EXODUS
Up
Chapter 1
| Exod | Kaz | 1:1 | Исраил деп те аталған Жақып Мысыр жеріне ұлдарын өз үй іштерімен қоса көшіріп әкелген еді. Олар мыналар: | |
| Exod | Kaz | 1:5 | Жақыптан тараған ұрпақтардың саны сол кезде жетпіс болатын. Ал ұлдарының бірі — Жүсіп Мысыр еліне бұрынырақ келген еді. | |
| Exod | Kaz | 1:6 | Уақыт жетіп, Жүсіп пен бауырлары және олардың тұсында өмір сүргендердің барлығы да бұ дүниеден өтті. | |
| Exod | Kaz | 1:7 | Ал Исраилдің үрім-бұтағы өсіп-өніп, сансыз көбейіп, күшейіп алғандары соншалық, жер солармен толып кетті. | |
| Exod | Kaz | 1:8 | Сол кезде Мысырда жаңа бір патша билік құрды. Ол (осы ел үшін зор жақсылық жасаған) Жүсіп туралы білмейтін. | |
| Exod | Kaz | 1:10 | Ендеше ақылды шара ойластырып, олардың бұдан әрі көбеюлеріне жол бермейік. Әйтпесе соғыс бола қалған күнде дұшпандарымызға қосылып, бізге қарсы шайқасып, елімізден басқа жаққа көшіп кетер, — деп ойындағысын айтты. | |
| Exod | Kaz | 1:11 | Содан олар Исраил халқын ауыр жұмыспен діңкелетіп, қысым көрсету үшін үстерінен бақылаушылар тағайындады. Сонымен исраилдіктер Мысыр патшасы перғауын үшін қоймалар ретінде Питом, Рамсес қалаларын салды. | |
| Exod | Kaz | 1:12 | Бірақ Исраил халқы неғұрлым көп қысым көрген сайын, соғұрлым өсіп-өніп, кеңінен жайыла түсті. Мысырлықтар олардан қатты қауіптеніп, | |
| Exod | Kaz | 1:14 | Оларды саз балшықтан илеп кірпіш құйып, үй салудың және егіндіктің кез келген ауыр жұмыстарына жекті де, қаталдықпен әр түрлі қара жұмыстарға мәжбүрлеп, өмірлерін аса қиындатты. | |
| Exod | Kaz | 1:15 | Бұларға қоса Мысыр патшасы әйелдер босандырушы исраилдік Шипыра мен Пуаны шақырып алып, оларға: | |
| Exod | Kaz | 1:16 | — Исраилдік әйелдерді босандырған кезде нәрестенің жынысына назар аударыңдар: дүниеге ұл келсе, өлтіріңдер, ал қыз туса, тірі қалдырыңдар! — деп бұйырды. | |
| Exod | Kaz | 1:17 | Бірақ әйел босандырушылар Құдайды терең қастерлегендіктен Мысыр патшасының айтқанын орындамай, туған ер балаларды тірі қалдыра берді. | |
| Exod | Kaz | 1:18 | Мысыр патшасы мұны білгенде екеуін шақырып алып:— Сендер неге бұлай істеп жүрсіңдер? Неліктен ер балаларды өлтірмейсіңдер? — деп ұрысты. | |
| Exod | Kaz | 1:19 | Олар:— Исраилдік әйелдер мысырлықтарға ұқсамай, өте күшті болып жатыр: олар босандырушы келмей тұрып-ақ босанып қояды, — деген жауап қайтарды. | |
| Exod | Kaz | 1:20 | Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды. | |
| Exod | Kaz | 1:21 | Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды. | |
Chapter 2
| Exod | Kaz | 2:2 | Сол әйел жүкті болып, ұл туады. Сәбидің ерекше әдемі екенін көрген шешесі оны үш ай бойы жасырып бағады. | |
| Exod | Kaz | 2:3 | Алайда бұдан әрі жасыра алмайтындықтан, әйел қамыстан себет тоқып, оны қара шайырмен бітеп, нәрестені ішіне жатқызады. Сонан соң себетті Ніл өзенінің жағасында өсіп тұрған құрақтың арасына апарып, суға қоя береді. | |
| Exod | Kaz | 2:5 | Сол мезгілде перғауынның қызы шомылу үшін өзенге келеді. Күтуші қыздары су жағасында әрі-бері жүрумен болады. Қамыс арасынан себетті байқап қалған ханша бір күтуші қызын жұмсап, оны алдыртады. | |
| Exod | Kaz | 2:6 | Ханша себетті ашып, ішінде жатқан нәрестені көреді. Сол ұл бала жылап жатыр екен. Ханша оны аяп кетіп:— Бұл — исраилдік нәресте ғой, — дейді. | |
| Exod | Kaz | 2:7 | Сонда сәбидің әпкесі тығылып отырған жерінен шығып:— Мен барып, бөбекті емізу үшін сізге бір исраилдік әйелді шақырып алып келейін бе? — деп сұрайды. | |
| Exod | Kaz | 2:9 | Ханша оған:— Мына нәрестені ал, оны менің орныма емізетін боласың. Сол үшін ақыңды төлеймін, — деп бұйырады. Әйел бөбекті емізіп асырау үшін үйіне алып кетеді. | |
| Exod | Kaz | 2:10 | Сәби біраз өскеннен кейін шешесі оны перғауынның қызына апарып береді. Ханша баланы бауырына басып, «Оны судан шығарып алдым ғой», — деп, оған Мұса («Шығарып алған») деген ат қояды. | |
| Exod | Kaz | 2:11 | Арада бірнеше жыл өтіп, Мұса ержеткенде бір күні өз халқының арасына барып, олардың қандай ауыр жұмыс істеп жүргендерін көрді. Сол кезде ол исраилдік ұлттастарының біреуін бір мысырлықтың ұрып-соғып жатқанын байқап қалды. | |
| Exod | Kaz | 2:12 | Мұса жан-жағына қарап, ешкімнің жоқ екеніне көзі жеткен соң, мысырлықты ұрып өлтіріп, құмға көміп тастады. | |
| Exod | Kaz | 2:13 | Келесі күні де Мұса далаға шыққанда, бір-бірімен төбелесіп жатқан екі исраилдікті көрді. Жәбір көрсеткенге ол:— Сен неге бауырласыңды ұрасың? — деді. | |
| Exod | Kaz | 2:14 | Сол адам:— Кім сені бізге басшы әрі төреші етіп тағайындады? Сен немене, мысырлықты өлтіргендей мені де өлтірмексің бе? — деп жауап қайтарды. Мұса: «Менің істегенім туралы жұрт біліп қойған екен ғой», — деп ойлап, үрейі ұшты. | |
| Exod | Kaz | 2:15 | Болған жайды перғауын да естіп, Мұсаны өлтіртпек болды. Бірақ ол перғауыннан қашып кетіп, Мадиян еліне барып, тоқтады.Бірде Мұса құдық түбінде отырған еді. | |
| Exod | Kaz | 2:16 | Мадияндық діни қызметкердің жеті қызы бар болатын. Олар әкелерінің қой-ешкілерін суару үшін сол құдықтан су тартып, науаларды толтыратын. | |
| Exod | Kaz | 2:17 | Алайда басқа қойшылар да келіп, бұларды қуып жіберіп, (алдымен өз малдарын суарып алатын). Бірақ бұл жолы Мұса орнынан ұшып тұрып, қыздарды қорғап, малдарын суарып берді. | |
| Exod | Kaz | 2:18 | Қыздар үйлеріне қайтқанда әкелері Рәгуел:— Қалайша бүгін ерте келіп қалдыңдар? — деп сұрады. | |
| Exod | Kaz | 2:19 | Олар:— Бір мысырлық жігіт бізді қойшылардан қорғап, тіпті су тартып, малымызды суарып берді, — деп жауап қатты. | |
| Exod | Kaz | 2:20 | Сонда әкелері:— Сол жігіт қайда? Оны неге далада қалдырып кеттіңдер? Тамақ ішсін, шақырып келіңдер, — деп тапсырды. | |
| Exod | Kaz | 2:21 | Оның қонақжайлылығына риза болған Мұса үйінде тұрып қалуға келісті. Уақыт өте, діни қызметкер Мұсаға қызы Сипораны әйелдікке берді. | |
| Exod | Kaz | 2:22 | Кейін әйелі ұл туып, Мұса оған Гершом (яғни «Сол жерге кірме») деген ат қойды. Себебі ол: «Мен бөтен жердегі жат жұрттық кірме болдым», — деді. | |
| Exod | Kaz | 2:23 | Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. | |
| Exod | Kaz | 2:24 | Зарлаған дауыстарын естігенде Құдай Өзінің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісімін рақыммен есіне алды. | |
Chapter 3
| Exod | Kaz | 3:1 | Мұса қайын атасы — мадияндық діни қызметкер Етордың ұсақ малдарын бағып жүрді. Бір күні ол отарын айдаланың алыс түкпіріне, Құдайдың тауы деп те аталатын Хориб тауына айдап барды. | |
| Exod | Kaz | 3:2 | Сол жерде оған Жаратқан Иенің періштесі бір тікенді бұтаның ортасынан жалындап жанған от ішінен аян берді. Мұса бұтаның от болып жалындап тұрғанымен өртеніп кетпегенін байқаған еді. | |
| Exod | Kaz | 3:3 | Сонда ол іштей: «Мынау қызық көрініс екен, сол жерге жақынырақ барып, бұтаның неліктен өртеніп кетпей жатқанын қарайыншы», — деп ойлады. | |
| Exod | Kaz | 3:4 | Жаратқан Ие Мұсаның қарау үшін жақындап келгенін көрді. Содан Құдай бұта арасынан оған:— Мұса! Мұса! — деп дауыстады. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді. | |
| Exod | Kaz | 3:6 | — Мен әкеңнің Құдайымын әрі Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын, — деді.Мұса Оған қарауға дәті бармай, бетін жауып алды. | |
| Exod | Kaz | 3:7 | Жаратқан Ие:— Мен халқымның Мысырда шеккен жәбіріне назар аударып, олардың айдаушыларынан қаналып, қинала айқайлағандарына құлақ салып келемін; олардың көрген азаптарын түгел білемін. | |
| Exod | Kaz | 3:8 | Сондықтан Мен халқымды мысырлықтардың қолынан азат ету үшін көктен түстім. Оларды Мысырдан алып шығып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған елге бастап алып барамын. Сол елдің жері шұрайлы, кең-байтақ, ағы мен балы ағыл-тегіл мол. | |
| Exod | Kaz | 3:9 | Енді мынаны біліп қой: исраилдіктердің қинала айқайлаған дауыстары құлағыма жетіп, Мен мысырлықтардың оларды аяусыз қанағандарын көріп тұрмын. | |
| Exod | Kaz | 3:10 | Кәне, жүр, Мен сені перғауынға жіберемін. Сен халқым Исраилді Мысырдан бастап алып шығасың! — деп бұйырды. | |
| Exod | Kaz | 3:11 | Ал Мұса Құдайға:— Перғауынға барып, исраилдіктерді Мысырдан алып шығатындай соншама мен кіммін? — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 3:12 | Құдай:— Мен саған жар боламын. Сен халықты Мысырдан алып шыққан соң, сендер Маған осы таудың маңында ғибадат ететін боласыңдар. Сені Өзім жібергендігімнің дәлелі сол болмақ, — деді. | |
| Exod | Kaz | 3:13 | Ал Мұса Құдайға:— Енді мен исраилдіктерге барып, «Мені ата-бабаларыңның Құдайы сендерге жіберді» десем, олар менен «Оның есімі кім?» деп сұрайды ғой. Сонда не деп жауап беруім керек? — деген сұрақ қойды. | |
| Exod | Kaz | 3:14 | Құдай оған былай деп жауап қатты:— Мен (Мәңгі) Бар Болушымын. Исраилдіктерге: «(Мәңгі) Бар Болушымын деген мені сендерге жіберді» деп айт. — | |
| Exod | Kaz | 3:15 | Құдай сөзін жалғап тағы былай деді: — Исраилдіктерге мынаны да айт: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие мені сендерге жіберіп отыр. Мәңгі бақи Менің атым осылай болмақ. Күллі келер ұрпақтар да Мені осы есіміммен естеріне сақтасын». | |
| Exod | Kaz | 3:16 | Бар да, Исраилдің рубасыларын жинап алып, оларға былай де: «Ата-бабаларыңның Құдайы, Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие маған аян беріп, мынаны айтты: Мен сендерді назарымда ұстап келемін, Мысыр елінде көрген жәбірлеріңді түгел білемін. | |
| Exod | Kaz | 3:17 | Сендерді Мысырдың езгісінен құтқарып, қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, перездіктер, хевтіктер және ебустіктер қоныстанған, ағы мен балы ағыл-тегіл елге алып баруға уәде бердім». | |
| Exod | Kaz | 3:18 | Сонда Исраилдің рубасылары сенің айтқандарыңа ден қоятын болады. Мұнан кейін оларды ертіп, Мысыр патшасының алдына бар. Оған былай деңдер: «Біз, исраилдіктер, сиынатын Құдайымыз — Жаратқан Ие бізге аян берді. Енді үш күндік жердегі айдалаға барып, Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалуға бізге рұқсат етіңіз». | |
| Exod | Kaz | 3:20 | Сондықтан Мен Мысырға құдіретті қолымды созып, оны керемет істеріммен ойрандаймын. Содан кейін ғана перғауын сендерді қоя бермек. | |
| Exod | Kaz | 3:21 | Ал Мен мысырлықтарды халқыңа оң көзбен қаратамын, кеткен кездеріңде құр қол аттандырмаймын. | |
Chapter 4
| Exod | Kaz | 4:1 | Сонда Мұса:— Ал егер исраилдіктер маған сенбей, айтқаныма құлақ аспастан: «Жаратқан Ие саған аян берген емес» десе, қайтемін? — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 4:3 | — Оны жерге лақтыр! — деді.Мұса (мал баққанда қолына ұстап жүретін) таяғын жерге лақтырып жібергенде, ол жыланға айналды. Мұса одан қаша жөнелді. | |
| Exod | Kaz | 4:4 | Ал Жаратқан Ие Мұсаға:— Қолыңды созып, оны құйрығынан ұстап ал! — деп бұйырды. Мұса жыланды ұстап алғанда, ол қолында қайтадан таяққа айналды. | |
| Exod | Kaz | 4:5 | Жаратқан Ие:— Осы құдіретті істі исраилдіктерге көрсет. Ол халқыңның ата-бабалары Ыбырайым, Ысқақ, Жақыптың сиынған Құдайы — Жаратқан Ие Өзім болып, мұнда саған аян бергендігіме солардың көздерін жеткізбек, — деді. | |
| Exod | Kaz | 4:6 | Содан кейін Жаратқан Ие оған:— Қолыңды қойныңа тық! — деп бұйырды. Мұса солай істеді де. Қолын суырып алғанда, қолы алапестен қар іспетті ағарып кетіпті. | |
| Exod | Kaz | 4:7 | Жаратқан Ие:— Қолыңды қайтадан тық! — деді. Мұса солай істеп, қолын қайта суырып алғанда, ол басқа дене мүшелері сияқты бұрынғы сап-сау қалпына келіпті. | |
| Exod | Kaz | 4:8 | — Егер исраилдіктер саған да, көрсеткен алғашқы құдіретті ісіңе де сенбесе, онда осы екіншісі олардың көздерін жеткізбек. | |
| Exod | Kaz | 4:9 | Ал егер олар осы екі кереметке де сенбей, айтқандарыңа құлақ аспай қойса, онда Ніл өзенінен су алып, құрғақ жерге төк. Сол су құрғақ жерде қанға айналады. — | |
| Exod | Kaz | 4:10 | Бірақ Мұса Жаратқан Иеге:— Уа, Ием! Мен бұрыннан бері де, Сен құлыңмен тілдесіп тұрған қазір де сөзге шешен адам емеспін. Аузым шабан, тілім жүйрік емес, — деп уайымын білдірді. | |
| Exod | Kaz | 4:11 | Ал Жаратқан Ие:— Адамға тілді бітірген кім? Оны мылқау не саңырау, көретін не соқыр ете алатын кім? Соны істей алатын Жаратқан Ие, Өзім, емеспін бе? | |
| Exod | Kaz | 4:14 | Сонда Жаратқан Ие оған ашуланып, былай деп сөзін тамамдады:— Сенің леуілік Һарон атты ағаң бар емес пе? Оның сөзге шешен екенін білемін. Ол қазір-ақ сені қарсы алуға келе жатыр, өзіңді көргеніне шын жүректен қуанбақ. | |
| Exod | Kaz | 4:15 | Онымен сөйлесіп, айтатын сөздерін аузына салуың керек. Мен саған да, оған да жар болып, сөздерімді айтқызып, не істеулерің керек екенін Өзім үйретемін. | |
| Exod | Kaz | 4:16 | Сонда Һарон халыққа сенің атыңнан сөйлемек. Ол сенің аузың, ал сен ол үшін Құдай (іспетті жетекші) боласың. | |
| Exod | Kaz | 4:18 | Мұса айдаладан қайын атасы Етордың қасына оралып:— Мысырдағы туысқандарыма барып, амандығын білейін деп едім, — деді. Етор:— Ендеше бар, жолың болсын, — деп келісті. | |
| Exod | Kaz | 4:19 | Жаратқан Ие Мұсаға Мадиян елінде: «Мысырға қайтып бар, көзіңді құртпақ болғандардың бәрі өлді», — деп те тапсырған еді. | |
| Exod | Kaz | 4:20 | Содан Мұса әйелі мен ұлдарын есекке отырғызып, Мысыр еліне қарай сапарға шықты. Өзі Құдай бұйырған таяқты қолына ала жүрді. | |
| Exod | Kaz | 4:21 | Жаратқан Ие Мұсаға мына тапсырманы да берді:— Мысырға қайтып барған соң, Мен өзіңе тапсырған кереметтердің бәрін перғауынның алдында көрсететін бол. Бірақ Мен оның жүрегін қасарыстырып қоямын, сондықтан ол халықтың кетуіне рұқсат етпейтін болады. | |
| Exod | Kaz | 4:22 | Бұлардан кейін перғауынға былай де: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраил Менің ұлым — тұңғышым іспетті. | |
| Exod | Kaz | 4:23 | Саған бұйырған болатынмын: Ұлымды жібер, Өзіме қызмет етсін! Ал сен оны жіберуден бас тартып тұрсың. Ендеше Мен сенің ұлың — тұңғышыңды өлтіремін!» | |
| Exod | Kaz | 4:25 | Бірақ әйелі Сипора тас пышақты ала сала, ұлын сүндеттеп жіберіп, тәнінен кесіп алғанын Мұсаның аяғына тигізді де: «Сен төгілген қанмен құтқарылған күйеуімсің», — деді. | |
| Exod | Kaz | 4:26 | Сонда Жаратқан Ие оны аман қалдырды. Ал Сипора Мұсаны «төгілген қанмен құтқарылған күйеуімсің» деп сүндет рәсіміне байланысты айтты. | |
| Exod | Kaz | 4:27 | Жаратқан Ие Һаронға: «Айдалаға барып, Мұсаны қарсы ал», — деген болатын. Һарон жолға шығып, Мұсамен Құдайдың тауының маңында кездесіп, құшақтап бетінен сүйді. | |
| Exod | Kaz | 4:28 | Мұса өзін жіберген Жаратқан Иенің күллі сөздерін де, Оның көрсетуге бұйырған бүкіл құдіретті істері туралы да Һаронға айтып берді. | |
| Exod | Kaz | 4:30 | Һарон Жаратқан Иенің Мұсаға айтқан сөздерін түгелдей баяндап, тапсырған құдіретті істерін халықтың көз алдында көрсетті. | |
Chapter 5
| Exod | Kaz | 5:1 | Бұдан кейін Мұса мен Һарон перғауынның алдына барып, оған былай деді:— Исраилдің сиынған Құдайы — Жаратқан Ие мынаны айтады: «Менің халқымды жібер! Олар айдалаға барып, Маған арнап мейрам өткізсін». — | |
| Exod | Kaz | 5:2 | Алайда перғауын:— Мен айтқанына құлақ асып, исраилдіктерді жіберетіндей «Жаратқан Ие» деген кім? Мен «Жаратқан Иені» білмеймін де, Исраил халқын жібермеймін де, — деп жауап қатты. | |
| Exod | Kaz | 5:3 | Бірақ екеуі:— Бізге исраилдіктердің Құдайы аян берді. Енді үш күндік жердегі айдалаға барып, Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалуға рұқсат етіңіз. Әйтпесе Ол бізді індетпен не соғыспен жазалайды, — деп нық айтты. | |
| Exod | Kaz | 5:4 | Ал Мысырдың патшасы:— Ей, Мұса, Һарон, неге халықты арандатып, міндеттерінен алаңдатасыңдар? Өз жұмыстарыңа қайтып барыңдар! — деп бұйырды. | |
| Exod | Kaz | 5:5 | Ол: — Елдеріңнің халқы тым көп, ал сендер оларды жұмыстарынан қалдырып демалдырып тұрсыңдар, — деп те наразылығын білдірді. | |
| Exod | Kaz | 5:7 | «Бұдан былай исраилдіктерге кірпіш құю үшін бұрынғыдай сабан бермеңдер! Өздері барып, жинап әкелетін болсын! | |
| Exod | Kaz | 5:8 | Алайда олардың бұрынғы мөлшердегідей кірпіш құюларын талап етіп, қажетті кірпіш санын еш кемітпеңдер! Олар жалқау, сондықтан да: «Біз барып, Құдайымызға арнап құрбандық шалайық!» деп айқай салып жүр. | |
| Exod | Kaz | 5:10 | Құл айдаушылар мен бақылаушылар барып, халыққа жар салып: «Перғауынның әмірі мынау: Бұдан былай сендерге сабан берілмейді. | |
| Exod | Kaz | 5:11 | Қайдан тапсаңдар одан табыңдар, сабанды өздерің барып жинаңдар! Алайда құятын кірпіштеріңнің саны кемітілмей, сол күйінде қалады!» — деді. | |
| Exod | Kaz | 5:12 | Сонда халық Мысырдың түкпір-түкпіріне тарап, сабан орнына орылған егістіктерде қалған сабақтарды жинаумен айналысты. | |
| Exod | Kaz | 5:13 | Құл айдаушылар халықты: «Күнделікті атқарған жұмыс көлемдерің сабанмен қамтамасыз етілген кездегідей болсын!» — деп қыспақтай берді. | |
| Exod | Kaz | 5:14 | Олар өздері тағайындаған исраилдік бақылаушыларды: «Неге сендер кеше де, бүгін де кірпіш мөлшерін бұрынғыдай етіп өткізбедіңдер?» — деп, соққының астына алды. | |
| Exod | Kaz | 5:15 | Сонда исраилдік бақылаушылар перғауынның алдына барып:— Тақсыр, құлдарыңызға неге бұлай істейсіз? | |
| Exod | Kaz | 5:16 | Бізге сабан берілмейді, алайда кірпіш құю талап етіледі. Міне, құлдарыңызды ұрып-соғады, бірақ бәріне кінәлі өз халқыңыз, — деп жалбарынды. | |
| Exod | Kaz | 5:17 | Бірақ перғауын:— Жоқ, сендер еріншек, жалқаусыңдар! Сондықтан да «Біз барып, Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалайық!» дей бересіңдер. | |
| Exod | Kaz | 5:18 | Барыңдар, жұмыс істеңдер! Сабан берілмейді, ал кірпіштің тиісті санын бәрібір дайындап өткізуге міндеттісіңдер! — деп кесіп айтты. | |
| Exod | Kaz | 5:19 | «Күнделікті дайындалуға тиісті кірпіш санын еш кемітпейсіңдер!» деген үзілді-кесілді сөздерден исраилдік бақылаушылар халдерінің мүшкілдігін ұқты. | |
| Exod | Kaz | 5:21 | «Жаратқан Ие сендерге назар салып, үкімін шығарсын! Өйткені сендер бізді перғауын мен оның нөкерлерінің алдында сасық нәрседей жиренішті еттіңдер! Көзімізді құрту үшін олардың қолдарына қару ұстатып қойдыңдар!» — деп бұларға кінә артты. | |
| Exod | Kaz | 5:22 | Содан Мұса қайтадан Жаратқан Иеге сиынып:— Уа, Ием, бұл халықты осыншама азапқа неліктен душар еттің? Мені не үшін жібердің? | |
Chapter 6
| Exod | Kaz | 6:1 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп білдірді:— Енді сен Менің перғауынға не істейтінімді көретін боласың. Мен оған қарсы құдіретті қолымды созған соң, ол халықты босататын болады. Ол құдіретті қолымның ықпалынан оларды елінен тіпті өзі қуып шығатын болады! — | |
| Exod | Kaz | 6:3 | Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді білдірген жоқпын. | |
| Exod | Kaz | 6:4 | Өздері жат жұрттық болып тұрып жатқан Қанахан елін беруге олармен Келісім жасаған едім. | |
| Exod | Kaz | 6:5 | Енді мысырлықтар құлдықта ұстап жатқан исраилдіктердің күңіренген күрсінісі құлағыма жетіп, сол Келісімімді еске алдым. | |
| Exod | Kaz | 6:6 | Сондықтан исраилдіктерге барып, мына сөздерімді жеткіз: «Мен Жаратқан Иемін, сендерді мысырлықтардың езгісінен азат етемін. Мен қолымды созып, құдіретті істеріммен мысырлықтарды соттап, жазалау арқылы өздеріңді құлдықтан құтқарып аламын. | |
| Exod | Kaz | 6:7 | Мен сендерді өз халқым деп қабылдап, Құдайларың боламын. Сонда Менің өздеріңді Мысырдың езгісінен босатып алып шыққан Жаратқан Ие — сендердің Құдайларың екенімді білетін боласыңдар. | |
| Exod | Kaz | 6:8 | Мен Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа беруге қолымды көтеріп тұрып ант еткен елге сендерді бастап алып барамын. Сол жерді мұралық иеліктеріңе табыстаймын. Мен Жаратқан Иемін!» | |
| Exod | Kaz | 6:9 | Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады. | |
| Exod | Kaz | 6:12 | Ал Мұса Жаратқан Иеге:— Менің айтқандарыма тіпті исраилдіктер құлақ салмағанда, перғауын қайдан құлақ салсын? Сөзге шорқақпын ғой, — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 6:13 | Алайда Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға қайтадан тіл қатып, оларды исраилдіктерге және Мысырдың патшасы перғауынға арнаған әмірлерін жеткізуге жіберді. Осылай Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға Исраил халқын Мысырдан алып шығуды тапсырды. | |
| Exod | Kaz | 6:14 | Исраилдің басты руларының басшылары мыналар: Исраилдің тұңғышы Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми. Бұлар Рубеннің үрім-бұтағы. | |
| Exod | Kaz | 6:15 | Шимонның ұлдары: Емуел, Ямин, Охад, Яхин, Сохар, Саул. Саул қанахандық әйелден туған еді. Бұлар Шимонның үрім-бұтағы. | |
| Exod | Kaz | 6:16 | Тараған тармақтары бойынша берілген Леуінің ұрпақтарының аттары мыналар: Герсон, Қахат, Мерари. Леуі жүз отыз жеті жыл өмір сүрді. | |
| Exod | Kaz | 6:19 | Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши. Бұл — Леуінің тармақтары бойынша берілген үрім-бұтағы. | |
| Exod | Kaz | 6:20 | Ымрам әкесінің қарындасы Иохебедке үйленді. Олардан Һарон мен Мұса дүниеге келді. Ымрам жүз отыз жеті жыл өмір сүрді. | |
| Exod | Kaz | 6:23 | Һарон Нағасонның қарындасы Әминадап қызы Елішебаға үйленіп, одан Надаб, Әбиһу, Елазар мен Ітамар дүниеге келді. | |
| Exod | Kaz | 6:25 | Һаронның ұлы Елазар Пұтиелдің қыздарының біреуіне үйленді. Одан Пінехес дүниеге келді. Бұлар — Леуінің тараған тармақтары бойынша берілген рубасылары. | |
| Exod | Kaz | 6:26 | Осы шежіреде аттары аталған Һарон мен Мұса — Жаратқан Иенің «Исраил халқын Мысырдан лек-легімен алып шығыңдар!» деген тапсырмасын алғандар. | |
| Exod | Kaz | 6:27 | Исраилдіктерді әлгі елден бастап алып шығу туралы бұйрықты Мысыр патшасы перғауынға жеткізгендер осы Мұса мен Һарон болатын. | |
| Exod | Kaz | 6:29 | оған былай деп бұйырған еді:— Мен Жаратқан Иемін. Менің өзіңе айтқандарымның бәрін Мысыр патшасы перғауынға жеткіз! — | |
Chapter 7
| Exod | Kaz | 7:1 | Содан Жаратқан Ие Мұсаға жауап беріп былай деді:— Біліп ал: Мен сені перғауынның алдында Құдай (іспетті құдіретті) етемін, ағаң Һарон (хабарыңды жеткізуші) пайғамбарың болады. | |
| Exod | Kaz | 7:2 | Сен өзіңе бұйырғандарымның бәрін оған айтасың, ал Һарон перғауынға өз елінен Исраил халқын босатып жіберсін деп айтуға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 7:3 | Алайда Мен перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Мен Мысыр елінде көптеген ғажап істер мен кереметтерім арқылы Өзімнің кім екенімді дәлелдесем де, | |
