Chapter 1
| I Ch | Kaz | 1:9 | Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан. | |
| I Ch | Kaz | 1:19 | Еберден екі ұл туды. Тұңғышының есімі Пелек («Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді. | |
| I Ch | Kaz | 1:29 | (Ажардан туған) Ысмағұлдың үрім-бұтағының тарихы мынау: тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам, | |
| I Ch | Kaz | 1:32 | Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан көрген ұлдары: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах. Жоқшанның ұлдары: Сәба, Дедан. | |
| I Ch | Kaz | 1:33 | Мадиянның ұлдары: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Ыбырайымның Кетурадан көрген ұрпақтары болатын. | |
| I Ch | Kaz | 1:36 | Елипаздың ұлдары: Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ. Елипаз Тимнадан Амалек есімді ұл көрді. | |
| I Ch | Kaz | 1:43 | Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда Едом елінде билік құрған патшалардың аты-жөндері мыналар: Беғор ұлы Бела, оның тұрған қаласының аты Дінхаба еді. | |
| I Ch | Kaz | 1:46 | Хушам қайтыс болды, оның орнына Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол мадияндықтарды Моаб жерінде жеңіп шықты. Хададтың тұрған қаласының аты Ауит болатын. | |
| I Ch | Kaz | 1:48 | Самла қайтыс болды, оның орнына Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патшалық құрды. | |
| I Ch | Kaz | 1:50 | Бағал-Ханан қайтыс болды, оның орнына Хадад патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау еді. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб болатын. | |
Chapter 2
| I Ch | Kaz | 2:1 | (Алғашқыда Жақып деп аталған) Исраилдің ұлдары: Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Забулон, | |
| I Ch | Kaz | 2:3 | Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах. Осы үш ұлы Шуа есімді қанахандық адамның қызынан туған. Яһуданың тұңғыш ұлы Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды. | |
| I Ch | Kaz | 2:4 | Кейін Яһуданың келіні Тамар оған Парес пен Зарахты туды. Яһуданың барлығы бес ұлы болды. | |
| I Ch | Kaz | 2:7 | (Зарахтың шөбересі) Қарми ұлы Ахан Жаратқан Иеге бағышталған, жойылуға тиісті заттан алып, Исраилдің басына пәле келтірді. | |
| I Ch | Kaz | 2:18 | Хесрон ұлы Халеп әйелі Азубадан мына ұлдарын сүйді: Ешер, Шобаб және Ардон. Халеп Ериоттан да бала сүйген. | |
| I Ch | Kaz | 2:21 | Кейінірек Хесрон жасы алпысқа толғанда, Ғилақадтың әкесі Махырдың қызына үйленіп, одан Сегуб есімді ұлын сүйді. | |
| I Ch | Kaz | 2:23 | Ал кейін Гешур мен Арама патшалықтары Жайырдың қоныстарын және Кенат қаласын айналасындағы елді мекендерімен бірге жаулап алды. Сол елді мекендердің жалпы саны алпыс болған. Бұларда қоныстанғандардың барлығы Ғилақадтың әкесі Махырдан тарады. | |
| I Ch | Kaz | 2:24 | Хесрон Халеп-Ефратада қайтыс болғаннан азғана уақыт өткенде, әйелі Абия оның ұлы Ашхұрды туды. Ашхұр Текояның әкесі болды. | |
| I Ch | Kaz | 2:25 | Хесронның тұңғыш ұлы Ерахмелдің ұлдары: тұңғышы Рам, ал кейінгілері Буна, Орен, Осем, Ахиях еді. | |
| I Ch | Kaz | 2:32 | Шаммайдың інісі Ядақтың ұлдары: Етер, Жонатан. Етер соңынан бала қалдырмай қайтыс болды. | |
| I Ch | Kaz | 2:42 | Ерахмелдің інісі Халептің ұлдары: тұңғышы Меса, соның ұлы Зиф, ал екінші ұлы Мареша еді, ол Хебронның әкесі болды. | |
| I Ch | Kaz | 2:46 | Халептің Ефа есімді кәнизагы Харан, Моса, Ғазезді туды. Харанның ұлының есімі де Ғазез еді. | |
| I Ch | Kaz | 2:49 | Мадманахтың әкесі Шағафты және Махбенах пен Гибеяның әкелері Шеуаны туған да сол Маха болатын. Халептің бір қызының есімі Ахса еді. | |
| I Ch | Kaz | 2:50 | Осылардың барлығы Халептің үрім-бұтағы.Ефратаның тұңғышы Һұрдың ұлдары: Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобал, | |
| I Ch | Kaz | 2:52 | Кирият-Иғарымның басқарушысы Шобалдың ұрпақтары: Хароге, Манахат тұрғындарының жартысы | |
| I Ch | Kaz | 2:53 | әрі Кирият-Иғарымды мекендеген Итір, Пұт, Шумат, Мишра атты әулеттер. Бұлардан Сора мен Ештағолдың тұрғындары тарады. | |
| I Ch | Kaz | 2:54 | Салмонның ұрпақтары: Бетлехем, Нетопат және Атырот-Бет-Жоғабтың тұрғындары, Манахат тұрғындарының қалған жартысы және Сораның тұрғындары. | |
Chapter 3
| I Ch | Kaz | 3:1 | Дәуіттің Хебронда дүниеге келген ұлдары: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. Екінші ұлы Даниял кәрмелдік Әбигелден туды. | |
| I Ch | Kaz | 3:2 | Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Төртінші ұлы — Адонияхтың шешесі Аггит, | |
| I Ch | Kaz | 3:3 | бесіншісі — Шафатияхтың шешесі Абитал, ал алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. | |
| I Ch | Kaz | 3:4 | Осы алты ұлы Дәуіттің Хебронда жеті жыл алты ай патшалық құрған кезінде туды.Бұдан кейін Дәуіт Иерусалимде отыз үш жыл патшалық құрды. | |
| I Ch | Kaz | 3:5 | Сонда дүниеге келген ұлдарының есімдері мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен. Бұл төртеуін Елиям қызы Барсабия туды. | |
| I Ch | Kaz | 3:9 | Дәуіттің ұлдары осылар, ал соларға қоса оның кәнизактарынан туған ұлдары да болды. Тамар Дәуіттің ұлдарына әпке-қарындас болатын. | |
| I Ch | Kaz | 3:10 | Дәуіт ұлы Сүлейменнен өрбіген ұрпақтар: Сүлейменнен Рохабоғам, одан Абиях, одан Аса, одан Жосапат, | |
| I Ch | Kaz | 3:15 | Жосияның ұлдары: тұңғышы Жоханан, екіншісі Жохақым, үшіншісі Седекиях, төртіншісі Шаллум. | |
| I Ch | Kaz | 3:19 | Педаяхтың ұлдары: Зоробабел, Шимей. Зоробабелдің ұлдары: Мешулам, Хананиях, олардың әпке-қарындасы: Шеломит. | |
| I Ch | Kaz | 3:20 | Зоробабелдің бұлардан басқа тағы бес ұлы: Хашуба, Оһел, Барақиях, Хасадиях, Жушап-Хесед болды. | |
| I Ch | Kaz | 3:21 | Хананияхтан өрбіген ұрпақтар: Пелатиях пен Ишая әрі Рефаяхтың, Арнанның, Абадияхтың және Шеханияхтың ұлдары. | |
| I Ch | Kaz | 3:22 | Шеханияхтың ұрпақтары: Шемаях және оның ұлдары Хатуш, Иғал, Бариях, Неариях, Шапат, барлығы алтау. | |
Chapter 4
| I Ch | Kaz | 4:2 | Шобал ұлы Реях Яхаттың әкесі болатын. Яхаттың ұлдары: Ахум, Лахад. Олардан тараған әулеттер Сораның тұрғындары болатын. | |
| I Ch | Kaz | 4:3 | Етамның ұлдары мыналар: Ізрел, Ишма, Идбаш. Олардың әпке-қарындастарының есімі — Хаселелпони. | |
| I Ch | Kaz | 4:4 | Пенуел Гедордың әкесі, ал Езер Хушаның әкесі болатын. Ефратаның тұңғышы әрі Бетлехемнің басқарушысы Һұрдың ұрпақтары осылар болатын. | |
| I Ch | Kaz | 4:6 | Нағарат Ашхұрға Ахузам, Хефер, Темни, Ахаштариды туды. Олар Нағараттың ұрпақтары болып саналатын. | |
| I Ch | Kaz | 4:9 | (Яһуда руында) Ябес есімді адам болды. Ол өз ағайындары арасында көбірек құрметтелетін. Ал анасы: «Мен оны азаппен қиналып босандым», — деп, оның атын Ябес деп қойған еді. | |
| I Ch | Kaz | 4:10 | Ябес Исраил сиынған Құдайға былай деп мінажат етті: «Мені жарылқап, тиесілі жерімнің көлемін кеңейтсең екен! Құдіретті қолыңмен маған жар бола гөр. Азапқа ұшырататын жамандықтан аулақ сақтай гөр!» Сонда Құдай Ябеске сұрағанын берді. | |
| I Ch | Kaz | 4:12 | Ештон Бет-Рафа мен Пасеахтың басқарушысы, ал Техинах Нахаш қаласының басқарушысы болды. Бұлар бұрын Рехада тұрған адамдар еді. | |
| I Ch | Kaz | 4:14 | Меонотай Офраның әкесі, Сераях Жоғабтың әкесі ал Жоғаб қолөнершілер аңғарының басқарушысы болатын. Сол жер ондағы халық қолөнермен айналысатындықтан солай аталып кетті. | |
| I Ch | Kaz | 4:17 | Езраның ұлдары: Етер, Меред, Ефер, Жалон. (Етердің) бір әйелі Мәриям, Шаммай, Ишбах есімді балаларды туды; Ишбах Ештемоғаның басқарушысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 4:18 | (Етердің) яһуди әйелі Гедордың басқарушысы Ередті, Сохоның басқарушысы Хеберді және Заноахтың басқарушысы Екутиелді туды. Меред перғауынның қызы Битияға үйленіп, одан бірнеше бала сүйді. | |
| I Ch | Kaz | 4:19 | Ходия Нахамның қарындасына үйленді. Олардың ұлдары: Кеилдің әкесі Ғарми және махалық Ештемоға. | |
| I Ch | Kaz | 4:21 | Яһуданың бір ұлы Шелах еді. Шелахтан өрбіген ұрпақтар: Леханың басқарушысы Ер, Марешаның басқарушысы Ладах, Бет-Ашбеядағы бәтес тоқушылардың әулеттері, | |
| I Ch | Kaz | 4:22 | сондай-ақ, Жоқим, Хозебаның адамдары және Моаб пен Жашуби-Лехемді басқарған Жоғас пен Сарап. Осы шежіре жазбалар ежелден қалған. | |
| I Ch | Kaz | 4:23 | Соңғы аталған адамдар Нетаим мен Гедерахты мекендеп, құмыра жасауды кәсіп қылып жүрді. Олар сонда тұрып, патшаға жұмыс істеді. | |
| I Ch | Kaz | 4:27 | Шимейден он алты ұл, алты қыз туды. Бірақ оның ағайындарында баланың саны аз еді. Сол себепті Шимон руы Яһуда руындай үлкен болмады. | |
| I Ch | Kaz | 4:31 | Бет-Марқабот, Хасар-Сусим, Бет-Біреи, Шағараим деген жерлерде де тұратын. Дәуіт патшалық құрғанға дейін осы қалалар олардың қарамағында болды. | |
| I Ch | Kaz | 4:33 | Сол қалаларға қарасты, Бағалатқа дейін орналасқан барлық елді мекендер де олардың қоныстары болды. Шимейдің ұрпақтары ата-тектерінің шежірелерін жазып алып отырды. | |
| I Ch | Kaz | 4:37 | Шемаяхтың неменесі, Шимридің шөпшегі, Едаяхтың шөбересі, Аллонның немересі, Шифидің ұлы Зизах. | |
| I Ch | Kaz | 4:38 | Осы аттары аталған адамдар әулеттердің басшылары еді. Үрім-бұтақтары кеңінен өсіп көбейгендіктен, | |
| I Ch | Kaz | 4:39 | олар малдарына жайылым жер іздеп, Герардың маңына, ондағы аңғардың шығысына қарай көшіп барды. | |
| I Ch | Kaz | 4:40 | Сол жақта олар оты мол, мал өрісіне жақсы бір жайылым тауып алды. Ол шалқыған кең, тыныш та алаңсыз жатқан жер екен. Оны Хамның кейбір ұрпақтары мекендеп келген еді. | |
| I Ch | Kaz | 4:41 | Жоғарыда есімдері аталған Шимон руының басшылары Яһуда елінің патшасы Езекияның билік құрып тұрған кезінде аттанып, хамдықтардың шатырларын және сол жерде тұрып жатқан меунилерді мүлдем жойды. Бүгінде олардың ізі де жоқ. Шимондықтар солардың жеріне қоныстанып алды, себебі онда малдарына жайылым болатын. | |
| I Ch | Kaz | 4:42 | Бірде Шимон руының бес жүз адамы Ишидің ұлдары — Пелатиях, Неариях, Рефаях, Ұзиелдің басшылығымен таулы Сейір аймағына аттанды. | |
Chapter 5
| I Ch | Kaz | 5:1 | Исраилдің тұңғыш ұлы Рубен болды. Алайда Рубен әкесінің кәнизагымен жақындасып, әке төсегін арамдағаны себепті оның тұңғыштық жолы Исраилдің басқа ұлы Жүсіптің екі ұлына берілді. Сондықтан да шежіре жазбаларында Рубен тұңғыш ұл ретінде тіркелмеген. | |
| I Ch | Kaz | 5:2 | Исраилдің он екі ұлының ішіндегі ең күштісі Яһуда болды, әрі сол рудан халықтың көсемі Дәуіт шықты. Бірақ тұңғыштық жол Жүсіптікі. | |
| I Ch | Kaz | 5:6 | одан Бегерах. Ассур патшасы Тығылат-Пеләсер рубендіктерді жер аударып алып кеткен кезде Бегерах Рубеннің басшысы болатын. | |
| I Ch | Kaz | 5:7 | Бегерахтың рулас ағайындары әулеттеріне сай шежіре жазбаларында төмендегідей болып тіркелген: рубасы Еиел, содан кейін Зәкәрия | |
| I Ch | Kaz | 5:8 | әрі Бела. Бела Азаздың ұлы, Шеманың немересі, Жоелдің шөбересі болатын.Осы рубендіктер Арогерден бастап Небо тауы мен Бағал-Меонға дейінгі аралықты мекендеді. | |
| I Ch | Kaz | 5:9 | Сол Ғилақад аймағында малдары көбейіп, олар шығысқа, Евфрат өзеніне қарай созылып жатқан шөл даланың бергі шетіне дейін қоныстанды. | |
| I Ch | Kaz | 5:10 | Саулдың патшалық құрып тұрған кезінде рубендіктер ажарлықтарға қарсы соғысып, оларды жеңіп, Ғилақад аймағынан шығыста жатқан олардың мекендерін иемденіп алды. | |
| I Ch | Kaz | 5:13 | Олардың туысқандары әулеттері бойынша мыналар: Михайл, Мешулам, Шеба, Жорай, Яқан, Зия, Ебер — барлығы жетеу. | |
| I Ch | Kaz | 5:14 | Бұлар — Әбихаилдің ұлдары. Әбихаилдің жеті атасы: Хури, Жароақ, Ғилақад, Михайл, Ешишай, Яхдо, Буз. | |
| I Ch | Kaz | 5:16 | Ғадтықтар Ғилақад пен Башанда және ондағы елді мекендерде әрі Шаронның барлық жайылым жерлерінде солардың шекараларына дейін қоныстанды. | |
| I Ch | Kaz | 5:17 | Осы есімдердің барлығы Яһуданың патшасы Жотам мен Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғамның кезінде шежіре жазбаларына енгізілген. | |
| I Ch | Kaz | 5:18 | Рубен мен Ғад руларында және Манасаның жарты руында шайқасқа жарамды ер адамдардың жалпы саны қырық төрт мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы мықты, қалқан мен семсер ұстап, садақ ата алатын, соғысқа жаттыққан адамдар болатын. | |
| I Ch | Kaz | 5:20 | Олар шайқас кезінде Құдайға дауыстап сиынғандықтан Ол соларға жар болып ажарлықтарды жақтастарымен қоса бұлардың қолдарына тапсырды. Сарбаздар Құдайға сенгендіктен, Ол мінажаттарына құлақ асты. | |
| I Ch | Kaz | 5:21 | Олар жаудың малдарын: елу мың түйе, екі жүз елу мың қой-ешкі және екі мың есек айғырын олжалап, жүз мың адамды да қолға түсіріп тұтқындады. | |
| I Ch | Kaz | 5:22 | Жаудың көптеген басқа адамдары қырылды, себебі оларға қарсы шайқасқан Құдайдың Өзі болатын.Содан әлгі үш ру сол жаулардың жерін иемденіп алды. Өздері Ассур патшалығына айдалып кеткен кезге дейін олар осы жақта тұра берді. | |
| I Ch | Kaz | 5:23 | Манасаның (Иорданның жағында қоныс тепкен) жарты руының халқы көп болатын, олар Башаннан Бағал-Хермон мен Сенірге дейінгі аймақта қоныстанды. Сенір — Хермон тауының басқа аты. | |
| I Ch | Kaz | 5:24 | Олардың әулет басшыларының аттары: Ефер, Иши, Елиел, Азриил, Еремия, Ходауиях, Яхдиел. Бұлардың барлығы мықты жауынгерлер, атақты ерлер, өз әулеттерінің басшылары болатын. | |
