Chapter 1
II S | Kaz | 1:1 | Сонымен Саул патша қаза тапқан еді.Ал Дәуіт амалектіктерді жеңгеннен кейін Сикеләг қаласына қайта оралып, сол жерде екі күн болды. | |
II S | Kaz | 1:2 | Үшінші күні Саулдың әскер қосынан біреу Сикеләгке келе қалды. Сол кісі қайғысының белгісі ретінде киімін жыртып, басына топырақ сеуіп алыпты. Ол Дәуіттің алдына келіп, жерге жығыла тағзым етті. | |
II S | Kaz | 1:3 | Дәуіт:— Қайдан келдің? — деп сұрағанда, ол:— Исраилдік әскер қосынан келіп тұрмын. Жаудан қашып құтылдым, — деді. | |
II S | Kaz | 1:4 | — Ал не жағдай болды, айтып берші!— Жасақ ұрыс майданынан қашып, көбі сол жерде қаза тапты! Саул мен ұлы Жонатан да о дүниеге аттанды. — | |
II S | Kaz | 1:5 | Дәуіт осыны айтқан жігіттен:— Саул мен Жонатанның өлгенін қайдан білесің? — деп сұрады. | |
II S | Kaz | 1:6 | Сонда жігіт былай деді:— Мен кездейсоқ Гелбуе қыратына барған едім. Қарасам, Саул сол жерде найзасына сүйеніп отыр екен. Жаудың соғыс күймелері мен атты әскері ентелеп, жетіп-ақ қалыпты. | |
II S | Kaz | 1:7 | Артына қараған Саул мені көріп, қасына шақырды. Мен оған: «Тыңдап тұрмын», деп жауап бердім. | |
II S | Kaz | 1:10 | Мен қасына барып, өлтіріп тастадым. Себебі құлап, ауыр жарақаттанған оның тірі қала алмайтынына көзім жетті. Содан мен басындағы тәжі мен білегіндегі алтын білезігін шештім. Уа, тақсыр ием, оларды осында өзіңізге алып келдім. | |
II S | Kaz | 1:11 | Ал Дәуіт қатты қайғырып, үстіндегі көйлегінің өңірін қапсыра ұстап алды да, айыра жыртып жіберді. Қасындағы адамдары да осылай етті. | |
II S | Kaz | 1:12 | Олар семсер жүзінен қаза тапқан Саул мен Жонатан үшін, Жаратқан Иенің жасағы мен бүкіл Исраил елі үшін кешке дейін қайғыра жылап, ораза тұтты. | |
II S | Kaz | 1:13 | Содан соң Дәуіт хабаршы жігіттен:— Өзің қай жерліксің? — деп сұрады. Ол:— Жат жұрттық кірменің ұлы, амалектікпін, — деді. | |
II S | Kaz | 1:14 | Дәуіт оған:— Сен қалайша шімірікпестен Жаратқан Иенің тағайындаған патшасына қол көтеріп өлімге қидың?! | |
II S | Kaz | 1:15 | Өз обалың өзіңе. Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын өлтірдім деп өз аузыңмен айтып, үкіміңді өзің шығардың! — деді.Содан ол сарбаздарының бірін шақырып алып: «Мынаны өлтір!» — деп бұйырды. Сарбаз келіп, бұйрықты жүзеге асырды. | |
II S | Kaz | 1:16 | Өз обалың өзіңе. Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын өлтірдім деп өз аузыңмен айтып, үкіміңді өзің шығардың! — деді.Содан ол сарбаздарының бірін шақырып алып: «Мынаны өлтір!» — деп бұйырды. Сарбаз келіп, бұйрықты жүзеге асырды. | |
II S | Kaz | 1:18 | Кейін «Садақ жыры» деп аталған осы жыр яһудалықтарға үйретілсін деп Дәуіт жарлық та шығарды. Ол «Яшардың кітабында» жазылған.Дәуіттің айтқан жоқтауы мынау еді: | |
II S | Kaz | 1:19 | Уа, Исраил, қыраттарыңда сеніңМерт болып жатыр мақтан тұтқан ерлерің!Қалай қаза тапты жауынгерлерің! | |
II S | Kaz | 1:20 | Ғат қаласына бұл хабарды айтпаңдар,Ашқалон алаңында да жар салмаңдар,Філістір қыздары қуанып жүрмесін,Құдайсыз қыздар мәз боп билемесін! | |
II S | Kaz | 1:21 | Уа, Гелбуе таулары, үстеріңеЕнді қайтып ешқашан шық түспесін,Лайым жаңбыр да жаумасын жеріңе,Егістіктерің еш өнім бермесін!Өйткені өз қыраттарыңда қор болдыҚуатты жауынгерлердің қалқандары,Енді қайтып Саулдың да қалқаныЕш майланып-сыланбайтын болады. | |
II S | Kaz | 1:22 | Жойылған жаудың төгілген қанынан,Мықты дұшпандарының тәндеріненЖонатанның садағы құр қайтпайтын,Саулдың семсері де құртпай қоймайтын. | |
II S | Kaz | 1:23 | Саул, ұлы Жонатан екеуі деСүйікті, сүйкімді өмірлерінде,Ажырамаған олар өлімде де.Бүркіттен бетер зымырай шүйілді,Арыстаннан бетер күшті күресті! | |
II S | Kaz | 1:24 | Уа, Исраил қыздары, қайғырыңдар,Сендерге ал қызыл көйлек кигізген,Алтынмен киімдеріңді көмкерткенСаул марқұмды зар жылап жоқтаңдар! | |
II S | Kaz | 1:26 | Жоқтаймын өзіңді, қайран бауырым,Жанымдай жақсы көрген сырлас досым!Мен үшін адал сүйіспеншілігіңМахаббатынан да артық әйелдің. | |
Chapter 2
II S | Kaz | 2:1 | Осыдан кейін Дәуіт Жаратқан Иенің еркін білу үшін Одан:— Яһуданың қалаларының біріне өрлеп баруым керек пе? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды:— Иә, сол жерге бар!— Қайсысына барайын? — Жаратқан Ие:— Хебронға! — деп бұйырды. | |
II S | Kaz | 2:2 | Сонымен Дәуіт екі әйелі: ізрелдік Ахиноғам мен кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелді ертіп алып, сол жаққа көшіп барды. | |
II S | Kaz | 2:3 | Дәуіт қасында жүрген адамдарын да отбасыларымен бірге ілестіріп, бәрі Хебронның өзіне және маңындағы қалашықтарға қоныстанды. | |
II S | Kaz | 2:4 | Сонда Яһуда руының адамдары келіп, Дәуітке май жағу рәсімін жасап, оны Яһуданың патшасы етіп тағайындады.«Ғилақадтағы Ябестің тұрғындары Саулдың мәйітін қабірге қойыпты» деген хабар Дәуітке жетті. | |
II S | Kaz | 2:5 | Сонда ол сол қалаға елшілерін жіберіп, оларға мына сәлемін жолдады: «Тақсыр иелеріңіз Саулға жақсылық жасап, сүйегін қабірге қойғандарыңыз үшін Жаратқан Ие сіздерді жарылқап, | |
II S | Kaz | 2:6 | лайым Өзінің берік мейірімі мен сенімділігін көрсете берсін! Бұл істегендеріңізді мен де жақсылықпен қайтарамын. | |
II S | Kaz | 2:7 | Сондықтан мықты да батыл бола беріңіздер! Тақсыр иелеріңіз Саул көз жұмды. Ал Яһуда руы мені өздерінің патшасы етіп тағайындады». | |
II S | Kaz | 2:8 | Алайда Саулдың қолбасшысы Нер ұлы Әбенир Саулдың тірі қалған ұлы Ишбосетті ертіп алып, Иорданнан өтіп, Маханайымға барды. | |
II S | Kaz | 2:9 | Сол қалада ол Ишбосетті Ғилақад, Ашур, Ізрел, Ефрем, Бунямин және Исраилдің қалған аймақтарының үстінен патша етіп тағайындады. | |
II S | Kaz | 2:10 | Саул ұлы Ишбосет Исраилге патшалық құра бастағанда жасы қырықта еді. Ол екі жыл билік жүргізді. Алайда Яһуда руы Дәуітті қолдап оған адал болды. | |
II S | Kaz | 2:12 | Бірде қолбасшы Әбенир Ишбосеттің жасақшыларын ертіп алып, Маханайымнан Гибеонға аттанды. | |
II S | Kaz | 2:13 | Сарұяның ұлы Жоғаб та Дәуіттің сарбаздарымен бірге аттанып, оларды Гибеондағы хауыздың жанында кездестірді. Бір жасақ хауыздың бергі жағасына, екіншісі хауыздың арғы жағасына орнықты. | |
II S | Kaz | 2:14 | Әбенир Жоғабқа:— Бірқатар жас жігіттер алға шықсын, олар біздің алдымызда күш сынасып көрсін! — деп ұсынды. Жоғаб:— Жарайды, шықсын! — деп келісті. | |
II S | Kaz | 2:15 | Содан жігіттер орындарынан тұрып, алға шықты. Олар саналып, Бунямин руынан Саул ұлы Ишбосеттің атынан он екі, Дәуіттің сарбаздарынан да он екі болып бекітілді. | |
II S | Kaz | 2:16 | Сынасқандардың әрқайсысы қарсыласының басынан шап беріп ұстап алып, қолындағы семсерін оның бүйіріне сұғып алды. Осылай екеуі де бірдей мерт болды. Сондықтан сол жер Хелқат-Хасурим (яғни Семсер жүзі майданы) деп аталып кетті. Ол Гибеон жақта орналасқан. | |
II S | Kaz | 2:17 | Сол күні қиян-кескі шайқас болды. Дәуіттің сарбаздары Әбенирді және Солтүстік Исраилдің адамдарын жеңіп шықты. | |
II S | Kaz | 2:18 | Сарұяның Жоғаб, Әбішай және Асахил есімді үш ұлы да сол жерде болды. Олардың ішінде Асахил даланың ақбөкеніндей желаяқ болатын. | |
II S | Kaz | 2:19 | Сол Асахил Әбенирдің соңына түсіп алып, не оңға, не солға бұрылмай өкшелеп қалмай қойды. | |
II S | Kaz | 2:20 | Біраздан кейін Әбенир артына қарап,— Бұл сенбісің, Асахил? — деп сұрады. Ол:— Иә, бұл менмін, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 2:21 | Әбенир оған:— Не оңға, не солға бұрылып, мына жас жігіттердің біріне бас салып, соның қару-жарағын олжала! — деп ұсынды. Бірақ Асахил тоқтамастан оның соңынан қалмады. | |
II S | Kaz | 2:22 | Әбенир Асахилге тағы бір рет ескертіп:— Менің соңыма түсуіңді доғар! Неге сені шауып өлтіруім керек? Олай істесем, ағаң Жоғабтың алдына не бетіммен барамын? — деді. | |
II S | Kaz | 2:23 | Бірақ Асахил қалмай қойды. Сонда Әбенир найзасының сабын оның ішіне сұғып алып, сап оның арқасынан бір-ақ шықты. Ол құлап, сол жерде жан тапсырды. Асахил қаза тапқан жерге келгендердің бәрі де сонда тоқтай қалды. | |
II S | Kaz | 2:24 | Ал Жоғаб пен Әбішай Әбенирдің соңына түсті. Күн батып қалғанда олар Гибеонның елсіз даласына бара жатқан жолдағы Гияхтың маңындағы Амма төбесіне жетті. | |
II S | Kaz | 2:26 | Әбенир Жоғабқа дауыстап былай деді:— Семсер қашанға дейін жалмай бермек? Мұның арты ащы қасіретпен бітетінін білмейсіз бе? Ағайындарыңның соңынан қууды тоқтатыңдар деп жасағыңа қашанғы бұйырмайсыз? — | |
II S | Kaz | 2:27 | Жоғаб оған:— Мәңгі тірі Құдайдың алдында шын айтамын: сіз осыны айтпағанда жасақ өз ағайындарын қуудан таң атқанда ғана бас тартқан болар еді! — деп жауап қайтарды. | |
II S | Kaz | 2:28 | Содан Жоғаб керней тартып, жасақшыларына белгі берді. Барлығы тоқтап, Солтүстік Исраилдің жасағын қудалап олармен соғысуын қойды. | |
II S | Kaz | 2:29 | Әбенир мен оның адамдары сол түні бойы Иордан алқабындағы елсіз дала арқылы жүріп, өзеннен өтіп, Битрон жылғасының бойымен жүре отырып Маханайымға жетті. | |
II S | Kaz | 2:30 | Жоғаб та Әбенирдің қуғынынан қайта оралды. Ол сарбаздарын бір жерге жинап түгендеді. Сонда ол Дәуіттің Асахилден басқа тек он тоғыз қызметшісінің ғана жоқ екендігін санап біліп алды. | |
II S | Kaz | 2:31 | Бірақ Дәуіттің сарбаздары буняминдіктер мен Әбенирдің адамдарының үш жүз алпысының көзін жойған болатын. | |
Chapter 3
II S | Kaz | 3:1 | Бұдан кейін Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулетінің арасында ұзаққа созылған соғыс болды. Дәуіттің күші барған сайын арта түсіп, ал Саулдың әулеті әлсірей берді. | |
II S | Kaz | 3:2 | Хебронда Дәуіттің мына ұлдары дүниеге келді: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. | |
II S | Kaz | 3:3 | Екіншісі — Хилеяба, ол кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелден туды. Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. | |
II S | Kaz | 3:5 | әрі алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. Бұлардың бәрі Хебронда туды. | |
II S | Kaz | 3:6 | Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулеті өзара соғысып жатқан кезде қолбасшы Әбенир Саулдың әулетінің арасында өз жағдайын күшейтумен айналысып жатты. | |
II S | Kaz | 3:7 | Саулдың тірі кезінде Аях қызы Риспа есімді кәнизагы бар болатын. Бір күні Ишбосет Әбенирді:— Сен неге әкем марқұмның кәнизагымен бірге болдың? — деп айыптады. | |
II S | Kaz | 3:8 | Ишбосеттің осы сөздеріне Әбенир қатты ашуланып былай деп жауап берді:— Немене, мені Яһуданың жағына шығып кеткен иттің басы дейсің бе? Мен осы күнге дейін марқұм әкең Саулдың әулетіне, оның бауырлары мен достарына адалдық танытып өзіңді Дәуіттің қолына түсірмедім. Ал сен мені осы әйелге бола кінәлап отырсың! | |
II S | Kaz | 3:9 | Жаратқан Ие Дәуітке уәде еткенді мен жүзеге асырмасам, онда Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін! — | |
II S | Kaz | 3:10 | Себебі патшалықты Саулдың әулетінен алуға, әрі солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейінгі бүкіл Исраил мен Яһуданың үстінен Дәуіттің тағын орнатуға Жаратқан Ие Дәуітке ант етіп уәде берген еді ғой. | |
II S | Kaz | 3:12 | Ал Әбенир Хебронда тұратын Дәуітке елшілерін жіберіп, оған мынадай ұсыныс жасады:— Ел кімдікі болуға тиіс? Менімен келісім жасассаңыз, бүкіл Исраилді сіздің жағыңызға шығаруға қол ұшымды беремін! — | |
II S | Kaz | 3:13 | Дәуіт оған жауап беріп:— Жақсы! Бірақ келісім жасамас бұрын менің бір шартымды орында. Менімен жүздесуге келгеніңде, өзіңмен бірге Саул қызы Михолды ала кел! Әйтпесе көзіме көрінбе! — деді. | |
II S | Kaz | 3:14 | Дәуіт Саул ұлы Ишбосетке де елшілерін жіберіп, оған: «Маған өз әйелім Михолды қайтарып беріңіз. Оны алу үшін мен (қалыңмалдың орнына) жүз філістірдің көзін құртқан болатынмын», — деген талап қойды. | |
II S | Kaz | 3:16 | Күйеуі көз жасын төгіп зар жылап Бахуримге дейін артынан қалмай еріп келді. Сол жерде Әбенир оған кездесіп: «Үйіңе қайт!» — деп бұйырды. Сонда ғана ол үйіне қайта оралды. | |
II S | Kaz | 3:17 | Сол екі арада Әбенир Солтүстік Исраилдің рубасыларына мынадай сәлем жіберді: «Біраз уақыттан бері сіздер Дәуіттің өздеріңе патша болғанын қалап келесіздер. | |
II S | Kaz | 3:18 | Ал енді, соны жүзеге асырыңыздар. Жаратқан Ие: «Мен қызметшім Дәуіт арқылы Өзімнің халқым Исраилді філістірлердің және басқа да жауларының қолынан құтқарамын!» деп Дәуітке уәде етті емес пе!» | |
II S | Kaz | 3:19 | Әбенир буняминдіктермен де жеке сөйлесті. Содан соң ол бүкіл Солтүстік Исраилдің әрі Бунямин руының не деп шешкенін Дәуітке оңаша жеткізу үшін Хебронға барды. | |
II S | Kaz | 3:20 | Әбенир өзінің жиырма адамын ертіп, Хеброндағы Дәуітке келгенде, Дәуіт оның және қасындағы адамдарының құрметіне қонақасы берді. | |
II S | Kaz | 3:21 | Әбенир Дәуітке ұсыныс жасап былай деді: «Мен сапарға шығып, бүкіл Исраил халқын сізге, патша иеме, жинап берейін. Олар сізбен келісім жасамақ. Сонда өзіңіз қалаған елдің үстінен билік жүргізе алатын боласыз». — Бұдан кейін Дәуіт оны еркіне жіберіп, Әбенир аманшылықпен кері қайтты. | |
II S | Kaz | 3:22 | Ал Дәуіт Әбенирді аман-есен қайтарып жіберген кезде Жоғаб Дәуіттің қызметшілерін бастап, жорықтан мол олжамен Хебронға қайтып келе жатты. | |
II S | Kaz | 3:23 | Жоғаб пен оның бүкіл сарбаздар тобы қалаға жеткен соң, біреу Жоғабқа Нер ұлы Әбенирдің патшаға келгендігі және патшаның оны еркіне жіберіп, Әбенирдің тыныштықпен кетіп қалғандығы туралы айтып берді. | |
II S | Kaz | 3:24 | Сонда Жоғаб патшаға барып: «Бұл істегеніңіз қалай? Әбенир сізге келіп, ал сіз оны еркіне жібере салғаныңыз не? Енді ол кетіп қалыпты! | |
II S | Kaz | 3:25 | Нер ұлы Әбенирдің қандай адам екенін білесіз ғой. Ол сізді алдап, тек қайда барып, не істеп жүргеніңіздің бәрін біліп алу үшін ғана келді емес пе?!» — деп риза еместігін білдірді. | |
II S | Kaz | 3:26 | Содан Жоғаб Дәуіттің қасынан шығып, Әбенирдің артынан қуғыншылар жіберді. Олар оны Сира құдығының маңында қуып жетіп, кері қайтарды. Ал Дәуіт бұл туралы ештеңе де білген жоқ. | |
II S | Kaz | 3:27 | Әбенир Хебронға қайтып келгенде, оңаша бір жерде сөйлесемін деп Жоғаб оны қала қақпасының бір қалтарысына алып шықты. Кенеттен оның ішіне семсерін кірш еткізіп сұғып алды. Әбенир Жоғабтың бауыры Асахилдің қанын төккені үшін сол жерде осылай мерт болды. | |
II S | Kaz | 3:28 | Бірақ Дәуіт кейін осы оқиға туралы естігенде наразылығын білдіріп былай деді: «Жаратқан Иенің алдында Нер ұлы Әбенирдің төгілген қанына өзім де, патшалығым да еш кінәлі емеспіз! | |
