Chapter 1
I Ki | Kaz | 1:1 | Дәуіт патша қартайып, жасы ұлғайған кезінде үстіне көрпе жамылса да бойы жылымайтын болды. | |
I Ki | Kaz | 1:2 | Сонда нөкерлері оған: «Уа, патша ие, сіздің қасыңыздан шықпай, күтім жасайтын бір пәк қызды тауып алып келейік! Ол қойныңызда жатып, денеңізді жылытсын», — деген ұсыныс жасады. | |
I Ki | Kaz | 1:3 | Содан олар бүкіл Исраил елі бойынша сұлу қыз іздеп, Шунем қалашығынан Абисаға есімді қызды тауып, оны патшаға алып келді. | |
I Ki | Kaz | 1:4 | Қыз өте сұлу екен, ол әрқашан патшаның жанында болып, оған күтім жасап қызмет етіп жүрді. Ал патша онымен жақындасқан жоқ. | |
I Ki | Kaz | 1:5 | Сол кездері Дәуіттің Аггит деген әйелінен туған ұлы Адониях «Енді патша болатын менмін!» — деп кеудесін көтеріп жүрді. Ол өзіне соғыс күймелері мен аттарды және өзінің алдында жүгіріп отыратын елу адамды жинап алды. | |
I Ki | Kaz | 1:6 | Адониях Дәуіттің Абессаломнан кейін дүниеге келген өте келбетті ұлы болатын. Ал әкесі оны: «Не үшін осылай істейсің?» — деп еш уақытта жазғырған емес. | |
I Ki | Kaz | 1:7 | Адониях қолбасшы Сарұя ұлы Жоғабпен және діни қызметкер Абиятармен ақылдасып сөз байласқан еді. Енді олар Адонияхты жақтап, оған қолдау көрсетті. | |
I Ki | Kaz | 1:8 | Алайда діни қызметкер Садық, Еходай ұлы Бенаях, Натан пайғамбар, Шимей, Реги және Дәуіттің батырлары Адонияхты қолдамады. | |
I Ki | Kaz | 1:9 | Бір күні Адониях Ен-Рогел атты бұлақ көзінің жанындағы Жылан жартасының маңына барып, сол жерде қой-ешкі, мүйізді ірі қара және бордақыланған өгізшелерді көптеп құрбандыққа шалғызды. Соған өзінің барлық ағайындылары — патшаның ұлдарын және патшаның қызметінде жүрген Яһуданың бүкіл адамдарын шақырды. | |
I Ki | Kaz | 1:11 | Сонда Натан пайғамбар Сүлейменнің шешесі Барсабияға барып, былай деді:— Аггиттің ұлы Адонияхтың патша болып алғанын естіген жоқсыз ба? Ал тақсыр иеміз Дәуіт бұл туралы хабарсыз. | |
I Ki | Kaz | 1:12 | Енді өз өміріңізді және ұлыңыздың өмірін сақтап қалуыңыз үшін мына ақыл-кеңесіме құлақ сала көріңіз. | |
I Ki | Kaz | 1:13 | Дереу Дәуіт патшаның алдына барып, оған былай деңіз: «Уа, патша ием, өзіңіз алдыңыздағы пендеңізге былай деп ант берген емес пе едіңіз: сенің ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады! Ендеше Адониях неге патша болып алды?» | |
I Ki | Kaz | 1:14 | Сіз осыны айтып тұрған кезіңізде мен кіріп келемін де, айтқан сөздеріңізді толықтырып растаймын. | |
I Ki | Kaz | 1:15 | Сонда Барсабия патша жатқан бөлмеге кірді. Патша қатты қартайған екен, шунемдік Абисаға оған қызмет етіп жүрді. | |
I Ki | Kaz | 1:16 | Барсабия патшаның алдында жерге дейін иіліп тағзым етті. Патша одан:— Бұйымтайың не? — деп сұрады. | |
I Ki | Kaz | 1:17 | Сонда әйел оған былай деп жауап берді:— Уа, тақсыр ием, сіз маған: «Сенің ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады!» деп Құдайыңыз Жаратқан Иенің атымен ант берген едіңіз. | |
I Ki | Kaz | 1:19 | Ол мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Соған сіздің барлық ұлдарыңызды, діни қызметкер Абиятарды, әскер қолбасшысы Жоғабты шақырды. Бірақ ол қызметшіңіз Сүлейменді шақырмады. | |
I Ki | Kaz | 1:20 | Уа, патша ием, сізге бүкіл Исраил халқы көз тігіп, өзіңізден кейін патша тағына кімнің отыратынын жариялауыңызды күтіп отыр. | |
I Ki | Kaz | 1:21 | Әйтпесе сіз көз жұмып, ата-бабаларыңызға жөнелгенде, өзім де, ұлым Сүлеймен де қылмыскер деп саналамыз, о тақсыр ием. | |
I Ki | Kaz | 1:23 | Нөкерлері патшаға: «Натан пайғамбар келіп тұр», — деп хабарлады. (Сонда Барсабия бөлмеден шығып кетті.) Пайғамбар патшаның алдына келді де, басын жерге дейін иіп тағзым етті. | |
I Ki | Kaz | 1:24 | Содан соң ол былай деді:— Уа, патша ием, сіз «Адонияхты өзімнен кейін патшалық құрады! Менің тағымда отыратын сол болады!» деп бұйырған ба едіңіз? | |
I Ki | Kaz | 1:25 | Өйткені Адониях бүгін қала сыртында мүйізді ірі қара, бордақыланған өгізшілер мен қой-ешкіні көптеп құрбандыққа шалғызды. Ол күллі патшазадалар мен қолбасшыларды және діни қызметкер Абиятарды шақырды. Олардың барлығы оның қасында ішіп-жеп, «Адониях патша жасасын!» деп құттықтауда. | |
I Ki | Kaz | 1:26 | Ал сіздің құлыңыз мені әрі діни қызметкер Садықты, Еходай ұлы Бенаяхты және қызметшіңіз Сүлейменді шақырмады. | |
I Ki | Kaz | 1:27 | Уа, патша ием, бұл сіздің еркіңізбен болып отыр ма? Өзіңізден кейін кімнің таққа отыратындығы жайында қызметшілеріңізге неге ештеңе білдірген жоқсыз? | |
I Ki | Kaz | 1:28 | Сонда Дәуіт патша: «Барсабияны осында шақырыңдар!» — деп бұйырды. Ол бөлмеге қайта кіріп, Дәуіттің алдында тұрды. | |
I Ki | Kaz | 1:29 | Патша ант етіп былай деді:— Барлық қиыншылық атаулыдан жанымды сақтап қалған мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: | |
I Ki | Kaz | 1:30 | Мен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің атымен саған бұрын берген антымды бүгін-ақ жүзеге асырамын. Ұлың Сүлеймен өзімнен кейін патшалық құрады! Менің орнымды басып тағыма отыратын сол болады! | |
I Ki | Kaz | 1:31 | Осыны естігенде Барсабия патшаның алдында басын жерге дейін иіп тағзым етті де:— Тақсыр ием Дәуіт патшаның өмірі ұзақ болсын! — деп алғысын білдірді. | |
I Ki | Kaz | 1:32 | Содан соң Дәуіт патша: «Діни қызметкер Садықты, Натан пайғамбарды, Еходай ұлы Бенаяхты қасыма шақырыңдар!» — деп әмір етті. Олар патшаның алдына келген соң, | |
I Ki | Kaz | 1:33 | ол былай деп бұйырды:— Патша нөкерлерін ертіп алыңдар! Ұлым Сүлейменді өзімнің қашырыма мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап алып барыңдар. | |
I Ki | Kaz | 1:34 | Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар екеуің оны май жағу рәсімінен өткізіп Исраилдің патшасы етіп тағайындаңдар! Мұнан кейін кернейлеріңді тартып, «Сүлеймен патша жасасын!» деп дауыстап жар салыңдар! | |
I Ki | Kaz | 1:35 | Содан оған еріп өрлеп қайтып келіңдер. Ол сарайыма кіріп, менің тағыма отырып, өзімнің орныма патшалық құратын болсын. Мен оған Исраил мен Яһуданың үстінен басшы болуды өсиеттедім. — | |
I Ki | Kaz | 1:36 | Сонда Еходай ұлы Бенаях патшаға:— Аумин. Патша иемнің Құдайы Жаратқан Иенің дегені болсын! | |
I Ki | Kaz | 1:37 | Жаратқан Ие патша иеме жар болғандай, Ол Сүлейменге де жар бола берсін! Оның тағын патша ием Дәуіттің тағынан да жоғары қыла көрсін! — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 1:38 | Содан соң діни қызметкер Садық, Натан пайғамбар, Еходай ұлы Бенаях және кереттік, пелеттік ұлан бөлімдері Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап ертіп алып барды. | |
I Ki | Kaz | 1:39 | Діни қызметкер Садық киелі шатырдан зәйтүн майына толған мүйіз құтыны алып келіп, Сүлейменге май жағу рәсімін жасап, оны патша етіп тағайындады. Кернейшілер керней тартып, сол жердегі күллі халық: «Сүлеймен патша жасасын!» — деп жар салды. | |
I Ki | Kaz | 1:40 | Содан соң бүкіл халық оның соңынан еріп қалаға қайтып өрлеп бара жатты. Олар сыбызғы тартып, зор қуанышпен шаттанып, дауыстарынан жер сілкінгендей болды. | |
I Ki | Kaz | 1:41 | Адониях пен оның жанындағы шақырылғандар қонақасыларын енді ғана бітірген кезде мұны олар да естіді. Жоғаб кернейлердің даусын естіп: «Қаладан шыққан бұл не айқай-шу?» — деп сұрады. | |
I Ki | Kaz | 1:42 | Жоғаб осыны айта бергенде, діни қызметкер Абиятардың ұлы Жонатан келе қалды. Адониях оған:— Кел, сен өзің батыл адамсың, алып келген хабарың да жақсы болар! — деді. | |
I Ki | Kaz | 1:43 | Ал Жонатан оған былай деп жауап берді:— Керісінше, тіпті де жақсы емес! Патша иеміз Дәуіт Сүлейменді патша етіп қойды! | |
I Ki | Kaz | 1:44 | Патша онымен бірге діни қызметкер Садықты, Натан пайғамбарды, Еходай ұлы Бенаяхты, кереттік және пелеттік ұландарды жіберіп, олар Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп, | |
I Ki | Kaz | 1:45 | Гихон бұлақ көзіне алып барды. Сол жерде діни қызметкер Садық пен Натан пайғамбар оған май жағу рәсімін жасап патша етіп тағайындапты. Содан олар зор қуанышпен мақтау айтып кері қайтты. Енді қала дүрлігіп соны тойлап жатыр. Өздеріңіз естіген айқай-шу солардікі. | |
I Ki | Kaz | 1:47 | Сонымен қатар патшаның нөкерлері патша иеміз Дәуітке кіріп, оны құттықтап былай депті: «Құдайыңыз Сүлейменді сіздің өзіңізден де атақты етіп, оның тағын сіздің тағыңыздан да жоғары қылсын!» Патша өзінің төсегінде иіліп тағзым етіп, | |
I Ki | Kaz | 1:48 | «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мадақталсын! Ол бүгін менің патшалық тағыма отыратынды тағайындап, маған соны өз көзіммен көруді бұйыртты» депті. | |
I Ki | Kaz | 1:49 | Мұны естіген Адонияхтың шақырған қонақтары дірілдеп қорқып, өз жөндеріне бытырап кетті. | |
I Ki | Kaz | 1:50 | Адонияхтың өзі де Сүлейменнен қорқып, бас сауғалау үшін киелі шатырға асығып барып, сондағы құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарынан жабыса ұстап алды. | |
I Ki | Kaz | 1:51 | Сонда Сүлейменге мына хабар жетті:— Адониях сізден қорқып, құрбандық үстелінің шошақтарынан жабыса ұстап алды. Ол Сүлеймен патша маған бүгін ант етіп: «Мына құлымды семсеріммен өлтірмеймін!» деген уәде берсін деп өтінеді. — | |
I Ki | Kaz | 1:52 | Сонда Сүлеймен:— Мейлі, егер ол бұдан былай өзінің адал адам екенін танытса, онда басынан бір тал шашы да түспейді. Ал егер оның бойынан бір қулық-сұмдық табылса, ол өлім құшады! — деп ұйғарды. | |
Chapter 2
I Ki | Kaz | 2:2 | — Адам атаулы іспетті мен де бұ дүниеден өтпекшімін. Ал сен күшті де батыл ер азамат бол! | |
I Ki | Kaz | 2:3 | Қайда барсаң да, не істесең де, табысты болуың үшін Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе тапсырған міндетін орындайтын бол! Оның Мұса арқылы берген Таурат заңында жазылған барлық ережелері мен өсиеттерін, шешімдері мен бұйрықтарын бұлжытпай орындап, Оның ізгі жолымен жүретін бол! | |
I Ki | Kaz | 2:4 | Сонда ғана Жаратқан Ие маған берген мына уәдесін орындайтын болады: «Егер сенің ұрпақтарың ізгі жолыммен жүруге мұқият болып, Менің көз алдымда шын жүректен адал өмір сүрсе, онда әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады!» | |
I Ki | Kaz | 2:5 | Ал тағы айтарым мынау: Сарұяның ұлы Жоғабтың маған не істегенін өзің білесің. Ол Исраилдің екі қолбасшысын: Нер ұлы Әбенир мен Етер ұлы Амасаны өлтірді. Сонда Жоғаб шайқаста төгілген қанның кегін бейбіт кезде қайтарды. Ол осылай қастандықпен қан төгіп, беліне таққан белбеуін, аяғына киген аяқкиімін былғап арамданды. | |
I Ki | Kaz | 2:6 | Сен даналықпен әрекет етіп, оның ақ қырау шалған басының өз өлімімен қабірге түсуіне жол берме! | |
I Ki | Kaz | 2:7 | Ал ғилақадтық Барзилайдың ұлдарына мейірім көрсетіп, оларды өз дастарқаныңнан тамақтанатындардың қатарына қос. Ағаң Абессаломнан бас сауғалап қашқанымда солар менің алдымнан шығып, қолдау көрсеткен болатын. | |
I Ki | Kaz | 2:8 | Бахуримнен шыққан буняминдік Гера ұлы Шимейдің өзіңе жақын тұратынын ұмытпа! Мен Маханайымға бара жатқанымда, ол маған қарғыс айтып, нәлет жаудырды. Бірақ кейін ол Иорданның жағасында қарсылап алдымнан шыққанда, мен оған «Сені өлтірмеймін!» деп ант бердім. | |
I Ki | Kaz | 2:9 | Ал енді оны кінәсіз деп жүрме. Сен парасатты адамсың ғой, оған не істеу керек екендігін білетін боласың: Басын ақ қырау шалған ол қаны төгіліп о дүниеге аттанатын болсын! | |
I Ki | Kaz | 2:10 | Сонымен Дәуіт көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді. Оның мәйіті Иерусалимдегі Дәуіттің шаһарында қабірге қойылды. | |
I Ki | Kaz | 2:11 | Дәуіт Исраил еліне барлығы қырық жыл: Хебронда жеті жыл, Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрған еді. | |
I Ki | Kaz | 2:13 | Бірде Аггиттің ұлы Адониях Сүлейменнің шешесі Барсабияға барды. Патшайым одан:— Неге келдің, аманшылық па? — деп сұрады. Адониях:— Аманшылық, — деп жауап берді. Мұнан кейін ол: — | |
I Ki | Kaz | 2:15 | Адониях:— Өзіңіз мынаны жақсы білесіз: Патшалық билікті менің иемденуім тиіс еді. Бүкіл Исраил да менің патша болуымды тосып жүрді. Алайда жағдай өзгеріп, патшалық билік інім Сүлейменге өтті. Себебі Жаратқан Ие соны ініме бұйыртқан болатын. | |
I Ki | Kaz | 2:16 | Ал енді, менің сізге деген бір өтінішім бар, қолымды қаға көрмеңізші! — деді. Патшайым:— Айта бер, ол не екен? — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 2:17 | Адониях:— Сүлеймен патшамен сөйлесіңізші, ол сіздің бетіңізді қайтармайды ғой. Маған әйелдікке шунемдік Абисағаны берсін! — деп өтінді. | |
I Ki | Kaz | 2:19 | Барсабия Адонияхтың өтініші туралы сөйлесу үшін Сүлеймен патшаға барды. Сүлеймен шешесін қарсы алып орнынан тұрып, құрмет көрсете иіліп, қайтадан тағына отырды. Шешесіне арнап өзінің оң жағынан тақ қойғызып, соған отырғызды. | |
I Ki | Kaz | 2:20 | Барсабия тіл қатып былай деді:— Сізге деген бір кішкентай бұйымтайым бар еді. Соған жоқ дей көрмесеңіз екен! — Патша оған:— Иә, анашым, ол қандай өтініш? Сізге жоқ демеспін, — деді. Патшайым: | |
I Ki | Kaz | 2:22 | Сүлеймен патша мұны естігенде, шешесіне:— Адонияхқа шунемдік Абисағаны қос деп неге сұрайсыз? Одан да бірден патшалықты да бере сал деп айтпайсыз ба?! Ол менің ағам ғой. Оның өзіне және діни қызметкер Абиятар мен қолбасшы Сарұя ұлы Жоғабқа да патшалықты бере сал деп сұрамайсыз ба? — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 2:23 | Содан патша Жаратқан Иенің атымен былай деп ант етті: «Осы нәрсені айтқаны үшін Адониях жанынан айырылмаса, Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін! | |
I Ki | Kaz | 2:24 | Мәңгі тірі Жаратқан Ие мені патша етіп әкем Дәуіттің тағына отырғызған, әрі Өзі уәде еткендей әулетімді де бекіткен. Оның алдында шын айтамын: Адониях бүгін-ақ өледі!» | |
I Ki | Kaz | 2:26 | Патша діни қызметкер Абиятарға былай деп бұйырды: «Анатоттағы өзіңнің егістік жеріңе бар. Сен өлімге лайықтысың. Алайда әкем Дәуіттің көзі тірі кезінде Жаратушы Тәңір Иенің Келісім сандығын көтеріп жүріп, әкемнің көрген бүкіл қиындықтарын бірге бөліскенің үшін, сені бүгін өлтірмей-ақ қояйын». — | |
I Ki | Kaz | 2:27 | Осылай Сүлеймен Абиятарды Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметтен шеттетіп, Жаратқан Иенің Шилодағы Елидің әулетінің үстінен шығарған үкімін жүзеге асырды. | |
I Ki | Kaz | 2:28 | Осы болып жатқан оқиғалар туралы хабар Жоғабқа да жетті. Ол кезінде Абессаломның бүлігін жақтамаған болса да, енді Адонияхтың көтерілісін қолдаған еді. Сондықтан Жоғаб Жаратқан Иенің киелі шатырына қашып кетті. Сондағы құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарынан жабысып ұстап алды. | |
I Ki | Kaz | 2:29 | Сүлеймен патшаға: «Жоғаб Жаратқан Иенің шатырына қашып барды, енді ол құрбандық үстелінің қасында тұр», — деген хабар жетті. Сүлеймен Еходай ұлы Бенаяхты: «Оны өлтір!» — деген бұйрықпен сонда жіберді. | |
I Ki | Kaz | 2:30 | Бенаях Жаратқан Иенің шатырына барып, Жоғабқа:— Патша саған: «Бері шық!» деп бұйырып жатыр! — деді. Бірақ ол:— Жоқ, мен осы жерде-ақ өлемін! — деді. Бенаях патшаға қайтып келіп, Жоғабтың не деп жауап қайтарғанын айтып берді. | |
I Ki | Kaz | 2:31 | Сонда патша Бенаяхқа былай деп әмір етті: «Оның айтқанын істе! Оны шауып өлтіріп, қабірге қойғыз. Осылайша Жоғаб төккен жазықсыз қанның кінәсінен өзімді және әкемнің әулетін тазарт. | |
I Ki | Kaz | 2:32 | Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді. | |
I Ki | Kaz | 2:33 | Олардың төгілген қаны мәңгі бақи Жоғабтың және оның үрім-бұтағының мойындарында болсын! Ал Дәуіттің өзіне, оның үрім-бұтағына, әулетіне және патшалық тағына Жаратқан Ие мәңгілік амандық пен тыныштық сыйласын!» | |
I Ki | Kaz | 2:34 | Еходай ұлы Бенаях киелі шатырға қайтып барып, Жоғабты шауып өлтірді. Оның мәйіті айдаладағы үйінің маңындағы қабірге қойылды. | |
I Ki | Kaz | 2:35 | Патша Жоғабтың орнына Еходай ұлы Бенаяхты әскердің қолбасшысы, ал Абиятардың орнына Садықты бас діни қызметкер етіп тағайындады. | |
I Ki | Kaz | 2:36 | Мұнан кейін патша буняминдік Шимейді шақырып алып, оған былай деп бұйрық берді:— Өзіңе Иерусалимде үй салып ал. Соған қоныстан да, қаладан ешқайда шығушы болма! | |
I Ki | Kaz | 2:37 | Біліп қой, қаладан шығып, Қидрон сайын кесіп өтетін болсаң, сен міндетті түрде өлесің. Сонда төгілген қаның өз мойныңда болады. — | |
I Ki | Kaz | 2:38 | Шимей патшаға:— Айтқаныңыз дұрыс. Патша ием не десе, алдыңыздағы құлыңыз соны орындайды! — деп жауап берді. — Сөйтіп Шимей Иерусалимде тұрып жатты. | |
I Ki | Kaz | 2:39 | Алайда үшінші жылдың соңына қарай Шимейдің құлдарының екеуі Ғат патшасы Маха ұлы Анхұсқа қашып кетті. Құлдарының Ғатта екендігі туралы Шимей де естіді. | |
I Ki | Kaz | 2:40 | Сонда ол есегін ерттеп, Ғаттағы Анхұс патшаға барып, құлдарын іздеп тауып, қайтарып алып келді. | |
I Ki | Kaz | 2:42 | Содан патша Шимейді шақырып алды да, оған былай деді: «Мен саған Жаратқан Иенің атынан ант еткізіп, «Қаладан шығып, басқа жаққа барған күні міндетті түрде өлесің» деп ескертпеп пе едім!? Сонда сен: «Айтқаныңыз дұрыс, құлдық!» деп келіскен едің. | |
I Ki | Kaz | 2:43 | Ал енді, Жаратқан Иеге берген сол сертіңді және менің өзіңе тапсырған бұйрығымды неге бұздың? — | |
I Ki | Kaz | 2:44 | Содан патша Шимейге тағы мынаны айтты: — Әкем Дәуіт марқұмға жасаған барлық зұлымдықтарыңды өзің де білесің. Жаратқан Ие енді соларды өз басыңа үйіріп отыр. | |
I Ki | Kaz | 2:45 | Ал Сүлеймен патша жарылқанып, Дәуіттің патшалық тағы Жаратқан Иенің алдында мәңгілікке орнығатын болады!» | |
Chapter 3
I Ki | Kaz | 3:1 | Сүлеймен Мысыр патшасы перғауынмен одақтасып, оның қызына үйленді. Өзіне патшалық сарай, Жаратқан Иеге ғибадатхана, Иерусалимнің айналасындағы қамал қабырғасының құрылысын бітіріп болғанға дейін Сүлеймен осы әйелін Дәуіттің шаһарына әкелді. | |
I Ki | Kaz | 3:2 | Сол кездері Жаратқан Иенің атына арналған ғибадатхана әлі де салынбағандықтан, халық биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық шалуларын жалғастыра берді. | |
I Ki | Kaz | 3:3 | Сүлеймен Жаратқан Иені шын жүректен сүйіп, әкесі Дәуіт қалдырып кеткен ережелеріне бағынғанмен, ол да биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық шалып, хош иісті заттарды түтететін. | |
I Ki | Kaz | 3:4 | Гибеон қаласындағы биіктеу жерде өте үлкен ғибадат орны бар болғандықтан, патша соған барып, ондағы құрбандық үстелінде бір мың малды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп ұсынды. | |
I Ki | Kaz | 3:5 | Гибеонда Жаратқан Ие Сүлейменге сол түні түсінде аян берді. Сонда Құдай оған тіл қатып:— Өзіңе не сыйлағанымды қаласаң, соны сұра! — деді. | |