| I Ch | Kaz | 5:25 | Бірақ осы рулар өздерінің ата-бабалары сиынған Құдайға опасыздық жасады. Олар Құдай баяғыда құртып жіберген сол елдің халықтарының жалған тәңірлеріне құлшылық етті. | |
| I Ch | Kaz | 5:26 | Сол себепті Исраилдің Құдайы Ассурдың Пул деп те аталған Тығылат-Пеләсер патшасына ықпал жасап, патша Рубен мен Ғад руларын және Манаса руының жартысын жер аударып әкетті. Оларды (Солтүстік Месопотамиядағы) Халах, Хабор, Араға және Ғозан маңындағы Евфрат өзеніне апарып, осы күнге дейін олар сонда тұрып келеді. | |
Chapter 6
| I Ch | Kaz | 6:3 | Ымрамның балалары: Һарон, Мұса, Мәриям.(Діни қызметкер) Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар. | |
| I Ch | Kaz | 6:10 | одан Азариях. Азариях Сүлейменнің Иерусалимде тұрғызған ғибадатханасында діни қызметкер болды. | |
| I Ch | Kaz | 6:15 | Жаратқан Ие Яһуда елі мен Иерусалимнің халқын Набуходоносордың қолымен жер аударғанда Ехосадық та бірге кеткен болатын. | |
| I Ch | Kaz | 6:19 | Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши.Түп аталарына сәйкес леуіліктердің әулеттері мыналар: | |
| I Ch | Kaz | 6:29 | Мераридің үрім-бұтағындағы Мәхлиден өрбіген ұрпақтар: Мәхлиден Лібіни, одан Шимей, одан Ұза, | |
| I Ch | Kaz | 6:31 | Келісім сандығын Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіп, сондағы тұрақты орнына қойғаннан кейін Дәуіт патшаның сол жерде әнші-күйші болып, қызмет етуге тағайындаған адамдарының аттары төменде берілген. | |
| I Ch | Kaz | 6:32 | Сүлеймен патша Иерусалимде Жаратқан Иеге ғибадатхана тұрғызғанға дейін, олар әнші-күйші қызметін киелі кездесу шатырында атқарып жүрген еді. Олар бұл міндеттерін өздеріне арналған ережелер бойынша орындайтын. | |
| I Ch | Kaz | 6:33 | Қызмет еткендердің есімдері ұлдарымен қоса мыналар: қахаттық тармақтан әнші-күйші Хеман. Оның шыққан ата-тегі мынау: Хеман Жоелден, Жоел Самуилден, | |
| I Ch | Kaz | 6:39 | Хеманның оң жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Асаф болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Асаф Барақияхтан, Барақиях Шимадан, | |
| I Ch | Kaz | 6:44 | Хеманның сол жағында тұрып қызмет еткен көмекшісі Мерари тармағына жататын Етан болды. Оның шыққан ата-тегі мынау: Етан Қишидан, Қиши Әбдиден, Әбди Маллухтан, | |
| I Ch | Kaz | 6:48 | Олармен рулас өзге леуіліктер Құдайдың жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырдағы барлық басқа жұмыстарды атқаруға тағайындалды. | |
| I Ch | Kaz | 6:49 | Һарон әрі одан кейінгі ұрпақтары құрбандық өртелетін үстелде құрбандықтарды және түтету үстелінде хош иісті заттарды өртеп ұсынатын. Олар киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіндегі барлық басқа қызметтерді де атқарып, Исраил халқын жасаған күнәларының арамдығынан тазартатын. Бұл Құдайдың қызметшісі Мұса оларға берген барлық нұсқауларына сәйкес болды. | |
| I Ch | Kaz | 6:54 | Леуіліктерге белгіленген елді мекендер мен жерлер мыналар: Қахат тармағынан шыққан Һаронның ұрпақтарына бірінші жеребе түскендіктен, | |
| I Ch | Kaz | 6:56 | Бірақ Хебронға қарасты егістік жерлер мен елді мекендер Ефунне ұлы Халепке бөлініп берілді. | |
| I Ch | Kaz | 6:57 | Сонымен Һаронның ұрпақтарына Хеброн қаласы табысталды. Хеброн абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Һаронның ұрпақтарына мұнан басқа Либна, Ятир, Ештемоға, | |
| I Ch | Kaz | 6:60 | Бунямин руынан оларға (Гибеон әрі) Геба, Алемет, Анатот қалалары жайылымдарымен қоса берілді. Һаронның ұрпақтарына әулеттеріне қарай берілген осы қалалардың жалпы саны он үш болды. | |
| I Ch | Kaz | 6:61 | Қахат тармағының қалған бөлігіне Манасаның (Иорданның батыс жағындағы) жарты руының жерінен он қала жеребе бойынша тиді. | |
| I Ch | Kaz | 6:62 | Герсон тармағына әулеттеріне қарай Исашар, Ашир, Нафталим рулары және Манаса руының (шығыстағы) екінші жартысынан Башандағы он үш қала тиді. | |
| I Ch | Kaz | 6:63 | Мерари тармағына әулеттеріне қарай Рубен, Ғад, Забулон руларының жерінен он екі қала тиді. | |
| I Ch | Kaz | 6:65 | Оларға Яһуда, Шимон, Бунямин руларынан жоғарыда аты аталып өткен қалаларды жеребе бойынша үлестіріп берді. | |
| I Ch | Kaz | 6:66 | Қахат тармағының басқа да кейбір әулеттеріне Ефрем руының жерінен мына қалалар жайылымдарымен қоса бөлінді: | |
| I Ch | Kaz | 6:67 | Ефремнің таулы аймағынан: Сихем қаласы. Ол абайсызда кісі өлтіріп алғандар бас сауғалайтын қала болатын. Сол әулеттерге одан басқа Гәзер, | |
| I Ch | Kaz | 6:70 | Қахат тармағының қалған әулеттеріне Манаса руының (Қанахан еліндегі) жартысынан Анер, Билеам қалалары жайылымдарымен қоса бөлінді. | |
| I Ch | Kaz | 6:71 | Герсон тармағына мына қалалар жайылымдарымен қоса тиді: Манаса руының шығыстағы жартысынан: Башан аймағындағы Ғолан мен Аштарот; | |
| I Ch | Kaz | 6:77 | Леуіліктердің қалған тармағы — мерариліктерге мына қалалар жайылымдарымен қоса берілді: Забулон руынан: Жоқнеам, Қарта, Риммоно, Табор; | |
| I Ch | Kaz | 6:78 | Иордан өзенінің шығыс жағындағы Рубен руынан Иерихонға қарама-қарсы иен даладағы Бесер; одан басқа Жахса, | |
Chapter 7
| I Ch | Kaz | 7:2 | Толаның ұлдары: Ұззи, Рефаях, Ериел, Яхмай, Ибсам, Самуил. Олар өз әулеттерінің басшылары болды. Дәуіттің патшалық құрып тұрған кезінде Толаның ұрпақтарынан шыққан, шайқасқа жарамды ер адамдардың саны шежірелерінде жиырма екі мың алты жүз болып тіркелген. | |
| I Ch | Kaz | 7:3 | Ұззидің ұлы: Израқиях. Израқияхтың ұлдары: Михайл, Абадиях, Жоел, Ишиях. Олардың бесеуі де әулет басшылары болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:4 | Бұлардың әйелдері мен балалары көп болғандықтан, әулеттерінде шежірелеріне сәйкес отыз алты мың шайқасқа жарамды ер адам болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:5 | Шежірелердегі жазбаларға сәйкес, Исашар руындағы әулеттердің шайқасқа жарамды ер адамдарының барлығы сексен жеті мың болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:7 | Беланың ұлдары: Есбон, Ұззи, Ұзиел, Еримот, Ири. Бесеуі де әулет басшылары болды. Олардың шежірелерінде шайқасқа жарамды жиырма екі мың отыз төрт ер адам тіркелген. | |
| I Ch | Kaz | 7:8 | Бехердің ұлдары: Земирах, Жоғас, Елиезер, Елиохенай, Амри, Еремот, Абиях, Анатот, Алемет. Бехердің осы ұлдарының | |
| I Ch | Kaz | 7:9 | шежірелерінде әулеттердің басшылары және шайқасқа жарамды жиырма мың екі жүз ер адам тіркелген. | |
| I Ch | Kaz | 7:11 | Едияилдің осы ұлдарының барлығы әулет басшылары болды. Әулеттерінде шайқасқа жарамды он жеті мың екі жүз ер адам болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:13 | Нафталимның ұлдары: Яхсиел, Гуни, Есер, Шилем. Бұлар Рахиланың күтуші күңі Балханың ұрпақтары болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:14 | Манасаның ұрпақтары: Манасаның арамалық кәнизагы Асриел мен Махырды туды. Махыр Ғилақадтың әкесі болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:15 | Махыр Хупим мен Шупимнің қарындасы Махаға үйленді.Манасадан тараған тағы бір ұрпақтың аты: Салопахад; оның тек қыздары болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:16 | Махырдың әйелі Маха ұл туып, атын Переш деп қойды. Оның інісінің аты: Шереш. Шерештің Ұлам мен Рекем есімді ұлдары болды. | |
| I Ch | Kaz | 7:17 | Ұламның ұлы: Бедан. Осылар Манасаның ұрпағы Махыр ұлы Ғилақадтың ұрпақтары болып саналды. | |
| I Ch | Kaz | 7:20 | Ефремнің ұрпақтары: Ефремнің ұлы Шутелахтан Беред, Бередтен Тахат, Тахаттан Елеада, Елеададан Тахат, | |
| I Ch | Kaz | 7:21 | Тахаттан Зауад, Зауадтан Шутелах тарады.Езер, Елеад есімді екі ер адамды Ғат қаласының жергілікті тұрғындары өлтіріп тастады. Екеуі олардың малдарын айдап алып кетуге сонда ылдилап барған еді. | |
| I Ch | Kaz | 7:23 | Ефрем әйелімен жақындасып, әйелі жүкті болып, ұл туды. Шаңыраққа түскен бақытсыздыққа бола, әкесі осы ұлының атын Бериях («Бақытсыздықта») деп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 7:24 | Ефремнің Шегера есімді қызы Төменгі және Жоғарғы Бет-Хорон әрі Уззен-Шегера атты қалалардың негізін салды. | |
| I Ch | Kaz | 7:25 | (Ефремнің үрім-бұтағындағы Шутелахтан өрбіген өзге ұрпақтар: Шутелахтан) Рефах, одан Решеп, одан Телах, одан Тахан, | |
| I Ch | Kaz | 7:28 | Ефрем руының иемденген жері мен қоныстары (оңтүстігінде) Бетел мен оған қарасты елді мекендерді, шығысында Нағаранды, батысында Гәзер мен оған қарасты елді мекендерді, солтүстігінде Сихем мен оған қарасты елді мекендерді әрі Аиях пен оған қарасты елді мекендерді қамтыды. | |
| I Ch | Kaz | 7:29 | Ефремнің Манаса руының жерімен шекарасында Бет-Шан, Тағанах, Мегидо, Дор қалалары және оларға қарасты елді мекендер орналасқан еді. Осы қалаларда Исраил ұлы Жүсіптің ұрпақтары қоныстанды. | |
Chapter 8
| I Ch | Kaz | 8:6 | Гебада тұрып, ал кейін Манахатқа жер аударылған әулеттердің басшылары болған Ехудтың ұрпақтары мыналар: | |
| I Ch | Kaz | 8:7 | Нағыман, Ахиях, Гера. Оларды Гера бастап алып барды. Оның ұлдары Ұзза мен Ахихуд болатын. | |
| I Ch | Kaz | 8:11 | Шәкәрімнің бұрынғы әйелі Хушим оған Абитуб пен Елпағал есімді екі ұл туып берген болатын. | |
| I Ch | Kaz | 8:12 | Елпағалдың ұлдары: Ебер, Мишам, Шемед. Шемед Оно мен Лодты әрі Лодқа қарасты елді мекендерді салды. | |
| I Ch | Kaz | 8:13 | (Елпағалдың басқа ұлдары:) Бериях пен Шема. Осы екеуі Аялон тұрғындарының әулет басшылары болатын. Ғаттың тұрғындарын сол қаладан қуып шыққан да осылар еді. | |
| I Ch | Kaz | 8:28 | Осылардың өз әулеттерінің басшылары болғандығы шежірелерде тіркелген. Олар Иерусалимде тұрды. | |
| I Ch | Kaz | 8:30 | тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб, | |
| I Ch | Kaz | 8:32 | Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды. | |
| I Ch | Kaz | 8:33 | Нердің ұлы: Қиш, Қиштың ұлы: Саул (патша). Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал. | |
| I Ch | Kaz | 8:36 | Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы: Моса. | |
| I Ch | Kaz | 8:38 | Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді. | |
Chapter 9
| I Ch | Kaz | 9:1 | Бүкіл Исраил халқы осылай шежірелерінде тіркелді. Сол шежірелері «Исраил патшаларының кітабында» жазылды. Ал кейін Яһуда патшалығының халқы Жаратқан Иеге опасыздық жасағандарының кесірінен Бабыл еліне жер аударылды. | |
| I Ch | Kaz | 9:2 | Бабылдан қайтып келгеннен кейін алғашқы болып өз қалаларында қайта қоныстанып, мұралық жерлерін иемденгендер кейбір исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер және ғибадатхана жұмыстарын атқарушы қызметшілер болды. | |
| I Ch | Kaz | 9:4 | Утай Амихудтың ұлы, Амридің немересі, Имридің шөбересі, Банидың шөпшегі болатын. Олар Яһуда ұлы Парестің ұрпақтары. | |
| I Ch | Kaz | 9:6 | Яһуданың немересі Зарахтың ұрпақтарынан: Еуел және оның бауырлары. Яһуда руының Бабылдан қайтып келгендерінің саны — алты жүз тоқсан. | |
| I Ch | Kaz | 9:7 | Бунямин руынан: Саллу Мешуламның ұлы, Ходауияхтың немересі, Сенуаның шөбересі еді. Саллудан басқа: | |
| I Ch | Kaz | 9:8 | Ерохамның ұлы Ибнеях; Ұззидің ұлы, Михридің немересі; Ела, Шафатияхтың ұлы, Рәгуелдің немересі, Ибнияхтың шөбересі Мешулам. | |
| I Ch | Kaz | 9:9 | Шежірелерінде жазылғандай, Бабылдан оралған буняминдіктердің саны: тоғыз жүз елу алты. Осы адамдардың барлығы өз әулеттерінің басшылары болды. | |
| I Ch | Kaz | 9:11 | Азариях. Азариях Хелкияның ұлы, Мешуламның немересі, Садықтың шөбересі, Мерайоттың шөпшегі, Ахитұбтың неменесі еді. Ахитұб Құдайдың ғибадатханасының басқарушысы болған. | |
| I Ch | Kaz | 9:12 | Адаях Ерохамның ұлы, Пашхурдың немересі, Малқияхтың шөбересі, ал Мағасай Адиелдің ұлы, Яхзераның немересі, Мешуламның шөбересі, Мешілемиттің шөпшегі, Имердің неменесі еді. | |
| I Ch | Kaz | 9:13 | Әулет басшысы болған діни қызметкерлердің саны: мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы қолдарынан іс келетін, Құдайдың ғибадатханасында жұмыс атқарған адамдар еді. | |
| I Ch | Kaz | 9:14 | Леуіліктердің оралғандары: Шемаях Хашубтың ұлы, Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі еді. Олар Мерари тармағына жататын. | |
| I Ch | Kaz | 9:15 | Сондай-ақ, Бақбақар, Хереш, Ғалал, Маттаниях. Маттаниях Миханың ұлы, Зіхридің немересі, Асафтың шөбересі еді. | |
| I Ch | Kaz | 9:16 | Абадиях Шемаяхтың ұлы, Ғалалдың немересі, Едутунның шөбересі еді. Барақиях нетопаттықтардың елді мекендерінде тұрған Елқанахтың немересі, Асаның ұлы еді. | |
| I Ch | Kaz | 9:17 | Қақпа күзетшілерінен Бабылдан қайта оралғандары: Шаллум, Ақуб, Талмон, Ахиман және олардың ағайындары. Қақпа күзетшілерінің басшысы Шаллум болатын. | |
| I Ch | Kaz | 9:18 | Бұлар ғибадатхананың шығыс жағындағы Патша қақпасында осы күнге дейін қызмет атқарып келеді. Олар, сондай-ақ, леуіліктердің мекендерінің де қақпа күзетшілері. | |
| I Ch | Kaz | 9:19 | Шаллум Қоренің ұлы, Әбиясафтың немересі, Қорахтың шөбересі еді. Шаллум мен оның әулетіне жататын қақпа күзетшілері қайта тұрғызылған киелі үйдің кіреберістерін қарауылдауға міндетті болды. Ежелде олардың ата-бабалары да Жаратқан Иенің (жер бетіндегі) тұрағының кіреберістерін күзеткен болатын. | |
| I Ch | Kaz | 9:20 | Баяғы заманда (діни қызметкер) Елазар ұлы Пінехес қақпа күзетшілерін басқарып, Жаратқан Ие онымен бірге болып жар болған еді. | |
