EZEKIEL
Up
Chapter 1
Ezek | Kaz | 1:1 | Отызыншы жылдың төртінші айының бесінші күні мен Хобар өзенінің жағасына жер аударылып қоныстанған елдестеріммен бірге болдым. Сол кезде көк ашылып, Құдай маған көрсеткен көріністерді көрдім. | |
Ezek | Kaz | 1:2 | Бұл, Ехониях патшаның жер аударылғаннан кейінгі бесінші жылының төртінші айының бесінші күні болатын. | |
Ezek | Kaz | 1:3 | Сонда Жаратқан Ие халдейлердің еліндегі Хобар өзенінің жағасында маған, діни қызметкер Бузи ұлы Езекиелге, сөзін арнады. Сол жерде маған Жаратқан Иенің рухани құдіреті қонды. | |
Ezek | Kaz | 1:4 | Қарасам, солтүстік жақтан бір алапат құйын келе жатыр екен. Ол найзағайы оттай жарқылдап тұрған, жан-жағынан жарқыраған нұрмен көмкерілген үлкен қалың бұлт екен. Ал оттың ортасы жылтыр қола іспетті жарқырап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 1:5 | От ішінен тіршілік иелеріне ұқсаған төрт нөкер көрінді. Олардың түр-тұрпаты адамдікіне ұқсас еді. | |
Ezek | Kaz | 1:7 | Төрт нөкердің аяқтары түзу, ал аяқтарының басы торпақтікіне ұқсап, жылтыр қоладай жалтырап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 1:8 | Нөкерлердің төрт жағындағы әр қанатының астында бір-бірден адамның қолы болды. Әрқайсысының да төрт бет-әлпеті мен қанаты бар еді. | |
Ezek | Kaz | 1:9 | Осылайша төрт нөкер еш бұрылмастан кез келген бағытқа тура жүре алды. Төртеуінің қанаттары бір-біріне тиіп тұрды. | |
Ezek | Kaz | 1:10 | Нөкерлердің бет-әлпеттері мынадай болды: әрқайсысының алдыңғы бет-әлпеті адамның, оң жағындағысы арыстанның, сол жағындағысы бұқаның және артындағысы бүркіттің жүзі іспетті еді. | |
Ezek | Kaz | 1:11 | Олардың бет-әлпеттері осындай болатын. Төрт нөкердің қанаттары жоғары қарай жайылып тұрды. Әр тірі тұлғаның екі қанаты жанындағы екі нөкердің қанаттарына тиіп тұрса, басқа екі қанаты оның өз денесін жауып тұрды. | |
Ezek | Kaz | 1:12 | Төрт нөкердің әрқайсысы алдыңғы жағына қарай, еш бұрылмай-ақ рух қалаған бағытқа тура жүретін. | |
Ezek | Kaz | 1:13 | Төрт нөкердің сырт кейпі лаулап жанып жатқан көмір шоғындай не жарқыраған алаудай еді. Осы от нөкерлердің арасында әрлі-берлі қозғалып, оттан найзағайлар жарқылдап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 1:15 | Мен нөкерлерге қарағанда олардың жандарынан жерге тиіп тұрған төрт дөңгелекті көрдім. Нөкерлердің әрбіреуінің жанында бір-бір дөңгелектен болды. | |
Ezek | Kaz | 1:16 | Төрт дөңгелек зүбәржат асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды. Төртеуінің де сыртқы түрі мен жасалуы бірдей екен. Әр дөңгелектің ішінде өзімен қиылысқан екінші дөңгелегі болды. | |
Ezek | Kaz | 1:17 | Нөкерлер қай бағытқа қозғалмасын, дөңгелектер де бұрылмай-ақ кез келген бағытқа жылжи алатын. | |
Ezek | Kaz | 1:18 | Дөңгелектердің шеңберлері үлкен әрі қорқынышты болды. Төртеуі де айналдыра көздерге толы еді. | |
Ezek | Kaz | 1:19 | Нөкерлер қозғалғанда, жандарындағы дөңгелектер де қозғалатын және нөкерлер жерден көтерілгенде, дөңгелектер де көтерілетін. | |
Ezek | Kaz | 1:20 | Нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын. Сондықтан рух қайда бағыт алса, нөкерлер мен дөңгелектер де тұрып, солай қарай бірге жылжитын. | |
Ezek | Kaz | 1:21 | Нөкерлер қозғалғанда дөңгелектер де қозғалатын, тоқтағанда, дөңгелектер де тоқтайтын, ал жоғары көтерілгенде, солармен бірге дөңгелектер де көтерілетін. Өйткені нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын. | |
Ezek | Kaz | 1:22 | Нөкерлердің бастарының үстіңгі жағында шыныдай жалтыраған күмбез тәрізді бір әуе кеңістігі жайылып тұрды. | |
Ezek | Kaz | 1:23 | Нөкерлер күмбез тәрізді кеңістіктің астында әр жағындағы бір қанатын бір-біріне созып, қалған екі қанатымен денелерін жауып тұрды. | |
Ezek | Kaz | 1:24 | Нөкерлер қозғалғанда, мен қатты ағып жатқан судың гүріліндей, құдіреті шексіз Құдайдың дауысындай, әрі зор әскердің тұрағындағы ұрандаған атойдай қанаттарының сусылын естідім. Нөкерлер тоқтағанда қанаттарын түсіріп отырды. | |
Ezek | Kaz | 1:25 | Ал енді, олар осылай қанаттарын түсіріп тыныш тұрған кезде, күмбез тәрізді кеңістіктің жоғарғы жағынан бір дауыс естілді. | |
Ezek | Kaz | 1:26 | Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды. | |
Ezek | Kaz | 1:27 | Оның денесі белінен жоғары қарай жалындап жалтыраған қоладай екенін әрі белінен төмен қарай оттай жарқырап тұрғанын көрдім. Және Оның айналасын жарқыраған нұр көмкеріп тұрды. | |
Chapter 2
Ezek | Kaz | 2:1 | Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты маған осылай көрінді. Мұны көре салысымен мен жерге етпетімнен жата кеттім. Сонда өзіме сөйлеп тұрған бір дауысты естідім. Ол: «Ей, пендем, орныңнан тұр! Мен саған тіл қатып, сөйлемекпін», — деді. | |
Ezek | Kaz | 2:2 | Сол дауыс сөйлей бастағанда, Рух бойыма еніп, мені аяғыма тік тұрғызды. Мен Оның айтқан сөздерін мұқият тыңдадым. | |
Ezek | Kaz | 2:3 | Ол былай деді: «Ей, пендем, Мен сені Исраилдің үрім-бұтағына — Маған қарсы шыға беретін бас көтергіш халыққа жібермекшімін. Олардың өздері де, ата-бабалары да осы күнге дейін Маған қарсы бас көтеріп келеді. | |
Ezek | Kaz | 2:4 | Мен сені жіберетін халық тоңмойын қыңыр. Оларға: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» деп жарияла! | |
Ezek | Kaz | 2:5 | Сонда олар тыңдаса да, тыңдаудан бас тартса да — олар бас көтергіш халық емес пе? — әйтеуір, олар өздерінің араларында Құдайдың пайғамбарының бар екенін білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 2:6 | Ал сен, уа, пендем, не олардың өздерінен де, не айтқан сөздерінен де қорқушы болма! Тіпті тікенді бұта мен ошағандар айналаңды қаптап, улы шаяндардың арасында тұрып жатсаң да, қорқушы болма! Бас көтергіш халық болғанымен, олардың не айтқан сөздерінен де қорықпа, не сұсты бет-әлпеттерінен де шошыма! | |
Ezek | Kaz | 2:7 | Тыңдаса да, тыңдамаса да, — олар әбден бас көтергіш қой, — бәрібір, оларға Менің сөздерімді жеткізетін бол! | |
Ezek | Kaz | 2:8 | Ал өзің, пендем, Менің саған айтатыныма құлақ сал! Анау бас көтергіш халық сияқты, сен де Маған бағынбай кетуші болма! Аузыңды ашып, өзіңе беретінімді же!» | |
Ezek | Kaz | 2:9 | Содан соң қарасам, маған қарай созылған бір қолды көрдім. Сол қол маған бір шиыршық кітапты ұсынып тұр екен. | |
Chapter 3
Ezek | Kaz | 3:1 | Көктегі дауыс маған тағы да тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, Мен өзіңе ұсынып жатқан осы шиыршық кітапты жеп қой! Содан соң исраилдіктерге бар да, оларға оның мазмұнын жеткіз!» | |
Ezek | Kaz | 3:3 | былай деді: «Ей, пендем, Мен өзіңе берген осы кітапты жеп, ішіңді толтыр!» Мен оны жегенде, дәмі аузымда балдай тәтті болды. | |
Ezek | Kaz | 3:4 | Ол маған тағы былай деді: «Ей, пендем, енді Исраил халқына бар да, оларға Менің сөздерімді айтып бер. | |
Ezek | Kaz | 3:5 | Сені тілі түсініксіз, міңгірлеп сөйлейтін халыққа емес, Исраил халқына жіберіп отырмын. | |
Ezek | Kaz | 3:6 | Олар тілдері түсініксіз, міңгірлеп сөйлейтін, айтқандары саған беймәлім болатын көп халықтың бірі емес. Ал егер Мен сені сондай халықтардың біріне жіберсем, олар саған сөзсіз құлақ асар еді. | |
Ezek | Kaz | 3:7 | Бірақ Исраил халқы сені тыңдағысы келмейді, себебі олар Мені тыңдағылары келмейді. Өйткені бүкіл Исраил халқы тоңмойын қыңыр. | |
Ezek | Kaz | 3:9 | Мен маңдайыңды тіпті шақпақ не алмас тастан да қатты қыламын! Олар бас көтергіш халық болса да, солардан қорқып, сұсты бет-әлпеттерінен шошушы болма!» | |
Ezek | Kaz | 3:10 | Осыларға қоса Ол маған тағы былай деді: «Ей, пендем, Менің өзіңе айтатын сөздеріме құлақ түріп, барлығын есіңе сақтап ал! | |
Ezek | Kaz | 3:11 | Сосын өзіңмен бірге жер аударылып келген елдестеріңе бар. Олардың тыңдағандарына да, тыңдамағандарына да қарамастан тіл қатып: «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады!» деп жарияла!» | |
Ezek | Kaz | 3:12 | Бұдан кейін Рух мені көтеріп алды. Сонда мен арт жағымнан: «Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты Өзінің тұрағында мадақталсын!» деген күркіреген зор дауысты естідім. | |
Ezek | Kaz | 3:13 | Бұл төрт нөкердің бір-біріне тиген қанатының сыбдыры және олардың жанындағы дөңгелектердің күркіреген зырылы екен. | |
Ezek | Kaz | 3:14 | Сонымен Рух мені көтерді де, алып кетті. Мен қайғырып, іштей қатты наразыландым. Бірақ Жаратқан Иенің үстімдегі рухани құдіреті өте күшті болды. | |
Ezek | Kaz | 3:15 | Мұнан кейін мен жер аударылып келгендер тұрып жатқан Хобар өзенінің жағасындағы Тел-Абибке жеттім. Сол жерде қатты таңырқаған күйімде жеті күн бойы олардың араларында болдым. | |
Ezek | Kaz | 3:17 | «Ей, пендем, Мен сені Исраил халқына күзетші етіп тағайындадым. Сондықтан Менің аузымнан шыққан сөзімді естіген сайын халыққа Менің атымнан ескерту жаса! | |
Ezek | Kaz | 3:18 | Егер Мен зұлым жанға: «Сен жазаңды тартып сөзсіз өлесің!» деген хабарымды (өзің арқылы) жіберсем, ал сен оған соны ескертпесең, әрі оның өмірін сақтап қалу үшін жаман іс-әрекеттерін тастауын айтпай, үндемей қалсаң, онда сол зұлым адам өз күнәларының жазасын тартып өледі. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. | |
Ezek | Kaz | 3:19 | Ал егер сен сол әділетсіз адамға ескертіп, ол бәрібір теріс жолынан қайтпай, зұлым істерінен бас тартпаса, онда ол өз әділетсіздігінің жазасын тартып өледі, бірақ сен өз өміріңді сақтап қаласың. | |
Ezek | Kaz | 3:20 | Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, әділетсіздікке салынса, әрі Мен оған сүріндіретін бөгет қойғанмен соған мән бермесе, ол күнәларының зардабын тартып өлімге душар болады. Егер сен оған ескертпесең, ол өз күнәсі үшін өледі. Оның бұрын істеген әділ істері ескерілмейді. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. | |
Ezek | Kaz | 3:21 | Егер сен әділ адамға күнә жасамауды ескертіп, содан ол күнә жасамайтын болса, ол ескертуге құлақ асқандықтан сөзсіз өмір сүре беретін болады. Сен де өз жаныңды аман сақтап қаласың». | |
Ezek | Kaz | 3:22 | Жаратқан Иенің рухани құдіреті сол жерде тағы да маған қонды. Ол маған: «Тұр да, жазық алқапқа бар! Мен сол жерде сенімен сөйлеспекпін», — деді. | |
Ezek | Kaz | 3:23 | Мен тұрдым да, жазық алқапқа бардым. Сол жерде Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты менің Хобар өзенінің жағасында көргенімдей болып тұр екен. Сондықтан мен жерге етпетімнен жата кеттім. | |
Ezek | Kaz | 3:24 | Сонда бойыма Рух еніп, мені аяғыма тік тұрғызды. Ол маған тіл қатып былай деді: «Үйіңе бар да, есікті ішінен бекітіп ал. | |
Ezek | Kaz | 3:25 | Пендем, сол жерде сені арқанмен байлап-матап тастайды. Сондықтан сен жұрттың арасына шыға алмайтын боласың. | |
Ezek | Kaz | 3:26 | Мен сенің тіліңді таңдайыңа жабыстырып тастаймын. Сөйлей алмайтындықтан сен оларға ескерту жасайтын адам бола алмайсың. Себебі олар әбден бас көтергіш, қыңыр халық. | |
Chapter 4
Ezek | Kaz | 4:1 | — Ал енді, пендем, күйдірілмеген кірпішті алып, оны алдыңа қой да, оған бір қаланың, яғни Иерусалимнің, жобасын сыз. | |
Ezek | Kaz | 4:2 | Қаланы қоршауға алуды бейнелеп көрсет. Оған қарсы бекіністер тұрғызып, қабырғаларының маңына тас-топырақтан үймек үй. Сосын әскер қостарын тігіп, айналасына қамал бұзатын қондырғыларды орналастыр. | |
Ezek | Kaz | 4:3 | Содан соң нан жабатын темір таба ал. Оны темір қабырға іспетті өзің мен қаланың арасына орнат. Бет-жүзіңді қалаға бұр. Осылайша қаланың қалай қоршалып, қиналатынын көрсетесің. Бұл Исраил халқына арналған ескерту белгі болады. | |
Ezek | Kaz | 4:4 | Мұнан кейін сол жағыңа жат та, Солтүстік Исраилдің халқының кінәсін өз мойныңа, жүктеп ал. Сол жағыңда қанша күн жатсаң, сонша күн олардың кінәсін өзіңе жүктейсің. | |
Ezek | Kaz | 4:5 | Олар қанша жыл күнә жасаған болса, Мен де саған сонша күнді белгіледім. Сонымен сен үш жүз тоқсан күн бойы Солтүстік Исраил халқының кінәсін өзіңе жүктеп аласың. | |
Ezek | Kaz | 4:6 | Сол үш жүз тоқсан күн біткен соң, қайтадан жат, бірақ бұл жолы оң жағыңа жат. Сен енді Яһуда халқының кінәсін өзіңе жүктейсің. Бір жылға бір күнді тағайындап, Мен саған қырық күнді белгіледім. | |
Ezek | Kaz | 4:7 | Бет-жүзіңді Иерусалим қаласының қамал қабырғасына қарай бұр! Қолыңды жалаңаштап көтеріп, қаланың күнәлары үшін құритыны туралы оған қарсы Менің хабарымды жеткіз! | |
Ezek | Kaz | 4:8 | Сенің қаланы қоршауға алған күндерің бітпейінше, Мен сені бір жағыңнан екінші жағыңа аунай алмайтын етіп, арқанмен байлап-матап тастаймын. | |
Ezek | Kaz | 4:9 | Өзіңе бидай мен арпа, үрме бұршақ пен жасымық, тары және бидайға ұқсас өзге дәнді дақылдар дайындап, құмыраға салып ал. Содан нан пісір. Оны үш жүз тоқсан күн бойы бір жағыңда жатқаныңда жейтін боласың. | |
Ezek | Kaz | 4:10 | Өзіңе күніне жиырма мысқалдан тамақ өлшеп қой. Оны күн сайын белгілі уақыттарда жейтін бол. | |
Ezek | Kaz | 4:11 | Күніне өзіңе бір-бір шағын құмырадан су өлшеп құйып алып, оны да белгілі уақыттарда ішетін бол. | |
Ezek | Kaz | 4:12 | Сол тамағыңды арпа күлшелеріндей қылып дайындап же. Отын ретінде адамның кепкен нәжісін жағып, күлшелерді жұрттың көз алдында соның үстінде пісіретін бол! — | |
Ezek | Kaz | 4:13 | Жаратқан Ие соған қоса тағы былай деді: — Мен Исраил халқын басқа халықтардың арасына қуып жібергеннен кейін, олар сонда осындай арам тамақтарды жейтін болады! — | |
Ezek | Kaz | 4:14 | Ал мен:— О, Жаратушы Тәңір Ие, мен ешқашан да арамданып көрген емеспін. Жас кезімнен бастап осы кезге дейін не арам өлген, не жыртқышқа таланып өлген малдың етін жеген жоқпын. Аузыма басқа да арам ет салған емеспін! — деп жауап қайтардым. | |
Ezek | Kaz | 4:15 | Жаратқан Ие:— Жарайды, онда наныңды адамның кепкен нәжісіне емес, сиырдың тезегіне пісіріп жеуіңе болады, — деп келісті. | |
Ezek | Kaz | 4:16 | Бұдан соң Ол маған былай деп түсіндірді: — Пендем, Мен Иерусалимді күн көріп келген нанынан құр қалдырамын. Оның жұрты өздеріне күнделікті таразыға салынып үлестірілетін нандарын қорқып жейтін, әрі өлшеніп берілетін суларын үрейленіп ішетін болады. | |
Chapter 5
Ezek | Kaz | 5:1 | «Ал сен, пендем, бір қысқа да өткір семсерді ал да, соны ұстарадай қолданып шашың мен сақал-мұртыңды қырып алып таста. Содан кейін қырып алып тастағаныңды таразыға салып, үш бөлікке бөл. | |
Ezek | Kaz | 5:2 | Соның бір бөлігін өзің сызып жасаған қала жобасының дәл ортасына қой. Сенің қаланың қоршауға алынуын бейнелеп көрсеткен күндерің аяқталғанда шашыңның сол бөлігін өртеп жібер. Шашыңның екінші бөлігін сол өткір семсермен кескілеп, қала жобасын айналдыра шашып таста. Соңғы бөлігін желмен бірге ұшырып жібер. Себебі Мен семсерімді суырып алып, халқымның артынан қуып, оны шашыратып жіберемін. | |
Ezek | Kaz | 5:4 | Солардың бірнешеуін ал да, отқа тастап, өртеп жібер. Сол жерден от бүкіл Исраил халқына тарайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 5:5 | Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Осы істегендерің Иерусалимнің болашақ тағдырын бейнелеп көрсетеді. Мен оны халықтардың ортасына, ал басқа елдерді оны айналдыра орналастырған едім. | |
Ezek | Kaz | 5:6 | Бірақ Иерусалимнің халқы жасаған зұлымдықтарымен Менің шешімдерім мен заңдарыма айналасындағы елдер мен халықтардан да бетер қарсы шықты. Олар Менің шешімдерімнен бас тартып, заңдарымды да орындаған жоқ. | |
Ezek | Kaz | 5:7 | Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, тағы мынаны да айтамын: Сендер айналаларыңдағы халықтардан бетер бас көтергіш болып кеттіңдер! Заңдарымды орындамадыңдар, шешімдерімді де іске асырмадыңдар, тіпті айналаларыңда тұрып жатқан басқа халықтардың заңдары бойынша істемедіңдер! | |
Ezek | Kaz | 5:8 | Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп қой, енді Мен Өзім саған қарсы боламын, (уа, Иерусалим)! Мен өзіңе шығарылған шешімдерімді басқа халықтардың көзінше іске асырамын. | |
Ezek | Kaz | 5:9 | Сенің сол жексұрын іс-әрекеттеріңе бола, Мен саған бұрын-соңды істемеген әрі бұдан былай ешқашан істемейтін бір нәрсені істеймін! | |
Ezek | Kaz | 5:10 | Сонда сендегі әкелер өз балаларының, ал балалары әкелерінің етін жейтін болады. Осылай Мен саған жазаңды тартқызамын. Содан тірі қалған адамдарыңның бәрін дүниенің шартарабына шашыратып жіберемін. | |
Ezek | Kaz | 5:11 | Сондықтан Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, өз атыммен ант етіп былай деймін: Менің киелі үйімді өздеріңнің жексұрын тәңір мүсіндеріңмен әрі жексұрын салт-дәстүрлеріңмен арамдап тастағандықтан, Мен енді сендерді қырып тастаймын. Сендерге аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. | |
Ezek | Kaz | 5:12 | Халқыңның үштен бір бөлігі қаланың ішінде аштан не індеттен өледі, тағы үштен бір бөлігі қаладан тыс жау қолынан қаза табады. Қалған үштен бір бөлігін Мен дүниенің шартарабына шашыратып жіберіп, жалаң семсеріммен арттарынан қуамын. | |
Ezek | Kaz | 5:13 | Ақыр аяғында қаһарым басылмақ. Мен оларға деген ашуымды тыншытып, осы жазалағаныммен қанағаттанамын. Ал қаһарымды оларға лақ еткізген кезімде олар Менің, Жаратқан Иенің, бұларды зор қайрат-жігермен айтқанымды білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 5:14 | Мен сені қиратып, айналаңдағы халықтардың және сен арқылы өтетін әркімнің көз алдында масқара қылып, қаңыраған бос жерге айналдырамын. | |
Ezek | Kaz | 5:15 | Өзіңді ашу-ызаммен және қаһарлы сөгіспен жазалағанымда сен айналаңдағы халықтардың масқарасы мен келекесіне қалып, ойрандалудың қорқынышты үлгісіне айналасың. Бұны нық айтқан Мен Жаратқан Иемін! | |
Ezek | Kaz | 5:16 | Сол кезде сендерге ашаршылықтың өлтіруші жебелерін атып өздеріңді құртамын. Ашаршылықты күшейткен үстіне күшейтіп, күн көріп келген нандарыңнан құр қалдырамын. | |
Chapter 6
Ezek | Kaz | 6:2 | «Ей, пендем, бет-жүзіңді Исраилдің тауларына қарай бұр да, оларға қарсы Менің хабарымды жариялап | |
Ezek | Kaz | 6:3 | былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің тау-төбелерге, аңғарлар мен шатқалдарға арнаған сөзіне құлақ салыңдар! Біліп қойыңдар, Мен сендерге қарсы жаудың семсерін жіберіп, биіктеу жерлеріңдегі (жалған тәңірлерге бағышталған) табыну орындарын жойғызамын. | |
Ezek | Kaz | 6:4 | Сендердегі құрбандық үстелдері қиратылып, хош иісті заттарды түтету үстелдері де жермен-жексен болады! Мен халқыңды қырып, жексұрын тәңір мүсіндеріңнің алдына сұлатып тастаймын. | |
Ezek | Kaz | 6:5 | Осылай исраилдіктердің өліктерін олар табынған жалған тәңірлерінің мүсіндерінің алдына қойып, сүйектерін құрбандық үстелдеріңнің айналасына шашып тастаймын. | |
Ezek | Kaz | 6:6 | Мекендеп келген жерлеріңнің бәріндегі қалалар бос қалып, биіктеу орындарың талқандалмақ. Құрбандық үстелдерің құлатылып, қаңырап қалады. Жалған тәңір мүсіндерің паршаланып құртылады, хош иісті заттарды түтету үстелдерің қиратылып жойылады. Өз қолдарыңмен жасап алған солардың бәрі де құрып жоқ болады. | |
Ezek | Kaz | 6:7 | Өліктерің табыну орындарыңда үйіліп жатады. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар! | |
Ezek | Kaz | 6:8 | Бірақ Мен кейбіреулеріңді жаудың семсерінен аман қалдырып, бөгде халықтар мен елдердің арасына таратып жіберемін. | |
Ezek | Kaz | 6:9 | Тұтқындалып, басқа халықтардың арасына айдалып кеткен адамдарың сол кезде Мені естеріне алатын болады. Олар өздерінің Менен сырт бұрылған опасыз жүректеріне және тәңірсымақтарына құштарлана қараған көздеріне Менің қалайша қайғырғанымды сонда түсінбек. Ақырында олар істеген зұлымдықтары мен жексұрын салт-дәстүрлері үшін өздерінен-өздері жиренетін болады. | |
Ezek | Kaz | 6:10 | Олар Менің Жаратқан Ие екенімді, әрі осы ғаламат апатты бастарына түсіремін деп бекер айтпағанымды білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 6:11 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: Үрейлене екі алақаныңды соғып, аяғыңмен жерді теуіп қал! Исраил халқының жасаған зұлым да жексұрын істерінің бәріне бола «Уа, қасірет!» деп айқай сал! Себебі халық енді семсер, ашаршылық және індеттен қырылатын болады. | |
Ezek | Kaz | 6:12 | Олардың алыстағылары індеттен қырылады, жақындағылары семсерден өледі. Ал қамалған қалада осы екеуінен тірі қалғандары аштан өледі. Осылайша Мен оларға бар қаһарымды түгелдей төгемін. | |
Ezek | Kaz | 6:13 | Олар өздерінің жалған тәңірсымақтарына хош иісті заттарды түтеткен жерлерінде: құрбандық үстелдерінің араларында, әрбір биік төбе мен барлық тау бастарында, әрбір жапырағы жайқалған ағаш пен саялы еменнің астында өз адамдарының қырылып жатқанын көргенде Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады! | |
Chapter 7
Ezek | Kaz | 7:2 | «Ей, пендем, Мен, Жаратушы Тәңір Ие, Исраил еліне мынаны айтамын: Елдің ақыры жетті! Жердің төрт шеті де, барлық шартарабы да құриды! | |
Ezek | Kaz | 7:3 | Ақыр аяғың жетті! Мен саған қаһарымды төгемін! Істеген қылықтарыңа сай үкім шығарып, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. | |
Ezek | Kaz | 7:4 | Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, істеген зұлым да жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». | |
Ezek | Kaz | 7:5 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Апат! Бір ғаламат апат! Қараңдар, сол апат таяп қалды! | |
Ezek | Kaz | 7:7 | Уа, елдің тұрғындары, құритын күндерің келді! Уақыт таяп қалды, сот күні жетті! Тауларды орақтың көңілді әні емес, қатты қорқудың айқайы жайлайды. | |
Ezek | Kaz | 7:8 | Саған жуырда қаһарымды төкпекпін, барша ашу-ызамды жаудырмақпын. Сені қылықтарыңа сай соттап, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. | |
Ezek | Kaz | 7:9 | Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда өздеріңді ұрып-соққан Мен, Жаратқан Ие, екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 7:10 | Міне, сол күн! Біліп қой, ол туды! Қырсық таяп қалды! Халықтың зұлымдығы мен тәкаппарлығы гүлденіп кетті. | |
Ezek | Kaz | 7:11 | Зорлықшыл билеуші зұлымдықты жазалайтын таяқ болып өсіп шықты. Сонда осы халықтың түгі қалмайды, оның мол байлық-дәулеті де, айқай-шуы да, атақ-даңқы да ғайып болады. | |
Ezek | Kaz | 7:12 | Уақыт келіп, мезгіл жетті. Сатып алушы алғанына қуанбасын, қолдан кеткен иелігіне сатушы қайғырмасын, өйткені Менің қаһарым осы шулы халықтың бәріне де лаулайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 7:13 | Жерін сатқан адам өмірінің соңына дейін оны ешқашан да кері қайтарып ала алмайды, әрі тірі қалған саудагердің ешқайсысы саудаға қайта оралмайды. Өйткені халықтың барлығына қатысты осы көрініс еш өзгермейді. Әділетсіз өмір сүруші ешкім де жанын аман сақтап қала алмайды. | |
Ezek | Kaz | 7:14 | Олар керней тартып, әскерді шақыра берсе де, шайқасқа шығатын ешкім болмайды. Өйткені Менің қаһарым осы шулы халықтың бәріне қарсы лаулайды. | |
Ezek | Kaz | 7:15 | Қала сыртында семсер, ішінде індет пен ашаршылық: даладағылар семсерден қаза тауып, қаладағылар ашаршылық пен індеттен қырылады. | |
Ezek | Kaz | 7:16 | Бас сауғалап тауға қашып кеткендер гуілдеген аңғар көгершіні іспетті еңіреп жылап, өз кінәларына өкінетін болады. | |
Ezek | Kaz | 7:19 | Сонда олар күмістерін көшеге лақтырып, алтындары да құнсыз көң іспетті саналмақ. Жаратқан Иенің қаһары төгілген сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Өйткені адамдар соларды жеп, аштығын басып, қарындарын толтыра алмайды. Олардың байлыққұмарлығы сүрініп, күнәға батуларына себепші болды. | |
Ezek | Kaz | 7:20 | Өздері мақтан тұтқан әдемі зергерлік әшекейлерінен жексұрын да жиренішті тәңірлерінің мүсіндерін жасап алды. Сол себепті Мен олардың бүкіл байлықтарын өздеріне пайдасыз, арам қыламын. | |
Ezek | Kaz | 7:21 | Сонда Мен осы байлықтарын шетелдіктерге олжалатып, әлемнің әділетсіз зұлымдарына оңай пайда етіп табыстаймын; олар соларды арамдайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 7:22 | Мен олардан бет-жүзімді теріс бұрып, жаулары Менің киелі үйімді арамдамақ. Сол тонаушылар оның ішіне баса-көктеп кіріп, оны арамдап кетеді. | |
Ezek | Kaz | 7:23 | (Шетелдік ұсталарға мынадай тапсырма берілмек:) «(Исраил халқына арнап) шынжырлар дайындаңдар! Өйткені елдің іші қан төгілген қылмыстарға әрі Иерусалим қаласы зорлық-зомбылыққа толып кетті!» | |
Ezek | Kaz | 7:24 | Мен басқа халықтардың арасындағы ең зұлымдарына исраилдіктердің үйлерін тартып алғызамын. Осылайша Исраилдің ішіндегі күштілердің тәкаппарлығына шек қоямын. Олардың табыну орындары арамдалмақ. | |
Ezek | Kaz | 7:26 | Бір пәледен кейін өзге пәле, бір суық хабардан кейін басқалары келеді. Халық пайғамбардан көрген аянын айтып беруін бекер сұрайтын болады. Діни қызметкер де тағылымнан, ақсақал да ақыл-кеңестен ада болады. | |
Chapter 8
Ezek | Kaz | 8:1 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) алтыншы жылдың алтыншы айының бесінші күні мен Яһуданың ақсақалдарымен бірге үйімде отырғанда Жаратушы Тәңір Иенің рухани құдіреті маған тағы да қонып, бойымды билеп алды | |
Ezek | Kaz | 8:2 | Мен бір көріністі көрдім, онда адамға ұқсаған бір тұлға тұр екен. Ол белінен төмен қарай оттай, жоғары қарай жылтыр қоладай жарқырап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 8:3 | Құдайдың хабаршысы қолын созғандай болып, мені шашымнан ұстап алды. Рух мені жер мен аспанның аралығына көтеріп алып, Құдай маған көрсеткен көріністерде Иерусалимге апарды. Сонда Рух мені Құдайдың қаһарын туғызған жалған тәңірдің мүсіні тұрған ішкі ауланың солтүстік қақпасының кіреберісіне алып барды. | |
Ezek | Kaz | 8:4 | Мен (Бабыл еліндегі) жазық алқапта көрген көріністегідей, Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты маған сол жерде де көрінді. | |
Ezek | Kaz | 8:5 | Жаратқан Ие маған тіл қатып: «Ей, пендем, солтүстік жаққа қарашы!» — деп бұйырды. Мен сол жаққа қарап, құрбандық үстелінің жанындағы қақпаның солтүстік жағынан Жаратқан Иенің қаһарын туғызатын жалған тәңірдің мүсінін көрдім. | |
Ezek | Kaz | 8:6 | Содан кейін Ол маған тағы былай деп тапсырды: «Пендем, олардың не істеп жүргендерін көріп тұрсың ба? Исраил халқының осында істегендері әбден жексұрын! Олар Менің киелі үйімді Маған енді ғибадат етуге болмайтын орын қылып арамдауда! Соларының кесірінен Мен киелі үйімнен бас тартып, оны тастап кетпекпін! Бірақ сен бұдан да бетер жексұрын істерді көресің!» | |
Ezek | Kaz | 8:7 | Мұнан соң Жаратқан Ие мені ауланың кіреберісіне алып келді. Айналама қарағанда қабырғадағы бір тесікті көрдім. | |
Ezek | Kaz | 8:8 | Жаратқан Ие маған: «Ей, пендем, қабырғаны тесіп өт!» — деді. Мен қабырғаны үңгіп тескенімде, бір есікке тап болдым. | |
Ezek | Kaz | 8:9 | Жаратқан Ие маған: «Ішіне кір де, олардың сонда істеп жүрген зұлым да жексұрын істеріне көз сал!» — деп нұсқады. | |
Ezek | Kaz | 8:10 | Мен кіріп, айналдыра қабырғаларға қарағанымда, олардың барлығына салынған алуан түрлі бауырымен жорғалаушылардың, жиренішті жануарлардың және Исраил халқы табынып келген барлық тәңірсымақтарының бейнелерін көрдім. | |
Ezek | Kaz | 8:11 | Олардың алдында Исраил халқының жетпіс ақсақалы тұрды. Солардың арасында Шафан ұлы Язаниях та бар еді. Әрқайсысының қолында хош иісті зат түтетуге арналған табасы бар екен. Табалардағы (жалған тәңірлерге арнап) түтетілген хош иісті заттардан жұпар бұлт жоғары көтеріліп жатты. | |
Ezek | Kaz | 8:12 | Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, Исраил халқының ақсақалдарының әрқайсысы өз жалған тәңірлерінің бейнелері орналасқан қараңғы бөлмелерінде не істейтіндерін көрдің бе? Олар: «Жаратқан Ие бізді көрмейді! Жаратқан Ие біздің елді тастап кеткен!» деседі. — | |
Ezek | Kaz | 8:13 | Ол тағы: — Сен олардың бұдан да бетер жексұрын күнәлар жасайтынын көретін боласың!» — деп те қосты. | |
Ezek | Kaz | 8:14 | Содан Ол мені Жаратқан Иенің киелі үйінің Солтүстік қақпасының кіреберісінің алдына алып барды. Сол жерде Тамыз атты жалған тәңірді жоқтап отырған әйелдерді көрдім. | |
Ezek | Kaz | 8:15 | «Пендем, сен мұны көріп тұрсың ба? Енді бұдан да бетер жексұрын күнәларды көретін боласың», — деді маған Жаратқан Ие. | |
Ezek | Kaz | 8:16 | Мұнан кейін Ол мені Өзіне бағышталған киелі үйдің ішкі ауласына алып барды. Қарасам, үйге кіретін жерде, бағаналы кіреберіс пен құрбандық үстелінің арасында, жиырма бес ер адамды көрдім. Олар арқаларын Жаратқан Иенің киелі үйіне беріп, бет-жүздерін шығысқа қарай бұрып, сондағы күнге иіле табынып жатыр екен! | |
Ezek | Kaz | 8:17 | Жаратқан Ие маған: «Ей, пендем, сен мұны көріп тұрсың ба? Олардың істеп жүрген жексұрын істері Яһуда халқына жай әншейін іс болып кеткендей ме? Соған қоса олар бүкіл елді зорлық-зомбылыққа толтырып, Менің қаһарымды бұрынғыдан бетер өршітіп келеді! Қарашы, олар Маған тіпті мұрындарын шүйіреді! | |
Chapter 9
Ezek | Kaz | 9:1 | Содан соң Жаратқан Иенің қатты дауыспен: «Қаланы жазалау міндеті тапсырылғандар әрқайсысы қолына қаруын алып, мұнда келсін!» — деп бұйырғанын естідім. | |
Ezek | Kaz | 9:2 | Сонда мен солтүстікке қарайтын Үстіңгі қақпа жақтан келе жатқан алты кісіні көрдім. Әрқайсысының қолында қырып жоятын қаруы бар екен. Олармен бірге ақ бәтес киім киіп, беліне жазу құралдарын байлап алған тағы біреу де келе жатты. Олар ғибадатхананың ауласына кіріп, қола құрбандық үстелінің жанына келіп тұрды. | |
Ezek | Kaz | 9:3 | Сол кезде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты өзі орналасқан керуб атты күзетші періштелердің үстінен көтерілді де, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Бұдан кейін Жаратқан Ие беліне жазу құралдарын байлап алған, ақ бәтес киім киген қызметшісін алдына шақырып алды да, | |
Ezek | Kaz | 9:4 | оған былай деп бұйрық берді: «Бүкіл Иерусалим қаласын аралап шық та, онда жасалып жатқан жексұрын күнәларға бола ыңқылдай күрсініп қайғырған адамдардың маңдайына таңба сал!» | |
Ezek | Kaz | 9:5 | Мен осының бәрін тыңдап тұрғанда Жаратқан Ие жаңағы басқа қызметшілеріне былай деп әмір етті: «Мұның соңынан еріп, өздеріңе кездескен адамдардың бәрін қырып-жойып отырыңдар! Оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеңдер! | |