I Ki | Kaz | 3:6 | Сүлеймен былай деп жауап берді:— Өзіңе қызмет еткен әкем Дәуітке зор рақымыңды көрсетіп отырдың. Себебі ол Өзіңнің алдыңда шын жүректен адал да әділ болып жүрді. Енді оның тағында отыратын ұл сыйлауың арқылы Өзіңнің оған деген зор рақымыңды бүгін де көрсетіп отырсың. | |
I Ki | Kaz | 3:7 | Уа, Құдайым Жаратқан Ие, әкем Дәуіттің орнын бастырып алдыңдағы пендеңді патша етіп қойдың. Ал мен әлі жаспын, өз міндеттерімді қалай атқаруды білмеймін. | |
I Ki | Kaz | 3:8 | Міне, мен Сенің таңдап алған халқыңның арасында тұрмын. Ол — көптігінен өлшеп-санауға келмейтін ұлы халық. | |
I Ki | Kaz | 3:9 | Өз халқыңның істеріне әділ шешімдерді жасап, дұрыс пен бұрысты ажырата алуым үшін айтқандарыңа құлақ түріп, түсінетін жүрек сыйлай гөр! Онсыз Сенің осыншама көп халқыңа билік жүргізу ешкімнің қолынан келмейтін іс. | |
I Ki | Kaz | 3:11 | Сондықтан Құдай оған былай деп жауап берді:— Менен ұзақ өмір, зор байлық немесе жауларыңның жеңіліп, құруын сұраған жоқсың. Қайта, дұрыс шешім жасай алатын түсінік сыйлауымды өтіндің. | |
I Ki | Kaz | 3:12 | Біліп қой, сол үшін Мен өтінішіңді орындап, саған даналық пен түсінік сыйлап отырмын. Мұндай даналық пен түсінік сенен бұрын ешкімде болмаған, өзіңнен кейін де ешкімде болмайды. | |
I Ki | Kaz | 3:13 | Менен сұрамағандарыңды — байлық пен атақ-даңқты да саған сыйлаймын. Сендегі болатындай асқан байлық пен атақ-даңқ сенің тірі кезіңде патшалардың арасында ешкімде болмайды. | |
I Ki | Kaz | 3:14 | Егер әкең Дәуіт сияқты өзің де Менің ізгі жолдарыммен жүріп, ережелерім мен өсиеттерімді орындайтын болсаң, ғұмыр жасыңды ұзақ қыламын! | |
I Ki | Kaz | 3:15 | Сүлеймен оянып, мұның түсі екенін ұқты. Ол Иерусалимге қайта оралып, Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдына барды. Сол жерде ол Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтар ұсынды. Мұнан кейін өзінің барлық нөкерлері үшін үлкен той жасады. | |
I Ki | Kaz | 3:17 | Олардың біреуі былай деді:— Уа, тақсыр ием! Мына әйел екеуіміз бір үйде тұрамыз. Ол үйде болған кезде мен бір бала босандым. | |
I Ki | Kaz | 3:18 | Үш күн өткеннен кейін мына әйел де бала туды. Сол кезде екеуімізден басқа үйде ешкім болмады. | |
I Ki | Kaz | 3:20 | Сонда ол тұрып, пендеңіз ұйықтап жатқан кезде менің ұлымды алып, өзінің өлген ұлын қойныма салып қойды. | |
I Ki | Kaz | 3:21 | Таң сәріде ұлымды емізейін деп тұрсам, ол шетінеп кетіпті! Бірақ күн шыға балаға зер сала қарағанымда оның өз ұлым емес екенін көрдім! — | |
I Ki | Kaz | 3:22 | Екінші әйел қарсы шығып:— Жоқ, тірі бала менікі, өлгені сенікі! — деді, ал бірінші әйел:— Жо-жоқ, өлген бала сенікі, тірісі менікі! — деп қоймады. Осылай екі әйел патшаның алдында айтысып тұрып алды. | |
I Ki | Kaz | 3:23 | Сонда патша:— Бірің «Тірі бала менікі, өлгені сенікі!» дейсің, екіншің де дәл соны айтасың. | |
I Ki | Kaz | 3:25 | патша: — Тірі баланы шауып, екіге қақ бөліңдер де, жартысын біреуіне, өзге жартысын екіншісіне беріңдер! — деп әмір етті. | |
I Ki | Kaz | 3:26 | Бірақ тірі ұлдың шешесі нәрестесіне жаны ашып, патшаға:— Тақсыр ием, тірі баланы оған бере салыңызшы! Қалайда оны өлтіре көрмеңіз! — деп жалынды. Ал екінші әйел болса:— Маған да, саған да болмасын! Оны қақ бөліңіз! — деді. | |
I Ki | Kaz | 3:27 | Сонда патша былай деп шешті:— Тірі баланы өлтірмеңдер! Оны мына бірінші әйелге беріңдер! Оның туған шешесі — сол! | |
Chapter 4
I Ki | Kaz | 4:3 | Шишаның ұлдары Елихореп пен Ахиях — хатшылар, Жосапат ұлы Ахилуд — уәзір әрі жылнамашы, | |
I Ki | Kaz | 4:5 | Натан ұлы Азариях — аймақ әкімдерінің бастығы, Натан ұлы Забуд — діни қызметкер әрі патшаның жеке кеңесшісі, | |
I Ki | Kaz | 4:6 | Ахисар — сарай басқарушысы және Абда ұлы Адонирам — халықтың міндетті жұмыстарын басқарушы. | |
I Ki | Kaz | 4:7 | Сүлеймен патшаның бүкіл Исраилдің үстінен қарайтын он екі әкімі болды. Әкімдер патшаны және оның сарай қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Әрқайсысы мұны кезекпен жылдың бір айы бойы атқарды. | |
I Ki | Kaz | 4:10 | Арубот аймағының әкімі — Бен-Хесед, оның қарамағында Сохо мен Хефердің бүкіл жері де болды. | |
I Ki | Kaz | 4:11 | Дордың қыратты аймағының әкімі — Бен-Абинадап, ол Сүлейменнің қызы Тафатқа үйленген болатын. | |
I Ki | Kaz | 4:12 | Тағанах пен Мегидо қалаларында және олардан бастап Ізрелден төмен қарай Сартанның жанындағы Бет-Шанның барлық маңайында әрі Әбел-Мехола арқылы Жоқмеамның арғы жағына дейін созылып жатқан аймақтың әкімі — Ахилуд ұлы Бағана. | |
I Ki | Kaz | 4:13 | Ғилақадтағы Рамоттың әкімі — Бен-Гебер. Ғилақадтағы Манаса ұлы Жайырдың қоныстары әрі Башандағы Арғоптың төңірегі, жалпы саны алпыс үлкен де бекіністі қала оның қарамағында болды. Қалалар қамал қабырғаларымен қоршалып, қақпалары кесе-көлденең қола ысырмалармен бекітілетін. | |
I Ki | Kaz | 4:19 | Ғилақадтағы бұрын аморлықтардың патшасы Сихон мен Башанның патшасы Ог билік жүргізген аймақтың әкімі — Ұри ұлы Гебер. Яһуда жерінің де бір әкімі болатын. | |
I Ki | Kaz | 4:20 | Яһуда мен Исраилдің халқы теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай көп болды. Олар тойына тамақтанып, көтеріңкі көңілмен өмір кешті. | |
I Ki | Kaz | 4:21 | Сүлеймен патша (солтүстік-шығыстағы) Евфрат өзенінен (оңтүстік-батыстағы) філістірлер елі мен Мысыр шекарасына дейінгі барлық патшалықтарға билік жүргізді. Сол елдер Сүлейменнің көзі тірісінде оған алым-салықтарын төлеп, тәуелді болды. | |
I Ki | Kaz | 4:22 | Күн сайын Сүлейменнің сарайына мына азық-түліктің төмендегі мөлшері әкелінетін: отыз қап таңдаулы бидай ұны, алпыс қап өзге ұн, | |
I Ki | Kaz | 4:23 | бордақыланған он және жайлауда семіртілген жиырма мүйізді ірі қара, жүз қой-ешкі, оның үстіне бұғы, киік, елік және семіртілген құстар. | |
I Ki | Kaz | 4:24 | Сүлеймен Евфрат өзенінің бойындағы Типсахтан бастап батысқа қарай, (Жерорта теңізінің жағалауындағы) Газаға дейінгі бүкіл өлкеге және ондағы барша патшаларға үстемдік жүргізді. Оның патшалығының барлық жағында тыныштық орнады. | |
I Ki | Kaz | 4:25 | Сүлеймен патшалық құрған уақыттың бәрінде Яһуда мен Исраилдің халқы алаңсыз тіршілік етіп, солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейінгі бүкіл өлкеде әр адам өз бау-бақшасында тұрып жемістерін рақаттана жейтін. | |
I Ki | Kaz | 4:27 | Тағайындалған он екі аймақ әкімі Сүлеймен патшаны және оның дастарқан басындағылардың бәрін азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды. Әрбір әкім өз кезегін атқаратын айда ештеңенің де қалыс қалмауын бақылап қызметін атқаратын. | |
I Ki | Kaz | 4:28 | Бұған қоса әкімдер патшаның күймелеріне жегілетін жылқылары мен өзге көліктерге арнап, белгілі жерлерге өз кезектері бойынша арпа мен сабан да жеткізіп тұратын. | |
I Ki | Kaz | 4:29 | Құдай Сүлейменге орасан зор даналық пен түсінік дарытып, теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай мол білім сыйлады. | |
I Ki | Kaz | 4:30 | Сүлейменнің даналығы шығыс елдері мен Мысыр елінің кемеңгерлерінің ақыл-парасатынан да асып түсті. | |
I Ki | Kaz | 4:31 | Ол барлық басқа адамдардан да өткен дана болды. Оның ақылы езрахтық Етаннан, Мақолдың ұлдары Хеман, Халқол, Дардалардан да асты. Осылайша Сүлейменнің атақ-даңқы айналадағы барлық елдердің халықтарына тарады. | |
I Ki | Kaz | 4:33 | Ол Ливандағы зәулім самырсын ағашынан бастап, қабырға жарығынан өсіп шығатын сайсағызға дейін күллі өсімдіктер жайлы тәлім берді. Сондай-ақ, ол малдар, құстар, бауырымен жорғалаушылар және балықтар туралы да айтып кеткен. | |
Chapter 5
I Ki | Kaz | 5:1 | Ливан еліндегі Тир патшасы Хирам Сүлейменнің әкесінің орнына патша болып тағайындалғаны туралы естігенде, оны құттықтауға елшілерін жіберді. Өйткені Хирам өмір бойы Дәуіттің досы болып келген еді. | |
I Ki | Kaz | 5:3 | «Өзіңіз білетініңіздей, әкем Дәуіт өзінің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үйді сала алмай кетті, себебі оған қарсы жан-жақтан соғыс жүргізіліп отырды. Жаратқан Ие жауларын табанының астына салып бергенге дейін киелі үйді тұрғызу мүмкін болмады. | |
I Ki | Kaz | 5:4 | Ал енді, Құдайым Жаратқан Ие маған жан-жағымнан тыныштық сыйлап, жаудан да, апат атаулыдан да аманбыз. | |
I Ki | Kaz | 5:5 | Жаратқан Ие әкем Дәуітке былай деп уәде еткен: «Сенің орныңа ұлыңды патшалық тағыңа отырғызамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болады». Соған сәйкес менің Құдайым Жаратқан Иенің атына арнап ғибадат ететін киелі үй тұрғызатын ниетім бар. | |
I Ki | Kaz | 5:6 | Сондықтан да маған арнап Ливан тауларынан самырсын ағаштарын құлатып беру жайлы бұйрық берсеңіз екен. Сіздің қызметшілеріңізбен бірге жұмыс істеуге өз адамдарымды да жіберемін. Қызметшілеріңіздің жұмысы үшін қандай ақы сұрасаңыз да төлеуге дайынмын. Өз арамызда Сидондағыдай ағаш құлатудың шеберлері жоқ, мұны өзіңіз де білесіз». | |
I Ki | Kaz | 5:7 | Хирам патша Сүлейменнің жолдаған сәлемін естігенде қатты қуанып: «Осы ұлы халықтың үстінен патша болуға Дәуітке дана ұл сыйлаған Жаратқан Ие мадақталсын!» — деді. | |
I Ki | Kaz | 5:8 | Содан Хирам Сүлейменге мынадай жауабын жіберді:«Маған жолдаған сәлеміңізді алдым. Сізді самырсын және қарағай ағаштарымен қамтамасыз ету үшін қалағаныңыздың бәрін де орындаймын. | |
I Ki | Kaz | 5:9 | Қызметшілерім оларды Ливан тауларынан Жерорта теңізінің жағалауына алып барады. Оларды бір-біріне байластырып сал жасап, өзіңіз айтатын жерге теңіз арқылы жеткізіп беремін. Әрі қарай алып кете алуыңыз үшін салдарды сол жерде ажыратып бөлектетемін. Сіз де менің өтінішімді орындап сарайымды азық-түлікпен қамтамасыз етсеңіз екен». | |
I Ki | Kaz | 5:10 | Осылай Хирам Сүлейменге бар қалағанынша самырсын мен қарағай бөренелерін жіберіп отырды. | |
I Ki | Kaz | 5:11 | Ал Сүлеймен Хирамның сарайына арнап жыл сайын жиырма мың қаптан бидай әрі жиырма мың күбіден ең таза зәйтүн майын жіберіп отырды. | |
I Ki | Kaz | 5:12 | Жаратқан Ие Өзі уәде еткендей Сүлейменге асқан даналық сыйлаған болатын. Сүлеймен мен Хирамның арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, екеуі өзара келісім жасасты. | |
I Ki | Kaz | 5:13 | Сүлеймен бүкіл Исраил елінен жұмыскерлер жинап, олардың жалпы саны отыз мың адам болды. | |
I Ki | Kaz | 5:14 | Ол он мың адамды кезекпен бір айға жіберіп отырды, осылайша олар бір ай Ливанда жұмыс істеп, екі ай үйлерінде жүрді. Бұл жұмысты басқару Адонирамға жүктелді. | |
I Ki | Kaz | 5:15 | Сүлейменнің тағы жетпіс мың адамы жүк тасушы және сексен мың адамы тауда тас қашаушы болды. | |
I Ki | Kaz | 5:16 | Солардың үстінен қарап жұмыстарын бағыттауға Сүлеймен үш мың үш жүз адамды басқарушы етіп тағайындады. | |
I Ki | Kaz | 5:17 | Жұмыскерлер патшаның әмірі бойынша ғибадатхананың негізін қалау үшін тас қазып, қашайтын орыннан үлкен, сапалы тастар қашап, тасып әкелді. | |
Chapter 6
I Ki | Kaz | 6:1 | Сүлеймен исраилдіктер Мысыр елінен көшіп шыққаннан кейін төрт жүз сексен жыл өткенде, өзінің Исраилге патшалық құрған төртінші жылының сәуір айында Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті. | |
I Ki | Kaz | 6:2 | Сүлеймен патша Жаратқан Иеге арнап салған киелі үйдің ұзындығы алпыс, ені жиырма, биіктігі отыз шынтақ болды. | |
I Ki | Kaz | 6:3 | Киелі үйдің негізгі ғимаратының алдыңғы жағындағы бағаналы кіреберістің ені ғимараттың еніндей жиырма шынтақ болды. Бағаналы кіреберіс ғибадатханадан алға қарай он шынтақтай шығып тұрды. | |
I Ki | Kaz | 6:4 | Сүлеймен ғимараттың қабырғаларында сыртқа қараған жағы тарлау, ішке қараған жағы кеңдеу етіп ойылып жасалған терезелерді орнатты. | |
I Ki | Kaz | 6:5 | Сондай-ақ, ол киелі үйдің екі жағы мен арт жағын жанамалап, (үш қабатты етіп) қосалқы бөлмелер салды. | |
I Ki | Kaz | 6:6 | Төменгі қабаттың ені бес, ортаңғы қабаттың ені алты, жоғарғы қабаттың ені жеті шынтақ болды. Осы бөлмелер ғимаратқа арқалық бөренесіз сүйеніп тұра алулары үшін ғимараттың қабырғалары әр қабат сайын кертпештеніп салынды. | |
I Ki | Kaz | 6:7 | Ғимарат тас қазып, қашайтын орында өңделіп дайындалған тастардан салынды. Сол себепті салынып жатқан киелі үйден балға, балта сияқты темір құралдардың дыбысы естілмеді. | |
I Ki | Kaz | 6:8 | Қосалқы бөлмелердің төменгі қабатына кіретін жер ғимараттың оңтүстік жағында болды. Сол жерде бірінші қабаттан баспалдақпен ортаңғы, одан жоғарғы қабаттарға да көтерілуге болатын. | |
I Ki | Kaz | 6:9 | Сонымен Сүлеймен үйдің құрылысын аяқтап, оның төбесін самырсын бөренелерімен және тақтайларымен қаптады. | |
I Ki | Kaz | 6:10 | Сол сияқты, ол бүкіл киелі үйді айналдыра үш қабатты қосалқы бөлмелер салдырды. Олар ғибадатхананың қабырғаларына самырсын бөренелерімен бекітілді. | |
I Ki | Kaz | 6:12 | «Өзің құрылысын салып жатқан осы үй туралы Менің айтарым мынау: Егер Менің барлық ережелерімді орындап, шешімдерім мен өсиеттерімді ұстанып жүретін болсаң, онда әкең Дәуітке берген уәдемді өзің арқылы жүзеге асырамын. | |
I Ki | Kaz | 6:13 | Мен исраилдіктердің арасында тұратын боламын, әрі халқым Исраилді ешқашан тастап кетпеймін!» | |
I Ki | Kaz | 6:15 | Патша ғибадатхананың ішкі қабырғаларын еденнен төбесіне дейін самырсын тақтайларымен қаптап, еденді қарағай тақтайларынан жасады. | |
I Ki | Kaz | 6:16 | Киелі орын деп аталатын ең қасиетті бөлме ғимараттың төр жағынан салынды. Бұл бөлме еденнен төбеге дейін жетіп жатқан самырсын тақтайларымен бөлініп тасталды. | |
I Ki | Kaz | 6:17 | Осы қасиетті бөлменің алдында орналасқан қасиетті бөлменің ұзындығы қырық шынтақ болды. | |
I Ki | Kaz | 6:18 | Самырсын тақтайларға асқабақтар мен ашылған гүлдер тәрізді өрнектер ойылып салынды. Киелі үйдің ішкі қабырғалары ешбір тасы көрінбейтіндей болып түгелдей самырсын тақтайлармен қапталды. | |
I Ki | Kaz | 6:19 | Патша, сондай-ақ, киелі үйдің ішіндегі ең қасиетті бөлмені Жаратқан Иенің Келісім сандығын орналастыруға дайындады. | |
I Ki | Kaz | 6:20 | Осы ішкі бөлменің ұзындығы, ені, биіктігі жиырма шынтақтан болды. Сүлеймен оны саф алтынмен қаптады. Ол самырсыннан жасалған түтету үстелін де алтынмен қаптады. | |
I Ki | Kaz | 6:21 | Сүлеймен киелі үйдің ішін түгелдей саф алтынмен қаптады. Ол алтынмен қапталған ең қасиетті бөлменің алдыңғы жағына кесе көлденеңінен алтын шынжыр іліп қойды. | |
I Ki | Kaz | 6:22 | Сонымен киелі үйдің ішкі жағы түгелдей алтынмен қапталды. Патша, сондай-ақ, ең қасиетті бөлменің алдындағы түтету үстелін де толықтай алтынмен қаптады. | |
I Ki | Kaz | 6:23 | Ең қасиетті бөлмеде биіктігі он шынтақ болатын, керуб делінген күзетші періштелердің екі мүсінін зәйтүн ағашынан ойып жасады. | |
I Ki | Kaz | 6:24 | Әр керуб мүсінінің екі қанаты, ал әр қанатының ұзындығы бес шынтақ, қос қанатының арасындағы қашықтық он шынтақ болды. | |
I Ki | Kaz | 6:27 | Сүлеймен олардың екеуін де ең қасиетті бөлмеге орналастырды. Жайылған қанаттарының бір шеті бөлменің ортасында өзара түйісіп, екінші шеттері бөлменің екі жақ қабырғаларына тиіп тұрды. | |
I Ki | Kaz | 6:29 | Киелі үйдің ішкі және сыртқы бөлмелерінің барлық қабырғаларына айналдыра керубтердің, құрма ағаштарының әрі ашылған гүлдердің бейнелері ойылып салынды. | |
I Ki | Kaz | 6:31 | Ең қасиетті бөлменің ішкі кіреберісіне зәйтүн ағашынан жарма есіктер жасалып, маңдайшасы мен жақтаулары бес қырлы етіп орнатылды. | |
I Ki | Kaz | 6:32 | Зәйтүн ағашынан жасалған осы екі есікке керубтердің, құрма ағаштарының және ашылған гүлдердің бейнелері ойылып салынды. Есіктердегі бейнелер алтынмен қапталды. | |
I Ki | Kaz | 6:33 | Сол сияқты патша үлкен бөлменің кіреберісіне де осылай етіп зәйтүн ағашынан төрт қырлы жақтау жасады. | |
I Ki | Kaz | 6:34 | Ол қарағайдан екі жарма есік жасап, жақтаудың екі жағынан айналмалы топсаға іліп қойды. | |
I Ki | Kaz | 6:35 | Есіктерге періштелер, құрма ағаштары және ашылған гүлдер ойылып салынды да, олардың үстін балғамен соғып алтынмен тегістеп қаптады. | |
I Ki | Kaz | 6:36 | Содан соң патша үш қабат өңделген тастардан әрі бір қабат самырсын бөренелерінен ішкі ауланың дуалын қаластырып салды. | |
I Ki | Kaz | 6:37 | Сүлейменнің патшалық құрған төртінші жылының сәуір айында Жаратқан Иенің киелі үйінің негізі қаланды. | |
Chapter 7
I Ki | Kaz | 7:2 | «Ливан орманы сарайы» деп аталған ғимараттың ұзындығы жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақтан болды. Оның төрт қатар самырсын бағаналарына арқалық самырсын бөренелері бекітілді. | |
I Ki | Kaz | 7:3 | Сарайдың төбесі самырсынмен жабылды. Бағаналарға бекітілген арқалық бөренелердің үстінде қырық бес бөлме, әр қатарда он бес бөлмеден, болды. | |
I Ki | Kaz | 7:5 | Есік-терезе ойықтарындағы жақтаулар төрт бұрышты етіп жасалды. Бір жақ қабырғадағы үш қатар болып орналасқан терезелер қарама-қарсы қабырғадағы үш қатар терезелермен тұстас болып тұрды. | |
I Ki | Kaz | 7:6 | Сүлеймен бағаналы мәжілісхана да тұрғызды. Оның ұзындығы елу, ені отыз шынтақ еді. Оның алдында үсті жабылған бағаналы кіреберіс болды. | |
I Ki | Kaz | 7:7 | Сүлеймен өзінің патшалық тағы орналасқан бағаналы ғимаратты да салғызды. Өзі үкім шығаратын осы «Әділет сарайының» іші еденінен төбесіне дейін самырсын тақтайларымен қапталды. | |
I Ki | Kaz | 7:8 | Әділет сарайының ар жағындағы аулада орналасқан, Сүлейменнің өзі тұратын сарайы осыған ұқсас жобамен жасалды. Ол Мысыр патшасының қызы — өз әйеліне де арнап сол жобамен бағаналы сарай салып берді. | |
I Ki | Kaz | 7:9 | Осы ғимараттардың барлығы олардың іргетасынан қабырғаларының жоғарғы шетіне дейін және сырт жағынан үлкен аулаға дейін ішкі, сыртқы жағы да өлшемге сәйкестендіріліп, арамен кесілген қымбат тастардан салынды. | |
I Ki | Kaz | 7:10 | Ғимараттардың іргетасы осы сияқты жақсы өңделген қымбат тастардан қаланды. Олар ұзындығы он не сегіз шынтақ дәу тастар болды. | |
I Ki | Kaz | 7:11 | Осы іргелі тастардың үстінде өлшемге сәйкес кесілген басқа да өңделген тастар мен самырсын бөренелер болды. | |
I Ki | Kaz | 7:12 | Патша сарайының үлкен ауласы мен қабырғаларын салғанда, шеберлер Жаратқан Иенің киелі үйінің ішкі ауласы мен ашық кіреберісінің қабырғалары сияқты, үш қабат өңделген тастарды бір қабат самырсын бөренелерімен кезектестіріп қаластырды. | |
I Ki | Kaz | 7:14 | Оның шешесі Нафталим руынан шыққан жесір әйел, ал әкесі Тирдің тұрғыны әрі қола өңдейтін қолөнерші болатын. Хурам-Аби қоладан әр түрлі бұйымдар істеуге бейімділігі бар парасатты да шебер ұста еді. Ол Сүлеймен патшаға келіп, қажетті жұмыстың барлығын орындады. | |
I Ki | Kaz | 7:15 | Ұста екі қола бағана жасады. Екеуінің де биіктігі он сегіз шынтақтан, айналдыра ұзындығы он екі шынтақтан болды. | |
