DEUTERONOMY
Up
Chapter 1
| Deut | Kaz | 1:1 | Бұл — Мұса пайғамбардың бүкіл Исраил халқына Иордан өзенінің шығыс жағындағы иен далада айтқан сөздері. Халық сол кезде Суфқа қарама-қарсы Араба деген елсіз алқапта Паран (атты иен дала) мен Топел, Лабан, Хасирот және Дизахабтың арасында көшіп-қонып жүрді. | |
| Deut | Kaz | 1:2 | Хориб (яғни Синай) тауынан Сейірдің таулы жеріне апаратын жолмен жүргенде Қадеш-Барниге дейін небәрі он бір күндік жол болатын. | |
| Deut | Kaz | 1:3 | Ал енді Мұса Жаратқан Иенің исраилдіктерге айт деп бұйырған мына сөздерін (олар Мысыр елінен көшіп шыққаннан кейінгі) қырқыншы жылы, он бірінші айдың бірінші күні жеткізді. | |
| Deut | Kaz | 1:4 | Бұл Мұсаның аморлықтардың Хешебонда орналасқан Сихон патшасын, әрі Башан өлкесінің Аштарот пен Едірей қалаларында орналасқан Ог патшасын Едірейдегі шайқаста жеңіп, құртқанынан кейін болды. | |
| Deut | Kaz | 1:5 | Енді халық Иорданның шығыс жағындағы Моаб еліне тоқтаған кезде Мұса оларға мына тәлімін түсіндіріп айта бастады: | |
| Deut | Kaz | 1:6 | — Құдай Иеміз Хориб тауында бізге былай деген болатын: «Осы таудың маңында жеткілікті тұрдыңдар. | |
| Deut | Kaz | 1:7 | Енді қостарыңды жинап, жолға шығыңдар. Аморлықтардың таулы жеріне және барлық көршілес елдеріне барып кіріңдер: Иордан алқабына, таулы аймаққа, батыстағы төменгі қыраттарға, оңтүстіктегі Негев даласына және теңіздің жағасына, демек, бүкіл Қанахан елі мен Ливанға әрі (солтүстік-шығыстағы) үлкен өзен — Евфрат өзеніне дейін барыңдар! | |
| Deut | Kaz | 1:8 | Мынаны біліп алыңдар: Мен сендерге осы елді табыстап отырмын. Оған кіріп, оны иемденіп алыңдар! Мен, Жаратқан Ие, оны түп аталарың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа және олардың ұрпақтарына беруге уәде еткенмін». | |
| Deut | Kaz | 1:9 | Сол кезде мен сендерге былай дегенмін: «Сендерді жалғыз өзім бастап алып жүре алмаймын. | |
| Deut | Kaz | 1:10 | Өз Құдайларың Жаратқан Ие сендерді молынан көбейтіп, қазір аспандағы жұлдыздардай сансыз көп болып кеттіңдер. | |
| Deut | Kaz | 1:11 | Енді ата-бабаларымыз да сиынған Құдай Жаратқан Ие өздеріңді тағы да мың есе көбейтіп, Өзі уәде еткендей жарылқай көрсін. | |
| Deut | Kaz | 1:12 | Бірақ мен жалғыз өзім қалай сендердің қиын мәселелерің мен дау-жанжалдарыңның жүгін көтермекпін? | |
| Deut | Kaz | 1:13 | Өз руларыңның арасынан ақылды, парасатты әрі беделді бірсыпыра адамды алып келіңдер. Оларды өздеріңе басшы етіп тағайындайын!» | |
| Deut | Kaz | 1:15 | Сонда мен руларыңның басшыларын — ақылды да беделді адамдарды руларыңа мыңбасы, жүзбасы, елубасы, онбасы және басқарушыларың етіп тағайындадым. | |
| Deut | Kaz | 1:16 | Сол уақытта осы тағайындалған билеріңе мына тапсырмаларды бердім: «Исраилдіктер арасында және болашақта исраилдіктермен бірге елде тұратын жат жұрттықтар арасында пайда болып отыратын дауларды тыңдап, әділ шешім шығарыңдар! | |
| Deut | Kaz | 1:17 | Үкім шығарғанда ешкімнің бет-жүзіне қарамай, үлкенді-кішілі бәріне бірдей құлақ түріп, сот жүргізіңдер! Ешкімнен қаймықпаңдар, себебі үкім шығаруды сендерге Құдайдың Өзі бұйырған. Егер сендерге бір мәселе тым қиын болса, оны менің алдыма әкеліңдер, сонда оған назар аударамын». | |
| Deut | Kaz | 1:19 | Содан соң біз Жаратқан Иенің берген бұйрығы бойынша Хориб тауынан шығып, өздерің көрген ұлан-ғайыр да үрейлі иен дала арқылы аморлықтардың таулы жеріне қарай бет алдық. Осылай жүре отырып Қадеш-Барниге жеттік. | |
| Deut | Kaz | 1:20 | Мен сендерге тағы былай дегенмін: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге табыстамақ аморлықтардың таулы жеріне жеттіңдер. | |
| Deut | Kaz | 1:21 | Біліп алыңдар: Құдайларың Жаратқан Ие сендерге осы елді ұсынып отыр. Ол, ата-бабаларыңның да Құдай Иесі, өздеріңе уәде еткеніне сәйкес, енді сол елге өрлеп барып, оны иемденіп алыңдар. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болмаңдар!» | |
| Deut | Kaz | 1:22 | Сонда сендердің барлығың маған келіп: «Алдымыздан барлаушылар жіберейік. Олар елді барлап, жүретін жолдарымыз бен кезігетін қалаларымыз туралы мағлұмат алып келсін», — дедіңдер. | |
| Deut | Kaz | 1:23 | Мен бұл ұсыныстарыңды құп көріп, араларыңнан әр рудан бір-бірден, барлығы он екі адамды таңдап алдым. | |
| Deut | Kaz | 1:24 | Олар жолға шығып, таулы жерге көтерілді. Ешқол аңғарына жеткенде, оны барлап шолып шықты. | |
| Deut | Kaz | 1:25 | Сол елдің жемістерінен біразын алып, қайта оралғанда: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге жақсы ел табыстап отыр!» — деген хабарды жеткізді. | |
| Deut | Kaz | 1:26 | Алайда сендер өз Құдайларың Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, сол елге өрлеп барудан бас тарттыңдар. | |
| Deut | Kaz | 1:27 | Сонда қостарыңда наразылық білдіріп: «Жаратқан Ие бізді жек көргендіктен аморлықтардың қолына түсіріп, құрту үшін Мысыр елінен алып шықты! | |
| Deut | Kaz | 1:28 | Енді қайда барсақ екен? Барлап келген бауырларымыз әкелген мағлұматтарымен зәремізді ұшырды. Сол елдің халқы бізден мықты да бойшаң, қалалары үлкен, қамалдары аспанмен таласқандай биік екен! Анақтың алып ұрпақтарын да сонда көріпті!» — дедіңдер. | |
| Deut | Kaz | 1:30 | Алдарыңда жүріп, сендерді жетелейтін — өз Құдайларың Жаратқан Ие ғой! Ол Мысыр елінде көз алдарыңда сендер үшін қалай шайқасқан болса, қазір де солай шайқасатын болады. | |
| Deut | Kaz | 1:31 | Әкесінің ұлын көтеріп алып жүргені сияқты, Құдай Иеміздің де сендерді иен далада жүрген жолдарыңның барлығында қамқорлап келгенін өздерің көрдіңдер. Сендерді осы жерге бастап алып келген де Сол». | |
| Deut | Kaz | 1:33 | Ал Ол сапарларыңның кезінде түнде жайнаған отпен, күндіз бағана тәрізді бұлтпен алдарыңда жүріп, тұрақтайтын жерлерің мен жүретін жолдарыңды нұсқап отырды. | |
| Deut | Kaz | 1:34 | Сендердің наразылық білдірген дауыстарыңды естігенде Жаратқан Ие қаһарланып, былай деп ант етті: | |
| Deut | Kaz | 1:35 | «Мен ата-бабаларыңа беруге ант еткен шұрайлы елді осы зұлым ұрпақтың ешбір адамы көрмейді! | |
| Deut | Kaz | 1:36 | Тек Ефунне ұлы Халеп қана сол елді көреді. Оның аяқ басқан жерін өзіне және кейінгі ұрпақтарына табыстаймын. Себебі ол Маған, Жаратқан Иеге, толығымен мойынсұнды». | |
| Deut | Kaz | 1:38 | Ал көмекшің Нұн ұлы Ешуа сол елге кіреді. Оны жігерлендіріп отыр, оның басшылығымен исраилдіктер елді иемденетін болады. | |
| Deut | Kaz | 1:39 | Сендер жауға олжа болады деген балаларың — әлі де жақсы мен жаманды айыра алатын жасқа жете қоймаған нәрестелерің, міне, солар елге кіретін болады. Мен оларға елді табыстаймын, олар оны иемденіп алады! | |
| Deut | Kaz | 1:40 | Ал сендер артқа бұрылып, Қамысты теңізге апаратын жолмен иен далаға бет алыңдар!» — деп бұйырды. | |
| Deut | Kaz | 1:41 | Бірақ сендер былай деп жауап бердіңдер:— Иә, біз Жаратқан Иеге Құдайға қарсы күнә жасадық. Енді Құдайымыз Жаратқан Иенің бұйырғанындай жоғары өрлеп барып, шайқасамыз! — Сол таулы жерге көтеріліп барып, шабуыл жасау оңай екен деп ойлап, барлық ер адамдарың қару-жарақтарыңды асынып алдыңдар. | |
| Deut | Kaz | 1:42 | Ал Жаратқан Ие маған былай деді:— Оларға мынаны айт: Жоғары өрлеп барып, шабуыл жасамасын! Себебі Мен сендермен бірге болмаймын. Әйтпесе жауларыңнан жеңіліп күйрейсіңдер. | |
| Deut | Kaz | 1:43 | Мен сендерге мұны жеткізгенмен, еш тыңдамадыңдар. Жаратқан Иенің берген бұйрығына қарсы шығып, менмендікпен таулы жерге өрлеп бардыңдар. | |
| Deut | Kaz | 1:44 | Сонда сол тауларды мекендеген аморлықтар алдарыңнан шыға келді де, араның үйіріндей арттарыңнан қуа отырып, сендерді Сейір тауынан төмендеп, Хормаға жеткенге дейінгі бүкіл жолдың бойында талқандап қырып тастады. | |
| Deut | Kaz | 1:45 | Содан сендер қайтып келіп, Жаратқан Иенің алдында жыладыңдар. Бірақ Ол жалыныштарыңды тыңдап, құлағын түрген жоқ. | |
Chapter 2
| Deut | Kaz | 2:1 | Бұдан кейін біз Жаратқан Иенің маған берген нұсқауы бойынша Қамысты теңіздің бағытында иен далаға қарай бет алдық, әрі Сейір атты таулы аймақты айналдыра ұзақ уақыт бойы көшіп-қонып жүре бердік. | |
| Deut | Kaz | 2:4 | Халыққа мына бұйрығымды жеткіз: Сендер өз ағайындарың — Есаудың үрім-бұтағы мекендеген Сейір аймағынан өткелі тұрсыңдар. Олар сендерден қорқатын болады, ал өздерің де өте сақ болып, | |
| Deut | Kaz | 2:5 | еш тиіспеңдер. Сендерге олардың елінен тіпті бір табан жер де бермеймін. Себебі Мен осы таулы Сейір аймағын Есаудың меншігіне беріп қойғанмын. | |
| Deut | Kaz | 2:7 | Өйткені Құдайларың Жаратқан Ие қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқап келеді. Осы қырық жыл бойы мына кең-байтақ далада жүргенде Құдай Ие сендерді қорғап жүрді. Оның Өзі бірге жүріп сендерге жар болғандықтан, еш нәрседен таршылық көрген жоқсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 2:8 | Сонда біз таулы Сейір аймағында тұрып жатқан ағайындарымыз — Есаудың ұрпақтарының жанынан өтіп, Араба деген елсіз алқаптағы жолдан бұрылып, Елат пен Есион-Гәбер қалаларына жақындамай, Моаб еліндегі құла түзге қарай бағыт алдық. | |
| Deut | Kaz | 2:9 | Жаратқан Ие маған былай деп нұсқау берді: «Моабтықтарға тиісіп, олармен соғыс бастаушы болмаңдар! Мен олардың жерінен сендерге ешқандай үлес бермеймін. Мен Ар қаласын Луттың ұрпақтарының меншігіне беріп қойғанмын». | |
| Deut | Kaz | 2:10 | Моаб халқынан бұрын сонда емдіктер тұрған еді. Емдіктер Анақтың ұрпақтарындай зор денелі, саны көп, ұлы халық болатын. | |
| Deut | Kaz | 2:11 | Анақтықтар сияқты олар да рафалықтарға жататын, ал моабтықтар оларды емдіктер деп атайтын. | |
| Deut | Kaz | 2:12 | Сейір аймағында ежелде хорлықтар да тұратын еді. Алайда Есаудың ұрпақтары оларды елден қуып шығып, орындарына өздері қоныстанып алған болатын. Кейінірек исраилдіктер де Жаратқан Ие өздерінің меншігіне табыстаған елге солай қоныстанатын болды. | |
| Deut | Kaz | 2:13 | Жаратқан Ие: «Ал енді, жиналып, Зәред аңғарынан өтіңдер!» — деп бұйырды. Сонда біз Зәред аңғарынан өттік. | |
| Deut | Kaz | 2:14 | Қадеш-Барниден шығып, Зәред аңғарынан өткенге дейінгі аралықта отыз сегіз жыл өткен болатын. Жаратқан Иенің оларға антпен алдын ала білдіргеніндей, Исраил қонысындағы соғысқа жарамды ер адамдардың барлығы сол отыз сегіз жыл ішінде қайтыс болып бітті. | |
| Deut | Kaz | 2:15 | Олар халқымыздың арасынан түгелдей құрып біткенге дейін Жаратқан Иенің қолы оларға қарсы көтеріліп тұрды. | |
| Deut | Kaz | 2:19 | Аммон еліне жақындап барыңдар. Оларға тиісіп, соғыс бастаушы болмаңдар! Мен сендерге аммондықтардың жерінен ешқандай үлес бермеймін, оны Луттың ұрпақтарының меншігіне беріп қойғанмын». | |
| Deut | Kaz | 2:20 | Осы өлке рафалықтардың жері деп те саналатын, себебі оны ежелде рафалықтар мекендеген еді. Аммондықтардың өздері рафалықтарды замзумдықтар деп атайтын. | |
| Deut | Kaz | 2:21 | Сол рафалықтар да Анақтың ұрпақтарындай зор денелі, саны көп, ұлы халық болатын. Бірақ Жаратқан Ие оларды аммондықтардың алдынан құртқан еді. Бұлар рафалықтарды елдерінен қуып шығып, сонда қоныс тепті. | |
| Deut | Kaz | 2:22 | Жаратқан Ие Сейір аймағындағы хорлықтарды да құртқан болатын. Едомдықтар хорлықтарды елдерінен қуып шығып, сонда қоныстанып алып, қазірге дейін тұрып жатыр. | |
| Deut | Kaz | 2:23 | Ал бұрын Газа қаласына дейінгі елді мекендерде тұрған ауилықтарға келсек, Крит аралынан көшіп келген криттіктер оларды қырып-жойып, жерлеріне өздері қоныстанып алды. | |
| Deut | Kaz | 2:24 | Жаратқан Ие Мұсаға арнаған сөзін жалғастырып тағы былай деді: «Ал енді, жолға шығып Арнон аңғарынан өтіңдер! Біліп алыңдар, Мен Хешебон патшасы — аморлық Сихонды және оның елін қолдарыңа беріп отырмын. Онымен соғысып, жерін иемденуге ұмтылыңдар! | |
| Deut | Kaz | 2:25 | Бүгіннен бастап Мен аспан астындағы күллі халықтарды сендерден үрейленіп қорқатын қыламын. Олар өздерің туралы естігенде қалтырап абыржитын болады». | |
| Deut | Kaz | 2:26 | Мұнан кейін мен Кедемот атты иен даладан елшілерім арқылы Хешебон патшасы Сихонға мына сәлемімді жіберіп, бейбітшілік туралы ұсыныс жасадым: | |
| Deut | Kaz | 2:27 | «Жеріңізден өтуімізге рұқсат етсеңіз екен. Сонда оңға да, солға да бұрылмай, тек басты жолмен еліңізден өтіп шығамыз. | |
| Deut | Kaz | 2:28 | Жейтін тамағымыз бен ішетін суымызды сіздерден күміске сатып аламыз. Тек жеріңіз арқылы жаяу жүріп өте шығуға рұқсат етсеңіз екен. | |
| Deut | Kaz | 2:29 | Есаудың Сейір елінде тұратын ұрпақтары мен Арда тұратын моабтықтар да бізге рұқсат берген болатын. Осылай біз Иордан өзенінен өтіп, Құдайымыз Жаратқан Иенің бізге бергелі отырған еліне енетін боламыз». | |
| Deut | Kaz | 2:30 | Бірақ Хешебон патшасы Сихон бізге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермеді. Себебі Құдай Иеміз оның ой-санасы мен жүрегін қасарыстырып қойды. Ондағы мақсаты Сихонды сендердің қолдарыңа түсіру еді. Бұл солай болды да. | |
| Deut | Kaz | 2:31 | Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Міне, Мен Сихонды және оның елін сенің қолыңа тапсыра бастадым. Енді елін басып алып, иемденуге ұмтыл!» | |
| Deut | Kaz | 2:33 | Бірақ Құдай Иеміз оны қолымызға табыстап, біз оны ұлдарымен және күллі жасақшыларымен бірге ойсырата жеңдік. | |
| Deut | Kaz | 2:34 | Сол кезде оның барлық қалаларын қолға түсіріп, олардың күллі тұрғындарын Жаратқан Иеге бағыштап жойып, бірде-бір еркек, әйел, бала-шағасын тірі қалдырмадық. | |
| Deut | Kaz | 2:36 | Арнон аңғарының үстіндегі қырда орналасқан Арогерден және аңғардың өзіндегі қаладан бастап (солтүстіктегі) Ғилақадқа дейінгі аралықта біз басып ала алмаған бірде-бір бекіністі қала қалмады. Солардың барлығын Құдайымыз Жаратқан Ие біздің қолымызға тапсырды. | |
Chapter 3
| Deut | Kaz | 3:1 | Бұдан кейін біз бұрылып, Башан аймағына жоғары қарай өрледік. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп бізбен шайқасуға Едірейге аттанды. | |
| Deut | Kaz | 3:2 | Ал Жаратқан Ие маған: «Одан қорықпа! Себебі Мен оның өзін, бүкіл жасағы мен елін сенің қолыңа тапсырып отырмын. Аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихонға не істеген болсаң, оған да дәл соны істе!» — деді. | |
| Deut | Kaz | 3:3 | Сонымен Құдайымыз Жаратқан Ие Ог патшаны да, оның бүкіл жасағын да біздің қолымызға тапсырып, олардың бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастадық. | |
| Deut | Kaz | 3:4 | Сол кезде Ог патшасының алпыс қаласын түгел басып алдық. Оның халқынан біз тартып алмаған бірде-бір қала қалмады. Огтың патшалық құрған Башан жеріндегі бүкіл Арғоп өлкесі де қолымызға түсті. | |
| Deut | Kaz | 3:5 | Осы қалалардың барлығы биік қамалмен, қақпалар және кесе-көлденең бөренелермен бекітілген еді. Бұларға қоса ашық жатқан бекініссіз көптеген елді мекендері де болды. | |
| Deut | Kaz | 3:6 | Біз Хешебон патшасы Сихонның халқына істегенді оларға да істеп, бәрін де біржола күйреттік: әрбір қаланы, ондағы еркек, әйел, бала-шаға демей түгелдей құрттық. | |
| Deut | Kaz | 3:8 | Осылай Иорданның шығыс жағындағы аморлықтардың екі патшасынан да жерлерін тартып алдық. Сол өлке Арнон аңғарынан бастап, Хермон тауына дейін созылған еді. | |
| Deut | Kaz | 3:10 | Сонымен жонды даладағы барлық қалаларды, әрі бүкіл Ғилақад пен Башан аймақтарын Ог патшалық құрған Салха мен Едірей қалаларына дейін басып алдық. | |
| Deut | Kaz | 3:11 | Алып Рафаның ұрпақтарынан (сол жерде) жалғыз Ог патша ғана тірі қалған болатын. Оның темірден жасалған төсегінің ұзындығы тоғыз, ені төрт кәдімгі шынтақ болды. Сол төсек әлі де аммондықтардың Рабба қаласында сақтаулы тұр. | |
| Deut | Kaz | 3:12 | Осылай біз сол кезде бұл жерді иемденіп алдық. Мен одан Арнон аңғарындағы Арогерден бастап солтүстікке созылып жатқан аймақты әрі Ғилақад қыраттарының жартысын ондағы қалалармен қоса Рубен және Ғад руларына үлестірдім. | |
| Deut | Kaz | 3:13 | Ғилақад аймағының қалған бөлігін және Ог патшалық құрған бүкіл Башан аймағын Манаса руының жартысының үлесіне бердім. — Башандағы бүкіл Арғоп аймағы бұрын «рафалық алыптардың елі» деп аталатын. | |
| Deut | Kaz | 3:14 | Манасаның ұрпағы Жайыр бүкіл Арғоп аймағын гешурліктер мен махалықтардың шекарасына дейін басып алғандықтан, Башанға «Жайыр қоныстары» деген ат қойды. Сол жер бүгінге дейін солай аталады. — | |
| Deut | Kaz | 3:16 | Ал Ғилақад аймағының мына жерін Рубен мен Ғад руларының үлесіне бердім: оңтүстіктегі Арнон аңғарының ортасынан бастап Аммон халқының шекарасындағы Ябок аңғарына дейін созылған бүкіл өлкені. | |
| Deut | Kaz | 3:17 | Олардың жері шығыстағы Писга тауының етектерінен батыстағы Иордан өзеніне дейін, солтүстіктегі Кінерет (яғни Ғалилея) көлінен оңтүстіктегі Өлі теңізге дейінгі аралықта жатқан Иорданның алқабын да қамтыды. | |
| Deut | Kaz | 3:18 | Сол кезде мен (Иорданның шығыс жағындағы жер үлестерін алған) сендерге былай деп тапсырма бердім: «Құдайларың Жаратқан Ие осы елді өздеріңе мұралық меншіктерің етіп табыстады. Бірақ араларыңдағы соғысуға жарамды барлық ер азаматтарың қаруланып, ағайындас руларыңның алдында жүріп олардан бұрын Иорданнан өтулерің керек. | |
| Deut | Kaz | 3:19 | Ал әйел, бала-шаға, малдарыңды мен өздеріңе берген қалаларда қалдырсаңдар болады. Сендерде малдың көп екенін білемін ғой. | |
| Deut | Kaz | 3:20 | Құдайымыз Жаратқан Ие өздеріңе істегендей ағайындарыңа да тыныштық сыйлап, оларға Иордан өзенінің батыс жағындағы жерлерін табыстамақ. Ағайындас руларың сол жерлерін иемденгенге дейін оларға қол ұшын беріп көмектесіңдер! Содан кейін мен өздеріңе табыстаған жерлеріңе бәріңнің де қайта оралуларыңа болады». | |
| Deut | Kaz | 3:21 | Сол кезде мен Ешуаға мынадай нұсқау бердім: «Құдай Иеміздің осы екі патшаға не істегендерінің бәрін өз көзіңмен көрдің. Енді сен Иорданнан өтіп, кіргелі отырған барлық патшалықтарға да Жаратқан Ие осылай істейтін болады. | |
| Deut | Kaz | 3:24 | «Уа, Жаратушы Тәңір Ием! Сен мендей қызметшіңе зор ұлылығың мен құдіретіңді көрсете бастадың. Өйткені Сенің істегеніңдей құдіретті іс-әрекеттер істей алатын қандай тәңір не аспанда, не жерде бар еді? | |
| Deut | Kaz | 3:25 | Менің Иордан өзенінен өтіп, арғы жақтағы шұрайлы елді, оның әсем қыраттарын Ливанның тауларын көруіме рұқсат ете көрші». | |
| Deut | Kaz | 3:26 | Бірақ Жаратқан Ие сендердің баяғыда істегендеріңе бола маған ашуланған еді. Сондықтан Ол өтінішіме құлақ аспай, былай деп жауап қайтарды: «Жетер енді! Бұл туралы Маған бұдан былай айтушы болма! | |
| Deut | Kaz | 3:27 | Бірақ Писга тауының басына шығып, батыс пен солтүстікке, оңтүстік пен шығысқа көз тастайсың. Сонда елге көз тігіп жақсылап қарап ал. Себебі өзің Иорданның арғы жағына өтпейсің. | |
| Deut | Kaz | 3:28 | Ал Ешуаға нұсқау беріп, оны жігерлендіріп, қуатта. Өйткені ол мына халықты бастап Иорданнан өтіп барып, өзің таудың басынан көретін елді оларға мұралық меншікке үлестіріп беретін болады». | |
Chapter 4
| Deut | Kaz | 4:1 | Ал енді, Исраил, мен сендерге үйретіп отырған ережелер мен шешімдерді тыңдаңдар! Өмір сүре берулерің үшін, әрі ата-бабаларың сиынған Құдай Иенің сендерге табыстап отырған елге кіріп, оны иемденулерің үшін оларды орындайтын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 4:2 | Құдай Иеміздің бүгін өздеріңе тапсырып отырған осы өсиеттеріне ештеңені қоспай, ештеңені алып та тастамай, оларды берік сақтайтын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 4:3 | Жаратқан Иенің Бағал-Пеғорда не істегенін өз көздеріңмен көрдіңдер. Пеғорда Бағалға табынып кеткендеріңнің бәрін Құдай Иеміз халықтың арасынан аластатып, қырғынға ұшыратты емес пе?! | |
| Deut | Kaz | 4:5 | Міне, өздерің кіріп, иемденгелі тұрған елде орындауларың үшін мен сендерге Құдай Иемнің ережелері мен шешімдерін Оның маған бұйырғанына сай үйретіп келемін. | |
