Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
LUKE
Up
Chapter 1
Luke Kaz 1:1  Қадірлі Теофил! Көптеген адамдар арамызда әбден белгілі болған оқиғаларды баяндауға кірісіп кетті.
Luke Kaz 1:2  Бұл үшін олар Ізгі хабарды уағыздаушылардың әуел бастан-ақ өз көздерімен көріп, бізге айтып жеткізгендеріне сүйенді.
Luke Kaz 1:3  Солардың бәрін басынан бастап ұқыпты зерттеп шыққандықтан, мен де оларды рет-ретімен жазып берсем игі болар еді деп ұйғардым.
Luke Kaz 1:4  Осылайша сіз өзіңіз үйренген осы ілімнің берік негізіне әбден көз жеткізе аласыз.
Luke Kaz 1:5  Яһудея елінің патшасы Иродтың заманында діни қызметкерлердің Абиях тобында Зәкәрия есімді біреу бар болатын. Әйелі Елізабет Һарон әулетінен еді.
Luke Kaz 1:6  Екеуі де Құдай алдында әділ жандар болып, Жаратқан Иенің барлық өсиеттері мен ережелеріне сай мінсіз өмір сүріп жатты.
Luke Kaz 1:7  Бірақ Елізабет құрсақ көтермегендіктен, балалары болмады. Ал екеуінің жасы да ұлғайып қалған еді.
Luke Kaz 1:8  Бір күні Зәкәрия өз тобының кезегі келіп, (Иерусалимдегі ғибадатханада) Құдайға қызмет көрсетіп тұрды.
Luke Kaz 1:9  Сонда діни қызметкерлер дәстүр бойынша ортаға жеребе салып, өздері атқаратын міндеттердің ретін бөлісті. Содан Жаратқан Иенің киелі үйіне кіріп, Оған арналған тарту ретінде жұпар шайыр түтету міндеті Зәкәрияның үлесіне тиді.
Luke Kaz 1:10  Зәкәрия шайырды түтетіп жатқан уақытта қалың жамағат сыртта Құдайға сиынып мінажат етіп тұрды.
Luke Kaz 1:11  Сол кезде Зәкәрияға Жаратқан Иенің бір періштесі көрініп, түтету үстелінің оң жағында тұра қалды.
Luke Kaz 1:12  Зәкәрия оны көргенде селк етіп, бойын қорқыныш билеп алды.
Luke Kaz 1:13  Бірақ періште оған тіл қатып былай деді:— Зәкәрия, қорықпа! Тілегің қабыл болып, әйелің Елізабет саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың.
Luke Kaz 1:14  Төбең көкке жете қуанып шаттанасың, көп адамдар да оның дүниеге келгеніне қуанады.
Luke Kaz 1:15  Ол Жаратқан Иенің алдында мәртебелі болып, шарап, сыра атаулыдан аулақ жүретін болады. Ана құрсағында жатқанда-ақ ол Киелі Рухқа кенеледі.
Luke Kaz 1:16  Жақия исраилдіктердің көбін өздерінің Құдайы — Жаратқан Иеге қайтадан келтіреді.
Luke Kaz 1:17  Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп, Иеміздің алдынан жүретін болады. Әкелерді балаларымен татуластырып, қыңыр мінезділерді әділ жандардың тура жолына бет бұрғызады. Осылайша ол халықты Иеміздің келуіне әзірлейді. —
Luke Kaz 1:18  Алайда Зәкәрия періштеге жауап қайтарып:— Бұған қалай көз жеткізе аламын? Өзім қартайдым, әйелімнің де жасы ұлғайды ғой, — деді.
Luke Kaz 1:19  Періште:— Мен Құдайға қызмет етуші Жәбірейілмін. Ол мені саған осы ізгі хабарды жеткізуге жіберді.
Luke Kaz 1:20  Ал сен мезгілінде орындалатын сөздеріме сенбегендіктен, олар жүзеге асатын күнге дейін сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың, — деді.
Luke Kaz 1:21  Осы екі арада жамағат Зәкәрияның киелі үйде кідіріп қалғанына таңданып, тосып тұрған еді.
Luke Kaz 1:22  Ол сыртқа шыққанда, оларға сөйлей алмай қалды. Сонда жұрт оның киелі үйде аян көргенін ұқты. Себебі Зәкәрия оларға ыммен белгі беріп, мылқау күйінде қала берді.
Luke Kaz 1:23  Өзінің киелі үйдегі қызмет атқару күндері біткеннен кейін Зәкәрия үйіне қайтты.
Luke Kaz 1:24  Бұдан соң әйелі Елізабет құрсақ көтеріп, бес ай бойы жұрт көзінен тасаланып жүрді.
Luke Kaz 1:25  «Жаратқан Ие бұл күндері маған назар аударып, мені адамдар арасында ұятқа қалдырмау үшін осылай жарылқады!» — деп Елізабет Тәңір Иеге ризашылығын білдірді.
Luke Kaz 1:26  Алтыншы айда Құдай Жәбірейіл періштені Ғалилея аймағының Назарет қаласындағы бір қызға жіберді.
Luke Kaz 1:27  Қыздың есімі Мәриям болатын, ол (Исраил елінің ежелгі патшасы) Дәуіттің әулетінен шыққан Жүсіп есімді жігітке айттырылып қойылған еді.
Luke Kaz 1:28  Періште үйге кіріп, оған:— Сәлем саған, Құдай жарылқаған жан, Жаратқан Ие саған жар! — деп тіл қатты.
Luke Kaz 1:29  Мәриям періштені көріп, оның айтқан сөздеріне селк етіп, бұл қандай сәлемдесу деп ойланып тұрып қалды.
Luke Kaz 1:30  Ал періште оған:— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді.
Luke Kaz 1:31  Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың, Оның атын Иса деп қоясың.
Luke Kaz 1:32  Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды.
Luke Kaz 1:33  Иса Жақыптың үрім бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді.
Luke Kaz 1:34  Сонда Мәриям:— Бұл қалай болады? Мен еркекпен жақындасқан емеспін ғой! — деп сұрады.
Luke Kaz 1:35  Періште оған былай деп жауап берді:— Саған Киелі Рух қонып Құдай Тағала сая түсіргендей Өзінің құдіретін дарытады. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп аталмақ.
Luke Kaz 1:36  Бұрын құрсақ көтермейді деп саналған жақын апайың Елізабет те қартайған шағында ұлды болмақ. Алты айдан бері оның аяғы ауыр.
Luke Kaz 1:37  Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! —
Luke Kaz 1:38  Сонда Мәриям:— Мен Жаратқан Иенің күңімін; айтқаныңыз болсын! — деді. Бұдан кейін періште оның қасынан ғайып болды.
Luke Kaz 1:39  Сол күндері Мәриям жолға жиналып, Яһуда руының таулы өңіріндегі бір қалаға жедел жүріп кетті.
Luke Kaz 1:40  Сонда ол Зәкәрияның үйіне түсіп, Елізабетпен амандасты.
Luke Kaz 1:41  Елізабет Мәриямның берген сәлемін естігенде, ішіндегі нәрестесі тыпырлап кетті. Елізабет Киелі Рухқа кенеліп,
Luke Kaz 1:42  қатты дауыстап былай деді:— Құдай әйелдердің арасында сені жарылқаған, құрсағыңдағы Нәрестені де жарылқаған!
Luke Kaz 1:43  Иемнің шешесі маған келетіндей мен соншама кім едім?
Luke Kaz 1:44  Көрдің бе, сәлем берген даусың құлағыма жеткенде, ішімдегі балам қуанып, тыпырлап қоя берді!
Luke Kaz 1:45  Жаратқан Иеге сенген сен бақыттысың, Оның саған айтқаны жүзеге аспақ!
Luke Kaz 1:46  Сонда Мәриям былай деді:— Жан дүнием Иемді мадақтайды,
Luke Kaz 1:47  Құтқарушым Құдайға қуанады:
Luke Kaz 1:48  Күңінің қарапайым жағдайынаҚұдай рақыммен назар аударады.Күллі ұрпақтар мені бұдан былай«Құдай жарылқаған жан» деп атайды:
Luke Kaz 1:49  Есімі киелі Құдіретті ҚұдайМаған керемет ұлы істер жасайды!
Luke Kaz 1:50  Рақымы Өзін қастерлеушілердіңҰрпағынан ұрпағына жалғасады;
Luke Kaz 1:51  Ол қолының құдіретін танытып,Асқақ ниеттілерді шашыратады,
Luke Kaz 1:52  Билік иелерін тақтан құлатып,Атақсыздарды жоғарылатады.
Luke Kaz 1:53  Ашыққандарды игілікке кенелтіп,Байларды құр қол қайтарып қуады.
Luke Kaz 1:54  Тәңір өз қайырымын ескеріп,Қызметшісі Исраилді қамқорлайды:
Luke Kaz 1:55  Ежелгі ата-бабаларымызға,Ыбырайым мен оның ұрпақтарына,Құдай осылай айтқан болатын да.
Luke Kaz 1:56  Мәриям үш айдай Елізабетпен бірге тұрғаннан кейін үйіне қайта оралды.
Luke Kaz 1:57  Елізабеттің босанатын уақыты жетіп, ұл тапты.
Luke Kaz 1:58  Көршілері мен туыстары Жаратқан Иенің оған қайырымдылық жасағанын естіп, қуанышына ортақтасты.
Luke Kaz 1:59  Сегізінші күні олар сәбиді сүндеттеуге келіп, оған Зәкәрия деп әкесінің атын қоймақшы болды.
Luke Kaz 1:60  Бірақ шешесі қарсылық білдіріп:— Жоқ, оның есімі Жақия болады! — деді.
Luke Kaz 1:61  Олар:— Туысқандарыңыздың арасында сондай есімді ешкім жоқ еді ғой! — деп,
Luke Kaz 1:62  әкесінен ұлына қандай ат қойғысы келетінін ымдап сұрады.
Luke Kaz 1:63  Зәкәрия бір жазу тақтайшасын сұрап алып, «Оның есімі Жақия болады!» деп жазды. Бұған бәрі де таңғалысты.
Luke Kaz 1:64  Сол сәтте-ақ Зәкәрияға қайтадан тіл бітіп, Құдайды мадақтай бастады.
Luke Kaz 1:65  Ал төңірегінде тұрған халықтың барлығы үрейленіп қалды. Осы оқиғалар Яһудея елінің бүкіл таулы өңірінде әңгіме болды.
Luke Kaz 1:66  Естігендердің бәрі оларды көңілдеріне түйіп: «Бұл нәресте кім болар екен?» — десті. Себебі Жаратқан Иенің Өзі Жақияны қолдап-қорғап жүрді.
Luke Kaz 1:67  Баланың әкесі Зәкәрия Құдайдың Киелі Рухына кенеліп, Оның хабарын жеткізіп былай деді:
Luke Kaz 1:68  «Исраилдің сиынатын ҚұдайыМадақталсын: оның Жаратқан Иесі!Құдай таңдап алған халқына келеді,Оны құтқарып алып азат етеді!
Luke Kaz 1:69  Құлы Дәуіттің әулетінен бізгеМықты Құтқарушыны шығарады.
Luke Kaz 1:70  Қасиетті пайғамбарларына Ол ежелдеБұларды алдын ала білдірткен еді,
Luke Kaz 1:71  Ондағы мақсаты — бар жауымыздан,Бізді жек көретіндердің қолынанҚұтқарып алып азат ету біздерді.
Luke Kaz 1:72  Құдай арғы ата-бабаларымызғаОсылай шапағатын танытады,Олармен жасаған Өзінің қасиеттіКелісімін енді есіне алады,
Luke Kaz 1:73  Түп атамыз Ыбырайымға ӨзіБерген антын есіне түсіреді.
Luke Kaz 1:74  Бізге жаулардың қолынан құтылып,Өзіне еш алаңсыз қызмет етіп,
Luke Kaz 1:75  Жаратқан Иеміздің көз алдындаҚасиетті де әділ өмір сүругеМәңгі мүмкіндік беретін болады.
Luke Kaz 1:76  Балам, сен осылай Құдай ТағаланыңПайғамбары деп аталатын боласың,Дайындауға Иеміздің жүрер жолын:
Luke Kaz 1:77  Өзінің таңдаған халқын құтқарып,Күнәсін кешіретінін хабарлап,Оның алдынан жүретін боласың:
Luke Kaz 1:78  Мейірімді рақымымен ҚұдайымыздыңШұғылалы Таң, міне, атып келеді!
Luke Kaz 1:79  Ажал төндірген түнектегі біздергеОл Өзінің шапағатты нұрын төгеді,Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді».
Luke Kaz 1:80  Ал Жақия ержүрек, зейінді бала болып есейе берді. Исраил халқының алдына шыққанша, ол айдалада тұрды.
Chapter 2
Luke Kaz 2:1  Сол күндері Рим патшасы Август жер жүзінің барлық тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелуге жарлық шығарды.
Luke Kaz 2:2  Бұл Сирия өлкесін Кирини басқарған замандағы алғашқы халық санағы болатын.
Luke Kaz 2:3  Сонда әркім тізімге тіркелу үшін өзінің атамекеніне барды.
Luke Kaz 2:4  Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге, тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді.
Luke Kaz 2:5  Аяғы ауыр әйелі Мәриям оған еріп жүрді.
Luke Kaz 2:6  Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп,
Luke Kaz 2:7  тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады.
Luke Kaz 2:8  Сол өңірде малшылар жүретін. Олар далада түнеп, малдарын күзетіп жатты.
Luke Kaz 2:9  Кенеттен қастарына Жаратқан Иенің періштесі келіп, төңіректеріне Иеміздің нұрлы салтанаты сәулесін төгіп жіберді. Малшылар зәрелері ұша қорықты.
Luke Kaz 2:10  Ал періште оларға тіл қатып: «Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ:
Luke Kaz 2:11  бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол — Иеміз Мәсіх!
Luke Kaz 2:12  Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», — деді.
Luke Kaz 2:13  Кенеттен періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды былай деп дәріптеді:
Luke Kaz 2:14  «Заңғар көкте Құдай мадақталсын!Жер жүзінде Өзі риза болғанАдамдарға тыныштық болсын!»
Luke Kaz 2:15  Бұдан кейін періштелер көкке көтеріліп, малшылардың қасынан алыстап кетті. Ал малшылар өзара сөйлесіп: «Кәне, Бетлехемге барайық! Сол жерде не болғанын, Жаратқан Иенің бізге білдіргенін көрейік», — деді.
Luke Kaz 2:16  Олар тездетіп барып, Мәриям мен Жүсіпті және ақырда жатқан Нәрестені тапты.
Luke Kaz 2:17  Оны көрген соң, малшылар осы Сәби туралы алған хабарды сол жердегілерге айтып берді.
Luke Kaz 2:18  Мұны естігендердің бәрі малшылардың әңгімесіне қайран қалысты.
Luke Kaz 2:19  Ал Мәриям осы сөздердің барлығын көңіліне түйіп, есіне сақтады.
Luke Kaz 2:20  Малшылардың көріп-естігендері түгелдей періштенің айтқанындай болған соң, олар Құдайды даңқтап, дәріптеп-мадақтап, қайтып кетті.
Luke Kaz 2:21  Сегіз күн өткеннен кейін Нәрестені сүндеттейтін мезгіл жеткенде, Оның атын Иса деп қойды. Шешесі құрсақ көтермес бұрын періште оған осы есімді айтқан еді.
Luke Kaz 2:22  Мұса пайғамбар арқылы берілген Таурат заңына сәйкес тазару кезеңі біткенде, әке-шешесі Исаны Жаратқан Иенің алдына апару рәсімін орындау үшін Иерусалимге алып келді.
Luke Kaz 2:23  Себебі Жаратқан Ие тапсырған Таурат заңында мынадай ереже жазылған: «Құрсақтан шыққан әрбір тұңғыш ұл бала Жаратқан Иеге бағышталсын!»
Luke Kaz 2:24  Әке-шешесі Таурат заңында тағы айтылғандай, «екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді» құрбан етпекші де болды.
Luke Kaz 2:25  Сол кезде Иерусалимде Шимон есімді кісі тұратын. Ол Исраил елінің көрген азабынан құтқарылуын аңсап күтіп келген әділ, Құдайды қастерлейтін жан еді. Киелі Рух оған қонған болатын.
Luke Kaz 2:26  «Жаратқан Ие жіберген Құтқарушы Мәсіхті көрмей тұрып өлмейсің», — деп Киелі Рух Шимонға алдын ала айтқан еді.
Luke Kaz 2:27  Енді Шимон Киелі Рухтың жетелеуімен ғибадатханаға барды. Таурат заңына сәйкес рәсімдерді атқару үшін әке-шешесі Сәбиі Исаны ғибадатханаға әкелгенде,
Luke Kaz 2:28  Шимон Оны қолына алып, Құдайды былай деп мадақтады:
Luke Kaz 2:29  «Уа, Әлемнің Әміршісі, сонымен Сен енді,Өзің алдын ала айтқандай, мендей пендеңдіТыныштықпен о дүниеге аттандырасың.
Luke Kaz 2:30  Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың —Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!»
Luke Kaz 2:31  Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың —Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!»
Luke Kaz 2:32  Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың —Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!»
Luke Kaz 2:33  Жүсіп те, Нәрестенің шешесі Мәриям да Иса туралы айтылғандарға қайран қалды.
Luke Kaz 2:34  Шимон оларға батасын беріп, Мәриямға былай деді: «Осы Бала Исраилдегі көп адамдардың сүрініп, құлауына, ал басқалардың жоғарылауына себепші болады. Ол Құдайдың еркін білдіріп, көбі Оған қарсы шығады.
Luke Kaz 2:35  Сонда жүрек түкпірлеріндегі ой-ниеттері білініп қалады. Ал, Мәриям, сенің жаның жүрегіңді қылышпен тілгілегендей қатты ауыратын болады».
Luke Kaz 2:36  Осы жерде Ашир руынан шыққан Фануел қызы Анна пайғамбар да бар еді. Ол кезінде күйеуге шығып, онымен жеті жыл отасқан, ал енді жасы ұлғайған қарт адам болатын.
Luke Kaz 2:37  Сексен төрт жастағы жесір әйел ораза тұтып, күні-түні Құдайға сиынып қызмет етіп, ғибадатханадан шықпайтын.
Luke Kaz 2:38  Бұл кісі де сол сәтте-ақ келіп, Жаратқан Иені мадақтады. Содан ол Иерусалим қаласының құтқарылуын аңсап күтіп жүргендердің барлығына осы Нәресте туралы хабарды жеткізді.
Luke Kaz 2:39  Мәриям мен Жүсіп Жаратқан Ие бұйырған Таурат заңына сай қажетті рәсімдердің бәрін орындап болғаннан кейін Ғалилеядағы өз қалалары Назаретке қайтып барды.
Luke Kaz 2:40  Бала өсіп, күш жинап, даналыққа кенеле берді. Құдайдың мейір-шапағаты Оның үстінде болды.
Luke Kaz 2:41  Әке-шешесі жыл сайын Құтқарылу мейрамын мерекелеу үшін Иерусалимге баратын.
Luke Kaz 2:42  Иса он екі жасқа толғанда, олар ережеге сай мейрамды тойлауға тағы да Иерусалимге келді.
Luke Kaz 2:43  Мейрам күндері бітіп, әке-шешесі қайтып кетті, ал жасөспірім Иса Иерусалимде қалып қойды. Жүсіп пен Мәриям мұны білмей,
Luke Kaz 2:44  Исаны басқа жолаушылармен бірге келе жатыр деп ойлады. Бір күндік жол жүргеннен кейін Оны туысқандары мен таныстарының арасынан іздей бастады.
Luke Kaz 2:45  Таппаған соң олар Иерусалимге қайта оралды.
Luke Kaz 2:46  Үш күн өткенде ғана Исаны ғибадатханада ұстаздардың ортасынан айтқандарын тыңдап, сұрақтар қойып отырған жерінен тапты.
Luke Kaz 2:47  Тыңдап отырғандардың бәрі Исаның ұғымталдығына және берген жауаптарына қайран қалысты.
Luke Kaz 2:48  Әке-шешесі Оны көргенде аң-таң болды. Шешесі:— Балам, бұл не қылғаның? Әкең екеуіміз қатты алаңдап, Сені іздеп келдік! — деді.
Luke Kaz 2:49  Иса:— Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет, әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді.
Luke Kaz 2:50  Бірақ әке-шешесі Оның айтқан сөздерін түсінбеді.
Luke Kaz 2:51  Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді. Осы сөздердің бәрін шешесі көңіліне түйіп алды.
Luke Kaz 2:52  Ал Исаның ойы да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.
Chapter 3
Luke Kaz 3:1  Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод (Антипас) — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі,
Luke Kaz 3:2  ал Ханна мен Қаяфа — басты діни қызметкерлер болып тұрды. Сол кезде Құдай айдалада Зәкәрия ұлы Жақияға сөзін арнап (оны пайғамбарлық міндетіне кірістірді).
Luke Kaz 3:3  Содан Жақия Иордан өзенінің бойындағы барлық өңірді аралап былай деп уағыз айтты: «Күнәларыңа өкініп теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді».
Luke Kaz 3:4  Бұл — Ишая пайғамбардың жазбасында сақталған мына тәрізді сөздеріне сай болды:Жар салған дауыс шығады айдалада:Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!
Luke Kaz 3:5  Жолдағы сай-салалар толтырылсын,Әрі тау-төбелер аласартылсын,Бұралаң жерлері де түзетілсін,Бұдыр жолдар да түгелдей тегістелсін!
Luke Kaz 3:6  Сонда бар адамзат көре аладыҚұдай Ие жіберген құтқаруды!
Luke Kaz 3:7  Көп халық шомылдыру рәсімінен өту үшін Жақияға келді. Бірақ ол соларға ескертіп былай деді:— Ей, улы жыланның тұқымдары! Келешектегі қаһарлы жазадан құтылуды сендерге кім үйретті?
Luke Kaz 3:8  Егер шынымен теріс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты іс істеңдер! «Біздің түп атамыз — Ыбырайым» деп мақтанбаңдар! Сендерге шын айтамын: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да ұрпақ жасап бере алады.
Luke Kaz 3:9  Қазірдің өзінде-ақ ағаш түбінде балта дайын тұр! Жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады!
Luke Kaz 3:10  Халық Жақиядан:— Енді біздің не істеуіміз керек? — деп сұрады.
Luke Kaz 3:11  Жақия оларға:— Кімнің екі көйлегі болса, біреуін киімі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін! — деп жауап берді.
Luke Kaz 3:12  Тіпті (әділетсіз) салық жинаушылар да өздерін шомылдыру рәсімінен өткізуге келді. Салықшылар:— Ұстаз, біздің не істеуіміз керек? — деп сұрағанда,
Luke Kaz 3:13  Жақия оларға:— Белгіленген мөлшерден артық еш нәрсе талап етпеңдер! — деп тапсырды.
Luke Kaz 3:14  Бірқатар жасақшылар да:— Ал біздің не істеуіміз керек? — деген сұрақ қойды. Жақия оларға:— Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала жауып тонамаңдар! Өз жалақыларыңа қанағаттаныңдар! — деп бұйырды.
Luke Kaz 3:15  Халық Құтқарушы Патша Мәсіхтің келуін күтіп, барлығы Жақия туралы іштей: «Бәлкім, осының өзі Мәсіх шығар?» — деп ойлады.
Luke Kaz 3:16  Жақия бәріне былай деп жауап берді:— Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу келе жатыр. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына және отқа шомылдырады.
Luke Kaz 3:17  Ол бидайды желпушіге ұқсайды: күрегі қолында, қырманын тазартып, «бидайын» жинап, қамбасына құяды, бірақ «қауызын» тозақтың сөнбес отына жағады!
Luke Kaz 3:18  Жақия пайғамбар халыққа тағы басқа да насихат айтып, Ізгі хабарды жариялап жүрді.
Luke Kaz 3:19  Жақия аймақ әкімі Ирод Антипастың өз бауырының әйелі Иродияны тартып алғанын және басқа да көптеген жаман қылықтарын әшкерелеп сөккен еді.
Luke Kaz 3:20  Сондықтан Ирод бұрынғы зұлымдықтары аз болғандай бұған қоса Жақия пайғамбарды түрмеге жаптырды!
Luke Kaz 3:21  Содан бұрынырақ қалың жұрт шомылдыру рәсімінен өтіп жатқан кезде Иса да сол рәсімнен өткен еді. Сонда Иса мінажат еткенде көк ашылып,
Luke Kaz 3:22  көгершін бейнесіндегі Киелі Рух Оның үстіне қонды. Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың, Саған толық ризамын!» — деген дауыс шықты.