I Ki | Kaz | 7:16 | Ұста қоладан құйып әрбір бағананың басына қойылатын үстіңгі иықтарын да жасады. Олардың биіктігі бес шынтақтан болды. | |
I Ki | Kaz | 7:17 | Әрбір бағананың үстіңгі иығы алқа іспетті оралып тұратын жеті шынжыр тормен әшекейленген және әрбір тор | |
I Ki | Kaz | 7:18 | екі қатар қола анарлармен көмкеріліп безендірілген болатын. Ұста екі бағананың үстіңгі иығын да бірдей етіп жасады. | |
I Ki | Kaz | 7:19 | Киелі үйдің ашық кіреберісінің алдына орналастырылған бағаналардың үстіңгі иықтары лалагүлдерге ұқсас етіп жасалып, биіктігі төрт шынтақтан болды. | |
I Ki | Kaz | 7:20 | Екі бағананың да басына, оның тостаған тәріздес бөлігінің үстіңгі жағына, тордың қасына айналдыра қатар-қатармен екі жүз анар жасалып бекітілді. | |
I Ki | Kaz | 7:21 | Ұста осы екі бағананы киелі үйдің кіреберісіне тұрғызды. Оң жағындағысы Жахин («Берік Орнатушы»), сол жағындағысы Боғоз («Құдірет Иесі») деп аталды. | |
I Ki | Kaz | 7:22 | Бағаналардың жоғарғы жағындағы қола иықтары лалагүл тәрізді жасалған еді. Осымен бағаналарды жасау жұмыстары аяқталды. | |
I Ki | Kaz | 7:23 | Ұста бір дәу қазанды да қоладан балқытып, құйып жасады. Оның сырт пішіні дөңгелек, ернеуінің бір шетінен екінші шетіне дейінгі аралығы он шынтақ, биіктігі бес шынтақ болды. Дәу қазанды айналдыра өлшеп шығу үшін ұзындығы отыз шынтақ жіп қолданылды. Осы дәу қазан теңіз деп те аталатын. | |
I Ki | Kaz | 7:24 | Оның ернеуінен төменірек асқабақ тәрізді мүсіншелер бейнеленген еді. Олар әрбір шынтақ сайын он-оннан екі қатар болып қазанмен қоса құйылды. | |
I Ki | Kaz | 7:25 | Дәу қазан бұқа кейіптес он екі тұғырдың үстіне орнатылды. Сол бұқа мүсіндерінің бас жақтары тысқа: үш-үштен солтүстікке, батысқа, оңтүстікке және шығысқа, ал арт жақтары қазанның ортасына қарай бағытталып орналасты. | |
I Ki | Kaz | 7:26 | Дәу қазанның қалыңдығы қолдың тұтамындай, ернеуі кесенің ернеуіндей, сырт кейпі қызғалдақ гүлі іспетті болды. Оның ішіне екі жүз күбі су сыятын. | |
I Ki | Kaz | 7:27 | Хурам-Аби (қазандарға арнап) қоладан жылжымалы он тұғыр да жасады. Әрбір тұғырдың ұзындығы мен ені төрт шынтақтан, биіктігі үш шынтақ болды. | |
I Ki | Kaz | 7:29 | Тақталар мен жақтауларға арыстан, бұқа және күзетші періштелердің бейнелері салынды. Тақталардың шет жақтары арыстан мен бұқа бейнелерінің үстіңгі және астыңғы жағынан шір бейнесіндегі қақталған нақыштармен безендірілген еді. | |
I Ki | Kaz | 7:30 | Әрбір тұғырдың төрт қола дөңгелегі және қола біліктері болды. Әрбір тұғырдың төрт бұрышында балқытылып құйылған бір-бір тіректен шығып тұрды. Тіректердің әр тұсы құйылған шірлермен өрнектелді. Тұғырдың иық тәріздес төрт тірегінің үстіне қазан орнатылды. | |
I Ki | Kaz | 7:31 | Тұғырдың үстіңгі бетінде тереңдігі бір шынтақтай болатын қола қазанға арналған дөңгелек ойық бар еді. Сол ойық тұғырдың бетінен жоғары қарай биіктігі бір шынтақ, төмен қарай бір жарым шынтақ болды. Тұғырдың үстіңгі бетінде де оюлы нақыштар бар еді.Тұғырдың бүйір тақталары дөңгелек емес, төрт бұрышты болды. | |
I Ki | Kaz | 7:32 | Тұғырдың тақталарының астында дөңгелектер орналасты, олардың біліктері тұғырдың қаңқасына бекітілді. Дөңгелектердің биіктігі бір жарым шынтақтан еді. | |
I Ki | Kaz | 7:33 | Дөңгелектердің сыртқы пішіні күйме дөңгелегі сияқты болды. Дөңгелектердің білігі, шеңбері, шабақтары және күпшегінің барлығы да қоладан құйылып жасалды. | |
I Ki | Kaz | 7:35 | Тұғырдың үстіңгі бетінде биіктігі жарты шынтақ болатын шеңбер болды. Ол тұғырдың тіректері мен тақталарының жоғарғы жағына бекітілді. | |
I Ki | Kaz | 7:36 | Тіректер мен тақталар сыйғанынша күзетші періште, арыстан, құрма ағашының бейнелерімен әшекейленіп, шірлермен нақышталды. | |
I Ki | Kaz | 7:37 | Ұста осы нұсқамен он тұғыр жасады. Сол тұғырлардың барлығының жасау тәртібі, өлшемдері, сырт пішіндері бірдей болды. | |
I Ki | Kaz | 7:38 | Ұста қоладан он қазан да жасады. Ені төрт шынтақ олардың әрбіреуіне қырық күбі су сыятын. Осы қазандар сол он тұғырға орнатылды. | |
I Ki | Kaz | 7:39 | Ұста киелі үйдің оң жағынан бес тұғырды, сол жағынан бес тұғырды қойды. Ал дәу қола қазанды киелі үйдің оңтүстік жақ алдына, оның оңтүстік-шығыс бұрышына жақын орнатқызды. | |
I Ki | Kaz | 7:40 | Мұнан кейін ұста түрлі қазандар, қалақтар және тостағандар жасады.Осылайша Хурам-Аби Жаратқан Иенің киелі үйін салып жатқан Сүлеймен патша үшін мына бұйымдарды жасап, өзінің жұмысын бітірді: | |
I Ki | Kaz | 7:41 | екі бағана мен олардың үстіңгі иығындағы екі үлкен тостаған кейпі және соларға ілінген шынжыр тәрізді әшекейлер, | |
I Ki | Kaz | 7:45 | күлсалғыштар, қалақтар және тостағандар.Хурам-Аби Сүлеймен патшаның тапсырғанындай Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған құрал-саймандарының барлығын жылтыратылған қоладан жасады. | |
I Ki | Kaz | 7:46 | Патша олардың бәрін Иордан өзенінің бойындағы Соқот пен Сартан қалаларының арасындағы жазықта саздан дайындалған қалыптарға құйғызып жасатты. | |
I Ki | Kaz | 7:47 | Осы бұйымдардың көп болғандығы сонша, Сүлеймен олардың салмағын өлшемей-ақ қоя салды. Құйылған қоланың салмағын ешкім анықтаған жоқ. | |
I Ki | Kaz | 7:48 | Сүлеймен, сондай-ақ, Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған барлық жиһаздарды жасатты: хош иісті заттар түтетілетін, алтын қапталған үстел, Жаратқан Иенің алдына ұсынылатын нанға арналған алтын қапталған үстел, | |
I Ki | Kaz | 7:49 | ең қасиетті бөлменің алдында оның оң және сол жағында бес-бестен шам қойғыштар, гүл іспетті әшекейлер, шырақтар және қысқаштар. Осы соңғылар саф алтыннан жасалды. | |
I Ki | Kaz | 7:50 | Үлкен тостағандар, білте түзеткіштер, (су не қан бүркуге арналған) тостағандар, табақтар және ішіне шоқ салынатын табалар да саф алтыннан жасалды. Киелі үйдің қасиетті және ең қасиетті бөлмелерінің есіктерінің топсалары алтыннан жасалды. | |
Chapter 8
I Ki | Kaz | 8:1 | Сүлеймен патша Жаратқан Иенің Келісім сандығын Сион төбесіндегі Дәуіттің шаһарынан киелі үйге көшіруге арналған салтанатқа қатысуға Исраил халқының ақсақалдарын, барлық рубасылары мен әулет басшыларын Иерусалимге шақырды. | |
I Ki | Kaz | 8:2 | Содан бүкіл Исраил халқының өкілдері қазан айындағы Күркелер мейрамы кезінде Сүлеймен патшаның қасына жиналды. | |
I Ki | Kaz | 8:3 | Елдің барлық ақсақалдары жиналғаннан кейін діни қызметкерлер Жаратқан Иенің Келісім сандығын тұрған орнынан көтеріп алып кетті. | |
I Ki | Kaz | 8:4 | Олар Жаратқан Иенің сандығымен бірге кездесу шатырын және соның ішіндегі барлық киелі жиһаз-жабдықтарды да көтеріп алып, жаңа ғибадатханаға қарай өрлеп бара жатты. Бұларды діни қызметкерлер мен өзге леуіліктер алып жүрді. | |
I Ki | Kaz | 8:5 | Сүлеймен патша мен қасына жиналған күллі исраилдіктер Келісім сандығының алдында ешкім санап шыға алмайтындай көптеген қой-ешкі мен мүйізді ірі қара малдарды құрбандыққа шалып ұсынды. | |
I Ki | Kaz | 8:6 | Осылайша діни қызметкерлер Жаратқан Иенің Келісім сандығын киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіндегі өз орнына — екі керуб мүсінінің қанаттарының астына алып барып, орналастырды. | |
I Ki | Kaz | 8:7 | Екі керуб мүсіні Келісім сандығы тұратын орынның үстінен қанаттарын жайып, Келісім сандығының өзін және оны көтеріп алып жүретін сырықтарын жауып тұрды. | |
I Ki | Kaz | 8:8 | Сырықтардың ұзын болғаны сонша, олардың ұштары ең қасиетті бөлменің алдынан көрініп тұратын еді. Алайда киелі үйдің сыртынан оларды ешкім көре алмайтын. Сырықтар әлі күнге дейін сонда. | |
I Ki | Kaz | 8:9 | Сандықтың ішінде Мұса пайғамбар Хориб тауында салған екі тас тақташа ғана болды. Жаратқан Ие сол жерде Мысырдан көшіп шыққан исраилдіктермен Келісім жасаған еді. | |
I Ki | Kaz | 8:10 | Діни қызметкерлер Жаратқан Иенің киелі үйінен шыққан кезде киелі үй бір қалың бұлтқа кенелді. | |
I Ki | Kaz | 8:11 | Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты осылайша Жаратқан Иенің киелі үйін кенелтіп жібергендіктен, діни қызметкерлер оның ішіндегі қызметтерін жалғастыра алмай қалды. | |
I Ki | Kaz | 8:12 | Сол кезде Сүлеймен былай деді: «Жаратқан Ие қалың бұлт ішін мекендейтінін айтқан болатын. | |
I Ki | Kaz | 8:14 | Мұнан кейін патша артқа қарай бұрылды да, қарсы алдында жиналып тұрған Исраилдің бүкіл қауымына батасын беріп, | |
I Ki | Kaz | 8:15 | былай деді:— Әкем Дәуіт марқұмға берген уәдесін іс жүзінде орындаған Исраилдің Құдайы — Жаратқан Ие мадақталсын! Ол мынаны айтқан болатын: | |
I Ki | Kaz | 8:16 | «Мен халқымды Мысырдан құтқарып, бастап алып шыққан күннен бері өз есімімнің орнығуы үшін киелі үй салынсын деп Исраилдің ешбір руындағы бірде-бір қаланы таңдамадым. Ал халқымды басқаруға Дәуітті таңдап алдым!» — | |
I Ki | Kaz | 8:17 | Сүлеймен сөзін жалғастырып былай деді: — Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің есіміне арнап киелі үй салуға әкем марқұм шын жүректен ниеттенген болатын. | |
I Ki | Kaz | 8:18 | Ал Жаратқан Ие әкеме былай деді: «Менің есіміме арнап киелі үй салғың келгені өте дұрыс. | |
I Ki | Kaz | 8:19 | Алайда сол үйді салатын адам сен емессің, ол — болашақта дүниеге келетін өз ұлың. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болады». | |
I Ki | Kaz | 8:20 | Жаратқан Ие осы айтқандарын жүзеге асырды да. Оның уәдесіне сай, мен әкемнің орнын басып, Исраилдің патшалық тағына отырдым. Енді Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің құрметіне киелі үй салғыздым. | |
I Ki | Kaz | 8:21 | Соның ішінде мен Жаратқан Иенің сандығына арнайы орын жасадым. Сол сандықтың ішінде біздің ата-бабаларымызды Мысырдан көшіріп алып шыққан кезде Жаратқан Иенің олармен жасасқан Келісімінің айғақтары сақталып жатыр. | |
I Ki | Kaz | 8:22 | Содан соң Сүлеймен Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінің алдында тұрып, жиналған бүкіл Исраил қауымының көз алдында қолдарын аспанға қарай жайып былай деп мінажат етті: | |
I Ki | Kaz | 8:23 | «Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие! Жоғарыдағы көкте де, төмендегі жерде де Сен сияқты ешбір құдай жоқ! Жасаған Келісіміңе адалсың, шын жүректен тура жолыңмен жүрген қызметшілеріңе рақымың мол. | |
I Ki | Kaz | 8:24 | Сен әкем марқұмға уәде еткеніңдей, оған сенімді болып, рақымыңды көрсетіп келдің. Бұрын Өзің сөз беріп, уәде еткеніңді бүгін іс жүзінде орындап отырсың. | |
I Ki | Kaz | 8:25 | Ал енді, уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, Өзіңнің қызметшің Дәуітке «Егер ұрпақтарың сен сияқты Менің көз алдымда таза жүретін болса, онда әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады!» деп берген уәдеңді іске асыра гөр. | |
I Ki | Kaz | 8:26 | Сонымен, уа, Исраилдің Құдайы, Өзіңе қызмет еткен әкем марқұмға айтқан сөздеріңді орындай гөр! | |
I Ki | Kaz | 8:27 | Алайда Құдай шынымен-ақ жер бетінде тұратын бола ма?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Сені сыйғыза алмағанда, мен салған мына үй қайдан сыйғызсын?! | |
I Ki | Kaz | 8:28 | Солай болса да, уа, Құдайым Жаратқан Ие, бүгінгі күні Сенің алдыңда бой ұрып сиынып жасаған өтінішіме назар аударып, жалбарына еткен мінажатыма мейіріммен құлақ сала гөр! | |
I Ki | Kaz | 8:29 | Сен «Мына киелі үйді өз атыммен атаймын» деп сөз бергендіктен, оған күні-түні қамқор бола гөр. Уа, Ием, алдыңдағы қызметшіңнің бұл жерге қарай Өзіңе бағыштаған мінажатына құлақ аса гөр. | |
I Ki | Kaz | 8:30 | Осы пендең және меншікті Исраил халқың бұл жерге қарай Саған сиынып дұға еткен кезде тұрағыңнан өтінішімізге құлақ салып, күнәларымызды кешіре гөр. | |
I Ki | Kaz | 8:31 | Егер болашақта бір кісі басқа біреуге жамандық жасапты деп айыпталып, осы киелі үйдегі құрбандық үстелінің алдында ант беруге мәжбүр етілсе, | |
I Ki | Kaz | 8:32 | онда Сен көктен құлақ асып, пенделеріңе төрелік ете гөр. Сол кісі кінәлі болса, істеген қылмысын мойнына арта гөр, ал кінәсіз болса, әділдігін әшкерелеп, ақтай гөр. | |
I Ki | Kaz | 8:33 | Егер де халқың Исраил Сенің алдыңда күнәға батқандықтан, жауларынан жеңіліп қалса, ал кейін Саған қайтып, Құдайлық билігіңе мойынсұнса, әрі осы киелі үйіңе қарай сиынып, рақым көрсетуіңді сұрап жалынса, | |
I Ki | Kaz | 8:34 | онда Сен көктен оларға құлақ сала гөр. Халқың Исраилдің күнәларын кешіріп, ата-бабаларына сыйлаған осы елге қайтара гөр. | |
I Ki | Kaz | 8:35 | Егер олар көз алдыңда күнәлі болғанда Сен өздерін жазалап, аспанды жаңбыр жауғызбай жауып тастасаң, әрі олар бұл жерге қарай Саған сиынып, билігіңе мойынсұнып, күнәларынан бас тартса, | |
I Ki | Kaz | 8:36 | онда Сен көктен олардың дұғаларына құлақ сала гөр. Қызметшілеріңнің және бүкіл халқың Исраилдің күнәларын кешіре гөр. Оларға тура жолмен қалай жүру керектігін үйретіп, Өзің халқыңа мұралық меншікке берген осы еліңе қайтадан жаңбыр жібере гөр! | |
I Ki | Kaz | 8:37 | Болашақта елді ашаршылық не індет жайлап, егінді өсімдік таты басып немесе көгеріп шірісе, құрт-шегіртке жалмап, не болмаса елге жау шауып, қалаларын талан-таражға салса, яки халықтың арасында қандай да бір апат болып не ауру-сырқау жайылса, | |
I Ki | Kaz | 8:38 | онда олардың Өзіңе сиынып еткен мінажаттарына құлақ сала гөр. Азап шегіп жатқан жеке біреу болсын не бүкіл халқың Исраил болсын, егер осы киелі үйіңе қарай қолдарын жайып Саған сиынып жалбарынса, | |
I Ki | Kaz | 8:39 | онда Сен көктегі тұрағыңнан құлақ сала гөр. Оларды кешіріп, әрқайсысына өзінің ой-ниеті мен істеріне қарай лайықтысын бере гөр. Әр адамның жүрегінде не бар екенін Сен ғана жақсы білесің ғой. | |
I Ki | Kaz | 8:40 | Өзің осы елді ата-бабаларымызға сыйлаған едің. Ендеше меншікті халқың бұл жерде тұрған барлық уақытта Сені терең қастерлеп тура жолыңмен жүретін болсын. | |
I Ki | Kaz | 8:42 | ұлы есімің мен зор құдіретің туралы естігендіктен осында келіп, Саған бұл киелі үйге қарай сиынса, | |
I Ki | Kaz | 8:43 | онда Сен көктегі мекеніңнен құлақ салып, оның барлық өтініштерін орындай гөр. Осылайша жер жүзінің күллі халықтары Сенің Құдай екеніңді мойындасын. Халқың Исраил сияқты олар да Сені терең қастерлеп, мен салғызған осы ғибадатхананың Өзіңе бағышталып, есіміңмен аталғанын білсін. | |
I Ki | Kaz | 8:44 | Халқың Сен жіберген бір жаққа қарай жауларына қарсы соғысқа шыққан кезде, Өзіңнің таңдап алған қалаңа және мен Сенің есіміңе арнап салғызған осы киелі үйге қарай Саған, уа, Жаратқан Ие, сиынып мінажат етсе, | |
I Ki | Kaz | 8:45 | онда Сен көктен олардың мінажаттары мен жалбарыныштарына құлақ салып, оларды қолдап-қорғай гөр. | |
I Ki | Kaz | 8:46 | Егер олар Сенің алдыңда күнә жасаса, себебі күнә жасамайтын пенде жоқ, әрі Сен оларға қаһарланып, жау қолына бере салып, жау оларды өзінің не алыс, не жақын бір еліне айдап әкетсе, | |
I Ki | Kaz | 8:47 | ал олар тұтқында жүрген сол жау елінде өкініп, теріс жолдарынан қайтып, «Біз күнәға баттық, жасаған істеріміз бұрыс та жексұрын болды!» — деп Сенің алдыңда мойынсұнса, | |
I Ki | Kaz | 8:48 | әрі тұтқындап, жер аударған жауларының елінде Саған шын жүректен бет бұрып қайтып келсе, Өзің ата-бабаларына сыйлаған еліңе, таңдап алған қалаңа және мен Сенің құрметіңе салғызған осы ғибадатханаңа қарай Саған сиынса, | |
I Ki | Kaz | 8:49 | онда көктегі тұрағыңнан олардың мінажаты мен жалбарынышына құлақ асып, оларды қолдап-қорғай гөр! | |
I Ki | Kaz | 8:50 | Олардың Өзіңе қарсы шығып, күнәға батып, жасаған теріс қылықтарының бәрін де кешіре гөр. Жеңіп шыққан жауларының жүректерін оларға мейіріммен қарайтындай етіп жібіте гөр. | |
I Ki | Kaz | 8:51 | Өйткені олар Өзіңнің меншікті халқың ғой, Сен Өзің оларды темір балқытатын көрік іспетті Мысыр елінен бастап алып шықтың. | |
I Ki | Kaz | 8:52 | Уа, Ием, мендей қызметшіңнің және өз халқың Исраилдің жалбарыныштарына назар аудара көрші! Олар Саған сиынып Сенен көмек сұраған кездердің бәрінде дұғаларына жауап бере көрші! | |
I Ki | Kaz | 8:53 | Сен оларды жер бетіндегі басқа барлық халықтардың арасынан Өзіңнің меншікті халқың болуға таңдап алғансың. Біздің ата-бабаларымызды Мысырдан бастап алып шыққан кезіңді осыны өз қызметшің Мұса арқылы айтқансың, уа, Жаратушы Тәңір Ие!» | |
I Ki | Kaz | 8:54 | Жаратқан Иеге бағышталған құрбандық үстелінің алдында қолдарын көкке көтеріп, тізерлеп отырған Сүлеймен Жаратқан Иеге арнаған осы мінажаты мен өтініш-тілектерінің бәрін айтып бітірген соң, орнынан тұрды. | |
I Ki | Kaz | 8:55 | Сүлеймен сол жерде жиналған күллі исраилдіктерге қарап, қатты дауыспен бата беріп былай деді: | |
I Ki | Kaz | 8:56 | «Берген уәдесі бойынша өз халқы Исраилге тыныштық сыйлаған Жаратқан Ие мадақталсын! Оның өз қызметшісі Мұса арқылы берген ізгі уәделерінің барлығы да орындалды. | |
I Ki | Kaz | 8:57 | Құдайымыз Жаратқан Ие ата-бабаларымызбен бірге жүріп жар болғанындай, бізге де жар болып, ешқашан бізді тастап та кетпесін, жалғыз да қалдырмасын! | |
I Ki | Kaz | 8:58 | Ол жүрегімізге әсер етіп, Өзіне жақын тартып, ата-бабаларымызға табыстаған өз өсиеттерін, ережелері мен шешімдерін ұстануға құштарлық сыйлай көрсін! | |
I Ki | Kaz | 8:59 | Біздің Құдайымыз Жаратқан Иенің алдында сиынып айтқан осы сөздеріме Ол күні-түні ықылас бөле көрсін! Соның арқасында Жаратқан Ие мендей қызметшісінің және халқы Исраилдің мүддесін қорғап, күнделікті мұқтаждықтарын қамтамасыз ете көрсін! | |
I Ki | Kaz | 8:60 | Осылайша бүкіл жер бетінің халықтары Жаратқан Иенің шынымен Құдай екенін, Одан басқа ешбір құдайдың жоқ екенін білетін болсын! | |
I Ki | Kaz | 8:61 | Ал сендер Құдайымыз Жаратқан Иеге толықтай бағышталған болыңдар! Өздерің қазір істеп жүргендей, әрқашан да Оның ережелері бойынша жүріп, өсиеттерін ұстанатын болыңдар!» | |
I Ki | Kaz | 8:62 | Мұнан кейін патша мен жиналып тұрған барлық исраилдіктер Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалды. | |
I Ki | Kaz | 8:63 | Сүлеймен Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандық үшін жиырма екі мың мүйізді ірі қара мен жүз жиырма мың қой-ешкіні ұсынды. Осылайша патша мен күллі исраилдіктер киелі үйді Жаратқан Иеге бағыштау рәсімін орындады. | |
I Ki | Kaz | 8:64 | Сол күні өртеліп ұсынылатын тартулар мен құрбандықтардың көп болғаны сонша, киелі үйдің алдындағы қола құрбандық үстелі олардың барлығын сыйғыза алмай қалды. Сондықтан патша Жаратқан Иенің киелі үйінің алдындағы ауланың ортаңғы бөлігіне ерекше тазарту рәсімін жасатып, оны да сол мақсатқа бағыштады. Осылай бұл жерде де толығымен өртелетін құрбандықтар, астық тартулары және ризашылық білдіру үшін шалынған құрбандықтардың майлы бөліктері өртеліп ұсынылды. | |
