіп-жеген басқа балалардың түрін салыстырып көріңіз. Әрі қарай бізбен өз көзіңізбен көргеніңізге сай әрекет етерсіз, тақсыр». | |
Dani | Kaz | 1:15 | Сол он күн өткен соң байқап қараса, бұл балалардың түрлері патша дастарқанынан тамақтанған жастардың бәрінен өңдірек әрі толығырақ болып көрінді. | |
Dani | Kaz | 1:16 | Оларды басқаратын қызметкер содан бастап патшаның берген тамағы мен шарабын былай қойып, оларға тек адал тағамдар беруін жалғастыра берді. | |
Dani | Kaz | 1:17 | Жаңағы төрт жасөспірімге Құдай білім және әдебиет пен даналықтың барлық жағын да үйренуге зеректік сыйлады. Ал Даниял оның үстіне әр түрлі аяндар мен түстердің мағынасын түсінетін ерекше дарынға да ие болды. | |
Dani | Kaz | 1:18 | Осылайша Набуходоносор патшаның белгілеген мерзімі аяқталып, уәзір исраилдік жас жігіттерді патшаның алдына алып барды. | |
Dani | Kaz | 1:19 | Патша олармен сөйлескенде Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях төртеуінің барлық жағынан да басқалардан басым екенін байқады. Сол себепті бұл төртеуі патшаға қызмет етуге кірісті. | |
Dani | Kaz | 1:20 | Патша олардан қандай мәселе туралы ақыл-кеңес сұрамасын, өзінің бүкіл патшалығындағы абыздары мен балгерлерінен гөрі олардың он есе білімдірек екенін анықтады. | |
Chapter 2
Dani | Kaz | 2:1 | Набуходоносор (Бабыл еліне) патшалық құрған екінші жылы қорқынышты түстер көріп, соларды уайымдап, ұйқысынан айырылды. | |
Dani | Kaz | 2:2 | Содан ол түстерінің мазмұнын біліп алу үшін елдегі абыздар, балгерлер, сиқыршылар мен жұлдызшыларды шақыртты. Олар келіп, патшаның алдына жиналды. | |
Dani | Kaz | 2:3 | Патша оларға:— Мен түс көрдім, содан жаным тыншымай отыр. Түстің мазмұнын білгім келеді, — деді. | |
Dani | Kaz | 2:4 | Жұлдызшылар патшаға арамей тілінде:— Уа, патша ағзам, өміріңіз ұзақ болсын! Бізге түсіңізді айтып беріңіз, сонда оны сізге жорып береміз! — деп жауап қайтарды. | |
Dani | Kaz | 2:5 | Алайда патша:— Жарлығым мынадай: егер маған көрген түсімнің мазмұны мен мағынасын айтып бермесеңдер, өздеріңді кескілеп өлтіртіп, үйлеріңді жермен-жексен қылғызамын! | |
Dani | Kaz | 2:6 | Ал егер түсімнің мазмұны мен мағынасын айтып берсеңдер, мен сендерге көп сый-тартулар беріп, зор құрметке ие боласыңдар. Сондықтан маған түсімді және оның мағынасын айтып беріңдер! — деп бұйырды. | |
Dani | Kaz | 2:7 | Олар тағы да патшадан:— Түсіңізді бізге айтып берсеңіз, оны сізге жорып береміз! — деп өтінді. | |
Dani | Kaz | 2:8 | Бірақ патшаның жауабы мынау болды:— Сендердің жай ғана уақытты созып тұрғандарыңды көріп тұрмын. Менің мынаны нық шешкенімді жақсы білесіңдер: | |
Dani | Kaz | 2:9 | егер түсімді айтып бермесеңдер, бәріңе де бірдей үкім кесіледі. Ал сендер жағдай өзгергенше мені алдайтын жаман нәрселерді айтуға сөз байластыңдар. Сондықтан қандай түс көргенімді айтып беріңдер! Сонда сендердің оны жори алатындарыңа да көз жеткіземін. — | |
Dani | Kaz | 2:10 | Жұлдызшылар:— Уа, патша ағзам, тапсырған бұл мәселеңізді жер бетіндегі бірде-бір адам шешіп бере алмайды. Ешбір патша, қандай ұлы да құдіретті болмасын, бірде-бір сәуегей, балгер, жұлдызшыдан бұрын-соңды мұндайды талап еткен емес! | |
Dani | Kaz | 2:11 | Уа, тақсыр, бұл тапсырмаңыз тым қиын. Түсіңізді сізге тәңірлерден өзге ешкім де ашып бере алмайды, ал олар адамдардың арасында тұрмайды ғой! — деп жауап қайтарды. | |
Dani | Kaz | 2:12 | Мұны естігенде патшаны ашу-ыза кернеп, Бабылдағы барлық білімпаздардың көзін құртуға бұйырды. | |
Dani | Kaz | 2:13 | Патша осындай жарлық шығарғандықтан, сақшылар іздеп тауып алып, өлтіру үшін Бабылдың басқа білімпаздарымен қатар Даниял мен оның серіктеріне де барды. Өлім жазасын орындауға шыққан патша сақшыларының бастығы Ариоқ келгенде, Даниял онымен көрегендікпен сөйлесіп: | |
Dani | Kaz | 2:14 | Патша осындай жарлық шығарғандықтан, сақшылар іздеп тауып алып, өлтіру үшін Бабылдың басқа білімпаздарымен қатар Даниял мен оның серіктеріне де барды. Өлім жазасын орындауға шыққан патша сақшыларының бастығы Ариоқ келгенде, Даниял онымен көрегендікпен сөйлесіп: | |
Dani | Kaz | 2:15 | — Патша ағзам мұндай қатал жарлықты қандай себептен шығарды екен? — деп сұрады. Сонда Ариоқ оның себебін түсіндірді. | |
Dani | Kaz | 2:16 | Мұны естісімен Даниял сарайға барып, түсінің мағынасын айтып беру үшін патшаның біраз уақытқа мұрсат беруін сұрады. | |
Dani | Kaz | 2:17 | Содан Даниял үйіне қайтып, болған жайтты серіктері Хананиях, Мишаел, Азарияхқа айтып былай деді: | |
Dani | Kaz | 2:18 | «Бабылдың өзге білімпаздарымен бірге өзіміздің де құрымай аман қалуымыз үшін көктегі Құдайдан бұл құпияны рақымдылықпен ашып беруін сұрайық!» — | |
Dani | Kaz | 2:19 | Мұнан кейін осы құпияның шешімі Даниялға түнгі көрініспен ашылды. Сонда Даниял Құдайды мадақтап | |
Dani | Kaz | 2:21 | Заман мен дәуір атаулыны өзгертеді,Әрі патшаларды тағайындап қояды,Ал кейін оларды орнынан алады,Ол даналарға тағы даналық қосады,Түсінігі барларға білім дарытады, | |
Dani | Kaz | 2:22 | Құдайда әрдайым жарық нұр болады,Ол құпия, көмескі жайттарды ашады,Түнектегілерін де анық ұғады. | |
Dani | Kaz | 2:23 | Алғыс айтып, Сені мақтаймын ұдайы,Уа, ата-бабаларым сиынған Құдайы!Даналық пен күшке Сен қолымды жеткіздің,Сұрағанымызды маған ашып бердің,Патшаның талап еткенін бізге білдірдің!» | |
Dani | Kaz | 2:24 | Сонымен Даниял Набуходоносор патшаның Бабылдың білімпаздарын өлтіруге жіберген қызметкері Ариоққа барып: «Бабылдың білімпаздарын өлтірмей, мені патшаның алдына апарсаңыз екен. Оған көрген түсінің мағынасын айтып беремін!» — деп өтініш жасады. | |
Dani | Kaz | 2:25 | Ариоқ Даниялды бірден патшаның алдына алып барып: «Уа, патша ағзам, мен Яһудадан жер аударылып келгендердің арасынан түсіңізді жорып бере алатын адамды тауып алып келдім!» — деп баяндады. | |
Dani | Kaz | 2:26 | Сонда патша Балташазар деп те аталған Даниялға сұрақ қойып:— Сен шынымен түсімде не көргенімді айтып, оның мағынасын түсіндіре аласың ба? — деді. | |
Dani | Kaz | 2:27 | Даниял патшаға былай деп жауап берді:— Ешқандай білімпаз, балгер, сәуегей не сиқыршы сізге өзіңіз айтып отырған құпияны түсіндіріп бере алмайды. | |
Dani | Kaz | 2:28 | Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегі Құдай сізге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсіңізде көрген көріністеріңіз мыналар: | |
Dani | Kaz | 2:29 | Демалып жатқан кезде болашақ туралы ойлай бастадыңыз, уа, патша ағзам. Сонда барлық құпияларды аша алатын Құдай сізге келешекте болатын оқиғаларды білдірді. | |
Dani | Kaz | 2:30 | Алайда менің басқа пенделерден ақылды болғандығымнан емес, сізге түстің мағынасын білдіріп, санаңызға ұялаған сол ойларды түсіндіріп беруім үшін бұл құпия маған ашылды. | |
Dani | Kaz | 2:31 | Уа, тақсыр, түсіңізде көргеніңіз — алдыңызда тұрған бір дәу мүсін екен. Ол жарқ-жұрқ еткен, биік, сырт көрінісі қорқынышты еді. | |
Dani | Kaz | 2:34 | Сіз мүсінге қарап тұрған кезде бір дәу тас жартастан қашалып жасалды. Мұны жасаған адам баласы емес еді. Сол дәу тас мүсіннің жартылай темір, жартылай қыш аяқтарына келіп соғылып, оларды қиратып тастады. | |
Dani | Kaz | 2:35 | Сонда мүсіннің темірі мен қышы, қоласы, күмісі және алтыны бәрі бірдей быт-шыт болып сынып қалды. Олар жаздыгүні астық бастыратын қырмандағы бидай қауызындай соққан желмен ұшып кетіп, із-түзсіз ғайып болды. Ал мүсінге соғылған дәу тас орасан зор тауға айналып, бүкіл жер бетін толтырды. | |
Dani | Kaz | 2:37 | Сіз, уа, патша ағзам, көптеген патшалардың патшасысыз. Көктегі Құдай сізге патшалық билік, күш-қуат пен атақ-даңқ сыйлап, | |
Dani | Kaz | 2:38 | үстемдігіңізге әр жердегі адам баласын, даладағы аңдар мен аспандағы құстарды тапсырып, өзіңізді солардың барлығының үстінен билеуші етіп тағайындады. Сондықтан мүсіннің алтын басы өзіңізді білдіреді. | |
Dani | Kaz | 2:39 | Сізден кейін дәрежесі төмендеу екінші бір патшалық, одан кейін бүкіл жер бетін басқаратын қола (іспетті берік) патшалық пайда болады. | |