| Deut | Kaz | 4:6 | Иә, соларды мұқият сақтап орындаңдар! Себебі осылайша басқа халықтар сендердің даналықтарың мен ақыл-парасаттарыңа көз жеткізіп, осы ережелер туралы естігенде қайран қалып: «Ойпыр-ай, осы үлкен халық неткен дана да парасатты ел еді!» — дейтін болады. | |
| Deut | Kaz | 4:7 | Шынында, біз қай кезде мінажат етсек те, Құдайымыз Жаратқан Ие бізге жақын тұрады. Ал табынған тәңірлері дәл солай жақын тұратын тағы басқа үлкен халық бар ма?! | |
| Deut | Kaz | 4:8 | Мен сендерге қазір табыстап отырған осы бүкіл Таурат заңындай әділ ережелер мен шешімдерге ие болып отырған тағы басқа үлкен халық бар ма?! (Әрине, жоқ!) | |
| Deut | Kaz | 4:9 | Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 4:10 | Сендер Хориб тауының маңында Құдайларың Жаратқан Иенің алдында тұрған күнді естеріңе түсіріңдер. Сонда Жаратқан Ие маған мынадай тапсырма берді: «Халықты Менің алдыма жина. Олар өмір бойы Мені терең қастерлеуді үйрететін және өз балаларына да сондай тәрбие бергізетін сөздерімді естісін!» | |
| Deut | Kaz | 4:11 | Сендер тауға жақындап келіп, оның етегінде тұрдыңдар. Ал жанып жатқан таудың жалыны тіпті аспанға дейін жетіп, үстін қара бұлт пен түнек басып жатқан болатын. | |
| Deut | Kaz | 4:12 | Сонда Жаратқан Ие өздеріңе сол оттың ішінен тіл қатты. Сендер Оның сөздерін естідіңдер, бірақ ешқандай бейнені көрген жоқсыңдар. Тек Оның дауысы ғана естілді. | |
| Deut | Kaz | 4:13 | Жаратқан Ие сендерге Өзінің Келісімін жариялап, орындауға бұйырған Он өсиетін айтты да, оларды екі тас тақташаға жазып берді. | |
| Deut | Kaz | 4:14 | Сол кезде Жаратқан Ие маған сендерге ережелері мен шешімдерін үйретуге бұйырды. Оларды өздерің енді өзеннен өтіп, иемденгелі тұрған елде орындауларың керек. | |
| Deut | Kaz | 4:15 | Сонымен абай болыңдар! Жаратқан Ие өздеріңе Хориб тауындағы оттың ішінен тіл қатқан кезде сендер ешқандай бейнені көрген жоқсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 4:16 | Абайлаңдар, ешбір мақұлықтың бейнесін жасап, оған табынып азғындыққа салынудан аулақ болыңдар: еркектің не әйелдің, | |
| Deut | Kaz | 4:18 | жер бетінде жорғалайтын жәндіктің не суда жүзетін балықтың бейнесінде өздеріңе жалған тәңірдің мүсінін жасап алмаңдар! | |
| Deut | Kaz | 4:19 | Сонымен қатар сендер аспанға қарап, ондағы күн, ай, жұлдыз сияқты аспан денелерінің үлкен тобын көргенде, соларға елігіп, табынып кетуден де сақ болыңдар! Оларды жер бетіндегі барлық ұлттардың игілігі үшін Құдай Иеміздің Өзі жаратқан. | |
| Deut | Kaz | 4:20 | Бірақ сендерді Жаратқан Ие (тазартып) Өзіне меншікті халық ету үшін темір балқытатын пеш іспетті Мысыр елінен алып шығарды. Енді сендер Оның халқы әрі өз меншігі болып отырсыңдар да. | |
| Deut | Kaz | 4:21 | Ал Жаратқан Иенің сендерге бола маған ашуланған кезі де болды. Сонда Ол мені Иордан өзенінен өткізбеуге ұйғарып, Онысын антпен бекітті. Соның кесірінен Құдай Иеміз мұралық меншіктеріңе табыстамақ мына шұрайлы елге мен кіре алмайтын болдым. | |
| Deut | Kaz | 4:22 | Мен Иорданның арғы жағына өтпей, осы жерде көз жұмамын. Ал сендер өзеннің арғы жағына өтіп, сол шұрайлы елді басып алып, иемденесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 4:23 | Сондықтан Құдайларың Жаратқан Иенің өздеріңмен жасаған Келісімін естеріңнен шығарудан сақ болыңдар! Өздеріңе кез келген бейнедегі тәңір мүсіндерін жасап алмаңдар! Құдай Ие соған тыйым салған еді ғой. | |
| Deut | Kaz | 4:24 | Себебі Құдайларың Жаратқан Ие жалмап қоятын от іспетті! Ол — басқа еш нәрсеге табынуларыңа төзбей, Өзіне адал болуларыңды талап ететін Құдай! | |
| Deut | Kaz | 4:25 | Сендер елде үбірлі-шүбірлі болып, көп жыл тұрғанда азғындыққа салынсаңдар, әлдебір нәрсенің бейнесіне ұқсатып мүсін ойып жасап өз Құдайларың Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет етсеңдер, бұларыңмен Оның ашуын туғызатын боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 4:26 | Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақыра отырып былай деймін: егер осылай істейтін болсаңдар, сендер қазір Иорданның арғы жағына өтіп, иемденгелі тұрған елден жуырда-ақ аластатыласыңдар. Онда ұзақ өмір сүрмей, еш шүбәсіз қырыласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 4:27 | Қалғандарыңды Жаратқан Ие басқа ұлттардың арасына шашыратып жібереді. Сендер Жаратқан Ие өздеріңді жер аудартқан сол ұлттардың арасында сандарың аз болып тіршілік етесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 4:28 | Сонда сендер адам қолымен ағаш пен тастан жасалған, көрмейтін де естімейтін, тамақ та жемейтін, иіс те сезбейтін тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 4:29 | Сол алыс жерлерде сендер өз Құдайларың Жаратқан Иені іздеп, Оған бет бұра бастайсыңдар. Егер Оған шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен бет бұрсаңдар, Оны табасыңдар. | |
| Deut | Kaz | 4:30 | Осы сөздердің барлығы орындалып, сендер қиындыққа ұшыраған сол кейінгі уақытта Құдай Иемізге қайта оралып, Оған мойынсұнатын боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 4:31 | Себебі Құдайымыз Жаратқан Ие — рақымды Құдай, Ол сендерден бас тартып, толығымен құрып кетулеріңе жол бермейді, әрі ата-бабаларыңмен антпен бекітіп жасаған Келісімін есінен шығармайды. | |
| Deut | Kaz | 4:32 | Ал енді, ежелгі заманнан бері, Құдайдың адамды жер бетінде жаратқан кезінен бастап қазірге дейінгі тарихты зерттеп шығыңдар! Аспанның о шеті мен бұ шетінің аралығындағы халықтардан сұрастырып көріңдер: осы сияқты ұлы іс болып па еді? Яки біреу қашан болса да осындай оқиға туралы естіп пе екен?! | |
| Deut | Kaz | 4:33 | Оттың ішінен сөйлеген Құдайдың даусын сендер сияқты естіп, тірі қалған өзге халық бар ма екен?! | |
| Deut | Kaz | 4:34 | Немесе Құдай Иеміздің көз алдымызда Мысыр елінде істегеніндей, сол халықты ауыр сынақтардан өткізіп, ғажап істер мен кереметтер көрсетіп, соғыспен, Өзінің алға созылған құдіретті қолымен әрі ұлы да үрейлі істерімен өз меншігі болу үшін бір халықты басқа бір елдің ішінен алып шығуға тырысқан тәңір бар ма екен? (Әрине, жоқ!) | |
| Deut | Kaz | 4:35 | Жаратқан Иенің шынымен Құдай екендігі, Одан басқа шынайы құдайдың жоқ екендігі өздеріңе анық болу үшін осы ұлы да үрейлі істер көрсетілді. | |
| Deut | Kaz | 4:36 | Ол сендерге тәлім-тәрбие беру үшін көктен Өзінің даусын естіртіп, жерде ғаламат отын көрсетті. Сол оттың ішінен Оның сөздерін естідіңдер. | |
| Deut | Kaz | 4:37 | Жаратқан Ие ата-бабаларыңды сүйгендіктен, олардың ұрпақтары — сендерді де таңдап алды. Өзі араларыңда бірге болып сендерді Мысыр елінен Өзінің құдіретті күшімен алып шықты. | |
| Deut | Kaz | 4:38 | Ондағы мақсаты өздеріңнен үлкен әрі күшті халықтарды алдарыңнан қуып шығып, жерлерін тартып алып, сендердің мұралық меншіктеріңе беру болды. Бүгін бұл солай. | |
| Deut | Kaz | 4:39 | Сол себепті көкте де, жерде де Жаратқан Иенің жалғыз Құдай екендігін, Одан басқа ешбір (шынайы) құдайдың жоқ екендігін бүгін біліп, мұны жүректеріңе құйып алыңдар! | |
| Deut | Kaz | 4:40 | Жаратқан Иенің мен сендерге бүгін тапсырып отырған ережелері мен өсиеттерін орындайтын болыңдар! Сонда өздеріңе және кейінгі ұрпақтарыңа игі болып, Құдай Иеміз сендерге ұзақ ғасырларға табыстамақ елде көп жасайтын боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 4:42 | Бұрын өшікпеген біреуді абайсызда өлтіріп алған адам сонда қашып барып, бас сауғалай алатын болды. | |
| Deut | Kaz | 4:43 | Сол қалалар мыналар: Рубен руына үлестірілген жонды даладағы Бесер қаласы, Ғад руының Ғилақад аймағындағы Рамот қаласы, Манаса руының Башан аймағындағы Ғолан қаласы. | |
| Deut | Kaz | 4:45 | Мысыр елінен шыққаннан кейін Мұса халыққа мына нұсқаулар, ережелер және шешімдерді айтып үйретті. | |
| Deut | Kaz | 4:46 | Мұнан бұрын олар Иорданның шығысындағы Бет-Пеғордың маңындағы аңғарда, Хешебонда орналасқан аморлықтар патшасы Сихонның елінде біраз тұрып жатқан еді. Мұса мен өзге исраилдіктер Мысырдан көшіп шыққаннан кейін Сихонды талқандап жеңген болатын. | |
| Deut | Kaz | 4:47 | Содан олар аморлықтардың екі патшасы — жаңағы Сихонның және Башан патшасы Огтың Иорданның шығыс жағасында жатқан жерлерін иемденіп алды. | |
| Deut | Kaz | 4:48 | Осы жер Арнон аңғарының жағасындағы Арогерден Сирион, яғни Хермон, тауына дейін созылып, | |
Chapter 5
| Deut | Kaz | 5:1 | Содан Мұса бүкіл Исраил халқын жинап алып, былай деді:— Уа, Исраил халқы, мен бүгін өздеріңе жеткізетін ережелер мен шешімдерге құлақ асыңдар! Оларды сақтап, орындау үшін үйреніңдер! | |
| Deut | Kaz | 5:3 | Осы Келісімді Жаратқан Ие ежелгі ата-бабаларымызбен емес, біздің өзімізбен, яғни қазір осы жерде тірі тұрған біздің бәрімізбен жасады. | |
| Deut | Kaz | 5:5 | Мен сол кезде Жаратқан Ие мен сендердің екі араларыңда тұрып Оның сөздерін сендерге жеткізетінмін. Өйткені сендер оттан қорқып, тау басына көтерілмей қойған едіңдер. Сонда Жаратқан Ие былай деген еді: | |
| Deut | Kaz | 5:9 | Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, | |
| Deut | Kaz | 5:10 | ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін. | |
| Deut | Kaz | 5:11 | Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Өз атын орынсыз қолданғандарды Жаратқан Ие жазасыз қалдырмайды. | |
| Deut | Kaz | 5:14 | ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не өгізің, не есегің, не басқа да малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Осылайша өзің сияқты қызметшілерің де демалсын. | |
| Deut | Kaz | 5:15 | Сенің де Мысырда құл болғаныңды, Құдайың Жаратқан Иенің сені Өзінің алға созылған құдіретті қолымен сол елден алып шыққанын есіңнен шығарма! Сондықтан да Құдай Иең саған демалыс күнін сақтауды бұйырды. | |
| Deut | Kaz | 5:16 | Құдай Иең саған өсиеттегендей, ата-анаңды сыйла!Сонда Құдай Иең өзіңе табыстайтын елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың. | |
| Deut | Kaz | 5:21 | Басқаның әйеліне, оның үйіне не жеріне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» | |
| Deut | Kaz | 5:22 | Осы сөздерді Жаратқан Ие оттың және бұлт пен қою қараңғылықтың ішінен таудың етегінде жиналып тұрған сендерге зор дауыспен айтып берді. Оларға басқа еш нәрсе қосқан жоқ. Сол өсиеттерін Ол екі тас тақташаға жазып, маған тапсырды. | |
| Deut | Kaz | 5:23 | Тау от болып жанып жатқан кезде сендер қараңғылық ішінен дауысты естігенде, барлық рубасыларың мен ақсақалдарың маған жақындап келіп, | |
| Deut | Kaz | 5:24 | былай деді: «Құдайымыз Жаратқан Ие бізге Өзінің нұрлы салтанаты мен ұлылығын көрсетті, от ішінен Оның даусын естідік. Бүгін біз Құдай адаммен тілдескенде адамның тірі қала алатынын да көрдік. | |
| Deut | Kaz | 5:25 | Ал енді, біз неге өлуге тиіспіз? Мына жалындаған от бізді жалмағалы тұр. Егер Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай ести берсек, онда құрып кетерміз. | |
| Deut | Kaz | 5:27 | Сіз өзіңіз Құдай Иемізге жақындап барып, Оның айтқандарын тыңдаңызшы. Содан кейін Құдайымыз Жаратқан Иенің өзіңізге білдіргендерінің бәрін бізге жеткізіңіз. Соларды тыңдап, орындайтын боламыз». | |
| Deut | Kaz | 5:28 | Сендердің осы сөздерің Жаратқан Иенің құлағына жетіп, Ол маған былай деді: «Мына халықтың саған айтқан сөздерін естідім. Соларының бәрі дұрыс. | |
| Deut | Kaz | 5:29 | Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады. | |
| Deut | Kaz | 5:31 | Ал өзің осы жерде Менің қасымда қал. Мен саған айтып беретін барлық өсиеттерім, ережелерім және шешімдерімді сен халыққа үйрет. Мен өздеріңе мұралық меншікке бергелі тұрған елде олар бұларды орындайтын болсын». | |
| Deut | Kaz | 5:32 | (Содан Мұса халыққа былай деді:)— Өз Құдайларың Жаратқан Ие сендерге бұйырғанды толығымен орындауға қырағы болып, одан оңға да, солға да бұрылмаңдар! | |
Chapter 6
| Deut | Kaz | 6:1 | Құдайымыз Жаратқан Иенің маған сендерге үйретуге бұйырған өсиеттері, ережелері және шешімдері, міне, осылар. Сендер өзеннен өтіп кіріп, иемденгелі тұрған елде оларды орындауларың қажет. | |
| Deut | Kaz | 6:2 | Өздерің де, балаларың мен немерелерің де Құдайларың Жаратқан Иені терең қастерлеп, қазір мен өздеріңе тапсырып отырған Оның барлық ережелері мен өсиеттерін өмір бойы сақтап орындауға тиіссіңдер. Сонда өмір жастарың ұзақ болады. | |
| Deut | Kaz | 6:3 | Сонымен, уа, Исраил халқы, сөздеріме құлақ салып, оларды мұқият орындайтын бол! Сонда ағы мен балы ағыл-тегіл елде игілікті өмір сүріп, молынан өсіп-өнетін боласың. Ата-бабаларың сиынған Құдай Ие мұны саған уәде етті. | |
| Deut | Kaz | 6:7 | Балаларыңа да бұл сөздерді мұқият үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 6:10 | Сонда Құдай Ие сендерді Өзі түп аталарың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа беруге антпен уәде еткен еліне алып барады. Сол елде Ол сендерге өздерің салмаған үлкен де жақсы қалаларды, | |
| Deut | Kaz | 6:11 | өздерің жинамаған әр алуан жақсы заттарға толы үйлерді, өздерің қазбаған құдықтарды, өздерің отырғызбаған жүзімдіктер мен зәйтүн ағаштарын табыстайды. Ал сендер ішіп-жеп, тойған кезде | |
| Deut | Kaz | 6:12 | өздеріңді құлдықта жүрген Мысыр елінен босатып алып шыққан Жаратқан Иені естеріңнен шығарудан сақ болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 6:13 | (Уа, Исраил,) Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет! Оның атымен ғана ант беретін бол! | |
| Deut | Kaz | 6:14 | Айналаларыңдағы тұрып жатқан ұлттар табынатын жалған тәңірлердің жолдарымен жүрмеңдер! | |
| Deut | Kaz | 6:15 | Себебі араларыңда тұратын Құдайларың Жаратқан Ие сендердің басқа тәңірлерге табынуларыңа еш төзбейді. Әйтпесе Оның лаулаған қаһары өздеріңе қарсы лап етіп, сендерді жер бетінен құртып жібереді. | |
| Deut | Kaz | 6:17 | Құдай Иенің өздеріңе бұйырған өсиеттерін, нұсқауларын және ережелерін берік сақтаңдар! | |
| Deut | Kaz | 6:18 | Жаратқан Иеге ұнамды әділ істерді істеңдер! Сонда сендер игілікті өмір сүріп, Жаратқан Ие ата-бабаларыңа антпен уәде еткен елге кіріп, оны иемденесіңдер, | |
| Deut | Kaz | 6:20 | Болашақта балаларың өздеріңнен: «Құдай Иеміздің сіздерге өсиеттеген ережелері, жарлықтары және шешімдерінің мағынасы қандай?» деп сұраса, | |
| Deut | Kaz | 6:21 | онда оларға былай деп жауап беріңдер: «Біз Мысырда перғауынның құлдары болып жүрген едік. Бірақ Жаратқан Ие бізді сол елден Өзінің құдіретті қолымен құтқарып алып шықты. | |
| Deut | Kaz | 6:22 | Сонда Жаратқан Ие көз алдымызда Мысырға, перғауын мен оның бүкіл үй-ішіне қарсы ғажап кереметтер істеп, ғаламат зор апаттар жіберді. | |
| Deut | Kaz | 6:23 | Осылайша Ол бізді ата-бабаларымызға антпен уәде еткен елге жеткізу үшін Мысырдан алып шықты. | |
| Deut | Kaz | 6:24 | Жаратқан Ие әрқашан игілікті де аман-есен өмір сүруіміз үшін бізге осы жарлықтардың бәрін орындап, Өзін, біздің Құдайымыз Жаратқан Иені, терең қастерлеуді өсиеттеді. Соның арқасында қазір аман-есен өмір сүріп жатырмыз да. | |
Chapter 7
| Deut | Kaz | 7:1 | Құдайларың Жаратқан Ие сендерді елді иемдену үшін соған кіргізген кезде Өзі алдарыңнан бірнеше ұлтты қуып шығады. Олар: хеттіктер, гергестіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер. Осы жеті ұлт өздеріңнен үлкен әрі күшті. | |
| Deut | Kaz | 7:2 | Құдайларың Жаратқан Ие (азғындыққа салынған) сол халықтарды қолдарыңа түсіріп, сендерге жеңдіргенде, барлығын да Оған бағыштап, түгелдей құртуларың керек. Олармен ешбір келісім жасамаңдар, аяп-мүсіркеуші де болмаңдар! | |
| Deut | Kaz | 7:4 | Әйтпесе олар балаларыңды Жаратқан Иеден бас тартқызып, бөтен тәңірлерге құлшылық еткізетін болады. Сонда Оның қаһары өздеріңе қарсы лап етіп, сендерді лезде-ақ құртып жібереді. | |
| Deut | Kaz | 7:5 | Керісінше, сендер азғын халықтарға мынаны істеулерің қажет: олардың құрбандық орындарын бұзып, қиратыңдар, табынатын тас мүсіндерін талқандаңдар; Ашера атты жалған тәңірге арналған ағаш бағаналарды шауып тастап, олардың тәңірсымақтарының басқа мүсіндерін де отқа өртеп жіберіңдер! | |
| Deut | Kaz | 7:6 | Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен сендерді Өзінің халқы және ерекше құнды меншігі болуға таңдап алған. | |
| Deut | Kaz | 7:7 | Жаратқан Иенің сендерді сүйіп, таңдап алғанының себебі сендердің басқа халықтардан үлкен болғандықтарыңнан емес! Шынында сендер барлық халықтардың ішіндегі ең азы едіңдер. | |
| Deut | Kaz | 7:8 | Қайта, Жаратқан Ие сендерді сүйгендігінен әрі ата-бабаларыңа берген антына бола ғана таңдап алды. Содан Өзінің құдіретті қолымен сендерді Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елдегі құлдықтан азат етіп, алып шықты. | |
| Deut | Kaz | 7:9 | Сондықтан да Құдайларың Жаратқан Иенің шынымен Құдай екенін біліп алыңдар! Өзін сүйіп, өсиеттерін ұстанғандардың тіпті мыңыншы ұрпағына да Ол Өзінің Келісімін сақтап, рақымын төгетін болады. | |
| Deut | Kaz | 7:10 | Бірақ Өзін менсінбейтіндерді құртып, оларға жазаларын тартқызады. Иә, Ол Өзін менсінбейтіндерге көп кешікпей-ақ жазаларын тартқызбақ. | |
| Deut | Kaz | 7:11 | Сондықтан бүгін мен өздеріңе табыстап отырған Оның өсиетін, ережелерін және шешімдерін сақтап орындайтын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 7:12 | Егер осы шешімдерге құлақ асып, оларды сақтап орындайтын болсаңдар, онда Құдайларың Жаратқан Ие ата-бабаларыңмен жасаған Келісімін сақтап, сендерге рақымын төгетін болады. | |
| Deut | Kaz | 7:13 | Ол өздеріңе табыстауға ата-бабаларыңа антпен уәде еткен елде сендерді сүйіп, жарылқап, көбейтеді. Сендерді ұрпақты етіп, жерлеріңнің өнімін де жарылқап, өндірген астықтарыңды, жүзім шырындарыңды, зәйтүн майларыңды және табын-отарларыңның төлдерін мол қылатын болады. | |
| Deut | Kaz | 7:14 | Сендер басқа халықтардың бәрінен де мол жарылқанатын боласыңдар. Араларыңда бала сүйе алмайтын не еркек, не әйел болмайды, малдарың да қысыр қалмайды. | |
| Deut | Kaz | 7:15 | Жаратқан Ие сендерден ауру-сырқау атаулыны алшақтатып, Мысырдың өздеріңе таныс жаман індеттерінің ешқайсысын сендерге жуытпайды. Керісінше, солардың барлығын өздеріңді жек көретіндерге жұқтырады. | |
| Deut | Kaz | 7:16 | Сонымен, Құдайларың Жаратқан Ие қолдарыңа тапсыратын (сол азғын) халықтардың барлығын құртуларың керек. Оларды аяп-мүсіркемеңдер, олар табынып келген жалған тәңірлеріне құлшылық етпеңдер! Әйтпесе, сол тәңірсымақтар өздеріңе тұзақ болады. | |
| Deut | Kaz | 7:17 | Сендер іштей: «Бұл халықтар бізден соншама басым ғой. Қалай ғана оларды қуып шыға аламыз?» деп уайымдауларың да мүмкін. | |
| Deut | Kaz | 7:18 | Бірақ олардан еш қорықпаңдар! Құдайларың Жаратқан Иенің перғауын патшаға және бүкіл Мысырға не істегенін естеріңде берік сақтаңдар! | |
| Deut | Kaz | 7:19 | Құдай Иенің оларды өткізген алапат сынақтарын әрі Өзінің сендерді ғажап кереметтері және алға созылған құдіретті қолы арқылы Мысырдан алып шыққанын өз көздеріңмен көрдіңдер ғой. Сендер қорқып келген халықтардың бәріне де Құдай Иеміз солай істейтін болады. | |
| Deut | Kaz | 7:20 | Оның үстіне Құдай Ие сол халықтардың зәрелерін ұшыратын үрейді де жібереді, сонда олардың сендерден тығылып тірі қалғандарының бәрі де құритын болады. | |
| Deut | Kaz | 7:21 | Ендеше сол халықтардан еш қорықпаңдар! Себебі араларыңда тұрып, сендерге жар болатын Құдайларың Жаратқан Ие — үрей туғызатын ұлы да ғажайып Құдай! | |
| Deut | Kaz | 7:22 | Оның Өзі сол (азғын) халықтарды алдарыңнан біртіндеп қуып шығып отыратын болады. Оларды бірден жоя алмайсыңдар, әйтпесе жабайы аңдар тым көбейіп кетіп, сендерге зиян келтірер еді. | |
| Deut | Kaz | 7:23 | Дегенмен, Құдай Ие оларды қолдарыңа тапсырып, бәрі де құрып кетпейінше ғаламат әбігерге салады. | |
| Deut | Kaz | 7:24 | Ол солардың патшаларын да қолдарыңа түсіреді. Содан оларды жойып, есімдерін аспан астынан біржолата сызып тастайсыңдар. Ешкім де сендерге қарсы тұра алмайды, барлығын да жоқ қыласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 7:25 | Олардың ағаштан жасалған тәңір мүсіндерін өртеп жіберулерің керек! Солардағы алтын-күміске қызығып, оны өздеріңе алмаңдар! Әйтпесе Құдай Иеге жексұрын сол мүсіндер сендерді тұзаққа түсіреді. | |