II S | Kaz | 3:29 | Кінә Жоғаб пен оның әкесінің бүкіл әулетінің мойнына жүктелсін! Бұдан былай Жоғабтың әулетінен денесінен ірің ағатын немесе алапеспен ауыратын, ақсақ-тоқсақ, не біреудің семсерінен өмірі қиылатын, не тамаққа тапшылықтан көз ашпайтын адам ешқашан үзілмесін!» | |
II S | Kaz | 3:30 | Себебі Жоғаб пен оның інісі Әбішай туған інілері Асахилді Гибеондағы шайқаста өлтіргені үшін Әбенирдің көзін қастандықпен құртқан еді. | |
II S | Kaz | 3:31 | Дәуіт Жоғаб пен оның қасындағы барлық адамдарға бұйрық беріп:— Көйлектеріңнің өңірін айыра жыртып, азалы киім киіп, Әбенирді жоқтаңдар! — деді. Оның мәйіті қабірге апарылғанда, Дәуіт патшаның өзі соңынан жүрді. | |
II S | Kaz | 3:32 | Әбенир Хебронда қабірге қойылғаннан кейін, патша қабірдің жанында дауыс көтеріп Әбенирді жоқтап жылады. Сонда бүкіл халық та жылады. | |
II S | Kaz | 3:34 | Ешкім қолдарыңды да байламады,Аяқтарыңды да бұғауламады,Залым біреуді жойғаны сияқтыҚастандықпен сені өлтіріп тастады!»Сонда бүкіл халық тағы да Әбенирді жоқтады. | |
II S | Kaz | 3:35 | Дәуіт сол күні тамақ ішуден бас тартты. Ал халық Дәуітке келіп, оны наннан ауыз тисін деп қолқалай бастады. Бірақ Дәуіт: «Күн батқанға дейін нан жеп не басқа тамақ ішсем, Құдай мені жазалаған үстінен жазалай берсін!» — деп ант еткен еді. | |
II S | Kaz | 3:36 | Халықтың барлығы мұны көріп, риза болды. Расында патшаның істегенінің бәрі де халыққа ұнады. | |
II S | Kaz | 3:37 | Осылайша сол күні бүкіл Яһуда халқы мен күллі Исраил елі Нер ұлы Әбенирдің өліміне Дәуіт патшаның еш қатысы болмағанын ұқты. | |
II S | Kaz | 3:38 | Патша өз нөкерлеріне тіл қатып былай деді: «Бүгін Исраилдің ұлы басшысы көз жұмды, соны түсінбейсіңдер ме? | |
Chapter 4
II S | Kaz | 4:1 | Саул ұлы Ишбосет өзінің қолбасшысы Әбенирдің Хебронда қаза тапқанын естігенде, жігері құм болды. Бүкіл Солтүстік Исраил халқы да абыржып, үрейленді. | |
II S | Kaz | 4:2 | Ишбосеттің сарбаздар топтарының екі басшысы болатын. Бағанах пен Рехап есімді олар бегероттық Риммон деген буняминдік адамның ұлдары еді. Бегерот қаласы да Бунямин руына жатады деп саналатын. | |
II S | Kaz | 4:3 | Себебі Бегероттың бұрынғы тұрғындары кезінде Гитаимге қашып кеткен болатын. Олар осы күнге дейін сол жерде жат жұрттық кірмелер ретінде тұрып жатыр. | |
II S | Kaz | 4:4 | Ал Саулдың тұңғыш ұлы Жонатанның Мепібосет есімді бір ұлы ғана бар еді. Ол екі аяғынан майып мүгедек болатын. Себебі Саул мен Жонатанның қаза болғандары туралы суық хабар Ізрелден жеткенде, бағушы әйел бес жастағы Мепібосетті көтеріп алып, қаша жөнелді. Әйел асығыс жүгіргенде, бала құлап түсіп, содан ақсақ болып қалған еді. | |
II S | Kaz | 4:5 | Бегероттық Риммонның әлгі екі ұлы Рехап пен Бағанах жолға шығып, күн ыстық болып тұрған түс мезгілінде Ишбосет патшаның сарайына жетті. Патша ұйықтап жатқан болатын. | |
II S | Kaz | 4:6 | Екі ағайынды жігіт бидайды електен өткізіп отырып, қалғып кеткен күзетші әйелдің қасынан білдірмей өтті. | |
II S | Kaz | 4:7 | Олар Ишбосет патша өзінің ұйықтайтын бөлмесінде төсегінде демалып жатқан кезде сарайға кіріп, оны өлтіріп, басын шауып тастады. Басты өздерімен бірге алып кетті, содан Иордан алқабындағы елсіз даланың жолымен түні бойы жүрді. | |
II S | Kaz | 4:8 | Екі жігіт Ишбосеттің басын Хеброндағы Дәуіт патшаға алып барып, оған:— Міне, сіздің жаныңызды алмақ болған қас жауыңыз Саул ұлы Ишбосеттің басы! Бүгін Жаратқан Ие Саул мен оның әулетінен патша иемнің кегін алды! — деді. | |
II S | Kaz | 4:9 | Бірақ Дәуіттің Риммонның ұлдары Рехап пен Бағанахқа берген жауабы мынау болды:— Менің жанымды барлық жауларымнан аман сақтап келген мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: | |
II S | Kaz | 4:10 | Сикеләгке қасыма келіп, жайлы хабар жеткіземін деп ойлап, «Саул өлді!» деген адамды мен ұстап алып, өлтірттім. Менің оның әкелген хабарына берген сыйым сол болды. | |
II S | Kaz | 4:11 | Ендеше әділ адамды өз үйінде, өз төсегінде жатқан жерінде өлтірген арам пиғылды сендерден оның төккен қанының құнын талап етуім сөзсіз емес пе? Жер бетінен сендердің көздеріңді құртпаймын ба?! | |
Chapter 5
II S | Kaz | 5:1 | Кейінірек Исраилдің барлық руларының өкілдері Хеброндағы Дәуіттің қасына келіп, оған былай деді: «Сөзімізге құлақ сала көріңіз: сіздің ет жақын туыстарыңызбыз. | |
II S | Kaz | 5:2 | Біраз уақыт бұрын, Саул патшалық құрған кезде бүкіл Исраилді жорыққа бастап жүрген өзіңіз болатынсыз! Жаратқан Ие де сізге: «Менің халқым Исраилді бағатын әрі Исраил еліне басшылық ететін сен боласың», деп айтқан». | |
II S | Kaz | 5:3 | Осылай Исраилдің күллі рубасылары Дәуіт патшаға келіп, ол солармен Хебронда Жаратқан Иенің алдында келісім жасады. Олар Дәуітке май жағу рәсімін орындап, оны Исраилдің патшасы етіп бекітті. | |
II S | Kaz | 5:4 | Патшалық құра бастаған кезде Дәуіттің жасы отызда еді. Ол қырық жыл бойы билік жүргізді. | |
II S | Kaz | 5:5 | Дәуіт Хебронда Яһуда елін жеті жыл алты ай, әрі Иерусалимде бүкіл Исраил мен Яһуданы отыз үш жыл басқарды. | |
II S | Kaz | 5:6 | Бір күні патша мен оның жасақшылары Иерусалимге аттанып, сол қалада тұрған ебустіктерге шабуыл жасамақшы болды. Ал ебустіктер: «Дәуіт бұл қалаға кіре алмайды», — деп ойлап, оны мазақтап: «Мұнда ешқашан кірмейсің! Кіре қалсаң, соқырлар мен ақсақтардың өздері-ақ сені қуып жібереді!» — деді. | |
II S | Kaz | 5:7 | Алайда Дәуіт Сион төбесіндегі қорғанды басып алып үлгерді; ол қазір «Дәуіттің шаһары» деп аталады. | |
II S | Kaz | 5:8 | Сол күні Дәуіт: «Кімде-кім ебустіктерді шабуылдаймын десе, құдық арқылы қалаға кіріп, Дәуіттің жаулары — сол «ақсақ та соқыр» ебустіктерге бас салсын!» — деген еді. «Соқыр мен ақсақ сарайға кірмес» деген мәтел осыған байланысты пайда болды. | |
II S | Kaz | 5:9 | (Сонымен Дәуіттің адамдары су құбырымен өрмелеп, қамалға кіріп, оны жаулап алды.) Дәуіт қорған ішіне орналасып алып, оны «Дәуіттің шаһары» деп атады. Кейін ол соның саты тәрізді беткейінен бастап ішке қарай айнала үйлер де салдырды. | |
II S | Kaz | 5:10 | Әлемді Билеуші Құдай — Жаратқан Ие оған жар болғандықтан, Дәуіт барған сайын күшейе түсті. | |
II S | Kaz | 5:11 | Тир патшасы Хирам Дәуітке елшілерін, сондай-ақ самырсын бөренелерін, ағаш ұсталары мен тас қалаушыларын да жіберді. Осы мамандар Дәуітке сарай салып берді. | |
II S | Kaz | 5:12 | Сонда Дәуіт Исраилдің үстінен патша болуға өзін Жаратқан Иенің бекіткенін, әрі халқы Исраилдің игілігі үшін Дәуіттің патшалық мәртебесін көтергенін түсінді. | |
II S | Kaz | 5:13 | Хеброннан көшіп келіп, Иерусалимде орныққаннан кейін Дәуіт тағы бірнеше кәнизак пен әйел алып, көбірек ұл-қыз сүйді. | |
II S | Kaz | 5:14 | Оның Иерусалимде дүниеге келген балаларының аттары мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен, | |
II S | Kaz | 5:17 | Дәуіттің бүкіл Исраилдің үстінен патша болып тағайындалғанын естіген соң, барлық філістір жасақшылары Дәуітті іздеуге шықты. Бұл туралы хабар алған Дәуіт астананы тастап, бекінуге ыңғайлы ылдиға қарай кетті. | |
II S | Kaz | 5:19 | Дәуіт Жаратқан Иеден:— Філістірлерге қарсы өрлеп шығайын ба? Оларды жеңіп шығуыма қол жеткіздіресің бе? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды:— Өрлеп шық! Мен філістірлерді ешбір шүбәсіз сенің қолыңа тапсырамын! | |
II S | Kaz | 5:20 | Сонымен Дәуіт Бағал-Перасимге барып, оларды сол жерде күйрете жеңді. Ол: «Су тасқыны өз жолындағының бәрін жайпайтынындай, Жаратқан Ие де алдымдағы жау саптарын бұзып-жарды!» — деді. Сондықтан сол жер Бағал-Перасим («Иенің бұзып-жарғаны») деп аталып кетті. | |
II S | Kaz | 5:21 | Філістірлер қашқанда сол жерге өздерінің табынатын тәңірсымақтарын тастап кеткен еді. Дәуіт пен оның сарбаздары сол мүсіндерді бірге ала кетті. | |
II S | Kaz | 5:23 | Дәуіт Жаратқан Иенің еркін сұрағанда, Оның жауабы мынау болды: «Оларға тікелей қарсы аттанбай, айналып өтіп, арт жағынан тұт ағаштарының алдынан кенеттен тап бер! | |
II S | Kaz | 5:24 | Сен тұт ағаштарының үстінен басқан қадамдардың дыбысын естіген кезде қозғал! Бұл, Жаратқан Иенің філістірлердің жасағын шабу үшін сенің алдыңа шыққанын білдіреді». | |
Chapter 6
II S | Kaz | 6:2 | Барлығы Құдайдың Келісім сандығын Иерусалимге алып келуге Яһудадағы Бағалаға қарай аттанды. Сандық Әлемнің Иесіне бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан. | |
II S | Kaz | 6:3 | Дәуіт пен оның адамдары Құдайдың сандығын жаңа арбаға орнатып, Абинадаптың төбе басындағы үйінен алып шықты. Абинадаптың екі ұлы Ұза мен Ахио Құдайдың сандығы орналасқан арбаны бастап алып жүрді. Алдында жүрген Ахио болды. | |
II S | Kaz | 6:4 | Дәуіт пен оның адамдары Құдайдың сандығын жаңа арбаға орнатып, Абинадаптың төбе басындағы үйінен алып шықты. Абинадаптың екі ұлы Ұза мен Ахио Құдайдың сандығы орналасқан арбаны бастап алып жүрді. Алдында жүрген Ахио болды. | |
II S | Kaz | 6:5 | Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы Жаратқан Иенің алдында жан сала би билеп, шырша ағашынан жасалған әр түрлі аспаптарда, жетіген, шертер, даңғыра, шыңдауыл, асатаяқтарда ойнап, қуана әндетіп келе жатты. | |
II S | Kaz | 6:6 | Салтанатты шеру Нахонның астық бастыратын қырманына жеткен кезде, өгіздер сүрініп, сандық шайқалды. Құлап қалмауы үшін Ұза қолын созып, Құдайдың сандығын ұстай қалды. | |
II S | Kaz | 6:7 | Сонда Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға қарсы лап етті. Еркінсіп сандыққа қолын тигізгені үшін Құдай оны жазалап, Ұза сол бойда Құдайдың сандығының қасында жан тапсырды. | |
II S | Kaz | 6:8 | Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға «бұзып-жара» төгілгендіктен, Дәуіт қатты абыржып қайғырды. Сол себепті осы жер бүгінге дейін Пәрес-Ұза («Ұзаны бұзып-жарған») деп аталып келеді. | |
II S | Kaz | 6:9 | Дәуіт сол күні: «Жаратқан Иенің сандығы қасыма қалайша келе алады?» — деп уайымдап Жаратқан Иеден қорықты. | |
II S | Kaz | 6:10 | Сондықтан ол Жаратқан Иенің сандығын өзінің шаһарына әкелгісі келмей, ғаттық Ғабит-Едомның үйіне апарып қойды. | |
II S | Kaz | 6:11 | Сонымен Жаратқан Иенің сандығы үш ай бойы сол үйде қалды, әрі Жаратқан Ие Ғабит-Едомды және оның бүкіл үй ішін жарылқады. | |
II S | Kaz | 6:12 | Сонда Дәуіт патшаға: «Құдайдың сандығының арқасында Жаратқан Ие Ғабит-Едом мен оның барлық иелігіне ақ батасын қондырды!» — деген хабар жетті. Содан Дәуіт барып, Құдайдың сандығын салтанатпен қуана-қуана өзінің шаһарына алып келді. | |
II S | Kaz | 6:13 | Жаратқан Иенің Келісім сандығын алып жүрушілер алты қадам жасаған сайын, Дәуіт бір жас бұқа мен бір семіз тоқтыны құрбандыққа шалғызып отырды. | |
II S | Kaz | 6:14 | Ақ бәтестен тігілген көйлек киіп алған өзі Жаратқан Иенің алдында жан сала би билеп жүрді. | |
II S | Kaz | 6:15 | Осылайша Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы қуанышпен айқай сала, кернейлетіп Жаратқан Иенің сандығын Иерусалимге алып келе жатты. | |
II S | Kaz | 6:16 | Жаратқан Иенің сандығы Дәуіттің шаһарына кіре бастағанда, оның әйелі Саул қызы Михол терезеден қарап тұрған еді. Дәуіт патшаның Жаратқан Иенің алдында секіріп, би билеп жүргенін көріп, Михол оны іштей менсінбеді. | |
II S | Kaz | 6:17 | Осылай Жаратқан Иенің Келісім сандығы әкелініп, Дәуіт арнайы тігіп қойған шатырдың ішіне орнатылды. Содан соң Дәуіт күнәнің құнын өтеу құрбандықтарын және ризашылық құрбандықтарын шалғызып, Жаратқан Иенің алдында өртетіп ұсынды. | |
II S | Kaz | 6:19 | Патша күллі халыққа, еркек болсын, әйел болсын, жиналған исраилдіктердің әрқайсысына бір-бір қалаш наннан, бір кесек қақталған еттен және бір қадақ мейізден үлестіріп берді. Содан соң жұрт үйлеріне тарап кетті. | |
II S | Kaz | 6:20 | Дәуіт енді өз отбасына бата берейін деп сарайына қайтып келгенде, Саул қызы Михол алдынан шығып, былай деді:— Бүгін Исраил патшасының дәрежесі қаншама өсті! Ол нөкерлерінің күңдерінің алдында арсыз да әдепсіз әлдекімге ұқсап шапансыз жүрді! — | |
II S | Kaz | 6:21 | Дәуіт жауап қайтарып:— Мен би билегенде, Жаратқан Иенің алдында биледім! Ол мені әкеңнің және оның барлық әулетінің орнына таңдап алып, өз халқы Исраилдің басшысы етіп қойды. Содан мен Жаратқан Иенің алдында көңілді ән айтып би билеймін. | |
II S | Kaz | 6:22 | Мен өзімді бұдан бетер төмендетемін, өз көз алдымда төмен боламын. Ал сен айтып отырған күңдердің алдында сыйға бөленемін, — деді. | |
Chapter 7
II S | Kaz | 7:1 | Сонымен Дәуіт патша сарайына орнығып алды. Жаратқан Ие оған айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады. | |
II S | Kaz | 7:2 | Сол тұста патша Натан пайғамбарға:— Міне, мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Құдайдың сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. | |
II S | Kaz | 7:3 | Натан:— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Жаратқан Ие сізге жар болады, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 7:5 | «Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін сен Маған арнап үй салмақсың ба? | |
II S | Kaz | 7:6 | Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған рубасыларына ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін. | |
II S | Kaz | 7:7 | Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған рубасыларына ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін. | |
II S | Kaz | 7:8 | Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан таңдап алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін! | |
II S | Kaz | 7:9 | Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. | |
II S | Kaz | 7:10 | Мен өз халқым Исраил үшін тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырамын. Осы мекендерінде халқым тыныш өмір сүріп, бұдан былай ешкім оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды. | |
II S | Kaz | 7:11 | Мен халқымды басқаратын билер тағайындаған заманнан бері де жауыздар солай істеулерін жалғастырып келеді. Ал енді Мен саған барлық жауларыңнан тыныштық сыйлаймын.Жаратқан Ие саған тағы мынаны да айтады: Оның Өзі сенің шаңырағыңды бекітіп, әулетіңе де патшалық билік құрғызбақ! | |
II S | Kaz | 7:12 | Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. | |
II S | Kaz | 7:13 | Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. | |
