Chapter 1
| Prov | Kaz | 1:2 | Нақыл сөздердің мақсаты мынау:Даналық пен тағылымды білдіріп,Парасатты сөздерді ұғындыру, | |
| Prov | Kaz | 1:6 | Осылай нақыл да астарлы сөздерді,Данышпан адамдар айтып кеткендердіҺәм олардың жұмбақтарын түсінеді. | |
| Prov | Kaz | 1:7 | Білімнің бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну.Ал Құдайдан безген надандар болса,Елемейді даналық пен тәрбиені. | |
| Prov | Kaz | 1:11 | Олар сені шақырып былай десе:«Кәнеки, кеттік, біреуді аңдиық!Сол бір айыпсыздың жолын ториық,Аңдаусызда бас салып, қанын төгейік! | |
| Prov | Kaz | 1:22 | «Аңғалдар, қашанғы аңғалдықты сүйесіңдер,Мазақшылдар, қашанғы мазақтай бересіңдер,Ақымақтар, қашанғы білімді жек көресіңдер? | |
| Prov | Kaz | 1:23 | Кәне, менің тәрбиеме құлақ түріңдер!Сонда сендерге рухымды молынан төгемін,Айтатын сөздерімді түгел білдіремін. | |
| Prov | Kaz | 1:27 | Қорқыныш сұрапыл дауылдай соққанда,Зобалаң бастарыңа құйындай туғанда,Қайғыға ұшырап сендер тарыққанда. | |
Chapter 2
Chapter 3
| Prov | Kaz | 3:11 | Балам, Тәңір сені тәрбиелегендеОнысын ешқашан менсінбей жүрме,Ол сені жөнге келтіргендеЛайым еңсең түсіп жүнжіме! | |
| Prov | Kaz | 3:12 | Иеміз Өзі сүйетін әркімдіТүзетеді әрі тәрбиелейді.Әкесі сүйікті баласын даЖазалайды қажет болғанда. | |
| Prov | Kaz | 3:21 | Ей, балам, мыналарды назарыңнан тайдырма:Дұрыс ой мен естілікті сақтап жүр әр уақытта! | |
Chapter 4
| Prov | Kaz | 4:4 | Әрдайым былай деп әкем маған үйрететін:Жүрегіңе сөздерімді берік тоқып алғын,Өсиеттерімді орындап өмір сүргін. | |
Chapter 5
| Prov | Kaz | 5:19 | Ол еліктей сұлу, тауешкідей әсем,Үнемі ләззат тап кеудесінен,Мас бола бер махаббатына әрдайым. | |
Chapter 6
| Prov | Kaz | 6:3 | Ұлым, сол адамға кіріптар болғаның.Тез барып, жалынып аяғына жығыл,Осылай уәдеңнен азат болып құтыл! | |
| Prov | Kaz | 6:22 | Жүргенде олар тура жолды нұсқар,Ұйықтасаң күзетіп, қорғап жатар,Оянғанда саған ақыл айтар. | |
Chapter 7
| Prov | Kaz | 7:22 | Жігіт әйелге еріп жүре берді,Сойылуға бара жатқан өгіздей,Әрі торға түсіп қалған бұғыдай, | |
| Prov | Kaz | 7:23 | Садақ оғы әлі бауырына қадалмай,Тұзаққа зымырай ұшқан құстай,Өмірмен қоштасарын кетті ол ұғынбай. | |
Chapter 8
| Prov | Kaz | 8:3 | Қала қақпаларының төңірегінде,Халық өтетін кіреберістерде,Даналық былай деп мәлімдеуде: | |
| Prov | Kaz | 8:13 | Жаратқанды қастерлеп, мойынсұну,Бұл — жамандық атаулыны жек көру.Жек көремін мен паңдық пен менмендікті,Жаман іс-әрекет пен бұрма сөзді. | |
| Prov | Kaz | 8:19 | Беретін жемісім алтыннан құнды,Ол тіпті саф алтыннан да бағалы,Шығаратын өнімім менің таңдаулы,Күмістен де әлдеқайда жоғары. | |