| I Ch | Kaz | 9:22 | Жалпы, қақпа күзетшілерінің саны — екі жүз он екі. Олар өздерінің елді мекендерінде шыққан ата-тектері бойынша тіркелді. Дәуіт және Самуил пайғамбар осы қақпа күзету қызметін атқаруға (олардың ата-бабаларын) сенімділіктеріне бола таңдап алған болатын. | |
| I Ch | Kaz | 9:23 | Содан олардың өздері де, кейінгі ұрпақтары да Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қақпаларды күзетіп жүрді. Осы киелі үй бұрынғы киелі шатырдың орнын басқан еді. | |
| I Ch | Kaz | 9:24 | Қақпа күзетшілері ғибадатхананың төрт жағында: шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстікте тұратын. | |
| I Ch | Kaz | 9:25 | Олардың елді мекендерінде тұратын руластары кезекпен келіп, жеті күндік қызмет ету мерзімдерін атқарып кетуге тиіс болды. | |
| I Ch | Kaz | 9:26 | Сол басты төрт қақпаның леуілік күзетшілеріне зор аманат тапсырылды. Олар Құдайдың киелі үйіндегі бөлмелер мен қазыналардың үстінен қарайтын. | |
| I Ch | Kaz | 9:27 | Бұларға Құдайдың киелі үйін күзету жүктелгендіктен, олар оның айналасында түнеп шығып, күн сайын таңертең оның қақпаларын ашуға міндетті болды. | |
| I Ch | Kaz | 9:28 | Леуіліктердің кейбіреулері ғибадатханадағы қызметтерде қолданылатын ыдыстар мен құрал-жабдықтар үшін жауапты болды. Сол қызметшілер ыдыстар мен құрал-жабдықтарды әкелініп, әкетілген кездерінде түгендеп санайтын. | |
| I Ch | Kaz | 9:29 | Басқаларына киелі үйдегі жиһаздар мен барлық басқа аспаптарға әрі таңдаулы ұн, шарап, зәйтүн майы, түтетілетін хош иісті заттарға және дәмдеуіштерге күтім жасау жүктелді. | |
| I Ch | Kaz | 9:30 | Ал хош иісті заттар мен иісмайды араластырып дайындаумен діни қызметкерлердің кейбіреулері ғана айналысты. | |
| I Ch | Kaz | 9:31 | Қорахтың ұрпағы Шаллумның тұңғышы Мататиях есімді леуілік табада пісіріліп, тарту ретінде ұсынылатын нанды дайындауды басқарды. | |
| I Ch | Kaz | 9:32 | Қахаттық тармаққа жататын олардың ағайындарының кейбіреулеріне әр демалыс күні ерекше нанды пісіріп, арнайы үстелге ұсынып қою міндеті жүктелді. | |
| I Ch | Kaz | 9:33 | Әнші-күйшілер және леуілік әулет басшылары ғибадатхананың жанындағы бөлмелерде тұратын. Олар қызметтерін кезекпен күні-түні атқаратындықтан, қызметтің басқа түрлерінен босатылды. | |
| I Ch | Kaz | 9:34 | Осылардың барлығы шежірелерінде жазылғандай, леуілік әулеттердің басшылары болды. Бұл жетекшілер Иерусалимде тұратын. | |
| I Ch | Kaz | 9:36 | тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб, | |
| I Ch | Kaz | 9:38 | Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды. | |
| I Ch | Kaz | 9:39 | Нердің ұлы Қиш, Қиштың ұлы Саул (патша) еді. Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал. | |
| I Ch | Kaz | 9:42 | Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы Моса еді. | |
Chapter 10
| I Ch | Kaz | 10:1 | (Саул патшаның соңы былай болды:) Бірде філістірлер Исраилдің жасағына қарсы соғысқанда, исраилдіктер олардан қашып, көбі Гелбуе тауында қаза тапты. | |
| I Ch | Kaz | 10:2 | Філістірлер Саул мен оның ұлдарының соңына түсіп, ақыры ұлдары Жонатан, Әминадап, Мәлхисуаны өлтірді. | |
| I Ch | Kaz | 10:3 | Саулдың айналасындағы шайқас қатты күшейе түсті. Садақшылардың жебелері дәл тиіп, оны ауыр жарақаттады. | |
| I Ch | Kaz | 10:4 | Саул өзінің қару-жарақ тасушы нөкеріне: «Семсеріңді суырып, маған сұғып ал! Мына құдайсыздар келіп, маған білгендерін істеп масқара қылмасын!» — деп бұйырды. Бірақ нөкері қатты қорқып, бұны істеуден бас тартты. Сонда Саул өз семсерін суырып алып, оны өзіне қаратып үстіне құлап түсті. | |
| I Ch | Kaz | 10:6 | Осылайша бір-ақ күнде Саул мен оның үш ұлы да қаза тауып, Саулдың әулеті түгелімен дерлік құрып кетті. | |
| I Ch | Kaz | 10:7 | Ізрел аңғарындағы күллі исраилдіктер Исраилдің жасағының қашқанын әрі Саулдың ұлдарымен қоса мерт болғанын білгенде, олар тұрып жатқан қалаларын тастап, қаша жөнелді. Ал філістірлер келіп, сол қалаларға қоныстанып алды. | |
| I Ch | Kaz | 10:8 | Келесі күні філістірлер қаза тапқандарды тонауға келгенде, Гелбуе тауында өліп жатқан Саул мен оның үш ұлының мәйіттеріне тап болды. | |
| I Ch | Kaz | 10:9 | Жасақшылар Саулдың сауытын сыпырып, басын шауып алды әрі барлық қару-жарағын иемденді. Осы хабарды бүкіл філістір еліне, олардың табынатын жалған тәңірлерінің мүсіндеріне және халық арасына тарату үшін шабармандарын жіберді. | |
| I Ch | Kaz | 10:10 | Філістірлер Саулдың қару-жарағын тәңірсымақтарының ғибадатханасына сақтап қойып, басын Дагон есімді жалған тәңірдің ғибадатханасының ішіне іліп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 10:11 | Бірақ (кезінде Саул жаудың зұлымдығынан құтқарып алған) Ғилақадтағы Ябес қаласының күллі тұрғындары філістірлердің Саулға істеген бүкіл қорлығы туралы естіді. | |
| I Ch | Kaz | 10:12 | Қаланың мықты деген ер азаматтарының бәрі де жолға жиналып, (Бет-Шан қамалына барды. Сонда) олар Саул мен оның ұлдарының мәйіттерін қолға түсіріп, Ябеске алып келді. Содан олар сүйектерін Ябесте бір үлкен ағаштың түбіндегі қабірге қойып, жеті күн бойы ораза ұстап, мерт болғандарды жоқтады. | |
| I Ch | Kaz | 10:13 | Саул Жаратқан Иеге опасыздық жасап, бағынбай кеткендіктен өлді. Ол тіпті аруақ шақырушы сәуегейден кеңес сұраған болатын, | |
Chapter 11
| I Ch | Kaz | 11:1 | Содан Исраилдің бүкіл халқының өкілдері кейінірек Хеброндағы Дәуіттің қасына жиналып келіп, оған былай деді:— Сөзімізге құлақ сала көріңіз: сіздің ет жақын туыстарыңызбыз. | |
| I Ch | Kaz | 11:2 | Біраз уақыт бұрын, Саул әлі де патшалық құрған кезде, бүкіл Исраилді жорықтарға бастап жүрген өзіңіз болатынсыз! Сіздің Құдайыңыз Жаратқан Ие де сізге: «Менің халқым Исраилді бағатын әрі Исраил еліне басшылық ететін сен боласың», — деп айтқан еді. | |
| I Ch | Kaz | 11:3 | Осылай Исраилдің күллі рубасылары Дәуіт патшаға келіп, ол солармен Хебронда Жаратқан Иенің алдында келісім жасады. Бір кезде Жаратқан Ие Самуил пайғамбар арқылы алдын ала айтқандай, олар енді Дәуітке май жағу рәсімін орындап, оны Исраилдің патшасы етіп бекітті. | |
| I Ch | Kaz | 11:4 | Бірде Дәуіт және Исраилдің бүкіл жасағы Ебус деп те аталған Иерусалимге аттанды. Сол қалада тұрған ебустіктер | |
| I Ch | Kaz | 11:5 | Дәуітті мазақтап: «Мұнда ешқашан кірмейсің!» — деді. Алайда Дәуіт Сион төбесіндегі қорғанды басып алып үлгерді; ол қазір «Дәуіттің шаһары» деп аталады. | |
| I Ch | Kaz | 11:6 | Дәуіт былай деп сөз берген болатын: «Ебустіктерге бірінші болып шабуыл жасап, оларды жеңіп шыққан адамды қолбасшы әрі әмірші етіп тағайындаймын!» — Сонда Сарұяның ұлы Жоғаб Ебуске бірінші болып көтеріліп, жеңіп шықты. Сондықтан ол қолбасшы болды. | |
| I Ch | Kaz | 11:7 | Дәуіт осы қорғанда орналасып, соны мекендеді. Сол себепті ол «Дәуіттің шаһары» деп те аталып келеді. | |
| I Ch | Kaz | 11:8 | Кейін Дәуіт қаланы оның саты тәрізді беткейінен бастап қорғанды айналдыра қоршаған қамал қабырғасына дейін бекітіп салғызды. Жоғаб болса қаланың қалған бөліктерін қайтадан тұрғызды. | |
| I Ch | Kaz | 11:10 | Дәуіттің батырларының басшылары төменде аталғандар болды. Олар бүкіл Исраилмен бірге Оның патшалық құруына күшті қолдау беріп, соның арқасында Дәуіттің билігі бүкіл елге жүрді. Бұл Жаратқан Иенің берген уәдесіне сәйкес еді. | |
| I Ch | Kaz | 11:11 | Сонымен Дәуіттің батырларының тізімі мынау:Ахамани ұлы Яшобам, ол Үш батырдың басшысы болды. Бір шайқаста ол үш жүз жау сарбазын сүңгісімен түйреп өлтірген еді. | |
| I Ch | Kaz | 11:13 | Філістірлер Пас-Даммим деген жерде шайқасқа жиналып тұрғанда Елазар Дәуіттің қасында жүрді. Шайқас арпа өсіп тұрған егістікте басталып, исраилдік сарбаздар філістірлерден қаша жөнелді. | |
| I Ch | Kaz | 11:14 | Бірақ Елазар мен Дәуіт егіс даласының ортасында берік тұрып алып, оны қорғап, філістірлерді оңды-солды қыра берді. Осылайша Жаратқан Ие оларға үлкен жеңіс сыйлап, халықты жаудан құтқарды. | |
| I Ch | Kaz | 11:15 | Бірде філістірлердің жасағы Рефаим аңғарында қостарын тіккен соң, Отыз басты жауынгердің үшеуі Адуллам үңгірінің маңайындағы жартасты паналап тұрған Дәуітке келді. | |
| I Ch | Kaz | 11:16 | (Оның туып-өскен) Бетлехем қаласында да філістір қарауылдары орналасқан болатын. Ал Дәуіт жасырынып, бекінуге ыңғайлы таулы жерде жүрді. | |
| I Ch | Kaz | 11:17 | Дәуіт адамдарына: «Шіркін, маған біреу Бетлехемдегі қала қақпасының жанындағы құдықтан су әкеліп берсе ғой!» — деген аңсауын білдірді. | |
| I Ch | Kaz | 11:18 | Сонда үш батыр філістір әскер қостарынан білдіртпей өтіп, Бетлехем қақпасының жанындағы құдықтан су тартып алып, оны Дәуітке әкелді. Бірақ Дәуіт суды ішкісі келмей, оны Жаратқан Иеге тарту ретінде ұсынып төгіп тастады да, | |
| I Ch | Kaz | 11:19 | былай деді: «Құдай мені мұны істеуден сақтай көрсін! Мен бұл суды қалай ішемін? Ол бастарын өлімге тігіп, оны алып келген мына адамдардың қаны іспетті ғой!» — Сондықтан Дәуіт суды ішпеді. Міне, сол үш батырдың ерлік істері осындай болды. | |
| I Ch | Kaz | 11:20 | Жоғабтың інісі Әбішай Отыз батырдың басшысы еді. Әбішай сүңгісімен үш жүз жауын түйреп өлтіріп, Үш батырдікіндей атақты иемденді. | |
| I Ch | Kaz | 11:21 | Басқа Отыз батырдан да даңқты болып, оларға басшылық еткенмен, Әбішай Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. | |
| I Ch | Kaz | 11:22 | Кәбіселдік Еходай ұлы Бенаях та ерлік істер жасаған мықты жауынгер болды. Арыстандай күшті екі моабтық жауынгердің көздерін жойған сол еді. Қар жауып тұрған бір күні Бенаях ұраға түсіп, оның ішіндегі арыстанды өлтірді. | |
| I Ch | Kaz | 11:23 | Бенаях бойы бес шынтақ бір алып мысырлықтың да көзін құртты. Сол мысырлықтың қолында бақандай жуан сүңгісі болды, бірақ Бенаях оған қарсы бір таяқпен ғана шығып, мысырлықтың қолынан сүңгісін тартып алып, оны сонысымен түйреп өлтірді. | |
| I Ch | Kaz | 11:25 | Отыз батырдың ішіндегі ең даңқтысы сол еді, алайда ол Үш батырдың дәрежесіне жете алмады. Дәуіт Бенаяхты өзінің ұлан бөлімдерінің басшысы етіп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 11:26 | Мықты батырлар мыналар болатын:Жоғабтың туған інісі Асахил, бетлехемдік Додо ұлы Елханан, | |
| I Ch | Kaz | 11:42 | рубендік Шиза ұлы Адина; рубендіктердің рубасы болған оның қасында отыз сарбазы еріп жүретін; | |
Chapter 12
| I Ch | Kaz | 12:1 | Дәуіт (өзі патшалық құрмастан бұрын) Қиш ұлы Саулдан аулақ жүруге мәжбүр болды. Сол кезде мына адамдар Сикеләгке келіп, оған қосылды. Дәуітті шайқаста қолдаған осы мықты сарбаздар | |
| I Ch | Kaz | 12:2 | оң қолмен де, сол қолмен де садақ тартып, сақпанмен тас та ата беретін. Бұлар буняминдік Саулдың рулас туысқандары еді. | |
| I Ch | Kaz | 12:3 | Олардың басшысы гибеялық Шемағахтың ұлы Ахиезер болатын. Оның інісінің есімі — Жоғас. Өзге сарбаздар Азмауеттің ұлдары Езиел мен Пелет, сондай-ақ Бераха және анатоттық Еһу еді. | |
| I Ch | Kaz | 12:4 | Отыз батырдың ішіндегі мықты жауынгер әрі олардың басшысы болған гибеондық Ишмаях, сондай-ақ Еремия, Яхазиел, Жоханан, гедерахтық Жозабад, | |
| I Ch | Kaz | 12:8 | Дәуіт өзінің елсіз даладағы бекінісінде болған кезінде, Ғад руының бірнеше адамы оның жағына өтті. Олар шайқасқа дайындалған, қалқанмен және сүңгімен соғыса алатын мықты да батыл сарбаздар болатын. Олардың келбеттері арыстандай айбынды, өздері тау ешкісіндей жылдам еді. | |
| I Ch | Kaz | 12:14 | Осы ғадтықтар жасақтағы басшылар болды. Олардың осал дегендері жүз, ал мықтылары мың адамға қарсы тұра алатын. | |
| I Ch | Kaz | 12:15 | Көктемде Иордан өзені арнасынан шығып тасып жатқанда оны кесіп өтіп, батыс пен шығыстағы барлық аңғарлардың тұрғындарын бас сауғалап қашуға мәжбүр еткен осы ғадтық сарбаздар болатын. | |
| I Ch | Kaz | 12:16 | Одан бұрын Бунямин мен Яһуда руларының кейбір адамдары да таудағы бекіністі паналаған Дәуітке келген болатын. | |
| I Ch | Kaz | 12:17 | Сонда Дәуіт олардың алдарынан шығып, былай деді: «Егер мені қолдамақ болып ақ ниетпен келіп отырсаңдар, онда жанымыз да, жүрегіміз де бір боламыз. Ал егер ешкімге зорлық көрсетпеген маған сатқындық жасап жауларыма ұстап беруге келген болсаңдар, онда ата-бабаларымыз сиынған Құдай мұны көріп, үкімін Өзі шығарсын!» | |
| I Ch | Kaz | 12:18 | Сонда олардың біреуі, кейін Отыз батырдың басшысы болған Амасай, Киелі Рухқа бөленіп, былай деді:«Уа, Дәуіт, біз сендікпіз,Уа, Есей ұлы, сенің жағыңдамыз,Саған амандық пен тыныштық сыйласын,Сені қолдағандарға да амандық болсын,Себебі Құдай — сенің Қолдаушың!»Сонда Дәуіт оларды қабылдап, өзінің шабуылшы топтарының басшылары етіп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 12:19 | Кейінірек Дәуіт філістірлермен бірге Саулға қарсы шайқасуға барған кезде Манаса руының кейбір адамдары Дәуіттің жағына өтті. Расында Дәуіт філістірлерді сол соғыста қолдаған емес, себебі філістір әміршілері өзара кеңесіп: «Дәуіт Саулдың жағына шығып кетіп, өздеріміз басымыздан айырылып жүрерміз», — деп, Дәуітті кері қайтарып жіберді. | |
| I Ch | Kaz | 12:20 | Дәуіт Сикеләгке келгенде, Манаса руының оның жағына шығып кеткен адамдары мыналар болды: Аднах, Жозабад, Едияил, Михайл, Жозабад, Еліху, Силтай. Олар Манаса руының мыңбасылары еді. | |
