Chapter 1
| Judg | Kaz | 1:1 | Ешуа қайтыс болғаннан кейін исраилдіктер Жаратқан Иеден:— Қанахандықтарға қарсы қайсымыздың бірінші болып өрлеп барып, шабуыл жасағанымызды қалайсың? — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 1:2 | Жаратқан Ие:— Яһуда руы өрлеп барсын! Мен елді оның қолына тапсырып отырмын, — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 1:3 | Яһуда ағайынды Шимон руына:— Үлесімізге тиген жерге бірге өрлеп барып, қанахандықтармен бірігіп соғысайық. Сонда біз де сендермен бірге үлестеріңе тиген жерге барамыз, — деп ұсынды. Шимондықтар мұнымен келісіп, яһудилермен бірге аттанды. | |
| Judg | Kaz | 1:4 | Яһудилер өрлеп барғанда, Жаратқан Ие қанахандықтар мен перездіктерді олардың қолына тапсырды. Олар Безек қаласының маңында жаудың он мың адамына шабуыл жасап, күйрете соққы берді. | |
| Judg | Kaz | 1:5 | Безекте олар Адони-Безек есімді патшаға тап болып, онымен шайқасты. Сонда қанахандықтар мен перездіктер ойсырай жеңілді. | |
| Judg | Kaz | 1:6 | Адони-Безек қашып кетті, бірақ яһудилер оны қуып жетіп, қолға түсіріп, оның қол-аяғындағы бас бармақтары мен үлкен бақайларын кесіп тастады. | |
| Judg | Kaz | 1:7 | Адони-Безек: «Аяқ-қолдарының бас бармақтары мен үлкен бақайларын өзім кестірген жетпіс патша дастарқанымның астынан тамағымның қиқымын теріп жеп күндерін көретін еді. Енді Құдай істегендерімнің есесін өзіме қайтарып отыр», — деп мойындады.Кейін яһудилер Адони-Безекті Иерусалимге алып барып, ол сол қалада қайтыс болды. | |
| Judg | Kaz | 1:8 | Себебі яһуданың жасақшылары Иерусалим қаласына да шабуыл жасап, оны басып алды. Оның тұрғындарын семсердің жүзімен қырып-жойып, қаланың өзін өртеп жіберді. | |
| Judg | Kaz | 1:9 | Бұдан кейін яһудилер қыратты аймақты, оңтүстіктегі Негев атты иен даланы және батыстағы төменгі қыраттарды мекендейтін қанахандықтармен соғысуға аттанды. | |
| Judg | Kaz | 1:10 | Олар Хебронда тұратын қанахандықтармен де шайқасып, Шешай, Ахиман және Талмайды жеңді. Хебронның бұрынғы аты Кирият-Арба болатын. | |
| Judg | Kaz | 1:11 | Сол жақтан олар Дебир қаласының тұрғындарына қарсы аттанды. Дебир бұрынырақ Кирият-Сефер деп аталатын. | |
| Judg | Kaz | 1:12 | Халеп: «Кирият-Сеферге шабуыл жасап, оны басып алған адамға мен өз қызым Ахсаны қосамын», — деп уәде етті. | |
| Judg | Kaz | 1:13 | Халептің інісі Кеназдың ұлы Отниел қаланы басып алды. Содан Халеп Отниелге қызы Ахсаны қосты. | |
| Judg | Kaz | 1:14 | Оған ұзатылар кезінде Ахса (Отниелді қайын) атасынан егістік жер сұрап алуға көндірді. Мұнан кейін Ахса келіп, есегінен түсіп жатқанда, Халеп одан:— Ал сенің қандай бұйымтайың бар? — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 1:15 | Ахса:— Маған бір айрықша жақсылық жасай көріңізші, әкетайым. Оңтүстіктегі сусыз даланы сыйлап отырсыз. Енді оған қоса су көздерін де берсеңіз екен, — деп жауап берді. Сонда Халеп Ахсаға Жоғарғы және Төменгі деп аталатын су көздерін атады. | |
| Judg | Kaz | 1:16 | Яһуда руы және Мұсаның кендік қайын атасының ұрпақтары «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихоннан шығып, Арад қаласының оңтүстігінде жатқан Яһуданың елсіз даласына көшті де, сондағы халықтың арасына қоныстанды. | |
| Judg | Kaz | 1:17 | Яһудилер ағайындары шимондықтармен бірге аттанып, Сефаттағы қанахандықтарға шабуыл жасап, қаланы толығымен жойылуға бағыштады. Мұнан кейін қаланың аты Хорма (демек, Бағышталған) деп аталып кетті. | |
| Judg | Kaz | 1:19 | Жаратқан Ие Яһуда руына жар болып, олар елдің таулы аймағын да иемденді. Бірақ олар темір соғыс күймелері бар алқаптардың тұрғындарын қуып шыға алмады. | |
| Judg | Kaz | 1:20 | Мұса айтып кеткендей, Хеброн қаласы Халепке берілді. Ол сол қаладан Анақтың үш алып ұрпағын қуып шықты. | |
| Judg | Kaz | 1:21 | Бунямин руы Иерусалим қаласын мекендеген ебустіктерді қуып шығармады. Ебустіктер осы күнге дейін Иерусалим қаласында буняминдіктермен бірге тұрып келеді. | |
| Judg | Kaz | 1:22 | Жүсіптің (Ефрем, Манаса есімді екі ұлынан тараған) ұрпақтары Бетелге қарсы аттанып өрлеп барғанда, Жаратқан Ие оларға жар болды. | |
| Judg | Kaz | 1:24 | Барлаушылар қаладан шығып келе жатқан бір адамды кездестіріп, оған: «Бізге қалаға кіретін жолды көрсете көрші, кейін біз саған мейірім көрсетеміз», — деді. | |
| Judg | Kaz | 1:25 | Әлгі кісі оларға жолды көрсетті. Жүсіптің ұрпақтары қалаға кіріп, оның бүкіл халқын семсердің жүзімен қырып тастады. Ал жол көрсеткен адамды және оның бүкіл отбасын аман-есен жібере салды. | |
| Judg | Kaz | 1:26 | Сол адам хеттіктердің еліне барып, сол жерде қала салып, оны Лұз деп атады. Қала күні бүгінге дейін осылай аталып келеді. | |
| Judg | Kaz | 1:27 | Бірақ Манаса руы Бет-Шан, Тағанах, Дор, Ибелам, Мегидо қалалары мен оларға қарасты елді мекендердің тұрғындарын қуып шығармай, қанахандықтар сол аймақта тұра беруге бел байлады. | |
| Judg | Kaz | 1:28 | Исраил халқы кейін күшейген кездерінде қанахандықтарды басыбайлы қызметші етіп жұмыс істетіп қойды, бірақ оларды толықтай қуып шыққан жоқ. | |
| Judg | Kaz | 1:29 | Сол сияқты Ефрем руы да Гәзерде тұрып жатқан қанахандықтарды қуып шығармай, қанахандықтар Гәзерде олардың арасында тұра берді. | |
| Judg | Kaz | 1:30 | Забулон руы да Қитрон мен Нахалолдың тұрғындарын қуып шығармады. Қанахандықтар олардың арасында тұра берді, бірақ басыбайлы қызметші болып оларға жұмыс істеді. | |
| Judg | Kaz | 1:31 | Ашир руы Акко, Сидон, Ахлап, Ахзиб, Хелба, Әфек және Рехоб атты қалалардың тұрғындарын қуып шығарған жоқ. | |
| Judg | Kaz | 1:33 | Нафталим руы Бет-Шәміш пен Бет-Анаттың тұрғындарын қуып шығармай, өздері сол жерді мекендеген қанахандықтардың арасында тұрды. Бірақ Бет-Шәміш пен Бет-Анаттың тұрғындары Нафталим руына басыбайлы қызметші болып жұмыс істеді. | |
| Judg | Kaz | 1:35 | Аморлықтардың өздері Херес тауы, Аялон, Шағалбим атты қалаларда тұра беруге бел байлады. Бірақ Жүсіптің ұрпақтары кейін күшейген кездерінде оларды басыбайлы қызметші етіп жұмыс істетіп қойды. | |
Chapter 2
| Judg | Kaz | 2:1 | Жаратқан Иенің періштесі Ғылғалдан Бохимге өрлеп барып (сонда жиналып тұрған исраилдіктерге Жаратқан Иенің мына хабарын жеткізді): «Мен сендерді Мысырдан алып шығып, ата-бабаларыңа ант еткен осы елге әкелдім. Мен сендермен жасаған Келісімімді ешқашан да бұзбаймын деген едім. | |
| Judg | Kaz | 2:2 | Ал сендер бұл елді мекендеген халықтармен ешқандай келісім жасаспауға әрі олардың құрбандық ұсынатын орындарын қиратуға тиіс едіңдер. Бірақ та Менің сөздеріме құлақ аспадыңдар. Бұлай істегендерің қалай? | |
| Judg | Kaz | 2:3 | Ал енді сендерге мынаны айтамын: Мен бұдан былай сол халықтарды алдарыңнан қуып шығармаймын. Олар бүйірлеріңе тиген қамшыдай болмақ, ал өздерінің табынатын жалған тәңірлері сендерді тұзақ іспетті құлатпақ». | |
| Judg | Kaz | 2:4 | Жаратқан Иенің періштесі осы сөздерді барлық исраилдіктерге айтқан кезде халық дауыс көтеріп зарлай бастады. | |
| Judg | Kaz | 2:5 | Сондықтан да олар сол жерді Бохим (демек, Зарлау) деп атап кетті. Халық осы жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалып ұсынды. | |
| Judg | Kaz | 2:6 | Кезінде Ешуа халықты таратып жібергенде, исраилдіктер елді иемденуге әрқайсысы өзіне бөлінген мұралық жеріне кеткен болатын. | |
| Judg | Kaz | 2:7 | Ешуаның көзі тірісінде және Жаратқан Иенің Исраил халқы үшін істеген ұлы істерінің барлығын көздерімен көріп, Ешуадан кейін де ұзақ жасаған ақсақалдардың бүкіл кездерінде халық Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оған ғибадат ете берді. | |
| Judg | Kaz | 2:9 | Оның мәйіті Ешуаның үлесіне тиген жерінде: Ефрем руының таулы аймағындағы Ғағаш төбесінің солтүстік жағындағы Тимнат-Серах қаласының маңында қабірге қойылды. | |
| Judg | Kaz | 2:10 | Сол буынның күллі адамдары дүние салып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Жаратқан Иені танымайтын және Оның Исраил үшін істеген ұлы істерін ескермейтін жаңа ұрпақ дүниеге келді. | |
| Judg | Kaz | 2:11 | Олар Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, Бағал атты жалған тәңірлердің мүсіндеріне табына бастады. | |
| Judg | Kaz | 2:12 | Сол жаңа ұрпақ ата-бабалары сиынған, оларды Мысыр елінен алып шыққан Құдайлары — Жаратқан Иеден бас тартты, әрі айналаларында тұрып жатқан ұлттардың табынатын бөгде тәңірлерінің жолдарына түсіп, соларға иіліп құлшылық етті. Халық бұларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызды. | |
| Judg | Kaz | 2:13 | Осылайша исраилдіктер Жаратқан Иеден бас тартып, Бағал мен Астартаның мүсіндеріне табынатын болды. | |
| Judg | Kaz | 2:14 | Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты тонаушылардың қолына бере салды. Солар исраилдіктердің мал-мүліктерін зорлап тартып алып отырды. Жаратқан Ие халықты айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіргендіктен, соларға қарсы тұруға Исраилдің қауқары жетпейтін болды. | |
| Judg | Kaz | 2:15 | Халықтың жасақшылары қайда барып, шабуылдаса да, Жаратқан Ие Өзі ант етіп алдын ала айтқандай, оларға қарсы соғысып, жеңіліске ұшыратты. Содан халық қатты қиналды. | |
| Judg | Kaz | 2:16 | Ал Жаратқан Ие Исраилге билер тағайындап отырды, олар халықты тонаған жауларының қолынан құтқарды. | |
| Judg | Kaz | 2:17 | Бірақ халық осы билерге де құлақ аспай, бөгде тәңірлерге азғындықпен бас иіп табынып кетті. Олар ата-бабалары жүрген тура жолдан лезде-ақ тайып, солар сияқты Жаратқан Иенің өсиеттеріне мойынсұнған жоқ. | |
| Judg | Kaz | 2:18 | Исраилдіктер жаулардың өздеріне зорлық-зомбылық көрсетіп азаптағанынан күңіренгендіктен, Жаратқан Ие оларға жаны ашып, билер тағайындап отырды. Жаратқан Ие сол биге жар болып, оның көзі тірісінде исраилдіктерді жауларынан құтқарып отырды. | |
| Judg | Kaz | 2:19 | Алайда би қайтыс болған соң, халық ата-бабаларынан бетер азғындыққа салынып, бөгде тәңірлердің жолына түсіп, соларға бас иіп құлшылық ететін. Осылай халық өздерінің күнәкар қылықтарын және қасарысып Хақ Тағалаға бағынбауларын доғарған жоқ. | |
| Judg | Kaz | 2:20 | Сол себепті Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол былай деді: «Мына халық Менің өздерінің ата-бабаларымен жасаған Келісімімді бұзып, айтқандарыма құлақ түрмегендіктен, | |
| Judg | Kaz | 2:21 | Мен де енді Ешуа елден қуып шығармаған ұлттардың ешқайсысын исраилдіктердің алдарынан қуып шығармаймын. | |
| Judg | Kaz | 2:22 | Осылайша Мен арғы аталары істегендей, қазіргі ұрпақ та Жаратқан Иенің жолымен жүре ме деп тексеріп сынаймын». | |
Chapter 3
| Judg | Kaz | 3:1 | Исраилдіктердің Қанаханда бұрын жүргізген соғыстарының ешқайсысын көрмей өскен жаңа ұрпағын тексеріп, шайқасқа үйретіп, сынау үшін Жаратқан Ие бірнеше халықтарды осы елде қалдырды. Олар мыналар: | |
| Judg | Kaz | 3:2 | Исраилдіктердің Қанаханда бұрын жүргізген соғыстарының ешқайсысын көрмей өскен жаңа ұрпағын тексеріп, шайқасқа үйретіп, сынау үшін Жаратқан Ие бірнеше халықтарды осы елде қалдырды. Олар мыналар: | |
| Judg | Kaz | 3:3 | філістірлердің бес әміршісінің қарамағындағылар, барлық (қалған) қанахандықтар, сидондықтар, Бағал-Хермон тауынан Лебо-Хаматқа дейін созылған аралықтағы Ливан тауларында тұрып жатқан хевтіктер. | |
| Judg | Kaz | 3:4 | Жаратқан Ие бұлардың ата-бабаларына Мұса арқылы берген өсиеттерін исраилдіктер орындай ма деп тексеріп сынау үшін осы халықтарды әдейі қалдырған болатын. | |
| Judg | Kaz | 3:5 | Сол себепті Исраил халқы қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктердің араларында өмір сүріп жатты. | |
| Judg | Kaz | 3:6 | Алайда исраилдіктер сол халықтармен қыз алысып, қыз берісіп, олардың тәңірсымақтарына құлшылық ететін болды. | |
| Judg | Kaz | 3:7 | Исраилдіктер Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап, өз Құдайлары Жаратқан Иені естерінен шығарып, Бағал, Ашера есімді тәңірсымақтарға арналған мүсіндер мен бағаналарға табынып кетті. | |
| Judg | Kaz | 3:8 | Сонда Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимның қолына бере салды. Содан олар осы патшаға сегіз жыл бойы басыбайлы қызмет етті. | |
| Judg | Kaz | 3:9 | Бірақ халық Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: Халептің інісі Кеназдың ұлы Отниелді тағайындады. Отниел исраилдіктерді жау қолынан құтқарып алды. | |
| Judg | Kaz | 3:10 | Жаратқан Иенің Рухы Отниелге қонып, ол Исраилге билік айтты. Отниел соғысқа аттанғанда Жаратқан Ие оның қолына Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимды тапсырып, Отниел оны жеңіп шықты. | |
| Judg | Kaz | 3:11 | Осылайша елде қырық жыл бойы тыныштық орнады. Содан соң Кеназ ұлы Отниел көз жұмып дүние салды. | |
| Judg | Kaz | 3:12 | Ал кейінірек исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Олардың сондай зұлымдық істегендері үшін Жаратқан Ие Моаб патшасы Еглонға Исраилге қарсы шығуға күш-қуат берді. | |
| Judg | Kaz | 3:13 | Еглон аммондықтар мен амалектіктерді қасына жинап аттанып, Исраилге шабуыл жасады да, «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихонды басып алды. | |
| Judg | Kaz | 3:15 | Бірақ исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жалбарына сиынғанда, Ол бір құтқарушыны: буняминдік Гера ұлы Ехудті тағайындады. Ехуд солақай болатын. Бірде исраилдіктер оны Моаб патшасы Еглонға алым-салықтарын табыстауға жіберді. | |
| Judg | Kaz | 3:16 | Ехуд өзіне ұзындығы бір қысқалау шынтақ, екі жүзді семсер жасап алған еді. Оны оң жақ санына киімінің астынан асынып жүрді. | |
| Judg | Kaz | 3:17 | Ехуд әкелген алым-салығын Моаб патшасы Еглонға тапсырды. Еглон өте семіз адам болатын. | |
| Judg | Kaz | 3:18 | Алым-салықты табыстағаннан кейін Ехуд соны көтеріп алып келген адамдарын жөндеріне босатып жіберді. | |