Luke Kaz 3:23  Иса Өзінің қызметін бастаған кезде жасы шамамен отызда еді. Жұрттың ойынша Ол Жүсіптің ұлы болатын. Ал Жүсіптің шыққан ата-тегі мынау: Жүсіп Елиден,
Luke Kaz 3:24  Ели Маттаттан, Маттат Леуіден, Леуі Мәлкіден, Мәлкі Жанайдан, Жанай Жүсіптен,
Luke Kaz 3:25  Жүсіп Мататиядан, Мататия Амостан, Амос Нахумнан, Нахум Есліден, Еслі Нағайдан,
Luke Kaz 3:26  Нағай Мақаттан, Мақат Мататиядан, Мататия Семейден, Семей Жүсіптен, Жүсіп Яһудадан,
Luke Kaz 3:27  Яһуда Жохананнан, Жоханан Ресадан, Реса Зоробабелден, Зоробабел Салатиелден, Салатиел Неріден,
Luke Kaz 3:28  Нері Мәлкіден, Мәлкі Аддидан, Адди Қосамнан, Қосам Елмодамнан, Елмодам Ерден,
Luke Kaz 3:29  Ер Ешуадан, Ешуа Елиезерден, Елиезер Жорымнан, Жорым Мататтан, Матат Леуіден,
Luke Kaz 3:30  Леуі Шимеоннан, Шимеон Яһудадан, Яһуда Жүсіптен, Жүсіп Жонамнан, Жонам Елиәкімнен,
Luke Kaz 3:31  Елиәкім Мелеадан, Мелеа Менаннан, Менан Мататадан, Матата Натаннан, Натан Дәуіттен,
Luke Kaz 3:32  Дәуіт Есейден, Есей Ғабиттен, Ғабит Боғоздан, Боғоз Салмоннан, Салмон Нағасоннан,
Luke Kaz 3:33  Нағасон Әминадаптан, Әминадап (Админнан, Админ Арнидан, Арни) Рамнан, Рам Хесроннан, Хесрон Парестен, Парес Яһудадан,
Luke Kaz 3:34  Яһуда Жақыптан, Жақып Ысқақтан, Ысқақ Ыбырайымнан, Ыбырайым Тарахтан, Тарах Нахордан,
Luke Kaz 3:35  Нахор Серуктен, Серук Рәгуден, Рәгу Пелектен, Пелек Еберден, Ебер Шелахтан,
Luke Kaz 3:36  Шелах Қайнаннан, Қайнан Арпақсаттан, Арпақсат Шамнан, Шам Нұхтан, Нұх Ләмехтен,
Luke Kaz 3:37  Ләмех Мәтусалдан, Мәтусал Енохтан, Енох Иәреттен, Иәрет Мақалалелден, Мақалалел Қайнаннан,
Luke Kaz 3:38  Қайнан Еностан, Енос Сеттен, Сет Адам атадан тарады, ал Адам атаны Құдай жаратқан.
Chapter 4
Luke Kaz 4:1  Киелі Рухқа кенелген Иса Иорданнан қайтқанда, Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды.
Luke Kaz 4:2  Сол жерде әзәзіл шайтан Оны қырық күн бойы сынады. Иса сол күндері нәр татпай, осы мерзім аяқталғанда әбден ашықты.
Luke Kaz 4:3  Сонда әзәзіл шайтан Оған:— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыра гөр, — деді.
Luke Kaz 4:4  Иса оған былай деп жауап қатты:— «Адам тек нанмен ғана емес (Құдайдың әрбір сөзімен) өмір сүреді» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Luke Kaz 4:5  Бұдан кейін әзәзіл шайтан Оны ертіп алып биік бір жерге шығарып, әп-сәтте әлемнің барлық мемлекеттерін көрсетіп:
Luke Kaz 4:6  — Осы мемлекеттердің бүкіл билігін, олардың сән-салтанатын Саған беремін. Бұл билік маған тапсырылған, оны көңілім қалағанға сыйлаймын.
Luke Kaz 4:7  Сонымен маған ғибадат етсең бәрі де Сенікі болады, — деді.
Luke Kaz 4:8  Иса оған былай деп жауап қатты:— (Кет қасымнан, шайтан!) «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой!
Luke Kaz 4:9  Мұнан соң әзәзіл шайтан Оны Иерусалим қаласына апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді:— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына жерден төмен қарай секіре гөр!
Luke Kaz 4:10  Өйткені «Періштелеріне Ол Сен жайлы бұйрық береді: олар Сені қорғап күзетеді.
Luke Kaz 4:11  Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін қолдарына көтеріп Сені алып жүреді» деп (Забурда) жазылған ғой. —
Luke Kaz 4:12  Иса оған жауап қайтарып:— «Құдай Иеңді еркінсіп сынама!» деп (Тауратта) айтылған ғой! — деді.
Luke Kaz 4:13  Әзәзіл шайтан барлық сынақтарын бітірген соң уақытша Оның қасынан кетіп қалды.
Luke Kaz 4:14  Киелі Рухтың құдіретіне кенелген Иса Ғалилея аймағына қайтып келді. Ол туралы хабар бүкіл төңірекке тарап кетті.
Luke Kaz 4:15  Иса халыққа мәжілісханаларында тәлім беріп, бәрі Оны мадақтады.
Luke Kaz 4:16  Өзі өскен Назарет қаласына келген соң, Иса әдетіне сай демалыс күні мәжілісханаға барды. Ол Киелі жазбалардан оқып беру үшін орнынан тұрғанда,
Luke Kaz 4:17  Оған Ишая пайғамбардың жазбасы берілді. Иса сол шиыршық кітапты ашып, мына жерін тауып, оқып берді:
Luke Kaz 4:18  «Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылып, соқырларға көре алатындарын жар салуға жіберді. Жаратқан Ие мені езілгендерді қанаудан азат етуге
Luke Kaz 4:19  және Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын жариялауға да жұмсады».
Luke Kaz 4:20  Иса жазбаны жауып, қызметшіге қайтарып берді де, орнына отырды. Мәжілісханадағы бүкіл жамағат Оған көз тікті. Иса:
Luke Kaz 4:21  «Сіздер естіген осы сөздер бүгін орындалды», — деп оларға уағыз айта бастады.
Luke Kaz 4:22  Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды.Бұдан кейін олар:— Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты.
Luke Kaz 4:23  Иса оларға былай деп жауап берді:— Әрине Маған «Дәрігер болсаң, өзіңді емде» деген мәтелді келтіріп, «Қапарнаумда жасаған керемет істерің туралы естідік. Мына өскен жеріңде де сондайларды істе!» дерсіздер.
Luke Kaz 4:24  Сіздерге шындығын айтамын: өз елінде пайғамбардың қадірі болмас.
Luke Kaz 4:25  Естеріңізде болсын: Ілияс пайғамбардың тұсында үш жыл алты ай бойы ешқандай жауын жаумай, барлық жерде қатты ашаршылық болған кезде Исраил елінде жесір әйелдер көп еді.
Luke Kaz 4:26  Бірақ Құдай Ілияс пайғамбарды солардың ешқайсысына емес, тек шетелдік Сидон елінің Сарепта қаласындағы бір жесір әйелге жіберді.
Luke Kaz 4:27  Сондай-ақ Еліше пайғамбардың тұсында алапеспен ауырған кісілер Исраилде көп еді. Бірақ сириялық Нағыманнан басқа ешкім ауруынан жазылған жоқ.
Luke Kaz 4:28  Мұны естігенде мәжілісханадағы адамдардың бәрі қатты ашуланды.
Luke Kaz 4:29  Олар орындарынан тұрып, Оны қаладан қуып шығып, қала тұрған таудың тік жарынан құлатпақ болып төбесіне алып барды.
Luke Kaz 4:30  Бірақ Иса араларынан өтіп шығып, кетіп қалды.
Luke Kaz 4:31  Содан Иса Ғалилеядағы Қапарнаум қаласына ылдилап барды. Сол жерде демалыс күні халыққа тәлім берді.
Luke Kaz 4:32  Иса Құдайдан келген ерекше билікпен сөйлегендіктен, жұрт Оның тәліміне қатты қайран қалды.
Luke Kaz 4:33  Мәжілісханада жын соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:
Luke Kaz 4:34  — Тоқта, назареттік Иса, бізде нең бар? Құртуға келдің ғой бізді. Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің, — деп айқайлады.
Luke Kaz 4:35  Бірақ Иса жынға:— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. Сонда жын сол кісіні мәжілісхананың ортасына құлатып тастады, алайда оған еш зиян келтірместен денесінен шығып кетті!
Luke Kaz 4:36  Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл не деген сөз? Ол жындарға билікпен және құдіретпен бұйрық беріп, олар шығып кетеді ғой!» — деп таңғалысты.
Luke Kaz 4:37  Бұдан кейін Иса туралы хабар төңіректегі барлық жерге жайылды.
Luke Kaz 4:38  Иса мәжілісханадан шыққан соң Шимонның үйіне барды. Оның қайын енесі безгекпен қатты ауырып, төсек тартып жатқан еді. Үйдегілер Исадан сол кісіге көңіл бөлуін өтінді.
Luke Kaz 4:39  Иса әйелдің қасына барып, қызуға тыйым салды. Сонда қызуы басылып, әйел дереу орнынан тұрып, оларды күтіп қызмет ете бастады.
Luke Kaz 4:40  Күн бата бүкіл жұрт әр түрлі науқастармен ауырған адамдарын Исаға алып келді. Ол солардың әрқайсысының үстіне қолын қойып, сауықтырып жіберді.
Luke Kaz 4:41  Көп адамның бойындағы жындар шығып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың», — деп айқайлады. Өзінің Мәсіх екендігін білгендіктеріне бола, Иса жындарға тыйым салып, сөйлетпей тастады.
Luke Kaz 4:42  Таң атқанда Иса үйден шығып, оңаша бір жерге барды. Халық Оны іздеп, қасына келіп:— Бізді тастап кетпеңіз, — деп, Оны тоқтатпақшы болды.
Luke Kaz 4:43  Бірақ Иса оларға:— Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды басқа қалаларға да жариялауға тиістімін. Себебі Мен сол үшін осында жіберілдім, — деді.
Luke Kaz 4:44  Бұдан кейін Иса Ғалилея аймағындағы яһудилердің мәжілісханаларында уағыз айтып жүрді.
Chapter 5
Luke Kaz 5:1  Бір күні Иса Генесәрет көлінің жағасында тұрғанда, халық Құдай сөзін тыңдау үшін Оның қасына жиналып, иін тіресіп тұрды.
Luke Kaz 5:2  Иса көл жиегінде тұрған екі қайықты көрді. Олардан түскен балықшылар ауларын жуып жатты.
Luke Kaz 5:3  Екі қайықтың бірі Шимондікі еді. Иса қайыққа отырып, Шимоннан жағадан арырақ жүзіп барып тұруын сұрады. Осылай ол қайық үстінен халыққа тәлім берді.
Luke Kaz 5:4  Иса сөзін бітіргеннен кейін Шимонға:— Көлдің терең жеріне жүзіп барып, балыққа ау сал, — деді.
Luke Kaz 5:5  Шимон:— Ұстаз, біз түні бойы еңбектеніп, түк ұстай алған жоқпыз! Бірақ Сіз айтқан соң ауларды тағы да салып көрейін, — деп жауап берді.
Luke Kaz 5:6  Ауларын салғанда олар өте көп балық ұстады. Балықтың көптігінен аулары жыртыла бастады.
Luke Kaz 5:7  Содан олар екінші қайықтағы жолдастарын қол бұлғап көмекке шақырды. Олар келгеннен кейін бәрі бірігіп екі қайықты да балыққа толтырды. Тіпті қайықтары суға бата бастады!
Luke Kaz 5:8  Мұны көрген Шимон Петір Исаның аяғына жығылып:— Ием, қасымнан кете көріңіз, мен күнәкар адаммын! — деді.
Luke Kaz 5:9  Себебі өзі де, қасындағылардың бәрі де осынша көп балық ұстағандарынан үрейлері ұша аңтарылды.
Luke Kaz 5:10  Шимонның серіктері — Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан да сондай күйде еді. Сонда Иса Шимонға:— Қорықпа! Сен балық аулағаның сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін боласың, — деді.
Luke Kaz 5:11  Екі қайықты жағаға шығарғаннан кейін олар бәрін тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
Luke Kaz 5:12  Иса сол маңайдағы қалалардың бірінде болғанда, үсті-басын алапес қаптаған бір адам келе жатты. Ол Исаны көргенде аяғына жығылып:— Мырза! Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп жалбарынды.
Luke Kaz 5:13  Иса қолын созып, оның денесіне тигізді де:— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылды.
Luke Kaz 5:14  Иса оған мынадай бұйрық берді:— Бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін тазаруың үшін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді.
Luke Kaz 5:15  Алайда Иса туралы хабар бұрынғыдан бетер тарап кетті. Көптеген халық Оны тыңдап, ауруларынан жазылу үшін ағылып келіп жатты.
Luke Kaz 5:16  Ал Иса жиі елсіз далаға кетіп, мінажат етіп жүрді.
Luke Kaz 5:17  Бір күні Иса жамағатқа тәлім беріп отырғанда, Ғалилея мен Яһудея аймақтарының барлық ауылдарынан әрі Иерусалим қаласынан келген парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар да Оның қасында отырды. Иса Жаратқан Иенің ауруларды сауықтыратын құдіретіне кенелген еді.
Luke Kaz 5:18  Сол кезде бірнеше кісі сал болып ауырған бір адамды төсенішімен көтеріп алып келді. Олар оны Исаның алдына апару үшін үйге кіргізбек болды,
Luke Kaz 5:19  бірақ халықтың көптігінен ішке кіруге жол таба алмады. Сондықтан олар үйдің сыртқы сатысымен үстіне шығып, жалпақ төбесінің жұқа қыштарын ашты. Сол жерден ауруды жатқан төсенішімен ортаға, Исаның алдына түсірді.
Luke Kaz 5:20  Олардың сенімін көрген Иса сал адамға: «Пендем, сенің күнәларың кешірілді», — деді.
Luke Kaz 5:21  Сондағы дін мұғалімдері мен парызшылдар:— Құдайды қорлайтын Бұл кім Өзі? Күнәларды жалғыз Құдайдан басқа кім кешіре алады? — деп ойланып қалды.
Luke Kaz 5:22  Олардың бұл ойларын ұға қойған Иса:— Іштей неге солай ойлап тұрсыздар?
Luke Kaz 5:23  Қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, жүре бер!» деу ме?
Luke Kaz 5:24  Ал көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Саған айтамын: орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды.
Luke Kaz 5:25  Ауру адам олардың көзінше дереу тұрды да, жатқан төсенішін жинап алып, Құдайды мадақтап үйіне кетті!
Luke Kaz 5:26  Осыны көргендердің бәрі қатты қайран қалып, үрейленді. Олар: «Біз бүгін ғажап істер көрдік!» — десіп, Құдайға мақтау айтты.
Luke Kaz 5:27  Осыдан кейін Иса сыртқа шығып, салық кеңсесінің қасында отырған Леуі есімді салық жинаушыны көрді. Оны: «Соңымнан ер!» — деп шақырды.
Luke Kaz 5:28  Леуі орнынан тұрып, бар нәрсесін тастап, Исаға шәкірті болып ерді.
Luke Kaz 5:29  Кейін Леуі үйінде Исаға арнап үлкен қонақасы берді. Сонда көптеген салық жинаушылар және басқа қонақтар да олармен дастарқандас болды.
Luke Kaz 5:30  Ал дін мұғалімдері мен парызшылдар күңкілдеп, Исаның шәкірттеріне:— Неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отырсыңдар?! — деп наразылық білдірді.
Luke Kaz 5:31  Иса оларға былай деп жауап берді:— Дәрігер дені сауға емес, ауру адамға қажет.
Luke Kaz 5:32  Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды теріс жолдан қайтуға шақыру үшін келдім.
Luke Kaz 5:33  Әлгі діншілдер Исаға:— Жақияның шәкірттері жиі ораза ұстап мінажат етеді, парызшылдардың шәкірттері де солай істейді. Ал Сіздің шәкірттеріңіз неге ораза ұстамастан тамақ ішеді? — деді.
Luke Kaz 5:34  Иса оларға астарлап жауап қайтарып былай деді:— Күйеу жігіт қастарында болғанда тойға келгендерге ораза ұстатып қоюға бола ма?
Luke Kaz 5:35  Бірақ «Күйеуді» қастарынан алып кететін күн туады; міне, сол кезде олар ораза ұстайтын болады.
Luke Kaz 5:36  Иса оларға тағы мына нақылдарды да айтып берді:— Жаңа киімнен жамау жыртып алып, ескі киімге жамамас. Олай етсе, жаңа киім жыртылып, жамау ескіге жараспас та еді.
Luke Kaz 5:37  Сондай-ақ, жас шарапты ескі торсыққа құймас. Олай етсе, быршып ашыған жас шарап торсықты жарып, ағып кетеді, торсық та бүлінеді.
Luke Kaz 5:38  Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құю керек. (Сонда екеуі де аман қалады.)
Luke Kaz 5:39  Ал ескі шарапты ішкен әркім: «Ескісі жақсырақ», — деп, жаңасын қаламайды.
Chapter 6
Luke Kaz 6:1  Бір демалыс күні Иса егіндік арасымен өтіп бара жатқанда, шәкірттері біраз масақ үзіп алып, қолмен үгіп жеді.
Luke Kaz 6:2  Кейбір парызшылдар:— Сендер демалыс күні істеуге тыйым салынған жұмысты неге істеп жүрсіңдер?! — деп наразылық білдірді.
Luke Kaz 6:3  Иса оларға былай деп жауап қайырды:— Дәуіт пайғамбар мен оның қасындағылар ашыққан кезде не істегенін оқымап па едіңдер?
Luke Kaz 6:4  Дәуіт Құдайдың киелі үйіне кіріп, тарту ретінде ұсынылған нанды алып, өзі де жеп, қасындағыларға да берді емес пе? Ал заң бойынша сол күлшелерді діни қызметкерлерден басқа ешкімнің жеуіне болмайды ғой. —
Luke Kaz 6:5  Бұдан кейін Иса: — Көктен келген Мен демалыс күнінің де Иесімін, — деп қорытты.
Luke Kaz 6:6  Иса басқа бір демалыс күні мәжілісханаға барып, жамағатқа тәлім беріп отырған еді. Сол жерде оң қолы семіп қалған бір адам да болды.
Luke Kaz 6:7  Дін мұғалімдері мен парызшылдар Исаны айыптайтын сылтау табуға тырысып, Ол демалыс күні болса да ауруларды сауықтырар ма екен деп аңдыды.
Luke Kaz 6:8  Бірақ Иса олардың бұл ойларын біліп, қолы семген адамды: «Түрегеліп, ортаға шықшы!» — деп шақырды. Ол тұрып, ортаға шықты.
Luke Kaz 6:9  Сонда Иса сол діншілдерге: «Сендерден сұрап тұрмын, демалыс күні қайсысын істеуге болады: жақсылықты ма әлде жамандықты ма; біреудің жанын құтқаруды ма немесе құртуды ма?» — деген сұрақ қойды.
Luke Kaz 6:10  Иса айналасында отырғандардың бәріне қарады да, әлгі кісіге: «Қолыңды созшы!» — деп тапсырды. Сол адам семіп қалған оң қолын созғанда, ол бұрынғы сап-сау қалпына келді!
Luke Kaz 6:11  Ал әлгі діншілдер қатты ашуланып, Исаға қарсы не істесек екен деп өзара ақылдасты.
Luke Kaz 6:12  Сол күндері Иса мінажат ету үшін бір таудың басына шығып, түні бойы сиынумен болды.
Luke Kaz 6:13  Таң атқан соң шәкірттерін қасына шақырып, араларынан он екісін таңдап алды да, оларды «елшілер» деп атады.
Luke Kaz 6:14  Олар: Өзі Петір деген қосымша ат қойған Шимон және оның інісі Әндір; Жақып пен Жохан; Філіп пен Барталмай;
Luke Kaz 6:15  Матай мен Тома; Әлпей ұлы Жақып және жұрт Діншіл деп атаған Шимон;
Luke Kaz 6:16  Жақып ұлы Яһуда және кейін Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исқариот.
Luke Kaz 6:17  Мұнан кейін Иса елшілерімен бірге тау басынан төмен түсіп, беткейдегі бір жазыққа келді. Оның қасына көптеген шәкірттері және бүкіл Яһудея аймағынан, Иерусалим қаласынан әрі Жерорта теңізі жағалауындағы Тир мен Сидон аймақтарынан келген көп халық жиналды.
Luke Kaz 6:18  Олар Исаны тыңдауға және ауру-сырқауларынан сауығуға келгендер болатын. Жын қинаған адамдар да келіп, жындарынан арылып~жатты.
Luke Kaz 6:19  Бүкіл халық Исаға қолын тигізуге ұмтылды, себебі Одан құдірет шығып, бәрін де сауықтырып жатты.
Luke Kaz 6:20  Сол кезде Иса шәкірттеріне қарап былай деді:— Жарлылар, сендер бақыттысыңдар:Құдайдың~Патшалығы өздеріңе арналған!
Luke Kaz 6:21  Қазір ашыққандар, сендер бақыттысыңдар:себебі тойынатын боласыңдар!Қазір қайғырып жылағандар, сендер бақыттысыңдар:себебі қуана күлетін боласыңдар!
Luke Kaz 6:22  Адамдар көктен келген Маған боласендерді жек көріп, орталарынан аластатып, қорлап, аттарыңа кір келтірсе, бақыттысыңдар!
Luke Kaz 6:23  Сол күні қуана секіріп шаттаныңдар,себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!Солардың ата-бабалары бұрынғы пайғамбарларға да солай істеген.
Luke Kaz 6:24  Алайда, байлар, сендер қасіретке қаласыңдар:себебі рақаттың дәмін толығымен татып келдіңдер!
Luke Kaz 6:25  Қазір қарны тоқтар, қасіретке қаласыңдар:сендер ашығатын боласыңдар!Қазір күлгендер, қасіретке қаласыңдар:сендер еңіреп жылайтын боласыңдар!
Luke Kaz 6:26  Егер барлық жұрттан мақтау естіп жүрсеңдер, қасіретке қаласыңдар:солардың ата-бабалары жалған пайғамбарларға да солай істеген.
Luke Kaz 6:27  Бірақ, Мені тыңдаушылар, сендерге айтамын:жауларыңды жақсы көріңдер!Өздеріңді жек көретіндерге жақсылық жасап,
Luke Kaz 6:28  қарғайтындарға да игілік тілеп,өкпелететіндер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер!
Luke Kaz 6:29  Бетіңнің бір жағын ұрғанғаекінші жағын да тос!Шапаныңды тартып алғанныңкөйлегіңді де алуына кедергі жасама!
Luke Kaz 6:30  Сұраған әркімге мұқтажын бер,өзіңдікін тартып алғаннан оны қайта сұрама!
Luke Kaz 6:31  Басқалар өздеріңе қалай істесін десеңдер,сендер де оларға солай істеңдер!
Luke Kaz 6:32  Егер өздеріңді жақсы көргендерді ғана жақсы көрсеңдер, сол үшін Құдайдан қандай сый алмақсыңдар? Өздерін жақсы көргендерді күнәкарлар да жақсы көреді ғой.
Luke Kaz 6:33  Егер өздеріңе жақсылық істегендерге ғана жақсылық істесеңдер, сол үшін қандай сый алмақсыңдар? Оны күнәкарлар да істейді ғой.
Luke Kaz 6:34  Егер одан қайтарып алармын деген үмітпен біреуге қарыз берсеңдер, сол үшін қандай сый алмақсыңдар? Берген нәрселерін түгелдей қайтарып алу үшін күнәкарлар да өзі сияқтыларға қарыз береді.
Luke Kaz 6:35  Бірақ сендер жауларыңды да жақсы көріңдер! Жақсылық істеп, жарлыларға ештеңе дәметпестен қарыз беріңдер! Сонда көктегі сыйларың зор болып, Құдай Тағаланың рухани балалары боласыңдар! Ол тіпті рақмет айтуды білмейтіндер мен жамандарға да мейірімді.
Luke Kaz 6:36  Сонымен көктегі Әкелерің қандай қайырымды болса, сендер де сондай қайырымды болыңдар!
Luke Kaz 6:37  Басқаларға үкім айтпаңдар, сонда сендерге де үкім шығарылмайды. Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар. Кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер.
Luke Kaz 6:38  Беріңдер, сонда сендерге де беріледі: шайқап, нығыздап толтырып, тасып-төгілген мөлшерде салып беріледі. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ.
Luke Kaz 6:39  Иса оларға астарлап тағы былай деді:— Соқырды соқыр жетелеп жүре ала ма? Екеуі де орға құлап түспей ме?
Luke Kaz 6:40  Шәкірті ұстазынан жоғары емес. Ал білімін жетілдірген әркім өз ұстазындай болады.
Luke Kaz 6:41  Неге бауырыңның көзіндегі жаңқаны көре тұра, өз көзіңдегі бөренені байқамайсың?
Luke Kaz 6:42  Өз көзіңдегі бөренені көрместен: «Бауырым, кәне, көзіңнен жаңқаны алып тастайын» деп қалай айта аласың? Әй, екі жүзді! Әуелі өз көзіңнен бөренені алып таста! Бауырыңның көзіндегі жаңқаны содан кейін анық көріп, алып тастарсың.
Luke Kaz 6:43  Жаман жеміс беретін жақсы ағаш жоқ, жақсы жеміс беретін жаман ағаш та жоқ.
Luke Kaz 6:44  Әр ағаш өзінің жемісімен танылар: «Шомырттан өрік, жабайы бұтадан жүзім жинамас».
Luke Kaz 6:45  Ізгі адам жан дүниесіндегі игілікті қазынадан игілік алып шығады, ал зұлым адам арам жан дүниесінен арамдық алып шығады. Жан дүниең неге толса, ауызың соны айтар.
