Chapter 1
Mark | Kaz | 1:1 | Мұнда Иса Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы туралы Ізгі хабардың бастамасы жайында баяндама берілген. | |
Mark | Kaz | 1:2 | Бұл жөнінде пайғамбарлардың жазбаларында Құдайдың мына тәрізді сөздері алдын ала жазылған: Біліп ал, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, ол жүретін жолыңды дайындап қояды. | |
Mark | Kaz | 1:3 | Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар! Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар! | |
Mark | Kaz | 1:4 | Осы сөздерге сай, Жақия пайғамбар (Иордан алқабындағы) иен далада пайда болып, кездестірген адамдарына былай деп уағыз айтты: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Соның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». | |
Mark | Kaz | 1:5 | Содан бүкіл Яһудея аймағы мен Иерусалим қаласынан адамдар Жақияға ағылып келіп жатты. Олар күнәларын мойындаған соң, Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. | |
Mark | Kaz | 1:6 | Жақия түйе жүнінен шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүретін, әрі шегірткелерді және жабайы араның балын жеп тамақтанатын. | |
Mark | Kaz | 1:7 | Жақия былай деп те уағыз айтты: «Менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр! Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. | |
Mark | Kaz | 1:8 | Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіздім, ал Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына шомылдырады». | |
Mark | Kaz | 1:9 | Сол күндері Ғалилея аймағындағы Назарет қаласынан Иса осы жерге келді. Жақия Оны Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. | |
Mark | Kaz | 1:10 | Иса судан шыққан бойда көктің ашылып, Киелі Рухтың көгершін сияқты Өзінің үстіне қонғанын көрді. | |
Mark | Kaz | 1:11 | Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толықтай ризамын!» — деген дауыс шықты. | |
Mark | Kaz | 1:13 | Жабайы аңдар мекендейтін сол жерде Иса қырық күн болып, әзәзіл шайтан Оны сынақтан өткізді. Содан кейін періштелер Исаға қызмет көрсетті. | |
Mark | Kaz | 1:14 | Жақия пайғамбар тұтқындалғаннан кейін, Иса Ғалилея аймағына барды. Сонда Ол Құдайдың Ізгі хабарын жариялап былай деді: | |
Mark | Kaz | 1:15 | «Енді уақыт жетіп, Құдайдың Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды! Теріс жолдан қайтып, Құдайдың жолына түсіп, Ізгі хабарға сеніңдер!» | |
Mark | Kaz | 1:16 | Бірде Иса Ғалилея көлінің жағасымен келе жатып, Шимонды және оның інісі Әндірді көрді. Балық аулап күнелтіп жүрген олар көлге ау салып жатты. | |
Mark | Kaz | 1:17 | Иса оларға тіл қатып: «Соңымнан еріңдер! Мен сендерді балық аулағандарың сияқты, бұдан былай адамдарды жинап әкелетін етемін», — деді. | |
Mark | Kaz | 1:19 | Иса тағы біразырақ жүргеннен кейін, Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханды көрді. Екеуі қайықта ауларын жамап отыр екен. | |
Mark | Kaz | 1:20 | Иса оларды да бірден Өзіне шақырды. Екеуі әкелері Зебедейді жұмысшыларымен бірге қайықта қалдырып, Исаға шәкірт болып ерді. | |
Mark | Kaz | 1:21 | Иса шәкірттерімен бірге Қапарнаум қаласына барды. Келесі демалыс күні Иса мәжілісханаға барып, жұртқа тәлім бере бастады. | |
Mark | Kaz | 1:22 | Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен тағылым берді. | |
Mark | Kaz | 1:24 | — Назареттік Иса, бізде нең бар? Бізді құртуға келдің ғой! Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің! — деп айқайлады. | |
Mark | Kaz | 1:27 | Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл немене? Не қылған жаңа ілім? Ол тіпті жындарға билікпен бұйрық беріп, олар Оған бағынады ғой!» — деп өзара сұрасып, таңғалысты. | |
Mark | Kaz | 1:29 | Көп ұзамай Иса мәжілісханадан шығып, Жақып, Жоханмен бірге Шимон мен Әндірдің үйіне барды. | |
Mark | Kaz | 1:30 | Шимонның қайын енесі безгекпен ауырып, төсек тартып жатыр екен. Үйдегілер бірден бұл туралы Исаға айтып берді. | |
Mark | Kaz | 1:31 | Иса әйелдің қасына барып, оны қолынан ұстап орнынан тұрғызды. Сол сәтте-ақ қызуы басылып сауығып кетті! Әйел оларды күтіп қызмет ете бастады. | |
Mark | Kaz | 1:34 | Иса алуан түрлі аурулармен азап шеккен талай науқастарды сауықтырып, көптеген жындарды қуып шығарды. Өзінің Мәсіх екенін жындар білгендіктен, Иса оларды сөйлетпей тастады. | |
Mark | Kaz | 1:38 | Ал Иса оларға:— Жақын маңайдағы ауылдар мен қалаларға барайық! Сол жерлерде де Ізгі хабарды уағыздамақпын. Себебі Мен сол үшін осы дүниеге келдім, — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 1:39 | Бұдан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймағын аралап жүріп, мәжілісханаларында уағыз айтты, әрі адамдардың бойындағы жындарды қуып шығарды. | |
Mark | Kaz | 1:40 | Бірде алапеспен ауырған бір кісі Исаның қасына келді. Сол адам тізе бүгіп тағзым етіп Исадан:— Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. | |
Mark | Kaz | 1:41 | Оған жаны ашыған Иса қолын созып, денесіне тигізді де:— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. | |
Mark | Kaz | 1:44 | «Байқа, бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса пайғамбар бұйырған тазару рәсіміне арналған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады». | |
Chapter 2
Mark | Kaz | 2:1 | Бірнеше күннен кейін Иса Қапарнаумға қайта оралды. Жұрт Оның сол қаладағы бір үйде екенін естіп-білді. | |
Mark | Kaz | 2:2 | Содан адамдар сол жерге көптеп жиналып, тіпті есік алдында тұратын орын да қалмады. Иса оларға Ізгі хабарды жариялады. | |
Mark | Kaz | 2:4 | Бірақ халықтың көптігінен олар Оған жақындай алмады; сондықтан үйдің сыртқы сатысымен жоғары көтеріліп, жалпақ төбесін ашты. Содан олар аурудың жатқан төсенішін арқанмен байлап, оны төменге Исаның алдына түсірді. | |
Mark | Kaz | 2:7 | «Бұл Кісі неге солай деп Құдайды қорлап тұр? Жалғыз Құдайдан басқа кім күнәларды кешіре алады?» — деп ойланып қалды. | |
Mark | Kaz | 2:9 | Сал адамға қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап алып, жүре бер!» деу ме? | |
Mark | Kaz | 2:10 | Ал көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,.. — деді де, сал адамға қарап: | |
Mark | Kaz | 2:12 | Ауру адам сол сәтте-ақ сауығып, орнынан тұрды да, төсенішін жинап алып, бәрінің көзінше шығып кетті! Барша жұрт таңғалысып: «Біз ешқашан да мұндайды көрген емеспіз!» — деп, Құдайға мақтау айтты. | |
Mark | Kaz | 2:13 | Иса сыртқа шығып, тағы да көл жағасына барды. Күллі халық қасына жиналып, Иса оларға тәлім берді. | |
Mark | Kaz | 2:14 | Сол жерден кетіп бара жатып, Ол салық кеңсесінің қасында отырған Әлпей ұлы Леуіні көрді. Оны: «Соңымнан ер!» — деп шақырды. Сонда Леуі орнынан тұрып, Исаға шәкірті болып ерді. | |
Mark | Kaz | 2:15 | Кейін Иса Леуінің үйінде дастарқан басында отырды. Исамен Өзінің шәкірттері де, көптеген салық жинаушылар мен тағы басқа күнәкарлар да дастарқандас болды. Себебі сондайлар Оған көптеп еріп жүре бастаған еді. | |
Mark | Kaz | 2:16 | Ал дін мұғалімдері мен парызшылдар Исаның салық жинаушылармен және өзге де күнәкарлармен дастарқандас болып тамақ ішіп отырғанын көргенде, Оның шәкірттеріне:— Ол неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отыр? — деп наразылық білдірді. | |
Mark | Kaz | 2:17 | Мұны естіген Иса әлгі діндарларға былай деп жауап берді:— Дәрігер дені сауға емес, ауру адамға қажет. Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім. | |
Mark | Kaz | 2:18 | Жақия пайғамбардың және парызшылдардың шәкірттері жиі ораза ұстайтын. Кейбіреулер Исаға келіп:— Жақияның және парызшылдардың шәкірттері ораза ұстайды, ал Сіздің шәкірттеріңіз неге ораза ұстамайды? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 2:19 | Иса оларға астарлап былай деп жауап берді:— Күйеу жігіт қастарында болғанда тойға келгендер ораза ұстай ала ма? Әрине, ұстай алмайды. | |
Mark | Kaz | 2:20 | Бірақ та «Күйеуді» қастарынан алып кететін күн туады; сол кезде олар ораза ұстайтын болады. | |
Mark | Kaz | 2:21 | Ескі киімді жаңа матамен жамамас. Олай етсе, жамау отырып, ескі матадан жұлынып қалады, сонда жыртық бұрынғысынан бетер үлкен болады. | |
Mark | Kaz | 2:22 | Сондай-ақ, жас шарапты ескі торсыққа құймас. Олай етсе, быршып ашыған жас шарап торсықты жарып, ағып кетеді, торсық та пайдадан қалады. Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құйған дұрыс. | |
Mark | Kaz | 2:23 | Бір демалыс күні Иса егіндік арасымен өтіп бара жатқанда, шәкірттері біраз масақ үзіп ала бастады. | |
Mark | Kaz | 2:24 | Парызшылдар Исаға:— Қараңыз, мыналар демалыс күні тыйым салынған жұмысты неге істеп жүр?! — деп наразылық білдірді. | |
Mark | Kaz | 2:25 | Иса оларға былай деп жауап қайырды:— Дәуіт пайғамбар мен оның қасындағылар мұқтаждық көріп, ашыққан кезде не істегенін оқымап па едіңдер? | |
Mark | Kaz | 2:26 | Абиятар бас діни қызметкер болған сол заманда Дәуіт Құдайдың киелі үйіне кіріп, тарту ретінде ұсынылған нанды өзі де жеп, қасындағыларға да берді емес пе? Ал заң бойынша сол күлшелерді діни қызметкерлерден басқа ешкімге де жеуге болмайды ғой. — | |
Chapter 3
Mark | Kaz | 3:1 | Иса тағы бір сенбі күні мәжілісханаға барғанда, сол жерде қолы семіп қалған бір адам да болды. | |
Mark | Kaz | 3:2 | Діншілдер Исаны айыптайтын сылтау іздеп, Ол әлгі кісіні демалыс күні болса да сауықтырар ма екен деп аңдыды. | |
Mark | Kaz | 3:4 | Сол діншілдерге Ол: «Демалыс күні қайсысын істеуге болады: жақсылықты ма әлде жамандықты ма; құтқаруды ма әлде құртуды ма?» — деген сұрақ қойды. Бірақ олар үндемеді. | |
Mark | Kaz | 3:5 | Сонда Иса айналасындағыларға ашулана қарап, жүректерінің қасарысқандығына қайғырды. Әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деді. Сол адам семіп қалған қолын созғанда, ол бұрынғы сап-сау қалпына келді. | |
Mark | Kaz | 3:6 | Ал парызшылдар болса сыртқа шығып, тездетіп Ирод әулетінің жақтастарымен бірге кеңес құрып, Исаның көзін құрту туралы ақылдасты. | |
Mark | Kaz | 3:8 | Иерусалим және Идумеядан, Иордан өзенінің арғы бетінен әрі Тир мен Сидон қалаларының маңайларынан көп халық ілесті. Исаның істегендері жайында естіген осы адамдар Оған ағылып келіп жатты. | |
Mark | Kaz | 3:9 | Қаптап келген халықтың Өзін қысып, сығыстырмауы үшін, Иса шәкірттеріне бір қайықты дайындатып қойды. | |
Mark | Kaz | 3:10 | Себебі Ол көп кісілерді сауықтырып жібергендіктен, әр түрлі дертке ұшырап қиналғандар Оған қолдарын тигізуге тырысып, жақындай түсті. | |
Mark | Kaz | 3:11 | Жын соққандар Оны көргенде, аяғына жығылып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың!» — деп айқайлады. | |
Mark | Kaz | 3:13 | Бұдан кейін Иса бір тауға көтеріліп, қалаған адамдарын Өзінің қасына шақырды. Олар таяп келгеннен кейін, | |
Mark | Kaz | 3:14 | араларынан он екісін Өзімен бірге болуға тағайындап, «елшілер» деп атады. Оларды уағыз айтуға жіберді, | |
Mark | Kaz | 3:16 | Исаның тағайындаған он екі елшісі мыналар еді: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон; | |