II S | Kaz | 7:14 | Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Егер ол жамандық істесе, оны басқа адамдар арқылы, олардың таяқтары арқылы жазалаймын. | |
II S | Kaz | 7:15 | Мен өзіңнен бұрынғы Саулдан оған деген рақымымды алып қойдым, бірақ сенің ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын. | |
II S | Kaz | 7:16 | Сенің үйің мен патшалығың Менің көз алдымда мәңгілікке нығаяды, ұрпақтарыңның патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ». | |
II S | Kaz | 7:17 | Жаратқан Ие аян беріп айтқан осы сөздерінің бәрін Натан пайғамбар Дәуітке айтып берді. | |
II S | Kaz | 7:18 | Сонда Дәуіт (киелі шатырға) кіріп, Жаратқан Иенің алдында отырып былай деді: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, мені осылай дәріптейтініңдей менің өзім, шыққан әулетім соншама кімбіз? | |
II S | Kaz | 7:19 | Бірақ бұл Сен үшін әлі де аз болып көрінді, о, Жаратушы Тәңір Ием. Сен алдыңдағы пендеңнің келер ұрпақтарының болашағы туралы да айтып бердің. Әлде Сен әдетте адам баласына осылай әрекет етесің бе? Уа, Жаратушы Тәңір Ием, | |
II S | Kaz | 7:20 | Дәуіт Саған тағы не айта алады? Өзіңнің қызметшіңді жақсы білесің ғой. О, Жаратушы Тәңір Ием, | |
II S | Kaz | 7:21 | өз уәдең мен еркіңе сай, Сен осы ұлы істердің бәрін орындап, оны алдыңдағы пендеңе білдірдің. | |
II S | Kaz | 7:22 | Сен қандай ұлысың, уа, Жаратушы Тәңір Ием! Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ. | |
II S | Kaz | 7:23 | Сенің халқың Исраил сияқты жер бетінде қандай басқа халық бар еді? Себебі Сен, уа, Құдай, оны меншікті халқың болу үшін таңдап, Мысырдан азат етіп, көшіріп алдың. Олардың алдарында жүріп, ұлы кереметтер, үрей туғызатын ғажап істер жасай отырып, (Саған мойынсұнбайтын) бөтен ұлттар мен олардың тәңірлерін уәделі елден қуып шықтың. Бұл істеріңмен Сен өз есіміңнің даңқын асырдың. | |
II S | Kaz | 7:24 | Осылай Исраилді әрдайым меншікті халқың болуға Өзің үшін бекітіп қойдың, уа, Жаратқан Ие, әрі олардың ғибадат ететін Құдайы болдың. | |
II S | Kaz | 7:25 | Ал енді, о, Құдай Ием, Өзіңнің осы қызметшің және оның әулеті туралы берген сөзіңді барлық уақытқа бекітіп, уәдеңді орындайтын бола гөр. | |
II S | Kaz | 7:26 | Содан адамдар: «Әлемнің Иесі — шынымен Исраилдің үстінен қарайтын Құдай!» деп, әрдайым Сенің атыңның даңқы шығады және қызметшің Дәуіттің әулеті Сенің алдыңда нық тұрады. | |
II S | Kaz | 7:27 | Уа, Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, Сен «шаңырағыңды бекітемін» деп маған ашық білдірдің. Сол себепті қызметшіңнің осылайша мінажат етуге батылы барды. | |
II S | Kaz | 7:28 | Уа, Жаратушы Тәңір Ием, Сен Құдайсың, Сенің сөздерің ақиқат. Осы қызметшіңе сол игіліктерді уәде еттің. | |
Chapter 8
II S | Kaz | 8:1 | Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырды. Содан ол елдерінің басты қаласын філістірлердің қолынан тартып алды. | |
II S | Kaz | 8:2 | Дәуіт моабтықтарды да жеңді. Оларды жерге жатқызып, арқанмен өлшеді. Арқанның екі рет өлшеуімен алынғандар өлімге кесіліп, толық бір рет өлшеумен алынғандар тірі қалды. Сонымен моабтықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. | |
II S | Kaz | 8:3 | Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін қалпына келтіруге аттанып, Соба елінің патшасы Рехоб ұлы Ададәзерге шабуыл жасап, оны жеңіп шықты. | |
II S | Kaz | 8:4 | Сонда Дәуіт оның бір мың жеті жүз аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқылардың тілерсектерін қиып тастап, жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды. | |
II S | Kaz | 8:5 | Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік сириялықтар көмекке келген кезде Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды. | |
II S | Kaz | 8:6 | Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды. | |
II S | Kaz | 8:7 | Дәуіт Ададәзердің нөкерлерінің алтын жалатқан қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келді. | |
II S | Kaz | 8:8 | Ададәзердің қол астындағы Бета мен Беротай деген екі қаладан Дәуіт патша өте көп мөлшерде қола олжалап алды. | |
II S | Kaz | 8:10 | өз ұлы Жорамды Дәуіт патшаға жіберіп, жеңісімен құттықтаған сәлемін жолдады. Себебі Ададәзер Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуітке күміс, алтын, қоладан жасалған бұйымдарды ала келіп, сыйға тартты. | |
II S | Kaz | 8:11 | Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден: | |
II S | Kaz | 8:12 | Едом, Моаб, аммондықтар, філістірлер және амалектіктер елдерінен алынған күміс пен алтынды, әрі Соба патшасы Рехоб ұлы Ададәзерден түскен олжаны да осылай Жаратқан Иеге арнаған болатын. | |
II S | Kaz | 8:13 | Осылай Дәуіттің атағы кеңінен жайылды. Сол жорықтан қайта оралған соң, ол Тұзды аңғарда он сегіз мың едомдықты жеңіп шықты. | |
II S | Kaz | 8:14 | Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды. | |
II S | Kaz | 8:15 | Дәуіт бүкіл Исраилге билік жүргізіп, күллі халықтың арасында заңдылық пен әділдікті жүзеге асырды. | |
Chapter 9
II S | Kaz | 9:1 | Бір күні Дәуіт: «Саулдың әулетінен тірі қалған біреу бар ма екен? Мен Жонатан үшін оған мейірім көрсетейін!» — деп сұрастырды. | |
II S | Kaz | 9:2 | Кезінде Саулдың сарайында Сиба есімді бір қызметшісі болған еді. Дәуіт соны шақыртып:— Сен Сибасың ба? — деп сұрады. Ол:— Иә, тақсыр, сіздің құлыңызбын, — деп жауап қатты. | |
II S | Kaz | 9:3 | Патша:— Саулдың әулетінен бірде-бір жанның тірі қалмағаны ма? Мен соған Құдайдың берік мейірімін көрсеткім келеді, — деді. Сиба:— Жонатанның ұлдарының біреуі әлі де бар. Ол екі аяғы майып болған ақсақ, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 9:4 | — Ол қайда?— Лодыбардағы Әмиел ұлы Махырдың үйінде тұрып жатыр.Патша Махырдың үйіне кісілерін жіберіп, сол адамды қасына алдыртты. | |
II S | Kaz | 9:5 | — Ол қайда?— Лодыбардағы Әмиел ұлы Махырдың үйінде тұрып жатыр.Патша Махырдың үйіне кісілерін жіберіп, сол адамды қасына алдыртты. | |
II S | Kaz | 9:6 | Оның есімі Мепібосет еді, ол Жонатанның ұлы, Саулдың немересі еді. Мепібосет Дәуіттің алдына келе салысымен басын жерге дейін иіп тағзым етті. Дәуіт оған тіл қатып:— Мепібосет! — деді. Ол:— Сіздің құлыңызбын, тақсыр, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 9:7 | Дәуіт:— Қорықпа! Әкең Жонатан үшін мен саған ұдайы мейірім көрсететін боламын. Атаң Саулдың мал-мүлкін саған қайтарамын. Сен әрдайым менің дастарқанымнан тамақ жейтін боласың, — деді. | |
II S | Kaz | 9:8 | Мепібосет басын иіп: «Тақсыр ие, мен сұрауы жоқ иттің өлімтігі іспеттімін. Сіздің маған сондай мейірім көрсетуіңізге еш лайықты емеспін!» — деді. | |
II S | Kaz | 9:9 | Содан Дәуіт Саулдың қызметшісі Сибаны қасына шақыртып:— Саул мен оның әулетіне тиісті мал-мүлікті иеңнің немересінің қолына тапсырдым. | |
II S | Kaz | 9:10 | Сен өзің, ұлдарың және қызметшілерің оның жерін өңдеп, қожайындарыңның кірісі болсын деп өнімін жинап отырыңдар! Бірақ иелеріңнің немересі Мепібосеттің өзі тамағын менің дастарқанымнан ішіп-жейтін болады, — деп бұйырды. Сибаның он бес ұлы мен жиырма қызметшісі бар болатын. | |
II S | Kaz | 9:11 | Сиба:— Уа, патша ием, алдыңыздағы пендеңізге берген бұйрығыңызды түгелдей орындаймын, — деп жауап берді.Бұдан былай Мепібосет патшаның бір ұлы іспетті Дәуіттің дастарқанынан тамақтанатын болды. | |
II S | Kaz | 9:12 | Мепібосеттің Миха деген кішкентай ұлы бар еді.Сонымен Сибаның бүкіл үй іші Мепібосетке қызметші болды, | |
Chapter 10
II S | Kaz | 10:1 | Біраз уақыт өткеннен кейін Аммон халқының патшасы Нахаш қайтыс болып, оның ұлы Анон орнын басып патшалық құрды. | |
II S | Kaz | 10:2 | Дәуіт: «Әкесі Нахаштың маған жақсылық жасағанындай, мен де оның ұлы Анонға жақсылық жасайын», — деп ойлады. Содан ол әкесінің қазасына көңіл айту үшін Анонға қызметкерлерін жіберді. Алайда елшілері Аммон еліне жеткенде, | |
II S | Kaz | 10:3 | аммондық әміршілер патша иелері Анонға күдіктерін білдіріп былай деді: «Дәуіт мына адамдарын шынымен көңіл айтып, әкеңізге құрмет көрсету үшін жіберіп отыр деп ойлайсыз ба? Ол қызметкерлерін қаланы барлап, жақсылап біліп алу үшін сізге жіберіп отыр емес пе? Кейін ол әскерімен келіп, астан-кестенін шығармақшы!» | |
II S | Kaz | 10:4 | Сонда Анон Дәуіттің қызметкерлерін тұтқындап, әрқайсысының сақалын жартысына дейін қырқып, шапандарын белдеріне дейін қысқартып қиып тастады. Мұнан кейін оларды кері қайтарып жіберді. | |
II S | Kaz | 10:5 | Бұл туралы хабар Дәуіттің құлағына жеткенде, ол қатты масқараланған елшілерінің алдарынан хабаршыларын жіберіп, оларға: «Сақалдарың өскенше Иерихонда қала тұрыңдар! Содан кейін қайтып келерсіңдер!» — дегенді айтқызды. | |
II S | Kaz | 10:6 | Аммондықтар Дәуітті өздеріне қарсы өшіктіріп алғанын ұғынды. Сондықтан олар өкілдерін жұмсап, арамалықтардың Бет-Рехоб және Соба деген екі патшалығынан жиырма мың, Маханың патшасынан тағы бір мың әрі Тобтың адамдарынан он екі мың жаяу жасақшысын жалдап алды. | |
II S | Kaz | 10:7 | Дәуіт бұл туралы хабар алғанда, оларға қарсы Жоғабтың басшылығындағы батыл да мықты сарбаздардан құралған бүкіл жасағын аттандырды. | |
II S | Kaz | 10:8 | Аммондықтар астаналарынан шығып, қала қақпасының жанында шайқасқа дайындалып сап түзеді. Соба мен Рехобтың арамалықтары және Тоб пен Маханың ер азаматтары далада бөлек тұрды. | |
II S | Kaz | 10:9 | Жоғаб өз жасағының екі жақтан: алдынан да, артынан да соғысуына тура келіп тұрғанын байқаған соң, бүкіл Исраилдің таңдаулы сарбаздарын іріктеп алып, арамалықтарға қарсы сапқа тұрғызды, | |
II S | Kaz | 10:10 | ал жасақтың қалған бөлігін аммондықтарға қарсы бастап шығуды өзінің туған інісі Әбішайдың қолына тапсырды. | |
II S | Kaz | 10:11 | Оған былай деп бұйырған болатын: «Егер арамалықтар маған тым қатты қысым көрсете бастаса, сен маған көмекке кел! Ал аммондықтар сені тықсырып бара жатса, мен саған көмекке барамын. | |
II S | Kaz | 10:12 | Батыл бол! Халқымыз үшін, Құдайымыздың қалалары үшін мызғымай берік тұрайық! Ал Жаратқан Ие дұрыс деп тапқанын істесін!» | |
II S | Kaz | 10:14 | Олардың қашқанын көрген аммондықтар да Әбішай бастаған жасақтан шегіне қашып, қалаға кіріп кетті. Сонда Жоғаб аммондықтарға қарсы жорығын доғарып, Иерусалимге қайта оралды. | |
II S | Kaz | 10:16 | Ададәзер Евфрат өзенінің ар жағына елшілерін жұмсап, онда тұратын арамалық жасақшыларды шақырды. Олар (Ғилақад аймағындағы) Хеламға жетіп, (Арама патшасы) Ададәзердің әскербасы Шобақтың қол астына кірді. | |
II S | Kaz | 10:17 | Дәуіт бұл туралы біле сала, Исраилдің бүкіл жасағын жинап алды. Содан Иордан өзенін кесіп өтіп, Хеламға аттанды. Арамалықтар Дәуітпен шайқасу үшін жасақшыларын сапқа тұрғызып, лап қойды. | |
II S | Kaz | 10:18 | Бірақ олар қайтадан Исраилдің жасағынан шегініп, қаша жөнелді. Дәуіттің сарбаздары олардың жеті жүз соғыс күймесінің айдаушыларын және қырық мың жаяу әскерін мерт қылды. Арамалық қолбасшы Шобақ та шайқаста ауыр жарақаттанып, сол жерде қаза тапты. | |
Chapter 11
II S | Kaz | 11:1 | Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа шығатын уақытта Дәуіт Жоғабты, өзінің қызметшілерін және Исраилдің бүкіл әскерін жауға қарсы аттандырды. Олар аммондықтарды жаппай қырып, астаналары Раббаны қоршап алды. Бірақ Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. | |
II S | Kaz | 11:2 | Бір күні кешке қарай Дәуіт төсегінен тұрып, сарайының төбесінде әрлі-берлі жүрді. Төмен қараған ол шомылып жатқан бір әйелді көрді. Әйел өте сұлу екен. | |
II S | Kaz | 11:3 | Дәуіт ол туралы сұрастыру үшін біреуді жіберіп, оның Елиямның қызы, хеттік Ұрияның әйелі Барсабия екенін біліп алды. | |
II S | Kaz | 11:4 | Сонда Дәуіт хабаршыларын жіберіп, оны алдыртты. Әйел келіп, Дәуіт онымен бірге болды. Кейін әйел үйіне қайтып кетті. Бұдан бірнеше күн бұрын ғана ол айлық етеккірінен тазарған болатын. | |
II S | Kaz | 11:6 | Сонда Дәуіт соғысып жатқан Жоғабқа: «Маған хеттік Ұрияны жеткіз!» — деген бұйрық жолдап, Жоғаб сол кісіні Дәуітке жіберді. | |
II S | Kaz | 11:7 | Ұрия оның алдына келгенде, Дәуіт одан Жоғаб пен әскердің жағдайы туралы және соғыстың қалай өтіп жатқандығы жайлы сұрастырды. | |
II S | Kaz | 11:8 | Дәуіт соңынан Ұрияға: «Үйіңе барып, жуынып-шайынып демал!» — деді. Ұрия сарайдан шығып кеткеннен кейін патша оның артынан дәмді тамақ пен ішімдік жіберді. | |
II S | Kaz | 11:9 | Бірақ Ұрия үйіне бармай, патша иесінің басқа да қызметшілерімен бірге сарайдың кіреберісінің жанында түнеп шықты. | |
II S | Kaz | 11:10 | «Ұрия үйіне барған жоқ!» — дегенді естіген кезде, Дәуіт оны қасына шақырып алып:— Алыс жолдан келдің ғой. Неге үйіңе барып, демалмайсың? — деп сұрады. | |
II S | Kaz | 11:11 | Ал Ұрия жауап қайтарып:— Келісім сандығы және Исраил мен Яһуда әскері шатырларда тұр. Жоғаб төрем және патша иемнің қызметшілері ашық далада түнеп жүр. Сонда мен үйіме барып, ішіп-жеп, әйеліммен бірге бола аламын ба? Сіздің алдыңызда шын айтамын: мен мұндай нәрсені істемеймін! — деп ант етті. | |
II S | Kaz | 11:12 | Сонда Дәуіт:— Олай болса, бүгін де осында қал, ал ертең сені қайтарып жіберемін, — деді. Сонымен Ұрия сол күні Иерусалимде қалып қойды. Келесі күні | |
II S | Kaz | 11:13 | Дәуіт оны ішіп-жесін деп шақырып, тойдыра мас қылды. Алайда кешке Ұрия тағы да өз үйіне бармай, патша иесінің қызметшілерімен бірге түнеді. | |
II S | Kaz | 11:15 | Хатында ол былай деді: «Ұрияны ең қатты шайқас болып жатқан майданның алдыңғы шебіне қойып, оны өлімге қалдырып, өздерің кері шегініп кетіңдер!» | |
II S | Kaz | 11:17 | Қаланың адамдары шығып, Жоғабқа шабуыл жасады. Сонда Дәуіттің бірнеше жауынгері қаза тауып, ішінде хеттік Ұрия да болды. | |
II S | Kaz | 11:20 | патша ашуланып, саған «Қалаға неге тым жақындадыңдар, қабырғадан ататынын білмедіңдер ме? | |
II S | Kaz | 11:21 | Еруб-Бесет ұлы Әбимәлікті кімнің өлтіргенін білесің ғой: Тебес қаласында бір әйел қабырғадан оның үстіне қол диірменнің тасын тастап, өлтірді емес пе?! Неге қамалдың қабырғасына сонша жақындадыңдар?» десе, оған «Қызметшіңіз хеттік Ұрия да қаза тапты» деп айтарсың! | |
II S | Kaz | 11:23 | — Қарсыластар бізді тықсырып, қаладан сыртқа шыға келді. Бірақ біз оларды тойтарып, қала қақпасына дейін қуып тастадық. | |
II S | Kaz | 11:24 | Сонда олардың садақшылары қызметшілеріңізді қала қабырғасынан атты. Патша иемнің бірқатар жауынгері мерт болып, қызметшіңіз хеттік Ұрия да қаза тапты. | |