| Judg | Kaz | 3:19 | Өзі Ғылғалдың маңындағы тастан ойылған мүсіндерге жеткенде кері бұрылып, патшаға қайтып барды. Оған: «Тақсыр, менің сізге айтатын бір құпия хабарым бар!» — дегенді білдіртті.Патша: «Тыныштық болсын!» — деп бұйырғанда, қасындағы нөкерлерінің барлығы шығып кетіп қалды. | |
| Judg | Kaz | 3:20 | Бұдан кейін Ехуд өзінің салқындау жоғарғы бөлмесінде оңаша отырған патшаға таяп барып: «Менде сізге жеткізетін Құдайдың хабары бар!» — деді. Сонда Еглон тағынан тұрды. | |
| Judg | Kaz | 3:22 | Тіпті семсердің тұтқасы да патшаның ішіне кіріп кетті, ал ұшы оның арқасынан шыға келді. Ехуд семсерін қайта суырып алған да жоқ, себебі патшаның денесіндегі май семсердің кірген жерін жауып, бітеп тастады. | |
| Judg | Kaz | 3:23 | Содан соң Ехуд жоғарғы бөлменің есігін ішінен бекітті де, өзі (терезеден) ауызғы бөлмеге шығып, сытылып кетті. | |
| Judg | Kaz | 3:24 | Ехуд кетіп қалғаннан кейін патшаның қызметкерлері келіп, есіктің іштен бекітілгенін көріп: «Патша ішкі бөлмеде дәретте отырған шығар», — десіп, | |
| Judg | Kaz | 3:25 | күтіп тұра берді. Міне, ғажап, патша есігін ашқан жоқ. Сондықтан олар абыржып, кілтті алып, есікті ашты. Кіріп барса, патша жерге құлап, өліп қалыпты. | |
| Judg | Kaz | 3:26 | Олар кідірген кезде Ехуд сытылып қашып кеткен болатын. Ол манағы тас мүсіндердің қасынан өтіп, Сеираға барып, аман қалды. | |
| Judg | Kaz | 3:27 | Сол жерге жете салысымен Ехуд Ефремнің таулы аймағында дабыл беріп керней тартты. Сонда исраилдік ер адамдар оған еріп қыраттардан төмен түсті, ал Ехуд оларды бастап жүрді. | |
| Judg | Kaz | 3:28 | Ехуд оларға: «Соңымнан еріп аттаныңдар! Өз жауларың — моабтықтарды Жаратқан Ие сендердің қолдарыңа тапсырды», — деді. Олар Ехудтің соңынан ілесіп, Иордан өзеніндегі Моаб еліне алып баратын өткелдерді қолға түсіріп, ешкімді де өзеннен өткізбей қойды. | |
| Judg | Kaz | 3:29 | Бұдан кейін олар шабуыл жасап, шамамен он мың моабтықтың көзін құртты. Барлығы денелі де мықты жауынгерлер болатын, бірақ бірде-біреуі қашып құтыла алмады. | |
Chapter 4
| Judg | Kaz | 4:1 | Ал Ехуд дүние салғаннан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. | |
| Judg | Kaz | 4:2 | Сол себепті Жаратқан Ие оларды Қанаханның патшасы Ябиннің қолына бере салды. Ябин елдің солтүстігіндегі Хасорда билік құрды. Оның қолбасшысы Сисара Харошет-Ғоимда тұратын. | |
| Judg | Kaz | 4:3 | Сисараның тоғыз жүз темір соғыс күймесі болды. Ол исраилдіктерді жиырма жыл бойы қатты қанап, олар Жаратқан Иеге жалбарына сиынды. | |
| Judg | Kaz | 4:4 | Сол кезде Дебора есімді пайғамбар әйел Исраил халқына билік айтатын. Оның күйеуінің есімі Лапидот болатын. | |
| Judg | Kaz | 4:5 | Дебора Ефремнің таулы аймағындағы Рамақ пен Бетелдің арасындағы «Дебораның құрма ағашы» деп аталатын ағаштың түбінде тұратын. Даулы мәселелеріне әділ шешім іздеген исраилдіктер оның алдына келіп жүгінетін. | |
| Judg | Kaz | 4:6 | Бір күні Дебора Нафталим руының жеріндегі Кедестен Абиноғам ұлы Барақты шақыртып алдырып, оған былай деді:— Тыңдап ал, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие саған мынаны бұйырады: Нафталим, Забулон руларынан он мың адамды жинап, солармен Табор тауына өрлеп бар! | |
| Judg | Kaz | 4:7 | Мен Ябиннің қолбасшысы Сисараны өзінің соғыс күймелерімен және қалың қолымен бірге сенің қасыңа Қишонның аңғарына еліктіріп әкеліп, қолыңа тапсырамын. — | |
| Judg | Kaz | 4:8 | Алайда Барақ оған:— Егер сіз менімен бірге баратын болсаңыз, барамын, ал бармасаңыз, мен де бармаймын, — деп жауап қайтарды. | |
| Judg | Kaz | 4:9 | Сонда Дебора:— Жарайды, мен сенімен бірге барамын. Бірақ бұл жорыққа барсаң да, сенің даңқың шықпайтын болады. Себебі Жаратқан Ие Сисараны бір әйелдің қолына тапсырады, — деді.Сонымен Дебора жиналып, Барақты ертіп Кедеске барды. | |
| Judg | Kaz | 4:10 | Барақ Забулон мен Нафталим руларының ер адамдарын Кедеске шақырды. Сонда Барақтың соңынан он мың сарбаз еріп, Дебора да онымен бірге (Табор тауының басына) өрлеп барды. | |
| Judg | Kaz | 4:11 | Мұса пайғамбардың балдызы Хобабтың бір ұрпағы — кендік Хебер есімді кісі бар болатын. Сол кезде Хебер басқа кендіктерден бөлініп, Кедестің маңындағы Сананымдағы дәу емен ағашының маңында қос тігіп, тұрып жатқан еді. | |
| Judg | Kaz | 4:12 | Енді Абиноғам ұлы Барақтың сарбаздарымен бірге Табор тауына көтерілгендігі туралы хабар қанахандық қолбасшы Сисараға жетті. | |
| Judg | Kaz | 4:13 | Сисара қарамағындағы барлық күймелерін: тоғыз жүз темір соғыс күймесін және күллі жасақшыларын шақырып жинап алып, Харошет-Ғоимнан Қишон алқабына аттанды. | |
| Judg | Kaz | 4:14 | Сол кезде Дебора Бараққа тіл қатып: «Аттан! Бүгін Жаратқан Ие Сисараны сенің қолыңа тапсырады! Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп жар болады», — деді. Барақ он мың адамын ертіп алып, Табор тауынан төмен түсті. | |
| Judg | Kaz | 4:15 | Жаратқан Ие Сисараны, оның күллі соғыс күймелері мен жасақшыларын абыржытып, оларды Барақтың адамдарының семсерлерімен қырып-жойды. Сисара соғыс күймесінен түсіп, жаяу қаша жөнелді. | |
| Judg | Kaz | 4:16 | Барақ сарбаздарымен бірге жаудың соғыс күймелері мен жасағын Харошет-Ғоимға дейін қуып, Сисараның бүкіл жасағы семсерден қаза тауып, бірде-біреуі тірі қалған жоқ. | |
| Judg | Kaz | 4:17 | Ал осы екі арада қолбасшы Сисара кендік Хебердің әйелі Жаилдың шатырына жаяу қашып барған еді. Себебі Хасор патшасы Ябин мен кендік Хебердің әулеті өзара тату болатын. | |
| Judg | Kaz | 4:18 | Жаил Сисараның алдынан шығып:— Қош келдіңіз, тақсыр, төрлетіп дем алыңыз. Еш қауіптенбеңіз, — деп ішке шақырды. Сисара шатырға кіріп, әйел оның үстін бір көрпемен жауып тастады. | |
| Judg | Kaz | 4:19 | Сисара одан:— Маған ішетін су берші, шөлдеп тұрмын, — деп сұрады. Әйел сүт құйылған торсықтың аузын ашып, оған сүт берді. Содан кейін Сисараны қайтадан көрпесімен қымтап жапты. | |
| Judg | Kaz | 4:20 | Сисара оған:— Шатырдың кіреберісінде тұр. Егер біреу келіп, іште кісінің бар-жоғын сұраса, «жоқ» де! — деп бұйырды. | |
| Judg | Kaz | 4:21 | Содан әбден шаршаған Сисара қатты ұйықтап кетті. Ал Хебердің әйелі Жаил шатырдың бір қазығын және балғаны қолына алып, Сисараға білдіртпей жақындап барды да, оның басын самайынан қазықпен қағып, жерге қадап тастады. Сисара осылайша өлді. | |
| Judg | Kaz | 4:22 | Осы екі арада қолбасшы Сисараның соңынан қуған Барақ та жетті. Жаил оның алдынан шығып: «Кіріңіз, мен сізге іздеп жүрген кісіңізді көрсетемін», — деді. Барақ ішке кіріп қараса, міне, самайына қазық қағылған Сисара өліп жатыр екен! | |
Chapter 5
| Judg | Kaz | 5:2 | Басшылар бастап шықты Исраилді,Халық өз еркімен бағышталып ерді,Мақтаңдар, содан Жаратқан Иемізді! | |
| Judg | Kaz | 5:3 | Ей, патшалар, құлақ салыңыздаршы,Ей, билеушілер, тыңдаңыздаршы,Жаратқан Иеге жырымды арнаймын,Исраилдің Құдайына әнімді шырқаймын: | |
| Judg | Kaz | 5:4 | Уа, Жаратқан, Сен Сейірден шыққанда,Едом аймағынан алға басқанда,Жер сілкініп, бұлттан жаңбыр құйды сонда, | |
| Judg | Kaz | 5:5 | Таулар дірілдеді Иеміздің алдында,Синай тауы да Жаратқанның алдында:Исраилдің Құдайының көз алдында. | |
| Judg | Kaz | 5:6 | Анат ұлы Шамғардың заманындаӘрі Жаилдың да уақытындаҮлкен жолдар қаңырап бос жататын,Жүргіншілер сүрлеумен алға басатын. | |
| Judg | Kaz | 5:8 | Халық жаңа тәңірлер алды таңдап,Содан қақпаларға соғыс келді таяп.Исраилдің қырық мың ері арасынанБайқалды ма бірде-бір найза не қалқан? | |
| Judg | Kaz | 5:9 | Жүрегімде Исраилдің әміршілеріҺәм халықтың бағышталып ерген ерлері,Бәрің мадақтаңдар Жаратқан Иемізді! | |
| Judg | Kaz | 5:10 | Уа, ақ есекке мініп алған байлар,Қымбат кілем үстінде отыратындар,Әрі жаяу жүргендер, соны хабарлаңдар! | |
| Judg | Kaz | 5:11 | Суатта ән-жыр айтқандарға құлақ асыңдар,Жаратқанның әділ істерін мадақтаңдар!Исраил өз диқандарының ерлігін мақтар.Жаратқанның халқы қала қақпасына барды: | |
| Judg | Kaz | 5:12 | «Уа, Дебора, енді ояныңызшы,Оянып, жырлап, ерлерді шақырыңызшы!Уа, Абиноғам ұлы, тұрыңызшы,Уа, Барақ, жауларды тұтқындаңызшы!» | |
| Judg | Kaz | 5:14 | Амалектің жері болған Ефремнен түсті,Буняминдіктер олардың соңынан ілесті,Махырдан аттанды әскербасылар,Забулоннан билік басындағылар. | |
| Judg | Kaz | 5:15 | Исашар басшылары еріп Дебораға,Исашар Барақпен атой салды аңғарға.Ал пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. | |
| Judg | Kaz | 5:16 | Неге жылжымай жаттың қораларда,Шопанның ысқырығын тыңдап отырдың ба?Пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. | |
| Judg | Kaz | 5:17 | Ғилақад қалды Иорданның ар жағында,Дан неге жалтарды кемелер қасында?Ашир отырды теңіз жағалауында,Әрекет етпеді кемежайларында. | |
| Judg | Kaz | 5:19 | Жау патшалары аттанды соғысуға,Қанахан патшалары Тағанахта,Мегидо бұлақтарының бойындаШайқасқанмен олар ешқандай олжаНе күмісті түсіре алмады қолдарына. | |
| Judg | Kaz | 5:20 | Аспан әлемінен жұлдыздар сондаЖүрген жолдарынан соғысып, олар даШабуыл жасады сол Сисараға. | |
| Judg | Kaz | 5:21 | Жауларды шайып ағызып Қишон жылғасыӘкетті: ежелден бар бұл Қишон жылғасы.Алға басып, қабылдайық күш-қуатты! | |
| Judg | Kaz | 5:23 | «Мероз қаласы жазасын тартсын! — дедіЖаратқан Иеміздің періштесі, —Қала тұрғындарына қарғыс тиеді,Жаратқанға олар қолдау көрсетпеді,Мықты жауға қарсы көмектеспеді». | |
| Judg | Kaz | 5:24 | Әйелдер ішінен Жаил жарылқансын,Бұл батыл әйелі кендік Хебердің!Ол шатырда тұратын әйелдердіңЕң молынан жарылқанғаны болсын! | |
| Judg | Kaz | 5:26 | Жаил оң қолын созды қазыққа,Сол қолын жұмысшының балғасына.Бір ұрып жарды ол жауыздың басын,Тесіп жіберді Сисараның самайын. | |
| Judg | Kaz | 5:27 | Жаилдың аяқтарына жау иілді,Аяқтарының арасына жығылды,Жығылған жерінде лезде қырылды. | |
| Judg | Kaz | 5:28 | Сисараның шешесі сыртқа қарады,Терезе торынан былай деп зарлады:«Неге келмеді оның соғыс күймесі?Кешікті-ау дөңгелектерінің дүбірі!» | |
| Judg | Kaz | 5:30 | «Олжа тауып, бөлісіп жатыр екен,Әр сарбазға тұтқын қыз бір-екіден,Алуан түсті шапандар Сисараға,Кестелі түрлі түсті маталар да,Һәм кестеленген шәлілер менің мойныма,Осылардың барлығы да бізге олжа!» | |
Chapter 6
| Judg | Kaz | 6:1 | Ал исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Жаратқан Ие оларды жеті жылға Мадиян халқының қолына тапсырды. | |
| Judg | Kaz | 6:2 | Мадияндықтар Исраилге тым қатты зорлық-зомбылық көрсеткендіктен, исраилдіктер өздеріне тау шатқалдарында үңгірлер мен бекіністер дайындап алып, сонда бас сауғалады. | |
| Judg | Kaz | 6:3 | Себебі исраилдіктер жерге егін еккен сайын, мадияндықтар амалектіктермен және шығыстың басқа да көшпелі тайпаларымен бірге оларға шапқыншылық жасай беретін. | |
| Judg | Kaz | 6:4 | Жау исраилдіктерге қарсы қостарын тігіп, тіпті Газаға дейінгі аралықтағы барлық жердің өнімін құртты. Олар Исраилде ешқандай азық-түлік атаулыны тастамай, не ірілі-ұсақты малдан, не есектерден бірде-біреуін де тірі қалдырмайтын. | |
| Judg | Kaz | 6:5 | Сол тайпалар малдарымен, қостарымен елді шегірткедей қаптап кететін, себебі адамдары мен түйелері сансыз көп болатын. Олар елге басып кіріп, оның сау тамтығын да қалдырмайтын. | |
| Judg | Kaz | 6:6 | Осылайша исраилдіктер мадияндықтардың кесірінен қатты күйзеліске түсіп, Жаратқан Иеге жалбарына сиынды. | |
| Judg | Kaz | 6:8 | Жаратқан Ие Исраилге бір пайғамбарды жіберді. Ол халыққа былай деді: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен Өзім сендерді құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шықтым; | |
| Judg | Kaz | 6:9 | мысырлықтардың қолынан және өздеріңді жәбірлеген басқалардың да барлығынан сендерді құтқардым. Оларды алдарыңнан қуып шығып, жерлерін сендерге табыстадым. | |
| Judg | Kaz | 6:10 | Өздеріңе былай дегенмін: «Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Енді сендер аморлықтардың жерін мекендеп тұрсыңдар, ал олардың жалған тәңірлерінен қорқып, соларға табынбаңдар!» Бірақ та сендер Мені тыңдамадыңдар». | |
| Judg | Kaz | 6:11 | Бұдан кейін Жаратқан Иенің періштесі Офрадағы дәу еменнің түбіне барып, сонда отырды. Бұл жер Әбиезердің ұрпағы Жоғастың меншігі еді. Сол кезде Жоғастың ұлы Гедеон жинаған бидайының дәндерін мадияндықтардан сақтап қалу үшін оны жүзім сыққыштың ішінде бастырып жатқан еді. | |
| Judg | Kaz | 6:12 | Жаратқан Иенің періштесі Гедеонға көрініп:— Жаратқан Ие саған жар, мықты батыр! — деп тіл қатты. | |
| Judg | Kaz | 6:13 | Гедеон оған былай деп жауап берді:— Уа, мырзам, егер Жаратқан Ие бізге жар болса, онда неліктен осының бәрі басымызға түсті? Аталарымыз бізге айтып берген Оның барлық кереметтері қайда кеткен?! Олар: «Халқымызды Мысыр елінен бастап алып шыққан Жаратқан Ие емес пе еді?» дейтін. Ал қазір Жаратқан Ие бізді тастап кетіп, мадияндықтардың қолына бере салды! | |
| Judg | Kaz | 6:14 | Жаратқан Ие Гедеонға бұрылып:— Сен бар да, осы құдіретіңмен Исраилді мадияндықтардың қолынан құтқарып ал! Сені жұмсап тұрған Өзім емеспін бе?! — деп аманаттады. | |
| Judg | Kaz | 6:15 | Бірақ Гедеон:— Уа, Мырзам, мен қалайша Исраилді құтқармақпын? Менің әулетім руым Манасаның ішіндегі ең әлсізі, әрі өзім де әкемнің үйіндегі кенжесімін ғой! — деп жауап қатты. | |
| Judg | Kaz | 6:16 | Жаратқан Ие оған:— Мен, сөзсіз, сенімен бірге жүріп, жар боламын! Сонда сен жалғыз бір-ақ адамды соққандай, мадияндықтардың барлығына да күйрете соққы бересің, — деп уәде берді. | |
| Judg | Kaz | 6:17 | Гедеон:— Уа, Ием, егер Сен маған оң көзбен қарасаң, онда менімен сөйлесіп тұрған шынымен Өзің екенін дәлелдейтін белгі ретінде бір керемет көрсете гөр. | |