Mark | Kaz | 3:17 | Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан, бұл екеуіне Иса «Боанергес», яғни «Жауар күндей күркіреген жігіттер» деген қосымша ат берді; | |
Mark | Kaz | 3:20 | Мұнан соң Иса елшілерін ертіп бір үйге барды. Халық қайтадан олардың қастарына көптеп жиналғандықтан, тіпті тамақ ішуге де мұршалары болмады. | |
Mark | Kaz | 3:21 | Исаның туыстары бұны естіп: «Ақылынан адасқан шығар», — деп ойлап, Оны ұстап алуға шықты. | |
Mark | Kaz | 3:22 | Иерусалимнен келген кейбір дін мұғалімдері де Исаға:— Оның бойында жындардың әміршісі белзебүл бар! Жындарды соның күшімен қуып шығарады, — деп жала жапты. | |
Mark | Kaz | 3:23 | Ал Иса сол дін мұғалімдерін қасына шақырып алып, оларға астарлап былай деді:— Шайтан шайтанды қалайша қуып шығара алады? | |
Mark | Kaz | 3:24 | Егер бір патшалық жікке бөлініп, өзара соғысып жатса, ол берік тұра алмай, жойылып кетеді. | |
Mark | Kaz | 3:26 | Сол сияқты, егер шайтан өзіне қарсы көтеріліп, соғысса, оның да берік тұра алмай, жойылатын кезінің келгені. | |
Mark | Kaz | 3:27 | Қайта, ешкім күштінің үйіне кіріп, алдымен соның өзін байлап тастамай, дүние-мүлкін тонай алмайды. Тек күштіні жеңіп, байлап-матап тастағаннан кейін ғана оның үйін тонай алады. | |
Mark | Kaz | 3:28 | Сендерге маңызды шындықты айтайын: адам баласының жасаған барлық күнәлары мен Құдайды қорлауларының қайсысына да кешірім беруге болады. | |
Mark | Kaz | 3:29 | Бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлайтынға ешқашан кешірім болмайды, сол күнәсі оның мойнында мәңгі қалады. | |
Mark | Kaz | 3:32 | Сол кезде Исаны айналдыра көп халық отырған еді. Біреу Оған:— Сыртта шешеңіз, бауырларыңыз және қарындастарыңыз келіп, Сізді шақырып тұр, — деді. | |
Chapter 4
Mark | Kaz | 4:1 | Иса қайтадан көл жағасында тәлім бере бастады. Қасына жиналған халықтың көп болғаны сонша, Иса қайыққа мініп, көл бетінде отырды. Ал барша халық жерде, жағалауда болды. | |
Mark | Kaz | 4:4 | Ол сеуіп жүргенде, дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. | |
Mark | Kaz | 4:5 | Біраз тұқым топырағы аз тастақ жерге түседі. Топырақ жұқа болғандықтан, сол тұқымдар тез көктеп шығады. | |
Mark | Kaz | 4:7 | Тағы басқа дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Сондықтан сол дәндер де жеміс бермейді. | |
Mark | Kaz | 4:8 | Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлар көктеп шығып, қаулап өсіп, кейбіреулері отыз, басқалары алпыс, тіпті жүз еседен өнім береді. — | |
Mark | Kaz | 4:10 | Халық тарап кеткеннен кейін, төңірегіндегілер және он екі елшісі Исаға айтып берген астарлы әңгімесі туралы сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 4:11 | Иса оларға былай деп жауап берді:— Құдай өз Патшалығы туралы сырды білуді сендерге бұйырған. Бірақ сыртта қалғандарға барлығы тек астарлы әңгімелер арқылы ғана айтылады. | |
Mark | Kaz | 4:12 | Осылайша олар көріп тұрсын, алайда аңғармасын, естіп тұрсын, алайда түсінбесін. Әйтпесе олар теріс жолдарынан қайтып, күнәлары кешірілер еді. | |
Mark | Kaz | 4:13 | Содан кейін Иса тыңдаушыларына былай деді:— Бұл әңгімені түсінбей тұрсыңдар ма? Онда басқа да астарлы әңгімелердің бәрін қалай ұқпақсыңдар? | |
Mark | Kaz | 4:15 | Жол бойына түскендері мынадай жайтты бейнелейді: бірқатар адамдар Ізгі хабарды естісімен-ақ әзәзіл шайтан келіп, олардың жүректеріне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді. | |
Mark | Kaz | 4:16 | Сол секілді, тастақ жерге себілгендері мынаны көрсетеді: кейбіреулер Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, | |
Mark | Kaz | 4:17 | бірақ тамыр жаймағандықтан берік болмайды. Кейін Ізгі хабарға бола бастарына азап не қуғын түскенде, олар дереу сенімдерінен безіп кетеді. | |
Mark | Kaz | 4:18 | Тікен арасына себілген дәндер болса мынаны білдіреді: басқа адамдар Ізгі хабарды естиді, | |
Mark | Kaz | 4:19 | алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Өзге нәрселерге деген құмарлықтар да бойларына сіңеді. Сондықтан Ізгі хабар оларда ескерусіз қалып тұншығып, өнім бермейді. | |
Mark | Kaz | 4:20 | Ал құнарлы топыраққа себілген тұқымдар мынаны бейнелейді: бірсыпыра адам Ізгі хабарды тыңдап, қабылдайды. Кейбіреулері отыз, басқалары алпыс, тіпті жүз еседен өнім береді. | |
Mark | Kaz | 4:21 | Иса төңірегіндегі адамдарға тағы былай деді: «Адам шам жағып алып келіп, бір ыдыстың не төсектің астына бүркеп қоя ма? Қайта, оны шам қойғышқа қояды ғой. | |
Mark | Kaz | 4:24 | Иса оларға былай деп қосты: — Не тыңдағандарыңа назар аударыңдар! Қандай мөлшерде көңіл бөлсеңдер, өздеріңе сондай мөлшерде түсінік беріледі, тіпті үстемелеп те беріледі. | |
Mark | Kaz | 4:25 | Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады». | |
Mark | Kaz | 4:26 | Иса тағы да былай деді: «Құдайдың Патшалығы мынаған ұқсас: біреу егіндікке тұқым сеуіпті. | |
Mark | Kaz | 4:27 | Ол ұйықтап жатсын, не жүріп-тұрсын, бәрібір, тұқым күні-түні көктеп, өсе береді. Әлгі адам оның қалай өсіп жатқанын түсінбейді. | |
Mark | Kaz | 4:28 | Жер өздігінен алдымен көк өскінді, содан кейін масағын шығарып, соңынан масақтағы дәндерді өсіріп толыстырады. | |
Mark | Kaz | 4:30 | Бұдан кейін Иса былай деді: «Құдайдың Патшалығын немен салыстырып, қалай астарлап бейнелеуге болады? | |
Mark | Kaz | 4:32 | көктеп шығып өскенде барлық дәнді дақылдардан биік бұта болып, бұтақтарын кең жаяды. Сонда құстар ұшып келіп, оның саясында паналай алады». | |
Mark | Kaz | 4:33 | Осындай көптеген астарлы әңгімелермен Иса адамдардың тыңдай алғандарынша Ізгі хабарды уағыздады. | |
Mark | Kaz | 4:34 | Оларға астарламай еш нәрсені айтпады, бірақ Өзінің шәкірттеріне оңашада бәрін түсіндіріп отырды. | |
Mark | Kaz | 4:36 | Содан олар халықты қалдырып, қайықтағы Ұстазын өздерімен бірге алып кетті. Өзге қайықтар да Исаға ілесе шықты. | |
Mark | Kaz | 4:37 | Біраздан кейін сұрапыл дауыл көтеріліп, қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. | |
Mark | Kaz | 4:38 | Ал Иса қайықтың артқы жағында көпшік жастанып ұйықтап жатты. Шәкірттері Оны оятып: «Ұстаз, құритын болдық! Жағдайымызды ойламайсыз ба?» — деп айқайлады. | |
Mark | Kaz | 4:39 | Иса тұрып, желге тыйым салып, көлге де: «Тына қал, басыл!» — деп бұйырды. Сонда дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады. | |
Mark | Kaz | 4:40 | Бұдан кейін Иса шәкірттеріне қарап: «Неліктен соншама қорқасыңдар? Әлі де сенімдерің жоқ па?» — деді. | |
Chapter 5
Mark | Kaz | 5:2 | Иса қайықтан түсісімен-ақ, Оған зират арасынан шыға келген, жын соққан бір кісі кездесе кетті. | |
Mark | Kaz | 5:3 | Сол адам қабірге арналған үңгірлерде тұратын. Ешкім оны тіпті шынжырлармен де бұғаулап қоя алмайтын. | |
Mark | Kaz | 5:4 | Талай рет оның аяқ-қолын шынжырлармен және кісендермен бұғаулап тастаған еді, бірақ ол шынжырларды сындырып, кісендерді үзіп, қашып кететін. Оны бағындыруға ешкімнің де күші жетпеді. | |
Mark | Kaz | 5:5 | Сол кісі күні-түні қабірлердің арасында және тау-төбелерде айқай салып, өзін-өзі таспен ұрғылайтын. | |
Mark | Kaz | 5:7 | Содан соң ол қатты дауыспен:— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса, менде нең бар? Құдай үшін жалынамын: мені азаптай көрме! — деп айқай салды. | |
Mark | Kaz | 5:9 | Бұдан кейін Иса:— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:— Атым — «Үлкен топ», себебі біз көппіз, — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 5:13 | Иса жол берген соң, жындар сол кісіден шығып, әлгі екі мыңдай хайуанға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды. | |
Mark | Kaz | 5:14 | Бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. Халық соны көруге жолға шығып, | |
Mark | Kaz | 5:15 | Исаға келді. Олар бұрын үлкен жындар тобы буған кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, сол жерде отырғанын көргенде қорқып кетті. | |
Mark | Kaz | 5:16 | Болған оқиғаны өз көздерімен көргендер оларға жын қинаған адаммен не болғанын әңгімелеп, шошқалар туралы да айтып берді. | |
Mark | Kaz | 5:18 | Иса қайыққа мінгенде, жындарынан арылған кісі Одан: «Сізбен бірге болайыншы», — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 5:19 | Бірақ Иса оған рұқсат бермей:— Үйіңе қайтып, туысқандарың мен дос-жарандарыңа Жаратқан Иенің өзіңе не істегенін, қалай рақым еткенін айтып бер! — деп тапсырды. | |
Mark | Kaz | 5:20 | Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін Онқала аймағында жариялай бастады. Естігендердің бәрі таңданып, қайран қалысты. | |
Mark | Kaz | 5:21 | Иса қайыққа мініп, көлдің батыс жағына қайта оралды. Содан көлдің жағасында көп халық Оның қасына жиналды. | |
Mark | Kaz | 5:22 | Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі де сонда келді. Жайыр Исаны көргенде, Оның аяғына жығылып: | |
Mark | Kaz | 5:23 | «Жас қызым өлім аузында жатыр. Сауығып, тірі қалуы үшін барып, оған қолыңызды тигізе көріңізші!» — деп жалына өтінді. | |
Mark | Kaz | 5:26 | Сол әйел көп дәрігерлерге емделіп талай азап шегіп, бар мал-мүлкін жұмсаған еді. Алайда одан еш шипа болмай, керісінше, халі бұрынғысынан бетер нашарлай түскен болатын. | |
Mark | Kaz | 5:27 | Иса туралы хабарды естіген әйел халықтың ішінде Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанына қолын тигізді. | |
Mark | Kaz | 5:28 | Себебі ол өзіне-өзі: «Тек Оның шапанына қолымды тигізсем болғаны, сонда сауығып кетер едім», — деген болатын. | |
Mark | Kaz | 5:30 | Ал Иса дереу Өзінен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сезіп, жұртқа бұрылып:— Шапаныма қолын тигізген кім? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 5:31 | Шәкірттері Оған:— Соншама халықтың Өзіңізді қаумалап, қыспақтап тұрғанын көре тұра, «Маған қолын тигізген кім» деп қалай сұрайсыз? — деді. | |
Mark | Kaz | 5:33 | Өзіне не болғанын білген әйел қорыққаннан дірілдеп, Исаның алдына келді. Оның аяғына жығылып, шындығын түгелдей айтып берді. | |
Mark | Kaz | 5:34 | Иса оған:— Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, қиналған дертіңнен айықтың! — деді. | |
Mark | Kaz | 5:35 | Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен кісілер келіп: «Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз», — деп хабарлады. | |
Mark | Kaz | 5:38 | мәжілісхана жетекшісінің үйіне барды. Сол жерден абыржығандар мен зар жылап жоқтау айтқандарды көрді. | |
Mark | Kaz | 5:39 | Иса үйге кіріп, оларға: «Неге осылайша абыржып, жылайсыңдар? Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. | |
Mark | Kaz | 5:40 | Олар Оның айтқанына күлді. Бірақ Иса барлығын сыртқа шығарып жіберіп, тек қыздың әке-шешесін және Өзінің қасында жүргендерді ғана ертіп, қыз жатқан бөлмеге кірді. | |
Mark | Kaz | 5:41 | Қыздың қолынан ұстап тұрып, оған: «Талифа куми!» — деді. Бұның мағынасы: Қызым, саған айтамын, тұра ғой! | |
Mark | Kaz | 5:42 | Он екі жасар қыз бала сол сәтте-ақ орнынан тұрып, жүре бастады! Мұны көргендер үрейлері ұшып, қайран қалысты. | |
Chapter 6