| I Ch | Kaz | 12:21 | Мықты да батыл сарбаздар болған олар Дәуіттің жасағының басшылары ретінде қызмет атқарып, оған қарақшылар топтарына қарсы күресуге көмектесті. | |
| I Ch | Kaz | 12:22 | Күн өткен сайын Дәуіттің жасағына жаңа адамдар қосылып отырды, ақырында оның сарбаздарының тұрағы Құдайдың әскеріне ұқсаған қалың қолға айналды. | |
| I Ch | Kaz | 12:23 | Хеброн қаласында Дәуітке келіп қосылған, шайқасқа жарақталған адамдардың саны төмендегідей. Олар Жаратқан Иенің берген сөзіне сай патшалық биліктің Саулдан Дәуітке өтуіне атсалыспақ болды. | |
| I Ch | Kaz | 12:27 | (солардың арасында) Һаронның әулетінің басшысы Еходайға үш мың жеті жүз адам еріп жүрді, | |
| I Ch | Kaz | 12:28 | әрі Садық есімді жас та ержүрек сарбаз бен оның әулетінен шыққан жиырма екі басшы да болды; | |
| I Ch | Kaz | 12:29 | Саулдың руластары: Бунямин руының үш мың адамы. Буняминдіктердің басым көпшілігі сол кезге дейін Саулдың әулетінің мүдделерін қорғап келген болатын. | |
| I Ch | Kaz | 12:30 | Ефрем руынан: жиырма мың сегіз жүз адам, олар өз әулеттерінде атағы жайылған ержүрек сарбаздар еді; | |
| I Ch | Kaz | 12:31 | Манаса руының (Қанахандағы) жартысынан: он сегіз мың адам, олар Дәуітті патша етуге атсалысу үшін есімдері аталып тағайындалғандар болатын. | |
| I Ch | Kaz | 12:32 | Исашар руынан: екі жүз басшы. Олар заманның ағымын және Исраилдің не істеуге тиіс екендігін түсінетін адамдар болатын. Барлық руластары олардың айтқандарын орындап жүрді. | |
| I Ch | Kaz | 12:33 | Забулон руынан: қару-жарақтың бар түрімен жабдықталып, шайқасқа сап түзеп шығатын елу мың адам. Олар Дәуітті шын жүректен қолдап жүрді. | |
| I Ch | Kaz | 12:34 | Нафталим руынан: бір мың басшы әрі қалқанмен және сүңгімен қаруланған отыз жеті мың адам. | |
| I Ch | Kaz | 12:37 | Иордан өзенінің шығысында қоныстанған Рубен, Ғад рулары және Манаса руының жартысынан: қару-жарақтың бар түрімен жабдықталған жүз жиырма мың адам. | |
| I Ch | Kaz | 12:38 | Осылардың бәрі сап түзеп шайқасқа шығуға дайын сарбаздар болатын. Олар шын жүректен Дәуітті бүкіл Исраил елінің патшасы етіп бекітуге бел байлап, Хебронға келді. Қалған исраилдіктер де Дәуітті патша етіп бекітуге бірауыздан келісті. | |
| I Ch | Kaz | 12:39 | Хебронға келгендер сол жерде Дәуітпен бірге үш күн болып, ішіп-жеп тойлады. Яһуди ағайындары олар үшін тамақ дайындап қойған еді. | |
| I Ch | Kaz | 12:40 | Сонымен қатар көршілес рулар, тіпті алыстағы Исашар, Забулон, Нафталим рулары да есек, түйе, қашар және өгіздерге тиеп азық-түлік алып келген болатын. Содан ұнның, кептірілген інжір жемістері мен мейіздің, шарап пен зәйтүн майының қорлары және ірілі-ұсақты малдар өте мол болды. Осылайша Исраил халқы қуаныш пен шаттыққа бөленді. | |
Chapter 13
| I Ch | Kaz | 13:2 | Содан ол Исраилдің бүкіл қауымына былай деп жариялады:— Егер бұл сендерге ұнамды және Құдайымыз Жаратқан Иенің еркіне сай болса, онда біз бүкіл Исраил елінің барлық жерлеріндегі өзге ағайындарымызға әрі қалалары мен елді мекендерінде тұрып жатқан діни қызметкерлер мен леуіліктерге хабар жіберейік. Олар да келіп, бізге қосылсын. | |
| I Ch | Kaz | 13:3 | Құдайымыздың Келісім сандығын өзімізге қайтарып алып келейік! Себебі Саулдың заманында біз оған тиісті көңіл бөлген жоқпыз. — | |
| I Ch | Kaz | 13:4 | Бүкіл жиылған жамағат:— Солай болсын! — деп келісті. Өйткені халықтың бәрі мұны құп көрді. | |
| I Ch | Kaz | 13:5 | Осылайша Дәуіт Мысырдағы Шихор өзенінен солтүстіктегі Лебо-Хаматқа дейін мекендеп жатқан бүкіл Исраил халқын Келісім сандығын Кирият-Иғарымнан алып келуге жинады. | |
| I Ch | Kaz | 13:6 | Содан Дәуіт пен барлық исраилдіктер Бағалаға, яғни Яһуданың жеріндегі Кирият-Иғарымға, барды. Олар сол қаладан Құдай Иенің Келісім сандығын Иерусалимге алып келмек болды. Сандық Жаратқан Иеге бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан. | |
| I Ch | Kaz | 13:7 | Дәуіт пен оның адамдары Құдайдың сандығын жаңа арбаға қойып, Абинадаптың үйінен алып шықты. Ұза мен Ахио арбаға жегілген өгіздерді айдап жүрді. | |
| I Ch | Kaz | 13:8 | Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы Құдайдың алдында жан сала би билеп, жетіген, шертер, даңғыра, дабыл және кернейлерде ойнап, қуана әндетіп келе жатты. | |
| I Ch | Kaz | 13:9 | Салтанатты шеру Хидонның астық бастыратын қырманына жеткен кезде өгіздер арбаны сілкіп қалып, сандықты қисайтып жіберді. Құлап қалмауы үшін Ұза қолын созып, Келісім сандығын ұстай қалды. | |
| I Ch | Kaz | 13:10 | Сонда Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға қарсы лап етті. Еркінсіп сандыққа қолын тигізгені үшін Құдай оны жазалап, Ұза сол бойда Құдайдың алдында жан тапсырды. | |
| I Ch | Kaz | 13:11 | Жаратқан Иенің қаһары Ұзаға «бұзып-жара» төгілгендіктен, Дәуіт қатты абыржып қайғырды. Сол себепті ол осы жерге Пәрес-Ұза («Ұзаны бұзып-жарған») деген ат қойды. Бұл жер қазірге дейін солай аталып келеді. | |
| I Ch | Kaz | 13:12 | Дәуіт сол күні: «Құдайдың Келісім сандығын қасыма қалайша әкеле аламын?» деп уайымдап, Құдайдан қорықты. | |
| I Ch | Kaz | 13:13 | Сондықтан ол Келісім сандығын өзінің шаһарына әкелмей, ғаттық Ғабит-Едомның үйіне апарып қойды. | |
Chapter 14
| I Ch | Kaz | 14:1 | Тир патшасы Хирам Дәуітке елшілерін, сондай-ақ самырсын бөренелерін, тас қалаушылар мен ағаш ұсталарын да жіберді. Осы мамандар Дәуітке сарай салып берді. | |
| I Ch | Kaz | 14:2 | Сонда Дәуіт Исраилдің үстінен патша болуға өзін Жаратқан Иенің бекіткенін, әрі халқы Исраилдің игілігі үшін патшалық мәртебесін көтергенін түсінді. | |
| I Ch | Kaz | 14:4 | Оның Иерусалимде дүниеге келген балаларының аттары мыналар: Шаммуа, Шобаб, Натан, Сүлеймен, | |
| I Ch | Kaz | 14:8 | Дәуіттің бүкіл Исраилдің үстінен патша болып тағайындалғанын естіген соң, барлық філістір жасақшылары Дәуітті іздеуге шықты. Бұл туралы хабар алған Дәуіт астананы тастап, оларға қарсы аттанды. | |
| I Ch | Kaz | 14:10 | Дәуіт Құдайдан:— Філістірлерге қарсы өрлеп шығайын ба? Оларды жеңіп шығуыма қол жеткіздіресің бе? — деп сұрады. Жаратқан Иенің жауабы мынау болды:— Өрлеп шық! Мен оларды сенің қолыңа тапсырамын! | |
| I Ch | Kaz | 14:11 | Сонымен Дәуіт Бағал-Перасимге өрлеп барып, філістірлерді сол жерде күйрете жеңді. Ол: «Су тасқыны жолындағының бәрін жайпайтынындай, Құдай да менің қолым арқылы жау саптарын бұзып-жарды!» — деді. Сондықтан сол жер Бағал-Перасим («Иенің бұзып-жарғаны») деп аталып кетті. | |
| I Ch | Kaz | 14:12 | Філістірлер қашқанда сол жерге өздерінің табынатын тәңірсымақтарын тастап кеткен еді. Дәуіттің әмірімен сол мүсіндер өртеліп жіберілді. | |
| I Ch | Kaz | 14:14 | Дәуіт қайтадан Құдайдың еркін сұрағанда, Құдайдың жауабы мынау болды: «Оларға тікелей қарсы аттанбай, айналып өтіп, арт жағынан тұт ағаштарының алдынан кенеттен тап бер! | |
| I Ch | Kaz | 14:15 | Сен тұт ағаштарының үстінен басқан қадамдардың дыбысын естіген кезде шайқасқа аттан! Бұл, Құдайдың філістірлердің жасағын шабу үшін сенің алдыңа шыққанын білдіреді». | |
| I Ch | Kaz | 14:16 | Құдай нені бұйырса, Дәуіт солай істеді. Содан олар філістірлердің жасағын Гибеоннан тіпті Гәзерге дейін қырып-жойды. | |
Chapter 15
| I Ch | Kaz | 15:1 | Дәуіт патша «Дәуіттің шаһары» деп аталатын Иерусалимнің көне қорғанында өзіне арнап бірнеше үй салып алды. Ол Құдайдың Келісім сандығына да бір орынды дайындап, шатыр тігіп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 15:2 | Сол кезде Дәуіт былай деп әмір етті: «Құдайдың Келісім сандығын тек леуіліктер ғана көтеріп жүрсін! Себебі Жаратқан Ие Келісім сандығын көтеріп, Өзіне әрқашан қызмет етуге тек леуіліктерді ғана таңдап алған!» | |
| I Ch | Kaz | 15:3 | Дәуіт Жаратқан Иенің сандығын өзі дайындап қойған жерге алып келу үшін бүкіл Исраил халқын Иерусалимге шақырды. | |
| I Ch | Kaz | 15:11 | Содан соң Дәуіт Садық пен Абиятар есімді діни қызметкерлерді және Ұриел, Асаях, Жоел, Шемаях, Елиел, Әминадап есімді леуілік басшыларды қасына шақырып алды. | |
| I Ch | Kaz | 15:12 | Патша оларға нұсқау беріп былай деді: «Сендер леуілік әулеттердің басшыларысыңдар. Өздерің де, басқа леуіліктер де арамдық атаулыдан арылып тазару рәсімінен өтіңдер! Содан соң Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің Келісім сандығын алып, оны мен сол үшін дайындап қойған орынға апарыңдар! | |
| I Ch | Kaz | 15:13 | Бірінші кезде оны өздерің алып жүрмегендіктен, Құдайымыз Жаратқан Иенің қаһары бізге лап етті ғой. Оны ереже бойынша қалай алып келу керектігін Құдайдан сұраған жоқ едік». | |
| I Ch | Kaz | 15:14 | Содан діни қызметкерлер мен леуіліктер Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің Келісім сандығын Иерусалимге өрлеп барып алып келу үшін тазару рәсімінен өтті. | |
| I Ch | Kaz | 15:15 | Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген бұйрығына сай, леуіліктер Құдайдың сандығының бақандарын иықтарымен көтеріп алып жүрді. | |
| I Ch | Kaz | 15:16 | Дәуіт леуіліктердің басшыларына руластарының арасынан шертер, жетіген, сылдырмақ сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен қуанышты ән-жыр айтатын әнші-күйшілерді тағайындауды тапсырды. | |
| I Ch | Kaz | 15:17 | Сонда олар Жоел ұлы Хеманды оның мына руластарымен бірге тағайындады: Барақиях ұлы Асаф және Мераридің ұрпақтарынан Құшаях ұлы Етан. | |
| I Ch | Kaz | 15:18 | Солармен бірге дәрежелері өздерінен кейінгі Зәкәрия, Бен, Язиел, Шемирамот, Ехиел, Унни, Елияп, Бенаях, Мағасиях, Мататия, Елифелеу, Мікней, Ғабит-Едом, Еиел есімді қақпа күзетшілері де белгіленді. | |
| I Ch | Kaz | 15:19 | Хеман, Асаф, Етан есімді әнші-күйшілер қола сылдырмақтарды соғып тұруға тағайындалды. | |
| I Ch | Kaz | 15:20 | Зәкәрия, Әзиел, Шемирамот, Ехиел, Унни, Елияп, Мағасиях, Бенаях есімді леуіліктерге «бойжеткендер» әуені бойынша шертер тартып тұру, | |
| I Ch | Kaz | 15:21 | ал Мататия, Елифелеу, Мікней, Ғабит-Едом, Еиел, Азазиях есімді леуіліктерге ән-күйді бастап сегіз ішекті жетіген тартып тұру міндеті жүктелді. | |
| I Ch | Kaz | 15:22 | Леуіліктердің Хенаниях есімді басшысы ән-күйдің тәлімгері болатын, себебі ол соның шебері еді. | |
| I Ch | Kaz | 15:24 | Шебания, Жосапат, Нетанел, Амасай, Зәкәрия, Бенаях, Елиезер есімді діни қызметкерлер Құдайдың Келісім сандығының алдында керней тартатын болды. Ғабит-Едом мен Ехиях та Келісім сандығы тұратын шатырдың қақпасын күзететін болды. | |
| I Ch | Kaz | 15:25 | Осылайша Дәуіт және Исраил елінің ақсақалдары мен мыңбасылары Жаратқан Иенің Келісім сандығын Ғабит-Едомның үйінен Иерусалимге өрлеп барып алып келуге зор қуанышпен жолға шықты. | |
| I Ch | Kaz | 15:26 | Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп келе жатқан леуіліктерді Құдай қолдап жар болғандықтан, жеті жас бұқа мен жеті қошқар құрбандыққа шалынды. | |
| I Ch | Kaz | 15:27 | Дәуіт те, Келісім сандығын алып келе жатқан леуіліктер, әншілер және ән-күйдің жетекшісі Хенаниях та ақ бәтестен тігілген көйлек киіп келе жатты. Дәуіт соның үстінен ақ бәтестен тігілген жеңсіз сырт киім де киіп алған еді. | |
| I Ch | Kaz | 15:28 | Осылайша бүкіл Исраил халқы Жаратқан Иенің Келісім сандығын қуанышпен айқай сала, қошқар мүйізі мен темір кернейлерін тартып, сылдырмақтарын қатты соғып, жетіген-шертерлерінде ойнап Иерусалимге алып келе жатты. | |
Chapter 16
| I Ch | Kaz | 16:1 | Осылай леуіліктер Құдайдың сандығы Иерусалимге әкелініп, Дәуіт сол үшін тігіп қойған шатырдың ішіне орналастырылды. Содан соң олар шалынып, түгелдей өртелетін және ризашылық құрбандықтарын шалып ұсынды. | |
| I Ch | Kaz | 16:3 | Патша жиналған Исраил халқының әрбір әйеліне де, еркегіне де бір-бір қалаш наннан, бір кесек қақталған еттен және бір қадақ мейізден үлестіріп берді. | |
| I Ch | Kaz | 16:4 | Патша леуіліктердің кейбіреулерін Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында қызмет етуге тағайындады. Олар Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге сиынып мінажат етуге және шүкірлік пен мақтау айтуға міндетті еді. | |
| I Ch | Kaz | 16:5 | Бұлардың басшысы — Асаф, екіншісі — Зәкәрия, солардың қасында Еиел, Шемирамот, Ехиел, Мататия, Елияп, Бенаях, Ғабит-Едом, Еиел де болды. Олар шертер мен жетігенде, ал Асаф сылдырмақта ойнауға тағайындалды. | |
| I Ch | Kaz | 16:6 | Бенаях пен Яхазиел есімді діни қызметкерлер белгіленген уақыттарда Құдайдың Келісім сандығының алдында керней тартуға тиісті еді. | |
| I Ch | Kaz | 16:7 | Сол күні Дәуіт алғаш рет Асаф пен оның қызметтестеріне Жаратқан Иеге мына мадақтау жырын айтуды тапсырды: | |
| I Ch | Kaz | 16:8 | Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,Оның есімін атап сиыныңдар,Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар! | |
| I Ch | Kaz | 16:29 | Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,Оның алдына сый-тарту алып келіңдер,Қасиетті салтанатына бөленіңдер,Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер! | |
| I Ch | Kaz | 16:31 | Заңғар көк шаттансын, жер де қатты қуансын,Бөтен ұлттарға мынаны жарияласын:«Жаратқан Ие құрады патшалығын!» | |
| I Ch | Kaz | 16:33 | Орман ағаштары қуана ән салады,Келе жатқан Иенің алдынан шығады,Себебі Ол келіп, жерге сот құрады. | |