| Prov | Kaz | 8:29 | Теңіз суының ауқымын шектегенде,Өз еркінен тыс тасытпай тежегендеӘрі дүниенің негізін белгілегенде, | |
Chapter 9
| Prov | Kaz | 9:10 | Даналықтың бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну,Һәм ақыл-парасат — Киелі ҚұдайдыЖәне Оның еркін жақыннан тану. | |
Chapter 10
| Prov | Kaz | 10:1 | Сүлейменнің бірсыпыра нақыл сөздері:Ақылды бала — әкесінің сүйініші,Ақылсыз бала — шешесінің күйініші. | |
Chapter 11
Chapter 12
Chapter 13
| Prov | Kaz | 13:18 | Тәрбиеден безген жоқтық пен масқараға ұшырар,Ескертуге көңіл бөлген қадір-құрметке ие болар. | |
| Prov | Kaz | 13:23 | Кедей жыртқан тың жерден егін бітік шығар,Ал әділетсіздіктің кесірінен бір бөлігі ұрланар. | |
Chapter 14
| Prov | Kaz | 14:31 | Жарлыны қанаған — Жаратушысын менсінбеген,Жарлыны қамқорлаған — Жаратушысын қастерлеген. | |
Chapter 15
Chapter 16
| Prov | Kaz | 16:6 | Рақыммен және шындықпен күнәлар кешірілер,Жаратқанды шын қастерлейтін күнәдан аулақ жүрер. | |
Chapter 17
| Prov | Kaz | 17:3 | Алтынды отта балқытып, күмісті көрікте сынар,Адам жүрегін Жаратқанның Өзі тексеріп сынар. | |
Chapter 18
Chapter 19
| Prov | Kaz | 19:7 | Бар туысы кедей жанды жек көрер,Ал достары солардан бетер одан безер,Сөйлессем деп талпынғаны болар бекер. | |
| Prov | Kaz | 19:17 | Жарлыны қамқорлаған — Жаратқанға қарыз бергені,Игі ісінің сауабын Жаратқан қайтып береді. | |
| Prov | Kaz | 19:25 | Мазақшылды жазаласаң, аңғырт жан да ұғынар,Естіге тек ескертсең, ол содан сабақ алар. | |
Chapter 20
| Prov | Kaz | 20:16 | Бөгдеге біреу кепіл болса,Шапанын шешіп алыңдар сонда,Кепілдік болсын бөгденің қарызына. | |
| Prov | Kaz | 20:25 | Тәңірге асыға өз меншігін бағыштау,Ал берген антына соңынан өкіну,Бұл — өзіне-өзі тұзақ құру. | |
Chapter 21
| Prov | Kaz | 21:1 | Патшаның жүрегі Жаратқанның қолындаҰқсайды аққан суға өзен салаларында:Жаратқан бағыттайды оны қалаған жағына. | |
| Prov | Kaz | 21:11 | Мазақшыл жазаланса, аңғырттың даналығы артар,Дана жан тәлім алса, ол содан білім қабылдар. | |
Chapter 22
| Prov | Kaz | 22:16 | Баюы үшін кедейге жәбір көрсететінӘрі байға сыйлықтар бере беретінАдам болады кедейленетін. | |
Chapter 23
| Prov | Kaz | 23:7 | Ол қара басының ғана қамын ойлайды,«Ішіп-же» деп сені қолпаштайды,Бірақ онысын шын жүректен айтпайды. | |
| Prov | Kaz | 23:29 | Кімде пәле, қайғы, жанжал бар?Кімде шағым, қажет емес жара бар?Кімнің көзі көреді бұлыңғыр? | |
| Prov | Kaz | 23:30 | Мұның бәрі шарап ішіп,Ұзақ отыратындарда болар,Ішімдіктерді араластырып,Дәмін тататындарда болар. | |
| Prov | Kaz | 23:31 | Сен шараптың қалай қызарып,Тостағанда құбыла жалтырап,Бірқалыпты жұмсақ жұтылғанынаЛайым қызықтап қарайтын болма! | |