Mark | Kaz | 6:2 | Демалыс күні Иса мәжілісханада тәлім бере бастады. Тыңдап отырғандардың көбі қатты таңданып, өзара былай десті: «Мұның бәрі Бұған қайдан біткен? Оған қонған не қылған даналық? Осындай құдіретті істер қалайша қолынан келеді? | |
Mark | Kaz | 6:3 | Өзі — ағаш ұстасы, Мәриямның ұлы, Жақып, Жүсіп, Яһуда, Шимондардың ағасы емес пе? Қарындастары осында арамызда тұрады ғой». — Олар қызғаныштан Исаны көре алмай, ашуланды. | |
Mark | Kaz | 6:4 | Сонда Иса оларға: «Өз ел-жұрты мен үй ішінен өзге жерде пайғамбар қадірсіз болмас», — деді. | |
Mark | Kaz | 6:5 | Содан да Иса сол жерде бірқатар науқас адамдарға қолын тигізіп сауықтырғаны болмаса, басқа кереметтер жасай алмады, | |
Mark | Kaz | 6:6 | әрі жұрттың сенбеушілігіне таңғалды.Бұдан кейін Иса сол өңірдегі ауылдарды аралап, халыққа тәлім берді. | |
Mark | Kaz | 6:7 | Бірде Ол он екі елшісін қасына шақырып алды. Оларды екі-екіден жібермек болып, оларға жындарды қуып шығаратын билік берді. | |
Mark | Kaz | 6:8 | Сонда Иса елшілеріне былай деп тапсырды: «Жолға тек таяқтан басқа еш нәрсе алмаңдар: нан, дорба әрі қалталарыңда ақша да болмасын, | |
Mark | Kaz | 6:10 | Оларға тағы былай деді:— Бір жерде қай үйге түссеңдер, қайтадан жолға шыққанша сонда қалыңдар. | |
Mark | Kaz | 6:11 | Егер бір жерде сендерді қабылдамаса және айтқандарыңа құлақ салмаса, сол жерден шығып кетіп бара жатқанда аяқтарыңдағы шаң-тозаңды қағып тастаңдар. Бұл оларға ескерту болсын. (Сендерге шындығын айтамын: қиямет соты күні сондай қала тұрғындарының тартатын жазасынан тіпті Содом мен Ғомора халқының жазасы жеңілірек болады-ау!)» | |
Mark | Kaz | 6:12 | Сонымен елшілер жолға шығып, халыққа: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер!» деп уағыздап жүрді. | |
Mark | Kaz | 6:13 | Олар адамдардан қыруар жындарды қуып шығарып, көптеген науқастарға май жағу рәсімін жасап сауықтырды. | |
Mark | Kaz | 6:14 | Исаның атағы кең тарағандықтан, Ол туралы Ирод (Антипас) патша да естіді. Кейбір кісілер: «Бұл — шомылдыру рәсімін жасаған Жақия екен. Өлімнен қайта тіріліпті, сол себептен де сондай құдіретті істер жасайды», — десе, | |
Mark | Kaz | 6:15 | басқалары: «Ол — дүниеге қайтып келген Ілияс пайғамбар», — деді. Ал тағы басқалар: «Ол — пайғамбар, ежелде өмір сүрген пайғамбарларға ұқсайды», — деп болжады. | |
Mark | Kaz | 6:16 | Ал Ирод бұларды естігенде: «Бұл — өзім басын шаптырған Жақия екен, ол қайта тіріліпті!» — деп абыржыды. | |
Mark | Kaz | 6:17 | Өйткені бұрынырақ Ирод кісі жіберіп, Жақияны тұтқындатып, түрмеге жаптырған еді. Себебі Ирод өзінің туған бауыры Філіптен әйелі Иродияны тартып алып, соған үйленген болатын. | |
Mark | Kaz | 6:18 | Ал Жақия Иродқа: «Бауырыңыздан жұбайын тартып алғаныңыз Таурат заңына қайшы!» — деп ескерткен еді. | |
Mark | Kaz | 6:19 | Содан (Иродтың әйелі) Иродия Жақияға кек сақтап, оны өлтірмекші болды. Бірақ ол мұнысын жүзеге асыра алмады. | |
Mark | Kaz | 6:20 | Себебі Жақияның әділ, қасиетті адам екенін білген Ирод одан қорқып, оны қорғап жүрді. Ол Жақияны тыңдаған сайын қатты абыржыса да, оған ризашылықпен ден қоятын. | |
Mark | Kaz | 6:21 | Ақырында Иродияға зұлым ниетін жүзеге асырудың орайы түскен еді: Ирод өзінің туған күнінде уәзірлері, мыңбасылары және Ғалилеяның өзге көрнекті адамдарына арнап той жасады. | |
Mark | Kaz | 6:22 | Иродияның қызы тойға келіп, бәрінің алдында би билеп, патшаға және оның қонақтарына қатты ұнап қалды.Сондықтан патша бойжеткенге: «Менен қалағаныңды сұра, беремін», — деп уәде етті. | |
Mark | Kaz | 6:23 | Бұған қосымша: «Не қаласаң да сұрашы, тіпті патшалығымның жартысына дейін беремін!» — деп ант та берді. | |
Mark | Kaz | 6:24 | Қыз шығып, шешесіне:— Не сұрасам екен? — деді. Шешесі:— Шомылдыру рәсімін жасаған Жақияның басын сұра! — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 6:25 | Қыз дереу патшаға жүгіріп барып, одан: «Шомылдыру рәсімін жасаған Жақияның басын дәл қазір табаққа салып, тарту етуіңізді қалаймын», — деп өтінді. | |
Mark | Kaz | 6:26 | Патша еңсесі түсіп қатты қапаланды. Алайда бірге отырған қонақтарының алдында ант бергендіктен, қыздың өтінішін аяқсыз қалдырғысы келмеді. | |
Mark | Kaz | 6:28 | Ол түрмеге барып, Жақияның басын шауып, табаққа салып, қызға әкелді. Қыз оны шешесіне апарып берді. | |
Mark | Kaz | 6:30 | Исаның жіберген елшілері қайта оралып, Оның қасына жиналған соң, өздерінің жасаған істері мен берген тәлімдері туралы түгелдей баяндап берді. | |
Mark | Kaz | 6:31 | Бұдан кейін Иса: «Тек өздерің ғана Маған еріп оңаша бір жерге барып, біраз тынығып демалыңдар!» — деді. Себебі келіп-кетіп жатқан жұрт көп болғандықтан, олардың тамақтануға да мұршалары болмады. | |
Mark | Kaz | 6:33 | Ал олардың кетіп бара жатқандарын жұрт байқап қалды. Көпшілігі оларды танып, бүкіл қалалардан шығып, жаяу жүгіріп, баратын жерлеріне олардан бұрын жетті. | |
Mark | Kaz | 6:34 | Иса қайықтан түскенде, қарақұрым халықты көріп, оларға жаны ашыды. Себебі адамдар бағушысы жоқ қойлар сияқты бейшара еді. Сондықтан Иса жиналғандарға көп тәлім берді. | |
Mark | Kaz | 6:35 | Біршама уақыт өткеннен кейін шәкірттері Исаның қасына келіп:— Бұл — құлазыған дала, ал кеш түсіп барады. | |
Mark | Kaz | 6:36 | Адамдарды таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, тамақ сатып алсын, — деген ұсыныс жасады. | |
Mark | Kaz | 6:37 | Бірақ Иса:— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:— Онда біз барып, екі жүз күндік жалақыға нан сатып алып, бұларды тамақтандырайық па? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 6:38 | Ал Иса оларға:— Қанша нандарың бар? Барып, қарап келіңдер! — деп тапсырды. Біліп келген олар:— Бес күлше нан мен екі кепкен балық бар екен, — деді. | |
Mark | Kaz | 6:39 | Сонда Иса шәкірттеріне адамдарды топ-топқа бөліп, көгалдың үстіне жайғастыруды тапсырды. | |
Mark | Kaz | 6:41 | Иса бес күлше мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Нанды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді, екі балықты да бәріне бөліп, үлестірді. | |
Mark | Kaz | 6:43 | Соңында олар нан үзімдері мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда он екі себет толды. | |
Mark | Kaz | 6:45 | Бұдан кейін Иса дереу шәкірттеріне қайыққа мініп, Өзінен бұрын көлдің солтүстік жағасындағы Бетсайдаға баруға бұйырды. Ал Өзі халықты таратып жібермек болып, сол жерде қалды. | |
Mark | Kaz | 6:46 | Иса жұртты қайтарып жіберген соң, (көктегі Әкесіне) сиынып мінажат ету үшін бір төбенің басына шықты. | |
Mark | Kaz | 6:48 | Сонда Ол ескек есіп бара жатқан шәкірттерінің қиыншылыққа тап болғанын көрді. Себебі жел қарсы соғып тұрған еді. Таңғы алагеуімде Иса оларға көл бетімен жақындап келіп, қастарынан өтіп кетпекші болды. | |
Mark | Kaz | 6:49 | Оның көл үстінде жаяу жүргенін байқап қалып, шәкірттері елес екен деп ойлап, айқайлап жіберді. | |
Mark | Kaz | 6:50 | Өйткені бәрі де Оны көріп, қорқып кетті.Иса оларға дереу тіл қатып: «Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын!» — деп көңілдерін орнықтырды да, | |
Mark | Kaz | 6:51 | олардың қайығына мінді. Сонда жел де басылды. Шәкірттері қатты қайран қалып, аң-таң болды. | |
Mark | Kaz | 6:52 | Себебі нанмен болған кереметті түсінбеген олар Исаның кім екенін әлі де шын жүректен ұқпаған еді. | |
Mark | Kaz | 6:53 | Осылай Иса шәкірттерімен бірге көлден өтіп, Генесәрет қаласының маңына жетіп, жағаға тоқтады. | |
Mark | Kaz | 6:55 | Олар бүкіл төңіректі тездете аралап шығып, ондағы ауру-сырқауларды жатқан төсеніштерімен көтеріп алып келе бастады. Олар Исаның қай жерде жүргенін естіп білгенде, науқас адамдарын сонда апарды. | |
Chapter 7
Mark | Kaz | 7:1 | Бірде парызшылдар және Иерусалимнен келген бірнеше дін мұғалімдері Исаның қасына жиналған еді. | |
Mark | Kaz | 7:2 | Олар Оның кейбір шәкірттерінің діни қол жуу рәсімін орындамай нан жеп отырғандарын байқады. | |
Mark | Kaz | 7:3 | Ал парызшылдар, тіпті яһудилердің бәрі дерлік, ата-бабаларынан қалған әдет-ғұрыпқа сай қол жуу рәсімін ұқыптылықпен орындамай тамақ ішпейтін. | |
Mark | Kaz | 7:4 | Олар базардан қайтып келгеннен кейін суға түсу рәсімінен өтпейінше, дастарқан басына да отырмайтын. Сондай-ақ, ыдыс-аяқтары мен құмыраларын, қазандары мен орындықтарын да діни рәсімге сай жуып-шаюды, әрі сол секілді тағы басқа көптеген дәстүрлі салттарды берік ұстанатын. | |
Mark | Kaz | 7:5 | Сондықтан парызшылдар мен дін мұғалімдері Исаға:— Шәкірттеріңіз неге ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге сай істемейді? — деген сұрақ қойды. — Олар қол жуу рәсімін орындамай-ақ тамақтана береді екен! | |
Mark | Kaz | 7:6 | Исаның жауабы мынау болды:— Екі жүзді сендер жайында Ишая пайғамбар алдын ала дәл айтып кеткен! Оның жазбасында былай делінген ғой: «Бұл халық Мені тек ауызбен ғана сыйлайды, ал жүректері Менен тым алшақ. | |
Mark | Kaz | 7:8 | Себебі сендер Құдайдың өсиеттерінен бас тартып, адам ойынан туған дәстүрлерді ұстанып жүрсіңдер, — деді. | |
Mark | Kaz | 7:9 | Иса сөзін жалғастырып оларға мынаны да айтты:— Өз дәстүрлеріңді сақтау үшін Құдайдың өсиеттерін былай қойып, оларды менсінбеулерің қандай «жақсылық»?! | |
Mark | Kaz | 7:10 | Құдай Мұса пайғамбар арқылы: «Ата-анаңды сыйла!» және: «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой. | |
Mark | Kaz | 7:11 | Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек игіліктеріңізді мен құрбан етіп қойдым, яки Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер. | |
Mark | Kaz | 7:12 | Осылайша сол адамның әке-шешесіне ешқандай көмек бермей, оларды сыйламауына жол бересіңдер. | |
Mark | Kaz | 7:13 | Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңді орнатып, Құдайдың бұйрығын жоққа шығардыңдар! Бұған ұқсас тағы басқа да теріс қылықтарды көптеп істеп жүрсіңдер. | |
Mark | Kaz | 7:14 | Иса жиналған халықты қайтадан қасына шақырып алды да, оларға былай деді:— Бәрің де сөзіме құлақ салып, мынаны жақсылап ұғып алыңдар: | |
Mark | Kaz | 7:15 | адам бойына сырттан енген еш нәрсе де оны арамдай алмайды. Керісінше, ішінен шыққандары адамды арамдайды. (Құлағы барлар жақсылап тыңдасын!) | |
Mark | Kaz | 7:16 | адам бойына сырттан енген еш нәрсе де оны арамдай алмайды. Керісінше, ішінен шыққандары адамды арамдайды. (Құлағы барлар жақсылап тыңдасын!) | |
Mark | Kaz | 7:17 | Иса халықтың қасынан кетіп, бір үйге кіргеннен кейін, шәкірттері жаңағы астарлап айтқандарының мәнісін сұрады. | |
Mark | Kaz | 7:18 | — Сендер де айтқандарымды әлі түсінбей тұрсыңдар ма? — деп жауап берді Иса. — Бойына сырттан енген тағамдар адамды арамдай алмайды. Мұны шынымен ұқпайсыңдар ма? | |
Mark | Kaz | 7:19 | Себебі олар жүрекке емес, тек асқазанға жетіп, кейін денеден шығып кетеді. — Осылай Иса барлық тағамдардың да адал екенін айтты. | |
Mark | Kaz | 7:21 | Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық, неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру, | |