Ezek | Kaz | 9:6 | Қарт болсын, жігіт пен қыз болсын, әйел мен бала болсын қыра беріңдер! Тек маңдайында таңбасы бар ешкімге тиіспеңдер! Менің киелі үйімнен бастап солай істеңдер!» Сонда олар өздеріне тапсырылған істі киелі үйдің алдында тұрған ақсақалдардан бастады. | |
Ezek | Kaz | 9:7 | Жаратқан Ие оларға тағы: «Киелі үйді арамдаңдар! Барлық аулаларын өліктермен толтырыңдар! Барыңдар!» — деген бұйрық берді. Олар барып, қаладағы адамдарды қыра бастады. | |
Ezek | Kaz | 9:8 | Олар соларды қырып жатқанда, жалғыз қалған мен жерге етпетімнен жата кетіп:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Бүкіл Иерусалимге қаһарыңды төгіп, Исраилден қалғандарды ең соңғы адамына дейін құртпақсың ба? — деп дауыстап сиындым. | |
Ezek | Kaz | 9:9 | Ол маған былай деп жауап берді:— Исраил мен Яһуданың кінәсі алапат зор! Бүкіл елде қан төгілген, қала да әділетсіздікке толған. Олар «Жаратқан Ие біздің елді тастап кетті! Жаратқан Ие бізді көрмейді!» деседі. | |
Ezek | Kaz | 9:10 | Сондықтан Мен оларға аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Істеген істеріне лайықты жазаны олардың бастарына түсіремін! | |
Chapter 10
Ezek | Kaz | 10:1 | Содан кейін қарағанымда керуб атты төрт нөкердің бастарының жоғарғы жағында жайылған күмбез тәрізді әуе кеңістігінен таққа ұқсаған саф көк асыл тас іспетті бір нәрсені көрдім. | |
Ezek | Kaz | 10:2 | Жаратқан Ие ақ бәтес киім киген қызметшісіне: «Керубтердің астында орналасқан дөңгелектердің арасына кір! Сондағы лаулап жанып жатқан шоқтардан алақаныңа толтырып алып, оларды қаланың үстінен шашып жібер!» — деп тапсырды. Мен қарап тұрған кезде ол сонда кіріп барды. | |
Ezek | Kaz | 10:3 | Ол кіргенде, керубтер киелі үйдің оңтүстік жағында тұрған еді. Ішкі ауланы бір бұлт жайлап алды. | |
Ezek | Kaz | 10:4 | Сонда Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты керубтердің үстіңгі жағынан көтеріліп, киелі үйдің табалдырығына қарай жылжып барды. Киелі үй де бұлтқа кенеліп, ішкі аула да Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының жарығына толды. | |
Ezek | Kaz | 10:5 | Керубтердің қанаттарының сыбдыры құдіреті шексіз Құдайдың сөйлеген кезінде шығатын даусындай тіпті сыртқы аулада естіліп тұрды. | |
Ezek | Kaz | 10:6 | Жаратқан Ие ақ бәтес киген қызметшісіне дөңгелектер мен керубтердің арасынан шоқты алуды бұйырғанда, ол дөңгелектердің біреуінің жанына барып тұрды. | |
Ezek | Kaz | 10:7 | Керубтердің бірі араларындағы отқа қолын созып, одан лаулап жанып тұрған шоқты алды да, ақ бәтес кигеннің алақанына салып берді. Ол соны алып, шығып кетті. | |
Ezek | Kaz | 10:9 | Мен қарап тұрғанда, күзетші керубтердің жанындағы төрт дөңгелекті көрдім. Әр керубтің жанында бір-бір дөңгелектен орналасыпты. Дөңгелектер зүбәржат асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 10:10 | Төрт дөңгелектің сыртқы түрі бірдей екен. Әр дөңгелектің ішінде өзімен қиылысқан екінші дөңгелегі болды. | |
Ezek | Kaz | 10:11 | Олар қозғалғанда, керубтердің беттері қараған төрт бағыттың әрқайсысына қарай жылжи алатын. Керубтердің бет алған жақтарына дөңгелектер еш бұрылмай-ақ ілесе жылжитын. | |
Ezek | Kaz | 10:12 | Төрт керубтің тұла бойы, арқалары, қолдары және қанаттары әрі олардың қасындағы төрт дөңгелегі көздерге толы еді. | |
Ezek | Kaz | 10:14 | Әр керубтің төрт бет-әлпеті бар болатын: біріншісі керубтің, екіншісі адамның, үшіншісі арыстанның, төртіншісі бүркіттің жүзі іспетті еді. | |
Ezek | Kaz | 10:15 | Содан соң керубтер жоғары көтерілді. Олар Бабыл еліндегі Хобар өзенінің бойында мен көрген нөкерлердің нағыз өздері еді. | |
Ezek | Kaz | 10:16 | Керубтер қозғалған кезде, жандарындағы дөңгелектер де бірге қозғалатын. Керубтер жерден көтерілу үшін қанаттарын жайғанда, дөңгелектер де қастарында болып, олармен бірге көтерілетін. | |
Ezek | Kaz | 10:17 | Керубтер қозғалмай тыныш тұрғанда, дөңгелектер де қозғалмайтын, ал керубтер жоғары көтерілгенде, олар да бірге көтерілетін. Өйткені осы нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын. | |
Ezek | Kaz | 10:18 | Мұнан кейін Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты киелі үйдің табалдырығынан жылжып, керубтердің үстіңгі жағына көтеріліп барып тұрды. | |
Ezek | Kaz | 10:19 | Мен осылай қарап тұрғанда, керубтер қанаттарын жайып, жерден көтерілді, сонда дөңгелектер де оларға ілесе көтерілді. Олар Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасының маңына тоқтады. Олардың үстінде Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты болды. | |
Ezek | Kaz | 10:20 | Мен Хобар өзенінің бойында аян берген Исраилдің Құдайының төменгі жағында көрген төрт нөкер осылар еді. Олардың керубтер екенін енді түсіндім. | |
Ezek | Kaz | 10:21 | Әрқайсысының төрт бет-әлпеті мен төрт қанаты болды және қанаттарының астында адамдікіне ұқсас қолдары бар еді. | |
Chapter 11
Ezek | Kaz | 11:1 | Мұнан кейін Рух мені көтеріп алды да, Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасына алып келді. Қақпаның кіреберісінде жиырма бес ер адам бар екен. Солардың арасынан халықтың басшылары Азур ұлы Язаниях пен Бенаях ұлы Пелатияхты көрдім. | |
Ezek | Kaz | 11:2 | Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, мына адамдар зұлымдық ойлап, осы қаладағыларға жаман кеңес беріп: | |
Ezek | Kaz | 11:3 | «Үй салатын уақыт таяп қалды емес пе? Осы қала қазан іспетті, ал біз соның ішінде аман сақталатын ет сияқтымыз», деп бөсіп жүр. | |
Ezek | Kaz | 11:5 | Сонда маған Жаратқан Иенің Рухы қонып, мына сөздерді айтқызды: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осылай айтасыңдар, уа, Исраил халқы. Сендердің ойларыңда не туындайтынын Мен түгелдей білемін! | |
Ezek | Kaz | 11:7 | Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтамын: Сендер қаланың көшелерінде қалдырған сол өліктер ет іспетті, қала қазан сияқты болады. Әйтсе де, Мен өздеріңді бұл қаладан қуып шығамын! | |
Ezek | Kaz | 11:8 | Семсерден қорқасыңдар, ал Мен сендерге қарсы жау семсерін жіберемін! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 11:9 | Сендерді қаладан қуып шығып, шетелдік басқыншылардың қолдарына тапсырамын. Осылай өздеріңе ауыр жаза тартқызамын. | |
Ezek | Kaz | 11:10 | Сонда Исраилдің шекараларына дейін семсерден қырылып, мерт боласыңдар. Мен сендерге үкім шығарып, оны жүзеге асырамын. Содан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 11:11 | Осы қала өздеріңе ешқандай қазан іспетті болмайды, сендер де оның ішіндегі ет іспетті аман қалмайсыңдар! Қайта, Мен сендерді Исраилдің шекараларына дейін қуып жазалаймын. | |
Ezek | Kaz | 11:12 | Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Себебі Менің заңдарымды орындамай, шешімдеріме бағынбадыңдар. Керісінше, маңайларыңдағы халықтардың (Өзіме жиренішті) әдет-ғұрыптарына сай әрекет жасадыңдар». | |
Ezek | Kaz | 11:13 | Мен Құдайдың осы хабарын жеткізіп тұрған кезімде-ақ Бенаях ұлы Пелатиях лезде қайтыс болды. Сонда мен жерге етпетімнен жата кеттім де:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Исраилдің тірі қалғандарын түгелдей құртпақсың ба? — деп дауыстап жібердім. | |
Ezek | Kaz | 11:15 | — Ей, пендем, Иерусалимнің тұрғындары өзіңмен бірге жер аударылған елдестерің және бүкіл Исраил халқы туралы былай деп жүр: «Жаратқан Иеден аулақ кетіңдерші! Енді бұл ел бізге мұралық меншікке берілді!» | |
Ezek | Kaz | 11:16 | Сондықтан (жер аударылғандар жайлы) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен оларды алыстағы халықтардың арасына таратып, түрлі елдерге шашыратып жіберсем де, олар Маған азғана уақыт бойы сол барған жақтарында табынатын болады. | |
Ezek | Kaz | 11:17 | Сонымен (шашырап кеткен халқыма) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен сендерді Өзім араларына шашыратып жіберген елдер мен халықтардың арасынан қайта жинап аламын. Сендерге Исраил елін қайтадан табыстаймын. | |
Ezek | Kaz | 11:18 | Осылай халқым еліне қайтып келгенде, жалған тәңірлердің ондағы жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелерінің бәрін алып тастайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 11:19 | Мен оларға біртұтас жүрек сыйлап, жаңа рух дарытамын. Көкіректерінен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын. | |
Ezek | Kaz | 11:20 | Сонда олар Менің ережелерімді ұстанып, заңдарыма бағынып соларды орындайтын болады. Олар Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. | |
Ezek | Kaz | 11:21 | Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 11:22 | Мұнан кейін керубтер қанаттарын жайып, жандарындағы дөңгелектерімен бірге жоғары көтерілді. Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты олардың үстіңгі жағында тұрды. | |
Ezek | Kaz | 11:23 | Содан соң Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты қаланың ішінен көтеріліп, оның шығысындағы таудың үстіне барып тоқтады. | |
Ezek | Kaz | 11:24 | Кейін Рух мені көтеріп алып, Бабылға жер аударылғандарға қайта алып келді. Осылайша Құдайдың Киелі Рухы маған (Иерусалимге барып келу жайлы) көрсеткен көрініс жоғары көтеріліп, қасымнан жоқ болып кетті. | |
Chapter 12
Ezek | Kaz | 12:2 | «Ей, пендем, сен бас көтергіш халықтың арасында тұрып жатырсың. Олардың көруге арналған көздері болса да, көрмейді, естуге арналған құлақтары болса да естімейді. Өйткені олар бас көтергіш халық. | |
Ezek | Kaz | 12:3 | Сондықтан сен, ей, пендем, жер аударылып кетуге дайындалып, қажетті заттарыңды жинақтап ал! Елдестеріңнің көзінше күндіз басқа жаққа кетіп қал. Олар бас көтергіш халық болса да, мүмкін, түсінер. | |
Ezek | Kaz | 12:4 | Сөйтіп күндіз олар қарап тұрғанда өзіңмен әкететін заттарыңды жинап алып, кешке олардың көзінше жер айдалып кетіп бара жатқан адамдай үйіңнен шық. | |
Ezek | Kaz | 12:5 | Сол үшін қала қабырғасын олардың көз алдында үңгіп қаз да, буып-түйген заттарыңды сол тесік арқылы алып шығатын бол. | |
Ezek | Kaz | 12:6 | Жұрттың көзінше заттарыңды иығыңа салып ал да, қараңғылыққа сүңгіп кет! Тастап бара жатқан еліңді көре алмайтындай етіп, бетіңді тұмшалап жауып ал. Өйткені Мен сені Исраил еліне (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші еттім». | |
Ezek | Kaz | 12:7 | Сонда мен өзіме айтылғандардың бәрін орындадым. Күндіз жер аударылып кетуге жинақтаған заттарымды алып шығып, кешке өз қолыммен қала қабырғасын үңгіп тесік жасап алдым. Қас қарайғанда заттарымды иығыма артып, жұрттың көзінше айдалып кетіп бара жатқан адамдай кетіп қалдым. | |
Ezek | Kaz | 12:9 | «Ей, пендем, бұл бас көтергіш Исраил халқы сенен «Не істеп жүрсің?» деп сұраған жоқ па? | |
Ezek | Kaz | 12:10 | (Егер сұрап жатса) оларға былай деп жауап бер: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Осы ауыр хабар Иерусалимдегі әмірші Седекиях және қаладағы Исраил халқының бәрі туралы. | |
Ezek | Kaz | 12:11 | Оларға былай де: Мен сендерге болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіремін. Менің істегендерім жуырда Иерусалим халқының басына түсетін болады. Олар тұтқындалып, бөтен елге айдалып кетеді. | |
Ezek | Kaz | 12:12 | Араларындағы әмірші қас қарайғанда заттарын иығына артып алып, кетіп қалатын болады. Ол шығып кете алуы үшін қызметшілері қала қабырғасында арнаулы тесік үңгіп қазады. Әмірші бетін тұмшалап, жауып алады, әрі елін енді қайтып көрмейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 12:13 | Сосын Мен, Жаратқан Ие, оған арнап тор құрып, ол торыма түседі. Оны Бабылға, халдейлердің еліне, алып барамын. Алайда ол оны көрмей-ақ, сол жақта өледі. | |
Ezek | Kaz | 12:14 | Мен оның айналасындағы барлық нөкерлері мен жасақшыларын желдің төрт бағытына шашыратып жіберіп, олардың соңынан жалаң семсермен қуамын. | |
Ezek | Kaz | 12:15 | Мен өздерін халықтардың арасына таратып, елдердің ішіне бытыратып жібергенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 12:16 | Бірақ олар сол ұлттардың арасына шашырағанда Мен кейбіреулерін семсерден, ашаршылық пен індеттен тірі қалдырамын. Мұнан кейін бұлар өз салт-дәстүрлерінің қаншама жексұрын болғанын мойындайды. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 12:19 | Бабыл еліндегі халқыңа былай де: Исраил елі мен Иерусалимде тұрып жатқандар туралы Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Олар нанын үрейлене отырып жеп, суын қорқып отырып ішетін болады. Өйткені ел қазіргі тұрғындарының жасаған зорлық-зомбылықтарының кесірінен барынан айырылып, жұрдай болады. | |
Ezek | Kaz | 12:20 | Қоныстанған қалалары тұрғынсыз қалып, ашық даласы да қаңырап бос тұрады. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 12:22 | «Ей, пендем, Исраил елінде жұрт: «Уақыт өте күндер созылар, әрбір аян да ғайып болар» деген мәтелді келтіріп жүр, бұл қалай? | |
Ezek | Kaz | 12:23 | Оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен бұл мәтелді жоямын, енді қайтып Исраилде оны ешкім де айтпайтын болады! Керісінше, оларға былай де: Аянда көрсеткендерімнің бәрі орындалатын күндер таяп қалды! | |
Ezek | Kaz | 12:24 | Өйткені Исраил халқының арасында бұдан былай өтірік аяндар мен жағымпаз болжаулар айтылмайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 12:25 | Бірақ Мен, Жаратқан Ие, қалаған сөздерімді айтамын және солар орындалады да. Олар ұзаққа созылмай, жуырда жүзеге асады. Ей, бас көтергіш халық, сендердің осы замандарыңда-ақ Мен сөзімді айтамын да, әрі іске асырамын да! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мұны нық айтамын». | |
Ezek | Kaz | 12:27 | «Пендем, Исраил халқы былай деп жүр: «Сол кісінің көрген аяны бұдан көп жылдан кейін ғана орындалады! Ол сонау болашақта болатындар жайлы пайғамбарлық сөз айтып жүр». | |
Chapter 13
Ezek | Kaz | 13:2 | «Ей, пендем, Менің хабарымды жеткізгенсіген Исраилдің пайғамбарсымақтарына сен хабарымды жеткіз. Өз қиялдарынан пайғамбарлық сөз ойлап шығарып жүрген оларға былай де: «Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! | |
Ezek | Kaz | 13:3 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: (Мен көрсеткен) аянды көрмей, өз қиялдарына еріп жүрген ақымақ пайғамбарсымақтар қасіретке қалады! | |
Ezek | Kaz | 13:4 | Уа, Исраил, сол пайғамбарларың қираған үйінділердің арасын кезіп жүрген шибөрілер сияқты. | |
Ezek | Kaz | 13:5 | Жаратқан Иенің соты күні туып, шайқас болғанда қамал қабырғасы Исраил халқының айналасында шайқалмай берік тұруы үшін сол қабырғаға шығып, ондағы жарықтар мен бұзылған жерлерді жамап-жөндеу керек болар еді. Бірақ сол жалған пайғамбарлар бұған еш кіріспеді. | |
Ezek | Kaz | 13:6 | Олардың көрген аяндары өтірік, айтқан сәуегейліктері құр бос сөз. Себебі өздерін Мен, Жаратқан Ие, жібермесем де, олар: «Бұл — Жаратқан Иенің айтқаны!» деп жариялайды. Және сол сөздері қалайда орындалады деп дәмеленеді. | |
Ezek | Kaz | 13:7 | Мен сендерге сөзімді арнап, ештеңе айтпасам да, «Бұл — Жаратқан Иенің айтқаны» деулерің өтірік аян мен жалған болжам емес пе?!» | |
Ezek | Kaz | 13:8 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Сендердің өтірік сөз айтып, жалған аян көргендеріңе бола, Мен сендерге қарсы боламын! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мұны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 13:9 | Жалған көріністер көріп, өтірік сәуегейлік айтатын пайғамбарларға қарсы қолымды созамын. Енді қайтып Менің халқымның қауымында оларға орын болмайды. Сөйтіп олар Исраил халқының шежірелеріне тіркелмейді де, Исраил еліне қайтып келмейді де. Сонда сендер Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 13:10 | Себебі сол жалған пайғамбарлар тыныштық жоқ кезде халқымды «Тыныштық бола береді!» деп адастырды. Бұл, әлсіз қабырға тұрғызып, оны әкпен сылап әсемдеумен бірдей. | |
Ezek | Kaz | 13:11 | Солай әктейтіндерге былай де: Қабырға құлайды! Жаңбыр қатты құйып, дәу бұршақ жауып, жойқын дауыл көтеріледі, сонда қабырға құлап түседі. | |
Ezek | Kaz | 13:12 | Қабырға құлаған кезде халық сендерден: «Қабырғаны әктеген едіңдер ғой, неге құлап түсті?» деп сұрамай ма?» | |
Ezek | Kaz | 13:13 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен қатты ашуланып, алапат дауыл жіберемін. Қаһарым лаулап, бұршақ пен жаңбырды жойқын күшпен жаудырамын. | |
Ezek | Kaz | 13:14 | Сендер әкпен сылаған қабырғаны Мен құлатып, жермен-жексен қыламын. Осылайша оның түп негізі ашылып қалады. Ол құлағанда, онымен бірге өздерің де құрисыңдар. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 13:15 | Осылай Мен қаһарымды қабырғаға және оны әкпен сылағандарға төгемін. Сендерге: «Қабырға да құрыды, оны әктегендер де құрыды» дейтін боламын. | |
Ezek | Kaz | 13:16 | Олар — тыныштық жоқ кезде «Иерусалимде тыныштық бола береді!» деп пайғамбарлық сөз айтқансып, аян көргенсіген жалған пайғамбарлар! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыларды нық айтамын». | |
Ezek | Kaz | 13:17 | «Ал енді, пендем, өз қиялдарынан ойлап шығарып пайғамбарлық сөз айтатын халқыңның әйел жұртына қарсы шық! Оларға арнаған хабарымды жеткізіп, | |
Ezek | Kaz | 13:18 | былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, адамдарды алдап-арбап, қармақтарыңа түсіретін әйелдер, сендер қасіретке қаласыңдар! Тұмар тігіп, олардың білезіктеріне байлайсыңдар, бастарына әр түрлі өлшемдегі бет перде жасап кигізесіңдер. Сендер осылай Менің халқымның адамдарын қармақтарыңа түсіріп алғанмен, өз өмірлеріңді сақтап қаламыз деп ойлайсыңдар ма? | |
Ezek | Kaz | 13:19 | Бірнеше уыс арпа мен біраз нан үшін Менің есімімді халқымның арасында қорладыңдар! Сендер өтірікке құлақ асқыш аңқау халқымды өтіріктеріңмен алдадыңдар. Осылай өлмеуге тиістілерді өлтіріп, өмір сүрмеуге тиістілерді өлімнен аман алып қалдыңдар! | |
Ezek | Kaz | 13:20 | Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Адамдарды құстай аулап қолға түсіретін тұмарларыңа Мен қарсымын! Оларды қолдарыңнан жұлып алып тастаймын. Ал өздерің құстай аулап, қолдарыңа түсіріп алған адамдарды Мен азат етемін. | |
Ezek | Kaz | 13:21 | Мен бас тұмарларды да жұлып алып, халқымды сендердің қолдарыңнан арашалап аламын. Олар енді қайтып қолдарыңа түскен олжа болмайды. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 13:22 | Мен әділдерге қайғы-қасірет жібермесем де, сендер оларға өтіріктеріңді айтып, жүрексіндіріп түңілдірдіңдер. Ал зұлымдар арам істерін қоймаса да, сендер оларды жігерлендіріп, қолдадыңдар. Сол себепті теріс жолдарынан қайтпаған олар өмірлерін сақтап қалмады. | |
Chapter 14
Ezek | Kaz | 14:3 | «Пендем, мына адамдар өз жүректерінің төріне жалған тәңірлерді орнатқандар. Сөйтіп, олар өздерін адастырып күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Ендеше олардың Менен ақыл сұрауларына жол беруім қажет пе? | |
Ezek | Kaz | 14:4 | Сондықтан оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Исраил халқы жүрегінің төріне жалған тәңірлерді орнатып, өздерін адастырып, күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Әйтсе де, олар енді Менен ақыл сұрау үшін пайғамбарыма барды. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, оларды өздерін арамдайтын жалған тәңірлерінің молшылығына сәйкес жазалап, жауабымды беремін. | |
Ezek | Kaz | 14:5 | Мұны өздерінің діңгек тәрізді тәңір мүсіндеріне табынуға Менен қашықтап кеткен исраилдіктердің жүректерін Өзіме кері қайтару үшін істеймін. | |
Ezek | Kaz | 14:6 | Сондықтан Исраил халқына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Теріс жолдарыңнан қайтыңдар! Табынып жүрген жалған тәңірлеріңді тастап, барлық жексұрын салт-дәстүрлеріңнен бас тартыңдар! | |
Ezek | Kaz | 14:7 | Егер де исраилдіктер мен елде тұрып жатқан жат жұрттықтар Менен бөлініп, жүректерінің төріне өздерін арамдайтын тәңірсымақтарды орнатса, әрі өздерін адастырып, күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алса, ал кейін Менен ақыл сұрау үшін пайғамбарыма баратын болса, онда Мен, Жаратқан Ие, оларға Өзім жауап беремін. | |
Ezek | Kaz | 14:8 | Мен сондайларға қарсы шығып, оларды басқаларға ескертетін сабақ пен мысал етемін. Оларды өз халқымнан аластатамын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 14:9 | Егер бір пайғамбар оларға бәрібір пайғамбарлық сөз айтуға көндірілсе, онда бұл Менің оны еліктіргенімнен болады. Мен ондай пайғамбарға қарсы қолымды созып, оны халқым Исраилдің арасынан жоямын. | |
Ezek | Kaz | 14:10 | Сол ақыл сұрағандар зұлым істерінің кінәсін өз мойындарымен көтереді. Олардың жазасы сол пайғамбардың жазасымен бірдей болмақ. | |
Ezek | Kaz | 14:11 | Сонда исраилдіктер бұдан былай Менен безіп, өздерін әр түрлі заңсыз істерімен арамдамайтын болады. Олар Менің халқым болады, ал Мен олардың Құдайы боламын». — Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтады. | |
Ezek | Kaz | 14:13 | «Пендем, егер бір ел Маған опасыздық жасап күнәға батса, Мен ондай елге қарсы қолымды созып, ашаршылық жіберіп, елді нансыз қалдырамын. Сөйтіп, оның халқы мен малын жоямын. | |
Ezek | Kaz | 14:14 | Тіпті Нұх, Даниял, Әйүп үшеуі осы елде тұрып жатса да, әділ болғандарының арқасында олардың тек өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 14:15 | Немесе Мен бүкіл елді кезіп жүретін жыртқыш аңдарды жіберіп, олар тұрғындарды жалмап, соның кесірінен қаңырап қалған ел арқылы тіпті жолаушылар да өтпей қояды дейік. | |
Ezek | Kaz | 14:16 | Сонда елде жаңағы үш әділ адам: Нұх, Даниял, Әйүп тұрып жатса да, олар тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, жалғыз өз бастары ғана аман қалып, ел қаңырап бос қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін. | |
Ezek | Kaz | 14:17 | Я болмаса Мен елге қарсы жаудың семсерін жіберіп, ол бүкіл елдің тұрғындарын мал-мүлкімен қоса құртады дейік. | |
Ezek | Kaz | 14:18 | Сонда елде әлгі үш әділ адам тұрып жатса да, олар тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, жалғыз өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін. | |
Ezek | Kaz | 14:19 | Немесе Мен елге індет жіберіп, оның адамдары мен малдарын қырып қаһарымды төгемін дейік. | |
Ezek | Kaz | 14:20 | Сонда елде Нұх, Даниял, Әйүп тұрып жатса да, олар әділ болғандарының арқасында тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, тек өз бастарын ғана аман алып қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін. | |
Ezek | Kaz | 14:21 | Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Иерусалимге қарсы оның халқы мен малын қыратын төрт ғаламат апатымды: семсер, ашаршылық, жыртқыш аңдар және індетті жібергенімде, бұл қандай қорқынышты болмақ?! | |
Ezek | Kaz | 14:22 | Алайда халықтың біраз ұл-қыздары тірі қалады да, жау оларды қаладан бастап алып шығады. Осы тірі қалғандар Бабыл еліне айдалып келіп, сендерге қосылады. Солардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін көргенде сендер Менің Иерусалимге неліктен осындай апаттарды жібергенімді ұғып, жұбаныш табасыңдар. | |
Chapter 15
Ezek | Kaz | 15:2 | «Ей, пендем, ормандағы ағаштардың бұтақтарына қарағанда жүзім бұтасының бұтақтары пайдалырақ па? | |
Ezek | Kaz | 15:3 | Жүзім бұтасының ағашын бір нәрсе жасауға пайдалана ма? Одан ең болмағанда заттарды іліп қоюға болатын ілгіш жасауға бола ма? | |
Ezek | Kaz | 15:4 | Жоқ, оны отын ретінде ғана пайдаланады. Алайда оны отқа тастағанда, лезде-ақ екі шеті жанып, ортасы күйіп кетеді. Бұдан кейін ол пайдаға аса ма? | |
Ezek | Kaz | 15:5 | Ол тұтас күйінде пайдаға аспағанда, отқа өртеніп, күйіп кеткен соң оның пайдасы қандай болмақ?!» | |
Ezek | Kaz | 15:6 | Осылай болғандықтан, Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Орман ағаштарымен салыстырғанда жүзім бұтасының ағашы өзге пайдаға аспай, отқа жануға тасталады. Сол сияқты, Мен пайдаға аспаған Иерусалим халқына да солай жасамақпын: | |
Ezek | Kaz | 15:7 | оларға назар аударып қарсы шығамын. Иерусалимдіктер тіпті апаттың отынан қашып құтылып шықса да, от оларды бәрібір жалмап қояды. Мен оларға осылай қарсы шыққан кезде сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Chapter 16
Ezek | Kaz | 16:3 | былай де: Жаратушы Тәңір Ие Иерусалимге мынаны айтады: Сенің (рухани) ата-тегің қанахандықтар: әкең — аморлық, шешең — хеттік. | |
Ezek | Kaz | 16:4 | Сен дүниеге келген күні кіндігің кесілмеді. Сені ешкім шомылдырып, қаныңнан тазартпады, үстіңе тұз жағып, жөргекке де орамады. | |
Ezek | Kaz | 16:5 | Сені аяп-мүсіркеп, осылардың біреуін де істеген ешкім болмады. Керісінше, сен дүниеге келе салысымен-ақ жек көрініп, ашық далаға тасталдың. | |
Ezek | Kaz | 16:6 | Мен сол жермен өтіп бара жатып, үстің қан-қан күйіңде аяқ-қолдарыңды ербеңдетіп жатқан бейшара халіңді көрдім. «Өмір сүр!» деп сені бауырыма бастым. | |
Ezek | Kaz | 16:7 | Саған даладағы өсімдіктей өсіп-өнуге жағдай жасадым. Сен өсіп, үлкейіп, керемет сұлу болдың. Қос анарың толысып, шаштарың өсіп, бой жеттің, алайда әлі де киімсіз жалаңаш едің. | |
Ezek | Kaz | 16:8 | Мен кейінірек қасыңнан өтіп бара жатқанымда, сені байқап, махаббатқа дайын екеніңді көрдім. Жамылғымның шетін үстіңе жауып, жалаңаш денеңді қымтап, мұныммен өзіңе үйленуге уәде бердім. Яғни саған ант беріп сенімен Келісім жасадым. Осылай сен Мендік болдың, — дейді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 16:10 | Үстіңе кестелі көйлек, аяғыңа былғары аяқкиім кигіздім, тағы ақ бәтес киім де кигізіп, жібек шапан жаптым. | |
Ezek | Kaz | 16:13 | Осылайша сен алтын-күміс әшекейлер тағып, ақ бәтес пен басқа да қымбат матадан кестеленіп әдемі тігілген киім кидің. Ішетін тағамдарың таңдаулы ұннан, бал мен зәйтүн майынан дайындалатын еді. Сен патшайым болуға лайықты асқан сұлу болып өстің. | |
Ezek | Kaz | 16:14 | Менің саған берген салтанатым көркіңді кемеліне келтіріп, сол туралы даңқың халықтардың арасына кең жайылды», — дейді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 16:15 | «Бірақ сен сол көркіңе сеніп, даңқыңды азғындыққа пайдаландың. Көрінгенмен ашына болып, көркің соның меншігіне айналды. | |
Ezek | Kaz | 16:16 | Сен киімдеріңнің бірқатарын алып, олардан биіктеу жерлерде жалған тәңірлерге табынатын орындар жасадың. Сол жерлерде жезөкшелікпен, яғни жалған тәңірлерге табынумен, айналыстың. Мұндай сұмдық бұрын ешқашан болған емес, болашақта да болмауға тиіс! | |
Ezek | Kaz | 16:17 | Сондай-ақ Менің өзіңе берген алтын-күмісімнен жасалған әдемі әшекейлерді алып, олардан еркек тәңірсымақтардың мүсіндерін жасап, солармен азғындық жасадың. | |
Ezek | Kaz | 16:18 | Кестелі киімдеріңді үстеріне жауып, Мен саған берген зәйтүн майым мен хош иісті заттарымды оларға тарту еттің. | |
Ezek | Kaz | 16:19 | Иә, солай болды. Мен өзің ішіп-жесін деп берген тағамдарым — таңдаулы бидай ұнын, зәйтүн майы мен балды сен оларға хош иісті тарту ретінде ұсындың!» — деп әшкерелейді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 16:20 | «Осы азғындығың аз болғандай, Маған туып берген ұл-қыздарыңды жалған тәңірлерге «тамақ» болсын деп құрбан етіп отқа өртеп жібердің. | |
Ezek | Kaz | 16:21 | Осылайша сен Менің өзіңе сыйлаған балаларымды өлтіріп, оларды жалған тәңірлерге қидың! | |
Ezek | Kaz | 16:22 | Осы жексұрын күнәларың мен азғын іс-әрекеттеріңді жасап жүрген кезіңде өзіңнің жалаңаш, үстің қан-қан күйіңде аяқ-қолыңды ербеңдетіп жатқан балалық шағыңды есіңе еш алмадың. | |
Ezek | Kaz | 16:23 | Содан сен қайғы-қасіретке қаласың!» — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие.Жасаған барлық зұлым істеріңе қоса, | |
Ezek | Kaz | 16:25 | Барлық көше бастарында да өзіңе биіктеу орындар тұрғызып, көркіңді масқара еттің. Өз тәніңді кім көрінгенге ұсынып, ойнас жасап, азғындыққа батқан үстіне бата бердің. | |
Ezek | Kaz | 16:26 | Сен әйелқұмар көршілерің — мысырлықтармен де көп рет азғындыққа батып, қаһарымды қоздырдың. | |
Ezek | Kaz | 16:27 | Енді, міне, Мен саған қарсы қолымды созып, өзіңе белгіленген жер көлемін азайттым. Сені өзіңді жек көрген філістір қыздарының қолдарына түсірдім. Сонда тіпті олар да сенің осы ұятсыз қылықтарыңа қайран қалды. | |
Ezek | Kaz | 16:28 | Сен бұған тоймай, Ассурдың ұлдарымен де ойнас жасадың. Алайда одан кейін де тойымсыз болып қала бердің. | |
Ezek | Kaz | 16:29 | Содан соң сен халдей саудагерлерінің Бабыл елімен қарым-қатынас жасап, азғындыққа түсіп, сонда да тойымды білмедің. | |
Ezek | Kaz | 16:30 | Осының бәрін сен асқақ та асау жезөкшедей істейсің! Ендеше сенің жүрегің қандай бұзық! — деп әшкерелейді Жаратушы Тәңір Ие. — | |
Ezek | Kaz | 16:31 | Өзіңе әрбір көшенің басында және барлық алаңдарда үймек мінбелер жасап, жалған тәңірлерге арналған табыну орындары мен құрбандық үстелдерін тұрғыздың. Сонда кәдімгі жезөкшеден бетер азғын болып, тіпті алар ақыңды да менсінбей күнәға батудасың! | |
Ezek | Kaz | 16:33 | Кез келген жезөкше ақы алады, ал сен ашыналарың барлық жақтан келіп, өзіңмен ойнас жасасын деп оларға өзің сыйлықтар алып бересің. | |
Ezek | Kaz | 16:34 | Сөйтіп, сен басқа азғын әйелдерден өзгесің: еркектер артыңнан ілесіп келіп, ақы төлеген жоқ. Қайта, өзің ашыналарыңа ақы төледің. Міне, осыңмен сен басқалардан өзгешесің. | |
Ezek | Kaz | 16:36 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сенің нәпсіқұмарлығыңа беріліп, ашыналарыңмен ойнас жасап, жалаңаш тәніңді көрсеткенің үшін, яғни анау жиренішті тәңірлеріңе табынып, оларға өз балаларыңның қанын тарту ретінде ұсынғаның үшін, | |
Ezek | Kaz | 16:37 | біліп қой: Мен өзіңмен бірге рақаттанған ашыналарыңның барлығын, өзіңе сүйкімдісін де, жек көрініштісін де жинап аламын. Оларды жан-жақтан саған қарсы жинап әкеліп, олардың көзінше сенің киімдеріңді сыпырып шешіп тастаймын. Сонда олар жалаңаш тәніңді түгелдей көретін болады. | |
Ezek | Kaz | 16:38 | Саған неке адалдығын бұзған әрі кісі өлтірген әйелдерге тиісті үкімді шығарамын. Мен қаһарыммен, қызу қайрат-жігеріммен төккен қаныңның қарымтасын өз басыңа қайтарамын. | |
Ezek | Kaz | 16:39 | Сені бұрынғы ашыналарыңның қолына тапсырамын. Олар сенің табыну орындарыңды құлатып, биіктеу жерлеріңдегі құрбандық үстелдеріңді қиратады, әрі киімдерің мен қымбат әшекейлеріңді сыпырып алып, сені тыр жалаңаш қалдырады. | |