Chapter 8
| Deut | Kaz | 8:1 | Мен бүгін өздеріңе табыстап отырған осы өсиеттердің барлығын берік сақтап орындайтын болыңдар! Сонда сендер тірі қалып, өсіп-өніп, Жаратқан Ие ата-бабаларыңа антпен уәде еткен елге еніп, оны иемдене аласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 8:2 | Құдай Иеміздің осы қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап алып жүрген жолын естеріңе түсіріңдер! Ол сендерді Өзіне мойынсұндыру үшін, әрі шынайы ниеттеріңнің қандай екенін: Оның өсиеттерін орындайсыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін түрлі сынақтардан өткізді. | |
| Deut | Kaz | 8:3 | Жаратқан Ие сендерді мойынсұндыру үшін кейде аштыққа душар етті. Адам тек нанмен ғана емес, Жаратқан Иенің аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді дегенді үйрету үшін Ол сендерді өздерің де, ата-бабаларың да бұрын татып көрмеген тәтті нанмен (маннамен) қоректендірді. | |
| Deut | Kaz | 8:5 | Сонымен әкесінің баласын тәрбиелейтініндей, Құдайларың Жаратқан Иенің де сендерді тәрбиелейтінін терең ұғынып, жүректеріңде берік сақтаңдар! | |
| Deut | Kaz | 8:6 | Құдай Иеміздің өсиеттерін берік сақтап, нұсқаған жолдарымен жүріп, Оны терең қастерлеңдер! | |
| Deut | Kaz | 8:7 | Себебі Құдай Иеміз сендерді суға толы өзендері мен тоғандары бар, сайлары мен қыраттарындағы қайнарлардан бұлақ ағатын шұрайлы елге алып бара жатыр. | |
| Deut | Kaz | 8:9 | Сол елде сендер наннан да, басқа еш нәрседен де таршылық көрмейсіңдер. Жерінің тастарында темір мол, қыраттарынан күміс қазып, өндіретін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 8:10 | Тамақ ішіп, тойғаннан кейін, осы шұрайлы елді өздеріңе табыстағаны үшін Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар! | |
| Deut | Kaz | 8:11 | Сондай-ақ абай болып, Құдай Иемізді естеріңнен шығарып, бүгін мен сендерге жеткізіп отырған Оның өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындамаудан сақтаныңдар! | |
| Deut | Kaz | 8:14 | сендер өркөкіректеніп, өздеріңді құлдықта жүрген Мысыр елінен құтқарып алып шыққан Құдай Иелеріңді естеріңнен шығарасыңдар. | |
| Deut | Kaz | 8:15 | Ол сендерді осы ұлан-ғайыр да үрейлі иен дала, улы жыландар мен шаяндар жорғалаған сусыз, қуаң аймақ арқылы Өзі жетелеп алып өтті. Дәу шақпақ тастан Ол сендерге су ағызып берді. | |
| Deut | Kaz | 8:16 | Жаратқан Ие кейін игілікті өмір сүре алуларың үшін сендерді Өзіне мойынсұндыру әрі сынақтан өткізу мақсатымен ата-бабаларың татып көрмеген тәтті нанды (маннаны) сендерге айдалада тамақ етіп берді. | |
| Deut | Kaz | 8:17 | Әйтпесе: «Осы дүние-байлықты өз күшім мен еңбегімнің арқасында қол жеткіздім» деп жүрулерің мүмкін. | |
| Deut | Kaz | 8:18 | Қайта, Құдайларың Жаратқан Иені естеріңде сақтаңдар! Байлыққа жетуге қуат-қабілет беретін — Соның Өзі. Осыны істеуі арқылы Ол ата-бабаларыңа антпен бекіткен Келісімін орындайды, бүгін де солай істеп отыр. | |
| Deut | Kaz | 8:19 | Ал егер болашақта Құдайларың Жаратқан Иеден бас тартып, бөгде тәңірлердің жолына түсіп, оларға иіліп құлшылық етсеңдер, сендер міндетті түрде құрисыңдар. Мен мұны бүгін сендерге байыппен ескертемін. | |
Chapter 9
| Deut | Kaz | 9:1 | Құлақ түр, уа, Исраил халқы! Сендер енді Иордан өзенінен өтіп, саны да, күші де өздеріңнен басым халықтардың елдеріне кіріп, соны иемденейін деп жатырсыңдар. Олардың аспанмен таласатындай зәулім қамалмен қоршалған үлкен қалалары бар. | |
| Deut | Kaz | 9:2 | Сол елде күшті де зор денелі адамдар — Анақтың алып ұрпақтары тұрады. Сендер бұлар туралы біліп, «Анақтың ұрпақтарына кім қарсы тұрмақ?» деген мәтелді естігенсіңдер. | |
| Deut | Kaz | 9:3 | Бірақ та бүгін мынаны біліп қойыңдар: сендердің Құдайларың Жаратқан Ие жалмайтын от сияқты болып Иорданнан өтіп, алдарыңда бастап жүреді. Өзі соларды құртып, сендерге жеңдіреді. Жаратқан Ие өздеріңе уәде еткендей, сендер оларды елден қуып шығып, тез арада көздерін жоясыңдар. | |
| Deut | Kaz | 9:4 | Алайда сендердің Құдайларың Жаратқан Ие оларды алдарыңнан қуып шығарғаннан кейін сендер іштей: «Жаратқан Ие мені осы елді иемденуге өз әділдігіме бола алып келді» деп бөсуші болмаңдар! Жоқ, Жаратқан Ие сол халықтарды олардың асқан зұлымдықтарына бола алдарыңнан қуып шығармақ. | |
| Deut | Kaz | 9:5 | Ендеше осы елді иемденулерің сендердің ерекше әділдіктеріңе яки ізгі қасиеттеріңе бола емес. Қайта, сол халықтардың зұлымдықтарына бола Құдайларың Жаратқан Ие оларды алдарыңнан қуып шығады. Осылайша Ол ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа антпен берген уәдесін жүзеге асырады. | |
| Deut | Kaz | 9:6 | Сондықтан Құдай Иенің осы шұрайлы елді сендерге мұралық меншікке беруі өз әділдіктеріңе бола емес екендігін ұғып алыңдар! Керісінше, сендер тоңмойын, бағынбайтын халықсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 9:7 | Сендер айдаланы кезіп жүргендеріңде Құдай Иеміздің қаһарын туғызғандарыңды ешқашан ұмытпай, естеріңде сақтаңдар! Мысырдан көшіп шығып, осы жерге келген күнге дейін сендер Жаратқан Иеге қарсы бас көтеріп келесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 9:8 | Хориб тауының маңында Жаратқан Иенің қаһарын туғызғандарың сонша, Ол сендерді түгелдей құртып жібермекші болды. | |
| Deut | Kaz | 9:9 | Бұл менің Жаратқан Иенің өздеріңмен жасаған Келісімінің тас тақташаларын қабылдап алу үшін тауға шыққан кезімде болған еді. Сол жерде мен қырық күн, қырық түн болып, еш нәр татпай, су да ішкен жоқпын. | |
| Deut | Kaz | 9:10 | Сонда Жаратқан Ие маған Құдайдың қолымен жазылған жазуы бар екі тас тақташаны табыс етті. Сендер тау етегінде жиналып тұрған кездеріңде Жаратқан Ие өздеріңе тау басындағы от ішінен айтқан сөздерінің бәрі сол тас тақташаларда жазылған болатын. | |
| Deut | Kaz | 9:11 | Сол қырық күн мен қырық түн бітіп, Жаратқан Ие маған екі тас тақташаны, яғни Келісімнің тақташаларын, табыстағаннан кейін, | |
| Deut | Kaz | 9:12 | Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды: «Тезірек төмен түс, сен Мысырдан бастап алып шыққан халқың азғындыққа салынды! Олар Мен өздеріне өсиет еткен жолдан лезде тайып шығып, алтыннан құйылған бір мүсінді жасап алды!» — деді. | |
| Deut | Kaz | 9:13 | Жаратқан Ие маған тағы да: «Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін. Оның шынында тоңмойын қыңыр екеніне көзім жетті. | |
| Deut | Kaz | 9:14 | Ал енді, Мені қалдыр, оларды құртып, есімдерін аспанның астынан өшіріп тастаймын. Содан кейін Мен саны мен күші олардан басым бір халықты өзіңнен жаратамын», — деді. | |
| Deut | Kaz | 9:15 | Мен кері бұрылып, от болып жанып тұрған таудың басынан төмен түсіп кеттім. Қолымда Келісімнің екі тас тақташасы болды. | |
| Deut | Kaz | 9:16 | Мен ел қонысына жақындап қарағанда, сендердің жас бұқаның алтыннан құйылған мүсінін жасап алып, Құдай Иенің алдында күнәға батқандарыңды көрдім. Сендер Жаратқан Ие өздеріңе өсиет еткен жолдан лезде тайып шықтыңдар! | |
| Deut | Kaz | 9:17 | Сонда мен екі тас тақташаны қолдарыма алдым да, сендердің көз алдарыңда жерге лақтырып жіберіп, олардың быт-шытын шығардым. | |
| Deut | Kaz | 9:18 | Содан кейін мен қайтадан Жаратқан Иенің алдында етпетімнен қырық күн, қырық түн бойы жатып алдым. Сендердің Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Оның ашуын туғызған барлық күнәларыңа бола сол уақыттың ішінде еш нәр татпай, су да ішкен жоқпын. | |
| Deut | Kaz | 9:19 | Жаратқан Иенің лаулаған қаһарынан қорқып, Ол сендерді құртып жібермей ме деп үрейленіп тұрдым. Бірақ Ол бұл жолы да маған құлақ асты. | |
| Deut | Kaz | 9:20 | Жаратқан Ие Һаронға да қаһарланғаны сонша, оның көзін құртпақшы болды. Сол кезде Һарон үшін де мінажат етіп Жаратқан Иеге жалбарындым. Сонда Ол Һаронды аман қалдырды. | |
| Deut | Kaz | 9:21 | Ал сендер күнәға батқанда жасап алған жас бұқа мүсінін алдым да, оны отқа салып құртып, күл-талқанын шығардым. Одан қалғанын ұнтақтап үгіп, таудан төмен ағып жатқан бұлаққа лақтырдым. | |
| Deut | Kaz | 9:22 | Бұдан басқа сендер Таберада, Масада және Қиброт-Хатауада да Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңдар. | |
| Deut | Kaz | 9:23 | Жаратқан Ие сендерді Қадеш-Барниден: «Өрлеп барып, Мен сендерге беріп отырған елді иемденіңдер!» — деп жолдап жіберген еді. Бірақ сендер өз Құдайларың Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шықтыңдар! Оған сенген де жоқсыңдар, тілін де алмадыңдар. | |
| Deut | Kaz | 9:25 | Жаратқан Ие сендерді құртамын дегендіктен, Оның алдында сол қырық күн, қырық түн бойы етпетімнен жата бердім. | |
| Deut | Kaz | 9:26 | Жаратқан Иеге сиынып былай дедім: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Сен өз ұлылығыңмен құтқарып, құдіретті қолыңмен Мысырдан алып шыққан осы халқыңды, Өзіңнің меншігіңді, құрта көрме! | |
| Deut | Kaz | 9:27 | Өз қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпты есіңе ала гөр! Осы халықтың қыңырлығына, зұлымдығына және жасаған күнәсіне назар аудара көрме! | |
| Deut | Kaz | 9:28 | Әйтпесе Сен бізді алып шыққан Мысыр елінің адамдары: «Өзі антпен уәде еткен елге оларды алып бару Жаратқан Иенің қолынан келмегендіктен, әрі оларды жек көргендіктен, айдалада өлтіру мақсатымен елімізден алып шықты» деп табалап жүрер. | |
Chapter 10
| Deut | Kaz | 10:1 | Сол кезде Жаратқан Ие маған былай деп тапсырды: «Бұрынғы екеуіндей етіп тағы екі тас тақташа қашап жасап ал. Содан кейін таудың басына Менің алдыма көтеріліп кел. Бір ағаш сандық та жасап дайындауың керек. | |
| Deut | Kaz | 10:2 | Мен жаңа тақташаларға өзің сындырып тастаған алғашқы тақташалардағы сөздерді жазып қоймақпын. Содан кейін тақташаларды сандыққа салып қой». | |
| Deut | Kaz | 10:3 | Сонда мен аққараған ағашынан сандық жасап дайындадым, әрі тастан бұрынғылардай екі тақташа қашап жасап алдым. Тақташаларды қолыма ұстап, тау басына көтерілдім. | |
| Deut | Kaz | 10:4 | Жаратқан Ие бұрын жазған Он өсиетті осы тақташаларға қайталап жазды. Сендер тау етегінде жиналған күні Жаратқан Ие сол Он өсиетті тау басындағы от ішінен сендерге жариялап айтқан болатын. Жаратқан Ие тас тақташаларды маған табыстаған соң, | |
| Deut | Kaz | 10:5 | мен тау басынан төмен түстім. Бұдан кейін сол екі тақташаны Жаратқан Иенің берген нұсқауы бойынша өзім жасаған Келісім сандығының ішіне салып қойдым. Қазір де олар сонда жатыр. | |
| Deut | Kaz | 10:6 | Кейін исраилдіктер Бене-Яқан құдықтары деген жерден Мосерге көшіп барды. Сол жерде Һарон қайтыс болып, сүйегі қабірге қойылды. Һаронның ұлы Елазар оның орнын басып діни қызметкер болды. | |
| Deut | Kaz | 10:7 | Сол жақтан халық Гудгодқа, содан кейін ағып жатқан бұлақтары көп Жотбатаға көшіп барды. | |
| Deut | Kaz | 10:8 | Бұл кезде Жаратқан Ие Леуі руын халықтың өзге руларынан бөліп, Өзінің қызметіне тағайындады. Леуіліктердің міндеттері Жаратқан Иенің Келісім сандығын (халық көшкенде) көтеріп жүру, Жаратқан Иенің алдында тұрып қызмет ету және Оның атынан адамдарға бата беру болды. Леуіліктер қазірге дейін осы міндеттерін атқарып келеді. | |
| Deut | Kaz | 10:9 | Леуі руына өзге ағайындас руларымен қатар елден мұралық үлесі бөлінбегендігі сондықтан. Құдайларың Жаратқан Иенің оларға берген уәдесі бойынша, леуіліктердің «мұралық үлестері» — Жаратқан Иенің Өзі. | |
| Deut | Kaz | 10:10 | Бірінші рет болғанымдай, бұл жолы да тау басында қырық күн, қырық түн болдым. Жаратқан Ие сөздеріме осы кезде де құлақ асып, сендерді құртамын деген ойынан бас тартты. | |
| Deut | Kaz | 10:11 | Сонда Жаратқан Ие маған: «Бар да, Мен оларға беремін деп Өзім ата-бабаларына антпен уәде еткен елге кіріп, оны иемдене алулары үшін халықты жүретін жолында бастап жүр», — деді. | |
| Deut | Kaz | 10:12 | Ал енді, уа, Исраил, Құдай Иең сенен нені талап етеді? Тек мыналарды ғана: Құдай Иеңді терең қастерлеп, Оның жолымен ғана жүруіңді, Оны сүйіп, шын жүректен және бүкіл жан дүниеңмен Оған қызмет етуіңді, | |
| Deut | Kaz | 10:13 | әрі Жаратқан Иенің өсиеттері мен ережелерін жүзеге асыруыңды. Бұларды бүгін сендерге өз игіліктерің үшін тапсырып отырмын. | |
| Deut | Kaz | 10:15 | Алайда Жаратқан Ие ата-бабаларыңды сүюге қатты риза болды және олардан өрбіген сендерді барлық халықтардың арасынан таңдап алды. Міне, содан қазір Оның сүйікті халқысыңдар. | |
| Deut | Kaz | 10:16 | Ендеше жүректеріңді күнәдан арылтып, Жаратқан Иенің бізбен жасаған Келісімін естеріңде ұстап, бұдан былай тоңмойын болмаңдар. | |
| Deut | Kaz | 10:17 | Себебі Құдайларың Жаратқан Ие — «тәңір» атаулының үстіндегі Құдай және иелердің Иесі. Ол — үрей туғызатын ұлы да құдіретті Құдай, ешкімнің бет-жүзіне қарамайды да, ешкімнен пара алмайды да. | |
| Deut | Kaz | 10:18 | Жаратқан Ие жетім-жесірлердің мүддесін қорғап, жат жұрттықтарға мейірім көрсетіп, оларды нанмен, киіммен қамтамасыз етеді. | |
| Deut | Kaz | 10:19 | Жат жұрттықтарға сендер де мейірімді болуға тиіссіңдер, өйткені өздерің де Мысырда жат жұрттық кірмелер болдыңдар ғой. | |
| Deut | Kaz | 10:20 | Құдайларың Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оған қызмет етіп, Одан ажырамастай берік ұстанып, Оның атымен ғана ант беріңдер. | |
| Deut | Kaz | 10:21 | Өз көзіңмен көрген сол ұлы да үрейлі істердің бәрін істеген Ол — сендердің Құдайларың, Оны әрдайым мадақтаңдар! | |
Chapter 11
| Deut | Kaz | 11:1 | Сонымен өз Құдайларың Жаратқан Иені сүйіңдер, Оның бұйрықтары мен ережелерін, шешімдері мен өсиеттерін әрқашан берік сақтаңдар! | |
| Deut | Kaz | 11:2 | Біліп алыңдар, мен бүгін сендердің балаларыңа сөйлеп жатқан жоқпын. Өйткені олар (кейінірек дүниеге келгендіктен) Құдайларың Жаратқан Иенің түзетіп тәрбиелеуін көріп, бастарынан кешірген емес: Оның ұлылығын, алға созылған құдіретті қолын, | |
| Deut | Kaz | 11:3 | Мысыр елінде патшасы перғауын мен оның бүкіл халқына жасаған кереметтері мен ғажап істерін: осылардың бәрін олар көрген емес. | |
| Deut | Kaz | 11:4 | Жаратқан Иенің мысырлықтардың әскеріне, аттары мен соғыс күймелеріне не істегенін, сендерді қуып келе жатқан оларды Қамысты теңіздің суына батырып, толығымен жойып жібергенін де көре алған жоқ. | |
| Deut | Kaz | 11:5 | Олар Жаратқан Иенің сендерге иен далада уәделі елге жеткен осы кезге дейін қалай қамқорлық жасағанын да көрген жоқ. | |
| Deut | Kaz | 11:6 | Жаратқан Ие рубендік Елияптың ұлдары Датан мен Абиронды жазалап, бүкіл Исраил халқы тұрған жердің ортасы қақ айырылып, сол адамдарды бүкіл отбасыларымен, барлық шатырларымен, малдарымен жұтып қойған кезді көрген де балаларың емес. | |
| Deut | Kaz | 11:8 | Сондықтан, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған барлық өсиеттерді берік сақтаңдар! Сонда сендердің өзеннің арғы жағындағы елге кіріп, оны иемденіп алуға күш-қуаттарың жететін болады, | |
| Deut | Kaz | 11:9 | әрі Жаратқан Иенің ата-бабаларыңа және олардың ұрпақтарына беруге антпен уәде еткен елінде: ағы мен балы ағыл-тегіл елде өмірлерің ұзақ болады. | |
| Deut | Kaz | 11:10 | Сендер енейін деп жатқан осы ел өздерің шығып келген Мысыр еліне ұқсамайды. Онда сендер тұқым сеуіп, бақшада істегендей арық қазып, ауыр жұмыс істеп оны суғаратын едіңдер. | |
| Deut | Kaz | 11:11 | Жоқ, сендер иемденейін деп жатқан осы ел көктен жауған жаңбырмен суғарылатын қыратты да аңғарлы жер. | |
| Deut | Kaz | 11:12 | Бұл елге Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі қамқорлық жасайды. Жылдың басынан аяғына дейін Ол сол елді ұдайы назарында ұстайды. | |
| Deut | Kaz | 11:13 | Сонымен, бүгін мен өздеріңе беріп отырған мына өсиеттеріме мұқият құлақ түріңдер: «Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, Оған шын жүректен және бүкіл жан дүниелеріңмен қызмет етіңдер». | |
| Deut | Kaz | 11:14 | Егер солай істесеңдер, онда Ол елдеріңе күзгі де, көктемгі де жаңбырды мезгілінде жаудырып тұратын болады. Осылайша сендер астықты, жүзім шырынын және зәйтүн майын уақытында жинап, дайындап алатын боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:15 | Жаратқан Ие малдарың үшін далаларыңда шөпті қалың қылып өсіреді, сонда тамақтарың тоқ болып, тойынасыңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:16 | Бірақ сақ болыңдар, әйтпесе азғырылып, бөтен тәңірлерге бет бұрып, оларға жүгініп құлшылық етіп кетесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 11:17 | Егер солай етсеңдер, онда Жаратқан Иенің лаулаған қаһары сендерге қарсы лап етеді. Ол аспанды жауып, жаңбырды жаудырмай қояды. Сонда жер өнімін бермей, сендер көп ұзамай Жаратқан Иенің өздеріңе табыстаған елінде құрып, жоқ боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:18 | Ендеше мен айтқан осы сөздерді жүректеріңе, жан дүниелеріңе және ақыл-саналарыңа тоқып алыңдар! Олар қолдарыңа байланған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын. | |
| Deut | Kaz | 11:19 | Балаларыңа да бұл сөздерді үйретіңдер: үйде отырған не жол жүрген, төсекте жатқан не тұрып жатқан кездеріңде де солар туралы айтатын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 11:21 | Сонда Жаратқан Ие ата-бабаларыңа беруге антпен уәде еткен елде өздерің де, бала-шағаларың да аспан өз орнында тұрғанша ұзақ өмір сүретін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:22 | Мен бүгін өздеріңе ұстануға тапсырып отырған, «Құдайларың Жаратқан Иені сүйіңдер, Одан ажырамастай берік ұстанып, Оның жолдарымен жүріңдер!» деген өсиеттерді тұрақты сақтайтын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 11:23 | Сонда Жаратқан Ие елдегі халықтардың барлығын алдарыңнан қуып шығады. Олардың саны мен күші өздеріңнен басым болса да, сендер елді иемденіп аласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:24 | Қай жерге аяқ бассаңдар, сол жер сендердікі болады. Жерлерің оңтүстіктегі Негев даласынан Ливан тауларына дейін, Евфрат өзенінен батыстағы теңізге дейін созылатын болады. | |
| Deut | Kaz | 11:25 | Ешкім сендерге қарсы тұра алмайды. Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе уәде еткеніндей, қайда барсаңдар да, бүкіл елдегі адамдардың бәрін сендерден қорқып үрейленетін етеді. | |
| Deut | Kaz | 11:27 | Егер сендер өз Құдайларың Жаратқан Иенің бүгін мен арқылы тапсырып отырған өсиеттеріне құлақ ассаңдар, онда жарылқанатын боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:28 | Ал егер Жаратқан Иенің өсиеттеріне құлақ аспай, орындамасаңдар, әрі өздеріңе бейтаныс, бөтен тәңірлердің соңына түсіп, мен бүгін сендерге нұсқаған жолдан тайып кетсеңдер, онда қарғысқа ұшырайтын боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:29 | Құдайымыз Жаратқан Ие сендерді иемденгелі отырған осы елге кіргізгеннен кейін, Гәризим тауынан жарылқауларды, Ебал тауынан қарғыстарды жариялаңдар. | |
| Deut | Kaz | 11:30 | Сол екі тау Иордан өзенінің арғы жағындағы елсіз алқапта Ғылғалға қарама-қарсы тұрып жатқан қанахандықтардың аймағында, алып емен ағаштары өсіп тұрған Мореге жақын жерде, батысқа қарай бағытталған жолдың бойында орналасқан. | |
| Deut | Kaz | 11:31 | Енді Иордан өзенінен өтіп, Құдай Иеміз сендерге табыстап отырған елге еніп, оны иемденейін деп тұрсыңдар. Соған еніп, қоныстанып алғаннан кейін | |
Chapter 12
| Deut | Kaz | 12:1 | Ата-бабаларың сиынған Құдай Ие сендерге иемденуге берген елде қоныс теуіп, өмір сүрген кездеріңде сақтап орындауларыңа тиісті ережелер мен шешімдер мыналар: | |
| Deut | Kaz | 12:2 | Сендер қуып шығарғалы отырған халықтар биік тау-төбелерде және әрбір саялы ағаштың түбінде өздерінің жалған тәңірлеріне құлшылық етеді. Сол ғибадат орындарының барлығын түгелдей бұзып тастауларың керек. | |