Mark | Kaz | 7:22 | ұрлық, ашкөздік, зұлымдық, алдаушылық, жүгенсіздік, қызғаныш, жамандау, тәкаппарлық және ақымақтық. | |
Mark | Kaz | 7:24 | Иса сол жерден жолға шығып, Тир (мен Сидон) аймағына барды. Өзін жергілікті халыққа танытқысы келмей, бір үйге кірді. Алайда Ол бейтаныс болып қала алмады. | |
Mark | Kaz | 7:25 | Себебі Оның келгені туралы естіген бір әйел дереу жақындап, аяғына жығылып тағзым етті. | |
Mark | Kaz | 7:26 | Әйел Исраил халқынан емес, (Құдайға сенбейтін) Сириядағы Финикия өлкесінен болатын. Оның жын соққан жас қызы бар еді. Әйел Исадан қызындағы жынды қуып шығаруын сұрады. | |
Mark | Kaz | 7:27 | Бірақ Иса оған:— Алдымен «балалар» жеп тойсын: «Балалардың нанын алып қойып, үй күшіктеріне тастау дұрыс емес», — деді. Әйел: | |
Mark | Kaz | 7:28 | — Айтқаныңыз дұрыс, Тақсыр! Дегенмен «үй күшіктері» де сәбилердің дастарқанынан түскен ұсақ-түйек қалдықтармен қоректенеді ғой? — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 7:29 | Сонда Иса:— Мұны дәл айттың. Сол үшін үйіңе қайта бер, жын қызыңның бойынан шығып кетті, — деді. | |
Mark | Kaz | 7:32 | Сол жерде адамдар Исаға саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келді. Олар Исадан оның үстіне қолын қойып бата беруін өтінді. | |
Mark | Kaz | 7:33 | Иса сол кісіні көпшіліктен былайырақ алып шығып, екі саусағын оның құлақтарына тықты. Бұдан кейін түкіріп тастап, қолын кемтар адамның тіліне тигізді, | |
Mark | Kaz | 7:35 | Сол сәтте-ақ адамның құлақтары ашылды және тілінің байлауы шешіліп, айқын сөйлеп кетті! | |
Mark | Kaz | 7:36 | Иса жұртқа бұл туралы тіс жармауға бұйырды. Алайда Ол неғұрлым қатаң тыйым салғанмен, халық болған оқиғаны соғұрлым кеңірек жариялады. | |
Chapter 8
Mark | Kaz | 8:1 | Сол күндері қайтадан халық көп жиналып, жейтін тамақтары болмады. Иса шәкірттерін қасына шақырып: | |
Mark | Kaz | 8:3 | Оларды аш күйлерінде үйлеріне қайтарып жіберсем, жолшыбай әлсіреп, құлап қалар. Ал бірқатары тым қашықтан келді, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:4 | Шәкірттері:— Осы құлазыған айдалада бұларды тамақтандыруға жететін нанды қайдан табуға болады? — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 8:6 | Сонда Иса жұртқа жерге жайғасуға бұйырды. Жеті күлшені қолына алып, шүкірлік етті. Оларды адамдарға тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне берді. Олар халыққа үлестірді. | |
Mark | Kaz | 8:7 | Бірнеше кепкен ұсақ балықтары да болды. Иса оларды да алып, шүкірлік етіп, жұртқа үлестіруге бұйырды. | |
Mark | Kaz | 8:8 | Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. | |
Mark | Kaz | 8:9 | Осылай шамамен төрт мыңдай отбасы тамақтанып, тойып алды. Кейін қалдықтарды жинап алғанда, жеті үлкен себет толды. Соңынан Иса халықты таратып жіберді. | |
Mark | Kaz | 8:11 | Сол жердегі парызшылдар Исаның қасына келіп, Онымен айтыспақшы болды. Оның билігін сынау үшін көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті. | |
Mark | Kaz | 8:12 | Иса рухында терең күрсініп, оларға:— Осы ұрпақ не үшін керемет көрсетуімді талап етеді? Сендерге шындығын айтайын: бұл ұрпаққа ешбір керемет көрсетілмейді! — деді. | |
Mark | Kaz | 8:15 | Иса оларға:— Абайлаңдар, парызшылдардың және Иродтың «ашытқыларынан» сақтаныңдар! — деп ескертті. | |
Mark | Kaz | 8:17 | Иса оларын біле қойып, былай деп сұрады:— Сендер нанымыз жоқ деп неге пікірлесіп отырсыңдар? Жасағандарымды әлі де түсінбей, олардың мәнісін ұқпайсыңдар ма? Әлде жүректерің қасарысқан ба? | |
Mark | Kaz | 8:18 | Көздерің болғанмен көрмей, құлақтарың болғанмен естімейсіңдер ме? Кәне, естеріңе түсіріңдерші: | |
Mark | Kaz | 8:19 | Мен бес күлше нанды бес мың адамға үлестіріп бергенімде, қалдықтардан неше себет жинап едіңдер? — Шәкірттері:— Он екі, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:20 | — Әрі жеті күлшені төрт мың адамға үлестіргенімде, артылып қалғаны қанша үлкен себет болды? — Олар:— Жетеу, — дегенде, | |
Mark | Kaz | 8:22 | Сонымен олар Бетсайда қаласына жетті. Сонда адамдар бір соқыр кісіні алып келіп, Исадан оған қолын тигізіп сауықтыруын өтінді. | |
Mark | Kaz | 8:23 | Иса осы зағипты қолынан ұстап, ауылдан жетелеп шықты. Оның көзіне бір түкіріп, үстіне қолын қойып:— Бір нәрсе көріп тұрсың ба? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 8:24 | Әлгі кісі көз тігіп:— Адамдарды көріп тұрмын! Олар жүріп бара жатқан ағаш діңдеріне ұқсайды, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:25 | Иса зағиптың көздеріне қайтадан қолын тигізіп, қарауға бұйырды. Сонда оның көзі ашылып, бәрін де анық көрді. | |
Mark | Kaz | 8:26 | Иса оған:— Мына ауылға кірме (ондағы ешкімге болған оқиға туралы тіс жарма)! — деп ескертіп, үйіне қайтарып жіберді. | |
Mark | Kaz | 8:27 | Иса шәкірттерін ертіп сол маңайдан кетіп, Філіп-Кесариясы қаласының айналасындағы ауылдарға барды. Жолшыбай Ол шәкірттеріне:— Жұрт Мені кім деп жүр? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 8:28 | Олар:— Біреулері Сізді шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары Ілияс пайғамбар, тағы басқалары ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі деп жүр, — деді. | |
Mark | Kaz | 8:29 | Сонда Иса:— Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады. Петір Оған жауап беріп:— Сіз Мәсіхсіз! — деді. | |
Mark | Kaz | 8:31 | Мұнан кейін оларға былай деп тәлім бере бастады:— Көктен келген Билеуші, Мен, көп азап шегуге тиіспін: рубасылар мен басты діни қызметкерлердің және дін мұғалімдерінің Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет! | |
Mark | Kaz | 8:32 | Иса мұны бүкпесіз ашық айтқан еді. Сонда Петір Оны былайырақ алып шығып, қарсылық білдіре бастады. | |
Mark | Kaz | 8:33 | Бірақ Иса бұрылып, шәкірттеріне қарады да, Петірге: «Менен аулақ кет, әзәзіл! Сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың!» — деп тыйым салды. | |
Mark | Kaz | 8:34 | Бұдан кейін Иса халықты және Өзінің шәкірттерін қасына шақырып алып, оларға мынаны айтты:— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге дайын болып Менің жолыммен жүрсін! | |
Mark | Kaz | 8:35 | Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін және Ізгі хабар үшін қиған әркім оны (мәңгі) аман сақтап қалады. | |
Mark | Kaz | 8:36 | Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті (мәңгілік) өмірінен айырылса, бұдан оған не пайда? | |
Chapter 9
Mark | Kaz | 9:1 | Иса жиналғандарға:— Сендерге шын айтамын: осында тұрған кейбіреулерің Құдайдың Патшалығының құдіретпен келуін өз көздеріңмен көрмей, өлмейсіңдер, — деді. | |
Mark | Kaz | 9:2 | Иса осыдан алты күннен кейін тек Петір, Жақып және Жоханды ғана ертіп бір биік таудың басына көтерілді. Сол жерде Исаның сыртқы түрі үш елшісінің көз алдында өзгеріске түсті. | |
Mark | Kaz | 9:3 | Оның киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай аппақ болып кетті. | |
Mark | Kaz | 9:4 | Сонда (ежелде өмір сүрген) Ілияс пайғамбар мен Мұса пайғамбар пайда болып, Исамен сөйлесті. | |
Mark | Kaz | 9:5 | Сол кезде Петір Исаға: «Ұстаз, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке құрайық», — деп тіл қатты. | |
Mark | Kaz | 9:7 | Сонда бір бұлт пайда болып, оларға көлеңкесін түсірді. Бұлт ішінен: «Бұл — Менің сүйікті (рухани) Ұлым. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. | |
Mark | Kaz | 9:9 | Таудан түсіп бара жатқанда Иса оларға: «Көктен келген Билеуші өлімнен қайта тірілгенше, бұл көргендерің туралы ешкімге тіс жармаңдар!» — деп бұйырды. | |
Mark | Kaz | 9:10 | Үшеуі осы айтылғанды естеріне сақтап, «өлімнен қайта тірілгенше» дегеннің мәнін өзара сұрасты. | |
Mark | Kaz | 9:11 | Кейінірек шәкірттері Исаға мынадай сұрақ қойды:— Дін мұғалімдерінің «алдымен Ілияс пайғамбар дүниеге қайтып келуге тиіс» деулері қалай? — Иса: | |
Mark | Kaz | 9:12 | — Ілиястың алдымен келіп, бәрін қалпына келтіретіні рас. Ал көктен келген Билеушінің көп азап шегіп, қорлануға тиіс болатыны туралы Киелі жазбаларда неліктен жазылған? | |
Mark | Kaz | 9:13 | Бірақ сендерге шындығын айтайын: Ілияс келген де еді! Алайда ол туралы Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, адамдар оған ойына келгендерін істеді, — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 9:14 | Осылай Иса үш елшісімен қалған шәкірттеріне қайта оралды. Сонда олар шәкірттердің айналасына жиналған қалың топты және шәкірттерімен айтысып тұрған дін мұғалімдерін көрді. | |
Mark | Kaz | 9:17 | Халықтың арасынан біреу:— Ұстаз, мен ұлымды Сізге көрсету үшін осында әкелген едім. Оны жын соғып, бала мылқау болып қалды. | |
Mark | Kaz | 9:18 | Жыны қайда ұстаса, сол жерде алып ұрады. Баланың аузынан көбік ағып, тістерін шықырлатып, сіресіп қатып қалады. Шәкірттеріңізден жынды қуып шығуларын сұраған едім, бірақ олардың қолынан келмеді! — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 9:19 | Сонда Иса:— Ей, сенбейтін ұрпақ-ай! Қанша уақыт қастарыңда болмақпын, қанша уақыт сендерге төзбекпін?! Кәне, баланы Маған әкеліңдер! — деді. | |
Mark | Kaz | 9:20 | Содан олар баланы Исаның қасына алып келді. Жын Оны көрісімен-ақ баланы қалшылдата бастады. Бала жерге құлап түсіп, аузынан көбік шаша дөңбекшіп жатты. | |
Mark | Kaz | 9:22 | Жын оны құртпақ болып, жиі-жиі отқа да, суға да құлатып келеді. Қолыңыздан келсе, бізді мүсіркеп жәрдем ете көріңіз! — деді әкесі. | |
Mark | Kaz | 9:23 | Иса оған:— «Қолыңыздан келсе» деген не сөз? Сенушіге бәрі де мүмкін, — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 9:24 | Баланың әкесі (көзіне жас алып) дереу:— Мен сенемін. Сенімім жетіспегенде оны нығайта көріңіз! — деп дауыстап жіберді. | |
Mark | Kaz | 9:25 | Иса тағы көбірек халықтың жүгіріп келіп, жиналып жатқанын байқаған соң, жынға қатаң бұйрық беріп: «Саңырау, мылқау қылатын жын, саған бұйырамын: бұдан шық! Енді қайтып еш уақытта оған жолама!» — деді. | |
Mark | Kaz | 9:26 | Жын шыңғырып жіберіп, баланы қатты қалшылдатты да, шығып кетті. Бала өліп қалғандай сұлық жатты. Сондықтан жұрттың көбі оны өлді десті. | |
Mark | Kaz | 9:28 | Иса шәкірттерімен үйіне барып, кірген соң, олар оңашада:— Неліктен біз жынды қуып шығара алмадық? — деп сұрады. Иса оларға былай деп жауап берді: | |
Mark | Kaz | 9:29 | — Мұндай жындарды тек Құдайға сиынып мінажат ету (және ораза ұстау) арқылы ғана қуып шығаруға болады. | |
Mark | Kaz | 9:30 | Олар сол жерден кетіп, Ғалилея аймағы арқылы жол жүрді. Иса мұны ешкімнің білгенін қаламады, | |
Mark | Kaz | 9:31 | себебі Ол шәкірттеріне тәлім беріп жүрді. (Өз басынан өткізетіндері туралы) былай деді: «Көктен келген Билеушіні адамдардың қолына ұстап береді! Оны өлтіреді, бірақ содан кейінгі үшінші күні Ол қайта тіріледі!» | |
Mark | Kaz | 9:32 | Бірақ шәкірттері бұл сөздердің мағынасын ұғынбады, ал Исаға сұрақ қоюға батылдары бармады. | |
Mark | Kaz | 9:33 | Олар Қапарнаум қаласына келіп, бір үйге түскеннен кейін, Иса шәкірттеріне:— Жолшыбай не туралы пікірлестіңдер? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 9:34 | Бірақ шәкірттері үндемеді, өйткені олар жолшыбай келе жатып: «Қайсымыздың жолымыз ең үлкен?» — деп өзара пікірлескен болатын. | |