Ezek | Kaz | 16:40 | Олар саған қарсы бір тобырды жинап алып, сені таспен атқылап өлтіріп, денеңді семсерлерімен турап тастайды. | |
Ezek | Kaz | 16:41 | Содан олар үйлеріңді өртеп, саған көптеген әйелдердің көзінше жазаңды тартқызады. Осылайша Мен сенің азғындығыңды тыйып, сен енді қайтып ашыналарыңа ақы төлемейтін боласың. | |
Ezek | Kaz | 16:42 | Сонда Менің саған қарсы лаулаған қаһарым басылып, қызу қайрат-жігерім сенен кері бұрылады. Мен тынышталып, бұдан былай саған ашуланбайтын боламын. | |
Ezek | Kaz | 16:43 | Бірақ содан бұрын Мен істеген істеріңнің жазасын міндетті түрде басыңа шүйілтемін! Себебі сен өз балалық шағыңды есіңнен шығарып, осы нәрселерді істеуіңмен Менің қаһарымды қоздырдың, — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. — Өзіңнің басқа да жексұрын істеріңнің үстіне ұятсыз азғындығыңды да қосып келесің ғой! | |
Ezek | Kaz | 16:44 | Мақалдап сөйлейтіндер енді: «Шешесіне қарап қызын таны» деген мақалды сен туралы айтатын болады. | |
Ezek | Kaz | 16:45 | Күйеуі мен балаларынан жиреніп бас тартқан шешеңнің сен нағыз қызысың. Сондай-ақ күйеулері мен балаларынан жиреніп бас тартқан әпке-сіңліңнің бірге туған нағыз бауырысың. Сендердің шешелерің хеттік, ал әкелерің аморлық болатын. | |
Ezek | Kaz | 16:46 | Сенің әпкең — солтүстік жағыңда қыздарымен бірге тұрған Самария қаласы, сіңлің — ежелде оңтүстік жағыңда қыздарымен бірге тұрған Содом қаласы болатын. | |
Ezek | Kaz | 16:47 | Олардың жексұрын мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне еліктеп қана қойған жоқсың, көп кешікпей-ақ сенің бүкіл мінез-құлқың олардікінен де бетер азғын болды. | |
Ezek | Kaz | 16:48 | Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие ант етіп мынаны айтады: Тіпті сіңлің Содом мен оның «қыздары» сенің өзің мен «қыздарыңның» істеген зұлымдықтарды еш істеген емес. | |
Ezek | Kaz | 16:49 | Сіңлің Содомның күнәсі мынау болды: өзі де, маңындағы елді мекендер де өркөкіректеніп, әбден тойынып, бейқам болып кеткен еді. Олар бейшара жарлыларға қол ұшын да бермейтін. | |
Ezek | Kaz | 16:50 | Осылайша паңданған содомдықтар Менің көз алдымда жексұрын күнәларын жасай берді. Мен бұларын көріп, содомдықтарды қасымнан аластаттым. | |
Ezek | Kaz | 16:51 | Тіпті Самария сен жасаған күнәлардың жартысын да жасаған жоқ. Сен жексұрын іс-әрекеттерді сол апа-сіңліңнен де көп істедің. Өзіңмен салыстырғанда олар тіптен әділ іспетті болып көрінеді. | |
Ezek | Kaz | 16:52 | Ал енді, масқараңды өз мойныңмен көтер! Сенің күнәларың олардікінен де бетер жексұрын болғандықтан, апа-сіңлің саған қарағанда әділірек, тіпті ақталғандай болып көрінеді. Сондықтан қызара ұялып, масқараңды өз мойныңмен көтер! | |
Ezek | Kaz | 16:53 | Алайда бір кезде Мен Содомның, Самарияның және екеуінің «қыздарының» жағдайларын, сондай-ақ сенің де жағдайыңды қалпына келтіремін. | |
Ezek | Kaz | 16:54 | Сен оларды өз істегендеріңмен жақсы сезіндіргенің үшін ұялып, нағыз масқараға қалатын боласың. | |
Ezek | Kaz | 16:55 | Сонда әпкең Содом мен сіңлің Самария өздерінің «қыздарымен» бірге бұрынғы жағдайларына қайтып оралады. Сен де «қыздарыңмен» бірге бұрынғы жағдайыңа қайтасың. | |
Ezek | Kaz | 16:56 | Өзің өркөкіректеніп жүрген кезіңде әпкең Содомды мақал іспетті аузыңнан тастамайтын едің ғой. | |
Ezek | Kaz | 16:57 | Бірақ бір күні сенің асқан зұлымдығың жария болды. Енді арамалықтар мен олардың көршілері және філістірлер әрі өз айналаңдағылардың бәрі де сені келекелеп мазақтайды. | |
Ezek | Kaz | 16:58 | Сен өзіңнің азғын да жексұрын күнәларыңның кесіріне ұшырайсың, — деп ескертеді Жаратқан Ие. | |
Ezek | Kaz | 16:59 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: Сен Келісімімді бұзып, Менің антыма немқұрайды қарадың. Сондықтан Мен саған лайықты жазаны қолданамын. | |
Ezek | Kaz | 16:60 | Ал кейін Мен жастық шағыңда өзіңмен жасаған Келісімімді есіме алып, сенімен мәңгілік Келісім жасаймын. | |
Ezek | Kaz | 16:61 | Сонда сен жүрген жолдарыңды есіңе түсіріп, ұялатын боласың. Мен әпке-сіңліңді алып, саған қыздарың ретінде беремін. Бірақ мұны өзіңмен жасаған Келісімімнің негізінде жасамаймын. | |
Ezek | Kaz | 16:62 | Осылай Мен Келісімімді өзіңмен қайтадан бекітіп, сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. | |
Chapter 17
Ezek | Kaz | 17:3 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бірде қанаттары мықты, қауырсындары қалың да түрлі-түсті бір алып бүркіт Ливанға ұшып келіпті. Ол бір самырсын ағашының басын бүріп, | |
Ezek | Kaz | 17:4 | ең биік өскен бұтағын сындырып алыпты. Соны саудагерлердің бір еліне алып кетіп, солардың қаласына апарып отырғызыпты. | |
Ezek | Kaz | 17:5 | Бүркіт сенің еліңнен бір дән де алып, оны құнарлы топыраққа сеуіп тастапты. Дәнді тал іспетті суы мол жерге егіп, одан өскін өсіп шығыпты. | |
Ezek | Kaz | 17:6 | Өскін тамыр жайып, қаулап өскен аласа жүзім бұтасына айналыпты. Оның бұтақтары бүркітке қарай бұрылып, тамырлары жерге терең кетіпті. Осылай жүзім бұтасы айналасына бұтақтары мен өркендерін жіберіпті. | |
Ezek | Kaz | 17:7 | Бірақ қанаттары мықты, қауырсындары қалың тағы да бір бүркіт бар еді. Әлгі жүзім бұтасы отырғызылған жерінен көбірек су іздеп, сол бүркітке қарай тамыр жіберіп, бұтақтарын бұратын болыпты. | |
Ezek | Kaz | 17:8 | Ол бұтақ жайып, жеміс беріп, керемет жайқалған жүзім бұтасы болсын деп, суы мол жердегі құнарлы топыраққа отырғызылған болатын. | |
Ezek | Kaz | 17:9 | Исраил халқына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сол жүзім бұтасы жайқалып өсе бере ме? Жоқ, Мен оны түп-тамырымен жұлып, жемістерін сыпырып тастаймын. Сонда жемістері де, жаңадан өскен мұртшалары да қурап қалады. Бұтаны түп-тамырымен жұлып тастауға не зор күш-қуат, не үлкен әскер қолы қажет болмайды. | |
Ezek | Kaz | 17:10 | Бұта басқа жерге көшіріліп отырғызылса да, өсіп-өнетін бола ма? Жоқ, шығыстағы шөлдің аңызақ желі соққанда, ол өсіп шыққан жерінде-ақ біржола қурап қалады». | |
Ezek | Kaz | 17:12 | Мына бас көтергіш халықтан: «Осы астарлы әңгіменің мағынасын түсінбейсіңдер ме?» деп сұра! Оларға мына хабарымды жеткіз: Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимді басып алды да, қаланың патшасы мен әміршілерін Бабылға айдап әкетті. | |
Ezek | Kaz | 17:13 | Содан соң ол патшалық әулеттен шыққан басқа біреуді таңдап алып, онымен келісім жасап, оған өзіне адал болуға ант бергізді. Бабыл патшасы, сондай-ақ, елдің лауазымды адамдарын да тұтқынға алды. | |
Ezek | Kaz | 17:14 | Ол мұны Яһуда патшалығы бұдан былай бас көтере алмай, бағынып, тек Бабылмен жасасқан келісімді ұстануларымен ғана жандарын бақсын деп істеді. | |
Ezek | Kaz | 17:15 | Алайда Иерусалим патшасы Мысырға елшілерін жіберіп, сол елден көп жылқы мен қалың әскер сұрауы арқылы Бабыл патшасына қарсы бас көтерумен болды. Ол енді табысқа жете ме? Мұндайды істеген адам аман-есен қала ма? Антын бұзған адам аман-сау құтыла ма? | |
Ezek | Kaz | 17:16 | Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Иерусалимнің патшасы Бабыл елінің ішінде өледі! Сол елдің патшасы оны билеуші етіп тағайындаған еді ғой! Ал өзі оған берген антын бұзып, жасасқан келісіміне немқұрайды қарады. | |
Ezek | Kaz | 17:17 | Содан Бабыл патшасы Иерусалим қаласына аттанып барып, көп адамның өмірін құрту үшін қаланы дуалмен қоршап, үймектер үйіп, шабуыл жасамақ. Ал (Мысыр патшасы) перғауын өзінің қалың қолымен, көптеген жасақшыларымен Иерусалим патшасына еш көмек көрсетпейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 17:18 | Иерусалим патшасы келісімді бұзып, берген антына немқұрайды қараған еді. Ол қол алысып уәде бере тұра, осылай сөзінен тайғаны үшін, жазасынан қашып құтыла алмайды. | |
Ezek | Kaz | 17:19 | Сондықтан мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп мынаны айтады: Иерусалим патшасының Менің атымды атап берген антына немқұрайды қарап, Келісімімді бұзғанының жазасын Мен оның өз басына түсіремін. | |
Ezek | Kaz | 17:20 | Оған торымды жайып, ол соған түсетін болады. Өзіме қарсы опасыздық жасағаны үшін Мен оны Бабылға апарып, сол жерде соттап жазалаймын. | |
Ezek | Kaz | 17:21 | Оның тым-тырақай қашқан жасақтары семсерден қаза тауып, тірі қалғандары шартарапқа шашылып кетеді. Сонда сендер бұны айтқан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». | |
Ezek | Kaz | 17:22 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Өзім самырсынның ұшар басынан оның бір өркенін алып, жерге отырғызамын. Сонда Мен ағаштың ең жоғарғы бұтақтарынан бір жас өркенді сындырып алып, оны заңғар да зәулім бір таудың басына отырғызамын. | |
Ezek | Kaz | 17:23 | Мен өркенді Исраилдің биік тауының басына отырғызғаннан кейін ол бұтақ жайып, жеміс беріп, зәулім самырсынға айналады. Әр түрлі құстар оған ұяларын салып, оның бұтақтарының саясын паналайтын болады. | |
Chapter 18
Ezek | Kaz | 18:2 | «Сендер «Қышқыл жүзімді көп жеген — аталары, ал тістері қамалған — балалары» деген нақыл сөзді Исраил еліне байланысты қандай мақсатпен айтасыңдар? | |
Ezek | Kaz | 18:3 | Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: сендер Исраилде бұл нақылды енді қайтып айтпайтын боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 18:4 | Біліп қойыңдар: Әкесі болсын, баласы болсын, әрбір тірі жан Менікі! Күнә жасаған адамның өзі өлуге тиіс. | |
Ezek | Kaz | 18:6 | Ол биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді де, Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды да. Ол өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды, етеккірі келіп жүрген әйелімен де жақындаспайды. | |
Ezek | Kaz | 18:7 | Сондай әділ адам ешкімге қысым көрсетпей, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтарып бере салады. Ол ешкімді тонамайды, қайта, ашқа тамақ, жалаңашқа киім береді. | |
Ezek | Kaz | 18:8 | Әділ адам бейшараға берген қарызы үшін не өсім, не үстеме алмайды, жамандық істеуден бойын аулақ ұстайды, екі адамның арасындағы дауды әділдікпен шешеді. | |
Ezek | Kaz | 18:9 | Демек, ол Менің ережелеріме мойынсұнып, заңдарымды сенімділікпен ұстанады. Мұндай адам — әділ жан, ол сөзсіз өмір сүретін болады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие осыларды нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 18:10 | Алайда оның бұзық баласы бар дейік. Осы жас жігіт кісі тонап, қан төгеді, сол сияқты басқа да зұлым істер істейді екен. | |
Ezek | Kaz | 18:11 | Әкесі бұлардың ешқайсысын істеп көрмеген болса да, оның ұлы аталған күнәларына қоса биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жейді, әрі өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзады. | |
Ezek | Kaz | 18:12 | Сондай-ақ ол кедейлер мен мұқтаждарға қысым көрсетіп, адамдарды тонайды, жарлыға берген қарызы үшін кепілдікке алғанын қайтармайды. Жалған тәңірлерге сиынып, өзге де жексұрын күнәлар жасайды, | |
Ezek | Kaz | 18:13 | бейшараға берген қарызы үшін өсім мен үстеме алады дейік.Осындай адамның өмір сүре беруіне бола ма? Жоқ, болмайды! Жасаған жеркенішті күнәларының кесірінен ол ақырында сөзсіз өлтіріліп, кінәсі өз мойнында болады. | |
Ezek | Kaz | 18:14 | Айталық, осы жігіттің өз ұлы бар дейік. Ұлы әкесінің жасап жүрген күнәларын көріп жүрсе де, өзі соларын қайталамайды. | |
Ezek | Kaz | 18:15 | Ол не биіктеу жерлердегі табыну орындарында құрбандық асынан ішіп-жемейді, не Исраил халқы табынатын жалған тәңірлерге сиынбайды, не өзгенің әйеліне барып неке адалдығын бұзбайды. | |
Ezek | Kaz | 18:16 | Осы әділ жас ешкімге қысым көрсетпей, жарлыға берген қарызы үшін алған кепілдігін қайтарып бере салады, ешкімді тонамайды, қайта, ашқа тамақ, жалаңашқа киім береді. | |
Ezek | Kaz | 18:17 | Ол бейшараға жамандық істеуден бойын аулақ ұстайды, берген қарызы үшін не өсім, не үстеме алмайды. Сөйтіп ол Менің заңдарымды ұстанып, ережелеріме мойынсұнады.Мұндай адам әкесінің күнәлары үшін өлімге кесілмейді, керісінше, ол сөзсіз өмір сүретін болады. | |
Ezek | Kaz | 18:18 | Ал оның әкесі өз күнәларының кесірінен өлуге тиіс, себебі ол басқаларға қысым көрсетіп, елдесін тонап, өз халқының арасында түрлі әділетсіз істер істеп жүрді. | |
Ezek | Kaz | 18:19 | Алайда сендер: «Баласы әкесінің кінәсі үшін неге айыпталмайды?» деп сұрайсыңдар. Мұның себебі — баласының істері игі де әділ болып, Менің барлық ережелерімді мұқият сақтағандығы. Сондықтан ол сөзсіз өмір сүретін болады. | |
Ezek | Kaz | 18:20 | Күнә жасаған жанның өзі соның жазасын тартып өлуге тиіс. Баласы әкесінің кінәсі үшін, әкесі де баласының кінәсі үшін жазаланбайды. Әділдің ізгі іс-әрекеті өзіне жақсылыққа саналады, әрі зұлымның арам іс-әрекеті өз мойнына артылады. | |
Ezek | Kaz | 18:21 | Ал егер зұлым адам тәубеге келіп, жасап жүрген барлық күнәларынан бас тартса, әрі Менің ережелерімді ұстанып, игі де әділ іс-әрекет істейтін болса, ол өлімге кесілмей, сөзсіз өмір сүре беретін болады. | |
Ezek | Kaz | 18:22 | Сонда оның бұрын жасаған әділетсіз қылықтарының ешқайсысы оған қарсы ескерілмейді. Істеген әділ істері үшін ол өмір сүре беретін болады. | |
Ezek | Kaz | 18:23 | Әлде Мені зұлым адамның өліміне қуанады деп ойлайсыңдар ма? Керісінше, Мен оның теріс жолынан қайтып, тірі қалып өмір сүре бергеніне қуанамын!» Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 18:24 | Ал егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасайтын болса, әрі зұлым адам сияқты жексұрын істер істеуге кіріссе, оның өмір сүре беруіне бола ма? Жоқ, оның бұрын істеген әділ істерінің ешқайсысы да енді ескерілмейді. Сол адам опасыз болып, күнә жасағаны үшін өлімге кесілуге тиіс. | |
Ezek | Kaz | 18:25 | Ал сендер: «Жаратқан Иенің осылай шешкені дұрыс емес!» деп шағымданасыңдар. Тыңдаңдаршы, уа, Исраил халқы: Менің осылай шешкенім дұрыс емес пе? Әлде сендердің өз шешімдерің дұрыс емес пе? | |
Ezek | Kaz | 18:26 | Егер әділ адам өзінің ізгі іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасайтын болса, ол сонысы үшін өлімге кесіледі. Жасаған күнәларының зардабын тартып ол өлімге душар болады. | |
Ezek | Kaz | 18:27 | Ал егер зұлым адам істеп жүрген арам істерінен бас тартып, игі де әділ істерді істейтін болса, ол өз өмірін сақтап қалады. | |
Ezek | Kaz | 18:28 | Өзінің бұрын істеген барлық зұлым қылықтарына өкініп, солардан бас тартқандықтан, ол өлімге кесілмей, сөзсіз өмір сүретін болады. | |
Ezek | Kaz | 18:29 | Сонда да Исраил халқы: «Жаратқан Иенің осылай шешкені дұрыс емес!» деп шағымданады. Менің осылай шешкенім дұрыс емес пе, уа, Исраил халқы? Әлде сендердің өз шешімдерің дұрыс емес пе? | |
Ezek | Kaz | 18:30 | Сондықтан, уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа өз іс-әрекеттеріңе сәйкес үкім шығарамын! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Бұрын істеген барлық зұлым қылықтарыңа өкініп, солардан бас тартыңдар! Сонда сендер өмір жолдарыңда әділетсіз іс істеп сүрініп құламайсыңдар. | |
Ezek | Kaz | 18:31 | Істеп келген барлық зұлым қылықтарыңды тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты иемденіңдер! Әйтпесе сендерге өліп не бар, уа, Исраил халқы? | |
Chapter 19
Ezek | Kaz | 19:2 | Анаң арыстандардың ішіндегіҚандай керемет арыстан еді!Күшті арыстандар арасында жатып,Ол абдандарын асырайтын еді. | |
Ezek | Kaz | 19:3 | Солардың бірін айрықша қып өсірді,Сол қуатты арыстан болып өсті,Аулаған олжасын жыртып паршалады,Адамдарға да бас салып, жалмады. | |
Ezek | Kaz | 19:4 | Басқа ұлттар ол туралы естіді,Торуылдап апандарына түсірді,Шынжырлап Мысырға айдап әкетті. | |
Ezek | Kaz | 19:5 | Анасы үмітінің ақталмағанынКөріп, күткенінің іске аспағанын,Күшті арыстан қып өсірді басқасын. | |
Ezek | Kaz | 19:6 | Арыстандармен бірге ол жортуылдады,Нығайып, мықты арыстанға айналды,Аулаған олжасын жыртып паршалады,Адамдарға да бас салып, жалмады. | |
Ezek | Kaz | 19:7 | Ол солардың қамалдарын қиратты,Қалаларын ойрандап қаңыратты,Зор даусымен бүкіл елді қалтыратты. | |
Ezek | Kaz | 19:8 | Халықтар сонда қарсы шықты оған,Шабуылдады көрші аймақтардан,Олар торларын жайды оған арнап,Қолға түсті ол апандарына құлап. | |
Ezek | Kaz | 19:9 | Оны шынжырлап тор ішіне кіргізді,Бабыл патшасының алдына әкелді.Сосын зынданға салып күзетті,Исраилдің тауларында содан беріАқырған дауысы еш естілмейді. | |
Ezek | Kaz | 19:10 | Су бойына орналасқан жүзімдіктегіЖүзім бұтасына анаң ұқсас еді.Сол бұта мол судан жемісті көп берді,Бұтақтары жайқалып тұратын еді. | |
Ezek | Kaz | 19:11 | Бұтақтарының күшті болғаны сонша,Лайықты билеуші асатаяғына.Қалың жапырақтан сол бұта асқақтады. | |
Ezek | Kaz | 19:12 | Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,Жерге тасталды тамырымен жұлына,Шығыстан соққан аңызақтан қурады,Бар жемістерінен бұта айырылды,Күшті бұтақтары оның қурап қалды,От оларды аяусыз құртып жалмады. | |
Chapter 20
Ezek | Kaz | 20:1 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) жетінші жылдың бесінші айының оныншы күні Исраилдің ақсақалдарынан бірнеше адам Жаратқан Иенің еркін сұрап білу үшін менің алдыма келіп отырды. | |
Ezek | Kaz | 20:3 | «Ей, пендем, Исраилдің ақсақалдарына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің еркімді сұрап білу үшін келдіңдер ме?! Өзімнің атыммен ант етемін: Сендердің Менің еркімді сұрап білулеріңе жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. | |
Ezek | Kaz | 20:4 | «Пендем, сен оларды айыптамақсың ба? Оларды сотқа дайындамақсың ба? Онда ата-бабаларының жасаған күнәларының қандай жексұрын болғанына ақсақалдардың көздерін жеткіз! | |
Ezek | Kaz | 20:5 | Оларға тағы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Исраилді ежелде таңдап алған күні салтанатты түрде Жақыптың үрім-бұтағына серт бердім. Оларға Өзімді Мысырда аян еткенімде: «Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін!» деп салтанатты түрде ант еттім. | |
Ezek | Kaz | 20:6 | Сол күні Мен оларға өздерін Мысырдан бастап алып шығып, елдердің ішіндегі ең көріктісі — ағы мен балы ағыл-тегіл елге әкелуге уәде бердім. Сол елді Мен Өзім олар үшін қарап таңдап алған едім. | |
Ezek | Kaz | 20:7 | Және Мен оларға былай дегенмін: «Әрқайсыларың көз қарашығындай сүйіп табынып келген жеркенішті мүсіндерді лақтырып тастаңдар! Бұдан былай өздеріңді Мысырдың жалған тәңірлерімен арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». | |
Ezek | Kaz | 20:8 | Алайда олар Маған қарсы бас көтеріп, тыңдамай қойды. Олар көз қарашығындай сүйіп табынатын жексұрын мүсіндерін лақтырып тастаған жоқ, әрі Мысырдың жалған тәңірлерінен де бас тартпай қойды. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды Мысыр елінде бар ашу-ызаммен жазаламақ болдым. | |
Ezek | Kaz | 20:9 | Бірақ исраилдіктердің айналасында тұрып жатқан халықтардың алдында өз есімімнің қорланбауы үшін арнайы шара қолдандым. Өйткені Мен исраилдіктерді Мысырдан солардың көзінше алып шығып, оларға Өзімді аян етіп танытқан едім. | |
Ezek | Kaz | 20:11 | Оларға өз ережелерімді табыстап, шешімдерімді жарияладым. Өйткені оларды орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. | |
Ezek | Kaz | 20:12 | Оның үстіне Мен, Жаратқан Ие, Өзіме бағыштағанымның сыртқы белгісі ретінде оларға демалыс күнімді сыйладым. | |
Ezek | Kaz | 20:13 | Бірақ Исраил халқы иен далада Маған қарсы бас көтерді. Олар ережелеріме мойынсұнған жоқ, керісінше, шешімдерімді менсінбеді. Ережелерім мен шешімдерімді орындаушы адам солар арқылы өмір сүретін болса да, Исраил халқы осылай етті. Бұған қоса олар тағы Менің өздеріне тапсырған демалыс күніме қатысты ережелерімді де бұзып, оның қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен қаһарымды төгіп, оларды иен далада жойып жібермек болдым. | |
Ezek | Kaz | 20:14 | Ал исраилдіктердің айналасында тұрып жатқан халықтардың алдында өз есімімнің қорланбауы үшін Мен солай істемедім. Өйткені халқымды Мысырдан солардың көзінше алып шыққан едім. | |
Ezek | Kaz | 20:15 | Мен сол иен далада оларды елдердің ішіндегі ең көріктісі — Мен өздеріне табыстамақ болған ағы мен балы ағыл-тегіл елге бастап алып бармаймын деп салтанатты түрде ант еттім. | |
Ezek | Kaz | 20:16 | Өйткені олар Менің шешімдерімді менсінбей, ережелеріме бағынбады, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Себебі олар жүректерімен жалған тәңірлерге берілген еді. | |
Ezek | Kaz | 20:18 | Мен сол иен далада олардың балаларына былай дегенмін: «Ата-бабаларыңның жаман әдет-ғұрыптарын орындамаңдар, олар табынған жалған тәңірлермен өздеріңді арамдамаңдар! | |
Ezek | Kaz | 20:19 | Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Ережелерімді ұстанып, заңдарымды орындаңдар! | |
Ezek | Kaz | 20:20 | Сондай-ақ Мен өздеріңе өсиеттеген демалыс күндерін Маған бағыштайтын болыңдар! Олар Менің сендердің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді естеріңе салатын белгі болмақ». | |
Ezek | Kaz | 20:21 | Алайда олардың балалары Маған қарсы бас көтеріп, тапсырған ережелерімді ұстанбады, әрі заңдарымды орындамады. Ал оларды орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді. Соған қоса олар демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Сондықтан Мен бастарына қаһарымды төгіп, оларды иен далада бар ашу-ызаммен жазалауға ұйғардым. | |
Ezek | Kaz | 20:22 | Бірақ Мен есімімнің басқа халықтардың алдында қорланбауы үшін солай істеуден бас тарттым. Себебі халқымды Мысырдан алып шыққанда сол халықтар Менің құдіретімді көрген болатын. | |
Ezek | Kaz | 20:23 | Алайда Мен сол иен далада оларды басқа халықтардың арасына шашыратып, бөтен елдерге таратып жіберемін деп салтанатты түрде ант еттім. | |
Ezek | Kaz | 20:24 | Өйткені олар Менің заңдарымды орындамай, ережелерімді менсінбей, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Олар сондай-ақ ата-бабалары табынған жалған тәңірлерге құштарлана қарады. | |
Ezek | Kaz | 20:25 | Сондықтан да Мен халықтың игіліксіз ережелерге және оларды шынайы өмірге бастай алмайтын әдет-ғұрыптарға мойынсұнуларына жол бердім. | |
Ezek | Kaz | 20:26 | Олардың жалған тәңірлерге жасаған сый-тартулары арқылы өздерін арамдауларына да жол бердім. Олар тіпті тұңғыш ұлдарын сол бір тәңірсымаққа арнап отта құрбан қылды. Ондағы мақсатым: сол арқылы олар үрейленіп, Өзімнің Жаратқан Ие екендігімді білсін дедім. | |
Ezek | Kaz | 20:27 | Сондықтан, ей, пендем, Исраил халқына тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Маған қарсы осындай опасыздық жасаулары арқылы сендердің ата-бабаларың да Мені қорлайтын. | |
Ezek | Kaz | 20:28 | Мен оларды өздеріне беруге салтанатты түрде ант еткен елге алып келдім. Бірақ олар көздері түскен әрбір биік төбе басында және жапырағы жайқалған ағаштың түбінде (жалған тәңірлеріне арнап) құрбандықтарын шалып, сый-тартуларын ұсынып, қаһарымды қоздырып жүрді. Бұған қоса солардың құрметіне хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларын да құйып ұсынды. | |
Ezek | Kaz | 20:29 | Сонда Мен олардан «Сендер баратын биіктеу жер не қылған жер?» деп сұраған болатынмын. Сондықтан да сондай табыну орындары осы күнге дейін биіктеу жер деп аталып келеді. | |
Ezek | Kaz | 20:30 | Сондықтан Исраил халқына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ата-бабаларыңа еліктеп, сендер де солардың жексұрын тәңірсымақтарына құштарлана табынып өздеріңді арамдамақсыңдар ма? | |
Ezek | Kaz | 20:31 | Оларға сый-тартуларыңды арнап, ұлдарыңды отқа өртеп құрбан еткен кездеріңде сендер өздеріңді осы күнге дейін сол жалған тәңірлеріңмен арамдап келесіңдер. Сонда Мені өздеріңе бұрынғыдай Өзімнен ақыл сұрауларыңа жол береді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, өз атыммен ант етемін, сендердің ақыл сұрауларыңа бұдан былай жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны өз атымен ант етеді. | |
Ezek | Kaz | 20:32 | Сендер: «Біздер де басқа халықтардай, елдердің тайпалары сияқты ағаш не тастан жасалған мүсіндерге табынайық!» дейсіңдер. Алайда осы ойларың жүзеге аспайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 20:33 | Қайта, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие Өзінің атымен ант етіп былай дейді: «Мен сендерге құдіретті де алға созылған қолыммен және зор қаһарыммен билігімді жүргіземін: | |
Ezek | Kaz | 20:34 | сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алға созылған құдіретті қолыммен және зор қаһарыммен шығарып аламын. | |
Ezek | Kaz | 20:35 | Иә, Мен сендерді бөтен халықтардың арасына жер аударамын. Бұл, ежелде ата-бабаларыңның иен даланы кезіп жүрген қиын кезеңіндей болмақ. Сол жерде сендермен бетпе-бет келіп, сот жүргіземін. | |
Ezek | Kaz | 20:36 | Ата-бабаларыңа Мысыр елінен шығарғаннан кейін иен далада сот жүргізгенімдей, Мен сендерге де солай істеймін». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. | |
Ezek | Kaz | 20:37 | «Шопанның отарын қоршауға кіргізгенде қойларды таяғымен санап тексеріп, екшейтініндей, Мен де сендерді асатаяғыммен мұқият тексеріп, Келісімімнің ережелерін ұстануға мәжбүр етемін. | |
Ezek | Kaz | 20:38 | Сендерді араларыңдағы Маған қарсы бас көтеретін қыңырлардан тазартамын. Оларды жер аударылған елдерінен алып шықсам да, сондайлар Исраил еліне кірмейтін болады. Содан сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар». | |
Ezek | Kaz | 20:39 | Уа, Исраил халқы, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Егер Мені тыңдамайтын болсаңдар, мейлі, әрқайсың барып, жалған тәңірлеріңе құлшылық ете беріңдер! Бірақ кейін Менің қасиетті есімімді өздеріңнің опасыздықтан арамдалған сый-тартуларыңмен және тәңірсымақтарыңмен қорламайсыңдар. | |
Ezek | Kaz | 20:40 | Өйткені бір күні бүкіл Исраил халқы Маған елдің ішіндегі қасиетті тауым — Исраилдің ұлы тауында ғибадат ететін болады. Мен оларды сонда ризашылықпен қабыл аламын, — деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сол жерде Мен сендерден Өзіме бағыштаған қасиетті сый-тартуларыңды және таңдаулы құрбандықтарыңды түгелдей ұсынуларыңды талап етпекпін. | |
Ezek | Kaz | 20:41 | Мен сендерді шашырап кеткен халықтар мен елдерден алып шығып, жинаған сол кезде өздеріңді жұпар иіс сияқты қабылдаймын. Осылайша сендер арқылы Өзімнің киелілігімді бүкіл халықтардың көзінше жария етемін. | |
Ezek | Kaz | 20:42 | Өздеріңді ата-бабаларыңа беруге салтанатты түрде уәде еткен елге, яғни Исраил еліне, қайтарып алып келемін. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 20:43 | Сол жерде сендер өздеріңді арамдаған іс-әрекеттеріңді естеріңе алып, жасаған жамандықтарыңа бола өздеріңнен-өздерің жиренетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 20:44 | Мен сендерге зұлымдықтарың мен жаман істеріңе сәйкес емес, өз есімімнің құрметіне сай әрекет етпекпін. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар, уа, Исраил халқы». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. | |
Ezek | Kaz | 20:46 | — Ей, пендем, бетіңді оңтүстікке қарай бұрып, оған қарсы сөйле! Оңтүстіктегі қалың орманға (ұқсас Яһуда елі мен Иерусалим қаласына) қарсы пайғамбарлық сөз айт! | |
Ezek | Kaz | 20:47 | Сол жабайы аймаққа былай де: Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен саған от тұтатпақпын! От өзіңдегі барлық ағашты: жасылын да, қурағанын да жалмап қояды. Лаулаған жалыны өшпейді. Оның қызуынан оңтүстік пен солтүстіктің аралығындағының бәрінің бет-жүздері күйіп қалады. | |
Ezek | Kaz | 20:48 | Барша жұрт осы отты тұтатқанның Мен, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Ол еш өшпейтін болады. | |
Chapter 21
Ezek | Kaz | 21:2 | — Ей, пендем, бетіңді Иерусалимге қарай бұрып, киелі үйдің қирайтыны туралы, әрі Исраил еліне және ондағы табыну орындарына қарсы пайғамбарлық сөз айт! | |
Ezek | Kaz | 21:3 | Исраил еліне былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Біліп ал, енді Мен Өзім саған қарсы шығамын! Семсерімді қынабынан суырып алып, сендегі әділдерді де, зұлымдарды да қырамын! | |
Ezek | Kaz | 21:4 | Рас, Мен зұлымдарды да, әділдерді де құртпақпын: сондықтан семсерімді қынабынан суырып алып, оңтүстіктен солтүстікке дейінгі бүкіл жерде адамдардың барлығын қырамын. | |
Ezek | Kaz | 21:5 | Сонда барлық адамдар Менің, Жаратқан Иенің, семсерімді қынабынан суырғанымды білетін болады. Семсерім (өз ісін бітірмейінше) қынабына енді қайтып салынбайды». | |
Ezek | Kaz | 21:6 | Ал сен, ей, пендем, күрсініп ыңқылдай бер! Олардың көзінше жан дүниең езіліп, қатты қайғыра күрсініп ыңқылдайтын бол! | |
Ezek | Kaz | 21:7 | Егер олар сенен: «Неге күрсініп ыңқылдайсың?» деп сұраса, оларға жауап беріп былай де: «Келе жатқан хабардан. Ол жеткенде баршаның жүрегі қорқыныштан әлсіреп, қолдарынан күш кетіп, рухтары қалжырайды, тізелері аққан судай дірілдейтін болады! Міне, ол келе жатыр, сол хабар міндетті түрде орындалады! — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие!» | |
Ezek | Kaz | 21:9 | «Ей, пендем, Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Семсер қайралды, семсер жалтыратылды! | |
Ezek | Kaz | 21:10 | Ол бауыздап кескілеу үшін қайралды, найзағайдай жарқылдау үшін жалтыратылды!»— Біз патшаның асатаяғына сеніп, сол үшін көңілді болмақпыз ба?— Семсер ешбір таяқты менсінбейді! | |
Ezek | Kaz | 21:11 | Ол қолға ұстау үшін жалтыратылып жатыр! Семсер қырушының қолына тапсырылу үшін қайралып, жалтыратылуда! | |
Ezek | Kaz | 21:12 | Ей, пендем, айқай салып жыла! Өйткені семсер Менің халқыма қарсы, әрі Исраилдің билеушілеріне қарсы қолданылмақ. Олар халқыммен бірге семсерден қырылмақ. Сонымен қайғыдан кеудеңді соққыла! | |
Ezek | Kaz | 21:13 | Еш шүбә жоқ, сынақ болады! Семсер патшаның асатаяғын менсінбей, қырып тастайды. Сонда не болмақ?! — Жаратушы Тәңір Ие осыны ескертеді. — | |
Ezek | Kaz | 21:14 | Сондықтан, ей, пендем, Менің хабарымды жеткіз! Екі алақаныңды соқ! Семсер екі рет, тіпті үш рет шауып түссін! Бұл — өлімге кесілгендерге арналған семсер. Зор қырғынға арналған осы семсер оларға жан-жақтан таяп келмек. | |