II S | Kaz | 11:25 | Ал Дәуіт оған мына бұйрықты берді:— Сен Жоғабқа: «Осыған бола көңілің түспесін! Соғыс болғасын шығын болмай қоймайды ғой. Қаланың астан-кестенін шығарғанша шабуылыңды жалғастыра бер!» деп оны жігерлендір! | |
Chapter 12
II S | Kaz | 12:1 | Содан Жаратқан Ие Дәуітке Натан пайғамбарды жіберді. Ол патшаға келіп, былай деді:— Бір қалада екі адам болды. Біреуі бай, біреуі кедей екен. | |
II S | Kaz | 12:3 | ал кедейдің сатып алған бір кішкентай қозысынан басқа түгі де болмады. Кедей соны бағып-қағып, қозы көз алдында балаларымен бірге өсті. Әлгі қозы қожайынының барлы-жоқты тамағын бөлісіп жеп, оның тостағанынан су ішіп, кеудесінде ұйықтап, оған өз қызы іспетті болды. | |
II S | Kaz | 12:4 | Бір күні байға бір жолаушы қонақ келе қалды. Бірақ бай оған арнап союға өз малын аяп, кедейдің әлгі тоқтысын тартып алып, содан қонағына тамақ пісіріп берді! | |
II S | Kaz | 12:5 | Дәуіт сол байға қатты ашуланып, Натан пайғамбарға:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: мұны істеген адам өлімге лайық! | |
II S | Kaz | 12:6 | Кедейге мейірімсіз болып, осыны істегені үшін ол тоқтының орнын төрт есе етіп толтыруға да міндетті! — деп шешті. | |
II S | Kaz | 12:7 | Сонда Натан Дәуітке былай деді:— Сол адам өзіңізсіз! Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені Исраилдің үстінен патша етіп тағайындап, Саулдың қолынан құтқарып келдім. | |
II S | Kaz | 12:8 | Саған патша иеңнің сарайы мен әйелдерін табыстап, Исраил мен Яһуда елдерін де тапсырдым. Мұның бәрі аз болса, оның үстіне тағы соншама қосып берер едім. | |
II S | Kaz | 12:9 | Неге Жаратқан Иеңнің өсиеттерін аяқ асты етіп, Оған жек көрінішті осындай зұлым істі жасадың?! Хеттік Ұрияны семсермен өлтіртіп, оның әйелін тартып алып, өзіңе әйел қылдың! Сен Ұрияны аммондықтардың семсерімен өлтірттің! | |
II S | Kaz | 12:10 | Ендеше, сен Өзімді менсінбей, сөзімді жерге тастап, хеттік Ұрияның әйелін өзіңе әйел қылып алғаның үшін, семсердің жүзі бұдан былай әрдайым әулетіңе қауіп төндіріп тұратын болады. | |
II S | Kaz | 12:11 | Жаратқан Ие тағы мынаны да айтады: өз үйіңнің ішінен саған қарсы пәле шығарамын! Көз алдыңда әйелдеріңді алып, басқа біреуге беремін, ол тапа тал түсте әйелдеріңмен бірге болмақ. | |
II S | Kaz | 12:12 | Сен жасырын әрекет жасадың, ал Мен осыны бүкіл Исраилдің көз алдында ашықтан-ашық істеймін! | |
II S | Kaz | 12:13 | Сонда Дәуіт Натанға былай деді:— Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын! — Натан пайғамбар оған:— Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың. | |
II S | Kaz | 12:14 | Бірақ осы қылығыңмен Жаратқан Иені Оның дұшпандарының көзінше әбден қорлағаның үшін, дүниеге келген ұлың шетінейтін болады, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 12:15 | Осыны айтып, Натан пайғамбар үйіне қайтып кетті.Жаратқан Ие Ұрияның әйелі Дәуітке туып берген балаға ауру жіберіп, нәресте қатты науқастанып қалды. | |
II S | Kaz | 12:16 | Дәуіт нәресте үшін Құдайға жалбарынумен болды; ораза тұтып, өз бөлмесіне кіріп, жерге жатып түнеп жүрді. | |
II S | Kaz | 12:17 | Әулетінің ақсақалдары қасына келіп, «Орныңыздан тұрыңыз», — деп қаншама өтінсе де, ол тұрмай, тамақ та жемей қойды. | |
II S | Kaz | 12:18 | Жетінші күні нәресте қайтыс болды. «Бала тірі кезде біздің айтқанымызға құлақ аспаған еді. Баланың шетінегенін оған енді қалай айтамыз? Ол өзіне-өзі бірдеңе істеп қоюы ықтимал ғой!» — десіп, Дәуіттің қызметкерлері нәрестенің қайтыс болғанын айтуға бата алмай тұрды. | |
II S | Kaz | 12:19 | Бірақ Дәуіт олардың өзара сыбырласып тұрғанын байқап, ұлының өлгенін түсінді. Содан ол:— Бала шетінеді ме? — деп сұрады. Қызметкерлері:— Ол көз жұмды, тақсыр, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 12:20 | Сонда Дәуіт жерден тұрып, жуынып, әдеттегідей маймен сыланып, киімін ауыстырды. Жаратқан Иенің киелі үйіне барып, иіліп ғибадат етті. Мұнан кейін үйіне қайта оралып, тамақ сұрап, алдына қойылғанды жеп алды. | |
II S | Kaz | 12:21 | Қызметкерлері Дәуіттен:— Бұл қалай? Балаңыз тірі кезінде ораза ұстап, жылаумен болдыңыз. Алайда балаңыз шетінегеннен кейін орныңыздан тұрып, тамақ жедіңіз? — деп сұрады. | |
II S | Kaz | 12:22 | Дәуіт:— Балам тірі кезінде «Кім біледі, мүмкін, Жаратқан Ие маған мейірімін түсіріп, балам тірі қалар?» деген оймен ораза ұстап, жалбарына жыладым. | |
II S | Kaz | 12:23 | Бірақ ол, міне, көз жұмды. Неге енді ораза ұстауым керек? Бәрібір оны қайтара алмаймын ғой. Мен оған барармын, бірақ ол маған қайтып келмейді! — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 12:24 | Содан соң Дәуіт әйелі Барсабияға барып, оны жұбатты. Кейін онымен бірге болып, ол ұл туды. Балаға Сүлеймен (яғни Сәлемет, Татулық) деген есім берді. Жаратқан Ие сәбиді жақсы көріп, | |
II S | Kaz | 12:25 | Натан пайғамбар арқылы хабар жіберді. Ол нәрестеге Жаратқан Иенің айтқанына сәйкес Едідиях (яғни Жаратқан Иенің Сүйіктісі) деген жанама ат берді. | |
II S | Kaz | 12:26 | Сол екі арада Жоғаб аммондық Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, ондағы патшаның мекенін басып алды. | |
II S | Kaz | 12:27 | Сонда Жоғаб Дәуітке хабаршыларын жіберіп олардан: «Мен Раббаға қарсы соғысып, қаланың сумен қамтамасыз ететін бөлігін басып та алдым. | |
II S | Kaz | 12:28 | Ал енді, қалған әскерді жинап, қалаға қарсы қос тігіп, оны басып алыңыз. Егер өзім басып алсам, қала менің атыммен аталып жүрер», — деген сәлемін жеткізді. | |
II S | Kaz | 12:30 | Содан ол аммондық патшаның басынан тәжін шешіп алып, өз басына киді. Тәж ат басындай саф алтыннан жасалып, асыл таспен безендірілген болатын. Бұған қоса Дәуіт Рабба қаласынан өте көп мөлшерде олжа алып шықты. | |
Chapter 13
II S | Kaz | 13:1 | Бұдан біраз уақыт өткен соң Дәуіт ұлы Амнон Тамарға ғашық болып қалды. Тамар Дәуіт ұлы Абессаломның бірге туған қарындасы, өте сұлу қыз болатын. | |
II S | Kaz | 13:2 | Амнон қарындасы Тамар үшін қиналғаны сонша, тіпті ауырып та қалды. Тамар пәк болатын, әрі Амнон ешқашан онымен бірге бола алмаймын деп түңілді. | |
II S | Kaz | 13:3 | Бірақ Амнонның Жонадаб есімді өте қу досы болды, ол Дәуіттің туған ағасы Шаммахтың ұлы еді. | |
II S | Kaz | 13:4 | Жонадаб Амноннан:— Не болды? Патшазадасың, неге күн өткен сайын сонша көңілсізсің? Маған айтпайсың ба? — деп сұрады. Амнон:— Мен бауырым Абессаломның қарындасы Тамарға ғашық болып қалдым, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 13:5 | Сонда Жонадаб оған мынадай ақыл берді:— Ауырып қалғандай төсегіңде жата бер. Әкең халіңді білуге келгенде, оған: «Қарындасым Тамар келіп, маған тамақ берсінші. Оны көз алдымда дайындасын, мен оның қолынан жеп алайын» деген өтінішіңді білдір. | |
II S | Kaz | 13:6 | Сондықтан Амнон төсегінде жатып, қатты ауырғансыды. Патша оның халін білуге келгенде, Амнон одан: «Қарындасым Тамар келіп, менің көз алдымда бір-екі нан пісіріп берсінші. Оның қолынан жеп алайын», — деп өтінді. | |
II S | Kaz | 13:7 | Дәуіт сарайдағы Тамарға: «Ағаң Амнонның үйіне барып, оған тамақ дайындап бер!» — деген сәлем жіберді. | |
II S | Kaz | 13:8 | Содан Тамар ағасы Амнонның үйіне, оның жатқан жеріне барды. Қыз қамыр алып, иледі де, Амнонның көз алдында тәтті нан жасап пісірді. | |
II S | Kaz | 13:9 | Табаны алып, нанды Амнонның алдына қойды. Бірақ ол жеуден бас тартып, қызметшілеріне: «Бәрің қасымнан кетіңдер!» — деп бұйырды. | |
II S | Kaz | 13:10 | Содан Амнон Тамарға: «Тамақты ішкі бөлмеме алып баршы. Сонда мен сенің қолыңнан жейін», — деп тапсырды. Тамар пісірген тәтті нандарын алып, ағасы Амнонның ішкі бөлмесіне апарды. | |
II S | Kaz | 13:11 | Бірақ қыз тамағын алдына қойып жатқанда, Амнон оны ұстап алып:— Кәне, сүйікті қарындасым, екеуіміз бірге болайық, — деді. | |
II S | Kaz | 13:12 | Ол оған жалынып:— Жо-жоқ, ағатай! Маған күш көрсетпеңізші! Бұл Исраилде ешқашан істелмейтін іс! Мұндай жетесіздікті істей көрмеңіз! | |
II S | Kaz | 13:13 | Мен қалайша осындай масқарамнан арылар едім? Өзіңіз де Исраилдегі ұятқа қалған ақымақ боласыз! Өтінемін, патшамен сөйлесіңізші, ол мені сізге беруден бас тарта қоймас! — деді. | |
II S | Kaz | 13:14 | Бірақ Амнон Тамарды тыңдағысы келмеді. Күштірек болғандықтан, зорлықпен көндіріп, онымен жақындасты. | |
II S | Kaz | 13:15 | Осыдан кейін Амнон Тамарды қатты жек көріп кетті. Оған деген жеркеніші тіпті бұрынғы ғашықтығынан да әлдеқайда басым болды. Амнон оған:— Тұр да, жоғал! — деп бұйырды. | |
II S | Kaz | 13:16 | Бірақ Тамар оған:— Жо-жоқ, ағатайым! Мені қуып жіберуіңіз маған жаңағы істегеніңізден бетер жаман болар еді! — деп жауап берді.Алайда Амнон тыңдамай, | |
II S | Kaz | 13:17 | өзіне қызмет ететін бір жас жігітін шақырып алып, оған: «Мына әйелді қасымнан әкет те, артынан есікті бекітіп қой!» — деп бұйырды. | |
II S | Kaz | 13:18 | Қызметші Тамарды сыртқа шығарып жіберіп, артынан есікті бекітіп алды. Тамар патшаның отау құрмаған қыздары киетін етек-жеңі ұзын, сәнді көйлек киіп жүретін. | |
II S | Kaz | 13:19 | Содан ол басына күл сеуіп, үстіне киіп алған ұзын көйлегінің өңірін айыра жыртты да, бетін қолдарымен жауып алып, еңіреп жылап кете берді. | |
II S | Kaz | 13:20 | Тамардың туған ағасы Абессалом оған: «Ағаң Амнон сенімен бірге болды ма? Тынышталшы енді, қарындасым. Ол сенің ағайының ғой, қапаланбай-ақ қой», — деді. Сонда Тамар жалғыз қалып, ағасы Абессаломның үйінде тұратын болды. | |
II S | Kaz | 13:21 | Болған оқиға туралы естіген Дәуіт патша қатты ашуланды. (Бірақ ол тұңғыш ұлы болғандықтан ерекше жақсы көрген Амнонды жазаламай қоя салды.) | |
II S | Kaz | 13:22 | Абессалом да Амнонға не жақсы, не жаман бір сөз айтпады. Алайда ол туған қарындасын масқаралаған Амнонды қатты жек көріп кетті. | |
II S | Kaz | 13:23 | Бұдан екі жыл өткеннен кейін Абессалом Ефремнің жанындағы Бағал-Хасорда қой қырқу мерекесін өткізетін болып, оған барлық патшазадаларды шақырды. | |
II S | Kaz | 13:24 | Абессалом патшаға барып, оны:— Мендей қызметшіңізде қой қырқу науқаны өтіп жатыр. Патша тақсыр мен оның нөкерлері менімен бірге соған бармас па екен? — деп шақырды. | |
II S | Kaz | 13:25 | Бірақ патша Абессаломға жауап беріп:— Жоқ, ұлым, барлығымыз бармай-ақ қояйық. Әйтпесе саған тым үлкен әурешілік болар, — деді. Абессалом патшадан қайта-қайта өтінсе де, ол бармаймын деген шешімін өзгерткен жоқ. Алайда оған батасын берді. | |
II S | Kaz | 13:26 | Абессалом:— Онда інім Амнонды бізбен бірге жіберіңізші, — деп өтінгенде, патша:— Оған сенімен бірге барып не бар? — деген сауал қойды. | |
II S | Kaz | 13:27 | Бірақ Абессалом қоймастан сұрай беріп, ақыры Амнонды да, басқа патшазадаларды да жіберуге патшаны көндірді. | |
II S | Kaz | 13:28 | Ал Абессалом өзінің қызметшілеріне мынандай бұйрық беріп қойған болатын:— Бері қараңдар! Амнон шарапқа тойып, қызып алғанда, мен: «Амнонды шауып тастаңдар!» деп бұйырамын, сонда оны шауып өлтіріңдер! Қорықпаңдар, бұны сендерге бұйырып отырған өзіммін! Батыл да ержүрек болыңдар! | |
II S | Kaz | 13:29 | Қызметшілері Абессаломның бұйрығын бұлжытпай орындап, Амнонды өлтіріп тастады. Мұны көрген өзге патшазадалар орындарынан атып тұрып, әрқайсысы қашырына мініп, қаша жөнелді. | |
II S | Kaz | 13:30 | Олар әлі де жолда келе жатқанда, «Абессалом патшаның барлық ұлдарын өлтіріп тастапты, біреуі де тірі қалмапты» деген суық хабар Дәуітке жетті. | |
II S | Kaz | 13:31 | Сонда патша орнынан тұрды да, қатты қайғырып көйлегінің өңірін айыра жыртып, тақыр жерге жата қалды. Оның қасында тұрған барлық нөкерлері де қатты қайғырып осылай істеді. | |
II S | Kaz | 13:32 | Бірақ Дәуіттің ағасы Шаммахтың ұлы Жонадаб патшаны жұбатып былай деді: «Уа, тақсыр ием, күллі жас жігіттерді, патшаның барлық ұлдарын да, өлтірді деп ойламаңыз! Өлген жалғыз Амнон ғана. Амнон Абессаломның туған қарындасы Тамарды масқаралаған күннен бастап, Абессалом осыған ниеттеніп келген болатын. | |
II S | Kaz | 13:33 | Сондықтан, уа, тақсыр ием, патшаның барлық ұлдары өлді деген хабардан жүрегіңіз қобалжымасын! Себебі өлген жалғыз Амнон ғана». | |
II S | Kaz | 13:34 | Осы аралықта Абессалом қашып кетті.Күзетте тұрған жас жігіт жоғары қарағанда, ар жақтағы қыраттың жолымен келе жатқан көп адамды көрді. Күзетші тездетіп патшаға барып, оған: «Қыраттың етегіндегі Хоронаим жолымен келе жатқан көп адамды көрдім», — деп мәлімдеді. | |
II S | Kaz | 13:35 | Жонадаб патшаға: «Көрдіңіз бе, патшазадалар келе жатыр! Мендей қызметшіңіздің айтқаны дәл келді», — деді. | |
II S | Kaz | 13:36 | Ол сөйлеп бола салысымен, дауыс көтеріп жоқтау айтқан патшаның ұлдары кіріп келді. Патша мен оның қызметкерлері де қатты қайғыра жоқтап жылады. | |
II S | Kaz | 13:37 | Осыдан бастап Дәуіт тұңғыш ұлы Амнонды ұдайы жоқтаумен болды. Ал Абессалом Гешур патшасы Амихуд ұлы Талмайға қашып барды. | |
Chapter 14
II S | Kaz | 14:2 | Жоғаб Текояға адам жіберіп, ол жақтан бір ақылды әйелді алдыртып, оған былай деді: «Жоқтап қайғырғандай болып, азалы киім киіп ал. Өзіңді маймен сылама, керісінше, көп күн бойы өлген адамды жоқтап келген біреудей бол! | |
II S | Kaz | 14:3 | Патшаның алдына барып, оған былай де», — деп, Жоғаб оған не айту керек екендігін үйретті. | |
II S | Kaz | 14:4 | Текоялық әйел патшаның алдына барып, басын жерге тигізе жығылып, қошемет көрсетті. Содан кейін жалынып:— Уа, патша ағзам, маған көмектесе көріңізші! — деп өтінді. | |
II S | Kaz | 14:5 | Патша одан:— Не болды? — деп сұрады. Әйел былай деп жауап берді:— Күйеуім қайтыс болған бір бейшара жесірмін. | |
II S | Kaz | 14:6 | Алдыңыздағы күңіңіздің екі ұлы бар еді. Олар бір күні далада жүргенде бір-бірімен төбелесіп қалыпты, ал оларды ажырататын ешкім болмаған. Сөйтіп біреуі екіншісін ұрып, өлтіріп тастады. | |
II S | Kaz | 14:7 | Қазір бүкіл әулет маған қарсы шығып отыр. Олар: «Бауырын өлтіргенді бізге тапсыр! Оны өлтіріп, бауыры үшін кек алудан тайынбаймыз. Сонда біз жалғыз мұрагерді құртып жоқ қыламыз» деуде. Осылай олар менің соңғы ұшқынымды сөндіріп, күйеуімнен жер бетінде қалған жалғыз тұяғын да қалдырмай, атын өшірмекші. — | |
II S | Kaz | 14:8 | Патша әйелге:— Үйіңе қайта бер. Сенің ісің туралы қажетті бұйрықты шығарамын, — деп уәде етті. | |
II S | Kaz | 14:9 | Сонда текоялық әйел патшаға:— Уа, патша ием, қандай да кінә болмасын, ол менің басыма, әкемнің әулетіне түссін! Патша мен оның тағы кінәсіз болсын! — деді. | |
