NUMBERS
Up
Chapter 1
| Numb | Kaz | 1:1 | Исраилдіктер Мысыр елінен шыққаннан кейінгі екінші жылдың екінші айының бірінші күні Жаратқан Ие Синай атты елсіз далада тігілген кездесу шатырында Мұсаға тіл қатып былай деді: | |
| Numb | Kaz | 1:2 | — Әрбір ер адамның атын жеке-жеке тіркеу арқылы Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын өз рулары мен әулеттері бойынша санақтан өткізіңдер! | |
| Numb | Kaz | 1:3 | Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктерді жасақ топтарына сай Һарон екеуің түгендеп санап шығыңдар. | |
| Numb | Kaz | 1:4 | Сендерге әрбір рудан бір-бір адамнан көмектессін. Олардың әрқайсысы өз руының басшысы болсын. | |
| Numb | Kaz | 1:16 | Осылар Исраил қауымынан тағайындалған адамдар; олар өз әулеттері мен руларының жетекшілері әрі мыңбасылары да болатын. | |
| Numb | Kaz | 1:18 | олар сол екінші айдың бірінші күні бүкіл жамағатты жинады. Жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдар шыққан ата-тектері, әулеттері мен аты-жөндерін атап санақтан өтті. | |
| Numb | Kaz | 1:19 | Сонымен Мұса Жаратқан Иенің берген нұсқауына сай Синай атты елсіз далада халықты түгендеп санақтан өткізуді басқарды. | |
| Numb | Kaz | 1:20 | Исраилдің тұңғыш ұлы Рубеннің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:22 | Шимонның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:24 | Ғадтың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:26 | Яһуданың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:28 | Исашардың үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:30 | Забулонның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:32 | Жүсіп ұлы Ефремнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:34 | Жүсіп ұлы Манасаның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:36 | Буняминнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:38 | Данның үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:40 | Аширдің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:42 | Нафталимнің үрім-бұтағының шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:44 | Міне, Мұса, Һарон және Исраилдің он екі жетекшісі жүргізген санақтың нәтижелері осындай. Сол он екі жетекшінің әрқайсысы өзі шыққан руының өкілі болды. | |
| Numb | Kaz | 1:45 | Исраилдіктердің шыққан ата-тектері бойынша шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан ер адамдарын түгендеп ретімен санағанда, | |
| Numb | Kaz | 1:50 | Леуіліктерді Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырда қызмет етуге, оның барлық құрал-жабдықтары мен басқа бұйымдарын қарауға тағайында. Леуіліктер киелі шатырды және оның жабдықтарын көтеріп алып жүріп, оларға күтім жасайтын болсын. Олар қостарын киелі шатырдың айналасына тіксін. | |
| Numb | Kaz | 1:51 | Шатырды көшіру қажет болған кезде леуіліктер оны жинап, қонған кезінде қайтадан тігуге тиіс. Ал егер киелі шатырға олардан басқа біреу жақындайтын болса, сол өлтірілсін. | |
| Numb | Kaz | 1:53 | Ал леуіліктер қостарын киелі шатырды айналдыра тіксін. Осылай олар исраилдіктердің қауымын (киелі шатырға абайламай жақындап Құдайдың) қаһарына ілігіп қалудан қорғайтын болады. Осылайша леуіліктер Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырды қорып, қызметтерін атқаратын болады. | |
Chapter 2
| Numb | Kaz | 2:2 | — Исраилдіктердің әрқайсысы өз әулетінің таңбалары бар байрағының астында қоныстануға тиіс. Олар кездесу шатырынан біраз қашықтықта, оны айналдыра қостарын тіксін. | |
| Numb | Kaz | 2:3 | Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон. | |