I Ki | Kaz | 8:65 | Осы кезде Сүлеймен бір үлкен той жасады. Бүкіл Исраил халқы: солтүстіктегі Лебо-Хамат қаласынан бастап, Мысырмен шекарадағы өзеннің аңғарына дейінгі зор аралықтағы барлық жерден жиналған қалың қауым Құдайымыз Жаратқан Иенің алдында он төрт күн бойы Сүлейменмен бірге той тойлады: жеті күн ғибадатхананы Құдайға бағыштау рәсімін және тағы жеті күн Күркелер мейрамын өткізуге арналған болатын. | |
Chapter 9
I Ki | Kaz | 9:1 | Сүлеймен Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, барлық қалағандарын жүзеге асырып болғанда, | |
I Ki | Kaz | 9:3 | Бұл жолы Жаратқан Ие Сүлейменге былай деді:— Маған бағыштаған мінажатың мен өтініш-тілектерің құлағыма жетті. Сен салған мына үйді Менің есімім сонда әрдайым орнықсын деп Өзіме бағыштадым. Оны ұдайы жүрегімде ұстап, көзімнен таса қылмаймын. | |
I Ki | Kaz | 9:4 | Егер сен әкең Дәуіт сияқты, жүрегің таза, әділ болып жүріп, өзіңе берген өсиеттерімді көз алдымда орындап, ережелерім мен шешімдеріме бағынатын болсаң, | |
I Ki | Kaz | 9:5 | онда Мен Исраил елінде Сенің патшалық тағыңды мәңгілікке берік етемін. Өйткені көзі тірісінде әкең Дәуітке: «Әрдайым сенің ұрпақтарыңның біреуі Исраилдің патшалық тағында отыратын болады», — деп уәде берген едім. | |
I Ki | Kaz | 9:6 | Алайда егер өзің және кейінгі ұрпақтарың Менен теріс бұрылып, өздеріңе тапсырған өсиеттерім мен ережелерімді орындамай, басқа тәңірлерге құлшылық етіп табынатын болсаңдар, | |
I Ki | Kaz | 9:7 | онда Мен Исраилді Өзім табыстаған осы елден қуып шығамын, әрі өз есіміме бағыштаған бұл киелі үйді де қасымнан алып тастаймын. Осылайша барлық басқа халықтар Исраилді мысалға келтіріп, табалап мазақтайтын болады. | |
I Ki | Kaz | 9:8 | Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. | |
I Ki | Kaz | 9:9 | Сонда жұрт: «Себебі олар ата-бабаларын Мысырдан бастап алып шыққан Құдайы — Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, бөтен тәңірлерге бет бұрды да, соларға табынып, құлшылық ететін болды. Сондықтан Жаратқан Ие олардың бастарына осы бақытсыздықтың барлығын үйіп-төкті!» деп мысалдайтын болады. | |
I Ki | Kaz | 9:10 | Сүлеймен екі ғимаратты: Жаратқан Иенің киелі үйін және өзінің патшалық сарайын жиырма жылда салып бітірді. | |
I Ki | Kaz | 9:11 | Осы кезеңнің ішінде Тир патшасы Хирам Сүлейменді қалаған барлық самырсын, қарағай ағаштарымен және алтынмен қамтамасыз етіп отырды. Сол үшін Сүлеймен Тир патшасына Ғалилея аймағынан жиырма қаланы берді. | |
I Ki | Kaz | 9:12 | Ал Хирам Тирден келіп, Сүлеймен берген осы қалаларды аралап көргенде, олар оған ұнамады. | |
I Ki | Kaz | 9:13 | Хирам: «Маған бергендерің не деген қалалар өзі, бауырым?!» — деп наразылығын білдіріп, осы өңірге «Қабул жері» (демек, «түкке тұрғысыз жер») деген ат қойды. Сол өңір әлі күнге дейін осылай аталып келеді. | |
I Ki | Kaz | 9:15 | Сонымен Сүлеймен патша Жаратқан Иеге киелі үй, өзіне патшалық сарай салып, қорғанның саты тәрізді беткейін, Иерусалим қамалының қабырғаларын, әрі Хазор, Мегидо, Гәзер қалаларын бекітіп қойған еді. Осы үшін патша міндетті жұмысқа қызметшілер жинаған болатын. Бұл туралы мәлімет төменде берілген. | |
I Ki | Kaz | 9:16 | Гәзер қаласын Мысыр патшасы перғауын басып алып, өртеп, оның қанахандық тұрғындарының көздерін құртқан еді. Перғауын қызын Сүлейменге ұзатқанда, осы қаланы қызына еншісі ретінде сыйлады. | |
I Ki | Kaz | 9:18 | Бағалат және (Яһуда) жеріндегі елсіз далада орналасқан Тамар атты қалаларды бекіткізіп салғызды. | |
I Ki | Kaz | 9:19 | Патша, сондай-ақ, астық сақтау үшін қойма қалаларын және соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқылары үшін арнайы қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды. | |
I Ki | Kaz | 9:20 | Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни аморлық, хеттік, перездік, хевтік, ебустік ұлттар да болды. | |
I Ki | Kaz | 9:21 | Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібере алмаған ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді. | |
I Ki | Kaz | 9:22 | Ал патша исраилдіктердің ешқайсысын малайы етпеді. Бұларды жасақшылары, нөкерлері, әміршілері, әскери бөлім басшылары, соғыс күймелері мен атты әскерлерінің жетекшілері етіп тағайындады. | |
I Ki | Kaz | 9:23 | Сүлеймен патшаның түрлі жұмыстарын басқарған бес жүз елу қызметкері де осылардың арасынан еді. | |
I Ki | Kaz | 9:24 | Сүлеймен өзінің жұбайы — Мысыр патшасы перғауынның қызына арнап сарай салғызып, оны Дәуіттің шаһарынан сол сарайға көшірді. Мұнан кейін ол қорғанның саты тәрізді беткейін бекітіп салғызды. | |
I Ki | Kaz | 9:25 | Сүлеймен жылына үш рет Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінде шалынып, түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын ұсынып, Жаратқан Иенің алдындағы арнайы үстелде хош иісті заттарды да түтететін. Сонымен ол Жаратқан Иенің киелі үйін салып бітірді. | |
I Ki | Kaz | 9:26 | Сүлеймен патша Едом жерінің Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Елат қаласының жанындағы Есион-Гәберде кемелер де жасатты. | |
I Ki | Kaz | 9:27 | Хирам патша өзінің тәжірибелі теңізшілерін сол кемелерде Сүлейменнің қызметшілерімен бірге қызмет етуге жіберді. | |
Chapter 10
I Ki | Kaz | 10:1 | Сүлейменнің зор даңқы және оның Жаратқан Иенің құрметіне салған киелі үйі туралы Сәба елінің патшайымы да естіген еді. Содан ол қиын сауалдар қойып Сүлейменнің даналығын сынамақшы болды. | |
I Ki | Kaz | 10:2 | Патшайым көп нөкерін ертіп сапарға шығып, үлкен керуенмен Иерусалимге келді. Түйелеріне хош иісті заттар, мол алтын мен асыл тастар артылған болатын. Сүлеймен қонақты қарсы алып, сарайына кіргізді. Патшайым ойындағы бар мәселелер жайлы онымен сөйлесті. | |
I Ki | Kaz | 10:3 | Сүлеймен солардың бәріне жауап берді. Патша білмей, түсіндіре алмаған бірде-бір сауал болған жоқ. | |
I Ki | Kaz | 10:4 | Сәбаның патшайымы Сүлейменнің асқан даналығын және салғызған сарайын көріп, қайран қалды. | |
I Ki | Kaz | 10:5 | Ол патшаның дастарқанындағы тамақтарын, уәзірлерінің мәжілістерін, сәнді киінген нөкерлері мен шарапшыларының келісті қызметтерін әрі Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп барып, құрбандықтар шалғызып өртеткенін де бақылады. Патшайымның таңғалғаны сонша, демін ала алмай үнсіз қалды. | |
I Ki | Kaz | 10:6 | Содан ол патшаға тіл қатып былай деді: «Сіздің іс-әрекеттеріңіз бен даналығыңыз туралы елімде жүріп естігендерімнің бәрі де шындық екен. | |
I Ki | Kaz | 10:7 | Алайда келіп, өз көзіммен көргенге дейін сол сөздерге сенбеген едім. Расында оның тіпті жартысы туралы да естімеппін! Сіздің даналығыңыз бен дәулетіңіз менің естігенімнен де зор болып шықты! | |
I Ki | Kaz | 10:8 | Мына адамдарыңыз қандай бақытты! Әрқашан қасыңызда жүріп, даналығыңызды тыңдай алатын нөкерлеріңіз қандай бақытты! | |
I Ki | Kaz | 10:9 | Сізге риза болып, уәкілі ретінде Исраилдің патшалық тағына отырғызған Құдайыңыз Жаратқан Ие мадақталсын! Жаратқан Ие Исраилді шексіз сүйеді. Сол себепті сізді қара қылды қақ жарып, әділдік пен адалдықты ұстанатын патша етіп қойды». | |
I Ki | Kaz | 10:10 | Сәба патшайымы осылай деп, Сүлеймен патшаға жүз жиырма ат басындай алтын, орасан зор мөлшерде хош иісті заттар мен асыл тастарды тарту етті. Осы Сәба патшайымының Сүлеймен патшаға сыйлағанындай мөлшердегі хош иісті заттар бұдан былай ешқашан елге әкелінген емес. | |
I Ki | Kaz | 10:11 | Сол сияқты, Хирамның Опыр жерінен алтын алып келген кемелері сол жерден өте көп мөлшерде қызыл сандал ағашының бөренелері мен қымбат бағалы тастарды да алып келетін. | |
I Ki | Kaz | 10:12 | Сүлеймен патша осы сандал ағашынан Жаратқан Иенің киелі үйі және өзінің патша сарайы үшін тіреулер және әнші-күйшілерге арнап жетіген мен шертер аспаптарын жасатты. Сол кезден бері сапасы осындай жоғары ағаштарды ешкім әкелген де жоқ, не ешкім көрген де емес. | |
I Ki | Kaz | 10:13 | Сүлеймен патша Сәба патшайымына өзінің зор жомарттығымен көп мөлшерде сый-тарту бергенінің үстіне оны сұрағандарының бәрімен де қанағаттандырды. Мұнан соң патшайым нөкерлерін ертіп өз еліне қайтып кетті. | |
I Ki | Kaz | 10:14 | Сүлеймен жыл сайын қабылдайтын алтынның мөлшері алты жүз алпыс алты ат басындай болды. | |
I Ki | Kaz | 10:15 | Бұған қоса делдалдар мен саудагерлерден, арабтардың барлық патшаларынан және елдің әкімдерінен де алтын түсіп жатты. | |
I Ki | Kaz | 10:16 | Сүлеймен патша екі жүз үлкен қалқан жасатып, оларды балғамен соғылып тегістелген алтынмен қаптатқызды. Әр қалқанға кеткен алтынның мөлшері алты жүз мысқалдай болды. | |
I Ki | Kaz | 10:17 | Патша тағы үш жүз шағын қалқан жасатып, оларды да соғылған алтынмен қаптатқызды. Бұл қалқандардың әрқайсысы үшін үш жүз мысқалдай алтын жұмсалды. Патша қалқандардың барлығын «Ливан орманы сарайына» қойғызды. | |
I Ki | Kaz | 10:19 | оның алты баспалдағы болды, арқалығының жоғарғы жағы дөңгелек еді. Тақтың патша отыратын орнының екі жағында бір қол тұтқадан, әр тұтқаның жанында бір-бірден арыстан мүсіндері тұрды. | |
I Ki | Kaz | 10:20 | Алты баспалдақтың үстінде әр жағында бір-бірден, барлығы он екі арыстанның мүсіні тұрды. Мұндай тақ ешбір патшалықта бұрын-соңды жасалып көрмеген еді. | |
I Ki | Kaz | 10:21 | Сүлеймен патшаның сусын ішетін ыдыстарының бәрі алтыннан, ал «Ливан орманы сарайындағы» ыдыстары саф алтыннан жасалды. Ешбір ыдыс күмістен жасалмады, өйткені Сүлейменнің заманында күміс құнсыз зат деп саналатын. | |
I Ki | Kaz | 10:22 | Себебі патша өзінің үлкен сауда кемелерін (Тир патшасы) Хирамның кемелерімен бірге әр үш жылда бір рет алыс сапарға жіберіп, олар алтын, күміс, піл сүйегін, маймылдар және тауыс құстарын алып келетін. | |
I Ki | Kaz | 10:23 | Осылайша Сүлеймен патша жер бетіндегі күллі патшалардан байлығымен де, даналығымен де асып түсті. | |
I Ki | Kaz | 10:24 | Жердің барлық адамдары Сүлейменмен жүздесіп, оның Құдай сыйлаған даналығын тыңдауға құштар болды. | |
I Ki | Kaz | 10:25 | Олардың бәрі оған жыл сайын сый-тартуларын: күміс пен алтын бұйымдарды, киім-кешек, қару-жарақ, хош иісті заттар, жылқы, қашырларды алып келіп отырды. | |
I Ki | Kaz | 10:26 | Сүлеймен соғыс күймелері мен аттарды да жинап, жасақтады. Оның бір мың төрт жүз күймесі мен он екі мың жылқысы болды. Оларды күймелеріне дайындалған арнайы қалаларында және Иерусалимде өзінің қасында астанасы Иерусалимде ұстады. | |
I Ki | Kaz | 10:27 | Патша Иерусалимде күмісті тас сияқты үйреншікті нәрсе, әрі шетелден әкелінетін самырсындарды өз еліндегі төменгі қыраттарда өсетін тұт ағаштарындай мол етті. | |
I Ki | Kaz | 10:28 | Сүлеймен жылқыларын Мысыр мен Қуадан алдыртты. Патшаның саудагерлері оларды белгілі бағаға Қуа елінен сатып алатын. | |
Chapter 11
I Ki | Kaz | 11:1 | Алайда Сүлеймен көптеген шетелдік әйелдерге ғашық болды: перғауынның қызынан басқа оның моабтық, аммондық, едомдық, сидондық, хеттік әйелдері де болды. | |
I Ki | Kaz | 11:2 | Жаратқан Ие (жалған тәңірлерге табынатын) осы халықтар туралы: «Олармен араласып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! Әйтпесе олар сендердің жүректеріңді өздерінің тәңірлеріне бұрып әкетулері сөзсіз!» деп исраилдіктерге ескерткен еді. Бірақ та Сүлеймен сол жат жұрттық әйелдерге ғашық болып жабыса қалуын қоймады. | |
I Ki | Kaz | 11:3 | Жалпы, Сүлейменнің патша тұқымынан шыққан жеті жүз жұбайы және тағы үш жүз кәнизагы болды. Олар оны тура жолдан тайдырып әкетіп адастырды. | |
I Ki | Kaz | 11:4 | Себебі қартайған шағында әйелдері Сүлейменнің жүрегін бөтен тәңірлерге бұрып әкетті. Осылайша оның жүрегі әкесі Дәуіттің Құдай Иесіне толықтай бағышталған жүрегі сияқты болмады. | |
I Ki | Kaz | 11:5 | Қайта, Сүлеймен сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа құлшылық ете бастады. | |
I Ki | Kaz | 11:6 | Мұнысымен Сүлеймен Жаратқан Иеге жек көрінішті іс істеп, Жаратқан Иенің жолымен адал жүрген әкесі Дәуіт сияқты болмады. | |
I Ki | Kaz | 11:7 | Сол кезде Сүлеймен Иерусалимнің шығыс жағындағы бір төбеде моабтықтардың жексұрын тәңірі Хамосқа және аммондықтардың жиренішті тәңірі Молохқа арнап биіктеу жердегі табыну орындарын салды. | |
I Ki | Kaz | 11:8 | Патша осындай орындарды өзінің жат жерлік әйелдерінің барлығына жасап берді. Олар сол құрбандық орындарында өздерінің табынатын жалған тәңірлеріне хош иісті заттар түтетіп, құрбандықтар шалып ұсынатын. | |
I Ki | Kaz | 11:9 | Сонда Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Сүлейменге қаһарланды. Өйткені ол өзіне екі рет аян берген Жаратқан Иеден теріс бұрылып кетті. | |
I Ki | Kaz | 11:10 | Жаратқан Ие оған бөтен тәңірлердің жолына түсуге айрықша тыйым салса да, Сүлеймен Оның бұйрығын еш елемей ұстанбады. | |
I Ki | Kaz | 11:11 | Содан Жаратқан Ие Сүлейменге былай деп хабарлады: «Сен осылай істеп Менің Келісімімді, өзіңе орындауға тапсырған ережелерімді ұстанбадың. Сол себептен Мен міндетті түрде патшалық билікті сенен жұлып алып, қызметшілеріңнің біреуіне тапсырамын. | |
I Ki | Kaz | 11:12 | Дегенмен әкең Дәуітке бола бұны сенің көзіңнің тірісінде істемеймін. Мен патшалықты ұлыңның қолынан жұлып алатын боламын. | |
I Ki | Kaz | 11:13 | Алайда қызметшім Дәуіт үшін және Өзім таңдап алған Иерусалим үшін ұлыңнан бүкіл патшалықты тартып алмай, оның билігіне бір руды қалдырамын». | |
I Ki | Kaz | 11:14 | Сонда Жаратқан Ие Сүлейменге бір дұшпанды шығарды. Ол Едом елінің патшалық тұқымынан шыққан Хадад еді. | |
I Ki | Kaz | 11:15 | Ертеректе Дәуіт Едом халқымен соғысқан кезде әскер қолбасшысы Жоғаб қаза тапқандарды қабірге қою үшін сонда барғанда, едомдық ер адамдарды жаппай қырып-жойған болатын. | |
I Ki | Kaz | 11:16 | Жоғаб исраилдік жасақпен елдің барлық еркек кіндіктілерінің көзін құртқанша Едомда алты ай бойы тұрды. | |
I Ki | Kaz | 11:17 | Тек Хадад пен оның әкесінің кейбір едомдық қызметкерлері ғана Мысырға қарай қашып кетті. Хадад сол кезде жас бала болатын. | |
I Ki | Kaz | 11:18 | Олар Мадиян арқылы Синай түбегіндегі Паран даласына жетті. Сол жерден өздеріне біраз адам қосып алып, Мысырға барып, оның патшасы перғауынның алдына келді. Перғауын Хададқа тұратын үй мен жер беріп, тамақпен де қамтамасыз етті. | |
I Ki | Kaz | 11:19 | Перғауынның Хададқа риза болғаны сонша, оған өз жұбайы Тахпенесаның сіңлісін әйелдікке алып берді. | |
I Ki | Kaz | 11:20 | Тахпенесаның сіңлісі Хададқа Генубат деген ұл туды. Патшайым Тахпенеса осы баланы патша сарайында тәрбиеледі. Осылайша Хададтың ұлы перғауынның сарайында оның өз ұлдарымен бірге өсті. | |
I Ki | Kaz | 11:21 | Мысырда жүрген сол уақытында Хадад Дәуіттің көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгені және әскер қолбасшысы Жоғабтың да дүние салғаны туралы естіді. Сонда ол перғауыннан:— Маған рұқсат берсеңіз екен, өз еліме қайтып барайын, — деп өтінді. | |
I Ki | Kaz | 11:22 | Перғауын оған:— Менің қасымнан өз еліме қайтып барайын дейтіндей, саған бұл жерде не жетіспейді? — деген сауал қойды. Хадад оған:— Бәрі де жеткілікті, әйтсе де еліме жіберсеңіз екен! — деп қоймады. | |
I Ki | Kaz | 11:23 | Құдай Сүлейменге тағы басқа бір дұшпанын шығарды. Ол қожайыны — Соба патшасы Адад-Әзерден қашып кеткен Әлияда ұлы Резон болатын. | |
I Ki | Kaz | 11:24 | Дәуіт Собаның әскеріне күйрете соққы бергеннен кейін, Резон қасына адамдар жинап, сарбаздар тобының басшысы болды. Олар Дамаскіге аттанып, сонда орнығып, Резонды Дамаскіде патша етіп қойды. | |
I Ki | Kaz | 11:25 | Кейін Резон бүкіл Арама еліне патшалық құрып, Исраилдің қарсыласы болды.Хадад пен Резон екеуі Сүлейменнің тұсында Исраилдің жауы болып, оған көп қиыншылықтар туғызды. | |
I Ki | Kaz | 11:26 | Сол шамада Сүлейменнің қызметкерлерінің бірі — Набат ұлы Еробоғам да патшаға қарсы бас көтерді. Ол Ефрем руының жеріндегі Сәредахтан шыққан еді. Оның анасы Серуа жесір әйел болатын. | |
I Ki | Kaz | 11:27 | Еробоғамның патшаға қарсы бас көтергенінің жайы мынау: сол кезде Сүлеймен патша әкесі Дәуіттің шаһарының айналасындағы саты тәрізді беткейді салдырып, шаһардың қамалындағы бір бұзылған жерін жөндеумен айналысып жүрген еді. | |
I Ki | Kaz | 11:28 | Еробоғам қайратты да қабілетті жігіт болатын. Оның жақсы жұмыс істеп жүргенін көрген Сүлеймен Еробоғамды Жүсіптен тараған екі рудың жұмысшыларының үстінен басқарушы етіп тағайындады. | |
I Ki | Kaz | 11:29 | Сол күндердің бірінде Еробоғам Иерусалим қаласынан шығып келе жатқанда, алдынан шилолық Ахиях пайғамбар кездесті. Пайғамбар үстіне жаңа шапан киіп алған екен. Далада екеуінен басқа ешкім болмады. | |
I Ki | Kaz | 11:30 | Сонда Ахиях өзінің үстіндегі су жаңа шапанын шешіп алып, қолдарымен ұстап тұрып, он екі бөлікке паршалап жыртты да, | |
I Ki | Kaz | 11:31 | Еробоғамға былай деді: «Осы он паршаны өзіңе ал! Себебі Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп ал! Мен патшалықты Сүлейменнің қолынан жұлып алып, он рудың үстінен билікті саған беріп отырмын. | |
I Ki | Kaz | 11:32 | Тек қызметшім Дәуіт үшін және Исраилдің барлық руларының ішінен таңдап алған қалам — Иерусалим үшін оның билігіне бір руды қалдырамын. | |
I Ki | Kaz | 11:33 | Исраилдіктер Менен бас тартып, сидондықтардың табынатын әйел тәңірі Астартаға, моабтықтардың тәңірі Хамосқа және аммондықтардың тәңірі Молохқа бас ұра табынып кеткендіктен, Мен осыны істеймін. Олар Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істер істеген, әрі Менің ережелерім мен шешімдерімді сақтаған Сүлейменнің әкесі Дәуіт сияқты болмады. | |
I Ki | Kaz | 11:34 | Сонда да Мен патшалықты Сүлейменнің өз қолынан тартып алмаймын. Кезінде менің өсиеттерім мен ережелерімді ұстанып, таңдаулы қызметшім болған Дәуітке бола Сүлейменді өмірінің соңына дейін билеуші болуға бекіттім. | |
I Ki | Kaz | 11:36 | Ал қызметшім Дәуіттің әулетінің ұдайы Менің көз алдымда Иерусалимде патшалық құрып шам-шырақ іспетті сәуле шашулары үшін, Сүлейменнің ұлының билігіне бір руды тапсырамын. Өйткені Иерусалим — есімімді орнату үшін Өзім таңдап алған қалам. | |
I Ki | Kaz | 11:37 | Алайда Мен сені Исраилдің патшасы болуға тағайындап, сен жүрегің қалаған нәрселердің бәріне билік жүргізетін боласың. | |
I Ki | Kaz | 11:38 | Егер Менің өзіңе өсиет еткенімнің барлығына мойынсұнсаң, әрі қызметшім Дәуіттің орындағанындай, сен де Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істерді істеп, Менің ережелерім мен өсиеттерімді ұстанатын болсаң, онда Мен де саған әрқашан жар болып, сенің патшалық әулетіңді Дәуіттің патшалық әулетіндей үздіксіз етіп бекітемін және (Солтүстік) Исраил елінің патшалық билігін сенің қолыңа тапсырамын. | |