Ezek | Kaz | 21:15 | Бұдан жүректері әлсіреп, олардың көбі жан тапсырмақ. Мен жүзі жалтыраған семсерді барлық қала қақпаларына қойдым. Иә, ол найзағайға ұқсатылып арнайы жалтыратылып, қыруға дайындалған. | |
Ezek | Kaz | 21:19 | «Ал сен, пендем, Бабыл патшасының семсері таяп келетін екі жолды белгілеп қой. Олардың екеуі де бір елден бастап шықсын. Жолдың Бабыл қаласынан шығып, екіге айырылатын жеріне бір жол белгісін қой! | |
Ezek | Kaz | 21:20 | Бабыл патшасының семсері жүретін бір жолды аммондықтардың астанасы Раббаға, ал екіншісін Яһуда еліне, оның бекіністі астанасы Иерусалимге қарай бағытта! | |
Ezek | Kaz | 21:21 | Өйткені Бабыл патшасы жол айырықта, бір жолдың екіге бөлінетін тұсында сәуегейлік жасау үшін тоқтамақ: ол өзінің әулетінің табынатын тәңірсымақтарына сиынып, қала аттары жазылған екі жебені шайқап, көзін жұмып, біреуін таңдап алады. Мұнан кейін сол жебеде аты жазылған қаланы бетке алып аттанбақ. Не болмаса сойылған малдардың бауырларына қарап жоритын болады. | |
Ezek | Kaz | 21:22 | Сол кезде патшаның оң қолына «Иерусалимге бар» деген жеребе түседі. Ол соған аттанып келіп, қамал бұзатын құралдарын қалаға қарама-қарсы орналастырады. Сосын шабуылдап, қырып-жоюға бұйрық беріп, ұрандайды. Сондай-ақ, қала қақпаларын бұзатын құралдарын орнатып, тас-топырақтан үймектер жасап, мұнаралар тұрғызады. | |
Ezek | Kaz | 21:23 | Иерусалимдегілерге бұл жалған сәуегейлік болып көрінеді. Бірақ яһудалықтар Бабыл патшасына адал болуға салтанатты түрде ант берген еді ғой! Енді Бабыл патшасы олардың бас көтеріп, айыпты болғандарын есіне алып, оларды қолға түсіреді». | |
Ezek | Kaz | 21:24 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ашық бас көтерулеріңмен кінәларыңды еске түсіріп, күллі іс-әрекеттеріңдегі күнәларыңды ашып көрсеттіңдер. Солай істегендерің үшін енді қолға түсесіңдер. | |
Ezek | Kaz | 21:25 | Ал сен үшін, уа, Исраилдің бұзылған, зұлым билеушісі, енді күнің туды, жазаланатын кезің жетті!» | |
Ezek | Kaz | 21:26 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Сәлдеңді шешіп, тәжіңді басыңнан алып таста! Енді жағдай бұрынғыдай болмайды. Жәбір көрген қарапайым жандар жоғарылатылып, мәртебелілер төмендетіледі. | |
Ezek | Kaz | 21:27 | Күйреу! Ойрандау! Мен патшалықты ойрандаймын! Одан ештеңе де қалмайды. Ал оған билік жүргізуге лайықты біреу келгенде, Мен билікті соған табыстаймын». | |
Ezek | Kaz | 21:28 | «Ал сен, пендем, былай деп Менің хабарымды жеткіз: Аммондықтар және олардың (Исраилге) көрсеткен жәбірлері туралы Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Семсер қырғын үшін қынабынан суырылды! Семсер найзағайдай жарқылдап, құрту үшін жалтыратылды. | |
Ezek | Kaz | 21:29 | Уа, аммондықтар, өз бақсы-балгерлерің сендер туралы жалған көріністер көріп, өтірік сәуегейлік жасап келеді. Бірақ семсер зұлымдардың мойнына түспек. Олардың бастарына күн туып, жазаларын толығымен тартатын уақыттары таяп қалды. | |
Ezek | Kaz | 21:30 | Семсерді қынабына қайта сал! Өзің жаратылған жерде, туған еліңде Мен саған үкім шығарамын, | |
Ezek | Kaz | 21:31 | қаһарымды төгіп, ашуымның отын үрлеймін. Қырып-жоюды жетік меңгерген жауыз адамдардың қолына өзіңді тапсырамын. | |
Chapter 22
Ezek | Kaz | 22:2 | «Ей, пендем, сен қаланы айыптауға дайынсың ба? Қан төккіш сол қаланы сотқа дайындамақсың ба? Ендеше оған өзінің жасаған жексұрын күнәларының бәрін де әшкерелеп айт! | |
Ezek | Kaz | 22:3 | Былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, қала, сен өзіңнің ортаңда адамдардың қанын төктің, осылай өз жазаңды тартатын уақытыңды жақындаттың! Сен жалған тәңірлердің мүсіндерін жасап алып, соларға табыну арқылы өзіңді-өзің арамдап келесің! | |
Ezek | Kaz | 22:4 | Кісі өлтіріп қан төккенің арқылы кінәлі болып, өзің жасап алған жалған тәңірлердің мүсіндері арқылы да арамдалдың. Осылайша басыңа пәле түсетін күніңді өзің жақындаттың! Ғұмыр кешетін жылдарыңның тағайындалған ақыры таяп келді! Сондықтан Мен сені барлық халықтар масқаралайтын, барлық елдер табалайтын қыламын. | |
Ezek | Kaz | 22:5 | Уа, масқараланған, іші бүлікке толы қала, жақындағылар да, алыстағылар да сені келекелейтін болады! | |
Ezek | Kaz | 22:6 | Көріп тұрсың ба, сендегі Исраилдің билеушілерінің әрқайсысы өз шамасы жеткенше адам қанын төгуге бейім болды. | |
Ezek | Kaz | 22:7 | Тұрғындарың ата-ананы менсінбей, сыйлаған жоқ. Олар өзіңдегі жат жерліктерді қанап, жол жүріп келе жатқан жолаушыны тонайды, жетім-жесірлерге зорлық жасайды. | |
Ezek | Kaz | 22:8 | Сондай-ақ, олар Менің киелі нәрселеріме немқұрайды қарап, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, оның қасиеттілігін құрметтемеді. | |
Ezek | Kaz | 22:9 | Сенде жазықсыз жала жауып, кісі өлтірткен зұлымдар да бар! Олар тау-төбе бастарында жалған тәңірлерге арналған құрбандық астарынан ішіп-жеп, азғын іс-әрекет жасайтындар. | |
Ezek | Kaz | 22:10 | Араларыңда әкесінің әйелімен жақындасып оның абыройын төккендер де, айлық етеккірі келіп, таза емес деп есептелетін әйелдерді зорлап кеткендер де бар. | |
Ezek | Kaz | 22:11 | Сенде тұратын тағы біреу көршісінің әйелімен неке адалдығын бұзған, екіншісі өзінің келінімен жақындасып оның абыройын төккен, үшіншісі туған қарындасын, өз әкесінің қызын зорлаған. | |
Ezek | Kaz | 22:12 | Сендегі адамдар ақшаға жалданып кісі өлтіреді. Өзің өсімқорлықпен айналысып, басқалардың мал-мүлкін зорлықпен тартып алып байисың. Ал Мені ұмытып кеткенсің! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 22:13 | Міне, қара! Мен сенің әділетсіз жолмен ие болған пайдаңа және өз араңда төгілген қанға бола ызалана екі алақанымды соғамын. | |
Ezek | Kaz | 22:14 | Мен сені жазалаған күні батылдығың берік болып, қолдарыңда күш қала берер ме екен? Осыны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, оны орындаймын да. | |
Ezek | Kaz | 22:15 | Мен сендерді басқа халықтардың арасына таратып, бөтен елдерге шашыратып жіберемін. Осылай сендегі арамдықты алып тастап, түбегейлі жоқ қыламын. | |
Ezek | Kaz | 22:16 | Сен өзге ұлттардың көз алдында қорланасың, сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың». | |
Ezek | Kaz | 22:18 | «Ей, пендем, Исраил халқы Мен үшін күмісті балқытып тазартқанда одан бөлініп шығатын мүлдем жарамсыз қоқыс сияқты болып кетті! Олар көрікте қалып қоятын күмістің қоқысы — мыс, қалайы, темір және қорғасындай. | |
Ezek | Kaz | 22:19 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендердің барлығың қоқыс іспетті болып кеткендіктен, Мен енді сендерді Иерусалимнің ортасына жинаймын. | |
Ezek | Kaz | 22:20 | Күміс, қола, темір, қорғасын және қалайыны от үрлеп, балқыту үшін алдымен көрікке салып жинайды. Дәл осылай Мен де сендерді лаулаған қаһарыммен қалада жинаймын да, көрікке салып, балқытқандай азап отынан өткіземін. | |
Ezek | Kaz | 22:21 | Мен барлығыңды жинап алып, сендерге өз қаһарымның отын үрлеймін, соның ішінде балқисыңдар. | |
Ezek | Kaz | 22:22 | Сонымен күмістің көріктің ішінде балқитынындай, сендер де азап отында балқисыңдар. Сонда Мен, Жаратқан Ие, өздеріңе қаһарымды төккенімді білетін боласыңдар». | |
Ezek | Kaz | 22:24 | «Пендем, Исраил еліне мынаны айт: Менің қаһарым төгілетін күні сен өңделмеген әрі жаңбыр жаумайтын құла түз сияқты боласың! | |
Ezek | Kaz | 22:25 | Әміршілерің олжасын паршалап жұлып, ақырған арыстандай, астыртын әрекет жасауда. Олар адам өмірін жалмап, мал-мүлкін тартып алып, осы елде көптеген әйелді жесір қалдырды. | |
Ezek | Kaz | 22:26 | Діни қызметкерлерің Менің бұйырған Таурат заңымды бұзып, Өзіме бағышталған қасиетті нәрселерімді арамдайды. Олар қасиетті мен жай нәрселердің арасын тіптен ажыратпай, адал мен арамның айырмашылығын да еш үйретпейді. Демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, соларға да немқұрайды қарайды. Осылайша олар Маған құрмет көрсетпей, Мені қорлайды. | |
Ezek | Kaz | 22:27 | Сенің басшыларың олжасын жарып жейтін қасқырларға ұқсайды. Олар арам пайда табу үшін қан төгіп, кісі де өлтіреді. | |
Ezek | Kaz | 22:28 | Ал пайғамбарларың болса, Мен оларға сөйлемесем де, «Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады» дейді. Олар жалған көріністер көріп, өтірік сәуегейлік айтып, сол басшылардың жасаған қылмыстарын әкпен сылағандай ақтайды. | |
Ezek | Kaz | 22:29 | Елдің халқы да өзгелерге қысым көрсетіп, адамдарды тонайды. Олар бейшара жарлыларды қанап, араларындағы жат жұрттық кірмелерді де жәбірлеп әділетсіздік жасайды. | |
Ezek | Kaz | 22:30 | Менің сол елді құртуға мәжбүр болмауым үшін, оны қабырғадай қоршап-қорғайтын әділдікті орнатып, қабырғаның құлаған жерін өз денесімен жауып тұратын біреуді іздедім. Бірақ ешкімді таппадым. | |
Chapter 23
Ezek | Kaz | 23:3 | Олар жастық шағынан-ақ Мысырда жеңіл жүріске салыныпты. Сол жерде еркектер олардың төстерін қысып, балғын тәндерін аймалапты. | |
Ezek | Kaz | 23:4 | Үлкенінің аты Охола, кішісінің аты Охолиба деп қойылды. Кейін Мен солардың екеуіне де үйленіп, олар Маған ұл-қыздар туып берді. Ал екеуінің шынайы есімдеріне келер болсақ, Охола — Самарияны, Охолиба — Иерусалимді білдіреді. | |
Ezek | Kaz | 23:5 | Охола Менің әйелім бола тұра, ассурлық жауынгерлерге аңсары ауып, солармен неке адалдығын бұза бастады. | |
Ezek | Kaz | 23:6 | Бұлар қою күлгін түсті киім киген әміршілер мен әкімдер, шетінен көрікті, атқа мінген жігіттер болатын. | |
Ezek | Kaz | 23:7 | Охола Ассурдың сол бетке ұстар еркектерімен азғындық жасап, өзінің аңсары ауған әркіммен және олардың жалған тәңірлерінің бейнелерімен өзін арамдады. | |
Ezek | Kaz | 23:8 | Сөйтіп Охола Мысырда болған кезінен бері айналысып келе жатқан жеңіл жүрісін қойған жоқ. Себебі жас кезінде-ақ мысырлықтар онымен бірге жатып, балғын тәніне қолдарын салып, онымен құмарларын қандыратын. | |
Ezek | Kaz | 23:10 | Олар оның тәнін жалаңаштап, ұл-қыздарын ұстап әкетіп, өзін семсермен шауып өлтірді. Осылайша ол өзіне тиісті жазаны алғанда, басқа әйелдердің өсек-аяңына айналды. | |
Ezek | Kaz | 23:11 | Сіңлісі Охолиба Охоламен не болғанын көрді. Сонда да ол әпкесінен бетер азғын құмарлыққа салынып, жезөкшелікпен одан әрмен айналысты. | |
Ezek | Kaz | 23:12 | Оның аңсары ассурлықтарға: әміршілер мен әкімдерге, көз тартқан сәнді киім киген жасақшылар мен атты әскерлерге, шетінен көрікті жігіттерге ауды. | |
Ezek | Kaz | 23:14 | Бірақ Охолиба жезөкшелік жағынан әпкесінен де асып түсті. Ол қабырғада ойылған жігіттердің суреттерін — қызылмен боялған халдейлердің бейнелерін көріп, соларға аңсары ауды. | |
Ezek | Kaz | 23:15 | Бұл суреттер — беліне белбеу байлап, басына үлкен сәлде орап, сырт түрі туған елі Халдея болатын бабылдық сардарлардың бейнесі болатын. | |
Ezek | Kaz | 23:17 | Бабылдықтар Охолибаның төсегінде жатып, оны өздерінің құмарлықтарымен арамдады. Ал арамдалғаннан кейін Охолиба бабылдықтардан жеркеніп, теріс бұрылып кетті. | |
Ezek | Kaz | 23:18 | Алайда Охолиба азғындығын ашықтан-ашық жасап, жалаңаш тәнін көрсете бастағаннан-ақ, Мен бұрын оның әпкесінен жеркеніп алшақтағанымдай, енді оның өзінен де жеркеніп алшақтап кеттім. | |
Ezek | Kaz | 23:19 | Әйтсе де Охолиба жас кезінде Мысырда жеңіл жүрісті қыз болғанын есіне түсіріп, бұрынғысынан бетер азғындыққа салынды. | |
Ezek | Kaz | 23:20 | Ол аталық мүшелері есектердікіндей, шәуеті айғырдікіндей мол бұрынғы ашыналарына ынтызар болды. | |
Ezek | Kaz | 23:21 | Ей, Охолиба, осылайша сен мысырлықтар төстеріңді қысып, балғын тәніңді аймалаған жастық шағыңдағы азғындығыңды аңсадың». | |
Ezek | Kaz | 23:22 | Сондықтан, ей, Охолиба, Жаратушы Тәңір Ие саған мынаны айтады: «Біліп қой, Мен өзің жиреніп, алшақтаған ашыналарыңды өзіңе қарсы арандатып, оларды жан-жақтан саған қарсы алып келемін: | |
Ezek | Kaz | 23:23 | бабылдықтарды да, Пеход, Шоа әрі Қоаның барлық халдейлерін де, күллі ассурлықтарды да. Олар — әміршілер мен әкімдер, бәрі де шетінен көрікті, сайгүлікке мінген жігіттер болмақ. Бұларды саған қарсы жан-жақтан аттандырып алып келемін. | |
Ezek | Kaz | 23:24 | Олар қару-жарақтанып, соғыс күймелері мен шаң-тозаң бұрқыратқан арбаларға мініп, қалың қолмен бірге солтүстіктен өзіңе қарсы аттанып келеді. Жау жан-жақтан үлкенді-кішілі қалқанмен, дулығамен бас салып, сені қоршауға алады. Мен оларға билікті табыстап, сонда олар саған өз әдет-ғұрыптарына сай үкім шығарады. | |
Ezek | Kaz | 23:25 | Мен саған лаулаған қаһарымды төккенімде, жау сенің адамдарыңды еш аямай, мұрындары мен құлақтарын кесіп алып, ұл-қыздарыңды әкетіп, құл қылады. Ал ең соңында сенен қалғандардың бәрін от жалмайды. | |
Ezek | Kaz | 23:26 | Оның үстіне олар үстіңдегі киімдеріңді сыпырып тастап, қымбат бағалы әшекейлеріңді тартып алады. | |
Ezek | Kaz | 23:27 | Мен осылай сенің Мысыр елінен әкелген азғындығың мен жезөкшелігіңді тыямын. Енді қайтып мысырлықтарға ынтыға қарамайтын әрі Мысырды есіңе алмайтын боласың». | |
Ezek | Kaz | 23:28 | Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Біліп қой, Мен сені өзің жек көріп, әрі алшақтап кеткен жауларыңның жиренішті қолына тапсырамын! | |
Ezek | Kaz | 23:29 | Олар сені жек көре отырып саған қарсы іс-әрекет жасайды. Жауларың сенің істеген істеріңнің жемістерін түгелдей тартып алып, өзіңді тыр жалаңаш қалдырады. Осылайша сенің масқара жезөкшелігің, жалаңаштығың және опасыздығың барша жұртқа мәлім болады. | |
Ezek | Kaz | 23:30 | Себебі сен басқа ұлттармен бірге азғындық жасап, өзіңді солардың жалған тәңірлерімен арамдадың. | |
Ezek | Kaz | 23:31 | Охолиба, сен де өз әпкеңнің жолымен жүресің. Сондықтан ол ішкен тостағанды енді сенің қолыңа ұстатамын! | |
Ezek | Kaz | 23:32 | Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны кесіп айтамын: Осылайша әпкең ішкен (азапқа толы) тостағаннан сен де ішесің! Сол тостаған терең де үлкен, оның ішіне көп сыяды. Сен күлкіге қалып, масқараланасың. | |
Ezek | Kaz | 23:33 | Тостағаннан ішкеніңнен сен масайып, қайғы-қасірет шегесің. Әпкең Самария қорқыныш пен қаңырауға толы сол тостағаннан ішкен еді. | |
Ezek | Kaz | 23:34 | Сен де содан ішіп, тауысасың. Кейін оны лақтырып тастап, паршалап сындырасың. Қатты қиналғандықтан кеудеңді ұрғылайсың. Өйткені Мен осылай дедім!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны ескертеді. | |
Ezek | Kaz | 23:35 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Сен Мені ұмытып, мүлдем елемей кеткенің үшін асқан азғындығың мен жезөкшелігіңнің зардабын тарт!» | |
Ezek | Kaz | 23:36 | Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, сен Охола мен Охолибаны сотқа дайындамақсың ба? Онда оларға өздерінің жасаған жексұрын күнәларын әшкерелеп айт! | |
Ezek | Kaz | 23:37 | Екеуі неке адалдығын бұзды, кісі өлтіріп қолдары да қан. Олар өз жалған тәңірлерімен опасыздық жасап, тіпті өздерінің Маған туып берген ұлдарын соларға «тамақ» болсын деп отқа өртеп құрбан етті! | |
Ezek | Kaz | 23:38 | Оның үстіне, Маған мынаны да істеді: сол күні олар Менің киелі орнымды арамдап, демалыс күніме қатысты ережелерімді бұзып, бұл күннің қасиеттілігін құрметтемей, оны арамдады. | |
Ezek | Kaz | 23:39 | Олар өз ұлдарын жалған тәңірлеріне арнап құрбан қылған күні-ақ Менің киелі үйіме келіп, оны арамдады. Біліп қой, олар Менің киелі үйімде осылай істеген! | |
Ezek | Kaz | 23:40 | (Ей, опасыз әйелдер!) Сендер тіпті алыстан еркектерді шақыртып, олар да келді. Солар үшін суға түсіп, жуынып, көздеріңді бояп, асыл әшекейлеріңді тағып алдыңдар. | |
Ezek | Kaz | 23:41 | Керемет әдемі төсектің үстіне отырып, алдыңа дастарқан жайып, үстіне Маған тиісті хош иісті заттарым мен зәйтүн майын қойдың. | |
Ezek | Kaz | 23:42 | Әйелдің жанынан дырду салған алаңсыз тобырдың даусы естілетін еді. Олар шөл даладан әкелінген маскүнемдер болатын. Солар осы опасыз екі әйелдің қолдарына білезік салып, бастарына әдемі тәж кигізді. | |
Ezek | Kaz | 23:43 | Сонда Мен неке адалдығын бұзып, қартайып қалжыраған сондай әйел туралы былай дедім: Еркектер бұған жезөкшедей қарасын, өйткені ол соның нағыз өзі! | |
Ezek | Kaz | 23:44 | Олар жезөкше әйелге барғандай оған да барды. Сол еркектер әдепсіз екі әйелге, Охола мен Охолибаға, барып, олармен азғындық жасады. | |
Ezek | Kaz | 23:45 | Бірақ әділ адамдар солардың екеуіне де неке адалдығын бұзған және кісі өлтіріп қан төккен әйелдерге тиісті жазаны кеседі. Себебі олар неке адалдығын бұзған әрі қолдары қанға малынған. | |
Ezek | Kaz | 23:46 | Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қалың қолды жинап алып кел, олар екеуінің зәре-құтын алып, тонасын! | |
Ezek | Kaz | 23:47 | Қалың қол екеуін таспен атқылап, семсерлерімен шауып өлтіреді, әрі ұл-қыздарын қырып, үйлерін өртеп жібереді. | |
Ezek | Kaz | 23:48 | Осылайша Мен елдегі азғындықты тыямын. Бұл, басқа әйелдерге олар сияқты жеңіл жүріске салынбауға ескерту болмақ. | |
Chapter 24
Ezek | Kaz | 24:1 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) тоғызыншы жылдың оныншы айының оныншы күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 24:2 | «Ей, пендем, осы күннің қай күн екенін жазып қой. Бүгін-ақ Бабыл патшасы Иерусалимге шабуыл жасауын бастап жатыр. | |
Ezek | Kaz | 24:3 | Осы бас көтергіш халыққа мына астарлы сөзді айтып бер: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қазанды көтер, суыңды құйып, етіңді ас! | |
Ezek | Kaz | 24:5 | Отарыңдағы қойдың ең жақсысын таңдап алып, қазаныңның астына отынды үйіп сал. Етті қайнатып, сүйегін де қоса пісір! | |
Ezek | Kaz | 24:6 | Өйткені Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Қан төгуші Иерусалим қаласы қасіретке қалады! Ол тот басып, тазартылмаған қазанға ұқсайды. Содан жеребе салмай-ақ, еттің кесектерін біртіндеп түсіріп алып, қазанды бос қалдыр! | |
Ezek | Kaz | 24:7 | Себебі қала тұрғындарының төккен қаны әлі де өз ортасында. Олар оны кейін бетін топырақпен жабуға болатындай етіп жерге емес, жалаң жартастың үстіне төкті. | |
Ezek | Kaz | 24:8 | Қаһарымды қоздырып, тиісті жазасын тартқызуым үшін Мен қаланың төккен қанын жалаң жартастың үстінде қалдырдым. Енді ол жабылмайды да. — | |
Ezek | Kaz | 24:9 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: — Қан төгуші бұл қала қасіретке қалады! Мен Өзім оның астына отынды көп қылып үйемін. | |
Ezek | Kaz | 24:10 | Иә, отынды мол салып, отты тұтат! Етке дәмдеуіш қосып жақсылап пісіріп қоюландыр, кейін сүйектерін өртеп көмірге айналдыр! | |
Ezek | Kaz | 24:11 | Бұдан кейін бос қазанды қайтадан шоқтың үстіне қой да, қоласын қатты қыздыр. Сонда оның ішіндегі лас нәрсесі балқып, тотығы күйіп кетсін. | |
Ezek | Kaz | 24:12 | Бірақ осы ауыр жұмыс бекер болды, қазан тіпті оттың күшімен де қалың тотығынан арылмады. | |
Ezek | Kaz | 24:13 | (Ей, Иерусалим,) сенің тотығың — өз азғындығың. Мен сені қаншама тазартқым келсе де, сен тазарудан бас тарттың. Сондықтан, Менің қаһарым саған толығымен қанағаттанбайынша, сен тазара алмайсың. | |
Ezek | Kaz | 24:14 | Бұны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын. Менің әрекет ететін уақытым жетті. Алған бетімнен еш қайтпаймын да, өзіңді еш аяп-мүсіркемеймін де. Жүрген жолдарың мен істеген істеріңе сәйкес саған үкім шығарылады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 24:16 | «Ей, пендем, біліп қой, Мен көзіңнің қуанышын өзіңнен бір соққымен-ақ алып қойғалы тұрмын. Алайда оны жоқтап жылап, көз жасыңды төгуіңе болмайды. | |
Ezek | Kaz | 24:17 | Қайтыс болған қосағыңды жоқтамай, тек қана үн-түнсіз күңіреніп қайғыр! Азалы дәстүрді ұстанбай-ақ, әдеттегідей басыңа сәлдеңді орап, аяғыңа аяқкиіміңді киіп ал. Сондай-ақ, салт бойынша сақал-мұртыңды қымтап жауып алушы болма, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тиме!» | |
Ezek | Kaz | 24:18 | Содан мен таңертең жұртқа Жаратқан Иенің сөзін айтып бердім, ал сол күні кеште әйелім қайтыс болды. Ертеңгісін мен өзіме бұйырылғандардың бәрін де орындадым. | |
Ezek | Kaz | 24:19 | Халық менен:— Осы істеп жатқандарыңыздың біз үшін қандай мағынасы бар екенін айтып бермейсіз бе? — деп сұрады. | |
Ezek | Kaz | 24:21 | Исраил халқына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Өздерің сондай мақтан тұтып, сүйенетін Менің киелі орным — сендердің көздеріңнің қуанышы, жүректеріңнің аңсары. Алайда Мен сол киелі орнымның арамдануына жол бермекпін. Яһуда елінде қалдырған ұл-қыздарың семсерден қаза табатын болады. | |
Ezek | Kaz | 24:22 | Менің пайғамбарымның қазір істеп жатқандарын сол кезде өздерің де істейсіңдер: салт бойынша сақал-мұрттарыңды қымтап жаппай, жоқтайтындардың арнайы тамағынан ауыз тимейтін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 24:23 | Сәлделерің бастарыңда, аяқкиімдерің аяқтарыңда болмақ. Сендер жоқтап жыламай, өз күнәларыңның кесірінен әлсіреп құрып, күңіреніп, бірге қайғырасыңдар. | |
Ezek | Kaz | 24:24 | Осылайша Езекиел өздеріңе (болашақтағы оқиғаларды алдын ала білдіретін) ескертуші болмақ. Сендер оның істегендеріндей істеуге тиіс боласыңдар! Осының бәрі орындалғанда, сендер Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білесіңдер. | |
Ezek | Kaz | 24:25 | (Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді): «Ей, пендем, Мен олардың көздерінің қуанышы мен салтанаты, жүректерінің аңсары, ең қымбат қазынасы — өздерінің берік қамалын да, әрі өз ұл-қыздарын да олардан алып қойған күні мынадай болады: | |
Ezek | Kaz | 24:26 | дәл сол күні Иерусалимнен Бабыл еліндегі сенің алдыңа біреу қашып келіп, болған жайттың бәрін айтып береді. | |
Chapter 25
Ezek | Kaz | 25:3 | Жаратушы Тәңір Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің киелі үйім арамданып, Исраил елі күйреп, халқым Яһуда тұтқындалып, жер аударылғанда «Әп, бәлем! Өзіне де сол керек!» деп табалап мазақтадыңдар. | |
Ezek | Kaz | 25:4 | Сондықтан біліп қойыңдар, Мен сендерді шығыстағы иен даланы мекендейтін көшпелі тайпалардың меншігіне тапсырамын. Олар араларыңда қостарын тігіп, шатырларын құрып, бекінеді. Сендердің өнімдеріңді жеп, малдарыңның сүтін ішетін болады. | |
Ezek | Kaz | 25:5 | Мен Рабба қаласын солардың түйелері жайылатын құла түзге айналдырамын, бүкіл Аммон елі де қой-ешкінің тынығатын қашасы болады. Осылай сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар!» | |
Ezek | Kaz | 25:6 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ей, Аммон халқы, сен Исраил елін жек көргеннен қолдарыңды шапалақтап, аяқтарыңмен жер тепкілеп, оны табалап күлдің. | |
Ezek | Kaz | 25:7 | Сондықтан Мен саған қарсы қолымды созып, сені басқа халықтарға олжа етіп беремін. Осылай Мен сені ұлттардың арасынан аластатып, елдердің сапынан біржола құртып, жоқ қыламын. Содан сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың!» | |
Ezek | Kaz | 25:8 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Моаб пен Сейірдегі халық былай деді: «Міне, қараңдар! Яһуда халқы барлық басқа ұлттар сияқты болыпты!» — | |
Ezek | Kaz | 25:9 | Сол себепті Мен Моабтың ел шетіндегі даңқты қалалары: Бет-Ешимот, Бағал-Меон және Кириятаимнан бастап елдің шекараларын осал етемін. | |
Ezek | Kaz | 25:10 | Мен Моаб пен Аммонды шығыс тайпаларының қолына табыстаймын. Сондықтан басқа халықтар аммондықтарды ұмытып, естерінен шығаратын болады. | |
Ezek | Kaz | 25:11 | Мен Моабқа да үкімін шығарып, жазасын тартқызамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 25:12 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Едом халқы Яһуда елінен қаскүнемдікпен кегін алып, ауыр қылмыс жасады. | |
Ezek | Kaz | 25:13 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен Едомға қарсы қолымды созып, оның тұрғындары мен малдарын құртамын. Теманнан Деданға дейін бүкіл халық семсерден қырылып, ел қаңырап бос қалады. | |
Ezek | Kaz | 25:14 | Осылайша Мен халқым Исраил арқылы Едомға тиісті жазасын тартқызамын. Исраил мұны Менің ашуым мен қаһарыма сай істейді. Сонда Едом Менің жазалауымның не екенін білетін болады». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. | |
Ezek | Kaz | 25:15 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Філістірлер жүректерінде сақтап келген кектеріне бола Яһуда халқынан өштерін алып, ежелден келе жатқан қаскүнемдіктеріне сай оның елін құртуға тырысты. | |
Ezek | Kaz | 25:16 | Сондықтан да Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп қойыңдар, Мен філістірлерге қарсы қолымды созып, кереттіктерді құртып, теңіз жағалауындағы қалған халықтарды да жоқ қыламын. | |
Chapter 26
Ezek | Kaz | 26:1 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он бірінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 26:2 | «Ей, пендем, Тир қаласының халқы Иерусалим жайында келекелеп былай деген еді: «Әп, бәлем! Жақсы болды! Өзіңе де сол керек! Халықтарға апаратын тоғыз жолдың торабында тұрған қала қиратылып, маған жолдар айқара ашылды. Сол қала талқандалып жатқандықтан, енді мен байлыққа кенелемін!» | |
Ezek | Kaz | 26:3 | Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп ал, уа, Тир қаласы, Мен саған қарсы шығамын! Теңіздің жағалауға қарай толқындарын жөңкіте айдағанындай, Мен де саған қарсы көптеген халықтарды жөңкіте айдаймын. | |
Ezek | Kaz | 26:4 | Олар қала қамалының қабырғаларын қиратып, мұнараларын құлатады. Мен оның қираған орнының топырағын сыпырып тастаймын. Осылай Тир қаласы салынған аралдар қу жартас болып, | |
Ezek | Kaz | 26:5 | балықшылар ауларын жаятын теңіздегі орынға айналады. Өйткені Мен осылай деймін, — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. — Содан Тир бөтен халықтардың олжасы болады. | |
Ezek | Kaz | 26:6 | Құрлықтағы қалашықтарының тұрғындары да семсердің жүзінен қырылып құриды. Сонда адамдар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 26:7 | Өйткені Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, Мен солтүстіктен патшалардың ішіндегі ең қуатты патша — Бабыл патшасы Набуходоносорды ат жегілген соғыс күймелері, атты әскері және қалың қолымен бірге алып келмекпін. | |
Ezek | Kaz | 26:8 | Ол алдымен сенің құрлықтағы қалашықтарыңды құртады. Сосын мұнаралы қамалыңды айналдыра қоршап дуал жасап, қабырғаларыңның түбіне тас-топырақтан үймектер үйіп, саған қарсы үлкен қалқандарын көтереді. | |
Ezek | Kaz | 26:9 | Сосын өзінің қамал бұзар қойдырғыларымен қабырғаларыңды бұзып, айбалталарымен мұнараларыңды құлатады. | |
Ezek | Kaz | 26:10 | Оның жылқыларының көп болатыны сонша, солардың көтерген шаңының астында қаласың. Олар қақпаңды қиратып, қалаға басып кіріп келгенде, салт аттылар, соғыс күймелері және арбалардың дүрсілінен қабырғаларың селкілдейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 26:11 | Оның жылқыларының тұяқтары сенің барлық көшелеріңді таптамақ. Ол халқыңды семсерімен қырып, күш-қуатыңның белгілері құлайды. | |
Ezek | Kaz | 26:12 | Жау сенің байлығыңды тонап, тауарларыңды олжалап алады, қабырғаларыңды құлатып, сәулетті үйлеріңді қиратады. Сендегі барлық тас, ағаш және топырақ атаулыны теңізге лақтырып тастайды. | |
Ezek | Kaz | 26:13 | Мен сенің әндеріңнің шулы әуенін сап тыямын, ішекті аспаптарыңның үні де ендігәрі естілмейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 26:14 | Сені жалаң жартасқа айналдырамын, сен балық аулайтын торларды жайып кептіретін жер боласың. Сені енді ешкім қайта тұрғызбайды! Себебі бұны айтып отырған Мен Жаратқан Иемін!» — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 26:15 | Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласына тағы мынаны айтады: «Сен құлап, жаралылар күңіреніп, ортаңда халық қырылып жатқанда мұның шуынан теңіз жағалаулары селкілдемей ме? | |
Ezek | Kaz | 26:16 | Сонда теңіз жағалауындағы елдердің барлық әміршілері өз тақтарынан түсіп, шапандарын сыпырып, кестелі киімдерін шешеді. Оларды қорқыныш билеп, ұдайы қалшылдап жерде отыратын болады. Сенің тартқан жазаңнан олар аңтарылып, зәрелері ұшады. | |
Ezek | Kaz | 26:17 | Сол әміршілер сен жайлы жоқтау айтып былай дейтін болады:Уа, теңізшілер мекені, әйгілі қала,Күйреп жоқ болып кеттің сен қалай ғана!Халқың теңізді кезіп мықты болатынсың,Жағалау халықтарына үрей туғызатынсың. | |
Ezek | Kaz | 26:18 | Ал енді, сен құлаған бұл күні жағалауларДірілдеп шайқалып, теңіздегі аралдарСенің құрып кеткеніңе аңтарылар». | |
Ezek | Kaz | 26:19 | Өйткені Жаратушы Тәңір Ие Тир қаласы туралы мынаны да айтады: «Мен сені қиратамын, ешкім тұрмайтын қалалар сияқты етіп тұңғиықты үстіңе шығарамын. Топан су сені басып тастамақ. | |
Ezek | Kaz | 26:20 | Сонда Мен сені түпсіз тұңғиыққа түсіп бара жатқандармен бірге ежелде өмір сүріп кеткендердің арасына түсіремін. Сені жер астында, баяғы үйінділердің арасында қалдырамын. Содан сені ешкім мекендемейді, тірілердің жерінде құрметті орын ала алмайсың. | |
Chapter 27
Ezek | Kaz | 27:3 | Тир теңізге шығар қақпада билік етіп, көптеген аралдармен және жағалаулардағы халықтармен сауда-саттық жасайтын. Сонымен Тир жайлы былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:Уа, Тир, сен өзіңді: «Мен керемет көріктімін!» деген едің. | |
Ezek | Kaz | 27:4 | Сенің шекараларың теңіздің ортасына дейін жететін. Сәулетшілерің көркіңді кемеліне келтірді. | |
Ezek | Kaz | 27:5 | Сен бір кеме сияқты болдың, тақтайларыңды Хермон тауының қарағайынан дайындады. Діңгегің ливандық самырсыннан болды. | |
Ezek | Kaz | 27:6 | Ескектеріңді Башанның емендерінен ойып жасады. Үстіңгі қабатыңның еденін Кипр жағалауынан әкеліп, пілдің сүйегімен әшекейленген кипарис ағашынан төседі. | |
Ezek | Kaz | 27:7 | Желкендеріңді мысырлық кестелі бәтестен тікті. Олар жалауың іспетті үстіңде жайқалып тұрды. Үстіңгі шатырың (Кипр аралындағы) Елишаның жағалауларынан әкелінген қою күлгін және күрең қызыл бәтестен жасалды. | |
Ezek | Kaz | 27:8 | Ескекшілерің Сидон мен Аруадтан шыққан финикиялықтар, ал епті кеме жүргізушілерің өз шеберлеріңнен еді, уа, Тир қаласы! | |
Ezek | Kaz | 27:9 | Кеме түбінің тесік-саңылауын бітеп жөндеу үшін гебалдық тәжірибелі аға шеберлер де өзіңде бар болатын, теңізде жүзетін күллі кемелер саудаласу үшін саған тоқтайтын. | |