| Deut | Kaz | 12:3 | Олардың құрбандық үстелдерін қиратып, тас мүсіндерін сындырып, Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын өртеп жіберіңдер! Сол халықтар табынып келген жалған тәңірлерінің мүсіндерін де бөлшектеп, жалған тәңірлердің аттарын сол орындардан есте қалмастай етіп өшіріңдер! | |
| Deut | Kaz | 12:4 | Құдайларың Жаратқан Иеге сол халықтардың (жексұрын) дәстүрлері бойынша құлшылық етпеңдер! | |
| Deut | Kaz | 12:5 | Керісінше, Құдай Иеге Өзінің есімі құрметтелетін жер бетіндегі тұрағы болуға сендердің күллі руларыңның арасынан бір орынды таңдап алатын болады. Оған сиынып ғибадат етуге сол жерге баруларың қажет. | |
| Deut | Kaz | 12:6 | Құдайға арнап өртелетін құрбандықтарың мен сый-тартуларыңды, өнімнің он бөлігінің бірін әрі арнайы, не беруге серт еткен, не өз еріктеріңмен ұсынған сый-тартуларыңды, сондай-ақ малдарыңның тұңғыш төлдерін де сол жерге алып барыңдар! | |
| Deut | Kaz | 12:7 | Құрбандық асын отбасыларыңмен бірге сол жерде Құдай Иеміздің алдында ішіп-жеңдер. Осылайша қол тигізген барлық істеріңнің Құдайларың Жаратқан Иенің жарылқауымен жемісті болғанын тойлап шаттаныңдар. | |
| Deut | Kaz | 12:9 | Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендерге тыныштық сыйлайтын орынға, өздеріңнің меншікті жерлеріңе әлі жеткен жоқсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 12:10 | Ал сендер Иордан өзенінен өтіп, Құдай Ие сендерге иемденуге беріп отырған елде қоныстанған кезде Ол қауіпсіздікте тұруларың үшін сендерге айналадағы жауларыңның бәрінен қорғап, тыныштық сыйлайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 12:11 | Содан соң Құдайларың Жаратқан Ие өз есімін орнату үшін қандай жерді таңдап алса, сол жерге мен сендерге тапсырып отырған нәрселердің бәрін әкеліңдер: өртелетін сый-тартуларыңды, шалынып өртелетін құрбандықтарыңды, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін, арнайы тартуларыңды және өздерің Жаратқан Иеге ант етіп бағыштаған бағалы заттарыңды алып келіңдер! | |
| Deut | Kaz | 12:12 | Сол жерде өздерің, ұл-қыздарың, қызметшілерің және қалаларыңда тұрып жатқан, мұралық меншікке жер үлесі бөлінбеген леуіліктер, бәрің бірге Құдайларың Жаратқан Иенің алдында қуана тойлаңдар. | |
| Deut | Kaz | 12:14 | Тек Жаратқан Ие руларыңның арасынан тағайындаған орында ғана құрбандықтарды шалып, мен өздеріңе тапсырған ережелердің бәрін орындаңдар! | |
| Deut | Kaz | 12:15 | Бірақ өз елді мекендеріңнің кез келген жерінде малдарыңды азыққа сойып, етін Құдай Иенің берген жарылқауына сай қалағандарыңша жеулеріңе болады. Аң аулап, соғып алған елік немесе бұғының еті іспетті сол етті де Жаратқан Иенің құрбандық орнына апармай-ақ жей аласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 12:17 | Ал жиналған астықтың, жүзім шырынының және зәйтүн майының (Жаратқан Иеге тиісті) он бөлігінің бірін, малдарыңның алғашқы төлдерін, сондай-ақ Жаратқан Иеге ұсынуға серт еткен не өз еркіңмен ұсынып жатқан немесе арнайы берген сый-тартуларыңды да өздерің тұрып жатқан елді мекендеріңде жеулеріңе болмайды. | |
| Deut | Kaz | 12:18 | Керісінше, бұларды Құдайларың Жаратқан Ие тағайындайтын орында Оның алдында өздерің, ұл-қыздарың, қызметшілерің және елді мекендеріңде бірге тұратын леуіліктер, бәрің бірге ішіп-жеңдер. Осылайша қолға алған барлық істеріңнің жемісті болғанына қуанып Құдай Иелеріңнің алдында тойлаңдар. | |
| Deut | Kaz | 12:20 | Құдайларың Жаратқан Ие жерлеріңді өз уәдесіне сай кеңейтіп берген соң, етке аңсарларың ауғанда оны қанша жегілерің келсе, сонша жей аласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 12:21 | Егер Құдай Ие өз есімін орнатуға тағайындайтын орын сендердің тұратын жерлеріңнен тым алыс болса, онда өздеріңе өсиет еткенімдей, Жаратқан Иенің жарылқауымен өскен малдарыңнан бір малды сойып, етін елді мекендеріңде қалағандарыңша жеулеріңе болады. | |
| Deut | Kaz | 12:22 | Сол етті еліктің не бұғының етін жегендей жей аласыңдар. Тазару рәсімінен өткен не өтпеген адамдарың да соны жей алады. | |
| Deut | Kaz | 12:23 | Алайда оның қанын ішіп-жеуден сақ болыңдар! Себебі қан дегеніміз — жан. Етті жанмен қосып жеулеріңе болмайды. Қайта, қанын су іспетті жерге төгіп тастаңдар! | |
| Deut | Kaz | 12:24 | Алайда оның қанын ішіп-жеуден сақ болыңдар! Себебі қан дегеніміз — жан. Етті жанмен қосып жеулеріңе болмайды. Қайта, қанын су іспетті жерге төгіп тастаңдар! | |
| Deut | Kaz | 12:25 | Қанды еш ішіп-жемеңдер! Сонда өздерің және болашақ ұрпақтарың игілікті өмір сүретін боласыңдар. Себебі осы бұйрықты орындағандарың Жаратқан Иеге ұнамды. | |
| Deut | Kaz | 12:26 | Ал Жаратқан Иеге бағышталған және Оған тарту етемін деп серт еткен барлық құрбандықтарыңды Жаратқан Ие тағайындайтын жерге алып барыңдар. | |
| Deut | Kaz | 12:27 | Өртеп ұсынылатын құрбандықтарың Құдайларың Жаратқан Иеге арналған құрбандық үстелінде қанымен және етімен қоса ұсынылсын. Бұлардан өзге құрбандықтарыңның қаны да сол құрбандық үстелінің жанында төгілуі керек, ал солардың етін жей берулеріңе болады. | |
| Deut | Kaz | 12:28 | Өздеріңе беріп отырған осы бұйрықтарымның бәрін мұқият тыңдап, орындайтын болыңдар! Сонда өздерің және болашақ ұрпақтарың үшін игілікті өмір сүретін боласыңдар. Себебі осылай еткендерің Құдай Иемізге ұнамды және дұрыс. | |
| Deut | Kaz | 12:29 | Құдайларың Жаратқан Ие өздерің кіріп, иемденейін деп жатқан елдегі халықтарды алдарыңнан аластатып, сендер оларды елден қуып шығып, сонда қоныстанып алғандарыңнан кейін, | |
| Deut | Kaz | 12:30 | өздерің азғырылып қалмаңдар! Солардың жалған тәңірлеріне ынтығып, «Осы халықтар өз тәңірлеріне қалай ғана құлшылық етті екен? Біз де солай істейікші!» деп олардың торына түсіп қалып жүрмеңдер! | |
| Deut | Kaz | 12:31 | Сендер Құдайларың Жаратқан Иеге олардан үйренген жолдармен табынушы болмаңдар! Себебі сол халықтар жалған тәңірлеріне табынған кезде Жаратқан Иеге жексұрын да жиренішті нәрселердің әр түрін жасайды. Олар сол тәңірлеріне арнап тіпті ұл-қыздарын да құрбан етіп өртеп жібереді. | |
Chapter 13
| Deut | Kaz | 13:1 | Егер араларыңда пайғамбар не көріпкел пайда болып, бір ғажап іс не керемет туралы алдын ала жариялап, | |
| Deut | Kaz | 13:2 | онысы жүзеге асса, әрі сол адам: «Ал, кәне, басқа тәңірлерге табынып құлшылық етейік!» — деп сендерді өздеріңе бейтаныс тәңірлерге мойынсұнуға еліктіріп азғырса, | |
| Deut | Kaz | 13:3 | онда сендер сондай пайғамбардың не көріпкелдің айтқан сөздерін тыңдамаңдар! Осы жайт арқылы Құдайларың Жаратқан Ие сендерді, Өзін шын жүректен және бүкіл жан дүниелеріңмен сүйетін не сүймейтіндеріңді білу үшін сынайды. | |
| Deut | Kaz | 13:4 | Сендер тек Құдайларың Жаратқан Иенің жолымен жүріп, жалғыз Оны ғана қастерлеулерің керек! Оның өсиеттерін орындап, даусына құлақ асатын болыңдар! Әрдайым Жаратқан Иеге қызмет етіп, Одан ажырамастай берік ұстаныңдар! | |
| Deut | Kaz | 13:5 | Ал сол пайғамбарды не көріпкелді өлтірулерің керек. Себебі ол сендерді Мысыр елінен алып шығып, құлдықтан құтқарған Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы шығуға еліктіріп, Оның өсиеттеген жолынан азғыруға тырысты. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 13:6 | Бір ағайының, тіпті бір анадан туған ағаң не інің, немесе өз ұл-қызың, сүйікті әйелің не жаныңдай жақсы көретін досың құпия түрде саған: «Жүр, басқа тәңірлерге барып табынайық!» — деп азғыруға ұмтылады дейік. Ал сол тәңірлерді не өзің, не ата-бабаларың еш білген жоқсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 13:7 | Сондай адам сені төңірегіңде: алыс не жақын, жердің ана не мына шетінде тұрып жатқан халықтардың тәңірлеріне табынуға еліктірсе, | |
| Deut | Kaz | 13:8 | онда оған еш көнбе, сөздеріне құлақ та түрме! Осындай азғырушыны еш аяп-мүсіркеме, оны қолдап-қорғаушы да болма! | |
| Deut | Kaz | 13:9 | Қайта, оны міндетті түрде өлтіру керек. Оған қарсы бірінші болып қол көтеретін сен бол, сенен кейін бүкіл халық та солай істесін. | |
| Deut | Kaz | 13:10 | Оны таспен атқылап өлтіріңдер! Себебі ол сендерді құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иеден бас тартқызып ажыратуға ұмтылды. | |
| Deut | Kaz | 13:11 | Сонда осыны бүкіл Исраил халқы естіп, қорқып, араларыңнан ешкім де мұндай зұлымдықты істемейтін болады. | |
| Deut | Kaz | 13:13 | «Сол қаланың халқын азғырып, бөтен тәңірлерге табынуға еліктіріп жүрген бір сұмырай адамдар арамызда пайда болыпты!» деген сөз естілсе, | |
| Deut | Kaz | 13:14 | онда барып, істің мән-жайын тексеріп, бәрін зерттеп, тәптіштеп тергеңдер! Егер әңгіме рас болып, сондай жексұрын нәрсенің елде орын алғаны дәлелденсе, | |
| Deut | Kaz | 13:15 | онда қаладағылардың барлығын семсердің жүзімен қыруға тиіссіңдер. Қаланың адамдары мен малдарын Жаратқан Иенің қарғысына ұшырағандықтан түгелдей құртыңдар! | |
| Deut | Kaz | 13:16 | Барлық олжаны алаңның ортасына жинап апарып, қаланы ондағы олжа дүниелерімен қоса Құдайларың Жаратқан Иеге арнап өртеліп ұсынылатын құрбандық іспетті өртеп жіберіңдер! Қаланың талқандалған орны мәңгі солай болып қала берсін, ол ешқашан қалпына келтіріліп қайтадан салынбасын! | |
| Deut | Kaz | 13:17 | Сол қаладағы заттардың бәрі қарғысқа ұшыраған, солардың ешқайсысын алушы болмаңдар! Сонда Жаратқан Ие Өзінің лаулаған қаһарынан қайтады. Ол сендерге рақымы мен мейірімін көрсетіп, ата-бабаларыңа антпен уәде еткеніндей, сендерді де молынан көбейтеді. | |
Chapter 14
| Deut | Kaz | 14:1 | Сендер Құдайларың Жаратқан Иенің рухани балаларысыңдар. Сондықтан өлгендерді жоқтағанда денелеріңнің терісіне жарақат салмаңдар, кекілдеріңді алмаңдар! | |
| Deut | Kaz | 14:2 | Себебі сендер Құдай Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Жаратқан Ие сендерді Өзінің ерекше құнды меншігі болуға таңдап алды. | |
| Deut | Kaz | 14:6 | Тұяғы екіге бөлінген аша тұяқты, күйіс қайыратын кез келген жануардың етін жеулеріңе болады. | |
| Deut | Kaz | 14:7 | Бірақ күйіс қайыратын немесе аша тұяқты хайуандар арасынан сендерге түйенің, қоянның және майбасардың етін жеуге болмайды. Олар күйіс қайырғанмен, тұяқтары аша емес, сол себепті олардың еті сендер үшін арам. | |
| Deut | Kaz | 14:8 | Ал шошқа аша тұяқты болғанмен, күйіс қайырмайды. Сондықтан ол да сендер үшін арам. Осы хайуандардың не етін жеулеріңе, не өлімтігіне жанасуларыңа болмайды. | |
| Deut | Kaz | 14:9 | Суды мекендейтін мақұлықтардың қайсыларында қанаттары мен қабыршақтары бар болса, соларды азық етулеріңе болады. | |
| Deut | Kaz | 14:10 | Ал егер қанаттары мен қабыршақтары болмаса, жеулеріңе болмайды, сондайлар сендер үшін арам. | |
| Deut | Kaz | 14:21 | Арам өлген ешқандай жануарды жеулеріңе болмайды! Оны не елді мекендеріңде тұрып жатқан жат жұрттыққа жеуге беруге, не шетелдікке сатуға болады. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар.Лақты енесінің сүтіне пісірмеңдер! | |
| Deut | Kaz | 14:22 | Жыл сайын егістіктеріңде жиналатын өнімдеріңнің он бөлігінің бірін жеке бөліп алып қойыңдар. | |
| Deut | Kaz | 14:23 | Астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының өнімінің он бөлігінің бірін және мүйізді ірі қара әрі ұсақ малдарыңның алғаш туған төлдерін Құдайларың Жаратқан Ие өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайындайтын орынға апарыңдар. Олардан Жаратқан Иенің алдында тамақ дайындап, ішіп-жеңдер. Осылай сендер Құдай Иемізді әрдайым терең қастерлеуді үйренесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 14:24 | Бірақ егер Құдайларың Жаратқан Ие сендерді жарылқап, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін Жаратқан Иенің өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайындайтын орынға апару үшін тым алыс болса, | |
| Deut | Kaz | 14:26 | Сонда сендер сол күміске қалаған нәрселеріңді: мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жүзім шырыны, ашытылған сусын немесе басқа қалағандарыңды сатып ала аласыңдар. Осы азық-түліктен сол орында, Құдай Иенің алдында отбасыларыңмен бірге қуана ішіп-жеңдер. | |
| Deut | Kaz | 14:27 | Елді мекендеріңде тұратын леуіліктерді ұмытпай қамқорлаңдар. Себебі оларға араларыңда мұралық жер үлестірілген жоқ. | |
| Deut | Kaz | 14:28 | Әрбір үш жыл сайын, сол жылғы өніміңнің он бөлігінің бірін қалаларыңның ішіне алып барып, арнайы жерге жинап қойыңдар. | |
Chapter 15
| Deut | Kaz | 15:2 | Әрбір қарыз беруші сол кешіруді былай істеуі керек: ағайындас не ұлттас адамға берген қарызын кешіріп, соны бұдан былай талап етпесін. Өйткені Жаратқан Иенің атынан қарыздар кешірілу мезгілі жарияланды. | |
| Deut | Kaz | 15:3 | Жат жұрттықтан қарыздарыңның өтемін талап етуіңе болады, бірақ өз бауырластарыңның қарыздарын кешірулерің қажет. | |
| Deut | Kaz | 15:4 | Осылайша араларыңда жарлы-жақыбайлар болмасын. Өйткені Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе мұралық меншікке табыстап отырған елінде сендерді молынан жарылқайды. | |
| Deut | Kaz | 15:5 | Егер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ асып, бүгін мен өздеріңе табыстап отырған өсиеттерін мұқият орындайтын болсаңдар, | |
| Deut | Kaz | 15:6 | онда Құдай Иеміз Өзі уәде еткендей, сендерді жарылқайтын болады. Сендер көптеген халықтарға қарыз беріп, бірақ өздерің қарыз алмайтын боласыңдар. Сендер көптеген ұлттарға билік құрасыңдар, бірақ олардың ешқайсысы сендердің үстеріңнен билік құрмайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 15:7 | Ал егер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елдегі қалалардың бірінде мұқтаждыққа тап болған бейшара бауырласың болса, онда оған жүректеріңді қасарыстырып, сараңдық көрсетпеңдер! | |
| Deut | Kaz | 15:9 | Сақ болыңдар, жүректеріңде залым ой тумасын. «Қарыздар кешірілетін жетінші жыл таяп қалды» деп ойлап, мұқтаждықтағы бауырласыңа көмектесуден бас тартып, мейірімсіздік көрсетпеңдер! Әйтпесе сол адам Жаратқан Иеге шағым айтып, сендер айыпты болып шығасыңдар. | |
| Deut | Kaz | 15:10 | Керісінше, оған шын көңілмен, жомарттықпен көмектесіңдер! Осылай істегендерің үшін Құдайларың Жаратқан Ие сендерді қолға алған барлық іс-әрекеттеріңде жарылқайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 15:11 | Елдеріңде мұқтаждықтағылар болмай қоймайды, сондықтан сендерге: «Елдеріңдегі бауырлас жарлы-жақыбайларға қолдарың әрдайым ашық болсын!» деген өсиетті тапсырып отырмын. | |
| Deut | Kaz | 15:12 | Егер бауырлас еркек не әйел басыбайлы қызметшің болуға сатылып, саған алты жыл бойы қызмет етсе, жетінші жылы оған бас бостандығын беріп қоя бер! | |
| Deut | Kaz | 15:14 | Оған отардағы малыңнан, қоймадағы астығыңнан және жүзім шырыныңнан жомарттықпен бөліп бер. Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе төккен жарылқауынан оған да тисін. | |
| Deut | Kaz | 15:15 | Өздеріңнің де Мысыр елінде құлдықта жүріп, Құдай Иенің сендерді құтқарып алып шыққанын есіңнен шығарма. Сондықтан да бүгін сендерге осы өсиетті табыстап отырмын. | |
| Deut | Kaz | 15:16 | Ал егер қызметшің өзіңді, әрі үй ішіңді жақсы көріп, сендермен бірге тұруды қалап: «Сізден ешқайда кеткім келмейді» десе, | |
| Deut | Kaz | 15:17 | онда қолыңа біз ал да, сол бізді қызметшінің сырғалығын тесе есікке қада (да, кейін суырып ал). Сонда ол сенің өмірлік басыбайлы қызметшің болып қалады. Басыбайлы қыз не әйелмен де (оның өтінішіне сәйкес) солай істеуің керек. | |
| Deut | Kaz | 15:18 | Ал (осындай уәде бермеген өзге) қызметшіңе бас бостандығын беріп қоя беруді қиынсынба! Ол саған алты жыл бойы тегін қызмет етіп, жалданушыдан гөрі екі есе көп пайда кіргізді ғой. Солай етсең, онда Құдай Иең сені барлық іс-әрекетіңде жарылқайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 15:19 | Малдарыңның тұңғыш туған еркек төлдерін Құдайларың Жаратқан Иеге бағыштауларың керек. Төлдің басы болып туған өгізді жұмысқа жегуге, әрі тұңғыш туған ұсақ малдың жүнін қырқуға болмайды. | |
| Deut | Kaz | 15:20 | Әр жыл сайын ондай малды Құдай Иенің таңдап алған жерінде Оның алдында отбасыларыңмен бірге құрбандыққа шалып, ішіп-жеңдер. | |
| Deut | Kaz | 15:21 | Ал егер малдың ақсақтық немесе соқырлық сияқты бір кемістігі болса, онда оны Құдайларың Жаратқан Иеге құрбандыққа ұсынбаңдар! | |
| Deut | Kaz | 15:22 | Сондай малды елді мекендеріңде сойып, ішіп-жеңдер. Аң аулап, соғып алған елік немесе бұғының еті іспетті сол етті тазару рәсімінен өткен адам да, өтпеген адам да жей алады. | |
Chapter 16
| Deut | Kaz | 16:1 | Құдайларың Жаратқан Ие сендерді абиб айының бір түнінде Мысыр елінен алып шыққан еді. Сондықтан осы мезгілді есте ұстап, сол айда Құдай Иенің құрметіне арнап Құтқарылу мейрамын тойлаңдар! | |
| Deut | Kaz | 16:2 | Жаратқан Ие өз есімінің жер бетіндегі тұрағы ретінде таңдап алған орында қой-ешкілеріңнен не мүйізді ірі қара малдарыңнан Құдай Иенің құрметіне Құтқарылу мейрамына арналған құрбандықты шалыңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:3 | Оның етін ашытқы салып пісірілген нанмен қосып жемеңдер. Жеті күн бойы етті ашымаған нанмен қосып жеңдер. Бұл нан — көрген қиындықтарыңды еске түсіретін нан, себебі Мысыр елін асығыс тастап шықтыңдар. Сендер Мысырдан көшіп шыққан күнді осы рәсімді орындау арқылы өмір бойы есте сақтайтын боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:4 | Өздерің тұрып жатқан бүкіл ел көлемінде сол жеті күн бойы ешқандай ашытқы көрінбеуі керек.Сендер мейрамның алғашқы күнгі кешінде құрбандыққа шалған малдың ешбір еті таң атқанша қалып қоймасын! | |
| Deut | Kaz | 16:5 | Құдайларың Жаратқан Ие сендерге беріп отырған елді мекендеріңнің барлығында бірдей Құтқарылу мейрамының құрбандығын шалуларыңа болмайды. | |
| Deut | Kaz | 16:6 | Құрбандықты тек Құдайларың Жаратқан Ие өз есімінің жер бетіндегі тұрағы ретінде таңдап алған орында ғана шалыңдар! Оны Мысыр елінен шыққан мезгілдерің — кеште күн батқанда шалуларың керек. | |
| Deut | Kaz | 16:7 | Етті отқа қақтап пісіріп, Құдай Ие тағайындаған орында жеңдер. Ал келесі күні таңертең қонатын шатырларыңа қайтуларыңа болады. | |
| Deut | Kaz | 16:8 | Алты күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Жетінші күні Құдайларың Жаратқан Иеге арналған салтанатты жиналыс өткізіңдер. Сол күні ешқандай жұмыс істемеңдер! | |
| Deut | Kaz | 16:9 | Осы кезден, демек, пісіп тұрған арпаны ора бастаған уақыттан бастап жеті апталық кезеңді санап алыңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:10 | Бұл кезеңнің соңында Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған Жеті апта мейрамын тойлаңдар. Сонда Құдай Иенің сендерді жарылқағанына сәйкес Оған өз еріктеріңмен беретін сый-тартуды әкеліп ұсыныңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:11 | Құдай Иенің алдында, Оның өз есіміне арналған жер бетіндегі тұрағы ретінде таңдап алған орнында, сендер ұл-қыздарыңмен, қызметшілеріңмен, қалаларыңда тұрып жатқан леуіліктермен, араларыңдағы жат жұрттықтармен және жетім-жесірлермен бірге қуана мейрамдаңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:12 | Өздеріңнің Мысыр елінде құлдықта болғандарыңды естеріңде ұстап, осы ережелерді сақтап орындаңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:13 | Астық бастырып, жүзім шырынын сығып болғаннан кейін жеті күн Күркелер мейрамын өткізіңдер. | |
| Deut | Kaz | 16:14 | Мейрамды ұл-қыздарыңмен, қызметшілеріңмен, қалаларыңда тұрып жатқан леуіліктермен, жат жұрттықтармен, жетім-жесірлермен бірге шаттана тойлаңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:15 | Осы мейрамды Құдайларың Жаратқан Иенің құрметіне Өзі тағайындаған орында жеті күн бойы өткізіңдер. Себебі Құдай Ие сендерге мол өнім беріп, қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады. Сондықтан зор шаттыққа кенелесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 16:16 | Сонымен барлық ер адамдарың Құдайларың Жаратқан Иенің алдына, Өзі таңдап алған орынға жылына үш рет барулары керек: Ашымаған нан мейрамы, Жеті апта мейрамы және Күркелер мейрамы кезінде. Олар Жаратқан Иенің алдына құр қол бармай, | |