| I Ch | Kaz | 16:35 | Оған былай деп мінажат етіңдер:«Құтқарушымыз Құдай, аман сақтай гөр,Басқа ұлттардан бізді босатып жинай гөр!Сонда дәріптейміз киелі атыңдыҚуана мақтан тұтамыз ұлы даңқыңды». | |
| I Ch | Kaz | 16:36 | Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын!Жиналып тұрған барша халық: «Аумин! Жаратқан Ие мадақталсын!» — деп жауап берді. | |
| I Ch | Kaz | 16:37 | Дәуіт патша Асафты және оның ағайындарын Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдында әр күннің қажетіне қарай ұдайы қызмет етуге бекітті. | |
| I Ch | Kaz | 16:38 | Патша, сондай-ақ, Ғабит-Едом мен оның алпыс сегіз ағайынын да қызмет көрсетуге тағайындады. Едутун ұлы Ғабит-Едом және Хоса қақпа күзетшілері болатын. | |
| I Ch | Kaz | 16:39 | Дәуіт діни қызметкер Садықты және оның қызметтес ағайындарын Жаратқан Иенің Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған киелі шатырындағы міндеттеріне бекітіп, сонда қалдырып кетті. | |
| I Ch | Kaz | 16:40 | Бұлар Жаратқан Иенің Исраил халқына тапсырған Таурат заңында жазылған барлық ережелеріне сәйкес, әрдайым таңертең және кешке Жаратқан Иеге бағыштап шалынып, өртелетін құрбандықтарды арнайы құрбандық үстелінде ұсынуға тиісті болды. | |
| I Ch | Kaz | 16:41 | Патша аттары аталып таңдалған Хеман, Едутун және басқалардың барлығын да солармен бірге болып, Жаратқан Иеге «Оның рақымы мәңгілік» деп мадақтау ән-жырларын айтуға тағайындады. | |
| I Ch | Kaz | 16:42 | Хеман мен Едутун керней тартып, сылдырмақ соғып, тағы басқа аспаптарда ойнап Құдайға арналған ән-жырларды сүйемелдеуге бекітілді. Едутунның ұлдары қақпаның жанына күзетке қойылды. | |
Chapter 17
| I Ch | Kaz | 17:1 | Сонымен Дәуіт сарайына орнығып алғаннан кейін Натан пайғамбарға:— Мен самырсыннан салынған сарайда тұрып жатырмын, ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы жай шатырда ғана тұр! — деді. | |
| I Ch | Kaz | 17:2 | Натан:— Ойыңыздағыны түгелдей жүзеге асырыңыз, себебі Құдай сізге жар болады, — деп жауап берді. | |
| I Ch | Kaz | 17:4 | — Қызметшім Дәуітке барып, оған хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: Жер бетіндегі тұрағым болу үшін Маған арнап үй салатын адам сен емессің. | |
| I Ch | Kaz | 17:5 | Мен Исраил халқын Мысырдан бастап алып шыққан кезден бері осы күнге дейін мықты салынған үйде тұрмай-ақ келе жатырмын ғой. Бүкіл Исраил халқымен бірге бір мекеннен екіншісіне көшіп-қонып жүргенімде араларында бір шатырда, яғни кездесу шатырында, тұрып келемін. | |
| I Ch | Kaz | 17:6 | Сонда Мен халқым Исраилді басқаруға тағайындаған билерге ешқашан: «Неге Маған арнап самырсыннан киелі үй салғызбадыңдар?!» деп шағымданған емеспін. | |
| I Ch | Kaz | 17:7 | Ал енді, қызметшім Дәуітке былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Сені қой бағып жүрген жайылымнан алып, халқым Исраилдің басшысы болуға тағайындаған Менмін! | |
| I Ch | Kaz | 17:8 | Қайда барсаң да, саған жар болып, өзіңе қарсы шыққан күллі жауларыңды құртып жүрдім. Сенің атыңды шығарып, жер бетіндегі ең ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. | |
| I Ch | Kaz | 17:9 | Мен өз халқым Исраил үшін тұрақты орын дайындап, оларды сол жерге қоныстандырамын. Осы мекендерінде халқым тыныш өмір сүріп, бұдан былай ешкім оларды қорқытып, мазаламайтын болады. Зұлымдар оларға бұрынғыдай зорлық-зомбылық жасамайды. | |
| I Ch | Kaz | 17:10 | Мен халқымды басқаратын билер тағайындаған заманнан бері де жауыздар солай істеулерін жалғастырып келеді. Ал енді Мен барлық жауларыңды саған бағындырамын.Жаратқан Ие саған тағы мынаны да айтады: Мен Өзім сенің шаңырағыңды бекітіп, әулетіңе де патшалық билік құрғызбақпын! | |
| I Ch | Kaz | 17:11 | Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңа аттанғаныңда, Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. | |
| I Ch | Kaz | 17:13 | Мен оған Әке боламын, ал ол Менің рухани ұлым болады. Мен өзіңнен бұрынғы Саулдан оған деген рақымымды алып қойдым, бірақ сенің ұлыңнан рақымымды ешқашан алмаймын. | |
| I Ch | Kaz | 17:14 | Мен оны өз үйім мен патшалығымда берік орнатамын, оның ұрпақтарының патшалық тағы дәйім тұрақты болмақ. | |
| I Ch | Kaz | 17:15 | Жаратқан Иенің аян беріп айтқан осы сөздерінің бәрін Натан пайғамбар Дәуітке айтып берді. | |
| I Ch | Kaz | 17:16 | Сонда Дәуіт патша (киелі шатырға) кіріп, Жаратқан Иенің алдында отырып былай деді:— Уа, Құдай Жаратқан Ие, мені осылай дәріптейтініңдей менің өзім, шыққан әулетім соншама кімбіз? | |
| I Ch | Kaz | 17:17 | Бірақ бұл Сен үшін әлі де аз болып көрінді, о, Құдай. Сен алдыңдағы пендеңнің қызметшіңнің келер ұрпақтарының болашағы туралы да айтып бердің. Сен маған көрнекті адам сияқты қарайсың, уа, Құдай Жаратқан Ие. | |
| I Ch | Kaz | 17:18 | Қызметшің Дәуіт өзін салтанатқа бөлейтінің туралы Саған тағы не айта алады? Сен қызметшіңді жақсы білесің ғой. | |
| I Ch | Kaz | 17:19 | О, Жаратқан Ием, алдыңдағы пендеңнің игілігі үшін және өз еркіңе сай, Сен осы ұлы істердің бәрін орындап, үлкен уәделерді ашық білдірдің. | |
| I Ch | Kaz | 17:20 | Өз құлақтарымызбен естіген барлық хабарымыз бойынша Саған тең келетін ешкім де жоқ, Сенен басқа құдай да жоқ. | |
| I Ch | Kaz | 17:21 | Сенің халқың Исраил сияқты жер бетінде қандай басқа халық бар еді? Себебі Сен, уа, Құдай, оны меншікті халқың болу үшін таңдап, Мысырдан азат етіп, көшіріп алдың. Олардың алдарында жүріп, ұлы кереметтер, үрей туғызатын ғажап істер жасап отырдың. Саған мойынсұнбайтын бөтен ұлттарды халқыңның алдынан уәделі елден қуып шықтың. Бұл істеріңмен Сен өз есіміңнің даңқын асырдың. | |
| I Ch | Kaz | 17:22 | Осылай Исраилді әрдайым меншікті халқың болуға Өзің үшін бекітіп қойдың, уа, Жаратқан Ие, әрі олардың ғибадат ететін Құдайы болдың. | |
| I Ch | Kaz | 17:23 | Ал енді, о, Жаратқан Ием, өз қызметшің мен оның әулеті туралы берген сөзіңді ұдайы бекітіп, уәдеңді орындайтын бола гөр. | |
| I Ch | Kaz | 17:24 | Содан адамдар: «Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы — шынымен Исраилдің үстінен қарайтын Құдай!» дейтін болады. Әрдайым Сенің атыңның даңқы шығады және қызметшің Дәуіттің әулеті өз алдыңда нық тұрады. | |
| I Ch | Kaz | 17:25 | Уа, Құдайым, Сен «шаңырағыңды бекітемін» деп маған ашық білдірдің. Сол себепті қызметшіңнің осылайша мінажат етуге батылы барды. | |
Chapter 18
| I Ch | Kaz | 18:1 | Біраз уақыт өткеннен кейін Дәуіт філістірлерге шабуыл жасап, оларды өзіне бағындырды. Содан ол Ғат қаласы мен оған қарасты елді мекендерді філістірлердің қолынан тартып алды. | |
| I Ch | Kaz | 18:2 | Дәуіт моабтықтарды да жеңді. Енді олар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. | |
| I Ch | Kaz | 18:3 | Бірде Дәуіт Евфрат өзенінің жағасындағы билігін бекітуге аттанғанда, Соба елінің патшасы Ададәзерге Хаматқа дейін шабуыл жасап, оны жеңіп шықты. | |
| I Ch | Kaz | 18:4 | Сонда Дәуіт оның мың соғыс күймесін, жеті мың аттылы және жиырма мың жаяу жасақшысын қолға түсірді. Дәуіт жаудың соғыс күймелеріне жегілетін барлық жылқыларының тілерсектерін қиып тастап, жүз соғыс күймесіне жетерлік аттарды ғана аман қалдырды. | |
| I Ch | Kaz | 18:5 | Соба патшасы Ададәзерге дамаскілік арамалықтар көмекке келген кезде, Дәуіттің жасағы олардың жиырма екі мың жауынгерін қырып салды. | |
| I Ch | Kaz | 18:6 | Содан Дәуіт Дамаск қаласы мен оның айналасына өз қарауылдарын орналастырды. Осылай арамалықтар Дәуітке құлдық ұрып, оған алым-салық төлейтін болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды. | |
| I Ch | Kaz | 18:7 | Дәуіт Ададәзердің нөкерлерінің алтын жалатқан қалқандарын жинап, Иерусалимге алып келді. | |
| I Ch | Kaz | 18:8 | Ададәзердің қол астындағы Тебах пен Қун қалаларынан Дәуіт көп мөлшерде қола олжалап алды. Сол қоладан кейінірек Сүлеймен ғибадатханадағы «теңіз» деп аталған дәу қазанды, бағаналарды және түрлі қола бұйымдарды жасатты. | |
| I Ch | Kaz | 18:9 | Хамат елінің патшасы Тоу Дәуіттің Соба патшасы Ададәзердің бүкіл әскерін жеңгенін естіді. | |
| I Ch | Kaz | 18:10 | Сонда ол өз ұлы Жорамды Дәуіт патшаға жіберіп, жеңісімен құттықтаған сәлемін жолдады. Себебі Ададәзер Тоу патшамен жауласып жүрген болатын. Жорам Дәуітке алтын, күміс, қоладан жасалған әр түрлі бұйымдарды ала келіп, сыйға тартты. | |
| I Ch | Kaz | 18:11 | Дәуіт патша осы заттарды Жаратқан Иеге бағыштады. Ол бұрынырақ жеңген барлық елдерден: Едом, Моаб, аммондықтар, філістірлер және амалектіктерден алынған күміс пен алтынды да осылай Жаратқан Иеге арнаған еді. | |
| I Ch | Kaz | 18:13 | Дәуіт Едом еліне қарауылдарын орналастырып, халықтың барлығы оған бағынышты болды. Дәуіт қайда барса да, Жаратқан Ие оны қолдап-қорғап, жеңіске жеткізіп отырды. | |
| I Ch | Kaz | 18:14 | Дәуіт бүкіл Исраилге билік жүргізіп, күллі халықтың арасында заңдылық пен әділдікті жүзеге асырды. | |
Chapter 19
| I Ch | Kaz | 19:1 | Біраз уақыт өткеннен кейін Аммон халқының патшасы Нахаш қайтыс болып, оның ұлы Анон орнын басып патшалық құрды. | |
| I Ch | Kaz | 19:2 | Дәуіт: «Әкесі Нахаш маған жақсылық жасағандықтан, мен де оның ұлы Анонға жақсылық жасаймын», — деп шешті. Содан ол әкесінің қазасына көңіл айту үшін Анонға елшілерін жіберді. Бірақ олар Аммон еліне жеткенде, | |
| I Ch | Kaz | 19:3 | аммондық әміршілердің бірқатары Анон патшаға: «Дәуіт мына елшілерді шынымен көңіл айтып, әкеңізге құрмет көрсету үшін жіберіп отыр деп ойлайсыз ба? Керісінше, олар қаланы барлап, жақсылап біліп алу үшін келіп отыр емес пе? Ал кейінірек Дәуіттің өзі әскерімен келіп, астан-кестенін шығармақ!» — деп күдік білдірді. | |
| I Ch | Kaz | 19:4 | Сонда Анон Дәуіттің қызметкерлерін тұтқындады. Олардың сақалдарын қырқып, шапандарын белдеріне дейін қысқартып қиып тастап, кері қайтарып жіберді. | |
| I Ch | Kaz | 19:5 | Осы хабар Дәуіттің құлағына жеткенде, ол қатты масқараланған елшілерінің алдарынан хабаршыларын жіберіп, оларға: «Сақалдарың өскенше Иерихонда қала тұрыңдар! Содан кейін қайтып келерсіңдер!» — дегенді айтқызды. | |
| I Ch | Kaz | 19:6 | Аммондықтар Дәуітті өздеріне қарсы өшіктіріп алғанын ұғынды. Сондықтан Анон патша және Аммон халқы солтүстік-батыс Месопотамиядан, Арамадағы Маха мен Соба қалаларынан соғыс күймелері мен атты әскерді жалдап алу үшін, соларға мың ат басындай күміс жіберді. | |
| I Ch | Kaz | 19:7 | Осылай аммондықтар отыз екі мың соғыс күймесін, Маханың патшасы мен оның әскерін де жалдап алды. Солар Медеба қаласының маңына аттанып келіп, сонда аялдады. Аммондықтар да өз қалаларынан шығып, шайқасуға жиналды. | |
| I Ch | Kaz | 19:8 | Дәуіт бұл туралы хабар алғанда, оларға қарсы Жоғабтың басшылығындағы батыл да мықты сарбаздардан құралған бүкіл жасағын аттандырды. | |
| I Ch | Kaz | 19:9 | Аммондықтар астаналарынан шығып, қала қақпасының жанында шайқасқа дайындалып сап түзеді. Көмекке келген басқа патшалардың жасақтары далада бөлек тұрды. | |
| I Ch | Kaz | 19:10 | Жоғаб өз жасағының екі жақтан: алдынан да, артынан да соғысуына тура келіп тұрғанын байқаған соң, бүкіл Исраилдің таңдаулы сарбаздарын іріктеп алып, арамалықтарға қарсы сапқа тұрғызды, | |
| I Ch | Kaz | 19:11 | ал жасақтың қалған бөлігін аммондықтарға қарсы бастап шығуды өзінің туған інісі Әбішайдың қолына тапсырды. | |
| I Ch | Kaz | 19:12 | Оған былай деп бұйырған болатын: «Егер арамалықтар маған тым қатты қысым көрсете бастаса, сен маған көмекке кел! Ал аммондықтар сені тықсырып бара жатса, мен саған көмекке барамын. | |
| I Ch | Kaz | 19:13 | Батыл бол! Халқымыз үшін, Құдайымыздың қалалары үшін мызғымай берік тұрайық! Ал Жаратқан Ие дұрыс деп тапқанын істесін!» | |
| I Ch | Kaz | 19:15 | Олардың қашқанын көрген аммондықтар да Жоғабтың інісі Әбішай бастаған жасақтан шегіне қашып, қалаға кіріп кетті. Содан кейін Жоғаб Иерусалимге қайта оралды. | |
| I Ch | Kaz | 19:16 | Арамалықтар өздерінің исраилдіктерден жеңілгенін көріп, Евфрат өзенінің ар жағына елшілерін жұмсап, онда тұратын арамалық жасақшыларды шақырды. Олар жетіп, (Соба патшасы) Ададәзердің әскербасы Шобақтың қол астына кірді. | |
| I Ch | Kaz | 19:17 | Дәуіт бұл туралы біле сала, Исраилдің бүкіл жасағын жинап алып, Иордан өзенін кесіп өтті. Дәуіт оларға қарсы жасағын сапқа тұрғызғанда арамалықтар оның сарбаздарына лап қойды. | |
| I Ch | Kaz | 19:18 | Бірақ олар қайтадан Исраилдің жасағынан шегініп, қаша жөнелді. Дәуіттің сарбаздары олардың жеті мың соғыс күймесінің айдаушыларын және қырық мың жаяу жасақшысын мерт қылып, арамалық қолбасшы Шобақтың өзін де өлтірді. | |
Chapter 20
| I Ch | Kaz | 20:1 | Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа аттанатын уақытта, Жоғаб Исраилдің әскерін жауға қарсы бастап шықты. Олар аммондықтардың елін жаппай ойрандап, астаналары Раббаны қоршап алды. Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Жоғаб Рабба қаласына қарсы шабуыл жасап, оны қиратты. | |
| I Ch | Kaz | 20:2 | Дәуіт аммондық патшаның басынан тәжін шешіп алып, оны өз басына киді. Салмағы бір ат басындай саф алтын тәж асыл таспен безендірілген болатын. Бұған қоса Дәуіт қаладан өте көп мөлшерде олжа алып шықты. | |