Dani | Kaz | 2:40 | Содан кейін төртінші, темірдей мықты патшалық шығады. Темір қарудың барлық нәрсені сындырып, талқандай алатыны сияқты, осы патшалық та сол бұрынғы патшалықтарды талқандап күйретеді. | |
Dani | Kaz | 2:41 | Мүсіннің аяғы мен башпайларының жартылай қыштан, жартылай темірден болғанын көрдіңіз ғой. Бұл — сол төртінші патшалықтың екі бөліктен тұратынын бейнелейді. Кейбір бөлімдері темірдей қатты әрі күшті, ал басқалары қыш сияқты морт сынғыш болады. | |
Dani | Kaz | 2:42 | Мүсіннің аяғы мен башпайларының жартылай қыштан, жартылай темірден болғанын көрдіңіз ғой. Бұл — сол төртінші патшалықтың екі бөліктен тұратынын бейнелейді. Кейбір бөлімдері темірдей қатты әрі күшті, ал басқалары қыш сияқты морт сынғыш болады. | |
Dani | Kaz | 2:43 | Өзіңіз көрген сол көріністегі темірдің қышпен араласқаны іспетті, сол бөлімдері де бір-бірімен араласады. Бірақ темірдің қышпен біртұтас бола алмайтынындай, араларында шынайы бірлік болмайды. | |
Dani | Kaz | 2:44 | Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады. | |
Dani | Kaz | 2:45 | Адам баласы емес, басқа біреу жартастан қашап жасаған дәу тасты көрген едіңіз ғой. Оның темір, қола, қыш, күміс және алтынды қиратқаны осыны бейнелейді.Сонымен Ұлы Құдай келешекте не болатыны туралы сізге білдіріп отыр, уа, патша ағзам. Көрген түсіңіз сенімді, түсіндірмесі де дәл. | |
Dani | Kaz | 2:46 | Сонда Набуходоносор патша Даниялдың алдында басын жерге тигізе тағзым етті. Оның құрметіне астық тартуы жасалып, хош иісті зат түтетілсін деп бұйырды да, | |
Dani | Kaz | 2:47 | Даниялға былай деді: «Сен осы құпияны аша алғандықтан, сиынатын Құдайыңның шынымен барлық тәңір атаулының үстіндегі Құдай әрі патшалардың Иесі екеніне көзім жетіп отыр!» | |
Dani | Kaz | 2:48 | Патша Даниялдың дәрежесін мейлінше жоғарылатып, оған көп сыйлық беріп, бүкіл Бабыл аймағының билеушісі және Бабылдың барлық білімпаздарының үстінен қарайтын басшысы етіп бекітті. | |
Chapter 3
Dani | Kaz | 3:1 | Кейінірек Набуходоносор патша алтыннан бір мүсін жасатып, оны Бабыл аймағындағы Дура жазығына орнатуға бұйырды. Мүсіннің биіктігі алпыс, ені алты шынтақ болды. | |
Dani | Kaz | 3:2 | Оның салтанатпен ашылу рәсіміне Набуходоносор патшалығының аймақ әміршілерін, қолбасшыларын, әкімдерін, кеңесшілерін, қазынашыларын, төрешілерін және қала әкімдерін, яғни аймақтарының барлық билеушілерін, шақырды. Сол шақырылғандардың бәрі де патша орнатқызған мүсіннің алдында жиналып тұрған кезде | |
Dani | Kaz | 3:3 | Оның салтанатпен ашылу рәсіміне Набуходоносор патшалығының аймақ әміршілерін, қолбасшыларын, әкімдерін, кеңесшілерін, қазынашыларын, төрешілерін және қала әкімдерін, яғни аймақтарының барлық билеушілерін, шақырды. Сол шақырылғандардың бәрі де патша орнатқызған мүсіннің алдында жиналып тұрған кезде | |
Dani | Kaz | 3:4 | жаршы қатты дауыспен былай деп жариялады:«Уа, күллі ұлттар, халықтар және тілдердің адамдары, патшаның әміріне құлақ түріңдер! | |
Dani | Kaz | 3:5 | Сендер керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді де ести сала, Набуходоносор патша тұрғызған алтын мүсіннің алдында бастарыңды жерге жеткенше иіп тағзым етіңдер! | |
Dani | Kaz | 3:6 | Кімде-кім басын жерге жеткенше иіп тағзым етпесе, сол бірден лаулап жанып тұрған пешке тасталады!» | |
Dani | Kaz | 3:7 | Сондықтан керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай әрі өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бүкіл ұлттар, халықтар және тілдердің адамдары бастарын жерге жеткенше иіп, Набуходоносор патша орнатқан алтын мүсінге тағзым етті. | |
Dani | Kaz | 3:10 | О, патша, сіз «Әрбір адам керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала алтын мүсіннің алдында басын жерге жеткенше иіп тағзым етсін! | |
Dani | Kaz | 3:11 | Кімде-кім басын жерге жеткенше иіп тағзым етпесе, сол лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсын!» — деп әмір еткен едіңіз ғой. | |
Dani | Kaz | 3:12 | Осы арада өзіңіз Бабыл аймағының басқарушылары етіп тағайындаған Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего деген яһудилер бар. Олар не сіздің берген әміріңізді менсінбейді, не тәңірлеріңізге ғибадат етпейді, не өзіңіз орнатқан алтын мүсіннің алдында иіліп тағзым етпейді! | |
Dani | Kaz | 3:13 | Осыны естігенде Набуходоносор патша қатты ашуланып, Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоны алып келуге бұйырды. Алдына әкелінген үш жігітке | |
Dani | Kaz | 3:14 | патша сұрақ қойып былай деді:— Сендер шынымен менің тәңірлеріме де ғибадат етпей, өзім орнатқан алтын мүсінге де иіліп тағзым етпейсіңдер ме?! | |
Dani | Kaz | 3:15 | Ендеше мойынсұнуға дайын болсаңдар, онда керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бастарыңды жерге жеткенше иіп, өзім жасатқан алтын мүсінге тағзым етіңдер! Бірақ егер иіліп тағзым етпесеңдер, бірден лаулап жанып тұрған пешке лақтырыласыңдар! Сонда қандай құдай сендерді менің қолымнан құтқарып алар екен?! | |
Dani | Kaz | 3:16 | Шадырақ, Мисақ пен Әбдінего Набуходоносорға былай деп жауап қайырды:— Уа, патша, бұл мәселе бойынша сіздің алдыңызда қорғануымыздың қажеті жоқ. | |
Dani | Kaz | 3:17 | Егер лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсақ та, ғибадат етіп жүрген Құдайымыздың бізді құтқаруға құдіреті жетеді. Ол бізді сіздің қолыңыздан құтқаратын болады да! | |
Dani | Kaz | 3:18 | Тіпті солай болмаса да, мынаны біліп қойыңыз, уа тақсыр: сіздің тәңірлеріңізге ғибадат етпейміз де, орнатқан алтын мүсініңіз алдында иіліп тағзым етпейміз де! | |
Dani | Kaz | 3:19 | Набуходоносор Шадырақ, Мисақ пен Әбдінегоге қаһарланып, оның кескіні бұзылып кетті. Ол пешті бұрынғыдан жеті есе ыстық етіп от жағылсын деп әмір етті. | |
Dani | Kaz | 3:20 | Содан соң әскерінен ең қуатты деген жауынгерлердің бірсыпырасына сол үш жігітті байлап-матап, лаулап жанып тұрған пешке тастауға бұйырды. | |
Dani | Kaz | 3:21 | Осылай үшеуі шапандары, шалбарлары, сәлделері және басқа да киімдерімен байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне лақтырылды. | |
Dani | Kaz | 3:22 | Патшаның бұйрығы қатаң және пештің ыстық болғаны соншалық, Шадырақ, Мисақ, Әбдінегоны пешке лақтырып жатқан адамдардың өздері отқа күйіп өлді. | |
Dani | Kaz | 3:23 | Ал сол үш жігіт Шадырақ, Мисақ, Әбдінего байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне құлап түсті. | |
Dani | Kaz | 3:24 | Бұған қарап тұрған Набуходоносор патша кенет таңғалып, орнынан ұшып тұрып, қасындағы кеңесшілерінен:— Біз байлатып, отқа лақтыртқан адам үшеу емес пе еді? — деп сұрады.— Дәл солай, уа, патша ағзам! — деп жауап қатты олар. | |
Dani | Kaz | 3:25 | Сонда патша:— Қараңдар, мен от ішінде емін-еркін, аман-сау жүрген төрт адамды көріп тұрмын! Ал төртіншісі тәңірдің баласы іспетті екен! — деп айқайлап жіберді. | |
Dani | Kaz | 3:26 | Содан ол лаулап жанып тұрған пештің аузына қарай барып:— Уа, Шадырақ, Мисақ, Әбдінего — Алла Тағаланың қызметшілері, шығып бері келсеңдер екен, — деп шақырды.Сонда үшеуі оттың ортасынан шықты. | |
Dani | Kaz | 3:27 | Аймақ әміршілері, қолбасшылар, әкімдер және патшаның кеңесшілері үш жігітті айналдыра жиналып, оттың оларға ешқандай зиян тигізбегеніне көздері жетті. Үшеуінің шаштары да күймепті, шапандары да өртенбепті, тіпті оттың иісі де оларға сіңбепті! | |
Dani | Kaz | 3:28 | Сонда Набуходоносор дауыстап былай деді:— Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдай мадақталсын! Ол періштесін жіберіп, Өзінің қызметшілерін құтқарып алып қалды. Олар өздері сиынған Құдайға толық сенім артып, өзге тәңірге ғибадат етіп табынудан бас тартты, әрі патшаның бұйрығына бағынбай, тіпті өмірлерін қиюға да дайын болды! | |
Dani | Kaz | 3:29 | Сол себепті менің жарлығым мынадай: Егер кез келген халықтың, ұлттың не тілдің адамдары Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдайға тіл тигізетін болса, олар шабылып өлтіріліп, үйлері жермен-жексен етілсін! Себебі басқа ешбір тәңір осылай құтқара алмайды! | |
Dani | Kaz | 3:30 | Содан патша Шадырақ, Мисақ, Әбдінегоны Бабыл аймағындағы бұрынғыдан да жоғары лауазымды қызметтерге тағайындады. | |