| Deut | Kaz | 16:17 | әрқайсысы Құдай Иеміздің өздеріңді жарылқағанына сәйкес, хал-жағдайына қарай сый-тартулар ұсынсын. | |
| Deut | Kaz | 16:18 | Құдайларың Жаратқан Ие сендерге табыстап отырған елді мекендеріңнің бәрінде барлық руларыңа арнап төрешілер мен басқарушылар тағайындаңдар. Олар халыққа әділ билік айтуға міндетті болады. | |
| Deut | Kaz | 16:19 | Не әділдікті бұрмалаушы, не адамның бет-жүзіне қараушы, не пара алушы болмаңдар! Пара деген дананың көзін соқыр қылып, әділдің іс-әрекетін бұрмалайды. | |
| Deut | Kaz | 16:20 | Әділдікке, тек әділдікке ғана ұмтылыңдар! Сонда тірі қалып, Құдай Иенің өздеріңе табыстап отырған елін иемденетін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 16:21 | Құдайларың Жаратқан Иеге арнап салған құрбандық орындарыңның жанына жалған тәңір Ашераға бағышталған ешқандай ағаш бағаналар орнатпаңдар! | |
Chapter 17
| Deut | Kaz | 17:1 | Құдайларың Жаратқан Иеге арнап кемтар, қандай да бір кемістігі бар не мүйізді ірі қара, не ұсақ малды құрбандыққа шалмаңдар! Құдай Ие солай істегендеріңді әбден жек көреді. | |
| Deut | Kaz | 17:2 | Құдай Иеміз өздеріңе табыстап отырған елді мекендердің бірінде не еркек, не әйел Оған жек көрінішті іс-әрекет жасап Құдайларың Жаратқан Иенің Келісіміне қиянат қылып, | |
| Deut | Kaz | 17:3 | Оның тыйым салғанын істейді дейік: ол адам жалған тәңірлерге, яки күн, ай не басқа да аспан денелеріне жүгініп құлшылық етіп табынады. | |
| Deut | Kaz | 17:4 | Егер сондай іс туралы сендерге айтылса, немесе біреуден кездейсоқ естіп қалсаңдар, онда бұл жөнінде мұқият тергеу жасаңдар! Егер сондай жексұрын істің Исраил халқының арасында шынымен орын алғаны дәлелденсе, | |
| Deut | Kaz | 17:5 | онда сол зұлымдықты істеген еркек не әйелді қала қақпасының алдына апарып, таспен атқылап өлтіріңдер. | |
| Deut | Kaz | 17:6 | Кінәлі адамды өлім жазасына кескенде (ең аз дегенде) екі не үш куәгердің айтқандарына сүйену керек. Тек бір ғана куәгердің айтқанына негізделіп ешкімді өлім жазасына кесуге болмайды. | |
| Deut | Kaz | 17:7 | Куәлік келтірген адамдар өлім жазасын іске асырғанда тасты бірінші болып лақтыруға тиіс. Солардан кейін бүкіл халық болып атқыласын. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 17:8 | Елді мекендеріңде шешуге тым қиын даулы мәселелерді: біреуді біреу әдейі өлтірді ме, не кездейсоқ болды ма, бір дауда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, яки төбелесіп қалғандардың қайсысы айыпты, осы сияқты даулы мәселелерді Құдайларың Жаратқан Ие таңдап алған орынға апарыңдар. | |
| Deut | Kaz | 17:9 | Сол жердегі леуілік діни қызметкерлерге және сол кезде міндетін атқарып жатқан төрешіге барып жүгініңдер. Олар сол іс бойынша үкімдерін шығарып береді. | |
| Deut | Kaz | 17:10 | Жаратқан Ие таңдап алған орындағы олардың сендерге айтатын шешімін толығымен, мұқият жүзеге асырыңдар! | |
| Deut | Kaz | 17:11 | Олар түсіндіріп берген заңды және шығарған үкімді толығымен орындауларың керек. Жариялаған шешімдерінен не оңға, не солға бұрылмаңдар. | |
| Deut | Kaz | 17:12 | Ал егер біреу Құдай Иенің алдында қызмет етуге тағайындалған діни қызметкердің не төрешінің айтқандарын менсінбей, орындамай қойса, ондай адамды тірі қалдырмау керек.Зұлымдықты Исраилден осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 17:13 | Бүкіл халық мұны естіп, қорқатын болады. Содан олар да (билік иелерін) менсінбеулерін доғарады. | |
| Deut | Kaz | 17:14 | Сендер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елге еніп, оны иемденіп, сонда орнығасыңдар. Егер содан кейін: «Айналамыздағы барлық халықтар сияқты, біз де өзімізге патша тағайындағымыз келеді!» десеңдер, | |
| Deut | Kaz | 17:15 | онда міндетті түрде Құдай Иенің таңдаған адамын ғана патша етіңдер! Ол жат жұрттық емес, өз халқыңнан шыққан бауырластарың болсын. | |
| Deut | Kaz | 17:16 | Патшаның өзіне жылқыны көптеп ала беруіне болмайды, әрі соларын көбейту үшін халықты Мысырға қайтуға жұмылдырмауға тиіс. Себебі Жаратқан Ие сендерге: «Сол жолмен ешқашан қайтып бармауларың керек» деп бұйырған еді ғой. | |
| Deut | Kaz | 17:17 | Патшаның көп әйел алуына да болмайды, әйтпесе оның жүрегі басқа жаққа бұрылып кетеді. Патша өзіне көп мөлшерде алтын-күмісті де жинай бермеуі керек. | |
| Deut | Kaz | 17:18 | Патшалығының тағына отырғанда, ол леуілік діни қызметкерлердің қолындағы осы Таурат заңы кітабының көшірмесін шиыршық кітапқа жаздырып алуға міндетті. | |
| Deut | Kaz | 17:19 | Кітап үнемі оның қасында болуға тиіс. Патша Құдай Иесін құрметтеуді үйреніп, сол кітапта жазылған заң мен ережелердің барлығын мұқият орындауы үшін бұл кітапты өмір бойы оқитын болсын. | |
Chapter 18
| Deut | Kaz | 18:1 | Леуілік діни қызметкерлерге әрі бүкіл Леуі руына, Исраилдің өзге руларына берілетіні іспетті, мұралық жер үлестері табысталмайды. Олар Жаратқан Иеге ұсынылып өртелетін құрбандықтардың және Оған арналған басқа да сый-тартулардың өздеріне тиесілі бөліктерімен тамақтанатын болады. | |
| Deut | Kaz | 18:2 | Леуіліктердің бауырлас рулардың арасында мұралық үлестері болмайды. Жаратқан Иенің оларға уәде еткеніндей, олардың «мұралық үлесі» Оның Өзі болады. | |
| Deut | Kaz | 18:3 | Адамдар құрбандыққа шалу үшін алып келген мүйізді ірі қара немесе ұсақ малдың діни қызметкерлерге берілуге тиісті бөліктері мыналар: жауырыны, екі жағы және асқазаны. | |
| Deut | Kaz | 18:4 | Сендер жаңа жиналған астықтың, жаңа сығылған жүзім шырыны мен зәйтүн майының және қой-ешкіден қырқылған жүннің алғашқы бөлігін алып, оларға берулерің керек. | |
| Deut | Kaz | 18:5 | Себебі Құдайларың Жаратқан Ие барлық руларыңның арасынан Леуіні және оның ұрпақтарын таңдап алып, әрқашан Жаратқан Иенің алдында тұрып, Оның атынан қызмет етуге тағайындады. | |
| Deut | Kaz | 18:6 | Егер бір леуілік Исраил елінің қай қаласында тұрмасын өз жүрек қалауы бойынша Жаратқан Иенің ғибадат етулерің үшін таңдап алған орнына көшіп келсе, | |
| Deut | Kaz | 18:7 | онда өзге леуіліктер секілді оның да Құдайларың Жаратқан Иенің алдында тұрып, Оған қызмет етуіне болады. | |
| Deut | Kaz | 18:8 | Ол әкесінен қалған меншігін сатып, пайда көрсе де, құрбандықтар мен сый-тартулардың өзіне тиесілі үлесін алуы керек. | |
| Deut | Kaz | 18:9 | Сендер Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстап отырған елге енгенде, сондағы халықтардың істеп жүрген жиренішті салттарына еліктеп үйренбеңдер! | |
| Deut | Kaz | 18:10 | Араларыңдағы ешқайсың ұл-қызын оттан өткізіп (жалған тәңірге құрбандыққа ұсынбасын)! Бал ашып, жауырынға қарап, не құмалақ салып сәуегейлікпен де айналыспаңдар! Сиқырлау, | |
| Deut | Kaz | 18:11 | дуалап үшкіру және теріс бата берумен де шұғылданбаңдар! Аруақтарды шақырып, олармен тілдесуші, ақыл-кеңестерін сұраушы да болмаңдар! Араларыңда осылай істейтіндер болмасын! | |
| Deut | Kaz | 18:12 | Бұндай істермен айналысатын әркім Жаратқан Иеге жек көрінішті. Осындай қылықтарына бола Құдай Иеміз сол азғын халықтарды алдарыңнан қуып шығады. | |
| Deut | Kaz | 18:14 | Сендер жерлерін иемденетін бұл халықтар сәуегейлікпен және балгерлікпен айналысатындарға құлақ асады. Бірақ сендерге Құдай Иеміз солай істеуге тыйым салған. | |
| Deut | Kaz | 18:15 | Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар! | |
| Deut | Kaz | 18:16 | Себебі сендер Хориб тауының етегінде жиналған кезде: «Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай естімейік, осы жалындаған зор отты тағы да көрмейік, әйтпесе өліп қалармыз!» деген кезде Құдай Иеден осыны өтінген едіңдер. | |
| Deut | Kaz | 18:18 | Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. | |
| Deut | Kaz | 18:19 | Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын. | |
| Deut | Kaz | 18:20 | Бірақ бір пайғамбар Өзім оған айтуға бұйрық бермеген хабарды халыққа Менің атымнан жеткізсе, немесе бөтен тәңірлердің атынан сөйлесе, ондай (жалған) пайғамбарды өлтіруге тиіссіңдер». | |
Chapter 19
| Deut | Kaz | 19:1 | Құдайларың Жаратқан Ие әлгі азғын халықтарды құртып, жерлерін сендерге табыстамақ. Сонда сендер олардың қалалары мен үйлеріне ие болып, қоныстанып аласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 19:2 | Сол кезде Құдай Иеміздің өздеріңе мұралық меншікке берген сол еліндегі үш қаланы арнайы мақсатқа бөліп қойыңдар. | |
| Deut | Kaz | 19:3 | Бұл үшін елді үш аймаққа бөліп, әр аймақта бір қаладан белгілеңдер. Осы қалаларға апаратын жолдарды жақсылап салыңдар. Біреуді өлтірген әр адам сол қалалардың біріне қашып барып, бас сауғалай алатын болсын. | |
| Deut | Kaz | 19:4 | Бұл туралы ереже мынау: бұрын өшікпеген бір кісіні абайсызда өлтіріп алған адам осындай қалаға бас сауғалауға қашып барып, сонда тұруына болады. | |
| Deut | Kaz | 19:5 | Мысалы, екі адам орманға ағаш дайындауға барып, біреуі ағаш шабу үшін балтасын сілтей бергенде, балтаның басы сабынан ұшып кетіп, екінші адамға тиіп, оны өлтіріп алды дейік. Абайсызда кісі өлтіріп алған адам сол белгіленген қалалардың біріне қашып барып, бас сауғалай алады. | |
| Deut | Kaz | 19:6 | Әйтпесе, егер арақашықтық тым үлкен болса, онда мерт болған кісінің жазалаушы туысқаны еш өшпенділіксіз өлтіріп алған адамды қатты ашумен өкшелей қуып жетіп, көзін құртады. Ал сол адамның өлімге бұйыратындай жазығы болған жоқ қой. | |
| Deut | Kaz | 19:7 | Сондықтан да сендерге былай деп бұйырып отырмын: үш бас сауғалау қаласын бөліп белгілеп қойыңдар! | |
| Deut | Kaz | 19:8 | Құдайларың Жаратқан Ие ата-бабаларыңа ант еткендей, иемденген жерлеріңді кеңейтіп, оларға уәде еткен елдің барлығын сендерге табыстамақ. | |
| Deut | Kaz | 19:9 | (Ал Оның сендерге осы бүкіл елді табыстауының шарты —) мен бүгін өздеріңе жеткізіп отырған «Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, лайым Оның жолдарымен жүріңдер!» деген өсиетімді мұқият орындауларың. (Сонымен Жаратқан Ие бүкіл Қанахан елін қолдарыңа тапсырғанда) осы аталып өткен үш қалаға қоса тағы үш қаланы бас сауғалау үшін белгілеңдер. | |
| Deut | Kaz | 19:10 | Сонда Құдай Ие сендерге иемденуге беріп отырған елінде жазықсыз кісінің қаны төгілмейді де, соның кінәсі мойындарыңда болмайды да. | |
| Deut | Kaz | 19:11 | Бірақ егер сондай адам өлтірген кісісіне бұрыннан өшігіп, аңдып келіп, сәті түскен кезде бас салып, оны өлтіргеннен кейін бас сауғалау қалаларының біріне қашып барса, | |
| Deut | Kaz | 19:12 | онда оның өз қаласының ақсақалдары ол бас сауғалаған қалаға адамдарын жіберіп, қайтарып алдыртсын. Сол адам өлген кісінің жазалаушы туысқанының қолына тапсырылуы керек. Осылай ол жазасын тартып өлуге тиіс. | |
| Deut | Kaz | 19:13 | Мұндай адамға аяушылық көрсетпеңдер. Қайта, Исраил елін жазықсыз төгілген қанның кінәсінен осылайша тазартуларың керек. Сонда игілікті өмір сүретін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 19:14 | Құдай Иең саған мұралық меншікке табыстап отырған елге енгеннен кейін бауырыңның жерін заңсыз иемденуге ұмтылма! Жеке өзіңе бөлінетін жер үлесіндегі бұрынғы ұрпақтар орнатқан шекара межелерін өз пайдаңа жылжытушы болма! | |
| Deut | Kaz | 19:15 | Егер біреу қылмыс не күнә жасапты деп айыпталса, оған үкім шығаруға бір ғана адамның куәлігі жеткіліксіз. Әрбір іс ең кем дегенде екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденуі керек. | |
| Deut | Kaz | 19:17 | осы екі адам Жаратқан Иенің алдына келіп, сол кезде міндеттерін атқарып жатқан діни қызметкерлер мен төрешілерге жүгінсін. | |
| Deut | Kaz | 19:18 | Төрешілер істің мән-жайын мұқият тексерсін. Егер айыптаушының бауырына таққан айыбы өтірік болып шықса, | |
| Deut | Kaz | 19:19 | онда сол адамның өз бауырына тартқызайын деген жазасын оның өзіне тартқызыңдар! Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 19:20 | Басқалар да мұны естіп, қорқатын болады. Содан олар енді қайтып осындай зұлым істі араларыңда істемейді. | |
Chapter 20
| Deut | Kaz | 20:1 | Жауларыңа қарсы соғысуға шығып, олардың аттары мен соғыс күймелерін көріп, әскерінің сендердікінен басым екенін байқасаңдар, олардан қорықпаңдар! Себебі өздеріңді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. | |
| Deut | Kaz | 20:2 | Шайқасқа аттанып бара жатқанда діни қызметкер әскердің алдына шығып, былай деп сөз сөйлесін: | |
| Deut | Kaz | 20:3 | «Тыңда, уа, Исраил жасағы! Қазір сендер жауларыңа қарсы шайқасқа кетіп бара жатырсыңдар. Жүрексініп қорықпаңдар, үрейленіп қалтырамаңдар! | |
| Deut | Kaz | 20:4 | Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол жауларыңа қарсы соғысып, сендерге жеңіс сыйлайды». | |
| Deut | Kaz | 20:5 | Ру басқарушылары да жасаққа сөз арнап былай десін: «Жаңадан үй салып, оған әлі қоныстанып үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Сондай адам үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, үйін басқа біреу қоныстанып жүрер. | |
| Deut | Kaz | 20:6 | Немесе жүзімдік отырғызып, жемісін әлі жинап үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, жүзімдігінің жемісін басқа біреу жинап жүрер. | |
| Deut | Kaz | 20:7 | Айттырылған қалыңдығы болып, әлі үйленіп үлгермеген жігіт бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, шайқаста қаза тапса, оның қалыңдығына басқа біреу үйленіп жүрер». | |
| Deut | Kaz | 20:8 | Басқарушылар әскерге тағы былай десін: «Жүрексініп қорқып тұрған адам бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, оған қарап бауырластары да үрейленіп, қорқып жүрер!» | |
| Deut | Kaz | 20:9 | Басқарушылар жасақшыларға арналған сөздерін бітірген соң, олардың үстінен қолбасшыларын тағайындасын. | |
| Deut | Kaz | 20:10 | Бір қалаға қарсы соғысу үшін таяп келгендеріңде оған бітімге келіп, берілсін деген ұсыныс жасаңдар. | |
| Deut | Kaz | 20:11 | Егер сол қала бітімді қабылдап, қақпаларын айқара ашса, онда қаладағы барлық адамдар сендерге міндетті жұмыс істеп, қызмет көрсететін болсын. | |
| Deut | Kaz | 20:13 | Құдайларың Жаратқан Ие оларды қолдарыңа түсірген кезде қаладағы барлық еркектерді семсердің жүзімен құртыңдар, | |
| Deut | Kaz | 20:14 | ал әйел, бала-шаға, мал-мүлікті өздеріңе алуға болады. Құдай Иеміз қолдарыңа табыстаған жауларыңның олжасын алып, өз қажеттеріңе жаратуларыңа болады. | |
| Deut | Kaz | 20:15 | Қанахан елінен алыста орналасқан, осындағы халықтарға жатпайтын қалаларға осылай істеңдер. | |
| Deut | Kaz | 20:16 | Бірақ Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе иемденуге беріп отырған елдегі халықтардың қалаларында ешбір жан иесін тірі қалдырмаңдар! | |
| Deut | Kaz | 20:17 | Керісінше, Құдай Ие сендерге әмір бергендей, хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді түгелдей құртуға тиіссіңдер. | |
| Deut | Kaz | 20:18 | Әйтпесе, олар өз жалған тәңірлеріне табынатын кезде істейтін жексұрын істерінің бәрін сендерге де үйретеді. Сонда өз Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы күнә жасайсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 20:19 | Бір қаланы қолға түсіру үшін ұзақ уақыт қоршап тұрғанда айналасындағы ағаштарды шауып құртушы болмаңдар! Олардың жемістерін жей аласыңдар ғой. Далада өсіп тұрған ағаштар оларға қарсы соғысатындай, адамдар емес қой! | |
Chapter 21
| Deut | Kaz | 21:1 | Құдайларың Жаратқан Ие сендерге иемденуге табыстап отырған елдегі ашық далада өлген кісінің сүйегі табылса және оны кім өлтіргені беймәлім болса, | |
| Deut | Kaz | 21:2 | онда былай істеулерің керек: сендердің ақсақалдарың мен төрешілерің сүйек табылған жерге барып, оның маңайындағы жақын орналасқан елді мекендерге дейінгі қашықтықты өлшесін. | |
| Deut | Kaz | 21:3 | Мұнан кейін сүйекке ең жақын жатқан елді мекеннің ақсақалдары ешқашан жұмысқа жегілмеген жас сиырды таңдап алсын. | |
| Deut | Kaz | 21:4 | Малды топырағы жыртылып, тұқым себілмеген, суы тоқтаусыз ағып жатқан бір сайға алып барсын. Олар сайдың ішінде сиырдың мойнын үзсін. | |
| Deut | Kaz | 21:5 | Сонда леуілік діни қызметкерлер алға шықсын. Себебі Құдайларың Жаратқан Ие Өзіне қызмет етіп, өз атынан бата беріп, әрбір дау мен шабуыл жайлы үкім шығаруға оларды таңдап алған. | |
| Deut | Kaz | 21:6 | Өлген адамның сүйегі табылған жерге ең жақын орналасқан елді мекеннің барлық ақсақалдары сол сайда мойны үзілген сиырдың үстінде қолдарын жуып, былай десін: | |
| Deut | Kaz | 21:7 | «Осы кісінің қанын төккен біздің қолдарымыз емес, сол қылмысты кім істегенін де көздеріміз көрген жоқ! | |
| Deut | Kaz | 21:8 | Уа, Жаратқан Ие, Өзің құтқарған халқың Исраилден осы құрбандықты қабылдап, кешірім бере гөр! Жазықсыз өлтірілген осы кісінің қанын халқыңның мойнына жүктей көрме». Сонда олар сол төгілген қанның кінәсінен тазарады. | |
| Deut | Kaz | 21:9 | Бұлай істегендеріңді Жаратқан Ие құптап, жазықсыз өлтірілген кісінің қанының кінәсі сендерден алынып тасталады. | |
| Deut | Kaz | 21:10 | Сендер жауларыңа қарсы соғысқа шығып, Құдайларың Жаратқан Ие оларды қолдарыңа табыстап, тұтқынға алғанда, | |
| Deut | Kaz | 21:13 | қолға түскенде киіп жүрген киімдерін ауыстырғызуың керек. Әйел сенің үйіңде толық бір ай бойы тұрып, әке-шешесін жоқтасын. Содан кейін онымен жақындасып, сен оған күйеу, ол саған әйел боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 21:14 | Ал егер кейінірек ұнатпай қалсаң, оны қалаған жағына қоя беруің керек. Оны сатуға немесе өзіңе күң етіп алуыңа болмайды, себебі оның абыройын төктің. | |
| Deut | Kaz | 21:15 | Бір адамның екі әйелі болып, ол біріншісін сүйіп, екіншісін жаратпаса, әрі екі әйелі де оған ұл туып берсе, ал тұңғыш ұлын жаратпайтын әйелінен көрген болса, | |
| Deut | Kaz | 21:16 | сол адамның мал-мүлкін балаларына мұра етіп үлестіргенде, тұңғыш ұлға тиісті мұраны өзінің нағыз тұңғышына емес, сүйетін әйелінен туған ұлына беруге қақы жоқ. | |
| Deut | Kaz | 21:17 | Ол жақтырмайтын әйелінен туған шын тұңғышын танып, оған тиісті екі есе үлкен үлесті беруі керек. Тұңғыш ұл — әкесінің қайратының тұңғышы, сондықтан тұңғыштың мұрасы онікі. | |
| Deut | Kaz | 21:18 | Егер біреудің баласы әке-шешесіне мойынсұнбайтын қиқар болып, жөнге салғанмен оларды мүлдем тыңдамайтын болса, | |
| Deut | Kaz | 21:20 | Оларға былай десін: «Мына баламыз бізге мойынсұнбайтын қиқар, былапыттап ішіп-жеп, айтқанымызды тыңдамайды». | |
| Deut | Kaz | 21:21 | Сонда қаланың барлық адамдары оны таспен атқылап өлтіруге тиіс. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Бүкіл Исраил халқы мұны естіп, (жамандық істеуден) қорқатын болады. | |
| Deut | Kaz | 21:22 | Егер ауыр қылмысы үшін өлімге кесілген бір кісінің мәйітін ағашқа іліп қоятын болсаңдар, | |
Chapter 22
| Deut | Kaz | 22:1 | Егер біреудің не мүйізді ірі қарасының, не ұсақ малының адасып жүргенін көрсең, оны көрмегенсіме! Малын жетелеп иесіне алып бар! | |
| Deut | Kaz | 22:2 | Егер иесі өзіңнен алыс тұрса немесе малдың кімдікі екенін білмесең, оны үйіңе алып кел. Иесі іздеп келгенше жоғалған мал үйіңде тұра тұрсын. Ал іздеп келгенде қайтар. | |
| Deut | Kaz | 22:3 | Біреудің жоғалған есегін, жамылғысын не кез келген басқа дүниесін тауып алғанда да, осылай істе. Оған немқұрайды қараушы болма! | |
| Deut | Kaz | 22:4 | Сондай-ақ, біреудің есегінің не өгізінің жол бойында құлап жатқанын көргенде оған немқұрайды қарама. Иесіне құлап жатқан малын тұрғызуға қол ұшыңды бер. | |
| Deut | Kaz | 22:5 | Әйел еркекке тән не еркек әйелге тән киім киюші болмасын. Құдай Иеңе осылай істейтін адам жиренішті. | |
| Deut | Kaz | 22:6 | Егер жолшыбай бір құстың не ағаш басындағы, не жердегі ұясына тап болсаң, ал ұяда анасы жұмыртқа басып немесе балапандарының қасында отырса, онда анасын балапандарымен қоса алма. | |