Mark | Kaz | 9:35 | Иса жайғасып отырғаннан кейін, он екі елшісін қасына шақырып алып:— Кім ең бастыларың болғысы келсе, сол бәріңнен де кішік болып, бәріңе қызмет ете берсін! — деді. | |
Mark | Kaz | 9:37 | — Кім Менің атымнан осындай бір сәбиді қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның тек Өзімді ғана емес, Мені Жібергенді де қабылдағаны, — деді. | |
Mark | Kaz | 9:38 | Сонда Жохан:— Ұстаз, Сіздің атыңызбен адамдардың жындарын қуып шығарып жатқан біреуді көрдік. Оған тыйым салдық. Ол бізге еріп жүрген жоқ қой, — деді. | |
Mark | Kaz | 9:39 | Бірақ Исаның жауабы мынау болды:— Оған тыйым салмаңдар! Менің атыммен керемет істеген ешкім де жуыр маңда Мені қаралап, жамандай қоймас. | |
Mark | Kaz | 9:41 | Сендерге шындығын айтайын: Мәсіхтің жолымен жүргендерің үшін сендерге ең болмағанда бір тостаған су берген әркім сол үшін алатын сыйынан құр алақан қалмайды! | |
Mark | Kaz | 9:42 | Алайда кім Маған сенетін осы кішкенелердің біреуін азғырып теріс жолға түсірсе, ол үшін мойнына диірменнің зор тасы байланып, теңізге лақтырылғаны жақсырақ болар еді! | |
Mark | Kaz | 9:43 | (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) — Егер сені өз қолың не аяғың (секілді өте қажетті нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып тасталған» сияқты жоқ болсын. «Екі қол-аяқпен» мәңгі сөнбес тозақ отына лақтырылғаннан гөрі «сыңар аяқ-қолмен» мәңгілік өмірді иемденгенің артық болар еді. | |
Mark | Kaz | 9:44 | (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) — Егер сені өз қолың не аяғың (секілді өте қажетті нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып тасталған» сияқты жоқ болсын. «Екі қол-аяқпен» мәңгі сөнбес тозақ отына лақтырылғаннан гөрі «сыңар аяқ-қолмен» мәңгілік өмірді иемденгенің артық болар еді. | |
Mark | Kaz | 9:45 | (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) — Егер сені өз қолың не аяғың (секілді өте қажетті нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып тасталған» сияқты жоқ болсын. «Екі қол-аяқпен» мәңгі сөнбес тозақ отына лақтырылғаннан гөрі «сыңар аяқ-қолмен» мәңгілік өмірді иемденгенің артық болар еді. | |
Mark | Kaz | 9:46 | (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) — Егер сені өз қолың не аяғың (секілді өте қажетті нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып тасталған» сияқты жоқ болсын. «Екі қол-аяқпен» мәңгі сөнбес тозақ отына лақтырылғаннан гөрі «сыңар аяқ-қолмен» мәңгілік өмірді иемденгенің артық болар еді. | |
Mark | Kaz | 9:47 | Егер де сені көзің (секілді өте құнды нәрсең) күнәға азғырса, ол сен үшін ойып тасталған сияқты жоқ болсын. «Екі көзіңмен» тозаққа лақтырылғаннан гөрі «сыңар көзбен» Құдайдың Патшалығына кіргенің артық болар еді. | |
Mark | Kaz | 9:49 | Шалынған құрбандықтардың тұзбен тазартылатыны сияқты, әрқайсың да азап отынан өтесіңдер. | |
Chapter 10
Mark | Kaz | 10:1 | Иса сол жерден шығып, Яһудея аймағына әрі Иордан өзенінің шығыс бетіне барды. Қасына қайтадан халық жиналып, Иса Өзінің әдеті бойынша оларға тәлім берді. | |
Mark | Kaz | 10:2 | Бірнеше парызшылдар келіп, Исаны сынамақ болып:— Күйеуінің әйелімен ажырасуына бола ма? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 10:4 | — Мұса пайғамбар күйеуінің арнайы қағазды жазып беріп, әйелімен ажырасуына рұқсат еткен ғой! — деді олар. | |
Mark | Kaz | 10:5 | Сонда Иса былай деп жауап қатты:— Мұса сендерге осы ережені жүректеріңнің Құдайдың еркіне мойынсұнбай қасарысқандығына бола жазып қалдырған. | |
Mark | Kaz | 10:6 | Алайда жаратылыстың басталуында-ақ «Құдай адамды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты». | |
Mark | Kaz | 10:8 | әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады» (деп те Тауратта жазылған). Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас! | |
Mark | Kaz | 10:12 | Егер әйел күйеуімен ажырасып, басқаға тисе, оның да неке адалдығын бұзғаны, — деп түсіндірді. | |
Mark | Kaz | 10:13 | Адамдар Исаға балаларын алып келіп, Одан соларға қолын тигізіп бата беруін өтінді. Бірақ шәкірттері (Исаны мазалағандары үшін) оларды сөкті. | |
Mark | Kaz | 10:14 | Мұны байқаған Иса наразы болып былай деді:— Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған. | |
Mark | Kaz | 10:15 | Сендерге шындығын айтайын: кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, оған кіре алмайды. — | |
Mark | Kaz | 10:17 | Иса сапарға шыққанда, бір жігіт алдынан жүгіріп шығып, Оған тізесін бүгіп тағзым етті. Жігіт Исаға:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 10:19 | Оның өсиеттерін білесің ғой: «Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ешкімнің ақысын жеме; ата-анаңды сыйла!» — деді. | |
Mark | Kaz | 10:21 | Иса оған қарап тұрып, сүйіспеншілікпен:— Саған бір нәрсе жетіспейді: барып, қолыңдағы мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! — деді. | |
Mark | Kaz | 10:22 | Бұл сөзге жігіт еңсесі түсіп қапаланды да, сол жерден кетіп қалды. Себебі ол аса дәулетті болатын. | |
Mark | Kaz | 10:23 | Иса айнала қарап, шәкірттеріне: «Мал-мүлікке бай адамдардың Құдайдың Патшалығына кіруі қандай қиын!» — деді. | |
Mark | Kaz | 10:24 | Оның айтқандарына шәкірттері абыржып, қайран қалды. Ал Иса тағы да:— Жігіттер! (Байлықтарына сенгендер үшін) Құдайдың Патшалығына кіру қандай қиын! | |
Mark | Kaz | 10:25 | Байдың Құдайдың Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай, — деп қосты. | |
Mark | Kaz | 10:26 | Шәкірттер аса қатты таңғалып, өзара:— Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?! — десті. | |
Mark | Kaz | 10:27 | Иса оларға қарап:— Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан келеді. Оның қолынан бәрі де келеді! — деді. | |
Mark | Kaz | 10:28 | Петір Исаға:— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз, — дей бастап еді. | |
Mark | Kaz | 10:29 | Иса былай деп жауап қатты:— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, бауырларын, әке-шешесін, әйелін, бала-шағасын не жер-суын Маған және Ізгі хабарға бола қалдырған әркімге | |
Mark | Kaz | 10:30 | сол үшін осы заманда қуғын-сүргін көргеннің өзінде де үй-жай, аға-іні, апа-қарындас (не әпке-сіңлі), әке-шеше, бала-шаға, жер-су жүз есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады. | |
Mark | Kaz | 10:31 | Сол заманда көптеген алдыңғы қатарлылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады. | |
Mark | Kaz | 10:32 | Сол кезде олар Иерусалимге көтерілетін жолмен өрлеп бара жатты. Иса алдарында жүрді, ал шәкірттері абыржып, Оның соңынан ерген халық та қорқып келе жатты. Иса қайтадан он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) айта бастады: | |
Mark | Kaz | 10:33 | «Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Сол жерде біреу көктен келген Билеушіні басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдеріне сатып кетеді. Олар Оны өлімге кесіп, Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдарына ұстап береді. | |
Mark | Kaz | 10:34 | Солар Оны мазақ етіп, бетіне түкіріп, қамшымен сабайды, ақырында өлтіреді. Алайда Ол үшінші күні қайта тіріледі!» | |
Mark | Kaz | 10:35 | Сол кезде Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жохан Исаның қасына келіп:— Ұстаз, Сізден бір өтінішіміз бар, соны орындасаңыз екен, — деді. Иса: | |
Mark | Kaz | 10:37 | — Сіз бұдан кейін салтанатты ұлылығыңызға ие болған кезде бірімізге оң, екіншімізге сол жағыңызға отыруды бұйырсаңыз екен, — деген тілек білдірді. | |
Mark | Kaz | 10:38 | Иса оларға жауап беріп былай деді:— Сендер не сұрап тұрғандарыңды ұқпайсыңдар! Мен (Құдайдың қаһарына толы) «тостағаннан ішіп», (азапты) «шомылудан» өтпекпін! Ал сендер солай істей аласыңдар ма? — | |
Mark | Kaz | 10:39 | Екі шәкірт:— Иә, істей аламыз, — дегенде, Иса:— Мен ішетін «тостағаннан» сендер де ішіп, Мен өтетін «шомылудан» сендер де өтетін боласыңдар. | |
Mark | Kaz | 10:40 | Бірақ оң мен сол жағыма отыруға тағайындау Менің қолымда емес. Көктегі Әкем кімге дайындаған болса, солар отырады, — деп сөзін аяқтады. | |
Mark | Kaz | 10:42 | Иса оларды қасына шақырып алып, былай деді:— Билеушілері деп саналатындар қол астындағы халықтарды билеп-төстеп, төрелері де соларға қатаң әмір жүргізеді, соны білесіңдер. | |
Mark | Kaz | 10:43 | Бірақ сендердің араларыңда ондай болмасын! Керісінше, қайсың ұлы болғысы келсе, сол өзгелеріңе қызмет ете берсін! | |
Mark | Kaz | 10:45 | Себебі Мен де Құдай тағайындаған Билеуші бола тұра, Өзіме қызмет еткізу үшін емес, Өзім қызмет етіп, көптеген адамдардың азаттық төлемін өтеп жанымды қию үшін осы дүниеге келдім. | |
Mark | Kaz | 10:46 | Иса шәкірттерімен жол жүріп Иерихон қаласына жетті. Олар халықтың үлкен тобымен бірге қаладан шығып бара жатқанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді. Оның есімі Тімей ұлы Бартімей болатын. | |
Mark | Kaz | 10:47 | Бартімей өтіп бара жатқан Адамның назареттік Иса екенін естіп: «Дәуіттің Ұрпағы Иса, маған рақым ете көріңіз!» — деп айқайлай бастады. | |
Mark | Kaz | 10:48 | Көпшілігі оған ұрсып, үндемеуді бұйырды; бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы, маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды. | |
Mark | Kaz | 10:49 | Иса тоқтай қалып: «Шақырыңдар оны!» — деп бұйырды. Олар соқыр адамға: «Көтер еңсеңді, түрегел! Ол сені шақырып жатыр», — деді. | |
Mark | Kaz | 10:51 | Иса:— Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Зағип:— Ұстаз, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді. | |
Chapter 11
Mark | Kaz | 11:1 | Осылай Иса мен шәкірттері Иерусалимге таяп, Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына жақындап келді. Сонда Иса шәкірттерінің екеуін жұмсап, | |
Mark | Kaz | 11:2 | оларға мынадай тапсырма берді:— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған, әлі ешкім мінбеген бір тайқар есекті көресіңдер. Соны шешіп, алып келіңдер. | |
Mark | Kaz | 11:3 | Егер біреу сендерден «Бұл не қылғандарың?» деп сұрай қалса, оған: «Ол Мырзамызға керек, жуық арада кері қайтарып жібереді» деп жауап беріңдер. | |
Mark | Kaz | 11:4 | Екі шәкірт барғанда көше бойындағы бір үйдің қақпасына байлаулы тұрған жас есекті тауып, шылбырын шешті. | |
Mark | Kaz | 11:6 | Екі шәкірт Исаның айтқанындай жауап берді. Содан әлгілер оларға кедергі жасамай, жайларына жіберді. | |
Mark | Kaz | 11:7 | Екі шәкірт жас есекті Исаға алып келіп, үстіне шапандарын жапқаннан кейін, Иса оған мінді. | |
Mark | Kaz | 11:8 | (Иерусалимге бара жатқан) көптеген адамдар жамылғыларын жолға жайса, өзгелері даладан жас бұтақшаларды кесіп әкеліп, соларды Исаның алдына төсеумен болды. | |
Mark | Kaz | 11:9 | Осылай Исаның алды-артынан еріп жүргендер қатты дауыспен былай деп айқай салды:«Тәңір Ие мадақталсын!»«Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!» | |