| Judg | Kaz | 6:18 | Енді мен барып, Саған арнап бір сый-тарту алып келгенше алыстап кетпей, осында бола тұрсаң екен, — деп өтінді. Жаратқан Ие:— Жарайды, сен қайтып келгенше Мен күте тұрайын, — деп келісті. | |
| Judg | Kaz | 6:19 | Гедеон үйіне барып, бір лақты сойып, етін асты да, бір қапшық ұннан ашытқысыз нан пісірді. Содан соң лақтың етін себетке салып, сорпасын ыдысқа құйып алып, еменнің түбінде періштенің алдына қойды. | |
| Judg | Kaz | 6:20 | Құдайдың періштесі Гедеонға:— Ет пен нанды мына тастың үстіне қойып, сорпаны құй! — деп тапсырды. Гедеон солай істеді. | |
| Judg | Kaz | 6:21 | Сонда Жаратқан Иенің періштесі қолындағы таяғының ұшын ет пен нанға тигізді. Лезде тастан от лап етіп шықты да, ет пен нанды жалмап қойды. Ал періште Гедеонның көзіне көрінбей қалды. | |
| Judg | Kaz | 6:22 | Бұдан Гедеон оның шынымен Жаратқан Иенің періштесі екеніне көз жеткізіп:— О, Жаратушы Тәңір Ие! Мен Жаратқан Иенің періштесінің жүзін бетпе-бет көрдім! Енді маған не болар екен? — деп абыржып қалды. | |
| Judg | Kaz | 6:23 | Ал Жаратқан Ие оны:— Саған амандық болсын! Қорықпа, содан өлмейсің, — деп жігерлендірді. | |
| Judg | Kaz | 6:24 | Гедеон сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын салып, оған «Жаратқан Ие — амандық (бастауы)» деген ат қойды. Сол құрбандық орны күні бүгінге дейін Әбиезер әулетіне тиесілі Офра деген жерде тұр. | |
| Judg | Kaz | 6:25 | Сол түні Жаратқан Ие Гедеонға былай деп бұйырды: «Әкеңнің табынынан жеті жасар екінші бұқаны ал. Әкеңнің Бағалға арнаған құрбандық орнын қиратып, оның жанындағы Ашераға бағышталған бағананың түбіне де балта шап! | |
| Judg | Kaz | 6:26 | Содан соң Құдайың Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орынды дұрыстап қалап сал. Екінші өгізді шалып, Ашераға бағышталған бағананың ағашымен түгелдей өртелетін құрбандық ретінде ұсын!» | |
| Judg | Kaz | 6:27 | Сонда Гедеон қызметшілерінің арасынан он адамды алып, Жаратқан Иенің берген бұйрығын орындады. Бірақ ол әкесінің үй ішінен және қала халқынан қорқып, мұны күндіз емес, түнде істеді. | |
| Judg | Kaz | 6:28 | Таңертең қала халқы ерте тұрып қараса, міне, ғажап, Бағалға құрбандық ұсынатын орын қиратылып, оның жанындағы ағаш бағананың түбіне балта шабылыпты! Ал жаңадан салынған құрбандық ұсынатын орында екінші бұқа құрбандыққа шалынып, өртеліпті! | |
| Judg | Kaz | 6:29 | Олар бір-біріне: «Бұны кім істеді екен?» — десіп, тексеріп сұрастырып, мұны Жоғас ұлы Гедеонның істегенін біліп алды. | |
| Judg | Kaz | 6:30 | Содан қала халқы Жоғастан талап етіп:— Балаңды үйіңнен мұнда алып кел! Ол өлуге тиіс! Себебі Бағалдың құрбандық орнын қиратып, жанындағы Ашераның бағанасын да шауып тастапты, — деді. | |
| Judg | Kaz | 6:31 | Бірақ Жоғас қарсы шыққандарға былай деп жауап берді:— Сендер Бағал үшін күреспексіңдер ме? Оны сендер құтқармақсыңдар ма? Бағал үшін күресетін әркім таңертеңге дейін өледі! Егер Бағал шынымен тәңір болса, өзі үшін өзі күресіп, құрбандық орнын қиратқан адамның көзін өзі құртсын! — | |
| Judg | Kaz | 6:32 | Сол күннен бастап жұрт Гедеонды «Еруб-Бағал» деп атайтын болды. Бұл «ол Бағалға арнап құрбандық ұсынатын орынды қиратып тастағандықтан, Бағал онымен өзі күрессін» деген мағынаны білдіреді. | |
| Judg | Kaz | 6:33 | Содан кейін күллі мадияндықтар, амалектіктер және шығыстың басқа да көшпелі тайпалары бірге жиналды. Олар Иордан өзенінен өтіп, Ізрел аңғарына жетіп, сол жерде қостарын тікті. | |
| Judg | Kaz | 6:34 | Сонда Жаратқан Иенің Рухы Гедеонға қонып, бойын биледі. Гедеон дабыл беріп кернейін тартқанда, Әбиезерден тараған әулет жиналып, оның соңынан ерді. | |
| Judg | Kaz | 6:35 | Ол, сондай-ақ, бүкіл Манаса руына да хабаршыларын жіберіп, оларды өзіне ілесіп аттануға шақырды. Гедеон Ашир, Забулон, Нафталимға елшілерін жолдаған соң, сол рулар да қыратты аймаққа көтеріліп, онымен кездесті. | |
| Judg | Kaz | 6:36 | Мұнан кейін Гедеон Құдайға сиынып былай деді: «Уа, Құдай! Егер Сен шынымен Өзің уәде еткендей, Исраил халқын мен арқылы құтқаратын болсаң, оны былай көрсете гөр: | |
| Judg | Kaz | 6:37 | Мен қырманға қырқылған жүнді жаямын. Егер таңертең шық тек жүннің үстіне ғана түсіп, ал жер құрғақ болса, онда Сен Өзің уәде еткендей, Исраилді жаудан мен арқылы құтқаратыныңды білетін боламын». — | |
| Judg | Kaz | 6:38 | Бұл солай болды да. Гедеон келесі күні таңертең ерте тұрып, жүннен табақ толатындай су сығып алды. | |
| Judg | Kaz | 6:39 | Ал Гедеон қайтадан Құдайға сиынып былай деді: «Қаһарлана көрмеші, тағы бір өтінішімді айтайын: мен тағы бір рет көзімді жеткізгім келеді. Бұл жолы жүн құрғақ, ал айналасындағы жер шықтан дымқыл болсын!» — | |
Chapter 7
| Judg | Kaz | 7:1 | Содан соң Еруб-Бағал (деп те аталған Гедеон) және онымен бірге бүкіл жасақ ерте тұрып, Харод бұлағының жанында қостарын тікті. Мадияндықтардың тұрағы олардан солтүстікте, Море төбесінің маңындағы аңғарда болатын. | |
| Judg | Kaz | 7:2 | Жаратқан Ие Гедеонға былай деп тапсырды: «Мадияндықтарды қолдарына тапсыруым үшін сенімен бірге шыққан жасақ тым көп. Әйтпесе кейін исраилдіктер «Өз күшіміз бізді жау қолынан құтқарды» деп Менің алдымда мақтанып жүрер. | |
| Judg | Kaz | 7:3 | Сондықтан жасақтың алдында: «Кім жүрексініп тұрса, осы Ғилақад төбесінен кетіп, үйіне қайта берсін!» деп жарияла». — Гедеон солай істегенде, жиырма екі мың адам үйлеріне қайтып, он мыңы ғана қалды. | |
| Judg | Kaz | 7:4 | Бірақ Жаратқан Ие: «Сарбаздар әлі де тым көп. Оларды төменге қарай, суға алып бар. Сол жерде Мен оларды іріктеймін. Содан кейін кімнің баратынын, кімнің бармайтынын Өзім саған анықтап айтып беремін», — деді. | |
| Judg | Kaz | 7:5 | Осылайша Гедеон жасақты төменге, ағып жатқан су көзіне ертіп алып барды. Жаратқан Ие оған нұсқап былай деді: «Суды ит сияқты жалап ішкендерді бір жаққа, тізерлеп ішкендерді басқа жаққа бөлекте!» — | |
| Judg | Kaz | 7:6 | Сонда суды алақанымен ұрттап, жалап ішкендердің саны үш жүз болды, ал қалған сарбаздардың барлығы суды тізерлеп жатып ішті. | |
| Judg | Kaz | 7:7 | Мұнан кейін Жаратқан Ие Гедеонға уәде беріп: «Мен осы үш жүз адаммен сендерді құтқарып, мадияндықтарды қолыңа тапсырамын. Ал қалғандары үйлеріне қайта берсін», — деді. | |
| Judg | Kaz | 7:8 | Гедеон үш жүз сарбазды бөлек тұрғызып, қалғандарының азық-түліктері мен кернейлерін алып қалып, өздерін қостарына қайтарып жіберді. Мадияндықтардың тұрағы төменде, аңғарда болатын. | |
| Judg | Kaz | 7:9 | Сол түні Жаратқан Ие Гедеонға былай деп бұйырды: «Орныңнан тұрып, ылдилап мадияндық жасақшылардың тұрағына аттан! Себебі Мен оны сенің қолыңа тапсырдым. | |
| Judg | Kaz | 7:10 | Ал егер шабуыл жасаудан қауіптенсең, көмекші Пурахты ертіп аңғардағы Мадиянның тұрағына білдіртпей түс. | |
| Judg | Kaz | 7:11 | Сол жерде олардың айтқан сөздеріне құлақ түр. Сонда естігендерің арқылы жігерленіп, жасақшылар тұрағына шабуыл жасауға батылданасың».Содан Гедеон көмекшісі Пурахпен тұрақ шетіндегі бір жасақшылар тобына таяп барды. | |
| Judg | Kaz | 7:12 | Ал күллі мадияндықтар, амалектіктер және шығыстың басқа да көшпелі тайпалары аңғарда шегіртке үйірлеріндей қаптап, түйелері де теңіз жағалауындағы құм түйіршіктеріндей сансыз көп болып жатыр екен. | |
| Judg | Kaz | 7:13 | Гедеон таяп келгенде, бір адам өзінің көрген түсін жолдасына айтып жатты:— Мен мынадай түс көрдім: бір таба арпа наны мадиянның тұрағына домалап құлап түсіпті. Ол бір қосқа соғылып, оны аударып түсіріп, жермен-жексен қылған екен. — | |
| Judg | Kaz | 7:14 | Жолдасы:— Бұл түс сол исраилдік Жоғас ұлы Гедеонның семсері туралы ғана болуы мүмкін! Құдай Мадиянды және оның бүкіл тұрағын соның қолына тапсырған болса керек! — деп жауап қайтарды. | |
| Judg | Kaz | 7:15 | Гедеон осы түсті әрі оның жоруын естіген соң, Жаратқан Иеге басын иіп ғибадат етті. Исраилдің тұрағына қайта оралғаннан кейін ол: «Тұрыңдар! Жаратқан Ие Мадиян жасағының тұрағын сендердің қолдарыңа тапсырды!» — деп әмір берді. | |
| Judg | Kaz | 7:16 | Гедеон үш жүз адамын үш топқа бөліп, әрбір адамның қолына бір-бірден керней және ішінде жанып тұрған алауы бар бос құмыраларды ұстатты да, | |
| Judg | Kaz | 7:17 | оларға былай деп бұйырды: «Маған қарап, істегендерімді қайталаңдар! Мен тұрақтың шетіне жеткенде дәл менің істегенімдей сендер де істеңдер! | |
| Judg | Kaz | 7:18 | Мен және қасымдағылар дабыл беріп керней тартқан кезде сендер де тұрақты айналдыра кернейлеріңді тартыңдар! «Жаратқан Ие үшін әрі Гедеон үшін (семсер)!» деп айқайлап ұран да салыңдар!» | |
| Judg | Kaz | 7:19 | Түн ортасында, екінші күзет енді ғана басталған кезде Гедеон қасындағы бір жүз адамымен тұрақтың шетіне жетті. Олар кернейлерін тартып, қолдарындағы құмыраларын сындырып тастады. | |
| Judg | Kaz | 7:20 | Сонда үш топтың күллі адамдары да кернейлерін тартып, құмыраларын сындырды. Олар сол қолдарымен жалындаған алауларын, оң қолдарымен кернейлерін ұстап тұрды да, «Жаратқан Ие үшін әрі Гедеон үшін семсер!» — деп ұрандаумен болды. | |
| Judg | Kaz | 7:21 | Әр адам жаудың тұрағын айналдыра өз орнында тұрды. Сонда тұрақтағылардың барлығы да сасқалақтап жүгіріп бара жатып, қатты айқайлап тым-тырақай қаша жөнелді. | |
| Judg | Kaz | 7:22 | Осы үш жүз адам кернейлерін тартқанда, Жаратқан Ие жау тұрағындағы адамдардың бәрін бір-біріне қарсы шығарып, семсерлерімен өзара шайқастырып қойды. Қалған жасақшылар (Иордан өзеніне қарай) Сәрераның жанындағы Бет-Шиттаға, Табаттың маңындағы Әбел-Мехоланың шекарасына дейін қашып кетті. | |
| Judg | Kaz | 7:23 | Алайда Исраилдің Нафталим, Ашир және бүкіл Манаса руларының адамдары шақырылып, олар мадияндықтардың соңынан қуып кетті. | |
| Judg | Kaz | 7:24 | Гедеон бүкіл Ефрем руының таулы аймағына да хабаршыларын жіберіп: «(Иордан алқабына) төмен түсіп барып, мадияндықтарға қарсы шығыңдар! Бет-Бараға дейінгі су көздерін және өзендердің өткелдерін қолға түсіріп, жауды соларға жақындатпаңдар!» — деді.Сонда Ефремнің бүкіл адамдары шақырылып, Бет-Бараға дейінгі су көздерін және Иордан мен басқа да өзендердің өткелдерін қолға түсіріп, жауды соларға жақындатпады. | |
Chapter 8
| Judg | Kaz | 8:1 | Ал ефремдіктер Гедеонды қатты сөгіп:— Неге бізге осылай істедің? Мадияндықтарға қарсы соғысуға аттанғаныңда неге бізді шақырмадың? — деді. | |
| Judg | Kaz | 8:2 | Гедеон оларға жауап беріп:— Сіздермен салыстырғанда мен қазір қандай жетістікке қол жеткізіппін? Ефрем руының терген масақтары Әбиезер әулетінің бүкіл жинағанынан әлдеқайда артық емес пе? | |
| Judg | Kaz | 8:3 | Құдай сіздердің қолдарыңызға Мадиянның екі әміршісі Ориб пен Зипті түсірді! Сіздермен салыстырғанда мен қандай жетістікке қол жеткізе алдым? — деді. Гедеонның жауабын естігенде, ефремдіктердің ашуы басылды. | |
| Judg | Kaz | 8:4 | Гедеон және оның қасындағы үш жүз адамы Иордан өзеніне жетіп, оның шығыс жағына өтті. Өздерінің шаршап-шалдыққандарына қарамастан, олар мадияндықтарды қууын жалғастыра берді. | |
| Judg | Kaz | 8:5 | Гедеон Соқот қаласына жеткенде, оның адамдарына:— Мына жасақшыларыма біраз таба нан берсеңіздер екен. Олар қатты ашығып тұр! Мен Мадиян патшалары Зебей мен Салманның соңына түсіп келе жатыр едім, — деп өтініш жасады. | |
| Judg | Kaz | 8:6 | Бірақ Соқоттың басшылары:— Біз сенің тобыңа тамақ беретіндей, Зебей мен Салманды қолыңа түсіріп пе едің? — деп кекетті. | |
| Judg | Kaz | 8:7 | Гедеон оларға:— Жарайды. Жаратқан Ие Зебей мен Салманды қолыма түсіргеннен кейін мен қайтып келемін. Сонда сендерді даланың тікенек-ошағанымен осқылап тілгілеймін! — деп жауап қатты. | |
| Judg | Kaz | 8:8 | Содан Гедеон Пенуелге де өрлеп барып, дәл сондай өтініш жасады. Пенуелдің адамдары да соқоттықтар сияқты жауап қатып, көмектесуден бас тартты. | |
| Judg | Kaz | 8:9 | Сол себепті Гедеон оларға: «Мен аман-есен қайтып келгенімде осы мұнараны қиратып тастаймын!» — деп нық айтты. | |
| Judg | Kaz | 8:10 | Сол кезде Зебей мен Салман өздерінің жасағы — шамамен он бес мың адаммен Қарқорға аялдаған болатын. Шығыс халықтарының жасақтарынан жүз жиырма мың семсер асынғандар қаза тауып, одан қалып отырғаны осы он бес мың еді. | |
| Judg | Kaz | 8:11 | Гедеон өз тобымен шатырда тұратын көшпелі тайпалардың Нобах пен Жогбеганың шығысынан өтетін көш жолымен жүре отырып, жайбарақат отырған жасаққа табан астынан бас салды. | |
| Judg | Kaz | 8:12 | Зебей мен Салман қаша жөнелді. Гедеон олардың соңынан қуып, қолға түсіріп, мадияндықтардың бүкіл жасағының зәресін ұшырды. | |
| Judg | Kaz | 8:14 | жолшыбай соқоттық бір жас жігітті ұстап алды. Оған сұрақтар қойып тергеді. Жігіт Гедеонға Соқоттың барлық жетпіс жеті басшысы мен ақсақалының аты-жөндерін жазып берді. | |
| Judg | Kaz | 8:15 | Гедеон Соқотқа жеткенде, оның адамдарына:— Мені «Біз сенің шаршаған адамдарыңа тамақ беретіндей, Зебей мен Салманды қолыңа түсіріп пе едің?» деп кекетіп едіңдер. Енді, міне, сендерге Зебей мен Салман! — деді. | |
| Judg | Kaz | 8:16 | Қала ақсақалдарын ұстатып, олардың денелерін даланың тікенек-ошағанымен осқылап тілгілетіп, Соқоттың адамдарына осылай тәлім берді. | |
| Judg | Kaz | 8:17 | Бұдан кейін Гедеон Пенуел қаласының мұнарасын қиратып, қаладағы ер адамдардың көздерін құртты. | |
| Judg | Kaz | 8:18 | Кейін Гедеон Зебей мен Салманнан:— Сендер Таборда өлтірген адамдар қандай болатын? — деп сұрағанда, екеуі:— Олар өзіңізге ұқсап, әрбіреуінің сырт көрінісі шетінен ханзада сияқты болатын, — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 8:19 | Сонда Гедеон:— Бұлардың бәрі де бірге туған ағайындыларым еді ғой! Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдындағы шын сөзім, оларды өлтірмегендеріңде мен де сендерді өлтірмес едім! — деді. | |
| Judg | Kaz | 8:20 | Тұңғышы Етерге бұрылып: «Тұр, мыналардың көздерін құрт!» — деп бұйырды. Бірақ ұлы әлі де жас болғандықтан, семсерін суырып алып, оларды өлтіріп тастауға бата алмады. | |