II S | Kaz | 14:10 | Патша оған:— Егер біреу саған қарсы сөйлесе, оны маған алып кел! Сол адам енді қайтып саған еш тиіспейтін болады, — деп тапсырды. | |
II S | Kaz | 14:11 | Әйел:— Онда патша ием ұлымды қорғаймын деп өзінің Құдайы Жаратқан Иенің атымен ант етсе екен. Кек алушы тағы көбірек қан төгіп, ұлымның көзін құртпасын! — дегенде, патша әйелге:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: ұлыңның басынан бір тал шашы да жерге түспейді! — деп ант етті. | |
II S | Kaz | 14:12 | Әйел:— Патша ием өзінің күңіне тағы бір сөз айтуға рұқсат етсінші, — деп өтінді. Патша:— Сөйлей бер, — деп келісті. | |
II S | Kaz | 14:13 | Әйел былай деді:— Онда сіз неге дәл осындай нәрсені Құдайдың халқына қарсы ойлап келесіз? Осылай деп патша өзін-өзі әшкерелеп отырған жоқ па? Өйткені патша өзінің қудалағанын қайтармай отыр. | |
II S | Kaz | 14:14 | Біздің бәріміз әйтеуір бір кезде өліп, қайта жинауға келмейтін төгілген су сияқты боламыз. Бірақ Құдай кісі өлтіруші іспетті емес. Қайта, Ол қудаланған адамды Өзінен алшақ жүрмесін деп қайтаруды көздейді. | |
II S | Kaz | 14:15 | Сол адамдар мені қорқытқандықтан мен патшаммен сөйлесейін, мүмкін, өтінішімді орындар деген оймен осыны айтуға патша иемнің алдына келіп отырмын. | |
II S | Kaz | 14:16 | Мүмкін, патша осыған құлақ асып, мені де, ұлымды да Құдай бізге мұралыққа берген үлесімізден қол үздірейін деп отырған адамнан құтқарып қалар. | |
II S | Kaz | 14:17 | Сонымен алдыңыздағы күңіңіз іштей: «Патша ием Құдайдың періштесі сияқты, жақсы мен жаманды дұрыс ажырата алатындықтан, патша иемнің сөздері жаныма тыныштық әкелсін!» деп ойлады. Лайым Құдайыңыз Жаратқан Ие сізге жар бола берсін! | |
II S | Kaz | 14:18 | Осыны тыңдап болып, патша:— Мен саған бір сұрақ қоямын, еш нәрсені бүкпей жауап бер! — деді. Әйел:— Иә, патша ием, сұрай беріңіз, — деді. | |
II S | Kaz | 14:19 | Патша:— Осының бәрін саған айтқызып тұрған Жоғаб емес пе? — деген сауал қойды. Әйел оған:— Уа, патша ием, сіздің алдыңызда шын айтамын: патша иемнің айтқанынан не оңға, не солға бұлтаруға болмайды. Маған осы тапсырманы берген, расында да, Жоғаб еді. Осылай айт деп сөздерді аузыма салып берген де сол. | |
II S | Kaz | 14:20 | Бұл жайтты басқа қырынан көрсету үшін қызметшіңіз Жоғаб осыны істеп отыр. Ал жер бетінде болып жатқанның бәрінен де хабардар Құдайдың періштесінің дана екені іспетті, тақсыр ием де сондай дана, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 14:21 | Патша Жоғабты қасына шақырып алып, оған:— Жарайды, өтінішіңді орындайын. Барып, жас жігіт Абессаломды қайтарып алып кел, — деп тапсырды. | |
II S | Kaz | 14:22 | Жоғаб жерге дейін иіліп қошемет көрсетті де, патша үшін игі тілек тілеп, оған:— Уа, патша ием, сіздің алдыңыздағы қызметшіңіз бүгін мейіріміңізге ие болғанын біліп отыр. Себебі патша өтінішімді орындады, — деді. | |
II S | Kaz | 14:23 | Осыдан кейін Жоғаб шығып кетті де, Гешурге бет алды. Сол жерден ол Абессаломды Иерусалимге қайтарып алып келді. | |
II S | Kaz | 14:24 | Алайда патша: «Үйіне барсын, менің көзіме еш көрінбесін!» — деп бұйырды. Сондықтан Абессалом патшамен жүздесе алмай, өз үйіне кетті. | |
II S | Kaz | 14:25 | Бүкіл Исраилде көркі Абессаломның көркінен көбірек мақталған ер адам болмады. Басынан аяғына дейін оның бойынан ешбір мін табылмады. | |
II S | Kaz | 14:26 | Абессалом шашын тым ауыр болып кеткен кезде ғана жылына бір-ақ рет қырқатын. Сонда оның қырқылған шашының салмағы патшалық өлшемнің екі жүз мысқалына жететін. | |
II S | Kaz | 14:29 | Бұдан кейін Абессалом патшаға жіберейін деп Жоғабты шақыртты. Бірақ Жоғаб оған келуден бас тартты. Екінші рет адам жіберіп шақыртқанда да, ол келмей қойды. | |
II S | Kaz | 14:30 | Сонда Абессалом қасындағы қызметшілеріне: «Менің егістігімнің жанындағы Жоғабтың егістігін білесіңдер ғой. Сонда қазір арпа пісіп тұр. Барыңдар да, егістігіне от қойыңдар!» — деп бұйырды. Олар от қойып, егінді өртеп жіберді. Жоғабтың қызметшілері оған жүгіріп келіп: «Абессаломның қызметшілері егінге от қойды!» — деп мәлімдегенде, | |
II S | Kaz | 14:31 | Жоғаб орнынан тұрып, Абессаломның үйіне барды. Оған:— Сенің қызметшілерің неге менің егінімді өртеп жіберді? — деп шағымданды. | |
II S | Kaz | 14:32 | Абессалом Жоғабқа:— Маған келіп, патшаға: «Мені неге Гешурден қайтарып әкелдіңіз? Менің сол жерде қала бергенім артық болар еді!» деген сәлемімді жеткізуге сізді шақырған едім ғой! Ал енді, мен патшаның бет-жүзін көргім келеді. Егер менің бір кінәм болса, патша мені өлімге бұйыртсын! — деп жауап берді. | |
Chapter 15
II S | Kaz | 15:1 | Осыдан кейін Абессалом өзіне соғыс күймесін, оған жегілетін аттар және алдында жүгіріп жүретін елу адамды жинады. | |
II S | Kaz | 15:2 | Абессалом таңертең ерте тұрып алып, қала қақпасына апаратын жолда тұратын еді. Өзінің бір ісімен патшаның сотына жүгінуге біреу бара жатса, Абессалом оны шақырып алып: «Қай қаладансың?» — деп сұрайтын. Сол адам өзінің Исраилдің қай руынан екенін айтқанда, | |
II S | Kaz | 15:3 | Абессалом оған: «Бұл істе шындық пен әділдік сенің жағыңда екенін көріп тұрмын. Бірақ патшаның сені тыңдар ешкімі жоқ!» — дейтін еді. | |
II S | Kaz | 15:4 | Абессалом бұған тағы мынаны да қосатын: «Шіркін, мені елге төреші етіп тағайындаса ғой! Сонда арыз-шағымы не даулы ісі бар кез келген адам маған келе алар еді. Ал мен оның ісін әділдікпен шешкен болар едім!» | |
II S | Kaz | 15:5 | Біреу оның алдына келіп, басын жерге тигізе жығылса, Абессалом қолын созып, оны бауырына тартып құшақтап сүйетін. | |
II S | Kaz | 15:6 | Патшаның сотына әділдік іздеп келген әрбір исраилдікпен ол осылай істейтін. Сөйтіп Абессалом Исраилдің күллі ер азаматтарының жүректерін жаулап алды. | |
II S | Kaz | 15:7 | Төрт жыл өткеннен кейін, Абессалом патшаға мына өтінішін білдірді:— Маған Хебронға барып, Жаратқан Иеге антпен берген уәдемді орындауға рұқсат берсеңіз екен. | |
II S | Kaz | 15:8 | Себебі Арама өлкесіндегі Гешурде тұрған кезінде алдыңыздағы қызметшіңіз: «Егер Жаратқан Ие мені Иерусалимге қайтарса, мен Оған Хебронда сиынып ғибадат етемін» деген уәде берген болатын. — | |
II S | Kaz | 15:9 | Патша:— Аман-есен бара ғой, — деп рұқсат берді. Сонда Абессалом жиналып, Хебронға бет алды. | |
II S | Kaz | 15:10 | Алайда Абессалом бүкіл Исраилдің барлық руларына астыртын тыңшыларын жіберіп: «Керней даусын естігенде, «Абессалом Хебронда патша болды!» деп жар салыңдар!» — деген сәлемін таратқызды. | |
II S | Kaz | 15:11 | Абессаломның жанында еріп жүрген иерусалимдік екі жүз адам бар еді. Олар шақыруды қабылдағанмен, оның астыртын мәні жайлы мүлдем бейхабар болатын. | |
II S | Kaz | 15:12 | Абессалом құрбандықтарын ұсынып жатқан кезде, Дәуіттің кеңесшісі ғилолық Ахитопелге адам жіберіп, оны тұрған қаласы Ғилодан алдыртты. Абессаломды қолдаған адамдардың саны өсе бергендіктен, олардың астыртын іс-әрекеттері де күшейе түсті. | |
II S | Kaz | 15:13 | Бір хабаршы Дәуітке келіп оған: «Исраилдің адамдары Абессаломның жағына шығып кетіпті!» — дегенді айтты. | |
II S | Kaz | 15:14 | Дәуіт Иерусалимде қасында болғандардың бәріне:— Жиналыңдар, бізге қашып кету керек! Әйтпесе Абессаломнан ешқайсымыз құтыла алмай қалармыз! Тез кетейік! Ол тұтқиылдан шабуылдап, қаланы иемденіп алып, тұрғындарының барлығын семсермен қырып жүрер! — деп бұйырды. | |
II S | Kaz | 15:16 | Патша өзінің бүкіл үй ішімен жолға шығып, тек сарайды қадағалауға он кәнизагын қалдырып кетті. | |
II S | Kaz | 15:17 | Патша соңынан бүкіл халқын ертіп шығып, біраз жер жүргеннен кейін бір үйдің жанына келіп тоқтады. | |
II S | Kaz | 15:18 | Патшаның барлық қызметшілері, кереттіктер мен пелеттіктер, әрі өзіне Ғаттан еріп келген алты жүз ғаттық жасақшы оның алдынан өтті. | |
II S | Kaz | 15:19 | Сонда патша ғаттық Іттайға:— Бізбен неге келе жатырсың? Кері қайтып, патшамен бірге бол! Өзің жат жерліксің, оның үстіне өз еліңнен жер аударылғансың. | |
II S | Kaz | 15:20 | Сенің келгенің күні кеше ғана. Ал бүгін қайда барарымды өзім де білмей тұрғанымда, сені өзімізбен бірге тентіретуге қалайша мәжбүрлей аламын? Қой, қайт, қасыңдағы ағайындарыңды да өзіңмен бірге ала кет. Лайым Жаратқан Ие саған жар болып, берік мейірімін таныта көрсін! — деді. | |
II S | Kaz | 15:21 | Бірақ Іттай патшаға:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және патша иемнің алдында шын айтамын: патша ием өлімге болсын, өмірге болсын, қайда барса да, алдыңыздағы қызметшіңіз де сол жерде болады! — деп ант етті. | |
II S | Kaz | 15:22 | Сонда Дәуіт Іттайға:— Онда өтіп, алға шық! — деді. Осылай ғаттық Іттай, оның барлық адамдары мен отбасылары патшаның алдынан өтіп, алға түсіп жүрді. | |
II S | Kaz | 15:23 | Осы адамдардың бәрі патшаның алдынан өтіп бара жатқанда, сол аймақтың бүкіл халқы қатты дауыстап жылап тұрды. Ақыры патша да Қидрон сайынан өтіп, барлық адамдарын ертіп елсіз даланың жолына қарай бет алды. | |
II S | Kaz | 15:24 | Бас діни қызметкер Садық пен оның қасындағы Құдайдың Келісім сандығын көтеріп алып келе жатқан леуілік діни қызметкерлер де сол жерде болды. Олар Құдайдың сандығын жерге қойып, Абиятар халық қаладан шығып болғанша Құдайға арнап құрбандықтар шалып, өртеп ұсынып тұрды. | |
II S | Kaz | 15:25 | Мұнан кейін патша Садыққа былай деді: «Құдайдың сандығын қалаға қайтарыңыз. Егер Жаратқан Ие маған рақым етсе, онда мені қайтып әкеліп, Келісім сандығын да, Өзінің (жер бетіндегі) тұрағын да көруіме мүмкіндік береді. | |
II S | Kaz | 15:26 | Ал егер Ол маған: «Саған риза емеспін!» десе, онда Ол Өзінің қалауымен маған не істесе де, соған дайынмын. — | |
II S | Kaz | 15:27 | Патша діни қызметкер Садыққа тағы былай деді: — (Осылай дұрыс екенін) көресіз бе? Өзіңіз және Абиятар екеуіңіз де ұлдарыңызды ертіп алып, аман-есен қалаға қайта оралыңыздар! | |
II S | Kaz | 15:28 | Ал мен Иордан алқабындағы елсіз далада өзен өткелдерінің маңында сіздерден хабар келгенше тосып тұрамын». | |
II S | Kaz | 15:29 | Сонымен Садық пен Абиятар Құдайдың сандығын алып, Иерусалимге қайта оралып, сонда қалды. | |
II S | Kaz | 15:30 | Ал Дәуіт басын жауып алып, жалаң аяқ жылаған күйі Зәйтүн тауына жоғары өрлеп бара жатты. Оның қасындағы адамдары да бастарын жауып алып, еңіреп жылап сол жолмен жоғары көтеріле берді. | |
II S | Kaz | 15:31 | Біреу Дәуітке Ахитопелдің де Абессаломмен ауыз жаласқандығы туралы хабарлады. Сонда Дәуіт: «Уа, Жаратқан Ие, Ахитопелдің беретін ақылын ақымақтыққа айналдыра гөр!» — деп дұға етті. | |
II S | Kaz | 15:32 | Осылайша Дәуіт халық Құдайға ғибадат ететін тау басына жетті. Сол жерде көйлегінің өңірі айыра жыртылған, басына топырақ сеуіп алған өзінің досы архилік Хушай оның алдынан шықты. | |
II S | Kaz | 15:33 | Дәуіт Хушайға былай деп нұсқау берді: «Егер менімен жүрер болсаң, маған масыл боласың. | |
II S | Kaz | 15:34 | Одан да қалаға барып, Абессаломға: «Мен сізге қызмет етуге даярмын, уа, патша ағзам. Бұрын әкеңізге қызмет еткен едім, ал енді сізге қызмет етемін!» де. Осылай Ахитопелдің кеңесін шатастырып, маған көмектесесің. | |
II S | Kaz | 15:35 | Діни қызметкерлер Садық пен Абиятар да қалада болады. Сарайдан не естісең, соның бәрін де Садық пен Абиятарға хабарлайтын бол. | |
II S | Kaz | 15:36 | Садықтың Ахимағас және Абиятардың Жонатан есімді ұлдары өздерінің қастарында. Естіген жаңалықтарыңның бәрін солар арқылы маған жеткізіп тұр». | |
Chapter 16
II S | Kaz | 16:1 | Дәуіт зәйтүн тауының басынан сәл өте бергенде, оған Мепібошеттің қызметшісі Сиба кездесе кетті. Оның жанында екі жүз күлше нан, жүз-жүзден мейіз бен інжір бумалары және бір торсық шарап артылған, жұпталған бірнеше есегі бар еді. | |
II S | Kaz | 16:2 | Патша Сибадан:— Сен бұлармен не істемексің? — деп сұрады. Сиба:— Есектер патшаның үй іші мінсін деп әкелінген, нан мен жемістер жігіттерге жеуге тағам, ал шарап елсіз далада жүріп, шаршағандардың күшін нығайтуға арналған, — деді. | |
II S | Kaz | 16:3 | Патша:— Ал мырзаңның ұлы Мепібосет қайда? — деп сұрағанда, Сиба мынадай жауап берді:— Ол: «Бүгін Исраил халқы маған атам Саулдың патшалығын қайтарып береді!» деп Иерусалимде қалып қойды. — | |
II S | Kaz | 16:4 | Сонда патша:— Ендеше Мепібосеттің меншігінің бәрі сенікі болсын! — деді. Сиба:— Алдыңызда бас иіп құлдық етемін, уа, патша ием. Лайым мейіріміңізге ие болсам екен, — деп алғысын білдірді. | |
II S | Kaz | 16:5 | Дәуіт патша Бахуримге таяп қалғанда, сол елді мекеннен Саулдың әулетіне жататын біреу шықты. Гера ұлы Шимей есімді сол адам патшаны қарғап-сілеп келе жатты. | |
II S | Kaz | 16:6 | Шимей Дәуіт пен оның нөкерлеріне, екі жағынан да еріп келе жатқан адамдарына және мықты жауынгерлеріне тас лақтыра берді. | |
II S | Kaz | 16:8 | Сен Саулдың орнына патша болып алғаннан кейін оның әулетінің қанын төктің. Сол үшін Жаратқан Ие сені жазалап отыр! Патшалықты ұлың Абессаломның қолына Жаратқан Ие алып берді. Сен кісі өлтірген қанішерсің, сондықтан да осы пәле басыңа түсіп отыр! | |
II S | Kaz | 16:9 | Сонда Сарұяның ұлы Әбішай патшаға:— Мына иттің өлімтігі неге патша иемді қарғап балағаттауда?! Мен қазір-ақ барып, басын шауып тастайын! — деді. | |
II S | Kaz | 16:10 | Бірақ патша оған былай деп тыйым салды:— Жоқ! Сарұяның ұлдары, мұны маған не үшін айтасыңдар? Жаратқан Иенің Өзі «Дәуітті қарға!» деп айтқандықтан ол мені қарғаса, онда Шимейге ешкім де: «Қой, неге бұлай істейсің?» деп айта алмайды. — | |
II S | Kaz | 16:11 | Дәуіт Әбішай мен барлық қызметкерлеріне мынаны қоса айтты: — Тіпті өзімнің туған ұлым жанымды алмақшы! Ендеше мына буняминдіктің мені қарғауына одан да көп себебі бар. Жаратқан Ие оған солай айтқандықтан, бұл кісіге тиіспеңдер! Мейлі, қарғай берсін! | |
II S | Kaz | 16:12 | Мүмкін, Жаратқан Ие менің көріп жатқан жәбіріме назар аударып, бүгін естіген қарғыстарымның орнына жақсылық сыйлар! | |
II S | Kaz | 16:13 | Осылай Дәуіт пен оның адамдары сапарларын жалғастыра берді. Ал Шимей сайдың ар жақтағы беткейімен жол бойы қарғап, тас лақтырып, шаңды бұрқырата шашып, олардың арттарынан қалмай жүріп отырды. | |
II S | Kaz | 16:14 | Патша мен оның қасында еріп жүрген барлық адамдары шаршап-шалдығып көздеген жерлеріне жетіп, тынығып демалуға аялдады. | |
II S | Kaz | 16:15 | Абессалом Исраилдің барлық адамдарымен бірге Иерусалимге кіргенде, Ахитопел де оның қасында болды. | |