Luke Kaz 6:46  Егер сендер айтқандарымды орындамасаңдар, несіне Мені «Мырза, Ие!» дейсіңдер?
Luke Kaz 6:47  Маған келіп, сөздерімді тыңдап, оларды орындаған әркімнің қандай адамға ұқсас екенін айтып берейін:
Luke Kaz 6:48  ол жерді терең етіп қазып, іргетасын берік тасқа қалап үй салған адамға ұқсайды. Сел басып, тасыған өзен бұл үйді соққылағанда, оны қозғалта алмайды. Себебі оның іргетасы берік тасқа қаланған.
Luke Kaz 6:49  Алайда сөздерімді естісе де, оларды орындамаған кісі үйін іргетассыз жай жерге салған адамға ұқсайды. Тасыған өзен бұл үйді соққылағанда, ол сол заматта-ақ опырылып құлап, тас-талқан болады.
Chapter 7
Luke Kaz 7:1  Иса Өзін тыңдап тұрған халыққа барлық сөзін айтып бітіргеннен кейін Қапарнаум қаласына кірді.
Luke Kaz 7:2  Сол кезде бір римдік жүзбасының ерекше бағалайтын қызметшісі ауырып, хал үстінде жатқан еді.
Luke Kaz 7:3  Жүзбасы Иса туралы хабар алған болатын. Сол себепті ол Исаға яһудилердің бірнеше ақсақалдарын жіберіп, Одан қызметшісін сауықтырып құтқаруын сұрады.
Luke Kaz 7:4  Олар Исаның қасына келгенде жалына өтініп: «Жүзбасы — Сіздің жәрдем беруіңізге лайықты кісі.
Luke Kaz 7:5  Ол халқымызды жақсы көреді, өзі бізге тіпті мәжілісхана салып берді», — деді.
Luke Kaz 7:6  Иса ақсақалдармен бірге жүрді. Ол сол үйге жақындап қалғанда, шетелдік жүзбасы Исаға достарын жіберіп, мынаны айтқызды:— Келіп әуре болмай-ақ қойыңыз, Мырза, мен Сіздің шаңырағымның астына келуіңізге лайық емеспін.
Luke Kaz 7:7  Сондықтан да өзімнің Сізге келуімді жөн көрмедім. Тек бір сөз айтсаңыз болды, қызметшім сауығып кетеді.
Luke Kaz 7:8  Мұны білемін, себебі мен де біреудің қол астындамын, өзіме бағынышты жасақшыларым да бар. Біреуіне: «Бар!» десем, барады, басқасына: «Кел!» десем, келеді, қызметшіме: «Мынаны істе!» дегенімде, ол соны орындайды.
Luke Kaz 7:9  Мұны естіген Иса қайран қалып, соңынан еріп келе жатқан халыққа бұрылып: «Сендерге шын айтамын: Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес!» — деді.
Luke Kaz 7:10  Жіберілгендер жүзбасының үйіне қайтып келгенде, ауру қызметшісінің сауығып кеткенін көрді.
Luke Kaz 7:11  Біраздан кейін Иса Наин атты қалаға барды. Оған шәкірттері және көп халық еріп жүрді.
Luke Kaz 7:12  Иса қала қақпасына жақындаған кезде жұрт біреудің мәйітін қабірге қоюға алып шығып келе жатты. Бұл бір жесір әйелдің жалғыз ұлы екен. Жесірге қаладан көп халық ілесіп шығып келе жатты.
Luke Kaz 7:13  Иеміз Иса әйелді көргенде оған жаны ашып: «Жыламаңыз!» — деп жұбатты.
Luke Kaz 7:14  Содан Ол жақындап барып, табытқа қолын тигізді. Табыт көтергендер тоқтағанда, Иса: «Балам, саған айтамын, түрегел!» — деді.
Luke Kaz 7:15  Сонда өлген жігіт түрегеліп отырып, сөйлей бастады! Иса оны шешесіне табыс етті.
Luke Kaz 7:16  Жұрттың бәрін үрей биледі. Олар: «Арамыздан ұлы Пайғамбар шықты!» «Құдай өз халқына игілік істеуге келді!» — деп Құдайды мадақтады.
Luke Kaz 7:17  Иса туралы осындай хабар бүкіл Яһудея аймағына және барлық төңірекке тарап кетті.
Luke Kaz 7:18  Бұл туралы Жақия пайғамбар шәкірттерінен хабар алып тұрды.
Luke Kaz 7:19  Жақия олардың екеуін шақырып алды да, Иеміз Исаға жіберіп, Одан: «Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сізсіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?» — деп сұратты.
Luke Kaz 7:20  Олар Исаға келіп:— Шомылдыру рәсімін жасаған Жақия бізді: «Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сізсіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?» деп сұрауға жіберді, — деді.
Luke Kaz 7:21  Сол сәтте Иса көптеген адамдарды ауру-сырқауларынан сауықтырып, қинаған жындарынан арылтып, көп соқырларға рақым көрсетіп көздерін ашып жатты.
Luke Kaz 7:22  Сонда Иса жіберілген кісілерге:— Сендер көріп-естігендеріңді Жақияға барып, айтып беріңдер: соқырлар көріп, сал болғандар жүріп, алапестер құлантаза сауығып, саңыраулар естіп, өлгендер қайта тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар жарияланып жатыр.
Luke Kaz 7:23  Ал Маған деген сенімінен бас тартпаған әркім бақытты! — деді.
Luke Kaz 7:24  Жақияның жіберген адамдары қайтып кеткеннен кейін, Иса жұртқа Жақия туралы былай деп айта бастады:— Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен бір қамысты ма? (Жақия ондай емес!)
Luke Kaz 7:25  Тегі, нені көруге бардыңдар? Қымбат киім киген біреуді ме? Жоқ, қымбат киім киіп, молшылықта өмір сүріп жатқандар патша сарайларында тұрады ғой.
Luke Kaz 7:26  Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық!
Luke Kaz 7:27  Киелі жазбада Құдайдың мынадай сөздері бар: Біліп ал, Мен алдыңнан хабаршымды жіберемін. Ол жүретін жолыңды дайындап қояды. Мұндағы хабаршы — Жақия.
Luke Kaz 7:28  Сендерге шындығын айтайын: адам баласы атаулының ішінде Жақиядан жолы үлкен ешкім болған емес. Бірақ Құдайдың Патшалығындағы ең қарапайым деген адамдардың жолы онікінен үлкен.
Luke Kaz 7:29  Мұны тыңдаған бүкіл халық, тіпті салықшылар да Құдайдың әділдігін мадақтады. Олар Жақия пайғамбар орындаған шомылдыру рәсімінен өткен болатын.
Luke Kaz 7:30  Алайда парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар бұл рәсімнен өтпей, Құдайдың өздеріне арнаған мақсатын қабылдамады.
Luke Kaz 7:31  Иеміз Иса тағы былай деді:— Ендеше қазіргі ұрпақтың адамдарын кімге ұқсатайын, олар кімге ұқсас?
Luke Kaz 7:32  Олар тентек балаларға ұқсайды. Солар далада отырып, бір-біріне айқайласып:«Сендер үшін сыбызғы тартсақ та, би билемедіңдер,Сосын жоқтау айтсақ та, жылап еңіремедіңдер!»— деп шағымданады.
Luke Kaz 7:33  Өйткені шомылдыру рәсімін жасаған Жақия пайғамбар келгенде, кәдімгі тамақтарды ішіп-жемеді. Сендер оны «жынды» дейсіңдер.
Luke Kaz 7:34  Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда сендер: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салықшылармен, күнәкарлармен дос болып жүр!» деп жамандайсыңдар.
Luke Kaz 7:35  Алайда даналықтың игілігі оны қабылдағандардың ізгі істерімен дәлелденеді, — деді.
Luke Kaz 7:36  Бірде парызшылдар тобының бір мүшесі Исаны тамаққа шақырды. Иса парызшылдың үйіне келіп, дастарқан басына жайғасты.
Luke Kaz 7:37  Қалада тұратын бір күнәкар әйел Исаның парызшылдың үйінде дастарқан басында отырғанын естіп қалды. Сонда ол иісмайға толған мөлдір тас құтысын алып, әлгі үйге келді.
Luke Kaz 7:38  Әйел Исаның аяқ жағында тұрып, жылай берді. Көз жасын Оның аяғына төгіп, шашымен сүрте бастады. Сосын аяқтарын сүйіп, үстіне иісмайын құйды.
Luke Kaz 7:39  Исаны қонаққа шақырған парызшыл адам мұны көргенде іштей: «Егер Бұл нағыз пайғамбар болса, Өзіне қолын тигізгеннің кім екенін және қандай әйел екенін білер еді. Ол күнәға батқан ғой», — деді.
Luke Kaz 7:40  Иса оған:— Шимон, саған айтайын деген бір ауыз сөзім бар, — деп үн қатты.— Айта беріңіз, Ұстаз! — деді ол.
Luke Kaz 7:41  Сонда Иса:— Қарыз беруші бір адамның екі кісіде ақшасы болыпты. Олардың біреуі бес жүз күміс теңгеге, ал екіншісі елуге борышты екен.
Luke Kaz 7:42  Олардың қарызын қайтаратын еш нәрселері болмағандықтан, сол адам екеуінің де қарызын кешіпті. Айтшы, кәне, бұлардың қайсысы оны көбірек жақсы көреді? — деген сұрақ қойды.
Luke Kaz 7:43  Шимон:— Көбірек қарызы кешірілгені деп ойлаймын, — деді. Иса:— Дұрыс айттың, — деп жауап қатты.
Luke Kaz 7:44  Содан әйелге бұрылып, Шимонға тағы былай деді:— Мына әйелді байқадың ба? Мен үйіңе кіргенде, сен Маған аяғымды жуатын су берген жоқсың. Ал ол аяғыма көз жасын төгіп, шашымен сүртті.
Luke Kaz 7:45  Сен Мені бетімнен сүймедің. Ал ол Мен келгеннен бері тоқтамастан аяғымды сүйіп отыр.
Luke Kaz 7:46  Сен басыма май құйып құрмет көрсетпедің. Ал ол тіпті аяғыма иісмай құйды.
Luke Kaz 7:47  Сондықтан саған айтамын: оның көптеген күнәларының бәрі де кешірілді, бұл оның зор сүйіспеншілігінен көрініп тұр. Ал кімге аз кешірілсе, сол азғана жақсы көреді. —
Luke Kaz 7:48  Мұнан соң Иса әйелге: — Күнәларың кешірілді! — деді.
Luke Kaz 7:49  Сонда Исамен бірге дастарқан басындағы кісілер іштерінен: «Күнәларды да кешіретін Бұл кім Өзі?» — деп ойлады.
Luke Kaz 7:50  Бірақ Иса әйелге:— Сен сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді.
Chapter 8
Luke Kaz 8:1  Бұдан кейін Иса қалалар мен ауылдарды аралап, халыққа уағыз айтып Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жеткізді. Оған он екі елшісі
Luke Kaz 8:2  және көптеген әйелдер еріп жүрді. Әйелдердің бірнешеуін Иса қинаған жындарынан арылтып, ауруларынан сауықтырған болатын. Олар — жеті жынынан арылған мағдалалық Мәриям,
Luke Kaz 8:3  Иродтың сарай басқарушысы Қузаның әйелі Жоханна, Сузанна және көптеген басқалары. Олар қолдарындағы барымен Исаға және Оның шәкірттеріне қызмет көрсетті.
Luke Kaz 8:4  Көптеген қалалардың тұрғындары Исаның қасына келіп, үлкен топ жиналған еді. Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:
Luke Kaz 8:5  — Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде, дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды.
Luke Kaz 8:6  Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Алайда көктеп шыққаннан кейін ылғал жетіспегендіктен олар қурап қалады.
Luke Kaz 8:7  Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды.
Luke Kaz 8:8  Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар көктеп шығып, өсіп, жүз еседен өнім береді. — Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап: — Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын! — деп ескертті.
Luke Kaz 8:9  Сонда шәкірттері Исадан:— Бұл астарлы әңгіменің мағынасы қандай? — деп сұрады.
Luke Kaz 8:10  Иса оларға жауап беріп былай деді:— Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқаларға олар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Осылайша олар көріп тұрса да, шынымен көрмесін, естіп тұрса да, бәрібір түсінбесін.
Luke Kaz 8:11  Ал әңгіменің мағынасы мынадай: тұқым Құдайдың Ізгі хабарын білдіреді.
Luke Kaz 8:12  Жол бойына түскендері Ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді: оларға әзәзіл шайтан келіп, сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректеріне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді.
Luke Kaz 8:13  Тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді: адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана сенеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезде сенімдерінен безіп кетеді.
Luke Kaz 8:14  Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді: адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап абыржиды, байлық пен ләззаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып тұншығып, өнімі пісіп үлгермейді.
Luke Kaz 8:15  Ал құнарлы топыраққа себілген тұқымдар мынаны бейнелейді: бірсыпыра адамдар Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі де таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді.
Luke Kaz 8:16  Ешкім шам жаққан соң оны ыдыспен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда ол үйге кіргендерге жарығын түсіреді.
Luke Kaz 8:17  Сол сияқты, мәлім болмайтын ешбір сыр да жоқ, жарыққа шығып, жария болмайтын ешбір құпия да жоқ.
Luke Kaz 8:18  Сондықтан қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады, — деп қорытты Иса.
Luke Kaz 8:19  Исаның шешесі мен туған бауырлары келіп, халықтың көптігінен Оған жақындай алмады.
Luke Kaz 8:20  Біреу Исаға:— Сыртта шешеңіз бен бауырларыңыз келіп, Сізбен жолығамыз деп тұр — деді.
Luke Kaz 8:21  Алайда Иса:— Құдайдың сөзін тыңдап, орындайтындар Маған шеше мен бауырлар іспетті жақын! — деп жауап қайырды.
Luke Kaz 8:22  Бір күні Иса шәкірттерін ертіп қайыққа мініп: «Көлдің арғы бетіне өтейік», — деді. Осылай олар жағадан аттанды.
Luke Kaz 8:23  Олар көлден өтіп бара жатқанда, Иса ұйықтап қалды. Сол кезде тау жақтан қатты дауыл көтеріліп, көлге соқты. Қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. Оларға зор қауіп төнді.
Luke Kaz 8:24  Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып:— Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық! — деп айқайлады. Иса орнынан тұрып, жел мен толқындардың долдануына тыйым салды. Олар басылып, тыныштық орнады.
Luke Kaz 8:25  Иса шәкірттеріне:— Сенімдерің қайда? — деді. Олар үрейленіп, аң-таң болып, біріне-бірі: «Тіпті жел мен суға да бұйрық беретін Бұл кім Өзі? Олар Оған бағынады ғой!» — десті.
Luke Kaz 8:26  Осылай Иса мен шәкірттері көлден өтіп, Ғалилея аймағының қарсы бетіндегі Ғадара өңіріне жетті.
Luke Kaz 8:27  Жағаға шығысымен-ақ Исаға сол қалалық бір кісі кездесе кетті. Жын соққан осы адам көп уақыттан бері киім-кешек кимей, үйде емес, қабірге арналған үңгірлерде тұрып жүрген болатын.
Luke Kaz 8:28  Ол Исаны көрген бойда айқай сала аяғына жығылды да, қатты дауыстап:— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса, менде нең бар? Саған жалынамын: азаптай көрмеші мені! — деп жалынды.
Luke Kaz 8:29  Себебі Иса жынға: «Шық бұл кісіден!» — деп бұйырған болатын. Жын сол адамды көптен бері қинап келген еді. Жұрт оны шынжырлармен, кісендермен бұғаулап тастаса да, ол бұғауларын үзіп, жын айдап елсіз далаға кететін еді.
Luke Kaz 8:30  Иса одан:— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:— «Үлкен топ», — деді. Себебі сол адамға көптеген жындар кіріп алған болатын.
Luke Kaz 8:31  Олар Исадан: «Бізге тұңғиық шыңырауға түсуге бұйыра көрме», — деп өтінді.
Luke Kaz 8:32  Осы жердегі қырат беткейінде үлкен бір топ шошқа жайылып жүрген болатын. Жындар соларға енуге рұқсат сұрады. Иса жол берген соң,
Luke Kaz 8:33  жындар кісіден шығып, әлгі хайуандарға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.
Luke Kaz 8:34  Мұны көріп тұрған бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді.
Luke Kaz 8:35  Халық соны көру үшін жолға шығып, Исаға келді. Олар жындары шыққан кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, Исаның аяқ жағында отырғанын көргенде қорқып кетті.
Luke Kaz 8:36  Болған оқиғаны өз көздерімен көрген куәгерлер оларға бұрын жын қинаған кісінің қалай азат етілгені туралы әңгімелеп берді.
Luke Kaz 8:37  Сонда Ғадара төңірегінің бүкіл халқы зәрелері ұшып, Исадан: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді. Ол қайыққа мініп, қайтып кетті.
Luke Kaz 8:38  Жындарынан арылған кісі Исадан:— Сізбен бірге болайыншы, — деп сұраған еді. Бірақ Иса:
Luke Kaz 8:39  — Сен үйіңе қайтып, ондағыларға Құдайдың өзіңе не істегенін айтып бер! — деп, оны үйіне жіберді. Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін бүкіл қалаға жариялады.
Luke Kaz 8:40  Иса көлдің батыс жағына қайта оралғанда, халық Оны қарсы алды. Өйткені бәрі Оны күтіп тұрған еді.
Luke Kaz 8:41  Кенеттен Жайыр есімді бір ер адам сол жерге келіп, Исаның аяғына жығылды да, үйіне кіруін өтінді. Жайыр мәжілісхананың жетекшісі еді.
Luke Kaz 8:42  Ол кісінің он екі жас шамасындағы жалғыз қызы бар еді, сол өлім аузында жатқан болатын. Иса Жайырдың үйіне бара жатқанда, халық Оны жан-жақтан қаумалап қыспақтады.
Luke Kaz 8:43  Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. Ол бар мал-мүлкін дәрігерлерге жұмсағанмен, біреуі де оны емдеп жаза алмады.
Luke Kaz 8:44  Әйел Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанының шетіне қолын тигізді. Сол сәтте-ақ қаны тоқтады.
Luke Kaz 8:45  Иса:— Маған қолын тигізген кім? — деп сұрады. Ешкім де мойындамаған соң, Петір мен оның қасындағылар:— Ұстаз! Халық Сізді қаумалап қыспақтап тұр ғой. Ал Сіз: «Маған қолын тигізген кім?» дейсіз бе?! — деді.
Luke Kaz 8:46  Бірақ Иса:— Біреу Маған қолын тигізді! Өйткені Менен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сездім, — деп кесіп айтты.
Luke Kaz 8:47  Әлгі әйел істеген ісін жасыра алмайтынын білген соң қорыққанынан қалтырап, Исаның қасына келіп, аяғына жығылды. Сосын өзінің қандай себеппен қолын тигізгенін және сол сәтте-ақ қалай сауығып кеткенін бүкіл халықтың алдында айтып берді.
Luke Kaz 8:48  Иса оған:— Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді.
Luke Kaz 8:49  Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен біреу келіп, оған:— Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз, — деп хабарлады.
Luke Kaz 8:50  Бірақ мұны естіген Иса Жайырға:— Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады, — деді.
Luke Kaz 8:51  Жайырдың үйіне жеткенде Иса Петір, Жохан, Жақып және қыздың әке-шешесінен басқа ешкімнің үйге кіруіне рұқсат бермеді.
Luke Kaz 8:52  Жұрттың бәрі жылап, жоқтау айтып тұрған еді. Ал Иса: «Жыламаңдар, ол өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді.
Luke Kaz 8:53  Қыздың өлгенін білетін олар Исаның айтқанына күлді.
Luke Kaz 8:54  Бірақ Ол (солардың бәрін сыртқа шығарды да) қыздың қолынан ұстап тұрып, дауыстап: «Қызым, тұра ғой!» — деді.
Luke Kaz 8:55  Сонда қыздың жаны қайтып кіріп, ол дереу орнынан тұрды! Иса: «Оған тамақ беріңдер», — деп бұйырды.
Luke Kaz 8:56  Қыздың әке-шешесі қатты қайран қалды. Ал Иса оларға бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармауды ескертті.
Chapter 9
Luke Kaz 9:1  Бірде Иса он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға барлық жындарды қуып шығарып, ауруларды сауықтыру құдіреті мен билігін тапсырды.
Luke Kaz 9:2  Оларды Құдайдың Патшалығын уағыздап, науқастарды сауықтыруға да жіберді.
Luke Kaz 9:3  Сонда Иса елшілеріне мына тапсырманы берді: «Жолға артық еш нәрсе алмаңдар: таяқ, жолдорба, нан, ақша, артық киімдерің болмасын.
Luke Kaz 9:4  Қай үйге түссеңдер, сонда қонып, сол үйден жолға шығыңдар.
Luke Kaz 9:5  Егер бір жерде сендерді қабылдамаса, сол қаладан шығып кетіп бара жатқанда аяқтарыңдағы шаң-тозаңды қағып тастаңдар. Бұл оларға ескерту болсын».
Luke Kaz 9:6  Елшілер жолға шығып, ауыл-ауылды аралады. Әр жерде Ізгі хабарды жариялап, ауру-сырқауларды сауықтырды.
Luke Kaz 9:7  Аймақ әкімі Ирод (Антипас) Исаның істегендерінің бәрін естіп, абыржып аң-таң болды. Себебі кейбір кісілер: «Бұл өлімнен қайта тірілген Жақия екен» десе,
Luke Kaz 9:8  басқалары: «Ілияс пайғамбар жер бетіне қайтып келіпті» деді. Тағы басқалар: «Ежелде өмір сүрген өзге пайғамбарлардың бірі қайта тіріліпті», — деп болжады.
Luke Kaz 9:9  Сонда Ирод: «Жақияның басын өзім шаптырған едім. Ал осы естігендерімді істеп жүрген бұл Кісі кім екен?» — деп, Оны көруге құмартты.
Luke Kaz 9:10  Исаның жіберген елшілері қайтып келіп, жасаған істері туралы Оған түгелдей баяндады. Иса оларды ертіп алып, Бетсайда деген қаланың маңындағы оңаша бір жерге жөнелді.
Luke Kaz 9:11  Ал халық мұны біліп алып, Оның соңынан ілесті. Иса оларды жылы қабылдап, Құдайдың Патшалығы туралы уағыз айтты және айығуға мұқтаждарды ауруларынан сауықтырды.
Luke Kaz 9:12  Күн кеш бола бастағанда он екі елшісі Исаның қасына келіп:— Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, жатар орын мен жейтін тамақ тапсын. Мұнда құлазыған даладамыз ғой! — деген ұсыныс жасады.
Luke Kaz 9:13  Бірақ Иса:— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:— Бізде бес күлше нан мен екі кепкен балықтан өзге ештеңе жоқ. Әлде мына адамдардың бәріне тамақ сатып алуға барайық па? — деп сұрады.
Luke Kaz 9:14  Себебі сол жерде бес мыңдай ер адам болатын. Ал Иса шәкірттеріне:— Оларды шамамен елу-елуден топқа бөліп, жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды.
Luke Kaz 9:15  Шәкірттері бәрін солай етіп отырғызды.
Luke Kaz 9:16  Иса бес күлше нан мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті. Оларды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді.
Luke Kaz 9:17  Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет толды.
Luke Kaz 9:18  Бір күні Иса оңаша жерде мінажат етіп отырғанда шәкірттері қасында болатын. Сонда Иса оларға мынадай сұрақ қойды:— Халық Мені кім деп жүр?
Luke Kaz 9:19  Шәкірттері:— Біреулері Сізді — шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары — Ілияс пайғамбар, тағы басқалары — ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі қайта тіріліпті деп жүр, — деді.
Luke Kaz 9:20  Сонда Иса:— Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады. Петір Оған жауап беріп:— Сіз Құдай тағайындаған Мәсіхсіз! — деді.
Luke Kaz 9:21  Алайда Иса шәкірттеріне бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті.
Luke Kaz 9:22  Оларға тағы былай деді:— Көктен келген Билеуші — Мен көп азап шегуге тиіспін: рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет!
Luke Kaz 9:23  Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты:— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!
Luke Kaz 9:24  Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған әркім оны (мәңгі) аман сақтап қалады.
Luke Kaz 9:25  Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті өзін жойып жіберсе, яки өзіне мәңгілік зиян келтірсе, бұдан оған не пайда?
Luke Kaz 9:26  Себебі кім Мені және айтқан сөздерімді танудан бас тартса, Мен де Билеуші ретінде Өзімнің салтанатыммен әрі Әкемнің және Оған бағышталған періштелердің салтанатымен көктен қайтып келген кезімде сол адамды танудан бас тартамын.
Luke Kaz 9:27  «Сендерге шын айтамын: осында тұрған кейбіреулерің Құдайдың Патшалығын өз көздеріңмен көрмей, өлмейсіңдер», — деді Иса.
Luke Kaz 9:28  Бұл сөздерді айтқаннан шамамен сегіз күн өткеннен кейін Иса Петір, Жохан және Жақыпты ертіп алып, сиынып мінажат ету үшін бір таудың басына шықты.
Luke Kaz 9:29  Иса сиынып тұрғанда, Оның бет-әлпеті өзгеріске түсіп, киімдері аппақ болып найзағайдың отындай жалтырап тұрды.