Dani | Kaz | 3:31 | Кейінірек Набуходоносор патша жер бетіндегі барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдарына мына хатын жолдады:«Барлығыңа амандық пен тыныштық тілеймін! | |
Chapter 4
Dani | Kaz | 4:2 | Бірде төсекте жатқанымда өте қорқынышты түс көрдім. Ондағы қиялдар мен көріністерден үрейім ұшты. | |
Dani | Kaz | 4:3 | Сондықтан мен түсімнің мағынасын жорып берсін деп Бабылдағы барлық білімпаздарды алып келуге бұйырдым. | |
Dani | Kaz | 4:4 | Сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылар алдыма келгеннен кейін түсімді айтып бердім, бірақ олар оның мағынасын жорып бере алмады. | |
Dani | Kaz | 4:5 | Ең соңында Даниял алдыма келді. Оның өзім сиынатын тәңірімнің атынан туындалған Балташазар деген есімі де бар, әрі оған киелі тәңірлердің рухы қонған. Оған былай деп түсімді айтып бердім: | |
Dani | Kaz | 4:6 | — Ей, Балташазар, білімпаздардың үстінен қарайтын басшы! Саған киелі тәңірлердің рухы қонғандықтан, сен шеше алмайтын құпияның жоқ екеніне көз жеткіздім. Мына түсімді тыңдап, ондағы көріністерді жорып берші. | |
Dani | Kaz | 4:7 | Мен төсекте демалып жатып, мынадай көріністерді көрдім: Қарасам, жер бетінің қақ ортасында бір зәулім ағаш тұр екен. | |
Dani | Kaz | 4:8 | Ағаш одан да биік, мықты болып өсіп, ұшар басы аспанға жетіп, жердің түкпір-түкпіріне дейін көрініп тұрды. | |
Dani | Kaz | 4:9 | Оның жапырақтары әдемі, жемісі мол, бәрінің азығына жететіндей болды. Даланың аңдары оның көлеңкесін паналап, құстар бұтақтарына ұялап, бүкіл тіршілік атаулы одан тамағын тауып жүрді. | |
Dani | Kaz | 4:10 | Төсегімде жатып түсімнің жалғасын көре бердім. Кенет аспаннан бір қасиетті хабаршы түсіп келе жатыр екен! | |
Dani | Kaz | 4:11 | Хабаршы зор дауыспен былай деп жар салды: «Ағашты кесіп, бұтақтарын шауып тастаңдар! Жапырақтарын жұлып, жемістерін шашып тастаңдар! Ағаштың көлеңкесіндегі аңдар мен бұтақтарындағы құстар қашып кетсін! | |
Dani | Kaz | 4:12 | Бірақ оның түбірі мен тамырларын темір, қола кісендермен бұғаулап, даладағы шөптердің арасында қалдырыңдар! Сонда ол шыққа малынып, аңдармен бірге көк шөпті даланы мекендеп қала берсін! | |
Dani | Kaz | 4:13 | Оның санасы ауысып, адамдікі емес, аңдардікі болсын. Сондай күйде ол басынан жеті кезеңді өткізсін. | |
Dani | Kaz | 4:14 | Бұл шешімді мәлімдеп, үкімді жариялаған — бәрін күзететін қасиетті хабаршылар. Осылайша пенделердің патшалықтарына Алла Тағаланың үстемдік жүргізетінін барлық тірі жан атаулы ұғатын болады. Ол билікті Өзі қалаған кісісіне табыстап, ең төменгі пендені де басшылыққа тағайындай алады». | |
Dani | Kaz | 4:15 | Міне, менің, Набуходоносор патшаның, көрген түсім осы болды. Енді, Балташазар, соны жорып берші. Патшалығымдағы білімпаздардың ешқайсысы оны маған түсіндіріп бере алмады. Ал бұл сенің қолыңнан келеді, себебі саған киелі тәңірлердің рухы қонған!» | |
Dani | Kaz | 4:16 | Балташазар деп те аталатын Даниял мұны естігенде біраз уақытқа аң-таң болып, басына келген ойлардан қатты абыржыды. Ал патша:— Балташазар, сол түс пен оның мағынасын уайымдама! — деді. Сонда ол былай деп жауап берді:— Уа, тақсыр ие, бұл түс пен оның мағынасы сізді жек көретін қас жауларыңыздың басына түссе екен. | |
Dani | Kaz | 4:17 | Сіз түсіңізде көрген биік, мықты болып өсіп, ұшар басы аспанға жетіп, жердің түкпір-түкпіріне дейін көрінетін, | |
Dani | Kaz | 4:18 | Оның жапырақтары әдемі, жемісі мол, бәрінің азығына жететіндей болған, көлеңкесін дала аңдары паналап, бұтақтарына құстар ұялайтын сол ағаш өзіңізді білдіреді, уа, патша ағзам. | |
Dani | Kaz | 4:19 | Сіз қуаттанып, құдіретті болып келдіңіз. Ұлылығыңыз артып, аспанға дейін жетіп, билігіңіз жер бетінің шет-шетіне жайылды. | |
Dani | Kaz | 4:20 | О, патшам, бір қасиетті хабаршының аспаннан түсіп келгенін де көріпсіз. Ол: «Ағашты кесіп тастап, құртыңдар, бірақ оның түбірі мен тамырларын темір, қола кісендермен бұғаулап, даладағы шөптердің арасында қалдырыңдар! Сонда шыққа малынып, аңдармен бірге даланы мекендеп қала берсін! Осындай күйде басынан жеті кезеңді өткізсін!» депті. | |
Dani | Kaz | 4:22 | Сіз адамдардың арасынан аластатылып, аңдармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып тұратын боласыз. Сонымен сіз Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, билікті Өзі қалаған кісісіне табыстайтынын ұққанға дейін жеті кезең өтетін болады. | |
Dani | Kaz | 4:23 | Ал түсіңіздегі «Ағаш түбірі мен тамырларын қалдырыңдар!» деген бұйрық мынаны білдіреді: патшалық билігіңіз өзіңізден біржолата алынбайды. Сіз бәріне де үстемдік жүргізушінің көктегі Құдай екенін ұққан кезде билік өзіңізге қайтарылып беріледі. | |
Dani | Kaz | 4:24 | Сондықтан, уа, патша тақсыр, менің мына кеңесіме оң көзбен қарай көріңіз: күнәларыңыздан бас тартып, әділдікке бет бұрыңыз, жаман істеріңізді қойып, қысым көргендерге қайырымдылық көрсете көріңіз! Сонда сіздің өміріңіз ұзақ та берекелі бола алады. | |
Dani | Kaz | 4:26 | Бұл былай болды. Құдайдың ескертуінен он екі ай өткеннен кейін патша бір күні өзінің Бабылдағы сәулетті сарайының жалпақ төбесінде серуендеп жүргенде, | |
Dani | Kaz | 4:27 | былай деп паңдана мақтанды:— Міне, мынау ұлы қала Бабыл ғой! Мен оны салтанатты ұлылығымның даңқын шығару үшін әрі патшалығыма лайықты астана болуға арнап, өзімнің құдіретті күш-қуатыммен салдым емес пе? | |
Dani | Kaz | 4:28 | Патша осы сөздерді айтып болмай жатып, көктен былай деген дауыс естілді:— Ей, Набуходоносор патша, саған шығарылған үкім мынау: сен патшалығыңнан айырылдың! | |
Dani | Kaz | 4:29 | Бұдан былай адамдардың арасынан аластатылып, даланың аңдарымен бірге тұрып, өгіз сияқты шөппен қоректенетін боласың! Сен Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, билікті Өзі қалаған кісісіне табыстайтынын ұққанға дейін осындай күйде жеті кезеңді өткізесің. | |
Dani | Kaz | 4:30 | Набуходоносор туралы айтылған осы бұйрық сол сәтте-ақ орындалды. Ол адамдардың арасынан аластатылып, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, денесі шыққа малынып тұрды. Содан шаштары бүркіттің қауырсынындай, тырнақтары құстың шеңгеліндей болып сойдиып өсіп кетті. | |
Dani | Kaz | 4:31 | «Сол мерзім біткен соң мен, Набуходоносор, көктегі Құдайға бет бұрдым. Сонда ақыл-санам өзіме қайта оралды. Мен мәңгі тірі Алла Тағаланы мадақтап, дәріптеп, Оған шүкірлік айттым.Оның билігі мәңгілік, Патшалығы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі жалғаса береді. | |
Dani | Kaz | 4:32 | Бүкіл жер бетінің тұрғындары Оның алдында түк емес сияқты көрінеді. Ол көктегі періштелер топтарына да, жердегі адамдарға да Өзінің еркіне сай әрекет етеді. Оның құдіретті қолын тоқтатып, Оны: «Не істеп отырсың?» деп сынай алатын ешкім де жоқ. | |
Dani | Kaz | 4:33 | Сол сәтте ақыл-санам бұрынғы қалпына келіп, патшалығымның құрметіне салтанатты ұлылығым өзіме қайта оралды. Уәзірлерім мен төрелерім алдымнан өтіп, мен өз патшалығымның билігіне қайтадан ие болдым. Менің бұдан кейінгі атақ-даңқым бұрынғысынан да зор болды. | |
Chapter 5
Dani | Kaz | 5:1 | Көп жылдан кейін Белшазар патша өзінің қол астындағы бір мың басшы-ұлығына арнап үлкен қонақасы беріп, сонда бәрінің көз алдында шарап іше бастады. | |
Dani | Kaz | 5:2 | Соның дәмін татқаннан кейін Белшазар: «Атам Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан алып келген ыдыстар келтірілсін!» — деп бұйырды. Себебі Белшазар өзінің басшы-ұлықтары, әйелдері әрі кәнизактарымен бірге сол қасиетті ыдыстардан шарап ішпек болды. | |
Dani | Kaz | 5:3 | Содан Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алынған алтын ыдыстар әкелінді. Патшаның өзі, оның басшы-ұлықтары, әйелдері мен кәнизактары сол ыдыстарға шарап құйып, іше бастады. | |
Dani | Kaz | 5:4 | Олар ішіп отырғанда, алтын, күміс, қола, темір, ағаш және тастан жасалған жалған тәңірлерін дәріптеп, мақтау айтты. | |
Dani | Kaz | 5:5 | Сол сәтте кенеттен адам қолының саусақтары пайда болып, шам қойғыштың тұсында сарайдың әктелген қабырғасына бір нәрсені жаза бастады. Патша жазып жатқан қолға қарап, | |