I Ki | Kaz | 11:39 | Осыны істеуім арқылы Мен Дәуіттің әулетін (Сүлейменнің күнәсінің кесірінен) төмендетіп жазалаймын. Алайда мұны мәңгілікке істемеймін». | |
I Ki | Kaz | 11:40 | (Болған оқиғаны біліп қойған) Сүлеймен Еробоғамды өлтірмек болды. Бірақ ол Мысырға қашып барып, сол елдің патшасы Шұшақтан пана сұрады. Еробоғам Мысырда Сүлеймен қайтыс болғанға дейін тұра берді. | |
I Ki | Kaz | 11:41 | Сүлеймен патшалық құрған кезде болған басқа да жайттардың барлығы, оның іс-әрекеттері мен даналығы «Сүлейменнің істері» деген кітапта баяндалған. | |
Chapter 12
I Ki | Kaz | 12:1 | Сол кездері Рохабоғам Сихем қаласына барды, себебі бүкіл Исраил халқы оны патша етіп бекіту үшін Сихемге жиналған еді. | |
I Ki | Kaz | 12:2 | Бұл туралы хабар алған Набат ұлы Еробоғам Сүлеймен патшадан қашып барған Мысыр елінен қайта оралды. | |
I Ki | Kaz | 12:3 | Өйткені біреулер адам жіберіп, оны шақыртқан еді.Сонда Еробоғам мен бүкіл Исраилдің жамағаты Рохабоғамның алдына келіп, оған тіл қатып былай деді: | |
I Ki | Kaz | 12:4 | — Әкеңіз марқұмның бізге артқан жүгі тым ауыр! Оның мойнымызға салып қойған азапты қызметі мен зілдей жүгін жеңілдетсеңіз, сізге қызмет ететін боламыз! — | |
I Ki | Kaz | 12:5 | Сонда патша:— Қазір кете беріңдер, маған үш күннен кейін қайтып келіңдер! — деді. Халық тарап кетті. | |
I Ki | Kaz | 12:6 | Рохабоғам әкесі Сүлейменнің көзі тірі кезінде уәзірі болған ақсақалдардан ақыл сұрап:— Мына халыққа қандай жауап беру керек, не деп кеңес бересіздер? — деді. | |
I Ki | Kaz | 12:7 | Ақсақалдар:— Егер де бүгін бұл халықтың қызметшісі болып, айтқандарына құлақ асып ымыраға келсеңіз, онда олар әрдайым сіздің қызметшілеріңіз болмақ! — деген жауап қайырды. | |
I Ki | Kaz | 12:8 | Бірақ Рохабоғам ақсақалдардың берген ақылын менсінбей, өзіне қызмет көрсететін құрдас жігіттерімен кеңесіп: | |
I Ki | Kaz | 12:9 | — Ақылдарыңды айтыңдаршы маған. «Әкеңіз бізге артқан ауыр жүкті жеңілдете көріңіз!» деген мына халыққа қандай жауап қайтарамыз? — деп сұрады. | |
I Ki | Kaz | 12:10 | Сонда құрдас жігіттері былай деді:— Сізге: «Әкеңіздің мойнымызға салған ауыр жүгін жеңілдете көріңіз!» деген халыққа мынадай жауап беріңіз: «Менің шынашағымның өзі әкемнің белінен мықты! | |
I Ki | Kaz | 12:11 | Әкем сендерге ауыр жүк артқан болса, мен соның үстіне тағы да қосамын! Әкем сендерді жай қамшымен ұстаған болса, мен дойыр қамшының астына аламын!» | |
I Ki | Kaz | 12:12 | Патшаның «Маған үш күннен кейін қайтып келіңдер» деп айтқанына сай, Еробоғам мен бүкіл халық үшінші күні Рохабоғамның алдына жиналды. | |
I Ki | Kaz | 12:13 | Патша ақсақалдардың берген кеңесін елемей, жас жігіттердің айтқан ақылдарын тыңдап, халыққа дөрекі жауап берді: | |
I Ki | Kaz | 12:14 | — Әкем сендерге ауыр жүк артқан болса, мен соның үстіне тағы да қосамын! Әкем сендерді жай қамшымен ұстаған болса, мен дойыр қамшының астына аламын! | |
I Ki | Kaz | 12:15 | Осылайша патша халықтың өтінішіне құлақ салмады. Ал оқиғаның бұлай бет бұруы Жаратқан Иенің еркі бойынша еді. Сол арқылы Ол Өзінің шилолық Ахиях пайғамбар арқылы Набат ұлы Еробоғамға айтқан сөзін іске асырды. | |
I Ki | Kaz | 12:16 | Бүкіл Исраилдің өкілдері патшаның өздеріне құлақ түрмегенін көргенде, оған қарсы айқайлап былай деді:— Дәуітке біздің қатысымыз жоқ,Есейдің ұлында еш үлесіміз жоқ!Мекендеріңе қайтыңдар, исраилдіктер!Дәуіт, өз үйіңе-ақ билік ете бер!Содан олар мекендеріне қайтып кетпек болды. | |
I Ki | Kaz | 12:17 | Осылай Рохабоғам тек Яһуда руының қалаларында тұратын исраилдіктерге ғана патша болып қалды. | |
I Ki | Kaz | 12:18 | Сонда ол (патшалықтың біртұтастығын қалпына келтіру мақсатымен) міндетті жұмыстарды басқарушы Адонирамды халыққа жіберді. Бірақ (Солтүстік) Исраилдің барлық өкілдері оны таспен атқылап өлтірді. Ал Рохабоғам патшаның өзі күймесіне секіріп мініп, Иерусалимге қашып құтылды. | |
I Ki | Kaz | 12:19 | (Солтүстік) Исраил күні бүгінге дейін Дәуіттің әулетінен шыққан патшаларға бағынбай келеді. | |
I Ki | Kaz | 12:20 | Себебі Исраилдің халқы Еробоғамның елге қайтып келгенін естігенде, оған хабар жіберіп, жиналысқа шақырған еді. Сонда олар оны бүкіл Солтүстік Исраилдің патшасы етіп тағайындады. Тек (оңтүстіктегі) Яһуда руы ғана Дәуіттің әулетін қолдап, оған адал болып қала берді. | |
I Ki | Kaz | 12:21 | Сүлеймен ұлы Рохабоғам Иерусалимге қайтып келген соң, (Солтүстік) Исраилге қарсы аттанып, бүкіл патшалықты өзіне қаратып алмақ болды. Сол үшін күллі Яһуда халқы мен Бунямин руынан бір жүз сексен мың таңдаулы сарбазын жинады. | |
I Ki | Kaz | 12:23 | «Яһуданың патшасы Сүлеймен ұлы Рохабоғамға, бүкіл Яһуда мен Бунямин руларына және халықтың қалғандарына тіл қатып былай де: | |
I Ki | Kaz | 12:24 | Жаратқан Ие мынаны айтады: Жорыққа аттанып, өз ағайындарың — исраилдіктермен соғыспаңдар! Барлығың да үйлеріңе қайтыңдар! Себебі мұны істеп отырған Өзіммін!»Сонда олар Жаратқан Иенің сөздеріне құлақ асып, Ол бұйырғандай келген жақтарына қайта оралды. | |
I Ki | Kaz | 12:25 | Еробоғам Ефремнің таулы жеріндегі Сихем қаласын нығайтып қайта салып, соны мекендейтін болды. Содан кейін ол Пенуелге барып, сол қаланы да бекітті. | |
I Ki | Kaz | 12:26 | Ол іштей қауіптеніп жүріп: «Осы елдің патшалық билігі Дәуіттің әулетіне қайтып кетер ме екен. | |
I Ki | Kaz | 12:27 | Егер халық Иерусалимге өрлеп барып, Жаратқан Иенің киелі үйінде құрбандық ұсынатын болса, онда көңілдері бұрынғы билеушісі — Яһуда патшасы Рохабоғамға ауатын шығар. Сонда олар мені өлтіріп, Рохабоғамға қайта оралып жүрер», — деді. | |
I Ki | Kaz | 12:28 | Сол себепті патша кеңесіп алып, алтыннан екі жас бұқа мүсінін жасатып, халыққа: «Иерусалимге бару сендерге тым қиын ғой. Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірлерің осылар!» — деп жариялатты. | |
I Ki | Kaz | 12:30 | Бұл ауыр күнәға түрткі болды. Себебі халық оларға сонау Данға дейін барып табына бастады. | |
I Ki | Kaz | 12:31 | Еробоғам биіктеу жерлерде жалған тәңірлерге табынатын ғибадатханалар салғызып, Леуі руынан емес, кез келген адамды діни қызметкер етіп тағайындады. | |
I Ki | Kaz | 12:32 | Еробоғам оның үстіне Яһудада жыл сайын тойланатын Күркелер мейрамына еліктеп, сегізінші айдың он бесінші күні жаңа бір мейрам өткізуді бекітті. Ол осы мейрам кезінде Бетелде өзі жасатқан жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандықтар ұсыну үшін ондағы құрбандық үстелінің қасына көтерілді. Патша салғызған табыну орындары үшін діни қызметкерлерін Бетелде тағайындады. | |
Chapter 13
I Ki | Kaz | 13:1 | Алайда Құдай Иенің тағайындаған пайғамбары Оның бұйрығымен Яһуда елінен Бетелге барды. Пайғамбар Еробоғам патша құрбандық үстелінің қасында хош иісті зат түтетпек болып тұрған кезде сол жерге жетті. | |
I Ki | Kaz | 13:2 | Сонда пайғамбар Жаратқан Иенің өзіне бұйырған мына сөздерін құрбандық үстеліне қарсы қатты дауыстап айтты: «О, құрбандық үстелі, (жексұрын) құрбандық үстелі! Жаратқан Ие мынаны айтады: Дәуіттің әулетінен Жосия есімді біреу шығады. Қазір сенің үстіңде биіктеу жерлердегі табыну орындарының діни қызметкерлері құрбандықтар өртеп, хош иісті заттарды түтетіп жатыр. Бірақ Жосия осы діни қызметкерлердің өздерін сенің үстіңде құрбандық іспетті өртеп жібереді! Сонда үстіңде адамның сүйектері өртелетін болады! — | |
I Ki | Kaz | 13:3 | Сол күні пайғамбар өзінің хабарының шындығын дәлелдейтін пайғамбарлық сөз айтып былай деді: — Жаратқан Ие көрсететін керемет белгі мынадай болады: құрбандық үстелі қақ жарылып, оның үстіндегі майлы бөлшектердің күлі шашылып қалатын болады!» | |
I Ki | Kaz | 13:4 | Еробоғам патша Құдайдың пайғамбарының құрбандық үстеліне қарсы айтқан сөзін естігенде, қолын құрбандық үстелінің қасынан төмен созып, пайғамбарға шұқшита: «Ұстаңдар мынаны!» — деп айқайлап жіберді. Бірақ созған қолы лезде семіп, ол қолын қайта тартып ала алмай қалды. | |
I Ki | Kaz | 13:5 | Сонымен қатар құрбандық үстелі қақ жарылып, үстіндегі майлы бөлшектердің күлі төгіліп, шашылып қалды. Осылай Құдай Иенің өз пайғамбары арқылы айтқаны жүзеге асып, оның сөзінің шындығын дәлелдеді. | |
I Ki | Kaz | 13:6 | Ал патша Құдайдың пайғамбарынан өтініп: «Құдайыңыз Жаратқан Иеге жалбарына көріңіз! Ол маған рақым етіп қолымды бұрынғы қалпына келтіре көрсін деп мінажат етсеңіз екен!» — деді. Құдайдың пайғамбары Жаратқан Иеге жалбарынып мінажат еткенде патшаның қолы жазылып, бұрынғы қалпына қайта келді. | |
I Ki | Kaz | 13:7 | Сонда патша Құдайдың пайғамбарына:— Сарайыма кіріп, біраз тынығып, тамақ ішіп, әлденіп алыңыз. Содан соң мен сізге бір сыйлықты тарту етемін, — деді. | |
I Ki | Kaz | 13:8 | Бірақ Құдайдың пайғамбары оған былай деп жауап берді:— Маған тіпті сарайыңның жартысын сыйға берсең де, саған еріп оған кірмес едім! Осы жерде не тамақ жеуіме, не су ішуіме болмайды. | |
I Ki | Kaz | 13:9 | Себебі маған Жаратқан Ие сөзін арнап: «Сол жерде не нан жеп, не су ішпе, әрі келген жолыңмен кері қайтпа!» деп бұйырды. — | |
I Ki | Kaz | 13:11 | Сол кезде Бетел қаласында бір қарт пайғамбар тұратын еді. Оның ұлдары сол күні Құдайдың Яһуда елінен жіберген пайғамбарының не істеп, патшаға не дегенінің барлығын әкелеріне келіп айтып берді. | |
I Ki | Kaz | 13:12 | Сонда әкесі ұлдарынан: «Ол қай жолмен кетті?» — деп сұрады. Ұлдары оған Яһудадан келген Құдайдың пайғамбарының қай жолмен кеткенін көрсетті. | |
I Ki | Kaz | 13:13 | Әкесі ұлдарына: «Маған есегімді ерттеп беріңдерші!» — деді. Ұлдары есегін ерттеп беріп, ол соған мініп алып, | |
I Ki | Kaz | 13:14 | Құдайдың пайғамбарының соңынан кетті. Оны бір емен ағашының түбінде отырған жерінен тауып алып, одан:— Құдайдың Яһудадан келген пайғамбары сіз бе едіңіз? — деп сұрады. Ол:— Иә, солмын — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 13:16 | Бірақ яһудалық пайғамбар оған былай деп түсіндірді:— Сізге еріп кері қайтып бара алмаймын. Сізбен осы жерде не нан жеуіме, не су ішуіме де болмайды. | |
I Ki | Kaz | 13:17 | Себебі маған Жаратқан Ие сөзін арнап: «Сол жерде не нан жеп, не су ішпе, әрі келген жолыңмен кері қайтпа!» деп бұйырды. — | |
I Ki | Kaz | 13:18 | Ал қарт пайғамбар оған:— Мен де өзің сияқты пайғамбармын. Маған періште келіп, Жаратқан Иенің: «Өз үйіңе алып кел, ол нан жеп, су ішсін!» деген бұйрығын жеткізді, — деді. Бірақ та оның айтып тұрғаны өтірік болатын. | |
I Ki | Kaz | 13:19 | Сонда Құдайдың жіберген адамы жолынан кері қайтып, онымен бірге үйіне кіріп, нан жеп, су ішті. | |
I Ki | Kaz | 13:20 | Олар дастарқан басында отырғанда сол адамды қайтарып алып келген қарт пайғамбарға Жаратқан Иенің сөзі жетті. | |
I Ki | Kaz | 13:21 | Ол Яһудадан келген Құдайдың хабаршысына дауыстап былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сен Жаратқан Иенің сөзіне қарсы шықтың, Құдай Иеңнің өзіңе берген бұйрығын орындамадың! | |
I Ki | Kaz | 13:22 | Сен жолыңнан кері қайтып келіп, Ол: «Не нан жеп, не су ішпе!» деп бұйырған осы жердің өзінде нан да жеп, су да іштің. Сондықтан сен өлген кезіңде мәйітің ата-бабаларыңның жанына қабірге қойылмайды!» | |
I Ki | Kaz | 13:23 | Қонағы тамағын ішіп-жеп болған соң, оны қайтарып алып келген қарт пайғамбар оның есегін ерттеп беріп, жолға шығарып салды. | |
I Ki | Kaz | 13:24 | Сонымен ол қаладан шығып кетіп қалды. Алайда кетіп бара жатқанда, оған бір арыстан тап беріп, өлтіріп тастады. Оның денесі арыстан лақтырып тастаған жерде жол үстінде жата берді. Ал жанында есегі мен арыстан тұрды. | |
I Ki | Kaz | 13:25 | Сол жермен жүріп өткен адамдар жолда жатқан дене мен жанында тұрған арыстанды көріп, бұл туралы қарт пайғамбар тұрып жатқан Бетел қаласына айтып келді. | |
I Ki | Kaz | 13:26 | Құдайдың жіберген пайғамбарын жолынан қалдырған қарт пайғамбар сол туралы естігенде былай деді: «Бұл Жаратқан Иенің берген бұйрығына қарсы шыққан пайғамбар болса керек. Сондықтан да Жаратқан Ие Өзінің алдын ала айтқанын жүзеге асырып, осы адамды арыстанның талап өлтіруіне тапсырды». | |
I Ki | Kaz | 13:28 | ол қаладан шығып, жол үстінде жатқан денені және оның жанында тұрған есек пен арыстанды тауып алды. Арыстан денені жемеген де, есекті жармаған да екен. | |
I Ki | Kaz | 13:29 | Қарт пайғамбар Құдай жіберген адамның мәйітін жерден көтеріп алып, есегіне артып өз қаласына қайта алып келді. Сонда оны аза тұтып, | |
I Ki | Kaz | 13:30 | өзі үшін дайындаған қабіріне қойды да: «Ой, бауырым!» — деп қайғырып жоқтаумен болды. | |
I Ki | Kaz | 13:31 | Қарт пайғамбар оны қабірге қойып болғаннан кейін ұлдарына өсиеттеп былай деді: «Мен қайтыс болғанда, мәйітімді Құдай жіберген осы пайғамбар қойылған қабірге қойып, сүйегімді оның сүйегінің жанына орналастырыңдар! | |
I Ki | Kaz | 13:32 | Себебі Жаратқан Иенің сол пайғамбар арқылы Бетел қаласындағы құрбандық үстелі жайлы әрі Самария елінің қалаларының биіктеу жерлеріндегі жалған тәңірлерге арналған барлық ғибадатханалары туралы жариялаған сөзі міндетті түрде жүзеге асатын болады!» | |
I Ki | Kaz | 13:33 | Алайда осы оқиғадан кейін де Еробоғам зұлым жолынан қайтпады. Керісінше, ол жалған тәңірлерге арналған ғибадат орындарына тағы көбірек діни қызметкерлер тағайындады. Осылай ол діни қызметкер болғысы келген кез келген адамды тағайындай берді. | |
Chapter 14
I Ki | Kaz | 14:2 | Сонда Еробоғам әйеліне былай деді: «Жиналып, жолға шық. Менің әйелім екеніңді ешкім біліп қоймайтындай етіп киініп ал да, Шилоға бар. Менің осы халыққа патшалық құратынымды алдын ала айтқан Ахиях пайғамбар сол жерде тұрып жатыр. | |
I Ki | Kaz | 14:3 | Оған он күлше нан, бірсыпыра тәтті нан және бір құмыра бал ала бар. Ұлымызбен не болатынын ол саған айтып бере алады». | |
I Ki | Kaz | 14:4 | Әйелі Еробоғамның айтқанын істеп, Шилодағы Ахиях пайғамбардың үйіне барды. Қартайған Ахиях көзі көрмей қалған, зағип болатын. | |
I Ki | Kaz | 14:5 | Алайда Жаратқан Ие оған: «Біліп ал, Еробоғамның әйелі саған келе жатыр. Ол сенен өзінің ауырып қалған ұлы туралы сұрастырып білмекші. Оған Менің айтқанымды жеткіз. Ал ол басқа біреу болғансып сырт кейпін өзгертіп келеді», — деп білдірген еді. | |
I Ki | Kaz | 14:6 | Ахиях пайғамбар әйелдің есікке таяп келіп қалған дыбысын естігенде былай деді:— Кел, кіре бер, Еробоғамның әйелі! Неге сен басқа біреу болғансып сырт кейпіңді өзгертіп алдың? Ал менің саған айтар ауыр хабарым бар. | |
I Ki | Kaz | 14:7 | Күйеуің Еробоғамға қайтып барып, оған былай де: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені халықтың арасынан көтеріп, халқым Исраилдің үстінен билеуші етіп тағайындадым. | |
I Ki | Kaz | 14:8 | Мен патшалық билікті Дәуіттің әулетінен жұлып алып, саған бердім. Алайда сен Өзіме адал болған қызметшім Дәуіт сияқты болмадың. Дәуіт менің барлық өсиеттерімді сақтап, шын жүректен Менің тура жолыммен жүріп, көз алдымда тек әділ іс-әрекет жасады. | |
I Ki | Kaz | 14:9 | Ал сенің зұлымдығың өзіңнен бұрын өткендердің қай-қайсысынан да басым болды. Сен өзіңе жалған тәңірлер таңдап, жас бұқа мүсіндерін жасатып алдың. Осындай істеріңмен Менің қаһарымды туғыздың. Сен Менен мүлдем бас тартып кеттің. | |
I Ki | Kaz | 14:10 | Сол себепті Мен Еробоғамның әулетін құртып жіберетін боламын. Мен оның әулетіне жататын еркек кіндікті атаулының барлығын, ерікті болсын, құл болсын, құртамын! Қи-тезекті қалай өртеп жоқ қылатын болса, Мен де дәл солай Еробоғамның әулетін құртып жоқ қыламын. | |
I Ki | Kaz | 14:11 | Оның әулетіне жататын адам қалада өлсе, оны иттер жейді, далада өлсе, әуедегі құстар шоқиды! | |
I Ki | Kaz | 14:12 | Ал енді, өзің тұр да, үйіңе қайт. Қалаға аяғыңды басып кіре салысыңмен, ұлың қайтыс болады. | |
I Ki | Kaz | 14:13 | Оны Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы жоқтап қабірге қоятын болады. Еробоғамның әулетінен қабірге қойылатын жалғыз сол болады. Себебі Еробоғамның бүкіл әулетінен тек осы баладан ғана Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге деген адалдық табылды. | |
I Ki | Kaz | 14:14 | Ендеше Жаратқан Ие Солтүстік Исраилге билік құратын патшаны тағайындап алмақ. Ол Еробоғамның әулетін құртатын болады. Ол бүгін соны істеп жатыр! Немене? Тіпті қазірдің өзінде! | |
I Ki | Kaz | 14:15 | Жаратқан Ие Исраилге соққы береді, сонда ол бұрқанған судың ағысымен жел тербеткен бір қамысқа ұқсайтын болады. Жаратқан Ие олардың ата-бабаларына табыстаған осы шұрайлы елден Солтүстік Исраилдің халқын құртып, оларды Евфрат өзенінің арғы жағына шашыратып жібереді. Өйткені олар жалған тәңір Ашераға табынып, оған арнап ағаш бағаналар орнатуларымен Жаратқан Иенің қаһарын туғызды. | |
I Ki | Kaz | 14:16 | Еробоғамның күнәға батып, елдің халқын да сол күнәларға еліктіргеніне бола Жаратқан Ие Солтүстік Исраилді тастап кетеді». | |
I Ki | Kaz | 14:17 | Еробоғамның жұбайы орнынан тұрып, жолға шықты. Ол Тирсаға келіп, үйінің табалдырығынан аттай бергенде, ұлы қайтыс болды. | |
I Ki | Kaz | 14:18 | Жаратқан Иенің өз қызметшісі Ахиях пайғамбар арқылы алдын ала айтқанындай, бүкіл Исраил елі патшазаданы қабірге қоюға қатысып, оны жоқтап аза тұтты. | |
I Ki | Kaz | 14:19 | Ал Еробоғамның басқа да іс-әрекеттері, оның жүргізген соғыстары мен қалай патшалық құрғаны жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 14:20 | Еробоғамның патшалық билігі жиырма екі жылға созылды. Ол көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның ұлы Надаб орнын басып патша болды. | |
I Ki | Kaz | 14:21 | Сол арада Сүлеймен ұлы Рохабоғам Яһудада патшалық құрды. Ол патша болған кезде қырық бір жаста еді және он жеті жыл Иерусалимде билік жүргізді. Осы қаланы Жаратқан Ие Өзінің есімінің мадақталуы үшін Исраилдің барлық руларынан таңдап алған болатын. Оның шешесінің аты-жөні аммондық Нағама еді. | |
I Ki | Kaz | 14:22 | Рохабоғамның заманында Яһуда халқы Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істей берді. Олар жасаған күнәларымен ата-бабаларынан да бетер Жаратқан Иенің өз халқының жалған тәңірлерге табынуына еш төзбейтін қызғанышын туғызды. | |
I Ki | Kaz | 14:23 | Олар өздері үшін биіктеу жерлерде ғибадат орындарын салып, әр биік тау-төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге арнап тас бағаналар әрі Ашераға бағыштап ағаш бағаналар орнатып қойды. | |
I Ki | Kaz | 14:24 | Соған қоса елдегі жалған тәңірлерге табыну орындарында тіпті азғындықпен айналысқан еркектер де болды. Осылай Жаратқан Ие Исраилдің алдынан қуып шыққан азғын халықтардың барлық жексұрын күнәларын енді исраилдіктердің өздері істейтін болды. | |
I Ki | Kaz | 14:25 | Рохабоғамның патшалық құруының бесінші жылы Мысыр патшасы Шұшақ Иерусалимге қарсы аттанып, қалаға өрлеп жетті. | |