Luke Kaz 9:30  Кенеттен екі адам пайда болып, Исамен сөйлесті. Бұлар (ежелде өмір сүрген) Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар еді.
Luke Kaz 9:31  Салтанатты ұлылықпен көрінген екеуі Исаның Иерусалим қаласында (Құдайдың еркін орындап) бұ дүниеден өтуге тиісті екендігі туралы айтты.
Luke Kaz 9:32  Ал Петірді және қасындағы жолдастарын ұйқы басты. Олар оянғанда Исаның салтанатты ұлылығын да, Онымен бірге тұрған екі кісіні де көрді.
Luke Kaz 9:33  Сол екеуі Исаның қасынан кете бастағанда, Петір Оған: «Ұстаз, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке құрайық», — деп ұсынды. Ол өзінің не айтқанын ұққан да жоқ.
Luke Kaz 9:34  Петір осыны айтып тұрған кезде-ақ бір бұлт келіп, оларға көлеңкесін түсірді. Бұлттың құшағына кіргенде шәкірттер қорқып кетті.
Luke Kaz 9:35  Сонда бұлт ішінен: «Бұл — Менің таңдап алған рухани Ұлым. Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты.
Luke Kaz 9:36  Дауыс шыққаннан кейін Иса жалғыз Өзі қалды.Ал шәкірттері осында көргендері туралы сол күндері ешкімге де тіс жарған жоқ.
Luke Kaz 9:37  Келесі күні Иса үш елшісімен таудан түскенде, Оны көптеген халық қарсы алды.
Luke Kaz 9:38  Сол сәтте халықтың арасынан біреу дауыстап былай деді:— Ұстаз, Сізден өтінемін: менің ұлыма назар аудара көріңіз! Ол — жалғыз балам.
Luke Kaz 9:39  Жыны ұстағанда, ол кенеттен шыңғырып жібереді. Жын баланы қалшылдатып, аузынан көбігін ағызады; одан зорға дегенде кетіп, оны қатты азаптайды.
Luke Kaz 9:40  Шәкірттеріңізден жынды шығарып тастаңдар деп өтінген едім, бірақ қолдарынан келмеді. —
Luke Kaz 9:41  Сонда Иса:— Ей, сенбейтін, шындық жолынан тайған ұрпақ-ай! Қанша уақыт қастарыңда болып, сендерге төзбекпін?! Кәне, ұлыңды мұнда әкел! — деп жауап берді.
Luke Kaz 9:42  Бала келе жатқанда, жын оны жерге жығып, қатты қалшылдатты. Иса жынға қатаң тыйым салып, баланы сауықтырды. Содан оны әкесіне тапсырды.
Luke Kaz 9:43  Бәрі де Құдайдың ұлы құдіретіне қайран қалды.Бүкіл халық Исаның барлық істеріне таңырқап тұрғанда, Ол шәкірттеріне (өз басынан өткізетіндері туралы) былай деді:
Luke Kaz 9:44  «Осы сөздерімді құлақтарыңа құйып алыңдар: көктен келген Билеушіні адамдардың қолына ұстап береді!»
Luke Kaz 9:45  Шәкірттері Исаның бұл айтқандарын түсінбеді. Мәні өздеріне жасырын болғандықтан, олар оны ұға алмады. Алайда сол туралы Исаға сұрақ қоюға батылдары бармады.
Luke Kaz 9:46  Шәкірттердің арасында: «Қайсымыздың жолымыз ең үлкен?» — деген ой туындады.
Luke Kaz 9:47  Олардың жүрек түкпірлеріндегі ойларын ұққан Иса бір кішкентай баланы алып, жанына тұрғызып қойып былай деді:
Luke Kaz 9:48  — Кім осындай сәбиді Менің атыммен қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның Мені Жібергенді де қабылдағаны. Естеріңде болсын: араларыңда ең кішік кім болса, ең ұлыларың — сол.
Luke Kaz 9:49  Сонда Жохан:— Ұстаз, Сіздің атыңызбен адамдардың жындарын қуып шығарып жатқан біреуді көрдік. Оған тыйым салдық. Ол бізбен бірге Сізге еріп жүрген жоқ қой, — деді.
Luke Kaz 9:50  Бірақ Иса Жоханға:— Оған тыйым салмаңдар! Сендерге қарсы болмағанның сендерге жақтас болғаны, — деп жауап берді.
Luke Kaz 9:51  Иса көкке көтерілетін күні жақындаған кезде Иерусалимге баруға бел буды.
Luke Kaz 9:52  Содан Ол Өзінің алдынан хабаршыларын жіберді. Олар Исаға түнейтін орын дайындау үшін самариялық бір ауылға барды.
Luke Kaz 9:53  Ал Иса Иерусалимге бет алғандықтан, самариялықтар Оны қабылдамады.
Luke Kaz 9:54  Шәкірттері Жақып пен Жохан мұны көріп:— Мырза, мақұл көрсеңіз, (Ілияс пайғамбар істегендей) көктен от түсіп, оларды жойсын деп бұйырайық, — деді.
Luke Kaz 9:55  Бірақ Иса екі шәкіртіне бұрылып, оларға тыйым салды. Содан кейін олар басқа ауылға беттеді.
Luke Kaz 9:56  Бірақ Иса екі шәкіртіне бұрылып, оларға тыйым салды. Содан кейін олар басқа ауылға беттеді.
Luke Kaz 9:57  Иса шәкірттерін ертіп жолда кетіп бара жатқанда, бір кісі Оған:— Мырза, қайда барсаңыз да, мен Сізге еремін, — деді.
Luke Kaz 9:58  Иса оған:— Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ, — деп жауап берді.
Luke Kaz 9:59  Басқа біреуге Иса:— Маған шәкірт болып ер, — деді. Ол:— Мырза, алдымен үйге барып, әкем қайтыс болғанша қасында болып, сүйегін жерлеп келейін. Рұқсат етіңізші, — деп сұрады.
Luke Kaz 9:60  Иса оған:— Өлгендерін жерлеуді (рухани) өлілерге қалдыр! Ал сен ел аралап, Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жарияла! — деп тапсырды.
Luke Kaz 9:61  Тағы басқа біреу Исаға:— Мырза, мен Сізге еремін. Бірақ алдымен қайтып барып, үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат етіңізші, — деді.
Luke Kaz 9:62  Иса оған:— Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.
Chapter 10
Luke Kaz 10:1  Содан кейін Иеміз Иса тағы басқа жетпіс шәкіртін таңдап алып, оларды Өзі баратын барлық қалалар мен ауылдарға Өзінен бұрын екі-екіден жіберді. Иеміз шәкірттеріне былай деп тапсырма берді:
Luke Kaz 10:2  — Оратын егін көп, бірақ жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер!
Luke Kaz 10:3  Ендеше барыңдар! Естеріңде болсын: Мен сендерді қасқырлар арасына жіберілген қозылар сияқты жіберіп отырмын.
Luke Kaz 10:4  Ақша салатын қалта, жолдорба, артық аяқкиім алмаңдар. Жолда біреуге сәлем береміз деп кідіріп те қалмаңдар.
Luke Kaz 10:5  Бір үйге кіргенде әуелі: «Осы үйге амандық пен тыныштық болсын!» деп бата беріңдер.
Luke Kaz 10:6  Егер онда амандық пен тыныштықты қабылдауға дайын кісі болса, берген баталарың соған қонады, әйтпесе өздеріңе қайтып келеді.
Luke Kaz 10:7  Сол үйде тұрып, олардың берген тамағын ішіп-жеңдер. Себебі еңбек еткен ақысын алуға лайық. Үйден-үйге көшіп жүрмеңдер!
Luke Kaz 10:8  Барған қалаларыңның тұрғындары сендерді қабылдаса, берген тамақты ішіп,
Luke Kaz 10:9  ондағы ауруларды сауықтырыңдар. Кісілерге: «Құдайдың Патшалығының араларыңда орнайтын кезі таяп қалды!» деп білдіріңдер.
Luke Kaz 10:10  Ал егер сендер барған бір қаланың тұрғындары өздеріңді қабылдамаса, жолға шығып, былай деңдер:
Luke Kaz 10:11  «Сендерге ескерту болсын деп қалаларыңнан аяғымызға жұққан шаң-тозаңды қағып тастап кетеміз. Алайда Құдайдың Патшалығының таяп қалғанын біліңдер!» —
Luke Kaz 10:12  Сендерге шын айтамын: қиямет соты күні сондай қала тұрғындарының тартатын жазасынан тіпті Содом халқының жазасы жеңілірек болады!
Luke Kaz 10:13  Ей, Хоразин қаласы, қасіретке қаласың! Ей, Бетсайда қаласы, сен де қасіретке қаласың! Егер сендерде жасалған кереметтер (шетелдік) Тир мен Сидон қалаларында орын алған болса, олардың халқы әлдеқашан азалы киім киіп, күлге отырып, теріс жолдарынан қайтқан болар еді.
Luke Kaz 10:14  Қиямет сотында Тир мен Сидон елдерінің тартатын жазасы сендердікінен жеңілірек болады!
Luke Kaz 10:15  Ал, Қапарнаум қаласы, сенің атың мақталып, көкке шығарыла ма? Жоқ, сен түпсіз тұңғиыққа құлайсың!
Luke Kaz 10:16  Кім сендерді тыңдаса, соның Мені тыңдағаны. Кім сендерді қабылдамаса, оның Мені де қабылдамағаны. Ал кім Мені қабылдамаса, оның Мені Жібергенді де қабылдамағаны.
Luke Kaz 10:17  Жетпіс хабаршы Исаға қайтып келгенде қуана-қуана:— Иеміз, Сіздің атыңызды атағанда тіпті жындар да бізге бағынады! — деді.
Luke Kaz 10:18  Сонда Иса оларға былай деп жауап берді:— Әзәзіл шайтанның найзағайша көктен құлап түскенін көрдім.
Luke Kaz 10:19  Естеріңде болсын: Мен сендерге жыландар мен шаяндарды таптап басып, жаудың барлық күшін жеңетін билік бердім. Енді сендерге еш нәрсе де зиянын тигізе алмайды.
Luke Kaz 10:20  Дегенмен жындардың өздеріңе бағынғандығына емес, есімдеріңнің көктегі кітапқа тіркелгендігіне қуаныңдар.
Luke Kaz 10:21  Иса сол кезде Киелі Рухтың қуанышына кенеліп: «Көк пен жердің Иесі — Әке! Осы жайттарды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды нәресте іспетті қарапайымдарға ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін. Иә, Әке, Саған осылай болғаны ұнап тұр», — деп (көктегі Әкесіне) мақтау айтты. Иса:
Luke Kaz 10:22  — Маған бәрін де Әкем сеніп тапсырған. Рухани Ұлының шынымен кім екенін Әкесінен өзге ешкім де білмейді. Әкенің кім екенін де жалғыз рухани Ұлы ғана біледі, әрі Ол Әкесін кімдерге білдіргісі келсе, солар да Оны жақыннан таниды, — деді.
Luke Kaz 10:23  Содан кейін Ол шәкірттеріне бұрылып, оңаша былай деді:— Сендер көріп жүрген керемет нәрселерді көргендерің үшін бақыттысыңдар.
Luke Kaz 10:24  Сендерге айтамын: көптеген пайғамбарлар мен патшалар сендердің көріп жүргендеріңді көргілері келді, бірақ көре алмады, сендер естіп жүрген сөздерді естігілері келді, бірақ ести алмады.
Luke Kaz 10:25  Сол кезде Таурат заңын үйретуші бір ғұлама Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болды. Ол орнынан тұрып:— Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек? — деп сұрағанда,
Luke Kaz 10:26  Иса оған:— Таурат заңында не деп жазылған, не оқып жүрсің? — деген сауал қойды.
Luke Kaz 10:27  Сол адам былай деп жауап берді:— «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» делінген.
Luke Kaz 10:28  Иса оған:— Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда (мәңгі) өмір сүресің, — деді.
Luke Kaz 10:29  Бірақ өзін ақтағысы келген ғұлама Исадан:— Сонда «маңайымдағы адам» кім болғаны? — деп сұрады.
Luke Kaz 10:30  Иса оған былай жауап берді:— Бір адам Иерусалимнен Иерихон қаласына кетіп бара жатып, қарақшылардың қолына түсіпті. Қарақшылар оның киімдерін сыпырып алып, өзін жарақаттап, шала-жансар етіп тастап кетіпті.
Luke Kaz 10:31  Бір діни қызметкер сол жолмен кездейсоқ келе жатып, оны көре тұра қасынан өтіп кетеді.
Luke Kaz 10:32  Дәл солай жаңағы жерге келген ғибадатхана қызметшісі де оған қарап, қасынан өтіп кетеді.
Luke Kaz 10:33  Содан кейін бұл жерге жолаушылап бара жатқан бір самариялық келеді. Әлгі адамды көргенде оған жаны ашып,
Luke Kaz 10:34  қасына барады да, жараларын маймен және шараппен жуып-шайып, таңады. Оны есегіне мінгізіп алып, қонақүйге апарып, күтеді.
Luke Kaz 10:35  Самариялық адам ертеңінде жолға шығарда, қонақүйдің иесіне екі күміс теңге беріп: «Мына кісіге қамқорлық жасай гөр. Егер артық шығын шығарсаң, мен қайтып оралған кезде төлеймін», — дейді.
Luke Kaz 10:36  Ал енді, қарақшылардың қолына түскен кісіге бұл үшеуінің қайсысы «маңайындағы адам» болды деп ойлайсың? — деп Иса сол ғұламаға сұрақ қойды. Ол:
Luke Kaz 10:37  — Әрине, оған қайырымдылық көрсеткені, — деді. Сонда Иса оған:— Сен де солай істейтін бол! — деп тапсырды.
Luke Kaz 10:38  Иса шәкірттерімен бірге жол жүріп бара жатып, бір ауылға кірді. Сол жерде Оны Марта есімді әйел үйіне шақырып, қонақ етті.
Luke Kaz 10:39  Мартаның Мәриям деген сіңлісі бар еді. Ол Иеміз Исаның аяқ жағына отырып алып, сөзін құлақ салып тыңдады.
Luke Kaz 10:40  Ал қонақты жақсылап күтудің қамын ойлаған Марта зыр жүгіріп қызмет етті. Арасында Исаға келіп:— Мырза, сіңлімнің барлық жұмысты маған қалдырғанына жайбарақат қарап отырасыз ба? Ол маған көмектессін, айтыңызшы! — деді.
Luke Kaz 10:41  Ал Иеміз Иса:— Әй, Марта, Марта-ай, сен көп нәрсенің қамын ойлап, уайымдайсың.
Luke Kaz 10:42  Ал керегі бір-ақ нәрсе ғой: Мәриям игілікті жағын таңдап алды, оны содан ешкім айыра алмайды, — деді.
Chapter 11
Luke Kaz 11:1  Бірде Иса бір жерде мінажат етіп отырды. Онысын аяқтаған кезде шәкірттерінің бірі Оған:— Мырза, Жақия шәкірттеріне мінажат етуді үйреткендей, Сіз де бізге үйретсеңізші, — дегенде,
Luke Kaz 11:2  Иса оларға былай деді:— Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер:Көктегі Әкеміз!Сенің киелі есімің қастерлене берсін,Патшалығың осында орнасын!(Сенің еркің көкте орындалғандай,Жер бетінде де орындала берсін!)
Luke Kaz 11:3  Күнделікті нанымызды әр күні бере гөр.
Luke Kaz 11:4  Бізге күнә жасаған әркімді кешіргеніміздей,Сен де күнәларымызды кешіре гөр.Азғырылуымызға жол бермей,(Бізді жамандықтан сақтай гөр. Аумин.)
Luke Kaz 11:5  Иса (мінажат ету туралы тәлімін жалғастырып) оларға былай деді:— Араларыңдағы біреудің досы бар дейік. Түн ортасында ол соның үйіне барып, одан: «Досым, маған қарызға үш күлше нан бере тұршы.
Luke Kaz 11:6  Себебі жаңа ғана бір жолдасым жолаушылап келіп қалған еді. Үйімде оған беретін ештеңем болмай тұр», — деп сұрайды.
Luke Kaz 11:7  Бірақ сол кісі іштен дауыстап жауап беріп: «Мені мазалама! Есігім бекітулі, балаларым да, өзім де жатып қалдық. Енді тұрып, саған ештеңе бере алмаймын», — дейді.
Luke Kaz 11:8  Сендерге айтамын, сол адам төсегінен тұрып, сұрағанын тіпті дос болғаны үшін бермесе де, көршісі қадалып сұрап тұрып алғандықтан, ақыры оған қажетінің бәрін береді.
Luke Kaz 11:9  Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады.
Luke Kaz 11:10  Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қағып тұрғанға есік ашылады.
Luke Kaz 11:11  Араларыңдағы қандай әке балық сұраған баласына жылан берер еді?
Luke Kaz 11:12  Не жұмыртқа сұраса, шаян берер ме еді?
Luke Kaz 11:13  Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын сыйлайтыны ешбір шүбәсіз!
Luke Kaz 11:14  Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды сол кісіден қуып шығарды. Жын шыққан соң, мылқау сөйлей бастады! Көптеп жиналған халық бұған қайран қалды.
Luke Kaz 11:15  Бірақ кейбіреулері: «Ол жындарды солардың әміршісі белзебүлдің (яғни әзәзіл шайтанның) күшімен қуып шығарады!» — деп жала жапты.
Luke Kaz 11:16  Басқа адамдар Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін талап етті.
Luke Kaz 11:17  Бірақ олардың бұл ойларын біле қойған Иса былай деп жауап қайырды:— Жікке бөлініп, өзара соғысып жататын әрбір патшалық жойылып, бос қалады. Өзара ұрысып-керісіп жататын әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді.
Luke Kaz 11:18  Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алады? Ал сендер Мені: «Жындарды белзебүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығарады» дейсіңдер.
Luke Kaz 11:19  Ендеше Мені жындарды соның күшімен қуып шығарады десеңдер, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығады?! Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді!
Luke Kaz 11:20  Бірақ шынында Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығарамын. Демек, араларыңда Құдайдың Патшалығы орнаған!
Luke Kaz 11:21  Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде, оның дүние-мүлкі қауіпсіз.
Luke Kaz 11:22  Бірақ одан да күшті басқа Біреу шабуыл жасап, жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару-жарағын тартып алып, қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.
Luke Kaz 11:23  Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы; кім Менімен бірге жинамаса, сол шашады.
Luke Kaz 11:24  Жын адамнан шыққаннан кейін шөл даланы кезіп, баспана іздеп, таппайды. Сонда ол: «Шыққан үйіме қайта оралайын» дейді.
Luke Kaz 11:25  Қайтып келгенде қараса, үй сыпырылып, жиналыпты.
Luke Kaz 11:26  Содан жын барып, өзінен бетер жауыз тағы жеті жынды ертіп келіп, үйге кіріп, сонда тұрып қалады. Осылайша әлгі адамның кейінгі жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болады.
Luke Kaz 11:27  Иса бұларды айтып тұрғанда, бір әйел халықтың арасынан қатты дауыспен:— Сізді көтерген құрсақ, Сізге нәр берген ана бақытты! — деді.
Luke Kaz 11:28  Бірақ Иса оған:— Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты! — деді.
Luke Kaz 11:29  Айналасына халық көптеп жиналғанда, Иса сөзін былай деп бастады: «Осы заманғы ұрпақ — жаман ұрпақ! Ол (билігімді дәлелдейтін) бір керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді!
Luke Kaz 11:30  Себебі (ежелде) Жүніс пайғамбардың Ниневи қаласының тұрғындарына керемет белгі болып көрінгеніндей, көктен келген Билеуші де осы ұрпаққа керемет белгі болып көрінетін болады.
Luke Kaz 11:31  Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы қиямет күні осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді. Себебі патшайым Сүлейменнің даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған шынымен құлақ аспайсыңдар!)
Luke Kaz 11:32  Ниневидің тұрғындары да қиямет кезінде осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді: ниневиліктер Жүніс уағыздағанда теріс жолдарынан қайтты. Ал мұнда Жүніс пайғамбардан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер теріс жолдарыңнан қайтудан бас тартасыңдар!)»
Luke Kaz 11:33  Ешкім шам жаққан соң оны жасырын жерге немесе бір ыдыстың астына қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда ол үйге кіргендерге жарығын түсіреді.
Luke Kaz 11:34  Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда, өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер ашкөз болсаң, өміріңді қараңғылық басады.
Luke Kaz 11:35  Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа!
Luke Kaz 11:36  Егер де бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады, — деді Иса.
Luke Kaz 11:37  Иса сөзін аяқтағанда, бір парызшыл кісі Оны түскі тамаққа үйіне шақырды. Иса барып, дастарқан басына жайғасты.
Luke Kaz 11:38  Оның тамақ ішер алдында діни қол жуу рәсімін орындамағанын көріп, парызшыл таңғалды.
Luke Kaz 11:39  Алайда Иеміз оған былай деді:— Парызшылдар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасайсыңдар, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы!
Luke Kaz 11:40  Ей, түйсіксіздер, сыртын Жаратқан ішін де жаратты емес пе?
Luke Kaz 11:41  Ең дұрысы мынау: иеліктеріңнен мұқтаждарға қайыр беріңдер! Сонда барлық нәрселерің де адал болады.
Luke Kaz 11:42  Бірақ, парызшылдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті (бақшадан жиналған) жалбыз, тасшөп сияқты әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің құнының да оннан бір бөлігін садақаға бересіңдер. Бірақ та әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмағандарың дұрыс болар еді.
Luke Kaz 11:43  Парызшылдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда сыйлы орында отыруды, әрі базарларда жұрттың өздеріңе сәлем беріп қошеметтеуін ұнатасыңдар.
Luke Kaz 11:44  (Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер) сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар: жұрт олардың қабір екенін білмей, үстімен жүріп арамданады.
Luke Kaz 11:45  Сонда Таурат заңын үйретуші ғұламалардың бірі:— Ұстаз! Бұл сөзіңіз бізді де ренжітеді, — деді.
Luke Kaz 11:46  Иса бұған былай деп жауап берді:— Таурат заңын үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге ыңғайсыз, тым ауыр борыштарды артып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұшын да тигізбейсіңдер.
Luke Kaz 11:47  Сендер қасіретке қаласыңдар! Ата-бабаларың өлтірген пайғамбарларға әдемілеп мазар саласыңдар;
Luke Kaz 11:48  осылайша ата-бабаларыңның істеріне куә болып, тіпті оларымен келісесіңдер де. Ата-бабаларың пайғамбарларды өлтірген, ал сендер соларға мазар орнатасыңдар.
Luke Kaz 11:49  Сондықтан Құдай Өзінің даналығымен былай деген: Мен оларға пайғамбарлар мен елшілерді жіберемін. Бірақ олар солардың кейбіреулерін өлтіріп, басқаларын қудалайды.
Luke Kaz 11:50  Сол үшін де Әбілден бастап, құрбандық үстелі мен киелі үйдің арасында өлтірілген Зәкәрияға дейін, яғни дүние жаратылғаннан бері өлтірілген барлық пайғамбарлардың төгілген қандарының құны осы ұрпақтан талап етілсін! Иә, сендерге шындығын айтамын: ол осы ұрпақтан талап етіледі!
Luke Kaz 11:51  Сол үшін де Әбілден бастап, құрбандық үстелі мен киелі үйдің арасында өлтірілген Зәкәрияға дейін, яғни дүние жаратылғаннан бері өлтірілген барлық пайғамбарлардың төгілген қандарының құны осы ұрпақтан талап етілсін! Иә, сендерге шындығын айтамын: ол осы ұрпақтан талап етіледі!
Luke Kaz 11:52  Таурат заңын үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер (құтқарылу туралы) білімнің кілтін тартып алдыңдар: өздерің де кірмедіңдер, кіргісі келгендерге де кедергі жасадыңдар!
Luke Kaz 11:53  Иса осыны айтып болып, сол жерден кете бергенде, дін мұғалімдері мен парызшылдар Оған әр түрлі сұрақтар қойып, жан-жақтан қыспақтады.
Luke Kaz 11:54  Олар Исаны айыптайтын бір нәрсені табу үшін, Оның аузынан шыққан әрбір сөзін аңдыды.
Chapter 12
Luke Kaz 12:1  Осы екі арада мыңдаған адамдар келіп, сығылысып тұрды. Ал Иса алдымен шәкірттеріне қарап былай деді: «Парызшылдардың ашытқысынан, яғни екіжүзділіктен, сақтаныңдар!
Luke Kaz 12:2  Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды.
Luke Kaz 12:3  Сондықтан қараңғыда айтқандарың жарықта естіледі, үй ішінде құлаққа сыбырлағандарың жұртқа жария болады.
Luke Kaz 12:4  Достарым, сендерге айтамын: тәнді өлтірсе де, кейін басқа ештеңе істей алмайтындардан қорықпаңдар!
Luke Kaz 12:5  Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын: өлтіргеннен кейін тозаққа түсіре алатын Құдайдан қорқыңдар! Сендерге тағы айтамын: Одан қорқып, Оны терең қастерлеңдер!
Luke Kaz 12:6  Бес торғай екі теңгеге сатылмай ма? Дегенмен олардың біреуін де Құдай ұмытпайды.