| Exod | Kaz | 7:4 | перғауын сендерді тыңдамайтын болады. Сонда Мысырға қолымның құдіретін төндіріп, қатаң жазалар тартқызу арқылы өз жасағым — халқым Исраилді Мысыр елінен алып шығамын. | |
| Exod | Kaz | 7:5 | Осылайша Мысырға қолымды созып, ел ішінен Исраил халқын алып кеткенімде, мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. | |
| Exod | Kaz | 7:9 | — Перғауын сендерге: «(Өздеріңді Құдай жібергендігін дәлелдейтін) керемет көрсетіңдер!» деп талап еткенде, сен, Мұса, Һаронға: «Таяғыңды перғауынның алдына қарай жерге лақтыр!» деп айт. Сонда таяқ жыланға айналмақ, — деді. | |
| Exod | Kaz | 7:10 | Содан Мұса мен Һарон перғауынның алдына барып, Жаратқан Иенің бұйырғанындай істеді. Һарон таяғын перғауын мен оның нөкерлерінің алдына қарай жерге лақтырып жібергенде, ол жыланға айналды. | |
| Exod | Kaz | 7:11 | Бірақ перғауын өзінің білімпаздары мен сиқыршыларын алдыртты. Сонда Мысырдың абыздары да сиқыршылықтарымен дәл солай істеді. | |
| Exod | Kaz | 7:12 | Әрқайсысы таяғын жерге лақтырып, жыланға айналдырды. Бірақ Һаронның жыланға айналған таяғы олардың жылан таяқтарын жұтып қойды! | |
| Exod | Kaz | 7:13 | Сонда да перғауынның жүрегі қасарысып, Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала білдірген еді. | |
| Exod | Kaz | 7:14 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынның жүрегі қайтпастан қасарып, халықты жіберуден бас тартып тұр. | |
| Exod | Kaz | 7:15 | Ертеңгісін перғауын Нілге қарай беттеген кезде өзен жағасында жолын тосып тұр! Қолыңа бұрын жыланға айналған таяғыңды ұста. | |
| Exod | Kaz | 7:16 | Перғауынға былай де: «Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие маған сізге келіп, мынаны айтуды тапсырды: Айдалада Өзіме ғибадат ету үшін халқымды жібер! Сен осы уақытқа дейін Мені тыңдамай келдің. | |
| Exod | Kaz | 7:17 | Сол үшін де Жаратқан Ие мынаны айтады: Менің Жаратқан Ие екенімді қазір жасайтынымнан білетін боласың! Қараңыз, мен қолымдағы таяқпен Нілдегі судың бетін ұрғанда, ол қанға айналады. | |
| Exod | Kaz | 7:19 | Жаратқан Ие Мұсаға арнаған сөзін жалғастырып: — Сен Һаронға былай де: «Таяғыңды алып, қолыңды Мысырдың суларына қарай көтер! Сонда өзендер мен арықтардың, тоғандар мен су қоймаларының бәрі қанға айналады. Бүкіл Мысырды қан жайлап кетпек, тіпті ағаш не тас ыдыстардың ішіндегі су да қанға айналмақ», — деді. | |
| Exod | Kaz | 7:20 | Мұса мен Һарон Жаратқан Иенің бұйырғанындай істеді. Һарон перғауын мен оның нөкерлерінің көз алдында таяғын жоғары көтеріп, сонымен Нілдегі судың бетін ұрып қалды. Сонда өзендегі бүкіл су қанға айналды! | |
| Exod | Kaz | 7:21 | Балықтар қырылып, су сасып кетті. Мысырлықтар өзеннен су іше алмайтын болды. Бүкіл Мысыр жерін қан жайлап кетті. | |
| Exod | Kaz | 7:22 | Ал Мысырдың абыздары да сиқыршылықтарымен дәл солай істеді. Сонда перғауынның жүрегі қасарысып, ол Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Жаратқан Ие соны алдын ала білдірген болатын. | |
| Exod | Kaz | 7:24 | Бүкіл мысырлықтар Нілдің жағалауынан ішетін су табу үшін құдық қаза бастады, өйткені өзеннің суын іше алмады. | |
Chapter 8
| Exod | Kaz | 8:1 | Мұнан соң Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынға барып, сөзімді жеткіз: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! | |
| Exod | Kaz | 8:3 | Нілде бақалар құжынап, олар судан шығып, сарайыңа, ұйықтайтын бөлмеңе, тіпті төсегіңе дейін кіріп кетпек. Олар уәзірлеріңнің сарайлары мен бүкіл халқыңның үйлерін де, пештерің мен қамыр ашытатын ыдыстарыңды да жайлайды. | |
| Exod | Kaz | 8:5 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы да былай деп бұйырды:— Һаронға мынаны айт: «Қолыңа таяғыңды ұстап, өзендер, арықтар және тоғандарға қарай көтеріп тұр да, бақаларды шығарып, Мысыр елін бақаға қаптат». | |
| Exod | Kaz | 8:6 | Һарон қолын Мысырдың суларына қарай көтергенде олардан бақалар шығып, елді жайлап алды. | |
| Exod | Kaz | 8:8 | Сонда перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып, оларға былай деді:— Жаратқан Иеге менен және халқымнан бақаларды алып кете көрсін деп жалынып сиыныңдар. Содан кейін мен халықты Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалып ғибадат ету үшін жіберемін. — | |
| Exod | Kaz | 8:9 | Мұса перғауынға жауап беріп:— Менің сіз үшін, нөкерлеріңіз бен халқыңыз үшін Оған қай уақытта сиынуымды қалайсыз, соны өзіңіз белгілеңіз. Сонда барлығыңыз және үйлеріңіз бақалардан құтылып, тек өзендегілер ғана қалады, — деді. | |
| Exod | Kaz | 8:10 | Перғауын:— Ертең, — деп шешті. Мұса:— Айтқаныңыздай болады. Құдайымыз Жаратқан Иеге тең келетін ешкімнің жоқ екенін осыдан білетін боласыз! | |
| Exod | Kaz | 8:11 | Өзіңіз, үйлеріңіз, нөкерлеріңіз бен халқыңыз бақалардан құтылып, олар тек өзенде ғана қалады, — деді. | |
| Exod | Kaz | 8:12 | Мұса мен Һарон перғауыннан шыққаннан кейін Мұса Жаратқан Иеге дауыстап сиынып, перғауынға бола құжынатып алып келген бақаларынан елді құтқарсын деп өтінді. | |
| Exod | Kaz | 8:13 | Жаратқан Ие Мұсаның перғауынға алдын ала айтқан сөздеріне сай істеді. Содан барлық үйлердегі, қоралар мен даладағы бақалар құрып кетті. | |
| Exod | Kaz | 8:14 | Жұрт оларды жинастырып, төбе-төбе етіп үйіп қойды. Сонда сасық иіс бүкіл елді алып кетті. | |
| Exod | Kaz | 8:15 | Алайда перғауын апаттан құтылғанын көргенде жүрегін қайтадан қасарыстырып, Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала білдірген еді. | |
| Exod | Kaz | 8:16 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Һаронға мынаны айт: «Таяғыңды сілтеп, жердің шаң-тозаңын ұрып жібер! Сонда бүкіл Мысырдағы шаң-тозаң масаларға айналады». | |
| Exod | Kaz | 8:17 | Олар солай істеді де. Һарон қолындағы таяғын сілтеп, жердің шаң-тозаңын ұрып қалғанда, адамдар мен малдардың үстіне масалар жабыла қонды. Бүкіл Мысыр еліндегі шаң-тозаң масаларға айналды. | |
| Exod | Kaz | 8:18 | Абыздар да сиқыршылықтарымен масалар келтіргілері келіп еді, бірақ қолдарынан келмеді. Ал масалар адамдарға да, малдарға да жаппай қонды. | |
| Exod | Kaz | 8:19 | Сонда абыздар перғауынға:— Бұл — Құдайдың құдіретті ісі! — деді. Алайда перғауынның жүрегі қайтпастан қасарысып, Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала айтқан да еді. | |
| Exod | Kaz | 8:20 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Ертеңгісін ерте тұр да, өзенге бара жатқан кезінде перғауынның алдынан шығып, сөзімді жеткіз: «Жаратқан Ие былай дейді: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! | |
| Exod | Kaz | 8:21 | Егер оларды жібермесең, онда Мен өзіңе, нөкерлеріңе, халқыңа және тұратын үйлеріңе шыбын-шіркейлерді быжынатып жіберемін. Мысырлықтардың үйлері мен далалары шыбын-шіркейге лық толады. | |
| Exod | Kaz | 8:22 | Ал сол күні Мен өз халқым мекендеген Гөшен еліне бөлек қараймын: онда ешқандай шыбын-шіркей болмайды! Осылайша сен бұл елдің ішінде Менің, Жаратқан Иенің, бар екенімді білетін боласың. | |
| Exod | Kaz | 8:23 | Мен өз халқымды сенің халқыңнан ажыратып қоямын. Құдіретімді көрсететін осы керемет ертең болады». | |
| Exod | Kaz | 8:24 | Жаратқан Ие солай істеді де. Перғауынның сарайы, нөкерлерінің үйлері, бүкіл Мысыр елі бұлттай қаптаған шыбын-шіркейлерге толып, ел күйреп жатты. | |
| Exod | Kaz | 8:25 | Сонда перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып, оларға:— Барып, Құдайларыңа арнап осы елдің ішінде құрбандық шалыңдар! — деді. | |
| Exod | Kaz | 8:26 | Бірақ Мұса:— Олай істеуге болмайды. Құдайымыз Жаратқан Иеге ұсынатын құрбандығымыз мысырлықтар үшін жиренішті. Шалған құрбандықтарымыз оларға жиренішті болып көрінсе, бізді таспен атқылап өлтіреді емес пе? | |
| Exod | Kaz | 8:27 | Біз үш күндік жердегі айдалаға барып, Құдайымыз Жаратқан Иеге Өзі бұйырғандай құрбандық шалуымыз керек, — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 8:28 | Ал перғауын:— Сендерді Құдайларың Жаратқан Иеге арнап айдалада құрбандық шалуларың үшін жіберемін. Тек алысқа бармаңдар! Енді мен үшін сиыныңдар, — деп өтінді. | |
| Exod | Kaz | 8:29 | Мұса:— Қазір қасыңыздан кеткен бойда Жаратқан Иеге сиынамын. Ертең өзіңіз, нөкерлеріңіз бен халқыңыздан шыбын-шіркейлер алыстап кететін болады. Тек перғауын алдауын доғарсын, халықты Жаратқан Иеге арнап құрбандық жасау үшін баруға жібермей жүрмесін, — деді. | |
| Exod | Kaz | 8:31 | Ол Мұсаның тілегеніндей істеп, перғауынды, нөкерлері мен халқын шыбын-шіркейлерден арылтты. Сонда елде бір шыбын да қалмады. | |
Chapter 9
| Exod | Kaz | 9:1 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынға барып сөзімді жеткіз: «Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! | |
| Exod | Kaz | 9:3 | онда сақ бол. Жаратқан Ие далада жүрген малдарыңа қол салып, жылқыларың, есектерің, түйелерің, мүйізді ірі қараларың және қой-ешкілерің өте жаман індетке ұшырайтын болады! | |
| Exod | Kaz | 9:4 | Ал Жаратқан Ие қайтадан исраилдіктердің малдарына мысырлықтардікінен бөлек қарамақ: Исраилдің бір тұяғы да шығынға ұшырамайды! | |
| Exod | Kaz | 9:6 | Жаратқан Ие келесі күні солай істеді де. Мысырлықтардың малдары жаппай қырылды, ал исраилдіктердің малдарынан бірде-бір шығын болмады. | |
| Exod | Kaz | 9:7 | Перғауын адамдарын жіберіп, исраилдіктердің бір тұяғының да шығынға ұшырамағанын біліп алды. Сонда да перғауынның жүрегі қасарысып, ол халықты жібермей қойды. | |
| Exod | Kaz | 9:8 | Содан соң Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға былай деп бұйырды:— Пештен уыстап күл алыңдар. Мұса оны перғауынның көз алдында аспанға қарай шашып жіберсін. | |
| Exod | Kaz | 9:9 | Сонда ол майда тозаң болып бүкіл Мысыр еліне тарап кетеді де, адамдар мен жан-жануарларда шиқандар пайда болады. | |
| Exod | Kaz | 9:10 | Мұса мен Һарон пештен күл алып, перғауынның алдына барды. Мұса күлді аспанға қарай шашып жібергенде, адамдар мен жан-жануарларда шиқандар пайда болды. | |
| Exod | Kaz | 9:11 | Абыздар Мұсаға қарсы тұра алмады. Барлық мысырлықтар сияқты олардың тәндеріне де шиқандар шыққан болатын. | |
| Exod | Kaz | 9:12 | Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Мұса мен Һаронның айтқандарына құлақ аспай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала айтқан да еді. | |
| Exod | Kaz | 9:13 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Ертеңгісін ерте тұрып, перғауынның алдына барып, сөзімді жеткіз: «Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Маған ғибадат ету үшін халқымды жібер! | |
| Exod | Kaz | 9:14 | Мен осы жолы қасарысқан жүрегіңе, нөкерлеріңе және халқыңа қарсы ойлаған апаттарымның бәрін жіберетін боламын. Сонда сен жер бетінде Маған тең келетін ешкімнің жоқ екеніне көзің жетіп, соны білетін боласың. | |
| Exod | Kaz | 9:15 | Қаласам баяғыда қолымды созып-ақ өзіңді де, халқыңды да індетке ұшыратып, жер бетінен жоқ қылған болар едім. | |
| Exod | Kaz | 9:16 | Алайда саған (істейтінім арқылы) құдіретімді көрсетіп, бүкіл жер жүзіне атымды шығару үшін ғана сені патша етіп қойдым. | |
| Exod | Kaz | 9:18 | Біліп ал: Мен ертең осы мезгілде Мысыр Мысыр болғалы күні бүгінге дейін болып көрмеген бұршақты сенің еліңе жаудырамын. | |
| Exod | Kaz | 9:19 | Енді адамдарыңды жіберіп, даладағы малдарың мен меншіктеріңнің бәрін де паналарға жинатып алдырт! Үй-қораларды паналамай далада жүрген күллі адамдар мен малдар бұршақтың астында қалып, қырылмақ». | |
| Exod | Kaz | 9:20 | Перғауынның нөкерлерінің кейбіреулері Жаратқан Иенің сөздерінен қорқып, қарамағындағы қызметшілері мен малдарын жедел түрде қауіпсіз жерлерге жинап алды. | |
| Exod | Kaz | 9:21 | Ал Жаратқан Иенің сөзіне көңіл бөлмегендер өз қызметшілері мен малдарын далада қалдырды. | |
| Exod | Kaz | 9:22 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйрық берді:— Қолыңды аспанға қарай соз! Сол сәтте бүкіл Мысыр елінің үстіне, ондағы адамдардың, малдардың және даладағы өсімдіктердің бәрінің үстіне бұршақ жауатын болады. | |
| Exod | Kaz | 9:23 | Мұса таяғын аспанға қарай созғанда, Жаратқан Ие күн күркіретіп, бұршақ жаудырып, жерге найзағай түсірді. Осылайша Жаратқан Ие Мысыр елін бұршақтың астына алып, | |
| Exod | Kaz | 9:24 | бұршақ жерге үздіксіз төпелеп, арасында найзағай жарқылдап тұрды. Бұршақтың мұндай күшті жауғанын Мысыр халқы ел болып, басы біріккелі көрген емес. | |
| Exod | Kaz | 9:25 | Бұршақ бүкіл Мысыр даласында жүрген күллі адамдар мен малдарды қырып, өсіп тұрғанның барлығын тып-типыл қылып, ағаш атаулының бұтақтарын сындырып, быт-шыт етті. | |
| Exod | Kaz | 9:27 | Содан перғауын кісі жіберіп, Мұса мен Һаронды шақырып алып:— Осы жолы мен күнә жасадым. Жаратқан Ие әділ, ал өзім және халқым кінәлі. | |
| Exod | Kaz | 9:28 | Жаратқан Иеге сиыныңдаршы! Құдайдың қатты күн күркіретіп, бұршақ жаудырғаны тоқтаса екен! Бұған дейін басымызға түскені жетер. Сендерді жібермекпін, бұдан әрі қарай мұнда қалуға тиіс болмайсыңдар, — деді. | |
| Exod | Kaz | 9:29 | Мұса:— Қаладан шығысымен-ақ қолымды Жаратқан Иеге қарай жайып сиынамын. Сонда күн күркіреуін тоқтатып, бұршақ та жаумайтын болады. Осыдан жердің иесі Жаратқан Ие екенін білетін боласыз. | |
| Exod | Kaz | 9:30 | Алайда өзіңіз де, нөкерлеріңіз де (шынайы) Құдайды, Жаратқан Иені, әлі де терең қастерлеп, Одан қорықпайсыздар, соны білемін, — деп жауап қатты. | |
| Exod | Kaz | 9:31 | Зығыр мен арпаны бұршақ ұрып кетті, өйткені арпа масақ жарып, зығыр гүлдеп тұрған еді. | |
| Exod | Kaz | 9:32 | Ал бидай мен соған ұқсас дәнді дақылдар кеш пісетін болғандықтан бұршаққа ұрыла қоймады. | |
| Exod | Kaz | 9:33 | Мұса перғауыннан қаланың сыртына шығып, қолын Жаратқан Иеге қарай жайып сиынды. Сонда күн күркіреуін, бұршақ жаууын доғарып, жаңбыр да тиылды. | |
| Exod | Kaz | 9:34 | Бірақ перғауын бұршақ пен жаңбырдың әрі күннің күркіреуінің тыйылғанын көргенде, күнә жасауын әрі қарай жалғастырып, өзі де, нөкерлері де жүректерін қасарыстырып алды. | |
Chapter 10
| Exod | Kaz | 10:1 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Перғауынға қайтадан бар! Мен перғауынның және нөкерлерінің жүректерін қасарыстырып қойдым. Мұндағы мақсатым: олардың араларында осы керемет істерім арқылы өз құдіретімді көрсетуім | |
| Exod | Kaz | 10:2 | әрі сендердің Менің мысырлықтарға билігімді қалай паш еткенім туралы балаларың мен немерелеріңе әрдайым айтып жүріп, Менің Жаратқан Ие екенімді білулерің. | |
| Exod | Kaz | 10:3 | Мұса мен Һарон перғауынға тағы да барып, былай деді:— Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сен қашанға дейін Маған бағынудан бас тартпақсың? Халқымды Өзіме ғибадат етуге жібер! | |
| Exod | Kaz | 10:5 | Олар түк көрінбестей етіп жердің бетін жауып алып, сендерде бұршақтан аман қалғанның бәрін жалмап, даладағы барлық ағаштардың жапырақтарын да түк қалдырмай жалмап жеп қояды. | |
| Exod | Kaz | 10:6 | Өз сарайларың да, бүкіл нөкерлеріңнің және барлық мысырлықтардың үйлері де шегірткелерге толып кетеді. Мұндайды сенің ата-бабаларың осы жерге келіп қоныстанғаннан бері бүгінгі күнге дейін ешқашан көрген емес». — Мұса осыны айтысымен бұрылып, перғауынның қасынан шығып кетті. | |
| Exod | Kaz | 10:7 | Сонда перғауынның нөкерлері одан:— Бұл адам бізді қашанға дейін азапқа түсірмекші? Исраилдіктерді Құдайлары Жаратқан Иеге ғибадат ету үшін жібере көріңіз. Мысырдың құрып бара жатқанын көріп тұрған жоқсыз ба? — деп сұрады. | |
| Exod | Kaz | 10:8 | Содан Мұса мен Һарон қайтадан перғауынға әкелінді. Перғауын:— Жарайды, барыңдар, Құдайларың Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер! Тек кімдердің баратынын айтыңдар, — деді. | |
| Exod | Kaz | 10:9 | Мұса:— Біз жас-кәрілерімізді, ұл-қыздарымызды, ұсақ және мүйізді ірі қараларымызды ала барамыз. Өйткені Жаратқан Иеге арналған мейрам тойын өткізуіміз керек, — деді. | |
| Exod | Kaz | 10:10 | — Мен сендерді бала-шағаларыңмен бірге жіберетін болсам, Жаратқан Иелерің сендерге жар болсын! Сендердің ниеттерің қара, бұл айқын көрініп тұр. | |
| Exod | Kaz | 10:11 | Жоқ, солай бола қоймас! Тек еркектерің ғана барып, Жаратқан Иеге ғибадат етсін! Сұрағандарың да сол емес пе еді? — Осылай деп, перғауын Мұса мен Һаронды қасынан қуып шықты. | |
| Exod | Kaz | 10:12 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Қолыңды Мысырдың үстіне қарай соз. Сонда шегірткелер қаптап келіп, Мысырдың жеріне қонсын. Олар бұршақтан аман қалып, өсіп тұрғанның бәрін де жалмап қойсын. | |
| Exod | Kaz | 10:13 | Содан Мұса қолындағы таяғын Мысырдың жерінің үстіне қарай созды. Жаратқан Ие елге сол күні бір тәулік бойы шығыс жақтан жел соқтырды. Таң атқанда шығыстан соққан жел шегірткелерді жеткізді. | |
| Exod | Kaz | 10:14 | Олар бүкіл Мысырға лап қойып, сансыз үйірлерімен елдің түкпір-түкпіріне дейін басып алды. Бұған дейін мұндай қаптаған шегірткелер болған да емес, бұдан кейін де болмайды. | |
| Exod | Kaz | 10:15 | Шегірткелер жердің бетін түк көрсетпей қап-қара қылып жауып тастады да, бұршақтан аман қалған дала өсімдіктері мен ағаш жемістерін жалмап қойды. Бүкіл Мысыр еліндегі ағаштар мен өсімдіктердің көк жапырақтары мен сабақтарынан ештеңе қалмады. | |
| Exod | Kaz | 10:16 | Сонда перғауын тездетіп Мұса мен Һаронды шақырып алып, олардан:— Мен Құдайларыңыз Жаратқан Иенің алдында да, сіздердің алдарыңызда да күнә жасадым. | |
| Exod | Kaz | 10:17 | Ал енді күнәмді тағы бір жолға кешіріңіздер. Құдайларыңыз Жаратқан Ие бұл жойқын жазаны менен алып кете көрсін деп Оған сиыныңыздар, — деп өтінді. | |
| Exod | Kaz | 10:19 | Содан Жаратқан Ие желдің бағытын өзгертіп, батыстан ерен күшті дауыл соқтырды. Дауыл күллі шегіртке атаулыны көтеріп алып, Қамысты теңізге тастады. Бүкіл Мысыр жерінде бір шегіртке де қалмады. | |
| Exod | Kaz | 10:20 | Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып, ол Исраил халқын жібермей қойды. | |
| Exod | Kaz | 10:21 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Қолыңды аспанға қарай соз, сонда Мысырды көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. | |
| Exod | Kaz | 10:23 | Адамдар бір-бірін көре алмай, үш тәулік бойы ешкім отырған орнынан тұрмады. Ал Исраилдің үрім-бұтағының мекендерінде жарық болды. | |
| Exod | Kaz | 10:24 | Перғауын Мұсаны шақырып алып:— Жарайды, барыңыздар, Жаратқан Иеге арнап ғибадат етіңіздер. Балаларыңыз да бірге бара берсін. Тек ірілі-ұсақты малдарыңыз ғана қалсын, — деді. | |
| Exod | Kaz | 10:25 | Ал Мұса:— Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалынатын әрі шалынып, өртеліп ұсынылатын малдарды да қолымызға тапсыруыңыз қажет, — деп жауап қайырды. — | |
| Exod | Kaz | 10:26 | Малдарымыз өзімізбен бірге жүрсін, бір тұяқты да қалдырмаймыз. Біз Құдайымыз Жаратқан Иеге арнап шалатын құрбандықтарды солардың ішінен аламыз. Қандай малдарды құрбандыққа шалатынымызды тек баратын жерімізге жеткенде ғана білеміз. | |
| Exod | Kaz | 10:27 | Алайда Жаратқан Ие перғауынның жүрегін қасарыстырып қойды. Ол исраилдіктерді жібергісі келмей, | |
| Exod | Kaz | 10:28 | Мұсаға:— Кет қасымнан! Енді қайтып менің алдыма келуші болма! Көзіме түскен күні-ақ өлетін боласың, — деп қоқан-лоқы көрсетті. | |
Chapter 11
| Exod | Kaz | 11:1 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Мен перғауынды және Мысыр елін тағы бір апатқа душар етемін. Одан соң ол бұл жерден кетулеріңе рұқсат беріп қана қоймай, тіпті біріңді қалдырмай елінен шығуға мәжбүрлейтін болады. | |
| Exod | Kaz | 11:2 | Исраилдіктерге былай де: «Сол кезде барлық еркектерің мен әйелдерің (мысырлық) көршілерінен күміс, алтын бұйымдар сұрап алсын». | |
| Exod | Kaz | 11:3 | Осы уақыт жеткенде Жаратқан Ие мысырлықтарды Исраилдің үрім-бұтағына игі ниетпен қаратты. Мұсаның абыройы да Мысыр жерінде перғауынның нөкерлері мен халықтың алдында зор болды. | |
| Exod | Kaz | 11:4 | (Перғауынның қасынан кетпей тұрып) Мұса оған тағы былай деген болатын:— Жаратқан Ие мынаны айтады: «Түн ортасында Мен Мысырды аралап өтемін. | |
| Exod | Kaz | 11:5 | Сонда Мысыр жеріндегі әрбір тұңғыш бала, тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, қол диірменді айналдырып отырған күңнің тұңғышына дейін, сондай-ақ мал атаулының алғашқы төлдері де өлетін болады. | |
| Exod | Kaz | 11:6 | Бүкіл Мысыр елі бұған дейін болмаған, енді қайтып болмайтын зар еңіреген жоқтауға толады. | |
| Exod | Kaz | 11:7 | Ал исраилдіктерге келсек, олардың адамдары түгіл, малдарына қарсы иттер де үрмейтін болады. Содан сендер Жаратқан Иенің Исраил мен Мысыр халықтарына қалай түрліше қарайтынын білетін боласыңдар». | |
| Exod | Kaz | 11:8 | Сол кезде мына тұрған нөкерлеріңіздің бәрі алдыма келіп, бастарын иіп былай деп жалынбақ: «Өзіңіз және басқарып жүрген халқыңыз елімізден шыға көріңіздер!» Мен содан кейін шығатын боламын.Ашуланған Мұса осыны айтып, перғауынның қасынан шығып кетті. | |
| Exod | Kaz | 11:9 | Жаратқан Ие Мұсаға бұрын мынаны да айтып қойған болатын:— Менің Мысыр елінде көптеген кереметтер жасауым (әрі Өзімнің кім екенімді білдіруім) үшін перғауын айтқандарыңа құлақ аспайтын болады. | |
Chapter 12
| Exod | Kaz | 12:3 | Исраилдің барлық қауымына мынаны айтыңдар: әрбір отағасы осы айдың оны күні жанұясы үшін бір тоқтыдан арнап бөлек қойсын. | |
| Exod | Kaz | 12:4 | Егер үй ішіндегі адамдардың саны бұл малдың етін толық жей алмайтындай аз болса, онда оны іргелес көршісімен бөліссін. Тоқтының үлкен-кішілігін оны қанша адамның жей алатындығына қарап анықтауларың керек. | |
| Exod | Kaz | 12:6 | Осы малды айдың он төртіне дейін бағып күтіп, қастарыңда ұстаңдар. Сол күні кешке қарай Исраил халқының бүкіл қауымы тоқтыларын құрбандыққа шалсын. | |
| Exod | Kaz | 12:7 | Олар тоқтының қанынан біраз алып, құрбандық асын ішейін деп отырған үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына жақсын. | |
| Exod | Kaz | 12:8 | Сол түні олар тоқтының етін отқа қақтап, ашытқысыз пісірілген нанмен және ащы шөптермен қосып жеулері керек. | |
| Exod | Kaz | 12:9 | Оны не шикілей, не суға пісіріп жеуші болмаңдар, тұтастай бас-аяқтарымен, ішкі ағзаларымен қоса қақтаңдар. | |