II S | Kaz | 16:16 | Ал Дәуіттің досы әрі жеке кеңесшісі архилік Хушай Абессаломға кезігіп:— Патша жасасын! Патша жасасын! — деп ұрандап қошеметтеді. | |
II S | Kaz | 16:17 | Абессалом Хушайға:— Досыңа деген адалдығың осы ма? Неге сен досыңмен бірге кетіп қалмадың? — деген сауал қойды. | |
II S | Kaz | 16:18 | Хушай Абессаломға былай деп жауап берді:— Керісінше, мен Жаратқан Иенің, мына халықтың және бүкіл Исраил елінің таңдап алған адамының жағындамын! Соған ғана қызметші болып, сонымен ғана қалғым келеді! | |
II S | Kaz | 16:19 | Оның үстіне, баласына қызмет етпегенде, кімге қызмет етейін? Әкеңізге қалай қызмет еткен болсам, дәл солай сізге де қызмет етемін! | |
II S | Kaz | 16:21 | Ахитопел:— Әкеңіздің сарайды қарасын деп қалдырып кеткен кәнизактарына барып, олармен жатып шығыңыз. Сонда бүкіл Исраил сіздің әкеңізді әбден қорлап, онымен ешқашан татуласпайтыныңызға көз жеткізетін болады. Осылайша өз жақтастарыңыздың бәрі де жігерленіп нығая түседі, — деп жауап қайырды. | |
II S | Kaz | 16:22 | Сөйтіп Абессалом үшін үйдің жалпақ төбесінде шатыр тігілді. Ол бүкіл Исраилдің көз алдында соған кіріп, әкесінің кәнизактарымен бірге болды. | |
Chapter 17
II S | Kaz | 17:1 | Ахитопел Абессаломға тағы былай деді:— Маған он екі мың адамды таңдап алып, бүгін түнде Дәуіттің соңына түсуіме рұқсат етіңіз. | |
II S | Kaz | 17:2 | Оған қазіргі әлсіз әрі шаршап-шалдыққан кезінде шабуылдап, зәресін ұшырайын. Сонда қасындағы барлық жасағы қашып кетіп, мен тек жалғыз патшаны ғана құртамын. | |
II S | Kaz | 17:3 | Ал қасындағы бүкіл жасақты өзіңізге қайтарып алып келемін. Сіз тек осы адамды ғана іздеп жүрсіз ғой. Осылайша бүкіл халық аман-есен болады. | |
II S | Kaz | 17:5 | Әйтсе де Абессалом: «Архилік Хушайды шақырыңдар! Оның да не айтатынын тыңдап көрейік!» — деді. | |
II S | Kaz | 17:6 | Хушай келген кезде Абессалом оған:— Ахитопел осы кеңесті беріп отыр. Оның айтқандарын орындайық па? Егер жоқ десең, өз ойыңды айт! — деді. | |
II S | Kaz | 17:7 | Сонда Хушай Абессаломға былай деді:— Ахитопелдің сізге осы жолы берген кеңесі онша жақсы емес. | |
II S | Kaz | 17:8 | Әкеңнің, оның адамдарының мықты жауынгер екенін, соғысқан кезде олар далада қонжықтарынан айырылған ұрғашы аю сияқты қаһарланатынын білесіз. Оның үстіне, әкеңіз — тәжірибелі жауынгер, ол жасағынан бөлек түнейтін болар. | |
II S | Kaz | 17:9 | Ол тіпті қазір де қандай да бір үңгірде немесе әйтеуір бір жерде тығылып отырған шығар. Егер ол әскеріңізге бірінші болып шабуыл жасап, адамдарыңыздың бірқатары қаза тапса, оны естігендер: «Абессаломның соңынан еріп жүрген жасақ ойсырай жеңіліпті!» дейтін болады. | |
II S | Kaz | 17:10 | Сонда жүрегінің түгі бар ең батыл деген жауынгеріңіздің де зәресі ұшады. Себебі бүкіл Исраил сіздің әкеңіздің нағыз батыр және оның қасындағылардың мықты жауынгерлер екенін жақсы біледі. | |
II S | Kaz | 17:11 | Сондықтан менің сізге беретін ақылым мынау: Сонау (солтүстіктегі) Дан мен (оңтүстіктегі) Бер-Шебаның арасындағы бүкіл Исраил елінің теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары іспетті сансыз көп ер адамдары жаныңызға жиналсын! Сіз өзіңіз оларды шайқасқа бастап шығыңыз! | |
II S | Kaz | 17:12 | Сонда ол қай жерде болса да, біз оған бас салып, жерге құйылған жауындай жаппай тап берейік! Онда оның өзі де, қасындағы адамдарының ешқайсысы да тірі қалмайды. | |
II S | Kaz | 17:13 | Ал егер ол бір қалаға шегінсе, бүкіл Исраил сол қалаға арқандарын алып келсін. Біз тасының бірде-бір қиыршығы қалмағанша қаланы сайға қарай сүйреп құлатайық! | |
II S | Kaz | 17:14 | Сонда Абессалом мен бүкіл Исраилдің адамдары:— Архилік Хушайдың берген кеңесі Ахитопелдікінен жақсы екен! — десті. Жаратқан Ие Абессаломды күйрету үшін осылайша Ахитопелдің дана кеңесін іске асыртпай кедергі жасауға бұйырған болатын. | |
II S | Kaz | 17:15 | Бұдан кейін Хушай діни қызметкерлер Абиятар мен Садыққа мына хабарды жеткізді: «Абессалом мен Исраилдің рубасыларына Ахитопел солай деп кеңес берді, ал мен бұлай деп кеңес бердім. | |
II S | Kaz | 17:16 | Жедел Дәуітке адам жіберіп, оған мынаны ескертіңіздер: Елсіз даладағы Иорданның өткелдерінің маңында түнемеңіз. Қайткен күнде де өзеннен тезірек өтіңіз! Әйтпесе патша мен оның қасындағы барлық жасағы жойылып кетуі мүмкін». | |
II S | Kaz | 17:17 | Жонатан мен Ахимағас осы кезде қала сыртындағы Ен-Рогел атты қайнар көздің маңында болатын. Бір қызметші қыз оларға хабар әкеліп тұратын. Екі жігіт сол хабарды Дәуіт патшаға жіберетін. Біреу-міреу танып қояр деп екі жігіт қалаға кірмеді. | |
II S | Kaz | 17:18 | Бір бозбала оларды бәрібір байқап қалып, сол туралы Абессаломға айтып барды. Сондықтан олар сол жерден тездетіп кетіп, Бахуримдегі біреудің үйіне бас сауғалады. Сол кісінің ауласында бір құдық бар еді. Олар соның ішіне түсіп жасырынып қалды. | |
II S | Kaz | 17:19 | Үй иесінің әйелі құдықтың аузын жабынмен жауып, үстіне жарма төгіп тастады. Бұл жайт ешкімге аян болмады. | |
II S | Kaz | 17:20 | Абессаломның жасақшылары оларды іздеп сол үйге келгенде, әйелден:— Ахимағас пен Жонатан қайда? — деп сұрады. Әйел:— Олар судан өтіп кетті, — деп жауап берді. Жасақшылар іздеп-іздеп, ешкімді таба алмай, Иерусалимге қайта оралды. | |
II S | Kaz | 17:21 | Бұлар кетіп қалғаннан кейін әлгі екі жігіт құдықтан шығып, тездетіп Дәуіт патшаны ескертуге кетті. Олар Дәуітке барып: «Жедел жиналып, өзеннен өтіп кетіңіз! Ахитопел сізге қарсы осындай да осындай кеңес берді!» — деген хабарды жеткізді. | |
II S | Kaz | 17:22 | Мұны ести салысымен Дәуіт пен оның қасындағы бүкіл халық жиналып, Иорданнан өте бастады. Таң атқанда өзеннен өтпеген бірде-бір адам қалмады. | |
II S | Kaz | 17:23 | Ал өз кеңесінің іске аспағанын көрген Ахитопел есегін ерттеп, өзі тұратын қаладағы үйіне кетіп қалды. Сонда жеткеннен кейін үй ішіне соңғы өсиеттерін табыстап, асылып өлді. Оның мәйіті әкесінің қабіріне қойылды. | |
II S | Kaz | 17:24 | Осы екі арада Дәуіт Маханайымға жетті. Кейінірек Исраилдің күллі жауынгерлерін бастап, Абессалом да Иорданның шығыс жағына өтіп келді. | |
II S | Kaz | 17:25 | Абессалом Жоғабтың орнына Амасаны әскер қолбасшысы етіп тағайындаған болатын. Амасаның шешесі Әбигел Нахаштың қызы және Жоғабтың шешесі Сарұяның сіңлісі еді. Амасаның әкесі Етер есімді ізрелдік болатын. | |
II S | Kaz | 17:27 | Дәуіт Маханайымға жеткенде, аммондықтардың Рабба қаласынан Нахаш ұлы Шоби, Лодыбардан Әмиел ұлы Махыр, Рогелимнен ғилақадтық Барзилай келді. Олар: | |
II S | Kaz | 17:28 | «Елсіз далада жүргенде осы адамдар ашығып, шаршап-шалдығып, шөлдеп қалды ғой!» — деп ойлап, көрпе-көпшік пен ыдыс-аяқ әкелді. Олар, сондай-ақ, Дәуіт пен оның қасындағыларға ішіп-жеуге бидай, арпа, ұн, қуырылған дәнді дақылдар, бұршақ, жасымық, | |
Chapter 18
II S | Kaz | 18:1 | Дәуіт өзінің топтарын жинап түгендеп, олардың үстінен мыңбасылар мен жүзбасыларды тағайындады. | |
II S | Kaz | 18:2 | Содан соң Дәуіт жасағын үш топқа бөлді. Бірінші топқа — Сарұя ұлы Жоғабты, екінші топқа — оның інісі Әбішайды, үшінші топқа — ғаттық Іттайды қолбасшы етіп тағайындады. Патша жасақшыларына:— Мен де сөзсіз сендермен бірге аттанамын! — деді. | |
II S | Kaz | 18:3 | Бірақ олар:— Тақсыр, бармай-ақ қойыңыз. Біз қашсақ та, олар бізге онша көңіл аудармас. Жартымыз қырылып қалсақ та, оларға бұл бәрібір. Ал сіздің өміріңіз біз сияқты он мың адамның өміріне тұрады. Сондықтан сіздің қала ішінде қалып, сол жақтан бізге көмектескеніңіз дұрыс болар, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 18:4 | Дәуіт:— Мейлі, сендер нені дұрыс деп білсеңдер, соны істейін, — деп келісті. Мыңбасылары мен жүзбасылары оның жасағын өз ретімен қаладан шығарып алып бара жатқанда, Дәуіт қақпаның маңында тұрды. | |
II S | Kaz | 18:5 | Патша Жоғаб, Әбішай және Іттайға: «Жас жігіт Абессаломға мен үшін мейірімді бола көріңдер!» — деп бұйырған болатын. Патшаның қолбасшылардың әрқайсысына Абессалом туралы осындай әмір бергенін бүкіл жасақ естіп тұрды. | |
II S | Kaz | 18:6 | Сонымен қалың қол (Абессалом басқарған) Исраилдің әскерімен шайқасу үшін соғыс майданына шықты. Шайқас Ефрем орманында өтті. | |
II S | Kaz | 18:7 | Дәуіттің жасақшылары сол жерде Исраилдің әскерін жеңіп шықты. Сол күні шығын болған адамдардың саны өте көп — жиырма мың болды. | |
II S | Kaz | 18:8 | Шайқас бүкіл аймаққа тарап, ну орманда қырылып қалғандар семсерден қаза тапқандардан да көп болды. | |
II S | Kaz | 18:9 | Абессалом Дәуіттің жасақшыларына күтпеген жерден кездесті. Ол өзінің қашырына мініп қашып бара жатқанда, қашыры үлкен еменнің бұтақтарының астынан шауып өте берді. Сол кезде Абессаломның шашы емен ағашының қалың бұтақтарына шырмалып, ілініп қалып, өзі әуеде салбырап қалып қойды. Ал қашыры ілгері қарай шауып кетіп қалды. | |
II S | Kaz | 18:10 | Біреу мұны көріп, Жоғабқа келіп:— Еменде ілініп тұрған Абессаломды көрдім! — деп мәлімдеді. | |
II S | Kaz | 18:11 | Жоғаб осыны айтқанға:— Немене? Сен оны көрдің бе? Ендеше неге оны дәл сол жерде шауып, жерге түсірмедің? Соны істеген болсаң, мен саған он мысқал күміс және батырдың белдігін берер едім ғой, — деді. | |
II S | Kaz | 18:12 | Сол адам Жоғабқа:— Тіпті қолыма мың мысқал күміс берсеңіз де, мен патшаның ұлына қарсы қол көтермес едім. «Жас жігіт Абессаломға мен үшін мейірімді бола көріңдер!» деп патшаның сізге, Әбішай мен Іттайға айтқанын бәріміз де өз құлағымызбен естігенбіз. | |
II S | Kaz | 18:13 | Егер мен оның өміріне қастандық жасаған болсам, бұл бәрібір патшадан жасырын қалмас еді, ал сіз менен алшақ кетер едіңіз, — деп жауап қайтарды. | |
II S | Kaz | 18:14 | Жоғаб оған:— Сенімен айтысып уақытымды босқа өткізбей-ақ қояйын! — деді де, қолына үш найза алып, оларды еменде ілініп тұрған әлі де тірі Абессаломның жүрегіне қадай салды. | |
II S | Kaz | 18:15 | Жоғабтың қару-жарағын тасушы он жас жігіт жақындап келіп, Абессаломды қоршап алып, шауып өлтірді. | |
II S | Kaz | 18:16 | Содан соң Жоғаб кернейін тартып белгі берді. Сонда Дәуіттің жасақшылары Исраилдің адамдарын қууын доғарды. | |
II S | Kaz | 18:17 | Олар Абессаломды ағаштан түсіріп алып, ормандағы бір терең шұңқырға лақтырып, үстін таспен үйіп тастады. Осы аралықта күллі исраилдік жауынгерлер қашып, үйлеріне тарап кетті. | |
II S | Kaz | 18:18 | Өзінің тірі кезінде Абессалом: «Менің атымды жалғастыратын ұлым да жоқ!» — деп, өзінің құрметіне тас бағана жасатып, Патшалар аңғарында тұрғызып қойған болатын. Ол осы бағанаға өзінің атын беріп, сол әлі күнге дейін «Абессаломның ескерткіші» деп аталып келеді. | |
II S | Kaz | 18:19 | Шайқастан кейін Садық ұлы Ахимағас Жоғабқа:— Мен енді жүгіріп барып, патшаға: «Жаратқан Ие сізді жауларыңыздың қатерінен азат етті!» деген қуанышты хабарды жеткізейін! — деп рұқсат сұрады. | |
II S | Kaz | 18:20 | Алайда Жоғаб оған:— Жоқ, бүгін осы хабарды сен жеткізбей-ақ қой! Басқа бір күні хабар жеткізуіңе болады. Бірақ бүгін солай істеме, өйткені патшаның ұлы мерт болды, — деді. | |
II S | Kaz | 18:21 | Содан соң Жоғаб бір құштыққа:— Патшаға барып, көргендеріңді мәлімдеп бер! — деп бұйырды. | |
II S | Kaz | 18:22 | Сөйтсе де Садық ұлы Ахимағас тағы да Жоғабтан:— Не болса, о болсын! Өтінемін, құштықтың соңынан жүгіруге маған рұқсат беріңізші! — деп сұрап қоймады. Жоғаб:— Балам-ау, неліктен барғың келіп тұр? Апаратын хабарың сүйінші алатын хабар емес қой! — деді. | |
II S | Kaz | 18:23 | Бірақ ол:— Не болса, о болсын! Жүгіргім келіп тұр, — деп қоймады. Сонда Жоғаб:— Мейлі, жүгіре бер! — деп келісе салды. Ахимағас Иордан алқабының бойындағы жолмен жүріп отырып, құштықты басып озды. | |
II S | Kaz | 18:24 | Дәуіт осы кезде қала қамалының сыртқы және ішкі қақпаларының арасында отырған еді. Бір шолғыншы қақпаның төбесіне шығып, сыртқа қарағанда, жүгіріп келе жатқан бір адамды көрді. | |
II S | Kaz | 18:25 | Шолғыншы бұл туралы патшаға дауыстап мәлімдеді. Патша:— Егер сол адам жалғыз өзі келе жатса, онда ол жақсы хабар әкеле жатыр, — деді. Адам жүгіріп жақындай түсті. | |
II S | Kaz | 18:26 | Содан соң шолғыншы жүгіріп келе жатқан басқа бір адамды көріп, қақпашыға:— Әй, тағы біреуі жалғыз жүгіріп келе жатыр! — деп айқайлады. Патша:— Ол да жақсы хабар әкеле жатқан болса керек, — деп болжады. | |
II S | Kaz | 18:27 | Шолғыншы:— Біріншісінің жүгіргені құдды Садық ұлы Ахимағастың жүгірісіне ұқсайды екен, — деді. Патша:— Ол жақсы адам, жақсы хабармен келе жатыр! — деді. | |
II S | Kaz | 18:28 | Ахимағас патшаға таяп қалғанда:— Бәрі де жақсы! Аманшылық! — деп айқайлап жіберді. Ол патшаның алдында басын жерге тигізе жығылды да: — Патша иеме қарсы шыққан адамдарды қолға түсірген Құдайыңыз — Жаратқан Ие мадақталсын! — деді. | |
II S | Kaz | 18:29 | Патша одан:— Жас жігіт Абессалом аман-есен бе? — деп сұрады. Ахимағас:— Жоғаб алдыңыздағы қызметшіңізді жіберген кезде үлкен бір шатақтың болып жатқанын көріп едім. Бірақ оның немен біткенін білмедім, — деп жауап қатты. | |
II S | Kaz | 18:30 | Патша оған:— Былайырақ тұрып, күте тұр! — деді. Ахимағас бұрылды да, тыныш тұра қалды. | |
II S | Kaz | 18:31 | Содан соң құштық келе қалды. Ол патшаға былай деді:— Уа, патша ием! Жақсы хабарға құлақ салыңыз! Бүгін Жаратқан Ие сізді өзіңізге қарсы шыққандардың барлығынан арылтты. | |
II S | Kaz | 18:32 | Патша құштыққа да:— Жас жігіт Абессалом аман-есен бе? — деген сауал қойды. Құштық былай деп жауап берді:— Патша иемнің жауларының, сізге жамандық ойлап қарсы шыққандардың бәрінің халдері сол жас жігіттің халіндей болсын! | |
Chapter 19
II S | Kaz | 19:2 | Дәуіттің өлген ұлын жоқтап жатқанын естігенде, оның бүкіл жасағы үшін сол жеңіс күні қаралы күнге айналды. | |
II S | Kaz | 19:3 | Содан жасақ шайқас майданынан қашып кетіп масқара болған сарбаздардай қалаға ұрланып кірді. | |
II S | Kaz | 19:4 | Патша бетін жауып алып, дауыстап: «Беу, сорлы ұлым Абессалом, о, Абессалом, сорлы ұлым-ай!» — деп дауыстап жоқтаумен болды. | |
II S | Kaz | 19:5 | Сонда Жоғаб патшаның үйіне барып, оған былай деді:— Бүгін сіз өзіңіздің өміріңізді де, ұл-қыздарыңыздың, әйел-кәнизактарыңыздың өмірін де аман сақтап қалған жауынгерлеріңізді қара бет қылдыңыз. | |