Luke Kaz 12:7  Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар!
Luke Kaz 12:8  Сендерге айтамын: Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Мен де Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде Құдайдың періштелерінің алдында мойындаймын.
Luke Kaz 12:9  Бірақ Менен жұрт алдында танған әркімнен Мен де Құдайдың періштелерінің алдында танбақпын.
Luke Kaz 12:10  Көктен келген Маған қарсы сөйлеген әркімге кешірім беруге болады, бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлаушыға кешірім болмайды.
Luke Kaz 12:11  Адамдар сендерді мәжілісханаларға, ел басшыларына және басқа да билік иелеріне апарған кезде қалай жауап беріп, не айтатындарыңды ойлап уайымға салынбаңдар!
Luke Kaz 12:12  Не айту керек екенін сендерге сол сәтте-ақ Киелі Рух үйретеді».
Luke Kaz 12:13  Көптеп жиналған халықтың арасынан біреу Исадан:— Ұстаз, мұрамызды менімен бөліссін деп ағама айтыңызшы, — деп өтінді.
Luke Kaz 12:14  Бірақ Иса сол кісіге:— Кім Мені сендерге би немесе мұраларыңды бөлетін төреші етіп қойды? — деп жауап берді.
Luke Kaz 12:15  Содан Ол халыққа қарап: — Абайлаңдар, дүниеқор болудан сақтаныңдар! Байлығы қанша зор болса да, адам сол арқылы өз өмірінің иесі бола алмайды, — деді.
Luke Kaz 12:16  Бұдан кейін Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:— Бір бай кісінің егіндік жері мол өнім береді.
Luke Kaz 12:17  Ол ішінен: «Не істесем екен? Астығымды жинап қоятын жерім жоқ, — деп ойланады.
Luke Kaz 12:18  — Былай істеймін: қамбаларымды бұзып, үлкейтіп қайтадан саламын. Соларға бүкіл астығым мен мал-мүлкімді жинап қоямын.
Luke Kaz 12:19  Сосын өзіме: көп жылға жететін мол қорың бар, енді демалып, ішіп-жеп, көңіліңді көтер деймін».
Luke Kaz 12:20  Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді.
Luke Kaz 12:21  Өзі үшін байлық жинап, ал Құдаймен қарым-қатынасында бай болмаған адамның ақыры осындай.
Luke Kaz 12:22  Бұдан кейін Иса шәкірттеріне қарап былай деді:— Сондықтан сендерге мынаны айтамын: не ішіп-жейміз деп өмірлеріңді, не киеміз деп тәндеріңді уайымдамаңдар!
Luke Kaz 12:23  Өмір тамақтан, тән киімнен артық қой.
Luke Kaz 12:24  Қарғаларға назар салыңдаршы: олар егін екпейді де, оны ормайды да, ешқандай қоймалары мен қамбалары да жоқ, бірақ Құдай оларды асырайды. Ал сендер құстардан қаншама артықсыңдар!
Luke Kaz 12:25  Сондай-ақ, осындай мәселелерді уайымдап араларыңдағы қайсың өз бойын тіпті бір қарыс ұзарта алады?
Luke Kaz 12:26  Сондай кішкентай нәрсе қолдарыңнан келмесе, неге басқа мәселелерді ойлап уайымдап жүрсіңдер?
Luke Kaz 12:27  Қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші: олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген.
Luke Kaz 12:28  Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндіреді, сенімі аздарым-ай!
Luke Kaz 12:29  Сондықтан не ішіп-жейміз деп ойлап уайымға салынбаңдар!
Luke Kaz 12:30  Осы күнәкар дүниенің адамдары сондай нәрселердің бәріне ие болуға тынымсыз ұмтылуда. Ал бұлардың сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой.
Luke Kaz 12:31  Ең бастысы, Құдайдың Патшалығының қамын ойлаңдар! Сонда Құдай сендерге бұлардың бәрін қосып береді.
Luke Kaz 12:32  Шағын қауым, қорықпа! Көктегі Әкең Патшалықты сендерге тапсыруға ризалық еткен.
Luke Kaz 12:33  Мал-мүліктеріңді сатып, мұқтаждарға үлестіріңдер! Осылай өздеріңе «тозбайтын қалта» жасап, таусылмайтын байлықты көкте жинаңдар. Сол жерде оған ұры да жақындамайды, күйе де жемейді.
Luke Kaz 12:34  Байлықтарың қайда болса, жүректерің де сонда.
Luke Kaz 12:35  Белдерің буулы, шамдарың жағулы болсын!
Luke Kaz 12:36  Сөйтіп сендер қожасының тойдан қайтуын күтіп тұрған қызметшілерге ұқсаңдар. Олар қожайыны келіп, есік қағысымен дереу ашуға дайын тұрады.
Luke Kaz 12:37  Қожайыны келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, қызметшілері бақытты! Сендерге шындығын айтайын: ол беліне алжапқышын байлап алып, оларды дастарқанға шақырады. Өзі қастарына келіп, оларға күтіп қызмет көрсетеді.
Luke Kaz 12:38  Қожайыны тіпті түн ортасында немесе таң алдында қайтып келгенде олардың күзетіп ояу отырғанын көрсе, сол қызметшілер бақытты!
Luke Kaz 12:39  Мынаны еске алыңдар: егер үй иесі ұрының қай сағатта түсетінін білетін болса, онда ол үйін күзетіп, ұрының бұзып кіруіне жол бермес еді.
Luke Kaz 12:40  Сол сияқты, сендер де дайын болыңдар! Өйткені сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін!
Luke Kaz 12:41  Сонда Петір Исадан:— Мырза, бұл мысалды бізге ғана айтып тұрсыз ба, әлде жұрттың бәріне де ме? — деп сұрады.
Luke Kaz 12:42  Иеміз оған былай деп жауап берді:— Адал да саналы үй басқарушысындай болыңдар! Қожайыны оны өзінің малайларының үстерінен қарап, ас-суларын уақытында үлестіріп беруге тағайындады.
Luke Kaz 12:43  Қожайыны қайтып келгенде оның солай істеп жүргенін көрсе, сол қызметші бақытты!
Luke Kaz 12:44  Сендерге шындығын айтайын: қожайыны оны бүкіл меншігін қараушы етіп тағайындамақ.
Luke Kaz 12:45  Ал егер әлгі қызметші іштей «қожайыным жуырда келе қоймас» деп, малайлар мен күңдерді ұрып-соқса әрі ішіп-жеп, маскүнемдікке салынса,
Luke Kaz 12:46  онда қожайыны күтпеген күні, ойламаған сәтте келіп, оны аяусыз жазалап, сенімсіздердің кебінін кигізеді.
Luke Kaz 12:47  Қожайынының еркін біле тұра дайын болмаған, оның қалауы бойынша істемеген қызметші қатты соққы жейтін болады.
Luke Kaz 12:48  Ал оның қалауын білмей, жазалауға тұратынды істеген қызметші азырақ соққы жейтін болады. Себебі Құдай кімге көп берсе, одан көп талап етеді, кімге көп сеніп тапсырса, одан есепті де көбірек сұрайды.
Luke Kaz 12:49  Мен дүние жүзіне бір «отты» тастауға келдім. Оның қазірдің өзінде жануын тілер едім!
Luke Kaz 12:50  Ал Мен азапты «шомылудан» өтуге тиістімін, сол жүзеге асқанша іштей қиналып, оны асыға күтудемін.
Luke Kaz 12:51  Мені дүние жүзіне (жалған) татулық әкелу үшін келді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, сендерге шындығын айтамын: Мен (жақсы мен жаманды бір-бірінен ажырататын) айыруды әкелу үшін келдім.
Luke Kaz 12:52  Бұдан былай бір үйде бесеу тұрса, олар бір-бірінен бөлектеніп, үшеуі екеуіне, екеуі үшеуіне қарсы болады.
Luke Kaz 12:53  (Пайғамбар алдын ала айтқандай) әкесі ұлына, ұлы әкесіне, шешесі қызына, қызы шешесіне, енесі келініне, келіні енесіне қарсы шығады.
Luke Kaz 12:54  Содан кейін Иса халыққа қарап былай деді:— Батыстан көтерілген бұлтты көргенде сендер дереу «Жаңбыр жауады» дейсіңдер, солай болады да.
Luke Kaz 12:55  Оңтүстіктен жел ескенде «Күн ыстық болады» дейсіңдер, ол да солай болады.
Luke Kaz 12:56  Ей, екі жүзділер! Сендер аспан мен жердің құбылыстарын түсіне білесіңдер, ал қазіргі заманда болып жатқан оқиғаларды неліктен ұға алмайсыңдар?!
Luke Kaz 12:57  Енді не істеу керектігін неге өздерің шешпейсіңдер?
Luke Kaz 12:58  Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп би алдына бара жатқанда уақыт оздырмай жолшыбай онымен татуласып, құтылуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сотқа тартады, ал сот жазалаушыға тапсырып, жазалаушы сені түрмеге қамайды.
Luke Kaz 12:59  Саған шындығын айтайын: сен берешегіңді соңғы тиынына дейін төлемейінше, сол жерден шыға алмайсың!
Chapter 13
Luke Kaz 13:1  Сол кезде кейбіреулер Исаға келіп, римдік әмірші Пилаттың бірнеше ғалилеялықтарды ғибадатхананың алаңында өлтірткені туралы айтты. Солардың қаны өздерінің құрбандыққа шалған малдарының қанымен араласып кеткен болатын.
Luke Kaz 13:2  Иса мұны айтқандарға былай деп жауап берді:— Сендер «Бұл ғалилеялықтар осындай азапқа ұшырағандықтан, олардың күнәлары барлық жерлестерінің күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма?
Luke Kaz 13:3  Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар!
Luke Kaz 13:4  Әлде сендер «Силоғам мұнарасы үстеріне құлап өлген он сегіз кісінің күнәлары Иерусалимнің барлық басқа тұрғындарының күнәларынан ауыр болған екен» деп ойлайсыңдар ма?
Luke Kaz 13:5  Жоқ, деймін сендерге, олай емес. Егер сендер теріс жолдарыңнан қайтып, Құдайдың жолына түспесеңдер, бәрің де осылай құрисыңдар!
Luke Kaz 13:6  Иса мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір кісінің жүзім бағында інжір ағашы да болыпты. Иесі барып, ағаштан жеміс іздейді, бірақ түк те таба алмайды.
Luke Kaz 13:7  Содан ол жүзімшіге:— Көрдің бе, мына ағашқа үш жылдан бері келіп, бірде-бір жемісін таба алмадым. Оны кесіп таста! Ол босқа орын алып тұр, — дейді.
Luke Kaz 13:8  Жүзімші бақтың иесіне:— Мырза, оны биылша қалдырыңызшы. Мен оның айналасын қопсытып, қи төгейін;
Luke Kaz 13:9  мүмкін жеміс беріп қалар. Егер бермесе, келесі жылы кестіріп тастарсыз, — дейді».
Luke Kaz 13:10  Бір демалыс күні Иса мәжілісханалардың бірінде жұртқа тәлім беріп жатты.
Luke Kaz 13:11  Сол жерде бүкірейіп қалған бір ауру әйел де бар еді. Ол жын соққандықтан он сегіз жылдан бері денесін тік ұстай алмайтын.
Luke Kaz 13:12  Иса әйелді көріп, қасына шақырды да:— Замандас, енді ауруыңыздан құтыласыз, — деп,
Luke Kaz 13:13  үстіне қолын қойды. Әйел сол сәтте-ақ бойын жазып түрегеліп, Құдайға мақтау айта бастады.
Luke Kaz 13:14  Бірақ мәжілісхананың жетекшісі Исаның ауруды діни демалыс күні болса да сауықтырғанына ашуланып, жұртқа:— Жұмыс істейтін алты күн бар. Емделуге демалыс күні емес, басқа күндері келіңдер! — деп бұйырды.
Luke Kaz 13:15  Ал Иеміз оған:— Ей, екі жүзді! Демалыс күні болса да, әрқайсың өгізің мен есегіңнің байлауын шешіп босатып, суаруға апарасыңдар ғой?!
Luke Kaz 13:16  Ал енді, Ыбырайым атаның мына ұрпағын шайтан он сегіз жылдан бері байлап-матап келді. Оны сол бұғаудан демалыс күніне бола босатпау қажет пе еді? — деп жауап берді.
Luke Kaz 13:17  Иса осыны айтқанда, Оған қарсылық көрсеткендердің бәрі ұялып қалды. Ал басқа жұрт түгелдей Оның істеген кереметтеріне қуанды.
Luke Kaz 13:18  Содан кейін Иса былай деді:— Құдайдың Патшалығы қандай нәрсеге ұқсас, оны немен салыстырайын?
Luke Kaz 13:19  Ол бір адамның бақшасына еккен қыша дәніне ұқсас: сол майда тұқым өскенде биік болып шығып, бұтаға айналады. Оның бұтақтарына құстар ұшып келіп, паналайды.
Luke Kaz 13:20  Иса мынаны да айтты:— Құдайдың Патшалығын тағы немен салыстырайын?
Luke Kaz 13:21  Ол ашытқыға да ұқсас: әйелдер үш астау ұнға аздаған ашытқы қосып, араластырғанда сол ашытқы бүкіл қамырды ашытып, көтереді.
Luke Kaz 13:22  Мұнан кейін Иса Иерусалим қаласына қарай сапар шегіп бара жатып, жолындағы қалалар мен ауылдарды аралай жүріп, жұртқа тәлім берді.
Luke Kaz 13:23  Біреу Оған:— Мырза! (Келешектегі қаһарлы жазадан) құтқарылатындар тым аз бола ма? — деген сұрақ қойды.
Luke Kaz 13:24  Сонда Иса жұртқа қарап былай деді:— Тар есіктен кіруге барынша тырмысыңдар! Сендерге шын айтамын: көп адамдар кіруге ұмтылғанмен кіре алмайды.
Luke Kaz 13:25  Үй Иесі орнынан тұрып, есікті бекітіп қоймақ. Артынша сендер сыртта тұрып, есікті қағып: «Тақсыр Ие, бізге есікті аша көріңіз!» — деп дауыстайтын боласыңдар. Бірақ Ол: «Сендерді (өз адамдарым ретінде) танымаймын, қайдан екендеріңді білмеймін», — деп жауап қайтаратын болады.
Luke Kaz 13:26  Сонда сендер: «Біз көз алдыңызда ішіп-жедік, Сіз біздің жерімізде тәлім беріп тұрдыңыз ғой», — дей бастайсыңдар.
Luke Kaz 13:27  Бірақ Ол: «Сендерге қайталап айтамын, кім және қайдан екендеріңді білмеймін. Әділетсіздік істеген бәрің де, Менен аулақ кетіңдер!» — дейтін болады.
Luke Kaz 13:28  Сендер зар еңіреп жылап, қинала тістенетін боласыңдар. Себебі Ыбырайым, Ысқақ, Жақып пен барлық пайғамбарлардың да Құдайдың Патшалығында жүргенін, ал өздеріңнің сыртқа қуылғандарыңды көретін боласыңдар.
Luke Kaz 13:29  Сонда шығыс пен батыстан, солтүстік пен оңтүстіктен жат жұрттық адамдар келіп, Құдайдың Патшалығындағы дастарқан басына жайғасатын болады!
Luke Kaz 13:30  Осылай алдыңғы қатарға шығатын соңғылар бар, әрі соңғы болатын алдыңғы қатарлылар да бар.
Luke Kaz 13:31  Сол сәтте бірнеше парызшыл адамдар Исаның қасына келіп:— Бұл арадан кете гөр, (аймақ әкімі) Ирод Сені өлтірмекші! — дегенде,
Luke Kaz 13:32  Иса оларға былай жауап берді:— Барып, ол «түлкіге» мынаны айтыңдар: «Мен бүгін және ертең жындарды қуып шығып, ауруларды сауықтырамын, ал үшінші күні ісімді аяқтаймын».
Luke Kaz 13:33  Әрине, Мен бүгін, ертең және бүрсігүні де өз жолыммен жүруге тиістімін. Өйткені бір пайғамбардың Иерусалимнен басқа жерде шейіт болуы жөнсіз.
Luke Kaz 13:34  Ей, Иерусалим, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай өзіңе жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар!
Luke Kaz 13:35  Сондықтан үйлерің қаңырап, бос қалдырылады. Сендерге шындығын айтайын: бұдан былай, «Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!» деп шақырған уақыттарыңа дейін, Мені қайтып көрмейсіңдер.
Chapter 14
Luke Kaz 14:1  Иса бір діни демалыс күні парызшылдар қауымының қайсыбір бастығының үйіне дәм татуға келгенде, бәрі Оны бақылап отырды.
Luke Kaz 14:2  Кенеттен Оның алдына шемен ауруына ұшыраған біреу келді.
Luke Kaz 14:3  Сонда Иса Таурат заңын үйретуші ғұламалар мен парызшылдарға мына сұрақты қойды:— Демалыс күні ауруды сауықтыруға бола ма?
Luke Kaz 14:4  Олар үндемегенде Иса әлгі адамға қолын тигізіп, оны сауықтырды да, өз жөніне жіберді.
Luke Kaz 14:5  Мұнан кейін жиналғандарға:— Егер біреуіңнің есегің немесе өгізің құдыққа түсіп кетсе, оны демалыс күні болса да, дереу шығарып алмас па едіңдер?! — деген сауал қойды.
Luke Kaz 14:6  Олар бұған қарсы ештеңе айта алмады.
Luke Kaz 14:7  Қонақтардың төрдегі құрметті орындарды таңдап алып жатқанын байқаған Иса соны мысалға алып, мынадай тәлім берді:
Luke Kaz 14:8  — Біреу сені тойға шақырғанда, төрдегі құрметті орынға жантая кетпе! Шақырылғандардың ішінде жолы сенен де үлкен біреу болуы мүмкін.
Luke Kaz 14:9  Онда екеуіңді шақырған үй иесі келіп, саған: «Мына кісіге орныңды бер», — дейді, ал сен ұялып, амалсыздан ең төменгі орынға барып отырасың.
Luke Kaz 14:10  Сондықтан қонаққа барғанда ең төменгі орынға отыр. Сонда үй иесі қасыңа келіп: «Досым, жоғары шық», — демек. Осылай дастарқандас болғандардың алдында мәртебең өсіп қалады.
Luke Kaz 14:11  Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.
Luke Kaz 14:12  Содан кейін Иса Өзін шақырған үй иесіне қарап былай деді:— Түскі немесе кешкі қонақасы бергенде дос, бауыр, туысқандарыңды, я болмаса бай көршілеріңді шақырма. Себебі олай етсең, олар да сені қонаққа шақырып, есесін қайтармақ.
Luke Kaz 14:13  Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр!
Luke Kaz 14:14  Олар саған есесін қайтара алмайтындықтан бақытты боласың. Әділдер қайта тірілетін қиямет күні саған соның есесі қайтарылатын болады, — деді.
Luke Kaz 14:15  Исамен бірге дастарқандас болғандардың бірі осыны естігенде Оған: «Құдайдың Патшалығындағы тойға қатысатындар бақытты!» — деді.
Luke Kaz 14:16  Иса оған астарлап былай деді: «Біреу үлкен қонақасын дайындап, көп адам шақырады.
Luke Kaz 14:17  Тамақ ішетін уақыт болғанда, шақырғандарына қызметшісін жіберіп былай дегізеді:— Келіңдер, барлығы дайын тұр!
Luke Kaz 14:18  Бірақ бәрі бірдей кешірім сұрап, біреуі:— Егіндік жер сатып алдым, соны барып көруім керек. Өтінемін, маған кешірім ете гөр! — десе,
Luke Kaz 14:19  келесі біреуі:— Бес пар өгіз сатып алып едім, соларды сынап жегіп көруге бара жатырмын. Өтінемін, мені кешір! — дейді.
Luke Kaz 14:20  Ал тағы біреуі:— Мен жаңа ғана үйленген едім, сондықтан бара алмаймын, — дейді.
Luke Kaz 14:21  Қызметшісі қайта оралып, мұны қожайынына айтып береді. Үй иесі қаһарланып, қызметшісіне:— Тез барып, қаланың үлкенді-кішілі көшелерін аралап, жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды алып кел! — деп бұйырады.
Luke Kaz 14:22  Кейінірек қызметшісі:— Мырза, бұйрығыңызды орындадым, бірақ әлі де бос орын бар, — дейді.
Luke Kaz 14:23  Ал қожайыны былай деп тапсырады:— Қаладан шығып, үлкен жолдарда әрі үйлердің айналасында жүргендерді шақырып, келуге көндір! Осылайша үйім толсын.
Luke Kaz 14:24  Сендерге шындығын айтамын: алдымен шақырылғандардың ешқайсысы да қонақасымнан ауыз тимейді!» (Неге десеңдер, шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз.)
Luke Kaz 14:25  Жолшыбай қарақұрым халық еріп келе жатқанда, Иса оларға бұрылып, былай деді:
Luke Kaz 14:26  — Кім Маған келіп, Мені әке-шешесінен, әйелі мен балаларынан, бауырларынан және өз өмірінен артық көрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
Luke Kaz 14:27  Кім айқышын арқалаған кісідей өз мүддесінен бас тартып, тіпті азапты өлімге дайын болып Менің соңымнан еріп жүрмесе, сол Менің шәкіртім бола алмайды.
Luke Kaz 14:28  Сендердің біреуің бір мұнара салғысы келеді дейік. Сонда ол құрылысты аяқтауға қаражатының жетер-жетпесін білу үшін алдымен отыра қалып, кететін шығынды есептеп алады.
Luke Kaz 14:29  Ол солай етпесе, іргетасын қалағаннан кейін бастаған ісін аяқтай алмас еді. Мұны көргендердің бәрі:
Luke Kaz 14:30  «Мынаның құрылысты бастағанымен аяқтауына шамасы жетпеді, ә?!» — деп оны мазақтар еді.
Luke Kaz 14:31  Немесе бір патша басқа бір патшамен соғысатын болса, келе жатқан қарсыласының жиырма мың жасақшысына өзінің он мыңымен төтеп бере ала ма, жоқ па — алдымен отыра қалып, соны ақылға салмас па еді?
Luke Kaz 14:32  Шамасы келмейтін болса, ана патша әлі де алыста келе жатқан кезде оған елшілерін жіберіп, бітім шартын сұрар еді.
Luke Kaz 14:33  Сол сияқты, сендердің ешқайсың да бар нәрсеңнен бас тартпай Менің шәкіртім бола алмайсыңдар.
Luke Kaz 14:34  (Тағамды бұзылудан сақтау үшін) тұз пайдалы. Ал егер тұз өз күшінен айырылған болса, онысын қалай қалпына келтіруге болады?
Luke Kaz 14:35  Ол тіпті жер өңдеуге не қиға қосуға жарамсыз болып шыққандықтан, жұрт оны лақтырып тастайды.Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!
Chapter 15
Luke Kaz 15:1  Салықшылар мен өзге де күнәкарлар Исаны тыңдау үшін көптеп қасына жиналатын.
Luke Kaz 15:2  Бірақ парызшылдар мен дін мұғалімдері мұны көріп:— Мына кісі күнәкарларды қабылдап, солармен тіпті дастарқандас болады! — деп күңкілдесті.
Luke Kaz 15:3  Сонда Иса оларға астарлап былай деді:
Luke Kaz 15:4  — Егер араларыңдағы біреудің жүз қойы болып, солардың бірін жоғалтып алса, ол не істемек? Тоқсан тоғыз қойын далада қалдырып, жоғалып кеткенін тапқанша іздемей ме?
Luke Kaz 15:5  Оны тауып алған соң, қуана-қуана иығына салып алады.
Luke Kaz 15:6  Үйіне келгеннен кейін: «Жоғалған қойымды тауып алдым, қуанышыма ортақ болыңдар!» — деп достары мен көршілерін шақырады.
Luke Kaz 15:7  Сендерге шын айтамын: сол сияқты, «Маған теріс жолдан қайтудың қажеті жоқ» дейтін тоқсан тоғыз «әділ» кісіден гөрі, теріс жолдан қайтқан бір күнәкарға көктегілер көбірек қуанады!
Luke Kaz 15:8  Әлде он күміс теңгесі бар әйел біреуін жоғалтып алса, оны тапқанша шам жағып, үйді сыпырып, бар ынтасымен іздемей ме?
Luke Kaz 15:9  Тауып алған соң: «Жоғалтқан күміс теңгемді тауып алдым! Менің қуанышыма ортақ болыңдар», — деп достары мен көрші-қолаңдарын шақырады.
Luke Kaz 15:10  Сендерге шын айтамын: Құдайдың періштелері теріс жолдан қайтқан бір күнәкар үшін де дәл солай қуанады!
Luke Kaz 15:11  Иса тағы мына әңгімені де айтып берді: «Біреудің екі ұлы болыпты.
Luke Kaz 15:12  Кенжесі:— Әке, маған тиісті еншімді бөліп беріңізші! — дейді. Сонда әкесі ұлдарына мал-мүлкін бөліп береді.
Luke Kaz 15:13  Көп уақыт өтпей кіші ұл бәрін жинап алып, алыс бір елге кетеді. Сол жерде ол азғындық жолға түсіп, еншісін шашып, ысырап қылады.
Luke Kaz 15:14  Бәрін жұмсап бітірген кезде сол елде қатты ашаршылық болып, жігіт мұқтаждық көре бастайды.