Dani | Kaz | 5:6 | қатты абыржып кетті. Ол қорыққанынан қалш-қалш етіп, өңі қуарып, екі тізесі бір-біріне соғыла дірілдеп отырды. | |
Dani | Kaz | 5:7 | Патша қатты айқайлап, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршыларды шақыртып алды. Бабылдың білімпаздары жиналған соң, Белшазар оларға былай деді: «Кімде-кім осы жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсе, сол патшалықтың үшінші билеушісі болады! Оған күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылады», — деді. | |
Dani | Kaz | 5:8 | Патшаның шақырған білімпаз адамдарының бәрі алдына келді, бірақ ешқайсысы да жазуды не оқи, не түсіндіре алмады. | |
Dani | Kaz | 5:9 | Бұған Белшазар одан бетер үрейленіп, жүзі құп-қу болып қуарып кетті. Оның басшы-ұлықтары да дал болып састы. | |
Dani | Kaz | 5:10 | Осы кезде қонақасы беріліп жатқан жерге патша мен оның басшы-ұлықтарының айтқандары туралы хабар алған патшайым кіріп келді. Ол былай деді:— Уа, патша, өміріңіз ұзақ болсын! Ой-пікірлеріңіз сізді абыржытпасын, бет-жүзіңіз де қуаң тартпасын. | |
Dani | Kaz | 5:11 | Патшалығыңызда киелі тәңірлердің рухы қонған бір адам бар. Атаңыздың көзі тірісінде сол кісінің тәңірлердікі сияқты ақыл-парасаты мен көрегендігінің бар екендігі анықталған болатын. Сол адамды атаңыз Набуходоносор патша сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылардың үстінен қарайтын басшы етіп тағайындаған еді. | |
Dani | Kaz | 5:12 | Менің айтып отырған адамым Набуходоносор патша Балташазар деп ат қойған Даниял деген кісі. Ол өте зерделі, білімді және көреген адам. Оның түс жоритын, жұмбақтарды түсіндіретін және қиын мәселелерді шеше алатын қабілеті де бар. Даниялды шақыртыңыз, ол мына жазудың мағынасын түсіндіріп береді. | |
Dani | Kaz | 5:13 | Сонда Даниял патшаның алдына әкелінді. Патша оған:— Атам Набуходоносор патша Яһуда елінен жер аударып алып келгендердің бірі — Даниял, осы сен емес пе едің? | |
Dani | Kaz | 5:14 | Сен туралы киелі тәңірлердің рухы саған қонған, әрі ақыл-парасатың мен көрегендігің ерекше деген мәлімет алдым. | |
Dani | Kaz | 5:15 | Мына жазуды оқып, түсіндіріп берсін деп алдыма келтірілген білімпаздар мен балгерлердің ешбірі соны істей алмады. | |
Dani | Kaz | 5:16 | Бірақ сені түрлі жайттардың мағыналарын түсіндіріп, қиын мәселелерді шешіп бере алады деп естідім. Егер мына жазуды оқып, оның мағынасын түсіндіріп берсең, үстіңе күрең қызыл шапан жауып, мойныңа алтын алқа тағып, сені патшалықтың үшінші билеушісі етіп тағайындаймын, — деді. | |
Dani | Kaz | 5:17 | Даниялдың жауабы мынау болды:— Маған сый беруге әуре болмай-ақ қойыңыз, тартуларыңызды басқа біреуге сыйлай беріңіз. Ал сізге мына жазуды оқып, мағынасын айтып берейін. | |
Dani | Kaz | 5:18 | Уа, патша, Алла Тағала атаңыз Набуходоносорға патшалық билік пен ұлылық, даңқ, қадір-құрмет пен салтанат сыйлаған еді. | |
Dani | Kaz | 5:19 | Осындай ұлылыққа ие болған атаңыздан күллі ұлттар, халықтар мен тілдердің адамдары дірілдеп қорқатын. Патша өзі қалаған кісілерін не өлімге кесіп, не тірі қалдырып отырды, әрі өз еркіне сай олардың дәрежелерін не көтеріп, не төмендететін. | |
Dani | Kaz | 5:20 | Бірақ жүрегі тым тәкаппар болып қасарысқан кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды. | |
Dani | Kaz | 5:21 | Ол адамдардың арасынан аластатылып, ақыл-есі өзгеріп, хайуандікіндей болып қалды. Сонда құландармен бірге даланы мекендеп, өгіз сияқты шөппен қоректеніп, шыққа малынып жүрді. Ол Алла Тағаланың пенделердің патшалықтарына үстемдік жүргізіп, оларға Өзі қалаған кісісін басшылыққа тағайындайтынын ұққанға дейін ол сондай күйінде қалды. | |
Dani | Kaz | 5:23 | Керісінше, Көктің Иесіне қарсы бас көтердіңіз! Оның киелі үйінен тонап алынған ыдыстарды алдыртып, солармен басшы-ұлықтарыңыз, әйелдеріңіз әрі кәнизактарыңызбен бірге шарап іштіңіз, оның үстіне күміс, алтын, қола, темір, ағаш және тастан жасалған, ештеңені көріп-естімейтін әрі түсінбейтін тәңірсымақтарды мадақтап отырдыңыз. Алайда өміріңіз бен барлық жолдарыңызды қолында ұстап отырған Құдайға ешқандай мадақтау айтқан жоқсыз! | |
Dani | Kaz | 5:26 | Олардың түсіндірмесі мынау: «мене» — «Құдай патшалығыңның күндерін санап, оны тоқтатты» дегенді, | |
Dani | Kaz | 5:28 | ал «перес» — «Патшалығың бөлініп, мидиялықтар мен парсыларға берілді» дегенді білдіреді. | |
Dani | Kaz | 5:29 | Сонда Белшазардың әмірі бойынша Даниялға күрең қызыл шапан жабылып, мойнына алтын алқа тағылды. Ол патшалықтың үшінші билеушісі деп жарияланды. | |
Chapter 6
Dani | Kaz | 6:1 | Дарий билік құрған бүкіл патшалығына жүз жиырма аймақ әміршісін тағайындауды жөн көріп, онысын жүзеге асырды да. | |
Dani | Kaz | 6:2 | Бұған қоса патшаның мүддесін көздеп, аймақ әміршілерінің үстінен қарап, есеп алып отыратын үш уәзірді де бекітті. Сол үш уәзірдің біреуі Даниял болды. | |
Dani | Kaz | 6:3 | Даниял (Құдайдың Рухы дарытқан) асқан қабілетінің арқасында өзге екі уәзір мен аймақ әміршілерінен озық шықты. Сондықтан патша оны бүкіл патшалықты басқарушы етіп қоюды ойлады. | |
Dani | Kaz | 6:4 | Сонда басқа уәзірлер әрі аймақ әміршілері Даниялды айыптауға сылтау іздей бастады. Бірақ Даниял сенімді болып, жұмысын ұқыпты атқарғандықтан, олар оны кінәлайтындай бірде-бір қате не заңсыздық таба алмады. | |
Dani | Kaz | 6:5 | Ақырында олар: «Оның сиынатын Құдайының бұйырған заңына қатысты болмаса, басқа жағынан ешқандай айып таба алмаймыз», — деп қорытты. | |
Dani | Kaz | 6:6 | Содан уәзірлер мен аймақ әкімдері бір айла тауып, патшаның алдына жиналып, былай деді:— Уа, Дарий патша, өміріңіз ұзақ болсын! | |
Dani | Kaz | 6:7 | Біз: патшалықтың уәзірлері, қолбасшылары, аймақ әміршілері, кеңесшілері және әкімдері бәріміз ақылдаса келіп, патша ағзам мынадай заңды қабылдап, жарлық шығарса, тиімді болар еді деген қорытындыға келдік: Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, уа, патша иеміз, бір тәңірге не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын! | |
Dani | Kaz | 6:8 | Осылайша, уа, патша ағзам, бұл жарлықты бекіте көріңіз. Мидиялықтар мен парсылардың ешқашан күшінен айырылмайтын заңына сәйкес оны ешкім өзгерте алмастай етіп жазбаша түрде шығарта көріңіз. | |
Dani | Kaz | 6:10 | Даниял мұны білсе де, бұрынғыдай күніне үш рет үйінің жоғарғы бөлмесіне көтеріліп, Иерусалимге қарай ашық тұрған терезенің алдына баратын. Сол жерде ол бұрын да істегеніндей тізерлеп отырып, сиынатын Құдайына мінажат етіп, Оны мадақтауын жалғастыра берді. | |
Dani | Kaz | 6:11 | Сонда оны көре алмайтындар жиналып, Даниялдың Құдайға сиынып, рақым көрсетуін сұрап тұрғанының үстінен түсті. | |
Dani | Kaz | 6:12 | Олар патшаның алдына барып, оның шығарған жарлығы туралы айта келіп:— Уа, патша! «Кімде-кім отыз күндік мерзім ішінде өзіңізге емес, бір тәңірге не пендеге бас ұрып, өтініш жасаса, сол адам арыстандардың апанына тасталсын!» деп жарлық шығармап па едіңіз? — деген сауал қойды. Патша:— Дұрыс, бұл жарлық мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес бекітілді, оны ешкім де өзгерте алмайды! — деп жауап берді. | |
Dani | Kaz | 6:13 | Сонда әлгілер:— Яһудадан жер аударылып келгендердің бірі — Даниял не сіздің өзіңізге, не шығарған жарлығыңызға пысқырып та қарамайды! Ол әлі де күніне үш рет өзінің Құдайына бас ұрып мінажат етіп келеді! — деп шағым айтты. | |
Dani | Kaz | 6:14 | Мұны естігенде патша өзіне-өзі қатты наразы болды. Ол Даниялды құтқаруға ниеттеніп, күн батқанға дейін оны қалай да аман қалдыруға тырысты. | |
Dani | Kaz | 6:15 | Алайда манағы қызметкерлер қайтадан патшаның алдына жиналып:— Уа, патша, есіңізден шығара көрмеңіз, мидиялықтар мен парсылардың заңына сәйкес, патша шығарған жарлық пен ережені ешқандай өзгертуге болмайды! — деп ескертті. | |
Dani | Kaz | 6:16 | Содан патшаның әмірімен Даниял әкелініп, арыстандар қамалған апанға тасталды. Патша соның алдында Даниялға: «Сен өз Құдайыңа үздіксіз қызмет етіп келдің. Енді Ол сені құтқара көрсін!» — деген тілегін білдірген еді. | |
Dani | Kaz | 6:17 | Ешкім Даниялды құтқарып алмас үшін, апанның аузы дәу таспен жабылып, патша тасқа өзінің және әміршілерінің мөрлерін басып, бекітті. | |