II S | Kaz | 19:6 | Сіз өзіңізді жек көретіндерді сүйіп, өзіңізді сүйетіндерді жек көресіз! Бүгін сіз қолбасшылар мен жауынгерлеріңізді өзіңіз үшін түкке тұрғысыз екенін айқын көрсеттіңіз. Егер Абессалом тірі қалып, біздің бәріміз қырылып қалған болсақ, сіз соған риза болар едіңіз! Мен бүгін осыны ұқтым. | |
II S | Kaz | 19:7 | Ал енді, сыртқа шығып, қызметшілеріңізге жылы сөйлеп, жігерлендіріңіз! Жаратқан Иенің алдында ант етемін: егер шықпайтын болсаңыз, бүгін кешке дейін сіздің жағыңызда бірде-бір адам қалмайды! Бұл сіз үшін жастық шағыңыздан бері осы кезге шейін басыңызға түскен апаттардың барлығынан да зор болмақ! | |
II S | Kaz | 19:8 | Сонда патша орнынан тұрып, қала қақпасының жанындағы өзінің арнаулы орнына барып отырды. Патшаның қақпа жанында отырғанын естігенде, бүкіл жасақ оның алдына жиналды.Сол екі арада исраилдіктер үйді-үйіне қашып кеткен еді. | |
II S | Kaz | 19:9 | Солтүстік Исраилдің барлық руындағы адамдар өзара айтысып былай деп жатты: «Патша бізді жауларымыздың қолынан азат еткен болатын. Філістірлердің шеңгелінен құтқарған да сол. Бірақ та өзі Абессаломнан бас сауғалап, елден қашып кетуге мәжбүр болды. | |
II S | Kaz | 19:10 | Ал біз өзіміздің үстімізден патшалық құруға май жағу рәсімін жасап тағайындаған Абессалом шайқаста мерт болды. Ендеше неге сендер патшаны кері қайтару туралы үндемейсіңдер?» | |
II S | Kaz | 19:11 | Сонда Дәуіт патша діни қызметкерлер Садық пен Абиятарға мына сәлемін жіберді: «Яһуданың рубасыларына былай деңіздер: Патшаны өз үйіне қайтаруға сіздер неге ең соңғы болуларыңыз керек? Себебі солтүстік исраилдіктердің бұл туралы айтып жүргендері патшаға және оның үй ішіне жетті. | |
II S | Kaz | 19:12 | Сіздер менің ағайындарымсыздар ғой, қандастарымсыздар. Ендеше неліктен сіздер патшаны кері қайтарудан тартынасыздар? | |
II S | Kaz | 19:13 | Ал Амасаға мынаны айтыңыздар: Сен менің қандас туысымсың ғой! Жоғабтың орнына сені бүгіннен бастап болашақта да әскерімнің қолбасшысы болуға тағайындамасам, Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін!» | |
II S | Kaz | 19:14 | Осылай ол бүкіл Яһуда руының адамдарының жүректерін баурап алып, барлығын бірауыздай етті. Олар патшаға: «Өзіңіз және барлық қызметшілеріңіз, қайтып келіңіздер!» деген сәлем жолдады. | |
II S | Kaz | 19:15 | Сонымен патша кері қайтайын деп жолға шығып, Иорданға дейін жетті. Яһуданың адамдары патшаны күтіп алып, өзеннен өткізіп жіберу үшін Ғылғалға жиналған еді. | |
II S | Kaz | 19:16 | Бахуримнен шыққан буняминдік Гера ұлы Шимей де асығып, яһудалықтардың арасында Дәуіт патшаны қарсы алуға ылдилап сол жерге барды. | |
II S | Kaz | 19:17 | Оның жанында Бунямин руының тағы бір мың адамы, солардың ішінде Саул әулетінің қызметшісі Сиба мен оның он бес ұлы әрі жиырма қызметшісі де болды. Олар патшаны қарсы алу үшін тездетіп Иорданға барды. | |
II S | Kaz | 19:18 | Келгендер патшаның отбасын өзеннен өткізіп, оның барлық қалауын орындау үшін өзенді өткелмен кесіп өтті.Гера ұлы Шимей Иорданнан өтіп болысымен патшаның алдына жығыла кетіп, | |
II S | Kaz | 19:19 | оған жалбарынып былай деді:— Тақсыр ием менің күнәмді мойныма арта көрмесін! Патша ием Иерусалимнен кетіп бара жатқан күні қызметшісінің жасаған жамандығын есіне ала көрмесін! Патшам мұны есіне сақтап жүрмесінші! | |
II S | Kaz | 19:20 | Алдыңыздағы пендеңіз күнәға батқанын біліп отыр. Бірақ өзіңіз көріп отырсыз, Жүсіптің үрім-бұтағы жетекшілік еткен бүкіл Исраил руларынан патша иемді қарсы алуға бірінші болып мен келіп отырмын. | |
II S | Kaz | 19:21 | Сонда Сарұя ұлы Әбішай:— Шимейдің көзін құртқан жөн емес пе? Ол Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын балағаттап қарғады ғой — деді. | |
II S | Kaz | 19:22 | Бірақ Дәуіт оған мынадай жауап берді:— Сарұяның ұлдары, маған оны не үшін айтасыңдар? Бүгін сендер менің еркіме қарсы шығып отырсыңдар! Бұл Исраилде адам өлтіретін күн емес! Себебі бүгін Исраилдің патшасы болуға қайтадан бекітілдім, соған көзім жетті. — | |
II S | Kaz | 19:24 | Саулдың немересі (Жонатан ұлы) Мепібосет те патшаны қарсы алуға Иерусалимнен шығып, Иорданға келді. Патша кеткен күннен бастап, аман-есен қайтып келген күнге дейін ол аяқтарын күтпей, сақалын қырықпай, киім-кешегін жуып ауыстырмай қатты қайғырып келген еді. | |
II S | Kaz | 19:25 | Мепібосет патшаның алдына келгенде патша оған:— Неге менімен бірге кетпедің, Мепібосет? — деген сауал қойды. | |
II S | Kaz | 19:26 | Ол былай деп жауап берді:— Уа, патша ием, қызметшім Сиба мені алдап кетті. Мен оған: «Есегімді ерттетіп алып, соған мініп, патшаға еріп жүрейін!» деп тапсырған едім. Мен ақсақпын ғой. | |
II S | Kaz | 19:27 | Бірақ қызметшім мені патша иеме жамандап барыпты. Ал тақсыр ием Құдайдың періштесіндей дана. Нені дұрыс деп тапсаңыз, соны істей көріңіз. | |
II S | Kaz | 19:28 | Себебі менің атамның әулеті патша иемнің алдында өлімге лайықты болғанмен, маған өзіңіздің дастарқаныңыздан тамақтануға рұқсат бердіңіз. Енді менде патшадан тағы бір нәрсе талап ететіндей құқық бар ма? — | |
II S | Kaz | 19:29 | Сонда патша:— Осы айтқаның да жетер. Мен былай деп шештім: Сиба екеуің жерді бөлісіп аласыңдар! — деп қорытты. | |
II S | Kaz | 19:30 | Мепібосет патшаға:— Ол бәрін-ақ ала берсін. Маған патша иемнің өз сарайына аман-есен қайтып келгені де жетеді, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 19:31 | Ғилақадтық Барзилай Рогелимнен ылдилап келген екен. Ол патшаны Иорданның арғы жағына дейін шығарып салу үшін онымен бірге өзеннен өтпекші болды. | |
II S | Kaz | 19:32 | Барзилай тым қартайған сексен жастағы аса дәулетті адам еді. Патша Маханайымда тұрған кезде Барзилай оны барлық қажеттерімен қамтамасыз етіп тұрған еді. | |
II S | Kaz | 19:33 | Енді патша оны:— Маған еріп өзеннен өтіңіз. Мен сізді Иерусалимге өз қасыма алып, бағып-қағайын, — деп шақырды. | |
II S | Kaz | 19:34 | Бірақ Барзилай былай деп жауап берді:— Азғана ғұмырым қалғанда, патшаға еріп Иерусалимге өрлеп барып маған не бар? | |
II S | Kaz | 19:35 | Жасым қазір сексенде. Ненің жағымды, ненің жағымсыз екенін айырудан, ішкен-жегенімнің дәмін сезуден де қалдым. Тіпті әнші жігіттер мен қыздардың салған әндерін ести алмайтын халге жеттім. Ендеше мен патша иемді әуреге салмай-ақ қояйын. | |
II S | Kaz | 19:36 | Алдыңыздағы қызметшіңіз сізді Иорданның арғы жағына біразға дейін жолға шығарып салмақшы еді. Ал патшам неге маған осыншама зор сый көрсетуге тиіс? | |
II S | Kaz | 19:37 | Өзімнің қаламда, әке-шешемнің қабірінің жанында көз жұма алуым үшін қызметшіңіздің қайтуына рұқсат берсеңіз екен! Ал мынау — (ұлым) Қимхам, сол сіздің қызметшіңіз болсын. Ол патша иемнің қасында жүріп, арғы бетке өтсін. Нені дұрыс деп тапқаныңыздың бәрін соған істеңіз. — | |
II S | Kaz | 19:38 | Патша Барзилайға:— Қимхам менімен бірге арғы бетке өтсін. Сізге ұнамдыны соған істейтін боламын. Ал өзіңіз нені қаласаңыз да, бәрін орындаймын, — деп сөз берді. | |
II S | Kaz | 19:39 | Осы аралықта күллі жұрт Иорданнан өтіп шыққан болатын. Патшаның өзі де өзеннің арғы жағына өткеннен кейін, Барзилайды құшақтап, оған батасын берді. Ал Барзилай үйіне қайтып кетті. | |
II S | Kaz | 19:40 | Патша Ғылғалға қарай сапарын жалғастыра берді. Оған Қимхам, Яһуда руының бүкіл жасағы және Солтүстік Исраилдің жасағының жартысы ерді. | |
II S | Kaz | 19:41 | Осылай келе жатқанда Солтүстік Исраилдің бүкіл адамдары патшаға келіп, оған:— Біздің ағайындарымыз — Яһуданың адамдары неге патшаны ұрлап алып кетіп, өзіңізді, отбасыңыз бен барлық адамдарыңызды Иорданнан өткізіп жіберді? — деп наразылық білдірді. | |
II S | Kaz | 19:42 | Яһуданың барлық адамдары оларға былай деп жауап берді:— Оның себебі, патша біздің қандас туысымыз ғой. Сендер неге осыған бола өкпелеп жүрсіңдер? Бізді патшаның қорынан бір нәрсе жеп қойды, әлде ерекше бір сыйлық алды дейсіңдер ме? | |
II S | Kaz | 19:43 | Ал Солтүстік Исраилдің адамдары Яһуданың адамдарына былай деп қарсы сөйледі:— Біз он румыз ғой. Біздің патшадан үлесіміз сендердікіне қарағанда көбірек! Ендеше неге бізді менсінбедіңдер? Оның үстіне, патшамызды кері қайтару керек деп бірінші айтқан біз емес пе едік?Бірақ Яһуданың адамдары Солтүстік Исраилдің руларынан гөрі қаттырақ сөйлеп оларды өкпелетіп тастады. | |
Chapter 20
II S | Kaz | 20:1 | Сол жерде Бихридің ұрпағы Шеба есімді қара ниетті бір буняминдік адам болды. Шеба бүкіл Солтүстік Исраилде керней тартып былай деп жариялады:«Дәуітке біздің еш қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!» | |
II S | Kaz | 20:2 | Сонда Солтүстік Исраилдің күллі адамдары Дәуітті тастап, Шебаның соңынан еріп кетті. Бірақ Яһуданың адамдары өз патшаларына адал болып қала берді. Олар Дәуітке ілесіп Иордан өзенінен Иерусалимге дейін барды. | |
II S | Kaz | 20:3 | Дәуіт өзінің Иерусалимдегі сарайына қайтып келгенде, сарайын күтуге қалдырып кеткен он кәнизагын арнайы үйде күзеттіріп қойды. Оларды барлық керек-жарақтарымен қамтамасыз етіп тұрды, бірақ енді қайтып олармен жақындасқан жоқ. Осылайша олар жесір іспетті өмір сүріп, өле-өлгенше қамауда қалды. | |
II S | Kaz | 20:4 | Патша Амасаға: «Яһуданың ер адамдарын жинап, үш күннің ішінде өзің де осында бол!» — деп әмір етті. | |
II S | Kaz | 20:5 | Амаса Яһуданың адамдарын шақыруға кетті, бірақ патшаның белгілеген уақытынан кешігіп қалды. | |
II S | Kaz | 20:6 | Сонда Дәуіт Әбішайға бұйрық беріп: «Бихридің ұрпағы Шеба бізге Абессаломнан да зор зиян келтіретін болады. Тездетіп иеңнің жасақшыларын ертіп алып, Шебаның соңынан түс! Әйтпесе ол бір бекіністі қалалар тауып алып, көзімізден тасаланып, қашып кетіп жүрер!» — деді. | |
II S | Kaz | 20:7 | Осылайша Жоғабтың адамдары, кереттік және пелеттік ұлан бөлімдері әрі барлық батырлар қосылып, Әбішайға еріп Иерусалимнен аттанып шықты да, Шебаның ізіне түсті. | |
II S | Kaz | 20:8 | Олар Гибеондағы дәу жартастың жанында болған кездерінде Амаса алдарынан шықты. Жоғаб жауынгерлік киім киіп, семсерлі қынап бекітілген белдік тағып алған еді. Жоғаб алға қарай ұмтылғанда семсері түсіп қалды. | |
II S | Kaz | 20:9 | Жоғаб Амасаға: «Амансың ба, бауырым?» — деп, оны бетінен сүю үшін оң қолымен сақалынан ұстап алды. | |
II S | Kaz | 20:10 | Амаса Жоғабтың сол қолындағы семсерді байқамады. Сонда Жоғаб семсерін оның ішіне сұғып қалып, ішек-қарны жерге ақтарылып түсті. Жоғаб Амасаны екінші рет соқпай-ақ, өлімші етіп жарақаттады.Бұдан кейін Жоғаб пен оның інісі Әбішай бүлікшіл Шебаның соңынан қуып кетті. | |
II S | Kaz | 20:11 | Осы кезде Жоғабтың жас жігіттерінің бірі Амасаның жанында тұрып, «Кімде-кім Жоғабты қолдаса әрі Дәуітті жақтаса, сол Жоғабтың соңынан ерсін!» — деді. | |
II S | Kaz | 20:12 | Ал Амаса әлі де жол ортасында жанталаса дөңбекшіп өз қанына былғанып жатқан болатын. Жаңағы жас жігіт барлық жасақшылардың Амасаның жанында тоқтап жатқанын байқағанда, оны жолдан сүйреп, егістікке шығарып, үстін жамылғымен жауып тастады. | |
II S | Kaz | 20:13 | Амасаның денесін жолдан алып тастағаннан кейін адамдардың бәрі Жоғабқа еріп Шебаның соңынан қуып кетті. | |
II S | Kaz | 20:14 | Ал Шеба Исраилдің бүкіл руларының жерінен өтіп шығып, Әбел-Бет-Махаға кеткен болатын. Өзі шыққан Бихри әулетінің барлық адамдары да жиналып, оның соңынан сол жерге еріп келген еді. | |
II S | Kaz | 20:15 | Жоғабтың жасағы Әбел-Бет-Махаға жетіп, оны қоршап алды. Олар қаланы басып алу үшін қаланың сыртқы қамал қабырғасына қарсы үймек үйді. Жоғабтың жанындағы жасақтың барлығы қабырғаны құлату үшін оны соққылап қирата бастады. | |
II S | Kaz | 20:16 | Сонда бір ақылды әйел қала ішінен былай деп дауыстады:— Тыңдаңдар, тыңдаңдаршы! Жоғабты осында шақырыңдаршы! Онымен сөйлескім келеді. — | |
II S | Kaz | 20:17 | Жоғаб оған таяп келгенде, әйел одан:— Сіз Жоғабсыз ба? — деп сұрады. Ол:— Иә, менмін! — деп жауап қатты.— Онда алдыңыздағы күңіңіздің сөзіне құлақ салыңызшы.— Тыңдап тұрмын, айта бер! — деді Жоғаб. | |
II S | Kaz | 20:18 | Сонда әйел оған былай деді:— Ежелден келе жатқан мына мәтел бар: «Ақылды Әбелден сұрасын, аяқтар сонда дауларын». | |
II S | Kaz | 20:19 | Мен Исраилдегі бейбіт те адал адамдардың бірімін. Ал сіз Исраилдегі қалалардың анасы іспетті сыйлы қаланы құртайын деп отырсыз. Жаратқан Иенің меншікті жерін неге жалмап қойғыңыз келіп отыр? — | |
II S | Kaz | 20:20 | Бірақ Жоғаб былай деп жауап берді:— Жо-жоқ! Мені Жаратқан Иенің меншікті жерін не жалмаудан, не жоюдан сақтасын! | |
II S | Kaz | 20:21 | Мәселе тіпті де олай емес! Ефремнің таулы аймағынан шыққан Бихридің ұрпағы Шеба деген біреу Дәуіт патшаға қарсы бүлік шығарды! Тек соны ғана маған ұстап беріңдер! Сонда мен қаладан кетемін. — Әйел:— Жарайды, оның басы сізге қабырғадан лақтырылады, — деп келісті. | |
II S | Kaz | 20:22 | Әйел бүкіл халқымен сөйлесіп, дана ақыл-кеңес берді. Олар бүлікшіл Шебаның басын шауып алып, оны Жоғабқа лақтырып жіберді. Жоғаб осыдан кейін керней тартып белгі берді. Барлық адамдары қаладан шегініп, үйлеріне тарап кетті. Жоғабтың өзі Иерусалимдегі патшаның жанына қайтып барды. | |
II S | Kaz | 20:23 | Жоғаб Исраилдің бүкіл жасағының қолбасшысы, ал Еходай ұлы Бенаях кереттік және пелеттік ұландарының қолбасшысы болды. | |
Chapter 21
II S | Kaz | 21:1 | Дәуіт патшаның заманында елді үш жыл бойы ашаршылық жайлады. Дәуіт Жаратқан Иеге сиынып соның себебін сұрады. Сонда Жаратқан Ие оған былай деп жауап берді: «Саулдың өзі мен әулетінің мойнында гибеондықтардың төгілген қаны бар. Себебі Саул гибеондықтардың көздерін құртқан болатын. Осы ашаршылық соның кесірінен». | |
II S | Kaz | 21:2 | Патша гибеондықтарды шақырып алып, олармен сөйлесті. Гибеондықтар исраилдіктерге жатпайтын аморлықтардан қалған халық болатын. Ежелде исраилдіктер оларды құртпауға ант берген болса да, Саул Исраил мен Яһуданың халқы үшін жан сала күресіп оларды толығымен құртып жіберуге тырысқан еді. | |
II S | Kaz | 21:3 | Дәуіт гибеондықтарға:— Мен сендер үшін не істейін? Сендер Жаратқан Иенің меншікті еліне ақ бата берулерің үшін мен қалайша сол күнәнің құнын өтей аламын? — деген сауал қойды. | |
II S | Kaz | 21:4 | Гибеондықтар оған:— Саулдың әулетінен не күміс, не алтын талап етпейміз. Ал Исраилде біреуді өлтіруге еш құқымыз да жоқ! — деді. Осыны естіп, Дәуіт олардан:— Онда өздерің үшін менің не істегенімді қалайсыңдар? — деп сұрады. | |
II S | Kaz | 21:5 | Олар патшаға:— Сол адам бізді толығымен құртып жіберуге тырысып, бүкіл Исраилде бізге бір табан жер де қалдырмауды көздеген еді. | |