| Prov | Kaz | 23:34 | Сонда ұқсарсың теңіздің қақ ортасындаКеме діңгегінің ұшар басындаҰйықтап жатқан сорлы жанға; | |
Chapter 24
| Prov | Kaz | 24:12 | «Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?Жүрек түкпірін сынайтынЖаратқан шындықты білмей ме?Ұдайы жаныңды бақылайтынТәңір Ие білмей қалар дейсің бе?Ісіне қарап әрбір жанныңҚарымтасын Ол береді де. | |
| Prov | Kaz | 24:13 | Балам менің, бал же, бойыңа ол нәрлі,Балауыз ұясынан тамғанын же, таңдайыңа ол тәтті, | |
| Prov | Kaz | 24:14 | Дәл солай даналық та жаныңа игілікті:Оны тапсаң жарқын болар келешегің,Әрі еш үзілмес үмітің сенің. | |
| Prov | Kaz | 24:15 | Әй, сұрқия, тосқауылдан көз салмаӘділетті жанның тұрағына,Оның жайлы мекенін ойрандама! | |
| Prov | Kaz | 24:21 | Балам, Жаратқанды терең қастерле,Мойынсұнып патшаңды да құрметте,Ал бүлікшімен ешқашан бірлеспе! | |
| Prov | Kaz | 24:22 | Қосылсаң оған, кенет пәлеге ұшырарсың,Кім білер Жаратқан мен патшаның үкімдерініңСондай бүлікшіні неге бұйыратындарын? | |
| Prov | Kaz | 24:23 | Даналар мына нақылдарды да қалдырған.Адамды алалау сот ісінде,Бұл — нағыз әділетсіз нәрсе. | |
| Prov | Kaz | 24:27 | Алдымен сыртқы шаруаңды бітір,Егіндігіңді дайындап, жөнге келтір,Содан соң барып, шаңырақ көтер. | |
| Prov | Kaz | 24:29 | Мынаны да айтушы болма:«Ол не нәрсе істесе маған,Мен де соны істеймін оған,Ісіне қарап мен оның қарымтасынҚалай да қайтаратын боламын!» | |
| Prov | Kaz | 24:31 | Қарасам, бәрін тікен басыпты,Ішіне қалақай қаптап кетіпті,Қоршаған тас дуалы қирап қалыпты. | |
Chapter 25
| Prov | Kaz | 25:1 | Бұлар да Сүлейменнің нақыл сөздері. Оларды жинақтағандар — Яһуда елінің патшасы Езекияның қызметкерлері. | |
| Prov | Kaz | 25:7 | Мырзаңның көз алдында ұялғанша,Саған игі, «төрге шық» деп шақырса.Көргеніңді сотқа айтуға асықпа, | |
| Prov | Kaz | 25:13 | Жазғы орақ кезіндегіСергіткен қар секілді,Қожайынының жанын сергітедіЖіберген сенімді елшісі. | |
| Prov | Kaz | 25:17 | Көршіңе тым жиі барыпКетірме қадіріңді,Әйтпесе сенен мезі болыпЖек көріп кетер өзіңді. | |
| Prov | Kaz | 25:20 | Салқын күні басқаның шапанын тартып алған,Яки жарақатқа сірке су құйған жанСияқты — қайғылыға көңілді өлең айтқан. | |
| Prov | Kaz | 25:22 | Сен осылай етіп басына оныңҚызып тұрған шоқ жиғандай боласың,Һәм Жаратқан қайтарар саған қарымтасын. | |
Chapter 26
Chapter 27
| Prov | Kaz | 27:10 | Қол үзбе өз досыңнан,Әкеңнің де досынан.Басыңа сенің күн туғандаАғайынның үйіне қашып барма.Іргедегі көршің артық қойАлыстағы сол ағайыныңнан. | |
| Prov | Kaz | 27:13 | Бөгдеге біреу кепіл болар,Сонда оның шапанын шешіп алыңдар,Бөгде әйелдің қарызына кепілдік сол болар. | |
Chapter 28