| Deut | Kaz | 22:7 | Балапандарын алсаң да, анасын алып кетпе! Солай етсең, игілікті де ұзақ өмір сүретін боласың. | |
| Deut | Kaz | 22:8 | Жаңа үй салғанда, жалпақ төбесін айналдыра жақтау жаса. Сонда үйіңнің төбесінен ешкім құлап, оның қаны сенің үй ішіңе жүктелмейді. | |
| Deut | Kaz | 22:9 | Жүзімдігіңе өзге тұқым түрін сеппе. Әйтпесе сол тұқымнан шыққан өнім де, жүзімдіктің жемісі де арам болып, оларды пайдалануыңа болмайды. | |
| Deut | Kaz | 22:14 | және ол туралы: «Мен мына әйелге үйленген едім, жақындасқанда ол пәк қыз болмай шықты» деген жаман сөз тарататын болса, | |
| Deut | Kaz | 22:15 | онда қыздың әке-шешесі қыздарының пәктігін дәлелдейтін нәрсені қаланың ақсақалдарына алып келулері керек. | |
| Deut | Kaz | 22:16 | Қыздың әкесі оларға былай десін:— Мен қызымды сол кісіге әйелдікке берген едім, бірақ ол ұнатпай кетті. | |
| Deut | Kaz | 22:17 | Енді оны даттап: «Қызыңыз пәк емес екен!» деп жүр. Ал қызымның пәктігінің дәлелі міне! — деп, оларға жайманы көрсетсін. | |
| Deut | Kaz | 22:19 | Оған жүз мысқал күміс айып салып, соны қыздың әкесіне берсін. Себебі ол исраилдік қыздың атына кір келтірді. Ал сол әйел оның жұбайы болып қала береді, күйеуінің өмір бойы онымен ажырасуына болмайды. | |
| Deut | Kaz | 22:20 | Ал егер күйеуінің айтқаны дұрыс болып шығып, қалыңдықтың пәктігінің дәлелі табылмаса, | |
| Deut | Kaz | 22:21 | онда оны әкесінің үйіне, оның есігінің алдына алып келсін. Сол қаланың ер адамдары оны таспен атқылап өлтірсін. Себебі ол әкесінің үйінде жүріп-ақ жеңіл жүріске салынып, Исраил елінде масқара іс жасады. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 22:22 | Егер бір ер адам күйеуі бар әйелмен жатқан жерінен ұсталса, онда еркек пен әйелдің екеуі де өлтірілулері керек. Зұлымдықты Исраилден осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 22:23 | Егер біреу елді мекеннің ішінде басқа біреуге айттырылған қызбен ұшырасып, онымен жақындасса, | |
| Deut | Kaz | 22:24 | онда олардың екеуін қала қақпасына алып барып, таспен атқылап өлтіріңдер. Қызды — елді мекеннің ішінде көмекке келетін адамдар болса да, айқайлап көмекке шақырмағаны үшін, еркекті — басқа біреудің қалыңдығының абыройын төккені үшін өлтіріңдер. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 22:25 | Ал егер еркек айттырылған қызды далада кездестіріп, оны ұстап алып зорласа, онда тек зорлаған адам ғана өлімге кесілуі керек. | |
| Deut | Kaz | 22:26 | Қыздың өзіне ештеңе істемеңдер, ол өлімге лайық күнә жасаған жоқ. Бұл жағдайды біреудің басқа адамға бас салып, өлтіруімен салыстыруға болады, | |
| Deut | Kaz | 22:27 | себебі еркек қызды ашық далада ұстап алды ғой. Айттырылған қыз қанша айқайласа да, елсіз далада оған көмекке келетін ешкім болмады. | |
| Deut | Kaz | 22:28 | Ал егер еркек ешкімге айттырылмаған қызды кездестіріп, оны ұстап алып зорласа және бұл жағдай ашылып қалса, | |
| Deut | Kaz | 22:29 | онда еркек қыздың әкесіне елу мысқал күміс төлеуі керек. Және ол сол қыздың абыройын төккендіктен оған үйленуге міндетті. Сондай-ақ, өмір бойы онымен ажырасуына болмайды. | |
Chapter 23
| Deut | Kaz | 23:1 | Аталық безі езіліп не жыныс мүшесі кесіліп тасталған ешбір еркек Жаратқан Иенің жамағатының қатарында бола алмайды. | |
| Deut | Kaz | 23:2 | Тыйым салынған некеден туған ешкім де Жаратқан Иенің жамағатының қатарында бола алмайды. Тіпті одан кейінгі оныншы буынның ұрпағы да оған ене алмайды. | |
| Deut | Kaz | 23:3 | Ешбір аммондық не моабтықтың Жаратқан Иенің жамағатына енуіне болмайды. Тіпті оныншы буынның ұрпағы да оған ене алмайды. | |
| Deut | Kaz | 23:4 | Себебі сендер Мысыр елінен көшіп келе жатқан кездеріңде олар алдарыңнан нан мен су алып шығып қарсы алған жоқ. Керісінше, олар солтүстік Месопотамиядағы Петордан Беғор ұлы Балағамды сендерді қарғасын деп шақырып алып, жалдады. | |
| Deut | Kaz | 23:5 | Алайда Құдайларың Жаратқан Ие сендерді сүйгендіктен Балағамның айтқанына құлақ аспай, қарғысты жарылқауға айналдырды. | |
| Deut | Kaz | 23:7 | Ал едомдықтардан жиренбеңдер, олар сендердің бауырластарың. Мысырлықтардан да жиренбеңдер, олардың елінде жат жұрттық кірме болып тұрдыңдар. | |
| Deut | Kaz | 23:9 | Жауларыңа қарсы жорыққа аттанып, қос тіккен кездеріңде барлық арам нәрселерден аулақ болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 23:10 | Егер араларыңдағы бір адамның түнде шәуеті төгіліп, арамданып қалса, ол қостың сыртына шығып, сол жерде қала берсін. | |
| Deut | Kaz | 23:13 | Құрал-жабдықтарыңның арасында жер қазатын қалақша да болсын. Дәретке отырып болған соң шұңқыр қазып, нәжісті көміп тастаңдар. | |
| Deut | Kaz | 23:14 | Өйткені Құдайларың Жаратқан Ие сендерді құтқарып, жауларыңды қолдарыңа тапсыру үшін қостарыңды аралап жүретін болады. Араларыңнан арам бір нәрсені байқап, сендерден кері бұрылып кетпеуі үшін, қостарыңның мүлтіксіз таза болуы қажет. | |
| Deut | Kaz | 23:15 | Егер бір (жат жұрттық) адамның басыбайлы қызметшісі пана іздеп сендерге қашып келсе, оны қожайынына қайтарып бермеңдер. | |
| Deut | Kaz | 23:16 | Сол босқын араларыңда ұнатқан жерінде, қалаған елді мекенінде тұрсын. Оған жәбір көрсетпеңдер! | |
| Deut | Kaz | 23:17 | Исраилдік ешбір еркек не әйел (жалған тәңірге бағышталып) жезөкшелікпен айналысушы болмасын! | |
| Deut | Kaz | 23:18 | Құдай Иеміздің киелі үйіне уәде еткен қандай да бір сый-тартуды өтеу үшін, жезөкше әйел не еркектің алған ақысын алып келмеңдер! Өйткені Құдай Ие сол екеуінің де қылықтарын әбден жек көреді. | |
| Deut | Kaz | 23:19 | Берген қарызың үшін бауырласыңнан ешқандай өсім алма! Одан не ақшадан, не азық-түліктен, не қарызға беруге болатын басқа кез келген нәрседен болсын, өсім алушы болма. | |
| Deut | Kaz | 23:20 | Жат жұрттыққа берген қарызыңнан өсім алуыңа болады, бірақ бауырласыңнан ешқандай өсім алуыңа болмайды. Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сендер еніп, иемденбекші болып отырған елде қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 23:21 | Құдай Иеңе қандай да бір ант берген болсаң, оны орындауды кешіктірме! Себебі Құдай Иең оны сенен талап ететін болады. Егер орындамасаң, Оның алдында күнәлі болып қаласың. | |
| Deut | Kaz | 23:23 | Ал аузыңнан шыққан уәделеріңнің бәрін орындауға мұқият бол, себебі сен Құдай Иеңе ерікті түрде өз аузыңмен ант бердің. | |
| Deut | Kaz | 23:24 | Егер біреудің жүзімдігіне кірсең, сол жерде қалағаныңша жүзім жеуіңе болады. Бірақ одан ыдысыңа салып алып кетуші болма. | |
Chapter 24
| Deut | Kaz | 24:1 | Егер біреу үйленіп, кейін әйелінің бір масқарасын ашып, оны жақтырмай кетсе және оған ажырасу қағазын жазып беріп, үйінен шығарып жіберсе, | |
| Deut | Kaz | 24:3 | айталық, екінші күйеуі де оны жаратпай, ажырасу қағазын жазып беріп, үйінен шығарып жіберсе я болмаса қайтыс болса, | |
| Deut | Kaz | 24:4 | онда бірінші күйеуінің сол әйелге қайтадан үйленуіне болмайды. Өйткені әйел бірінші күйеуі үшін арамданған болып саналады. Бұндай әрекетті Жаратқан Ие әбден жек көреді. Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе мұралық меншікке табыстап отырған елін осылай істеп күнәмен масқараламаңдар! | |
| Deut | Kaz | 24:5 | Жақында ғана үйленген адамды соғысқа жіберуге немесе басқа бір іске шақыруға болмайды. Ол бір жыл бойы үйінде болып, жаңадан үйленген әйелін бақытты етуі керек. | |
| Deut | Kaz | 24:6 | Ешкім де кепілдікке не қол диірменді, не оның үстіңгі тасын алмасын! Бұл оның иесінің жанын кепілдікке алумен бірдей. | |
| Deut | Kaz | 24:7 | Егер біреу ұлттас бауырласын өзіне басыбайлы қызметші ету немесе оны сатып жіберу үшін ұрлап жатқан жерінде қолға түссе, сол кісі ұрлаушыны өлтіру керек. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! | |
| Deut | Kaz | 24:8 | Алапес (сияқты жұқпалы тері) ауруларынан сақ болып, леуілік діни қызметкерлер не айтса, соны орындаңдар! Мен оларға берген нұсқауларды мұқият жүзеге асырыңдар. | |
| Deut | Kaz | 24:9 | Құдайларың Жаратқан Иенің сендер Мысырдан шығып келе жатқан кезде Мәриямға не істегенін естеріңнен шығармаңдар. | |
| Deut | Kaz | 24:10 | Маңайыңдағы адамға қандай да бір нәрсені қарызға бергенде, соның кепілдігін алу үшін үйіне баса көктеп кірме. | |
| Deut | Kaz | 24:13 | Күн батарда кепілдікке алған шапанын өзіне қайтарып бер, сонда ол шапанын жамылып, саған рақметін айтады. Осылай істегеніңді Құдай Иең әділ іс деп ұнатады. | |
| Deut | Kaz | 24:14 | Жоқшылықта өмір сүрген жалданушыларыңды, олар не исраилдік, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттық болсын, еш жәбірлеме! | |
| Deut | Kaz | 24:15 | Күн сайын оларға жалақыларын кеш түспей тұрып төлеуші бол. Өйткені олар кедей, күнделікті күнкөрісі үшін соған қарап отыр ғой. Әйтпесе, олар Жаратқан Иеге сенің үстіңнен шағымданып, Оның алдында күнәлі болып қаласың. | |
| Deut | Kaz | 24:16 | Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі. | |
| Deut | Kaz | 24:17 | Жат жұрттықты да, жетімді де құқықтарынан айырма! Қарыздар жесірдің киім-кешегін кепілдікке алма! | |
| Deut | Kaz | 24:18 | Мынаны естеріңнен шығармаңдар: өздерің Мысыр елінде құлдықта болдыңдар, ал Құдайларың Жаратқан Ие сендерді сол жақтан құтқарып алды ғой. Сондықтан да сендерге осы өсиетті беріп отырмын. | |
| Deut | Kaz | 24:19 | Егістігіңнен өніміңді жинап жатқанда, масақтың бір бумасын ұмытып кетсең, оны алу үшін қайтып барма. Соны жат жұрттықтар мен жетім-жесірлерге қалдыр! Сонда Құдай Иең қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 24:20 | Зәйтүн ағашыңның жемістерін қаққанда да қалып қойған жемістерді қайта қағушы болма. Оларды жат жұрттықтар мен жетім-жесірлерге қалдыр! | |
| Deut | Kaz | 24:21 | Сондай-ақ жүзімдігіңнің жемістерін жинағанда да қалып қойғандарын қайта барып жинамай-ақ қой. Оларды жат жұрттықтар мен жетім-жесірлерге қалдыр! | |
Chapter 25
| Deut | Kaz | 25:1 | Егер біреулердің арасында дау туса, олар сотқа барып жүгінсін. Төрешілер сол істің шешімін айтып, жазықсызды ақтап, айыптыны соттайды. | |
| Deut | Kaz | 25:2 | Егер айыпты адамды дүре соғып жазалау керек болса, төреші дәл сол жерде оны жатқызып, дүре санын қылмысының ауырлығына сәйкес етіп өзінің көз алдында дүрелетсін. | |
| Deut | Kaz | 25:3 | Бірақ дүренің саны қырықтан аспасын. Асып кетсе, бұл көз алдарыңда бауырласыңның абыройын төгер еді. | |
| Deut | Kaz | 25:5 | Егер бірге тұрып жатқан ағайындардың біреуі артынан бала қалдырмай өлсе, онда марқұмның жесірін сырт жаққа күйеуге бермеңдер. Марқұм күйеуінің аға-інілерінің бірі оған үйленіп, әмеңгерлік парызын өтесін. | |
| Deut | Kaz | 25:6 | Сол әйелдің туған тұңғыш ұлы қайтыс болғанның баласы болып саналады. Осылайша марқұмның есімі Исраил халқынан өшірілмей сақталып қалады. | |
| Deut | Kaz | 25:7 | Егер сол кісі ағайынының әйеліне үйленгісі келмесе, онда әйел қала қақпасының маңында жиналатын ақсақалдардың алдына барып, былай десін: «Марқұм күйеуімнің ағайыны оның есімін Исраилден өшіп кетуден сақтағысы келмей, өзінің әмеңгерлік парызын өтеуден бас тартады». | |
| Deut | Kaz | 25:8 | Сол туысқан тұрып жатқан қаланың ақсақалдары оны шақыртып, өзімен сөйлессін. Егер ол ойынан қайтпай, «үйленбеймін» деуін қоймаса, | |
| Deut | Kaz | 25:9 | марқұмның әйелі ақсақалдардың көзінше оған жақындап келсін де, оның аяғындағы аяқкиімінің біреуін шешіп алып, бетіне түкіріп, «Өзінің қайтыс болған ағайынының есімін өшірмей сақтап қалғысы келмейтін адамға осылай істеледі» десін. | |
| Deut | Kaz | 25:10 | Бұдан кейін сол адамның әулеті Исраилде «Аяқкиімі шешілгеннің әулеті» деп аталатын болады. | |
| Deut | Kaz | 25:11 | Екі адам төбелесіп қалып, солардың біреуінің әйелі күйеуін ұрып жатқан қарсыласынан құтқарғысы келіп, соның жыныс мүшесінен шап беріп ұстап алса, | |
| Deut | Kaz | 25:13 | Қалтаңда бірдей мөлшерде болғанмен біреуі жеңілірек, басқасы ауырырақ екі түрлі кір тастары болмасын! | |
| Deut | Kaz | 25:14 | Үйіңде бірдей мөлшерде болғанмен біреуі үлкенірек, басқасы кішірек екі түрлі өлшейтін ыдыс та болмасын! | |
| Deut | Kaz | 25:15 | Кір тастарың да, өлшейтін ыдыстарың да дәл әрі дұрыс болуға тиіс. Сонда Құдай Иелерің сендерге табыстап отырған елінде ұзақ өмір сүретін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 25:17 | Мысыр елінен шығып келе жатқандарыңда амалектіктердің сендерге не істегендерін естеріңнен шығармаңдар: | |
| Deut | Kaz | 25:18 | сендер қажып-талып көшіп келе жатқандарыңда олар сендерді қарсылап, артта қалып қойғандарыңның бәріне тап берген еді ғой. Олар Құдайды еш қастерлемеді әрі Одан қорыққан да жоқ. | |
Chapter 26
| Deut | Kaz | 26:1 | Құдайларың Жаратқан Ие сендерге мұралық меншікке табыстап отырған елге еніп, оны иемденіп, қоныстанғаннан кейін, | |
| Deut | Kaz | 26:2 | әрқайсың сол елдің жерінен жинаған өнімдеріңнің біразын себетке салыңдар. Осы сый-тартуларыңды Құдай Ие өз есімінің (жер бетіндегі) тұрағы болуға таңдап алған орынға апарыңдар! | |
| Deut | Kaz | 26:3 | Сол кезде қызмет етіп жүрген діни қызметкерге былай деңдер: «Жаратқан Иенің ата-бабаларымызға бізге беруге антпен уәде еткен еліне келдім. Соны бүгін Құдай Иеңіздің алдында мойындаймын». — | |
| Deut | Kaz | 26:4 | Діни қызметкер себеттеріңді алып, Құдай Иеге арналған құрбандық үстелінің алдына қойсын. | |
| Deut | Kaz | 26:5 | Бұдан кейін Құдай Иеміздің алдында былай деңдер: «Түп атам көшпелі арамалық болатын. Ол азғана адамымен Мысырға көшіп барып, сол елге қоныстанды. Ал түп атамыздан өрбіген ұрпақ үлкен де күшті әрі сансыз көп халыққа айналды. | |
| Deut | Kaz | 26:6 | Сонда мысырлықтар бізге жаман қарап, зорлық-зомбылық көрсетіп, ауыр жұмысқа салып қойды. | |
| Deut | Kaz | 26:7 | Бірақ біз ата-бабаларымыз сиынған Құдай Иеге жалбарындық. Ол дауысымызға құлақ асып, бейшара жағдайымыз бен ауыр жұмысымызға әрі көріп отырған зорлық-зомбылығымызға назар аударды. | |
| Deut | Kaz | 26:8 | Жаратқан Ие бізді Мысыр елінен өзінің алға созылған құдіретті қолымен, жауға үлкен қорқыныш жіберіп, кереметтер мен ғажап істер жасап алып шықты. | |
| Deut | Kaz | 26:9 | Содан Құдай Иеміз бізді бұл жерге алып келді де, ағы мен балы ағыл-тегіл осы елді табыстады. | |
| Deut | Kaz | 26:10 | Уа, Жаратқан Ие, Өзің маған табыстаған жердің алғашқы өнімінен енді Саған мына сый-тартуды әкелдім».Осылайша сый-тартуды Құдайларың Жаратқан Иенің алдына қойған соң Оның алдында иіліп тағзым етіңдер. | |
| Deut | Kaz | 26:11 | Содан соң леуіліктермен және араларыңдағы жат жұрттықтармен бірге Құдайларың Жаратқан Иенің сендерге және отбасыларыңа сыйлаған игіліктеріне қуанып мейрамдаңдар. | |
| Deut | Kaz | 26:12 | Ал үшінші жыл — өнімнің арнайы он бөлігінің бірін беретін жыл. Сондықтан сол жылы өніміңнің он бөлігінің бірін бөліп қойып, оны леуіліктерге, жат жұрттықтар мен жетім-жесірлерге беріңдер. Елді мекендеріңде тұрып жатқан олар да соны жеп тойынсын. | |
| Deut | Kaz | 26:13 | Содан соң Құдай Иеге былай деңдер: «Мен үйімнен Өзіңе бағышталған үлесті шығарып, маған бұйырғаныңдай оны леуіліктерге, жат жұрттықтар мен жетім-жесірлерге үлестіріп бердім. Сенің өсиеттеріңді бұзған жоқпын, олардың ешқайсысын да ұмытқан емеспін. | |
| Deut | Kaz | 26:14 | Аза тұтқан кезде де өнімнің Саған бағышталған бөлігінен жеген де жоқпын, арамданып қалған кезімде оған қол тигізген де емеспін, аруақтарға еш нәрсесін бағыштаған да жоқпын. Уа, Құдай Ием, Сенің дауысыңа құлақ асып, бізге бұйырған өсиеттеріңнің бәрін орындадым. | |
| Deut | Kaz | 26:15 | Енді киелі тұрағың — көктен назар аударып, халқың Исраилді және ағы мен балы ағыл-тегіл осы елді жарылқай гөр! Оны ата-балаларымызға берген антыңа сай бізге табыстадың ғой. | |
| Deut | Kaz | 26:16 | Құдайларың Жаратқан Ие бүгін сендерге осы ережелер мен шешімдерді орындауды бұйырып отыр. Сондықтан оларды шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен сақтап, орындайтын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 26:17 | Жаратқан Иенің сендердің Құдайларың екенін бүгін антпен бекітесіңдер. Оның жолдарымен жүруге, ережелерін, өсиеттері мен шешімдерін орындап ұстануға және Оған мойынсұнуға уәде етесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 26:18 | Жаратқан Ие Өзі уәде еткендей, сендерді бүгін Өзінің халқы әрі ерекше меншігі деп жариялап, сендерге өсиеттеген заңдарының бәрін орындап ұстануға тиіс екендеріңді айтып отыр. | |
Chapter 27
| Deut | Kaz | 27:1 | Осыдан кейін Мұса пайғамбар Исраилдің рубасыларымен бірге халықтың алдында тұрып, оларға былай деп бұйырды:— Мен бүгін сендерге тапсырып отырған өсиеттердің бәрін де сақтап орындаңдар! | |
| Deut | Kaz | 27:2 | Сендер Құдай Иеміз өздеріңе табыстап отырған еліне кіру үшін Иорданды кесіп өткен күні өзен арнасынан дәу қойтастарды жинап алып, жағалауда орнатып, үстін әкпен сылаңдар. | |
| Deut | Kaz | 27:3 | Сол тастарға осы заңдардың барлық сөздерін ойып жазып қойыңдар! Ата-бабаларың сиынған Құдай Ие уәде еткендей, Өзі сендерге табыстап отырған, ағы мен балы ағыл-тегіл елге кірген соң осылай істеңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:4 | Сонымен, сендер Иордан өзенінен өткеннен кейін, мен жаңа өздеріңе бұйырғанымдай тастарды Ебал тауында орнатып, әкпен сылаңдар. | |
| Deut | Kaz | 27:6 | Оны темір құрал-сайманмен өңделмеген, бүтін тастардан тұрғызыңдар. Соның үстінде Құдай Иеге арнап шалынған құрбандықтарды өртеп ұсынуларың керек. | |
| Deut | Kaz | 27:7 | Одан кейін Құдайларың Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтар шалып, Оның алдында қуанышпен ішіп-жеңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:8 | Осылай орнатылған тастарға осы Таурат заңының барлық сөздерін анық етіп ойып жазыңдар. | |
| Deut | Kaz | 27:9 | (Содан соң) Мұса және леуілік діни қызметкерлер бүкіл Исраил халқына дауыстап былай деді:— Үндемей тұрып тыңдап алыңдар, ей, Исраил халқы! Бүгін сендер (қайтадан) Құдайларың Жаратқан Иенің өз халқы болдыңдар! | |
| Deut | Kaz | 27:10 | Сондықтан Құдай Иенің айтқандарына құлақ асып, мен бүгін тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін орындайтын болыңдар! | |
| Deut | Kaz | 27:12 | — Иордан өзенінен өткеннен кейін сендер, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Жүсіп пен Бунямин рулары, халыққа Құдайдың жарылқауының қандай жағдайларда қонатынын жариялау үшін Гәризим тауының беткейінде тұрыңдар! | |
| Deut | Kaz | 27:13 | Ал сендер, Рубен, Ғад, Ашир, Забулон, Дан мен Нафталим рулары, халық Құдайдың қарғысына қандай жағдайда ұшырайтынын паш ету үшін Ебал тауының беткейінде тұрыңдар! | |
| Deut | Kaz | 27:14 | Сонда леуілік діни қызметкерлер қатты дауыспен Исраил халқының бәріне былай деп жарияласын: | |
| Deut | Kaz | 27:15 | «Жаратқан Иеге жиренішті іс істеп: тәңір мүсінін ойып не құйып жасап, яки шеберге жасатып, оны құпия орынға орнатқан адамды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:17 | «Көршісінің шекарасын белгілеген межетасты ұрланып жылжытқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:18 | «Зағип адамды жолынан адастырғанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:19 | «Жат жұрттықтың, жетім-жесірдің ақысын жегенді қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:20 | «Әкесінің әйелімен жақындасқанды қарғыс атады! Бұл әкесінің абыройын ашқанымен бірдей!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:21 | «Қандай болмасын жануармен жақындасқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:22 | Өзінің әпке-қарындасымен, әкесінің не шешесінің қызымен жақындасқанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
| Deut | Kaz | 27:25 | «Жалданып жазықсыз адамды өлтіргенді қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. | |
Chapter 28