| Judg | Kaz | 8:21 | Сонда Зебей мен Салман: «Бізді өзіңіз-ақ өлтіріңіз. Үлкеннің ісін балаға орындатпаңыз», — деді. Гедеон алдына ұмтылып, Зебей мен Салманды өлтірді де, олардың түйелерінің мойнына салынған айшықты алқаларын шешіп алды. | |
| Judg | Kaz | 8:22 | Осының бәрінен кейін исраилдіктер Гедеонға:— Сіз бізді мадияндықтардан құтқардыңыз. Ендеше өзіңіз, содан кейін ұлыңыз және немереңіз бізге басшы болып билік құрыңыздар! — деп ұсыныс жасады. | |
| Judg | Kaz | 8:23 | Бірақ Гедеон оларға:— Мен де, ұлым да сіздерге басшы болып билік құрмаймыз. Жаратқан Иенің Өзі-ақ сіздерге билік құрсын! — деп жауап қайтарды. | |
| Judg | Kaz | 8:24 | Алайда ол: — Менің сіздерден бір өтінішім бар: әрбіреуіңіз жаудан олжалағандарыңыздан бір-бір алтын сырғадан берсеңіздер екен, — деп қосты. Себебі жау сарбаздары ысмағұлдықтар болғандықтан, құлақтарына алтын сырға тағып жүретін еді. | |
| Judg | Kaz | 8:25 | Исраилдіктер:— Әрине, сөзсіз береміз! — деп, бір шапанды жерге жайып жіберді де, әркім соған жаудан олжалаған сырғаларының біреуін тастады. | |
| Judg | Kaz | 8:26 | Сонда жиналған алтын сырғалардың салмағы бір мың жеті жүз мысқал болды. Оның үстіне Мадиян патшаларының тағып жүретін алтын айшықты әшекейлері мен алқалары, қырмызы шапандары әрі түйелерінің мойнына асатын алтын шынжырлары да бар еді. | |
| Judg | Kaz | 8:27 | Сол алтынды Гедеон діни қызметкер киіп жүретін жеңсіз сырт киім жасауға жұмсап, соны өз қаласы Офраға апарып қойды. Кейін бүкіл Исраил халқы сонда барып, сол «қасиетті» киімге табына бастады. Осылай олар азғындыққа батты. Тіпті Гедеон мен оның әулеті де бұл тұзаққа ілініп қалды. | |
| Judg | Kaz | 8:28 | Мадиян халқы үлкен жеңіліске ұшырағандықтан, Исраилдің алдында бой ұсынып, оның енді қайтып Исраилге қарсы бас көтеретіндей қауқары қалмады. Гедеонның көзі тірі кезінде елде қырық жыл тыныштық орнады. | |
| Judg | Kaz | 8:31 | Оның Сихемде тұратын кәнизагы да бір ұл туып, Гедеон оның атын Әбумәлік (демек, «(көктегі) Әкем — Патша») деп қойды. | |
| Judg | Kaz | 8:32 | Сөйтіп Жоғас ұлы Гедеон көп жасап, қайтыс болды. Оның мәйіті Әбиезер әулетіне тиісті Офра қаласының маңында әкесі Жоғастың қабіріне қойылды. | |
| Judg | Kaz | 8:33 | Гедеон қайтыс бола салысымен, исраилдіктер қайтадан азғындап, жалған тәңір Бағалдың мүсіндеріне табынып, Бағал-Берітті өздері құлшылық ететін тәңірлері деп бекітті. | |
| Judg | Kaz | 8:34 | Осылайша исраилдіктер өздерін айналадағы барлық жауларынан құтқарып келген Құдайлары — Жаратқан Иені естерінен шығарды. | |
Chapter 9
| Judg | Kaz | 9:1 | Бірде Еруб-Бағал (яғни Гедеон) ұлы Әбумәлік шешесінің Сихем қаласындағы аға-інілеріне барып, оларға және бүкіл нағашы жұртына былай деп тіл қатты: | |
| Judg | Kaz | 9:2 | «Сихемнің күллі азаматтарына былай деңіздер: Сіздерге қайсысы пайдалы: Еруб-Бағалдың барлық ұлдары — жетпіс адамның билік жүргізгені ме, әлде тек біреуінің ғана ма? Оның үстіне мен сіздердің қандас туысқандарыңызбын ғой, соны да ұмытпаңыздар!» | |
| Judg | Kaz | 9:3 | Сонда шешесінің төркіндері Сихемнің өзге азаматтарының алдында Әбумәліктің сөзін сөйледі. Бұлардың көңілдері де Әбумәлікке ауды, өйткені олар: «Ол біздің қандас туысымыз», — десті. | |
| Judg | Kaz | 9:4 | Сихемдіктер оған Бағал-Беріттің ғибадатханасынан жетпіс мысқал күміс табыстады. Әбумәлік күміске ар-ұяттан безген, ешкімді менсінбейтін адамдарды жалдап алып, олар оған ілесіп жүретін болды. | |
| Judg | Kaz | 9:5 | Әбумәлік сол сарбаздарын ертіп Офраға, марқұм әкесі Еруб-Бағалдың әулетіне аттанып барып, оның жетпіс ұлын — өзінің туған бауырларын тұтқындап, бір дәу тастың үстінде өлтіртіп тастады. Тек Еруб-Бағалдың кенже ұлы Жотам ғана тығылып аман қалды. | |
| Judg | Kaz | 9:6 | Содан соң Сихемнің басқарушылары әрі Бет-Миллоның күллі азаматтары жиналып, Сихемдегі бағананың маңындағы емен ағашының қасына барып, сол жерде Әбумәлікті патша етіп тағайындады. | |
| Judg | Kaz | 9:7 | Осы оқиға туралы Жотам естігенде, Гәризим тауының басына шығып, бар даусымен айқайлап былай деді: «Сихемнің басшылары, сөзіме құлақ түріңдер! Сонда Құдай сендерге құлақ сала көрсін! | |
| Judg | Kaz | 9:8 | Бір күні ағаштар өздеріне патша тағайындамақ боп шешіпті. Сол себепті олар зәйтүн ағашына:— Бізге патша бол! — депті. | |
| Judg | Kaz | 9:9 | Ал зәйтүн ағашы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана тәңірлер мен адамдарға құрмет сыйлайтын майымды өндіруді доғаруым керек пе? — деп жауап қайтарыпты. | |
| Judg | Kaz | 9:11 | Бірақ інжір ағашы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана дәмді де тәтті жеміс беруімді доғаруым керек пе? — деп жауап беріпті. | |
| Judg | Kaz | 9:13 | Бірақ жүзім бұтасы оларға:— Басқа ағаштардың үстінен бұтақтарымды шайқау үшін ғана тәңірлер мен адамдардың көңілін көтеретін шырын беруімді доғаруым керек пе? — деп жауап қайырыпты. | |
| Judg | Kaz | 9:15 | Тікенді бұта оларға:— Егер сендер мені шынымен өздеріңе патша қылғыларың келсе, онда келіп, менің көлеңкемді паналаңдар. Ал егер алдап тұрсаңдар, онда тікенді бұтадан от лап етіп шығып, тіпті Ливанның самырсындарын да өртеп жіберсін! — депті. | |
| Judg | Kaz | 9:16 | Ендеше, егер сендер Әбумәлікті патша етіп тағайындаған кезде адалдық пен ізгі ниет көрсеткен болсаңдар, яғни Еруб-Бағал марқұм мен оның әулетіне жақсылық жасап оның істегеніне лайықты іс-әрекет жасаған болсаңдар, онда жақсы. | |
| Judg | Kaz | 9:17 | Ал Еруб-Бағал кезінде сендер үшін өз басын қатерге тігіп, шайқасып, сендерді мадияндықтардан аман-есен құтқарып қалған болатын. | |
| Judg | Kaz | 9:18 | Бірақ сендер бұл күндері әкемнің отбасына қарсы бас көтеріп, оның жетпіс ұлын бір дәу тастың үстінде қырып тастадыңдар, ал оның күңінен туған ұлы Әбумәлікті өздеріңе туысқан болғандықтан Сихемнің азаматтарының үстінен патша етіп қойдыңдар. | |
| Judg | Kaz | 9:19 | Егер сендер осыны істегенде шынайы да адал ниетпен әрекеттенген болсаңдар, онда Әбумәлік сендерді, сендер Әбумәлікті қуантыңдар. | |
| Judg | Kaz | 9:20 | Ал егер солай істемеген болсаңдар, онда Әбумәліктен от лап етіп сендерді: Сихем мен Бет-Миллоның азаматтарын жалмап қойсын, әрі сендерден де от лап етіп, Әбумәлікті жалмап қойсын!» | |
| Judg | Kaz | 9:21 | Жотам осыны айтып болған соң, ағасы Әбумәліктен бас сауғалап Бегер жағына қашып барып, сонда тұрды. | |
| Judg | Kaz | 9:23 | Алайда Құдай Әбумәлік пен Сихем азаматтарының арасына араздық туғызатын жын жіберіп, Сихемнің адамдары Әбумәлікке қарсы опасыздық жасады. | |
| Judg | Kaz | 9:24 | Осылайша Ол өз ағайындары — Еруб-Бағалдың жетпіс ұлына зорлық жасаған Әбумәліктің мойнына және мұнысын қолдаған Сихемнің азаматтарының мойындарына солардың төгілген қанын салып, олар әділ жазаларын тартулары керек болды. | |
| Judg | Kaz | 9:25 | Сихемдіктер Әбумәлікке қарсы шығып, қырат бастарына тосқауыл қойып, сол жерден өткендердің бәрін тонайтын. Бұл туралы Әбумәлікке хабар тиді. | |
| Judg | Kaz | 9:26 | Сол екі арада Ебед ұлы Ғағал өзінің ағайындыларымен бірге Сихемге көшіп келіп, қала азаматтарының сеніміне ие болды. | |
| Judg | Kaz | 9:27 | Сихемдіктер жүзімдіктерінің өнімін жинап, жүзім шырынын сығып болған соң, көңілді мереке өткізді. Сонда олар өздерінің табынатын жалған тәңірлері Бағалдың ғибадатханасына барып, сонда ішіп-жеп, Әбумәлікті қарғап-сіледі. | |
| Judg | Kaz | 9:28 | Ебед ұлы Ғағал сол жерде отырып былай деді: «Біз — Сихемнің азаматтары оған қызмет ететіндей, Әбумәлік деген кім еді өзі? Ол — Еруб-Бағалдың ұлы, әрі Зебул — оның орынбасары емес пе? Ендеше сендер (арғы аталарың) Сихемнің әкесі Хамордың ұрпақтарына ғана қызмет етіңдер! Біз неге исраилдіктерге қызмет етуіміз керек, ә? | |
| Judg | Kaz | 9:29 | Осы халық менің қол астымда болса ғой, шіркін! Онда мен Әбумәлікті қуып жіберер едім! Әбумәлікке: Бүкіл жасағыңды шақырып алып, шайқасқа аттан! — дер едім». | |
| Judg | Kaz | 9:31 | Зебул Арумада жүрген Әбумәлікке құпия хабаршыларын жіберіп былай деді: «Тақсыр, Ебед ұлы Ғағал өзінің ағайындарымен Сихемге көшіп келіп, енді халықты сізге қарсы айдап салып жүр! | |
| Judg | Kaz | 9:33 | Таңертең ерте, күн шыға салысымен қалаға бас салыңыздар. Ғағал қасындағы адамдарымен қаладан сізге қарсы шыққанда, оған қалағаныңызды істей көріңіз!» | |
| Judg | Kaz | 9:34 | Осылайша Әбумәлік қасындағы бүкіл жасағын ертіп, түнде жолға шықты да, Сихемге жетті. Олар төрт топқа бөлініп, қалаға қарсы тосқауылдар құрды. | |
| Judg | Kaz | 9:35 | (Келесі күні таңертең) Ебед ұлы Ғағал қаладан шығып, қала қақпасының алдында тұрған кезде, Әбумәлік пен оның адамдары жасырынған орындарынан тұтқиылдан шыға келді. | |
| Judg | Kaz | 9:36 | Ғағал оларды көргенде Зебулге:— Анаған қараңыз, қырат бастарынан адамдар түсіп келе жатыр! — деді. Бірақ Зебул оған жауап қайырып:— Қыраттардың көлеңкесін адам екен деп көріп отырсың, — деді. | |
| Judg | Kaz | 9:37 | Ғағал қайтадан тіл қатып:— Жоқ, қараңызшы, елдің жоғарғы жағынан адамдар ылдилап келе жатыр! Көріпкелдер емені жағынан да бір топ адам келе жатыр! — деді. | |
| Judg | Kaz | 9:38 | Зебул оған:— Онда сенің: «Біз оған қызмет ететіндей, Әбумәлік деген кім еді өзі?» деп мақтанғаның қайда?! Сенің менсінбеген адамдарың осылар емес пе? Енді шығып, олармен шайқасып көр! — деді. | |
| Judg | Kaz | 9:40 | Әбумәлік Ғағалдың артынан қуып, Сихемнің көптеген адамдары қашып кетіп, қала қақпасына жетпей қаза болды. | |
| Judg | Kaz | 9:41 | Бұдан кейін Әбумәлік Арумаға қайта оралды, ал Зебул Ғағал мен оның ағайындарын Сихемнен қуып шықты. | |
| Judg | Kaz | 9:42 | Келесі күні Сихемнің көптеген адамы қаладан далаға шықты. Бұл туралы хабар Әбумәлікке жетті. | |
| Judg | Kaz | 9:43 | Ол өз адамдарын үш топқа бөлді де, далада тосқауыл құрып оларды күтіп тұрды. Қаланың адамдарының таяп келе жатқанын көргенде, Әбумәлік орнынан шыға келіп, оларға бас салды. | |
| Judg | Kaz | 9:44 | Әбумәлік қасындағы тобымен алға ентелеп, қала қақпасының маңын басып алды. Ал қалған екі топ далада қалғандарды қырып-жоюмен болды. | |
| Judg | Kaz | 9:45 | Әбумәлік күні бойы қалаға шабуыл жасап, ақырында оны басып алып, ондағы адамдардың көздерін құртты. Қаланы жермен-жексен қылып қиратып, үстіне тұз сеуіп шашты. | |
| Judg | Kaz | 9:46 | Сихемнің мұнарасының тұрғындары осыны естігенде, Ел-Беріт деген жалған тәңірдің ғибадатханасының астына бас сауғалап кіріп алды. | |
| Judg | Kaz | 9:48 | Ол барлық адамдарымен бірге Салмон төбесіне көтерілді де, балтамен бір құшақ бұтақ кесіп, иығына салып, көтеріп алды. Қасындағы адамдарына: «Мен не істесем, сендер де жылдамдап соны істеңдер!» — деп бұйырды. | |
| Judg | Kaz | 9:49 | Сонда бүкіл адамдары бұтақтар кесіп алып, Әбумәліктің соңынан еріп, қалаға қайтты. Бұтақтарын қамалдың айналасына үйіп, от қойып, өртеп жіберді. Осылай Сихем мұнарасының барлық тұрғындары: әйелі бар, еркегі бар шамамен бір мың адам қаза тапты. | |
| Judg | Kaz | 9:51 | Ал қала ішінде бір мықты мұнара бар болатын. Қаланың бүкіл азаматтары: еркектер мен әйелдер сол мұнараға бас сауғалап қашып барды. Олар бекініп алып, мұнараның жалпақ төбесіне шықты. | |
| Judg | Kaz | 9:52 | Әбумәлік шабуылдамақ болып мұнараға қарай беттеп, от қою үшін мұнара қақпасына жақындай берді. | |
| Judg | Kaz | 9:53 | Сонда бір әйел мұнара төбесінен Әбумәліктің үстіне қол диірменнің үстіңгі тасын тастап жіберіп, оның басы жарылып қалды. | |
| Judg | Kaz | 9:54 | Әбумәлік өзінің қару-жарағын көтеріп жүретін нөкерін дереу шақырып алды да: «Семсеріңді суырып ал да, мені өлтір. Жұрт: «Оны әйел өлтірді» деп жүрмесін!» — деді. Сонда жаңағы жас жігіт оған семсерін сұғып алып, Әбумәлік жан тапсырды. | |
| Judg | Kaz | 9:56 | Әбумәліктің өзінің жетпіс аға-інісін өлтіріп әкесіне қарсы жасаған сұмдық ісінің есесін Құдай осылайша қайтарды. | |
Chapter 10
| Judg | Kaz | 10:1 | Әбумәліктен кейін Додоның немересі Пуах ұлы Тола Исраилді құтқаруға тағайындалды. Исашар руынан шыққан ол Ефремнің таулы аймағындағы Шамирды мекендеді. | |
| Judg | Kaz | 10:2 | Тола Исраилде жиырма үш жыл бойы билік айтты. Тола би қайтыс болғанда мәйіті Шамирдағы қабірге қойылды. | |
| Judg | Kaz | 10:4 | Оның отыз ұлы болды. Олар отыз есекке мініп, Ғилақад аймағында орналасқан отыз қалаға ие болды. Сол қалалар әлі күнге дейін «Жайыр қоныстары» деп аталады. | |
| Judg | Kaz | 10:6 | Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Бағал, Астарта тәңірсымақтарға табынып кетті, әрі Арама, Сидон, Моаб, Аммон, філістір халықтары табынатын жалған тәңірлерге де құлшылық етіп жүрді. Содан исраилдіктер Жаратқан Иеден мүлдем бас тартып, Оған еш ғибадат етпейтін болды. | |
| Judg | Kaz | 10:7 | Сол себепті Оның қаһары халыққа қарсы лаулап, оларды філістірлер мен аммондықтардың қолдарына түсірді. | |
| Judg | Kaz | 10:8 | Бұлар сол жылы исраилдіктерге соққы беріп, оларды аяусыз қанады. Жау бұрынырақ Иордан өзенінің арғы жағын мекендеген аморлықтардың жері — Ғилақад аймағында қоныстанған барлық исраилдіктерді он сегіз жыл бойы қанады. | |
| Judg | Kaz | 10:9 | Аммондықтар тіпті Иордан өзенінен өтіп, Яһуда, Бунямин және Жүсіптен тараған екі руға да қарсы соғысты. Сол себепті Исраил халқы зор қысым көрді. | |
| Judg | Kaz | 10:10 | Ақырында исраилдіктер Жаратқан Иені дауыстап шақырып:— Біздер Сенен, өз Құдайымыздан, бас тартып, Бағалдың мүсіндеріне құлшылық етіп ауыр күнә жасадық! — деп көмек беруін өтінді. | |
| Judg | Kaz | 10:12 | сондай-ақ, сидондықтар, амалектіктер және мағондықтар сендерді қыспақтап қанағанда, Маған жалбарына сиындыңдар, ал Мен өздеріңді олардың қолынан құтқарып алып отырдым. Бұл солай болды емес пе? | |