Ezek | Kaz | 27:10 | Ей, Тир қаласы, парсылар, лүдиялық және либиялық адамдар жасақшы болып сенің қалың қолыңда қызмет ететін. Олар қамалыңның қабырғаларына қалқан-дулығаларын іліп, өзіңе салтанат әперген болатын. | |
Ezek | Kaz | 27:11 | Аруадтықтар кіликиялықтармен бірге бар қамал қабырғаларыңның үстінде орналасып, ғамадтықтар мұнараларыңда қызмет атқаратын. Олар қамалыңның қабырғаларын айналдыра іліп қойған қалқан-қорамсақтарымен көркіңді кемеліне жеткізді. | |
Ezek | Kaz | 27:12 | Сен әр түрлі тауарларға бай болғандықтан Тарсис та сенімен сауда-саттық жасады. Олар тауарларыңды күміс, темір, қалайы және қорғасынға айырбастап сатып алатын. | |
Ezek | Kaz | 27:13 | Грекиялық, тұбалдық және мешехтік саудагерлер де өзіңмен саудаласып, тауарларыңа адам басымен және қола бұйымдармен төлейтін. | |
Ezek | Kaz | 27:14 | Бет-Тоғарма алып келген жұмыс жылқыларын, шайқаста мінетін аттарын және қашырларын сенің тауарларыңмен алмастыратын. | |
Ezek | Kaz | 27:15 | Өзіңмен дедандықтар да сауда-саттық жасайтын, көптеген басқа аралдар мен жағалау елдері де сенімен тауарларын айырбастайтын. Олар саған төлем ретінде пілдің азу сүйегі мен қара ағаш әкелетін. | |
Ezek | Kaz | 27:16 | Бұйымдарың ағыл-тегіл мол болғандықтан, Арама елі де сенімен алыс-беріс жасайтын. Олар тауарларыңды зүбәржат, інжу-маржан, лағыл іспетті асыл тастар және күрең қызыл, кестелі не ақ бәтес маталар беріп, сатып алатын. | |
Ezek | Kaz | 27:17 | Яһуда мен Исраил елдері де өзіңмен саудаласатын. Тауарларыңа олардың беретіні — (Аммон елінен әкелінген) миниттік бидай, тәтті тағамдар, бал, зәйтүн майы және май дәрі болатын. | |
Ezek | Kaz | 27:18 | Бұйымдарың ағыл-тегіл мол әрі байлығың зор болғандықтан Дамаск қаласы саған хелбондық шарап және ақшыл жүн әкеліп, сауда-саттық жасайтын. | |
Ezek | Kaz | 27:19 | Узалдан дандықтар мен гректер де келіп, сенің тауарларыңның орнына қақталған темір, дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерін және хош иісті құрақ беретін. | |
Ezek | Kaz | 27:20 | Дедан шұратының саудагерлері мініс малына арналған ер-тоқымдық матамен сауда жасайтын. | |
Ezek | Kaz | 27:21 | Сен Арабиямен және Қидардың барлық әміршілерімен де саудаласып, олардан тоқты, қошқар, ешкі сатып алатынсың. | |
Ezek | Kaz | 27:22 | Сәба мен Рахаманың саудагерлері де сенімен сауда-саттық жасасты. Олар тауарларыңа ең сапалы дәмдеуіштерін, асыл тастары мен алтынын алып келетін. | |
Ezek | Kaz | 27:23 | (Арамадағы) Харан, Хане, Еден қалалары және Сәбаның, Ассур мен Хилмадтың саудагерлері де өзіңмен алыс-беріс жасайтын. | |
Ezek | Kaz | 27:24 | Сенің базарыңда олар қымбат, сәнді шапандар, көк, қою күлгін және кестелі маталармен, әрі баулары берік иіріліп, тығыз байланған түрлі түсті кілемдермен сауда-саттық жасайтын. | |
Ezek | Kaz | 27:25 | Алып сауда кемелері тауарларыңды басқа жақтарға жеткізетін. Осылайша теңіздегі аралда орналасқан сен байлыққа кенелдің де, даңқың кеңінен жайылды. | |
Ezek | Kaz | 27:26 | Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел» теңіздегі сені қиратпақ. | |
Ezek | Kaz | 27:27 | Бар байлығың, тауарларың мен бұйымдарың, теңізшілерің мен кеме бастықтарың, тесік-саңылауларды бітеп жөндеуші шеберлерің, саудагерлерің және барлық жасақшыларың өзіңде болғандардың бәрімен бірге талқаның шыққан күні теңіз түбіне кетіп құриды. | |
Ezek | Kaz | 27:29 | Күллі ескекшілер де кемелерін тастап кетіп, теңізшілер мен кеме басқарушылары да жағада тұрып, | |
Ezek | Kaz | 27:30 | сені ойлап бар дауыспен зар еңіреп, жоқтау айтып ащы көз жастарын төгеді. Олар бастарына топырақ шашып, қатты қайғырып күлге аунайды, | |
Ezek | Kaz | 27:31 | әрі сені жоқтап шаштарын тақырлап алып тастап, азалы киім киеді. Содан олар жүректері сыздап, зар еңіреп жылап, | |
Ezek | Kaz | 27:32 | сен үшін былай деп жоқтау айтатын болады: — Теңіз ортасындағы Тир сияқты үні өшкен қала болды ма екен, сірә? | |
Ezek | Kaz | 27:33 | Тауарларың теңіздің ар жағынан келгенде, көптеген халықты қамтамасыз еттің. Өзіңнің мол байлығыңмен, саудаңмен әлемдегі патшаларды байытатын едің. | |
Ezek | Kaz | 27:34 | Ал енді сен теңізде ойрандалып, тұңғиыққа шөгіп жоғалдың. Барлық тауарларың мен адамдарың өзіңмен бірге суға батып кетті. | |
Ezek | Kaz | 27:35 | Аралдар мен жағалаудағы елдердің бәрі саған қарап аңтарылып, жандары түршігеді. Олардың патшаларының зәре-құты қалмай, өңдері қашқан. | |
Chapter 28
Ezek | Kaz | 28:2 | «Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп сезінесің, бірақ сен Құдай емес, жай ғана пендесің! | |
Ezek | Kaz | 28:4 | Өзіңнің даналығың мен ақыл-парасатың арқылы байлыққа қол жеткізіп, қазына қоймаларыңа алтын-күмісті молынан жинап алыпсың. | |
Ezek | Kaz | 28:5 | Расында да сауданы жетік білуіңмен сен байлық-дәулет пен күш-қуатыңды нығайттың. Содан да жүрегің мейлінше менменсіп кетті». | |
Ezek | Kaz | 28:6 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Өзіңді тәңір іспетті данамын деп санайтындығыңнан, | |
Ezek | Kaz | 28:7 | біліп қой: Мен саған қарсы жат жерліктерді, халықтардың арасындағы ең қатыгезін жіберемін. Олар сенің көрікті даналығыңды семсерлерімен шауып, нұрлы салтанатыңды аяқ асты етіп арамдайды. | |
Ezek | Kaz | 28:9 | Өзіңді өлтіруге келгендердің алдында «Мен тәңірмін!» деп айтасың ба сонда? Өлтірушілеріңнің қолына түскенде сен тәңір емес, жай ғана пенде боласың ғой. | |
Ezek | Kaz | 28:10 | Сонда сүндеттелмеген жат жерліктердің қолынан арам өлесің. Мен осыны нық айтамын», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 28:12 | «Ей, пендем, Тир патшасын жоқтап, оған былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сен даналыққа кенелген, мінсіз келбетті әрі кемелділіктің үлгісі болатынсың. | |
Ezek | Kaz | 28:13 | Сен Едемде, Құдайдың пейіш бағында болыпсың. Үстіңдегі киімің рубин, топаз, алмас, зүбәржат, оникс, яспис, сапфир, лағыл, изумруд сияқты әр түрлі асыл тастармен безендіріліпті. Жиектемелерің мен қондырғыларыңның бәрі алтыннан жасалыпты. Олар сен жаратылған күні дайындалған болатын. | |
Ezek | Kaz | 28:14 | Мен сені қанаттарын жайған (керуб атты) күзетші періштемен бірге орналастырдым. Құдайдың қасиетті тауында оттай жарқылдаған асыл тастардың арасында жүретін едің. | |
Ezek | Kaz | 28:15 | Сен жаратылған күніңнен бастап жүріс-тұрысыңда кінәратсыз болып келдің. Алайда бір күні өзіңнен әділетсіздік табылды. | |
Ezek | Kaz | 28:16 | Саудаңның молдығынан зорлық жасауға әбден салынып, күнәға баттың. Сондықтан Мен сені арамданған деп санап, Құдайдың тауынан лақтырып тастадым. Күзетші періште (керуб) сені оттай жарқылдаған асыл тастардың арасынан аластатып қуды. | |
Ezek | Kaz | 28:17 | Өйткені әсем келбетіңнен асқақтап кеткен едің. Нұрлы салтанатыңа салынғаныңа бола даналығыңды бүлдірдің. Содан Мен сені жерге, басқа патшалардың алдына лақтырдым, олар саған қызыға қарайтын болды. | |
Ezek | Kaz | 28:18 | Саудаңды әділетсіз жасап, көптеген қылмыстарыңмен ғибадатханаларыңды арамдадың. Сондықтан Мен ортаңнан от шығарып, ол сені жалмап қояды. Осылай Мен өзіңе қарап тұрғандардың көзінше сені күлге айналдырып, құртатын боламын. | |
Ezek | Kaz | 28:19 | Халықтардың арасындағы өзіңді білетіндер саған қарап аңтарылып, жандары түршігетін болады. Сен өте қорқынышты апатқа тап болып, енді қайтып болмайсың!» | |
Ezek | Kaz | 28:21 | «Пендем, бет-жүзіңді Сидон қаласына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап | |
Ezek | Kaz | 28:22 | былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп ал, ей, Сидон, Мен саған қарсы шығамын! Сенің араңда құрмет-даңқым шығатын болады! Саған шығарған үкімімді жүзеге асырып, Өзімнің киелілігімді аян еткенімде, соны көргендердің бәрі Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 28:23 | Себебі Мен Сидонға жұқпалы індет пен қантөгіс жіберемін, сонда көшелерінде қан судай ағатын болады. Семсерлі жау Сидонға жан-жақтан тап беріп, тұрғындары қаланың ортасында шабылып, құлап жатады. Мұны көргендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 28:24 | «Бұдан былай айналасындағы көршілері Исраил халқына менсінбей қарамайды, әрі жаңқадай қадалып, өткір тікендей ауыртпайды. Өйткені олар Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді түсінетін болады». | |
Ezek | Kaz | 28:25 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқын өздері арасына шашырап кеткен елдердің ішінен жинап аламын. Олар арқылы сол халықтардың көзінше Өзімнің киелілігімді жария етемін. Сонда Исраил халқы Мен кезінде қызметшім Жақыпқа уәде еткен елге қайтадан қоныстанатын болады. | |
Chapter 29
Ezek | Kaz | 29:1 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) оныншы жылдың оныншы айының он екінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 29:2 | «Пендем, бет-жүзіңді Мысыр патшасы перғауынға қарай бұр да, оған және бүкіл Мысырға қарсы Менің хабарымды жарияла! | |
Ezek | Kaz | 29:3 | Оларға тіл қатып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен саған қарсы шығамын, ей, Мысыр патшасы перғауын! Сен дәу айдаһардай «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанасың. | |
Ezek | Kaz | 29:4 | Мен сенің жақ сүйегіңе қармақ қадап, өзіңді жағаға тартып, шығарып аламын. Сонда өзен тармақтарындағы барлық балық сенің қабыршақтарыңа жабысып шықпақ. | |
Ezek | Kaz | 29:5 | Сөйтіп сені де, өзен тармақтарының балықтарын да шөл далаға лақтырып тастаймын. Сонда сенің ашық далада жатқан денеңді ешкім жерден көтеріп алып, қабірге қоймайтын болады. Сені даладағы жыртқыш аңдар мен аспандағы құстарға жем қыламын. | |
Ezek | Kaz | 29:6 | Сонда Мысырдың барлық тұрғындары Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен Исраил елі үшін қамыс таяқ іспетті қауқарсыз болдың. | |
Ezek | Kaz | 29:7 | Исраил сені қолына ұстап сүйенгенде, сен быт-шыт болып, жаңқаланып, оның қолтығына қадалып жарақаттадың. Иә, Исраил өзіңе тіренгенде сен сынып қалдың. Сонда оның буыны шығып кетіп, мертікті». | |
Ezek | Kaz | 29:8 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Біліп қой, Мен басыңа бір семсерді шүйілтіп, адамдарың мен малдарыңды қырып тастаймын. | |
Ezek | Kaz | 29:9 | Осылайша Мысыр елі қаңырап бос қалады. Сонда бұл туралы естігендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады.Сен «Ніл — менікі, мен оны өзім үшін жараттым!» деп бөсіп мақтанғаның үшін | |
Ezek | Kaz | 29:10 | біліп қой: Мен саған және Ніл өзенінің тармақтарына қарсы шығамын! Мен солтүстіктегі Миғдол қаласынан бастап, оңтүстіктегі Асуан қаласына, одан әрі Құш елінің шекарасына дейін созылған бүкіл Мысыр елін қаңыратып бос қалдырамын. | |
Ezek | Kaz | 29:11 | Не адамның аяғы, не малдың тұяғы оны баспайтын болады. Ол қырық жыл бойы қу дала болып еш тұрғынсыз жатады. | |
Ezek | Kaz | 29:12 | Мен Мысырды қаңырап қалған елдердің ішіндегі ең елсіз жер етемін. Қырық жыл бойы оның қалалары қиратылған қалалардың ішіндегі ең бос қалатыны болмақ. Мен мысырлықтарды басқа халықтардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін». | |
Ezek | Kaz | 29:13 | Ал Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Қырық жыл өткеннен кейін Мен мысырлықтарды шашырап жүрген халықтардың арасынан жинап аламын. | |
Ezek | Kaz | 29:14 | Оларды қуғындалған жағынан кері әкеліп, атамекендері — оңтүстік Мысыр жаққа қайтарамын. Сол жерде олар әлсіз әрі өзгеге тәуелді бір патшалық құрады, | |
Ezek | Kaz | 29:15 | ол патшалықтардың ішіндегі ең әлсізі болады. Енді қайтып Мысыр мықты патшалық болып, өзге халықтардың үстінен үстемдік жүргізе алмайды. | |
Ezek | Kaz | 29:16 | Бұдан былай Мысыр Исраилдің сүйенетін тірегі бола алмайды. Қайта, Мысырдың жағдайын көргенде Исраил халқы бұрын сол елден қолдау сұрап күнә жасағанын есіне алып отырады. Сонда олар Менің Жаратушы Тәңір Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 29:17 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) жиырма жетінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 29:18 | «Ей, пендем, Бабыл патшасы Набуходоносор өз әскеріне Тирді басып алу үшін аямай еңбек еткізді. Оның әскеріндегі әрбір бас жүк тасудан қажалып, шашы түсіп тақырланды, әрі ауыр еңбектен әрбір иық сүйегіне дейін қажалып, жалаңаштанды. Бірақ оның өзі де, әскері де Тирге қарсы аттанып, сіңірген ауыр еңбектері үшін олжаға түк те алмады». | |
Ezek | Kaz | 29:19 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтты: «Біліп қойыңдар, Мен Мысыр елін Бабыл патшасы Набуходоносордың қолына тапсырамын. Ол оны тонап, олжалап, мол байлығын иемденіп, алып кетеді. Бұл оның әскеріне арналған ақы болмақ. | |
Ezek | Kaz | 29:20 | Мен Мысыр елін Бабыл патшасына істеген еңбегінің сыйы ретінде бердім, өйткені оның өзі және әскері Мен үшін еңбек етті ғой. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Chapter 30
Ezek | Kaz | 30:2 | «Ей, пендем, пайғамбарлық сөз айтып былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Әттеген-ай, сол күні қасіретке қалатын болдық-ау!» деп қатты қайғырып жылаңдар! | |
Ezek | Kaz | 30:3 | Өйткені сол күн жақындап қалды. Иә, Жаратқан Иенің (жазалайтын) күні таяп қалды! Бұл күн қою бұлттардың күні, ұлттардың түңілетін күні болмақ. | |
Ezek | Kaz | 30:4 | Семсер Мысырға тап бермек, Құш елін де зор үрей билемек. Мысырда халық қырылып, оның мол байлығы тасып әкетіліп, түп негіздері қиратылмақ. | |
Ezek | Kaz | 30:5 | Құш, Либия, Лүдия, күллі арабтар, Хуб, әрі келісім жасасқан одақтас жердің бүкіл халқы олармен бірге семсерден қаза табады. | |
Ezek | Kaz | 30:6 | Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: Мысырды қолдайтындар құлап, оның асқақ қуаты құлдырайды. Солтүстіктегі Миғдолдан оңтүстіктегі Асуанға дейін созылатын бүкіл Мысыр елі семсерден қырылатын болады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 30:7 | Мысыр қаңырап қалған елдердің арасындағы ең елсізі, әрі оның қалалары қираған қалалардың ішіндегі ең бос жататыны болады. | |
Ezek | Kaz | 30:8 | Мен Мысырға от қойып, оны қолдаушылардың барлығы күйрегенде, бұл туралы естігендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 30:9 | Сол кезде Мен бейқам отырған Құш елін қорқытып, зәресін ұшыруға қайықтарға мінген елшілерді жіберемін. Мысыр күйреген күні олар аңтарылып, қатты үрейленеді. Өйткені осы күн, міне, таяп қалды!» | |
Ezek | Kaz | 30:10 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Мен Мысырдың шулы халқын Бабыл патшасы Набуходоносордың қолымен жойып құртамын. | |
Ezek | Kaz | 30:11 | Оның өзі және әскері — барлық халықтардың арасындағы ең қатыгезі Мысыр елін құртуға келтіріледі. Олар қынаптарынан семсерлерін Мысырға қарсы шығарып, бүкіл елді өлгендердің сүйектерімен толтырады. | |
Ezek | Kaz | 30:12 | Мен Ніл өзенінің тармақтарын құрғатып, елді зұлым адамдарға сатып жіберемін. Жат жерліктердің қолымен бүкіл елді, онда бардың бәрін құртып қаңыратамын. Мен, Жаратқан Ие, осыны айтамын». | |
Ezek | Kaz | 30:13 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: «Мен Мемфис қаласында орналасқан жалған тәңірлердің діңгек тәрізді мүсіндерін құртып, түкке тұрғысыз өзге тәңір бейнелерін де қиратамын. Мысыр елінде енді мысырлық әмірші болмайды. Мен бүкіл Мысыр еліне үрей қаптатамын. | |
Ezek | Kaz | 30:14 | Оңтүстік Мысырды елсіз жерге айналдырып, (солтүстік Мысырдағы) Соған қаласына от қоямын, әрі Но қаласына жазаларымды жүзеге асырамын. | |
Ezek | Kaz | 30:15 | Өз қаһарымды Мысырдың шекарасындағы күшті қамал — Син қорғанына төгіп, Но қаласының көп халқын да жоқ қыламын. | |
Ezek | Kaz | 30:16 | Мен Мысыр еліне «от қоямын». Сонда Син қаласы жаны қиналып жанталасады, Но шабуылдан күйреп қолға түседі. Мемфиске жау күн сайын бас салады. | |
Ezek | Kaz | 30:17 | Он мен Бубаст қалаларының жас жігіттері семсерден қаза табады, ал қыз-келіншектері тұтқынға алынып, айдалып кетеді. | |
Ezek | Kaz | 30:18 | Мен Мысырдың билігін жойғанда, Тахпанхес қаласына да қара күн туып, ол асқақ қуатынан жұрдай болады. Бұл қаланы түнерген бұлт жауып, оған қарасты елді мекендерінің тұрғындары тұтқындалып айдалып кетеді. | |
Ezek | Kaz | 30:19 | Мен Мысырға шығарған үкімімді осылай жүзеге асырамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». | |
Ezek | Kaz | 30:20 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он бірінші жылдың бірінші айының жетінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 30:21 | «Пендем, Мен Мысыр патшасы перғауынның қолын сындырған едім. Ал оның қолын ешкім таңбапты, әрі қолын нығайтып, семсерді қайта ұстай алатындай қылып емдемепті. | |
Ezek | Kaz | 30:22 | Сондықтан Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Мысыр патшасы перғауынға қарсы шығамын. Оның екі қолын: сау қолын да, сынған қолын да сындырамын. Осылайша оның қолынан семсерін жерге түсіріп тастаймын. | |
Ezek | Kaz | 30:23 | Мысырлықтарды басқа ұлттардың арасына таратып, бөтен елдердің ішіне шашыратып жіберемін! | |
Ezek | Kaz | 30:24 | Мен Бабыл патшасының қолдарын күшейтіп, оның қолына өз семсерімді ұстатамын, ал перғауынның қолдарын сындырамын. Ол Бабыл патшасының алдында өлімші болып жараланған адамдай ыңырситын болады. | |
Ezek | Kaz | 30:25 | Осылай Мен Бабыл патшасының қолын күшейтемін, бірақ перғауынның қолы әлсіреп, жасық болады. Мен семсерімді Бабыл патшасының қолына ұстатып, ол соны Мысыр еліне қарсы жұмсағанда, олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Chapter 31
Ezek | Kaz | 31:1 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он бірінші жылдың үшінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 31:2 | «Ей, пендем, Мысыр патшасы перғауынға және оның шулы әскеріне мынаны жеткіз:Сенің ұлылығыңмен кім теңесе алады? | |
Ezek | Kaz | 31:3 | Ассур патшалығына назар сал! Ол да Ливандағы заңғар биік, төбесі тіпті бұлттарға дейін жететін самырсын іспетті болған еді. Оның көрікті бұтақтары орманды жауып тұратын. | |
Ezek | Kaz | 31:4 | Өзендер оған ылғалын беріп, терең су көздері оны биік қылып өсірді. Оның отырғызылған жерін өзендер айналдыра ағып, ормандағы барлық ағаштарға да тармақтарын бағыттап жіберді. | |
Ezek | Kaz | 31:5 | Осылайша сол самырсын өте зәулім болып өсіп, айналасындағы бүкіл ағаштардан да биік болып кетті. Оның суы мол болғандықтан, өркендері ұзарып, жайыла өсе берді. | |
Ezek | Kaz | 31:6 | Әуеде ұшатын құстардың бәрі осы самырсынның бұтақтарына ұяларын салып, оның көлеңкесінде күллі аңдар төлдерін өрбітетін. Демек, оның саясын бүкіл үлкен ұлттар паналап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 31:7 | Осылайша сол ағаш өзінің жайыла өскен бұтақтарымен керемет көрікті болатын, өйткені оның тамырлары тереңдегі мол суға жететін. | |
Ezek | Kaz | 31:8 | Құдайдың бағындағы өзге самырсындар онымен теңесе алмас еді, қарағайлардың бұтақтарын да онікімен салыстыруға болмайтын. Оның бұтақшаларымен салыстырғанда шынар ағаштары түк емес болатын. Құдайдың бағындағы ешбір ағаштың көркі онікіне тең келе алмас еді. | |
Ezek | Kaz | 31:9 | Мен сол самырсынға көптеген бұтақ беріп, оны соншама көрікті қылдым. Құдайдың Едем бағында өскен барлық басқа ағаштар оны қызғанатын. | |
Ezek | Kaz | 31:10 | Ал енді, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Осы самырсын ағашы заңғар биік боп өсіп, төбесі тіпті бұлттарға дейін жетіп, өзінің биіктігіне тәкаппарланып кетті. | |
Ezek | Kaz | 31:11 | Сондықтан да Мен оны халықтардың әміршісіне тапсырдым, ол самырсынға зұлымдығына сай шара қолданды. Мен сол ағашты лақтырып тастадым. | |
Ezek | Kaz | 31:12 | Ұлттардың ішіндегі ең айбынды шетелдіктер оны шауып құлатып, тастап кетті. Ағаштың сынып қалған бұтақтары елдің барлық таулары мен сай-салаларында, өзен тармақтарында шашылып жатты, ал жердегі күллі ұлттар оның саясын тастап, кетіп қалды. | |
Ezek | Kaz | 31:13 | Оның қалдығына аспандағы барлық жыртқыш құстар қонып, бұтақтарына даладағы аңдар өрмеледі. | |
Ezek | Kaz | 31:14 | Сонымен су бойында өсіп, төбесі бұлттарға дейін жетсе де, ешбір «ағаш» заңғар боп асқақтап кетпесін! Себебі пенделердің бәріне де ажал төніп, ақыр соңында олар ең қарапайымдармен бірге қабірге түседі». | |
Ezek | Kaz | 31:15 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ассур о дүниеге аттанған күні Мен тұңғиықтың өзін ол туралы қайғыратын қылып, оны жауып тастадым; жер асты суларын ақпайтын етіп, ағыл-тегіл сарқыраған бұлақтарды тоқтатып қойдым. Ассурға бола Ливанды қара түнекпен жаптым, әрі даладағы ағаштар қурап қалды. | |
Ezek | Kaz | 31:16 | Мен Ассурды о дүниеге кететін өзгелермен бірге сонда аттандырғанда, Ассурдың құлаған даусымен басқа ұлттарды дірілдеттім. Сонда Едемнің барлық ағаштары, тіпті Ливанның ең таңдаулы, ең жақсылары әрі молынан суарылған сол ағаштардың барлығы да о дүниеде жұбаныш тапты. | |
Ezek | Kaz | 31:17 | Ассурдың саясында өмір сүрген одақтас ұлттар да құрыды. Олар да семсерден қаза тапқандарға қосылып, Ассурмен бірге о дүниеге түсті. | |
Ezek | Kaz | 31:18 | Уа, Мысыр, Едемнің ағаштарының қайсысының ұлылығы мен салтанаты сенікіне тең келе алады? Алайда сен де Едемнің ағаштарымен бірге о дүниеге түсірілесің! Сен сүндеттелмегендердің әрі семсерден қаза тапқандардың арасында жататын боласың. Перғауын мен оның шулы әскерінің тағдыры осы болмақ!» — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. | |
Chapter 32
Ezek | Kaz | 32:1 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он екінші жылдың, он екінші айының бірінші күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 32:2 | «Пендем, Мысыр патшасы перғауынды жоқтап былай де:Өзіңді ұлттардың арасындағы жас арыстандай көресің, ал шынында теңіздегі айдаһарға ұқсайсың. Еліңдегі өзен тармақтарында әрлі-берлі шапқылап жүресің, аяқтарыңмен суды сабалап, лайлайсың». | |
Ezek | Kaz | 32:3 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Енді Мен көп халықтарды сенің үстіңе ауымды тастауға жіберемін. Олар сені сол аумен судан тартып шығарып алады. | |
Ezek | Kaz | 32:4 | Осылайша сені жерге лақтырып, ашық далаға тастаймын. Аспандағы барлық жыртқыш құстарды саған қондырамын, түздің жыртқыш аңдарының бәріне де денеңді жем қыламын. | |
Ezek | Kaz | 32:6 | Мен жерді тауларға дейін аққан қаныңмен қандырамын, әрі сай-салалар да қалдықтарыңмен толып кетеді. | |
Ezek | Kaz | 32:7 | Сені жоқ қылғаннан кейін Мен аспанды жауып тастаймын. Ондағы жұлдыздарды түнертіп, күнді де бұлтпен жауып қоямын. Ай да сәуле шашуын доғарады. | |
Ezek | Kaz | 32:8 | Аспандағы барлық жарық көздерін сенің үстіңде қараңғы қылып, еліңе қара түнек орнатамын». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. | |
Ezek | Kaz | 32:9 | «Өзіңе беймәлім елдердің арасына да сенің жойылғаныңды жария қылғанымда көптеген халықтардың жүректерін қорқынышпен қобалжытамын. | |
Ezek | Kaz | 32:10 | Осылайша көп ұлттарды саған аңтарылып, үрейлене қарайтын қыламын. Мен олардың патшаларының алдында семсерімді сілтегенде, олар саған қарап төбе шаштары тік тұратын болады. Сен күйреген кезде олардың әрқайсысы әр сәт сайын өз өмірі үшін дір-дір ететін болады. | |
Ezek | Kaz | 32:11 | Өйткені Мен, Жаратушы Тәңір Ие, тағы мынаны айтамын: Бабыл патшасының семсері саған сілтенбек. | |
Ezek | Kaz | 32:12 | Мен сенің қалың әскеріңді мықты жасақшылардың семсерлерінен қаза таптырамын. Халықтардың ішіндегі ең қатыгездері, олар, Мысырдың тәкаппарлығынан түк қалдырмайды. Сонда осы елдің қалың әскері түгелдей қырылады. | |
Ezek | Kaz | 32:13 | Мен Мысырдың көптеген өзен тармақтарының бойында жайылатын барлық малдарын құртамын. Енді қайтып не адам аяғы, не мал тұяғы олардың суын лайламайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 32:14 | Сөйтіп Мен өзендердің суын тұндырып, оларды зәйтүн майындай бірқалыпты ағатын етемін, — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. — | |
Ezek | Kaz | 32:15 | Осылайша Мен Мысыр елін қаңыратып, онда тұратындардың барлығын құртып, бүкіл елді өзіндегі барынан айырамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 32:16 | Бұл жоқтау Мысыр туралы айтылмақ. Ұлттардың қыздары оны Мысыр мен оның шулы әскері жайлы айтатын болады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 32:17 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он екінші жылдың он екінші айының он бесі күні Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді: | |
Ezek | Kaz | 32:18 | «Пендем, Мысырдың қалың әскері туралы жоқтау айт! Оларды да, үлкен халықтардың қыздарын да о дүниеге түсіріп, тұңғиықтың түбіне аттанып бара жатқандармен бірге лақтырып таста! | |
Ezek | Kaz | 32:19 | Оларға былай де:«Ей, Мысыр, сенің көркің басқалардікінен асқан ба? Жоқ, төмен түс те, әділетсіздермен бірге жатып тыныштал!» | |
Ezek | Kaz | 32:20 | Мысырлықтар семсерден қаза тапқан көптеген адамдардың арасында о дүниеге түсетін болады, өйткені семсер оларға қарсы суырылған. Мысыр халқы оның қалың әскерімен бірге сол жаққа сүйретіліп әкетілмек. | |
Ezek | Kaz | 32:21 | О дүниенің ортасынан ең мықты батырлар Мысырға және оны қолдаған одақтастарына таңырқап былай демек: «Пай-пай, олар төмен түсіп, әділетсіздермен әрі семсерден қаза тапқандармен бірге тыныш жатыр екен!» | |
Ezek | Kaz | 32:22 | Ассур да өзінің семсерден қаза тапқан бүкіл әскерімен бірге сонда. Олардың көрлері оны қоршап, | |
Ezek | Kaz | 32:23 | о дүниенің ең шалғай бөліктерінде орналасқан. Осылайша Ассурдың жасақшылары оның қабірінің айналасында жатыр. Солардың бәрі тірі кездерінде өзгелерге қорқыныш сепкендер, әрі семсерден қырылып мерт болғандар. | |
Ezek | Kaz | 32:24 | Елам да сонда жатыр, қалың қолы да оның қабірінің айналасында. Барлығы да семсерден қырылып мерт болғандар, о дүниеге сүндеттелмеген күйі аттанғандар. Олар тірі кездерінде басқаларға үрей себетін еді, ал енді басқа әділетсіздермен бірге масқараланып, көрге түсті. | |
Ezek | Kaz | 32:25 | Еламға өзінің қалың қолымен бірге қырылғандардың арасынан төсек дайындалды. Солардың көрлері оның айналасында. Бұлардың бәрі де сүндеттелмегендер, семсерден қырылғандар. Олар тірі кездерінде өзгелерге қорқыныш туғызатын еді. Ал енді көрге түскендермен бірге өз істерінің ұяттарын арқалап, мерт болғандардың ортасына қойылды. | |
Ezek | Kaz | 32:26 | Мешех пен Тұбал да сонда жатыр. Олардың қалың қолдарының көрлері Мешех пен Тұбалдың қабірлерінің айналасында. Сол жасақшылардың барлығы да сүндеттелмеген, семсерден мерт болған. Өйткені олар тірі кездерінде өзгелерге үрей туғызатын еді. | |
Ezek | Kaz | 32:27 | Олар ежелде қаза тапқан батырлармен бірге жатпайды. Сол батырлар өздерінің қару-жарағымен бірге, семсерлері бастарының астында, қалқандары сүйектерінің үстінде қабірге қойылған. Бірақ едомдықтардың әділетсіздігі олардың мойындарында, өйткені олар мықты жасақшылар болып тірі кездерінде басқаларға қоқан-лоқы жасайтын. | |
Ezek | Kaz | 32:28 | Сен де, уа, перғауын, талқандалып, семсерден қаза тапқан әділетсіздердің арасында жататын боласың. | |
Ezek | Kaz | 32:29 | Едом да өз патшалары мен әміршілерінің барлығымен бірге сонда болады. Олар кезінде қаншама қуатты болғанмен, семсерден қырылғандармен әрі сүндеттелмеген күйінде көрге түскендермен бірге жатыр. | |
Ezek | Kaz | 32:30 | Солтүстіктің күллі әміршілері де, сидондықтар да түгелімен сонда болады. Олар кезінде күш-қуаттарымен қатты үрей туғызғандықтан ұятқа қалады. Олар сүндеттелмеген күйі семсерден қырылғандармен бірге жатыр және көрге түскен басқалармен бірге өздеріне лайықты масқарасын арқалайды. | |
Ezek | Kaz | 32:31 | Перғауынның өзі және оның бүкіл әскері солардың бәрін көргенде, өзінің де, қалың қолының да семсерден қырылып мерт болғандарына жұбанады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Chapter 33
Ezek | Kaz | 33:2 | «Пендем, өз халқыңа тіл қатып былай де:Мен бір елге қарсы жау әскерін келтіргенде, елдің адамдары өз араларынан біреуді таңдап алып, оны күзетші болуға тағайындайды дейік. | |
Ezek | Kaz | 33:3 | Күзетші сол елге аттанып келе жатқан жауды көріп, халыққа ескерту үшін керней тартып дабыл қағады. | |
Ezek | Kaz | 33:5 | Сондай адам кернейдің сақтандырған даусын естісе де, оған құлақ асқан жоқ. Сондықтан өз өліміне өзі кінәлі болады. Себебі егер соған құлақ асқан болса, ол жанын сақтап қалған болар еді. | |
Ezek | Kaz | 33:6 | Ал егер күзетші жаудың аттанып келе жатқанын көрсе де, халықты сақтандыру үшін керней тартып дабыл қақпаса, әрі жау тап беріп, адамдардың біреуін өлтірсе, онда сол адам өз кінәсі үшін өледі. Бірақ оның төгілген қаны үшін Мен күзетшіні жауапқа тартамын. | |
Ezek | Kaz | 33:7 | Сонымен, пендем, Мен сені Исраил халқына күзетші пайғамбар етіп тағайындадым. Сондықтан Менің аузымнан шыққан сөзімді естіген сайын, халыққа Менің атымнан ескерту жаса! | |
Ezek | Kaz | 33:8 | Егер Мен зұлым жанға: «Ей, зұлым адам, сен жазаңды тартып сөзсіз өлесің!» деген хабарымды өзің арқылы жіберсем, ал сен оны жаман істері жайлы ескертпесең, онда сол зұлым адам өз күнәсінің жазасын тартып өледі. Бірақ сен оның өліміне кінәлі боласың. Оның төгілген қаны үшін Мен сені жауапқа тартамын. | |
Ezek | Kaz | 33:9 | Ал егер сен сол әділетсіз адамға жаман істері жайлы ескертіп, ол бәрібір теріс жолынан қайтпаса, онда ол өз күнәсінің жазасын тартып өледі. Бірақ сен өміріңді сақтап қаласың». | |
Ezek | Kaz | 33:10 | «Ал енді, пендем, Исраил халқына былай де: Сендер «Біздің Құдайға бағынбай жасаған заңсыз іс-әрекетіміз және күнәларымыз үстімізден ауыр жүктей басып тұр. Біз солардан езіліп құрып бара жатырмыз. Ендеше қалай өмір сүре аламыз?» деп жүрсіңдер. | |
Ezek | Kaz | 33:11 | Оларға былай деп жауап бер: Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп мынаны айтады: Мен зұлымның өлімін емес, оның теріс жолынан қайтып, өмір сүре бергенін қалаймын. Кері бұрылыңдар! Теріс жолдарыңнан қайтыңдар, уа, Исраил халқы! Әйтпесе сендерге өліп не бар?! | |