| Exod | Kaz | 12:10 | Таң атқанша тоқтыдан ештеңе де артылып қалмасын. Егер қалып қойса, оны өртеп жіберу қажет. | |
| Exod | Kaz | 12:11 | Сендер тамақтанып жатқанда белдерің буулы, аяқкиімдерің киюлі, таяқтарың қолдарыңда болсын, тамақты тездетіп жеңдер! Бұл — Маған, Жаратқан Иеге, арналған Құтқарылу асы. | |
| Exod | Kaz | 12:12 | Сол түні Мен Мысыр елін аралап, ондағы адамның да, малдың да тұңғыштарын құртып, Мысырдың барлық тәңірсымақтарын әшкерелеп соттаймын. Себебі Мен Жаратқан Иемін! | |
| Exod | Kaz | 12:13 | Жағылған қан сендердің отырған үйлеріңді көрсететін белгі болады. Сонда қанды көріп, соқпай өтіп кетемін. Мен Мысыр елін қырғынға ұшыратып жатқан кезде сендер бұл күйретіп жатқан соққыдан түгелдей аман қаласыңдар. | |
| Exod | Kaz | 12:14 | Осы күн естеріңде қалсын. Бүкіл үрім-бұтақтарыңмен оны Жаратқан Иеге арнап мейрамдаңдар. Бұл мереке туралы ережені ұрпақтарың мәңгі берік сақтасын. | |
| Exod | Kaz | 12:15 | Жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Алғашқы күні-ақ үйлеріңнен ашытқы атаулыны шығарып тастаңдар. Осы апта ішінде ашытқымен дайындалған тамақ ішкен әркім Исраил халқының арасынан аластатылуға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 12:16 | Бірінші және жетінші күндері Маған бағышталған жиналыстарың болсын. Сол екі күнде ешқандай жұмыс істемеңдер, тек жейтін тамақтарыңды дайындауларыңа ғана болады. | |
| Exod | Kaz | 12:17 | Осылай «Ашымаған нан мейрамын» берік сақтаңдар! Бұл күні Менің сендерді Мысырдан лек-лектеріңмен алып шыққанымды жыл сайын еске алып отырыңдар. Келешек ұрпақтарың да бұл ережені мәңгі берік ұстансын. | |
| Exod | Kaz | 12:18 | Бірінші айдың он төртінші күнінің кешінен бастап, жиырма бірінші күнінің кешіне дейін ашымаған нан жеңдер. | |
| Exod | Kaz | 12:19 | Сол жеті күн бойы үйлеріңде ашытқы болмасын. Кімде-кім, мейлі елде туған исраилдік, мейлі жат жұрттық адам болсын, осы аралықта ашытқымен дайындалған тамақ ішсе, сол Исраил халқының арасынан аластатылуға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 12:20 | Қайда тұрып жатсаңдар да, сол күндері ешқандай ашыған тағам жеулеріңе болмайды, нанды ашытқысыз пісіріп жеңдер! | |
| Exod | Kaz | 12:21 | Содан Мұса Исраилдің күллі рубасыларын шақырып алып, оларға былай деді:— Араларыңдағы әр отбасы үшін бір-бір тоқтыдан таңдап алып, Құтқарылу мейрамына арнап сойыңдар! | |
| Exod | Kaz | 12:22 | Бір байлам сайсағыз бұтақшасын құрбандықтың қаны жиналған ыдысқа малып алып, қанын есік жақтаулары мен маңдайшасына жағыңдар. Мұнан кейін таң атқанша ешқайсың да сыртқа шықпаңдар! | |
| Exod | Kaz | 12:23 | Сол кезде Жаратқан Ие Мысырды қырғынға ұшырату үшін бүкіл елді аралап жүрмек. Сонда Ол жақтаулары мен маңдайшаларына жағылған қанды көріп, сендердің есіктеріңнің қасынан өтіп кетеді де, құртушының үйлеріңе кіріп, өлтіруіне жол бермейді. | |
| Exod | Kaz | 12:24 | Бұл нұсқауды өздеріңе және келешек ұрпақтарыңа арналған ереже ретінде мәңгі берік сақтаңдар! | |
| Exod | Kaz | 12:25 | Жаратқан Ие сендерге табыстаймын деп уәде еткен елге кіргеннен кейін де осы рәсімді ұстануларың керек. | |
| Exod | Kaz | 12:27 | оларға былай деңдер: «Бұл — Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамының құрбандығы. Жаратқан Ие мысырлықтарды қырғынға ұшыратқан кезде исраилдіктердің үйлеріне соқпай өтіп кетіп, бізді өлімнен аман алып қалды».Мұны естіген халық Тәңір Иеге иіліп ғибадат етті. | |
| Exod | Kaz | 12:28 | Содан исраилдіктер үйлеріне барып, Жаратқан Иенің Мұса мен Һаронға бұйырғанындай істеді. | |
| Exod | Kaz | 12:29 | Сол күні түн ортасында Жаратқан Ие Мысырдағы барлық тұңғыштарды — тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, түрмеде жатқан тұтқынның тұңғыш ұлына дейін және мал атаулының тұңғыш төлдерін де өлтірді. | |
| Exod | Kaz | 12:30 | Сол түні перғауын, оның күллі нөкерлері және барлық мысырлықтар да ұйқыларынан тұрды. Бүкіл Мысыр зарлы жоқтау жамылды, себебі өлім шықпаған бірде-бір үй болмады. | |
| Exod | Kaz | 12:31 | Перғауын сол түні Мұса мен Һаронды шақырып алып:— Жолға жиналыңдар! Исраилдің үрім-бұтағын ертіп алып, халқымның арасынан аулақ кетіңдер! Барып, өз сөздеріңе сай Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер! | |
| Exod | Kaz | 12:32 | Ірілі-ұсақты малдарыңды да өздерің айтқандай ала кетіңдер. Ал маған оң баталарыңды бере көріңдер, — деп өтінді. | |
| Exod | Kaz | 12:33 | Мысыр халқы да исраилдіктерге:— Осы елден тезірек кете көріңдер, әйтпесе бәріміз де өліп қалармыз! — деп жалынып асықтырды. | |
| Exod | Kaz | 12:34 | Сонда исраилдіктер қамырларын ашытпастан ыдысымен бірге киімдеріне орап, иықтарына салып көтеріп жүрді. | |
| Exod | Kaz | 12:35 | Олар жолға шықпас бұрын Мұса мен Һаронның айтқандары бойынша мысырлықтардан күміс, алтын бұйымдар мен әсем киімдер сұрап алған болатын. | |
| Exod | Kaz | 12:36 | Жаратқан Ие мысырлықтарды Өзінің халқына мейіріммен қаратқандықтан, олар исраилдіктердің сұрағандарын түгел берді. Мысырдың байлығын исраилдіктер осылайша олжалады. | |
| Exod | Kaz | 12:37 | Сонымен Исраилдің үрім-бұтағы Рамсес қаласының маңынан Соқотқа қарай беттеді. Әйелдері мен балаларын есептемегенде шамамен алты жүз мың еркек жаяу жолға шықты. | |
| Exod | Kaz | 12:38 | Көптеген бөтен ұлттықтар да, сондай-ақ қора-қора ірілі-ұсақты малдары да бірге жүрді. | |
| Exod | Kaz | 12:39 | Жұрт алып шыққан ашымаған қамырларынан жолшыбай күлше нан пісірді. Мысырдан жедел кетуге мәжбүр болғандықтан, олар сапарға тіпті тамақ та дайындап үлгермеген болатын. | |
| Exod | Kaz | 12:41 | Осы мерзім біткен күні-ақ Жаратқан Иенің жасағы — Оның халқы лек-легімен Мысыр елінен шықты. | |
| Exod | Kaz | 12:42 | Бұл түні Жаратқан Иенің Өзі оларды Мысырдан алып шығу үшін сергек болып күзеткендіктен, осы түн Жаратқан Иеге бағышталған; оны Исраилдің барлық үрім-бұтағы мен келешек ұрпақтары да жыл сайын сергек болып ұйықтамай өткізуге тиіс. | |
| Exod | Kaz | 12:43 | Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға былай деп нұсқау берді: «Құтқарылу мейрамының ережесі мынау: Арнайы мейрам асынан бірде-бір жат жұрттық ауыз тимейтін болсын. | |
| Exod | Kaz | 12:45 | Бірақ араларыңда уақытша қоныстанғандар мен жалдамалы шетелдіктерге одан жеуге болмайды. | |
| Exod | Kaz | 12:46 | Құрбандық сол шалынған үйде желініп, еті ешқайда шығарылмасын! Оның ешбір сүйегі де сындырылмасын! | |
| Exod | Kaz | 12:48 | Ал араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық біреу Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамын тойлағысы келсе, алдымен сол адамның үйіндегі барлық еркек кіндіктілерін сүндеттеңдер. Сонда ол елдеріңнің жергілікті тұрғыны іспетті мейрам асына қатыса алады. Ал бірде-бір сүндеттелмеген адам одан ауыз тимеуге тиіс. | |
| Exod | Kaz | 12:49 | Жергілікті халық үшін де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар үшін де заң біреу болмақ». | |
Chapter 13
| Exod | Kaz | 13:2 | — Исраил үрім-бұтағының тұңғыш туғандарының бәрін: адам баласынан бастап малдың төліне дейін Маған бағыштаңдар! Олар Менікі. | |
| Exod | Kaz | 13:3 | Мұса халыққа былай деді:— Құлдықтың құрсауы — Мысырдан құтылған осы күнді еске алып отырыңдар. Өйткені Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен сол жерден бастап алып шықты. Осы күні ашытқымен дайындалған тамақ жемеңдер! | |
| Exod | Kaz | 13:5 | Жаратқан Ие сендерді ата-бабаларыңа уәде еткен елге: қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, хевтіктер және ебустіктер тұрып жатқан, ағы мен балы ағыл-тегіл жерге бастап алып барады. Сонда осы рәсімді былай ұстануларың керек: | |
| Exod | Kaz | 13:6 | жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер, әрі жетінші күні Жаратқан Иеге арнап мейрам өткізіңдер. | |
| Exod | Kaz | 13:7 | Осы жеті күн бойы ашымаған нан жеулерің қажет. Не өздеріңнен, не тұрып жатқан маңайларыңнан сол күндері ашыған нан мен басқа да ашытқымен дайындалған тағам атаулы табылмауға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 13:8 | Сол күні балаларыңа былай деп түсіндіріңдер: «Мысырдан көшіп шыққан кезімізде Жаратқан Иенің бізге көрсеткен игілігі үшін осылай істейміз». | |
| Exod | Kaz | 13:9 | Бұл әдет қолдарыңа салынған белгіге, көз алдарыңдағы ескертпе жазбаға ұқсайтын болсын. Содан ол Жаратқан Иенің ережелерінің әрқашан аузыңда болуға тиіс екенін естеріңе түсірмек. Себебі Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан бастап алып шықты. | |
| Exod | Kaz | 13:11 | Жаратқан Ие өздеріңе және ата-бабаларыңа антпен уәде еткендей сендерді Қанахан жеріне алып барып, оны өздеріңе табыстап бергеннен кейін, | |
| Exod | Kaz | 13:12 | сендер құрсақтан шыққан тұңғыштарды Жаратқан Иеге бағыштаңдар! Қолдағы бар малдың тұңғыш туған еркек төлдерін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалыңдар. | |
| Exod | Kaz | 13:13 | Есектің тұңғыш төлінің орнына бір тоқтыны бағыштаңдар. Егер олай етпесеңдер, есектің мойнын үзіңдер. Ал әрбір тұңғыш ұлдарыңның төлемі ретінде арнайы құрбандық шалыңдар. | |
| Exod | Kaz | 13:14 | Болашақта балаларың сендерден: «Бұның мағынасы қандай?» деп сұраса, оларға мынаны айтыңдар: «Жаратқан Ие бізді құлдықтың құрсауы — Мысырдан Өзінің құдіретті қолымен азат етіп алды. | |
| Exod | Kaz | 13:15 | Перғауын қырсығып бізді жіберуден бас тартқанда, Жаратқан Ие Мысырдағы тұңғыш атаулыны — адамдардың тұңғыш ұлдарынан бастап малдардың тұңғыш еркек төлдеріне дейін өлтірді. Сол себепті біз малдардың тұңғыш еркек төлдерінің бәрін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шаламыз. Ал тұңғыш ұлдарымыздың төлемі ретінде арнайы құрбандық ұсынамыз». | |
| Exod | Kaz | 13:16 | Осылайша бұл әдет қолдарыңа салынған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын. Содан ол Жаратқан Иенің бізді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан алып шыққанын естеріңе түсірмек. | |
| Exod | Kaz | 13:17 | Перғауын халықты жібергеннен кейін, філістірлердің елі арқылы жол қысқарақ болса да, Құдай оларды сол жолмен бастап алып жүрмеді. Себебі Құдай былай деді: «Халық соғысқа душар болып қалса, олар алған беттерінен бас тартып, Мысырға қайта оралып жүрер». | |
| Exod | Kaz | 13:18 | Сондықтан Құдай халықты Қамысты теңізге қарай айдаладағы жолмен айналдырып алып жүрді. Исраилдіктер Мысырдан қару-жарақтанып көшіп шыққан болатын. | |
| Exod | Kaz | 13:19 | Ал Мұса пайғамбар Жүсіптің сүйегін де бірге ала шықты. Жүсіп өлер алдында Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге ала кетіңдер!» — деп өсиеттеген болатын. | |
| Exod | Kaz | 13:21 | Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. | |
Chapter 14
| Exod | Kaz | 14:2 | «Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: олар кері бұрылып, Миғдол мен теңіздің аралығындағы Пи-Һахироттың қасына қоныстанып, Бағал-Сефонға қарама-қарсы, теңіз жағалауына орналассын. | |
| Exod | Kaz | 14:3 | Сонда перғауын Исраил халқы ел кезіп адасып кетті, айдаланың қоршауында қалды деп ойламақ. | |
| Exod | Kaz | 14:4 | Ал Мен арттарыңнан қуып шықсын деп перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Осылай перғауынға және оның бүкіл әскеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін. Соған қарап мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді біліп мойындайтын болады».Исраилдіктер осылай істеп, сол жерде аялдады. | |
| Exod | Kaz | 14:5 | Мысыр патшасына «Исраилдіктер қашып кетті» деген хабар жеткенде өзі де, нөкерлері де олар туралы көзқарастарын өзгертіп: «Біздің бұл не істегеніміз? Неліктен Исраилді босатып жіберіп, олардың біз үшін істейтін қызметтерінен ада қалдық?!» — десті. | |
| Exod | Kaz | 14:7 | Сондай-ақ өзіне қарасты алты жүз таңдаулы соғыс күймесін және Мысырдың басқа да бүкіл соғыс күймелерін ертіп алды. Бұл күймелердің бәрінің өз басшылары болды. | |
| Exod | Kaz | 14:8 | Осылайша Жаратқан Ие Мысыр патшасы перғауынның жүрегін қасарыстырып қойды, сонда ол нық сеніммен алға басқан исраилдіктердің артынан қуа жөнелді. | |
| Exod | Kaz | 14:9 | Мысырлықтар — күллі атты жасақтары, соғыс күймелері және бүкіл жаяу әскер исраилдіктердің артынан өкшелей отырып, оларды тынығуға жайғасқан теңіз жағасындағы Бағал-Сефонға қарама-қарсы, Пи-Һахироттың маңында қуып жетті. | |
| Exod | Kaz | 14:10 | Перғауын жақындаған кезде исраилдіктер кері бұрылып қараса, соңдарынан қуған мысырлықтар келіп те қалыпты! Зәрелері ұшқан исраилдіктер айқайлап Жаратқан Иені шақырды. | |
| Exod | Kaz | 14:11 | Олар тіпті Мұсаны сөгіп:— Не үшін бізді айдалада өлуге алып келдің? Мысырдан бізге мола табылмайтын ба еді?! Мысырдан алып шығып, бізге не қылғаның? | |
| Exod | Kaz | 14:12 | Саған Мысырда: «Бізде жұмысың болмасын! Мысырлықтарға қызмет ете берейік» деп айтпап па едік? Бізге айдалада өлгеннен гөрі мысырлықтарға құл болғанымыз жақсы еді ғой! — деді. | |
| Exod | Kaz | 14:13 | Ал Мұса халыққа жауап беріп:— Қорықпаңдар, берік тұрыңдар! Бүгін-ақ Жаратқан Иенің өздеріңді құтқаруын көресіңдер: бүгін көрген мысырлықтарыңды енді қайтып мәңгі бақи көрмейтін боласыңдар! | |
| Exod | Kaz | 14:14 | Сендер үшін Жаратқан Иенің Өзі шайқаспақ. Ал өздерің тек тыныш тұрсаңдар болғаны, — деді. | |
| Exod | Kaz | 14:15 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп тіл қатты:— Неге айқайлап Мені шақырып тұрсың? Исраилдің үрім-бұтағына: «Алға қарай жылжи беріңдер!» деп бұйыр. | |
| Exod | Kaz | 14:16 | Өзің таяғыңды ұстап, қолыңды теңіздің үстіне қарай соз. Сонда теңіз қақ айырылып, халық теңіз ортасынан құрғақ жермен өте шығады. | |
| Exod | Kaz | 14:17 | Мен мысырлықтардың жүрегін қасарыстырамын, олар арттарыңнан қуатын болады. Сонда Мен перғауынға, оның әскеріне, барлық соғыс күймелері мен атты жауынгерлеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін. | |
| Exod | Kaz | 14:19 | Исраил көшінің алдында жүріп келе жатқан Құдайдың періштесі сол сәтте олардың соңына барды. Бағана тәрізді бұлт та көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып, | |
| Exod | Kaz | 14:20 | Мысырдың әскері мен Исраил көшінің ортасына барып тұрды. Бұлт мысырлықтар жағына қараңғылық орнатып, исраилдік жақта түнді жарық қылып тұрды. Осылай Мысыр әскері исраилдіктерге түні бойы жақындай алмады. | |
| Exod | Kaz | 14:21 | Мұса қолын теңіздің үстіне қарай созғанда Жаратқан Ие шығыстан қатты жел жіберді. Ол түні бойы соғып, теңіз суын әрі қарай итеріп, түбін құрғатты. Су қақ айырылған кезде | |
| Exod | Kaz | 14:22 | Исраил халқы құрғақ жермен теңіз ортасынан өте шықты. Су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрды. | |
| Exod | Kaz | 14:23 | Ал арттарынан қуған мысырлықтар: перғауынның барлық аттары, соғыс күймелері мен атты жауынгерлері исраилдіктердің ізімен теңіздің ортасына дейін кірді. | |
| Exod | Kaz | 14:24 | Таңғы күзет кезінде Жаратқан Ие от пен бұлт бағанасынан мысырлықтардың әскеріне қарап, оларды састырып, берекелерін кетірді. | |
| Exod | Kaz | 14:25 | Сондай-ақ Ол күймелерінің дөңгелектерін шығарып тастап, күймелер әрең дегенде қозғалды. Сонда мысырлықтар: «Исраилдіктерден қашып құтылайық! Олар үшін Жаратқан Ие Мысырмен шайқасып жатыр!» — деп айқай салды. | |
| Exod | Kaz | 14:26 | Сол кезде Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды: «Қолыңды теңізге қарай соз! Сонда су қайтадан орнына келіп, мысырлықтардың күймелері мен атты жауынгерлерін басып қалсын». | |
| Exod | Kaz | 14:27 | Мұса қолын теңізге қарай созды. Содан таң ата су орнына келді. Қашып бара жатқан мысырлықтар оған қарсы жүгіріп, Жаратқан Ие оларды теңіз ішінде суға батырды. | |
| Exod | Kaz | 14:28 | Арнасына қайтқан су Исраил халқының соңына түсіп, теңіздің ішіне дейін қуып келген перғауынның бүкіл әскерін, күймелері мен атты жауынгерлерін көміп тастады. Олардың бірде-біреуі тірі қалмады. | |
| Exod | Kaz | 14:29 | Ал исраилдіктер теңіздің ортасынан құрғақ жермен өте шығып, су оларды оң мен солынан қабырға іспетті қоршап тұрған еді. | |
| Exod | Kaz | 14:30 | Осылай Жаратқан Ие сол күні Исраил халқын мысырлықтардың қолынан құтқарып алды. Кейін исраилдіктер олардың теңіз жағасында жатқан мәйіттерін көрді. | |
Chapter 15
| Exod | Kaz | 15:1 | Жаратқан Иені дәріптеймін ән-жырменен,Себебі Ол жеңімпаз, мерейі үстем бәрінен!Теңізге лақтырды Ол атты мінген адамымен. | |
| Exod | Kaz | 15:2 | Жаратқан Ие — қайнар көзі күш-қуатымның,Мадақтау жырларымды Оған арнай берейін.Ием мені құтқарып, алып қалды аман-есен.Жаратқан — Құдайым менің, Оны мадақтайын,Ол — әкемнің де Құдайы, даңқын асырайын! | |
| Exod | Kaz | 15:4 | Перғауынның күймелері мен әскерін теңізге,Таңдаулы басшыларын да Қамысты теңізгеЛақтырды; | |
| Exod | Kaz | 15:6 | Уа, Жаратқан, оң қолың зор құдіретіңді танытты,Сенің қолың, о, Ием, жауларыңды талқандады. | |
| Exod | Kaz | 15:8 | Деміңнің лебінен бөгеліп, сулар тоқталды,Ағысы қабырғадай тіп-тіке тұра қалды,Теңіз ортасындағы терең су қатып қалды. | |
| Exod | Kaz | 15:9 | Жау былай мақтанды: «Өкшелей қуып, жетемін.Құмарымды қандырып, олжасын бөлісемін.Семсерімді қынабынан суырып аламын,Күшімді көрсетіп, тас-талқанын шығарамын!» | |
| Exod | Kaz | 15:10 | Ал Сен дем үрлеп, су көміп тастады оларды,Терең суға батып кетті қорғасындай барлығы. | |
| Exod | Kaz | 15:11 | Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! | |
| Exod | Kaz | 15:15 | Едомның әмірлері асып-сасып қалады,Моабтың көсемдері де қалшылдап қорқады,Қанахандықтардың түседі ұнжырғалары, | |
| Exod | Kaz | 15:16 | Уа, Жаратқан, бәрін қорқыныш билеп, үрей басады,Меншікті халқың өтіп шыққанша жерлерінен,Зәрелері ұшады қолыңның құдіретінен,Тастай қатып тыныш отыр олар сол себептен. | |
| Exod | Kaz | 15:17 | Өзіңе таңдаған тауға халқыңды апарасың,О, Жаратқан, сонда оны қондыратын боласың.Сол жерді өз мекенің болуға жаратып алдың,Уа, Ием, Сен сонда киелі орныңды жасадың. | |
| Exod | Kaz | 15:19 | Перғауынның аттары, күймелері және олардағы жауынгерлері теңізге енген кезде Жаратқан Ие оның суын қайтарып, олардың үстеріне құлатты. Ал Исраил халқы теңіздің ортасынан құрғақ жермен өте шыққан еді. | |
| Exod | Kaz | 15:20 | Һаронның қарындасы Мәриям пайғамбар даңғырасын қолына алғанда басқа әйелдер де даңғыраларын алып, оған еріп дөңгелене би билей жөнелді. | |
| Exod | Kaz | 15:21 | Мәриям оларға былай деп ән салды:«Жаратқан Иені дәріптеңдер ән-жырменен,Себебі Ол жеңімпаз, мерейі үстем бәрінен!Теңізге лақтырды Ол атты мінген адамымен!» | |
| Exod | Kaz | 15:22 | Бұдан кейін Мұса исраилдіктерді жолға жинап, Қамысты теңізден Шур атты елсіз далаға алып барды. Олар құла түзді үш күн бойы кезгенмен су таппады. | |
| Exod | Kaz | 15:23 | Мараға келгенде халық оның суын іше алмады, өйткені су ащы екен. Сондықтан да бұл жер Мара («Ащылық») деп аталатын. | |
| Exod | Kaz | 15:25 | Мұса Жаратқан Иеге дауыстап жалбарынып сиынды. Сонда Жаратқан Ие оған бір ағашты көрсетті. Мұса оны суға лақтырған кезде су тұщыланды.Сол жерде Тәңір Ие өз халқына арналған заңдары мен шешімдерін шығарды. Ол халықты сынап былай деді: | |
| Exod | Kaz | 15:26 | — Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Егер Менің айтқандарыма құлақ асып, Маған ұнамды әділ іс істесеңдер, әрі өсиеттеріме ден қойып, барлық ережелерімді орындасаңдар, онда Мен мысырлықтарға жіберген індет-аурулардың бірде-біреуін сендерге жұқтырмаймын. Себебі Мен сендерді сауықтырушы Жаратқан Иемін. | |
Chapter 16
| Exod | Kaz | 16:1 | Исраил үрім-бұтағының бүкіл қауымы Елимнен шығып, сол жер мен Синай тауының арасындағы Син атты елсіз далаға барды. Бұл Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі екінші айдың он бесі күні болатын. | |
| Exod | Kaz | 16:3 | «Мысыр елінде Жаратқан Иенің қолынан өлгеніміз жақсы болған болар еді! Ол жерде етке толы қазанды айнала отырып, нанды тойғанымызша жеп жүрдік. Ал сендер бізді бүкіл қауымды аштан қатыру үшін осы шөл далаға бастап алып келдіңдер», — деп күңкілдеді. | |
| Exod | Kaz | 16:4 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып мынаны айтты: «Біліп қойыңдар, Мен сендерге аспаннан нан жаудырамын. Күн сайын халық далаға шығып, бір күндік тамағын жинап алсын. Осылай Мен олар нұсқауымды орындап жүр ме, жоқ па, соны сынаймын. | |
| Exod | Kaz | 16:5 | Аптаның алтыншы күні олар жинап алғандарын дайындап қойғанда ол басқа күндері жинағандарынан екі есе көп болмақ». | |
| Exod | Kaz | 16:6 | Содан Мұса мен Һарон бүкіл Исраил халқына былай деді: «Сендер бүгін кешке өздеріңді Мысырдан алып шыққан Жаратқан Ие екенін біліп мойындап, | |
| Exod | Kaz | 16:7 | әрі ертеңіне азанда Оның салтанатты ұлылығын көретін боласыңдар. Жаратқан Иеге қарсы күңкілдегендерің Оның құлағына шалынды. Себебі сендер бізге қарсы наразыланып күңкілдейтіндей біз кім едік? — | |
| Exod | Kaz | 16:8 | Мұса оларға тағы да: — Сендерге кешке ет, таңертең тойдырып нан беретін Жаратқан Иенің Өзі болады. Оған қарсы күңкілдерің Оның құлағына жетті. Ал біз сонша кімбіз? Сендер бізге емес, Жаратқан Иеге наразылық білдіріп тұрсыңдар!» — деді. | |
| Exod | Kaz | 16:9 | Сонан кейін Мұса Һаронға: «Исраил халқының бүкіл қауымына былай де: Келіп, Жаратқан Иенің алдына тұрыңдар! Себебі сендердің наразылықтарың Оның құлағына жетті», — деді. | |
| Exod | Kaz | 16:10 | Һарон осыны исраилдіктердің бүкіл қауымына айтып жатқанда-ақ олар айдалаға қараса, міне, нұрлы бұлттың ішінен Жаратқан Иенің айбынды салтанаты көрінді. | |
| Exod | Kaz | 16:12 | «Мен исраилдіктердің наразы күңкілін естідім. Оларға былай де: кешке ет жеп, ертеңіне азанда нанға тоятын боласыңдар. Сонда Менің өздеріңнің Құдайларың Жаратқан Ие екенімді ұғынып білесіңдер», — деді. | |
| Exod | Kaz | 16:13 | Сол кеште-ақ бөденелер ұшып келіп, халықтың қоныстанған жеріне қаптап қонды. Ал ертеңгісін азанда айналаны шық басып жатты. | |
| Exod | Kaz | 16:15 | Исраилдіктер мұны көргенде оның не екенін білмей, бір-бірінен: «Ман һу?» яғни «Бұл не?» — деп сұрасты. Мұса оларға түсіндіріп: «Бұл — Жаратқан Иенің сендерге жеуге берген наны. | |
| Exod | Kaz | 16:16 | Жаратқан Ие мынаны әмір етті: Әрқайсыларың өздеріңе керегінше теріп, үй іштеріңдегі әрбір жан басына бір тегештен толтырып жинап алыңдар!» — деді. | |