II S | Kaz | 21:6 | Одан тараған ұрпақтардан жеті ер адам қолымызға тапсырылсын. Біз оларды Жаратқан Иенің алдында, Оның Гибеондағы тауында асып өлтірейік, — деді. Патша оларға:— Мен соларды қолдарыңа тапсырамын! — деп сөз берді. | |
II S | Kaz | 21:7 | Бірақ патша Жонатанның ұлы, Саулдың немересі Мепібосеттің өмірін сақтап қалды. Себебі Дәуіт және Саул ұлы Жонатан кезінде Жаратқан Иенің алдында бір-біріне ант беріскен болатын. | |
II S | Kaz | 21:8 | Ал Саулдың Аях қызы Риспадан туған екі ұлы Армон мен Мепібосет, әрі Саулдың қызы Мераб пен мехолалық Барзилай ұлы Әдіриелдің бес ұлы бар болатын. Дәуіт патша оларды алдыртып, | |
II S | Kaz | 21:9 | гибеондықтардың қолына тапсырды. Гибеондықтар бұларды тау басында Жаратқан Иенің алдында асып қойды. Сол жерде олардың жетеуі бірдей қазаға ұшырады. Бұл егін орағының алғашқы күндері, арпа жинау науқаны жаңа басталған кез болатын. | |
II S | Kaz | 21:10 | Сонда Аях қызы Риспа қара мата алып, оны бір жартастың үстіне жайып өзіне пана жасап алды. Риспа егін орағының басынан бастап, аспаннан мәйіттерге жаңбыр жауған кезге дейін сол жерде отырды. Ол асулы тұрған мәйіттерге күндіз құстарды, түнде аңдарды жолатпады. | |
II S | Kaz | 21:12 | Содан Дәуіт барып, Ғилақадтағы Ябес қаласының адамдарынан Саул мен оның тұңғышы Жонатанның сүйектерін сұрап алды. Себебі Саулды Гелбуеде өлтірген күні філістірлер оның денесін Бет-Шанға апарып, қала алаңында іліп қойған болатын. Бірақ Ғилақадтағы Ябестің адамдары екеуінің мәйіттерін ілулі тұрған жерінен жасырын түрде шешіп алып, қалаларына әкелген еді. | |
II S | Kaz | 21:13 | Енді Дәуіт сол жақтан Саул мен оның ұлы Жонатанның сүйектерін алып келді. Жаңадан асылып өлтірілгендердің мәйіттері де жиналып алынды. | |
II S | Kaz | 21:14 | Бұлар және Саул мен Жонатанның сүйектері Бунямин жеріндегі Селада Саулдың әкесі Қиштың қабіріне қойылды. Мұның бәрі патшаның тапсырмасына сәйкес орындалды.Осыдан кейін Құдай ел үшін жасалған мінажаттарды рақыммен қабылдады. | |
II S | Kaz | 21:15 | Філістірлер тағы да Исраилге қарсы соғыс ашқанда, Дәуіт өзінің жасақшыларымен бірге оларға қарсы жорыққа аттанды. Філістірлермен шайқасып жатқанда Дәуіттің әлі кетіп қалжырады. | |
II S | Kaz | 21:16 | Сол сәтте алып Рафаның ұрпақтарының Ишби-Беноб есімді біреуі Дәуітті өлтірмек болды. Сол алыптың сүңгісінің қола ұшының салмағы үш жүз мысқал болатын, ол беліне жаңа семсер буып алған екен. | |
II S | Kaz | 21:17 | Бірақ Сарұяның ұлы Әбішай Дәуітке көмекке келді де, філістірге тап беріп, оны өлтіріп тастады. Сонда Дәуіттің адамдары одан өтініп: «Енді қайтып бізбен бірге ешқашан шайқасқа шықпасаңыз екен! Себебі Исраилдің шам-шырағын өшіруге болмайды!» — деп, бұларын антпен бекітті. | |
II S | Kaz | 21:18 | Осыдан кейін філістірлермен жаңа бір шайқас Ғобтың маңында болды. Сол кезде хушалық Сипхай Рафаның алып ұрпақтарының тағы біреуі — Сафты жеңіп, көзін құртты. | |
II S | Kaz | 21:19 | Ғобтың маңында філістірлермен болған басқа бір шайқаста бетлехемдік Жайыр ұлы Елханан ғаттық алып Ғолияттың бауырын өлтірді. Соның сүңгісінің сабы бақандай жуан болатын. | |
II S | Kaz | 21:20 | Тағы басқа бір шайқас Ғат қаласының түбінде болды. Оған да өте ұзын бойлы бір адам қатысты. Соның аяқ-қолдарында алты-алтыдан, он екі саусағы мен он екі башайы бар еді. Ол да алып Рафаның ұрпағы болатын. | |
II S | Kaz | 21:21 | Әлгі алып Исраилге тіл тигізіп оны қорлағанда, Дәуіттің ағасы Шаммахтың ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады. | |
Chapter 22
II S | Kaz | 22:1 | Осылай Жаратқан Ие Дәуітті барлық жауларынан және Саулдың қолынан құтқарды. Сол кезде Дәуіт Жаратқан Иеге арнап мына жырды айтты: | |
II S | Kaz | 22:3 | Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам,Мені құтқарады зорлық-зомбылықтан! | |
II S | Kaz | 22:7 | Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.Киелі орнынан Ол құлақ салды,Жалынышым Оның алдына барды. | |
II S | Kaz | 22:8 | Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Аспанның негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді. | |
II S | Kaz | 22:16 | Көрінді сонда теңіздің арналары,Әрі дүниенің негіздері ашылды,Уа, Жаратқан Ие, қатаң сөгісіңнен,Қаһарлы да құдіретті лебіңнен. | |
II S | Kaz | 22:31 | Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана. | |
II S | Kaz | 22:44 | Сен мені халықтың бүлігінен құтқардың,Әрі басшысы етіп қойдың өзге ұлттардың.Бөтен халық енді маған қызмет етеді, | |
II S | Kaz | 22:49 | Жауымнан өзімді аман сақтап қалған.Жоғары қойдың мені қарсыластардан,Сен құтқарып алдың зорлықшылдардан. | |
II S | Kaz | 22:50 | Басқа халықтар арасында сондықтан,Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын,Сенің атыңа ән-жырымды арнаймын. | |
Chapter 23
II S | Kaz | 23:1 | Мынау Дәуіттің соңғы өсиеті,Есей ұлының пайғамбарлық сөздері,Жақып сенген Құдай тағайындаған,Мәртебесін көтерген патшасының —Исраилдің сүйікті жыршысыныңКелер ұрпаққа қалдырған өсиеті. | |
II S | Kaz | 23:3 | Исраил арқа сүйер жартас — ҚұдайМаған бірде былай деп айтқан еді:Халықты әділдікпен басқарушы,Құдайды қастерлеп билік құрушы — | |
II S | Kaz | 23:4 | Бұлтсыз аспандағы таңғы шапақтай,Жерден көк шөп өсіріп шығаратынЖаңбырдан кейінгі күн нұрындай. | |
II S | Kaz | 23:5 | Менің әулетімді Құдай бекіткен,Мәңгі Келісім жасады Ол меніменБарлық жағынан да толық реттелген.Құдай бұл уәдесін нақты бекіткен,Әлде Ол мені ұдайы қорғамай ма,Бар жүрек қалауымды сыйламай ма? | |
II S | Kaz | 23:6 | Ал сұмдар Құдайға жақындамайды,Олар адамдар қолына да алмайтынПайдасыз тікенектерге ұқсайды. | |
II S | Kaz | 23:7 | Соларды құртпақ болғандар бұл үшінТемір құрал, найза сабын қолданады,Жатқан жерлерінде өртеп жояды. | |
II S | Kaz | 23:8 | Дәуіттің батырларының аты-жөндері мыналар:Ахаман ұлы Яшобам-Бәсебет, ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол сегіз жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді. | |
II S | Kaz | 23:9 | Үш батырдың екіншісі Ахоахтың ұрпағы Додайдың ұлы Елазар болатын. Ол Дәуіттің қасында жүріп (Пас-Даммим деген жерде) шайқасқа жиналып тұрған філістірлерді менсінбей оларға тойтарыс берді. Исраилдік жасақшылар жаудан шегінгенмен, | |
II S | Kaz | 23:10 | Елазар сол жерде берік тұрды. Філістірлерді соққылай бергеннен қолы әбден шаршап, семсеріне қарысып қалды. Сол күні Жаратқан Ие оны үлкен жеңіске жеткізді. Әскер жасағы Елазарға қайта оралғанда, оларға өлгендердің қару-жарақтарын олжалаудан басқа жұмыс болмады. | |
II S | Kaz | 23:11 | Одан кейінгі батыр харарлық Аге ұлы Шаммах. Філістірлер бірде (Лехиде) бұршақ бітік шыққан бір егістіктің қасына жиналған еді. Исраилдің жасағы олардан қашып кетті. | |
II S | Kaz | 23:12 | Бірақ Шаммах егістіктің ортасында тұрып алып, філістірлерді қырып-жойып, егістікті аман сақтап қалды. Осылайша Жаратқан Ие Шаммахты үлкен жеңіске жеткізді. | |
II S | Kaz | 23:13 | Егін орағы кезінде Отыз басты жауынгердің үшеуі Адуллам үңгірінде тұрып жатқан Дәуітке келді. Осы кезде філістір әскерінің бір бөлігі Рефаим аңғарында қостарын тікті. | |
II S | Kaz | 23:14 | Бетлехемде де олардың қарауылдары орналасқан еді. Ал Дәуіт жасырынып, бекінуге ыңғайлы таулы жерді паналап жүрді. | |
II S | Kaz | 23:15 | Сонда Дәуіт: «Шіркін, маған біреу Бетлехемдегі қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкеліп берсе ғой!» — деп аңсады. | |
II S | Kaz | 23:16 | Үш батыр філістір әскер қостарынан білдіртпей өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, Дәуітке әкелді. Бірақ Дәуіт суды ішкісі келмей, оны Жаратқан Иеге сұйық тарту іспетті бағыштап жерге төгіп тастап: | |
II S | Kaz | 23:17 | «Жаратқан Ие мені мұны істеуден сақтай көрсін! Мен бұл суды қалай ішемін? Ол бастарын өлімге тігіп, оны алып келген адамдардың қаны іспетті ғой!» — деді. Содан Дәуіт суды ішуден бас тартты. Міне, Үш батырдың ерлік істері осындай болды. | |
II S | Kaz | 23:18 | Зеруяның ұлы Жоғабтың туған інісі Әбішай Отыз батырдың басшысы еді. Әбішай сүңгісімен үш жүз жауын түйреп өлтіріп, Үш батырдікіндей атақты иемденді. | |
II S | Kaz | 23:19 | Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. | |
II S | Kaz | 23:20 | Кәбіселдік Еходай ұлы Бенаях та ерлік істер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күшті екі моабтық жауынгердің көздерін жойған сол еді. Бенаях қар жауып тұрған бір күні ұраға түсіп, оның ішіндегі арыстанды өлтірді. | |
II S | Kaz | 23:21 | Бенаях бір алып мысырлықтың да көзін құртты. Мысырлықтың қолында сүңгі болса да, Бенаях оған қарсы бір таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгісін тартып алып, оны сонысымен түйреп өлтірді. | |
II S | Kaz | 23:22 | Еходай ұлы Бенаяхтың ерлік істері осындай еді. Жаңағы Үш батыр сияқты ол да даңқты жауынгер болатын. | |
II S | Kaz | 23:23 | Отыз батырдың ішіндегі ең даңқтысы сол еді, алайда Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Дәуіт Бенаяхты өзінің ұлан бөлімдерінің басшысы етіп қойды. | |
II S | Kaz | 23:24 | Атақты Отыз батыр мыналар болатын:Жоғабтың туған інісі Асахил, бетлехемдік Додо ұлы Елханан, | |
Chapter 24
II S | Kaz | 24:1 | Жаратқан Иенің қаһары (күнә жасап жүрген) Исраилге қарсы қайтадан лаулады. Сонда (әзәзіл) Дәуітті халыққа қарсы қойып: «Бар да, (Солтүстік) Исраил мен Яһуданы санақтан өткіз!» — деп түрткіледі. | |
II S | Kaz | 24:2 | Патша Жоғабқа және оның қарамағындағы қолбасшыларына бұйрық берді:«Әскер жасындағы халықтың санын білгім келеді. Исраилдің руларын оңтүстіктегі Бер-Шебадан солтүстіктегі Данға дейінгі аралықты түгелдей қамтып, халықтың санағын алыңдар!» — деді. | |
II S | Kaz | 24:3 | Жоғаб патшаға:— Әскер жасындағы халқыңыз қаншама көп болса, Құдайыңыз Жаратқан Ие оны жүз есе көбейте көрсін! Мұны өз көзімен көруді тақсыр иеме жазсын! Ал, патша ағзам, мұндай шараны неліктен іске асырғыңыз келіп отыр? — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 24:4 | Алайда патша Жоғаб пен өзге қолбасшыларын өзінің бұйрығын орындауға көндірді. Олар патшаның қасынан шығып, Исраил халқын санақтан өткізуге кетті. | |
II S | Kaz | 24:5 | Жоғаб пен өзге әскер басшылары Иорданды кесіп өтіп, Арогердің маңында, аңғардағы қалашықтың оңтүстік жағына қостарын тігіп, іске кірісті. Содан кейін Ғад руының жерін аралап, Жазерге, | |
II S | Kaz | 24:6 | мұнан соң Ғилақадқа, Тахтим-Ходши аймағына және Дан-Яғанға барды. Содан кейін бұрылып, Сидонға қарай бағыт алды да, | |
II S | Kaz | 24:7 | Тир қорғанын және хивтіктер мен қанахандықтардың барлық қалаларын аралап шықты. Соңында Яһуда руының оңтүстіктегі Бер-Шеба қаласына жетті. | |
II S | Kaz | 24:8 | Осылай олар бүкіл елді кезіп шығып, тоғыз ай жиырма күннен кейін Иерусалимге қайтып келді. | |
II S | Kaz | 24:9 | Жоғаб патшаға халық санағының мына қорытындысын баяндады: Семсер ұстауға жарамды мықты адамдардың саны Солтүстік Исраилде сегіз жүз мың, Яһудада бес жүз мың адам болды. | |
II S | Kaz | 24:10 | Бірақ осыдан кейін Дәуіттің ар-ұжданы қатты қиналып, халықты санақтан өткізгеніне опық жеді. Содан ол Жаратқан Иеге: «Мен осыны істеп, ауыр күнә жасадым. Өтінемін сенен, уа, Жаратқан Ие, алдыңдағы қызметшіңнің күнәсін кешіре гөр. Мен зор ақымақтық жасадым», — деп сиынды. | |
II S | Kaz | 24:11 | Дәуіт келесі күні таңертең төсектен тұрғанда, оның қызметіндегі Ғад пайғамбарға Жаратқан Ие сөзін арнап былай деген еді: | |
II S | Kaz | 24:12 | «Дәуітке барып, хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: саған біреуін таңдап алуға үш жазаны ұсынамын. Таңдап алғаныңды Мен өзіңе қолданамын». — | |
II S | Kaz | 24:13 | Сонымен Ғад Дәуітке барып, былай деді:— Қайсысын таңдап аласың: не еліңде жеті жыл бойы ашаршылық жайлағанын ба; не өзіңнің үш ай бойы артыңнан қуған жауларыңнан қашқаныңды ма; не еліңді үш күн бойы індет билегенін бе? Енді ойланып, өзімді Жібергенге қандай жауап қайтаруымды шешіп айта гөр. — | |
II S | Kaz | 24:14 | Дәуіт Ғадқа:— Жаным қатты қиналып тұр! Жаратқан Иенің қолына түсейік, өйткені Оның мейірімі мол. Бірақ адамдардың қолына түспейінші! — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 24:15 | Сол себепті Жаратқан Ие таңертеңнен бастап, белгілеген уақыттың соңына дейін Исраилге індет жайлатты. Солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейін жетпіс мың ер адам өлді. | |
II S | Kaz | 24:16 | Халықты қырып жатқан періште енді Иерусалимді де құрту үшін қолын соза бергенде, Жаратқан Ие болып жатқан апат туралы аяушылық танытып, періштеге: «Жетер енді, қолыңды тарт!» — деп бұйырды. Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ебустік Орнаның астық бастыратын қырманының қасында болған еді. | |
II S | Kaz | 24:17 | Дәуіт халықты қырып жатқан періштені байқап қалып, Жаратқан Иеге:— Күнәға батқан мен ғой! Менің өзім теріс іс жасадым. Бірақ қарамағымдағы осы «қойларым» не істеді? Олардың орнына өзімді және отбасымды жазалай гөр! — деп жалынды. | |
II S | Kaz | 24:18 | Сол күні Ғад пайғамбар Дәуітке келіп: «Ебустік Орнаның астық бастыратын қырманына өрлеп барыңыз! Сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызыңыз», — деді. | |
II S | Kaz | 24:20 | Орна (бұл кезде астық бастырып жатқан еді. Ол) патша мен оның қызметкерлерінің келе жатқанын көрген бойда патшаның алдынан шығып, жерге дейін иіліп тағзым етті. | |
II S | Kaz | 24:21 | — Патша ием өзінің қызметшісіне неге келді екен? — деп сұрады ол. Дәуіт:— Сенің қырманыңды сатып алуға келдім! Халықты қырып жатқан пәлені тоқтату үшін осы жерде Жаратқан Иеге бағыштап құрбандық үстелін тұрғызбақпын, — деп жауап қайтарды. | |
II S | Kaz | 24:22 | Орна:— Патша ием өзінің қалағандарын сый-тарту ретінде қолдана берсін. Міне, өгіздер құрбандыққа шалынып, өртеліп ұсынылсын. Астық бастырғыш ағаш тақтай және өгіздердің мойынтұрығы отын ретінде пайдаланылсын. | |
II S | Kaz | 24:23 | Уа, тақсыр, мұның барлығын да патшама сыйлаймын, — деді. Орна сөзін аяқтап: — Құдайыңыз Жаратқан Ие құрбандығыңызды қабылдап, сізге оң көзімен қарай көрсін! — деп ізгі тілек білдірді. | |
II S | Kaz | 24:24 | Алайда патша Орнаға:— Жоқ, бұларды құнын төлеп сатып аламын! Мен тегін алғанды Құдайыма Жаратқан Иеге бағыштап құрбандыққа шалып, өртеп ұсынбаймын, — деп қарсылық білдірді.Сонымен Дәуіт қырман мен өгіздерді елу мысқал күміске сатып алды. | |