| Prov | Kaz | 28:10 | Әділді адастырған теріс жолғаӨз торына өзі түсер жан,Ие болар ақырында жақсылыққаКінәратсыз, адал жан. | |
Chapter 29
| Prov | Kaz | 29:15 | Тиянақты тәрбие мен қажетті жазаБаланы ақылды қылар,Ал өз бетімен жіберілген балаАнасын масқараға қалдырар. | |
| Prov | Kaz | 29:18 | Құдайдың хабарын алмаса, халық бетімен кетер,Ал Оның тәлімін сақтағандар бақытқа кенелер. | |
| Prov | Kaz | 29:24 | Қарақшымен сыбайлас өз жанына қас,Ол қарғанып ант беруге болар тиіс,Ал шын куәлік беруге батылы жетпес. | |
Chapter 30
| Prov | Kaz | 30:1 | Мынау Жәке ұлы Ағұрдың сөздері: Осы адамның Ітиелге, Ітиел мен Ұқалға білдірген Құдай Рухының хабары. | |
| Prov | Kaz | 30:4 | Кім аспанға көтерілген?Кім қайтадан жерге түскен?Кім желді уысында ұстай алар?Кім мұхитты шапанымен орап қояр?Кім жердің шегін орнатқан?Өзі мен Ұлының аты кім?Білсең соны айтып берші маған. | |
| Prov | Kaz | 30:6 | Оның сөздеріне еш нәрсе қоспа,Әйтпесе Ол саған ескертіп ұрсар,Өтірігің ашылып жария болар. | |
| Prov | Kaz | 30:8 | Өтірік пен жалғанды менен алшақтатшы,Кедейлік те, байлық та маған бұйырмашы,Тек бере гөр күнделікті нанымды. | |
| Prov | Kaz | 30:9 | Себебі байып кетіп, «Жаратқан Ие кім?»Деп ешқашан Сенен бас тартып кетпейін,Жарлы болып, ұрлық жасап та жүрмейін,Сол арқылы киелі атыңа кір келтірмейін. | |
| Prov | Kaz | 30:14 | Осы ұрпақтың тістері өткір қанжардай,Олардың жақтары өткір пышақтай,Жарлыны жер бетінен жалмап құртар,Мұқтажды адамзат арасынан аластатар. | |
| Prov | Kaz | 30:15 | Сүліктің екі сорғышы үнемі«Бер маған! Берші!» деп талап етеді.Мына үшеу де тойым білмес,Тіпті төртеуі де «жетер» демес: | |
| Prov | Kaz | 30:16 | Қабірдің қара топырағы,Әйелдің бедеу құрсағы,Суға қанбас шөлейт жер,«Жетер» демес ашкөз өрт. | |
| Prov | Kaz | 30:17 | Әкесін мазақтап келекелеген,Шешесін тыңдамай менсінбегенЖанның көздерін шоқыр сайдағы қарғалар,Әрі құзғынның балапандары жеп қояр. | |
| Prov | Kaz | 30:19 | Аспанда самғар қыранның жолы,Жартаста жылжыған жыланның жолы,Теңізде жүзген кеменің жолы,Қыз жүрегінің кілтін тапқан жігіттің жолы. | |
| Prov | Kaz | 30:20 | Азғын әйел жолы да таңдандырар:Ол ішіп-жеп, аузын сүртер,«Еш жамандық істемедім» дер. | |
| Prov | Kaz | 30:32 | Егер асқақтанып ақымақ болсаң,Не басқаға жамандық ойлап тұрсаң,Ұялып, жап аузыңды қолыңменен. | |
Chapter 31
| Prov | Kaz | 31:2 | Уа, балам менің, құрсағымнан шыққан ұлым менің,Уәде беріп, Құдайдан сұрап алған балам менің! | |
| Prov | Kaz | 31:3 | Ысырап қылма әйелдерге күшіңді,Шашыратпа оларға қуатыңды,Тағынан тайдырды олар талай патшаларды. | |
| Prov | Kaz | 31:15 | Әйел төсегінен тұрып таң атпай ерте,Тамағын үлестіріп беріп үй ішіне,Тапсырады жұмысын қызметшілеріне. | |