| Exod | Kaz | 16:18 | Ал тегешпен өлшеген кезде көп жинаған кісіден артылған жоқ, аз жинаған мұқтаж да болған жоқ. Әркім өзінің жеуіне қажетінше жинапты. | |
| Exod | Kaz | 16:20 | Алайда олар Мұсаны тыңдамай, кейбіреулері жинағандарынан келесі күнге қалдырып, ол құрттап сасып кетті. Сонда Мұса оларға қатты наразыланды. | |
| Exod | Kaz | 16:21 | Күн сайын таң ата әркім өзінің жегенінше жинап алатын болды. Күн қызған кезде қабыршықтар еріп кетіп отырды. | |
| Exod | Kaz | 16:22 | Ал жұма күні олар екі есе көп, әр жанға екі тегенеден жинап алыпты. Сонда қауымның жетекшілері Мұсаға келіп, бұл туралы айтып берді. | |
| Exod | Kaz | 16:23 | Мұса оларға:— Жаратқан Иенің айтқаны мынау: Ертең сенбі күні; Өзіме бағышталған демалыс күнін сақтаңдар! Бүгін жинаған тамақтан өздеріңе қанша керек болса, сонша пешке жауып не суға пісіріп алыңдар, ал артылып қалғанын ертеңге сақтап қойыңдар, — деп жауап берді. | |
| Exod | Kaz | 16:24 | Халық Мұса тапсырғандай артылып қалған тамақты келесі күнге сақтап қойғанда ол не сасыған, не құрттаған жоқ. | |
| Exod | Kaz | 16:25 | Мұса оларға тағы былай деп қосты: «Бұл сендердің бүгін жейтін тамақтарың. Бүгін Жаратқан Иеге бағышталған демалыс күні. Бұл күні осы тағамды даладан таба алмайсыңдар. | |
| Exod | Kaz | 16:27 | Дегенмен жұрттың кейбіреулері жетінші күні нан қабыршықтарын жинамақ болып далаға шыққанда ештеңе таппады. | |
| Exod | Kaz | 16:28 | Сонда Жаратқан Ие халыққа Мұса арқылы: «Сендер Менің бұйрықтарым мен нұсқауларымды орындаудан бас тартуларыңды қашан қоясыңдар?» — деген сөздерін жеткізді. | |
| Exod | Kaz | 16:29 | (Мұса оларға былай деп те ескертті:) «Сақ болыңдар, Жаратқан Ие сендерге демалыс күнін сыйлады. Сондықтан Ол сендерді жұма күні тамақпен екі күнге бір-ақ қамтамасыз етеді. Жетінші күні әркім тұрған мекенінде қалып, ешкім одан шықпасын!» — | |
| Exod | Kaz | 16:31 | Исраилдіктер сол нанды манна деп атады. Оның түсі көжекөк шөбінің дәндері сияқты ақ, ал дәмі бал қосқан күлше нандай болды. | |
| Exod | Kaz | 16:32 | Мұса халыққа қарап: «Мынау Жаратқан Иенің берген тапсырмасы: бір тегешті маннаға толтырып, келер ұрпақтарың үшін сақтап қойыңдар! Олар да Менің сендерді Мысырдан алып шыққанымда айдалада қоректенуге берген нанымды көрсін», — деді. | |
| Exod | Kaz | 16:33 | Содан ол Һаронға: «Бір құмыраны алып, ішіне сол бір тегеш маннаны құй. Келер ұрпақтарға сақтау үшін құмыраны Жаратқан Иеге бағышталған орынға апарып қой», — деп тапсырды. | |
| Exod | Kaz | 16:34 | Кейінірек Һарон Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанын орындап, құмыраны Келісім сандығының ішіне, Келісім айғақтарының алдына салып, сақтап қойды. | |
| Exod | Kaz | 16:35 | Исраил халқы өзінің тұрақтап мекендейтін жері — Қанахан елінің шегіне жеткенше қырық жыл бойы маннамен қоректенді. | |
Chapter 17
| Exod | Kaz | 17:1 | Осыдан кейін Исраил үрім-бұтағының қауымы Син атты елсіз даладан шығып, Жаратқан Иенің бұйрығымен көштерін әрі қарай жалғастырды. Олар Рефідимге жайғасты, бірақ ол жерде ауыз суы болмады. | |
| Exod | Kaz | 17:2 | Халық Мұсаға ұрсып:— Бізге су тауып беріңдер! — деп талап етті. Мұса оларға:— Сендер неге маған ұрсасыңдар? Жаратқан Иеге сенбеушілік танытып, Оны еркінсіп сынамақсыңдар ма? — деп жауап берді. | |
| Exod | Kaz | 17:3 | Алайда халық шөлдегендіктен Мұсаға қарсы наразылық білдіруін қоймай:— Бізді Мысырдан неге алып шықтың? Өзімізді, балаларымызды, мал-жандарымызды шөлден қатыру үшін бе? — деп шағымданды. | |
| Exod | Kaz | 17:4 | Мұса Жаратқан Иеге қатты дауыстап сиынып:— Мына халықты не істесем екен? Олар мені таспен атқылап өлтірудің аз-ақ алдында тұр, — деді. | |
| Exod | Kaz | 17:5 | Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып:— Өзіңе Исраилдің рубасыларының бірнешеуін ертіп алып, жұртты бастап, Нілдің суын сабаған таяғыңды қолыңа ұстай жүр. | |
| Exod | Kaz | 17:6 | Мен Хориб тауындағы анау жартастың басында сенің қасыңда тұрамын. Жартасты таяғыңмен соққанда ішінен халық ішетін су шықпақ, — деді. Мұса Исраил халқының рубасыларының көзінше солай істегенде су аға жөнелді. | |
| Exod | Kaz | 17:7 | Кейін Мұса бұл жерді Маса («Еркінсіп сынау») және Меріба («Ұрсу») деп атады. Өйткені исраилдіктер сонда оған ұрсып, «Жаратқан Ие арамызда жүр ме, жоқ па» деп Тәңір Иені еркінсіп сынаған еді. | |
| Exod | Kaz | 17:8 | Сол кезде исраилдіктермен Рефідимде соғыспақ болып, амалектіктер таяп келіп қалған еді. | |
| Exod | Kaz | 17:9 | Мұса (көмекшісі) Ешуаға:— Жігіттерді таңдап алып, амалектіктермен шайқасуға аттан! Ертең мен Құдайдың таяғын қолыма алып, төбе басында тұрмақпын, — деп бұйырды. | |
| Exod | Kaz | 17:10 | Ешуа Мұсаның айтқандарын орындап, Амалек жасағына қарсы ұрысқа аттанып кетті, ал Мұса, Һарон және Һұр төбе басына шықты. | |
| Exod | Kaz | 17:11 | Мұса қолын аспанға қарай көтерген кезде Исраил жеңіп, ал қолын төмен түсіргенде Амалек басым түсіп жатты. | |
| Exod | Kaz | 17:12 | Бірақ Мұсаның қолдары талып қалды. Сонда Һарон мен Һұр үлкен тас алып келіп, соған Мұсаны отырғызды. Өздері біреуі оң жағында, екіншісі сол жағында тұрып, күн батқанша оның қолдарын сүйемелдеумен болды. | |
| Exod | Kaz | 17:14 | Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Мынаны естелік үшін кітапқа жазып қой да, Ешуаның құлағына құя бер: Мен аспан астынан Амалектің атын біржола өшіріп тастаймын!» | |
| Exod | Kaz | 17:15 | Мұса сол жерде құрбандық ұсынатын орын салып, оны «Біздің туымыз — Жаратқан Ие» деп атады. | |
Chapter 18
| Exod | Kaz | 18:1 | Мұсаның қайын атасы, Мадиян еліндегі діни қызметкер Етор Құдайдың Мұса және оның халқы үшін істегендерінің бәрі туралы түгел естіп білді. Ол, әсіресе, Жаратқан Иенің исраилдіктерді Мысырдан құтқарып алып шыққаны жөнінде хабар алған еді. | |
| Exod | Kaz | 18:2 | Мұса әйелі Сипораны қайын жұртына қайтарып жіберген кезде Етор қызын екі ұлымен жылы қабылдаған болатын. | |
| Exod | Kaz | 18:3 | Тұңғыш ұлын Мұса Гершом (яғни «Сол жерде кірме») деп атап, «Мен жат жерде кірме болдым», — деген еді. | |
| Exod | Kaz | 18:4 | Екіншісінің атын — Елиезер («Қолдаушым — Құдай») деп атап, «Әкемнің сиынған Құдайы Қолдаушым болып, мені перғауынның семсерінен қорғап қалды», — деп бекіткен еді. | |
| Exod | Kaz | 18:5 | Енді Мұсаның әйелі мен ұлдарын ерткен қайын атасы айдалада Құдай тауының беткейінде орналасқан Мұсаға келіп, | |
| Exod | Kaz | 18:6 | былай деп хабар жіберді: «Мен, қайын атаң Етор, әйелің, екі ұлыңмен саған келе жатырмыз». | |
| Exod | Kaz | 18:7 | Мұса қайын атасының алдынан шығып, бас иіп тағзым етіп, бетінен сүйді. Аман-саулық сұрасқаннан кейін олар шатыр ішіне кірді. | |
| Exod | Kaz | 18:8 | Мұса қайын атасына Жаратқан Иенің Исраилдің игілігі үшін перғауынға және мысырлықтарға істегендерінің бәрін айтып берді. Оған, сондай-ақ, халықтың жолшыбай көрген алуан түрлі ауыртпалықтарын және Жаратқан Иенің олардан құтқарғаны жайлы түгелдей баяндап берді. | |
| Exod | Kaz | 18:9 | Етор Жаратқан Иенің Исраилді мысырлықтардың зорлық-зомбылығынан құтқарғанына және оған жасаған бүкіл жақсылықтарына қатты қуанып: | |
| Exod | Kaz | 18:10 | «Жаратқан Ие мадақталсын, Ол сендерді перғауынның қолынан құтқарған, өз халқын Мысырдың қаналуынан босатқан! | |
| Exod | Kaz | 18:11 | Енді мен нық білемін: Жаратқан Ие барлық тәңір атаулыдан ұлы! Олар Исраилге қарсы көтерілгенде Ол Өзінің құдіретінің басым екенін көрсетті», — деді. | |
| Exod | Kaz | 18:12 | Етор құрбандыққа мал шалып, бірқатарын Құдайға арнап түгелдей өртеп жіберді. Һарон және Исраилдің күллі рубасылары да келіп, Мұсаның қайын атасымен Құдай алдында құрбандық асынан жеді. | |
| Exod | Kaz | 18:13 | Келесі күні Мұса халыққа төрелік ету үшін арнайы орнына отырды. Таң атқаннан кешке дейін оның алды босамады. | |
| Exod | Kaz | 18:14 | Мұсаның халық үшін істегендерінің бәрін көрген қайын атасы оған:— Сен халыққа не істеп жатырсың? Неліктен жалғыз өзің төрелік етіп отырсың, ал күллі жұрт таң атқаннан кешке дейін айналаңды босатпай жатыр? — деді. | |
| Exod | Kaz | 18:16 | Екі кісі бір-бірімен дауласса, маған келеді. Мен оларға Құдайдың ережелері мен заңдарын айтып, соларға сай дауларын шешіп беремін, — деп жауап қайтарды. | |
| Exod | Kaz | 18:18 | Өзіңді де, жаныңдағы халқыңды да қажытасың. Бұл іс саған өте қиын, жалғыз өзің мұны орындай алмайсың. | |
| Exod | Kaz | 18:19 | Сол үшін де сөздеріме құлақ сал, саған ақыл-кеңес берейін, Құдай өзіңе жар болсын! Сен халқыңның Құдай алдында тұратын өкілі болып, даулы мәселелерді Оған ұсын. | |
| Exod | Kaz | 18:20 | Еліңе Құдайдың ережелері мен заңдарын үйретіп, олардың жүруге тиісті тура жолын және атқаруға тиісті міндеттерін нұсқа. | |
| Exod | Kaz | 18:21 | Сонымен қатар бүкіл халықтың арасынан қабілетті бірсыпыра адамды таңдап ал. Олар Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет. Солар мың, жүз, елу және он адамға басшылық жасап, | |
| Exod | Kaz | 18:22 | әрдайым халыққа төрелік етсін. Осы төрешілер бүкіл күрделі мәселелерді саған жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Сонда олар міндетіңнің жүгін бірге көтерісіп, саған жеңілірек болады. | |
| Exod | Kaz | 18:23 | Егер осыны істесең және Құдай бұйыртса, сен міндетіңнің қиындығына төтеп беріп, бұл халық та аманшылықпен жөндеріне кетеді. | |
| Exod | Kaz | 18:25 | Ол бүкіл Исраил қауымынан қабілетті адамдарды таңдап, оларды мың, жүз, елу және он адамға басшылық етуге тағайындады. | |
| Exod | Kaz | 18:26 | Осы адамдар әрдайым халыққа төрелік етіп, күрделі мәселелерді Мұсаға жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырды. | |
Chapter 19
| Exod | Kaz | 19:1 | Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. | |
| Exod | Kaz | 19:2 | Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. | |
| Exod | Kaz | 19:3 | Сонда Мұса Құдайдың алдына баруға тауға көтерілді. Жаратқан Ие оған тау басынан былай деп тіл қатты:— Жақыптың әулеті — Исраил халқына мынаны жеткіз: | |
| Exod | Kaz | 19:4 | «Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер. | |
| Exod | Kaz | 19:5 | Сондықтан, егер айтқандарыма құлақ асып, Менің Келісімімді сақтап жүрсеңдер, барлық халықтардың ішінде сендер Менің ерекше құнды меншігім боласыңдар. | |
| Exod | Kaz | 19:6 | Бүкіл жер — Менің иелігім, ал сендер Маған бағышталған қасиетті халқым болып, басқалардың игілігі үшін діни қызметкер мен патша секілді рухани билік жүргізетін боласыңдар». Сен Исраилдің үрім-бұтағына айтуға тиіс сөздерім осылар. | |
| Exod | Kaz | 19:7 | Таудан төмен түскен Мұса халықтың рубасыларын шақырып алып, өзіне Жаратқан Иенің тапсырған осы сөздерін жариялады. | |
| Exod | Kaz | 19:8 | Сонда бүкіл халық бірауыздан:— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін де орындаймыз! — деді.Мұса халықтың жауабын Жаратқан Иеге жеткізу үшін тауға көтерілді. | |
| Exod | Kaz | 19:9 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға:— Тыңда, Мен саған қалың бұлтқа оранып келемін. Сонда халық өзіңмен сөйлескенімді естіп, саған өмір бақи сенетін болады, — деді.Мұса Жаратқан Иеге халықтың берген жауабын жеткізді. | |
| Exod | Kaz | 19:10 | Содан Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:— Халыққа бар да, оларды бүгін-ертең Маған бағышталып, күнәдан таза болуға шақыр. Бәрі киім-кешектерін жуып тазартып, | |
| Exod | Kaz | 19:11 | бүрсігүнге дайын болсын! Сол күні Мен — Жаратқан Ие бүкіл халықтың көз алдында Синай тауына түсемін. | |
| Exod | Kaz | 19:12 | Халыққа арнап тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Оларға былай де: «Тауға көтерілуден әрі оның айналасындағы шекараға аяқ-қолдарыңды тигізуден сақ болыңдар! Тауға аяқ-қолын тигізген әркім өлтірілуге тиіс! | |
| Exod | Kaz | 19:13 | Сондайларға қол ұшы да тигізілмей, оларды таспен немесе садақпен атқылап өлтіру керек. Олар не мал болсын, не адам болсын тірі қалдырылмасын». Ал кернейдің ұзақ үні естілгенде, халық таудың етегіне көтерілсін. | |
| Exod | Kaz | 19:14 | Мұса таудан төмен түсіп, халықты Тәңір Иеге бағышталып, күнә атаулыдан таза жүруге шақырды. Олар киім-кешектерін жуып тазартты. | |
| Exod | Kaz | 19:15 | Мұнан соң Мұса халыққа: «Бүрсігүнге дайындалыңдар. Әйелдеріңмен жақындаспаңдар», — деп ескертті. | |
| Exod | Kaz | 19:16 | Үшінші күні таң ата күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі де қорыққаннан дірілдеп қоя берді. | |
| Exod | Kaz | 19:17 | Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қоныстарынан алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. | |
| Exod | Kaz | 19:18 | Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. | |
| Exod | Kaz | 19:19 | Керней даусы күшейген үстіне күшейе түсті.Мұса тіл қатып, Құдай оған қатты дауыспен жауап беріп жатты. | |
| Exod | Kaz | 19:20 | Жаратқан Ие Синай тауының басына түсіп, Мұсаны сол жерге шақырды. Ол көтеріліп барған соң, | |
| Exod | Kaz | 19:21 | Жаратқан Ие оған былай деп бұйырды:— Қайтадан төмен түс! Халық Жаратқан Иені көруге шекараны бұзып, көбі өлім құшпасын деп оларға қатты ескерт! | |
| Exod | Kaz | 19:22 | Жаратқан Иеге жақындап тұратын діни қызметкерлер де өздерін Оған бағыштап, күнәдан таза жүрсін! Әйтпесе Жаратқан Ие соларды құртпақ. — | |
| Exod | Kaz | 19:23 | Мұса Жаратқан Иеге жауап беріп:— Халық Синай тауына көтеріле алмайды, себебі Өзің бізді содан сақтандырып, маған мынадай бұйрықты бергенсің: Тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Осылай оны Маған бағыштап киелі деп жарияла! — деді. | |
| Exod | Kaz | 19:24 | Сонда Жаратқан Ие оған былай деп тапсырды:— Төменге түсіп, Һаронмен бірге қайта көтеріл. Ал діни қызметкерлер мен халық шекараны бұзып, Жаратқан Иенің алдына ұмтылмасын! Әйтпесе Ол соларды құртпақ. — | |
Chapter 20
| Exod | Kaz | 20:5 | Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын, | |
| Exod | Kaz | 20:6 | ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін. | |
| Exod | Kaz | 20:7 | Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма!Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды. | |
| Exod | Kaz | 20:10 | ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! | |
| Exod | Kaz | 20:11 | Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі. | |
| Exod | Kaz | 20:12 | Ата-анаңды сыйла!Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе. | |
| Exod | Kaz | 20:17 | Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» | |
| Exod | Kaz | 20:18 | Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті. Халық алыстан тұрып, | |
| Exod | Kaz | 20:19 | Мұсадан:— Бізбен өзіңіз сөйлесіңіз, ал біз тыңдайтын боламыз. Құдай бізбен тікелей тілдесе көрмесін, әйтпесе құрып кетерміз, — деп өтінді. | |
| Exod | Kaz | 20:20 | Мұса халыққа:— Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді. | |
| Exod | Kaz | 20:22 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Көктен сендерге тіл қатқанымды өздерің көріп-естідіңдер. | |
| Exod | Kaz | 20:24 | Маған арнап топырақтан құрбандық орнын салыңдар. Ұсақ әрі мүйізді ірі қара малдарыңнан құрбандық шалып, кейбіреулерін құрбандық орнының үстінде тұтасымен өртеп Маған ұсыныңдар. Ризашылық құрбандықтарының белгілі бөліктерін де соның үстінде өртеп ұсыныңдар. Мен өз атымды атап, дәріптеулеріңе рұқсат еткен әрбір орында солай істеңдер. Сонда Мен қастарыңа келіп, өздеріңді жарылқаймын. | |
| Exod | Kaz | 20:25 | Егер Маған арнап құрбандық орнын тастардан қаластырып салсаң, тастары қашалмаған болсын. Себебі егер қашауды қолдансаң, оны арамдайсың. | |
Chapter 21
| Exod | Kaz | 21:2 | Егер басыбайлы исраилдік қызметші сатып алсаң, ол саған алты жыл қызмет етсін. Жетінші жылы оған бас бостандығын тегін бер. | |
| Exod | Kaz | 21:3 | Егер ол келгенде жалғыз басты болса, жалғыз кетсін; ал үйленген болса, әйелі де онымен бірге босатылсын. | |
| Exod | Kaz | 21:4 | Егер қожайыны қызметшісіне әйел алып беріп, сол оған ұл-қыздарын туса, онда әйелі мен балалары қожайында қалып, қызметшінің жалғыз өзі ғана босатылсын. | |
| Exod | Kaz | 21:5 | Алайда қызметші: «Қожайынымды, әйелім мен балаларымды сүйемін, бостандық алмаймын», — десе, | |
| Exod | Kaz | 21:6 | қожайыны қызметшісін төрешілердің алдына алып барсын. Оны есіктің не жақтауының қасына қойып, сырғалығын бізбен тессін. Сонда ол қожайынының өмірлік басыбайлы қызметшісі болып қалады. | |
| Exod | Kaz | 21:7 | Егер біреу қызын басыбайлы қызметші болуға сатып жіберсе, сол еркек қызметшілер сияқты бостандық ала алмайды. | |
| Exod | Kaz | 21:8 | Алайда қыз өзі үшін таңдап алған қожайынына ұнамаса, қожайыны соның туысқандарына оны құнын төлеп босатып алуларына рұқсат етсін. Бірақ өзі уәдесінде тұрмағандықтан оны бөтен біреуге сатуға құқығы жоқ. | |
| Exod | Kaz | 21:10 | Ал қожайыны оған өзі үйленіп, одан кейін де әйел алса, онда қызметші әйел жеткілікті тамақтан, киім-кешектен, жұбайлық қақыларынан құр қалмауға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 21:11 | Егер қожайыны осы үш нәрсемен қамтамасыз етпесе, қызметші әйел құны төленбей-ақ тегін босатылсын. | |
| Exod | Kaz | 21:13 | Алайда егер оны ешқандай арам ниетсіз, Құдайдың жол беруімен істеген болса, онда ол Өзім белгілейтін бас сауғалау жеріне қашсын. | |
| Exod | Kaz | 21:14 | Бірақ егер амалын тауып зұлымдықпен кісі өлтірсе, оны (қашып, паналап барған) Менің құрбандық орнымнан шығарып алып, өлімге бұйырыңдар. | |
| Exod | Kaz | 21:18 | Адамдар төбелесіп, біреуі екіншісін таспен не жұдырықпен ұрып-соғып, сол өлмегенмен де төсек тартып жатып қалса, | |
| Exod | Kaz | 21:19 | егер ол орнынан тұрып, далаға таяқпен шыға алатын болса, ұрып-соққан өлімге бұйырылмайды. Бірақ ол жәбір көргеннің жұмысынан қалғанының және толықтай емделуінің шығындарын өтесін. | |
| Exod | Kaz | 21:20 | Егер біреу не еркек не әйел болсын басыбайлы қызметшісін таяқпен ұрып, ол содан өліп қалса, онда қожайыны жазалансын. | |
| Exod | Kaz | 21:21 | Ал егер қызметшісі бір-екі күннен кейін орнынан тұрып кетсе, қожайыны жазаланбасын. Себебі қызметшісі — оның меншігі. | |
| Exod | Kaz | 21:22 | Біреулер төбелесіп, аяғы ауыр әйелді ұрып, ол түсік тастап, бірақ өзіне содан басқа зақым келмесе, онда кінәлі кісі әйелдің күйеуіне оның талабы мен төрешілердің шешіміне сай айып төлеуге тиіс. | |
| Exod | Kaz | 21:23 | Ал әйелдің өзіне де зақым келтірілсе, онда мына аралықта ғана кек алынсын: жанға жан, | |
| Exod | Kaz | 21:26 | Біреу басыбайлы қызметшісінің, не еркек, не қыз-әйел болсын, көзінен ұрып, жанарын зақымдаса, сол үшін оған бас бостандығын берсін. | |
| Exod | Kaz | 21:28 | Біреудің мүйізді ірі қарасы не ер, не әйел адам болсын, басқаны сүзіп өлтірсе, сол мал таспен атқыланып өлтіріліп, еті желінбесін. Ал иесіне кінә тағылмасын. | |
| Exod | Kaz | 21:29 | Алайда сол мал бұрыннан да сүзеген болып, иесі бұл туралы ескерту алғанмен оны қамап ұстамаған болса, мал сол себептен де біреуді өлтірсе, онда сол ірі қара таспен атқыланып өлтіріліп, иесіне де өлім жазасы берілсін. | |
| Exod | Kaz | 21:30 | Ал егер иесіне тек айып қана салынса, онда ол өз жаны үшін белгіленген құнды төлеп, аман қалсын. | |
| Exod | Kaz | 21:31 | Осы заңның күші не ұл баланы, не қыз баланы сүзіп өлтірген мүйізді ірі қараға да жүреді. | |
| Exod | Kaz | 21:32 | Егер мал басыбайлы қызметшіні сүзіп өлтірсе, оның қожайынына мал иесі отыз мысқал күміс төлеп, мал таспен атқыланып өлтірілсін. | |
| Exod | Kaz | 21:33 | Біреу шұңқыр не құдық қазып немесе аузын ашып, оны жаппай кетіп, соған біреудің мүйізді ірі қарасы не есегі құлап түсіп өлсе, онда | |
| Exod | Kaz | 21:35 | Біреудің мүйізді ірі қарасы көршісінікін сүзіп өлтіріп тастаса, олар тірі қалған малды сатып, түскен ақшасын, сондай-ақ өлімтікті де тең бөліп алсын. | |
Chapter 22
| Exod | Kaz | 22:1 | Біреу мүйізді ірі қара не ұсақ мал ұрлап, сойып алса немесе сатып жіберсе, ол айып ретінде бір ірі қара үшін бесеуін, бір ұсақ мал үшін төртеуін төлесін. | |
| Exod | Kaz | 22:2 | Біреу түнде бұзып кіріп жатқан ұрыға тап болып, оны ұрып өлтірсе, төгілген қан оның мойнына жүктелмейді. | |
| Exod | Kaz | 22:3 | Ал егер оқиға жарықта болған болса, онда төгілген қан оның мойнында.Ұры ұрлаған заттардың орнын толтырсын. Егер ештеңесі болмаса, онда соларды төлеу үшін өзі басыбайлы қызметшілікке сатылсын. | |
| Exod | Kaz | 22:4 | Егер ұрланған малдар, не мүйізді ірі қара, не есек, не қой-ешкі болсын, оның қолынан тірідей табылса, онда ол ұрлағандарын екі есе етіп қайтарып берсін. | |
| Exod | Kaz | 22:5 | Біреу егістігінде не жүзімдігінде малдарын бағып, олардың басқа біреудің егістігінде емін-еркін жайылуына жол берсе, онда ол өз егістігінің не жүзімдігінің өнімінің ең жақсысынан айып төлесін. | |
| Exod | Kaz | 22:6 | Егер өрт тұрып, тікенді бұталарды қамтып, жиналған астық бауларын, пісіп тұрған егінді, я болмаса бүкіл егістікті өртеп жіберсе, онда сол өртті шығарған адам шығынның орнын толтыруға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 22:7 | Біреу жақынына ақшасын не дүниесін сақтап қоюға аманаттап, олар соның үйінен ұрланып, ұры қолға түссе, ол ұрлағандарын екі есе етіп қайтарсын. | |
| Exod | Kaz | 22:8 | Ал ұры табылмаса, үй иесі Құдай (тағайындаған төрешілердің) алдына барып, оның өз жақынының меншігіне қол сұқпағандығы айқындалсын. | |
| Exod | Kaz | 22:9 | Кез келген даулы мал-дүние туралы, мүйізді ірі қара, есек, қой-ешкі, киім-кешек не басқа да жоғалған меншік жайында біреу: «Жоғалтқаным осы!» — десе, екі жақ та мәселені төрешілердің алдына алып барсын. Олар Құдай алдында кімді кінәлі деп тапса, сол жақынына екі есе етіп қайтарсын. | |
| Exod | Kaz | 22:10 | Біреу жақынына есегін, мүйізді ірі қарасын, қой-ешкісін не басқа бір малын баға тұруға беріп, сол өліп немесе жарақаттанып қалса, яки біреу айдап кетіп, бұл жайтты ешкім көрмеген болса, | |
| Exod | Kaz | 22:11 | онда малды бағуға алып қалған «жақынымның меншігіне қол сұқпадым» деп Жаратқан Иенің алдында ант берсін. Екеуінің арасындағы даулы мәселе осылай шешілсін. Мал иесі мұны қабылдап, анау ештеңе төлемесін. | |
| Exod | Kaz | 22:13 | Егер жыртқыш аң-құсқа таланса, онда бағушы өлімтігін дәлел ретінде көрсетіп, ол үшін ештеңе төлемейді. | |