I Ki | Kaz | 14:26 | Шұшақ Жаратқан Иенің ғибадатханасының және патша сарайының қазыналарын қолына түсірді. Олардың бәрін де, Сүлеймен патша кезінде алтынмен қаптатқызып жасатқан қалқандарды да алып кетті. | |
I Ki | Kaz | 14:27 | Кейінірек Рохабоғам патша солардың орнына қоламен қапталған қалқандар жасатып, оларды патша сарайының есіктерін күзететін сақшылардың басшыларына табыстады. | |
I Ki | Kaz | 14:28 | Патша Жаратқан Иенің киелі үйіне барған сайын күзетшілер қалқандарды сол жаққа көтеріп алып келіп, кейін қайтадан күзетшілер үйіне апарып қоятын. | |
I Ki | Kaz | 14:29 | Рохабоғамның өзге іс-әрекеттерінің барлығы туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 14:30 | Рохабоғам мен Еробоғамның патшалық құрған бүкіл кездерінде екеуінің арасында соғыс болып тұрды. | |
Chapter 15
I Ki | Kaz | 15:1 | Набат ұлы Еробоғам Солтүстік Исраилге патшалық құрған он сегізінші жылы Абиях Яһуда елінің патшасы болды. | |
I Ki | Kaz | 15:2 | Ол Иерусалимде үш жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні Абессаломның немере қызы Маха еді. | |
I Ki | Kaz | 15:3 | Абиях өзінен бұрын патша болған әкесінің жолымен жүріп, оның жасаған күнәларының барлығын да жасай берді. Осылай Абияхтың жүрегі Құдай Иесіне түгелдей бағышталған арғы атасы Дәуіттің жүрегі сияқты болмады. | |
I Ki | Kaz | 15:4 | Алайда Құдай Ие Өзінің сенімді қызметшісі Дәуітке бола Дәуіттің әулетінің Иерусалимде патшалық құра беруіне мүмкіндік берді. Сол үшін Жаратқан Ие Абияхқа өзінен кейін патша болатын ұл сыйлап, Иерусалимді нығайтты. | |
I Ki | Kaz | 15:5 | Себебі Дәуіт, хеттік Ұрияның оқиғасын санамағанда, өмір бойы Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеп, Оның бұйырғандарының ешқайсысынан бас тартқан жоқ. | |
I Ki | Kaz | 15:6 | Абияхтың көзі тірісінде Еробоғам екеуінің арасында ұдайы соғыс жүріп жатты. Абияхтың қалған іс-әрекеттері жайлы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 15:7 | Абияхтың көзі тірісінде Еробоғам екеуінің арасында ұдайы соғыс жүріп жатты. Абияхтың қалған іс-әрекеттері жайлы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 15:8 | Абиях көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Абияхтың ұлы Аса оның орнын басып патша болды. | |
I Ki | Kaz | 15:9 | Сонымен Солтүстік Исраилге Еробоғам патшалық құрған жиырмасыншы жылы Аса Яһуда елінің патшасы болды. | |
I Ki | Kaz | 15:10 | Ол Иерусалимде қырық бір жыл билік жүргізді. Оның (әкесінің) шешесі Дәуіт ұлы Абессаломның немере қызы Маха болатын. | |
I Ki | Kaz | 15:12 | Ол жалған тәңірлердің табыну орындарында азғындықпен айналысқан барлық еркектерді елден аластатып, өзінің аталары жасап қалдырған тәңір мүсіндерінің бәрін қиратып құртты. | |
I Ki | Kaz | 15:13 | Сондай-ақ, Аса патша тіпті өзінің әжесі Маханы «патшаның шешесі» деген құрметті атағынан айырды. Себебі Маха жалған тәңір Ашераға арналған ағаш бағананы жасатып, орнатқан еді. Патша сол жексұрын бағананы шауып құлатып, Қидрон сайында өртеп жіберді. | |
I Ki | Kaz | 15:14 | Аса тек биіктеу жерлердегі табыну орындарын ғана құртпады. Әйтсе де бүкіл өмір бойы Аса Жаратқан Иеге шын жүректен берілген адам болды. | |
I Ki | Kaz | 15:15 | Аса әкесінің және өзінің Құдайға бағыштаған заттарын: алтын-күміс пен басқа да құнды бұйымдарын Жаратқан Иенің киелі үйіне апарып қойды. | |
I Ki | Kaz | 15:16 | Аса Яһудаға әрі Бағаса Солтүстік Исраилге патшалық құрған уақыттың бәрінде екі елдің арасында соғыс болып тұрды. | |
I Ki | Kaz | 15:17 | Бірде Бағаса Яһуда еліне қарсы аттанып, өрлеп барды. Бағаса Аса патшаның жеріне ешкім кіріп-шыға алмау үшін екі елдің шекарасындағы Рамақ қаласын қамалмен бекітіп қойды. | |
I Ki | Kaz | 15:18 | Сонда Аса патша Жаратқан Иенің киелі үйінің және өз сарайының қазыналарында қалған барлық алтын-күмісті алды. Оларды қызметкерлерімен Арама елінің Дамаск қаласында тұратын патшасы Бен-Хададқа жіберді. Ол Табримонның ұлы, Хезионның немересі болатын. Аса патша оған мынадай сәлемін де жолдады: | |
I Ki | Kaz | 15:19 | «Екеуіміздің әкелеріміздің арасында келісім болғанындай, енді біз де сондай келісім жасасайық! Міне, мен сізге күміс пен алтынды сыйға жіберіп отырмын. Өзіңіздің Солтүстік Исраилдің патшасы Бағасамен жасасқан келісіміңізден бас тарта көріңіз. Ол менің шекарамнан кері шегініп кетсін!» | |
I Ki | Kaz | 15:20 | Бен-Хадад Аса патшаның өтінішіне құлақ асып, өзінің қолбасшыларын Солтүстік Исраилдің қалаларына қарсы аттандырды. Олар Ион, Дан, Әбел-Бет-Маха қалаларын әрі бүкіл Кінерет аймағын Нафталим руының күллі жерімен қоса басып алды. | |
I Ki | Kaz | 15:21 | Бағаса патша бұл туралы естігенде, Рамақ қаласын бекітуін тоқтатып, астанасы Тирсаға қайтып кетті. | |
I Ki | Kaz | 15:22 | Сонда Аса патша бүкіл Яһуда еліне жарлық шығарып, ер адамдарының бәріне біреуі де қалмай, Рамақ қаласына баруға әмір етті. Олар Бағаса салып жатқан қамалдың тастары мен бөренелерін тасып алып кетті. Аса патша солармен Бунямин жерінің шекарасындағы Геба және Миспа қалаларын бекітті. | |
I Ki | Kaz | 15:23 | Асаның қалған барлық іс-әрекеттері мен қажыр-қайраты және бекітіп, нығайтқан қалалары туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Қартайған шағында Аса аяғы ауырып азап шекті. | |
I Ki | Kaz | 15:24 | Аса көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның мәйіті олардың жанына арғы атасы Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Асаның ұлы Жосапат оның орнын басып патша болды. | |
I Ki | Kaz | 15:25 | Асаның Яһудаға патшалық құрған екінші жылы Еробоғам ұлы Надаб Исраилдің патшасы болып, екі жыл патшалық құрды. | |
I Ki | Kaz | 15:26 | Бірақ ол Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Надаб әкесі Еробоғамның жолымен жүріп, ол сияқты Солтүстік Исраилді күнә жасауға еліктірді. | |
I Ki | Kaz | 15:27 | Кейін Исашар руынан шыққан Ахиях ұлы Бағаса патшаға қарсы қастандық жасады. Сол кезде патша Солтүстік Исраилдің бүкіл жасағымен бірге філістірлерге қарасты Гибетон қаласын қоршап алған еді. Бағаса Надаб патшаны Гибетонның түбінде семсерімен шауып | |
I Ki | Kaz | 15:28 | өлтірді. Содан кейін Бағаса Надабтың орнына Исраилдің патшасы болды. Бұл Асаның Яһудаға патшалық құрған үшінші жылы болды. | |
I Ki | Kaz | 15:29 | Бағаса таққа отырысымен Еробоғамның әулетін толығымен қырып-жойып, бірде-бір жанын тірі қалдырмады. Жаратқан Иенің Өзінің қызметшісі шилолық Ахиях пайғамбар арқылы айтқан сөзі осылай жүзеге асты. | |
I Ki | Kaz | 15:30 | Себебі Еробоғам өзінің күнәға батып, Исраил халқын да күнә жасауға еліктіруімен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызған болатын. | |
I Ki | Kaz | 15:31 | Надабтың қалған іс-әрекеттерінің барлығы жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 15:32 | Яһудаға Аса патшалық құрған үшінші жылы Ахиях ұлы Бағаса бүкіл Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Тирса қаласында орналасып, елге жиырма төрт жыл патшалық құрды. Яһудаға Аса әрі Солтүстік Исраилге Бағаса патшалық құрған кезеңнің бәрінде екі елдің арасында ұдайы соғыс жүріп жатты. | |
I Ki | Kaz | 15:33 | Яһудаға Аса патшалық құрған үшінші жылы Ахиях ұлы Бағаса бүкіл Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Тирса қаласында орналасып, елге жиырма төрт жыл патшалық құрды. Яһудаға Аса әрі Солтүстік Исраилге Бағаса патшалық құрған кезеңнің бәрінде екі елдің арасында ұдайы соғыс жүріп жатты. | |
Chapter 16
I Ki | Kaz | 16:1 | Сонда Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбарға сөзін арнап, оған Бағасаны айыптап былай дегізді: | |
I Ki | Kaz | 16:2 | «Мен сені шаң-тозаңнан көтеріп, өз халқым Исраилдің үстінен билеуші етіп тағайындадым. Бірақ сен Еробоғамның теріс жолымен жүріп халқым Исраилді күнә жасауға еліктіріп келесің. Сол күнәларымен олар Менің қаһарымды туғызуда. | |
I Ki | Kaz | 16:3 | Біліп қой, сол үшін Мен Набат ұлы Еробоғамның әулетін түгел құртқанымдай, енді Бағасаның өзін және оның әулетін де қырып-жоямын. | |
I Ki | Kaz | 16:4 | Бағасаның әулетіне жататын адам қалада өлсе, оны иттер жейді, далада өлсе, әуедегі құстар шоқиды!» | |
I Ki | Kaz | 16:5 | Ал Бағасаның қалған іс-әрекеттері мен қажыр-қайраты «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 16:6 | Бағаса көз жұмып, ата-бабаларының жанына жөнелгенде мәйіті Тирсадағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ила әкесінің орнын басып патша болды. | |
I Ki | Kaz | 16:7 | Жаратқан Ие Ханани ұлы Еху пайғамбар арқылы Бағасаның өзіне әрі оның әулетіне қарсы үкім шығарған еді. Бағаса Жаратқан Иенің көз алдында Еробоғамның әулеті іспетті зұлым істер істегені үшін, сондай-ақ, оның Еробоғамның әулетін құртқанына бола, оның өз ұрпақтары да Еробоғамның әулеті сияқты жойылатын болды. Себебі Бағаса өзінің іс-әрекеттерімен Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді. | |
I Ki | Kaz | 16:8 | Асаның Яһуда еліне патшалық құрған жиырма алтыншы жылы Бағаса ұлы Ила Солтүстік Исраилдің патшасы болып, елдің астанасы Тирсада екі жыл билік құрды. | |
I Ki | Kaz | 16:9 | Алайда патшаның соғыс күймелерінің жартысына басшылық ететін Зімри есімді қызметкері Илаға қарсы қастандық дайындады. Бір күні Ила патша Тирса қаласында сарай басқарушысы Арсаның үйінде көңіл көтеріп мас болып отырды. | |
I Ki | Kaz | 16:10 | Сонда Зімри үйге кіріп келіп, Иланы семсерімен шауып өлтіріп, орнына өзі патша болып алды. Бұл оқиға Асаның Яһуда еліне патшалық құрған жиырма жетінші жылы орын алды. | |
I Ki | Kaz | 16:11 | Таққа отыра салысымен Зімри Бағасаның әулетінің барлық мүшелерінің көзін құртты. Ол тіпті Бағасаның тума-туыстары мен дос-жарандарының арасынан да бірде-бір еркек кіндіктіні тірі қалдырмады. | |
I Ki | Kaz | 16:12 | Сонысымен Зімри Жаратқан Иенің Еху пайғамбар арқылы Бағасаға қарсы айтқан сөздеріне сай оның бүкіл әулетін қырып тастады. | |
I Ki | Kaz | 16:13 | Себебі Бағаса мен оның ұлы Ила жасаған барлық күнәларымен және өздерінің түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып, Исраил халқын да осы күнәға еліктіргендерімен Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызған еді. | |
I Ki | Kaz | 16:14 | Иланың қалған іс-әрекеттерінің барлығы туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 16:15 | Яһудаға Аса патшалық құрған жиырма жетінші жылы Зімри жеті күн-ақ Тирса қаласында Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Сол кезде Солтүстік Исраилдің жасағы філістірлердің Гибетон қаласын қоршап алып, қостарын тігіп, сонда жатты. | |
I Ki | Kaz | 16:16 | Жасақшылар Зімридің патшаға қастандық жасап, оны өлтіргенін естігенде, олар өздерінің қолбасшысы Омриды сол күні-ақ әскер қосында Исраилдің патшасы етіп жариялады. | |
I Ki | Kaz | 16:17 | Омри және қасындағы жасақшылар Гибетоннан елдің астанасы Тирсаға аттанып, қаланы қоршауға алды. | |
I Ki | Kaz | 16:18 | Олардың қаланы қолға түсіргеніне көзі жеткенде, Зімри сарайдың ішкі қорғанына кіріп алып, ғимаратқа от қойып, өртеніп өлді. | |
I Ki | Kaz | 16:19 | Бұл оның жасаған күнәлары үшін осылай болды, себебі ол да Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп Еробоғамның теріс жолымен жүріп, оның жасаған күнәларына Исраил халқын да еліктірген еді. | |
I Ki | Kaz | 16:20 | Зімридің қалған іс-әрекеттері, соның ішінде оның жасаған қастандығы жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 16:21 | Бұдан кейін Солтүстік Исраилдің халқы екіге бөлінді: бір жартысы Ғинат ұлы Тамниды қолдаса, екінші жартысы Омриды жақтады. | |
I Ki | Kaz | 16:22 | Ал Омридың жақтастары Ғинат ұлы Тамнидың қолдаушыларынан үстем болып шықты. Тамни қаза тауып, Омри патша болды. | |
I Ki | Kaz | 16:23 | Сонымен Асаның Яһудаға патшалық құрған отыз бірінші жылы Омри Солтүстік Исраилдің патшасы болып, он екі жыл бойы билік құрды. Соның алты жылын ол Тирсада өткізді. | |
I Ki | Kaz | 16:24 | Кейін Омри Шемер деген біреуден Самариядағы қыратты екі ат басындай күміске сатып алды. Патша қыратты айналдыра қамал салып, ішіне жаңа қала тұрғызды. Ол қаланы қыраттың бұрынғы иесі Шемердің есімімен Шомрун яки Самария деп атады. | |
I Ki | Kaz | 16:25 | Алайда Омри Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, өзінен бұрын болған барлық патшалардан бетер күнәға батты. | |
I Ki | Kaz | 16:26 | Омри Набат ұлы Еробоғамның теріс жолымен толығымен жүріп, Исраил халқын да түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға табынып, күнә жасауға еліктірді. Осындай опасыздық жасауларымен халық Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің қаһарын туғызды. | |
I Ki | Kaz | 16:27 | Омридың қалған іс-әрекеттері және көрсеткен қажыр-қайраты жайлы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 16:28 | Ақыры Омри көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті Самариядағы қабірге қойылды. Оның ұлы Ахаб әкесінің орнын басып патша болды. | |
I Ki | Kaz | 16:29 | Асаның Яһудаға патшалық құрған отыз сегізінші жылы Омри ұлы Ахаб Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Самария қаласында жиырма екі жыл бойы билік құрды. | |
I Ki | Kaz | 16:30 | Ахаб патшаның Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істей беруі өзінен бұрын өткен патшалардың қай-қайсысынан да жаман болды. | |
I Ki | Kaz | 16:31 | Ахабтың Еробоғам патша сияқты күнәға батқаны былай тұрсын, ол Сидон патшасы Етбағалдың қызы Езабелге үйленіп, жалған тәңір Бағалға құлшылық етіп, оған бас ұра табынып кетті. | |
I Ki | Kaz | 16:33 | Бұған қоса Ахаб жалған тәңір Ашераға арнап ағаш бағаналар да жасатып, орнатты. Осылайша Ахаб өзінен бұрын Исраилдің патшасы болғандардың қай-қайсысынан бетер Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің ерен қаһарын туғызды. | |
Chapter 17
I Ki | Kaz | 17:1 | Бірде Ғилақад аймағындағы Тішбенің тұрғыны Ілияс Ахаб патшаға барып, былай деп мәлімдеді: «Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Жаратқан Ие — Исраилдің Құдайының алдында шын айтамын: келесі бірнеше жыл бойы мен «Жаңбыр жаусын!» деп айтпайынша, елде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!» | |
I Ki | Kaz | 17:3 | «Бұл жерден шығысқа қарай, Иордан өзенінің арғы жағындағы Хорат сайының маңына барып жасырын. | |
I Ki | Kaz | 17:5 | Ілияс Жаратқан Иенің айтқан сөзіне сәйкес Иордан өзенінің шығысындағы Хорат сайының маңына барып, сонда тұрып жатты. | |
I Ki | Kaz | 17:7 | Бірақ елде ешқандай жаңбыр жаумағандықтан, біраз уақыттан кейін сайдағы су тартылып, құрғап қалды. | |
I Ki | Kaz | 17:9 | «Енді Сидонның маңындағы Сарептаға барып, сонда тұр. Сол жердегі бір жесір әйелге сені тамақтандыруды тапсырып отырмын». | |
I Ki | Kaz | 17:10 | Ілияс Сарепта қаласына жол жүріп, қаланың қақпасына жете бергенде, сол жерде отын жинап жүрген бір жесір әйел көзіне түсті. Ол сол әйелге тіл қатып:— Маған ішуге құмырамен біразырақ су алып келіңізші, — деп сұрады. | |
I Ki | Kaz | 17:11 | Әйел су алуға кетіп бара жатқанда, Ілияс одан дауыстап:— Маған жейтін нан да ала келсеңіз екен, — деп өтінді. | |
I Ki | Kaz | 17:12 | Сонда әйел:— Мәңгі тірі Құдайыңыз Жаратқан Ие алдында шын айтамын: менде бір күлше нан да жоқ. Үйде кеспегімнің түбінде тек бір уыс ұн мен құмырамның түбінде біразырақ май ғана қалды. Содан ұлым екеуімізге нан пісіру үшін отын жинауға осы жерге келген едім. Соны жеп болған соң бізге өлу ғана қалды, — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 17:13 | Ілияс оған былай деді:— Уайымдамаңыз! Барып, айтқаныңыздай істеңіз! Бірақ ең алдымен өзіңіздегі бардан маған кішкентай күлше нан пісіріп алып келіңіз, содан кейін ұлыңыз екеуіңізге нан пісірерсіз. | |
I Ki | Kaz | 17:14 | Себебі Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Жаратқан Ие жерге қайтадан жаңбыр жаудырып, өнім шығарған күнге дейін кеспектегі ұның мен құмырадағы майың еш таусылмайды! | |
I Ki | Kaz | 17:15 | Жесір әйел үйіне кетіп, Ілиястың айтқанындай істеді. Осылайша ол да, әйел де, оның ұлы да тамақтанып жүрді. | |
I Ki | Kaz | 17:17 | Осы оқиғалардан кейін үй иесі жесір әйелдің ұлы табан астынан ауырып қалды. Оның халі нашарлай беріп, ақыры демі бітіп қайтыс болды. | |
I Ki | Kaz | 17:18 | Сонда әйел Ілиясқа тіл қатып былай деді:— Уа, Құдайдың жіберген адамы, менде неңіз кетіп еді? Жасаған күнәларымды әшкерелеп, жалғыз ұлымды өлтіруге келіп пе едіңіз? — | |
I Ki | Kaz | 17:19 | Ілияс оған:— Маған ұлыңызды алып келіңізші! — деп жауап берді. Содан ол шешесінің қолынан баласының мәйітін алып, өзі тұрып жатқан жоғарғы бөлмеге апарып, төсегіне жатқызды. | |
I Ki | Kaz | 17:20 | Пайғамбар Жаратқан Иеге дауыстап мінажат етіп былай деді: «Уа, Құдайым Жаратқан Ие! Маған пана берген мына әйелдің басына Сен тіпті қайғы түсіріп, баласынан айырып отырсың ғой! — | |
I Ki | Kaz | 17:21 | Содан соң ол өлі баланың үстіне үш рет созылып жатып: — Уа, Құдайым Жаратқан Ие, мына баланы қайта тірілте гөр!» — деп сиынды. | |
I Ki | Kaz | 17:23 | Ілияс баланы ұстап көтеріп алып, жоғарғы бөлмеден түсіп, үйдің ішіне алып келді. Оны шешесіне табыстап тұрып:— Міне, ұлыңыз тірі! — деді. | |
Chapter 18
I Ki | Kaz | 18:1 | Елді қуаңшылық жайлаған үшінші жылы Жаратқан Ие Ілиясқа сөзін арнап: «Ахаб патшаның алдына барып көрін, өйткені Мен елге жауын жіберемін!» — деді. | |
I Ki | Kaz | 18:3 | Сондықтан Ахаб патша сарайын басқаратын уәзірі Абадияхты шақырып алды. Ал Абадиях Жаратқан Иені айрықша терең қастерлейтін адам болатын. | |
I Ki | Kaz | 18:4 | Патшайым Езабел Жаратқан Иенің пайғамбарларының көздерін құртқан кезде Абадиях жүз пайғамбарды елу-елуден екі үңгірге тығып, нан-суларымен қамтамасыз етіп тұрған болатын. | |
I Ki | Kaz | 18:5 | Енді Ахаб Абадияхқа бұйрық беріп былай деді: «Бүкіл елді аралап, ондағы барлық бұлақтар мен сай-салаларды қарап шық! Мүмкін, біраз жайылым тауып, жылқыларымыз бен қашырларымызды аман сақтап қалып, ешбір көлік малымызды өлтіруге мәжбүр болмаспыз!» — | |
I Ki | Kaz | 18:6 | Сонымен олар барлау үшін елді өзара бөліп, Ахаб бір жаққа, Абадиях басқа жаққа бет алып кетті. | |
I Ki | Kaz | 18:7 | Жол жүріп бара жатқанда Абадиях уәзір күтпеген жерден Ілияс пайғамбармен кездесіп қалды. Абадиях оны танып, жерге дейін иіліп тағзым етіп:— Уа, мырзам Ілияс, бұл шынымен-ақ сіз бе едіңіз? — деп сұрады. | |
I Ki | Kaz | 18:8 | Пайғамбар оған:— Иә, бұл менмін. Қожайыныңа барып, менің осында екенімді айт! — деп тапсырды. | |
I Ki | Kaz | 18:9 | Алайда Абадиях уәзірдің жауабы мынау болды:— Мені Ахабтың қолына беріп, өлтіртетіндей қандай күнә жасап қойдым? | |