Ezek | Kaz | 33:12 | Ал сен, пендем, өз халқыңа мынаны жеткіз: Егер әділ жан Құдайға қарсы бас көтеріп күнә жасайтын болса, бұрынғы әділдігі енді оны құтқара алмайды. Ал егер зұлым адам өкініп, Құдай жолына түссе, онда ол зұлымдығы үшін тартуға тиісті жазасынан құтылады. Сонымен әділ адам күнәға батқан кезде өзінің бұрынғы әділдігіне сүйеніп өмір сүре алмайды. | |
Ezek | Kaz | 33:13 | Сол сияқты, Мен әділ адамға: «Сен шүбәсіз өмір сүре бересің!» десем, бірақ ол өзінің бұрынғы әділдігіне сүйеніп күнә жасауға кіріссе, онда Мен оның әділ істерінің ешқайсысын ескермеймін. Сол адам жасаған әділетсіз істеріне бола өлімге бұйырылады. | |
Ezek | Kaz | 33:14 | Алайда Мен зұлым адамға: «Сен шүбәсіз өлесің!» деген соң, ол күнәсін тастап, теріс жолынан қайтып, әділ де ізгі істерді істейтін болады дейік. | |
Ezek | Kaz | 33:15 | Мысалы, сол зұлым адам бейшара жаннан кепілге алғанын да, біреуден тонап алғанын да қайтарып береді, әрі Менің шынайы өмірге бастайтын жолымды ұстанып, енді қайтып зұлымдық істемейді дейік. Егер ол солай істейтін болса, онда өлімге бұйырылмай, өмір сүре береді. | |
Ezek | Kaz | 33:16 | Бұрын жасаған күнәларының ешқайсысын Мен бұдан былай ескермеймін. Сол адам әділ де ізгі істерді істегендіктен еш шүбәсіз тірі қалады. | |
Ezek | Kaz | 33:17 | Алайда сенің халқыңның адамдары: «Тәңір Иенің осылай істегендері әділ емес!» деп шағымданады. Жоқ, керісінше, олардың өздерінің істегендері әділ емес! | |
Ezek | Kaz | 33:18 | Егер әділ адам өзінің әділ іс-әрекетінен бас тартып, күнә жасауға кіріссе, онда ол сол үшін өлімге бұйырылады. | |
Ezek | Kaz | 33:19 | Ал егер зұлым адам зұлымдықтан бас тартып, әділ де ізгі істерді істейтін болса, онда ол соған сүйеніп өмір сүре береді. | |
Ezek | Kaz | 33:20 | Бірақ сендер сонда да: «Тәңір Иенің осылай істегендері әділ емес!» деп қарсылық білдіріп жатырсыңдар. Уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа істеген істеріңе сәйкес үкім шығарамын!» | |
Ezek | Kaz | 33:21 | (Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) он екінші жылдың оныншы айының бесінші күні Иерусалимнен қашып келген бір кісі маған: «Қала жаудың қолына түсті!» — деген хабарды жеткізді. | |
Ezek | Kaz | 33:22 | Мұның алдындағы кеште Жаратқан Иенің рухани құдіреті маған тағы да қонған еді. Әлгі босқын келердің алдында Жаратқан Ие маған сөйлей алатын қабілетімді қайтадан дарытқан болатын. Сондықтан мен енді мылқау болмай, сол кісімен сөйлесе алдым. | |
Ezek | Kaz | 33:24 | «Пендем, Исраил елінде қалып, қираған қалаларды мекендегендер былай деп жүр: «Ыбырайым осында жалғыз өзі келген еді. Сонда да ол бүкіл елді иемденіп алды. Ал біз көппіз ғой! Сондықтан осы ел, әрине, біздің меншігімізге берілген!» | |
Ezek | Kaz | 33:25 | Сол себепті оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер етті қанын ағызбай жей бересіңдер, жалған тәңірлерге табынасыңдар, адам қанын төгесіңдер. Сонда елге тұрақты иелік етпексіңдер ме?! | |
Ezek | Kaz | 33:26 | Семсерге арқа сүйеп, жексұрын зұлымдық жасайсыңдар! Әрбіреуің көршіңнің әйелімен неке адалдығын бұзасыңдар. Сөйте тұра, сендер елдің тұрақты иелері бола бермексіңдер ме?! | |
Ezek | Kaz | 33:27 | Оларға тағы былай де: Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Елдегі қирап жатқан үйлерде тұрып жатқандар семсерден мерт болады. Айдаланы кезіп жүргендерді жыртқыш аңдарға жем қыламын. Бекіністі жерлер мен үңгірлерде тұрып жатқандар індеттен қырылады. | |
Ezek | Kaz | 33:28 | Мен бұл елді қаңыратып, қорқынышты далаға айналдырамын. Оның тәкаппар қуаты мүлдем құриды. Исраилдің таулы жері де қаңырап, олар арқылы ешкім өтпейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 33:29 | Мен осы елді олардың барлық жексұрын күнәларына бола қаңыратып, қорқынышты далаға айналдырғанымда, олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 33:30 | Ал, пендем, өз халқыңның адамдары үйлерінің қабырғалары мен есіктерінің маңында сен туралы былай десіп тұр: «Жүр, Жаратқан Ие не айтты екен, соны біліп келейік!» | |
Ezek | Kaz | 33:31 | Сөйтіп олар әдеттегідей саған келіп, Менің халқымның адамы болып алдыңда отырады. Алайда сенің айтқан сөздеріңді тыңдаса да, соларды орындамайды. Олар жағымпаздана сөйлегенде, жүректерінде өздерінің арам пайдаларын ғана ойлап тұрады. | |
Ezek | Kaz | 33:32 | Ал сен олар үшін керемет дауыспен махаббат әнін шырқап, аспапта жақсы ойнайтын сияқтысың. Себебі олар айтқандарыңды естиді, бірақ оларды орындамайды. | |
Chapter 34
Ezek | Kaz | 34:2 | «Пендем, Исраилдің «отарын бағушы» жетекшілеріне қарсы Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, өздерін ғана бағатын Исраилдің бақташылары, сендер қасіретке қаласыңдар! Қойды баққан отарын қамқорлауға міндетті емес пе? | |
Ezek | Kaz | 34:3 | Сендер оның майлы сүтін ішіп, жүнінен киім киесіңдер, қоңдыларын сойып жейсіңдер, бірақ отарларыңды дұрыс бақпайсыңдар. | |
Ezek | Kaz | 34:4 | Әлсіздерін бордақылап, ауруларын емдемедіңдер, мертіккендерін таңып, қуылып бытырағандарын қайтармадыңдар, жоғалып кеткендерін іздеген де жоқсыңдар. Керісінше, оларға аяусыз, қаталдықпен үстемдік еттіңдер. | |
Ezek | Kaz | 34:5 | Қамқорлайтын бағушылары болмағандықтан, Менің қойларым жан-жаққа шашылып, көбі жыртқыш аңдарға жем болды. | |
Ezek | Kaz | 34:6 | Осылай отарым күллі тау-төбелер мен биік қырларда бытырап босып кетті. Иә, Өзімнің отарым бүкіл жер бетіне шашырап кетті! Ал оларды іздеп табуға тырысқан ешкім болған жоқ. | |
Ezek | Kaz | 34:8 | Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Менің отарым өзіне қамқорлық жасайтын бағушысы болмағандықтан тоналып, олжаға айналып, барлық жыртқыш аңдарға жем болды. Иә, Өзім тағайындаған бақташылары адасқан отарымды еш іздеген жоқ! Қайта, олар Менің отарымды емес, өз қара бастарының қамын ғана ойлады. | |
Ezek | Kaz | 34:10 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, енді Мен сол бақташыларға қарсы шығамын! Олардан қойларым үшін жауап беруін талап етемін, отарымды енді қайтып оларға баққызбаймын. Сол бағушылардың тек өз бастарының ғана қамын ойлауларын доғартып, қойларымды олардың аранынан арашалап аламын. Осылайша қойларым енді қайтып соларға жем болмайды». | |
Ezek | Kaz | 34:11 | Сонымен Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Біліп қойыңдар, енді Мен Өзім қойларымды іздеп, тауып алып, бағамын. | |
Ezek | Kaz | 34:12 | Қойшы қамқорлығындағы жайылып, бытырап кеткен қойларына назарын аударып, оларды іздеп, тауып алатынындай, Мен де «қойларымды» іздеп, табамын. Иә, бұлтты да қараңғы күні халқым бытырап кеткен жан-жақтағы барлық жерлерден Мен оны құтқарып аламын. | |
Ezek | Kaz | 34:13 | Сонда халқымды өзге халықтардың арасынан қайтарып алып шығып, бөтен елдерден жинап аламын да, еліне алып келемін. Сонда халқымды Исраилдің қыратты жерінде, оның бұлақтарының маңында және елдің күллі қоныстанған аудандарында бағамын. | |
Ezek | Kaz | 34:14 | Мен оларды Исраилдің биік тау-төбелеріндегі құнарлы жайылымдарда жайып жүремін. Сонда олар шұрайлы өрістерде оттап тынығып, Исраилдің қырат-қырқаларындағы шөбі шүйгін жайлауларда жайылып жүреді. | |
Ezek | Kaz | 34:15 | Мен Өзім қойларымды бағамын әрі дем алдырып тынықтырамын, — деп уәде береді Жаратушы Тәңір Ие. — | |
Ezek | Kaz | 34:16 | Мен жоғалғандарын іздеп, адасқандарын қайтарып алып келетін боламын. Мертіккендерін байлап-таңып, әлсіздерін күшейтемін. Бірақ қоңдылары мен қуаттыларын бақылап, (бағынбайтындарын) жоямын. Осылайша отарымды әділдікпен бағатын боламын. | |
Ezek | Kaz | 34:17 | Ал, «отарым», Мен, Жаратушы Тәңір Ие, сендерге мынаны айтамын: Біліп қойыңдар, Мен «отарымдағы екі қойдың және қошқар мен текенің» арасындағы дауларға әділ шешім шығарамын. | |
Ezek | Kaz | 34:18 | Шұрайлы жайылымда жайылып жүргендеріңнің өзі сендерге шынымен азшылық ете ме? Ендеше неге жайылымның қалғанын тұяқтарыңмен таптайсыңдар?! Таза су ішіп жүргендерің сендерге аз ба? Ендеше неге судың қалғанын аяқтарыңмен лайлайсыңдар?! | |
Ezek | Kaz | 34:19 | Неліктен Менің «отарым» сендер тұяқтарыңмен таптаған шөпті жеп, лайлаған суды ішулері керек?! | |
Ezek | Kaz | 34:20 | Сондықтан Мен, Жаратушы Тәңір Ие, оларға мынаны айтамын: Біліп қойыңдар, Мен Өзім қоңды қой мен арық қойдың арасына әділ шешім шығарамын. | |
Ezek | Kaz | 34:21 | Сендер әлсіздердің барлығын бүйірлеріңмен, иықтарыңмен итергіштеп, мүйіздеріңмен сүзгіледіңдер. Содан оларды отардан сырт бытыратып, қуып жібердіңдер. | |
Ezek | Kaz | 34:22 | Сондықтан Мен «отарымды» құтқарамын. Олар енді қайтып ешкімнің олжасы болмайды. «Отарымдағы екі қойдың» арасындағы дауға Өзім әділ шешім шығарамын. | |
Ezek | Kaz | 34:23 | Және олардың үстінен бір бақташыны, өз қызметшім Дәуітті, тағайындаймын. Ол солардың жайып, қамқорлайтын бағушысы болады. | |
Ezek | Kaz | 34:24 | Мен, Жаратқан Ие, олардың Құдайы, ал қызметшім Дәуіт олардың арасындағы әмірші болады. Өзім, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. | |
Ezek | Kaz | 34:25 | Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасап, елден жыртқыш аң атаулыны жоямын. Сонда олар айдалада бейқам тұрып, тіпті орман ішінде алаңсыз ұйықтай алатын болады. | |
Ezek | Kaz | 34:26 | Осылайша оларды да, Өзіме бағышталған Сион тауының айналасындағы жерлерді де жарылқаймын. Мен жаңбырларды мезгілінде жіберемін, олар жарылқау әкелетін жаңбыр болады. | |
Ezek | Kaz | 34:27 | Даладағы ағаштар өз жемісін, жер өз өнімін бермек. Сөйтіп халық елде аман-есен тұратын болады. Мен халқымның мойнына салынған мойынтұрықты сындырып, өздерін құл қылғандардың үстемдігінен құтқарамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 34:28 | Халқым енді қайтып өзге халықтарға олжа болмайды, елдің жыртқыш аңдары да оларды жалмамайды. Халық қауіпсіз өмір сүріп, ешкім оларды қорқытпайтын болады. | |
Ezek | Kaz | 34:29 | Мен оларға керемет құнарлы егістіктерді сыйлап, енді қайтып олар елде аштықтан қырылмайды. Осылайша бұдан былай өзге халықтардың табасына ұшырамайды да. | |
Ezek | Kaz | 34:30 | Сонда олар Менің өздерінің Құдайы Жаратқан Ие екенімді, әрі жар болып олармен бірге екенімді, ал өздерінің, яғни Исраил халқының, Менің халқым екенін білетін болады», — деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Chapter 35
Ezek | Kaz | 35:2 | «Пендем, бет-жүзіңді Сейір тауына қарай бұр да, оған қарсы Менің хабарымды жариялап былай де: | |
Ezek | Kaz | 35:3 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Сейір тауы, Мен өзіңе қарсы шығамын! Саған қарсы қолымды созып, сені қаңыратып, елсіз қалдырамын. | |
Ezek | Kaz | 35:4 | Қалаларың қиратылып, өзің қаңырап бос қаласың. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. | |
Ezek | Kaz | 35:5 | Сен қаскүнем пиғылыңнан арылмай, Исраил халқының басына күн туып, зұлымдығы жазаланатын ақырғы сағаты соққанда, оларды семсерден қырылуға тастап кеттің. | |
Ezek | Kaz | 35:6 | Сол себептен мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Мен сені қантөгіске үкімдеймін де, бұдан былай ол сенің қыр соңыңнан қалмай қояды. Сен қантөгісті еш жек көрмегендіктен, ол сені өкшелейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 35:7 | Мен Сейір тауын қиратып, қаңыратамын. Енді одан қашып кетіп, не қайтып келетіндердің бәрін құртамын. | |
Ezek | Kaz | 35:8 | Таулы жеріңді өліктермен жауып тастаймын. Адамдар сенің қырат-қырқаларыңда, аңғарларың мен барлық сай-салаларыңда семсерден қырылатын болады. | |
Ezek | Kaz | 35:9 | Өзіңді ұдайы қаңыратып бос қалдырамын, қалаларыңды енді қайтып ешкім мекендемейтін болады. Осылайша сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. | |
Ezek | Kaz | 35:10 | Сен: «Осы екі ел — Яһуда мен Исраилдің халықтары да, жерлері де менікі болады. Оларды иемденіп аламын!» деген болатынсың. Ал Мен, Жаратқан Ие, сол жерде болдым ғой! | |
Ezek | Kaz | 35:11 | Сондықтан өз атыммен ант етемін, — дейді мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие. — Мен сені оларды сондай жек көріп, ашу-ыза мен қызғанышқа салынғандығыңа сай жазалаймын. Саған істегендерім арқылы Мен Өзімді халқыма танытамын. | |
Ezek | Kaz | 35:12 | Сонда сен Менің, Жаратқан Иенің, Исраилдің тауларына қарсы айтқан сенің барлық қорлау сөздеріңді естігенімді білетін боласың. Сен: «Олар қаңырап бос қалып, маған жалмап қоюға берілді» деп оларды табаладың ғой. | |
Ezek | Kaz | 35:13 | Оның үстіне Менің көз алдымда мақтанып, еш шімірікпестен Маған қарсы сөздеріңді көбейттің. Мен соларыңды да естідім!» | |
Ezek | Kaz | 35:14 | Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Бүкіл жер шат-шадыман болып жатқанда, Мен сені қаңыратып бос қалдырамын! | |
Chapter 36
Ezek | Kaz | 36:1 | «Ал енді, пендем, Исраилдің тауларына хабарымды жеткізіп былай де: Уа, Исраилдегі таулар, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! | |
Ezek | Kaz | 36:2 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жау сендер туралы: «Әп, бәлем, өздеріңе сол керек! Сол ежелгі қырат-қырқалар да иелігімізге көшті!» деп табалаған еді. | |
Ezek | Kaz | 36:3 | Сондықтан былай деп Менің хабарымды жеткіз:Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Олар сендерді қаңыратып бос қалдырып, жан-жақтан бас салып жаншып тастаған еді. Сендер өзге халықтардың меншігіне айналып, олардың мазағы мен зұлым өсегіне қалдыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:4 | Сол себептен тыңдаңдар, уа, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің мына сөзіне құлақ түріңдер: Жаратушы Тәңір Ие айналадағы басқа халықтарға олжа болып, олардың мазағына айналған Исраилдің тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына, қаңыраған далалары мен елсіз қалған қалаларына сөзін арнайды. | |
Ezek | Kaz | 36:5 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Бүкіл Едом халқы мен қалған басқа ұлттар Менің меншікті жерімді қатты қуанып, қорлап тартып алып, талан-таражға салды. Сондықтан Мен лаулаған ашуыммен оларға қарсы сөйледім. | |
Ezek | Kaz | 36:6 | Сол себептен Исраил елі туралы хабарымды жеткізіп, оның тау-төбелеріне, сай-салалары мен аңғарларына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендер басқа ұлттардың масқаралауынан зардап шеккендіктен Мен лаулаған ашу-ызамен сөйлеймін!» | |
Ezek | Kaz | 36:7 | Ендеше Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Сендердің айналаларыңдағы басқа ұлттардың өздері де масқара болады! Осыны салтанатты түрде ант етіп айтамын. | |
Ezek | Kaz | 36:8 | Ал сендер, Исраилдегі таулар, енді беткейлеріңдегі ағаш-бұталарыңның бұтақтарын жан-жаққа жайып өсіріп, Менің халқым Исраил үшін жемістеріңді молынан бересіңдер. Өйткені халқым жақында еліне қайтады! | |
Ezek | Kaz | 36:9 | Біліп қойыңдар, Мен сендерге назар аударып, қамдарыңды ойлаймын. Жерлерің қайтадан өңделіп, оған егін егілмек. | |
Ezek | Kaz | 36:10 | Мен өздеріңдегі адамдарды, бүкіл Исраил халқын, көбейтемін. Қалаларға тұрғындар қоныстанып, қаңыраған жерлерге қайтадан үйлер салынбақ. | |
Ezek | Kaz | 36:11 | Мен өздеріңдегі халыққа қоса мал санын да молайтамын, олар өсіп-өніп, көбейетін болады. Сөйтіп Мен сендерге баяғы замандағыдай адамдарды қоныстандырып, өздеріңді бұрынғыдан да бетер өркендетемін. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:12 | (Уа, Исраилдегі таулар) осылайша Мен қайтадан өздеріңде адамдарды, яғни өз халқым Исраилді, аяқ басып жүретін қыламын. Олар сендерді иемденіп, өз мұралық жерлері етеді. Енді қайтып сендер халқымды ұрпақтарынан айырмайтын боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:13 | Иә, Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: Біреулер сендерді: «Адамдарды жалмап, өздеріңдегі халықты балаларынан айырасыңдар!» деп қорлаған еді. | |
Ezek | Kaz | 36:14 | Сондықтан бұдан былай адамдарды жалмап, өздеріңдегі халықты балаларынан айыруды доғарасыңдар!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны мықтап ескертеді. | |
Ezek | Kaz | 36:15 | «Басқа халықтардың өздеріңе тіл тигізіп, қорлаған сөздерін бұдан былай естіртпеймін. Сендер енді өзге ұлттардың масқаралауына қалмайсыңдар, әрі өздеріңдегі халықты сүріндіріп күнәға батырмайсыңдар», — деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 36:17 | «Ей, пендем, Исраил халқы елін мекендеген кезде олар елді өздерінің салт-дәстүрлерімен және іс-әрекеттерімен арамдайтын. Олардың сол істері Мен үшін қанмен былғанған шүберектей жиренішті де лас болды. | |
Ezek | Kaz | 36:18 | Себебі Исраил халқы жазықсыз адамдардың қанын төгіп, жалған тәңірлеріне табынып осы елді арамдады. Сондықтан да Мен халықтың үстіне қаһарымды төктім. | |
Ezek | Kaz | 36:19 | Мен халықты бөтен ұлттардың арасына шашыратып жіберіп, олар түрлі елдердің ішіне тарап кетті. Оларға жаман салт-дәстүрлері мен зұлым іс-әрекеттеріне сәйкес осы үкімді шығардым. | |
Ezek | Kaz | 36:20 | Бірақ халқым қай ұлттардың жерлеріне бармасын, олар жайлы: «Бұл — Жаратқан Иенің халқы, әйтсе де, олар Оның жерінен кетуге мәжбүр болды!» делініп, Менің қасиетті есімім қорланды. | |
Ezek | Kaz | 36:21 | Сонда Мен Исраил халқы жер аударылған өзге халықтардың арасында қорлыққа ұшыраған өз қасиетті есімімнің қамын ойладым. | |
Ezek | Kaz | 36:22 | Сондықтан Исраил халқына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, Исраил халқы, Мен енді әрекет етемін. Бірақ сендерге бола емес, Өзімнің қасиетті есіміме бола солай істеймін. Сендер жер аударылып барған халықтардың арасында есімімді қорлыққа ұшыраттыңдар. | |
Ezek | Kaz | 36:23 | Бірақ Мен өздерің халықтардың арасында қорлаған ұлы есімімнің қандай киелі екенін көрсетемін! Осылайша Мен халықтардың көз алдында Өзімнің киелілігімді араларыңда көрсеткенімде олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады», — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 36:24 | Өйткені Мен сендерді халықтардың арасынан шығарып, барлық елдерден жинап, өз елдеріңе алып келмекпін. | |
Ezek | Kaz | 36:25 | Мен сендерге таза су бүркіп сепкендей, өздеріңді арамдаған бүкіл былғаныштарыңнан тазартамын. Сендерді барлық арамдықтарыңнан әрі табынып келген тәңірсымақтарыңның бәрінен арылтамын. | |
Ezek | Kaz | 36:26 | Өздеріңе жаңа жүрек сыйлап, бойларыңа жаңа рух дарытамын. Көкіректеріңнен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын, | |
Ezek | Kaz | 36:27 | әрі бойларыңа өз Рухымды дарытамын. Осылай сендерді бұйрықтарыма сәйкес өмір сүріп, ережелерімді мұқият орындайтын қыламын. | |
Ezek | Kaz | 36:28 | Сендер Мен ата-бабаларыңа табыстаған елді қайтадан мекендеп, Өзімнің халқым боласыңдар, ал Мен Құдайларың боламын. | |
Ezek | Kaz | 36:29 | Осылай сендерді барлық арамдықтарыңнан арылтамын.Мен егінді мол етіп өсіріп шығарамын. Бұдан былай сендерге ашаршылық жібермеймін. | |
Ezek | Kaz | 36:30 | Ендігәрі ашаршылыққа ұшырап, басқа халықтардың арасында масқара болмауларың үшін Мен ағаштардың жемістерін және егістіктердің өнімін мол қыламын. | |
Ezek | Kaz | 36:31 | Сонда сендер бұрынғы әділетсіз жолдарың мен зұлым істеріңді естеріңе аласыңдар. Сол арам да жексұрын іс-әрекеттерің үшін өз-өздеріңнен жиренетін боласыңдар! | |
Ezek | Kaz | 36:32 | Әрине, Менің жасаған осы жақсылықтарымның себебі өздеріңнің соған лайықты екендіктерің емес! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сендер мұны біліп қойыңдар! Уа, Исраил халқы, істеген зұлым істеріңе шын жүректен ұялып өкініңдер!» | |
Ezek | Kaz | 36:33 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Мен сендерді әділетсіз істеріңнің арамдығынан тазартқан кезде қалаларыңды халықпен қоныстандырып, қираған елді мекендеріңді қайтадан тұрғызамын. | |
Ezek | Kaz | 36:34 | Ел ішімен өтіп бара жатқандар бұдан былай оның қаңырап бос жатқанын емес, жыртылып өңделгенін көреді. | |
Ezek | Kaz | 36:35 | Содан олар: «Мына жер бұрын қаңырап бос жататын еді, ал енді ол пейіш бағындай болып кетіпті. Бұрын қирап, елсіз қу медиен болған қала орындары мекенделіп, бекіністі қалаға айналыпты!» дейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 36:36 | Сонда айналаңда қалып отыратын халықтар қираған жерлерді қайта тұрғызған әрі қаңырап қалған далаға қайтадан бау-бақша отырғызған Өзім, Жаратқан Ие, екенімді білетін болады. Осыны Мен, Жаратқан Ие, кесіп айтамын әрі жүзеге асырамын да!» | |
Ezek | Kaz | 36:37 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Мен Исраил халқының өтінішіне жауап беріп, олар үшін мынаны істеймін: халықты отардағы қойлардың көбейгеніндей мейлінше көбейтемін. | |
Chapter 37
Ezek | Kaz | 37:1 | Жаратқан Иенің рухани құдіреті маған қонып, Оның Рухы мені көтеріп алды да, жазық алқаптың ортасына апарып қойды. Алқап сүйекке толы екен. | |
Ezek | Kaz | 37:2 | Жаратқан Ие мені соларды айналдырып жүргізді. Сонда алқаптағы сүйектердің өте көп әрі мейлінше қурап қалғанын көрдім. | |
Ezek | Kaz | 37:3 | Ол менен:— Ей, пендем, мына сүйектер өмір сүре ала ма? — деп сұрады.— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны тек Сен ғана білесің! — деп жауап бердім. | |
Ezek | Kaz | 37:4 | Сонда Ол маған мынаны айтты:— Осы сүйектерге Менің хабарымды жеткізіп былай де: Уа, қураған сүйектер, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! | |
Ezek | Kaz | 37:5 | Жаратушы Тәңір Ие бұл сүйектерге мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендерге тіршілік лебін үрлеймін, сонда тіріліп шыға келесіңдер. | |
Ezek | Kaz | 37:6 | Өздеріңе сіңір, үстеріңе ет бітіріп, терімен жабамын. Сосын тіршілік лебін үрлеп енгіземін, осылайша тірілесіңдер. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 37:7 | Мен Жаратқан Иенің өзіме бұйырғанындай Оның хабарын жеткіздім. Осылайша істеп тұрған кезімде бір тасырлаған шу пайда болды да, сүйектер рет-ретімен бір-біріне қосыла бастады. | |
Ezek | Kaz | 37:8 | Мен таңдана қарасам, оларға сіңір әрі ет бітіп, үсті терімен жабылғанын көрдім. Бірақ оларда әлі де тіршілік лебі жоқ болатын. | |
Ezek | Kaz | 37:9 | Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Пендем, тіршілік лебіне Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, тіршілік лебі, желдің соғатын төрт бағытынан кел де, мына өлтірілгендерге лебіңді үрлеп, жан бітіре гөр!» | |
Ezek | Kaz | 37:10 | Мен Жаратқан Иенің өзіме тапсырған сөздерін дауыстап айттым. Сонда өлі денелерге тіршілік лебі кіріп, жан бітті де, барлығы аяқтарына тұрды. Олар өте үлкен әскер екен. | |
Ezek | Kaz | 37:11 | Содан соң Жаратқан Ие маған былай деді: «Ей, пендем, мына сүйектер Исраилдің бүкіл халқын бейнелейді. Халық: «Сүйектеріміз қурап қалды, үмітіміз үзілді, біз мүлдем құрыдық!» деп жүр. | |
Ezek | Kaz | 37:12 | Сондықтан оларға хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Уа, өз халқым, біліп қойыңдар, Мен көрлеріңді ашып, өздеріңді солардан тұрғызып алмақшымын. Бұдан кейін сендерді Исраил еліне қайтарып алып барамын. | |
Ezek | Kaz | 37:13 | Мен көрлеріңді ашып, өздеріңді солардан тұрғызып алғанымда, Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар, уа, халқым. | |
Ezek | Kaz | 37:14 | Мен іштеріңе өз Рухымды салып, сендер өмір сүретін боласыңдар. Сендерді өз елдеріңе қоныстандырамын. Сонда Менің, Жаратқан Иенің, мұны айтқанымды да, жүзеге асырғанымды да білетін боласыңдар. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын». | |
Ezek | Kaz | 37:16 | «Пендем, бір ағаш тақтайша ал да, оған: «Яһудаға және онымен одақтасқан исраилдіктерге» деп ойып жаз! Сосын тағы бір тақтайша алып, оған: «Жүсіпке, яғни Ефремге, және онымен одақтасқан Исраил халқының бәріне» деп ойып жаз. | |
Ezek | Kaz | 37:19 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен Ефрем руының және онымен одақтасқан Исраилдің өзге руларының қолдарындағы Жүсіптің тақтайшасын аламын да, оны Яһуданың тақтайшасымен қосып, біртұтас етпекпін. Сонда олар қолымдағы біртұтас тақтайша іспетті болады. | |
Ezek | Kaz | 37:21 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен бөтен халықтардың арасына тарап кеткен Исраил халқын солардың ішінен алып шығып, жан-жақтан жинаймын да, өз елдеріне қайтарып әкелемін. | |
Ezek | Kaz | 37:22 | Мен оларды сол елде, Исраилдің тауларында, бір халық қыламын. Барлығының үстінен бір патша болады. Бұдан былай олар не екі халық, не екі патшалық болып бөлінбейді. | |
Ezek | Kaz | 37:23 | Халық енді қайтып өздерін жалған тәңірлерінің мүсіндерімен, басқа да жиренішті нәрселерімен және бас көтеріп жасаған өзге күнәларымен арамдамайды. Мен оларды Өзімнен бас тартып, опасыздықпен жасаған күнәларынан арылтып тазартамын. Осылай олар тағы да Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. | |
Ezek | Kaz | 37:24 | Менің қызметшім Дәуіт оларға патшалық құрады. Осылайша барлығының бағушысы біреу болады. Халқым Менің шешімдеріме сәйкес әрекет етіп, ережелерімді сақтап, іске асыратын болады. | |
Ezek | Kaz | 37:25 | Олар Мен ежелде қызметшім Жақыпқа уәде еткен, сосын ата-бабаларың тұрған елде қоныс тебетін болады. Бұдан былай олардың өздері де, балалары мен немерелері де сол елде ұдайы тұрып, Менің қызметшім Дәуіт оларға әрдайым әмірші болады. | |
Ezek | Kaz | 37:26 | Мен олармен амандық пен тыныштық туралы Келісім жасаймын. Бұл Келісім мәңгілікке созылмақ. Мен оларды орнықтырып, жарылқап, өсіріп-өндіріп, араларында киелі орнымды тұрақты орнатамын. | |
Ezek | Kaz | 37:27 | Осылай Менің (жер бетіндегі) тұрағым олармен бірге болады. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. | |
Chapter 38
Ezek | Kaz | 38:2 | «Пендем, бет-жүзіңді Магог еліндегі Гогқа, Мешех пен Тұбалдың бас әміршісіне, қарай бұр. Оған қарсы хабарымды жеткізіп | |
Ezek | Kaz | 38:3 | былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады:Міне, Мен саған қарсы шығамын, уа, Мешех пен Тұбалдың бас әміршісі Гог! | |
Ezek | Kaz | 38:4 | Мен сені кері айналдыра бұрып, жақ сүйегіңе қармақ саламын. Сені бүкіл әскеріңмен, толық жарақтанған, үлкенді-кішілі қалқандарын ұстанып, семсерлерін сілтеген салт аттыларыңмен және күймешілеріңмен бірге еліңнен шығарып, алып келемін. | |
Ezek | Kaz | 38:5 | Парсы, Құш, Либия елдерінің жасақшылары да қалқандарын ұстап, дулығаларын киіп алып, бірге аттанады. | |
Ezek | Kaz | 38:6 | Гомер мен оның қалың қолы да, солтүстіктің шалғай түкпірінен үлкен әскерімен келген Бет-Тоғарма да, көптеген басқа халықтар да сенің қасыңда болады. | |
Ezek | Kaz | 38:7 | Өзің де, айналаңда жиналған әскердің барлығы да даярланып, қару-жарақтарыңды дайын ұстаңдар! Сен бәрінің басшысы болып оларды бақылап тұр! | |
Ezek | Kaz | 38:8 | Едәуір уақыттан кейін аттануға шақырылып, кейінгі жылдары Исраил еліне басып кірмексің. Осы ел семсердің қырғынынан кейін қалпына келген. Оның көптеген басқа ұлттар арасына шашырап кеткен халқы жиналып, қайта оралған. Олар түрлі халықтардың арасынан әкелініп, қаңырап бос жатқан Исраилдің қырат-қырқаларына қайтып қоныстанды да, сол жерде аман-есен тұрып жатты. | |
Ezek | Kaz | 38:9 | Алайда сен қалың әскеріңмен әрі өзіңе ерген көптеген халықтармен оларға дауылдай шүйіліп, жердің бетін бұлттай басатын боласыңдар. | |
Ezek | Kaz | 38:10 | Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны да айтамын: Сол кезде сенің санаңа арам ойлар келіп, былай деп зұлым жоспар құрасың: | |
Ezek | Kaz | 38:11 | «Исраилдің бекініссіз елді мекендеріне барып, шабуылдаймын! Бейқам өмір сүріп жатқан халқына тұтқиылдан бас саламын. Олардың тұратын жерлерін қорғайтын қамалдары, ысырмамен жабылатын қақпалары атымен жоқ екен. | |
Ezek | Kaz | 38:12 | Иә, бұрын қаңырап бос жатып, қазір ел мекендеген сол қалаларға аттанамын! Олардың халқы бөтен елдерге жер аударылып, солардан қайта оралды. Енді өз еліне жиналған сол халық мал мен дүние-мүлікті молынан иемденіп байып кетіпті. Олар жер ортасының жоғарғы жағында тұрып, қауіпсіз сезінеді екен. Бірақ мен сол елге бас салып, оны тонап, олжалаймын!» | |
Ezek | Kaz | 38:13 | Ал Сәба мен Дедан және Тарсистің саудагерлері олардың жас арыстандай мықты жасақшыларымен бірге саған сұрақ қойып: «Сен расында да сол елді тонауға аттанып келдің бе? Осы әскер қолыңды жинағанда молынан алтын-күмісті, мал мен дүние-мүлікті олжалап, соларды тасып әкетемін деп ойладың ба?» дейтін болады. | |
Ezek | Kaz | 38:14 | Сондықтан, пендем, Гогқа хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Өзім таңдап алған халқым Исраил аман-есен тұрып жатқан кезде сен соны байқайтын боласың. | |
Ezek | Kaz | 38:15 | Солтүстіктің шалғай түкпіріндегі өз орныңнан артыңнан ерген көптеген халықпен: үлкен атты әскермен, қалың қолмен аттанасың. | |
Ezek | Kaz | 38:16 | Сонда сен халқым Исраилге қарсы жер бетін жабатын бұлт сияқты болып келесің. Кейінгі күндері Мен сені, ей, Гог, таңдаулы еліме қарсы аттандырып, Өзімнің киелі де қастерлі екенімді халықтардың көзінше дәлелдеймін. Содан халықтар Менің кім екенімді біліп, мойындайтын болады». | |
Ezek | Kaz | 38:17 | Жаратушы Тәңір Ие бұған қоса мынаны да айтты: «Мен бұрын Өзіме қызмет еткен Исраилдің пайғамбарлары арқылы халқыма қарсы біреуді әкелетінім туралы жылдар бойы алдын ала білдіріп келген едім. Олар осы хабарымды жұртқа жеткізіп жүрді. Ал сол хабар өзің туралы емес пе еді?! | |
Ezek | Kaz | 38:18 | Бірақ Гог Исраил халқына қарсы шығып, тап берген сол күні Менің жалындаған қаһарым лап етеді! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 38:19 | Себебі зор қайрат-жігерім мен лаулаған қаһарыма кенеліп мынаны жариялаймын: Еш күнәмсіз сол күні Исраил елінде үлкен жер сілкінісі болады. | |
Ezek | Kaz | 38:20 | Теңіздегі балықтар, әуедегі құстар, даладағы аңдар, жер бетінде жорғалап жүретін жәндіктер және онда тұратын барлық адамдар көз алдымда діріл қағып, таулар төмен құлап, құздар күйреп сынып, әрбір қабырға жерге опырылып түседі. | |
Ezek | Kaz | 38:21 | Мен бүкіл таулы елімде Гогқа қарсы семсерді жіберемін, әркімнің семсері өзінің серігіне қарсы жұмсалатын болады, — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — | |
Ezek | Kaz | 38:22 | Мен Гогты індетпен және қантөгіспен жазалаймын. Оның өзі мен қалың әскерінің, әрі оған еріп келген көптеген халықтың бастарына нөсерлі құйындар мен бұршақты, жанған от пен қайнаған күкіртті төгемін. | |
Chapter 39
Ezek | Kaz | 39:1 | «Ал сен, пендем, Гогқа қарсы Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Біліп қой, Мен саған қарсы шығамын, ей, Гог, Мешех пен Тұбалдың бас әміршісі! | |
Ezek | Kaz | 39:2 | Сені кері айналдыра бұрып, Өзім белгілеген бағытқа қарай жетелеймін. Сөйтіп өзіңді солтүстіктің шалғай түкпірінен алып шығып, Исраилдің таулы еліне қарсы аттандырамын. | |
Ezek | Kaz | 39:4 | Исраилдің таулы елінде сенің өзің мен қалың әскерің де, саған еріп келген халықтар да қырыласыңдар. Сендерді түрлі жыртқыш құстар мен даладағы аңдарға жем қылып беремін. | |
Ezek | Kaz | 39:5 | Осылай ашық далада құрисың. Өйткені бұны айтқан Менмін!» — деп нық айтады Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 39:6 | «Мен Магогта және теңіз жағалауларында алаңсыз өмір сүріп жатқан одақтастарыңа жанған от жаудырамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 39:7 | Осылайша Мен Өзімнің қасиетті есімімді таңдаған халқым Исраилдің арасында паш етемін. Бұдан былай қасиетті есімімнің қорлануына жол бермеймін. Сонда барлық халықтар Менің Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы, екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 39:8 | Міне, Менің алдын ала айтқан сот күнім келе жатыр! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Сонда бұлардың бәрі де жүзеге асады! | |
Ezek | Kaz | 39:9 | Сол кезде Исраилдің қалаларында тұрып жатқандар ашық далаға шығып, лақтырылған қару-жарақты жинап, отынға қолданып өртеп жібереді. Үлкен-кіші қалқандар, садақ пен жебелер, қол шоқпарлар мен найза атаулы жеті жылдық отынға жететін болады. | |
Ezek | Kaz | 39:10 | Сол кезде олар не даладан отын іздемей, не орманнан ағаш шауып әкелмей, тек қару-жарақты отын ретінде жағады. Сөйтіп олар өздерін тонамақшы болғандарды тонап, өздерін олжаламақшы болғандарды олжалайды», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 39:11 | «Сол күні Мен Гогтың Исраил елінде қабірге қойылатын орнын белгілеймін. Ол Жолаушылар аңғарында, Өлі теңізден шығысқа қарай орналасады. Оған Гог пен оның қалың әскері қойылатындықтан қабірлері жолаушылардың жолына кедергі жасап, оларды тоқтатып тастайтын болады. Кейін осы аңғар «Гог әскерінің аңғары» деп те аталмақ. | |
Ezek | Kaz | 39:13 | Елдің барлық адамдары оларды көмуге қатысып, Мен Өзімнің ұлылығымды танытатын күні марапатталады. — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. — | |
Ezek | Kaz | 39:14 | Халық бүкіл елді тоқтамай шарлап, көмусіз қалып қойған сүйектерді жерлейді, әрі елді тазалап отыратын арнайы адамдарды да тағайындайды. Солар мұны қастарынан өтіп бара жатқандардың көмегімен істейді. Жеті ай өткеннен кейін арнайы іздеу жұмыстары басталады. | |
Ezek | Kaz | 39:15 | Сол адамдар елді тағы бір рет шарлап жүріп, әлі де көмілмеген адам сүйектерін көргенде, жерлеушілер тобының соны «Гог әскері аңғарына» алып кетулері үшін оның қасына бір белгі қойып кетпек. | |
Ezek | Kaz | 39:17 | Ал саған, пендем, Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Барлық жыртқыш құстар мен аңдарды шақырып, оларға былай деп хабарла: Менің өздеріңе дайындап жатқан ұлы құрбандық асыма жиналып келіңдер! Жан-жақтан Исраилдің тауларына жиылып, сонда ет жеп, қан ішіңдер! | |
Ezek | Kaz | 39:18 | Сөйтіп қуаттылардың етін жеп, жердің әміршілерінің қанын ішесіңдер. Солар қошқар, тоқты, теке, жас бұқадай, тіпті Башанның бордақы малындай қоңды болады. | |
Ezek | Kaz | 39:19 | Семіз етті тойғанша жеп, қанды масайғанша ішіңдер! Бұл Менің сендерге даярлап отырған құрбандық асым болмақ. | |
Ezek | Kaz | 39:20 | Менің әзірлеген дастарқанымнан жылқы мен салт аттылардың, батырлар мен түрлі жасақшылардың етіне тойыныңдар!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны бұйырады. | |
Ezek | Kaz | 39:21 | «Ал Мен салтанатты ұлылығымды халықтардың арасында орнатамын. Сонда барлық ұлттар Менің соларға үкімімді шығарып, оны құдіретті қолыммен іске асырғанымды көретін болады. | |
Ezek | Kaz | 39:22 | Сол кезден бастап әрі қарай Исраил халқы Менің өздерінің Құдайы Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Ezek | Kaz | 39:23 | Ал басқа халықтар Исраил халқының не себептен жер аударылғанын ұғады: Исраил халқы Маған опасыздық жасап кінәлі болды. Сондықтан Мен олардан жүзімді бұрып әкетіп, халықты жауларының қолына түсірдім де, семсерден қырылуларына жол бердім. | |
Ezek | Kaz | 39:24 | Мен оларға өздерінің Маған қарсы шығып, опасыздық жасап арамданғандарына сәйкес әрекет етіп, олардан бет-жүзімді жасырдым». | |
Ezek | Kaz | 39:25 | Сонымен Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Мен енді Жақыптың үрім-бұтағын жер аударылып кеткен жағынан алып келіп, қолды болған мал-мүлкін қалпына келтіріп, бүкіл Исраил халқына мейірімімді түсіремін. Сөйтіп Өзімнің қасиетті есімімді қайрат-жігермен қорғаймын. | |
Ezek | Kaz | 39:26 | Олар өз елдерінде қайтадан аман-есен өмір сүріп, енді ешкім күш көрсетіп, қорқытпайды. Сонда өздерінің Маған опасыздық жасап масқара болғандарын мойындайды. | |
Ezek | Kaz | 39:27 | Мен оларды дұшпандарының елдерінен, бөтен ұлттардың арасынан жинап әкелгенімде, көптеген халықтардың көз алдында олар арқылы Өзімнің киелілігімді көрсетемін. | |
Ezek | Kaz | 39:28 | Себебі Мен оларды жат ұлттардың арасына жер аудартқан болсам да, кейін олардың ешқайсысын да ұмыт қалдырмай, өз елдеріне жинаймын. Сонда олар Менің өздерінің Құдайы Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
Chapter 40
Ezek | Kaz | 40:1 | Біздің жер аударылғанымыздан кейінгі жиырма бесінші жылдың басында, бірінші айдың оныншы күні, яғни Иерусалим қаласының жау қолына түскенінен кейінгі он төртінші жылы, дәл сол күні маған Жаратқан Иенің рухани құдіреті қонды. Сонда Құдай мені | |
Ezek | Kaz | 40:2 | Өзі көрсеткен көріністерде Исраил еліне алып барды да, зәулім таудың басына әкеліп тұрғызды. Таудың оңтүстік беткейінде қалаға ұқсас бірқатар ғимараттар орналасқан екен. | |
Ezek | Kaz | 40:3 | Құдай мені сол жерге алып келгенде, қала қақпасының маңында тұрған біреуді көрдім. Оның түрі қолаға ұқсады, қолында зығыр жіп пен өлшеуіш таяқ бар еді. | |
Ezek | Kaz | 40:4 | Осы хабаршы маған тіл қатып: «Ей, пенде, ұқыпты қара да тыңда. Өзіңе көрсететіндерімнің бәріне мұқият назар сал! Сен сол үшін де осында әкеліндің. Көргеніңнің бәрін Исраил халқына жеткіз!» — деді. | |
Ezek | Kaz | 40:5 | Содан кейін қарасам, ғибадатхана тұрған жерді айнала қабырға салынған екен. Әлгі хабаршының қолындағы өлшеуіш таяғының ұзындығы алты шынтақ болды. Ол қолданып жүрген ұзындау шынтақ — бір қалыпты шынтақ және қосымша бір тұтам болатын ұзындық өлшемі. Хабаршы қабырғаның қалыңдығы мен биіктігін де өлшеді: екеуі де бір-бір өлшеуіш таяқтан болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:6 | Содан соң хабаршы шығыс жаққа қарап тұрған қақпа ғимаратына барып, баспалдағымен жоғары көтерілді. Ол ғимараттың табалдырығын өлшегенде, оның ұзындығы бір өлшеуіш таяққа тең болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:7 | Ғимараттың екі жағындағы күзетшілер бөлмелерінің әрқайсысының ені мен ұзындығы да бір-бір өлшеуіш таяққа тең болды. Ал екі бөлменің арасындағы қашықтық бес шынтақ болды. Қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ішкі аула жағындағы табалдырығының ұзындығы да бір өлшеуіш таяқтан тұрды. Осы табалдырық бағаналы кіреберістің маңында орналасқан. | |
Ezek | Kaz | 40:8 | Киелі үйге қарап тұрған бағаналы кіреберістің қақпасының табалдырығы өлшенгенде, оның ұзындығы бір өлшеуіш таяқ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:9 | Хабаршы қақпаның бағаналы кіреберісінің өзін де өлшеді: ол сегіз шынтақ, ал екі бағанасының қалыңдығы екі шынтақ құрады. Қақпаның бағаналы кіреберісі ішкі жаққа, яғни киелі үйге, қарап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 40:10 | Шығыс қақпа ғимаратының екі жағында күзетшілерге арналған үш-үштен бөлмелер бар екен. Әрқайсысының үлкендігі бірдей еді. Бөлмелердің арасындағы шығыңқы қабырғалардың қалыңдығы да бірдей болды. | |
Ezek | Kaz | 40:11 | Хабаршы қақпаға кіретін жердің енін өлшеді, сол он шынтақ, ұзындығы он үш шынтақ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:12 | Қақпаның екі жағындағы күзетшілер бөлмелерінің әрқайсысының алдында (биіктігі) бір шынтақ болатын кедергі қабырға бар еді. Бөлмелердің ені мен ұзындығы алты шынтақтан болды. | |
Ezek | Kaz | 40:13 | Содан соң хабаршы бір күзетші бөлмесінің артқы қабырғасының жоғарғы жағынан қарсы жатқан бөлменің артқы қабырғасының жоғарғы жағына дейінгі арақашықтықты өлшеді. Ол жиырма бес шынтақ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:14 | Қақпа ғимаратының ішіндегі шығыңқы қабырғалардың ұзындығын қоса өлшегенде, ол алпыс шынтақты құрады. Өлшем аулаға шығып тұрған бағаналы кіреберіске дейін жасалды. | |
Ezek | Kaz | 40:16 | Ғимараттың күзетші бөлмелері мен шығыңқы қабырғаларды айналдыра қақпақты терезелер жасалған еді. Терезелер ішке қарай кеңейе түседі екен. Шығыңқы қабырғалар құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. | |
Ezek | Kaz | 40:17 | Мұнан кейін хабаршы мені қақпа ғимаратынан алып шығып, ғибадатхананың сыртқы ауласына апарды. Бүкіл ауланы айналдыра тас төселген жол жатты. Сол жолдың бойында отыз бөлме салынған екен. | |
Ezek | Kaz | 40:18 | Тас төселген жол қақпа ғимараттарының екі жағына келіп тірелді. Оның ені ғимараттың ұзындығымен бірдей болды. Бұл — тас төселген төменгі жол. | |
Ezek | Kaz | 40:19 | Содан соң хабаршы тас төселген төменгі жолдың арғы жағы мен ішкі ауланың сыртының арасын өлшеді, ол жүз шынтақ болып шықты. Шығыс және Солтүстік қақпа ғимараттарының қастарындағы сондай аралықтарының өлшемдері де бірдей, яғни жүз шынтақты құрады. | |
Ezek | Kaz | 40:20 | Бұдан кейін хабаршы солтүстік жақтан ішкі аулаға апаратын қақпа ғимаратының ұзындығы мен енін өлшеді. | |
Ezek | Kaz | 40:21 | Ғимараттың екі жағындағы үш-үштен орналасқан күзетші бөлмелерінің, олардың арасындағы шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері дәл Шығыс қақпа ғимаратының өлшемдерімен бірдей екен. Яғни осы ғимараттың ішімен өтетін жолдың да ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:22 | Оның терезелері, бағаналы кіреберісі мен құрма ағашының бедерлі бейнелерінің өлшемдері де Шығыс қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимаратына жеті баспалдақ көтерілді. Бағаналы кіреберісі ғимараттың ішкі жағында орналасқан еді. | |
Ezek | Kaz | 40:23 | Солтүстік қақпа ғимаратына қарама-қарсы тұрған, ішкі аулаға апаратын тағы бір қақпа ғимараты бар еді. Ол Шығыс қақпа ғимаратына қарама-қарсы тұрған әлгі қақпа ғимараты сияқты екен. Хабаршы бір-біріне қарама-қарсы тұрған сол қақпа ғимараттарының арақашықтығын өлшеді, ол да жүз шынтаққа тең болды. | |
Ezek | Kaz | 40:24 | Мұнан соң хабаршы мені оңтүстік жаққа жетелеп апарды. Сонда мен оңтүстікке қарап тұрған қақпа ғимаратын көрдім. Соның күзетші бөлмелеріндегі шығыңқы қабырғалардың және бағаналы кіреберісінің өлшемдері өзге қақпа ғимараттарынікіндей болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:25 | Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында, өзге қақпа ғимараттарынікіндей тар терезелері бар екен. Ғимараттың ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу шынтақ, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:26 | Осы қақпа ғимаратына да жеті баспалдақ көтерілді, әрі бағаналы кіреберісі оның ішкі жағында орналасқан еді. Соның екі жағындағы бағаналар да құрма ағашының бейнелерімен бедерленіпті. | |
Ezek | Kaz | 40:27 | Ішкі ауланың да оңтүстікке қарап тұрған қақпа ғимараты бар болатын. Хабаршы осы ғимарат пен оңтүстік жақтағы сыртқы қақпа ғимаратының арасын өлшеді. Бұл арақашықтық жүз шынтақ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:28 | Содан соң хабаршы мені Оңтүстік қақпа ғимараты арқылы ішкі аулаға алып келді де, оңтүстік қақпа ғимаратын өлшеді. Оның да өлшемдері басқалардікімен бірдей болды. | |
Ezek | Kaz | 40:29 | Оның күзетші бөлмелері, шығыңқы қабырғалары және бағаналы кіреберісінің өлшемдері басқа қақпа ғимараттарының осындай бөліктерінің өлшемдерімен бірдей болып шықты. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында терезелер бар екен. Қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу шынтақ, ені жиырма бес шынтақ болды. | |
Ezek | Kaz | 40:30 | Ішкі ауланың айналасындағы қақпа ғимараттарының бағаналы кіреберісінің ені жиырма бес, ұзындығы бес шынтақ екен. | |
Ezek | Kaz | 40:31 | Бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға қарап тұрды. Оның бағаналары да құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Ғимаратқа сегіз баспалдақ көтерілді. | |
Ezek | Kaz | 40:32 | Мұнан кейін хабаршы мені ішкі аулаға апаратын шығыс жақтағы қақпа ғимаратына алып келді де, соны өлшеді. Оның өлшемдері басқа қақпа ғимараттарының өлшемдерімен бірдей болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:33 | Оның күзетші бөлмелері, шығыңқы қабырғалары және бағаналы кіреберісінің өлшемдері өзге де қақпа ғимараттарының өлшемдеріндей болды. Қақпа ғимараты мен оның бағаналы кіреберісінің айналасында терезелер бар екен. Ғимараттың ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болды. | |
Ezek | Kaz | 40:34 | Қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға шығып тұрды. Екі жағындағы бағаналары да құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Оған сегіз баспалдақ көтерілді. | |
Ezek | Kaz | 40:35 | Содан соң хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимаратына алып келді де, оны өлшеді. Соның өз өлшемдері, | |
Ezek | Kaz | 40:36 | күзетші бөлмелерінің, шығыңқы қабырғаларының және бағаналы кіреберісінің өлшемдері басқа қақпа ғимараттарынікіндей болды. Оның да айналасында терезелер бар екен. Солтүстік қақпа ғимаратының ішімен өтетін жолдың ұзындығы елу, ені жиырма бес шынтақ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 40:37 | Ғимараттың бағаналы кіреберісі сыртқы аулаға қарап тұрды. Оның екі жағындағы бағаналары құрма ағашының бейнелерімен бедерленген еді. Ғимаратқа сегіз баспалдақ көтерілді. | |
Ezek | Kaz | 40:38 | Бір ішкі қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісінің жанында бір бөлменің есігі болды. Бұл бөлмеде түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынған малдардың бөліктері жуылатын. | |
Ezek | Kaz | 40:39 | Сол ғимараттың бағаналы кіреберісінің екі жағында екі үстел орналасқан еді. Солардың үстінде түгелдей өртелетін, әрі күнәнің құнын және айыбын өтейтін үш түрлі құрбандыққа мал шалынатын. | |
Ezek | Kaz | 40:40 | Бағаналы кіреберістің сыртында, Солтүстік қақпа ғимаратына көтерілетін баспалдақтардың екі жағында, тағы екі үстелден орналасқан екен. | |
Ezek | Kaz | 40:41 | Осылайша қақпа ғимаратының ішкі және сыртқы жақтарында құрбандық мал сойылып, дайындалуға арналған төрт үстелден, барлығы сегіз үстел орналасыпты. | |
Ezek | Kaz | 40:42 | Сол сияқты, түгелдей өртелетін құрбандықтар үшін қашалған тастан жасалған төрт үстел де болды. Солардың әрқайсысының ұзындығы мен ені бір жарым, ал биіктігі бір шынтақ екен. Үстелдердің үстінде түгелдей өртелетін және басқа да құрбандық малдарды сойып, бөлшектеуге арналған құралдар жатты. | |
Ezek | Kaz | 40:43 | Қабырғаларға айналдыра аша тәрізді қармақтардай ілгіштер бекітіліпті. Олардың әрқайсысының ұзындығы бір тұтамнан болды. Құрбандықтардың еті үстелдердің үстіне салынатын. | |
Ezek | Kaz | 40:44 | Ішкі аулада екі бөлме бар еді. Олардың біреуі Солтүстік қақпа ғимаратының жанында оңтүстікке қарай, екіншісі Оңтүстік қақпа ғимаратының жанында солтүстікке қарай орналасқан еді. | |
Ezek | Kaz | 40:45 | Хабаршы маған былай деді: «Оңтүстікке қараған бөлме киелі үйді басқарып, бақылап қорғау міндетін атқаратын діни қызметкерлерге арналған. | |
Ezek | Kaz | 40:46 | Ал солтүстікке қараған бөлме құрбандық үстеліне байланысты міндеттерді атқаратын діни қызметкерлерге арналған. Осы діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтары. Себебі Жаратқан Иеге қызмет ету үшін Оның алдына жақындап келу тек Садықтан тараған леуіліктерге ғана рұқсат етілген». | |
Ezek | Kaz | 40:47 | Содан соң хабаршы ішкі ауланы өлшеді. Ол тік төртбұрышты екен: ұзындығы мен ені жүз шынтақтан. Құрбандық өртелетін үстел киелі үйдің дәл алдында орналасыпты. | |
Ezek | Kaz | 40:48 | Хабаршы мені киелі үйдің бағаналы кіреберісіне алып келді де, бағаналы кіреберістің екі жағындағы қабырғаларын өлшеді. Олардың ені бес шынтақтан, кіреберістің өз ені он төрт шынтақ және оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың қалыңдығы үш шынтақтан болып шықты. | |
Chapter 41
Ezek | Kaz | 41:1 | Содан соң хабаршы мені киелі үйдің қасиетті бөлмесіне алып барды. Соның кіреберісінің екі жағындағы шығыңқы қабырғаларды өлшеді. Олардың қалыңдығы алты шынтақ құрады. | |
Ezek | Kaz | 41:2 | Кіреберістің ені он шынтақ, ал оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені бес шынтақтан болды. Хабаршы киелі үйдің қасиетті бөлмесін өлшегенде, оның ұзындығы қырық шынтақ, ені жиырма шынтақ екен. | |
Ezek | Kaz | 41:3 | Содан соң ол ең қасиетті бөлмеге кірді де, оның кіреберістегі шығыңқы қабырғаларын өлшеді. Солардың әрқайсысының ені екі шынтақтан болды. Кіреберістің өз ені алты шынтақ, оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені жеті шынтақтан болды. | |
Ezek | Kaz | 41:4 | Содан соң хабаршы қасиетті бөлменің арғы жағындағы бөлменің ені мен ұзындығын өлшеді. Екеуі де жиырма шынтақтан екен. Хабаршы маған: «Бұл — ең қасиетті бөлме», — деп түсіндірді. | |
Ezek | Kaz | 41:5 | Кейін хабаршы киелі үйдің қабырғасын өлшеді. Соның қалыңдығы алты шынтақ екен. Киелі үйдің екі бүйірі мен арт жағын жапсарлай салынған қосалқы бөлмелердің әрқайсысының ені төрт шынтақтан болды. | |
Ezek | Kaz | 41:6 | Осы бөлмелер бірінің үстіне бірі, үш қабат етіліп салыныпты. Әр қабатта отыз бөлмеден болды. Қосалқы бөлмелердің арқалық бөренелерінің тіреліп тұрулары үшін ғимараттың қабырғалары әр қабат сайын кертпештеніп салыныпты. Ал қосалқы бөлмелердің арқалық бөренелері киелі үйдің қабырғаларына кіріп тұрмады. | |
Ezek | Kaz | 41:7 | Осылайша жоғарғы бөлмелер өздерінің астында орналасқан бөлмелерден кеңірек болды. Жоғарғы бөлмелерді көтеріп тұратын төменгі бөлмелер қабаты жоғарылаған сайын кеңейе түседі, себебі киелі үйдің қабырғалары кертпештеніп құрылды. Бірінші қабаттан баспалдақпен ортаңғы, одан жоғарғы қабатқа да көтерілуге болатын еді. | |
Ezek | Kaz | 41:8 | Мен киелі үйдің айналасындағы қосалқы бөлмелердің бір негіздің үстінде тұрғанын көрдім. Негіз бір саты көтеріңкі тегіс жатты. Оның биіктігі бір өлшеуіш таяқ, демек алты шынтақ, болды. | |
Ezek | Kaz | 41:9 | Қосалқы бөлмелердің сыртқы қабырғасының қалыңдығы бес шынтақ екен.Киелі үйдің айналасындағы қосалқы бөлмелер мен | |
Ezek | Kaz | 41:10 | діни қызметкерлердің бөлмелерінің арасындағы ашық алаңқайдың ені жиырма шынтақ болды. Бұл алаңқай бүкіл киелі үйді айналдыра жатты. | |
Ezek | Kaz | 41:11 | Қосалқы бөлмелерге осы ашық алаңқайдан солтүстік және оңтүстік жақтан кіруге болатын. Ашық алаңқаймен шектесіп тұрған негіздің ені барлық жағынан бес шынтақты құрады. | |
Ezek | Kaz | 41:12 | Киелі үйдің ауласының батыс жағында орналасқан ғимараттың ені жетпіс шынтақ еді. Ғимараттың қабырғасының қалыңдығы барлық жерінде бес шынтақ, ал ғимараттың ұзындығы тоқсан шынтақ болды. | |
Ezek | Kaz | 41:13 | Бұдан соң хабаршы киелі үйдің сыртын өлшеді. Соның ұзындығы жүз шынтақ, алдындағы ауланың және қабырғаларымен бірге өлшенген ғимараттың жалпы ұзындығы жүз шынтақ болып шықты. | |
Ezek | Kaz | 41:14 | Киелі үйдің алдындағы алаңқайды қосқанда оның шығыс жағындағы ауланың ені жүз шынтақты құрады. | |
Ezek | Kaz | 41:15 | Содан соң әлгі хабаршы киелі үйдің артындағы аулаға қарайтын ғимараттың ұзындығын өлшеді, ол жүз шынтақ болды. Сол ғимараттың екі жағынан қосалқы бөлмелер шығып тұрды.Киелі үйдің қасиетті бөлмесі, ең қасиетті бөлмесі және аулаға қарап тұрған бағаналы кіреберісі | |
Ezek | Kaz | 41:16 | ағаш тақтайлармен қапталған еді. Осы үшеуінің айналасындағы табалдырықтар, терезелер және қосалқы бөлмелер де табалдырықтан бастап жоғарыға қарай терезелерге дейін ағаш тақтайлармен қапталған екен. Терезелердің алдында кереге көз іспетті торлар орналасыпты. | |
Ezek | Kaz | 41:17 | Киелі үйдің ең қасиетті бөлмесіне кіреберістің үстіндегі орын және қабырғалардың сыртқы, ішкі жақтары да белгілі қалыпқа сәйкес дайындалған ағаш тақтайлармен қапталыпты.Тақтайлардың бетіне бір-бірінен белгілі бір арақашықтықта | |
Ezek | Kaz | 41:18 | керуб атты күзетші періштелер мен құрма ағаштарының бедерлі бейнелері ойылып жасалған еді. Құрма ағаштары мен періштелердің бедерлері бір-бірімен алма-кезектесіп орналастырылыпты. Әрбір күзетші періштенің екі жүзі болды: | |
Ezek | Kaz | 41:19 | біріншісі — адамның жүзі, ол бір жағындағы құрма ағашына, ал екіншісі — арыстанның жүзі, ол өзге жағындағы құрма ағашына қарап тұрды. Бұндай бедерлер бүкіл киелі үйді айналдыра нақышталып ойылған екен. | |
Ezek | Kaz | 41:20 | Қасиетті бөлменің қабырғасында еденнен кіреберістің үстіндегі орынға дейін күзетші періштелердің және құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған екен. | |
Ezek | Kaz | 41:21 | Қасиетті бөлменің есігінің жақтаулары тік төртбұрышты еді. Ең қасиетті бөлмеге апаратын есіктің жақтаулары да дәл осындай пішінде болды. Осы есіктің алдында | |
Ezek | Kaz | 41:22 | құрбандық үстелі тұрды. Соның биіктігі үш шынтақ, ені мен ұзындығы екі шынтақтан еді. Үстелдің бұрыштарындағы мүйіз тәрізді шошақтары, негізі және жақтары ағаштан екен. Сол хабаршы маған: «Жаратқан Иенің алдындағы үстел, міне, осы!» — деді. | |
Ezek | Kaz | 41:25 | Қабырғалардағы сияқты, қасиетті бөлменің есіктеріне де күзетші періштелер мен құрма ағаштарының бедерлері ойылып салынған болатын.Бағаналы кіреберістің сыртына асылып шығып тұрған шағын төбе салыныпты. | |
Chapter 42
Ezek | Kaz | 42:1 | Содан соң әлгі хабаршы мені ішкі ауладан Солтүстік қақпа арқылы сыртқы аулаға бастап алып шықты. Сонда мені бірнеше бөлмелерге алып барды. Олар бөлектенген ішкі ауланың солтүстіктегі қабырғасына көлденең тұрды. | |
Ezek | Kaz | 42:2 | Бұл бөлмелер орналасқан үйдің есігі солтүстікке қарай шығып тұрды. Ғимараттың ұзындығы жүз шынтақ, ені елу шынтақ болды. | |
Ezek | Kaz | 42:3 | Жаңағы ғимараттың бір қатарындағы бөлмелер ішкі ауланың ені жиырма шынтақ болатын ашық алаңқайына, ал екінші қатардағы бөлмелер сыртқы ауладағы тас төселген жолға қарап тұрды. Бұл екі қатардың әрқайсысында үш қабаты бір-біріне бетпе-бет орналасқан бөлмелер кешені болды. | |
Ezek | Kaz | 42:4 | Екі қатардағы бөлмелердің арасымен ені он шынтақ, ұзындығы жүз шынтақ ішкі жол өтті. Осы бөлмелердің есіктері солтүстікке қарап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 42:5 | Бұл ғимараттың жоғарғы қабаттардағы бөлмелерінің ені олардан төменгі бөлмелердікінен гөрі тарлау еді. Өйткені жоғарғы қабаттардағы бөлмелердің алдындағы жол үшін орын қалдыру қажет болды. | |
Ezek | Kaz | 42:6 | Аулалардағы ғимараттарды тіреп тұрған бағаналар бар екен. Бірақ осы үш қабаттық ғимаратта бағаналар болмады. Сондықтан да жоғарғы қабаттардағы бөлмелердің ауданы одан төменгі қабаттағы бөлмелерге қарағанда шағындау болды. | |
Ezek | Kaz | 42:7 | Бөлмелерді сыртқы ауладан бөліп тұратын сыртқы қоршау қабырға да болды. Ол бөлмелердің алдында елу шынтаққа созылып жатты. | |
Ezek | Kaz | 42:8 | Сыртқы аула жақтағы бөлмелердің қатары елу шынтаққа созылып жатса, киелі үйге жақынырақ жатқан бөлмелердің қатары жүз шынтаққа созылып жатты. | |
Ezek | Kaz | 42:10 | Киелі үйдің оңтүстік жағындағы сыртқы ауланың қоршау қабырғасын бойлай, яғни ішкі және сыртқы аулалардың арасында, тағы сондай бөлмелер кешені орналасыпты. | |
Ezek | Kaz | 42:11 | Бөлмелердің алдында жүретін ішкі жолдар бар еді. Оңтүстік жақтағы осы бөлмелер кешені солтүстік жақтағы сияқты болды. Екі кешеннің ені, ұзындығы және басқа өлшемдері де, қақпалары мен есіктері де өзара бірдей болыпты. | |
Ezek | Kaz | 42:12 | Бөлмелер арасындағы ішкі жолдың басында, сыртқы қоршау қабырға бойында бір есік бар еді. Ол арқылы бөлмелерге шығыс жақтан кіруге болатын. | |
Ezek | Kaz | 42:13 | Содан соң хабаршы маған тіл қатып былай деді: «Ішкі аулаға қарап тұрған оңтүстік және солтүстік жақтағы осы бөлмелер діни қызметкерлерге арналған. Сол бөлмелерде Жаратқан Иенің алдына қызмет етуге баратын діни қызметкерлер Оған ерекше бағышталған ең қасиетті құрбандықтар мен сый-тартулардан тамақтанады. Сол бөлмелерде ең қасиетті тартулар — астық тартулары, күнәнің құнын және айыпты өтейтін тартулар сақталады. Себебі бұл бөлмелер — Жаратқан Иеге ерекше бағышталған қасиетті орын. | |
Ezek | Kaz | 42:14 | Діни қызметкерлер сол киелі орынға кірген соң, сыртқы аулаға тікелей шықпасын. Қайта, олар алдымен Жаратқан Иеге қызмет еткен кезде киген арнайы киімдерін шешулері керек. Өйткені бұл киімдер де тек Жаратқан Иенің алдында қызмет етуге ғана арналған. Халық жүретін жерлерге шығар алдында олар киімдерін ауыстырып, кәдімгі киімдерін киюлері қажет». | |
Ezek | Kaz | 42:15 | Ғибадатхананың ішкі жағындағы өлшемдерді жасап болған соң, хабаршы мені Шығыс қақпа ғимараты арқылы сыртқа шығарды да, ғибадатхананың төңірегіндегі ауданды өлшей бастады. | |
Chapter 43
Ezek | Kaz | 43:2 | Кенеттен шығыс жақтан Исраилдің Құдайының келе жатқан нұрлы салтанатын көрдім. Оның үні сарқырап қатты ағып жатқан судың гүріліндей болды. Төңіректегі бүкіл жер Оның салтанатынан нұрланып жарқырап тұрды. | |
Ezek | Kaz | 43:3 | Мен көріп жатқан осы көрініс Құдайдың қаланы құртуға келген кезінде және өзім Хобар өзенінің бойында болғанда көрген көріністер сияқты болды. Содан мен жерге етпетімнен жата кеттім. | |
Ezek | Kaz | 43:5 | Сонда Рух мені көтеріп алды да, ішкі аулаға апарды. Міне, киелі үй Жаратқан Иенің нұрлы салтанатына кенелді. | |
Ezek | Kaz | 43:6 | Әлгі хабаршы әлі де қасымда тұрған кезде киелі үйдің ішінен маған сөйлеген дауысты естідім. | |
Ezek | Kaz | 43:7 | Ол былай деді: Пендем, бұл орын — Менің «тағым» тұратын жер және «табан тіренішім». Мен осы орында исраилдіктердің арасында әрқашан боламын. Не Исраил халқының өзі, не олардың патшалары Менің киелі есімімді енді қайтып арамдамайтын болады. Олар биіктеу жерлеріндегі жалған тәңір мүсіндеріне және дүние салған патшаларының ескерткіш бағаналарына бұдан былай табынбайды. | |
Ezek | Kaz | 43:8 | Олар тіпті сол табыну орындарының табалдырықтары мен жақтауларын Менің киелі үйімнің табалдырығы мен жақтауына жанамалатып жақын қойды. Менімен өздерінің арасын бөліп тұрған тек бір қабырға ғана қалды. Осылай Менің киелі есімімді өздерінің жексұрын күнәларымен қорлады. Сондықтан Мен қаһарланып, оларды құртып жібердім. | |
Ezek | Kaz | 43:9 | Ал енді, олар өздерінің жалған тәңірлерінің мүсіндерін және дүние салған патшаларының бағаналарын Менің алдымнан біржола алып тастасын! Сонда Мен олардың арасында ұдайы тұрамын. | |
Ezek | Kaz | 43:10 | Пендем, сонымен киелі үйді Исраил халқына суреттеп бер! Содан олар өздерінің күнәларынан ұялып, жобаға көңіл аударсын. | |
Ezek | Kaz | 43:11 | Егер халық барлық істегендеріне ұялып өкінсе, оларға ғибадатхананың бүкіл жобасын: оның құрылысын, шығатын есіктері мен кіреберістерін әрі оның ережелері мен заңдарын айтып бер. Олар ғибадатхананың жобасы мен оны салудың ережелерін түгел сақтай алулары үшін соның бәрін егжей-тегжейлі сипаттап жазып қой. | |
Ezek | Kaz | 43:12 | Ал енді, ғибадатханаға қатысты тағылым мынау: Сион тауының басындағы ғибадатханаға жапсарлас жатқан жердің бәрі Өзіме ерекше бағышталған, ең қасиетті болып саналады. Ғибадатхана жайлы заң, міне, осындай. | |
Ezek | Kaz | 43:13 | Құрбандық үстелінің өлшемдері әдеттегі бір шынтақ пен қосымша бір тұтамнан тұратын ұзындау шынтақпен өлшенеді. Құрбандық үстелінің айналасында тереңдігі бір шынтақ, ені бір шынтақ науа болады. Соның сыртқы шетінде ені бір қарыс болатын ернеуі бар. Ал құрбандық үстелінің биіктігі мынадай: | |
Ezek | Kaz | 43:14 | жердегі науадан бастап оның бірінші сатысына дейінгі биіктігі екі шынтақ, ені бір шынтақ. Кішірек сатыдан үстіндегі үлкенірек сатыға дейінгі аралық биіктігі төрт шынтақ, ені бір шынтақ. | |
Ezek | Kaz | 43:15 | Құрбандық үстелінің үстіндегі құрбандық өртелетін ошақтың биіктігі төрт шынтақ. Ошақтан жоғары қарай төрт мүйіз шығып тұр. | |
Ezek | Kaz | 43:17 | Үстіңгі саты да тік төрт бұрышты, ені мен ұзындығы он төрт шынтақтан. Сатының ені жарты шынтақ болатын ернеуі бар. Соның жан-жағын айнала тереңдігі бір шынтақ науасы бар. Құрбандық үстеліне шығатын баспалдақ оның шығыс жағында орналасқан. | |
Ezek | Kaz | 43:18 | Содан соң хабаршы маған былай деді: «Пендем, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сол құрбандық үстелі салынып болған соң, оның үстінде түгелдей өртелетін құрбандықты өртеп ұсыну және құрбандықтың қанын бүркіп шашу жайлы ережелер мыналар болсын: | |
Ezek | Kaz | 43:19 | Леуінің ұрпағы Садықтан тараған, Менің алдыма келіп қызмет ететін діни қызметкерлерге күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде бір жас бұқа берілсін, — деп тапсырады Жаратушы Тәңір Ие. — | |
Ezek | Kaz | 43:20 | Жас бұқаны құрбандыққа шалған соң, оның біраз қанын алып, құрбандық үстелінің төрт мүйізіне, жоғарғы сатының төрт бұрышына және оның қасындағы бүкіл ернеуіне жағу керек. Осылайша құрбандық үстеліне күнәнің арамдығынан тазарту рәсімі жасалады. | |
Ezek | Kaz | 43:21 | Содан соң күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа арналған жас бұқаның денесін ғибадатхананың сыртындағы арнайы орынға шығарып, сонда өртеп жіберу керек. | |