Dani | Kaz | 6:18 | Бұдан соң патша сарайына кетіп, көңіл көтеруге зауқы соқпай, тамақтан да ауыз тимеді, түнімен көз шырымын да алған жоқ. | |
Dani | Kaz | 6:20 | Апанға жақындап қалғанда мұңды дауыспен:— Ей, Даниял, тірі Құдайдың құлы! Өзің үздіксіз қызмет етіп келген Құдайың сені арыстандардан құтқара алды ма? — деп сұрады. | |
Dani | Kaz | 6:22 | Құдайым Өзінің періштесін жіберіп, арыстандардың аранын жауып тастап, олар мені ешқандай жарақаттаған жоқ. Өйткені Құдайдың алдында айыпсыз деп те табылдым. Уа, патшам, өзіңізге де ешбір зиян келтірген емеспін. | |
Dani | Kaz | 6:23 | Патша бұған қатты қуанып, Даниялды арыстандардың апанынан шығарып алуға бұйырды. Апаннан шыққан Даниялдың денесінен бірде-бір жарақат табылмады. Себебі ол өз Құдайына сенім артқан еді. | |
Dani | Kaz | 6:24 | Патша Даниялға тісін қайрап, жазықсыз кінә таққан адамдар туралы әмір шығарып, өздерін, әйелдері мен бала-шағаларын түгелдей арыстандардың апанына тастатты. Апанның түбіне жетпей жатып-ақ, арыстандар оларға бас салып, денелерінің мылжа-мылжасын шығарды. | |
Dani | Kaz | 6:25 | Содан соң Дарий жер бетіндегі әрбір халық, ұлт пен тілдің адамдарына мынадай хат жазып жолдады:«Барлығыңа амандықты молынан тілеймін! | |
Dani | Kaz | 6:26 | Былай деп жарлық шығарамын: патшалығымның күллі жерлерінде халық Даниялдың сиынатын Құдайынан қалтырап қорқып, Оны терең қастерлейтін болсын!Себебі Ол — тірі Құдай, мәңгілік жасайды,Оның Патшалығын ешкім жеңе алмайды,Әрі Оның билігі шексіз созылады! | |
Dani | Kaz | 6:27 | Құдай құтқарып, аман-есен қалдырады,Көк пен жерде керемет, ғажап істер қылады!Ол арыстандардың аранынан ДаниялдыҚұтқарып алып, аман-есен сақтап қалды!» | |
Chapter 7
Dani | Kaz | 7:1 | Белшазардың Бабыл еліне билік құрған бірінші жылы Даниял төсегінде жатқанда түсінде түрлі көріністер көрді. Содан ол түсінің мазмұнын жазып қалдырды. | |
Dani | Kaz | 7:2 | Онда Даниял былай деп баяндады:— Түнде көрген түсімде аспанның төрт бағытынан қатар соққан желдің ұлан-ғайыр теңіздің астан-кестенін шығарып, сапырып жатқанын көрдім. | |
Dani | Kaz | 7:4 | Біріншісінің сырт көрінісі арыстанға ұқсады, бірақ оның бүркіттің қанатындай қанаттары болды. Мен қарап тұрғанда қанаттары жұлынып тасталды. Айуан жерден көтеріліп, адам сияқты артқы екі аяғымен тұрғызылды. Бұған қоса оған адамдікіндей ақыл-сана да берілді. | |
Dani | Kaz | 7:5 | Тағы қарағанымда екінші айуанның көрінісінің аюға ұқсайтынын байқадым. Ол бір жағымен көтеріле бастаған еді. Аузында тістеген үш қабырға бар екен. Осы айуанға: «Орныңнан тұр да, бас салып, етті молынан жалмай бер!» — делінді. | |
Dani | Kaz | 7:6 | Содан кейін қарасам, қабыланға ұқсаған тағы бір айуан тұрды. Оның арқасында құстікі сияқты төрт қанаты бар екен, әрі төрт басы да болды. Осы айуанға билік жүргізу тапсырылды. | |
Dani | Kaz | 7:7 | Содан соң түнгі түсімде төртінші айуанды да көрдім. Ол өте қорқынышты, үрей туғызатын және асқан қуатты екен. Оның үлкен-үлкен темір тістері болды. Айуан алдына келгеннің бәрін жалмап, парша-паршасын шығарып, қалғанын аяқтарымен таптап жүрді. Ол бұған дейінгі барлық айуандардан өзгеше болды. Оның он мүйізі де бар еді. | |
Dani | Kaz | 7:8 | Сол мүйіздерге назар салғанымда, араларынан тағы бір кішкентай мүйіз шықты. Сонда оған орын босату үшін жаңағы мүйіздердің үшеуі түбімен жұлынып қалды. Осы мүйіздің адамдікіндей көздері және бөсіп мақтанған аузы болды. | |
Dani | Kaz | 7:9 | Мен қарап тұра бердім. Соңында тақтар орнатылып, «Мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағала» өз тағына отырды. Оның киімі мен шашы қардай аппақ, таза еді; отырған тағы лапылдап жанған оттан, ал тақтың дөңгелектері лаулаған жалыннан тұратын. | |
Dani | Kaz | 7:10 | Тақта Отырғанның алдынан отты өзен шығып, ағып жатты. Сан мыңдаған нөкерлер Оған қызмет етіп, он мыңдаған түмендер Оның еркін орындауға дайын тұрды. Бүкіл сот тақтарына отырып, арнайы кітаптар ашылды. | |
Dani | Kaz | 7:11 | Содан кейін мен бөсіп мақтанған сөздерін айтқан жаңағы мүйізбен не болатынына назар аудардым. Кенеттен көз алдымда сол төртінші айуан өлтіріліп, денесі лапылдап жанып тұрған отқа тасталып құртылды. | |
Dani | Kaz | 7:12 | Қалған айуандар билігінен айырылды, әйтсе де белгілі бір уақытқа дейін тірі қалдырылды. | |
Dani | Kaz | 7:13 | Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. | |
Dani | Kaz | 7:14 | Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды! | |
Dani | Kaz | 7:16 | Сол жерде тұрған нөкерлердің біріне жақындап келіп, осының бәрін жорып беруін өтіндім. Сонда ол солардың шынайы мағынасын түсіндіріп айтып берді: | |
Dani | Kaz | 7:18 | Бірақ Алла Тағалаға бағышталған адамдар патшалық билікті қабылдап алып, соған мәңгілік, иә, мәңгі бақи ие болады!» | |
Dani | Kaz | 7:19 | Содан кейін мен басқалардан өзгеше, аса қорқынышты төртінші айуан туралы білгім келді. Ол темір тістерімен, қола шеңгелімен олжаларын езіп, жалмап, қалғандарын аяғымен таптайды екен. | |
Dani | Kaz | 7:20 | Мен тағы сол айуанның басындағы он мүйіз туралы, әрі кейін солардың үшеуін түсіріп тастап, орнына өсіп шыққан жаңа мүйіз туралы да білгім келді. Соның көздері және бөсіп мақтанған аузы болды. | |
Dani | Kaz | 7:21 | Мен қарап тұрғанда осы мүйіз Құдайға бағышталған адамдарға қарсы соғыс бастап, оларды жеңіп отырды. | |
Dani | Kaz | 7:22 | Бірақ соңында мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағала келді. Сонда Өзіне бағышталған адамдарды қолдаған үкім шығарылды. Осылай Тәңір Тағалаға бағышталған адамдардың патшалық билікті иемденетін уақыты жетті. | |
Dani | Kaz | 7:23 | Әлгі нөкер маған тағы мына түсіндірмені де берді: «Төртінші айуан жер бетінде кейінірек пайда болатын патшалықты білдіреді. Ол басқа патшалықтардың бәрінен өзгеше болып, бүкіл жер бетін таптап, талқандап, жалмап қояды. | |
Dani | Kaz | 7:24 | Оның он мүйізі осы патшалықтан шығатын он патшаны бейнелейді. Кейін олардан өзгеше тағы бір патша пайда болып, патшалардың үшеуін өзіне бағындырып алады. | |
Dani | Kaz | 7:25 | Сол патша Алла Тағалаға қарсы сөйлеп, Оған бағышталған адамдарды жәбірлеп қалжырататын болады. Ол Құдайдың Тауратта белгілеген мейрамдары мен заңдарын өзгертуге ұмтылады. Құдайға бағышталған жандар бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге оның қол астына беріледі. | |
Dani | Kaz | 7:26 | Алайда сот жүргізілгенде сол зұлым патша билігінен айырылып, үстемдігі біржолата жойылып, құртылады. | |
Dani | Kaz | 7:27 | Содан соң аспан астындағы бүкіл патшалықтардың билігі, құдіреті және салтанатты ұлылығы Құдай Тағалаға бағышталған халыққа тапсырылады. Оның Патшалығы мәңгілікке орнайды. Билеуші атаулының бәрі де Оған сиынып, мойынсұнатын болады». | |
Chapter 8
Dani | Kaz | 8:1 | Бірінші көріністен кейін, Белшазар патшаның билік құрған үшінші жылы, тағы бір көріністі көрдім. | |
Dani | Kaz | 8:2 | Сол көріністе мен Елам аймағындағы Сузы қорғанында, Улай өзенінің жағасында тұр екенмін. | |
Dani | Kaz | 8:3 | Айналама көз салсам, өзен жағасында тұрған қос мүйізді қошқарды байқадым. Оның екі мүйізі де ұзын, ал біреуі екіншісінен ұзындау екен. Сол ұзындауы кейінірек өсіп шыққан болатын. | |
Dani | Kaz | 8:4 | Қошқар батыс, солтүстік пен оңтүстікке қарай сүзгілеп айбат шегіп тұрды. Ешбір жануардың оған қарсы тұруға күш-қуаты жетпеді де, оның құдіретінен құтқаратын ештеңе болмады да. Содан қошқар қалағанын істеп, айбаттанып кетті. | |
Dani | Kaz | 8:5 | Мен бұған қарап, ойланып тұрдым. Сол сәтте екі көзінің арасында шодырайған дәу мүйізі бар бір теке тұяғын жерге тигізбейтіндей жылдамдықпен батыстан бүкіл жер бетімен өтіп бара жатты. | |
Dani | Kaz | 8:6 | Теке мен бұрынырақ өзен жағасында көрген қос мүйізді қошқарға қарай бет алып, оған барлық қаһарлы күшімен тап берді. | |
Dani | Kaz | 8:7 | Осылай теке қошқарға бас салып, оның екі мүйізін де сындырып тастады. Текеге қарсы тұруға қошқардың қауқары жетпей, теке оны жерге құлатып, таптай бастады. Қошқарды текеден құтқара алатын ешкім де болмады. | |