| Exod | Kaz | 22:14 | Біреу жақынының малын пайдалана тұруға сұрап алып, иесі жоқ кезде мал жарақаттанып не өліп қалса, оны алған адам құнын төлесін. | |
| Exod | Kaz | 22:15 | Бұл жағдай мал иесінің көз алдында болса, онда малдың құны төленбейді. Ал егер мал пайдалана тұруға жалға алынса, онда жалдама ақысы төленген шығынның орнын толтырады. | |
| Exod | Kaz | 22:16 | Біреу ешкімге айттырылмаған пәк қызды еліктіріп, онымен жақындасса, сол қалыңмалын төлеп, қызға үйленсін. | |
| Exod | Kaz | 22:17 | Ал әкесі оған қызын ұзатуға келіспесе, онда айыпкер қалыңмал мөлшерінде күміс ақша төлесін. | |
| Exod | Kaz | 22:20 | Жалғыз Жаратқан Иеден басқа тәңірлерге құрбандық шалған әркім түп-тамырымен құртылсын! | |
| Exod | Kaz | 22:21 | Жат жұрттық келімсектерге қысым көрсетіп, зорлық-зомбылық жасамаңдар! Өздерің де Мысырда жат жұрттық болып тұрдыңдар ғой. | |
| Exod | Kaz | 22:23 | Егер олар сендерден жәбір көргендіктен Маған жалбарынып сиынса, Мен (Жаратқан Ие) олардың зарларына құлақ салып, | |
| Exod | Kaz | 22:24 | қаһарыма мініп, сендерді семсермен өлтіртемін. Сонда өз әйелдерің жесір, балаларың жетім қалады. | |
| Exod | Kaz | 22:25 | Араларыңдағы халқымның мұқтаждықтағы біреуіне қарызға ақша берсең, пайдакүнем болып, бергенің үшін өсім ақша талап етпе! | |
| Exod | Kaz | 22:27 | Шапаны оның үстін жабатын жалғыз жамылғысы болғанда, сол бейшара не жамылып ұйықтамақ? Ол Маған жалбарынып сиынса, Мен оның зарына құлақ саламын, себебі Мен қайырымдымын. | |
| Exod | Kaz | 22:29 | Қамбаларың мен күбілеріңе жинаған өнімдеріңнің алғашқыларын Маған ұсынуға сараң болмаңдар.Тұңғыш ұлдарыңды Маған бағыштаңдар! | |
| Exod | Kaz | 22:30 | Мүйізді ірі қара не ұсақ малдарыңның тұңғыш төлдерімен де солай істеңдер! Олар жеті күн бойы енелерінің бауырында болсын, ал сегізінші күні оларды Маған құрбандыққа шалыңдар. | |
Chapter 23
| Exod | Kaz | 23:2 | Көпшілікке еріп те зұлымдық жасама! Даулы мәселеге куәлік келтіргенде көпшіліктің ықпалымен шындықты бұрмалама! | |
| Exod | Kaz | 23:4 | Біреудің адасып жүрген мүйізді ірі қарасына не есегіне тап болсаң, оны міндетті түрде иесіне айдап апарып бер! Біреудің есегі жүгінің ауырлығынан жығылып, тұра алмай қалғанын көрсең, оны сол күйінде қалдырып кетпе; жүгін түсірісіп, дұрыстап теңдеуге көмектес! Малдың иесі сені жек көретін дұшпаның болса да, солай істеуге тиіссің. | |
| Exod | Kaz | 23:5 | Біреудің адасып жүрген мүйізді ірі қарасына не есегіне тап болсаң, оны міндетті түрде иесіне айдап апарып бер! Біреудің есегі жүгінің ауырлығынан жығылып, тұра алмай қалғанын көрсең, оны сол күйінде қалдырып кетпе; жүгін түсірісіп, дұрыстап теңдеуге көмектес! Малдың иесі сені жек көретін дұшпаның болса да, солай істеуге тиіссің. | |
| Exod | Kaz | 23:7 | Әділетсіз айыптаудан аулақ жүр; кінәсізді әрі әділді өлімге бұйырма! Мен зұлымдық жасағанды ақтамаймын. | |
| Exod | Kaz | 23:9 | Жат жұрттық адамға зорлық-зомбылық жасамаңдар! Жат жұрттық көңіл күйін жақсы ұғасыңдар, өйткені өздерің Мысыр елінде жат жұрттық болып тұрдыңдар емес пе?! | |
| Exod | Kaz | 23:11 | ал жетінші жылы оны өңдемей, тынықтыр! Халқыңның мұқтаждары содан шыққан өніммен күндерін көріп, одан қалғандарымен даланың аң-құстары қоректенсін. Жүзімдігіңмен және зәйтүн бақтарыңмен де солай істе. | |
| Exod | Kaz | 23:12 | Алты күн жұмысыңды істеп, жетінші күні демал! Сонда өгізің мен есегің тынығып, қызметшілерің де, жат жұрттық адамдарың да демалсын. | |
| Exod | Kaz | 23:13 | Өздеріңе айтқандарымның бәрін де орындаңдар!Басқа тәңірлерге сиынбаңдар, олардың аттары ауыздарыңнан еш шықпасын! | |
| Exod | Kaz | 23:15 | Жыл сайын Ашымаған нан мейрамын тойлаңдар! Өзім бұйырғандай, жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Мұны (көктемнің) абиб айының белгіленген мезгілінде өткізіңдер, себебі Мысырдан сол айда көшіп шыққан едіңдер.Ешкім Менің алдыма құр қол келмесін! | |
| Exod | Kaz | 23:16 | Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын тойлаңдар!(Ауылшаруашылық) жылының аяғында, яғни сендер егістіктерің мен бау-бақшаларыңда өнім жинайтын мезгілдеріңде, Сабантой мейрамын өткізіңдер! | |
| Exod | Kaz | 23:18 | Маған арналған құрбандықтың қанын ашытқымен дайындалған тамаққа құйып ұсынбаңдар!Мейрамға шалынған құрбандықтың майы таң атқанша қалып қоймасын! | |
| Exod | Kaz | 23:19 | Жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсыларын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! | |
| Exod | Kaz | 23:20 | Тәңір Ие тағы былай деді:— Тыңдаңдар. Мен сендерді жолда қорғап, Өзім дайындаған жерге алып баратын періштені алдарыңнан жіберіп отырмын. | |
| Exod | Kaz | 23:21 | Оны ренжітуден сақ болып, айтқандарына құлақ асып, оған қарсы қасарыспаңдар! Ол Менің атымнан әрекет ететіндіктен бас көтерулеріңді кешірмейді. | |
| Exod | Kaz | 23:22 | Ал егер оның тілін алып, Менің айтқандарымның бәрін орындасаңдар, онда Мен жауларыңның жауы болып, сендерге қарсы шыққандарға қарсы шығамын. | |
| Exod | Kaz | 23:23 | Менің періштем алдарыңнан жүріп отырып, сендерді аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, қанахандықтар, хевтіктер және ебустіктердің қоныстанған жеріне алып барады, ал Мен соларды құртамын. | |
| Exod | Kaz | 23:24 | Олардың тәңірлеріне табынбаңдар, әрі істегендеріне еліктемеңдер! Қайта, олардың тәңір мүсіндерін талқандап, тас бағаналарын қиратыңдар. | |
| Exod | Kaz | 23:25 | Құдайларың Жаратқан Иеге қызмет етіңдер, сонда Ол нан-суларыңды жарылқап, мынадай уәде береді: Мен араларыңнан ауру-сырқау атаулыны қуамын. | |
| Exod | Kaz | 23:26 | Елдеріңде не түсік тастайтын, не құрсақ көтермейтін әйел заты әрі аналық мал болмайды. Мен сендерге толық мерзімді өмір сыйлаймын. | |
| Exod | Kaz | 23:27 | (Уәделі елге бет алған жолдарыңда) Мен алдарыңнан үрей тудырып, сендер тап болған әрбір халықты әбігерге түсіріп, барлық жауларыңды кері қашуға мәжбүрлеймін. | |
| Exod | Kaz | 23:28 | Мен алдарыңнан хевтіктер, қанахандықтар және хеттіктердің зәрелерін ұшыратын қорқынышты жіберіп, оларды қуып шығамын. | |
| Exod | Kaz | 23:29 | Алайда жер елсіз қалып, далада сендерге зиян келтіретін аң-құстар көбейіп кетпес үшін Мен сол тайпаларды бір-ақ жылда қуып шықпаймын. | |
| Exod | Kaz | 23:30 | Сендер өсіп-өніп, сол елді иемденіп алғанша оларды алдарыңнан біртіндеп қуып шығып отырамын. | |
| Exod | Kaz | 23:31 | Қамысты теңізден бастап, філістірлер жағалай мекендеген Жерорта теңізіне дейін, Негев даласынан Евфрат өзеніне дейін шекараларыңды орнатамын. Сол жердің тұрғындарының билігін саған беремін, оларды қуып шығатын боласың. | |
Chapter 24
| Exod | Kaz | 24:1 | Кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп те бұйырды: «Һаронды, (оның ұлдары) Надаб пен Әбиһуді және Исраилдің жетпіс рубасын ертіп тауға көтеріліп, Маған алысырақтан бас ұра тағзым етіңдер. | |
| Exod | Kaz | 24:2 | Тек сен ғана қасыма жақында, ал басқалар таяп келмесін! Халық саған еріп жоғары көтеріліп жүрмесін!» | |
| Exod | Kaz | 24:3 | Мұса қайтып келіп, халыққа Жаратқан Иенің күллі сөздері мен заңдарын жеткізгенде, бүкіл халық бірауыздан: «Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындаймыз!» — деп жауап берді. | |
| Exod | Kaz | 24:4 | Сонда Мұса Жаратқан Иенің барлық сөздерін жазып қойды.Ертеңгісін ол ерте тұрып, таудың етегінде құрбандық орнын тұрғызып, Исраилдің он екі руының белгісі ретінде он екі тас бағананы орнатты. | |
| Exod | Kaz | 24:5 | Исраилдіктердің арасынан жас жігіттерді жіберіп, олар Жаратқан Иеге арнап бірнеше малдарды шалып, түгелдей өртеп ұсынды. Олар тағы бірсыпыра жас бұқаларды ризашылық құрбандығына шалды. | |
| Exod | Kaz | 24:6 | Мұса солардың қанының жартысын тостағандарға құйып, жартысын құрбандық орнының үстіне бүркіп шашты. | |
| Exod | Kaz | 24:7 | Содан кейін ол Келісім кітабын алып, халыққа дауыстап оқып берді. Олар:— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындап, мойынсұнатын боламыз, — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 24:8 | Содан Мұса қанды алып, оны халыққа бүркіп тұрып:— Бұл — Жаратқан Иенің осы айтылған сөздердің бәрі бойынша өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан, — деді. | |
| Exod | Kaz | 24:10 | Исраилдің сиынатын Құдайының аянын көрді. Оның табанының асты аспандай мөлдір, жарқылдаған саф көк асыл тас төселген алаңға ұқсады. | |
| Exod | Kaz | 24:11 | Құдай Исраилдің үрім-бұтағынан таңдаған басшыларына қарсы қол көтерген жоқ. Олар Құдайдың аянын көріп, Оның алдында тамақ ішті. | |
| Exod | Kaz | 24:12 | Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Таудың басына көтеріліп, осы жерде бол. Мен саған халыққа үйрету үшін Өзім ережелерім мен өсиеттерімді жазған тас тақташаларды беремін». | |
| Exod | Kaz | 24:13 | Сонда Мұса көмекшісі Ешуамен бірге тауға көтерілді. Ал Мұсаның өзі ғана Құдай тауының басына шықты. | |
| Exod | Kaz | 24:14 | Ол рубасыларға: «Біз қайтып келгенше осы жерде қалыңдар. Һарон мен Һұр сендермен бірге болады. Мәселелері барлар соларға жүгінсін», — деген болатын. | |
| Exod | Kaz | 24:16 | Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты Синай тауына орнады. Бұлт тауды алты күн бойы жауып тұрды. Жетінші күні Жаратқан Ие бұлттың ортасынан Мұсаға тіл қатты. | |
| Exod | Kaz | 24:17 | Исраилдің үрім-бұтағының көздеріне Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты таудың басында бәрін жалмап қоятын от іспетті көрінді. | |
Chapter 25
| Exod | Kaz | 25:2 | — Исраилдің үрім-бұтағына былай де: Олар Маған сый-тартулар бағыштап ұсынсын. Шын жүрегімен ниеттенген әрбір адамнан өзінің Маған арнаған тарту-таралғысын қабылдап алыңдар. | |
| Exod | Kaz | 25:4 | иірілген қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптер және жіңішке иірілген зығыр жіптер, ешкінің түбіті, | |
| Exod | Kaz | 25:6 | май шамға қажетті зәйтүн майы, май жағу рәсімінде қолданылатын (майға қосылуға) немесе түтетілуге арналған хош иісті заттар, | |
| Exod | Kaz | 25:7 | сондай-ақ бас діни қызметкердің жеңсіз сырт киіміне және төс қалтасына тағылатын оникс пен тағы басқа да асыл тастар. | |
| Exod | Kaz | 25:8 | Исраилдіктер Маған арнап киелі шатыр дайындап жасасын. Мен халық арасында сол жерде тұратын боламын. | |
| Exod | Kaz | 25:9 | Бәрін де Мен саған көрсететін киелі шатыр мен ондағы бұйымдардың үлгісіне дәлме-дәл сай етіп жасаңдар! | |
| Exod | Kaz | 25:10 | Аққараған ағашынан сандық жасат. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болсын. | |
| Exod | Kaz | 25:11 | Іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелсін. | |
| Exod | Kaz | 25:12 | Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйғызып, төменгі төрт бұрышына, екеуін бір жақ бүйіріне, қалған екеуін қарама-қарсы бүйіріне бекіттір. | |
| Exod | Kaz | 25:14 | Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтар оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткізілсін. | |
| Exod | Kaz | 25:17 | Сандықтың қақпағын да саф алтыннан жасат. Ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ болсын. | |
| Exod | Kaz | 25:18 | Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. | |
| Exod | Kaz | 25:19 | Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. | |
| Exod | Kaz | 25:20 | Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек. | |
| Exod | Kaz | 25:21 | Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой. | |
| Exod | Kaz | 25:22 | Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып, Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын. | |
| Exod | Kaz | 25:23 | Аққараған ағашынан үстел жасат, ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ болсын. | |
| Exod | Kaz | 25:26 | Төрт алтын шығыршық құйдырып жасатып, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекіттір. | |
| Exod | Kaz | 25:27 | Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат. | |
| Exod | Kaz | 25:28 | Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат. | |
| Exod | Kaz | 25:29 | Үстелдің аяқ-табақтары мен табаларын және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандарын саф алтыннан жасат. | |
| Exod | Kaz | 25:31 | Саф алтыннан шам қойғыш та жасат. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалсын. | |
| Exod | Kaz | 25:33 | Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. | |
| Exod | Kaz | 25:34 | Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. | |
| Exod | Kaz | 25:35 | Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналассын. | |
| Exod | Kaz | 25:36 | Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалсын. | |
| Exod | Kaz | 25:37 | Шам қойғышқа жеті май шамын дайындатып, оларды жарығы алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп діңгек пен тармақтардың бастарына орнат. | |
Chapter 26
| Exod | Kaz | 26:1 | Киелі шатыр үшін он жабын жасат. Олар жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып, бетіне керубтердің бейнелері шебер кестеленсін. | |
| Exod | Kaz | 26:4 | Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін әрқайсысының бір жақ шетіне қою күлгін жіптен баулық сияқты елу ілгек дайындатып бекіттір. Екі жапқыштың жиегіндегі елу-елуден жасалған ілгектер бірдей қашықтықта бір-біріне тұспа-тұс келсін. | |
| Exod | Kaz | 26:5 | Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін әрқайсысының бір жақ шетіне қою күлгін жіптен баулық сияқты елу ілгек дайындатып бекіттір. Екі жапқыштың жиегіндегі елу-елуден жасалған ілгектер бірдей қашықтықта бір-біріне тұспа-тұс келсін. | |
| Exod | Kaz | 26:6 | Алтыннан елу ілмек шығыршық жасатып, солармен жапқыштың екі жартысын біріктірт. Осылайша киелі шатыр біртұтас жапқышпен жабылатын болады. | |
| Exod | Kaz | 26:9 | Бес жабынды бір бөлек, келесі алты жабынды бір бөлек қатарластыра біріктіріп тіккіз. Ал алтыншы жабынды шатырдың алдыңғы жағынан екі қабаттап бүктеп қойғыз. | |
| Exod | Kaz | 26:10 | Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін бір жақ шетіне баулық сияқты елу ілгектен дайындатып бекіттір. | |
| Exod | Kaz | 26:11 | Қоладан елу ілмек шығыршық жасатып, ілгектерді солармен бекітіп, шатырдың төбесін осы біртұтас жапқышпен жапқыз. | |
| Exod | Kaz | 26:12 | Жабынның шатырдың төбесін жапқаннан артылып қалған бөлігі шатырдың артқы жағынан салбырап төмен түсіп тұрсын. | |
| Exod | Kaz | 26:13 | Ал жабындардың ұзындығынан артылып қалғаны шатырдың екі жанынан бір шынтақ бойы төмен салбырап жауып тұрсын. | |
| Exod | Kaz | 26:14 | Қызыл түске боялған қошқар терілерінен де шатырға арнап жапқыш қап жасат. Оның үстінен жабуға борсық терілерінен тағы бір жабын дайындат. | |
| Exod | Kaz | 26:17 | Әрқайсысының табанында қатар тұрған екі төлкеден болсын. Күллі бөренелерді осылай жасат. | |
| Exod | Kaz | 26:18 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын. | |
| Exod | Kaz | 26:19 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын. | |
| Exod | Kaz | 26:20 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын. | |
| Exod | Kaz | 26:21 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасат: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін екі тағаннан дайындалсын. | |
| Exod | Kaz | 26:24 | Сол бұрыштардағы бөренелер төменнен жоғарыға дейін жұпталып, бір шығыршығы бар жоғарғы жақта біріктірілсін. | |
| Exod | Kaz | 26:25 | Сонымен барлығы сегіз бөрене болады. Оларға арнап әрбіреуіне екі-екіден он алты күміс таған дайындат. | |
| Exod | Kaz | 26:26 | Киелі шатырдың оңтүстік, солтүстік және батыс қабырғалары үшін аққарағаннан көлденең бес сырықтан жасат. | |
| Exod | Kaz | 26:27 | Киелі шатырдың оңтүстік, солтүстік және батыс қабырғалары үшін аққарағаннан көлденең бес сырықтан жасат. | |
| Exod | Kaz | 26:28 | Ал ортаңғы сырықтар бөренелердің ортасынан өтіп, қабырғаның бір басынан келесі басына дейін жететін болсын. | |
| Exod | Kaz | 26:31 | Қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке иірілген зығыр жіптерден (ішкі) шымылдық тоқытып, бетіне керубтердің бейнелерін шебер кестелет. | |
| Exod | Kaz | 26:32 | Аққарағаннан төрт бағана жасалып, алтынмен қапталып, оларға алтын ілгіштер орнатылсын. Бағаналар төрт күміс тағанға бекітіліп тұрғызылсын. Шымылдықты бағаналардағы алтын ілгіштерге ілгізіп қой. | |
| Exod | Kaz | 26:33 | Шымылдық ілінген соң оның ішкі жағына Келісім сандығы кіргізіліп қойылсын. Осылай шымылдық сендер үшін қасиетті бөлмені ең қасиетті бөлмеден ажыратып бөліп тұратын болады. | |
| Exod | Kaz | 26:35 | Шымылдықтың сырт жағына (яғни қасиетті бөлмеге) үстелді, оған қарама-қарсы, киелі шатырдың оңтүстігіне қаратып, шам қойғышты орналастырт. Ал үстел солтүстік жақта тұрсын. | |
| Exod | Kaz | 26:36 | Киелі шатырдың кіреберісіне арнап қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке иірілген зығыр жіптерден шымылдық тоқыт. | |
Chapter 27
| Exod | Kaz | 27:1 | Шалынған құрбандықтарды түгелдей өртейтін үстелді аққарағаннан жасат. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан болсын. | |
| Exod | Kaz | 27:2 | Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын. | |
| Exod | Kaz | 27:3 | Үстелдің мына құрал-саймандарының бәрін қоладан жасат: күлсалғыштар мен қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар. | |
| Exod | Kaz | 27:4 | Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт. | |
| Exod | Kaz | 27:5 | Отқа арналған торды да қоладан жасат. Оның төрт бұрышында төрт қола шығыршығы болсын. Торды үстелдің төрт қабырғасының ортасына дейін жететіндей етіп, ішкі жағынан, астынан орналастырт. | |
| Exod | Kaz | 27:7 | Олар сол шығыршықтарға кіргізіліп, құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде оның екі бүйірінде болмақ. | |
| Exod | Kaz | 27:8 | Сонымен құрбандық үстелін қоламен қапталған тақтайлардан, оның ішін қуыс етіп жасат. Ол өзіңе осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасалуға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 27:9 | Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат. | |
| Exod | Kaz | 27:10 | Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат. | |
| Exod | Kaz | 27:11 | Киелі шатырдың ауласын жасат: оның оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болсын. Ауланы жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделер қоршап тұрсын. Жиырма қола тағанға орнатылған жиырма бағана және сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштері мен сырықтарын жасат. | |
| Exod | Kaz | 27:12 | Ауланың батыс жағының ұзындығы елу шынтақ болып, оның перделері он тағанға орнатылған он бағанаға ілініп қойылсын. | |
| Exod | Kaz | 27:14 | Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан болып, әрқайсысы үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінсін. | |
| Exod | Kaz | 27:15 | Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан болып, әрқайсысы үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінсін. | |
| Exod | Kaz | 27:16 | Ал аула кіреберісінің өзіне арнап ұзындығы жиырма шынтақ перде тоқыт. Ол қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылсын. Пердені іліп қою үшін төрт тағанға орнатылған төрт бағана дайындат. | |
| Exod | Kaz | 27:17 | Ауланы қоршап тұрған барлық бағаналар бір-бірімен күміс сырықтармен байланыстырылсын. Ілгіштері күміс, тағандары қола болсын. Ауланың ұзындығы жүз, ені елу, ал перделердің биіктігі бес шынтақ болсын. Олар жіңішке зығыр жіптен тоқылсын. | |
| Exod | Kaz | 27:18 | Ауланы қоршап тұрған барлық бағаналар бір-бірімен күміс сырықтармен байланыстырылсын. Ілгіштері күміс, тағандары қола болсын. Ауланың ұзындығы жүз, ені елу, ал перделердің биіктігі бес шынтақ болсын. Олар жіңішке зығыр жіптен тоқылсын. | |
| Exod | Kaz | 27:19 | Киелі шатырдың әр түрлі жұмыстарға қолданылатын барлық басқа құрал-жабдықтары, ауланы қоршаған бағаналар және шатырдың өзін бекітуге қажетті күллі қазықтар да қоладан жасалсын. | |
| Exod | Kaz | 27:20 | Шам қойғыштың шамдары ұдайы жанып, жарық қылулары керек. Сол үшін исраилдіктерге зәйтүн жемісінен келіде түйіп сығып алынған таза май әкелуге тапсырма бер. | |
Chapter 28
| Exod | Kaz | 28:1 | Бүкіл Исраил үрім-бұтағының арасынан Менің діни қызметкерлерім болу үшін ағаң Һаронды ұлдары Надаб, Әбиһу, Елазар, Ітамармен бірге қасыңа шақырып алдырт. | |
| Exod | Kaz | 28:3 | Һаронның Менің қызметіме бағышталып тағайындалу рәсімі кезінде киетін сол киімдерін дайындау жайында Өзім ерекше дарынға кенелткен барлық парасатты адамдарға нұсқау бер. | |
| Exod | Kaz | 28:4 | Олар жасап дайындауға тиіс киімдер мыналар: төс қалта, жеңсіз сырт киім, сырт көйлек, бедерленіп тоқылған ұзын көйлек, сәлде және жалпақ белбеу. Маған діни қызмет көрсетулері үшін ағаң Һарон мен оның ұлдарына арнап шеберлер осы киімдерді дайындасын. | |
| Exod | Kaz | 28:5 | Сол үшін алтын талшықтар, әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптер қолданылсын. | |
| Exod | Kaz | 28:6 | Шеберлер жеңсіз сырт киімді алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестелеп тоқып дайындасын. | |
| Exod | Kaz | 28:7 | Сырт киімнің алдыңғы, артқы бөліктерінің жоғарғы жақтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын екі иық жапсырмасы болсын. | |
| Exod | Kaz | 28:8 | Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл сол сияқты алтын талшықтармен әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын. | |
| Exod | Kaz | 28:11 | Осылай тастан ойып мөр жасайтын зергер мәнерімен Исраилдің руларының аттарын екі оникс тасқа ойып жаздыртқаннан кейін, оларды әшекейлі алтын жиектемелерге қондырғызып, | |
| Exod | Kaz | 28:12 | сырт киімнің иық жапсырмаларына бекіттір. Сол екі тас — Исраилдің үрім-бұтағының естелігі: Һарон өзінің діни қызметін атқарғанда, Жаратқан Иенің (оларды рақым етіп таңдап алғанын) есіне салып отыру үшін рулардың аттарын ұдайы екі иығында алып жүретін болсын. | |
| Exod | Kaz | 28:15 | Құдайдың еркін білуге көмекші құрал болатын кеуде қалта жасалсын. Ол да жеңсіз сырт киім сияқты алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден кестеленіп тоқылсын. | |
| Exod | Kaz | 28:17 | Оған асыл тастар төрт қатарға тізіле қадалсын: бірінші қатарға рубин, топаз, изумруд, | |