| Judg | Kaz | 10:13 | Бірақ сендер Менен бас тартып, бөгде тәңірлерге табынып келесіңдер. Сондықтан Мен сендерді бұдан былай құтқармаймын! | |
| Judg | Kaz | 10:14 | Өздерің таңдап алған тәңірсымақтарыңа барып жүгініңдер! Бастарыңа пәле түскен кездеріңде солар құтқарсын! — | |
| Judg | Kaz | 10:15 | Ал исраилдіктер Жаратқан Иеге:— Біз күнә жасадық! Өзің дұрыс деп тапқаныңды бізге істей гөр, тек жаудан құтқарсаң етті! — деп жалынды. | |
| Judg | Kaz | 10:16 | Олар араларыңда болған бөгде тәңірлердің мүсіндерін алып тастап, Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің көрген азабына шыдай алмай, оларды аяды. | |
| Judg | Kaz | 10:17 | Бұдан кейін аммондықтар жасақшыларын жинап, Ғилақадта тұрақтағанда, исраилдіктер де жиналып, Миспада қостарын тікті. | |
Chapter 11
| Judg | Kaz | 11:1 | Ғилақадтық Ефтах мықты да батыл жауынгер еді. Оның әкесінің аты Ғилақад, ал шешесі жеңіл жүрісті әйел болатын. | |
| Judg | Kaz | 11:2 | Ғилақадтың некелі әйелі де оған ұлдар туды. Олар есейген кезде Ефтахты қуып жіберіп, оған: «Біздің әкеміздің үйінде мұрагер болмайсың, себебі сен бөгде әйелдің баласысың», — деді. | |
| Judg | Kaz | 11:3 | Сонда Ефтах ағайындарынан қашып кетіп, Тоб өңіріне қоныстанды. Сол жерде оған бірнеше бос жүрген жігіттер қосылып, оның соңынан еріп (жаудың елді мекендерін тонауға) шығып жүрді. | |
| Judg | Kaz | 11:5 | Аммондықтар аттанып келгенде, Ғилақад аймағының ақсақалдары Ефтахты шақырып алу үшін Тоб жеріне оның алдына барып, | |
| Judg | Kaz | 11:7 | Ефтах оларға:— Мені жек көріп, әкемнің үйінен қуып шыққан сіздер емес пе едіңіздер? Енді бастарыңызға пәле түскенде маған несіне келіп тұрсыздар? — деді. | |
| Judg | Kaz | 11:8 | Бірақ Ғилақадтың ақсақалдары қоймай:— Сол себептен біз енді өкініп, алдыңызға келіп тұрмыз. Бізбен бірге барып, аммондықтармен соғыссаңыз, Ғилақадты мекендейтін бәріміздің басшымыз сіз боласыз! — деді. | |
| Judg | Kaz | 11:9 | Ефтах оларға:— Мейлі, мен сіздермен барып, аммондықтармен соғыса-ақ қояйын. Жаратқан Ие маған жеңіс те берді дейік. Сонда сіздер шынымен-ақ мені өздеріңізге басшы етесіздер ме? — деген сұрақ қойды. | |
| Judg | Kaz | 11:10 | Ғилақадтың ақсақалдары:— Жаратқан Иенің Өзі осы айтқанымыздың растығына куә болсын. Сіз қалай айтсаңыз, дәл солай істейміз! — деп уәделерін берді. | |
| Judg | Kaz | 11:11 | Сонда Ефтах Ғилақадтың ақсақалдарымен барып, халық оны өздеріне басшы әрі жасақтың қолбасшысы етіп қойды. Ефтах ақсақалдарға айтқан бүкіл сөздерін Миспада Жаратқан Иенің алдында қайталап айтты. | |
| Judg | Kaz | 11:12 | Содан Ефтах Аммон халқының патшасына елшілерін жолдап:— Менің еліме қарсы соғысатындай біздің арамызда қандай дау бар еді? — деген сәлемін жіберді. | |
| Judg | Kaz | 11:13 | Аммон патшасы Ефтахтың елшілеріне:— Исраил халқы Мысырдан көшіп шыққан кезде, Арнон мен Ябоктың арасындағы Иорданға дейін созылып жатқан жерімді тартып алды. Сол жерімді бейбіт түрде қайтарып беріңдер! — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 11:15 | Олар былай деді:— Ефтах мынаны айтады: Исраил не Моаб, не Аммон халықтарының жерлерін тартып алған емес. | |
| Judg | Kaz | 11:16 | Исраил Мысырдан көшіп шыққан кезде иен дала арқылы Қамысты теңізге әрі Қадешке барды. | |
| Judg | Kaz | 11:17 | Сонда Исраил Едом патшасына елшілері арқылы «Сіздің еліңіз арқылы өтіп шығуға рұқсат берсеңіз екен» деген сәлемін жіберген еді. Бірақ Едом патшасы Исраилдің өтінішіне құлақ салмады. Моаб патшасына да сондай өтініш жіберілді, бірақ ол да рұқсатын берген жоқ. Осылай Исраил халқы Қадеште қала берді. | |
| Judg | Kaz | 11:18 | Кейін олар елсіз дала арқылы, Едом мен Моаб елдерін сырт айналып өтіп, Моабтың шығыс жағына шықты да, Арнон өзенінің арғы жағына тұрақтады. Олар Моаб жеріне аяқ басқан жоқ, себебі шекара дәл сол өзен арқылы өтетін еді. | |
| Judg | Kaz | 11:19 | Содан соң исраилдіктер Хешебонда патшалық құрған аморлықтардың патшасы Сихонға елшілерін жіберіп, одан: «Жеріңіз арқылы өтіп өзіміздің жерімізге баруға рұқсат ете көріңіз» деп өтінді. | |
| Judg | Kaz | 11:20 | Бірақ Сихон Исраил халқын өз жері арқылы өткізуден қорқып, өзінің бүкіл жасағын жинап, Яхаста қостарын тігіп, оларға қарсы соғысты. | |
| Judg | Kaz | 11:21 | Бірақ Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Сихон мен оның барлық адамдарын Исраилдің қолына тапсырып, олар жеңіліп қалды. Сонда Исраил халқы сол елді мекендеген аморлықтардың | |
| Judg | Kaz | 11:22 | Арнон мен Ябоктың арасындағы және елсіз даладан Иорданға дейінгі жерін иемденіп алды. | |
| Judg | Kaz | 11:23 | Ал енді Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие аморлықтарды қуып шығып, жерлерін өз халқы Исраилге бергендіктен, осы жерді мұралық меншікке алуға сіздің қандай құқығыңыз бар? | |
| Judg | Kaz | 11:24 | Табынатын тәңіріңіз Хамос өзіңізге иелікке берген жерді иемденесіз ғой. Сол сияқты, біз де Құдайымыз Жаратқан Ие мұралыққа табыстаған жерді иемденеміз. | |
| Judg | Kaz | 11:25 | Әлде сіздер Моаб патшасы Сипор ұлы Балақтан артықсыздар ма? Оның Исраилмен осы жер туралы дауласып, соғысқан кезі болды ма? | |
| Judg | Kaz | 11:26 | Үш жүз жылдан бері Исраил Хешебон, Арогер мен оларға қарасты елді мекендерде және Арнон өзенінің бойында орналасқан басқа да қалаларды қоныстанып келеді. Сол кездерде жерді неге бізден тартып алмадыңыздар? | |
| Judg | Kaz | 11:27 | Ендеше мен сізге ешқандай обал жасап отырған жоқпын. Қайта, сіз маған қарсы соғыс ашып жамандық істеп отырсыз. Жаратқан Ие — әділ Төреші. Оның Өзі бүгін Исраил мен Аммон халықтары арасындағы осы дауды шешіп берсін! | |
| Judg | Kaz | 11:29 | Сонда Жаратқан Иенің Рухы Ефтахқа қонып, ол Ғилақад пен Манаса арқылы өтіп, Ғилақадтағы Миспаға, одан аммондықтарға қарай аттанды. | |
| Judg | Kaz | 11:30 | Ал Ефтах Жаратқан Иеге ант етіп былай деген еді: «Егер Сен аммондықтарды менің қолыма тапсырсаң, | |
| Judg | Kaz | 11:31 | онда мен аман-есен қайтып келген кезде алдымнан бірінші болып үй-жайымның қақпасынан шыққанды Жаратқан Иеге бағыштап шалып, түгелдей өртеп жіберемін». | |
| Judg | Kaz | 11:32 | Осылай Ефтах жасағын ертіп аммондық сарбаздарға қарсы аттанып, шабуыл жасады. Жаратқан Ие аммондықтарды Ефтахтың қолына табыстады. | |
| Judg | Kaz | 11:33 | Ефтах оларды ойсырата жеңіп, жаудың Арогер мен Минит арасында әрі Әбел-Керәмимге дейінгі аралықта орналасқан жиырма қаласын қиратып тастады. Осылай аммондықтар Исраил халқына бой ұсынды. | |
| Judg | Kaz | 11:34 | Ефтах өзінің Миспадағы үй-жайына келгенде, оның алдынан даңғыраны сыңғырлатып, би билеп өз қызы шыға келді! Ол Ефтахтың жалғыз баласы еді, одан басқа Ефтахтың ұлы да, қызы да жоқ болатын. | |
| Judg | Kaz | 11:35 | Қызының осылай келе жатқанын көргенде, Ефтах көйлегінің өңірін жыртып:— Әттең, қызым-ай! Сен мені қатты қайғыртып, үлкен қасіретке түсіріп отырсың. Мен өз аузыммен Жаратқан Иеге ант еткен едім, енді соны қайтарып ала алмаймын! — деді. | |
| Judg | Kaz | 11:36 | Қызы оған:— Әкетай, сіз Жаратқан Иеге ант етіпсіз. Ендеше аузыңыздан шыққан сол антыңызды орындаңыз! Жаратқан Иеміз сізге аммондық жауларыңыздың үстінен үлкен жеңіс сыйлады ғой! — деді. | |
| Judg | Kaz | 11:37 | Содан соң қызы әкесінен: — Тек маған мынаған рұқсат берсеңіз екен: Мен екі ай бойы таулы аймақты кезіп, жолдас қыздарыммен өзімнің ешқашан күйеуге шыға алмайтыныма қайғырып, қайтып келейін! — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 11:38 | Ефтах:— Баруыңа болады, — деп қызына рұқсат беріп, оны екі айға жіберді. Қызы жолдас қыздарымен тауға шығып, өзінің күйеуге шыға алмайтынына қайғырды. | |
| Judg | Kaz | 11:39 | Екі ай біткен соң қыз әкесіне қайтып келді. Әкесі берген антын орындап, қызын Жаратқан Иеге бағыштады. Ол ешқашан еркекпен жақындаспаған пәк қыз еді.Сол кезден бастап Исраилде | |
Chapter 12
| Judg | Kaz | 12:1 | Ал Ефрем руының сарбаздары жиналып, Сафонға өтіп барды да, Ефтахқа:— Аммондықтарға қарсы соғысу үшін солардың жеріне аттанғанда неге бізді шақырмадың? Сол үшін біз сені өз үйіңде өртеп жібереміз! — деп қоқан-лоқы айтты. | |
| Judg | Kaz | 12:2 | Ефтах оларға жауап беріп былай деді:— Халқыммен бірге аммондықтармен зор дауға түстім. Алайда мен сендерді шақырған кезде де сендер мені олардың қолынан құтқарған жоқсыңдар. | |
| Judg | Kaz | 12:3 | Маған көмектеспейтіндеріңе көз жеткізген соң, мен солардың жеріне аттанып, аммондықтарды өзім шабуылдап басымды өлімге тіктім. Жаратқан Ие оларды қолыма табыстады. Ал енді, өздерің неге маған қарсы соғысуға келіп отырсыңдар? | |
| Judg | Kaz | 12:4 | Ал ефремдіктер: «Ей, ғилақадтықтар, сендер небәрі Ефрем мен Манасаның ортасындағы Ефремнің қашқынысыңдар, ә!» — деп оларды жәбірледі. Сол себепті Ефтах Ғилақадтың барлық ер адамдарын жинап, Ефрем жасағымен соғысып, оларды талқандады. | |
| Judg | Kaz | 12:5 | Ғилақадтықтар Иордан өзенінің өткелдерін басып алып, ефремдіктерге елдеріне қайтатын жолды жауып тастады. Осылайша Ефремнің қашып келе жатқан адамы: «Ана жаққа өтейін деп едім!» — десе, ғилақадтықтар одан: «Сен ефремдіксің бе?» — деп сұрайтын еді. Егер анау жоқ десе, | |
| Judg | Kaz | 12:6 | олар оған: «Шибболет деп айт!» — деп бұйыратын. Егер ана адам сол сөзді дұрыс айта алмай, «Сибболет» деп ерсілеу айтса, онда оны ұстап алып, өткелдің маңында өлтіріп тастайтын. Сонымен бұл соғыста Ефремнің қырық екі мың адамы өлді. | |
| Judg | Kaz | 12:7 | Ғилақадтық Ефтах би Исраилге алты жыл бойы билік айтты. Ол қайтыс болғанда мәйіті Ғилақад аймағындағы бір қаланың маңайындағы қабірге қойылды. | |
| Judg | Kaz | 12:9 | Оның отыз ұлы мен отыз қызы болды. Ол қыздарын өз әулетінен тыс жаққа ұзатып, ұлдарына әулетінен тыс жақтан әйел алып берді. Ибесан Исраилге жеті жыл бойы билік айтты. | |
| Judg | Kaz | 12:14 | Оның жетпіс есекке мініп жүретін қырық ұлы мен отыз немересі болды. Абыдон Исраилге сегіз жыл билік айтты. | |
Chapter 13
| Judg | Kaz | 13:1 | Исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады. Содан Ол халықты қырық жыл бойы філістірлердің қолына табыстады. | |
| Judg | Kaz | 13:2 | Дан руының Сора қаласында Маноғах есімді бір кісі тұратын, оның әйелі бала тумайтын бедеу еді. | |
| Judg | Kaz | 13:3 | Бір күні Жаратқан Иенің періштесі әйелге мынадай хабар алып келді: «Сен бала тумаған бедеу болған едің. Енді аяғың ауырлап, ұл туасың. | |
| Judg | Kaz | 13:4 | Бұдан былай шарап пен ашыған басқа да сусын атаулыны ішуден, әрі қандай да болмасын арам нәрсені жеуден сақ бол! | |
| Judg | Kaz | 13:5 | Себебі жүкті болып, ұл туасың. Оның басына ұстара мүлдем тимеуі керек. Ол құрсақта жатқан кезінен-ақ Құдайға ерекше бағышталған жан болады. Исраилді філістірлердің қолынан сол құтқара бастайды!» | |
| Judg | Kaz | 13:6 | Содан кейін әйел күйеуіне келіп, былай деді: «Маған Құдайдың жіберген бір адамы келіп кетті. Оның сыртқы көрінісі Құдайдың періштесі сияқты үрей туғызады. Мен оның қайдан келгенін сұраған жоқпын, ол да өзінің аты-жөнін айтқан жоқ. | |
| Judg | Kaz | 13:7 | Бірақ ол маған: Аяғың ауырлап, ұл туасың. Бұдан былай шарап пен ашыған басқа да сусын атаулыны ішпе, әрі қандай да болмасын арам нәрсені жеме. Себебі бала құрсақта жатқан кезінен өлген күніне дейін Құдайға ерекше бағышталған жан болады! — деді». | |
| Judg | Kaz | 13:8 | Маноғах Жаратқан Иеге сиынып: «Уа, Ием, Өзің бізге жіберген адамың қайтып келіп, дүниеге келетін осы балаға не істеуіміз керек екенін үйрете көрсін», — деп өтінді. | |
| Judg | Kaz | 13:9 | Құдай Маноғахтың мінажатына құлақ салды. Оның әйелі егіс басында жүргенде Құдайдың періштесі оған қайтадан ұшырасты. Сол кезде де күйеуі Маноғах қасында жоқ еді. | |
| Judg | Kaz | 13:10 | Әйелі бірден күйеуіне жүгіріп барып: «Анау күні келген адам маған қайтадан көрінді!» — деп оны шақырды. | |
| Judg | Kaz | 13:11 | Маноғах орнынан тұрып, әйеліне еріп сол адамға барды. Одан:— Мына әйелмен сөйлескен адам сізсіз бе? — деп сұрады. Ол:— Мен солмын, — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 13:12 | Маноғах оған:— Айтқандарыңыз жүзеге асқанда баланың өмірі мен іс-әрекеті қандай болуы керек? — деген сұрақ қойды. | |
| Judg | Kaz | 13:13 | Жаратқан Иенің періштесі Маноғахқа:— Әйелің мен айтқан нәрселердің барлығынан бас тартатын болсын: | |
| Judg | Kaz | 13:14 | жүзімнен дайындалған ештеңені жемесін, шарап пен басқа да ашыған сусын атаулыны ішпесін, ешқандай арам нәрсені жеуіне де болмайды. Мен оған бұйырғанның барлығын орындасын! — деді. | |
| Judg | Kaz | 13:15 | Маноғах Жаратқан Иенің періштесін:— Бізбен бірге қала тұрыңыз. Бір лақ соямыз, тамақ жеп кетіңіз! — деп шақырды. | |
| Judg | Kaz | 13:16 | Періште оған:— Жарайды, біраз қала тұрайын, алайда сенің тамағыңнан дәм татпаймын. Дегенмен Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ұсынуыңа болады, — деді.Маноғах келген қонағының Жаратқан Иенің періштесі екенін әлі де ұғынбай тұрған еді. | |
| Judg | Kaz | 13:17 | Сондықтан ол Жаратқан Иенің періштесінен:— Аты-жөніңізді айтыңызшы, сөздеріңіз орындалған кезде сізге құрмет көрсетейік! — деп өтінді. | |
| Judg | Kaz | 13:18 | Бірақ Жаратқан Иенің періштесі оған:— Менің атымды неге сұрайсың? Ол түсінуге болмайтын тым керемет! — деп жауап қайырды. | |
| Judg | Kaz | 13:19 | Маноғах лақты шалып, оны және астық тартуын алып, екеуін сол жердегі бір дәу тастың үстінде Жаратқан Иеге өртеп ұсынды. Ол әйелі екеуі құрбандықтың жанып жатқанына қарап тұрғанда, Жаратқан Ие бір керемет іс жасады! | |
| Judg | Kaz | 13:20 | Құрбандық орнынан от жалыны аспанға қарай лаулап жатқан кезде Жаратқан Иенің періштесі сол жалынның ішінде жоғары көтеріліп кетті. Маноғах пен әйелі мұны көргенде екеуі етпеттерінен жерге жата кетіп, Жаратқан Иеге ғибадат етті. | |