Dani | Kaz | 8:8 | Содан теке тіпті айбаттанып, асқақтап кетті. Бірақ әбден күшейді деген кезде оның дәу мүйізі сындырылды. Оның орнына аспанның төрт бағытын меңзеген төрт шодырайған дәу мүйіз өсіп шықты. | |
Dani | Kaz | 8:9 | Солардың бірінен тағы бір кішкентай мүйіз өсіп шығып, күш-қуаты артып, оңтүстікке, шығысқа және «көрікті елге» қарай ұлғая берді. | |
Dani | Kaz | 8:10 | Оның құдіреті тіпті аспанға дейін жетіп, «көктің әскеріне» бас салды. Солардың кейбіреулерін жерге лақтырып, аяғымен таптады. | |
Dani | Kaz | 8:11 | Ол тіпті «көктің әскерінің» Басшысы — Құдайға қарсы шығуға дейін күшейіп кетті. Құдайға арнап күнделікті құрбандық ұсынуға тыйым салып, Оның киелі үйін арамдады. | |
Dani | Kaz | 8:12 | Алайда «көктің әскеріне» оны сол күнәсі үшін жоюға рұқсат берілмеді. Соның нәтижесінде ғибадатхананың рәсімдері арамданып, шындық аяқ асты етілді. Бұл мүйіз осындай істерінің бәрінде табысты болды. | |
Dani | Kaz | 8:13 | Содан соң мен екі қасиетті періштенің өзара сөйлесіп, біреуінің былай деп сұрағанын естідім:— Осы көріністе көрсетілген оқиғалар орындалғанға дейін қанша уақыт өтпек? Күнделікті құрбандық ұсынуды тоқтатып, киелі үйді арамдап бос қалдырған бас көтеру қашанға дейін созылмақ? Киелі үй мен «көктің әскері» қашанғы аяқ асты етілмек? — | |
Dani | Kaz | 8:14 | Екінші періштенің жауабы мынау болды:— Бұл екі мың үш жүз кеш пен таңға созылады. Содан кейін киелі үй қайтадан арамдықтан тазарып, Құдайға бағышталады! | |
Dani | Kaz | 8:15 | Мен, Даниял, осы көріністі көріп, оны түсінуге тырысып отырғанымда, кенеттен алдымда ер адамға ұқсас біреу пайда болды. | |
Dani | Kaz | 8:16 | Сонда Улай өзені жағынан: «Жәбірейіл, мына адамға көріністің мағынасын түсіндіріп айтып берші!» — деген біреудің дауысын естідім. | |
Dani | Kaz | 8:17 | Жәбірейіл мен тұрған жерге жақындап келгенде, қатты қорқып, иіліп, жерге етпетіммен жата кеттім. Ол маған: «Ей, пенде, бұл көріністің сол ауыр заманның ақыр соңы жайында екенін біліп қой», — деді. | |
Dani | Kaz | 8:18 | Жәбірейіл маған сөйлеп тұрған кезде мен есімнен танып, етпеттей жатқан едім. Ол маған қолын тигізіп, мені оятып, орнымнан тұрғызды. | |
Dani | Kaz | 8:19 | Содан соң Жәбірейіл былай деді: «Мен саған кейінірек, Құдайдың қаһарлы үкімі шығарылатын кезде, не болатынын айтпақшымын. Өйткені бұл аян сол ауыр заманның алдын ала белгіленген ақыр соңы жайында. | |
Dani | Kaz | 8:21 | Сабалақ жүнді теке — Грекия патшалығын, ал текенің екі көзінің арасындағы дәу мүйізі — сол патшалықтың алғашқы патшасын бейнелейді. | |
Dani | Kaz | 8:22 | Ал сынып қалған мүйіздің орнына шыққан төрт мүйіз — оның халқынан пайда болатын төрт патшалықты білдіреді. Бірақ солардың күштері онікімен тең келмейтін болады. | |
Dani | Kaz | 8:23 | Осы патшалықтардың билігінің соңғы кезеңінде, яғни (Құдайға қарсы) бас көтерушілер зұлымдыққа әбден бой алдырған кезде, айлакерлігі асқан бір арсыз патша шығады. | |
Dani | Kaz | 8:24 | Ол қатты күшейеді, бірақ өзінің күш-қуатымен емес. Сол арсыз патша таңғалдыратындай ғаламат ойран туғызып, не істегісі келсе де, сонысын жүзеге асырып отырады. Патша күшті басшыларды әрі Құдайға бағышталған халықты ойрандап кетеді. | |
Dani | Kaz | 8:25 | Әлгі патша асқан ақылдылықпен алдамшы жоспарларын жүзеге асырып, асқақтап мақтанатын болады. Патша алаңсыз отырған көптеген адамды қырып-жойып, тіпті әміршілердің Әміршісі — Құдайдың Өзіне қарсы бас көтереді. Алайда ол құритын болады, бірақ құруы адам баласының қолынан болмайды. | |
Dani | Kaz | 8:26 | Жаңағы көріністе (екі мың үш жүз) күн мен түн туралы берілген мәлімет нағыз шындық. Алайда аян алыс болашақта ғана орындалатын оқиғалар туралы болғандықтан, сен оны мөрлеп сақтап қой!» | |
Chapter 9
Dani | Kaz | 9:2 | Сол кезде мен, Даниял, Киелі жазбаларды оқып жатқанда Жаратқан Иенің Еремия пайғамбарға жеткізген хабарынан Иерусалимнің қаңырап бос қалуының жетпіс жылға созылуға тиіс екенін ұқтым. | |
Dani | Kaz | 9:3 | Содан мен Құдай Иеге ерекше бет бұрып сиынып мінажат еттім. Қатты қайғырып ораза ұстадым, азалы киім киіп, басыма күл сеуіп Оның рақым етуін сұрап жалбарындым. | |
Dani | Kaz | 9:4 | Құдайым Жаратқан Иеге сиынып тұрып былай деп күнәларымызды мойындадым:«Уа, Тәңір Ием, ұлы да айбынды Құдай! Сен Өзіңді сүйіп, тапсырған өсиеттеріңді ұстанатындарға Келісіміңдегі уәделеріңді адалдықпен орындап, мызғымас мейіріміңді көрсетесің! | |
Dani | Kaz | 9:5 | Біз (исраилдіктер) күнә жасап, іс-әрекетіміз әділетсіз болып келді. Біз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтердік, бұйырған өсиеттерің мен заңдарыңнан бас тарттық. | |
Dani | Kaz | 9:6 | Патшаларымызға, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызға, жалпы, еліміздің бүкіл халқына Сенің хабарларыңды жеткізген қызметшілерің — пайғамбарларды да тыңдамай кеттік. | |
Dani | Kaz | 9:7 | Уа, Жасаған Ие, Сен әділсің, ал бүгінгі күні біз қара бет болдық. Бәріміз де — Яһуда мен Иерусалимнің адамдары әрі алыстағы да, жақындағы да бүкіл Исраил халқы Саған опасыз болғандықтан, әр түрлі елдерге тарап кетіп, ұятқа қалып отырмыз. | |
Dani | Kaz | 9:8 | О, Тәңір Ием, Өзіңе қарсы күнә жасағанымызға бола барлығымыз да, патшаларымыз, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызды қоса, түгелдей қара бет болдық. | |
Dani | Kaz | 9:10 | мойынсұнбадық. Құдайымыз Жаратқан Ие, Өзіңнің қызметшілерің — жіберген пайғамбарларың арқылы берген тәліміңнің тура жолымен жүрген де жоқпыз. | |
Dani | Kaz | 9:11 | Осылайша біз, бүкіл Исраил халқы, Сенің Таураттағы заңдарыңды бұзып, Саған мойынсұнудан бас тартып, сырт айналып кеттік.Сондықтан да күнә жасап келген біздің басымызға Құдайдың қызметшісі Мұса ежелде Тауратта жазып қалдырған қарғысқа және антпен бекітілген жазаға ұшырадық. | |
Dani | Kaz | 9:12 | Өзіңнің бізге және билеушілерімізге айтқан сөздеріңді жүзеге асырып, бізді ғаламат апатқа душар еттің. Иерусалимнің басына түскендей ауыр апат бұрын-соңды аспан астында болған емес. | |
Dani | Kaz | 9:13 | Мұса Тауратта алдын ала жазып қалдырғандай, сол ауыр апат түгелдей басымызға түсті. Солай болса да, біз күнәларымыздан бас тартып, Құдайымыз Жаратқан Иенің шынайы ілімін ұғынуға көңіл бөлген жоқпыз, әрі Оның рақым көрсетуін сұрап жалбарынбадық. | |
Dani | Kaz | 9:14 | Осылайша Жаратқан Ие Өзі алдын ала білдірген осы қасіреттерді бізге жіберді, себебі Оның айтқандарына құлақ асқан жоқпыз. Ал Құдайымыз Жаратқан Ие Өзінің бүкіл іс-әрекетінде әділ. | |
Dani | Kaz | 9:15 | Уа, Құдай Иеміз, Сен ежелде халқыңды құдіретті қолыңмен Мысырдан құтқарып алып шықтың. Соған бола Сенің даңқың күні бүгінге дейін жер бетіне жайылып келеді. Алайда біз күнә жасап, жамандыққа салынып келеміз. | |
Dani | Kaz | 9:16 | Уа, Жасаған Ие, Өзіңнің адалдығың мен мейіріміңе бола таңдаған қалаң Иерусалимге және Өзіңе бағыштаған Сион тауыңа деген қаһарлы ашуыңнан қайта гөр! Біздің күнәларымыз әрі ата-бабаларымыздың әділетсіз істері Иерусалимді және Өзіңнің халқыңды айналамыздағы барлық халықтардың мазағына айналдырды. | |
Dani | Kaz | 9:17 | Ал енді, уа, Құдайымыз, мендей қызметшіңнің мінажаттары мен өтініштеріне құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, қаңырап бос тұрған киелі үйіңе өз даңқың үшін қайтадан оң көзіңмен қарай гөр! | |
Dani | Kaz | 9:18 | Уа, Құдайым, құлағыңды бұрып, назар аудара гөр! Өз атыңмен аталған қаланың қаңырап бос жатқанына көз сала гөр! Біз өз әділдігімізге емес, тек Сенің орасан рақымыңа ғана сүйеніп Өзіңе өтініш жасаймыз. | |
Dani | Kaz | 9:19 | Уа, Жасаған Ие, құлақ сала гөр! О, Тәңір Ие, кешіре гөр! Уа, Ием, үнімізді естіп, өтінішімізге жауап бере гөр! Өз даңқың үшін, уа, Құдайым, оны ұзаққа соза көрме! Өйткені Өзіңнің қалаң да, халқың да Сенің атыңмен аталған». | |
Dani | Kaz | 9:20 | Мен осылай деп мінажат етіп, Құдайым Жаратқан Иенің алдында өз күнәм мен халқым Исраилдің күнәсін мойындап, Құдайыма бағышталған қасиетті Сион тауы үшін жалбарынып тұрдым. | |