| Exod | Kaz | 28:20 | ал төртінші қатарға зүбәржат, оникс, яспис тастарын алтын жиектемелерге безендіріп қондырғыз. | |
| Exod | Kaz | 28:21 | Асыл тастардың саны он екі болсын, Исраилдің әрбір ұлы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылсын. | |
| Exod | Kaz | 28:22 | Кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып екі шынжыр бау өргізгеннен кейін | |
| Exod | Kaz | 28:24 | Өрілген екі алтын шынжыр бау қалтаның жоғарғы екі бұрышындағы алтын шығыршықтардан өткізілсін. | |
| Exod | Kaz | 28:25 | Екі баудың қалған ұштары екі жиектемеге бекітілсін, сонда олар иық жапсырмаларымен алдыңғы жақтан байланысады. | |
| Exod | Kaz | 28:26 | Тағы екі алтын шығыршық жасатып, оларды қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекіттір. | |
| Exod | Kaz | 28:27 | Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасат. Олар сырт киімнің алдыңғы жағында, оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан, белбеудің үстінен бекітілсін. | |
| Exod | Kaz | 28:28 | Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылсын. Сонда кеуде қалта өз орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болады. | |
| Exod | Kaz | 28:29 | Осылайша Һарон киелі орынға кірген сайын Исраил руларының аттарын жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында естелік ретінде алып жүрмек. | |
| Exod | Kaz | 28:30 | Кеуде қалтаға «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелерді салып қой. Һарон Жаратқан Иенің алдына барған сайын олар да Һаронның жүрек тұсында болмақ. Сонда Һарон Исраилдің үрім-бұтағына Жаратқан Иенің шешімдерін білдіретін сол құралдарды әрқашан жүрек тұсында Жаратқан Иенің алдында алып жүретін болады. | |
| Exod | Kaz | 28:32 | оның жоғарғы жағында бас сыятындай ойығы болсын. Ал тарқатылып кетпеуі үшін ойықты айналдыра жаға іспетті қаптама тоқылсын. | |
| Exod | Kaz | 28:33 | Көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері және солардың араларында кішкене алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрсын. | |
| Exod | Kaz | 28:34 | Көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері және солардың араларында кішкене алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрсын. | |
| Exod | Kaz | 28:35 | Һарон қызметін атқарғанда осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс. Ол Жаратқан Иенің алдына барып, киелі орынға кіріп-шыққан кезде өліп қалмауы үшін қоңыраушалардың сыңғыры естілуі қажет. | |
| Exod | Kaz | 28:36 | Саф алтыннан кішкене тақташа жасатып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойып жаздырт. | |
| Exod | Kaz | 28:38 | Һарон Исраилдің үрім-бұтағының Құдайға бағыштаған барлық құрбандықтарының, сый-тартулары мен қызметтерінің мінсіз еместігінің кінәсін өз мойнына алуы үшін, осы алтын тақташа оның маңдайына тағылып жүруге тиіс. Осылай сол құрбандықтар, сый-тартулар және қызметтер Жаратқан Иеге ұнамды болады. | |
| Exod | Kaz | 28:39 | Сәлде бәтестен, ұзын көйлек бедерлі бәтестен тігіліп, жалпақ белбеу кестеленіп тоқылсын. | |
| Exod | Kaz | 28:40 | Қадір-құрмет пен сән-салтанат көрсету үшін Һаронның ұлдарына да ұзын көйлек, белбеу мен бас киімнен дайындат. | |
| Exod | Kaz | 28:41 | Осы киімдерді ағаң Һаронға және оның ұлдарына кигізіп, оларға май жағу рәсімін орында. Діни қызметкерлерім болу үшін оларды Маған бағыштап, тағайында. | |
Chapter 29
| Exod | Kaz | 29:1 | Һаронды және оның ұлдарын Менің қызметіме бағыштау үшін мыналарды орындауға тиіссің:Еш мінсіз бір жас бұқа мен екі қошқарды дайындап қойғыз. | |
| Exod | Kaz | 29:2 | Таңдаулы бидай ұнынан ашымаған нан, май қосылған ашымаған пәтір нан және май жағылған ашымаған құймақтар пісіртіп, | |
| Exod | Kaz | 29:3 | бәрін бір себетке салдырт. Бұқа мен екі қошқарды және себеттегі нандарды Маған алып келіп ұсын. | |
| Exod | Kaz | 29:4 | Һарон мен ұлдарын Менімен кездесетін шатырдың кіреберісіне алып келіп, оларды тазару рәсімінен өткіз. | |
| Exod | Kaz | 29:5 | Арнайы киімдерді алып, Һаронға ұзын көйлек, сырт көйлек, жеңсіз сырт киім кигізіп, кеуде қалтаны таққыз да, жеңсіз сырт киімін кестеленіп тоқылған белбеумен байлат. | |
| Exod | Kaz | 29:6 | Басына сәлдені кигізіп, Құдайға бағышталғандығын белгілейтін алтын тақташаны маңдай жағына бекітіп байла. | |
| Exod | Kaz | 29:9 | мен баскиімдерін кигізіп, белбеулерін байлат.Осылайша Һарон мен оның ұрпақтары тұрақты ереже бойынша діни қызметкерлер болып қалады. Оларды мына рәсімдер арқылы қызметтеріне тағайында: | |
| Exod | Kaz | 29:10 | жас бұқаны кездесу шатырының алдына алдырт. Һарон мен ұлдары бұқаның басына қолдарын қойсын. | |
| Exod | Kaz | 29:11 | Бұдан кейін бұқаны кездесу шатырының кіреберісінің жанында, Жаратқан Иенің алдында құрбандыққа шалып, | |
| Exod | Kaz | 29:12 | оның біразырақ қанын саусағыңмен құрбандық үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жағып, қалған қанның бәрін үстелдің түбіне төк. | |
| Exod | Kaz | 29:13 | Бұқаның шарбы майын, бауырының үстіндегі көк етін әрі қос бүйрегін майларымен бірге алып, құрбандық үстелінің үстінде өртеп жібер. | |
| Exod | Kaz | 29:14 | Ал бұқаның етін, терісі мен жынын ел қонысының сыртына шығарып, өртеткіз. Себебі бұл — күнәнің құнын өтейтін құрбандық. | |
| Exod | Kaz | 29:15 | Мұнан кейін екі қошқардың бірін алдырт, Һарон мен ұлдары оның басына қолдарын қойсын. | |
| Exod | Kaz | 29:17 | Қошқарды мүшелеп бөл. Ішек-қарнын, сирақтарын жуып, оларды басы мен мүшеленген бөліктерінің үстіне қой. | |
| Exod | Kaz | 29:18 | Осылай қошқарды толығымен құрбандық үстелінің үстінде түтетіп өртеп жібер. Осы түгелдей өртелген құрбандық — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. | |
| Exod | Kaz | 29:20 | Қошқарды құрбандыққа шалып, оның біразырақ қанын алып, соны Һарон мен ұлдарының оң құлақтарының сырғалықтарына, оң қолдарының бас бармақтарына, оң аяқтарының үлкен башайларына жақ та, қалған қанды құрбандық үстелінің барлық жағына шаш. | |
| Exod | Kaz | 29:21 | Сол қаннан және жағу рәсіміне арналған майдан біразырақ алып, Һарон мен ұлдарының өздеріне және үстеріндегі киімдеріне бүрік. Сонда өздері де, киімдері де Құдайдың қызметіне толықтай бағышталған болады. | |
| Exod | Kaz | 29:22 | Осы қошқардың бүкіл майларын ал: майлы құйрығын, шарбы майын, бауырының үстіндегі көк етін, қос бүйрегін майларымен бірге әрі оң жақ сан етін. Себебі ол — діни қызметкерлерді тағайындау рәсіміне арналған қошқар. | |
| Exod | Kaz | 29:23 | Жаратқан Иеге ұсынылған себеттен бір дөңгелек нан, май жағылған құймақ және май қосылған бір пәтір нанды ал. | |
| Exod | Kaz | 29:24 | Мұның бәрін Һарон мен ұлдарының қолдарына беріп, әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар. | |
| Exod | Kaz | 29:25 | Содан кейін осы тартулардың бәрін олардың қолдарынан алып, құрбандық үстелінің үстінде түгелдей өртелген құрбандыққа қоса өртеп жібер. Бұл — Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылған, хош иісті де ұнамды тарту. | |
| Exod | Kaz | 29:26 | Һаронның қызметіне тағайындалуына арнап шалынған қошқардың төсін алып кел де, оны Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсын. Ол сенің үлесің болмақ. | |
| Exod | Kaz | 29:27 | Сол құрбандық қошқарының Һарон мен ұлдарына арналған үлестерін өздеріне табыста: жоғары көтеріліп, Тәңір Иеге ұсынылған оң жақ сан етін және тербетіліп ұсынылған төс етін. | |
| Exod | Kaz | 29:28 | Исраилдіктердің Һарон мен ұлдарына ұдайы беретін тұрақты сыбағасы осы болмақ. Өйткені бұл — исраилдіктердің Жаратқан Иемен қарым-қатынастарына ризашылықтарын білдіретін құрбандықтарынан Оған бағыштауға тиісті бөліктері. | |
| Exod | Kaz | 29:29 | Һаронның арнайы киімдері өзінен кейін келер ұрпақтарына аманатталсын, сонда олар соларды киіп, Құдайға бағышталып, қызметтеріне тағайындала алады: | |
| Exod | Kaz | 29:30 | Һаронның ізбасары болып киелі орында қызмет ететін ұрпағы сол киімдерді жеті күн бойы кездесу шатырына кіргенде киюге тиіс. | |
| Exod | Kaz | 29:31 | Һаронның қызметіне тағайындалу рәсіміне байланысты шалынған қошқардың төсі мен қол етін алып, арнайы орында асып пісірт. | |
| Exod | Kaz | 29:32 | Һарон мен оның ұлдары қошқардың осы етін және себеттегі нандарды кездесу шатырының кіреберісінің алдында жесін. | |
| Exod | Kaz | 29:33 | Олар Құдайға бағышталып, қызметтеріне тағайындалған кездерінде күнәнің арамдығынан тазару үшін ұсынылған осы құрбандықтардың етін және тартуларды тек өздері ғана жесін, басқа ешкімнің де олардан жеуіне болмайды. Өйткені сол тағамдар Тәңір Иеге арналған. | |
| Exod | Kaz | 29:34 | Тағайындалу рәсіміне байланысты шалынған қошқар еті мен нандардан таң атқанша артылып қалғандары болса, өртеп жібер. Себебі Тәңір Иеге бағышталған сол тағамдарды енді жеуге болмайды. | |
| Exod | Kaz | 29:35 | Һаронға және оның ұлдарына Мен өзіңе бұйырған осы рәсімдердің бәрін орында: жеті күн бойы олардың қолдарын тағайындалуларына байланысты Тәңір Иеге ұсынылған құрбандықтар мен сый-тартуларға толтыр. | |
| Exod | Kaz | 29:36 | Әр күн сайын күнәнің құнын өтеу үшін бір жас бұқадан құрбандыққа шал. Құрбандық үстелін күнәнің арамдығынан тазарту үшін оның үстінде күнәнің құнын өтеуге шалынған құрбандықтарды өртеп жіберіп, үстелге арнайы май жағып, оны Тәңір Иеге бағышта. | |
| Exod | Kaz | 29:37 | Жеті күн бойы құрбандық үстелін осылайша күнәнің арамдығынан тазартып, оны Тәңір Иеге арна. Сонда құрбандық үстелі Тәңір Иеге түгелдей бағышталып, ерекше киелі болады. Үстелдің үстіне қойылған не оған жанасқандардың бәрі де Тәңір Иеге бағышталып, Оның меншігіне айналады. | |
| Exod | Kaz | 29:38 | Тұрақты түрде күн сайын құрбандық үстелінің үстінде өртеліп ұсынылатындар мыналар: бір жастағы екі тоқты; | |
| Exod | Kaz | 29:40 | Бірінші тоқтыға қоса үш қадақ сығып алынған таза зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнынан бір пұттың оннан бір бөлігін алып, өртеп жібер. Сұйық тарту ретінде үш қадақ шарапты соның үстіне құйып ұсын. | |
| Exod | Kaz | 29:41 | Екінші тоқтыны ымырт жабыла құрбандыққа шал. Оған қоса таңертеңгідей астық және сұйық тартуларын да ұсын. Олар Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған, хош иісті де ұнамды сый-тартулар болмақ. | |
| Exod | Kaz | 29:42 | Бұл — келер ұрпақтарыңның да күн сайын шалып, өртеу арқылы жасауға тиісті құрбандығы. Оны Жаратқан Иенің алдында, кездесу шатырының кіреберісінің жанында ұсыныңдар. Осы жерде Мен сенімен кездесіп, саған тіл қатпақпын. | |
| Exod | Kaz | 29:43 | Мен Исраил халқымен де осында кездесіп, бұл жерді ұлы салтанатыммен Өзіме бағыштап киелі етемін. | |
| Exod | Kaz | 29:44 | Осылайша Мен кездесу шатыры мен құрбандық үстелін де, Һарон мен ұлдарын да Өзіме қызмет етуге бағыштап, | |
Chapter 30
| Exod | Kaz | 30:2 | Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болсын, әрі (төрт бұрышының үстіңгі жағынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалсын. | |
| Exod | Kaz | 30:3 | Үстелдің бетін, бүкіл жақтаулары мен шошақтарын да саф алтынмен қаптатып, бетін айналдыра алтын ернеумен жиектет. | |
| Exod | Kaz | 30:4 | Ернеудің астына, үстелдің қарама-қарсы екі жағына екі-екіден алтын шығыршықтар орнат. Соларға үстелді көтеріп алып жүретін сырықтарды кіргізу керек. | |
| Exod | Kaz | 30:6 | Үстелді Келісім сандығының және оның үстіндегі қақпақтың қарсы алдындағы шымылдықтың алдына қойғыз. Сол жерде Мен сенімен кездесетін боламын. | |
| Exod | Kaz | 30:7 | Һарон күн сайын таңертең шамдарды реттеп дайындаған кезде үстелдің үстінде хош иісті заттарды түтетуі керек. | |
| Exod | Kaz | 30:8 | Ымырт жабыла шамдарды жаққан кезде де Һарон сондай тартуды түтетіп ұсынуға тиіс. Бұл — келер ұрпақтарыңның да Жаратқан Ие алдында тұрақты орындайтын түтету рәсімі. | |
| Exod | Kaz | 30:9 | Осы үстелдің үстінде басқа ешқандай тарту: не (Тәңір Иеге бағышталмаған) бөтен хош иісті зат, не шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық, не астық тартуын ұсынбаңдар, сұйық тартулар да оның үстіне құймаңдар! | |
| Exod | Kaz | 30:10 | Һарон жылына бір рет күнәнің құнын өтеу үшін шалынған құрбандықтың қанын түтету үстелінің мүйіз тәрізді шошақтарына жағып, осылайша үстелді күнәнің арамдығынан тазартсын. Бұл рәсімді келешек ұрпақтарың да жыл сайын орындауға тиіс. Себебі түтету үстелі Жаратқан Иеге толықтай бағышталған, ерекше киелі. | |
| Exod | Kaz | 30:12 | — Исраилдің ер адамдарын түгендеп санап жатқан кезде санаққа кірген әркім өз өмірі үшін Жаратқан Иеге жан басы салығын төлесін. Сонда олар санақтан өткенде індетпен жазаланбайды. | |
| Exod | Kaz | 30:13 | Санақтан өтіп жатқан әр адам салмағы жарты мысқал (күмісті) Жаратқан Иеге тарту ретінде бағыштасын. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын, киелі орында қолданылатын ресми өлшем. | |
| Exod | Kaz | 30:14 | Жасы жиырмаға толған не одан асқан әрбір ер адам Жаратқан Иеге осындай сый-тарту ұсынуға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 30:15 | Жан басы үшін Жаратқан Иеге арнап төленетін осы төлем бай үшін жарты мысқалдан артық болмасын, кедей үшін одан кем де болмасын. | |
| Exod | Kaz | 30:16 | Исраилдің ер адамдарынан жан басы салығын қабылдап, кездесу шатырының қажетіне жарат. Осылай сендердің жеке бастарың үшін төлеген осы төлемдерің Жаратқан Ие алдындағы естеліктерің болмақ. | |
| Exod | Kaz | 30:18 | — Жуыну рәсімі үшін қоладан қазан жасатып, қола тұғырға орнатқыз. Қазанды кездесу шатыры мен құрбандық үстелінің екі ортасына қойып, ішін суға толтырт. | |
| Exod | Kaz | 30:20 | Олар кездесу шатырына кіргенде немесе құрбандық үстелінің жанына жақындап, Жаратқан Иеге арналған тартуларды өртеп ұсыну қызметін атқарғанда өліп қалмаулары үшін, алдымен осы тазару рәсімін орындасын! | |
| Exod | Kaz | 30:21 | Олар аяқ-қолдарын жуып тазартуға тиіс. Егер олай етпесе, өлім құшады. Бұл — Һарон мен оның келер ұрпақтарына арналған тұрақты ереже. | |
| Exod | Kaz | 30:23 | — Өзің ең таңдаулы хош иісті мына нәрселерді: сұйық мүр шайырынан бес жүз мысқал, жұпар иісті дәмқабық пен хош иісті қамыс тамырының өзегін екі жүз елу мысқалдан, яғни мүр шайырының жарты мөлшерінен, дайындап ал. | |
| Exod | Kaz | 30:24 | Бұларға дәмқабық ағашының кептірілген гүлдерінен бес жүз мысқал да қос. Осы мөлшерлер киелі орында қолданылатын ресми өлшем бойынша болсын. Және он бес қадақ зәйтүн майын да ал. | |
| Exod | Kaz | 30:25 | Киелі шатырдағы қызметке кіріскен кезде адамдар мен заттарға май жағу рәсімін жасау үшін арнайы шеберлер бұл заттарды келіде түйіп, араластырып, хош иісті май қоспасын дайындасын. | |
| Exod | Kaz | 30:27 | үстел мен оған қатысты ыдыстарға, шам қойғыш пен оған қажетті бұйымдарға, түтету үстеліне, | |
| Exod | Kaz | 30:28 | құрбандық өртелетін үстел мен оның құрал-саймандарына және жуынатын қазан мен тұғырына май жағу рәсімін жасағанда қолдан. | |
| Exod | Kaz | 30:29 | Солай етіп осы аталғандарды Маған түгелдей бағышта, олар ерекше киелі болады. Соларға жанасқан әр нәрсе және әрбір адам да Маған бағышталып, меншігіме айналады. | |
| Exod | Kaz | 30:30 | Һарон мен ұлдарына да май жағу рәсімін орындап, оларды Менің қызметіме бағыштап, Өзімнің діни қызметкерлерім етіп тағайында. | |
| Exod | Kaz | 30:31 | Исраил халқына мына сөздерімді жеткіз: Тағайындау рәсіміне арналған бұл май қоспасы Маған ғана арналған. Келер ұрпақтарың да оны тек осылай қолдануға тиіс. | |
| Exod | Kaz | 30:32 | Осы хош иісті май қоспасын басқа адамдардың денесіне жағуға да, өздеріңе қолдану үшін сондай құрамдағы қоспаны жасауға да болмайды. Ол тек Маған ғана арналған, оны киелі деп санаңдар! | |
| Exod | Kaz | 30:33 | Кімде-кім осындай май қоспасын өзі жасайтын болса немесе қолдануға болмайтын басқа біреуге жақса, сол адамды халқының арасынан аластату қажет. | |
| Exod | Kaz | 30:34 | Жаратқан Ие Мұсаға тағы мынаны бұйырды:— Әрқайсысынан бірдей мөлшерде етіп мынадай хош иісті заттарды дайындап ал: жұпар иісті шайыр тамшылары, қабыршақ, халбан шайыры, хош иісті дәмдеуіштер және таза ладан шайыры. Осы хош иісті заттардың әрбіреуінен бірдей мөлшерде ал. | |
| Exod | Kaz | 30:35 | Арнайы шеберлерге солардан жұпар иісті түтету қоспасын жасат: ол тұзбен араластырылып, таза да киелі болсын. | |
| Exod | Kaz | 30:36 | Түтету қоспасының біразын ұнтақтап, кездесу шатырының ішіне, Мен өзіңмен кездесіп, Саған сөзімді арнайтын орынға, яғни Келісім сандығының қарсы алдына, қой. Оны тек Маған ғана бағышталған ерекше киелі деп есептеңдер! | |
| Exod | Kaz | 30:37 | Осындай құрамда өздеріңе хош иісті түтету қоспасын жасамаңдар! Оны жалғыз Жаратқан Иеге ғана бағышталған киелі деп санаңдар! | |
Chapter 31
| Exod | Kaz | 31:2 | — Біліп ал: Мен Яһуда руынан шыққан Һұрдың немересі, Ұри ұлы Беселиелді арнайы таңдап алдым. | |
| Exod | Kaz | 31:3 | Оны Құдай Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойдым. | |
| Exod | Kaz | 31:5 | асыл тастарды қашап өңдеп, жиектемеге қондыруға, ағаш кесіп, жонып, оюлап әшекейлеуге және кез келген көркем өнер жұмысын істеуге қабілет бердім. | |
| Exod | Kaz | 31:6 | Мынаны да біліп ал: Мен оған Дан руынан шыққан Ахисамах ұлы Аһолияпты көмекші етіп тағайындап отырмын. Мен өзіңе тапсырғандардың барлығын жасаулары үшін күллі ақылдыларға тағы да молынан ақыл-парасат дарытамын. Сондықтан олар Мен өзіңе бұйырған мына нәрселердің бәрін жасай алады: | |
| Exod | Kaz | 31:7 | Кездесу шатырын, Келісім сандығын және оның үстіндегі қақпағын әрі киелі шатырдың барлық басқа бұйымдарын; | |
| Exod | Kaz | 31:8 | нан тартулары қойылатын үстел мен оның үстіндегі ыдыстарды, саф алтыннан жасалған шам қойғыш пен құралдарын, хош иісті заттарды түтету үстелін, | |
| Exod | Kaz | 31:9 | шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді және оған керекті құрал-саймандарды, тазару рәсіміне арналған қазан мен оның тұғырын; | |
| Exod | Kaz | 31:10 | сондай-ақ, кестеленіп тоқылған киімдерді: діни қызметкер Һаронның арнайы киімдерін және оның ұлдары діни қызмет атқарғанда киіп жүретін киімдерді, | |
| Exod | Kaz | 31:11 | тағайындау рәсімінде қолданылатын майды және киелі орынға арналған хош иісті түтету заттарын. Шеберлер бұлардың бәрін Мен өзіңе бұйырғандай етіп жасайтын болады. | |
| Exod | Kaz | 31:13 | — Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Менің демалыс күні туралы ережелерімді сақтаңдар! Себебі бұл — бүкіл келешек ұрпақтарың үшін Менімен сендердің араларыңда жасалған Келісімнің белгісі. Ол арқылы Менің сендерді жалғыз Өзіме бағыштап қасиетті еткен Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. | |
| Exod | Kaz | 31:14 | Сонымен демалыс күнін сақтаңдар, ол сендер үшін қасиетті күн. Оны қорлаған әркім өлтірілуге тиіс. Демалыс күні жұмыс істеген адам өз халқының арасынан аластатылуы қажет. | |
| Exod | Kaz | 31:15 | Аптасына алты күн бойы жұмыс істеулеріңе болады, ал жетінші күн — Жаратқан Иеге бағышталған демалыс, сол күні тынығыңдар! Кімде-кім жетінші күні жұмыс істейтін болса, сол өлтірілуге тиіс. | |
| Exod | Kaz | 31:16 | Исраилдің үрім-бұтағы демалыс күнін сақтап, келешек ұрпақтары да оны тұрақты Келісім ретінде орындай берсін! | |
| Exod | Kaz | 31:17 | Бұл мәңгі бақи Менімен Исраил халқы арасында жасалған Келісімнің белгісі болмақ!Себебі Жаратқан Ие алты күн ішінде аспан мен жерді жаратып, жетінші күні демалып тынықты. | |
Chapter 32
| Exod | Kaz | 32:1 | Ал Мұсаның таудың басынан ұзақ уақыт бойы төмен түспегенін көрген халық Һаронның қасына жиналып:— Кәне, бізге алдымызда жүріп отыратын тәңір мүсіндерін жасап беріңіз! Себебі бізді Мысыр жерінен бастап алып шыққан анау Мұса болса, оған не болғанын білмейміз, — деді. | |
| Exod | Kaz | 32:2 | Һарон оларға:— Ендеше әйелдерің мен ұл-қыздарыңның құлақтарындағы алтын сырғаларын шешіп алып, маған әкеліп беріңдер, — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 32:4 | Һарон сырғаларды қолдарынан қабыл алып, балқытып, құралмен қағып, жас бұқа мүсінін жасады. Сонда халық:— Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы! — десті. | |
| Exod | Kaz | 32:5 | Мұны көрген Һарон мүсіннің қарсы алдынан құрбандық ұсынатын орын тұрғызып, қатты дауыстап:— Ертең Жаратқан Иеге арналған мейрам болады! — деп жариялады. | |
| Exod | Kaz | 32:6 | Олар келесі күні ерте тұрып, құрбандық шалып, өртеп жіберді. Содан соң басқа да мал алып келіп, ризашылық құрбандығы ретінде шалды. Халық жайғасып отырып, құрбандықтан ішіп-жеді; біраздан кейін олар азғын ойындар ойнау үшін орындарынан тұрды. | |
| Exod | Kaz | 32:7 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Тезірек төмен түс! Сен Мысырдан бастап алып шыққан халқың азғындыққа салынды! | |
| Exod | Kaz | 32:8 | Олар Мен өздеріне өсиет еткен жолдан лезде тайып шығып, алтыннан құйылған жас бұқа мүсінін жасап алды. Соған иіліп құлшылық етіп, құрбандық шалып, «Әй, Исраил, сені Мысыр елінен бастап алып шыққан тәңірің — осы!» десті. | |
| Exod | Kaz | 32:9 | Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді:— Мен бұл халықты назарымда ұстап келемін, оның тоң мойын қыңыр екеніне көзім жетті. | |
| Exod | Kaz | 32:10 | Енді Мені тоқтатуға тырыспа! Қаһарым лаулап, оларды құртып жібермекпін. Содан кейін өзіңнен үлкен бір халықты жаратамын. | |
| Exod | Kaz | 32:11 | Бірақ Мұса Құдай Иесіне жалбарынып былай деді:— Уа, Жаратқан Ие! Өзің Мысырдан ұлы күшпен, құдіретті қолыңмен бастап алып шыққан халқыңа қарсы неге қаһарың лаулайды? | |
| Exod | Kaz | 32:12 | Егер солай істесең, онда мысырлықтар: «Тәңір Ие оларды елімізден арам ниетпен, тауда қырып-жойып, жер бетінен жоқ қылу үшін алып шығыпты» деп жүрер. Қаһарыңды басып, халқыңа апат жіберемін деген райыңнан қайта гөр! | |
| Exod | Kaz | 32:13 | Қызметшілерің Ыбырайым, Ысқақ, Исраилді есіңе түсіре гөр. Оларға: «Сендердің ұрпақтарыңды аспандағы жұлдыздардай сансыз көбейтіп, Өзім беруге уәде еткен осы жерді сыйлаймын, олар соны мәңгі иемденетін болады» деп өз атыңмен ант берген едің ғой. | |
| Exod | Kaz | 32:15 | Мұса екі тас тақташаны қолына ұстап, кері бұрылып, таудың басынан төмен түсіп кетті. Тақташалардың екі бетінде: алдыңғы және артқы жақтарында Келісімнің ережелері жазылған еді. | |