Luke Kaz 15:15  Елдің бір тұрғынына барып, жармасып жүріп, жалшысы болады. Сол оны даласына жіберіп, шошқаларын баққызып қояды.
Luke Kaz 15:16  Жігіт шошқалар жейтін қабықтарды жеп тойсам деп аңсайтын, бірақ оған соны да бермепті.
Luke Kaz 15:17  Сонда ол ақылға келіп, ішінен былай дейді: Әкемнің соншама көп жалшысы нанға тойып жүргенде, мен бұл жерде аштан өлетін болдым.
Luke Kaz 15:18  Қой, жолға шығып, әкеме қайтып барайын: Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім.
Luke Kaz 15:19  Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін. Мені жалшыңыздай қабылдасаңыз екен, — дейін.
Luke Kaz 15:20  Сонымен жігіт әкесіне баруға жолға шығады. Ол әлі де алыста келе жатқанда, әкесі баласын көріп, оған жүрегі елжіреп, алдынан жүгіріп шығады. Оны құшақтап бауырына басады да, бетінен сүйеді.
Luke Kaz 15:21  Баласы оған:— Әке, мен Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Енді ұлыңызбын деп аталуға лайық емеспін, — дейді.
Luke Kaz 15:22  Бірақ әкесі қызметшілеріне бұйырып:— Тезірек ең жақсы шапанды әкеліп, балама жабыңдар! Қолына мөрлі жүзік, аяғына кебіс кигізіңдер!
Luke Kaz 15:23  Сосын бордақыланған өгізшені әкеліп, сойыңдар, ішіп-жеп, көңіл көтерейік!
Luke Kaz 15:24  Өйткені менің мына ұлым өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды! — дейді. Сөйтіп олар көңілді тойды бастап жібереді.
Luke Kaz 15:25  Ал әкенің тұңғыш ұлы далада жүр екен. Қайтып келе жатып, үйіне жақындағанда ол қуана ән салып жатқан дауыстарды естиді.
Luke Kaz 15:26  Қызметшілердің бірін шақырып алып:— Бұл не? — деп сұрайды.
Luke Kaz 15:27  — Ініңіз қайтып келді! Әкеңіз оны аман-есен көргені үшін бордақыланған өгізшені сойып, той жасап жатыр, — деп жауап береді ол.
Luke Kaz 15:28  Үлкен ұл ашуланып, үйге кіргісі келмейді. Әкесінің өзі шығып, оны шақырады.
Luke Kaz 15:29  Сонда ол әкесіне былай деп жауап қатады:— Міне, мен сізге қанша жыл бойы қызмет етіп келе жатырмын, еш уақытта бұйрығыңызға қарсы шыққан емеспін. Бірақ сіз маған достарыммен бірге отырып көңіл көтеруім үшін, тым болмаса, лақ та берген емессіз!
Luke Kaz 15:30  Алайда бұзылған әйелдермен бірге болып, мал-мүлкіңізді шашып-төккен мына балаңыз қайтып келгенде, сіз оған арнап бордақыланған өгізшемізді сойып, той жасап жатырсыз!
Luke Kaz 15:31  — Ұлым, сен әрдайым менімен біргесің. Барлық меншігім сенікі ғой.
Luke Kaz 15:32  Ал мына інің болса, өлген еді — тірілді, жоғалған еді — табылды. Сондықтан қуанып, көңіл көтеруіміз керек қой! — дейді әкесі».
Chapter 16
Luke Kaz 16:1  Иса шәкірттеріне мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Бір байдың үй шаруашылығын басқаратын кісісі болған екен. Сол адам мал-мүлкіңізді шашып жатыр деген сыбыс байдың құлағына жетеді.
Luke Kaz 16:2  Бай оны шақырып алып:— Сен туралы естіп жүргенім не әңгіме? Жұмысың жайлы есеп бер! Бұдан былай үйімді басқара алмайсың, — деп шешеді.
Luke Kaz 16:3  Басқарушы сонда өзіне-өзі: Енді не істесем екен, қожайыным мені жұмыстан босатып тастамақ. Жер қазу қолымнан келмейді, қайыр сұрауға ұяламын.
Luke Kaz 16:4  Бірақ дәл қазір не істеу керек екенін білемін, сонда үй басқарудан босаған кезімде жұрттың есігі мен үшін айқара ашық болады, — дейді.
Luke Kaz 16:5  Содан ол қожайынына қарыздар адамдардың бәрін жеке-жеке шақырып алып, біріншісінен:— Қожайыныма қанша борышың бар? — деп сұрайды.
Luke Kaz 16:6  — Жүз күбі май, — дейді ол.— Борыш қағазыңды ал да, отыра қалып, елу күбі деп жаз! — дейді басқарушы.
Luke Kaz 16:7  Содан кейін басқасынан:— Ал сенің қанша борышың бар? — деп сұрайды.— Жүз қап бидай.— Борыш қағазыңды алып, сексен деп жаз! — дейді соған.
Luke Kaz 16:8  Қожайыны өтірікші басқарушысының ақыл тауып кеткендігін мақтады. Себебі осы күнәкар дүниенің адамдары өзі сияқтылармен араласқанда Құдайдың нұрлы жолымен жүргендерден гөрі әлдеқайда ақылды әрекет жасайды.
Luke Kaz 16:9  Сендерге шын айтамын: осы күнәкар дүниелік байлықтарыңмен жақсылық жасап, өздеріңе достар табыңдар! Сонда бұ дүниеден қайтқан кездеріңде көктегі мәңгілік мекендердің есігі сендер үшін айқара ашық болады.
Luke Kaz 16:10  Кішкене істе сенімді болған үлкен істе де сенімді, ал кішкене істе сенімсіз болған үлкен істе де сенімсіз.
Luke Kaz 16:11  Сондықтан, егер бұ дүниелік байлықтарың барда сенімді болмасаңдар, сендерге көктегі шынайы байлықты кім сеніп тапсырады?
Luke Kaz 16:12  Және егер түпкілікті меншік болмайтын мал-мүліктеріңді дұрыс қолданбасаңдар, мәңгі өздеріңдікі болатын байлықты сендерге кім табыс етпек?
Luke Kaz 16:13  Ешбір қызметші екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды. Өйткені ол біреуін екіншісінен артық көріп, соған бағышталады, ал екіншісіне немкетті қарайтын болады. Сол сияқты, сендер де Құдайға және байлыққа бірдей бағышталып қызмет ете алмайсыңдар!»
Luke Kaz 16:14  Бұлардың бәрін дүниеқор парызшылдар да естіп, Исаны мазақ қылды.
Luke Kaz 16:15  Иса оларға былай деп жауап қатты: «Сендер адамдар алдында әділ болғансып жүрсіңдер, бірақ Құдай жүректеріңде не бар екенін жақсы біледі. Адамдар бұларыңды жоғары бағалағанмен, Құдай алдында ол — жексұрындық».
Luke Kaz 16:16  «Жақия пайғамбардың уағыздауына дейін Таурат пен Пайғамбарлар жазбалары сендерге тура жолды көрсеткен еді. Жақияның уағыздаған кезінен бері Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабар жарияланып келеді. Оған кіруге әркім күш салып жүр.
Luke Kaz 16:17  Ал Таурат заңының бір кішкентай сызығының түсіп қалғанынан гөрі аспан мен жердің жойылып кетуі оңайырақ.
Luke Kaz 16:18  Әйелін үйінен шығарып жіберіп, басқаны алған әркім неке адалдығын бұзады. Сондай-ақ, күйеуімен ажырасқан әйелді алған да неке адалдығын бұзады».
Luke Kaz 16:19  «Бір кісі бай болып, қымбат қызыл шапан мен сәнді киімдер киіп, күн сайын салтанат құрып көңіл көтеретін.
Luke Kaz 16:20  Ал қақпасының алдында Елазар есімді бір мүсәпір жататын, оның тұла бойын іріңді жара басқан еді.
Luke Kaz 16:21  Мүсәпір байдың дастарқанынан түскен қалған-құтқанды жеп тойынсам деп аңсайтын. Тіпті иттер келіп, жараларын жалап кететін.
Luke Kaz 16:22  Ақыры мүсәпір қайтыс болып, періштелер оны Ыбырайым пайғамбардың қасына апарып салады. Бай да өліп, қабірге қойылады.
Luke Kaz 16:23  Ол о дүниеде азап шегіп жүріп, басын көтеріп қарағанда алыстан Ыбырайым мен оның қасында жантайған Елазарды көреді.
Luke Kaz 16:24  Содан ол қатты дауыспен:— Ыбырайым ата, маған қайырым қылып, Елазарды жібере көріңіз! Ол бармағының ұшын суға малып алып, тілімді салқындатсын. Мына жалынды отта қатты қиналып жатырмын, — деп жалбарынады.
Luke Kaz 16:25  Бірақ Ыбырайым былай деп жауап береді:— Ей, балам, есіңе түсірші: сен өміріңде әрдайым жақсылық көріп рақаттандың, ал Елазар ауыртпалық көріп, азап шегіп жүрді. Енді ол мұнда жұбаныш тапса, сен онда қиналып жатырсың.
Luke Kaz 16:26  Оның үстіне сендер мен біздің арамызға терең шыңырау орнатылған. Бұл жерден сендерге барғысы келгендер өтіп бара алмайды, ар жақтан бізге де өтіп келе алмайды. —
Luke Kaz 16:27  Сонда ол:— Ата, олай болса, сізден сұраймын: Елазарды әкемнің үйіне жібере көріңіз!
Luke Kaz 16:28  Себебі бес інім бар, соларға барып, олардың да осы азапты жерге түспеулері үшін мықтап ескертіп куәлік етсін, — деп өтінеді.
Luke Kaz 16:29  Ал Ыбырайым:— Мұса мен өзге пайғамбарлардың жазбалары оларда бар ғой, соларға құлақ ассын! — дейді.
Luke Kaz 16:30  — Жоқ, Ыбырайым ата! Егер өлгендердің біреуі барса, онда олар теріс жолдан қайтады, — деп жалынады ол.
Luke Kaz 16:31  Сонда Ыбырайым оған:— Олар Мұса мен өзге пайғамбарларға құлақ аспағанда, өлгендердің біреуі тіріліп, барса да, сенбейді, — деп жауап береді».
Chapter 17
Luke Kaz 17:1  Иса шәкірттеріне тағы былай деді:— Адамдарды теріс жолға азғыратын жағдайлардың болатыны сөзсіз. Алайда олар кімнің кесірінен пайда болса, сол қасіретке қалады!
Luke Kaz 17:2  Оның мына жай кісілердің біреуін азғырып, теріс жолға түсіргенінше, мойнына дәу диірменнің тасы байланып, теңізге лақтырылғаны оған жақсырақ болар еді-ау!
Luke Kaz 17:3  Сондықтан сақтаныңдар!Егер бауырласың күнә жасаса, оған ескерт. Егер де өкініп, теріс жолдан қайтса, кешірім ет!
Luke Kaz 17:4  Ол тіпті күніне жеті рет саған қарсы күнә жасап, жеті рет келіп, «өкініп, теріс жолдан қайттым» десе, кешірім ет!
Luke Kaz 17:5  Сонда елшілері Иеміз Исадан:— Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді.
Luke Kaz 17:6  Иеміздің жауабы мынау болды:— Сендердің тарының түйіріндей ғана сенімдерің болса, мына тұт ағашына: «Жерден тамырыңмен қопарылып, теңізге отырғызыл!» десеңдер, ол айтқандарыңды орындар еді.
Luke Kaz 17:7  Араларыңдағы біреудің жер жыртып не мал бағып жүрген малайы бар дейік. Малай даладан қайтып келгенде, қожайыны оған: «Тез келіп, дастарқанға отыра ғой!» дей ме?
Luke Kaz 17:8  Керісінше: «Кешкі тамағымды дайында! Мен ішіп-жеп болғанша, алжапқышыңды байлап алып, маған қызмет ет, содан кейін өзің ішіп-жерсің!» деп бұйырмай ма?
Luke Kaz 17:9  Ал бұйрықтарын орындағаны үшін қожайын малайына алғыс айта ма?
Luke Kaz 17:10  Сендер де солай, Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз, жай міндетімізді ғана атқардық» деңдер!
Luke Kaz 17:11  Иса Иерусалим қаласына сапар шегіп бара жатқанда Самария мен Ғалилея аймақтары арқылы жүрді.
Luke Kaz 17:12  Бір ауылға келгенде, Оған денесін алапес басқан он кісі кездесті. Олар алыстан тұрып,
Luke Kaz 17:13  қатты дауыстап:— Иса, Ұстаз, бізге қайырым қыла көріңіз! — деп жалынды.
Luke Kaz 17:14  Иса оларға назар аударып:— Діни қызметкерлерге барып, қаралыңдар! — деді. Олар сол жаққа бара жатқанда-ақ алапестен құлантаза сауығып кетті.
Luke Kaz 17:15  Солардың біреуі өзінің сауығып кеткенін көрген соң, қатты дауыстап Құдайға мақтау айтып қайтып келді де,
Luke Kaz 17:16  Исаның аяғына жығылып, Оған алғысын жаудырды. Ал бұл кісі самариялық болатын!
Luke Kaz 17:17  Иса сонда:— Сауыққандар он кісі емес пе еді, тоғызы қайда?
Luke Kaz 17:18  Құдайға мақтау айту үшін мына шетелдіктен басқа ешкім қайтып келмеді ме? — деп,
Luke Kaz 17:19  самариялыққа қарап: — Тұр да, жөніңе жүре бер. Сен сенімің арқылы құтқарылдың! — деді.
Luke Kaz 17:20  Парызшылдар Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын сұрағанда, Иса оларға былай деп жауап берді:— Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын адамдар алдын ала білмейді.
Luke Kaz 17:21  Сондай-ақ оны «Міне, мұнда!» не «Әне, анда!» деуге болмайды. Себебі Құдайдың Патшалығы сендердің жан дүниелеріңде, — деді.
Luke Kaz 17:22  Кейін Иса шәкірттеріне арнап былай деді:— Көктен келген Мені бір күн болса да көрсек деп аңсайтын уақыттарың келеді, бірақ сол кезде Мені көрмейсіңдер.
Luke Kaz 17:23  Кісілер сендерге: «Міне, Ол мұнда!», я «Әне, Ол анда!» дейтін болады. Оларға бармаңдар да, арттарынан ермеңдер де!
Luke Kaz 17:24  Өйткені найзағайдың жарқ етіп, аспанды о шетінен бұ шетіне дейін жарқыратып жіберетініндей, уақыты болғанда Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де (аяқ астынан және ап-айқын) болады.
Luke Kaz 17:25  Бірақ алдымен Өзімнің көп азап шегуім әрі қазіргі ұрпақтың Менен бас тартуы қажет.
Luke Kaz 17:26  Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келетін кезімде де солай болады:
Luke Kaz 17:27  Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, күйеуге шығып өмір сүруде еді. Ал Нұх кемеге мінген соң, топан су басып, сол адамдардың бәрін де қырып салды.
Luke Kaz 17:28  Луттың заманында да солай болған: адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, сауда-саттық жасап, егін егіп, үй салып өмір кешуде еді.
Luke Kaz 17:29  Бірақ Лут Содом қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бәрін де қырып салды.
Luke Kaz 17:30  Мен Билеуші ретінде көктен келіп, ашық түрде көрінетін күні де тап солай болады!
Luke Kaz 17:31  Сол күні біреу үйінің жалпақ төбесінде отырып, заттары іште болса, ол үйге кіріп, соларын алып шықпастан, сыртқы сатымен төмен түсіп, дереу қашып құтылсын! Сондай-ақ, кім далада болса, үйіне қайтып бармастан, бірден қашып кетсін!
Luke Kaz 17:32  Луттың әйелімен болған жайтты естеріңе түсіріңдер!
Luke Kaz 17:33  Өмірін өзі үшін сақтауға тырысқан әркім одан айырылады, ал өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгі аман сақтап қалады.
Luke Kaz 17:34  Сендерге шын айтамын: сол заманда түнде төсекте жатқан екеудің біреуін періштелер қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді.
Luke Kaz 17:35  Олар бірге қол диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді.
Luke Kaz 17:36  (Сондай-ақ, олар егіндікте жүрген екеудің де біреуін қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді.)
Luke Kaz 17:37  Шәкірттері:— Мырза, бұл қай жерде болады? — деп сұрағанда, Иса астарлап мына жауапты берді:— «Жемтік қайда болса, күшігендер сонда жиылар». — (Сол сияқты, осы оқиғалардың қай жерде болғаны сол заманда бәріне айқын болады.)
Chapter 18
Luke Kaz 18:1  Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп
Luke Kaz 18:2  былай деді:— Бір қалада Құдайдан қорықпайтын, адамнан да ұялмайтын би болыпты.
Luke Kaz 18:3  Сол қалада бір жесір әйел де тұрады екен. Әйел биге қайта-қайта келіп: «Мені дауласқан кісімнен қорғай көріңіз!» — деп өтініп сұрай береді екен.
Luke Kaz 18:4  Бірақ би жесірді көп уақыт бойы қорғағысы келмейді. Ақырында ол ішінен: «Құдайдан қорықпаймын, адамнан да ұялмаймын.
Luke Kaz 18:5  Алайда мына жесір маған тыныштық бермегендіктен, оның мүддесін қорғайын. Әйтпесе ол қайта-қайта келіп, мазамды ала берер» деп ойлайды.
Luke Kaz 18:6  Содан кейін Иеміз Иса былай деді: «Сендер әділетсіз бидің не айтқанын естідіңдер ғой.
Luke Kaz 18:7  Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме?
Luke Kaz 18:8  Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»
Luke Kaz 18:9  Өздерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді:
Luke Kaz 18:10  — Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен.
Luke Kaz 18:11  Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін.
Luke Kaz 18:12  Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын».
Luke Kaz 18:13  Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады.
Luke Kaz 18:14  Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.
Luke Kaz 18:15  Иса қолын тигізіп бата берсін деп, бірнеше адам Оған нәрестелерін алып келді. Бірақ мұны көрген шәкірттер оларды жібермеді.
Luke Kaz 18:16  Ал Иса балаларды қасына шақырып алып: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін.
Luke Kaz 18:17  Сендерге шындығын айтайын: кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, оған кіре алмайды», — деді.
Luke Kaz 18:18  Басшылардың біреуі Исадан:— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды.
Luke Kaz 18:19  Иса оған:— Мені неге ізгі дейсің? Құдайдан басқа ешкім де ізгі емес.
Luke Kaz 18:20  Оның өсиеттерін білесің ғой: «Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!» — деп жауап берді.
Luke Kaz 18:21  Әлгі кісі:— Бұлардың бәрін де жастайымнан орындап келемін, — деді.
Luke Kaz 18:22  Иса мұны естігенде:— Саған тағы бір нәрсе жетіспейді: қолыңдағы бар мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! — деді.
Luke Kaz 18:23  Бұларды естігенде әлгі кісі қатты қапаланды. Себебі ол өте бай болатын.
Luke Kaz 18:24  Иса оның қатты қапаланғанын көріп:— Мал-мүлікке бай адамдардың Құдайдың Патшалығына кіруі қандай қиын!
Luke Kaz 18:25  Иә, байдың Құдайдың Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай, — деді.
Luke Kaz 18:26  Мұны естігендер:— Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады? — деп сұрады.
Luke Kaz 18:27  Иса:— Адамның қолынан келмейтін нәрселер Құдайдың қолынан келеді, — деп жауап берді.
Luke Kaz 18:28  Петір тіл қатып былай деді:— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз.
Luke Kaz 18:29  Сонда Иса шәкірттеріне:— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, әке-шешесін, бауырларын, әйелі не бала-шағасын Құдайдың Патшалығына бола қалдырған әркімге
Luke Kaz 18:30  сол үшін осы заманда қарымтасы бірнеше есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады, — деп нық айтты.
Luke Kaz 18:31  Иса он екі шәкіртін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) былай деді:— Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Пайғамбарлардың көктен келген Билеуші туралы алдын ала жазып кеткендерінің бәрі сол жерде орындалады:
Luke Kaz 18:32  Оны Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдарына ұстап береді. Солар Оны мазақ етіп қорлап, бетіне түкіріп,
Luke Kaz 18:33  қамшымен сабалайды, ақырында өлтіреді. Алайда үшінші күні Ол қайта тіріледі!
Luke Kaz 18:34  Бірақ шәкірттері Исаның осы айтқанынан ештеңе ұқпады. Бұл сөздерінің мәні олар үшін құпия болғандықтан түсініксіз болып қала берді.
Luke Kaz 18:35  Иса Иерихон қаласына жақындап қалғанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді.
Luke Kaz 18:36  Ол қасынан көп кісілердің өтіп бара жатқанын естіп:— Бұл не? — деп сұрады.
Luke Kaz 18:37  Жұрт оған:— Назареттік Иса келе жатыр! — деді.
Luke Kaz 18:38  Сонда әлгі соқыр:— Дәуіттің Ұрпағы Иса! Маған рақым ете көріңіз! — деп айқайлады.
Luke Kaz 18:39  Алда келе жатқандар оған ұрсып, үндемеуге бұйырды. Бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы! Маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды.
Luke Kaz 18:40  Иса тоқтай қалып, оны қасына алып келуге бұйырды. Соқыр адам жақындап келген соң, Иса одан:
Luke Kaz 18:41  — Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Ол:— Тақсыр, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді.
Luke Kaz 18:42  Иса оған:— Көзің көретін болсын! Сен сенімің арқылы құтқарылдың, — деді.
Luke Kaz 18:43  Сол сәтте-ақ соқыр адамның көзі ашылып, көретін болды! Ол Құдайға зор ризашылығын білдіріп Исаға еріп жүрді. Мұны көрген халықтың бәрі Құдайды дәріптеп мадақтады.
Chapter 19
Luke Kaz 19:1  Иса Иерихонға кіргеннен кейін қаланың ішімен өтіп бара жатты.
Luke Kaz 19:2  Сол жерде Зақай есімді кісі бар еді. Ол салық жинаушылардың бастығы әрі бай адам болатын.
Luke Kaz 19:3  Зақай Исаның қандай екенін көргісі-ақ келіп еді. Бірақ қаумалаған халық көрсетпеді, себебі ол аласа бойлы болатын.
Luke Kaz 19:4  Зақай Исаны көру үшін алға жүгіріп барып, бір тұт ағашына шығып алды. Өйткені Иса сол жолмен өтуге тиіс еді.
Luke Kaz 19:5  Сол жерге келгенде Иса ағашта отырған Зақайға қарап:— Зақай, тез төмен түс! Бүгін Мен сенің үйіңде болуым керек, — деді.
Luke Kaz 19:6  Ол тез төмен түсіп, Исаны қуана қарсы алды.
Luke Kaz 19:7  Мұны көріп тұрған жұрттың бәрі: «Мынау күнәкардың үйіне қонаққа барды!» — деп күңкілдесе бастады.
Luke Kaz 19:8  Ал Зақай орнынан тұрып, Иемізге:— Мырза, мал-мүлкімнің жартысын кәріп-қасерлерге үлестіріп бермекпін. Егер біреуді алдап, ақысын жеген болсам, оны төрт есе артығымен қайтаратын боламын, — деді.
Luke Kaz 19:9  Сонда Иса:— Бүгін осы үй іші құтқарылды! Бұл адам шын мәнінде Ыбырайым атаның ұрпағынан.
Luke Kaz 19:10  Өйткені Мен тура жолдан адасып кеткендерді іздеп, құтқаруға келдім, — деп жауап берді.
Luke Kaz 19:11  Халық тыңдап отырғанда Иса бір астарлы әңгімені қоса айтып берді. Себебі Өзі Иерусалимге жақындап қалғандықтан, олар: «Жуырда Құдай өз Патшалығын жерде орнатады» деп ойлады.
Luke Kaz 19:12  Сондықтан Иса былай деді: «Бір ақсүйек өз елінің патшалығына тағайындалуы үшін алыс жерге барып, келмекші болыпты. Ол сапарға шықпастан бұрын
Luke Kaz 19:13  қол астындағы қызметшілерінің онын шақырып алады. Әрқайсысына бір-бір қадақ күміс үлестіріп беріп:— Мен қайтып келгенше осы қаржымен жұмыс істеңдер! — деп тапсырады.
Luke Kaz 19:14  Ал өз елінің азаматтары сол ақсүйекті жек көреді екен. Сондықтан артынан өкілдерін жіберіп: «Оның бізге патша болуын қаламаймыз», — деген арыздарын жөнелтеді.
Luke Kaz 19:15  Бірақ әлгі кісі патшалыққа тағайындалады да, еліне қайта оралады. Содан ол күміс берген қызметшілерінің қайсысы қанша табыс тапқанын білу үшін оларды өзіне шақыртады.
Luke Kaz 19:16  Сонда біріншісі келіп:— Тақсыр, сіздің бір қадақ күмісіңіз он қадақ табыс келтірді, — деп есеп береді.
Luke Kaz 19:17  Патша оны мақтап:— Жарайсың, жақсы қызметшім! Кішкене істе сенімді болдың, енді он қаланың үстінен билеуші бол, — дейді.
Luke Kaz 19:18  Екіншісі келіп:— Сіздің бір қадақ күмісіңіз бес қадақ табыс келтірді, — деп есеп бергенде,
Luke Kaz 19:19  патша:— Ендеше сен бес қаланың билеушісі бол, — деп бұйырады.