Dani | Kaz | 9:21 | Мен сиынып жатқан сол кезде-ақ алғашқы көріністе адам кейпінде көрген Жәбірейіл періште лезде ұшып келді. Бұл кешкі құрбандық ұсынылатын уақыттың шамасы еді. | |
Dani | Kaz | 9:22 | Жәбірейіл маған былай деп тәлім берді:— Ей, Даниял, бұл жолы мен саған түсінік пен білім беру үшін келдім. | |
Dani | Kaz | 9:23 | Сен жалбарына бастаған кезде-ақ жауап берілген еді. Қазір соны саған жеткізуге келіп отырмын, себебі сен Құдайға өте ұнамдысың. Сондықтан мынаған көңіліңді бөліп, көріністің мағынасын ұғып ал: | |
Dani | Kaz | 9:24 | Сендердің әділетсіз істеріңді тоқтатып, күнә жасауларыңды қойдырып, өздеріңді зұлымдықтың арамдығынан тазарту үшін, әрі мәңгілік әділдікті әкеліп, аяндар мен пайғамбарлық сөздерді бекітіп, киелі үйдегі ең қасиетті бөлімді қайтадан Құдайға бағыштау үшін сенің халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпіс рет «жеті кезең» белгіленген. | |
Dani | Kaz | 9:25 | Сондықтан мынаны ұғып, біліп ал: Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық шыққан кезден бастап, Құдай тағайындаған Билеуші келетін уақытқа дейін жеті рет «жеті кезең» және алпыс екі рет «жеті кезең» өтеді. Қала өзінің алаңы, айналасындағы қамалымен бірге қайтадан салынады, бірақ бұл қиын-қыстау кезеңде болады. | |
Dani | Kaz | 9:26 | Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі, Оның қолында түк жоқ болып қалады. Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады. | |
Dani | Kaz | 9:27 | Билеуші бір «жеті кезеңге» халықтың көпшілігімен келісім жасап бекітеді. Сол бір «жеті кезеңнің» ортасында ол Құдай Тағалаға арнап құрбандық пен сый-тарту ұсынуды тоқтатады әрі ғибадатхананың бір бөлігінде қаңырап бос қалдыратын жиренішті бір нәрсені орнатқызады. Зұлым билеушіге белгіленген қаһарлы жаза оның басына төгілгенше осы жиренішті нәрсе сол жерде тұра беретін болады. | |
Chapter 10
Dani | Kaz | 10:1 | Парсы патшасы Кирдің Бабылға билік құрған үшінші жылы Белшазар деп те аталған Даниялға Құдайдың хабары жетті. Осы шынайы хабар үлкен соғыс, ауыр кезең туралы болды. Даниял бір көрініс көріп, сол хабар туралы түсінік алып, мәнін ұқты. | |
Dani | Kaz | 10:3 | дәмді тағамдардан, ет пен шараптан бас тарттым. Сонымен қатар толық үш апта бойы денеме иісмай жақпадым. | |
Dani | Kaz | 10:4 | Бірінші айдың жиырма төрті күні үлкен дарияның, яғни Тигр өзенінің, жағасында тұр екенмін. | |
Dani | Kaz | 10:5 | Басымды көтеріп қарсы алдыма көз салсам, ақ бәтестен киім киген, белін саф алтын белбеумен буған біреуді көрдім. | |
Dani | Kaz | 10:6 | Оның денесі зүбәржат атты жылтыраған асыл тас сияқты, жүзі найзағайдың жарқылындай, көздері жалындаған алаулар іспетті, қол-аяғы жылтыратылған қоладай жалтырап тұрды. Ал даусы үлкен тобырдың даусындай гүрілдеді. | |
Dani | Kaz | 10:7 | Сол көріністі жалғыз мен, Даниял, ғана көрдім. Қасымда болған адамдар оны көрген жоқ, бірақ олар зәрелері ұшып, қашып, тығылып қалды. | |
Dani | Kaz | 10:8 | Осылай жалғыз қалған мен осы ұлы көріністен көз алмадым. Қатты әлсіреп, өңім құп-қу болып, дәрменсіз қалдым. | |
Dani | Kaz | 10:9 | Мұнан кейін әлгі хабаршының сөйлеген даусын естідім. Естіген кезде мен есімнен танып, жерге етпеттей жата кеттім. | |
Dani | Kaz | 10:11 | Сол хабаршы былай деді:— Уа, Даниял, Құдайға өте ұнамды жан, айтатын сөздерімді мұқият тыңдап, ұғып ал! Мен саған жіберілдім, енді түрегел! — Ол осыны айтып жатқанда мен дірілдеп орнымнан тұрдым. | |
Dani | Kaz | 10:12 | Содан соң ол сөзін жалғастырып былай деді:— Қорықпа, Даниял. Себебі сен сол мәселені түсінуге ұмтылып, Құдайыңа мойынсұнып сиына бастаған алғашқы күні-ақ мінажатың Құдайдың құлағына жеткен еді. Мен осында сол мінажатыңа бола келіп отырмын. | |
Dani | Kaz | 10:13 | Ал парсы патшалығының рухани әміршісі маған жиырма бір күн бойы қарсы шығып, жолымды бөгеді. Сонда бас періштелердің бірі, Михайл, маған көмекке келді. Себебі парсы патшасы мені жібермей бөгеп жатты. | |
Dani | Kaz | 10:14 | Енді мен саған келешекте халқыңмен не болатынын түсіндіруге келдім. Сен көретін көрініс алдағы заманға қатысты. | |
Dani | Kaz | 10:16 | Кенеттен адам баласына ұқсаған біреу ерніме саусағын тигізді. Сонда мен алдымда тұрған хабаршыға былай дей бастадым:— Мырзам, мен көрген көріністен қатты қиналып, әбден дәрменсіз болып қалдым. | |
Dani | Kaz | 10:17 | Қалайша мен, жай пендеңіз, сізбен сөйлесе аламын, мырзам? Күш-қуаттан айырылып, демімді әзер алып тұрмын. — | |
Dani | Kaz | 10:18 | Сонда адам баласына ұқсаған әлгі хабаршы маған тағы да саусағын тигізіп, күш-қуат дарытты да былай деді: | |
Dani | Kaz | 10:19 | — Еш нәрседен қорықпа, Құдайға ұнамды жан! Аман-есен, күшті де батыл бол! — Ол маған осылай айтып тұрған кезде күш-қуатым артып, оған былай дедім:— Мырзам, сіз маған күш-қуат дарытқандықтан, айтпақ болғандарыңызды айта беріңіз! — | |
Dani | Kaz | 10:20 | Оның жауабы мынау болды:— Менің өзіңе неге келгенімді білесің бе? Жуырда мен Персияның рухани әміршісімен күресуге қайтып барамын. Мен кеткеннен кейін Грекияның рухани әміршісі де келетін болады. | |
Chapter 11
Dani | Kaz | 11:1 | Мен де Михайлды мидиялық Дарийдің билік құрған бірінші жылынан бастап қолдап-қорғап келемін. | |
Dani | Kaz | 11:2 | Ал енді, мен саған болашақта шынымен орын алатын оқиғаларды көрсетемін. Персияда тағы үш патша билік құрады, ал төртіншісі бұрынғылардан әлдеқайда бай болады. Ол сол байлығымен күш жинап, барлық адамдарын Грекия патшалығына қарсы аттандырады. | |
Dani | Kaz | 11:3 | Бұдан кейін (Грекияда) бір ерекше мықты патша пайда болады. Ол зор күшпен билік құрып, өз қалауымен іс-әрекет жасайды. | |
Dani | Kaz | 11:4 | Алайда әбден күшейген кезде оның патшалығы түп-тамырымен жұлынып, ыдырап, төртке бөлініп кетеді. Оның билігі басқаларға беріліп, өзінің ұрпақтарына бұйырмайды. Патшалықтың бұрынғы күш-қуаты да қалмайды. | |
Dani | Kaz | 11:5 | Сол тұста оңтүстіктегі елдің (яғни Мысырдың) патшасы күшейеді. Бірақ (өлген грек патшасының) бір қолбасшысы Мысыр патшасынан да күшті болып, оның билігі әлдеқайда үлкейіп кетеді. | |
Dani | Kaz | 11:6 | Бірнеше жылдан соң екеуі одақтасып, келісімдерін бекіту үшін Мысыр патшасы өз қызын солтүстіктің патшасына ұзатады. Бірақ сол ханым ықпалынан айырылып, күйеуінің өзі де, оның күш-қуаты да ұзаққа жетпейді. Сол кездерде ханымның өзі мен еріп келген нөкерлері, оның әкесі және ханымды жақтаған күйеуі де бақытсыздыққа ұшырайды. | |
Dani | Kaz | 11:7 | Кейін ханымның әулетінен шыққан біреу Мысырға билік құрады. Ол солтүстіктің патшасының әскеріне қарсы аттанып, оның қамалына басып кіріп, жеңіске жетеді. | |
Dani | Kaz | 11:8 | Мысыр патшасы солтүстік патшалығының жалған тәңірлерін, қола мүсіндерін және бағалы алтын, күміс бұйымдарын олжалап, өз еліне алып кетеді. Содан ол бірнеше жыл бойы солтүстік патшасына тыныштық береді. | |
Dani | Kaz | 11:9 | Ал кейінірек солтүстіктің патшасы Мысыр патшалығына шабуыл жасайды, бірақ өз еліне қайта оралуға мәжбүр болады. | |
Dani | Kaz | 11:10 | Оның ұлдары да соғысқа дайындалып, үлкен қарулы күш жасақтайды. Сол әскер асып-тасыған судай елді басып алып, Мысыр патшасының қорғанына дейін жетеді. | |
Dani | Kaz | 11:11 | Қатты қаһарланған Мысыр патшасы қарсы аттанып, солтүстіктің патшасына бас салады. Оның жинаған үлкен әскері Мысыр патшасының қолына түседі. | |
Dani | Kaz | 11:12 | Мысыр патшасы сол әскерді қолға түсіріп, айдап әкеткеніне өркөкіректеніп, сан мыңдаған адамдарды құртады. Бірақ оның жеңісі ұзаққа созылмайды. | |
Dani | Kaz | 11:13 | Себебі солтүстіктің патшасы бұрынғыдан да үлкен әскер жинап, бірнеше жылдан кейін толықтай жарақтанған қуатты әскерімен оған қайтадан шабуыл жасамақ. | |
Dani | Kaz | 11:14 | Сол кездері көп адамдар Мысыр патшасына қарсы бас көтереді. Сонда сенің халқыңның арасынан да кейбір қатал бүлікшілер көріністі жүзеге асыру үшін бас көтереді. Бірақ олар жеңіледі. | |
Dani | Kaz | 11:15 | Ал солтүстіктің патшасы әскерімен аттанып келіп, Мысырдағы жақсы бекінген қаланы қоршауға алып, топырақтан биік етіп үймек жасап, қаланы басып алады. Мысыр әскерінің, тіпті ең таңдаулы бөлімдерінің де жауға тойтарыс беретін еш қауқары қалмайды. | |