| Deut | Kaz | 28:1 | Сонымен сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ асып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған күллі өсиеттерін сақтап орындайтын болсаңдар, Ол сендерді жер бетіндегі барлық халықтардан жоғары қояды. | |
| Deut | Kaz | 28:2 | Иә, Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарын тыңдайтын болсаңдар, мына жарылқаулардың барлығы сендерге қонып, сендердікі болады: | |
| Deut | Kaz | 28:4 | Сендердің ұл-қыздарың, жерлеріңнің өнімдері, малдарыңның төлдері: табындағы бұзауларың мен отардағы қозы-лақтарың жарылқаулы болады. | |
| Deut | Kaz | 28:7 | Жауларың сендерге қарсы көтерілсе, Жаратқан Ие оларды көз алдарыңда тізе бүктіреді. Олар сендерге қарсы бір жолмен аттанса, жеті жолмен кері қашады. | |
| Deut | Kaz | 28:8 | Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе беріп жатқан елінде сендерді жарылқап, қамбаларыңа және қолға алған барлық іс-әрекеттеріңе ақ батасын жаудырады. | |
| Deut | Kaz | 28:9 | Егер де Құдайларың Жаратқан Иенің өсиеттерін сақтап, Оның тура жолымен жүретін болсаңдар, онда Жаратқан Ие ант еткеніндей, сендерді Өзіне бағышталған қасиетті халқы етіп бекітеді. | |
| Deut | Kaz | 28:10 | Сонда жер бетіндегі күллі халықтар Жаратқан Иенің атымен аталғандарыңды көріп, сендерді қастерлеп, сендерден қаймығатын болады. | |
| Deut | Kaz | 28:11 | Жаратқан Ие ата-бабаларыңа сендерге табыстауға ант еткен елінде әр түрлі игіліктерді молынан сыйламақ: сендердің ұл-қыздарыңа, малдарыңның төлдеріне, жеріңнің өніміне Ол ағыл-тегіл молшылық дарытады. | |
| Deut | Kaz | 28:12 | Жаратқан Ие Өзінің «игілікті қазынасын», яғни «аспанның қақпаларын», ашып, еліңе мезгілінде жаңбыр жаудырып, қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді жарылқайтын болады.Сендер көп халықтарға қарыз беріп, өздерің ешқайсысынан қарыз алмайсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:13 | Егер де Құдай Иелеріңнің өсиеттеріне құлақ асып, оларды сақтап орындайтын болсаңдар, онда Жаратқан Ие сендерді көштің аяғы емес, басы етеді. Сендер төменде емес, тек жоғарыда жүретін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:14 | Сонымен, мен бүгін сендерге тапсырған өсиеттердің ешқайсысынан да не оңға, не солға бұрылмаңдар, әрі жалған тәңірлердің жолына түсіп, оларға құлшылық етпеңдер! | |
| Deut | Kaz | 28:15 | Алайда егер сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамасаңдар, онда төмендегі барлық қарғыстарға ұшырайсыңдар: | |
| Deut | Kaz | 28:18 | Сендердің ұл-қыздарыңды, жерлеріңнің өнімдерін, малдарыңның төлдерін: табындағы бұзауларың мен отардағы қозы-лақтарыңды қарғыс атады. | |
| Deut | Kaz | 28:20 | Сендер Өзінен бас тартып, зұлымдық жасағандықтан кенеттен құрып, жоқ болып кеткенше Жаратқан Ие сендердің қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді қарғысқа, абыржу мен табыссыздыққа ұшыратады. | |
| Deut | Kaz | 28:21 | Сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елден құрып кеткенше Жаратқан Ие сендерге індет жұқтырады. | |
| Deut | Kaz | 28:22 | Жаратқан Ие сендерге өкпе ауруын жібереді, содан денелеріңнің ыстығы көтеріліп, қабына ауырасыңдар. Сонымен қатар, Ол сендерге аптап ыстық пен қуаңшылық жолдап, егістіктерің қурап, ал қурамағаны көгеріп-шіріп, өсімдік татынан да құрып кетпек. Сендер әбден жойылып бітпейінше осы апаттар арттарыңнан қалмайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 28:23 | Төбелеріңдегі аспан қолаға айналғандай, жаңбыр жаумайды, ал астарыңдағы жер темірдей қатайып, кеуіп қалады. | |
| Deut | Kaz | 28:24 | Сендер жоқ болып құрып кеткенше Жаратқан Ие жерлеріңе аспаннан жаңбыр емес, шаң-тозаң жаудыратын болады. | |
| Deut | Kaz | 28:25 | Жаратқан Ие сендерді жауларыңа жеңілдіреді. Оларға қарсы бір жолмен аттансаңдар, жеті жолмен кері қашатын боласыңдар. Жер бетіндегі барлық патшалықтар үшін қорқынышты көрініске айналасыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:26 | Сендердің мәйіттерің аспандағы жыртқыш құстар мен жердегі аңдарға жем болады, оларды үркітіп жіберетін ешкім болмайды. | |
| Deut | Kaz | 28:27 | Жаратқан Ие сендерге мысырлық шиқандарды: іріңді жара, қатерлі ісік, қышыма-қотырды жаппай жұқтырып, солардан жазыла алмайсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:28 | Сонымен қатар Жаратқан Ие сендерді ақыл-естеріңнен айырып, соқыр қылып, абыржытатын болады. | |
| Deut | Kaz | 28:29 | Соқырдың қараңғыда сипалағанындай, сендер тал түсте сипаланып қаласыңдар. Не істесеңдер де, істерің оңға баспайды. Ұдайы зорлық-зомбылық көріп, тоналасыңдар. Ал өздеріңді құтқаратын ешкім де болмайды. | |
| Deut | Kaz | 28:30 | Құда түсіріп, айттырып қойған қалыңдықтарыңды бөтен біреулер алып, олармен жақындасады. Салған үйлеріңде өздерің тұра алмайсыңдар, отырғызған жүзімдіктеріңнің жемісін ешқашан жемейсіңдер. | |
| Deut | Kaz | 28:31 | Жауларың мүйізді ірі қараларыңды көз алдарыңда сойып алып, сендерге бір түйір ет те татқызбайды. Есектеріңді айдап әкетіп, қайтарып бермейді, қой-ешкілерің де жауларыңның қолына беріледі. Ал оларды құтқарып, қайтарып беретін ешкім де болмайды. | |
| Deut | Kaz | 28:32 | Ұл-қыздарың бөтен халыққа құлдыққа түсіп, қарсы тұруға әлдерің жетпейді. Қайтып келе ме деп, күн сайын қарай-қарай көздерің талады. | |
| Deut | Kaz | 28:33 | Сендер бұрын білмеген жат жұрттық халық жерлеріңнің өнімін жеп, еткен еңбектеріңнің пайдасын көреді. Сендер өмір бойы қаналып, жәбір көретін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:35 | Жаратқан Ие тізелерің мен сандарыңа жаман алапес жұқтырып, ол басыңнан аяғыңа дейін тұла бойларыңа қаптап кетіп, содан сауыға алмайсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:36 | Жаратқан Ие өздеріңді де, билік жүргізуге өздерің таңдап алған патшаны да не сендер, не ата-бабаларың бұрын білмеген халықтың арасына айдатып жібереді. Сол жерде жалған тәңірлердің ағаштан, тастан жасалған мүсіндеріне құлшылық ететін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:37 | Жаратқан Ие сендерді бөтен халықтардың арасына айдатып жібергенде, олардың бәрі кешкен азаптарыңды көріп, шошынады. Сендерді мазаққа айналдырып, келекелейтін болады. | |
| Deut | Kaz | 28:38 | Егістіктеріңе мол тұқым сепсеңдер де, шегіртке жайпап кететіндіктен өнімдерің аз болмақ. | |
| Deut | Kaz | 28:39 | Жүзімдіктер отырғызып, өңдеп баптасаңдар да, құрт жалмап қоймайтындықтан олардан жиналатын жүзім болмай, шырынын іше алмайсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:40 | Бүкіл елдеріңде зәйтүн ағаштары өсіп тұрса да, жемісінің бәрі мерзімінен бұрын түсіп қалатындықтан, қолданатын зәйтүн майларың болмайды. | |
| Deut | Kaz | 28:42 | Құжынап ұшып келген шегірткелер ағаштарыңды да, егістіктеріңнің өнімін де жалмап кетеді. | |
| Deut | Kaz | 28:44 | Олар сендерге қарыз бере алып, өздерің оларға ешқандай қарыз бере алмайсыңдар. Олар көштің басы, сендер аяғы боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:45 | Сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамағандарыңа бола осы қарғыстардың бәрі бастарыңа түсіп, арттарыңнан қалмай қояды. Олар сендерді түбінде құртпай тынбайды. | |
| Deut | Kaz | 28:46 | Осы апаттар сендерге және кейінгі ұрпақтарыңа Жаратқан Иенің қарғысы тигенінің белгісі болады. | |
| Deut | Kaz | 28:47 | Өйткені сендер бар игіліктерге кенелген кездеріңде Құдайларың Жаратқан Иеге шат жүрекпен мойынсұнып, қуана қызмет етіп жүрмедіңдер. | |
| Deut | Kaz | 28:48 | Сондықтан енді арып-ашып, шөлдеп, жалаңаш жүріп, қай нәрсеге де тарығып, Жаратқан Ие сендерге қарсы аттандырған жауларыңа қызмет ететін боласыңдар. Ол сендерді құртып жібергенше мойындарыңа құлдықтың «темір қамытын» салып қояды. | |
| Deut | Kaz | 28:49 | Жаратқан Ие сендерге қарсы алыстан, тіпті жердің шетінен бір халықты төменге шүйілген бүркіттей аттандырып келтіреді. Сол халық сендер түсінбейтін бөтен тілде сөйлеп, | |
| Deut | Kaz | 28:51 | Сол халық сендерді құртып болғанша малдарыңның төлдерін, егістіктеріңнің өнімін жеп қояды да, астықтарыңды, жүзім шырындарың мен зәйтүн майларыңды, бұзауларың мен тоқтыларыңды түгел сендерден тартып ала береді. Осылайша сендер ойран боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:52 | Дұшпандарың елдегі барлық қалаларыңды қоршап алып, олардағы сендер сенім артқан зәулім қамалдарыңды қиратады. Сонда жау Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстаған еліндегі барлық қалаларыңды қоршап алып, сендерді қыспақтайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 28:53 | Жауларың қалаларыңды қоршап, қыспаққа алғанда сендер шексіз азап шеккендіктен, тіпті өздеріңнің туған балаларыңды, иә, Құдайларың Жаратқан Ие сендерге сыйлаған ұл-қыздарыңның етін жейтін боласыңдар! | |
| Deut | Kaz | 28:54 | Араларыңдағы ең нәзік жанды, сезімтал деген адамның өзі де енді бауырынан, отасқан әйелінен, тірі қалған балаларынан қызғанып, | |
| Deut | Kaz | 28:55 | олардың ешқайсысына да өзі жеп отырған баласының етінен бір түйір де бермейді. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды. | |
| Deut | Kaz | 28:56 | Араларыңдағы ең нәзік жанды, сезімтал, талғампаздығы мен ақсаусақтығы сондай, аяғын жерге тигізбей жүріп келген әйел енді отасқан сүйікті күйеуінен, туған ұл-қызынан қызғанып, | |
| Deut | Kaz | 28:57 | жаңа туған нәрестесі мен баланың жолдасын кейін жеу үшін тығып қояды. Себебі жау барлық қалаларыңды жан-жақтан қоршап, бастарыңа ауыр азап тудырғандықтан одан басқа жейтін еш нәрселерің болмайды. | |
| Deut | Kaz | 28:58 | Сонымен, егер сендер осы кітапта жазылған Таурат заңының барлық ережелерін сақтап орындамасаңдар, әрі Құдай Иелеріңнің ұлы да айбынды атына мойынсұнып, Оны құрметтемесеңдер, | |
| Deut | Kaz | 28:59 | онда Жаратқан Ие сендерді және кейінгі ұрпақтарыңды сұрапыл азаптарға ұшыратып, ұзаққа созылатын ауыр індеттерді, қорқынышты да созылмалы ауру-сырқауларды жібереді. | |
| Deut | Kaz | 28:60 | Осылай Ол сендер Мысырда жүргенде қатты қорқатын індеттердің бәрін де жібереді. Солар сендерге ұзақ уақытқа жабысады. | |
| Deut | Kaz | 28:61 | Бұларға қоса, Жаратқан Ие осы Таурат заңы кітабында айтылмаған басқа да көптеген ауру-сырқаулар мен індеттерді сендер әбден құрып біткенше жіберіп отырады. | |
| Deut | Kaz | 28:62 | Бір кезде сендердің сандарың аспандағы жұлдыздай көп болғанмен, сендерден азғана адамдарың тірі қалатын болады, себебі Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспадыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:63 | Бұрын Жаратқан Ие сендерге жақсылық жасауды, сандарыңды көбейтуді қалай ұнатқан болса, енді Ол сендерді құртып, жоқ қылуды да солай ұнататын болады. Осылай сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елдеріңнен түпкілікті аластатыласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:64 | Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 28:65 | Сендерге сол халықтардың арасында да тыныштық болмайды. Аяқтарың дамыл таппай ел кезетін боласыңдар. Жаратқан Ие сендерге дірілдеп үрейленген жүрек, көз жасын төгіп, көруден қалған көз және үміті үзіліп торыққан көңіл береді. | |
| Deut | Kaz | 28:66 | Өмірлерің қыл үстінде тұрып, күні-түні елегізіп қорқатын боласыңдар, амандықтарыңа сенімдерің болмайды. | |
| Deut | Kaz | 28:67 | Айналаларыңда болып жатқан нәрселерді көріп, жүректеріңді қорқыныш жайлап, таңертең: «Тезірек кеш батса екен!», ал кеште: «Тезірек таң атса екен!» деп тілейтін боласыңдар. | |
Chapter 29
| Deut | Kaz | 29:1 | Бұлар Жаратқан Иенің (Өзінің атынан) Мұсаға Моаб елінде Исраилдің руларымен жасатқан Келісімінің шарттары. Осы Келісімді Жаратқан Ие (Синай түбегіндегі) Хориб тауында жасаған Келісімге қоса жасауды бұйырды. | |
| Deut | Kaz | 29:2 | Мұса бүкіл Исраил халқын шақырып алып, оларға былай деді: «Мысыр елінде Жаратқан Иенің перғауынға, оның барлық нөкерлері мен бүкіл еліне істегендерін түгел көрдіңдер. | |
| Deut | Kaz | 29:3 | Жаратқан Иенің соларды өткізген алапат сынақтарын, Оның құдіретті істер жасап, Өзінің шынайы Құдай екендігін дәлелдейтін кереметтерін көздеріңмен көргенсіңдер. | |
| Deut | Kaz | 29:4 | Сонда да Жаратқан Ие сендерге осы күнге дейін (Өзінің еркін) ұғатын ақыл-сана, (шындығын) көретін көз, (айтқандарын) тыңдайтын құлақ сыйлаған емес. | |
| Deut | Kaz | 29:5 | Қырық жыл бойы сендерді иен далада бастап жүрдім. Сонда киім-кешектерің де, аяқкиімдерің де тозып қалған емес. | |
| Deut | Kaz | 29:6 | Сендердің жейтін нандарың, ішетін жүзім шырыны мен ашытылған сусындарың болмай, (Оның Өзі сендерді тамақтандырды). Осылайша сендер Оның Құдайларың Жаратқан Ие екенін біле алдыңдар. | |
| Deut | Kaz | 29:7 | Осы жерге келген кезімізде Хешебонның патшасы Сихон мен Башанның патшасы Ог бізбен айқасқа шықты. Бірақ біз оларды жеңіп, | |
| Deut | Kaz | 29:8 | жерлерін иемденіп, Рубен, Ғад руларына және Манаса руының жартысына мұралық меншікке бердік. | |
| Deut | Kaz | 29:9 | Енді осы Келісімнің шарттарын орындап сақтаңдар, сонда күллі іс-әрекеттеріңде табысты боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 29:10 | Бүгін бәрің де Құдайларың Жаратқан Иенің алдында тұрсыңдар: рубасыларың, ақсақалдарың және басқарушыларыңмен бірге Исраилдің басқа да барлық адамдары, | |
| Deut | Kaz | 29:11 | бала-шағаларың, әйелдерің және қоныстарыңда өздеріңмен бірге тұрып, сендерге отын жарып, су таситын жат жұрттықтар. | |
| Deut | Kaz | 29:12 | Сендер Құдайларың Жаратқан Иемен Келісім жасау үшін осы жерде тұрсыңдар. Жаратқан Ие оны бүгін сендермен жасап, антпен бекітеді. | |
| Deut | Kaz | 29:13 | Өзі сендерге уәде беріп, ежелде ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа ант еткендей, сендердің (сиынатын жалғыз) Құдайларың болу үшін, Ол бүгін сендерді Өзінің меншікті халқы етіп бекітпек. | |
| Deut | Kaz | 29:15 | бүгін осында бізбен бірге Құдайымыз Жаратқан Иенің алдында тұрып жатқандар әрі қазір арамызда жоқ, болашақта келер ұрпақтарың үшін де жасап отырмын. | |
| Deut | Kaz | 29:16 | Себебі сендер Мысырда қалай өмір сүргенімізді де, сол елден шығып, жау ұлттардың жерімен өтіп, осы жерге қалай жеткенімізді де білесіңдер. | |
| Deut | Kaz | 29:17 | Олар ағаш, тас, күміс және алтыннан жасап алған, Құдайға әбден жек көрінішті тәңір мүсіндерін көрдіңдер. | |
| Deut | Kaz | 29:18 | Араларыңда ешқашан бірде-бір еркек не әйел, әулет не ру Құдайымыз Жаратқан Иеден бас тартып, өзге халықтардың жалған тәңірлеріне құлшылық етуге бет бұрмасын! Ондай әрекет көктеп, қаулап өсіп, ащы да улы жеміс беретін тамырға ұқсап, бақытсыздық пен апат әкелмек. | |
| Deut | Kaz | 29:19 | Яғни, осы қарғыспен байланған анттың сөздерін естігенде іштей мақтанып, «Өз жүрегімнің қалауымен жүрсем де, аман-есен боламын» деп ойлайтын ешкім де болмасын! Өйткені мұнысы сулы да, сусыз да өлкелерге бірдей апат әкелер еді. | |
| Deut | Kaz | 29:20 | Жаратқан Ие мұндай зұлым адамды ешқашан да кешірмейді. Қайта, Оны сол кезде-ақ ашу кернеп, лаулаған қаһары сондай күнәкардың басына төгіледі. Осы кітапта жазылған қарғыстардың бәрі де оған тиіп, Жаратқан Ие оның атын аспан астындағылардың тізімінен өшіріп тастайды. | |
| Deut | Kaz | 29:21 | Осы Таурат кітабында жазылған Келісімде белгіленген барлық қарғыстарға сәйкес, Жаратқан Ие сондай күнәкарларды Исраилдің күллі руларының ішінен аластатып, апат-кеселдерді дәл солардың бастарына төгіп, құртады. | |
| Deut | Kaz | 29:22 | Сендердің ұл-қыздарың мен олардың болашақ ұрпақтары және алыс елдерден келген жат жұрттықтар елдеріңнің қаңырап бос тұрғанын, әрі Жаратқан Иенің сендерге ауру-індет жіберіп, қалжырап болдырғандарыңды көргенде былай дейтін болады: | |
| Deut | Kaz | 29:23 | «Жаратқан Ие Содом, Ғомора, Адма және Себоим қалаларына қаһарын төгіп, құртып жіберген кездегідей, бүкіл елді өрт жайлап, күкірт пен тұз басады. Жерге еш нәрсе себілмейді де, еш нәрсе көктеп, өсіп шықпайды да». | |
| Deut | Kaz | 29:24 | Соны көріп, күллі халықтар да: «Жаратқан Ие неліктен осы елге мұны істеді екен? Неден оған қаһарын соншама төкті?» — деп сұрайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 29:25 | Сонда оларға мына жауап беріледі: «Бұл елдің адамдары өз ата-бабалары сиынған Құдай — Жаратқан Иенің Келісімінен бас тартты. Ол өздерін Мысырдан құтқарып алып шыққан кезінде сол Келісімді олармен жасаған болатын. | |
| Deut | Kaz | 29:26 | Алайда олар өз беттерімен кетіп, бұрын танып-білмеген және Жаратқан Ие өздеріне белгілемеген (жалған) тәңірлерге бас ұрып, құлшылық ете бастады. | |
| Deut | Kaz | 29:27 | Сондықтан да Жаратқан Иенің қаһары осы елге қарсы лаулап, Ол Таурат кітабында жазылған қарғыстардың бәрін олардың бастарына түсірді. | |
| Deut | Kaz | 29:28 | Осылайша қатты ашуланып, қаһарын төге наразыланған Жаратқан Ие оларды туған елдерінен түп-тамырымен жұлып алып, бөтен елге лақтырып тастады. Күні бүгінге дейін олар сол жақта». | |
Chapter 30
| Deut | Kaz | 30:1 | Болашақта Мен сендерге айтып берген барлық баталар мен қарғыстар бастарыңа түсіп, Құдайларың Жаратқан Ие сендерді бытыратып шашып жіберген түрлі жат халықтардың арасында тұрып жатсаңдар, осы нұсқауларымды естеріңе алыңдар! | |
| Deut | Kaz | 30:2 | Егер сендер және балаларың Құдайларың Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған өсиеттерге сай Оған шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен мойынсұнсаңдар, | |
| Deut | Kaz | 30:3 | онда Құдай Иеміз сендерді құлдықтан қайтарып алып, аяп-мүсіркейді. Ол сендерді Өзі шашыратып жіберген халықтардың арасынан қайтадан жинап алмақ. | |
| Deut | Kaz | 30:4 | Тіпті жердің қиыр шеттеріне аластатылған болсаңдар да, Құдай Иеміз сендерді сол жақтан да жинап, | |
| Deut | Kaz | 30:5 | ата-бабаларың иемденген елге қайтарып алып келеді. Содан осы елге тағы да ие боласыңдар. Құдай Ие сендерді ата-бабаларыңнан да асқан дәулетті әрі сансыз көп етеді. | |
| Deut | Kaz | 30:6 | Сендер Құдайларың Жаратқан Иені шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен сүйіп, қайтадан елдеріңде өмір сүре алуларың үшін Ол сендердің және ұрпақтарыңның жүректеріңді жаңартып, күнәдан тазартатын болады. | |
| Deut | Kaz | 30:7 | Сонда Құдайларың Жаратқан Ие сол қарғыстардың бәрін сендерді жек көріп, қудалаған жауларыңның бастарына түсіреді. | |
| Deut | Kaz | 30:8 | Сендер қайтадан Жаратқан Иеге құлақ салып, мен бүгін өздеріңе беріп отырған өсиеттерінің бәрін орындайсыңдар. | |
| Deut | Kaz | 30:9 | Содан Құдай Ие қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді молынан жарылқап, сендерге көп бала, сансыз мал, ағыл-тегіл өнім сыйлайды. Жаратқан Ие ата-бабаларыңа істегеніндей, сендерге де қайтадан игілік сыйлап, сонысына қуанатын болады. | |
| Deut | Kaz | 30:10 | Егер сендер Құдайларың Жаратқан Иеге мойынсұнып, осы Таурат заңы кітабында жазылған Оның өсиеттері мен ережелеріне бағынып, шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен Оған қайтадан бет бұрсаңдар, осылай болады. | |
| Deut | Kaz | 30:12 | «Оны орындауымыз үшін кім көкке көтеріледі де, оны жерге алып келіп, бізге жариялайды?» деп сұрайтындай, бұл өсиет тек көкте емес. | |
| Deut | Kaz | 30:13 | Немесе: «Оны орындауымыз үшін кім теңізді кесіп өтіп, оны алып келіп, бізге жариялайды?» деп сұрайтындай, осы өсиет тек теңіздің ар жағында да емес. | |
| Deut | Kaz | 30:14 | Жоқ, бұл сөз саған өте жақын, ол ауызыңда және жүрегіңде. Сондықтан оны орындай аласың. | |
| Deut | Kaz | 30:15 | Бері қараңдар! Мен бүгін өмір мен игілікке және өлім мен қырғынға (апаратын екі жолды өздерің таңдап алуларың үшін) алдарыңа қойып отырмын. | |
| Deut | Kaz | 30:16 | Сендерге бүгін Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, Оның жолдарымен жүріп, өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындауды тапсырамын. Егер осылай істесеңдер, қазір кіріп, иемденгелі жатқан елде Құдай Иеміз сендерді жарылқап, осылайша аман-есен өмір сүріп, өсіп-өнетін боласыңдар. | |