| Judg | Kaz | 13:21 | Періште Маноғах пен оның әйеліне енді қайтып көрінбеді. Сонда Маноғах оның Жаратқан Иенің періштесі болғанын ұғынып, | |
| Judg | Kaz | 13:23 | Бірақ әйелі оған:— Егер Жаратқан Ие бізді құртуды қалаған болса, онда не өртелген құрбандығымыз бен астық тартуымызды қабылдамас, не осындай кереметті көрсетпес, не сондай хабарды жеткізбес еді ғой! — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 13:24 | Уақыты жетіп, Маноғахтың әйелі ұл туып, атын Самсон деп қойды. Бала өсіп, Жаратқан Иенің жарылқауына ие болды. | |
Chapter 14
| Judg | Kaz | 14:2 | Самсон әке-шешесіне қайтып келіп:— Мен бір філістір бойжеткенді көрдім. Барып, соны маған алып беріңіздерші! — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 14:3 | Бірақ әке-шешесі оған:— Сол құдайсыз філістірлерден барып әйел алатындай, өз руымызда, не бүкіл халқымызда қыз құрып қалды ма? — десе де, Самсон әкесінен:— Сол қызды маған алып беріңіздерші, ол маған ұнайды! — деп өтіне берді. | |
| Judg | Kaz | 14:4 | Жаратқан Ие осы жайтты қолданып, Исраилге сол кезде үстемдік құрған філістір жауларына қарсы әрекетін бастамақ болды, ал Самсонның әке-шешесі соны түсінген жоқ. | |
| Judg | Kaz | 14:5 | Ақыры Самсон әке-шешесімен Тимнаға ылдилап барып, қаланың маңындағы жүзімдіктерге жетті. Аяқ астынан бір жас арыстан Самсонға ақырып шыға келді. | |
| Judg | Kaz | 14:6 | Сол сәтте Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, ол арыстанды лақ құрлы көрмей жай қолдарымен-ақ қақ жарып бөліп тастады. Мұны әке-шешесі көрген жоқ, өзі де айтқан жоқ. | |
| Judg | Kaz | 14:7 | Содан Самсон Тимнаға кіріп жаңағы бойжеткенмен сөйлесіп көрді. Қыз Самсонға қатты ұнап қалды. | |
| Judg | Kaz | 14:8 | Біраз уақыттан кейін Самсон сол бойжеткенге үйлену үшін (әке-шешесімен бірге) қайтадан барды. Өзі өлтірген арыстанның өлексесін көру үшін жолдан бұрылып, қараса, оның ішін бір үйір бал арасы жайлап алыпты, балы да бар екен. | |
| Judg | Kaz | 14:9 | Самсон балды қолымен қырып алып, сонысын жеп кете берді. Ол әке-шешесіне қайтып қосылғанда, балдан оларға да берді. Бірақ оны арыстанның қаңқасының ішінен алғаны туралы айтқан жоқ. | |
| Judg | Kaz | 14:10 | Әкесі бойжеткеннің үйіне құда түсіп барып, Самсон жас жігіттердің дәстүріне сай қонақасы берді. | |
| Judg | Kaz | 14:12 | Самсон соларға былай деді:— Мен сендерге бір жұмбақ айтайын. Егер жеті күн той тарқамайынша оны шешсеңдер, сендерге отыз бәтес жамылғы мен отыз киім беремін. | |
| Judg | Kaz | 14:13 | Егер жұмбақты шеше алмасаңдар, онда отыз бәтес жамылғы мен отыз киімді сендер маған бересіңдер! — Олар:— Айт жұмбағыңды, естиік қандай екенін! — деп келісті. | |
| Judg | Kaz | 14:14 | Сонда Самсон жұмбағын айтты:«Жегіштің ішінен жейтін тағам,Мықтының ішінен тәтті дәм».Жігіттер үш күн бойы жұмбақты шеше алмады. | |
| Judg | Kaz | 14:15 | Төртінші күні олар Самсонның қалыңдығына қоқан-лоқы жасап былай деді: «Күйеуіңді алдап, жұмбақтың шешуін біліп ал да, бізге айтып бер. Әйтпесе біз өзіңді әкеңнің үй ішімен бірге өртеп жібереміз. Сендер бізді осында әдейі тонау үшін шақырыпсыңдар!» | |
| Judg | Kaz | 14:16 | Сонда қалыңдығы Самсонның қасында жылай беріп:— Сен мені сүймейсің, мені жек көресің! Халқымның адамдарына жұмбақ айтып, оның шешуін тіпті маған да ашпадың! — деді. Ол:— Мен шешуін тіпті өз әке-шешеме де айтқан жоқпын. Неге саған айтуым керек? — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 14:17 | Сол тойдың қалған күндері қалыңдығы Самсонның қасында жылай беріп, оны мезі қылғаннан кейін, жетінші күні ол жұмбақтың шешуін қалыңдығына айтып берді. Ал ол соны жұртына жеткізді. | |
| Judg | Kaz | 14:18 | Сөйтіп, қаланың адамдары жетінші күні күн батпай тұрып Самсонға:— Балдан тәтті не бар? Арыстаннан мықты не бар? — деп шешуін айтып берді. Самсон оларға астарлап:— Менің қашарыммен жерді айдамасаңдар, жұмбақты шеше алмас едіңдер, — деп жауап қайырды. | |
| Judg | Kaz | 14:19 | Сонда Самсонға Жаратқан Иенің Рухы құдіретпен қонып, ол (філістірлердің) Ашкелон қаласына ылдилап барып, сол жердің отыз адамын өлтірді. Олардан олжа алып, отыз киімді жұмбақтың шешуін айтқандарға үлестіріп берді.Самсонның қаһары лаулап, ол әкесінің үйіне өрлеп қайта оралып, сол жерде тұрып қалды. | |
Chapter 15
| Judg | Kaz | 15:1 | Біраздан кейін бидай орылып жатқан кезде Самсон сыйлыққа бір лақ алып, әйелін көруге барды да:— Мен әйелімнің бөлмесіне кіремін! — деді. Бірақ әйелдің әкесі оны бөлмеге кіргізбей, | |
| Judg | Kaz | 15:2 | Самсонға:— Шынында мен сен оны әбден жек көресің деп ойлап, күйеу жолдасыңа ұзаттым. Ал сіңлісі одан әлдеқайда сұлу емес пе? Соны алсаңшы! — деп ұсынды. | |
| Judg | Kaz | 15:3 | Бірақ Самсон:— Мен енді філістірлерге қандай жамандық жасасам да, кінәсіз боламын! — деп жауап қайырды. | |
| Judg | Kaz | 15:4 | Самсон үш жүз түлкі ұстап алып, оларды қос-қостан құйрықтарынан матап, ортасынан бір алаудан байлап қойды. | |
| Judg | Kaz | 15:5 | Сол алауларды тұтатып, түлкілерді філістірлердің пісіп тұрған егіндіктеріне қарай қоя берді. Осылай олар філістірлердің буылған масақтары мен пісіп тұрған егіндерін, тіпті жүзімдіктері мен зәйтүн бақтарын да өртеп жіберді. | |
| Judg | Kaz | 15:6 | Філістірлер: «Мұны кім істеді екен?» — деп сұрастырып, «Мұны істеген — Самсон, тимналық бір адамның күйеу баласы. Сол адам Самсонның әйелін қайтарып алып, оның бір жолдасына қосыпты» — дегенді біліп алды. Сонда філістір жасақшылары өрлеп келіп, сол әйелдің өзін де, әкесін де өртеп жіберді. | |
| Judg | Kaz | 15:7 | Ал Самсон оларға: «Сендер солай істегендіктен, мен де енді барлығыңа тиісті жазаларыңды тартқызып болмайынша осылай істеуімді тоқтатпаймын!» — деді. | |
| Judg | Kaz | 15:8 | Содан ол соларға қатты соққы беріп, көбін қырып тастады.Мұнан кейін Самсон Етам атты жартасқа ылдилап барып, ондағы бір үңгірді паналап тұрды. | |
| Judg | Kaz | 15:9 | Ал філістірлер өрлеп барып, Яһуда жерінде қостарын тікті. Олар Лехидің маңына жайылып, елді тонаумен болды. | |
| Judg | Kaz | 15:10 | Яһуда руының адамдары:— Бізге қарсы неге аттанып келдіңіздер? — деп сұрағанда, олар:— Самсонды ұстап алып, бізге істегенінің есесін өзіне қайтаруға келдік! — деді. | |
| Judg | Kaz | 15:11 | Сонда Яһуда руынан үш мың адам Етам жартасына ылдилап барып, Самсонға:— Філістірлердің бізге үстемдік жүргізетінін білмейсің бе? Бұлай істегенің не? — деген сұрақ қойды. Ол:— Олар маған не істесе, мен де оларға сонысын қайтардым! — деді. | |
| Judg | Kaz | 15:12 | Яһуданың адамдары:— Сені байлап, філістірлердің қолына тапсыруға келіп отырмыз, — дегенде, Самсон:— Сендер маған бас салмаймыз деп ант етіңдер! — деп талап етті. | |
| Judg | Kaz | 15:13 | Олар:— Біз сені тек мықтап байлап, олардың қолына ұстап береміз, сол ғана. Сені сөзсіз өлтірмейміз! — деп уәде беріп, оны екі жаңа арқанмен байлап, жартастан алып шықты. | |
| Judg | Kaz | 15:14 | Самсон Лехиге келгенде, філістірлер оның алдынан қуана айқайлап шықты. Сонда Жаратқан Иенің Рухы Самсонға құдіретпен қонып, оның қолындағы арқандар от тиіп тұтанған зығыр жіп іспетті білектерінен жерге сырғып түсіп қалды. | |
| Judg | Kaz | 15:15 | Самсон есектің құрғап кетпеген бір жақ сүйегін тауып алып, сол жақ сүйекпен бір мың адамды ұрып-соғып өлтірді. | |
| Judg | Kaz | 15:16 | Содан соң Самсон мәтелдеп былай деді:«Мың жаудың көзін құрттым есек жағымен-ақ,Өліктерін үйіп салдым есек жағымен-ақ!» | |
| Judg | Kaz | 15:17 | Мұны айтқаннан кейін Самсон қолындағы жақ сүйекті лақтырып тастады. Осы жерге Рамат-Лехи (яғни Жақ сүйек қыраты) деген ат қойды. | |
| Judg | Kaz | 15:18 | Сол кезде Самсон қатты шөлдеді. Ол Жаратқан Иеге: «Уа, Ием, Сен мен арқылы осы зор құтқаруды сыйладың. Енді шөлден өлермен боп, мына құдайсыз жаулардың қолына түсуім керек пе?» — деп дауыстап сиынды. | |
| Judg | Kaz | 15:19 | Сонда Құдай Лехидегі бір қуыс жерді қақ жарып, одан су аға жөнелді. Самсон судан ішіп, бойына күші қайтып, әл жинады. Сондықтан бұл қайнарды Ен-Хақоре (демек, Шақырғанның қайнары) деп атады. Лехиде осы су көзі әлі күнге дейін бар. | |
Chapter 16
| Judg | Kaz | 16:1 | Бірде Самсон (філістірдің) Газа қаласына барды. Сол жерде бір жеңіл жүрісті әйелге көзі түсіп, оның үйіне кірді. | |
| Judg | Kaz | 16:2 | «Самсон осында келіпті» деген хабар қала тұрғындарының арасына жайылды. Олар сол жерді айналдыра қоршап, қала қақпасын да түні бойы бақылаумен болды. «Таң сәріде оның көзін құртамыз!» — деп олар дыбыс шығармай сол түнді өткізді. | |
| Judg | Kaz | 16:3 | Бірақ Самсон түн ортасына дейін ғана демалды. Содан соң орнынан тұрып, қала қақпасын жақтауы, ысырмаларымен қоса тұғырымен жұлып алып, иығына салып, Хебронның қарама-қарсысындағы тау басына апарып тастады. | |
| Judg | Kaz | 16:5 | Філістірлердің әміршілері Далидаға барып: «Самсонды алдап, оның ерен күшінің көзі неде екенін, біздің қалайша оны жеңе алатынымызды біліп ал! Сонда оны байлап тастап, бой ұсындырамыз. Сол үшін саған әрқайсымыз бір мың бір жүз мысқал күмістен береміз!» — деп уәде берді. | |
| Judg | Kaz | 16:6 | Сондықтан Далида Самсоннан:— Сенің ерен күшіңнің көзі неде? Сені бағындыру үшін қалай байлап тастауға болады, соны маған айтып берші! — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 16:7 | Самсон оған:— Егер мені садақтың әлі кеппеген жеті керме жібімен байлап тастаса, мен әлсізденіп, жай адам сияқты болып қаламын! — деді. | |
| Judg | Kaz | 16:8 | Содан філістірлердің әміршілері әйелге садақтың әлі кеуіп үлгірмеген жеті адырнасын әкеліп берді, ол Самсонды солармен байлап-матап тастады. | |
| Judg | Kaz | 16:9 | Бірнеше філістір оны ұстамақ болып, ішкі бөлмеде тығылып отырды. Далида: «Самсон! Філістірлер сені ұстауға келіп қалды!» — деп дауыстады. Бірақ Самсон ұшып тұрып, үстіндегі жеті адырнаны от тиіп жанған білте іспетті бырт-бырт үзіп тастады. Осылайша оның құдірет-күшінің неде екені анықталмады. | |
| Judg | Kaz | 16:10 | Сонда Далида:— Сен мені алдап соғып, өтірік айттың. Сені қалай ғана байлауға болады? Соны қазір айтып берші! — деп өтінді. | |
| Judg | Kaz | 16:11 | Ол Далидаға:— Егер мені әлі қолданылмаған жаңа арқанмен мықтап байлап тастаса, мен әлсізденіп, жай адам сияқты болып қаламын! — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 16:12 | Далида жаңа арқандар алып, оны байлап-матап тастап, «Філістірлер сені ұстауға келіп қалды!» — деп дауыстады. Самсонды ұстауға келген філістірлер ішкі бөлмеде отырған еді. Бірақ Самсон білегіндегі арқандарды жіп құрлы көрмей үзіп тастады. | |
| Judg | Kaz | 16:13 | Далида бұртиып:— Бұған дейін мені алдап соғып өтірік айтып келесің! Енді айтшы, сені қалай байлап тастауға болады? — деп тұрып алды. Сонда Самсон:— Егер сен шашымның жеті өрімін өрмекпен бірге тоқып, қазығымен жерге қадап қоятын болсаң, мен әлсізденіп, жай адам сияқты болып қаламын, — деді. Самсон ұйықтап жатқанда Далида оның шашының жеті өрімін өрмекпен бірге тоқып, | |
| Judg | Kaz | 16:14 | қазығымен жерге қадап қойып: «Філістірлер сені ұстауға келіп қалды, Самсон!» — деп дауыстады. Самсон ұйқысынан оянып, қазықты өрмегімен қоса жұлып алды. | |
| Judg | Kaz | 16:15 | Содан соң Далида Самсонға:— Сен мені сүйемін дейсің, бірақ маған шын жүректен адал емессің. Мені үш рет алдап соқтың! Өзіңнің ерен күшіңнің себебін айтпай қойдың! — деп ренішін білдірді. | |
| Judg | Kaz | 16:16 | Ақыры, күн сайын Далида қыспақтап сұрай бергендіктен, Самсонның жаны түңіліп, өмірден қатты налыды. | |
| Judg | Kaz | 16:17 | Ол Далидаға жүрегіндегі бар құпиясын айтып беріп:— Менің басыма ешқашан ұстара тимеген. Анамның құрсағынан-ақ Құдайға ерекше бағышталған жанмын. Егер шашым алынып тасталса, онда бойымдағы зор күштен айырылып, әлсізденіп, жай адам сияқты болып қаламын, — деді. | |
| Judg | Kaz | 16:18 | Далида Самсонның өзіне бүкіл құпиясын ашқанын түсініп, філістірлердің әміршілеріне кісі жіберіп: «Енді келе беріңіздер, Самсон маған жүрегіндегі бар құпиясын ашып, айтып берді!» — деп шақырды. Сонда әлгі әміршілер қайта оралып, әйелге берешек күміс ақшаларын да ала келді. | |
| Judg | Kaz | 16:19 | Далида Самсонды өзінің тізесіне жатқызып ұйықтатып, бір адамды шақырып, оған Самсонның басындағы жеті өрім шашын алдыртып тастады. Содан Самсон әлсізденіп, күшінен ада болды. | |
| Judg | Kaz | 16:20 | Далида: «Філістірлер сені ұстауға келіп қалды, Самсон!» — деп дауыстады. Самсон ұйқысынан оянғанда, бұрынғыдай бір бұлқынып бұғаудан босап шыға келемін деп ойлады. Ол Жаратқан Иенің өзін тастап кеткенін білген жоқ. | |
| Judg | Kaz | 16:21 | Філістірлер Самсонды қолға түсіріп, оның көзін ойып алып, соқыр қылды. Содан оны Газа қаласына апарып, қола кісенмен бұғаулап, түрмедегі диірменнің тасын айналдыртып қойды. | |
| Judg | Kaz | 16:23 | Сол күндері філістірлердің әміршілері өздері табынатын Дагон атты тәңірсымаққа арнап көптеп құрбандық шалып ұсынып, көңілді мереке өткізуге жиналды. Олар: «Біздің тәңіріміз қас жауымыз Самсонды қолымызға түсірді!» — деп мақтанды. | |
| Judg | Kaz | 16:24 | Халық та Самсонды көргенде өздері табынатын тәңірсымақты мадақтап былай деп әндетті:«Тәңіріміз елімізді құлазытқан,Көп адамымыздың көздерін құртқанҚас жауымызды қолымызға тапсырған!» | |
| Judg | Kaz | 16:25 | Олар көңіл көтеріп, мәз болып отырғанда: «Самсонды шақырып алып келіңдер, ол бізге өнерін көрсетсін!» — десті. Оны түрмеден алдыртып, ол солардың алдында ойнап қызық көрсетті.Бұдан кейін оны ғибадатхана бағаналарының ортасына тұрғызып қойды. | |
| Judg | Kaz | 16:26 | Самсон өзін қолымен жетелеп жүрген қызметші жігіттен: «Мен үйдің бағаналарына қол тигізейінші. Соларға сүйеніп тұрайын!» — деп өтінді. | |