Dani | Kaz | 11:16 | Осылайша басқыншы қалағандарын істеп, оған қарсы тұратын ешбір адам болмайды. Ол «көрікті елге» қосын тігіп, зорлық-зомбылық көрсетеді. | |
Dani | Kaz | 11:17 | Солтүстіктің патшасы бүкіл мемлекетінің күш-қуатымен Мысырға аттануға бел буып, сол елмен одақтасу шарттарын алға қойып, жүзеге асырады. Мысыр патшалығын тәуелсіздігінен біржолата айыру үшін оның патшасына өз қызын береді. Бірақ бұл жоспары табыссыз болып, онысынан еш нәтиже шықпайды. | |
Dani | Kaz | 11:18 | Кейін солтүстіктің патшасы теңіз жағалауларындағы елдерге аттанып, көп адамды қолға түсіреді. Алайда бір қолбасшы патшаның көрсеткен зорлық-зомбылығын тоқтатып, солардың есесін қайтарады. | |
Dani | Kaz | 11:19 | Содан солтүстіктің патшасы өз елінің бекіністеріне қарай беттейді, бірақ ол жеңіліп, із-түзсіз құрып кетеді. | |
Dani | Kaz | 11:20 | Оның мұрагері таққа отырғаннан кейін, патшалық салтанатқа қаржы жетерлік болу үшін алым-салық жинайтын қанаушыны қол астындағы елдерін аралатып жібереді. Ал азғана уақыттан кейін патша не соғыста емес, не халықтың қаһарынан емес, күтпеген жерден мерт болады. | |
Dani | Kaz | 11:21 | Оның орнына патшалық қадір-құрмет бұйырылмаған бір жексұрын адам солтүстік патшалыққа билік құрады. Ол бейбіт кезде барып, патшалықты айлакерлікпен қолына түсіріп алады. | |
Dani | Kaz | 11:22 | Оған ұлан-ғайыр қарулы күштер қарсы тұра алмай, олар да, онымен келісім жасасқан билеуші де күйреп, ғайып болады. | |
Dani | Kaz | 11:23 | Сол жексұрын патша келісім жасағанмен, қулық-сұмдықпен әрекет етеді, әрі азғана адамдардың қолдауымен күшейіп алады. | |
Dani | Kaz | 11:24 | Патша ата-бабалары істеп көрмеген зұлымдықты істеп, бейбіт жатқан құнарлы, бай аймақтарға кенеттен басып кіреді. Олжалап қолға түсірген дүние-мүлікті нөкерлеріне үлестіріп береді. Ол қамалды қалаларға қарсы айлалы жоспар құрса да, онысы ұзаққа созылмайды. | |
Dani | Kaz | 11:25 | Кейінірек ол батылы барып, Мысырдың патшасына қарсы үлкен әскер аттандырады. Мысыр патшасы әлдеқайда үлкен де қуатты әскерімен аттанып, соғысса да, оның тойтарыс беретін шамасы болмайды. Себебі өзіне қарсы астыртын әрекеттер жасалмақ. | |
Dani | Kaz | 11:26 | Дастарқанынан дәм татқан өз адамдары оған сатқындық жасайды. Содан Мысыр патшасының әскері күйреп, көптеген жасақшысы қаза табады. | |
Dani | Kaz | 11:27 | Бұдан кейін екі патша бір дастарқанның басында отырып, іштей бір-біріне жамандық ойлап, жалғандық айтады. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпайды. Себебі Құдай белгілеген уақытта істің соңы болады. | |
Dani | Kaz | 11:28 | Солтүстіктің патшасы еліне көп байлықпен қайта оралады. Жолшыбай ол Құдай қасиетті Келісімін жасаған Исраил халқына қастық ойлап, сонысын іске асырады да, өз еліне қайтады. | |
Dani | Kaz | 11:29 | Кейін уақыты келгенде солтүстіктің патшасы қайтадан Мысырға аттанып, басып кіреді. Бірақ бұл жорығы бұрынғысындай табысты болмайды. | |
Dani | Kaz | 11:30 | Себебі теңіздің батыс жағалауларындағы елден кемелер оған қарсы шығады. Содан солтүстіктің патшасы батылдығынан айырылып, еліне қарай кері шегінеді. Қатты ашуланған ол Құдаймен қасиетті Келісім жасаған Исраил халқына қаһарын төкпек болады. Сондықтан ол өз еліне қайта оралып бара жатқанда, қасиетті Келісімнен бас тартқандарға ықылас танытып, дем береді. | |
Dani | Kaz | 11:31 | Бірақ оның жіберген жасақшылар бөлімі қамалмен бекінген киелі үйге басып кіріп, оны арамдайды. Олар Құдайға арналған күнделікті құрбандық шалуды тоқтатып, киелі үйде оны қаңыратып бос қалдыратын жексұрын нәрсені орнатады. | |
Dani | Kaz | 11:32 | Солтүстіктің патшасы қасиетті Келісімді бұзғандарға жағымпазданып, оларды арамдыққа бұрынғыдан бетер еліктіреді. Алайда Құдайға сенімділер нығая түсіп, оған қарсы тұрады. | |
Dani | Kaz | 11:33 | Халық арасындағы даналар көп адамға түсінік береді. Бірақ едәуір уақыт бойы олар қатты қудаланып, семсердің жүзінен не өрттен шейіт болады немесе құлдыққа түсіп не тоналып жүреді. | |
Dani | Kaz | 11:34 | Олар сондай азап шеккенде адамдардан біраз көмек көрсе де, өздеріне қосылғандардың көбінің ниеттері адал болмайды. | |
Dani | Kaz | 11:35 | Ал (Құдайға сенімді) даналардың арасындағы бірнешеуі шейіт болады. Сол арқылы олар сынақтан өтіп, осы ауыр кезеңнің соңына дейін тазарып, ақталады. Себебі сол кезеңнің Құдай белгілеген соңы келгенше әлі де біраз уақыт бар. | |
Dani | Kaz | 11:36 | Солтүстіктің әлгі патшасы өз бетімен жүріп, тым паңданады. Сонда ол өзін әрбір тәңірден де жоғарымын деп санап, тіпті «тәңір» атаулының үстіндегі Құдайдың Өзіне қарсы небір балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкімін жүзеге асырғанша бұл патша онысымен табысты болады. Себебі сол алдын ала белгіленген оқиғалар орындалуға тиіс. | |
Dani | Kaz | 11:37 | Патша не өз ата-бабалары сиынған (жалған) тәңірлерге, не әйелдер ұнатқан біреуіне, не басқа да тәңірге құрмет көрсетпей, өзін-өзі бәрінен де жоғары қоятын болады. | |
Dani | Kaz | 11:38 | Олардың орнына патша «қамалдардың тәңіріне» табынып, ата-бабалары танымаған сол тәңірсымақты алтын, күміс, асыл тас және өзге де әр түрлі қымбат сыйлықтармен дәріптейді. | |
Dani | Kaz | 11:39 | Патша ең қуатты қамалдарды сол бөтен тәңірсымақтың көмегімен басып алады. Өзіне мойынсұнғандарға ерекше сый беріп, оларды көптеген халықтың үстінен басқарушы етіп қойып, жерді ақшаға сататын болады. | |
Dani | Kaz | 11:40 | Сол заманның ақырында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бірақ солтүстіктің патшасы өзінің жарақталған соғыс күймелерімен, атты әскерімен және көптеген әскери кемесімен оған қарсы құйындай шүйіледі де, көптеген елдерді жаулап алып, топан судай жайпап өтеді. | |
Dani | Kaz | 11:41 | Ол «көрікті елге» де басып кіреді. Көп халық жеңіледі, ал Едом мен Моаб және Аммонның әміршілері оның қолынан сытылып кетеді. | |
Dani | Kaz | 11:42 | Солтүстіктің патшасы тағы басқа елдерге де билік құрып, Мысыр патшалығы да одан құтыла алмайды. | |
Dani | Kaz | 11:43 | Патша Мысырдың алтын-күмісіне және өзге де бүкіл қазыналарына ие болып, либиялықтар мен құштықтар да оған мойынсұнып, соңынан еретін болады. | |
Dani | Kaz | 11:44 | Бірақ патшалығының солтүстік және шығыс аймақтарынан келген суық хабарлар оны алаңдатады. Содан патша долданған күйі көптеген адамдарды құртып, ойрандау үшін сонда кетеді. | |
Chapter 12
Dani | Kaz | 12:1 | Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады. | |
Dani | Kaz | 12:2 | Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады. | |
Dani | Kaz | 12:3 | Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады. | |
Dani | Kaz | 12:4 | Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.) | |
Dani | Kaz | 12:5 | Бұдан кейін мен, Даниял, қарасам, басқа екі хабаршы пайда болыпты: біреуі өзеннің бір жағасында, екіншісі қарама-қарсы жағасында тұр екен. | |
Dani | Kaz | 12:6 | Солардың біреуі үстіне ақ бәтес киім киген. Ол өзен суының үстінде тұрған басқа хабаршыдан:— Осы таңғаларлық ғажап оқиғалар жүзеге асқанға дейін қанша уақыт өтуге тиіс? — деп сұрады. | |
Dani | Kaz | 12:7 | Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:— Бұның бәрі бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге созылады! Құдайға бағышталған халықтың күші түбегейлі күйрегенде осы оқиғалар аяқталады! | |
Dani | Kaz | 12:8 | Мен оның айтқанын естісем де, түсінбедім. Сондықтан мен одан:— Мырзам, мұның бәрінің соңы не болар екен? — деп сұрадым. | |
Dani | Kaz | 12:9 | Хабаршының жауабы мынау болды:— Даниял, өз жолыңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейін жабылып, сақталып әрі мөрленіп бекітілген. | |
Dani | Kaz | 12:10 | Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады. | |
Dani | Kaz | 12:11 | Күнделікті құрбандық ұсыну доғартылып, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейін бір мың екі жүз тоқсан күн өтеді. | |
Dani | Kaz | 12:12 | Ал бір мың үш жүз отыз бес күн күтіп, солар өткенше шыдамдылық танытқан әркім бақытты болады! | |
Chapter 13
Chapter 14