| Deut | Kaz | 30:17 | Бірақ егер жүректерің басқа жаққа бұрылып, осы нұсқауларыма құлақ салмай, шындық жолдан азғырылып, бөгде тәңірлерге иіліп құлшылық етсеңдер, | |
| Deut | Kaz | 30:18 | мен бүгін сендерге құритындарыңды ескертемін. Онда иемдену үшін Иордан өзенінен өтіп, кіріп жатқан осы елде ұзақ өмір сүрмейсіңдер. | |
| Deut | Kaz | 30:19 | Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой! Осылай өздерің де, ұрпақтарың да аман-есен өмір сүріп, | |
Chapter 31
| Deut | Kaz | 31:2 | — Жасым енді жүз жиырмаға келді, бұдан былай сендерді жетелеп бастай алмаймын. Жаратқан Ие маған: «Сен Иордан өзенінің арғы жағына өтпейсің», — деген болатын. | |
| Deut | Kaz | 31:3 | Сендерді сол өзеннен бастап өткізетін Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі. Ол алдарыңдағы жау халықтардың бәрін қырып, сендер осы елді иемденетін боласыңдар. Жаратқан Иенің айтқанындай, Ешуа да сендерді бастап өзеннен өтеді. | |
| Deut | Kaz | 31:4 | Аморлықтардың патшалары Сихон мен Огты өздерінің елдерімен бірге құртып жібергені сияқты, Жаратқан Ие өзеннің арғы жағындағы халықтарға да солай істейді. | |
| Deut | Kaz | 31:5 | Жаратқан Ие оларды қолдарыңа тапсырады, ал сендер мен өздеріңе табыс еткен бұйрықтардың бәрін оларға орындауға тиіссіңдер. | |
| Deut | Kaz | 31:6 | Қайратты да батыл болыңдар, жауларыңнан еш үрейленіп қорықпаңдар! Себебі Құдайларың Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болады. Ол сендерді ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. | |
| Deut | Kaz | 31:7 | Бұдан кейін Мұса Ешуаны шақырып алып, бүкіл Исраил халқының алдында оған былай деді: «Қайратты да батыл бол! Себебі сен осы халықты ертіп Жаратқан Ие оларға сыйлауға ата-бабаларына уәде еткен елге кіресің. Сол елді оларға мұралық меншікке үлестіріп беруге тиіссің. | |
| Deut | Kaz | 31:8 | Жаратқан Иенің Өзі алдыңда жүріп саған жар болады. Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. Еш нәрседен уайымдап, қорқушы болма!» | |
| Deut | Kaz | 31:9 | Сонымен Мұса (пайғамбар) осы Таурат заңын жазып қойды. Оны Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүретін леуілік діни қызметкерлерге және Исраилдің күллі рубасыларына тапсырып, | |
| Deut | Kaz | 31:10 | оларға былай деп өсиет етті:— Әр жеті жылдың соңындағы қарыздар кешірілетін жылғы Күркелер мейрамы кезінде | |
| Deut | Kaz | 31:11 | бүкіл Исраил халқы Құдай Иеміз таңдап алған жерде Оның алдына жиналсын. Сол кезде осы Таурат заңын бүкіл жамағатқа дауыстап оқып беріңдер! | |
| Deut | Kaz | 31:12 | Олар Таурат заңын тыңдап, үйреніп, Құдай Иемізді терең қастерлеп, Таураттың барлық ережелерін сақтап орындаулары керек. Бүкіл халықты жинауға тиіссіңдер. Еркек не әйел болсын, балалар не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар болсын, бәрі де келуге міндетті. | |
| Deut | Kaz | 31:13 | Сендер Иордан өзенінен өтіп, кірген соң иемденетін елді мекендеген барлық кездеріңде осы Таурат заңын білмей өскен ұрпақтарың да оны тыңдап, Құдайларың Жаратқан Иені терең қастерлеуді үйренулері қажет. | |
| Deut | Kaz | 31:14 | Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Біліп қой, бұ дүниеден өтетін уақытың таяп қалды. Ешуаны шақырып алып, екеуің кездесу шатырында тұрыңдар. Мен оған сол жерде нұсқауларымды тапсырамын». — Сонымен Мұса мен Ешуа кездесу шатырының алдына келді. | |
| Deut | Kaz | 31:15 | Жаратқан Ие бағана тәрізді бұлт ішінде кездесу шатырында пайда болды. Бұлт шатырдың кіреберісінің үстінде тұрды. | |
| Deut | Kaz | 31:16 | Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: «Міне, сенің көз жұмып, ата-бабаларыңа аттанатын уақытың жетті. Ал содан кейін бұл халық кіргелі тұрған елде азғындыққа салынып, сол елдің бөгде тәңірлерінің жолына түсетін болады. Осылай халық Менен бас тартып, олармен жасаған Келісімімді бұзады. | |
| Deut | Kaz | 31:17 | Сонда қаһарым оларға жалындай лаулап, Мен олардан бас тартып, бет-жүзімді жасырамын. Олар қырғынға ұшырап, бастарына көптеген бақытсыздықтар мен ауыртпалықтар түседі. Сол күндері халық: «Осы бақытсыздықтардың басымызға түскені Құдайымыздың бізбен бірге жүріп, жар болмағандығынан емес пе?» деп сұрайтын болады. | |
| Deut | Kaz | 31:18 | Ал Мен олардың бөгде тәңірлерге бұрылып, істеген барлық әділетсіз іс-әрекеттері үшін олардан бет-жүзімді шүбәсіз жасырамын. | |
| Deut | Kaz | 31:19 | Сонымен Исраил халқына қарсы Менің айғағым болу үшін мына жырды жазып қойып, оларға үйретіп, ән салғыз. | |
| Deut | Kaz | 31:20 | Себебі Мен оларды ата-бабаларына уәде еткен, ағы мен балы ағыл-тегіл елге бастап апарғаннан кейін олар ішіп-жеп тойынып, семіріп, бөгде тәңірлерге бет бұрып, құлшылық ететін болады. Сонда олар Менен бас тартып, өздерімен жасаған Келісімімді бұзады. | |
| Deut | Kaz | 31:21 | Уақыты келіп, көптеген бақытсыздықтар мен ауыртпалықтар бастарына түскен кезде осы жыр оларға қарсы айғақ болады. Себебі бұл жыр ұрпақтарының аузынан түспейтін болады. Мен оларды антпен уәде еткен елге кіргізбей тұрып-ақ, олардың қазіргі ой-ниеттерін жақсы білемін». | |
| Deut | Kaz | 31:23 | Мұнан кейін Жаратқан Ие Нұн ұлы Ешуаға бұйрық беріп былай деді: «Қайратты да батыл бол! Өйткені исраилдіктерді Мен оларға антпен уәде еткен елге бастап алып кіресің. Мен Өзім сенімен бірге жүріп жар боламын». | |
| Deut | Kaz | 31:26 | «Мына Таурат заңының кітабын алып, Құдайларың Жаратқан Иенің Келісім сандығының бір жағына салыңдар. Ол халыққа қарсы айғақ болып сол жерде қалсын». | |
| Deut | Kaz | 31:27 | Сендердің қандай бас көтергіш, тоңмойын қыңыр халық екендеріңді білемін. Мен әлі де тірі болып, қастарыңда жүрсем де, сендер Жаратқан Иеге бағынбай келесіңдер. Ендеше мен өлгеннен кейін одан бетер болмай ма?! | |
| Deut | Kaz | 31:28 | Барлық рубасыларың мен басқарушыларыңды маған жинап алып келіңдер! Осы сөздерімді дауыстап айтып беріп, көк пен жерді оларға қарсы айғақ болуға шақырамын. | |
| Deut | Kaz | 31:29 | Мен өлгеннен кейін сендердің азғындыққа салынып, мен өздеріңе бұйырған жолдан тайып кететіндеріңді білемін. Сондықтан болашақта бастарыңа бақытсыздық түседі. Себебі Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеп, өз қолдарыңмен жасап алған тәңірсымақтарыңмен Оның ашуын туғызасыңдар». | |
Chapter 32
| Deut | Kaz | 32:2 | Тағылымым жаусын жаңбыр тамшыларындай,Сөздерім түссін түннің мөлдір шығындай,Жас шөпке құйылған таза жаңбырдай,Көк құраққа төгілген жұмсақ нөсердей. | |
| Deut | Kaz | 32:4 | Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты,Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,Барлық жолдары Оның әділетті,Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,Әрдайым Ол әділ әрі шынайы! | |
| Deut | Kaz | 32:5 | Бірақ осы халық Оның алдындаСалынып кетті зұлым азғындыққа,Олар Оның балалары емес сонда,Қайта, азғын алдамшы ұрпақ, масқара! | |
| Deut | Kaz | 32:6 | Жаратқанның жасаған жақсылықтарынаЖауап беретін жолдарың осы ма?!О, халық-ау, ақымақ та, ақылсыз да,Ол сені жаратып, қалыптастырғанӘкең емес пе, әрі бекітіп қойған? | |
| Deut | Kaz | 32:7 | Ежелгі заманды есіңе алшы,Өткен ұрпақтар туралы толғаншы,Атаңнан сұрашы, ол саған айтып берер,Қарттарыңнан сұрашы, олар түсіндірер. | |
| Deut | Kaz | 32:8 | Адамзатты Алла Тағала таратқанда,Мұралық жерін үлестіріп әр халыққа,Исраилдің ұрпақтарының санынаСай белгіледі шекараларын сонда. | |
| Deut | Kaz | 32:10 | Ол халыққа ұшырасты айдалада,Жел ысқырып, құлазыған маң далада,Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады,Көзінің қарасындай сақтап қорғады, | |
| Deut | Kaz | 32:11 | Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған,Балапандары үстінен қалықтаған,Олар үшін қанаттарын кең жайған,Қауырсын қанатымен тасыған. | |
| Deut | Kaz | 32:13 | Ол халқын жер қыраттарына шығарды,Даланың өнімімен оны асырады,Жартастағы ұядан оған бал сорғызды,Тастақта өскен зәйтүннен май ағызды. | |
| Deut | Kaz | 32:14 | Табын-отар малының май-сүтімен,Бордақы тоқты-лақтың етіменен,Башанның ең қоңды қошқарларыменТойдырады, әрі үздік астық дәнімен. | |
| Deut | Kaz | 32:15 | Ал Ешүрун семіріп қыңырланды,Халық әбден тойынып қоң жинады,Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,Жартастай Құтқарушысынан безіп кетті. | |
| Deut | Kaz | 32:16 | Халық бөгде тәңірлерге табынды,Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,Жексұрын пұттармен қаһарландырды, | |
| Deut | Kaz | 32:17 | Құдай емес жын-періге құрбан шалды,Оларды бұрын еш біліп-танымады,Солар жаңа ғана елімізде пайда болды,Ата-бабалары олардан қорықпады. | |
| Deut | Kaz | 32:20 | Былай деп: Бұлардан жүзімді жасырамын,Көремін олардың соңының не боларын,Өйткені олар азғындаған ұрпақтарӘрі опасыз, сатқын болған балалар. | |
| Deut | Kaz | 32:21 | Құдай емес мүсіндерге табынды,Осылай қызғанышымды тұтандырды,Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылыОлардың қызғаныштарын тұтандырамын,Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтынӨзге халықпен оларды ашуландырамын! | |
| Deut | Kaz | 32:22 | Өйткені қаһарым оттай тұтанады,О дүниенің түбіне дейін жайылады,Жерді бар өнімімен бірге жалмайды,Таулардың негіздерін өртеп талқандайды. | |
| Deut | Kaz | 32:24 | Аштықтан халқым жүдеп әлсірейді,Жаппай індеттерден азап шегеді,Обадан толығымен құртылады.Жұмсаймын оларға жыртқыш аңдарды,Жерде жорғалайтын улы жыландарды. | |
| Deut | Kaz | 32:25 | Жас жігіт пен бойжеткен, емшектегі баланы,Ақ қырау басын шалған қарияны,Барлығын далада семсер өлтіреді,Үйде үрей билеп үміттерін үзеді. | |
| Deut | Kaz | 32:26 | Халқымды талқандап, таратып жіберуге,Адамзат есінен аттарын өшіругеМен әбден дайын тұрған болар едім. | |
| Deut | Kaz | 32:27 | Бірақ жау табаламасын деп жүрдім,Олар: «Жаратқан емес мұны істеген,Өз күшімізбен жеңіп шықтық!» демесін. | |
| Deut | Kaz | 32:30 | «Жартастай Қорғандары» — Жаратқанның ӨзіЖау қолына тапсырмаса Исраилді,Қалайша жаудың жалғыз жауынгеріИсраилдің мың сарбазын қуар еді?Және қалайша жаудың екі жауынгеріОн мыңдай исраилдікті қашқызар еді? | |
| Deut | Kaz | 32:31 | Себебі жаулардың «жартастай қорғандары»Біздің «Қорғанымыз» — Құдайға ұқсамайды,Бұлардың өздері соны мойындайды. | |
| Deut | Kaz | 32:32 | Олардың жүзім бұталары Содомнан,Әрі Ғомораның бақшаларынан,Піскен жүзімдері түгелдей улы,Жүзім шоқтары да сондай ащы. | |
| Deut | Kaz | 32:35 | Дейді Иеміз. — Жазалау — Менің ісім,Тиісті жазаларын тартқызамын Өзім!Кезі келгенде аяқтары таяды,Күйрейтін күндері жақындап қалды,Тағдыры зырғытып қуады оларды». | |
| Deut | Kaz | 32:36 | Тәңір Ие сотта тергейді өз халқын,Олардың күш-қуатының сарқылғанын,Құл мен еріктінің тірі қалмағанынБайқап, оларға түсірер шапағатын. | |
| Deut | Kaz | 32:38 | Шалған құрбандықтарының майын жеген,Сұйық тартуларының шарабын ішкен,Өздеріне медеу тұтып сеніп жүрген«Сондай берік жартастары» қайда екен?!Тұрсын олар, сендерге көмектессін,Бас сауғалайтын паналарың болсын! | |
| Deut | Kaz | 32:39 | Біліп алыңдар енді, Менің Өзім,Жалғыз Өзім ғана (шынайы) Құдаймын,Менен басқа құдай болмас дәйім!Өмірді алар яки қайтарар Өзіммін,Жаралап, жараны жазар да Менмін,Құтқара алмайды өз қолымнан ешкім. | |
| Deut | Kaz | 32:40 | Көкке қарай Мен қолымды созамын,Салтанатты түрде жариялаймын:Тек Мен ғана мәңгі тірі Құдаймын, | |
| Deut | Kaz | 32:41 | Жүзі жылтыр семсерімді қайраймын,Үкім орындап оны қолда ұстаймын,Бар жауымды әділдікпен жазалаймын,Мені жек көргендерге жазасын тартқызамын, | |
| Deut | Kaz | 32:42 | Жебелерімді сонда қанға маламын,Семсерім жалмайды өлетіндердің тәнін,Қаза тапқандар мен тұтқындардың қанынӘрі жау көсемдерінің бастарын». | |
| Deut | Kaz | 32:43 | Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар,Жаратқан Иенің халқымен қатар,(Бар періштелері де Оған тағзым етсін,)Себебі Ол өз қызметшілерініңҚанын төккенге жазасын тартқызадыЖәне өз халқы мен елін тазартады. | |
| Deut | Kaz | 32:44 | Мұса мен Нұн ұлы Ешуа екеуі халықтың алдына шығып, оларға осы жырдың сөздерінің барлығын естіртті. | |
| Deut | Kaz | 32:46 | оларға былай деді: «Мен бүгін сендерге нықтап айтқан осы сөздерді түгелдей жүректеріңе жазып, жаттап алыңдар! Содан бұл Таурат заңының барлық сөздерін балаларыңа үйретіп, сақтап орындауды өсиет етіңдер! | |
| Deut | Kaz | 32:47 | Сол бұйрықтар жай сөздер емес, олар сендерге (рухани игілікке толы) өмірді алып келеді. Оларды ұстанатын болсаңдар, Иорданның арғы жағындағы иемденгелі тұрған елдегі өмірлерің ұзақ болады». | |
| Deut | Kaz | 32:49 | «Моаб еліндегі Абарим қыратына, Иерихонның қарсысындағы Небо тауына көтеріл де, Мен исраилдіктерге меншікке бергелі тұрған Қанахан еліне көз жіберіп қара. | |
| Deut | Kaz | 32:50 | Сол шыққан тауыңның үстінде, Хор тауында қайтыс болған ағаң Һарон сияқты, сен де көз жұмып, ата-бабаларыңның қасына аттанасың. | |
| Deut | Kaz | 32:51 | Бұның себебі — Исраил халқының Сін даласындағы Қадештің маңында, Мерібадағы жартастан ағып шыққан судың қасында жиналып тұрғанда, екеуің исраилдіктердің көзінше Маған сенім артпай, киелі атымды қастерлемедіңдер. | |
Chapter 33
| Deut | Kaz | 33:2 | былай деді:«Жаратқан Ие келген еді Синайдан,Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан,Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан.Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандарменКелді оңтүстіктен, тау етектерінен. | |
| Deut | Kaz | 33:3 | Иә, Ием, Сен халқыңды сүйесің,Өзіңе бағышталған қасиеттілердіңБарлығы да қолыңда Өзіңнің,Бәрі жиналып аяғыңа бас ұрады,Сөздеріңді Өзіңнен қабыл алады. | |
| Deut | Kaz | 33:5 | Бас қосқанда халықтың басшылары,Олармен бірге Исраилдің рулары,Жаратқан Ие болды Ешүруннің Патшасы. | |
| Deut | Kaz | 33:6 | (Пайғамбар Рубен руына мынадай бата берді:)«Рубен руы өмір сүрсін, құрымасын,Лайым адамдарының саны азаймасын!» | |
| Deut | Kaz | 33:7 | Ал Яһуда руына арнап ол былай деді:«Уа, Жаратқан, Яһуданың даусын ести гөр,Оны халық қылып жинап әкеле гөр!Оның мүддесін қорғасын өз қолдары,Демей көрші оны жауларына қарсы!» | |
| Deut | Kaz | 33:8 | Леуі руына Мұса мынадай бата берді:«Кемелділік пен Нұр» атты жебелеріңӨзіңе адал бұл жандарда бола берсін!Уа, Ием, Маса маңында оларды сынадың,Мерібада жартастан шыққан сулардыңҚасында олармен күрескен едің. | |
| Deut | Kaz | 33:9 | Қорғау үшін сөздерің мен КелісіміңдіӘке-шешелерінің тілегін елемеді,Олар ағайындыларын да танымады,Тіпті өз балаларын да мойындамады. | |
| Deut | Kaz | 33:10 | Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді. | |
| Deut | Kaz | 33:11 | Уа, Ием, Леуінің күшін жарылқай көрші,Істеген істеріне риза бола көрші,Леуіге қарсы шыққанды күйрете гөр,Жек көрген жауларын тұрмастай жыға гөр!» | |
| Deut | Kaz | 33:12 | Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді:«Лайым Жаратқан Ие жақсы көргенРу Оның қасында тұрсын аман-есен,Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын,Таулардың беткейлерінде қоныстансын». | |
| Deut | Kaz | 33:13 | Жүсіпке Мұса мынадай бата берді:«Жаратқан Ие жарылқасын оның елін,Аспанның баға жетпес шығын түсіре берсін,Шыңырау бұлақтарын ағыза көрсін. | |
| Deut | Kaz | 33:14 | Күн көзінде пісетұғын үздік жемістерін,Ай сайын жиналатын керемет өнімдерінЖаратқан Ие ағыл-тегіл сыйлай берсін, | |
| Deut | Kaz | 33:16 | Жанып жатқан бұтаның арасынанӨзін аян еткен Иеміз ЖаратқанЖүсіпке мейірім көрсетіп, жердіңЖәне оны толтырып тұрған жан иелерініңЕң тамаша өнімдерін сыйлай көрсін.Бұл игіліктер төбесіне Жүсіптің —Бауырларының ішінен таңдаулыныңБасына әрдайым қона берсін! | |
| Deut | Kaz | 33:17 | Жүсіптің айбаты тұңғыш бұқанікіндей,Һәм күші жабайы бұқаның мүйізінікіндей,Соларымен ол күллі бөтен ұлттарды,Тіпті жердің түкпіріндегі халықтардыМүйізімен сүзгеніндей жеңіп шығады.Ефрем руының он мыңдаған адамдарыОсындай әрі Манасаның мыңдағандары». | |
| Deut | Kaz | 33:18 | Забулон (мен Исашар) жайлы Мұса пайғамбар былай деді:«Ей, Забулон, жолға шыққанда шаттаныңдар,Ал, Исашар, шатырларыңда қуаныңдар! | |
| Deut | Kaz | 33:19 | Теңіз оларды дәулетті қылады,Құмнан да олар байлық тауып алады,Ұлттарды Құдайдың тауына шақырады,Оған адал құрбандық шалып ұсынады». | |
| Deut | Kaz | 33:20 | Ғад руына ол мынадай бата берді:«Ғадтың жерін кеңейткен Ием қастерленсін!Ғад арыстандай тынығады, ал кейінЖемтігіне бас салып, паршалайды денесін. | |
| Deut | Kaz | 33:21 | Ғад өзіне ең жақсы жерді таңдап алған,Сонда басшының үлесі сақталған,Халықтың игі-жақсылары бас қосқан.Ғад Жаратқанның әділ еркін іске асырған,Исраил жайлы шешімдерін орындаған». | |
| Deut | Kaz | 33:22 | Дан руына пайғамбар мына батаны берді:«Дан руы бір жас арыстандай болады,Сол Башан аймағынан секіріп шығады». | |
| Deut | Kaz | 33:23 | Нафталим руына арнап Мұса былай деді:«Ей, Нафталим, Жаратқанның рақымы менАғыл-тегіл жарылқауына бөленген сенҒалилея көлі мен оңтүстігін иемден!» | |
| Deut | Kaz | 33:24 | Ашир руына ол мына батаны берді:«Ұлдардың ішінде Ашир мол жарылқанған,Ағайындары оны ұнатсын әрқашан,Зәйтүн майы мол ақсын әрдайым,Аяғын соған мала алсын ол лайым! | |
| Deut | Kaz | 33:25 | Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың,Берік тұрсын бекінген қалаларың,Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!» | |
| Deut | Kaz | 33:26 | «Уа, Ешүрун, ешкім ұқсамас Құдайыңа,Ол салтанатпен келеді сені қолдауға,Бұлттар үстімен жүреді аспанда. | |
| Deut | Kaz | 33:27 | Ежелден Құдай болып келеді баспанаң,Аясында боласың мәңгілік қолының,Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады,Оны жойып құртуға бұйырады, | |
| Deut | Kaz | 33:28 | Сонда Исраил аман-есен тұрады,Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,Лайым аспаннан шық түсетін болсын,Елдің наны мен шырыны молайсын! | |
Chapter 34
| Deut | Kaz | 34:1 | Мұнан кейін Мұса Моабтың елсіз алқаптарынан Иерихонның қарсысындағы Небо тауына, Писганың басына шықты. Сол жерде Жаратқан Ие оған бүкіл елді: Ғилақадтан сонау Данға дейінгі аралықты, | |
| Deut | Kaz | 34:2 | Нафталим руының қоныстанар жерінің бәрін, Ефрем мен Манасаның аймақтарын, Яһуданың барлық жерін батыстағы Жерорта теңізіне дейін, | |
| Deut | Kaz | 34:3 | оңтүстіктегі Негев даласын әрі құрма ағаштары өсетін Иерихон қаласы орналасқан алқаптан Соғар қаласына дейінгі бүкіл өңірді көрсетті. | |
| Deut | Kaz | 34:4 | Сонда Жаратқан Ие оған былай деді: «Мынау — Мен ұрпақтарыңа сыйлаймын деп Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа антпен уәде еткен ел. Оны көзіңмен көруге саған мүмкіндік бердім, ал өзің сол жаққа өтіп, елге кірмейсің». | |
| Deut | Kaz | 34:5 | Бұдан соң Жаратқан Иенің айтқан сөзіне сәйкес Оның қызметшісі Мұса сол жерде дүние салды. | |
| Deut | Kaz | 34:6 | Оның мәйіті Моаб елінде, Бет-Пеғорға қарсы жатқан алқапта қабірге қойылды. Күні бүгінге дейін Мұсаның қабірінің қайда екенін ешбір адам білмейді. | |
| Deut | Kaz | 34:7 | Мұса қайтыс болғанда жүз жиырма жаста еді. Ол көзінің нұры таймаған, тың да қайратты кісі болатын. | |
| Deut | Kaz | 34:8 | Исраилдіктер Моабтың елсіз алқаптарында Мұсаны аза тұту уақыты біткенше, отыз күн бойы қатты қайғыра жылап жоқтады. | |
| Deut | Kaz | 34:9 | Ал Нұн ұлы Ешуа Құдайдың даналық пен дарындар сыйлайтын Рухына кенелген еді. Себебі Мұса оның үстіне қолын қойып батасын берген болатын. Сондықтан исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, Ешуаның айтқанын тыңдайтын болды. | |
| Deut | Kaz | 34:10 | Бұдан былай Исраилде Мұса сияқты ұлы пайғамбар болған емес. Жаратқан Ие Мұса пайғамбармен ғана бетпе-бет қарым-қатынас жасайтын. | |
| Deut | Kaz | 34:11 | Ол Мұсаны Мысыр еліне жібергенде оған перғауынды, оның барлық нөкерлері мен елін жазалау үшін әр түрлі кереметтер мен ғажайып істерді орындатты. | |