| Judg | Kaz | 16:27 | Ғибадатхана еркегі бар, әйелі бар халыққа лық толы еді, філістірлердің барлық әміршілері де жиналған болатын. Ғимараттың төбесінде Самсонның көрсеткен қызығын тамашалап еркегі бар, әйелі бар тағы үш мыңдай адам жиналып тұрған еді. | |
| Judg | Kaz | 16:28 | Сонда Самсон Жаратқан Иеге іштей сиынып: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, мені қайтадан ескере гөр! О, Құдай, маған осы бір жолға құдіретіңді дарыта көрші! Філістірлерден екі көзім үшін кегімді бір-ақ қайтаруға мүмкіндік бере көрші», — деп мінажат етті. | |
| Judg | Kaz | 16:29 | Осыны айтып, ғимараттың төбесін тіреп тұрған екі орталық бағананың біреуіне оң қолын, екіншісіне сол қолын созып сүйенді. | |
| Judg | Kaz | 16:30 | Самсон: «Філістірлермен бірге мен де жан тапсырайын!» — деп сиынып, бағаналарды бар күшімен итерді. Сонда бүкіл ғимарат қирап, ішіндегі філістірлердің әміршілерін және бар халықты басып қалды. Осылайша Самсонның өлер кезінде құртқан жауларының саны оның өмір бойы құртқан жауларының санынан асып түсті. | |
Chapter 17
| Judg | Kaz | 17:2 | Бірде ол шешесіне:— Мен сіздің ұрланған бір мың бір жүз мысқал күмісіңіз туралы қарғыс айтқаныңызды естіп қалдым. Күмісіңіз менде, соны мен алған едім, — деді. Сонда шешесі: «Жаратқан Ие ұлымды пәледен сақтап жарылқай көрсін!» — деп жалбарынды. | |
| Judg | Kaz | 17:3 | Осылай Миха бір мың бір жүз мысқал күмісті шешесіне қайтарып берді. Ал шешесі:— Мен осы күмісімді Жаратқан Иеге бағыштаймын. Одан ұлымның игілігі үшін бір тәңір мүсінін ағаштан ойдырып, тағы біреуін күмістен құйдырып жасатамын. Сөйтіп күмісті өзіңе қайтарып беремін, — деді. | |
| Judg | Kaz | 17:4 | Сол себепті ұлы күмісті әкеліп бергеннен кейін шешесі оның екі жүз мысқалын алып, зергерге табыстады. Ол содан ағаштан ойылған және күмістен құйылған екі тәңір мүсінін жасап берді. Бұлар жаңағы Миханың үйінде орнатылды. | |
| Judg | Kaz | 17:5 | Енді Миханың Тәңірге арналған өз киелі үйі болды. Ол (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім және шағын тәңір мүсіндерін жасатып, ұлдарының біреуін өзінің діни қызметкері етіп тағайындады. | |
| Judg | Kaz | 17:6 | Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын. Әркім өзіне дұрыс болып көрінгенді істейтін. | |
| Judg | Kaz | 17:7 | Осы кездері бір леуілік жас жігіт Яһуда жеріндегі Бетлехем қалашығында бір яһуди әулетінде келімсек болып бірге тұрып жатты. | |
| Judg | Kaz | 17:8 | Сол жігіт тұруға басқа жер іздеп Бетлехемнен шықты. Сапар кезінде ол Ефремнің таулы аймағындағы Миханың үйіне келіп тоқтады. | |
| Judg | Kaz | 17:9 | Миха одан:— Сен қайдан келдің? — деп сұрағанда, ол:— Яһудадағы Бетлехемнен шыққан леуілікпін. Тұратын жер іздеп жүрмін, — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 17:10 | Миха оған:— Осында қалсаңшы. Маған ақыл-кеңесші және діни қызметкер бол. Мен саған жылына он мысқал күміс беріп, киім-кешек, тамақпен қамтамасыз етемін, — деп ұсыныс жасады. | |
| Judg | Kaz | 17:11 | Леуілік онымен бірге тұруға келісті. Содан осы жас жігіт Михаға ұлдарының біреуі сияқты болып кетті. | |
| Judg | Kaz | 17:12 | Миха леуілікті қызметіне бағыштап кірістіріп, жас жігіт Миханың діни қызметкері болып үйінде тұрды. | |
Chapter 18
| Judg | Kaz | 18:1 | Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын. Дан руының адамдары сол кездері өздері қоныстанатын мұралық жер іздестіріп жүрді. Өйткені олар Исраил руларының арасында өздеріне белгіленген мұралық жерді иемденіп алмаған еді. | |
| Judg | Kaz | 18:2 | Сондықтан дандықтар өз әулеттерінен бес мықты жігітті таңдап алып, оларды бір жерді барлап қайтуға Сора мен Ештағолдан жұмсап жіберді. Оларға: «Сол жерді барлап, жақсылап зерттеп келіңдер!» — деп тапсырды.Бес барлаушы Ефремнің таулы аймағына барып, Миханың үйіне түсіп, сонда түнеп шықты. | |
| Judg | Kaz | 18:3 | Олар Миханың үйіне жақындағанда леуілік жас жігіттің даусын естіп, сөйлеу мәнерінен (оның бөтен келімсек екенін) біліп қойған еді. Барлаушылар жолдан бұрылып, леуіліктің қасына барып:— Сені бұл елге кім алып келді? Мұнда не істеп жүрсің? Неліктен мұндасың? — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 18:4 | Сонда леуілік оларға Миханың өзіне істегендері туралы айтып:— Миха мені жалдап алды. Мен оның діни қызметкерімін, — деді. | |
| Judg | Kaz | 18:5 | Барлаушылар:— Біздің осы сапарымыз сәтті бола ма, жоқ па, соны Құдайдан сұрап біліп берші, — деп өтінді. | |
| Judg | Kaz | 18:6 | Діни қызметкер оларға:— Тыныштықпен жүре беріңдер! Жүретін жолдарыңа Жаратқан Ие оң көзімен қарайды, — деген жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 18:7 | Сол бес жігіт сапарларын жалғастырып, Лаишқа жетті. Ондағы халықты бақылап, олардың сол қалада сидондықтар іспетті аман-есен тұрып, тыныш та бейқам өмір сүріп жатқандарын көрді. Оның үстіне олар сидондықтардан алыс қоныстанып, ешкіммен де қарым-қатынас жасамайтын. | |
| Judg | Kaz | 18:8 | Барлаушы жігіттер Сора мен Ештағолдағы руластарына қайтып оралғанда, бұлар:— Не көріп-біліп келдіңдер? — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 18:9 | Жігіттер былай деп жауап берді:— Жиналыңдар, оларға қарсы аттанып, тап берейік! Біз әлгі өлкені барлап шығып, оның өте жақсы екенін көрдік! Осылай отыра бересіңдер ме? Сол жаққа барып, оны иемденуден жалтармаңдар! | |
| Judg | Kaz | 18:10 | Сонда жеткенде сендер ұлан-ғайыр аймақта тұрып жатқан бейқам халықты көресіңдер. Құдай аймақты қолымызға түсіріп отыр! Сол өңірде жер бетіндегі игілікті атаулының бәрі де бар! — деді. | |
| Judg | Kaz | 18:12 | Яһудадағы Кирият-Иғарымның маңына қостарын тігіп түнеді. Кирият-Иғарымның батысында орналасқан сол орынның осы күнге дейін Махане-Дан «Данның тұрағы» деп аталуы да осы себепті. | |
| Judg | Kaz | 18:13 | Дандық жасақ тоқтаған жерінен шығып, Ефремнің таулы аймағынан өтіп бара жатқанда Миханың үйіне таяп қалған еді. | |
| Judg | Kaz | 18:14 | Бұрын Лаиштың жерін барлап қайтқан бес жігіт руластарына: «Мына үйлердің біреуінде (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім, шағын тәңір мүсіндері, ағаштан ойылған және күмістен құйылған тәңір мүсіндері бар екенін білесіңдер ме? Енді не істеу қажет екенін ойластырып көріңдер», — деді. | |
| Judg | Kaz | 18:15 | Олар сол жаққа бұрылып, Миханың үйінің жанындағы жас леуіліктің үйіне келіп, онымен амандасты. | |
| Judg | Kaz | 18:17 | Елді барлап қайтқан бес адам ішке кіріп, ағаштан ойылған мүсінді, жеңсіз сырт киімді, шағын тәңір мүсіндерін және күмістен құйылған мүсінді алып шықты. Сол кезде діни қызметкер алты жүз жасақшымен бірге қақпаның кіреберісінде тұрды. | |
| Judg | Kaz | 18:18 | Әлгі адамдардың Миханың киелі үйіне кіріп, сол мүсіндерді және жеңсіз сырт киімді алып шыққандарын көргенде, діни қызметкер:— Оу, бұл не қылғандарың? — дей беріп еді, | |
| Judg | Kaz | 18:19 | олар:— Тыныштал! Аузыңды жап та, бірге жүр! Бізге ақыл-кеңесші және діни қызметкер бол! Тек бір ғана адамның діни қызметкері болған артық па, әлде Исраилдің түгел бір үрім-бұтағының, бір руының діни қызметкері болған артық па? — деп жауап қайырды. | |
| Judg | Kaz | 18:20 | Діни қызметкер қуанып кетті. Ол жеңсіз сырт киімді, шағын тәңір мүсіндерін және ағаштан ойылып, күміспен қапталған тәңір мүсінін алып, жасақтың арасында олармен бірге жолға шықты. | |
| Judg | Kaz | 18:22 | Олар сол жерден біраз ұзап кеткенде, Михамен көршілес тұрған адамдар жиналып, Михаға ілесіп бұлардың арттарынан қуып жетті. | |
| Judg | Kaz | 18:23 | Олар дандықтарға айқай салғанда, бұлар арттарына бұрылып Михаға:— Саған не болып қалды, адам жинап, артымыздан қуып шығатындай? — деп дүрсе қоя берді. | |
| Judg | Kaz | 18:24 | Миха оларға жауап қайырып:— Менің жасап алған тәңір мүсіндерімді әрі діни қызметкерді алып кетіп қалдыңдар. Енді менің өзіме не қалды? Сонда менен қалайша «Саған не болды?» деп сұрайсыңдар? — деді. | |
| Judg | Kaz | 18:25 | Бірақ дандықтар:— Енді дыбысыңды шығарма! Әйтпесе арамыздағы қызба жігіттер бас салып, өзің де, әулетің де өмірлеріңмен қош айтысасыңдар, — деп, | |
| Judg | Kaz | 18:26 | әрі қарай кете берді. Олардың өзінен тым басым екенін ұққан Миха кері бұрылып, үйіне қайтып кетті. | |
| Judg | Kaz | 18:27 | Осылай Миханың жасап алған тәңір мүсіндерін тартып алып, оның діни қызметкерін өздеріне ілестіріп алған дандықтар ақырында Лаишқа жетті. Оның тыныш та бейқам тұрып жатқан халқына семсерлерімен тап беріп, қаланы өртеп жіберді. | |
| Judg | Kaz | 18:28 | Лаиштықтарды құтқаратын ешкім болмады. Себебі Сидоннан алыс қоныстанған олар басқа да ешкіммен қарым-қатынас жасамайтын. Қала Бет-Рехоб өңіріндегі аңғарда орналасқан болатын. Дандықтар оны қайтадан салып, соған қоныстанып алды. | |
| Judg | Kaz | 18:29 | Олар қалаға өздерінің түп аталары Исраил ұлы Данның құрметіне Дан деген ат қойды. Қаланың бұрынғы аты Лаиш болатын. | |
| Judg | Kaz | 18:30 | Дандықтар өздеріне жалған тәңір мүсіндерін орнатып алды. Мұса ұлы Гершомнан тараған Жонатан дандықтардың діни қызметкері болды. Халық жер аударылғанға дейін Жонатанның ұрпақтары Дан руының діни қызметкерлері болды. | |
Chapter 19
| Judg | Kaz | 19:1 | Исраилде әлі де патша болмаған сол заманда Ефремнің таулы аймағының алыс түкпірінде бір леуілік келімсек адам тұратын. Ол Яһуда аймағындағы Бетлехемнен кәнизак алған еді. | |
| Judg | Kaz | 19:2 | Бірақ осы келіншегі леуілікке өкпелеп, Бетлехемдегі әкесінің үйіне кетіп қалды. Әйел сонда шамамен төрт ай болғаннан кейін, | |
| Judg | Kaz | 19:3 | күйеуі жолға жиналды да, әйеліне жылы сөйлеп, оны қайтып келуге көндіру үшін оның артынан барды. Өзімен бірге қызметшісі мен екі есегін ертіп ала жүрді. Леуілік қайын атасының үйіне жете бергенде, келіншек оның алдынан шығып, үйге кіргізді. | |
| Judg | Kaz | 19:4 | Қайын атасы күйеу баласын көргенде жылы шырай танытып қарсы алды. Ол леуілік күйеу баласынан біраз уақыт сонда қалуын өтінді. Леуілік оның үйінде үш күн бойы ішіп-жеп, қонақ болды. | |
| Judg | Kaz | 19:5 | Төртінші күні олар ерте тұрып, леуілік жолға шығуға дайындалды. Бірақ келіншегінің әкесі: «Тамақ жеп жүрек жалға, содан кейін-ақ жолға шығарсыңдар», — деп, | |
| Judg | Kaz | 19:6 | екеуі тағы да ішіп-жеумен болды. Содан соң келіншектің әкесі: «Өтінемін, осы түнде де қонып, көңіл көтерсеңші!» — деді. | |
| Judg | Kaz | 19:7 | Алайда леуілік жолға шығу үшін орнынан тұрды. Бірақ қайын атасы қиыла өтініп, қоймаған соң ол тағы да бір түнге қалды. | |
| Judg | Kaz | 19:8 | Бесінші күні де леуілік жолға шығуға ертемен орнынан тұрғанда, келіншектің әкесі: «Жүрек жалғап, түс қайтқанша қала тұрыңдар!» — деп сұрады. Осылай екеуі қайтадан ішіп-жеп отыра берді. | |
| Judg | Kaz | 19:9 | Содан соң әлгі адам, оның кәнизагы және қызметшісі жолға жиналғанда, қайын атасы оған: «Қарашы, күн батуға жақын, кеш түсіп-ақ қалды. Түнесеңдерші. Міне, кеш түсіп бара жатыр. Осында түнеп, көңіл көтер. Сендер ертең таң сәріде жолға шығарсыңдар», — деді. | |
| Judg | Kaz | 19:10 | Алайда сол адамның тағы бір түнге қалғысы келмеді. Ол жолға шығып, Ебуске, яғни Иерусалимге қарай бет алды. Оның қасында ерттелген екі есегі және келіншегі бар еді. | |
| Judg | Kaz | 19:11 | Олар Ебуске келгенде, кеш түсе бастады. Қызметшісі қожайынына:— Жүріңіз, ебустіктердің қаласына кіріп, сонда түнеп шығайық! — деп ұсынды. | |
| Judg | Kaz | 19:12 | Бірақ қожайыны оған:— Жоқ, біз исраилдік емес, бөгде жұрттың қаласына кірмейміз. Одан да жолымызды жалғастырып, Гибеяға барайық! — деп жауап берді. | |
| Judg | Kaz | 19:13 | — Исраилдік қалалардың бірі — Гибеяға немесе Рамаққа барып, сонда түнейік! — деп қосты ол. | |
| Judg | Kaz | 19:14 | Осылайша олар сапарларын жалғастырып, Бунямин руына тиісті Гибея қаласына жеткенде, күн батып та кетті. | |
| Judg | Kaz | 19:15 | Сонда олар жолдан бұрылып, түнеп шықпақ болып Гибеяға кірді. Қаланың алаңына келіп, сонда жайғасқан еді, бірақ оларды үйіне қонуға шақырған ешкім болмады. | |
| Judg | Kaz | 19:16 | Сол кезде бір қарт адам егістігіндегі жұмысынан үйіне кештетіп қайтып келе жатты. Ол Ефремнің таулы аймағынан көшіп келіп, Гибея қаласында тұратын жат жұрттық келімсек болатын. Ал сол жердің тұрғындары буняминдіктер еді. | |
| Judg | Kaz | 19:17 | Қария өтіп бара жатып, қала алаңындағы сол жолаушыны байқап қалды. Одан:— Қайда бара жатырсыз, қайдан келдіңіз? — деп жөн сұрады. | |
| Judg | Kaz | 19:18 | Леуілік оған жауап беріп:— Біз Яһудадағы Бетлехемнен Ефремнің таулы аймағының алыс түкпіріне бара жатырмыз, өзім сол жақтанмын. Яһудадағы Бетлехемге барып, енді Жаратқан Иенің үйіне бара жатырмын. Үйіне шақырған ешкім болмай тұр. | |
| Judg | Kaz | 19:19 | Есектерімізге шөп пен жем, өзіме, кәнизагым мен қызметшіме қажетті нан мен сусынымыз бар. Қожайын, бізге жататын орыннан басқа ештеңе керек емес, — деді. | |
| Judg | Kaz | 19:20 | Қария оған:— Ал, қош келдіңіз! Мұқтаждарыңыздың бәрімен қамтамасыз етемін. Тек осы алаңда түней көрмеңіз! — деп үйіне шақырды. | |
| Judg | Kaz | 19:21 | Содан ол бұларды үйіне ертіп келді де, есектеріне жем салды. Ал ана үшеуі аяқтарын жуып, ішіп-жеп тамақтануға отырды. | |
| Judg | Kaz | 19:22 | Олар көңілдері жайланып тым жақсы отырған кезде, қаланың азғын-сұмырайлары жиналып, сол үйді қоршап, есігін тоқпақтай берді. Үй иесі қариядан олар:— Үйіңе түскен кісіні бері алып шық, онымен жақындасып көрейік! — деп талап етті. | |
| Judg | Kaz | 19:23 | Үй иесі сол бұзақылардың алдына шығып:— Оу, ағайындар, мұндай жамандыққа бармаңдар! Сол адам — менің қонағым, оған масқаралық жасай көрмеңдер! | |