| Exod | Kaz | 32:17 | (Мұсаны жарты жолда қарсы алған) Ешуа халықтың қатты дауыстаған у-шуын естіп: «Ел қонысындағы бұл шу соғыс кезінде шығатын айқай ғой!» — деді. | |
| Exod | Kaz | 32:18 | Ал Мұса: «Бұл жеңістің қуанышты үні емес, жеңілістің зарлайтын үні де емес. Қайта, мен айтылған ән-жырларды естіп тұрмын», — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 32:19 | Олар ел қонысына таяп, Мұса жас бұқа мүсінін әрі би билеген халықты көргенде қаһары лаулады. Содан ол тау етегінде тұрып, қолындағы тас тақташаларды жерге лақтырып жіберіп, быт-шытын шығарды. | |
| Exod | Kaz | 32:20 | Бұдан кейін исраилдіктердің жасап алған жас бұқа мүсінін алып, отқа салып құртты. Одан қалғанын ұнтақтап үгіп, суға араластырды да, соны халыққа ішкізді. | |
| Exod | Kaz | 32:21 | Һаронға қарап:— Осыншама зор күнәға батыратындай мына халық саған не істеді? — деген сұрақ қойды. | |
| Exod | Kaz | 32:22 | Һарон:— Қаһарыңызды лаулата көрмеңіз, мырзам. Бұл халықтың жамандыққа бейім екенін өзіңіз білесіз ғой. | |
| Exod | Kaz | 32:23 | Олар маған былай деді: «Бізге алдымызда жүріп отыратын Тәңір мүсінін жасап беріңіз! Себебі бізді Мысыр жерінен бастап алып шыққан анау Мұса болса, оған не болғанын білмейміз». | |
| Exod | Kaz | 32:24 | Мен оларға: «Кімнің алтын әшекейі болса, соларын шешіп алсын», — дедім. Олар маған алтындарын беріп, мен оны отқа салдым. Сонда одан әлгі жас бұқа шыға келді, — деп жауап берді. | |
| Exod | Kaz | 32:25 | Мұса халықтың жүгенсіз кетіп, Һаронның да олардың шектен шығуларына жол беріп, жауларына таба болғандарына көзі жетті. | |
| Exod | Kaz | 32:26 | Сондықтан ол ел қонысының кіреберіс қақпасы алдына шығып алып:— «Кім Жаратқан Иенің жағында болса, сол қасыма келсін!» — деп шақырды. Сонда оның қасына Леуі руының барлық ер адамдары жиналды. | |
| Exod | Kaz | 32:27 | Мұса оларға:— Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: әрқайсың семсерлеріңді белдеріңе байлап алып, қонысты бір қақпасынан екінші қақпасына дейін әрі-бері аралай жүре, (күнәға батқан) бауырларың, дос-жарандарың мен көршілеріңнің көзін құртыңдар! — деді. | |
| Exod | Kaz | 32:29 | Содан кейін Мұса Леуі руының адамдарын тағы да жинап алып:— Бүгін сендер Жаратқан Иенің қызметіне толықтай бағышталып, тағайындалдыңдар. Себебі өз ұлдарың мен бауырларыңды аямай, (Оның еркін орындадыңдар). Содан Ол сендерге бүгін Өзінің жарылқауын төкті, — деді. | |
| Exod | Kaz | 32:30 | Келесі күні Мұса халыққа:— Сендер зор күнә жасадыңдар! Бірақ мен қазір қайтадан тау басына көтеріліп, Жаратқан Иенің алдына барамын. Мүмкін, сендердің жасаған күнәларың үшін Оның кешірімін ала алармын, — деді. | |
| Exod | Kaz | 32:31 | Сонымен Мұса Жаратқан Иенің алдына қайтып барып:— О, Ием, бұл халық зор күнәға батып, алтыннан тәңір мүсінін жасап алыпты. | |
| Exod | Kaz | 32:32 | Дегенмен олардың күнәсін кешіре гөр. Егер олай істемесең, онда (өз адамдарыңның есімдерін) жазып қойған кітабыңнан менің де есімімді сызып таста, — деп өтінді. | |
| Exod | Kaz | 32:33 | Ал Жаратқан Ие Мұсаға:— Бұл кітабымнан Менің алдымда күнә жасағандардың (есімдерін) сызып тастаймын. | |
| Exod | Kaz | 32:34 | Ал қазір бар да, халықты Мен айтқан жерге бастап алып бар. Міне, періштем алдыңда жүріп отырмақ. Менің соттайтын күнім жеткенде оларды бұл күнәлары үшін жазалайтын боламын, — деп жауап берді. | |
Chapter 33
| Exod | Kaz | 33:1 | Жаратқан Ие Мұсаға тағы да тіл қатып, былай деп бұйырды: «Өзің және Мысырдан бастап алып шыққан халқың бұл жерді тастап, әрі қарай жүріңдер! Мен «өз ұрпақтарыңа табыстаймын» деп Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа уәде еткен елге көшіп барыңдар. | |
| Exod | Kaz | 33:2 | Сенің алдыңда жүріп отыратын періштені жіберемін, әрі қанахандықтар, аморлықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді сол елден қуып шығамын. | |
| Exod | Kaz | 33:3 | Періштем сендерді ағы мен балы ағыл-тегіл сол жерге бастап алып барады. Бірақ Өзім араларыңда жүріп бірге бармаймын. Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар, сондықтан сендерді жолшыбай қырып тастауым қажет болар еді». | |
| Exod | Kaz | 33:5 | Себебі Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырған болатын: «Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер тоң мойын қыңыр халықсыңдар. Мен араларыңда бір-ақ сәт бірге жүретін болсам, сендерді жоқ қылуым қажет болар еді. Қазір әшекейлеріңді шешіп тастаңдар. Ал Мен сендермен не істеуді ұйғарамын». | |
| Exod | Kaz | 33:6 | Сондықтан исраилдіктер Хориб тауында әшекейлерін шешіп тастап, енді қайтып тақпайтын болды. | |
| Exod | Kaz | 33:7 | Ал Мұса (бұдан былай) ел қонысынан тыс, одан алысырақ жерде шатыр тігіп, оны кездесу шатыры деп атады. Жаратқан Иенің еркін сұрап білгісі келген әркім қоныстан шығып, осы шатырға баратын. | |
| Exod | Kaz | 33:8 | Мұса кездесу шатырына беттеген сайын, бүкіл халық үйлерінің есіктерінің алдынан ол шатырға кіріп кеткенге дейін артынан қарап тұратын. | |
| Exod | Kaz | 33:9 | Мұса шатырға кіргенде, бұлт бағанасы төмен түсіп, шатыр алдына орналасатын. Сол кезде Жаратқан Ие Мұсамен тілдесетін. | |
| Exod | Kaz | 33:10 | Бұлт бағанасын шатыр есігінің алдынан көрісімен-ақ, күллі халық орындарынан көтеріліп, әркім өз шатырының кіреберісінен Құдайға иіліп ғибадат ететін. | |
| Exod | Kaz | 33:11 | Жаратқан Ие Мұсамен адамның жақын досымен бетпе-бет сөйлескеніндей сөйлесетін. Мұса кейінірек ел қонысына қайтып оралатын, ал оның жас көмекшісі Нұн ұлы Ешуа кездесу шатырының қасынан кетпейтін. | |
| Exod | Kaz | 33:12 | Бірде Мұса Жаратқан Иеге жалбарына тіл қатып:— Я, Ием, Сен маған: «Халықты сол елге өрлетіп бастап алып жүр» деп келесің. Бірақ менімен бірге кімді жіберетініңді білдірген жоқсың. Алайда Маған: «Есіміңді жадымда сақтап сені жақыннан танимын және саған ризамын» деген едің ғой. | |
| Exod | Kaz | 33:13 | Егер де маған риза болсаң, (бізді жүргізетін) өз жолдарыңды білдіре гөр. Сонда мен Өзіңмен тығыз байланыста тұрамын, келешекте де Сенің рақымың маған түсетін болады. Мына ұлттың Өзіңнің таңдап алған халқың екенін есіңнен шығара көрме, — деді. | |
| Exod | Kaz | 33:14 | Жаратқан Ие:— Өзім бірге барып жар болып, жаныңа тыныштық сыйлаймын, — деп жауап қайырды. | |
| Exod | Kaz | 33:15 | Сонда Мұса былай деп өтінді:— Егер Өзің бірге барып жар болмасаң, бізді бұл жерден уәделі елге апара көрме. | |
| Exod | Kaz | 33:16 | Маған және өз халқыңа Сенің рақымыңның түсіп тұрғанын қайдан біле аламыз? Өзіңнің бізбен бірге жүргеніңнен емес пе? Мені және халқыңды жер бетіндегі басқа күллі халықтардан ерекше қылып ажырататын соның өзі ғой. | |
| Exod | Kaz | 33:17 | Жаратқан Ие оған:— Жарайды, сенің сұрағаныңды орындаймын. Өйткені Мен саған ризамын, сені жақыннан танимын да, — деп уәде берді. | |
| Exod | Kaz | 33:19 | Жаратқан Ие оған былай деп жауап қайтарды:— Мен сенің алдыңнан бүкіл игілігімді өте шығатын етіп, қасыңда «Жаратқан Ие» деген есімімді атап шақырамын. Мен қалаған адамыма рақымды боламын, таңдап алғаныма мейірімімді шашамын. | |
| Exod | Kaz | 33:21 | Бұдан кейін Жаратқан Ие сөзін жалғастырып былай деді: — Алайда, міне, қасымда бір орын бар: мына жартаста тұр. | |
| Exod | Kaz | 33:22 | Менің нұрлы салтанатым жаныңнан өтіп бара жатқан кезде сені жартастың жарығына тұрғызып, Өзім қасыңнан өтіп кеткенше алақаныммен көлегейлеймін. | |
Chapter 34
| Exod | Kaz | 34:1 | Жаратқан Ие Мұсаға тағы бұйрық беріп:— Өзің сындырып тастаған бұрынғы тас тақташалар сияқты екі тақташа қашап жасап ал. Олардың беттеріне алғашқы тақташаларда жазылған сөздерді жазып қоймақпын. | |
| Exod | Kaz | 34:3 | Ал ешбір адам саған еріп көтерілмесін, таудың барлық беткейінен ешкім де көрінбесін! Таудың маңында ірілі-ұсақты мал да жайылмасын! — деді. | |
| Exod | Kaz | 34:4 | Осылай Мұса бұрынғы тас тақташалар сияқты басқа екеуін қашап жасап алды. Ертеңгісін ертемен соларды қолына ұстап, Жаратқан Ие өзіне бұйырғандай Синай тауының басына көтерілді. | |
| Exod | Kaz | 34:5 | Сонда Жаратқан Ие бұлтқа оранып төмен түсті де, Мұсаның қасында тұрып, «Жаратқан Ие» деген өз есімін атап шақырды. | |
| Exod | Kaz | 34:6 | Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады:«Жаратқан Ие! Жаратқан Ие!Құдай мейірімді де қайырымды,Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.Құдай әрдайым сөзінде тұрады; | |
| Exod | Kaz | 34:7 | Ол берік мейірімін мыңдағандарға танытады,Өзіне қарсы шығып теріс қылықтардыЖасаған күнәкарды да кешіруге дайын тұрады,Ал (қасарысқанды) жазасыз қалдырмайды,Аталарының теріс қылықтары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». | |
| Exod | Kaz | 34:9 | — Уа, Ием, егер Сен маған риза болсаң, онда Өзің арамызда жүріп жар бола гөр. Бұл — тоңмойын қыңыр халық. Әйтсе де, жасаған әділетсіз істеріміз бен күллі күнәларымызды кешіріп, бізді Өзіңнің меншікті халқың ретінде қабылдай гөр, — деп өтінді. | |
| Exod | Kaz | 34:10 | Бұған Жаратқан Ие былай деді:— Міне, Мен сендермен Келісім жасамақпын: халқыңның көз алдында бұған дейін жер бетінде ешбір ұлттың арасында болып көрмеген кереметтерді жүзеге асырмақпын. Өзің бірге тұрып жатқан бүкіл халқың Мен — Жаратқан Ие сендер үшін жасайтын, үрей туғызатын ғажап істерді көретін боласыңдар. | |
| Exod | Kaz | 34:11 | Ал сендер Менің өздеріңе бүгін беріп тұрған бұйрықтарымды орындайтын болыңдар! Біліп алыңдар: Мен алдарыңнан жүріп отырып, аморлықтар, қанахандықтар, хеттіктер, перездіктер, хевтіктер және ебустіктерді елден қуып шығамын. | |
| Exod | Kaz | 34:12 | Сол елге кіргенде оның тұрғындарымен қандай да бір келісім жасаудан сақтаныңдар! Олай етпесеңдер, олар сендерді күнәға батыратын тұзақ болады. | |
| Exod | Kaz | 34:13 | Қайта, солардың құрбандық ұсынатын орындарын бұзып, қиратып, табынатын тас мүсіндерін талқандап, әйел тәңірлері Ашераға бағышталған ағаш бағаналарын шауып тастаңдар! | |
| Exod | Kaz | 34:14 | Менен, Жаратқан Иеден, басқа ешбір тәңірге құлшылық етпеңдер! Себебі бір атағым «Қызғаныш». Өзімді шын көңілмен сүйіп, түгелдей бағышталуларыңды талап еткен Құдаймын. | |
| Exod | Kaz | 34:15 | Сонымен сендер сол елде тұратындармен келісім жасаудан сақтаныңдар! Әйтпесе олар Маған сенімсіздік танытып, өз тәңірсымақтарына арнап құрбандық шалып құлшылық еткенде сендерді де шақырады. Осылай сендер сол құрбандықтарынан жеп, өздерің де жалған тәңірлерге табынатын боласыңдар. | |
| Exod | Kaz | 34:16 | Ұлдарыңа олардың қыздарын алып бермеңдер! Әйтпесе сол келіндерің шынайы Құдайға опасыздық жасап өздерінің жалған тәңірлеріне құлшылық еткенде, сендердің ұлдарыңа да солай істетпек. | |
| Exod | Kaz | 34:18 | Жыл сайын Ашымаған нан мейрамын тойлаңдар! Өзім бұйырғандай, жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Мұны (көктемнің) абиб айының белгіленген мезгілінде өткізіңдер, себебі Мысырдан сол айда көшіп шыққан едіңдер. | |
| Exod | Kaz | 34:19 | Құрсақ атаулыдан шыққан әрбір тұңғыш Менікі! Ірі қара мен ұсақ малдардың тұңғыш еркек жыныстыларының бәрі де Маған бағышталсын. | |
| Exod | Kaz | 34:20 | Есектің алғаш туған қодығының орнына бір тоқты құрбандыққа шалынсын. Егер олай етпесең, қодықтың желкесін үз. Ал әрбір тұңғыш ұлдарыңның төлемі ретінде арнайы құрбандық шалыңдар.Ешкім Менің алдыма құр қол келмесін! | |
| Exod | Kaz | 34:21 | Алты күн жұмыс істеп, жетінші күні демалыңдар! Жер жыртып, егін салып, оны орған кезде де сол күні демалуға тиіссіңдер. | |
| Exod | Kaz | 34:22 | Бидайдың алғашқы өнімін жинарда Жеті апта мейрамын, ал жылдың аяғында Сабантой мейрамын мерекелеңдер! | |
| Exod | Kaz | 34:23 | Күллі ер адамдарың жылына үш рет Исраилдің сиынған Құдайы — Жаратушы Тәңір Иенің алдына келуге тиіс. | |
| Exod | Kaz | 34:24 | Мен сендердің көз алдарыңнан басқа халықтарды қуып шығарып, шекараларыңды кеңейтемін. Сондықтан сендер жылына үш рет Құдайларың Жаратқан Иенің алдына келген кездеріңде ешкім де елдеріңе қызғанышпен шабуыл жасамайтын болады. | |
| Exod | Kaz | 34:25 | Маған арналған құрбандықтың қанын ашытқымен дайындалған тамаққа құйып ұсынбаңдар!Құтқарылу мейрамына шалынған малдың еті таң атқанша қалып қоймасын! | |
| Exod | Kaz | 34:26 | Егістік жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсысын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! | |
| Exod | Kaz | 34:27 | Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға:— Осы сөздерді жазып қой. Мен сенімен және бүкіл Исраил халқымен Келісімімді солардың негізінде жасаймын, — деп бұйырды. | |
| Exod | Kaz | 34:28 | Қырық күн, қырық түн бойы Мұса сол жерде Жаратқан Иенің қасында болып, нан да жемеді, су да ішпеді. Ол тас тақташаларға Келісімнің сөздерін — Он өсиетті жазды. | |
| Exod | Kaz | 34:29 | Бұдан кейін Мұса Келісімнің ережелері жазылған екі тас тақташаны қолына ұстап, Синай тауынан төмен түсті. Ол Жаратқан Иемен тілдескендіктен бет-жүзі нұр шашып жарқырап тұрды. Ал өзі мұны білген де жоқ. | |
| Exod | Kaz | 34:30 | Һарон және күллі исраилдіктер Мұсаны көргенде, міне ғажап, оның беті нұрланып жарқырап тұрды! Сондықтан оның қасына жақындаудан қорықты. | |
| Exod | Kaz | 34:31 | Бірақ Мұса шақырған соң, Һарон мен халықтың барша рубасылары қайтадан қасына жиналып, Мұса оларға сөзін арнады. | |
| Exod | Kaz | 34:32 | Бұдан кейін исраилдіктердің бәрі де оның қасына келіп, Мұса оларға Жаратқан Иенің Синай тауының басында өзімен тілдескенде тапсырған бүкіл өсиеттерін айтып берді. | |
| Exod | Kaz | 34:34 | Ал Жаратқан Иенің алдына барып, Онымен тілдесу үшін арнайы шатырға кірген сайын, қайтадан сыртқа шыққанша Мұса бетіндегі пердені алып тастайтын. Шатырдан шыққаннан кейін ол Исраил халқына Жаратқан Иенің тапсырған өсиеттерін жеткізетін. | |
Chapter 35
| Exod | Kaz | 35:1 | Мұса Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын жинап алып, оларға былай деді: «Жаратқан Ие орындауға мынаны бұйырған: | |
| Exod | Kaz | 35:2 | алты күн жұмыс істеуге арналған. Ал жетінші күн сендер тынығып демалатын, Жаратқан Иеге бағышталған киелі күн болсын! Сол күні жұмыс істеген әркім өлтірілуге тиіс. | |
| Exod | Kaz | 35:4 | Мұса жиналған бүкіл Исраил қауымына сөзін жалғап былай деді: «Жаратқан Ие сендерге мынаны тапсырды: | |
| Exod | Kaz | 35:5 | Қолдарыңда барларыңнан Жаратқан Иеге арнап тарту беріңдер. Оған шын жүректен сый-тарту ұсынғысы келетіндер мыналарды алып келсін: алтын, күміс және қола, | |
| Exod | Kaz | 35:6 | қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн әрі жіңішке иірілген зығыр жіптер, ешкінің түбітін, | |
| Exod | Kaz | 35:8 | майшамға арналған зәйтүн майын, жағу рәсіміне арналған майға қосылатын немесе түтетілетін хош иісті заттар, | |
| Exod | Kaz | 35:9 | сондай-ақ бас діни қызметкердің арнайы киіміне және кеуде қалтасына тағылатын оникс пен басқа да асыл тастар. | |
| Exod | Kaz | 35:10 | Араларыңдағы шебер атаулының барлығы келіп, Жаратқан Иенің тапсырғандарының бәрін де жасап дайындасын: | |
| Exod | Kaz | 35:11 | Оның жер бетіндегі тұрағы — киелі шатырды, соның төбесіндегі жапқышын, ілгектері мен ілмек шығыршықтарын, бөренелерін, сырықтарын, бағаналары мен тағандарын; | |
| Exod | Kaz | 35:12 | сондай-ақ, Келісім сандығы мен екі жағындағы сырықтарын, бетіндегі қақпағын және оны көзден тасалап тұрған шымылдықты; | |
| Exod | Kaz | 35:13 | (нан тартулары қойылатын) үстел мен сырықтарын, соған қажетті ыдыстарын және ұсынылатын нан тартуларын; | |
| Exod | Kaz | 35:14 | жарық түсіретін (жеті шырақты) шам қойғышты, қосымша құрал-саймандарын, шамдарын және жағуға қажетті майды; | |
| Exod | Kaz | 35:15 | түтету үстелі мен сырықтарын, жағу рәсіміне арналған майды, түтетілетін хош иісті заттарды; киелі шатырдың кіреберісіндегі шымылдықты, | |
| Exod | Kaz | 35:16 | шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді, оның қола торын, сырықтары мен қажетті құрал-саймандарын; (тазару рәсіміне арналған) қола қазан мен тұғырын; | |
| Exod | Kaz | 35:17 | ауланы қоршайтын бағаналарды тағандары, перделерімен қоса, сондай-ақ ауланың кіреберісінің перделерін, | |
| Exod | Kaz | 35:19 | қасиетті орында қызмет атқарғандардың әдемі тоқылған киімдерін және діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарының арнайы киімдерін дайындасын». | |
| Exod | Kaz | 35:20 | Мұса осыларды айтып болған соң, Исраил үрім-бұтағының жиналған бүкіл жамағаты оның қасынан тарап кетті. | |
| Exod | Kaz | 35:21 | Мұнан кейін шын жүректен, өз еркімен Жаратқан Иеге арнап сый-тартулар бергілері келген барлығы да соларын алып келді. Осылай олар Жаратқан Иемен кездесетін киелі шатырды тұрғызып, ондағы қызметтерге қажетті бұйымдар мен арнайы киімдерді жасауға керекті заттарды әкелді. | |
| Exod | Kaz | 35:22 | Осыған ерік білдіргендердің бәрі де, еркек болсын, әйел болсын келді. Олар түрлі-түрлі алтын әшекейлерін: білезік, сырға-жүзік, алқаларын әкеліп, Жаратқан Иеге бағыштап ұсынды. | |
| Exod | Kaz | 35:23 | Қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптері мен ешкінің түбіті, қызыл түске боялған қошқар терісі әрі борсықтың терісі барлары да соларын әкеліп берді. | |
| Exod | Kaz | 35:24 | Күміс пен қоладан тарту әкелгендер де оларын Жаратқан Иеге арнады. Кімде аққараған ағашы бар болса, сол да ағашын киелі шатыр үшін қолдануға ұсынды. | |
| Exod | Kaz | 35:25 | Жіп иіре алатын шебер әйелдер қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн не жіңішке зығыр жіптерді өз қолдарымен иіріп әкелді. | |
| Exod | Kaz | 35:27 | Рубасылары оникс және басқа да асыл тастарды Һаронның арнайы сырт киімі мен кеуде қалтасы үшін алып келді. | |
| Exod | Kaz | 35:28 | Олар, сондай-ақ, май шамдарға, жағу рәсіміне және түтетілуге арнап зәйтүн майы мен хош иісті заттарды да ұсынды. | |
| Exod | Kaz | 35:29 | Исраилдің барлық әйелдері мен ер адамдары Жаратқан Иенің Мұса арқылы істеуге тапсырған күллі жұмыстары үшін өз жүрек қалауларымен Жаратқан Иеге арнап ерікті сый-тартуларын алып келді. | |
| Exod | Kaz | 35:30 | Содан Мұса Исраилдің үрім-бұтағына былай деді: «Біліп алыңдар: Жаратқан Ие Яһуда руынан шыққан Ұри ұлы Һұр немересі Беселиелді арнайы таңдап алды. | |
| Exod | Kaz | 35:31 | Оны Құдайдың Рухына кенелтіп, оған ақыл-парасат пен қабілет дарытып, барлық өнерден хабардар етіп қойды. | |
| Exod | Kaz | 35:33 | асыл тастарды қашап өңдеп, жиектемеге қондыруға, ағаш кесіп, оюлап әшекейлеуге және кез келген көркем өнер жұмыстарын істеуге қабілет берді. | |
| Exod | Kaz | 35:34 | Мұның үстіне Жаратқан Ие Беселиелге және Дан руынан шыққан Ахисамах ұлы Аһолияпқа басқаларға тәлім беру дарынын да сыйлады. | |
| Exod | Kaz | 35:35 | Тәңір Ие сол екеуін қандай да болсын жұмысты істей алатын қабілетке кенелтті. Сондықтан олар зергерлер, жобалар ойлап шығаратын көркемдеушілер, шебер тоқымашылар ретінде, не болмаса қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптермен кестелеп тоқушылар ретінде әр қилы бұйымдарды әсем тоқып, күрделі жобаларды ойлап шығарып, жүзеге асыра алады. | |
Chapter 36
| Exod | Kaz | 36:1 | Ендеше Беселиел мен Аһолияп та, Жаратқан Ие киелі шатырды дайындап, тұрғызып, жабдықтаудың бүкіл жұмысын іске асыруға ақыл-парасат пен қабілет дарытқан барлық басқа шеберлер де Оның тапсырғандарын түгелдей жасап шығарсын». | |
| Exod | Kaz | 36:2 | Осылайша Мұса Беселиел мен Аһолияпты да, Жаратқан Ие ақыл-парасат пен шеберлік дарытқан, шын жүректен келіп, жұмыс істеуге тілек білдірген тағы басқалардың барлығын да жұмыстарына кірісуге шақырды. | |
| Exod | Kaz | 36:3 | Олар Исраил халқы киелі шатырды тұрғызуға арнап әкелген сый-тартуларының барлығын Мұсадан қабылдап алды.Бұдан кейін де халық күн сайын ертеңмен Мұсаға өз еріктерімен сый-тартулар әкеліп жатты. | |
| Exod | Kaz | 36:5 | «Халық Жаратқан Ие тапсырған іске қажетті заттарды мөлшерден тыс әкеліп жатыр», — деп баяндады. | |
| Exod | Kaz | 36:6 | Содан Мұса жарлық шығарып, оны ел қонысына таратқызды: «Бұдан былай бірде-бір еркек не әйел киелі шатырға арнап заттар дайындап жасамасын!»Сонда исраилдіктер сый-тарту әкелулерін тоқтатты. | |
| Exod | Kaz | 36:7 | Өйткені олардың осыған дейін әкелгендері барлық жұмыстарды атқаруға жетіп, тіпті қажетті мөлшерден артылып жатты. | |
| Exod | Kaz | 36:8 | Сонымен күллі дарынды шеберлер бірігіп жұмыс істеп, киелі шатырды құруға қажетті заттарды жасап дайындады. Олар жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден шатырдың он жабынын тоқыды. Солардың бетіне керубтердің бейнелері шеберлікпен кестеленді. | |
| Exod | Kaz | 36:10 | Шеберлер Беселиелдің басшылығымен жабындарды бес-бестен қатарластыра біріктіріп тігіп шықты. | |
| Exod | Kaz | 36:11 | Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін олар әрқайсысының бір жақ шетіне қою күлгін жіптен баулық сияқты елу ілгектен дайындап бекітті. | |
| Exod | Kaz | 36:12 | Мұнан кейін шеберлер екі жапқыштың жиегіндегі елу-елуден жасалған ілгектерді бірдей қашықтықта бір-біріне тұспа-тұс келтірді. | |
| Exod | Kaz | 36:13 | Алтыннан елу ілмек шығыршық жасалып, солармен жапқыштың екі жартысы біріктірілді. Осылайша киелі шатыр біртұтас жапқышпен жабылатын болды. | |
| Exod | Kaz | 36:16 | Шеберлер бес жабынды бір бөлек, келесі алты жабынды бір бөлек қатарластыра біріктіріп тікті. | |
| Exod | Kaz | 36:17 | Осылай біріктірілген екі жапқышты бір-біріне қосу үшін әрқайсысының бір жақ шетіне баулық сияқты елу ілгектен дайындалып бекітілді. | |
| Exod | Kaz | 36:18 | Қоладан елу ілмек шығыршық жасалды. Ілгектер солармен бекітіліп, шатырдың төбесі осы біртұтас жапқышпен жабылатын болды. | |
| Exod | Kaz | 36:19 | Содан кейін шеберлер киелі шатырды жабу үшін қызыл түске боялған қошқар терілерінен де бір жапқыш қапты және оның үстінен жабуға борсық терілерінен тағы бір жабынды біріктіріп тікті. | |
| Exod | Kaz | 36:20 | Шатырдың қабырғалары үшін аққараған ағашынан тік тұрғызылатын қырлы бөренелер дайындалды. | |
| Exod | Kaz | 36:22 | Әрқайсысының табанында қатар тұрған екі шошақ тығыннан бар еді. Беселиел күллі бөренелерді осылай жасатты. | |
| Exod | Kaz | 36:23 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасалды: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін қос тағаннан дайындалды. | |