| I Ch | Kaz | 20:3 | Ол қаладағы халықты да шығарып, ара, темір кетпен және балтамен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Аммондықтардың күллі қалаларының халқымен де Дәуіт осылай істеді. Содан соң Дәуіт бүкіл әскерін ертіп Иерусалимге қайта оралды. | |
| I Ch | Kaz | 20:4 | Біраз уақыт өткеннен кейін Гәзердің маңында філістірлермен соғыс бұрқ ете қалды. Бір шайқаста хушалық Сипхай (есімді исраилдік батыр) алып Рафаның ұрпақтарының біреуі — Сафты жеңіп, көзін құртты. Содан філістірлер тізе бүкті. | |
| I Ch | Kaz | 20:5 | Філістірлермен болған басқа бір шайқаста Жайыр ұлы Елханан ғаттық алып Ғолияттың бауыры Лахмиды өлтірді. Соның сүңгісінің сабы бақандай жуан болатын. | |
| I Ch | Kaz | 20:6 | Тағы басқа бір шайқас Ғат қаласының түбінде болды. Оған да өте ұзын бойлы бір адам қатысты. Соның аяқ-қолдарында алты-алтыдан, он екі саусағы мен он екі башайы бар еді. Ол да алып Рафаның ұрпағы болатын. | |
| I Ch | Kaz | 20:7 | Әлгі алып Исраилге тіл тигізіп оны қорлағанда, Дәуіттің ағасы Шаммахтың ұлы Жонатан оны өлтіріп тастады. | |
Chapter 21
| I Ch | Kaz | 21:2 | Дәуіт Жоғабқа және халықтың басшыларына:— (Әскер жасындағы) халықтың санын білгім келеді. Оңтүстіктегі Бер-Шебадан солтүстіктегі Данға дейінгі аралықтағы Исраил халқын санақтан өткізіп, нәтижесін алып келіңдер! — деп бұйырды. | |
| I Ch | Kaz | 21:3 | Жоғаб патшаға:— Өзінің әскер жасындағы халқының саны қаншама көп болса, Жаратқан Ие соны жүз есе көбейте көрсін! Тақсыр ие, халқыңыз түгел өзіңіздің қызметшілеріңіз емес пе? О, патша ағзам, мұндай шараны неліктен (өздігіңізден) іске асырғыңыз келіп отыр? Исраилді айыпты ететін іс қылып не бар? — деп жауап берді. | |
| I Ch | Kaz | 21:4 | Алайда патша Жоғабты өзінің бұйрығын орындауға көндірді. Жоғаб жолға шығып, бүкіл Исраилді аралап өтті, содан соң Иерусалимге қайта оралды. | |
| I Ch | Kaz | 21:5 | Жоғаб Дәуітке халық санағының мына қорытындысын баяндады: Семсер ұстауға жарамды ер адамдардың саны солтүстік Исраилде бір миллион жүз мың, Яһудада төрт жүз жетпіс мың ер адам екен. | |
| I Ch | Kaz | 21:6 | Бірақ Жоғаб Дәуіттің берген тапсырмасына қатты наразы болғандықтан, Леуі мен Бунямин руларын санақтан өткізбеді. | |
| I Ch | Kaz | 21:8 | Дәуіт Құдайға: «Мен осыны істеп ауыр күнә жасадым. Өтінемін Сенен, алдыңдағы қызметшіңнің күнәсін кешіре гөр! Мен зор ақымақтық жасадым», — деп сиынды. | |
| I Ch | Kaz | 21:10 | «Дәуітке барып, хабарымды жеткіз: Жаратқан Ие мынаны айтады: саған біреуін таңдап алуға үш жазаны ұсынамын. Таңдап алғаныңды Мен өзіңе қолданамын». | |
| I Ch | Kaz | 21:11 | Сонымен Ғад Дәуітке барып, былай деді:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Қайсысын таңдап аласың: | |
| I Ch | Kaz | 21:12 | не еліңде үш жыл бойы ашаршылық жайлағанын ба; не өзіңнің үш ай бойы жауларыңның семсерінен қашып, жеңілгеніңді ме; не еліңнің үш күн бойы Жаратқан Иенің семсері — індет арқылы күйреп, Оның періштесінің бүкіл Исраил бойынша қырғын салғанын ба? Енді ойланып, өзімді Жібергенге қандай жауап қайтаруымды шешіп айта гөр! — | |
| I Ch | Kaz | 21:13 | Дәуіт Ғадқа:— Жаным қатты қиналып тұр! Жаратқан Иенің қолына түсейін, өйткені Оның мейірімі өте мол. Бірақ адамдардың қолына түспейінші! — деп жауап берді. | |
| I Ch | Kaz | 21:15 | Құдай Иерусалимді де құртуға періштесін жіберген болатын. Бірақ ол енді ғана Иерусалимді құрту үшін қолын соза бергенде, Жаратқан Ие болып жатқан апатты көріп, сол туралы аяушылық танытып, періштеге: «Жетер енді, қолыңды тарт!» — деп бұйырды. Сол кезде Жаратқан Иенің періштесі ебустік Орнаның астық бастыратын қырманының қасында тұрған еді. | |
| I Ch | Kaz | 21:16 | Дәуіт жоғары қарағанда Жаратқан Иенің періштесінің аспан мен жердің арасында тұрғанын байқап қалды. Періштенің қолындағы жалаң семсер Иерусалимнің үстіне сілтенген еді. Сонда азалы киім киген Дәуіт пен Исраилдің ақсақалдары етпеттерінен жығыла кетті. | |
| I Ch | Kaz | 21:17 | Дәуіт Құдайға сиынып: «Халық санағын өткізуге бұйырған мен ғой! Күнә жасап, зұлым іс жасаған да мен. Бірақ қарамағымдағы осы «қойларым» не істеді?! Уа, Құдайым Жаратқан Ие, өзімді және отбасымды жазалай гөр, бірақ өз халқыңа осы індетті жіберіп күйрете көрме!» — деп жалбарынды. | |
| I Ch | Kaz | 21:18 | Сонда Жаратқан Иенің періштесі Ғад пайғамбарға мына хабарды Дәуітке жеткізуді тапсырды: «Дәуіт ебустік Орнаның астық бастыратын қырманына өрлеп барсын! Сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызсын!» | |
| I Ch | Kaz | 21:20 | Бидай бастырып жатқан Орна артына қарағанда, ол да періштені байқады. Орнаның қасындағы төрт ұлы дереу тығылып қалды. | |
| I Ch | Kaz | 21:21 | Осы екі арада Дәуіт сол жерге жақындап келе жатқан еді. Орна қарап, оны көрген бойда қырманынан шығып, Дәуіттің алдында жерге дейін иіліп тағзым етті. | |
| I Ch | Kaz | 21:22 | Дәуіт Орнаға өтініш жасап:— Мына қырманыңның жерін маған берші! Халықты құртып жатқан пәлені тоқтату үшін осы орында Жаратқан Иеге бағыштап құрбандық үстелін тұрғызбақпын. Мен жер танабыңды толық құнына сатып аламын, — деді. | |
| I Ch | Kaz | 21:23 | Орна Дәуітке:— Ала беріңізші. Патша ием өзінің қалағандарын істей берсін. Міне, өгіздерді де құрбандыққа шалып, түгелдей өртеуге бағыштаймын. Астық бастырғыш ағаш тақтайларды отын, ал бидайды астық тартуы ретінде сыйлаймын. Мен осының бәрін де бере саламын, — деп жауап берді. | |
| I Ch | Kaz | 21:24 | Алайда Дәуіт патша Орнаға:— Жоқ, бұларды толық құнын төлеп сатып аламын! Сенің мүлкіңді алып, Жаратқан Иеге бағыштау ойымда жоқ, әрі өзіме тегін келгенді құрбандыққа шалып, өртеп ұсынбаймын, — деп шешті. | |
| I Ch | Kaz | 21:26 | Дәуіт сол орында Жаратқан Иеге арнап құрбандық үстелін тұрғызып, малдарды құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберді. Ол Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын да ұсынып, Оған дауыстап сиынды. Жаратқан Ие үстелдегі түгелдей өртелетін құрбандыққа аспаннан от түсіріп Дәуітке жауабын берді. | |
| I Ch | Kaz | 21:28 | Дәуіт Жаратқан Иенің ебустік Орнаның қырманында өзіне жауап бергеніне көз жеткізген соң, сол жерде тағы да құрбандықтар шалды. | |
| I Ch | Kaz | 21:29 | Исраил халқы иен даланы кезіп жүрген ежелгі кезде Мұса пайғамбар Жаратқан Иеге арнап кездесу шатырын және құрбандық үстелін жасатқан болатын. Енді сол шатыр мен құрбандық үстелі Гибеон қаласының биіктеу жерінде орнатылған еді. | |
Chapter 22
| I Ch | Kaz | 22:1 | Сонымен Дәуіт: «Құдай Иенің жаңа киелі үйі және Исраилдің шалынып, өртелетін құрбандықтарын ұсынатын үстелі осы жерде салынсын!» — деп шешті. | |
| I Ch | Kaz | 22:2 | Содан Дәуіт Исраилде тұрып жатқан жат жұрттықтарды жинап алуға жарлық шығарды. Солардың арасынан Құдайдың киелі үйінің құрылысына қажетті тастарды шауып, өңдеп дайындайтын жұмысшыларды жинауға әмір етті. | |
| I Ch | Kaz | 22:3 | Қақпаның есіктеріне арналған шегелер әрі қапсырма шегелер жасау үшін Дәуіт көп мөлшерде темір дайындап қойды. Даярланған қоланың көп болғаны сонша, оның салмағын анықтау да мүмкін емес еді. | |
| I Ch | Kaz | 22:4 | Дәуіт сансыз көп самырсын бөренелерін де әзірлеп қойды, өйткені (Финикиядағы) Сидон мен Тир патшалықтары соларды өте көп мөлшерде алып келді. | |
| I Ch | Kaz | 22:5 | Дәуіт: «Ұлым Сүлеймен әлі де бұғанасы қатпаған жас. Ал Жаратқан Иеге арнап салынбақ киелі үй зәулім де сәулетті ғимарат болуға тиіс. Оның даңқы күллі халықтарға жайылатын болсын! Сондықтан оның құрылысына дайындық жасайын», — деп ойлады. Осылайша Дәуіт өмірінің соңына дейін құрылысқа қажет болатын заттардың мол қорын даярлап қойды. | |
| I Ch | Kaz | 22:6 | Содан Дәуіт баласы Сүлейменді шақырып алды. Оған Исраилдің сиынатын Құдайы — Жаратқан Иеге арнап киелі үй салуды тапсырып | |
| I Ch | Kaz | 22:8 | Бірақ Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: «Сен үлкен соғыстар жүргізіп, көптеген адамдардың қанын төктің. Менің көз алдымда соншама мол қан төккендіктен, Менің есіміме бағыштап киелі үй салуыңа болмайды! | |
| I Ch | Kaz | 22:9 | Бірақ сенің тыныштықта өмір сүретін ұлың болады. Мен оның жан-жағындағы барлық жауларын тыныштандырамын. Оның есімі — Сүлеймен. Сүлейменнің кезінде Мен Исраил еліне амандық пен тыныштық сыйлаймын. | |
| I Ch | Kaz | 22:10 | Менің есіміме арнап киелі үйді сол салады. Мен оған Әке, ал ол Менің рухани ұлым болады. Мен оның Исраил елінің үстінен патшалық құратын тағын мәңгілікке нығайтамын». | |
| I Ch | Kaz | 22:11 | Ал енді, ұлым, Құдайың Жаратқан Иеңнің айтқанына сай Оған арналған киелі үйді салу ісіңде табысқа жетуің үшін Жаратқан Ие саған жар бола көрсін! | |
| I Ch | Kaz | 22:12 | Оның Өзі саған ақыл-парасат сыйлай көрсін! Осылайша Ол сені Исраилдің басқарушысы еткенде, Құдай Иеңнің Таурат заңын сақтайсың. | |
| I Ch | Kaz | 22:13 | Сонда сен Жаратқан Иенің Мұса арқылы Исраил халқына берген ережелері мен шешімдерін мұқият орындауға тырыссаң, табысқа жетесің. Қайратты да батыл бол! Еш нәрседен қорқып, түңілме! | |
| I Ch | Kaz | 22:14 | Ал енді, мен жан сала ұмтылып Жаратқан Иенің киелі үйі үшін жүз мың ат басындай алтын, мың рет мың ат басындай күміс, сансыз көп мөлшерде қола мен темір әрі ағаш пен тас та жинап, дайындап қойдым. Соларға өзің де қосарсың. | |
| I Ch | Kaz | 22:15 | Өзіңде жұмыскерлер: тас өңдеушілер мен тас қалаушылар, ағаш ұсталары мен әр түрлі басқа да жұмыстардың шеберлері өте көп. | |
| I Ch | Kaz | 22:16 | Олар алтын, күміс, қола және темірмен жұмыс жасауды біледі. Іске кірісіп, әрекет ете бер, Жаратқан Ие саған жар бола көрсін! | |
| I Ch | Kaz | 22:18 | былай деді:— Құдайларың Жаратқан Ие сендерге жар болып жан-жақтан тыныштық сыйлады емес пе? Ол осы елдің тұрғындарының бәрін менің қолыма тапсырды. Елдің жері Жаратқан Иеге және Оның халқына бағынышты болды. | |
| I Ch | Kaz | 22:19 | Ендеше шын жүректен, бүкіл жан дүниелеріңмен Құдайларың Жаратқан Иеге бет бұрып, бағышталыңдар! Құдай Иенің киелі үйін тұрғызуға кірісіңдер! Құрылысты бітіргеннен кейін Жаратқан Иенің Келісім сандығын да, Құдайға бағышталған құрал-жабдықтарды да Жаратқан Иенің есіміне арнап салынған осы киелі үйге апарып қойыңдар! | |
Chapter 23
| I Ch | Kaz | 23:1 | Дәуіт жасы ұлғайған шағында өзінің ұлы Сүлейменді Исраилдің үстінен патша болуға тағайындаған еді. | |
| I Ch | Kaz | 23:2 | Сол кезде ол Исраилдің барлық басшыларын, діни қызметкерлері мен леуіліктерді жинап алды. | |
| I Ch | Kaz | 23:3 | Жасы отыз және одан жоғары леуілік ер адамдардың санағы жүргізілді. Олардың жалпы саны отыз сегіз мың екен. | |
| I Ch | Kaz | 23:4 | Дәуіт солардың жиырма төрт мыңын Жаратқан Иенің киелі үйіндегі жұмыстарды атқаруға, алты мыңын басқарушы және төреші ретінде қызмет көрсетуге, | |
| I Ch | Kaz | 23:5 | төрт мыңын қақпа күзетшісі, қалған төрт мыңын өзі дайындап берген күй аспаптарының сүйемелдеуімен Жаратқан Иені мадақтау қызметіне белгілеп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 23:6 | Дәуіт леуіліктерді Герсон, Қахат және Мераридің ұрпақтары бойынша топ-топқа бөліп те қойды. | |
| I Ch | Kaz | 23:11 | Яхат солардың біріншісі, ал Зизах екіншісі болды. Егус пен Берияхтың ұлдары көп болмағандықтан, олардың ұрпақтары нақты бір міндет атқаратын бір-ақ әулет болып есептелді. | |
| I Ch | Kaz | 23:13 | Ымрамның Һарон мен Мұса есімді ұлдары болды. Һарон және одан тарайтын ұрпақтардың барлығы мына міндеттерді атқаруға тағайындалған болатын: киелі орынның бұйымдарын Құдайдың қызметіне ерекше бағыштау, Жаратқан Иеге арнап құрбандықтар шалып, өртеп ұсыну, киелі үйдің өзге де қызметтерін жүргізу және Жаратқан Иенің атымен халыққа бата беру. | |
| I Ch | Kaz | 23:14 | Құдайдың пайғамбары Мұсаның ұлдары мен олардан тараған ұрпақтар Леуі руымен бірге саналатын. | |
| I Ch | Kaz | 23:17 | Елиезердің ұрпақтары: оның тұңғышы Рехабияхтан басқа ұлдары болмады. Ал Рехабияхтың өз ұрпақтары көп болды. | |
| I Ch | Kaz | 23:19 | Хебронның ұлдары: тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам болды. | |
| I Ch | Kaz | 23:22 | Елазар ұлдары болмай, қайтыс болды, оның тек қыздары болды. Өз туыстары — Қиштың ұлдары соларға үйленді. | |
| I Ch | Kaz | 23:24 | Осылар — Леуі руына жататын әулеттердің басшылары. Олар санақтан өткенде аты-жөндерімен тіркелді. Жасы жиырмаға жеткен немесе одан жоғары әрбір леуіліктің Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет етуіне болды. | |
| I Ch | Kaz | 23:25 | Себебі Дәуіт былай деген болатын: «Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие Өзінің халқын тыныш та тұрақты орынға қоныстандырып, Өзі де әрдайым Иерусалимдегі тұрағын мекендейтін болды. | |
| I Ch | Kaz | 23:26 | Сондықтан леуіліктерге Жаратқан Иенің кездесу шатырын және қызметте қолданылатын құралдар мен бұйымдарды енді қайтып тасып алып жүрудің қажеті болмайды». | |
| I Ch | Kaz | 23:27 | Сонымен Дәуіттің қалдырған соңғы нұсқаулары бойынша, леуіліктер жасы жиырмаға жетісімен қызметке алынып, тіркеліп отырды. | |
| I Ch | Kaz | 23:28 | Леуіліктер Һароннан тараған діни қызметкерлерге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қызметтерінде көмектесуге міндетті еді. Олар, сондай-ақ, киелі үйдің аулалары мен қосалқы бөлмелерін күзетіп, тазалау рәсімдерін орындау және Құдайдың киелі үйінде орындалуы керек басқа да жұмыстарды істеуге тиісті болатын. | |