| Judg | Kaz | 19:24 | Міне, менің әлі күйеуге шықпаған қызым, ал мұның кәнизагы бар. Оларды алдарыңа алып шығайын. Соларды жәбірлеп білгендеріңді істей беріңдер. Ал бұл адамға мұндай масқаралық жасай көрмеңдер! — деп басу айтқан болды. | |
| Judg | Kaz | 19:25 | Алайда жиналған еркектер оны тыңдағылары келмеді. Сонда жолаушы кәнизагын алып, есіктен шығарып жіберді. Бұзақылар әйелді түні бойы зорлап, масқаралаумен болды. Таң сәріде ғана оны қоя берді. | |
| Judg | Kaz | 19:26 | Әйел күн шыға бастағанда қожайыны тоқтаған үйдің есігінің алдына келіп, құлап түсіп, жарық болғанша жата берді. | |
| Judg | Kaz | 19:27 | Таңертең қожайыны тұрып, жолға шығу үшін есікті аша бергенде, есік алдында екі қолын табалдырыққа салып, етпетінен жатқан кәнизагын көрді. | |
| Judg | Kaz | 19:28 | Оған: «Түрегел, жолға шығайық», — деді, бірақ ол еш жауап қатпай жата берді. Сонда адам оның мәйітін есегіне өңгеріп алып, тұратын жеріне қайтып кетті. | |
| Judg | Kaz | 19:29 | Үйіне жеткен соң ол пышақ алып, әйелдің мәйітін он екі бөлікке мүшелеп бөлшектеді. Сол бөліктерді Исраил елінің барлық аймақтарына таратып жіберді. | |
Chapter 20
| Judg | Kaz | 20:1 | Сонда Дан мен Бер-Шебаның арасында жатқан бүкіл елден және оған қоса Ғилақад аймағынан Исраил халқы Миспаға жиналып, барлығы бір адамдай Жаратқан Иенің алдында тұрды. | |
| Judg | Kaz | 20:2 | Құдай халқының жиналысына бүкіл басшылар және Исраилдің барлық рулары — семсер асынған төрт жүз мың жаяу жасақшы қатысты. | |
| Judg | Kaz | 20:3 | Сол кезде буняминдіктер де өзге исраилдіктердің Миспаға өрлеп барғаны туралы естіді, (бірақ өздері сол жерге бармай қойды). Жиналыста исраилдіктер:— Айтып беріңдерші, осы сұмдық қалай болды? — деп сұрады. | |
| Judg | Kaz | 20:4 | Сонда өлтірілген әйелдің күйеуі — леуілік адам жауап беріп былай деді:— Буняминнің жеріндегі Гибея қаласына кәнизагым екеуіміз түнеуге тоқтаған едік. | |
| Judg | Kaz | 20:5 | Бірақ Гибеяның азаматтары маған қарсы шығып, өлтірмек болып, біз жатқан үйді түнде қоршап алды. Олар кәнизагымды зорлап, ақыры өлтіріп тынды. | |
| Judg | Kaz | 20:6 | Мен әйелдің мәйітін бөлшектеп, Исраилдің бүкіл мұралық жеріне таратып жібердім. Өйткені олар Исраилде масқара сұмдық істеді. | |
| Judg | Kaz | 20:7 | Ал енді, уа, Исраил халқы, барлығыңыз бұл істі осы жерде қарап, ақыл-кеңестеріңізді айтыңыздар! | |
| Judg | Kaz | 20:8 | Мұны естіп отырған халықтың бәрі бір адамдай орындарынан тұрып:— Ешқайсымыз да қосымызға оралмаймыз, жоқ, ешқайсымыз да үйімізге қайтпаймыз! | |
| Judg | Kaz | 20:10 | Сол жерге баратындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуді барлық рулардың әрбір жүз адамынан онына, әрбір мың адамынан жүзіне, әрбір он мыңынан мыңына тапсырамыз! Содан жасақ Гибеяға жеткенде Исраилде жасаған сол сұмдығы үшін оны жазалайтын болады, — деп шешті. | |
| Judg | Kaz | 20:12 | Исраилдің рулары Бунямин руына жіберген елшілері арқылы: «Араларыңнан орын алған бұл не қылған сұмдық? | |
| Judg | Kaz | 20:13 | Енді Гибеядағы сол сұмырайларды өлтіру үшін бізге ұстап беріңдер! Солай Исраилді бұл сұмдықтан тазартайық», — деген хабарды жіберді.Бірақ Бунямин руының адамдары ағайынды исраилдіктердің айтқандарына құлақ асқан жоқ. | |
| Judg | Kaz | 20:14 | Қайта, олар өздерінің барлық қалаларынан Гибеяға жиналып, исраилдіктермен соғысуға дайындалды. | |
| Judg | Kaz | 20:15 | Сол күні буняминдіктер Гибея қаласының тұрғындарының таңдаулы жеті жүз жасақшысын қоспағанда, өздерінің басқа қалаларынан семсер асынып келгендерден жиырма алты мың адамды жинады. | |
| Judg | Kaz | 20:16 | Олардың арасында жеті жүз таңдаулы адам солақай болатын. Бұлардың әрқайсысы сақпанмен атқан тасы тимей қоймайтын қас мергендер еді. | |
| Judg | Kaz | 20:17 | Ал исраилдіктер болса, Бунямин руын есептемегенде төрт жүз мың семсер асынған адамды түгендеп санады. Олардың барлығы да тәжірибелі сарбаздар болатын. | |
| Judg | Kaz | 20:18 | Исраилдіктер Бетелге өрлеп барып, сонда Құдайдан:— Буняминдіктерге қарсы шайқасуға қай ру бірінші болып өрлеп барсын? — деп сұрады. Жаратқан Ие оларға:— Яһуда руы бірінші болып өрлеп барсын! — деп бұйырды. | |
| Judg | Kaz | 20:20 | Содан Исраил сарбаздары Буняминге қарсы шайқасуға шығып, Гибеяның түбінде шеп құрып тұрды. | |
| Judg | Kaz | 20:21 | Ал буняминдік жасақшылар Гибеядан аттанып келіп, сол күні жиырма екі мың исраилдік адамды баудай түсірді. | |
| Judg | Kaz | 20:22 | Кейін исраилдіктер күш-қайратын жинап, бірінші күні шайқас болған жерде тағы да шеп құрып тұрды. | |
| Judg | Kaz | 20:23 | Себебі олар Жаратқан Иенің алдына барып, сонда кешке дейін қайғырып жылап, Жаратқан Иеден былай деп сұраған еді:— Ағайынымыз Бунямин руына қарсы қайтадан аттанып шайқасуға тиістіміз бе? — Жаратқан Ие:— Оларға қарсы аттаныңдар! — деп жауап берген болатын. | |
| Judg | Kaz | 20:25 | Бунямин руының жасағы сол күні де Гибеядан оларға қарсы аттанып келіп, исраилдіктердің он сегіз мыңын жер жастандырды. Олардың бәрі де семсер асынған сарбаздар болатын. | |
| Judg | Kaz | 20:26 | Сонда исраилдіктердің барлығы, бүкіл жасақ, Бетелге қайта оралды да, Жаратқан Иенің алдында қайғырып жылап, сол күні кешке дейін ораза ұстады. Содан соң Жаратқан Иенің алдында түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарын ұсынды. | |
| Judg | Kaz | 20:27 | Сол кездері Құдайдың Келісім сандығы Бетелде орналасқан еді. Һаронның немересі Елазар ұлы Пінехес оның алдында діни қызмет атқаратын. Сонда исраилдіктер Жаратқан Иеден: | |
| Judg | Kaz | 20:28 | — Шынымен ағайынымыз Буняминнің адамдарымен тағы да шайқасқа шығуға тиістіміз бе, жоқ па? — деп ақыл сұрады. Жаратқан Ие:— Аттаныңдар! Ертең мен оны сендердің қолдарыңа тапсырамын! — деп әмір берді. | |
| Judg | Kaz | 20:30 | Олар үшінші күні де буняминдіктерге қарсы өрлеп барып, бұрынғыдай Гибея қаласының маңында шеп құрып бекінді. | |
| Judg | Kaz | 20:31 | Буняминдіктер олармен шайқасу үшін шығып, қала маңынан алшақтап кетті. Олар шабуыл жасап, бұрынғы кездегідей исраилдіктерге шығын келтіре бастады: Бетел мен Гибеяға баратын жолдардың үстінде және егістік жерінде болған шайқастарда олар отыз шақты адамды өлтірді. | |
| Judg | Kaz | 20:32 | Буняминдіктер: «Оларды бұрынғыдай күйретіп жатырмыз!» — деп ойлады. Бірақ исраилдіктер: «Кері шегініп, оларды жолдарға қарай бастап әкетіп, қаладан біршама алыстатып жіберейік!» — деп келіскен еді. | |
| Judg | Kaz | 20:33 | Олардың бәрі өз орындарынан кері шегініп, Бағал-Тамар деген жердің маңында шеп құрды. Сол сәтте тосқауылда жатқан исраилдік сарбаздар Гибеяның батысындағы өз орындарынан лап етіп шыға келді. | |
| Judg | Kaz | 20:34 | Осылай бүкіл Исраилден жиналған он мың таңдаулы жасақшы Гибея қаласына бас салды. Шайқас аса қызу болды, ал буняминдік жасақшылар бастарына төнген қасіретті еш аңғармады. | |
| Judg | Kaz | 20:35 | Жаратқан Ие Буняминді Исраилдің алдында ойсырата талқандап, исраилдіктер сол күні олардың жиырма бес мың бір жүз адамын құртты. Солардың бәрі семсер асынған сарбаздар еді. | |
| Judg | Kaz | 20:36 | Сонда буняминдіктер өздерінің жеңілгендеріне көз жеткізді.Ал шайқас басында исраилдіктер Гибеяның маңында тығылып жатқан тосқауыл топтарына сеніп, буняминдіктерден кері шегінген болатын. | |
| Judg | Kaz | 20:37 | Тосқауыл топтары Гибеяға ентелеп кіріп, қаладағы адамдардың бәрін семсердің жүзімен қырып тастаған еді. | |
| Judg | Kaz | 20:38 | Исраилдіктердің негізгі жасағы мен тосқауылда тығылып жатқандардың арасындағы келісім мынадай болатын: тосқауылдағылар қаланың үстінен түтінді будақтатқанда, соны көрген жасақшылар | |
| Judg | Kaz | 20:39 | кері бұрылып, буняминдіктерге қарсы шайқасуға тиіс болды.Бұған дейін буняминдіктер исраилдіктердің отыздайын өлтіргендіктен, «бұларды бұрынғыдай жеңіп жатырмыз» деп ойлаған еді. | |
| Judg | Kaz | 20:40 | Алайда қаланың үстінен түтін бағанадай будақтап көтеріле бастағанда, буняминдіктер арттарына қарап, бүкіл Гибея қаласының түгелдей өртеніп, жалыны аспанға көтеріліп жатқанын көрді. | |
| Judg | Kaz | 20:41 | Сонда Исраилдің жасақшылары бұларға қарай бұрылды. Бастарына қасірет түскенін ұққан буняминдіктер сасқалақтап, | |
| Judg | Kaz | 20:42 | елсіз далаға қарай қаша бастады. Бірақ олар енді шайқастан қашып құтыла алмады, өйткені басқа қалалардан шыға келген исраилдіктер оларды ортадан тықсырып қыра бастады. | |
| Judg | Kaz | 20:43 | Исраилдіктер буняминдік сарбаздарды қоршап алып, еш тоқтаусыз соңдарынан өкшелеп, Гибеяның шығыс маңында қуып жетті. | |
| Judg | Kaz | 20:44 | Сонда буняминдіктердің он сегіз мың адамы жер жастанды. Олардың бәрі мықты сарбаздар болатын. | |
| Judg | Kaz | 20:45 | Қалғандары бұрылып, елсіз далаға, Риммон жартасына қарай қаша жөнелді. Алайда исраилдіктер олардың бес мыңына үлкен жол бойларында тап беріп, қырып-жойып, басқаларын Гидомға дейін қуып барып, сонда тағы екі мың буняминдіктің көзін құртты. | |
| Judg | Kaz | 20:46 | Осылайша сол күні жиырма бес мың семсер асынған буняминдік адам өлім құшты. Олардың барлығы да мықты сарбаздар болатын. | |
| Judg | Kaz | 20:47 | Ал алты жүз адам бұрылып, елсіз даладағы Риммон жартасына дейін қашып үлгеріп, сонда төрт ай бойы бас сауғалады. | |
Chapter 21
| Judg | Kaz | 21:1 | Исраилдіктер бұрын Миспада жиналғанда: «Ешқайсымыз да буняминдіктерге әйелдікке қыз бермейміз!» — деп те ант еткен болатын. | |
| Judg | Kaz | 21:2 | Енді халық Бетелге барып, сол жерде Құдайдың алдында отырып, кешке дейін дауыс көтеріп қатты жылады. | |
| Judg | Kaz | 21:3 | Олар: «Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие! Неге бұл Исраилде осылай болды? Енді Исраилдің бір руы толықтай жоғалып кетіп отыр», — деп жоқтады. | |
| Judg | Kaz | 21:4 | Келесі күні халық ерте тұрып, сол жерде құрбандық ұсынатын орын тұрғызды да, сонда шалынып, түгелдей өртелетін және (Құдаймен қарым-қатынастарына) ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалды. | |
| Judg | Kaz | 21:5 | Содан соң исраилдіктер: «Исраилдің руларының қайсысы Жаратқан Иенің алдында өткізілген жиналысқа өрлеп барған жоқ еді?» — деп сұрады. Себебі олар сол кезде Миспада Жаратқан Иенің алдына келмегендерді міндетті түрде өлімге кесу туралы ант берген болатын. | |
| Judg | Kaz | 21:6 | Енді исраилдіктер өз ағайындары буняминдіктерді мүсіркеп: «Бүгінде Исраилден бір ру шорт кесіліп тасталды! | |
| Judg | Kaz | 21:7 | Сонда Бунямин руының аман қалғандарына әйелді қайдан тауып береміз? Біз қыздарымызды оларға әйелдікке бермейміз деп Жаратқан Иенің атымен ант еткен едік қой!» — десті. | |
| Judg | Kaz | 21:8 | Сонымен сұрастыра келе, Миспада Жаратқан Иенің алдында өткізілген жиналысқа Ғилақадтағы Ябестің ешбір адамының келмегені белгілі болды. | |
| Judg | Kaz | 21:9 | Сол кезде жиналған халық түгенделгенде, Ғилақадтағы Ябестің бірде-бір тұрғыны жоқ екендігі анықталған еді. | |
| Judg | Kaz | 21:10 | Ендеше бүкіл жиын оларға қарсы он екі мың мықты сарбазын жіберіп, Ғилақадтағы Ябестің бүкіл тұрғындарын әйел, бала-шағаларымен қоса қырып-жоюды тапсырды. | |
| Judg | Kaz | 21:11 | «Сендер былай істеңдер: әрбір еркек кіндікті де, еркекпен төсектес болған әрбір әйел заты да құртылсын!» — деді. | |
| Judg | Kaz | 21:12 | Сарбаздар Ғилақадтағы Ябесті қолға түсіргеннен кейін оның тұрғындарының арасынан ешқашан еркекпен төсектес болмаған төрт жүз пәк қызды тауып, оларды Қанахан еліндегі Шилодағы тұраққа алып келді. | |
| Judg | Kaz | 21:13 | Содан соң барлық бүкіл жамағат Риммон жартасының маңында бас сауғалап жүрген буняминдіктерге кісі жіберіп, оларға бейбітшілік жариялады. | |
| Judg | Kaz | 21:14 | Буняминдіктер сонда елге оралды. Исраилдіктер Ғилақадтағы Ябестің аман қалған пәк қыздарын оларға қосты. Алайда бұлар буняминдіктерге жетпей қалды. | |
| Judg | Kaz | 21:15 | Жаратқан Ие Исраил руларының арасынан біреуін алып тастап, олардың біртұтастығын бұзғандықтан, халық буняминдіктерге мүсіркеушілік танытты. | |
| Judg | Kaz | 21:16 | Жамағаттың басшылары ақылдасып: «Бунямин руының әйелдері жойылғандықтан, мына қалған еркектерге әйелді қайдан тауып береміз? | |
| Judg | Kaz | 21:17 | Буняминнің құтылып, аман қалғандары өздерінен кейін мұрагер қалдырулары керек, әйтпесе Исраилдің бүкіл бір руы құрып, жоқ болып кетеді ғой. | |
| Judg | Kaz | 21:18 | Бірақ ешқайсымыз оларға өз қыздарымызды бере алмаймыз!» — десті. Себебі исраилдіктер «Буняминдікке қыз берген әркімді қарғыс атсын!» — деп ант еткен болатын. | |
| Judg | Kaz | 21:19 | Сол себепті олар: «Жаратқан Иенің құрметіне Шилода жыл сайын мейрам өткізіледі ғой. Той Бетелдің солтүстігінде, одан Сихемге апаратын үлкен жолдың шығысында және Лебонаның оңтүстігінде болмақ», — десті. | |
| Judg | Kaz | 21:20 | Басшылар буняминдік жігіттерге былай деп нұсқау берді: «Сендер сол жерге барыңдар да, жүзімдіктерде тығылып, | |
| Judg | Kaz | 21:21 | бақылап жатыңдар. Шилоның бойжеткен қыздары би билеуге шыққанда, сендер жүзімдіктерден шыға келіп, әрқайсың шилолық қыздардың ішінен өздеріңе бір-біреуден ұстап алып, Буняминнің жеріне ілестіріп алып, кете беріңдер! | |
| Judg | Kaz | 21:22 | Ал егер олардың әкелері не ағалары келіп, бізге шағымданатын болса, біз оларға: «Бұларға мейірімді болып қыздарыңды қалдырыңдар. Ғилақадтағы Ябеске қарсы соғыс болғанда, біз оларды үйлендіре алмай қалдық. Ал қыздарыңды оларға өздерің қоспағандықтан, айыпты болмайсыңдар!» дейміз». | |
| Judg | Kaz | 21:23 | Буняминдіктер солай істеп, би билеп жүрген қыздарды бір-бірден ұстап алып қашты. Олар өздерінің мұралық жеріне қайтып барып, қалаларын қайтадан салып, соларда тұра берді. | |
| Judg | Kaz | 21:24 | Сонда исраилдіктер өздерінің рулары мен әулеттері бойынша алған мұралық жерлеріне қайтып, тарап кетті. | |