Luke Kaz 19:20  Ал үшіншісі келіп, былай дейді:— Тақсыр, мінеки, сіздің қадағыңыз. Оны орамалға түйіп сақтап қойдым.
Luke Kaz 19:21  Сізден қорықтым, өйткені қатал адамсыз: өзіңіз салмаған қаржыны иемденіп, екпеген өнімді орасыз. —
Luke Kaz 19:22  Патша оған:— Әй, зұлым қызметші! Сені өз аузыңнан шыққан сөздеріңмен үкімдеймін! Менің салмаған қаржыны иемденіп, екпеген өнімді оратын қатал адам екенімді білдің ғой?
Luke Kaz 19:23  Олай болса, неге күмісімді айналымға жібермедің? Сонда мен қайтып келгенде оны өсімімен қайтарып алатын едім, — деп жауап береді.
Luke Kaz 19:24  Патша қасындағы нөкерлеріне:— Мынадан қадағын алып, он қадақ табыс түсіргенге тапсырыңдар! — деп бұйырады.
Luke Kaz 19:25  Олар:— Тақсыр, соның өзінің де он қадағы бар ғой! — дейді. Патша:
Luke Kaz 19:26  — Сендерге айтамын: кімде біраз бар болса, соған тағы беріледі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады.
Luke Kaz 19:27  Ал мені өздеріне патша қылуды қаламаған жауларым болса, оларды осында алып келіп, көз алдымда құртыңдар! — дейді».
Luke Kaz 19:28  Иса осыны айтып болған соң, шәкірттерін ертіп Иерусалим қаласына бет алып өрлеп жүріп кетті.
Luke Kaz 19:29  Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге мен Бетания ауылдарына жақындағанда, Иса шәкірттерінің екеуін жұмсап,
Luke Kaz 19:30  оларға мынадай тапсырма берді:— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған, әлі ешкім мінбеген бір тайқар есекті көресіңдер. Соны шешіп, алып келіңдер!
Luke Kaz 19:31  Егер біреу сендерден: «Бұны неге шешесіңдер?» деп сұрай қалса, оған: «Ол Мырзамызға керек» деп жауап беріңдер!
Luke Kaz 19:32  Жұмсаған екі шәкірті барып, Исаның айтқанын тауып алды.
Luke Kaz 19:33  Олар жас есектің шылбырын шешіп жатқанда, оның қожайындары:— Тайқарды неге шешесіңдер? — деді.
Luke Kaz 19:34  Шәкірттер:— Ол Мырзамызға керек, — деп жауап берді.
Luke Kaz 19:35  Олар жас есекті алып келіп, үстіне шапандарын жапқаннан кейін оған Исаны мінгізді.
Luke Kaz 19:36  Иса ілгерілеген сайын кісілер жамылғыларын жолға жайып отырды.
Luke Kaz 19:37  Осылай Иса жолдың Зәйтүн тауынан төмен түсетін жеріне жақындап қалды. Сонда күллі шәкірттері өздері көрген барлық құдіретті істері үшін зор қуанышпен қатты дауыстап Құдайды мадақтай бастады:
Luke Kaz 19:38  «Жаратқан Иенің атынанКеле жатқан Патша жарылқанған!»«Көкте амандық пен тыныштық,Заңғар аспанда Құдай мадақталсын!»
Luke Kaz 19:39  Халық арасынан кейбір парызшылдар Исаға:— Ұстаз, шәкірттеріңізге тыйым салыңыз! — деп наразылық білдірді.
Luke Kaz 19:40  Ал Иса:— Сендерге шын айтамын: егер олар үндемесе, онда тастар айқай салар еді, — деп жауап қайырды.
Luke Kaz 19:41  Иса Иерусалим қаласына жақындап қалған кезде оған қарап көзіне жас алып былай деді:
Luke Kaz 19:42  — Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін! Бірақ қазір мұны ұға алмайсың.
Luke Kaz 19:43  Жауларың саған қарсы бекіністер құрып, қоршап, жан-жақтан қыспақтайтын күндер басыңа туады.
Luke Kaz 19:44  Олар сені қиратып, тұрғындарыңды өлтіреді де, күл-талқаныңды шығарып, жермен-жексен етеді. Себебі Құдайдың өзіңді құтқаруға келген кезін түсінбедің.
Luke Kaz 19:45  Содан кейін Иса ғибадатхана ауласына кіріп, ондағы сатушыларды қуып шығара бастады. Оларға:
Luke Kaz 19:46  «Киелі жазбаларда: «Менің (киелі) үйім мінажат ететін үй болады!» делінген. Бірақ сендер оны «қарақшылар ордасына» айналдырғансыңдар!» — деп қатаң ескертті.
Luke Kaz 19:47  Иса күн сайын ғибадатханада халыққа тәлім беріп жүрді. Басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның көзін құртудың жолын іздеді,
Luke Kaz 19:48  бірақ бұл мақсатты орындаудың ретін таба алмады. Себебі жұрттың бәрі Исаның қасынан кетпей, Оның сөздерін тыңдайтын.
Chapter 20
Luke Kaz 20:1  Иса ғибадатханада халыққа тәлім беріп, Ізгі хабарды жариялап жүрген сол күндердің бірінде басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері рубасылармен бірге келіп,
Luke Kaz 20:2  Оған:— Айтыңызшы, бұл істерді қандай билікпен істеп жүрсіз? Сізге мұндай билікті кім берді? — деген сауал қойды.
Luke Kaz 20:3  Иса оларға:— Мен де сіздерге бір сұрақ қояйын, соған жауап беріңіздер:
Luke Kaz 20:4  Жақияның орындаған шомылдыру рәсімі көктің еркімен болып па еді, әлде адамның еркімен бе? — деп жауап қатты.
Luke Kaz 20:5  Олар өзара ақылдасып былай десті:— Егер «көктің еркімен» десек, Ол «Ендеше Жақияның уағызына неге сенбедіңіздер?» дейтін болар.
Luke Kaz 20:6  Ал егер «адамның еркімен» десек, бүкіл халық бізді тас лақтырып өлтірер. Себебі олар Жақияның пайғамбар екеніне сенеді ғой. — Сондықтан олар:
Luke Kaz 20:7  — Кімнің еркімен болғанын білмейміз, — деп жауап берді.
Luke Kaz 20:8  Иса оларға:— Олай болса, Мен де сіздерге бұл істерді қандай билікпен істеп жүргенімді айтпаймын, — деп кесіп айтты.
Luke Kaz 20:9  Сол кезде Иса халыққа мына астарлы әңгімені айтып берді:— Бір кісі жүзім бағын отырғызады. Оны жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі ұзақ уақытқа басқа жаққа сапарға аттанады.
Luke Kaz 20:10  Мерзімі жеткенде бақтың иесі оның өнімінен өзіне тиісті үлесін берсін деп жүзімшілерге бір қызметшісін жұмсайды. Бірақ олар оны ұрып-соғып, құрқол қайтарып жібереді.
Luke Kaz 20:11  Сонда бақтың иесі басқа бір қызметшісін жұмсайды. Олар оны да ұрып, намысына тиіп қорлап, құрқол қайтарып жібереді.
Luke Kaz 20:12  Содан қожайын үшінші қызметшісін де жұмсайды. Алайда жүзімшілер оны да жарақаттап, қуып жібереді.
Luke Kaz 20:13  Сонда бақтың иесі: «Енді не істейін? Өзімнің сүйікті ұлымды жіберейін. Мүмкін, оны көріп, қаймығар», — дейді.
Luke Kaz 20:14  Бірақ жүзімшілер ұлын көргенде өзара ақылдасып: «Бұл — мұрагер ғой! Кәне, жүріңдер, оны өлтірейік, сонда мұрасы біздікі болады!» — деседі.
Luke Kaz 20:15  Олар ұлды бақтың сыртына алып шығып, өлтіріп тастайды.Енді жүзімдіктің иесі оларға не істемек?
Luke Kaz 20:16  Ол келіп, жүзімшілерді өлтіріп, бағын басқаларға тапсырмақ.Мұны естіген халық:— Оның бетін аулақ қылсын! — деді.
Luke Kaz 20:17  Иса оларға қарап былай деп жауап берді:— Ендеше Киелі жазбалардағы мына сөздердің мағынасы не: «Құрылысшылар менсінбеген Тас енді үйдің басты іргетасына айналды!»
Luke Kaz 20:18  Әлгі Тасқа сүрініп құлаған әркім талқандалады, әрі осы Тас үстіне құлағандар жаншылып қалады!
Luke Kaz 20:19  Басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның бұл астарлы әңгімені өздеріне тигізіп айтқанын ұғып, сол кезде-ақ Оны тұтқындамақ болды. Бірақ олар халықтан қорықты.
Luke Kaz 20:20  Содан олар Исаны аңдып, Оған әділ болғансып жүретін жансыздарын жіберді. Бұлар Исаға қитұрқы сұрақ қойып, Оны өз сөзінен ұстауға тырысты. Осы арқылы олар Исаны римдік әміршінің билігі мен сотына тапсырмақ болды.
Luke Kaz 20:21  Сол жансыздар Исаға мынадай сауал қойды:— Ұстаз, Сіздің адал көңілмен сөйлеп, тәлім беретініңізді білеміз. Ешкімнің де бет-жүзіне қарамай, жұртты шынымен Құдай жолына үйретесіз.
Luke Kaz 20:22  Ал енді, Рим патшасына алым-салық төлеуіміз дұрыс па әлде бұрыс па? —
Luke Kaz 20:23  Бірақ Иса олардың арам ойларын біліп:— (Мені азғырып сынамақсыңдар, ә?)
Luke Kaz 20:24  Маған бір күміс теңгені көрсетіңдерші. Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады. Олар:— Рим патшасынікі, — деп жауап берді.
Luke Kaz 20:25  Сонда Иса:— Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер! — деп қорытты.
Luke Kaz 20:26  Сонымен олар Исаны халықтың алдында сөзінен ұстай алмады. Қайта, Оның берген жауабына аң-таң болып, үн-түнсіз қалды.
Luke Kaz 20:27  Саддукейлер: «Өлімнен қайта тірілу жоқ» дейтін. Содан саддукейлер ұйымының кейбір мүшелері Исаға келіп, мына сұрақты қойды:
Luke Kaz 20:28  — Ұстаз, Мұса пайғамбар бізге (Тауратта) мынадай бұйрық жазып қалдырған: Егер біреудің үйленген бауыры артынан бала қалдырмай өлсе, онда сол адам оның жесіріне үйленіп, марқұм бауырына ұрпақ қалдырсын!
Luke Kaz 20:29  Бір кезде ағайынды жеті жігіт болды. Солардың тұңғышы үйленіп, артынан бала қалдырмай өлді.
Luke Kaz 20:31  үшіншісі де, осылай басқалары да үйленіп, артынан бала қалдырмай бұ дүниеден өтті.
Luke Kaz 20:32  Ең соңында әйел де көз жұмды.
Luke Kaz 20:33  Ендеше, қиямет күні қайта тірілгенде сол әйел қайсысынікі болады? Ол жетеуінің де әйелі болған еді ғой!
Luke Kaz 20:34  Иса оларға былай деп жауап қатты:— Бұ дүниедегілер әйел алады, күйеуге шығады.
Luke Kaz 20:35  Ал өлімнен тіріліп, жұмаққа баруға лайықтылар сонда әйел де алмайды, күйеуге де шықпайды
Luke Kaz 20:36  және қайтадан өлмейді. (Сол жағынан) олар періштелер іспетті болады. Себебі олар тіріліп, Құдайдың рухани балалары болады.
Luke Kaz 20:37  Өлгендердің тірілетінін Мұса да Таурат кітабындағы тікенді бұта туралы бөлімде білдірген. Ол онда Жаратқан Иені «Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайы» деп атаған. (Үшеуі сол кезден көп жыл бұрын дүние салған болатын.)
Luke Kaz 20:38  Ал Жаратқан Ие — өлілердің емес, тірілердің Құдайы! Өйткені Оның алдында бәрі де тірі.
Luke Kaz 20:39  Кейбір дін мұғалімдері бұған:— Ұстаз, Сіз тауып айттыңыз! — деді.
Luke Kaz 20:40  Мұнан кейін Исаға сұрақ қоюға діндарлардың батылдары бармады.
Luke Kaz 20:41  Ал Иса оларға мына сұрақты қойды:— Жұрттың Мәсіхті «Дәуіттің Ұрпағы» деулері қалай?
Luke Kaz 20:42  Дәуіттің өзі Забур кітабындағы бір жырында:«Жаратқан Ие менің Иеме былай деп айтқан:
Luke Kaz 20:43  Мен жауларыңды табаныңның астынаСалып бергенімше отыр оң жағымда»,— деген ғой.
Luke Kaz 20:44  Сонымен, Дәуіт (пайғамбар) Мәсіхті «Ием» деп атаған соң, қалайша Ол «Дәуіттің Ұрпағы» ғана болады?
Luke Kaz 20:45  Бүкіл халық тыңдап тұрғанда, Иса шәкірттеріне былай деп ескертті:
Luke Kaz 20:46  — Дін мұғалімдерінен сақтаныңдар! Олар ұзын шапан киіп жүруді әрі базарларда жұрттың өздеріне сәлем беріп құрмет көрсетуін жақсы көреді; сондай-ақ мәжілісханаларда сыйлы орында отырып, қонақасыларда төрге жайғасуды да ұнатады.
Luke Kaz 20:47  Сонымен қатар олар жесір әйелдердің үй-жайын ішіп-жеп тауысып, әдейі көзге түсу үшін ұзақ мінажат етеді. Бұлар бәрінен бетер қатаң жазаланатын болады-ау!
Chapter 21
Luke Kaz 21:1  Иса айналасына қарап, байлардың құдайы сыйлықтарын арнайы сандықтарға салып жатқандарына назар аударды.
Luke Kaz 21:2  Сонымен қатар бір бейшара жесір әйелдің жалпы құны төрт теңгелік екі бақырды салғанын да көріп,
Luke Kaz 21:3  былай деді: «Сендерге шындығын айтайын: мына бейшара жесір бәрінен де көп салды!
Luke Kaz 21:4  Себебі басқалардың бәрі өздерінен артылғанын ғана садақа етсе, бұл әйел өзі бейшара бола тұра, күнелтетін нәрсесінің бәрін аямастан берді».
Luke Kaz 21:5  Кейбіреулер ғибадатханаға нұсқап, оның әдемі тастармен салынып, арнайы сый-тартулармен тамаша әшекейленгенін айтты. Иса бұған былай деп жауап берді:
Luke Kaz 21:6  — Сендер көріп тұрған мына ғимараттардың қаланған бірде-бір тасы қалмай барлығының да күл-талқаны шығатын күндер туады!
Luke Kaz 21:7  Олар Исадан:— Ұстаз, бұл қашан болады? Оның іске асатын кезін қандай белгі білдірмек? — деп сұрады.
Luke Kaz 21:8  Исаның жауабы мынау болды:— Сендер алданып, теріс жолға түсіп кетуден сақтаныңдар! Себебі көптеген адамдар Менің атымды жамылып келіп: «(Құтқарушы Мәсіх) Менмін!» және «Ақырзаман жақындап қалды!» дейтін болады. Ондайлардың соңынан ермеңдер!
Luke Kaz 21:9  Соғыстар мен көтерілістер туралы естігенде үрейленбеңдер! Алдымен осылар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры бір дегеннен бола қоймайды. —
Luke Kaz 21:10  Бұдан кейін Иса оларға айтқан сөзін жалғастырып былай деді: — Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады.
Luke Kaz 21:11  Түрлі жерлерде қатты жер сілкіністер, ашаршылық және індеттер болады. Аспанда қорқынышты құбылыстар әрі зор ғажайып белгілер көрінбек.
Luke Kaz 21:12  Ал осының бәрі іске аспастан бұрын жұрт сендерге Менің жолыма түскендеріңе бола зорлық көрсетеді. Олар сендерді қудалайды, мәжілісхана соттарына ұстап беріп, түрмеге салады және патшалар мен әміршілердің алдына апарады.
Luke Kaz 21:13  Осылайша сендер Мен туралы ашық айтуға мүмкіндік аласыңдар.
Luke Kaz 21:14  Ал енді, қалай жауап береміз деп алдын ала ойламаймыз деген берік шешім қабылдаңдар!
Luke Kaz 21:15  Себебі Мен сендерге жауларың қарсы сөйлеп, дәлел келтіре алмайтындай шешендік пен даналық дарытатын боламын.
Luke Kaz 21:16  Сендерді тіпті әке-шешелерің мен бауырларың, туыстарың мен дос-жарандарың да ұстап беріп, кейбіреулеріңді өлімге душар етеді.
Luke Kaz 21:17  Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады.
Luke Kaz 21:18  Алайда Құдайдың еркінсіз сендер қылдай да қиянат шекпейсіңдер.
Luke Kaz 21:19  Табанды болыңдар, сонда шынайы өмірге жетесіңдер!
Luke Kaz 21:20  Ал Иерусалим қаласын әскерлер қоршап алғанын көрсеңдер, оның ойрандалатын кезінің жақындап қалғанын білесіңдер.
Luke Kaz 21:21  Сонда Яһудея аймағында тұратындар тауларға қашып құтылсын! Иерусалимдегілер қаладан шығып, ал оның маңындағылар қалаға кірмей, қашып кетсін!
Luke Kaz 21:22  Себебі сол кез — Құдайдың халықты жазалайтын күндері. Осылайша Киелі жазбаларда бұл туралы жазылғандардың бәрі де жүзеге аспақ.
Luke Kaz 21:23  Сол күндері аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдер қандай қасіретке ұшырайтын болады! Өйткені осы ел үлкен апатқа душар болып, халықтың басына қаһарлы жаза түспек.
Luke Kaz 21:24  Олар қылыштан өледі немесе тұтқындалып, барлық басқа ұлттардың елдеріне айдалады. Құдайға сенбейтін халықтар өз дәурендері өткенше Иерусалим қаласын табандарымен таптап, білгендерін істейтін болады.
Luke Kaz 21:25  Күнде, айда, жұлдыздарда ғажайып белгілер пайда болып, жерде теңіздер шулап долданатын болады. Содан халықтар зәрелері ұшып, не істерін білмей дал болмақ.
Luke Kaz 21:26  Аспан денелері орындарынан қозғалғандықтан, адамдар қорқып, әлемге төнетін апаттарды күтіп естерінен тана үрейленетін болады.
Luke Kaz 21:27  Сол уақытта олар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бір бұлтта келе жатқанымды көреді.
Luke Kaz 21:28  Сендер бұл оқиғалар бола бастаған кезде бастарыңды көтеріп, жоғары қараңдар, себебі құтқарылуларың жақын! — деді Иса.
Luke Kaz 21:29  Содан кейін Иса тыңдап тұрғандарға болашақтағы мына жағдайды түсіндірді: «Інжір ағашы мен барлық басқа ағаштарға қараңдар:
Luke Kaz 21:30  жапырақтарының шыға бастағанын көргенде жаздың таяп қалғанын білесіңдер.
Luke Kaz 21:31  Сол сияқты, сендер осы оқиғалардың болып жатқанын көргенде, Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнайтын кезінің таяп қалғанын білетін боласыңдар.
Luke Kaz 21:32  Сендерге шындығын айтайын: осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ, мұның бәрі іске асады.
Luke Kaz 21:33  Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды.
Luke Kaz 21:34  Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді.
Luke Kaz 21:35  Себебі сол күн жер бетінде тұрғандардың бәрінің басына түскен тор сияқты кенеттен туа қалады.
Luke Kaz 21:36  Әрқашан сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Осылайша сендер алдағы осы апаттардан құтылуға әрі Билеуші ретінде көктен келген Менің алдымда тұра алуға рухани күш-қуат иемденіңдер».
Luke Kaz 21:37  Иса күндіз ғибадатханада тәлім берді, ал кешке қаладан шығып, Зәйтүн тауына барып, сол маңайда түнеп жүрді.
Luke Kaz 21:38  Таң ата бүкіл халық Исаны тыңдау үшін ғибадатханаға Оның қасына келетін.
Chapter 22
Luke Kaz 22:1  Бұл кезде Ашымаған нан мейрамы жақындап қалған еді. Ол Құтқарылу мейрамы деп те аталатын.
Luke Kaz 22:2  Басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның көзін құртудың жолын қарастырды, себебі олар халықтан қорықты.
Luke Kaz 22:3  Сонда он екі елшінің біреуі — Яһуда Исқариоттың бойына әзәзіл шайтан кіріп алды.
Luke Kaz 22:4  Яһуда (Исаның қасынан) кетіп, басты діни қызметкерлермен және ғибадатхананың бас сақшыларымен кездесіп, Исаны оларға қалай ұстап беру туралы ақылдасты.
Luke Kaz 22:5  Олар қатты қуанып, Яһудаға күміс ақша беруге уәде етті.
Luke Kaz 22:6  Ол бұған келісіп, Исаны жұрт көзінен таса жерде ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды.
Luke Kaz 22:7  Осылай Ашымаған нан мейрамының бірінші күні де жетті. Сол күні әр отбасы ата-бабаларын Құдайдың құтқарғанын еске түсіріп, бір тоқтыны құрбандыққа шалуы қажет болатын.
Luke Kaz 22:8  Сондықтан Иса Петір мен Жоханды жұмсап:— Барып, бізге мейрам асын әзірлеңдер, — деді. Олар:
Luke Kaz 22:9  — Асты қай жерде әзірлеуімізді қалайсыз? — деп сұрады.
Luke Kaz 22:10  Иса оларға былай деп тапсырды:— Тыңдап алыңдар: қалаға кіргендеріңде сендерге құмырамен су алып бара жатқан бір адам кездеседі. Соның артынан еріп, ол кірген үйге сендер де кіріңдер.
Luke Kaz 22:11  Үйдің иесіне: «Ұстазымыз сізге сәлем айтып, Маған шәкірттеріммен бірге отырып, мейрам асын ішуге болатын қонақ бөлмеңіз қайда екен деп сұрап жатыр» деңдер.
Luke Kaz 22:12  Үй иесі сендерге жоғарғы қабатта орналасқан, еденіне төсеніштер төселген кең қонақ бөлмені көрсетеді. Асты сол жерге дайындаңдар! —
Luke Kaz 22:13  Екі шәкірт барғанда, бәрі де Исаның айтқанындай болды. Олар мейрам асын сонда даярлады.
Luke Kaz 22:14  Тамақ ішетін уақыт болғанда, Иса елшілерімен бірге дастарқан басына жайғасып,
Luke Kaz 22:15  оларға былай деді:— Мен азап шегер алдында мына Құтқарылу мейрамының асын сендермен бірге жеуді қатты аңсап едім.
Luke Kaz 22:16  Сендерге шындығын айтайын: Құдайдың Патшалығында құтқарылу толықтай жүзеге асқанша, Мен осы асты бұдан былай жемеймін, — деді.
Luke Kaz 22:17  Мұнан кейін Иса қолына тостағанды алды да, шүкірлік етіп, оларға:— Мұны алып, өзара бөлісіңдер.
Luke Kaz 22:18  Сендерге айтамын: Құдайдың Патшалығы орнағанша, Мен енді қайтып жүзім шырынынан еш татпаймын, — деді.
Luke Kaz 22:19  Содан кейін Иса қолына нан алып, шүкірлік етті. Нанды үзіп, оларға беріп жатып:— Бұл — сендер үшін құрбандыққа берілмек денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер! — деді.
Luke Kaz 22:20  Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып:— Мына тостаған — сендер үшін төгілмек қаныммен бекітілген Жаңа Келісім, — деді.
Luke Kaz 22:21  — Тыңдап алыңдар: Мені өз қолымен ұстап беретін опасыз адам Менімен бірге дастарқан басында отыр!
Luke Kaz 22:22  Көктен келген Мен алдын ала белгіленген жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін кісі қасіретке қалады! — деді Иса.
Luke Kaz 22:23  Шәкірттері:— Мұны істейтін қайсымыз? — деп бір-бірінен сұрай бастады.
Luke Kaz 22:24  Сол кезде шәкірттерінің арасында қайсымыздың жолымыз үлкен болуға лайық деген айтыс туған еді.
Luke Kaz 22:25  Ал Иса оларға былай деді:— Патшалар қол астындағы елдерді билеп-төстейді, әрі халықтардың үстінен қатаң әмір жүргізушілер тіпті «жақсылық жасаушылар» деп те аталады.
Luke Kaz 22:26  Бірақ сендерде ондай болмасын! Керісінше, ең ұлыларың ең кішілеріңдей, басшылық ететіндерің қызмет көрсетушілеріңдей болсын!
Luke Kaz 22:27  Қалай ойлайсыңдар, қайсысының жолы үлкен: дастарқан басында отырғанның ба, әлде оған қызмет етушінің бе? Әрине, дастарқан басында отырғанның. Ал Мен араларыңда қызмет етуші іспеттімін.
Luke Kaz 22:28  Қиындыққа ұшыраған кездерімде Менімен бірге болған сендерсіңдер.
Luke Kaz 22:29  Сондықтан Әкемнің Мені Патша болуға тағайындағаны сияқты, Мен де сендерді билік жүргізуге тағайындаймын:
Luke Kaz 22:30  Менің Патшалығымда дастарқанымнан ішіп-жеп, тақтарыңа отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар.