| I Ch | Kaz | 23:29 | Леуіліктер мына қызметтерді де атқаратын: арнайы үстелге қойылатын нан тартуларын, астық тартуларына арналған таңдаулы ұнды дайындау, май жағылған ашымаған құймақтарды құю, табада нан пісіру, ұнға май қосып араластыру, құрбандықтар мен сый-тартулардың өлшемдері мен сандарын анықтау. | |
| I Ch | Kaz | 23:30 | Леуіліктер әр күн сайын таңертең және кеште киелі үйдің алдында тұрып, Жаратқан Иеге шүкірлік айтып, мадақтайтын ән-жыр айту қызметін де орындайтын. | |
| I Ch | Kaz | 23:31 | Олар сенбі күндері, әр айдың алғашқы күні және белгіленген мейрам күндері де Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды дайындап, ұсынуға көмектесетін. Алдын ала белгіленген ережеге сай леуіліктердің тиісті саны әрдайым Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге міндетті болды. | |
Chapter 24
| I Ch | Kaz | 24:1 | Һароннан тараған діни қызметкерлер арнайы топтарға бөлініп міндеттерін атқаратын. Һаронның ұлдары: Надаб, Әбиһу, Елазар және Ітамар. | |
| I Ch | Kaz | 24:2 | Надаб пен Әбиһу арттарында ұл қалдырмай әкелерінің көзі тірісінде бұ дүниеден өтті. Сол себептен Елазар мен Ітамар діни қызметті атқаратын болды. | |
| I Ch | Kaz | 24:3 | Дәуіт патша Елазардың ұрпағы Садықтың және Ітамардың ұрпағы Ахимәліктің көмегімен діни қызметкерлерді міндеттерін атқаратын кезектері бойынша топтарға бөлді. | |
| I Ch | Kaz | 24:4 | Ітамардың ұрпақтарына қарағанда Елазардың ұрпақтарында әулет басшылары көбірек болды. Сондықтан Елазардың ұрпақтары он алты топқа, ал Ітамардың ұрпақтары сегіз топқа бөлінді. | |
| I Ch | Kaz | 24:5 | Елазардың да, Ітамардың да ұрпақтарының ішінде киелі үйде Құдайға қызмет етуге лайықты басшылар бар болғандықтан, олар атқаратын міндеттеріне жеребе тастау арқылы тағайындалды. | |
| I Ch | Kaz | 24:6 | Леуілік хатшы Нетанел ұлы Шемаях жеребенің кімге түскенін патшаның, діни қызметкер Садықтың, Абиятар ұлы Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының көздерінше ресми тізімге жазып алып отырды. Жеребе бір болып түссе Елазардың, екі болып түссе Ітамардың әулеті алынып отырды. | |
| I Ch | Kaz | 24:19 | Исраилдің Құдай Иесі ежелде олардың түп аталары Һаронға Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет ету тәртібін бұйырған болатын. Енді діни қызметкерлер сол тәртіп бойынша кезекпен киелі үйге кіріп, міндеттерін атқаратын болды. | |
| I Ch | Kaz | 24:20 | Леуіліктердің өзге әулет басшылары мыналар болды:Ымрамның ұрпақтарынан Шебуил, ал оның ұлдарынан Едиях шыққан еді. | |
| I Ch | Kaz | 24:23 | Хебронның ұрпақтарынан тұңғышы Ерия, екіншісі Амариях, үшіншісі Яхазиел, төртіншісі Екамам әулет басшылары болды. | |
| I Ch | Kaz | 24:24 | Ұзиелдің ұрпақтарынан Миха, ал Миханың ұрпақтарынан Шамир есімді әулет басшылары болды. | |
| I Ch | Kaz | 24:26 | Мераридің ұрпақтарынан Мәхли мен Мұши, әрі Язияхтың ұрпақтарынан Бено әулет басшылары болды. | |
| I Ch | Kaz | 24:27 | Мерариден Язиях арқылы тараған ұрпақтарынан Бено, Шоһам, Зақур, Ибри әулет басшылары болатын. | |
| I Ch | Kaz | 24:30 | Мұшидың ұлдары: Мәхли, Едер, Еремот.Есімдері әулеттеріне сәйкес келтірілген леуіліктер осылар. | |
| I Ch | Kaz | 24:31 | Өздерімен рулас діни қызметкерлер сияқты, олар да жеребе тастап, қызметтеріне тағайындалып отырды. Сонда осы әулеттердің шыққан түп аталарының жасы үлкен-кішілігіне көңіл бөлінген жоқ. Жеребе Дәуіт патшаның, Садық пен Ахимәліктің және діни қызметкерлер мен леуіліктердің әулет басшыларының алдында тасталды. | |
Chapter 25
| I Ch | Kaz | 25:1 | Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутуннің кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау: | |
| I Ch | Kaz | 25:2 | Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын. | |
| I Ch | Kaz | 25:3 | Едутуннің ұлдарынан: Ғодалиях, Сери, Ишая, Шимей, Хашабиях, Мататиях; барлығы — алтау. Оларға әкесі Едутун жетекшілік етті. Оның өзі жетігенде ойнағанда ерекше көңіл күйіне еніп Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік білдіретін. | |
| I Ch | Kaz | 25:4 | Хеманның ұлдарынан: Буқиях, Маттаниях, Ұзиел, Шебуил, Еримот, сондай-ақ Хананиях, Ханани, Әлиата, Ғидалти, Ромамти-Езер, әрі Жошбеқашах, Малоти, Хотир, Махазиот. | |
| I Ch | Kaz | 25:5 | Осылардың бәрі де патшаның пайғамбары Хеманның ұлдары болатын. Себебі Құдай Өзінің Хеманның абыройын көтеремін деп берген уәдесін жүзеге асырып, оған он төрт ұл мен үш қыз сыйлаған еді. | |
| I Ch | Kaz | 25:6 | Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды. | |
| I Ch | Kaz | 25:7 | Олардың өздері де, ағайындары да Жаратқан Иені ән-күймен мадақтау үшін арнайы дайындықтан өткен нағыз шеберлер болатын. Олардың жалпы саны екі жүз сексен сегіз еді. | |
| I Ch | Kaz | 25:8 | Олар не жас, не кәрі болсын, не тәлімгер, не шәкірт болсын, қызмет ететін кезектеріне жеребе арқылы тағайындалған еді. | |
| I Ch | Kaz | 25:9 | Асафқа тиісті бірінші жеребе Жүсіпке және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Екінші жеребе Ғодалияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. | |
Chapter 26
| I Ch | Kaz | 26:1 | Қақпа күзетшілерінің топтары мыналар болды:Қорахтың ұрпақтарынан: Әбиясафтың немересі Қоренің ұлы Мешелемиях. | |
| I Ch | Kaz | 26:2 | Мешелемияхтың ұлдары: тұңғышы Зәкәрия, екіншісі Едияил, үшіншісі Забадиях, төртіншісі Ятниел, | |
| I Ch | Kaz | 26:4 | Ғабит-Едомның ұлдары: тұңғышы Шемаях, екіншісі Ехозабад, үшіншісі Жоғах, төртіншісі Сақар, бесіншісі Нетанел, | |
| I Ch | Kaz | 26:5 | алтыншысы Әмиел, жетіншісі Исашар, сегізіншісі Пеулетай болатын. Құдай Ғабит-Едомды молынан жарылқаған еді. | |
| I Ch | Kaz | 26:6 | Оның ұлы Шемаяхтың да ұлдары болды. Қабілетті де абыройлы адамдар болған олар әкелерінің әулеттеріне басшылық етті. | |
| I Ch | Kaz | 26:7 | Солардың есімдері: Отни, Рефаил, Ғабит, Елзабад. Шемаяхтың Еліху, Семахиях есімді ағайындары да қабілетті адамдар болатын. | |
| I Ch | Kaz | 26:8 | Осылардың барлығы Ғабит-Едомның ұрпақтары еді. Олар да, олардың ұлдары мен ағайындары да қызметтеріне өте қабілетті де күшті адамдар болатын. Олардың жалпы саны алпыс екі болды. | |
| I Ch | Kaz | 26:10 | Мераридің әулетіне жататын Хосаның мына ұлдары болды: басшысы — Шимри; ол тұңғыш болып туылмаса да, әкесі оны басшы етіп тағайындады. | |
| I Ch | Kaz | 26:11 | Екінші ұлы Хелкия, үшіншісі Тебалиях, төртіншісі Зәкәрия еді. Хосаның ұлдары мен ағайындарының жалпы саны он үш болды. | |
| I Ch | Kaz | 26:12 | Қақпа күзетшілерінің осы топтары өздерінің әулет басшыларының есімдерімен аталды. Олар өздерімен рулас басқа леуіліктер сияқты Жаратқан Иенің киелі үйінде қызмет атқаратын. | |
| I Ch | Kaz | 26:13 | Әрбір қақпадағы күзетшілер өз әулеттері бойынша тағайындалды. Олар қызметке жастарының үлкен-кішілігіне қарамай, жеребе арқылы анықталатын. | |
| I Ch | Kaz | 26:14 | Шығыс жақтағы қақпаны күзету үшін жеребе Мешелемияхқа (және оның тобына) түсті. Оның ұлы Зәкәрия үшін жеребе тасталғанда ол (өзінің тобымен бірге) Солтүстік қақпаны күзететін болды. Зәкәрияның ақыл-парасаты ерекше еді. | |
| I Ch | Kaz | 26:15 | Оңтүстік қақпаны күзету үшін жеребе Ғабит-Едомға (және оның тобына) түсті. Ғабит-Едомның ұлдарына қоймаларды күзету де тиді. | |
| I Ch | Kaz | 26:16 | Батыс жақтағы қақпа мен жоғарғы жолдағы Шаллехет қақпасын күзету міндеті үшін жеребе Шупим мен Хосаға түсті.Қақпаны күзету топтары кезектесіп, қызметтерін бірінен кейін бірі атқарып жүрді. | |
| I Ch | Kaz | 26:17 | Әр күні шығыс жақты алты, солтүстік жақты төрт және оңтүстік жақты төрт леуілік күзетші күзетіп қорғайтын. Қойманы күзетуге леуіліктер әрқашан екі-екіден тағайындалатын. | |
| I Ch | Kaz | 26:18 | Батыс жақтағы кіреберіске баратын жолдың бойында төрт күзетші, ал кіреберістің өзінде екі күзетші болатын. | |
| I Ch | Kaz | 26:20 | Ахияхтың жетекшілігіндегі бірқатар леуіліктер Құдайдың киелі үйіндегі сый-тартулар және Құдайға бағышталған олжалы заттар сақталатын қазына қоймаларын күзетіп қорғайтын. | |
| I Ch | Kaz | 26:21 | Герсонның ұлдарының бірі — Лағданнан бірнеше әулет тарады. Олардың ішінде оның өз ұлы Ехиелден тараған әулет те болды. | |
| I Ch | Kaz | 26:22 | Ехиелдің Зетам, Жоел есімді ұлдары Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қазына қоймаларын күзететін. | |
| I Ch | Kaz | 26:24 | (Ымрамнан тараған) Мұса пайғамбардың ұлы Гершомның ұрпағы Шебуил қазына қоймаларының аға меңгерушісі болды. | |
| I Ch | Kaz | 26:25 | Шебуилдің немере ағасы Елиезерден тараған туысқаны Шеломот болатын. Шеломоттың шыққан ата-тегі мынау: Елиезерден Рехабиях, Рехабияхтан Ишиях, Ишияхтан Жорам, Жорамнан Зіхри, Зіхриден Шеломот. | |
| I Ch | Kaz | 26:26 | Дәуіт патша, әулет басшылары, мыңбасылары, жүзбасылары және жасақтың басқа да қолбасшылары Жаратқан Иеге бағыштаған олжалы заттар сақталған қазына қоймасының күзетшілері сол Шеломот пен оның ағайындары болды. | |
| I Ch | Kaz | 26:27 | Патша және оның қолбасшылары шайқастарда қолға түсірген бағалы заттарының бір бөлігін Жаратқан Иенің киелі үйін жақсы қалпында сақтау үшін беріп отыратын. | |
| I Ch | Kaz | 26:28 | Самуил пайғамбар, Қиш ұлы Саул, Нер ұлы Әбенир және (Дәуіттің қарындасы) Сарұяның ұлы Жоғаб Жаратқан Иеге бағыштаған олжалы заттар да Шеломот пен оның ағайындарының қарауында болды. | |
| I Ch | Kaz | 26:29 | Ысқардың ұрпақтарынан Хенаниях шықты. Ол және оның ұлдары киелі үйден тыс мәселелер бойынша Исраил елі үшін басқарушы әрі төреші қызметтерін атқаратын. | |
| I Ch | Kaz | 26:30 | Хебронның ұрпақтарынан Хашабиях шықты. Ол және оның әкімшілік жұмысқа икемді бір мың жеті жүз ағайыны Исраил елінің Иордан өзенінен батыста орналасқан бөлігіндегі Жаратқан Иеге бағышталған істерді және патшаға арналған қызметтерді бақылауға тағайындалды. | |
| I Ch | Kaz | 26:31 | Хебронның ұрпақтарынан Ерия да тараған еді. Ол, өзі шыққан әулеттердің шежіресі бойынша, олардың басшысы болды. Дәуіттің патшалық құрған қырқыншы жылы осы әулеттер қайтадан қаралды. Сонда Хебронның Ғилақад аймағындағы Жазерде тұрған ұрпақтарының арасынан ерекше қабілетті адамдар табылды. | |
Chapter 27
| I Ch | Kaz | 27:1 | Төменде исраилдік әулет басшылары, мыңбасылар, жүзбасылар және олардың басқарушыларының тізімі берілген. Бұлар әр жылда кезектесіп, бір айдан қызмет етіп шығатын жасақ бөлімдеріне басшылық ететін. Осылай олар сол жасақ бөлімдеріне байланысты күллі міндеттерін атқарып патшаға қызмет көрсететін. Әрбір жасақ бөлімі жиырма төрт мың сарбазды қамтитын. | |
| I Ch | Kaz | 27:2 | Жиырма төрт мың сарбазды қамтыған бірінші жасақ бөлімінің қолбасшысы Забдиелдің ұрпағы Яшобам болды. Осы бөлім бірінші айда қызмет ететін. | |
| I Ch | Kaz | 27:3 | Яһуда руындағы Парес әулетінен шыққан осы Яшобам бірінші айда жасақтағы барлық сардарларға басшылық ететін. | |
| I Ch | Kaz | 27:4 | Ахоахтың ұрпағы Додай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, екінші айда қызмет ететін екінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. Оның қол астындағы әмірші Миқлот еді. | |
| I Ch | Kaz | 27:5 | Діни қызметкер Еходайдың ұлы Бенаях жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, үшінші айда қызмет ететін үшінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:6 | Осы Бенаях атақты Отыз батырдың ішіндегі ерен батыры және солардың басшысы болатын. Оның ұлы Амизабад әкесінің қол астындағы әмірші еді. | |
| I Ch | Kaz | 27:7 | Жоғабтың туған інісі Асахил жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, төртінші айда қызмет ететін төртінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. Кейін Асахилдің ұлы Забадиях әкесінің орнын басып қолбасшы болып тағайындалды. | |
| I Ch | Kaz | 27:8 | Израқ әулетінен шыққан Шамхут жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, бесінші айда қызмет ететін бесінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:9 | Текоялық Икеш ұлы Ирақ жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, алтыншы айда қызмет ететін алтыншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:10 | Ефрем руынан шыққан пәлеттік Хелес жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, жетінші айда қызмет ететін жетінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:11 | Зарах әулетінен шыққан хушалық Сипхай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, сегізінші айда қызмет ететін сегізінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:12 | Бунямин руынан шыққан анатоттық Әбиезер жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, тоғызыншы айда қызмет ететін тоғызыншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:13 | Зарах әулетінен шыққан нетопаттық Маһарай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, оныншы айда қызмет ететін оныншы жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:14 | Ефрем руынан шыққан пиратондық Бенаях жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, он бірінші айда қызмет ететін он бірінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:15 | Отниел әулетінен шыққан нетопаттық Хелдай жиырма төрт мың сарбазды қамтыған, он екінші айда қызмет ететін он екінші жасақ бөлімінің қолбасшысы болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:16 | Исраилдің руларын басқаруға тағайындалған әкімдер мыналар болды: Рубен руын — Зіхри ұлы Елиезер, Шимон руын — Маха ұлы Шафатиях, | |