Ezek | Kaz | 43:22 | Екінші күні еш мінсіз бір теке күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалынсын. Құрбандық үстеліне жас бұқаның қанымен істелінгендей, енді текенің қанымен де сондай тазарту рәсімі жасалсын. | |
Ezek | Kaz | 43:23 | Тазарту рәсімі орындалған соң, мінсіз бір жас бұқаны және отардан алынған мінсіз бір қошқарды құрбандыққа шалу керек. | |
Ezek | Kaz | 43:24 | Олар Жаратқан Иенің киелі үйінің алдына әкелініп, құрбандыққа ұсынылсын. Діни қызметкерлер оларға тұз сеуіп, Жаратқан Иенің алдында құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жібереді. | |
Ezek | Kaz | 43:25 | Жеті күн бойы күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалу үшін күн сайын бір текеден әкелінсін. Сол сияқты, бір жас бұқадан және отардан алынған бір қошқардан да берілсін. Құрбандық малдардың қай-қайсысының да міні болмасын. | |
Ezek | Kaz | 43:26 | Сөйтіп жеті күн бойы құрбандық үстелін тазартып, оған күнәнің арамдығынан тазарту рәсімін жасау керек. Құрбандық үстелі осылайша Жаратқан Иеге бағышталып, қасиетті болады. | |
Ezek | Kaz | 43:27 | Осы жеті күн өткеннен кейінгі сегізінші күннен бастап әрі қарай, діни қызметкерлер сол құрбандық үстелінде сендердің шалынып, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынатын болсын. Сонда Мен сендерді рақыммен қабылдаймын», — деп уәде етеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Chapter 44
Ezek | Kaz | 44:1 | Бұдан кейін әлгі хабаршы мені қайтадан киелі үйдің шығысқа қарап тұрған сыртқы қақпа ғимаратына алып келді. Бірақ ол жабық екен. | |
Ezek | Kaz | 44:2 | Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Мына қақпа жабық тұрсын! Оны ешкімге ашуға болмайды, ол арқылы ешкім кірмеуі де керек. Мен, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, онымен ішке кірдім. Сондықтан ол жабық тұруға тиіс. | |
Ezek | Kaz | 44:3 | Тек әміршіге ғана оның ішімен өтетін жолда отырып, Жаратқан Иенің алдында құрбандық асынан жеуіне болады. Ол онда бағаналы кіреберіспен кіріп, сол жолмен ғана кері шығуға тиіс». | |
Ezek | Kaz | 44:4 | Содан соң әлгі хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимараты арқылы киелі үйдің алдына алып келді. Мен қарап тұрғанда Жаратқан Иенің нұрлы салтанатының Жаратқан Иенің киелі үйін кенелтіп жатқанын көрдім де, етпетімнен жата кеттім. | |
Ezek | Kaz | 44:5 | Жаратқан Ие маған тағы тіл қатып былай деді: «Пендем, Мен саған Өзімнің киелі үйіме қатысты айтатын ережелер мен заңдардың бәріне құлақ түріп, назар аударып ден қой! Киелі үйге кіру және одан шығу жайлы ережелерге мұқият көңіл бөл! | |
Ezek | Kaz | 44:6 | Бас көтергіш Исраил халқына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жексұрын күнә жасауларың жетер енді, уа, Исраил халқы! | |
Ezek | Kaz | 44:7 | Сендер жат жұрттықтарды Менің киелі үйіме кіргіздіңдер. Олардың тәні сүндеттелмеген және жүректері де Маған бағышталған емес. Сөйтіп сендер Маған «тамағымды»: құрбандықтың іш майы мен қанын ұсынып жатқан кездеріңде-ақ Менің киелі үйімді арамдадыңдар. Осындай жексұрын істеріңмен Менің Келісімімді бұздыңдар. | |
Ezek | Kaz | 44:8 | Менің киелі рәсімдерімді қорғауға байланысты міндеттеріңді мұқият орындаудың орнына, киелі үйдегі қорғау қызметтеріңді соған еш қатысы жоқ жат жұрттықтарға істетіп қойдыңдар. | |
Ezek | Kaz | 44:9 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: Жүрегі Маған бағышталмаған және тәні сүндеттелмеген бірде-бір жат жұрттық Менің киелі ғибадатханама кірмесін! Сондай адам тіпті исраилдіктердің арасында тұратын болса да ғибадатханама кірмеуге тиіс». | |
Ezek | Kaz | 44:10 | «Сондай-ақ, Исраил халқы тура жолдан адасып, өздерінің діңгек тәрізді жиренішті тәңірлеріне табынып кеткен кездері солармен бірге Менен безіп кеткен леуіліктер де өз күнәларының зардабын тартуға тиіс. | |
Ezek | Kaz | 44:11 | Олардың ғибадатханамда түрлі қызметтерді атқаруларына болады: олар киелі үйдің қақпа ғимараттарын күзетсін, әрі халықтың түгелдей өртелетін құрбандыққа не басқа да тартулар ретінде ұсынған малдарын соятын болсын. Сонымен қатар леуіліктер халықтың алдында тұрып, оларға қызмет көрсетсін. | |
Ezek | Kaz | 44:12 | Бірақ халық діңгек тәрізді жиренішті тәңірлерге табынып жүргенде леуіліктер де соларға ғибадат етіп, Исраил халқын күнәға батырды. Сондықтан Мен салтанатты түрде ант етіп былай деймін: Леуіліктер өз күнәларының зардаптарын тартатын болады! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. | |
Ezek | Kaz | 44:13 | Леуіліктер діни қызметкер ретінде Маған жақындаушы болмасын, не Менің киелі заттарыма, не ең киелі құрбандықтарыма да жақындамасын! Себебі олар өздерінің жексұрын күнәларының зардабын тартуға тиіс. | |
Ezek | Kaz | 44:14 | Сонда да Мен киелі үйді күзетіп, ондағы істелуге қажетті күнделікті міндеттер мен жұмыстардың барлығын атқаруды леуіліктерге жүктеймін. | |
Ezek | Kaz | 44:15 | Тек Садықтан тараған леуіліктер ғана діни қызметкер бола алады. Өзге исраилдіктер Менен безіп кеткен кездері олар Менің киелі үйімді қорғап, міндеттерін адал атқарып жүрді. Сондықтан Садықтың ұрпақтары Менің алдыма келіп, діни қызмет атқара берсін. Олар алдымда тұрып, құрбандық малдардың іш майы мен қанын ұсынсын! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие. — | |
Ezek | Kaz | 44:16 | Тек солар ғана Менің киелі үйіме кіріп, үстеліме жақындап, алдымда қызмет атқарсын. Олар Мен тапсырған қорғауды және өзге де міндеттерін орындай берсін! | |
Ezek | Kaz | 44:17 | Діни қызметкерлер қақпа ғимараттары арқылы ішкі аулаға кіргенде, үстеріндегі киімдері бәтестен тігілген болсын. Не ішкі аулада, не киелі үйде қызмет еткенде олар үстеріне жүннен тоқылған киім кимеулері керек. | |
Ezek | Kaz | 44:18 | Олар сонда бастарына бәтес матадан сәлде кисін, шалбарлары да бәтестен болсын. Үстеріне (жүн не басқа да) терлететін ештеңе кимесін. | |
Ezek | Kaz | 44:19 | Діни қызметкерлер халық жүретін сыртқы аулаға шыққанда, олар қызмет еткенде киетін киімдерін шешіп, арнайы бөлмелерде қалдырсын да, кәдімгі киімдерін киіп шықсын! Әйтпесе олар арнайы киімдерімен халыққа жанасып, солары арқылы халыққа киелілік таратып жүрер. | |
Ezek | Kaz | 44:20 | Діни қызметкерлер шаштарын не тақырлап алғызбасын, не тым ұзын қылып өсіріп те жібермесін. Қайта, олар шаштарын қырқып қысқартып жүрсін. | |
Ezek | Kaz | 44:22 | Оларға не жесір әйелге, не күйеуінен ажырасқан әйелге үйленуге болмайды. Олар тек Исраил халқынан шыққан пәк қызға немесе қайтыс болған басқа діни қызметкердің жесіріне ғана үйленсін! | |
Ezek | Kaz | 44:23 | Діни қызметкерлер Менің халқыма киелі мен киелі емес жай нәрселерді бір-бірінен ажыратуды үйретіп, оларға арам мен адалды қалай айыруды көрсетсін. | |
Ezek | Kaz | 44:24 | Діни қызметкерлер кез келген дауларға Менің шешімдеріме сай билік айтуға міндетті. Олар, сондай-ақ, Менің белгілеген мейрамдарыма байланысты заңдар мен ережелерімді сақтап, демалыс күндерімді ұстанып қастерлеулері керек. | |
Ezek | Kaz | 44:25 | Діни қызметкер қайтыс болған адамның мәйітіне жақындап өзін арамдамасын. Бірақ егер оның әке-шешесі, ұл-қызы, туған аға-інісі немесе тұрмыс құрмаған әпке-қарындасының біреуі қайтыс болған болса, соның мәйітіне жақындап, таза емес күйге түсуіне болады. | |
Ezek | Kaz | 44:26 | Алайда содан соң тазару рәсімінен өтіп, тағы жеті күн күткеннен кейін ғана оған ғибадатханадағы міндеттеріне қайтадан кірісуіне болады. | |
Ezek | Kaz | 44:27 | Ол ғибадатхананың ішкі ауласына қызмет атқаруға баратын күні өзі үшін күнәнің құнын өтейтін құрбандық ұсынуға тиіс, — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие. | |
Ezek | Kaz | 44:28 | Діни қызметкерлердің мұралық жері жөніндегі ереже мынау: олардың мұралық үлесі Менмін. Оларға Исраилден ешқандай меншікті жер аймағы үлестірілмесін, себебі олардың үлесі Өзіммін. | |
Ezek | Kaz | 44:29 | Діни қызметкерлер халықтың ғибадатханаға алып келген сый-тартуларынан өздеріне тиісті бөліктерін алып, күндерін көретін болады: астық тартуларының, күнәнің құнын және айыпты өтейтін құрбандықтардың белгілі бөліктері оларға тиесілі. Сонымен қатар Исраилде Жаратқан Иеге бағышталған нәрселердің бәрі олардікі болмақ. | |
Ezek | Kaz | 44:30 | Барлық алғашқы өнімдерің мен арнайы тартуларыңның ең жақсылары да діни қызметкерлердікі болады. Үйдегі диірменде бидай тартқанда, оның бірінші үлесін де соларға беріңдер! Сонда сендердің шаңырақтарыңа Менің ақ батам қонады. | |
Chapter 45
Ezek | Kaz | 45:1 | Елді руларға мұралық меншік етіп үлестіргендеріңде, ұзындығы жиырма бес мың, ені жиырма мың шынтақ болатын жер көлемін Жаратқан Иеге ерекше бағышталған қасиетті аудан ретінде бөліп, ұсыныңдар! Сол аудан түгелдей қасиетті болады. | |
Ezek | Kaz | 45:2 | Осының ішінен ені мен ұзындығы бес жүз шынтақ жер ғибадатханаға арналып белгіленсін. Айналасында тағы да ені елу шынтақ болатын жер тілімі бос қалдырылсын. | |
Ezek | Kaz | 45:3 | Киелі жер ауданынан ұзындығы жиырма бес мың, ені он мың шынтақ бөлікті бөліп қойыңдар. Осы айрықша жерде киелі үй мен оның ішіндегі ең қасиетті бөлме орналассын. | |
Ezek | Kaz | 45:4 | Қасиетті аудан киелі үйде Жаратқан Иенің алдында қызмет ететін діни қызметкерлерге арналсын. Олардың тұратын үйлері және киелі үйдің өзі осы жерде орналассын. | |
Ezek | Kaz | 45:5 | Сонымен қатар ұзындығы жиырма бес мың, ені он мың шынтақ болатын екінші аудан ғибадатханада қызмет ететін леуіліктерге қоныстануға табысталсын. | |
Ezek | Kaz | 45:6 | Қасиетті ауданмен шекаралас жатқан ені бес мың, ұзындығы жиырма бес мың шынтақ болатын тағы бір арнайы аудан белгіленсін. Ол бүкіл Исраил халқына тиесілі қалаға арналсын». | |
Ezek | Kaz | 45:7 | «Әміршіге арнап тағы да екі аудан белгіленсін. Солардың біріншісі қасиетті ауданның және қаланың меншікті жерінің батыс жағымен шекаралас болсын. Екіншісі солардың шығыс жағымен шекаралас болсын. Әміршінің екі ауданының арғы шекаралары Исраил руларының жерінің батыс және шығыс шекараларының жалғасы болады. | |
Ezek | Kaz | 45:8 | Бұл екі аудан әміршінің Исраилдегі меншікті жері болады. Осылайша Менің тағайындаған әміршілерім енді қайтып халқымды қанамайтын болады. Олар елдің қалған жерін Исраил халқына рулары бойынша үлестіріп табыстасын». | |
Ezek | Kaz | 45:9 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны да айтады: «Жетер енді, уа, Исраилдің әміршілері! Зорлық-зомбылық жасауды доғарып, әділ де дұрыс істер істеңдер! Менің халқымды тонап, (өздерінің мұралық жерлерінен) қууларыңды қойыңдар!» — Жаратушы Тәңір Ие осыны бұйырады. | |
Ezek | Kaz | 45:10 | «Бұдан былай сендердің таразыларың әрі (қатты, сұйық заттардың көлемін өлшейтін) ефа және бат деген өлшемдерің дұрыс болсын! | |
Ezek | Kaz | 45:11 | Ефа мен баттың көлемі бірдей болсын. Бат та, ефа да хомердің оннан бір бөлігіне тең болсын. Сөйтіп хомер осы екі өлшемнің де үлгісі болмақ. | |
Ezek | Kaz | 45:12 | Салмақтың бекітілген өлшемі мысқал болсын. Бір мысқалда жиырма гераһ болсын, әрі алпыс мысқал бір минаны құрасын». | |
Ezek | Kaz | 45:13 | «Сендер арпа мен бидай өнімінің әр алпыс үлкен қаптан біреуін әміршіге салық ретінде беріп тұруға тиіссіңдер. | |
Ezek | Kaz | 45:14 | Зәйтүн жемістерінен сығып алынған майдың жүзден бір мөлшері де берілсін. Зәйтүн майы батпен өлшенсін. Он бат бір қорға және бір хомерге тең. | |
Ezek | Kaz | 45:15 | Сондай-ақ, Исраилдің шүйгін жайылымдарындағы ұсақ малдың әр екі жүз қойынан біреуі әміршіге берілуге тиіс. Осы аталғандар күнәларыңның кешірілуі үшін астық тартуларына, түгелдей өртеліп ұсынылатын құрбандықтарға және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін тартуларға қоса әкелінсін. Сол малдар халық үшін күнәнің арамдығынан тазарту рәсімі жасалғанда құрбандыққа шалынсын». — Жаратушы Тәңір Ие мұны бұйырады. | |
Ezek | Kaz | 45:17 | Ал әміршінің міндетіне — мейрамдардың, әр айдың алғашқы күнінің және демалыс күндері кезінде, яғни Исраил халқының барлық белгіленген мейрамдары кезінде, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарды және астық-сұйық тартуларын қамтамасыз ету жатады. Ол өзі Исраил халқының күнәларының кешірілуі үшін күнәнің құнын өтейтін, астық-сұйық тартуларын және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін тартуларды ұсынады». | |
Ezek | Kaz | 45:18 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Әр жылдың бірінші айының бірінші күні еш мінсіз бір жас бұқаны құрбандыққа шалып, киелі үйге тазарту рәсімін жасаңдар. | |
Ezek | Kaz | 45:19 | Діни қызметкер күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың қанынан алып, оны киелі үйдің есіктерінің жақтауларына, құрбандық үстелінің үстіңгі сатысының төрт бұрышына және ішкі аулаға апаратын қақпа ғимараттарының жақтауларына жақсын. | |
Ezek | Kaz | 45:20 | Сол айдың жетінші күні сендер білместіктен, яғни байқамай, күнә жасаған әрбір адам үшін дәл осыны істеңдер. Осылайша сендер киелі үйді күнәнің арамдығынан тазартасыңдар. | |
Ezek | Kaz | 45:21 | Жеті күнге созылатын Құтқарылу мейрамын бірінші айдың он төртінші күнінен бастап өткізе бастаңдар. Мейрам кезінде сендер ашымаған нан жейсіңдер. | |
Ezek | Kaz | 45:22 | Сол күні әмірші өзі үшін және елдің бүкіл халқы үшін бір бұқаны күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалсын. | |
Ezek | Kaz | 45:23 | Әмірші мейрамның жеті күнінің әр күнінде Жаратқан Иеге арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ретінде еш мінсіз жеті бұқа мен жеті қошқарды, әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде бір текені ұсынып отыруға тиісті. | |
Ezek | Kaz | 45:24 | Шалынатын әр бұқа мен әр қошқарға қоса әмірші астық тартуы ретінде бір пұттан бидай ұнын және әрбір пұт ұнға қоса тоғыз қадақтан зәйтүн майын ұсынатын болсын. | |
Chapter 46
Ezek | Kaz | 46:1 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ішкі ауланың Шығыс қақпа ғимараты алты жұмыс күні бойы жабық тұрып, демалыс күндері мен әр айдың алғашқы күні ашық тұрсын. | |
Ezek | Kaz | 46:2 | Әмірші сырттан осы қақпа ғимаратының бағаналы кіреберісі арқылы кіріп, оның ішімен өтетін жолда орналасқан бағананың қасында тұрсын. Діни қызметкерлер әміршінің түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалып, өртеп Өзіме ұсынсын. Әміршінің өзі қақпа табалдырығының қасында иіліп ғибадат етсін. Содан соң ол сыртқы аулаға шығып кетеді. Қақпа ғимараты кешке дейін жабылмайды. | |
Ezek | Kaz | 46:3 | Елдің халқы демалыс күндері мен әр айдың алғашқы күні Шығыс қақпа ғимаратының кіреберісінің қасында Менің, Жаратқан Иенің, алдында иіліп ғибадат етсін. | |
Ezek | Kaz | 46:4 | Әміршінің демалыс күні Маған, Жаратқан Иеге, арнап алып келетін, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтары мінсіз алты еркек тоқты және мінсіз бір қошқар болсын. | |
Ezek | Kaz | 46:5 | Қошқарға қоса ұсынылатын астық тартуы бір пұт бидай ұны, ал тоқтыларға қоса берілетін астық тартуы әміршінің өз еркіне қарай болсын. Әмірші әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майын қоса ұсынуы керек. | |
Ezek | Kaz | 46:6 | Айдың алғашқы күні әмірші бір жас бұқаны, алты тоқты мен бір қошқарды құрбандыққа ұсынуы керек. Малдардың бәрі де мінсіз болуға тиіс. | |
Ezek | Kaz | 46:7 | Әмірші жас бұқаға және қошқарға қоса бір пұттан бидай ұнын тарту етсін. Ал тоқтыларға қоса ол астық тартуын өз еркіне қарай барынша берсін. Оның әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майын қоса беруі де қажет. | |
Ezek | Kaz | 46:8 | Әмірші қақпа ғимаратына кіргенде, соның бағаналы кіреберісі арқылы өтіп, сол жолмен кері шығып кететін болсын. | |
Ezek | Kaz | 46:9 | Елдің халқы белгіленген мейрамдарды тойлауға Жаратқан Иенің алдына келгенде, Солтүстік қақпа ғимаратынан кіргендері Оңтүстік қақпа ғимаратынан, ал Оңтүстік қақпа ғимаратынан кіргендері Солтүстік қақпа ғимаратынан шығатын болсын. Әркім кірген қақпа ғимаратынан шықпай, қарама-қарсы қақпа ғимаратынан шығатын болсын. | |
Ezek | Kaz | 46:10 | Сол мейрамдарда әмірші халықтың арасында болып, аулаға олармен бірге кіріп, бірге шығатын болсын. | |
Ezek | Kaz | 46:11 | Сонымен ғибадатханадағы арнайы жиындарда және белгіленген мейрамдарда құрбандыққа шалынатын әр бұқа мен қошқарға қоса ұсынылатын астық тартуының мөлшері бір пұттан болсын. Тоқтыларға қоса ұсынылатын бидай мөлшері құрбандық шалушының еркіне сай болмақ. Тарту етілген әр пұт ұнға тоғыз қадақтан зәйтүн майы қоса әкелінсін. | |
Ezek | Kaz | 46:12 | Әмірші Жаратқан Иеге арнап не шалынып, түгелдей өртелетін, не Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықты ерікті тарту ретінде ұсынбақ болғанда, оған ішкі ауланың шығысқа қарап тұрған қақпа ғимараты ашылуы керек. Ол өзінің құрбандықтарын демалыс күні жасалатындай етіп ұсынсын. Содан соң әмірші шығып кетіп, қақпа қайтадан жабылсын. | |
Ezek | Kaz | 46:13 | Әр күні таңертең мінсіз бір жасар тоқтыны Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық қылып шалыңдар. | |
Ezek | Kaz | 46:14 | Оған қоса әр таңертең сайын пұттың алтыдан бір бөлігі мөлшерінде астық тартуын да жасаңдар. Ұнға қосып араластыру үшін үш қадақ зәйтүн майын да әкеліңдер. Жаратқан Иеге осы астық тартуын ұсынып тұру тұрақты ереже болады. | |
Ezek | Kaz | 46:15 | Осылайша күн сайын таңертең түгелдей өртелетін құрбандыққа арналған тоқты, астық тартуы және зәйтүн майы ұдайы қамтамасыз етіліп тұратын болады». | |
Ezek | Kaz | 46:16 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны да айтады: «Егер әмірші ұлдарының біріне өз мұралық жерінен сый жасаса, осы жер сол ұлының ұрпақтарының да меншігіне өте береді. Бұл атадан балаға өтетін сол үрім-бұтақтың мұрасына айналады. | |
Ezek | Kaz | 46:17 | Ал егер әмірші өз меншікті жерінен қызметкерлерінің біріне сый жасаса, бұл Мерекелі жылға дейін ғана сол қызметкердің иелігінде болады. Мерекелі жылда сол жер үлесі әміршіге қайтып оралады. Себебі әміршінің меншікті жері өз ұрпақтарына ғана мұра болып қала алады, ол тек соларға ғана тиісті. | |
Ezek | Kaz | 46:18 | Әмірші ешкімді оның мұралық жерінен қуып шығып, соны иемденіп алмасын! Әмірші ұлдарына мұраны тек өзінің меншікті жер үлесінен ғана берсін. Менің халқымның ешбір адамы өзіне тиісті мұралық жерінен айырылып қалмасын!» | |
Ezek | Kaz | 46:19 | Енді әлгі хабаршы мені қақпа ғимаратының жанындағы кіреберіс арқылы діни қызметкерлерге арналған, солтүстік жаққа қарайтын қасиетті бөлмелерге де ертіп алып барды. Маған сол бөлмелердің батыс шетіндегі бір жерді көрсетті де, | |
Ezek | Kaz | 46:20 | былай деді: «Осы жерде діни қызметкерлер айыпты өтеу және күнәнің құнын өтеу құрбандықтарының етін пісіріп, астық тартуларының нанын жабады. Бұл тартулар мен құрбандықтарды сыртқы аулаға алып шығуға болмайды. Себебі олай етілсе, онда ауладағы халық та Құдайға ерекше бағышталып киелі болар еді». | |
Ezek | Kaz | 46:21 | Содан соң хабаршы мені (халыққа арналған) сыртқы аулаға алып шықты да, ауланың төрт бұрышын түгел аралатты. Төрт бұрыштың әрқайсысынан мен бір-бір шағын ауладан көрдім. | |
Ezek | Kaz | 46:22 | Қабырғамен қоршалған осы шағын аулалардың әрқайсысының ұзындығы қырық, ені отыз шынтақтан болды. | |
Ezek | Kaz | 46:23 | Әлгі қабырғалардың ішкі жағын айналдыра тас үстелдер тұрды. Барлығының астында от жағылатын ошақтары бар екен. | |
Chapter 47
Ezek | Kaz | 47:1 | (Мен көрген көріністе) әлгі хабаршы мені киелі үйдің кіреберісіне қайтадан алып барды. Міне, киелі үйдің табалдырығының астынан су шығып ағып жатыр екен! Су шығысқа қарай ағып жатты, өйткені киелі үй шығыс жаққа қарай орналасқан. Содан бұлақ үйдің және құрбандық үстелінің оңтүстік жағынан өтіп шықты. | |
Ezek | Kaz | 47:2 | Мұнан кейін хабаршы мені Солтүстік қақпа ғимараты арқылы алып шықты да, сырт жақпен айналып барып, шығысқа қарап тұрған сыртқы қақпаға апарды. Міне, су ағыны қақпаның оңтүстік жағынан өтіп ағып жатты. | |
Ezek | Kaz | 47:3 | Әлгі хабаршы мені ертіп алып, қолындағы өлшеуіш жібімен су ағынының бойымен шығысқа қарай жүрді де, мың шынтақ қашықтықты өлшеді. Сол жерде мені су ағынынан өткізді. Су толарсағымнан келді. | |
Ezek | Kaz | 47:4 | Хабаршы тағы бір мың шынтақты өлшеп алды да, мені тіземнен келіп тұрған ағынды судан өткізді. Ол қайтадан бір мың шынтақты өлшеп алып, енді мені белуардан келетін судан өткізді. | |
Ezek | Kaz | 47:5 | Хабаршы тағы бір мың шынтақты өлшегенде, ендігі су ағыны мен кешіп өте алмайтындай терең болды. Өйткені су көтеріліп, адам жүзіп өтпесе, кешіп өте алмайтын тасқынды өзенге айналыпты. | |
Ezek | Kaz | 47:6 | Хабаршы менен: «Пенде, мынаны байқап тұрсың ба?» — деп сұрады.Мұнан кейін мені қайтадан өзеннің жағасына ертіп шығарды. | |
Ezek | Kaz | 47:7 | Мен сол жерге қайтып келгенде, міне, өзеннің екі жағында да көптеген ағаштардың өсіп тұрғанын көрдім. | |
Ezek | Kaz | 47:8 | Хабаршы маған былай деп түсіндірді: «Мына су шығыс жаққа қарай ағып, Иордан өзенінің алқабына құлдилайды да, сол жерде Өлі теңізге құяды. Өзен суы сол теңізге құйған бойда, оның суы тұщы болып шыға келеді. | |
Ezek | Kaz | 47:9 | Өзен қай жермен ақса, сонда аң-құстар мен өзге де тірі жануарлар қаптап кетеді. Өлі теңізде балық та өте мол болады, өйткені өзен ағысы ащы суды тұщытады. Өзен аққан жерлердің бәрінде өмір өркендейді. | |
Ezek | Kaz | 47:10 | Бүкіл жағалауда балықшылар тұратын болады. (Теңіздің батыс жағасындағы) Ен-Гедиден (шығыс жағасындағы) Ен-Әглаимге дейінгі аралық балықшылардың балық аулап, торларын кептіретін жері болады. Осы теңіздегі балықтың түрлері Жерорта теңізіндегілер сияқты өте көп болады. | |
Ezek | Kaz | 47:12 | Өзеннің екі жағасында да әр түрлі жеміс ағаштары өсетін болады. Олардың жапырақтары еш қурамайды, жемістері де таусылмайды. Киелі орыннан шыққан су оларға ағып келетіндіктен, сол ағаштар әр ай сайын жеміс беріп тұратын болады. Олардың жемістері халыққа тамақ, жапырақтары дәрі-дәрмек болады». | |
Ezek | Kaz | 47:13 | Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Елдің жерін мына шекаралар бойынша Исраилдің он екі руына бөліп, иемденуге беріңдер! Жүсіптің ұрпақтарына екі үлес тиюі керек. | |
Ezek | Kaz | 47:14 | Қалған жер өзге рулардың арасында тең бөлінсін. Мен сендердің ата-бабаларыңа салтанатты түрде ант еткендігімнен, бұл жер сендердің мұралық меншіктерің болады. | |
Ezek | Kaz | 47:15 | Елдің шекаралары мынадай болады: Солтүстік жақтан ол Жерорта теңізінен Хетлон жолы арқылы, Лебо-Хаматтың қасымен Седад, | |
Ezek | Kaz | 47:16 | Берот, Сибраим қалаларына дейін, одан әрі Ауранның шекарасындағы Хасар-Тихонға дейін созылады. Ал Сибраим Дамаск пен Хамат патшалықтарының арасындағы шекарада орналасқан. | |
Ezek | Kaz | 47:17 | Сонымен Жерорта теңізінен шекара Дамаскінің солтүстік шекарасындағы Хасар-Енан қаласына дейін созылады. Хасар-Енанның солтүстік жағында Хаматтың шекарасы бар. Елдің солтүстік шекарасы осы болады. | |
Ezek | Kaz | 47:18 | Шығыс жақтағы шекара Ауран мен Дамаскінің арасында басталып, Ғилақад пен Исраилдің елдерінің арасында жатқан Иордан өзенінің бойымен жүре отырып, Шығыс теңізге, одан әрмен Тамарға дейін жетеді. Елдің шығыс шекарасы осы болады. | |
Ezek | Kaz | 47:19 | Оңтүстіктегі шекара Тамардан Қадештің маңайындағы Меріба суына дейін ұласады да, одан Мысырдың шетіндегі өзен аңғарының бойымен Жерорта теңізіне дейін жетеді. Елдің оңтүстік шекарасы осы болады. | |
Ezek | Kaz | 47:20 | Батыс шекара Жерорта теңізін бойлай отырып, Лебо-Хаматқа қарама-қарсы жерге дейін созылады. Елдің батыс шекарасы осы болады. | |
Ezek | Kaz | 47:21 | Сендер осы аталған шекаралардың ішіндегі жерді Исраилдің рулары бойынша өзара бөлісіп алыңдар! | |
Ezek | Kaz | 47:22 | Бұл жерді сендер араларыңда қоныстанып, ұрпақ сүйген жат жұрттықтармен бірге мұралық меншік етіп бөлісіп алуларың керек. Мұндай жат жұрттықтарға жергілікті исраилдіктер ретінде қараңдар! Өздеріңмен бірге оларға да Исраил руларының арасынан бірдей үлес тиюге тиіс. | |
Chapter 48
Ezek | Kaz | 48:1 | «Аттары аталып тізімделген рулар мыналар:Елдің солтүстік шекарасында Данның үлесі болады. Оның шегі Хетлон жолының бойымен Лево-Хаматқа дейін барып, Дамаскінің Хаматқа қарай жатқан солтүстік шекарасында орналасқан Хасар-Енан қаласына дейін жетеді. Осылайша Дан руының жер үлесі елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылмақ. | |
Ezek | Kaz | 48:2 | Аширдің жер үлесі Данның жерімен оның оңтүстік жағында шекараласып жататын болады. Ол да елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылмақ. | |
Ezek | Kaz | 48:3 | Нафталимге Аширдің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:4 | Манасаға Нафталимнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан келесі жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:5 | Ефремге Манасаның жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:6 | Рубенге Ефремнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:7 | Яһудаға Рубеннің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді». | |
Ezek | Kaz | 48:8 | «Яһуданың жерімен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан аймақты ерекше мақсатқа арнап бөлек қойыңдар. Оның ені жиырма бес мың шынтақ болып, шығыстан батысқа дейінгі ұзындығы рулардың үлестеріне тиген жердің ұзындығымен тең болсын. Осы арнайы аймақтың ортасында киелі орын орналасады. | |
Ezek | Kaz | 48:9 | Сендер Жаратқан Иеге бағыштауға тиісті қасиетті ауданның ұзындығы жиырма бес мың, ені жиырма мың шынтақ болады. | |
Ezek | Kaz | 48:10 | Бұл ауданның бір бөлігі діни қызметкерлерге арналған қасиетті жер үлесі болады. Соның солтүстік және оңтүстік жақтарындағы ұзындығы жиырма бес мың шынтақтан, батыс және шығыс жақтарындағы ені он мың шынтақтан болады. Қасиетті жер үлесінің ортасында Жаратқан Иенің киелі орны орналасады. | |
Ezek | Kaz | 48:11 | Бұл қасиетті жер үлесі Жаратқан Иеге бағышталған діни қызметкерлер — Садықтың ұрпақтарына арналады. Олар Маған қызмет етуде адал болды. Исраил халқы Менен адасып кеткенде олар өзге леуіліктер сияқты халықпен бірге Өзімнен безіп кеткен жоқ. | |
Ezek | Kaz | 48:12 | Бұл — елдің жері үлестірілген кезде оларға берілетін айрықша жер үлесі. Ол ең қасиетті болмақ. Өзге леуіліктердің тұратын жерлері онымен шекараласып жатады. | |
Ezek | Kaz | 48:13 | Леуіліктерге арналған жер үлесі діни қызметкерлердің жер үлесіндей болады: ұзындығы жиырма бес мың, ені он мың шынтақ. Осы екі жер үлесінің ұзындығы жиырма бес мың, жалпы ені жиырма мың шынтақ болмақ. | |
Ezek | Kaz | 48:14 | Осы жерді не сатуға, не айырбастауға болмайды. Бұл — елдің таңдаулы, Жаратқан Иеге бағышталған киелі жері, ол басқалардың қолына өтпеуі керек». | |
Ezek | Kaz | 48:15 | «Ені бес мың, ұзындығы жиырма бес мың шынтақ болатын қалған жер үлесі қаланың әдеттегі мұқтаждықтарына: үй салуға және мал жайылымына арналады. Қала сол жер үлесінің ортасында болмақ. | |
Ezek | Kaz | 48:16 | Қаланың өлшемдері мынадай болады: солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс жақтары төрт мың бес жүз шынтақтан. | |
Ezek | Kaz | 48:17 | Қалаға арналып солтүстік, оңтүстік, шығыс және батыс жақтардан екі жүз елу шынтақ мөлшерінде жайылым жер бөлініп беріледі. | |
Ezek | Kaz | 48:18 | Осы жер үлесінің қасиетті ауданмен шекараласып, онымен ұзындығы бірдей болатын қалған бөлігі шығыс пен батыс жақтардан он мың шынтақ жер көлемін алып жатпақ. Осы егістік жердің өнімі қаланың жұмысшыларын тамақпен қамтамасыз ететін болады. | |
Ezek | Kaz | 48:19 | Қалада жұмыс істеуге Исраилдің барлық руларынан шыққандар келіп, оған егін егетін болады. | |
Ezek | Kaz | 48:20 | Сонымен осы бүкіл жер үлесі тік төрт бұрышты болады. Әр жағының ұзындығы жиырма бес мың шынтақты құрайды. Ол қаланың өзінің үлестік жерімен қоса, қасиетті ауданды да қамтымақ. Сол жер үлесін Жаратқан Иеге бағыштап бөлек қойыңдар». | |
Ezek | Kaz | 48:21 | «Қасиетті аудан мен қалаға тиісті жерлердің сыртында қалған жер үлесі әміршіге тиісті болады. Ол қасиетті ауданнан шығыс және батыс шекараларға қарай созылып, ені жиырма бес мың шынтақ болмақ. Оның шығыс және батыс шекаралары рулардың жер үлестерінің шекараларымен ұласады. Осы жер үлесінің екі бөлігі де әміршіге тиісті болады. Киелі үй тұрған қасиетті аудан екеуінің ортасында орналасады. | |
Ezek | Kaz | 48:22 | Сонымен леуіліктердің және қаланың жер үлестері әміршіге тиісті жердің ортасында жатады. Әміршінің жері Яһуда мен Бунямин руларының жер үлестерінің арасында, олармен шектесіп жататын болады». | |
Ezek | Kaz | 48:23 | «Қалған рулардың жерлері мыналар:Буняминге де елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылған бір жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:24 | Шимонға Буняминнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:25 | Исашарға Шимонның жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:26 | Забулонға Исашардың жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:27 | Ғадқа Забулонның жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. | |
Ezek | Kaz | 48:28 | Ғадтың оңтүстік шекарасы Тамардан Қадеш маңайындағы Меріба суына дейін ұласып, оңтүстікке қарай созылады, сосын Мысырдың шетіндегі өзен аңғарымен бойлай отырып, Жерорта теңізіне келіп тіреледі. | |
Ezek | Kaz | 48:29 | Сендер елден Исраил руларына үлестіретін мұралық жерлер осылар». — Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. | |
Ezek | Kaz | 48:30 | «Қаладан шығатын жерлер мыналар: Қаланың қақпалары Исраил руларының аттарымен аталсын. Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын солтүстік жағында | |
Ezek | Kaz | 48:32 | Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын шығыс жақтағы үш қақпаның аттары: Жүсіп, Бунямин, Дан қақпалары. | |
Ezek | Kaz | 48:33 | Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын оңтүстік жақтағы үш қақпаның аттары: Шимон, Исашар, Забулон қақпалары. | |
Ezek | Kaz | 48:34 | Ұзындығы төрт мың бес жүз шынтақ болатын батыс жақтағы үш қақпаның аттары: Ғад, Ашир, Нафталим қақпалары. | |