I Ki | Kaz | 18:10 | Мәңгі тірі Құдайыңыз Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: қожайыным Ахаб сізді іздетіп, артыңыздан адам жібермеген бірде-бір патшалық та, не халық та қалған жоқ. Олар: «Ол мұнда жоқ» десе, патша олардан сізді таба алмағандары жайлы ант алып отырды. | |
I Ki | Kaz | 18:12 | Бірақ мен кете салысымен-ақ Жаратқан Иенің Рухы сізді мен білмейтін бір жаққа алып кетіп жүрер. Сонда мен Ахабқа барып айтқаннан кейін, ол келіп, сізді таба алмай қалса, менің көзімді құртады ғой. Ал мен жастық шағымнан Жаратқан Иені терең қастерлеп келемін. | |
I Ki | Kaz | 18:13 | Езабел Жаратқан Иенің пайғамбарларын құртып жатқан кезде менің не істегенім жайлы сізге айтылмап па еді? Мен жүз пайғамбарды елу-елуден екі үңгірге жасырып қойып, оларды нан-суларымен қамтамасыз еттім ғой. | |
I Ki | Kaz | 18:14 | Ал сіз енді: «Қожайыныңа барып, Ілияс осында деп айт!» дейсіз. Солай істесем, ол мені сөзсіз өлтіреді! — | |
I Ki | Kaz | 18:15 | Бірақ Ілияс:— Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Әлемнің Иесінің алдында шын айтамын: бүгін мен міндетті түрде Ахаб патшаның алдына барып көрінемін, — деп ант етті. | |
I Ki | Kaz | 18:16 | Сонда Абадиях Ахабқа барып, болған жайды айтып берді. Ахаб Ілияспен кездесу үшін жолға шықты. | |
I Ki | Kaz | 18:17 | Ахаб Ілиясты көре салысымен, оған тіл қатып:— Исраилдің басына пәле түсірген адам сен бе едің?! — деді. | |
I Ki | Kaz | 18:18 | Ілияс оған жауап беріп:— Исраилдің басына пәле түсірген мен емеспін, керісінше, сіздің өзіңіз бен әулетіңіз! Себебі сіздер Жаратқан Иенің бұйырған өсиеттерінен бас тартып, Бағалдың тас мүсіндеріне құлшылық етіп табынып кеттіңіздер! | |
I Ki | Kaz | 18:19 | Ал енді, менімен жүздесу үшін Қармил тауына бүкіл Исраил халқын, Езабелдің дастарқанынан тамақтанатын Бағалдың төрт жүз елу пайғамбарын және Ашераның төрт жүз пайғамбарын жинап беріңіз! — деді. | |
I Ki | Kaz | 18:20 | Сонда Ахаб бүкіл Солтүстік Исраил бойынша жаршыларын жіберіп, халықты және күллі пайғамбарларды Қармил тауына жинады. | |
I Ki | Kaz | 18:21 | Ілияс пайғамбар халықтың алдына шығып, оларға тіл қатып былай деді:— Қашанға дейін екі ойлы болып толқып жүре бермексіңдер? Егер Жаратқан Ие Құдай болса, онда Оның жолымен жүріңдер! Ал егер Бағал Құдай болса, соның жолымен жүріңдер!Бірақ халық пайғамбарға жауап беріп, бір сөз де айтқан жоқ. | |
I Ki | Kaz | 18:22 | Сонда Ілияс халыққа былай деді:— Жаратқан Иенің пайғамбарларынан қалған жалғыз өзім ғана, ал Бағалдың пайғамбарлары төрт жүз елу! | |
I Ki | Kaz | 18:23 | Бізге екі бұқаны алып келіңдер! Бағалдың пайғамбарлары біреуін таңдап алып, шалып, бөлшектесін. Оның етін отынның үстіне қойсын, бірақ от тұтатпасын. Мен екінші бұқаны шалып, бөлшектеп, оның етін отынның үстіне қояйын. Мен де от тұтатпаймын. | |
I Ki | Kaz | 18:24 | Мұнан кейін өздеріңнің тәңірлеріңе дауыстап сиыныңдар, ал мен Жаратқан Иеге дауыстап сиынайын. Сонда от жіберіп жауап берген Құдай — шынайы Құдай! — Бүкіл халық бұған:— Осы дұрыс! — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 18:25 | Содан Ілияс Бағалдың пайғамбарларына бұрылып: «Алдымен сендер бұқалардың біреуін таңдап алып, дайындаңдар, көпсіңдер ғой! Тәңірлеріңе сиынып оны шақырыңдар! Бірақ от тұтатпаңдар!» — деп тапсырды. | |
I Ki | Kaz | 18:26 | Олар бір бұқаны таңдап алып, шалып, дайындады. Мұнан кейін олар таңертеңнен түске дейін Бағалға сиынып: «Уа, Бағал, бізге жауап бере гөр!» — деп айқайлаумен болды. Бірақ ешбір дауыс та шықпады, ешкім жауап та қатпады. Бағалдың пайғамбарлары өздері тұрғызған құрбандық орнының айналасында секіріп билей берді. | |
I Ki | Kaz | 18:27 | Түс мезгілінде Ілияс оларды келекелеп: «Қатты дауыспен шақырыңдар! Ол «тәңір» емес пе?! Мүмкін, ол терең бір ойға шомып не түзге шығып, не жол жүріп кеткен шығар. Яки ұйықтап жатса керек, ояту қажет сияқты!» — деп мазақтады. | |
I Ki | Kaz | 18:28 | Бағалдың пайғамбарлары өршелене айқайлап, дәстүрлері бойынша денелерінен қан шыққанша өздерін найза-семсермен тілгілей берді. | |
I Ki | Kaz | 18:29 | Түстен кейін де олар кешкі құрбандықтың уақытына дейін еліріп, тәңірлерін шақырумен болды. Бірақ еш дауыс та болмады, ешкім жауап та қатпады не көңіл де бөлмеді. | |
I Ki | Kaz | 18:30 | Содан Ілияс бүкіл халықты: «Маған жақындап келіңдер!» — деп шақырды. Барлығы оған жақындап келгенде, пайғамбар Жаратқан Иенің қиратылған құрбандық ұсыну орнын қайта тұрғызып жөндеді. | |
I Ki | Kaz | 18:31 | Сол үшін Ілияс он екі тасты алды: Жақыптың он екі ұлынан тараған әрбір ру үшін бір тастан. Ежелде Жаратқан Ие Жақыпқа сөзін арнап, оның есімін Исраил деп өзгерткен болатын. | |
I Ki | Kaz | 18:32 | Сол он екі тастан пайғамбар Жаратқан Иенің атына арнап құрбандық ұсыну орнын салды. Содан соң оны айналдыра екі шелек астық дәні сыятындай арық қазды. | |
I Ki | Kaz | 18:33 | Құрбандық орнының үстіне отындық ағаштарды қаластырып, бұқаны шалып, бөлшектеп, отынның үстіне қойды. Содан соң ол жұртқа: «Төрт үлкен құмыраға су құйып, оны құрбандықтың және отынның үстіне құйыңдар!» — деді. | |
I Ki | Kaz | 18:34 | Бұдан соң ол: «Тағы да құйыңдар!» — деді. Жұрт екінші рет құйғанда ол: «Үшінші рет құйыңдар!» — деп бұйырды. Олар үшінші рет те құйды. | |
I Ki | Kaz | 18:35 | Құйылған су құрбандық орнының үстінен төменге ағып, оның айналасындағы арықты да толтырды. | |
I Ki | Kaz | 18:36 | Кешкі құрбандықтың уақытында Ілияс пайғамбар құрбандық орнына жақындап келіп, былай деп сиынды: «Уа, Жаратқан Ие, Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың Құдайы! Өзіңнің Исраилдегі Құдай екеніңді, менің өз қызметшің екенімді және осының барлығын Сенің бұйрығыңа сай істеп отырғанымды бүгін анық білдіре көрші! | |
I Ki | Kaz | 18:37 | Уа, Жаратқан Ие, жауап берші! О, Ием, мына халық Сенің Құдай екеніңді және олардың жүректерін қайтадан Өзіңе бұрып жатқаныңды біле алулары үшін маған жауап бере гөр!» | |
I Ki | Kaz | 18:38 | Сонда аспаннан Жаратқан Иенің оты түсіп, құрбандықты, отынды, тастар мен топырақты жалмап өртеп, арықтағы суды да құрғатып жіберді. | |
I Ki | Kaz | 18:39 | Тұрған халық мұны көргенде етпеттерінен жерге жығыла кетіп: «Жаратқан Ие — Құдай! Жаратқан Ие — Құдай!» — деп айқайлай берді. | |
I Ki | Kaz | 18:40 | Сонда Ілияс оларға: «Бағалдың пайғамбарларын ұстаңдар! Ешқайсысының қашып құтылуына жол бермеңдер!» — деп бұйырды. Халық оларды ұстап алды. Содан Ілияс бәрін Қишон сайына бастап алып барып, сол жерде көздерін құртты. | |
I Ki | Kaz | 18:41 | Мұнан кейін Ілияс Ахаб патшаға: «Ал енді, өрлеп барып, тамақ ішіп-жеңіз! Жақындап келе жатқан нөсердің даусын естіп тұрмын», — деді. | |
I Ki | Kaz | 18:42 | Содан Ахаб тамақтануға кетті. Ал Ілияс Қармил тауының төбесіне қарай көтерілді. Сонда ол жерге дейін иіліп, басын екі тізесінің арасына қойып отырып (Жаратқан Иеге дұға етті). | |
I Ki | Kaz | 18:43 | Пайғамбар қызметші жігітіне: «Жоғары қарай көтеріліп, теңіз жаққа қарашы!» — деген болатын. Қызметшісі көтеріліп барып қарап, ештеңенің жоқ екенін айтты. Ілияс бұдан кейін қызметшісін: «Қарап кел!» — деп жеті рет жіберді. | |
I Ki | Kaz | 18:44 | Жетінші ретте ғана қызметшісі барып келіп:— Әне, теңіз жақтан алақандай ғана бұлт көтеріліп келе жатыр! — деді. Сонда Ілияс:— Бар да, Ахабқа былай де: «Күймеңізді жегіп алып, жаңбыр астында қалып қоймау үшін үйіңізге қайтыңыз!» — деп тапсырды. | |
I Ki | Kaz | 18:45 | Осы аралықта аспан жөңкіп келіп қалған бұлттардан қап-қара болып қарайып, қатты жел соғып, жаңбыр құйып кетті. Ал Ахаб күймесіне отырып, Ізрел жаққа қарай кеткен болатын. | |
Chapter 19
I Ki | Kaz | 19:1 | Ахаб Ізрел қаласына жеткенде, Езабел патшайымға Ілиястың істегендерінің барлығын, оның Бағалдың пайғамбарларының бірде-біреуін қалдырмай, семсердің жүзімен қырып тастағанын да түгелдей айтып берді. | |
I Ki | Kaz | 19:2 | Сонда Езабел Ілиясқа хабаршысын жіберіп мынаны айтқызды: «Егер мен ертең осы кезге дейін сенің күллі пайғамбарларға істегеніңді өз басыңа істемесем, мені тәңірлер жазалаған үстіне жазалай берсін!» | |
I Ki | Kaz | 19:3 | Сонда Ілияс қатты қорқып, бас сауғалап қашып кетті. Ол Яһуда руының жеріндегі Бер-Шеба қаласына жетіп, сонда қызметші жігітін қалдырып кетті. | |
I Ki | Kaz | 19:4 | Өзі елсіз далаға қарай тағы бір күндік жол жүріп, жалғыз тұрған арша бұтасының саясына келіп отырды. Ілияс өмірден түңіліп: «Уа, Жаратқан Ие, осы көргенім де жетер, жанымды ала гөр! Менің ата-бабаларымнан еш артықшылығым жоқ», — деп мінажат етті. | |
I Ki | Kaz | 19:5 | Бұдан кейін ол сол бұтаның түбіне жантайып, ұйықтап кетті.Кенеттен бір періште Ілиясты түртіп оятып: «Тұр да, мынаны жеп ала ғой!» — деді. | |
I Ki | Kaz | 19:6 | Ілияс айналдыра қарап, бас жағында тұрған бір таба нан мен бір құмыра суды көрді. Ол ішіп-жеп, қайтадан жата кетті. | |
I Ki | Kaz | 19:7 | Жаратқан Иенің періштесі қайтадан келіп, оны түртіп оятып: «Тұр да, тамақтан. Әйтпесе алдағы жүретін жолың тым ұзақ болады», — деді. | |
I Ki | Kaz | 19:8 | Ілияс тұрып, ішіп-жеп, сол тамақтың күшімен қырық күн, қырық түн жол жүріп, Құдайдың тауы — Хориб тауына барып жетті. | |
I Ki | Kaz | 19:9 | Сол жердегі бір үңгірге түнеуге кірді.Сонда Жаратқан Ие оған сөзін арнап:— Ілияс, сен мұнда не істеп жүрсің? — деді. | |
I Ki | Kaz | 19:10 | Ілияс былай деп жауап берді:— Уа, Жаратқан Ие, Әлемді Билеуші Құдай! Мен Саған бар ынтаммен қызмет етуге құлшындым. Өйткені Исраил халқы Өзіңмен жасасқан Келісімнен бас тартқан. Олар Саған арналған құрбандық үстелдерін қиратып, Сенің пайғамбарларыңды семсермен өлтірді. Жалғыз өзім ғана қалдым, олар енді менің жанымды да алмақшы. — | |
I Ki | Kaz | 19:11 | Сонда Жаратқан Ие оған мына бұйрығын жеткізді: «Үңгірден шығып, тау басында Жаратқан Иенің алдында тұр! Сол жерден Жаратқан Ие өте шығады».Кенеттен Жаратқан Иенің алдында тауларды жарып, құздарды талқандаған алапат күшті дауыл соқты, бірақ дауыл ішінде Жаратқан Ие болмады. Одан кейін жер сілкінді, бірақ Жаратқан Ие жер сілкінісінде болған жоқ. | |
I Ki | Kaz | 19:12 | Сілкіністен кейін от болды, бірақ от ішінде Жаратқан Ие болмады. Оттан кейін жай да жұмсақ бір сыбдыр естілді. | |
I Ki | Kaz | 19:13 | Ілияс мұны естігенде, бетін шапанымен бүркеп алып, үңгірден шығып, оның кіреберісіне келіп тұрды. Сонда бір дауыс оған:— Ілияс, сен мұнда не істеп жүрсің? — деді. | |
I Ki | Kaz | 19:14 | Ілияс былай деп жауап берді:— Уа, Жаратқан Ие, Әлемді Билеуші Құдай! Мен Саған бар ынтаммен қызмет етуге құлшынып келдім. Өйткені Исраил халқы Өзіңмен жасаған Келісімнен бас тартқан. Олар Саған арналған құрбандық үстелдерін қиратып, Сенің пайғамбарларыңды семсермен өлтірді. Жалғыз өзім ғана қалдым, олар енді менің жанымды да алмақшы. — | |
I Ki | Kaz | 19:15 | Сонда Жаратқан Ие оған мына тапсырманы берді:— Келген жолыңмен кері қайтып, Дамаск жақтағы иен далаға бар! Сол жерге жеткен соң Хазаилді май жағу рәсімінен өткізіп Араманың патшасы етіп тағайында. | |
I Ki | Kaz | 19:16 | Сондай-ақ, Німши ұлы Ехуді — Исраилдің патшасы, ал Әбел-Мехоладан шыққан Шапат ұлы Елішені өзіңнің орныңа пайғамбар етіп тағайында. | |
I Ki | Kaz | 19:17 | Кім Хазаилдің семсерінен қашып құтылса, Еху соның көзін құртады, ал кім Ехудің семсерінен қашып құтылса, Еліше соның көзін құртады. | |
I Ki | Kaz | 19:18 | Алайда Мен Исраилде Өзіме жеті мың адамды аман қалдырып отырмын. Олар (Маған адал болып, жалған тәңір) Бағал алдында тізе бүкпегендер, оның тас мүсіндерін еріндерімен сүймегендер. | |
I Ki | Kaz | 19:19 | Ілияс жолға шығып, келе жатқанда Шапат ұлы Елішені он екі пар өгізбен жер жыртып жүрген жерінде кездестірді. Еліше ең соңғы он екінші парды айдап келе жатыр екен. Ілияс жақындап келіп, өз шапанын оның үстіне лақтырып жапты. | |
I Ki | Kaz | 19:20 | Сонда Еліше өгіздерін тастап, Ілиястың артынан жүгіріп жетіп, оған:— Әке-шешеммен сүйісіп қоштасып келуге рұқсат етіңізші! Содан кейін сіздің соңыңыздан еремін, — деді. Ілияс:— Жарайды, барып кел! Өзіңе не істегенімді есіңнен шығарма! — деп ескертті. | |
Chapter 20
I Ki | Kaz | 20:1 | Сол кездері Арама елінің патшасы Бен-Хадад күллі әскерін жинап алды. Онымен бірге өзіне қарасты тағы отыз екі патша өздерінің салт аттылары және соғыс күймелерімен қоса аттанды. Барлығы өрлеп барып, Самария қаласын қоршап алып, оған шабуыл жасамақ болды. | |
I Ki | Kaz | 20:2 | Бен-Хадад сол қалада орналасқан Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа елшілерін жіберіп, оған былай деп сәлем жолдады:— Бен-Хадад мынаны айтады: | |
I Ki | Kaz | 20:4 | Солтүстік Исраилдің патшасы жауап беріп былай деді:— Уа, патша ием, айтқаныңызға құлдық. Өзім де, мендегінің бәрі де сіздікі! | |
I Ki | Kaz | 20:5 | Бен-Хададтың елшілері Ахабқа қайтадан келіп, былай деді:— Бен-Хадад мынаны айтады: Мен сенен алтын-күмісіңді, әйелдерің мен балаларыңды өзіме талап етіп елшілерімді жіберген болатынмын. | |
I Ki | Kaz | 20:6 | Ендеше ертең шамамен осы уақытта нөкерлерімді жіберемін. Олар сенің сарайыңды, нөкерлеріңнің үйлерін тінтіп, сен үшін құнды нәрселердің барлығын да алып кететін болады! | |
I Ki | Kaz | 20:7 | Солтүстік Исраилдің патшасы елдің ақсақалдарын шақырып алып, оларға:— Мына адамның қалай шатақ шығарғысы келіп отырғанын өздерің де көріп отырсыңдар. Әйел, бала-шағамды, алтын-күмісімді талап етіп келіп еді. Мен онысына қарсы шықпадым, — деді. | |
I Ki | Kaz | 20:8 | Сонда барлық ақсақалдар да, күллі халық та патшаға:— Оны тыңдамаңыз, талабымен де келіспеңіз! — деп кеңес берді. | |
I Ki | Kaz | 20:9 | Содан Ахаб патша Бен-Хададтың елшілеріне былай деп жауап берді:— Патша иеме мынаны айтыңдар: Мендей құлыңыздан алғаш рет талап еткендеріңіздің барлығын да орындаймын. Ал соңғы айтқандарыңызды істей алмаймын! — Елшілер қайтып кетіп, Бен-Хададқа осыны жеткізді. | |
I Ki | Kaz | 20:10 | Сонда Бен-Хадад мына хабарды жіберді:— Егер мен Самариядан әрбір жасақшымның алақанын толтыратындай күлді қалдыратын болсам, онда тәңірлер мені жазалаған үстіне жазалай берсін! — | |
I Ki | Kaz | 20:11 | Ал Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб оған мына мақалмен жауап берді:— Оған айтып барыңдар: Семсерін асынып жатқан емес, онысын жеңіспен шешкен мақтансын! | |
I Ki | Kaz | 20:12 | Осы хабарды естігенде Бен-Хадад шатыр ішінде одақтас патшаларымен бірге шарап ішіп отырған еді. Ол нөкерлеріне: «Шабуылға дайындалыңдар!» — деп бұйырды. Олар барып, қалаға бас салу үшін өз орындарына бекінді. | |
I Ki | Kaz | 20:13 | Сол кезде бір пайғамбар Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабтың қасына барып, оған былай деді:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол орасан зор әскерді көріп тұрсың ба? Біліп қой, Мен оларды бүгін-ақ сенің қолыңа тапсырамын. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың! — | |
I Ki | Kaz | 20:14 | Ахаб:— Мұны Ол кім арқылы іске асырмақ? — деп сұрады. Пайғамбар оған:— Жаратқан Ие мынаны айтады: аймақ әкімдеріне қарасты жас жігіттер арқылы, — деп жауап берді. Ахаб қайтадан:— Ал шайқасты кім бастайды? — деп сұрағанда, пайғамбар:— Сіз өзіңіз, — деді. | |
I Ki | Kaz | 20:15 | Сонда патша аймақ әкімдерінің қарауындағы жас жігіттерді шақырып алды. Олар екі жүз отыз екі адам екен. Содан кейін бүкіл исраилдік жасақты түгендеп санағанда, олар жеті мың болды. | |
I Ki | Kaz | 20:16 | Бұлар түс кезінде соғысуға аттанып шықты. Сол уақытта Бен-Хадад өзімен одақтасқан отыз екі патшамен бірге шатыр ішінде ішіп, мас болып отырды. | |
I Ki | Kaz | 20:17 | Ең алдымен қаладан аймақ әкімдеріне қарасты жас жігіттер бастап шықты. Бен-Хадад жіберген барлаушылар оларды байқап, оған:— Самариядан адамдар шықты, — деп мәлімдеді. | |
I Ki | Kaz | 20:18 | Сонда ол:— Олар не бітім жасау үшін, не соғысу үшін шықса да, бәрібір оларды тірідей қолға түсіріңдер! — деген әмір берді. | |
I Ki | Kaz | 20:19 | Осы аралықта аймақ әкімдерінің жас жігіттері және соңдарынан ілескен Исраил жасағы қаладан аттанып шығып, | |
I Ki | Kaz | 20:20 | олардың әрқайсысы өзіне қарсы тап болған жаудың адамын күйретіп өлтірді. Сонда арамалықтар бас сауғалап қашып, исраилдіктер олардың артынан қуа жөнелді. Арама патшасы Бен-Хадад атқа мініп, біраз салт аттылармен бірге қашып кетті. | |
I Ki | Kaz | 20:21 | Енді Исраилдің патшасы да қаладан аттанып шығып, жаудың аттары мен күймелерін қиратып, арамалықтарды қатты қырғынға ұшыратты. | |
I Ki | Kaz | 20:22 | Бұдан кейін пайғамбар қайтадан Солтүстік Исраил патшасының қасына барып, былай деді: «Ал енді, бекінісіңізді нығайтып, тағы не істеу керектігін ойластырып көріңіз! Себебі келесі жылғы көктемде Арама патшасы қайтадан сізге қарсы шабуылға аттанып келеді». | |
I Ki | Kaz | 20:23 | Осы кезде Арама патшасының нөкерлері оған былай деп ақыл-кеңес берді: «Солардың тәңірлері — тау-төбенің тәңірлері. Сол себепті олар бізден күшті болды. Ал егер олармен жазық далада шайқассақ, біз міндетті түрде олардан басым боламыз. | |
I Ki | Kaz | 20:24 | Енді былай істеңіз: қол астыңыздағы патшаларды әскери шендерінен босатып, орындарына қолбасшыларды тағайындап қойыңыз. | |
I Ki | Kaz | 20:25 | Құрып кеткен әскеріңіз сияқты жаңа бір әскерді қайтадан түгендеп жинап алыңыз, оның салт аттылары мен соғыс күймелерінің саны да бұрынғысымен бірдей болсын. Содан кейін біз олармен жазық далада шайқасып, олардан міндетті түрде басым боламыз!» — Бен-Хадад патша нөкерлерінің айтқандарына құлақ асып, солай істеді де. | |
I Ki | Kaz | 20:26 | Келесі жылғы көктемде Бен-Хадад арамалықтардың жасақшыларын түгендеп жинап, Исраилмен соғыспаққа Әфек қаласына қарай өрлей аттанды. | |
I Ki | Kaz | 20:27 | Исраилдіктер де түгенделіп жиналып, жабдықталған соң, оларға қарсы аттанды. Исраилдіктердің тіккен қостары жайылып жүрген шағын екі отар ешкіге ұқсап тұрды, ал арамалықтардың қалың қолы жер бетін түгелдей жауып кетті. | |
I Ki | Kaz | 20:28 | Сонда Құдайдың бір пайғамбары Солтүстік Исраил патшасының қасына барып, былай деді: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Арамалықтар «Жаратқан Ие — алқаптардың емес, тек тау-төбенің ғана тәңірі» деп айтқандықтан, Мен осы орасан зор әскерді түгелдей сенің қолыңа тапсырамын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар!» | |
I Ki | Kaz | 20:29 | Екі әскер осылай бір-біріне қарсы жеті күн бойы қос тігіп тұрды. Ал жетінші күні шайқас басталып, исраилдіктер бір күннің ішінде арамалықтардың жүз мың жаяу әскерін жойды. | |
I Ki | Kaz | 20:30 | Аман қалғандары Әфек қаласына қашып барды. Алайда қала қабырғасы олардың үстіне құлап, сол жерде тағы жиырма жеті мыңы қаза тапты. Бен-Хадад та қалаға бас сауғалап қашып барып, сол жердегі бір ішкі бөлмеге кіріп, тығылып қалды. | |