Luke Kaz 22:31  Иеміз Иса Шимон Петірге:— Шимон, Шимон, сақ бол! Жұрттың бидайды қауызынан ажырататыны сияқты, әзәзіл шайтанға да сендерді сынақтан өткізуге жол берілді.
Luke Kaz 22:32  Бірақ Мен сенімің таусылмасын деп сен үшін мінажат еттім. Сен Құдай жолына қайтқаннан кейін бауырластарыңның сенімін нығайтатын бол, — деп ескертті. Ал Петір:
Luke Kaz 22:33  — Мырза, мен Сізбен бірге түрмеге де, өлімге де баруға дайынмын! — деді.
Luke Kaz 22:34  Бірақ Иса:— Петір, саған шындығын айтайын: осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен «Оны танымаймын» деп Менен үш рет танасың, — деп жауап берді.
Luke Kaz 22:35  Содан кейін Иса шәкірттеріне:— Мен сендерді жолға ақша салатын қалта да, жолдорба да, артық аяқкиім де алғызбай жұмсап жібергенімде, бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? — деген сұрақ қойды. Олар:— Жоқ, еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, — деп жауап қайтарды.
Luke Kaz 22:36  Сонда Иса оларға былай деді:— Ал енді, кімнің ақша қалтасы болса, соны да, жолдорбасын да алып жүрсін. Кімнің семсері жоқ болса, ол шапанын сатып, семсер алсын.
Luke Kaz 22:37  Өйткені сендерге айтамын: пайғамбардың: «Ол қылмыскерлердің қатарында саналды» деп алдын ала айтқан сөзі Менің өмірімде іске асуға тиіс. Мен туралы алдын ала жазылғанның бәрі де орындалады. —
Luke Kaz 22:38  Шәкірттері:— Мырза, қараңыз, мұнда екі семсер бар! — дегенде, Иса:— Жетер енді! — деп жауап қайырды.
Luke Kaz 22:39  Сол кезде Иса қаладан шығып, дағдылы әдеті бойынша Зәйтүн тауына қарай беттеп бара жатты. Шәкірттері де Оның артынан ілесті.
Luke Kaz 22:40  Сол жерге жеткеннен кейін Иса оларға: «Азғырылмау үшін сиынып мінажат етіңдер!» — деп тапсырды.
Luke Kaz 22:41  Өзі олардан тас лақтырымдай жерге аулағырақ барып, тізерлеп отырды да, мінажат етіп былай деді:
Luke Kaz 22:42  «О, Әкем, егер Сен қаласаң, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!»
Luke Kaz 22:43  Сонда көктен бір періште келіп, Исаға күш берді.
Luke Kaz 22:44  Рухани күресіп қатты қиналған Иса одан бетер сиынып мінажат етті. Оның тері қан тамшыларына ұқсап жерге тамып жатты.
Luke Kaz 22:45  Иса сиынуын аяқтаған соң, орнынан тұрды. Шәкірттерінің қасына қайтып келіп, олардың қайғыдан шаршап, ұйықтап қалғандарын көрді.
Luke Kaz 22:46  Сонда оларға: «Неге ұйықтап жатырсыңдар? Азғырылмау үшін орындарыңнан тұрып, сиынып мінажат етіңдер!» — деді.
Luke Kaz 22:47  Иса әлі де осыны айтып тұрғанда, бір топ адам көрінді. Оларды Яһуда (Исқариот) есімді он екі елшінің біреуі бастап алып келді. Ол Исаға жақындап, Оны сүймекші болды. (Себебі Яһуда қасындағылармен «Кімнің бетінен сүйсем, Ол — Соның Өзі» деп келіскен еді.)
Luke Kaz 22:48  Ал Иса оған: «Яһуда! Сен көктен келген Маған бетімнен сүйіп тұрып та опасыздық жасайсың ба?» — деді.
Luke Kaz 22:49  Исаның қасындағылар енді не болатынын сезіп:— Мырза, семсермен құртып салайық па? — деп сұрады.
Luke Kaz 22:50  Олардың біреуі семсерін бас діни қызметкердің малайына қарай сілтеп қалып, оның оң құлағын шауып түсірді.
Luke Kaz 22:51  Бірақ Иса:— Тоқтатыңдар, жетер енді! — деп бұйырып, малайдың құлағына қолын тигізіп, оны сауықтырып жіберді.
Luke Kaz 22:52  Иса Өзін ұстауға келген басты діни қызметкерлерге, ғибадатхананың бас сақшыларына және рубасыларға: «Мені тұтқындауға қарақшыға қарсы аттанғандай семсер мен сойыл алып шыққандарыңыз қалай?
Luke Kaz 22:53  Күн сайын сіздермен бірге ғибадатханада болғанымда, Маған қарсы қол көтерген жоқсыздар. Ал қазір күндеріңіз туып, қара түнектің күші билігін жүргізіп тұр», — деді.
Luke Kaz 22:54  Олар Исаны тұтқынға алып, бас діни қызметкердің сарайына апарды. Петір соларға алыстан ілесіп отырды.
Luke Kaz 22:55  Сақшылар сарайдағы ішкі ауланың ортасына от жағып, айналдыра жайғасқанда, Петір де араларына барып отырды.
Luke Kaz 22:56  Бір қызметші қыз оның оттың жарығында отырғанын көрді. Оған қадала қарап:— Мынау да Онымен бірге жүретін! — деді.
Luke Kaz 22:57  Ал Петір қызға:— Жоқ, Оны білмеймін! — деп мойындамады.
Luke Kaz 22:58  Біраздан кейін тағы біреу оны көріп:— Сен де солардың біреуісің! — деді. Бірақ Петір оған:— Жоқ, олай емеспін! — деп жауап қатты.
Luke Kaz 22:59  Бір сағаттай уақыт өткен соң тағы бір адам:— Шынымен бұл да Оның қасында жүретін, өзі ғалилеялық қой! — деп нықтап айтты.
Luke Kaz 22:60  Алайда Петір сол кісіге:— Не деп тұрғаныңды білмеймін! — деп жауап қайтарды. Ол осыны айтып тұрған сәтте-ақ әтеш шақырды.
Luke Kaz 22:61  Сонда Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Петірдің есіне Иеміздің «Осы түні-ақ әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті.
Luke Kaz 22:62  Содан Петір сыртқа шығып, қатты жылады.
Luke Kaz 22:63  Исаны ұстап тұрған адамдар Оны мазақтап, соққылады.
Luke Kaz 22:64  Оның бетін бүркеп, ұрып-соғып: «Әй, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекелей сұрады.
Luke Kaz 22:65  Оны тағы басқа көптеген жаман сөздермен де қорлады.
Luke Kaz 22:66  Таң атқанда рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Жоғарғы кеңеске жиналды. Исаны кеңестің алдына әкелдіріп,
Luke Kaz 22:67  Оған:— Сен Мәсіхсің бе? Бізге айтып бер! — деген сауал қойды. Иса оларға:— Мен айтсам да, бәрібір сенбейсіздер,
Luke Kaz 22:68  сіздерге сұрақ қойсам да, бәрібір жауап бермейсіздер.
Luke Kaz 22:69  Ал қазірден бастап Мен Билеуші ретінде Құдіретті Құдайдың оң жағында отыратын боламын! — деп жауап қайтарды.
Luke Kaz 22:70  Олардың бәрі:— Сонда Сен Құдайдың рухани Ұлысың ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Менің Сол екенімді өздеріңіз айтып тұрсыздар, — деп жауап берді.
Luke Kaz 22:71  Олар:— Бізге тағы қандай куәлік қажет? Мұны Оның өз аузынан естідік қой, — десті.
Chapter 23
Luke Kaz 23:1  Жоғарғы кеңесте жиналғандардың бәрі орындарынан тұрып, Исаны Пилатқа алып барды.
Luke Kaz 23:2  Сонда олар Оны айыптай бастап былай деді:— Біз мына Кісінің халқымызды бүлдіріп жүргенін тексеріп, анықтадық. Ол Рим патшасына салық төлемеңдер деп үгіттеп, Өзін Мәсіхпін, яғни Патшамын, деп жүр! —
Luke Kaz 23:3  Сонда Пилат Исаға:— Сен Яһудилердің Патшасысың ба? — деген сұрақ қойды. Иса:— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деп жауап берді.
Luke Kaz 23:4  Пилат басты діни қызметкерлер мен жиналған халыққа:— Мен бұл Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді.
Luke Kaz 23:5  Бірақ олар одан бетер нығарлап:— Бұл Ғалилеядан бастап осы жерге дейін бүкіл Яһудея бойынша өз ілімін таратып, елді көтеріліске желіктіріп жүр! — деп айыптады.
Luke Kaz 23:6  Пилат Ғалилея аймағы туралы естігенде:— Бұл Өзі ғалилеялық па еді? — деп сұрады.
Luke Kaz 23:7  Осылай Исаның Ирод (Антипас) билеген Ғалилея аймағынан екенін білген соң, Пилат Исаны сол кісіге жіберді. Өйткені Ирод та бұл күндері Иерусалимде жүрген еді.
Luke Kaz 23:8  Ирод Исаны көргеніне қатты қуанды. Себебі ол Иса туралы көп естіген соң, бір керемет көрсетер деп үміттеніп, Оны көптен бері көргісі келіп жүрген еді.
Luke Kaz 23:9  Ирод Исаға көптеген сұрақтар қойды, бірақ Ол еш жауап бермеді.
Luke Kaz 23:10  Ал басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері сол жерде тұрып, Исаны қатты айыптады.
Luke Kaz 23:11  Сонда Ирод жасақшыларымен бірге Оны қорлап мазақтап, үстіне әдемі шапан жауып, Пилатқа қайтарып жіберді.
Luke Kaz 23:12  Осы уақытқа дейін қастасып келген Пилат пен Ирод сол күні татуласып, өзара дос бола қалды.
Luke Kaz 23:13  Пилат басты діни қызметкерлерді, рубасыларды және халықты шақырып алып,
Luke Kaz 23:14  оларға былай деп шешімін айтты:— Мына Адамды халықты бүлдіріп жүр деп, маған алып келдіңіздер. Міне, мен Оны алдарыңызда тергеп, бұл Адамнан сіздер айыптайтындай ешқандай кінә таппадым!
Luke Kaz 23:15  Ирод та солай етті, өйткені мен Оны соған жіберген едім. Демек, Ол өлім жазасына кесетіндей ешқандай қылмыс жасаған жоқ.
Luke Kaz 23:16  Сондықтан Оны соқтырып, босатып жіберемін. —
Luke Kaz 23:17  (Себебі мейрамның құрметіне әміршінің халыққа бір тұтқынды босатып беруі керек болатын.)
Luke Kaz 23:18  Бірақ жиналған халық түгелдей:— Ол өлтірілсін! Орнына бізге Бараббаны босатып беріңіз! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды.
Luke Kaz 23:19  Барабба қалада бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған еді.
Luke Kaz 23:20  Пилат Исаны қоя бермекші болып, қайтадан даусын көтере сөйледі.
Luke Kaz 23:21  Бірақ олар:— Айқышқа шегеленсін, айқышқа! — деп шулап кетті.
Luke Kaz 23:22  Пилат оларға үшінші рет:— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? Мен Одан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын. Сондықтан Оған дүремен сабақ беріп, босатып жіберемін, — деді.
Luke Kaz 23:23  Бірақ басты діни қызметкерлер мен халықтың көпшілігі бар дауыспен:— Оны айқышқа шегелетіңіз! — деп айқай салып талап ете берді.Ақырында олар айқайларымен дегендеріне жетіп,
Luke Kaz 23:24  Пилат талаптары орындалсын деп шешті.
Luke Kaz 23:25  Сөйтіп ол бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған адамды олардың сұрауы бойынша босатып жіберді. Ал Исаны тілектеріне сай өлімге кесіп, жасақшылардың қолына тапсырды.
Luke Kaz 23:26  Жасақшылар Исаны жазалайтын жерге алып бара жатқанда, даладан қалаға келе жатқан Шимон есімді күренелік кісіге тап болды. Олар Шимонға айқыш ағашты арқалатып, оны Исаның соңынан алып жүруге мәжбүр етті.
Luke Kaz 23:27  Исаға өте көп халық ілесіп, көптеген әйелдер жоқтау айтып еңірей жылап келе жатты.
Luke Kaz 23:28  Ал Иса оларға бұрылып, былай деді:— Иерусалимнің әйелдері, Мен үшін жыламаңдар, өздерің мен балаларың үшін жылаңдар!
Luke Kaz 23:29  Себебі жұрт «Құрсақ көтермейтін, бала сүймеген, емшек емізбеген әйелдер бақытты!» дейтін, азапты күндер келеді.
Luke Kaz 23:30  Сол уақытта адамдар тауларға: «Үстімізге құлап түсіңдер!» әрі төбелерге: «Бізді басып, жасырып тастаңдар!» деп жалынатын болады.
Luke Kaz 23:31  Егер жасыл ағашқа бұлай істелсе, онда қураған ағашпен не болмақ?!
Luke Kaz 23:32  Жасақшылар Исамен бірге екі қылмыскерді де өлтіруге алып бара жатты.
Luke Kaz 23:33  Олар «Маңдайтөбе» деген жерге жеткен соң, Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды. Сондай-ақ, сол екі қылмыскерді де, біреуін Исаның оң, екіншісін Оның сол жағына айқыш ағаштарға керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды.
Luke Kaz 23:34  Сонда Иса (көктегі Әкесіне сиынып): «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді», — деді.Ал жасақшылар Исаның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды.
Luke Kaz 23:35  Халық сол жерде осының бәріне қарап тұрды. Басшылары тіпті Исаны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты. Егер Ол Мәсіх — Құдайдың Таңдаулысы болса, енді Өзін құтқарып көрсін!» — деп келекеледі.
Luke Kaz 23:36  Жасақшылар да Исаның қасына келіп, Оған сірке суын ұсынып:
Luke Kaz 23:37  «Егер Яһудилердің Патшасы болсаңыз, Өзіңізді құтқара көріңіз!» — деп Оны табалады.
Luke Kaz 23:38  Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа «Бұл — Яһудилердің Патшасы» деп (грек, латын және еврей тілдерінде) жазылған тақтайша бекітілген болатын.
Luke Kaz 23:39  Айқышқа ілінген екі қылмыскердің біреуі Исаға тіл тигізіп:— Мәсіх болсаң, кәне, Өзіңді де, бізді де құтқар! — деп мысқылдады.
Luke Kaz 23:40  Екіншісі, керісінше, оны тоқтатып:— Құдайдан қорықпайсың ба? Өзің де осыған кесілдің ғой.
Luke Kaz 23:41  Біздің үкіміміз әділ, істерімізге лайық жаза тартып тұрмыз. Ал Бұл еш жамандық істеген жоқ, — деді.
Luke Kaz 23:42  Содан кейін:— Иса, Патшалығыңызға кіргенде мені есіңізге ала көріңіз, — деп өтінді.
Luke Kaz 23:43  Иса оған:— Саған шындығын айтамын: бүгін-ақ Менімен бірге жұмақта боласың! — деді.
Luke Kaz 23:44  Бұл уақыт тал түстің шамасы еді. Сол кезде күннің жарығы сөніп, бүкіл жерді қараңғылық басты, ол үш сағатқа созылды. Киелі үйдегі шымылдық ортасынан қақ айырылып, екіге бөлінді.
Luke Kaz 23:45  Бұл уақыт тал түстің шамасы еді. Сол кезде күннің жарығы сөніп, бүкіл жерді қараңғылық басты, ол үш сағатқа созылды. Киелі үйдегі шымылдық ортасынан қақ айырылып, екіге бөлінді.
Luke Kaz 23:46  Иса қатты дауыспен айқайлап: «Әке, Сенің қолыңа рухымды тапсырамын!» — деді. Мұны айтқаннан кейін жан тәсілім етті.
Luke Kaz 23:47  Осы оқиғаларды көріп тұрған жүзбасы: «Бұл шынымен әділ Адам болған!» — деп, Құдайды дәріптеді.
Luke Kaz 23:48  Қызық көруге жиналған бүкіл халық болған жайттарды көрген соң, (опық жеп қайғырып) қолдарымен көкіректерін соққылап қалаға қайтты.
Luke Kaz 23:49  Исаның барлық таныстары және Ғалилеядан еріп келген әйелдер алысырақ жерден осылардың бәріне қарап тұрды.
Luke Kaz 23:50  Жоғарғы кеңестің Жүсіп есімді мүшесі бар еді. Яһудея аймағындағы Ариматея қаласынан шыққан осы ізгі де әділ жан
Luke Kaz 23:51  Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнауын аңсап күтіп жүрген болатын. Жүсіп Жоғарғы кеңестің қарары мен ісіне келіспеген де еді.
Luke Kaz 23:52  Осы кісі Пилатқа барып, Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрап алды.
Luke Kaz 23:53  Содан ол денені айқыштан түсіріп алып, бәтес кебінге орады. Оны жартастан үңгіп жасалған, әлі ешкім қойылмаған бір қабірге апарып қойды.
Luke Kaz 23:54  Бұл жұма күнгі кеш, яғни діни демалыс күнінің басталар кезі, еді.
Luke Kaz 23:55  Исаға еріп Ғалилеядан келген әйелдер Жүсіпке ілесіп келіп, қабірге де, оның ішіне сүйектің қалай қойылғанына да қарап тұрды.
Luke Kaz 23:56  Содан соң әйелдер қалаға қайтып барып, жұпар заттар мен иісмайлар дайындап қойды. Діни демалыс — сенбі күні олар Таурат заңының талабына сай тыныштық сақтап, демалды.
Chapter 24
Luke Kaz 24:1  Жексенбі күні әлгі әйелдер дайындаған иісмайларын алып, (басқа да әйелдермен бірге) таң сәріде қабірге барды.
Luke Kaz 24:2  Сонда жеткенде олар үңгір аузындағы дәу қақпақ тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді.
Luke Kaz 24:3  Ішке кірген әйелдер Иеміз Исаның сүйегін таба алмады!
Luke Kaz 24:4  Олар бұған аң-таң болып тұрғанда, киімдері найзағайдай жарқыраған екі ер адам кенеттен қастарына келіп, тұра қалды.
Luke Kaz 24:5  Әйелдер үрейленіп, жерден көздерін алмай тұрғанда, әлгі екі кісі оларға үн қатып: «Тіріні өлілердің арасынан неге іздейсіңдер?
Luke Kaz 24:6  Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның Ғалилеяда жүрген кезінде сендерге алдын ала айтқандарын естеріңе түсіріңдер:
Luke Kaz 24:7  көктен келген Билеуші күнәкар адамдарға ұстап беріліп, айқышқа шегеленіп өлтірілуге, алайда үшінші күні қайта тірілуге тиіс екенін Өзі алдын ала білдірген еді ғой», — деді.
Luke Kaz 24:8  Сонда Исаның айтқан сөздері олардың естеріне түсті.
Luke Kaz 24:9  Қабірден қайтып келгенде олар бұл оқиғаны Оның он бір елшісі мен барлық басқа шәкірттеріне түгелдей хабарлады.
Luke Kaz 24:10  Мұны елшілерге айтқан — мағдалалық Мәриям, Жоханна, Жақыптың шешесі Мәриям және олармен бірге болған басқа әйелдер еді.
Luke Kaz 24:11  Бірақ елшілер бос сөз деп, олардың айтқандарына сенген жоқ.
Luke Kaz 24:12  Ал Петір орнынан тұра сала қабірге жүгіріп барды. Ол үңгірдің ішіне еңкейіп қарағанда жерде жатқан кебінді ғана көрді де, болған оқиғаға таңғалып, қайта оралды.
Luke Kaz 24:13  Тап сол күні шәкірттердің екеуі Иерусалимнен он бір шақырымдай қашықтықтағы Еммаус деген ауылға бара жатып,
Luke Kaz 24:14  осы оқиғалар туралы әңгімелесті.
Luke Kaz 24:15  Олар өзара сөйлесіп, пікір алысып бара жатқанда, Исаның Өзі жақындап келіп, екеуіне қосылды.
Luke Kaz 24:16  Бірақ олар Оны тани алмады.
Luke Kaz 24:17  — Сендер не туралы әңгімелесіп (қайғыланып) келе жатырсыңдар? — деп сұрады Ол. Олар тұнжырап тұрып қалды.
Luke Kaz 24:18  Клеопа есімді біреуі Оған:— Иерусалимге келген, бірақ осы күндері онда не болғанынан еш хабары жоқ жалғыз Сіз шығарсыз? — деді.
Luke Kaz 24:19  Иса:— Не болған еді? — деп сұрады. Олар былай жауап берді:— Назареттік Исамен болған нәрсені айтамыз. Ол Құдай алдында да, бүкіл халық алдында да сөзімен де, ісімен де құдіретті Пайғамбар болды.
Luke Kaz 24:20  Алайда біздің басты діни қызметкерлер мен рубасыларымыз Оны өлімге кестіру үшін ұстап беріп, айқышқа шегелетіп өлтіртті.
Luke Kaz 24:21  Ал біз, Исраил елін Құтқарушы — Сол деп үміттенген едік. Бұған қоса, барлық осы оқиғалардың болғанына бүгін үшінші күн.
Luke Kaz 24:22  Бірақ арамызда жүрген бірнеше әйел бізді қатты таңғалдырды: олар ертемен қабірге барып,
Luke Kaz 24:23  Оның мәйітін таппапты! Қайтып келгенде сол әйелдер көздеріне періштелердің көрініп, өздеріне: «Ол тірі!» дегендерін айтып берді.
Luke Kaz 24:24  Содан арамыздағы кейбір ер адамдар қабірге барып, оның әйелдер айтқандай бос екенін көріпті! Алайда олар Исаның Өзін көрген жоқ. —
Luke Kaz 24:25  Сонда Ол:— Ей, түйсіксіз, жүрегі шеменденген шабандарым-ай! Пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер!
Luke Kaz 24:26  Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп,
Luke Kaz 24:27  оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді.
Luke Kaz 24:28  Олар бара жатқан ауылға жақындағанда, Иса тоқтамай жүре беретін сыңай танытты.
Luke Kaz 24:29  Бірақ екі шәкірт:— Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды, көп ұзамай қараңғы түседі, — деп қадала өтінді. Сонда Ол үйге кіріп, екеуімен бірге қалды.
Luke Kaz 24:30  Дастарқан басына бірге жайғасқан соң Иеміз Иса қолына нанды алып, шүкірлік етіп, үзіп берді.
Luke Kaz 24:31  Сонда екі шәкірттің көздері ашылып, Оны таныды. Бірақ Ол кенеттен көздеріне көрінбей қалды.
Luke Kaz 24:32  Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті.
Luke Kaz 24:33  Сол сәтте орындарынан тұрып, Иерусалимге қайтып, сонда жиналған он бір елшіні де, олардың қасындағы өзге сенушілерді де кездестірді.
Luke Kaz 24:34  Олар:— Иеміз шынында да қайта тіріліп, Шимонға көрінді! — деді.
Luke Kaz 24:35  Ал ана екеуі жолда не болғанын және дастарқан басында нанды үзген кезінде өздерінің Иеміз Исаны қалай танығандарын айтып берді.
Luke Kaz 24:36  Екі шәкірт осыны айтып тұрғанда, Мәсіх Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді.
Luke Kaz 24:37  Шәкірттері қатты абыржып қорқып, елес көріп тұрмыз деп ойлады.
Luke Kaz 24:38  Бірақ Иеміз: «Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады?
Luke Kaz 24:39  Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де,
Luke Kaz 24:40  оларға Өзінің қол-аяғын көрсетті.
Luke Kaz 24:41  Шәкірттері қуаныштан әлі де сенбей таңырқап тұрғанда, Мәсіх: «Жейтін бір нәрселерің бар ма?» — деп сұрады.
Luke Kaz 24:42  Олар қуырылған балықтан бір үзіп берді.
Luke Kaz 24:43  Иса оны алып, көздерінше жеді.
Luke Kaz 24:44  Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп,
Luke Kaz 24:45  Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Тағы сөзін жалғастырып: —
Luke Kaz 24:46  Былай деп жазылған ғой: Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс.
Luke Kaz 24:47  Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан қайтқан адамдардың күнәларын Құдай кешіреді деген Ізгі хабарды жариялау да қажет.
Luke Kaz 24:48  Сендер осы жайттарды өз көздеріңмен көрген куәгерлерсіңдер.
Luke Kaz 24:49  Міне, Мен Әкем уәде еткен Киелі Рухын сендерге жіберемін. Ол көктен түсіп, сендерді Өзінің құдіретіне бөлегенше Иерусалимде болыңдар!» — деді.
Luke Kaz 24:50  Мұнан соң Мәсіх сенушілерді қаладан шығарып, Бетанияның маңына ертіп барды. Сол жерде қолын жайып оларға батасын берді.
Luke Kaz 24:51  Батасын беріп тұрғанда олардан бөлініп, көкке көтеріліп кетті.
Luke Kaz 24:52  Сенушілер Мәсіхке тағзым етіп құрмет көрсетті, бұдан кейін зор қуанышпен Иерусалимге қайта оралды.
Luke Kaz 24:53  Содан бастап ұдайы ғибадатханада болып, Құдайды мадақтап дәріптеп жүрді. (Аумин)