Mark | Kaz | 11:10 | «Арғы тегіміз Дәуіттің қайта орнайтын патшалығы жарылқанған!»«Заңғар аспанда Жаратқан Ие мадақталсын!» | |
Mark | Kaz | 11:11 | Осылай Иса Иерусалимге кірді де, ғибадатханаға барып, оны айнала қарап шықты. Кеш батқанда Ол он екі елшісін ертіп қаладан шығып, Бетания ауылына барды. | |
Mark | Kaz | 11:13 | Алысырақтан жапырақ жайған інжір ағашын көрген Ол жемісінің бар-жоғын байқау үшін қасына барды. Бірақ ағаштан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Жеміс беретін маусымы әлі болмаған еді. | |
Mark | Kaz | 11:14 | Сонда Иса: «Бұдан былай мәңгі ешкім де жемісіңнен дәм татпасын!» — деді. Шәкірттері Исаның осы айтқандарын естіді. | |
Mark | Kaz | 11:15 | Сонымен олар Иерусалимге жетті. Иса ғибадатхана алаңына кіріп, ондағы сатушылар мен алушыларды қуып шығара бастады: шетелдік ақшаны (зекет беру үшін жергілікті теңгелерге) айырбастаушылардың үстелдері мен (құрбандыққа шалынатын) көгершіндерді сатушылардың орындықтарын аударып тастады, әрі | |
Mark | Kaz | 11:17 | Оларға: «Киелі жазбаларда: «Менің (киелі) үйім барлық ұлттар мінажат ететін үй деп аталатын болады!» делінген емес пе? Бірақ сендер оны «қарақшылар ордасына» айналдырғансыңдар!» — деп қатаң ескертіп тәлім берді. | |
Mark | Kaz | 11:18 | Мұны дін мұғалімдері мен басты діни қызметкерлер де естіп, Исаның көзін құртудың жолын іздеді. Себебі жұрттың бәрі Оның тәліміне қатты қайран қалғандықтан, олар Исадан қорқып жүрді. | |
Mark | Kaz | 11:20 | Ертеңіне інжір ағашының жанынан өткенде, олар сол ағаштың тамырына дейін қурап қалғанын көрді. | |
Mark | Kaz | 11:21 | Осы оқиға есіне түскен Петір Исаға:— Ұстаз, қараңызшы, Өзіңіз қарғаған інжір ағашы қурап қалыпты! — деді. | |
Mark | Kaz | 11:23 | — Құдайға сеніңдер! Сендерге шындығын айтайын: біреу мына тауға «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» деп, айтқан сөзінің іске асатынына жүрегінде еш күмәнданбай сенсе, сол өтініші орындалады. | |
Mark | Kaz | 11:24 | Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайға сиынып (Оның еркіне сай) не сұрасаңдар да, соны қабылдадық деп сеніңдер! Сонда ол орындалмақ. | |
Mark | Kaz | 11:25 | Ал сиынып тұрған кездеріңде біреуге өкпелерің болса, оны кешіріңдер! Сонда көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешіреді. | |
Mark | Kaz | 11:27 | Осылай олар тағы да Иерусалимге келді. Иса ғибадатхананың ішінде жүргенде, бірқатар басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның қасына келіп: | |
Mark | Kaz | 11:28 | — Бұл істерді қандай билікпен істеп жүрсіз? Оларды істеуге Сізге кім билік берді? — деген сауал қойды. | |
Mark | Kaz | 11:29 | Исаның жауабы мынау болды:— Мен де бір сұрақ қояйын, соған жауап беріңіздер! Содан кейін сіздерге бұл істерді қандай билікпен істеп жүргенімді айтып беремін. | |
Mark | Kaz | 11:30 | Жақияның орындаған шомылдыру рәсімі көктің еркімен болып па еді, әлде адамның еркімен бе? Соған жауап беріңіздер! | |
Mark | Kaz | 11:31 | Олар өзара пікірлесіп былай десті: «Егер «көктің еркімен» десек, Ол: «Ендеше Жақияның уағызына неге сенбедіңіздер?» дейтін болар. | |
Mark | Kaz | 11:32 | Ал «адамның еркімен» десек...» — Олар бұлай деуге халықтан қорықты, себебі бүкіл жұрт Жақияны шынайы пайғамбар деп санайтын. | |
Chapter 12
Mark | Kaz | 12:1 | Сонда Иса оларға астарлы әңгімелер айта бастап былай деді:— Бір кісі жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып, күзет мұнарасын да салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады. | |
Mark | Kaz | 12:2 | Мерзімі жеткенде бақтың иесі оның өнімінен өзіне тиісті үлесін алу үшін жүзімшілерге бір қызметшісін жұмсайды. | |
Mark | Kaz | 12:4 | Бақтың иесі өзге бір қызметшісін жұмсайды. Олар оның басын таспен ұрып жарақаттап, намысына тиіп қорлап, қуып жібереді. | |
Mark | Kaz | 12:5 | Қожайын тағы басқа біреуді жұмсаса, әлгілер оны өлтіріп тастайды. Содан кейін қожайын өзге де көптеген қызметшілерін жібереді, ал олар кейбіреулерін ұрып-соғып, басқаларын өлтіріп тастайды. | |
Mark | Kaz | 12:6 | Бақ иесінің жұмсайтын тағы бір адамы — өзінің сүйікті ұлы қалады. Ақыр соңында қожайын: «Менің ұлымнан қаймығар» — деп ойлап, оны да жұмсайды. | |
Mark | Kaz | 12:7 | Бірақ жүзімшілер өзара: «Бұл — мұрагер ғой! Кәне, жүріңдер, оны өлтірейік, сонда мұрасы біздікі болады!» — деседі. | |
Mark | Kaz | 12:9 | Енді жүзімдіктің иесі не істемек? Ол келіп, жүзімшілерді өлтіріп, бағын басқаларға тапсырмақ! | |
Mark | Kaz | 12:10 | Киелі жазбалардан мынаны оқымап па едіңіздер: «Құрылысшылар менсінбеген Тас енді үйдің басты іргетасына айналды! | |
Mark | Kaz | 12:12 | Исаның өздері туралы астарлап айтқанын ұққан дінбасылар Оны тұтқындамақ болды. Алайда олар халықтан қорыққандықтан Исаны тастап, жөндеріне кетті. | |
Mark | Kaz | 12:13 | Кейінірек басшылар Исаға бірнеше парызшылдарды және Иродтың жақтастарын жіберді. Бұлар қитұрқы сұрақ қойып, Исаны өз сөзінен ұстауға тырысты. | |
Mark | Kaz | 12:14 | Осылай олар Исаға келіп, былай деді:— Ұстаз, Сіздің әділ екеніңізді білеміз. Біреуге жағыну ниетінен аулақ болып, ешкімнің бет-жүзіне қарамай, жұртты шынымен Құдайдың жолына үйретесіз. Ал енді, Рим патшасына алым-салық төлеуіміз дұрыс па, әлде бұрыс па? Соларды өтеуіміз қажет пе, жоқ па? | |
Mark | Kaz | 12:15 | Бірақ бұлардың екіжүзділігін біле қойған Иса:— Мені азғырып, сынамақсыңдар, ә? Бір күміс теңгені алып келіңдерші, көрейін, — деді. | |
Mark | Kaz | 12:16 | Олар біреуін әкеліп берді. Иса:— Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады. Олар:— Рим патшасынікі, — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 12:17 | Сонда Иса:— Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер! — деп тұжырымдады. Әлгілер Исаға таңданып қайран қалды. | |
Mark | Kaz | 12:18 | Саддукейлер өлімнен қайта тірілу жоқ дейтін. Сондықтан саддукейлер ұйымының кейбір мүшелері Исаға келіп, мына сұрақты қойды: | |
Mark | Kaz | 12:19 | — Ұстаз, Мұса пайғамбар бізге мынадай бұйрық жазып қалдырған: Егер біреудің үйленген бауыры артынан бала қалдырмай өлсе, онда сол адам оның жесіріне үйленіп, марқұм бауырына ұрпақ қалдырсын! | |
Mark | Kaz | 12:20 | Бірде ағайынды жеті жігіт бар еді. Солардың тұңғышы үйленіп, артынан бала қалдырмай өлді. | |
Mark | Kaz | 12:21 | Жесіріне екіншісі үйленіп, ол да артынан бала қалдырмай бұ дүниеден өтті. Үшіншісімен де солай болды. | |
Mark | Kaz | 12:22 | Сол әйелге жетеуі де үйленіп, бала қалдырмай өлді. Ақыры бәрінің соңынан әйелдің өзі де көз жұмды. | |
Mark | Kaz | 12:23 | Ендеше, қиямет күні қайта тірілгенде әйел қайсысынікі болады? Ол жетеуінің де әйелі болған еді ғой! | |
Mark | Kaz | 12:24 | Иса оларға былай деп жауап қайырды:— Киелі жазбаларды және Құдайдың құдіретін ұқпағандықтан жаңылып жүрсіңдер, солай емес пе? | |
Mark | Kaz | 12:25 | Себебі өлімнен қайта тірілгеннен кейін адамдар әйел алмайды, күйеуге де шықпайды. (Сол жағынан) олар көктегі періштелер іспетті болады. | |
Mark | Kaz | 12:26 | Ал өлгендердің тірілуі жайында Мұса пайғамбардың қалдырып кеткен Таурат кітабындағы тікенді бұта туралы бөлімді оқымап па едіңдер? (Ыбырайым, Ысқақ және Жақып дүние салғаннан көп жыл өткен соң) Құдай Мұсаға былай деді: «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын». | |
Mark | Kaz | 12:28 | Бір дін мұғалімі жақындап келіп, олардың айтысып жатқандарын тыңдап тұрған еді. Исаның жақсы жауап бергеніне көзі жетіп, Оған:— (Таураттағы) өсиеттердің ең бастысы қайсысы? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 12:29 | Иса оған былай деп жауап берді:— Бәрінің ең бастысы мынау: «Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Иеміз! | |
Mark | Kaz | 12:30 | Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй!» Бұл — басты өсиет. | |
Mark | Kaz | 12:31 | Ал екіншісі (де сол сияқты): «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» Бұлардан жоғары өсиет жоқ. — | |
Mark | Kaz | 12:32 | Сонда дін мұғалімі Исаға былай деді:— Сіздікі дұрыс, Ұстаз! «Құдай жалғыз, Одан басқа құдай жоқ» деп шындығын айттыңыз. | |
Mark | Kaz | 12:33 | Оны шын жүректен, барлық ақыл-оймен, бүкіл жан дүниесімен, бар күш-қуатпен сүю әрі маңайындағы адамды өзіндей сүю Құдайға арналған құрбандықтар мен басқа да сый-тартулардың бәрінен де жоғары. — | |
Mark | Kaz | 12:34 | Иса сол дін мұғалімінің парасатты жауап бергенін көргенде оған:— Құдайдың Патшалығынан алыс емес екенсің, — деді.Бұдан кейін Исаға сұрақ қоюға ешкімнің батылы бармады. | |
Mark | Kaz | 12:35 | Иса ғибадатханада тәлімін жалғастырғанда сондағы адамдарға былай деп сұрақ қойды:— Дін мұғалімдерінің Мәсіхті «Дәуіттің Ұрпағы» деулері қалай? | |
Mark | Kaz | 12:36 | Дәуіттің өзі Киелі Рухтың жетелеуімен: «Жаратқан Ие менің Иеме былай деп айтқан: Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда», — деген ғой. | |
Mark | Kaz | 12:37 | Сонымен, Дәуіттің өзі Мәсіхті «Ием» деп атаған соң, қалайша Мәсіх Дәуіттің Ұрпағы ғана болады?Жиналған көпшілік Исаны сүйсіне тыңдады. | |
Mark | Kaz | 12:38 | Ол соларға тағы былай деп тәлім берді:— Дін мұғалімдерінен сақтаныңдар! Олар ұзын шапан киіп, базарларда жұрттың өздеріне сәлем беріп құрмет көрсетуін жақсы көреді. | |
Mark | Kaz | 12:39 | Олар, сондай-ақ, мәжілісханаларда сыйлы орында отыруды әрі қонақасыларда төрге жайғасуды ұнатады. | |
Mark | Kaz | 12:40 | Сонымен қатар олар жесір әйелдердің үй-жайын ішіп-жеп тауысып, әдейі көзге түсу үшін ұзақ сиынып мінажат етеді. Бұлар бәрінен бетер қатаң жазаланатын болады-ау! | |
Mark | Kaz | 12:41 | Содан кейін Иса құдайы сыйлықтарға арналған сандықтардың қарсы бетіне отырып, жұрттың оған қалай ақша салғанын бақылады. Көптеген байлар молынан салды. | |
Mark | Kaz | 12:43 | Сонда Иса шәкірттерін қасына шақырып алып: «Сендерге шындығын айтамын: ақша салғандардың барлығынан да мына бейшара жесір көп салды! | |
Chapter 13
Mark | Kaz | 13:1 | Иса ғибадатханадан шыққанда, шәкірттерінің бірі Оған:— Ұстаз, қараңызшы: тастар қалай әшекейленген, ғимараттар қандай тамаша! — деді. | |
Mark | Kaz | 13:2 | Ал Иса оған:— Мына зәулім ғимараттарды көріп тұрсың ғой? Бұлардың қаланған бірде-бір тасы қалмай барлығының да күл-талқаны шығатын болады! — деп жауап қайтарды. | |
Mark | Kaz | 13:3 | Кейінірек Иса Зәйтүн тауының ғибадатханаға қарама-қарсы беткейінде отырғанда, Петір, Жақып, Жохан және Әндір Оған оңашада мына сұрақты қойды: | |
Mark | Kaz | 13:4 | — Бізге айтыңызшы: бұл қашан болады? Осының бәрінің іске асатын кезін қандай белгі білдірмек? — | |
Mark | Kaz | 13:5 | Иса оларға жауап беріп былай деді:— Сақ болыңдар, ешкім сендерді алдап, теріс жолға түсірмесін! | |
Mark | Kaz | 13:6 | Себебі көп кісілер Менің атымды жамылып келіп: «(Құтқарушы Мәсіх) Менмін!» деп, көпшілікті алдап азғыратын болады. | |
Mark | Kaz | 13:7 | Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы естігенде, зәрелерің ұшпасын! Олар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры әлі де бұл емес. | |