| Exod | Kaz | 36:24 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасалды: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін қос тағаннан дайындалды. | |
| Exod | Kaz | 36:25 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасалды: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін қос тағаннан дайындалды. | |
| Exod | Kaz | 36:26 | Шатырдың оңтүстік пен солтүстік бүйір қабырғалары үшін жиырма бөренеден және олардың табандары болатын қырық күміс тағаннан жасалды: әр бөрененің екі шошақ тығыны үшін қос тағаннан дайындалды. | |
| Exod | Kaz | 36:29 | Сол бұрыштардағы бөренелер төменнен жоғарыға дейін жұпталып, бір шығыршығы бар жоғарғы жақта біріктірілді. Беселиел екі бұрыш үшін де осылай істетті. | |
| Exod | Kaz | 36:30 | Сонымен барлығы сегіз бөрене болды. Оларға арнап әрбіреуіне екі-екіден он алты күміс таған дайындалды. | |
| Exod | Kaz | 36:31 | Беселиел аққараған ағашынан киелі шатырдың оңтүстік, солтүстік және батыс қабырғалары үшін көлденең бес сырықтан жасатты. | |
| Exod | Kaz | 36:32 | Беселиел аққараған ағашынан киелі шатырдың оңтүстік, солтүстік және батыс қабырғалары үшін көлденең бес сырықтан жасатты. | |
| Exod | Kaz | 36:33 | Ал ортаңғы сырықтар бөренелердің ортасынан өтіп, қабырғаның бір басынан келесі басына дейін жететін болды. | |
| Exod | Kaz | 36:35 | Қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден шымылдық тоқылып, бетіне керуб деген күзетші періштелердің бейнелері кестеленді. | |
| Exod | Kaz | 36:36 | Шеберлер аққарағаннан төрт бағана дайындап, алтынмен қаптап, оларға алтын ілгіштер орнатты. Бағаналар үшін төрт күміс таған құйып жасады. | |
| Exod | Kaz | 36:37 | Киелі шатырдың кіреберісіне де арнап қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден шымылдық тоқылды. | |
Chapter 37
| Exod | Kaz | 37:1 | Содан кейін Беселиел аққараған ағашынан Келісім сандығын жасатты. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болды. | |
| Exod | Kaz | 37:2 | Сандықтың іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелді. | |
| Exod | Kaz | 37:3 | Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйылды. Олар төменгі төрт бұрышына: екеуі бір жақ бүйіріне, қалған екеуі қарама-қарсы бүйіріне арналған еді. | |
| Exod | Kaz | 37:5 | Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтарды оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткіздіріп қойды. | |
| Exod | Kaz | 37:6 | Сандықтың қақпағын ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ етіп саф алтыннан жасатты. | |
| Exod | Kaz | 37:7 | Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соққызып жасатты. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан соғылып жасалды. | |
| Exod | Kaz | 37:8 | Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің екі мүсінін алтыннан балғамен соққызып жасатты. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан соғылып жасалды. | |
| Exod | Kaz | 37:9 | Керуб мүсіндері жоғары жайған қанаттарымен қақпақты көлегейлеп, беттерін бір-біріне бағыттап, қақпаққа қарап тұрды. | |
| Exod | Kaz | 37:10 | Беселиел аққарағаннан ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ үстел де жасатты. | |
| Exod | Kaz | 37:12 | Шеберлер үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектеп, соны да алтынмен қаптады. | |
| Exod | Kaz | 37:13 | Мұнан кейін олар төрт алтын шығыршық құйып жасап, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекітті. | |
| Exod | Kaz | 37:14 | Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды. | |
| Exod | Kaz | 37:15 | Үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылды. Сырықтар аққарағаннан жасалып, алтынмен қапталды. | |
| Exod | Kaz | 37:16 | Үстелдің қажетті бұйымдары: аяқ-табақтары мен табалары және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандары саф алтыннан жасалды. | |
| Exod | Kaz | 37:17 | Беселиел саф алтыннан шам қойғыш та жасатты. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалды. | |
| Exod | Kaz | 37:19 | Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болды. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болды. | |
| Exod | Kaz | 37:20 | Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болды. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болды. | |
| Exod | Kaz | 37:21 | Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналасқан еді. | |
| Exod | Kaz | 37:22 | Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалды. | |
| Exod | Kaz | 37:23 | Беселиел шам қойғыштың жеті май шамын, білте түзеткіштері мен табақшаларын да саф алтыннан жасатты. | |
| Exod | Kaz | 37:25 | Беселиел шеберлерге ақ қараған ағашынан хош иісті заттарды түтету үстелін де жасатты. Ол төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бір, биіктігі екі шынтақтан болды. Үстел (үстіңгі жағындағы төрт бұрышынан) мүйіз сияқты шығып тұрған шошақтарымен біртұтас жасалды. | |
| Exod | Kaz | 37:26 | Үстелдің беті, бүкіл жақтаулары және шошақтары да саф алтынмен қапталып, беті айналдыра алтын ернеумен жиектелді. | |
| Exod | Kaz | 37:27 | Ернеудің астына, үстелдің қарама-қарсы екі жағына екі-екіден алтын шығыршықтар орнатылды. Соларға үстелді көтеріп алып жүруге арналған сырықтар кіргізілді. | |
Chapter 38
| Exod | Kaz | 38:1 | Беселиел мұнан кейін шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді аққараған ағашынан жасатты. Үстел төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан еді. | |
| Exod | Kaz | 38:2 | Төрт бұрышынан мүйіз тәрізді шығып тұрған төрт шошақ үстелмен біртұтас болды. Үстел соңынан қоламен қапталды. | |
| Exod | Kaz | 38:3 | Оның мына құрал-саймандарының бәрі қоладан жасалды: күлсалғыштар, қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар. | |
| Exod | Kaz | 38:4 | Ұсталар отқа арналған торды да қоладан жасады. Оны үстел қабырғаларының ортасына дейін жететіндей етіп астынан, ішкі жағынан орналастырды. | |
| Exod | Kaz | 38:5 | Олар қола шығыршықтар құйып, соларды қола тордың төрт бұрышына бекітті. Аққарағаннан жасалып, қоламен қапталған сырықтар сол шығыршықтарға кіргізілді. Құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде сырықтар оның екі бүйірінде болды. Осылай үстел қоламен қапталған тақтайлардан іші қуыс етіліп құрастырылды. | |
| Exod | Kaz | 38:6 | Олар қола шығыршықтар құйып, соларды қола тордың төрт бұрышына бекітті. Аққарағаннан жасалып, қоламен қапталған сырықтар сол шығыршықтарға кіргізілді. Құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде сырықтар оның екі бүйірінде болды. Осылай үстел қоламен қапталған тақтайлардан іші қуыс етіліп құрастырылды. | |
| Exod | Kaz | 38:7 | Олар қола шығыршықтар құйып, соларды қола тордың төрт бұрышына бекітті. Аққарағаннан жасалып, қоламен қапталған сырықтар сол шығыршықтарға кіргізілді. Құрбандық үстелін көтеріп алып жүрген кезде сырықтар оның екі бүйірінде болды. Осылай үстел қоламен қапталған тақтайлардан іші қуыс етіліп құрастырылды. | |
| Exod | Kaz | 38:8 | Кездесу шатырының кіреберісінде жиналып, ғибадат ететін әйелдер қола айналарын Тәңір Иенің жолына бағыштаған болатын. Сол айналардан тазару рәсіміне арналған қола қазан мен оның қола тұғыры жасалды. | |
| Exod | Kaz | 38:9 | Мұнан кейін Беселиел киелі шатырдың ауласын жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделермен қоршатты. Ауланың оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болды. Осы екі жақтың перделерін іліп қою үшін жиырма қола тағанға орнатылатын жиырма бағанадан әрі сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштер мен сырықтар жасалды. | |
| Exod | Kaz | 38:10 | Мұнан кейін Беселиел киелі шатырдың ауласын жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделермен қоршатты. Ауланың оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болды. Осы екі жақтың перделерін іліп қою үшін жиырма қола тағанға орнатылатын жиырма бағанадан әрі сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштер мен сырықтар жасалды. | |
| Exod | Kaz | 38:11 | Мұнан кейін Беселиел киелі шатырдың ауласын жіңішке зығыр жіптен тоқылған перделермен қоршатты. Ауланың оңтүстік және солтүстік жақтарының ұзындығы жүз шынтақтан болды. Осы екі жақтың перделерін іліп қою үшін жиырма қола тағанға орнатылатын жиырма бағанадан әрі сол бағаналарды байланыстыратын күміс ілгіштер мен сырықтар жасалды. | |
| Exod | Kaz | 38:12 | Ауланың батыс жағының ұзындығы елу шынтақ болып, перде он тағанға орнатылатын он бағанаға ілініп қойылатын болды. Солардың да күміс ілгіштері мен сырықтары бар еді. | |
| Exod | Kaz | 38:14 | Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан еді. Әр перде үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінетін болды. | |
| Exod | Kaz | 38:15 | Кіреберістің екі жағындағы перделердің ұзындығы он бес шынтақтан еді. Әр перде үш тағанға орнатылған үш бағанаға ілінетін болды. | |
| Exod | Kaz | 38:17 | Бағаналардың үстіңгі иықтары күміспен қапталды. Бағаналарға арналған тағандар қоладан құйылып, ілгіштер мен перделер ілінетін сырықтары күмістен жасалды. Бүкіл бағаналар бір-бірімен сол күміс сырықтар арқылы байланыстырылды. | |
| Exod | Kaz | 38:18 | Ал аула кіреберісінің пердесі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден түрлі өрнектермен кестеленіп тоқылды. Оның ұзындығы жиырма шынтақ, биіктігі аула перделерінікі сияқты бес шынтақ еді. | |
| Exod | Kaz | 38:19 | Қола тағанға орнатылған төрт бағана күміс ілгіштерімен, сырықтарымен бірге дайындалды. Перде соларға ілінетін болды. Бағаналардың үстіңгі иықтары күміспен қапталған еді. | |
| Exod | Kaz | 38:20 | Ауланы қоршаған бағаналар мен киелі шатырдың өзін бекітуге қажетті күллі қазықтар қоладан жасалды. | |
| Exod | Kaz | 38:21 | Келісімнің айғақтары сақталатын киелі шатырды дайындауға жұмсалған заттардың есебі төменде берілген. Мұсаның бұйрығы бойынша леуіліктер діни қызметкер Һарон ұлы Ітамардың басшылығымен осы есепті жүргізді. | |
| Exod | Kaz | 38:22 | Яһуда руынан шыққан Ұри ұлы, Һұр немересі Беселиел Жаратқан Иенің Мұсаға тапсырғандарының бәрін де жүзеге асырды. | |
| Exod | Kaz | 38:23 | Оның көмекшісі Дан руынан шыққан Ахисамах ұлы Аһолияп болды. Ол зергер, өрнектер ойлап шығаратын көркемдеуші, сондай-ақ қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптермен кесте тоқитын тоқымашы еді. | |
| Exod | Kaz | 38:24 | Жаратқан Иеге тербеп ұсынылған тартулардан киелі шатырдың күллі жұмыстарына жұмсалған алтынның барлық мөлшері жиырма тоғыз ат басындай және жеті жүз отыз ресми мысқал болды. | |
| Exod | Kaz | 38:25 | Қауымның санаққа енгендерінен жиналған күміс мөлшері бір мың жеті жүз жетпіс бес ресми мысқал болды. | |
| Exod | Kaz | 38:26 | Санаққа енген, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлығы алты жүз үш мың бес жүз елу ер адам еді. Олардың әрбіреуі бір бекадан күміс берді. Бека — ресми мысқалдың жарты мөлшері. | |
| Exod | Kaz | 38:27 | Жүз ат басындай күміс киелі шатыр мен перделерге арналған бағаналардың жүз тағандарын құюға кетті, әр тағанға бір ат басындай күмістен. | |
| Exod | Kaz | 38:28 | Бір мың жеті жүз жетпіс бес мысқал күміс бағаналардағы ілгіштер мен сырықтарды жасап, бағаналардың үстіңгі иықтарын қаптауға жұмсалды. | |
| Exod | Kaz | 38:29 | Тәңір Иеге тербеп ұсынылған қола тартудың салмағы жеті жүз ат басындай және екі мың төрт жүз мысқал болды. | |
| Exod | Kaz | 38:30 | Осы қоладан кездесу шатырының кіреберісіндегі бағаналардың тағандары, құрбандық үстелі мен оған қажетті құрал-саймандар жасалды. | |
Chapter 39
| Exod | Kaz | 39:1 | Шеберлер діни қызметкерлердің киелі шатырдағы қызмет еткенде киетін киімдерін қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптерден тоқып дайындады. Олар Һаронның мына арнайы киімдерін де Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етіп жасады: | |
| Exod | Kaz | 39:2 | (ефод деп аталған) жеңсіз сырт киім алтын талшықтардан әрі қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылды. | |
| Exod | Kaz | 39:3 | Бұл үшін шеберлер алтыннан балғамен соғып жұп-жұқа тегіс қабықшалар дайындап, соларды талшықтар етіп қиып, қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн және зығыр жіптермен бірге кестелеп тоқу үшін иірді. | |
| Exod | Kaz | 39:4 | Сырт киімнің алдыңғы, артқы бөліктерінің жоғарғы жақтарын бір-бірімен байланыстырып тұратын екі иық жапсырмасы да жасалды. | |
| Exod | Kaz | 39:5 | Сырт киімді байлап тұратын белбеу де дәл киімнің өзі сияқты алтын талшықтармен және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн әрі жіңішке зығыр жіптермен Жаратқан Иенің Мұсаға тапсырғанындай кестеленіп тоқылды. | |
| Exod | Kaz | 39:6 | Екі оникс тасы әшекейлі алтын жиектемелерге қондырылып, олардың бетіне мөр жасайтын зергерлік мәнермен Исраилдің он екі руының аттары ойылып жазылды. | |
| Exod | Kaz | 39:7 | Жиектемелерге қондырылған осы екі тас Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай сырт киімнің иық жапсырмаларына бекітілді. Олар Исраилдің үрім-бұтағын рақыммен ескере гөр деген өтінішті білдіретін тастар болды. | |
| Exod | Kaz | 39:8 | Жеңсіз сырт киім сияқты, кеуде қалта да алтын талшықтармен және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн әрі жіңішке зығыр жіптермен кестеленіп тоқылды. | |
| Exod | Kaz | 39:13 | ал төртінші қатарға зүбәржат, оникс, яспис тастары алтын жиектемелерге безендіріле қондырылды. | |
| Exod | Kaz | 39:14 | Асыл тастардың саны он екі болды, Исраилдің әрбір руы үшін бір тастан. Осылай әр тасқа Исраилдің бір руының аты мөрдегідей ойылып жазылды. | |
| Exod | Kaz | 39:15 | Шеберлер кеуде қалта үшін саф алтын талшықтардан арқан тәрізді ширатып шынжыр баулар өрді. | |
| Exod | Kaz | 39:16 | Олар алтыннан екі жиектеме мен екі шығыршық та жасап, соларды төс қалтаның жоғарғы екі бұрышына бекітті. | |
| Exod | Kaz | 39:18 | қалған ұштарын иық жапсырмаларының үстіндегі оникс тастарының екі жиектемесіне бекітіп, солармен алдыңғы жақтан байланыстырды. | |
| Exod | Kaz | 39:19 | Шеберлер тағы екі алтын шығыршық жасап, оларды кеуде қалтаның төменгі екі бұрышына оның сырт киімге қараған астыңғы жағынан бекітті. | |
| Exod | Kaz | 39:20 | Осындай басқа да екі алтын шығыршық жасалды. Олар жеңсіз сырт киімнің алдыңғы жағында оның артқы, алдыңғы бөліктерінің түйіскен жеріне таман қолтықтың астынан, белбеудің үстінен бекітілді. | |
| Exod | Kaz | 39:21 | Бұл шығыршықтар қою күлгін баулар арқылы қалтаның төменгі жағындағы шығыршықтармен байланыстырылды. Осылайша кеуде қалта орнынан қозғалмай, белбеудің үстіңгі жағында берік тұратын болды. Бұл Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанына сай еді. | |
| Exod | Kaz | 39:23 | Оның жоғарғы жағында бас сыятындай ойығы болды, ал тарқатылып кетпеуі үшін ойықты айналдыра жаға іспетті қаптама жасалды. | |
| Exod | Kaz | 39:24 | Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді. | |
| Exod | Kaz | 39:25 | Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді. | |
| Exod | Kaz | 39:26 | Сырт көйлектің етегін айналдыра қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн және жіңішке зығыр жіптерден тоқылып жасалған анар жемістері, әрі олардың араларында кішкене саф алтын қоңыраушалар кезекпен ілініп тұрды. Һарон киелі шатырда қызмет атқарған кезде Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай етегінде қоңыраушалар мен анарлар бар осы сырт көйлекті киіп жүруге тиіс еді. | |
| Exod | Kaz | 39:29 | Жалпақ белбеу жіңішке зығыр және қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл түсті жүн жіптерден кестеленіп тоқылды. Бәрі де Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай болды. | |
| Exod | Kaz | 39:30 | Саф алтыннан кішкене тақташа жасалып, бетіне «Жаратқан Иеге бағышталған» деп мөр жасайтын зергер мәнерімен ойылып жазылды. Бағышталудың белгісі болған | |
| Exod | Kaz | 39:31 | алтын тақташа қою күлгін баумен сәлдеге алдыңғы жағынан бекітілді. Ол да Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай болды. | |
| Exod | Kaz | 39:32 | Сонымен киелі шатырдың, яғни Жаратқан Иемен кездесу шатырының бүкіл жұмыстары аяқталды. Исраилдіктер бәрін де дәл Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай жасаған еді. | |
| Exod | Kaz | 39:33 | Олар Тәңір Иенің жер бетіндегі тұрағы — киелі шатыр мен оның барлық бұйымдарын Мұсаға алып келді. Әкелгендері мыналар еді: шатырдың ілмек шығыршықтары мен ілгіштері, бөренелері мен сырықтары, бағаналары мен тағандары, | |
| Exod | Kaz | 39:34 | қызыл түске боялған қошқар терілерінен жасалған төбе жапқышы мен борсық терілерінен жасалған жабыны; ішкі шымылдық; | |
| Exod | Kaz | 39:37 | шамдарымен, қосымша құрал-саймандарымен саф алтын шам қойғыш және жағуға қажетті май; | |
| Exod | Kaz | 39:38 | хош иісті заттар түтетілетін алтын үстел, жағу рәсіміне арналған май, түтетілетін хош иісті заттар; шатырдың кіреберісіндегі шымылдық; | |
| Exod | Kaz | 39:39 | шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын қола үстел мен оның қола торы, сырықтары және барлық құрал-саймандары; тазару рәсіміне арналған қазан астындағы тұғырымен; | |
| Exod | Kaz | 39:40 | тағандарымен, бағаналарымен бірге аулаға және оның кіреберісіне арналған перделер; арқандар мен қазықтар, Тәңір Иемен кездесетін (жер бетіндегі) тұрағындағы қызмет үшін қажетті күллі бұйымдар; | |
| Exod | Kaz | 39:41 | сондай-ақ киелі орында киілетін арнайы киімдер — діни қызметкер Һаронның және оның ұлдарының қызмет атқарған кездерінде киетін киімдері. | |
| Exod | Kaz | 39:42 | Исраилдің үрім-бұтағы бұл жұмыстардың бәрін де Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай етіп орындаған еді. | |
Chapter 40
| Exod | Kaz | 40:2 | «Менімен кездесуге арналған тұрағым — киелі шатырды бірінші айдың бірінші күні құрғыз. | |
| Exod | Kaz | 40:3 | Келісімнің айғақтары сақталатын сандықты шатырдың ішіне қойғызып, шымылдықпен көзден тасалат. | |
| Exod | Kaz | 40:4 | (Нан тартулары қойылатын) үстелді әкелдіріп, оған қатысты нәрселерді орналастырт. Содан кейін шам қойғышты кіргізіп, үстіне шамдарын орнатқыз. | |
| Exod | Kaz | 40:5 | Хош иісті заттарды түтететін алтын үстелді Келісім сандығының алдыңғы жағына қойғызып, киелі шатырдың кіреберісіндегі шымылдықты ілгіз. | |
| Exod | Kaz | 40:7 | Тазару рәсіміне арналған қазанды кездесу шатыры мен құрбандық үстелінің екі ортасына қойдырып, ішіне су құйғыз. | |
| Exod | Kaz | 40:8 | Шатырдың ауласын айналдыра пердемен қоршатып, оның кіреберісінің пердесін де ілгізіп қой. | |
| Exod | Kaz | 40:9 | Арнайы хош иісті майдан алып, киелі шатырға және оның ішіндегі әрбір бұйымға аздап жақ. Осылайша шатырды және оның барлық бұйымдарын Маған бағыштап, киелі қыл. | |
| Exod | Kaz | 40:10 | Мұнан кейін құрбандық үстелі мен оның құрал-саймандарына да осы май жағу рәсімін жасап, үстелді Маған бағышта, сонда ол ерекше киелі болады. | |
| Exod | Kaz | 40:12 | Содан кейін Һарон мен ұлдарын Өзіммен кездесу шатырының кіреберісіне алып келіп, сумен тазару рәсімінен өткіз. | |
| Exod | Kaz | 40:13 | Һаронға арнайы киімдерін кигізіп, май жағу рәсімін орындап, оны діни қызметкерім болуға Өзіме бағышта. | |
| Exod | Kaz | 40:15 | Менің діни қызметкерлерім болулары үшін әкесіне жасағандай, оларға да май жағу рәсімін орында. Осы рәсім орындалғанда өздері де, келер ұрпақтары да діни қызметкерлікке мәңгілік тағайындалады». | |
| Exod | Kaz | 40:17 | Осылайша (халық Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі) екінші жылдың бірінші айының бірінші күні Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы құрастырылды. | |
| Exod | Kaz | 40:18 | Мұса киелі шатырды құрған кезде оның тағандарын орын-орындарына қойғызып, бөренелерін тұрғызып, сырықтарын кигізіп, бағаналарын көтертті. | |
| Exod | Kaz | 40:19 | Мұнан соң киелі шатырдың үстіне жапқышын жайып, оның бетіне жабынын жапты. Мұның бәрі де Жаратқан Иенің бұйрығына сай болды. | |
| Exod | Kaz | 40:20 | Мұса Келісімнің айғақтарын екі тас тақтайшаны алып келіп, Келісім сандығының ішіне салды да, сандықтың шығыршықтарынан сырықтарды өткіздіріп, оның үстіне қақпақты қойғызды. | |
| Exod | Kaz | 40:21 | Содан кейін Келісім сандығын киелі шатырдың ішіне апарғызып, оның алдына арнаулы шымылдықты ілгізіп, Жаратқан Ие бұйырғандай сонымен Келісім сандығын көзден тасалатып қойды. | |
| Exod | Kaz | 40:22 | Мұса арнайы нан үстелін Жаратқан Иенің әмірі бойынша кездесу шатырының ішіне, оның солтүстік бетіне, ішкі шымылдықтың бергі жағына орналастыртты. | |
| Exod | Kaz | 40:23 | Үстелдің үстіне ол Жаратқан Иеге бағышталған нан тартуларын қатарластыра жайғастыртты. | |
| Exod | Kaz | 40:24 | Ал шам қойғышты кездесу шатырының оңтүстік бетіне, нан үстеліне қарама-қарсы орналастыртып, | |
| Exod | Kaz | 40:26 | Мұнан кейін Мұса (хош иісті заттар түтетілетін) алтын үстелді кездесу шатырының ішіне, ішкі шымылдықтың алдыңғы жағына қойғызып, | |
| Exod | Kaz | 40:29 | Мұнан соң ол Тәңір Иенің жер бетіндегі тұрағы — кездесу шатырының кіреберісінің жанына құрбандық үстелін орнатқызды. Оның үстінде ол шалынған құрбандықтарды және астық тартуларын Жаратқан Иенің бұйырғанындай Оған арнап өртеп жіберді. | |
| Exod | Kaz | 40:30 | Мұнан кейін Мұса қазанды кездесу шатыры мен құрбандық үстелінің ортасына орналастыртып, тазару рәсімін орындау үшін ішіне су құйғызды. | |
| Exod | Kaz | 40:32 | Олар кездесу шатырына кірген және құрбандық үстеліне жақындаған сайын Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай осы тазару рәсімін орындап отырды. | |
| Exod | Kaz | 40:33 | Ең соңында Мұса киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланы қоршатқызып, оның кіреберісіндегі пердені ілгізді. Осылай Мұса барлық жұмыстарды аяғына дейін жүзеге асырды. | |
| Exod | Kaz | 40:34 | Сонда кездесу шатырын (бағана тәрізді) бұлт басып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына кенелді. | |
| Exod | Kaz | 40:35 | Мұса кездесу шатырына кіре алмады, себебі оны бұлт жауып, Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағы Оның нұрлы салтанатына бөленді. | |
| Exod | Kaz | 40:36 | Бұлт тұрақтан жоғары қарай көтерілген кезде ғана Исраилдің үрім-бұтағы жолға жиналып, көштерін жалғастыратын. | |