I Ki | Kaz | 20:31 | Ал нөкерлері оған: «Біздің естуімізше Исраил патшалары мейірімді екен. Біз азалы киім киіп, мойнымызға арқан салып алып, Исраил патшасының алдына барайық. Соған рұқсат берсеңіз екен. Мүмкін, ол жаныңызды сақтап қалар!» — деді. | |
I Ki | Kaz | 20:32 | Содан олар үстеріне азалы киім киіп, мойындарына арқан салып алып, Солтүстік Исраил патшасының алдына барып, былай деді:— Сіздің құлыңыз Бен-Хадад: «Өтінемін, жанымды сақтап қалсаңыз екен» дейді. — Ахаб патша оларға:— Ол әлі тірі ме еді? Өзі менің ағайыным ғой! — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 20:33 | Сонда бұл сөзді жақсылыққа жорыған олар онысына жармаса кетіп:— Әрине, Бен-Хадад — сіздің ағайыныңыз, — деді. Патша оларға:— Ендеше барып, оны осында алып келіңдер! — деп тапсырды. Бен-Хадад тығылған жерінен шығып келгенде, патша оны өз күймесіне отырғызып алды. | |
I Ki | Kaz | 20:34 | Сонда Бен-Хадад Ахабқа былай деп ұсынды:— Әкем сіздің әкеңізден тартып алған қалаларды мен қайтарып беремін және әкемнің сіздің қалаңыз Самарияда базар ашқанындай, сіз де менің қалам Дамаскіде базар ашыңыз! — Ахаб оған:— Мұндай келісіммен сізге бостандық беремін, — деді. Екеуі осылайша келісім жасасқаннан кейін, Ахаб Бен-Хададты еліне қайтарып жіберді. | |
I Ki | Kaz | 20:35 | Сол кезде пайғамбарлар шәкірттерінің біреуі Жаратқан Иенің сөзі бойынша қасындағы серігіне: «Мені ұрып-соқ!» — деп бұйырды. Бірақ серігі ұрудан бас тартты. | |
I Ki | Kaz | 20:36 | Сонда әлгі пайғамбар: «Жаратқан Иенің айтқан сөзіне құлақ аспағаның үшін менен шыққанда саған арыстан бас салады», — деді. Оның серігі кетіп бара жатқанда-ақ бір арыстан оған тап беріп, өлтіріп тастады. | |
I Ki | Kaz | 20:37 | Пайғамбар басқа біреуді тауып алып, оған: «Мені ұрып-соқшы!» — деді. Сол адам оны ұрып-соғып, жарақаттады. | |
I Ki | Kaz | 20:38 | Мұнан кейін пайғамбар ешкім танымастай етіп көзін бір ораумен таңып алды да, жол бойына барып, Ахаб патшаны тосып тұрды. | |
I Ki | Kaz | 20:39 | Ақыры патша өтіп бара жатқанда, пайғамбар оған айқайлап, былай деді:— Уа, тақсыр ие, алдыңыздағы құлыңыз шайқасқа қатысқан еді. Сонда бір адам маған қолға түскен жауды тапсырып: «Мынаны күзете тұр! Егер ол қашып кетсе, оның жаны үшін сенің жаның алынады немесе ат басындай күміс айып төлейсің!» деген болатын. | |
I Ki | Kaz | 20:40 | Сонда ананы-мынаны істеп жүріп, қолым босамай кеткенде, тұтқын жоқ болып кетті! — Патша оған:— Үкімің сол болсын! Оны сен өз аузыңмен айттың, — деген тұжырымын айтты. | |
I Ki | Kaz | 20:41 | Ахаб патша осыны айтқанда, пайғамбар дереу көзіндегі орауын алып тастады. Сонда патша оның пайғамбарлардың біреуі екенін таныды. | |
I Ki | Kaz | 20:42 | Пайғамбар оған:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен міндетті түрде құртуға бұйырған адамды сен өз қолыңмен босатып жібергеніңе бола оның жаны үшін сенің жаның алынады, әрі оның халқы үшін сенің халқың қырылады! — деді. | |
Chapter 21
I Ki | Kaz | 21:1 | Бұлардан кейін ізрелдік Набутай деген кісінің жүзімдігіне байланысты мына оқиға болды. Осы жүзімдік Самарияның патшасы Ахабтың Ізрел қаласындағы сарайының жанында орналасқан еді. | |
I Ki | Kaz | 21:2 | Ахаб Набутайға:— Жүзімдігің менің сарайымның қасында екен. Оны маған бере сал, сонда көкөніс өсірейін. Ал оның орнына мен саған одан әлдеқайда артық бір жүзімдікті берейін, не болмаса құнын күміспен төлейін! — деді. | |
I Ki | Kaz | 21:3 | Бірақ Набутай оған:— Бұл жүзімдік — ата-бабаларымнан қалған мұралық үлесім. Оны сізге сатудан Жаратқан Иенің Өзі сақтасын! — деп жауап қайтарды. | |
I Ki | Kaz | 21:4 | Ізрелдік Набутайдың «Ата-бабаларымнан қалған мұраны сізге бермеймін!» деген жауабына Ахаб қапаланып, түнере ашуланған күйі сарайына қайтты. Сонда ол төсегіне жатып, бетін басқа жаққа бұрып, нәр татпады. | |
I Ki | Kaz | 21:5 | Әйелі Езабел Ахабтың бөлмесіне кіріп:— Тіпті тамақтан бас тартатындай неге көңіліңіз түсіп қапаланып отырсыз? — деп сұрады. | |
I Ki | Kaz | 21:6 | Ахаб былай деп жауап қатты:— Мен ізрелдік Набутайға: «Жүзімдігіңді маған күміске сатшы, немесе оның орнына басқа жүзімдік берейін» деп едім. Бірақ ол: «Мен сізге жүзімдігімді бермеймін!» деп бас тартты. — | |
I Ki | Kaz | 21:7 | Сонда Езабел:— Сен енді осындай әрекетіңмен Исраилге патшалық құрасың ба?! Орныңнан тұрып, тамақ же! Ол туралы уайымдамай-ақ қой! Ізрелдік Набутайдың жүзімдігін мен-ақ қолыңа тапсырамын, — деді. | |
I Ki | Kaz | 21:8 | Езабел Ахабтың атынан бірнеше хат жаздырды да, оларды патшаның мөрімен бекіттіріп, Набутайдың тұрып жатқан қаласының ақсақалдары мен басқа да жетекшілеріне жібертті. | |
I Ki | Kaz | 21:9 | Сол хаттарда ол былай деп бұйырды: «Ораза тұту күнін жариялап, жиналыңдар! Сонда Набутайды төрге отырғызыңдар! | |
I Ki | Kaz | 21:10 | Оған қарама-қарсы екі арсыз адамды отырғызып, олар Набутайды: «Сен Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айттың!» деп айыптасын. Содан оны қаладан шығарып, таспен атқылап өлтіріңдер!» | |
I Ki | Kaz | 21:11 | Ізрел қаласының ақсақалдары мен атақты байлары Езабелдің хатында бұйырғанын бұлжытпай орындады. | |
I Ki | Kaz | 21:13 | Екі арсыз адам да келіп, оның қарсы алдына отырды. Сол екеуі халықтың алдында: «Набутай Құдай мен патшаға қарсы қарғыс айтты!» — деп жалған куәлік келтіріп, кінә тақты. Содан халық Набутайды қаланың сыртына алып шығып, таспен атқылап өлтірді. | |
I Ki | Kaz | 21:14 | Мұнан кейін ақсақалдар Езабелге «Набутай таспен атқыланып өлтірілді» деген хабар жіберді. | |
I Ki | Kaz | 21:15 | Езабел оның осылай өлтірілгенін естігеннен кейін, Ахабқа: «Бар да, ізрелдік Набутайдың саған күміске сатудан бас тартқан жүзімдігін иемденіп ал. Өйткені Набутай жоқ, өліп қалыпты ғой», — деді. | |
I Ki | Kaz | 21:16 | Ізрелдік Набутайдың өлгенін естігенде, Ахаб орнынан тұрып, оның жүзімдігін иемденіп алмақ болып сонда барды. | |
I Ki | Kaz | 21:18 | «Жиналып, Самарияда тұрып жатқан Исраил патшасы Ахабқа бар! Дәл қазір ол Набутайдың жүзімдігін иемденіп алу үшін сонда ылдилап барды. | |
I Ki | Kaz | 21:19 | Оған Менің атымнан былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Кісі өлтіріп, енді оның мұралық жер үлесін тартып алмақсың ба?! Оған тағы мына сөзді айт: Набутайдың қанын жалаған орында иттер сенің де қаныңды жалайтын болады!» | |
I Ki | Kaz | 21:20 | Ал Ахаб Ілиясқа тіл қатып:— Таптың ба мені, жауым! — деді. Сонда пайғамбар былай деп жауап қайырды:— Сізді таптым, себебі Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге толықтай сатылғансыз! | |
I Ki | Kaz | 21:21 | Сол себепті Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: «Саған жамандық жіберіп, сені түп-тамырыңмен құртамын. Ахабтың әулетіне жататын азат болсын, басыбайлы болсын, барлық еркек кіндіктілерді жоямын! | |
I Ki | Kaz | 21:22 | Сенің әулетіңді Набат ұлы Еробоғамның әулетіндей әрі Ахиях ұлы Бағасаның әулетіндей етіп құртамын! Себебі сен Мені қаһарландырып, Исраилді күнәға батырдың». | |
I Ki | Kaz | 21:23 | Ал Езабел туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Ізрел қамалының маңында иттер Езабелдің тәнін жалмайды! | |
I Ki | Kaz | 21:24 | Ахабтың әулетіне жататын адам қалада өлсе, оны иттер жалмайды, далада өлсе, жыртқыш құстар шоқиды!» | |
I Ki | Kaz | 21:25 | Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге соншама берілген Ахаб сияқты ешкім де бұған дейін болмады. Оның әйелі Езабел осыған түрткі салып отырды. | |
I Ki | Kaz | 21:26 | Ахаб жалған тәңірлердің мүсіндеріне табынып өте жеркенішті қылық жасап жүрді. Осылай ол Жаратқан Ие баяғыда исраилдіктердің алдынан қуып жіберген аморлықтардың зұлым істеріне еліктеді. | |
I Ki | Kaz | 21:27 | Ахаб патша (Жаратқан Иенің пайғамбар арқылы жеткізген) осы сөздерін естігенде, көйлегінің өңірін айыра жыртып, жалаңаш тәніне азалы киім киіп, тамақ татпады. Ол тіпті азалы киімімен ұйықтап, қатты қайғырып жүрді. | |
Chapter 22
I Ki | Kaz | 22:2 | Үшінші жылы Яһуда елінің патшасы Жосапат сапарға шығып, Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа қонаққа келді. | |
I Ki | Kaz | 22:3 | Ал Ахаб өзінің уәзірлерінен: «Ғилақадтағы Рамот қаласы біздікі болғанымен, оны Арама патшасының қолынан қайтарып алуға неге еш нәрсе істеп келген жоқпыз?» — деп сұраған болатын. | |
I Ki | Kaz | 22:4 | Енді Ахаб Жосапатқа:— Менімен бірге Ғилақадтағы Рамот қаласы үшін соғысуға аттанасыз ба? — деген сауал қойды. Жосапат Ахабқа:— Өзім де, халқым да, атты әскерім де сіздің құзырыңыздамыз! — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 22:5 | Мұнан кейін ол: — Алдымен Жаратқан Иенің осыған айтатын сөзін біліп алсаңыз екен, — деп қосты. | |
I Ki | Kaz | 22:6 | Сонда Ахаб патша пайғамбарларды: шамамен төрт жүз адамды жинап алып, оларға мына сұрақты қойды:— Ғилақадтағы Рамот қаласы үшін шайқасуға аттануым қажет пе? Әлде содан бас тартайын ба? — Барлығы:— Өрлеп аттаныңыз! Иеміз оны патшаның қолына тапсырып отыр, — деді. | |
I Ki | Kaz | 22:7 | Ал Жосапат:— Бұл жерде әлі де Жаратқан Иенің бір пайғамбары жоқ па екен? Сол арқылы Жаратқан Иенің еркін сұрап біліп алайық, — деп қоймады. | |
I Ki | Kaz | 22:8 | Ахаб:— Жаратқан Иенің еркін сұрап білуге болатын әлі де бір адам бар, Имелах ұлы Миқая. Бірақ оны жек көремін, себебі ол мен туралы әрдайым жақсы емес, тек жағымсыз пайғамбарлық сөздерді ғана айтады, — деп жауап қайырды. Ал Жосапат былай деп өтінді:— О, патша, былай дей көрмеңіз. (Соның да не айтарын тыңдап көрейікші.) | |
I Ki | Kaz | 22:9 | Содан Солтүстік Исраилдің патшасы бір нөкерін шақырып алып, оған: «Имелах ұлы Миқаяны тез алып кел!» — деп бұйырды. | |
I Ki | Kaz | 22:10 | Осы сәтте Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб және Яһуда елінің патшасы Жосапат патшалық киімдерін киіп, Самария қаласының қақпасының жанындағы ашық алаңда орналасқан екі тақта отырған еді. Әлгі пайғамбарлардың барлығы екеуінің алдында ерекше күйге түсіп, не болатыны туралы сәуегейлік айтып жатты. | |
I Ki | Kaz | 22:11 | Хенаған ұлы Седекиях өзіне темірден екі мүйіз жасап алып:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Осы мүйіздер сияқты зор күшпен арамалықтарды сүзіп, біржола құртасың! — деп пайғамбарлық сөз айтқансыды. | |
I Ki | Kaz | 22:12 | Басқа пайғамбарлардың барлығы да дәл солай:— Ғилақадтағы Рамотқа өрлеп барып, жеңіске жетіңіз! Жаратқан Ие оны патшаның қолына тапсырып отыр, — деп пайғамбарлық сөз айтқансып жатты. | |
I Ki | Kaz | 22:13 | Миқаяны шақыруға барған нөкер оған былай деп бұйырды:— Тыңда, пайғамбарлардың бәрі бірауыздан патшаға жағымды сөз айтуда. Сенің сөзің де солардікіндей болса екен! Сен де жағымды жайтты болжамдарсың! — | |
I Ki | Kaz | 22:14 | Бірақ Миқая:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: Жаратқан Ие маған нені білдірсе, тек соны ғана айтып беремін! — деп ант етті. | |
I Ki | Kaz | 22:15 | Миқая пайғамбар патшаның алдына келгенде, патша оған:— Миқая, біздің Ғилақадтағы Рамот қаласы үшін шайқасуымыз қажет пе? Әлде содан бас тартайық па? — деген сауал қойды. Миқая (сықақтап) былай деп жауап берді:— Өрлеп аттаныңыз, жеңіске жетесіз! Жаратқан Ие қаланы патшаның қолына түсіреді! — | |
I Ki | Kaz | 22:16 | Ал Ахаб патша оған:— Жаратқан Иенің атынан тек шындықты ғана айт деп саған қанша рет бұйыруға тиіспін? — деп ескертті. | |
I Ki | Kaz | 22:17 | Сонда Миқая былай деді:— Мен (бір көріністе) бүкіл Исраилдің бағушысы жоқ қойлар сияқты қыраттарда бытырап жүргенін аянда көрдім. Сонда Жаратқан Ие мынаны айтты: Бұлардың қожайыны жоқ екен. Дұрысы, барлығы үйлеріне тыныштықпен қайтсын! | |
I Ki | Kaz | 22:18 | Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб Жосапатқа: «Ол мен туралы әрдайым жақсы емес, тек жағымсыз пайғамбарлық сөздерді ғана айтады демеп пе едім?!» — деп налыды. | |
I Ki | Kaz | 22:19 | Ал Миқая сөзін жалғастырып былай деді:— Сондықтан Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңыз! Мен Өзінің тағында отырған Жаратқан Иенің аянын көрдім. Көктегілердің бүкіл тобы Оның оң және сол жақтарында тұрды. | |
I Ki | Kaz | 22:20 | Сонда Жаратқан Ие: «Ахабты Ғилақадтағы Рамотқа өрлеп аттанып, сол жерде қаза табуға қайсың сендіресіңдер?» деген сауал қойды. Біреуі ананы, біреуі мынаны айтты. | |
I Ki | Kaz | 22:21 | Ақыры бір рух ортаға шыға келді де, Жаратқан Иенің алдында тұра қалып: «Оны мен сендіремін» деп ұсынды. Жаратқан Ие одан: «Соны қалай істемексің?» деп сұрағанда, | |
I Ki | Kaz | 22:22 | рух: «Мен сол жерге барып, Ахабтың барлық пайғамбарларының аузындағы өтірік хабар айтқызатын рух боламын!» деп жауап берді. Сонда Жаратқан Ие: «Сен оны сендіріп, табысты боласың. Бар да солай істе!» деп шешті. | |
I Ki | Kaz | 22:23 | Ал енді, міне, қараңыз: Жаратқан Ие мына барлық пайғамбарларыңыздың ауыздарына өтірік хабар айтқызатын рухты салып қойған. Себебі Жаратқан Ие сіздің басыңызға пәле түсетінін алдын ала кесіп қойды! | |
I Ki | Kaz | 22:24 | Сол сәтте Хенаған ұлы Седекиях Миқаяның қасына барып, оны бетінен шапалақпен тартып жіберіп:— Жаратқан Иенің Рухы сен арқылы сөйлеу үшін менен қалай ғана шығып кетті екен, ә?! — деп сөкті. | |
I Ki | Kaz | 22:25 | Миқая оған:— Соны ішкі бөлмеге кіріп, тығылған күніңде білетін боласың! — деп жауап берді. | |
I Ki | Kaz | 22:26 | Ал Ахаб патша былай деп әмір етті:— Миқаяны ұстаңдар! Оны қала әкімі Амонға және патшазада Жоғасқа қайтарып алып барыңдар! | |
I Ki | Kaz | 22:27 | Оларға былай деңдер: «Патшаның бұйрығы мынау: Осы адамды түрмеге жабыңдар! Мен аман-есен қайтып келгенше, оған біразырақ нан мен су ғана беріңдер!» — | |
I Ki | Kaz | 22:28 | Сонда Миқая оны сақтандырып:— Егер де шынымен аман-есен қайтып келсеңіз, онда Жаратқан Иенің мен арқылы сөйлемегені! Айтқандарыма құлақ түріңдер, уа, барлық халықтар! — деді. | |
I Ki | Kaz | 22:29 | Сонда да Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб пен Яһуда елінің патшасы Жосапат әскерлерін ертіп Ғилақадтың таулы аймағындағы Рамот қаласына өрлеп аттанды. | |
I Ki | Kaz | 22:30 | Ахаб Жосапатқа: «Мен шайқасқа патшалық киімдерімді кимей-ақ шығайын, ал сіз киіп шығыңыз», — деп ұсынған еді. Содан Ахаб патша өзін ешкім танып қоймасын деп киімін өзгертіп, шайқасқа шықты. | |
I Ki | Kaz | 22:31 | Арама патшасы өзінің соғыс күймелерін басқаратын отыз екі басшысына: «Не жасақшылардың біреуімен, не қайсыбір басшымен емес, тек Солтүстік Исраилдің патшасының өзімен ғана шайқасып, соның көзін құртыңдар!» — деп бұйырып қойған болатын. | |
I Ki | Kaz | 22:32 | Сол себепті соғыс күймелерін жүргізушілер (патшалық киімдерін киген) Жосапатты көргенде, «Бұл әрине Солтүстік Исраилдің патшасы!» — деп айқай салды. Содан олар оған қарай бұрылып, бас салды. Ал Жосапат (өз ұранын) айқайлап жіберді. | |
I Ki | Kaz | 22:33 | Сонда соғыс күймелерін жүргізушілер оның Солтүстік Исраилдің патшасы емес екенін аңғарып, одан кері бұрылып, жібере салды. | |
I Ki | Kaz | 22:34 | Ал бір жасақшы садағын кездейсоқ ата салғанда, жебесі Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа дәл тиіп, оның сауытының қосылған жеріне қадалды. Ахаб өзінің күймесін жүргізушіге бұйырып: «Күймені бұр да, мені шайқастан алып шық! Жараланып қалдым», — деді. | |
I Ki | Kaz | 22:35 | Күні бойы қатты ұрыс болып, Ахаб патша арамалықтарға қарама-қарсы өз күймесінің ішінде тік тұрғызылған қалпы қала берді. Қансыраған патша кешке қарай өлді. Жарақатынан аққан қаны күйменің түбін толтырды. | |
I Ki | Kaz | 22:36 | Күн батқанда Исраилдің бүкіл әскер қосы бойынша мына айқай таралды: «Әркім өз қаласына! Өз жерімізге қайтайық! | |
I Ki | Kaz | 22:38 | Патшаның соғыс күймесі Самарияның тоғанында жуылды. Сонда оның аққан қанын иттер жалады. Жаратқан Ие солай болады деп алдын ала айтқан болатын. Сол тоған әдетте жеңіл жүрісті әйелдер жуынатын жер болатын. | |
I Ki | Kaz | 22:39 | Ахабтың қалған іс-әрекеттерінің барлығы, оның піл сүйегімен қапталған сарайы және бекітіп нығайтқан күллі қалалары туралы «Исраил патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 22:40 | Сонымен Ахаб көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді. Оның ұлы Охозиях орнын басып патша болды. | |
I Ki | Kaz | 22:41 | Солтүстік Исраилге Ахаб патшалық құрған төртінші жылы Аса ұлы Жосапат Яһуда елінің патшасы болды. | |
I Ki | Kaz | 22:42 | Сол кезде Жосапаттың жасы отыз бесте еді. Ол Иерусалимде жиырма бес жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні Сілхи қызы Азуба болатын. | |
I Ki | Kaz | 22:43 | Жосапат барлық жағынан әкесі Асаның жолымен жүріп, одан еш таймай, Жаратқан Иеге ұнамды әділ істер істеді. Алайда оның заманында биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылмай қала берді. Халық әлі де соларда құрбандықтар шалып өртеп, хош иісті заттарды түтетулерін жалғастырды. | |
I Ki | Kaz | 22:44 | Сонымен қатар Жосапат (Жаратқан Иенің жолынан тайған) Солтүстік Исраилдің патшасымен бейбітшілік келісімін жасап, одақтасты. | |
I Ki | Kaz | 22:45 | Жосапаттың қалған іс-әрекеттерінің барлығы, оның көрсеткен қажыр-қайраты мен жүргізген соғыстары туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. | |
I Ki | Kaz | 22:46 | Әкесі Асаның заманынан бері жалған тәңірлердің табыну орындарында азғындықпен айналысқан еркектердің кейбіреулері әлі де елде қалып отырған еді. Жосапат патша соларды құртып, жоқ қылды. | |
I Ki | Kaz | 22:47 | Сол кездері Едомда патша болмайтын, елді Яһуда патшасы тағайындаған аймақ әкімі басқаратын. | |
I Ki | Kaz | 22:48 | Жосапат патша алысқа жүзіп бара алатын үлкен сауда кемелерін жасатып, Опыр елінен алтын алып келуге жіберген еді. Бірақ сол кемелері алысқа ұзамай, сапарға шықкан Есион-Гәбер кемежайының маңында апатқа ұшырады. | |
I Ki | Kaz | 22:49 | Сонда Солтүстік Исраилдің патшасы Ахаб ұлы Охозиях Жосапатқа: «Менің қызметшілерім сіздің теңізшілеріңізбен бірге жүрсін», — деп ұсынды. Бірақ Жосапат бұған келіспеді. | |
I Ki | Kaz | 22:50 | Жосапат патша көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті түп атасы Дәуіттің шаһарында қабірге қойылды. Оның ұлы Жорам әкесінің орнын басып патша болды. | |
I Ki | Kaz | 22:51 | Яһудаға Жосапат патшалық құрған он жетінші жылы Ахаб ұлы Охозиях Самарияда Солтүстік Исраилдің патшасы болып, елді екі жыл басқарды. | |
I Ki | Kaz | 22:52 | Охозиях Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, әке-шешесінің азғын жолымен және кезінде Исраил халқын еліктіріп күнәға батырған Набат ұлы Еробоғамның теріс жолымен жүрді. | |