Mark | Kaz | 13:8 | Себебі ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде жер сілкіністер мен ашаршылық (және дүрлігіс) болады. Бұлар тек жаңа дәуір туар алдындағы «толғақтың» бастапқы азабы іспетті. | |
Mark | Kaz | 13:9 | Өздеріңе сақ болыңдар! Жұрт сендерді соттарға ұстап беріп, мәжілісханаларда дүре соғатын болады. Менің жолыма түскендеріңе бола әміршілер мен патшалар алдына да апарыласыңдар. Осылайша солардың алдында Мен туралы ашық айтуға мүмкіндік аласыңдар. | |
Mark | Kaz | 13:11 | Адамдар сендерді сотқа апарып, ұстап бергенде, не айтатындарыңды ойлап уайымдамаңдар! Сол сәтте ауыздарыңа салынған сөздерді айтыңдар! Осылай өздерің емес, сендер арқылы Киелі Рух сөйлейтін болады. | |
Mark | Kaz | 13:12 | Сонда тіпті бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын ажалға ұстап береді, балалары да әке-шешелеріне қарсы көтеріліп, оларды өлімге душар етеді. | |
Mark | Kaz | 13:13 | Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады. | |
Mark | Kaz | 13:14 | Бір кезде сендер (Даниял пайғамбар алдын ала айтқандай, Құдайдың киелі үйін) арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсенің тұрмауға тиісті орында тұрғанын көретін боласыңдар. — Мұны оқып отырған әркім соның мәнісін ұғып алсын! — Сонда Яһудея аймағында тұратындар дереу тауларға қашып құтылсын! | |
Mark | Kaz | 13:15 | Кім үйінің жалпақ төбесінде отырса, сол бір нәрсесін алуға үйге кірместен, сыртқы сатымен төмен түсіп, бірден қашып құтылсын! | |
Mark | Kaz | 13:17 | Сол күндері аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдер қандай қасіретке ұшырайтын болады! | |
Mark | Kaz | 13:19 | Себебі сол күндері жаратылыс басталғаннан бері күні бүгінге дейін ешқашан болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. | |
Mark | Kaz | 13:20 | Егер де Жаратқан Ие бұл күндердің санын қысқартпағанда, ешбір жан құтқарыла алмас еді. Бірақ Ол Өзінің таңдап алған адамдарына бола сол кезеңді қысқартып қойған. | |
Mark | Kaz | 13:21 | Сол кезде біреу сендерге: «Міне, Мәсіх мұнда!» немесе «Әне, Ол анда!» десе, иланбаңдар! | |
Mark | Kaz | 13:22 | Себебі жалған «мәсіхтер» мен «пайғамбарлар» шығатын болады. Олар, мүмкін болса, Құдайдың таңдап алған адамдарын да алдап, теріс жолға адастыру үшін кереметтер мен ғажаптарды көрсететін болады. | |
Mark | Kaz | 13:24 | Бірақ сол күндері, сол бір қиын-қыстау кезеңнен кейін күнді қараңғылық басады, ай да жарқырамайтын болады. | |
Mark | Kaz | 13:26 | Сонда адамдар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бұлттарда көктен келе жатқанымды көреді. | |
Mark | Kaz | 13:27 | Мен періштелерімді жіберіп, әлемнің о шетінен бұ шетіне дейін, дүниенің төрт бұрышынан Өзімнің таңдап алған адамдарымды жинап әкелетін боламын. | |
Mark | Kaz | 13:28 | Інжір ағашынан сабақ алыңдар: оның шыбықтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда жаздың таяп қалғанын білесіңдер. | |
Mark | Kaz | 13:29 | Сол сияқты, сендер осы оқиғалардың болғанын көргенде Менің Құдай тағайындаған Билеуші ретінде таяп, есік алдына келіп қалғанымды білетін боласыңдар. | |
Mark | Kaz | 13:32 | Ал сол күннің, сол сәттің қашан болатынын ешкім білмейді. Бұл жайт көктегі періштелерге де, Құдайдың рухани Ұлына да белгілі емес, жалғыз Оның Әкесіне ғана мәлім. | |
Mark | Kaz | 13:33 | Ұдайы сақ та сергек болыңдар (әрі Құдайға сиыныңдар), себебі Менің қайтып келген кезімнің қашан болатынын білмейсіңдер. | |
Mark | Kaz | 13:34 | Бұл жайт сапарға шықпақ болған бір кісінің әрекетіне ұқсас: ол кетер алдында үй-жайын басқаруды қол астындағы қызметшілеріне аманаттайды. Әрқайсысына атқаратын жұмыстарын үлестіріп беріп, қақпашыға сергек күзетуін тапсырады. | |
Mark | Kaz | 13:35 | Сондықтан сергек болыңдар! Үй иесінің қашан келетінін: кешке ме, түн ортасында ма, әтеш шақырған кезде ме, әлде таң ата ма, қызметшілері білмейді. (Сондай-ақ, сендер де Менің қашан қайтып келетінімді білмейсіңдер.) | |
Chapter 14
Mark | Kaz | 14:1 | Құтқарылу және Ашымаған нан мейрамдарына екі-ақ күн қалған еді. Басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Исаны айламен қолға түсіріп, өлтірудің жолын қарастырды. | |
Mark | Kaz | 14:2 | Әйтсе де олар: «Мұны мейрам күндері іске асыруға болмайды! Әйтпесе халық арасында бүлік шығып жүрер», — десті. | |
Mark | Kaz | 14:3 | Ал Иса бұл кезде Бетанияда, бұрын алапеспен ауырған Шимонның үйінде болатын. Сонда бір әйел Исаның қасына жақындап келді; оның қолында нард деген өсімдіктен жасалған таза, аса құнды иісмайға толы мөлдір тас құтысы бар еді. Әйел құтының аузын сындырып, иісмайды дастарқан басында жантайып жатқан Исаның басына құйды. | |
Mark | Kaz | 14:4 | Сол жердегілердің кейбіреулері бұған наразы болып, бір-біріне: «Иісмай неге бұлай ысырапталды? | |
Mark | Kaz | 14:5 | Оны бір жылдық жалақыдан да артық бағаға сатып, түскен ақшаны мүсәпірлерге үлестіруге болатын еді ғой!» — десіп, әйелді сөгіп тастады. | |
Mark | Kaz | 14:6 | Бірақ Иса оларға қарсы шығып былай деді:— Бұл әйелге тимеңдер! Оны неге мазалайсыңдар? Ол Маған ерекше жақсылық жасады. | |
Mark | Kaz | 14:7 | Мүсәпірлер әрдайым қастарыңда ғой, оларға қалаған кезде қайырым көрсете аласыңдар. Ал Мен ұдайы қастарыңда бола бермеймін. | |
Mark | Kaz | 14:8 | Бұл әйел қолынан келгенін істеп, Менің денеме қабірге қоярдағы май жағу салтын алдын ала орындады. | |
Mark | Kaz | 14:9 | Сендерге шын айтамын: осы Ізгі хабар қай жерде болмасын бүкіл дүние жүзінде уағыздалғанда, осы әйелді де еске алып, істегенін айтатын болады. | |
Mark | Kaz | 14:10 | Ал он екі елшінің біреуі, Яһуда Исқариот, Исаны ұстап беру ниетімен басты діни қызметкерлерге барды. | |
Mark | Kaz | 14:11 | Мұны естігенде олар қатты қуанып, сол үшін Яһудаға күміс ақша беруге уәде етті. Осы кезден бастап Яһуда Исаны оларға ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды. | |
Mark | Kaz | 14:12 | Ашымаған нан мейрамының бірінші күні әр отбасы ата-бабаларын Құдайдың құтқарғанын еске түсіріп, бір тоқтыны құрбандыққа шалатын. Сол кезде шәкірттері Исадан:— Мейрам асыңызды қай жерге әзірлеуімізді қалайсыз? — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 14:13 | Иса олардың екеуін жұмсап былай деді:— Қалаға барып, кіріңдер. Сонда сендерге құмырамен су алып бара жатқан бір адам кездеседі. Соның артынан еріп, | |
Mark | Kaz | 14:14 | ол кірген үйдің иесіне: «Ұстазымыз сізге сәлем айтып, Маған шәкірттеріммен бірге отырып мейрам асын ішуге болатын қонақ бөлмеңіз қайда екен деп сұрап жатыр» деңдер. | |
Mark | Kaz | 14:15 | Үй иесі сендерге жоғарғы қабатта орналасқан, еденіне төсеніштер төселіп даярланған кең қонақ бөлмені көрсетеді. Асты бізге сол жерге дайындаңдар! — | |
Mark | Kaz | 14:16 | Енді шәкірті жолға шығып, қалаға кіргенде, бәрі де Исаның айтқанындай болды. Олар мейрам асын сонда даярлады. | |
Mark | Kaz | 14:18 | Олар дастарқан басына жайғасып, тамақ ішіп отырғанда, Иса:— Сендерге шындығын айтайын: Менімен бірге тамақ ішіп отырған сендердің біреуің Маған опасыздық жасайды, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:19 | Олар еңселері түсіп, қатты абыржып бірінен соң бірі:— Сол адам мен емес пе екенмін? — деп сұрай бастады. | |
Mark | Kaz | 14:20 | Иса жауап беріп:— Ол — осы он екіңнің бірі, табақтағы тұздыққа Менімен бірге бір үзім нанын батырып алып жатқан біреуің. | |
Mark | Kaz | 14:21 | Көктен келген Мен Киелі жазбаларда Өзім туралы алдын ала айтылған жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін адам қасіретке қалады! Сол кісі үшін ешқашан дүниеге келмегені жақсы болар еді, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:22 | Олар тамақ ішіп отырғанда, Иса қолына нан алып, шүкірлік етіп бата берді. Нанды үзіп, шәкірттеріне беріп жатып:— Алып жеңдер, бұл — Менің денем, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:24 | Иса оларға:— Бұл — көптеген адамдар үшін төгіліп, (Жаңа) Келісімді бекітетін Менің қаным. | |
Mark | Kaz | 14:25 | Сендерге шын айтамын: Мен Құдайдың Патшалығы орнаған кезде жүзім шырынынан жаңа түрде ішетін боламын. Сол күнге дейін одан енді қайтып татпаймын, — деді. | |
Mark | Kaz | 14:26 | Бұдан кейін олар Құдайды мадақтау әнін айтты; содан соң сол жерден шығып, Зәйтүн тауына қарай беттеді. | |
Mark | Kaz | 14:27 | Жолшыбай Иса шәкірттеріне тіл қатып былай деді:— (Бүгін түнде) бәрің де Менен безіп кетесіңдер. Себебі (Пайғамбарлар жазбаларында мынадай сөздер) жазылған: «Бақташыны» ұрып өлтіремін, сонда «қойлары» бытырап кетеді. | |
Mark | Kaz | 14:30 | Иса:— Саған шындығын айтайын: осы түні-ақ әтеш екі рет шақырғанша, сен Менен үш рет танасың! — деп жауап қайтарды. | |
Mark | Kaz | 14:31 | Алайда Петір одан бетер құлшына:— Маған Сізбен бірге өлуге тура келсе де, Сізден еш танбаймын! — деді. Барлық басқа шәкірттер де осыны айтты. | |
Mark | Kaz | 14:32 | Осылай олар бақшасы бар Гетсимани деген жерге жетті. Сонда шәкірттеріне: «Мен сиынып мінажат еткенше, осы жерде отыра тұрыңдар», — деді. | |
Mark | Kaz | 14:33 | Ол Петір, Жақып және Жоханды Өзімен бірге ала кетіп, жаны түршігіп қатты қинала бастады. | |
Mark | Kaz | 14:34 | Иса үш шәкіртіне: «Жаным өлердей қайғырып тұр. Сендер осында қалып, ұйықтамай сергек болыңдар!» — деп тапсырды. | |
Mark | Kaz | 14:35 | Иса сол жерден әрірек барып, жерге жығылды. Мүмкін болса, алдағы азапты кезеңнің Өзіне жоламай айналып өтуін сұрап: | |
Mark | Kaz | 14:36 | «О, Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді. (Қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» — деп мінажат етті. | |
Mark | Kaz | 14:37 | Қайтып келгенде Иса шәкірттерінің ұйықтап жатқанын көрді. Петірге: «Шимон, ұйықтап жатырсың ба? Ең болмағанда, бір сағат ұйықтамай отыра алмағаның ба? | |
Mark | Kaz | 14:38 | Азғырылмау үшін сергек болып сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді. | |
Mark | Kaz | 14:40 | Бұдан кейін оралып келгенде, шәкірттері қайтадан ұйықтап жатты. Себебі көздерін ұйқы басқан еді. Олар Исаға не айтарларын білмеді. | |
Mark | Kaz | 14:41 | Иса үшінші рет оңаша сиынып, қайтып келгеннен кейін шәкірттеріне: «Әлі де ұйықтап, тынығып жатырсыңдар ма? Жетер енді, уақыт болды: Құдай тағайындаған Билеуші күнәкарлардың қолына ұстап беріледі. | |
Mark | Kaz | 14:43 | Иса әлі де осыны айтып тұрғанда, он екі елшінің біреуі — Яһуда семсер мен сойыл ұстанған бір топ адамды сол жерге ертіп келді. Бұларды басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылары жіберген болатын. | |
Mark | Kaz | 14:44 | Исаға опасыздық жасаушы Яһуда оларға белгі беру туралы: «Кімнің бетінен сүйсем, Ол — Соның Өзі. Сол Адамды тұтқындап, абайлап алып кетіңдер», — деген еді. | |
Mark | Kaz | 14:47 | Бірақ сол жерде Исамен бірге тұрғандардың біреуі семсерін суырып алды. Соны бас діни қызметкердің малайына қарай сілтеп қалып, оның бір құлағын шауып түсірді. | |
Mark | Kaz | 14:48 | Ал Иса келгендерге: «Мені тұтқындауға, қарақшыға қарсы аттанғандай семсер мен сойыл алып шыққандарыңыз қалай? | |