| I Ch | Kaz | 27:21 | Манаса руының Ғилақад аймағындағы жартысын — Зәкәрия ұлы Иддо, Бунямин руын — Әбенир ұлы Ясиел, | |
| I Ch | Kaz | 27:23 | Дәуіт Исраил елінде санақ жүргізгенде, жасы жиырмадағы немесе одан төмен адамдарды санаған жоқ. Себебі Жаратқан Ие Исраил халқын аспандағы жұлдыздардай көп қыламын деп уәде берген болатын. | |
| I Ch | Kaz | 27:24 | Сарұяның ұлы Жоғаб ересек ер адамдарды санай бастағанмен, онысын аяқтамады. Санақтың кесірінен Жаратқан Ие Исраилге қаһарын төкті. Сол себепті осы санақтың нәтижесі «Дәуіт патшаның билігінің шежіре кітабына» кіргізілген жоқ. | |
| I Ch | Kaz | 27:25 | Патшаның Иерусалимдегі қоймаларын Адиел ұлы Азмаует, ал басқа қалалар мен елді мекендердегі және бақылау мұнараларындағы қоймаларын Ұзиях ұлы Жонатан басқаратын. | |
| I Ch | Kaz | 27:26 | Патшаның егістік жерлерін өңдеумен айналысатын шаруалардың басқарушысы Хелуб ұлы Езра болатын. | |
| I Ch | Kaz | 27:28 | Батыстағы төменгі қыраттарда зәйтүн және тұт ағаштарын өсірумен айналысушыларға гедерлік Бал-Ханан басшылық ететін, ал зәйтүн майы сақталатын қоймалардың басқарушысы Жоғас болатын. | |
| I Ch | Kaz | 27:29 | Шарондық Шитрай Шаронның маңында жайылатын мүйізді ірі қара малды басқаратын, ал Адлай ұлы Шапат аңғарлардағы мүйізді ірі қара малды бағушылардың үстінен қарайтын. | |
| I Ch | Kaz | 27:31 | ал қой-ешкілерді өсіруді ажарлық Жазиз басқаратын.Осылардың бәрі Дәуіт патшаның мал-мүлкін қарайтын қызметкерлері болды. | |
| I Ch | Kaz | 27:32 | Дәуіттің әкесінің ағайыны Жонатан патшаның кеңесшісі болды. Жонатан зерек, көп оқыған адам еді. Ахамони ұлы Ехиел патшазадаларға тәлім-тәрбие беретін. | |
| I Ch | Kaz | 27:33 | Ахитопел де патшаның кеңесшісі, ал архилік Хушай патшаның досы әрі жеке кеңесшісі болатын. | |
Chapter 28
| I Ch | Kaz | 28:1 | Бірде Дәуіт Исраил елінің барлық әміршілерін Иерусалимге жинады. Патша, сондай-ақ, елдің рубасыларын, өзінің қызметіндегі жасақ бөлімдерінің қолбасшыларын, мыңбасылары мен жүзбасыларын, патша мен патшазадалардың мал-мүлкін әрі патшалық сарайды басқаратын қызметкерлерін, батырларын және бүкіл басқа да мансап иелерін шақыртып алды. | |
| I Ch | Kaz | 28:2 | Дәуіт патша орнынан тұрып, былай деді:— Сөзімді тыңдаңдар, уа, ағайындарым, халқым менің! Құдайымыз Жаратқан Иенің «табан тіреніші» — Оның арамызда екенін білдіретін Келісім сандығына тұрақты орын болатын киелі үйді салатын ниетім бар еді. Осы құрылысқа дайындық та жүргіздім. | |
| I Ch | Kaz | 28:3 | Бірақ Құдай маған: «Менің есіміме арнап киелі үй салма! Себебі сен көп соғысып, қан төккен адамсың!» деп бұйырды. | |
| I Ch | Kaz | 28:4 | Ал Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие өзімді әкемнің бүкіл әулетінің ішінен Исраилдің тұрақты патшасы болуға таңдап алған еді. Өйткені Ол Исраилді бастаушы ру етіп Яһуда руын таңдаған болатын. Яһуданың ішінен Ол әкемнің әулетін, ал әкемнің барлық ұлдарының ішінен мені ұнатып, бүкіл Исраилдің үстінен патша етіп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 28:5 | Өзі маған көптеп сыйлаған ұлдарымның бәрінің ішінен Жаратқан Ие Исраил патшалығының тағына отыруға ұлым Сүлейменді таңдап алды. | |
| I Ch | Kaz | 28:6 | Жаратқан Ие маған былай деді: «Өзіме арналған киелі үйді және оның аулаларын салатын ұлың Сүлеймен болмақ. Өйткені Мен оны Өзіме рухани ұл етіп таңдап алдым, ал Мен оған Әке боламын. | |
| I Ch | Kaz | 28:7 | Егер ол өсиеттерім мен шешімдерімді қазіргідей берік орындайтын болса, Мен оның патшалығын тұрақты етіп бекітемін. | |
| I Ch | Kaz | 28:8 | Сондықтан бүкіл Исраил халқының алдында, Жаратқан Иенің жиналып тұрған осы жамағатының алдында және Құдайдың Өзінің алдында сендерге мынаны мықтап ескертемін: өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Иенің барлық өсиеттерін сақтап орындайтын болыңдар! Сонда ғана сендер осы шұрайлы елді иеленіп, оны өздеріңнен кейін келетін ұрпақтарыңа мұра етіп қалдыра алатын боласыңдар. | |
| I Ch | Kaz | 28:9 | Ал сен, ұлым Сүлеймен, әкең сиынған Құдайды жақыннан танып-біл! Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегінің түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді. Егер Оған бет бұрып сиынатын болсаң, Оны табасың. Ал егер Құдай Иеден бас тартып, елемей кетсең, онда Ол да сенен біржола бас тартады. | |
| I Ch | Kaz | 28:10 | Ал енді, мынаған назар аудар: Жаратқан Ие сені Өзінің киелі үйі болатын ғибадатхананы салуға таңдап алды. Қайратты болып жұмысқа кіріс!» | |
| I Ch | Kaz | 28:11 | Содан соң Дәуіт өз ұлы Сүлейменге ғибадатхананың кіреберісі мен қосымша ғимараттарының, оның қоймалары мен жоғарғы қабатының, ішкі бөлмелерінің және Құдайдың Келісім сандығы орналасатын ең қасиетті бөлмесінің жобасын табыстады. | |
| I Ch | Kaz | 28:12 | Сонымен қатар Дәуіт Жаратқан Иенің ғибадатханасының аулалары, киелі үйді айналдыра орналасқан бөлмелер, Құдайдың ғибадатханасының қазына қоймалары және Құдайға бағышталған олжалы заттар сақталатын қоймалар жайлы ойлап дайындаған бүкіл жоспарларын Сүлейменге тапсырды. | |
| I Ch | Kaz | 28:13 | Дәуіт Сүлейменге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі діни қызметкерлер мен леуіліктер топтарының қызметтері жайлы да нұсқауларын берді. Сондай-ақ, олардың Жаратқан Иеге Өзінің киелі үйінде ғибадат ететін кездерінде қандай бұйымдарды қолданулары керектігін де белгіледі. | |
| I Ch | Kaz | 28:14 | Дәуіт қызметтің түр-түрінде қолданылатын алтын, күміс бұйымдарды жасауға қажетті алтын мен күмістің салмағын да тағайындап қойды: | |
| I Ch | Kaz | 28:15 | әрбір алтын шам қойғыш пен оның шамдары үшін қанша алтын, әрбір күміс шам қойғыш пен оның шамдары үшін қанша күміс жұмсалуға тиіс екендігі туралы айтты. Жағдайға қарай, түрлі-түрлі шам қойғыштар қолданылуы керек болды. | |
| I Ch | Kaz | 28:16 | Сондай-ақ, Дәуіт нан тартуы қойылатын арнайы үстелді жасауға қажетті алтынның, әрбір күміс үстелді жасауға қажетті күмістің, | |
| I Ch | Kaz | 28:17 | шанышқылар, қан не су бүркіп шашатын тостағандар, құмыралар мен табақтар жасауға қажетті саф алтынның нақты мөлшерлерін, әрбір күміс тостағанды жасауға қажетті күмістің мөлшерін де белгілеп қойды. | |
| I Ch | Kaz | 28:18 | Дәуіт хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын жалатқан түтету үстелін жасауға қажетті саф алтынның мөлшерін де анықтап қалдырды. Сол сияқты, ол «күйменің» жобасын да Сүлейменге табыстады. Осы «күйме» қанаттарын жайып Жаратқан Иенің Келісім сандығын жауып тұратын алтын керуб мүсіндерін білдіреді. | |
| I Ch | Kaz | 28:19 | «Бұлардың бәрін жазып қалдыруға Жаратқан Иенің Өзі мені жетеледі, — деді Дәуіт. — Ол маған жоба-жоспардың барлық егжей-тегжейлерін жете түсінуге қабілет берді». | |
| I Ch | Kaz | 28:20 | Дәуіт өзінің ұлы Сүлейменге тағы мынаны да өсиеттеді: «Қайратты да батыл бол! Жұмысқа кіріс! Ештеңеден қорқып, уайымдама! Құдай Ием саған жар болады. Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылыс жұмыстарын бітіре алуың үшін Ол сені ешқашан тастап та кетпейді, жалғыз да қалдырмайды. | |
Chapter 29
| I Ch | Kaz | 29:1 | Содан соң Дәуіт патша бүкіл жиналып тұрған қауымға былай деді: «Құдайдың бірден-бір таңдаулысы — (ізімді басатын) ұлым Сүлеймен әлі де бұғанасы қатпаған жас. Ал жасалатын іс орасан зор. Себебі осы ғимарат адамға емес, Құдай Иеге арналып салынбақ! | |
| I Ch | Kaz | 29:2 | Қолымдағы барыммен өзімнің сиынатын Құдайымның киелі үйіне қажет заттарды дайындап қойдым. Түрлі бұйымдар үшін алтын, күміс, қола, темір, ағаш дайын. Сонымен қатар көмкерілген әшекейлерге арнап оникс және басқа да әдемі, түрлі түсті тастарды, асыл тастардың алуан түрлерін және көп мөлшерде мәрмәр тасын жинап қойдым. | |
| I Ch | Kaz | 29:3 | Бұрын бағыштағаныма қоса, Құдайымның киелі үйін қатты сүйетіндігімнен өзімнің жеке қазынамдағы алтын-күмісті де Құдайымның осы киелі ғибадатханасына бағыштаймын. | |
| I Ch | Kaz | 29:4 | Олар — үш мың ат басындай опырлық алтын мен жеті мың ат басындай саф күміс. Осы алтын-күмісті ғимараттардың қабырғаларын қаптау үшін, | |
| I Ch | Kaz | 29:5 | қажетті алтын-күміс бұйымдарды жасап шығару үшін және қолөнершілер істейтін барлық басқа жұмыстарға арнаймын. Ал енді, өз еркімен Жаратқан Иеге сый-тарту жасағылары келетін тағы кімдер бар?» | |
| I Ch | Kaz | 29:6 | Сонда әулет басшылары, Исраилдің рубасылары, мыңбасылары, жүзбасылары және патшаның жұмыстарын басқарушылары ерікті тартуларын ұсынды. | |
| I Ch | Kaz | 29:7 | Олар Құдайдың киелі үйінің құрылысына арнап бес мың ат басындай алтын мен он мың алтын теңге, он мың ат басындай күміс, он сегіз мың ат басындай қола және жүз мың ат басындай темір бағыштады. | |
| I Ch | Kaz | 29:8 | Асыл тастары барлар соларын да Жаратқан Иенің киелі үйіне арналған қазына қоймасына, оның меңгерушісі Ехиелге әкеліп тапсырды. Ехиел Леуі руының Гершон әулетіне жататын. | |
| I Ch | Kaz | 29:9 | Халық өз басшыларының жомарттықпен сый-тартуларын бергендеріне қуанды. Олар бұларын ерікті түрде шын жүректен Жаратқан Иеге ұсынған болатын. Дәуіт патша да зор шаттыққа бөленді. | |
| I Ch | Kaz | 29:10 | Содан Дәуіт Жаратқан Иені бүкіл жамағаттың алдында мадақтап былай деді:«Уа, Жаратқан Ие, арғы атамызИсраил сиынған Құдайымыз,Мәңгі Саған арналсын мақтауымыз! | |
| I Ch | Kaz | 29:11 | Уа, Жаратқан Ие, Саған тән — ұлылық,Құдірет, салтанат, жеңіс пен нұрлылық!Меншігің — көк пен жердегілер барлық!Һәм Сенікі, уа, Иеміз, патшалықӘрі баршаға деген басшылық! | |
| I Ch | Kaz | 29:12 | Дәулет пен құрметтің көзі Сенсің,Бүкіл әлемге билік жүргізушісің!Бәрін жоғарылатып, күшейтетінҚұдірет пен билік қолыңда Сенің. | |
| I Ch | Kaz | 29:14 | Ал енді, Саған осындай мол сый-тарту беретіндей біз кім едік сонша?! Әлемдегінің барлығы да Сенен келген. Өз қолыңның бізге сыйлағандарын ғана Өзіңе тарту етіп отырмыз. | |
| I Ch | Kaz | 29:15 | Сенің алдыңда біз де күллі ата-бабаларымыз сияқты жат жұрттық, бөтен кірмелерміз. Бұ дүниелік ғұмырымыз көлеңке іспетті өткінші де үмітсіз. | |
| I Ch | Kaz | 29:16 | Уа, Құдайымыз Жаратқан Ие! Біз Сенің киелі есіміңе арнап салмақшы болған ғибадатхананың құрылысы үшін осы ағыл-тегіл мол заттарды дайындап қойдық. Солардың барлығы да Сенің Өзіңнен келіп отыр, бәрі де Сенікі! | |
| I Ch | Kaz | 29:17 | Сенің адам жүрегін тексеретініңді, ол адал болып шыққан кезде риза болатыныңды білемін, уа, Құдайым! Мен осы күллі заттарды Саған ерікті түрде шын жүректен бағыштадым. Өз халқыңның да Саған қуанышпен ерікті сый-тартулар жасағанын көріп отырмын. | |
| I Ch | Kaz | 29:18 | Уа, Жаратқан Ие, түп аталарымыз Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы! Халқыңның Өзіңе қызмет етуге деген осы құлшынысын сақтай гөр, әрдайым жүректерін Саған адал күйінде қалдыра гөр. | |
| I Ch | Kaz | 29:19 | Ұлым Сүлейменге де Сенің өсиеттеріңді, ережелерің мен әмірлеріңді берік сақтайтын әрі орындайтын адал жүрек сыйлай гөр. Мен қажетті заттарын дайындап қойған мына ғимаратты тұрғызу үшін де оған адал ой-ниетті дарыта гөр». | |
| I Ch | Kaz | 29:20 | Мұнан кейін Дәуіт бүкіл жамағатты: «Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар!» — деп шақырды. Сонда олардың барлығы ата-бабалары сиынған Құдай — Жаратқан Иені мадақтады. Олар Жаратқан Ие мен Оның тағайындаған патшасының алдында төмен иіліп, беттерін жерге тигізе тағзым етті. | |
| I Ch | Kaz | 29:21 | Келесі күні жамағат Жаратқан Иеге арнап көптеген құрбандықтар шалып, солардың көбін түгелдей өртеп жіберді. Шалынған құрбандықтар: бір мың жас бұқа, бір мың қошқар, бір мың тоқты. Жамағат бүкіл Исраил халқы үшін сол құрбандықтарға қосылатын сұйық тартуларын да ұсынды, құрбандықтың басқа түрлерін де молынан әкеліп, шалды. | |
| I Ch | Kaz | 29:22 | Олар сол күні Жаратқан Иенің алдында ішіп-жеп, зор қуанышқа бөленді.Содан соң жамағат Дәуіттің ұлы Сүлейменді патша деп екінші рет жариялады. Оны Жаратқан Иенің алдында басшы ретінде, ал Садықты діни қызметкер ретінде бекітіп, екеуіне де май жағу рәсімін жасады. | |
| I Ch | Kaz | 29:23 | Осылайша Сүлеймен әкесі Дәуіттің орнына патша болып, Жаратқан Иенің халқының тағына отырды. Сүлеймен іс-әрекеттерінде табысты болып, бүкіл Исраил халқы оған мойынсұнды. | |
| I Ch | Kaz | 29:24 | Барлық басшылар мен батырлар әрі Дәуіт патшаның басқа ұлдарының бәрі де Сүлейменге мойынсұнуға қол берісіп ант етті. | |
| I Ch | Kaz | 29:25 | Жаратқан Ие бүкіл Исраилдің алдында оның дәрежесін аса жоғарылатты, әрі оған Исраилдегі ешбір патша көріп-білмеген патшалық салтанатты сыйлады. | |
| I Ch | Kaz | 29:27 | Ол Исраилге барлығы қырық жыл: Хебронда жеті жыл және Иерусалимде отыз үш жыл бойы патшалық құрды. | |
| I Ch | Kaz | 29:28 | Дәуіт көп жасап, өмір, байлық және құрмет-даңқтың қызығын көрген соң, дүние салды. Оның ұлы Сүлеймен орнын басып патша болды. | |
| I Ch | Kaz | 29:29 | Дәуіт патшаның істері басынан аяғына дейін Самуил, Натан, Ғад есімді пайғамбарлардың жазып қалдырған кітаптарында баяндалған. | |