Mark | Kaz | 14:49 | Күн сайын ғибадатханада тәлім беріп қастарыңызда болғанымда Мені ұстаған жоқсыздар. Бірақ Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандар осылай жүзеге асуға тиіс!» — деді. | |
Mark | Kaz | 14:51 | Ал жалаңаш денесіне бәтес жамылғы ғана оранған бір жас жігіт Исаның артынан ілесіп отырды. Жасақшылар оны ұстап алды. | |
Mark | Kaz | 14:52 | Бірақ сол жігіт жамылғысын тастай сала, қолдарынан сытылып шығып, жалаңаш күйі қашып кетті. | |
Mark | Kaz | 14:53 | Қарулы топ Исаны бас діни қызметкердің сарайына апарды. Сол жерге барлық басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері жиналды. | |
Mark | Kaz | 14:54 | Петір Исаға алыстан ілесе отырып, бас діни қызметкердің сарайының ішкі ауласына дейін барды. Ол жерде Петір сақшылармен бірге отырып, отқа жылынды. | |
Mark | Kaz | 14:55 | Сол кезде басты діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес Исаны өлімге кесу үшін Оған қарсы айғақ іздестірді, бірақ ештеңе таба алмады. | |
Mark | Kaz | 14:56 | Көптеген адамдар Исаға қарсы жалған куәлік берді, алайда олары бір-біріне сай келмеді. | |
Mark | Kaz | 14:58 | — Біз Бұның: «Мен қолдан жасалған мына киелі үйді бұзып, қолдан жасалмаған басқасын үш күнде қайта тұрғызамын» дегенін естідік, — деп жалған куәлік келтірді. | |
Mark | Kaz | 14:60 | Сонда бас діни қызметкер ортаға шығып, Исаға:— Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? — деген сауал қойды. | |
Mark | Kaz | 14:61 | Бірақ Иса еш жауап бермей үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып:— Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. | |
Mark | Kaz | 14:62 | Иса:— Мен Солмын. Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 14:63 | Сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып:— Енді куәгерлердің қажеті қанша? | |
Mark | Kaz | 14:64 | Ол Тәңірге тіл тигізді, мұны өз құлақтарыңызбен естідіңіздер! Бұған қалай қарайсыздар? — деп дауыстады.Жиналғандардың барлығы да Оны өлім жазасына лайық деп шешті. | |
Mark | Kaz | 14:65 | Бірқатары Исаға түкіре бастады. Оның бетін бүркеп, жұдырықтап: «Әй, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекеледі. Бұдан кейін сақшылар Исаны ұстап тұрып, соққылады. | |
Mark | Kaz | 14:66 | Бұл кезде Петір төменде, сарайдың ішкі ауласында, отырған еді. Бас діни қызметкердің бір қызметші қызы өтіп бара жатып, | |
Mark | Kaz | 14:67 | отқа жылынып отырған Петірді көрді. Оған қадала қарап:— Сен де назареттік Исамен бірге жүретін едің ғой! — деді. | |
Mark | Kaz | 14:68 | Алайда Петір:— Не деп тұрғаныңды білмеймін де, түсінбеймін де, — деп мойындамады. Содан ол ішкі ауладан шығып, қақпа жағына жылжи берді. Сонда әтеш шақырды. | |
Mark | Kaz | 14:69 | Қызметші қыз Петірді тағы да көріп, сол жерде тұрғандарға: «Мынау — солардың біреуі!» — дей бастады. | |
Mark | Kaz | 14:70 | Бірақ Петір қайтадан мойындамады.Сәл кейінірек сонда тұрғандар да оған:— Сен шынымен солардың біреуісің, ғалилеялықсың ғой! (Қалай сөйлегеніңнен-ақ білініп тұр!) — деді. | |
Chapter 15
Mark | Kaz | 15:1 | Таң атысымен-ақ басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері, яғни бүкіл Жоғарғы кеңес, ақылдасып, шешім қабылдады. Олар Исаны байлатып, римдік әмірші Пилатқа алып барып, табыс етті. | |
Mark | Kaz | 15:2 | Пилат Исаға:— Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деп жауап берді. | |
Mark | Kaz | 15:4 | Пилат Оған тағы сауал қойып:— Ешбір жауап бермейсің бе? Қарашы, Саған қаншама көп айып тағып тұр! — деді. | |
Mark | Kaz | 15:6 | Әмірші әдетте мейрамның құрметіне яһудилер сұраған бір тұтқынды оларға босатып беретін. | |
Mark | Kaz | 15:7 | Сол тұста Барабба есімді біреу өзінің сыбайлас көтерілісшілерімен бірге түрмеде отырған еді. Олар бүлік кезінде кісі өлтірген болатын. | |
Mark | Kaz | 15:8 | Енді халық алға қарай ұмтылып, Пилаттан әдеттегідей бір тұтқынды босатуын дауыстап сұрай бастады. | |
Mark | Kaz | 15:9 | Пилат оларға жауап беріп:— Сендерге «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыздар ма? — деген сұрақ қойды. | |
Mark | Kaz | 15:11 | Бірақ басты діни қызметкерлер халық тобырын әміршіден: «Оның орнына Бараббаны босатып беріңіз!» деп талап етуге арандатты. | |
Mark | Kaz | 15:12 | Пилат оларға:— Ендеше, сендер «Яһудилердің Патшасы» деп атаған Адамға не істеуімді қалайсыңдар? — деген сауал қойды. | |
Mark | Kaz | 15:14 | Пилат:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? — деп сұрады. Бірақ олар:— Айқышқа шегеленсін! — деп бұрынғыдан бетер шулап кетті. | |
Mark | Kaz | 15:15 | Сонда Пилат халықтың көңілінен шыққысы келіп, оларға Бараббаны босатып берді. Ал Исаны қамшымен соқтырғаннан кейін, айқышқа шегелеп іліп өлтіруге жасақшылардың қолдарына тапсырды. | |
Mark | Kaz | 15:16 | Жасақшылар Исаны әміршінің ордасы болған сарайдың ішкі ауласына алып барып, сонда бүкіл әскер бөлімін шақырып жинап алды. | |
Mark | Kaz | 15:17 | Олар Исаға бір қызыл шапанды жауып, тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, Оның басына кигізді. | |
Mark | Kaz | 15:20 | Мазақтап болғаннан кейін Оның үстіндегі қызыл шапанды шешіп алып, өз киімін кигізді.Содан соң жасақшылар Исаны айқыш ағашқа шегелеп іліп қою үшін қала сыртына қарай алып кетті. | |
Mark | Kaz | 15:21 | Жолшыбай олар даладан қарсы келе жатқан Шимон есімді күренелік ер адамға тап болды. Оны Исаның айқыш ағашын арқалап алып жүруге мәжбүр етті. Сол Шимон Ескендір мен Руфтың әкесі болатын. | |
Mark | Kaz | 15:24 | Жасақшылар Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды. Бұдан кейін әрқайсысы өз үлесін алу үшін Оның киімдерін жеребе тастап бөлісті. | |
Mark | Kaz | 15:27 | Жасақшылар Исамен бірге екі қарақшыны да, біреуін оң, екіншісін сол жағындағы айқыш ағаштарға керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды. | |
Mark | Kaz | 15:28 | (Киелі жазбада: «Ол қылмыскерлердің қатарында саналды» деп алдын ала айтылған сөз осылай іске асты.) | |
Mark | Kaz | 15:29 | Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: «Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы! | |
Mark | Kaz | 15:31 | Сол секілді, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері де Оны мазақтап бір-біріне: «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! | |
Mark | Kaz | 15:32 | «Исраилдің Патшасы Мәсіх» қазір-ақ айқыштан түссін! Көзімізбен көрейік, сонда Оған сенеміз», — десті. Жанындағы айқыштарға шегеленген қылмыскерлер де Исаны балағаттап тілдеді. | |
Mark | Kaz | 15:34 | Сағат үште Иса қатты дауыспен айқайлап: «Ілои, Ілои! Лама сабахтани?» — деді. Өз тілінде бұл «О, Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?» дегенді білдіреді. | |
Mark | Kaz | 15:35 | Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естігенде: «Қараңдар, Ол Ілиясты шақырып жатыр», — десті. | |
Mark | Kaz | 15:36 | Біреуі жүгіріп барып, бір сорғышты сірке суына батырып алды. Оны таяқтың ұшына қадап, Исаға ішуге ұсынды да: «Күте тұрайық, Ілияс келіп, Оны түсіріп алар ма екен көрейік!» — деп кекетті. | |
Mark | Kaz | 15:39 | Исаның қарсы алдында тұрған жүзбасы Исаның осылай жан тәсілім еткенін көргенде: «Бұл Адам шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады. | |
Mark | Kaz | 15:40 | Сол жерде алысырақтан қарап тұрған әйелдер де болды. Араларында мағдалалық Мәриям, кіші Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям және Салома бар еді. | |
Mark | Kaz | 15:41 | Олар Иса Ғалилеяда болған кезінде Оған еріп, қызмет етіп жүретін. Сондай-ақ Онымен бірге Иерусалимге келген басқа да көптеген әйелдер сол жерде тұрды. | |
Mark | Kaz | 15:42 | Бұл күн діни демалыс күнінің алдындағы әзірлік күні — жұма болатын. Сондықтан кеш түспес бұрын | |
Mark | Kaz | 15:43 | ариматеялық Жүсіп батылдықпен Пилатқа барып, одан Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрады. Жоғарғы кеңестің беделді мүшесі болған Жүсіп Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнауын аңсап күтіп жүрген жан еді. | |
Mark | Kaz | 15:44 | Пилат Исаның сонша тез өліп қалғанына таңданды; жүзбасыны шақырып алып, одан: «Ол өлгелі көп болды ма?» — деп сұрады. | |
Mark | Kaz | 15:46 | Жүсіп бәтес кебін сатып алып келіп, Исаның мәйітін айқыштан түсіріп, кебінге орады. Содан оны жартастан үңгіп жасалған бір қабірге апарып қойды. Мұнан кейін қақпақ тасын домалатып әкеліп, қабірдің кіреберіс аузын сонымен жауып тастады. | |
Chapter 16
Mark | Kaz | 16:1 | Сенбі күні өткеннен кейін мағдалалық Мәриям, Жақыптың шешесі Мәриям және Салома Исаның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайлар сатып алды. | |
Mark | Kaz | 16:4 | Олар келіп қараса, тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді. Ал тас тым үлкен болатын. | |
Mark | Kaz | 16:5 | Ішке кірген әйелдер оң жақта отырған ақ киімді бір жас жігітті көріп, абыржып қорқып кетті. | |
Mark | Kaz | 16:6 | Бірақ періште оларға қарап былай деді:— Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленіп өлген назареттік Исаны іздеп жүрсіңдер ғой. Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның қойылған орнын қараңдар! | |
Mark | Kaz | 16:7 | Енді барып, Оның шәкірттеріне және Петірге мынаны жеткізіңдер: Иеміз сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Сендерге Өзі айтқандай, сол жерден Оны көресіңдер. | |
Mark | Kaz | 16:8 | Әйелдер бойларын қорқыныш билеп, қатты дірілдеп қабірден шықты да, қаша жөнелді. Зәрелері ұшқан олар сол сәтте басқа ешкімге ештеңе айтпады. | |
Mark | Kaz | 16:9 | Иса жексенбі күні таң сәріде қайта тірілгеннен кейін ең алдымен мағдалалық Мәриямға көрінді. Бір кезде Иса оның бойынан жеті жынды қуып шығарған болатын. | |
Mark | Kaz | 16:10 | Мәриям Исаға еріп жүрген, ал қазір Оны жоқтап аза тұтқан шәкірттеріне барып, оларға бұл хабарды жеткізді. | |
Mark | Kaz | 16:12 | Бұдан кейін Иса шәкірттерінің екеуіне бір ауылға кетіп бара жатқан кездерінде жолшыбай басқа бір кейіпте көрінді. | |
Mark | Kaz | 16:13 | Олар қайта оралып келіп, қалған шәкірттеріне айтып берді, алайда солар бұл екеуіне де сенбеді. | |
Mark | Kaz | 16:14 | Ақыр соңында, кешкі асқа отырған кездерінде, Иса он бір елшісінің өздеріне де көрінді. Оларға қайта тірілген Өзін көргендерге нанбай, қиқарлық танытқандары үшін наразылық білдірді. | |
Mark | Kaz | 16:15 | Иса оларға тағы былай деді: «Бүкіл жер бетіндегі күллі адамдарға барып, Ізгі хабарды жариялаңдар! | |
Mark | Kaz | 16:17 | Сенушілер Құдайдың құдіретін көрсететін мынадай кереметтерді істемек: олар Менің атыммен жындарды қуып шығарып, жаңа тілдерде сөйлейді. | |
Mark | Kaz | 16:18 | Егер де қолдарымен улы жылан ұстап не у ішіп қойса, содан ешқандай зақым көрмейді. Ауру адамдардың үстіне қолдарын қойса, олар сауығып кетеді». | |
Mark | Kaz | 16:19 | Сонымен Иеміз Иса олармен сөйлесіп болған соң көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына жайғасты. | |