| Numb | Kaz | 2:9 | Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын. | |
| Numb | Kaz | 2:10 | Ел қонысының оңтүстік жағында Рубен руының тұрағы мен байрағы орналассын. Рубеннің ру басы — Шедеур ұлы Елисур. | |
| Numb | Kaz | 2:16 | Рубен руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу бір мың төрт жүз елу. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында екінші болып жүретін болсын. | |
| Numb | Kaz | 2:17 | Бұлардан кейін Леуі руы кездесу шатырын әрі өздерінің тұрағын басқа рулардың тұрақтарының арасында алып жүрулері керек. Олардың орналасу тәртібі қонған кезде қалай болса, көшкен кезде де дәл солай болып сақталсын. Әркім өз байрағының маңындағы орнында жүрсін. | |
| Numb | Kaz | 2:18 | Ефрем руының тұрағы мен байрағы ел қонысының батыс жағында орналассын. Ефремнің рубасы — Амихуд ұлы Әлишама. | |
| Numb | Kaz | 2:24 | Ефрем руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сегіз мың бір жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында үшінші болып жүретін болды. | |
| Numb | Kaz | 2:25 | Дан руының тұрағы мен байрағы көштің солтүстік жағында орналассын. Данның рубасы — Амишадай ұлы Ахиезер. | |
| Numb | Kaz | 2:31 | Дан руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу жеті мың алты жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру өз байрақтарының астында көштің соңында жүретін болды. | |
| Numb | Kaz | 2:32 | Шыққан ата-тектерінің әулеттері бойынша санақтан өткен исраилдіктер — осылар. Олардың тұрақтарындағы шайқасқа жарамдылардың жалпы саны — алты жүз үш мың бес жүз елу. | |
| Numb | Kaz | 2:33 | Алайда Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай, леуіліктер осы санаққа енгізілген жоқ. | |
Chapter 3
| Numb | Kaz | 3:1 | Ал мынау — Жаратқан Иенің Мұсамен Синай тауында тілдескен кезінде Һароннан және Мұсадан тараған ұрпақтардың шежіресі: | |
| Numb | Kaz | 3:3 | Һаронның өзі май жағу рәсімін орындап, Жаратқан Иеге арналған діни қызметке тағайындаған ұлдарының есімдері — осылар. | |
| Numb | Kaz | 3:4 | Алайда Надаб пен Әбиһу Синай атты елсіз далада Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынғандары үшін өлім құшқан болатын. Олардың арттарында бала да қалмаған еді. Сондықтан жалғыз Елазар мен Ітамар ғана әкелері Һаронның қасында діни қызмет атқаратын болды. | |
| Numb | Kaz | 3:6 | «Леуі руын алға шығарып, оларды діни қызметкер Һаронның алдына тұрғыз. Олар оған қызмет ететін болсын. | |
| Numb | Kaz | 3:7 | Леуіліктер діни қызметкер Һарон және бүкіл халық үшін кездесу шатырының алдындағы күзету және қызмет ету жұмыстарын атқаратын болсын. | |
| Numb | Kaz | 3:8 | Олар кездесу шатырының барлық құрал-жабдықтарына күтім жасап, осылай Исраил халқына жүктелген киелі шатырдағы қызмет ету міндетін орындайтын болады. | |
| Numb | Kaz | 3:9 | Сонымен леуіліктерді Һарон мен оның ұлдарының қарауына тапсыр. Бүкіл Исраил халқының арасынан леуіліктер Һаронның құзырына тапсырылсын. | |
| Numb | Kaz | 3:10 | Һаронды және оның ұлдарын діни қызметтерін атқаруға тағайында. Ал бөтен адам сол қызметті атқарамын деп жақындаса, өлтірілсін». | |
| Numb | Kaz | 3:12 | «Міне, Мен Өзіме исраилдіктердің барлық тұңғыш ұлдарының орнына Леуі руын бағыштадым. Күллі леуіліктер Менікі. | |
| Numb | Kaz | 3:13 | Себебі тұңғыш атаулы Менікі. Мен Мысыр халқының барлық тұңғыштарының көздерін құртқан күннен бастап, Исраилдің барлық тұңғыш ұлдарын да, малдың тұңғыш төлдерін де Өзіме бағыштадым. Сондықтан олар Менікі болуға тиіс. Мен Жаратқан Иемін». | |
| Numb | Kaz | 3:15 | «Барлық жасы бір айдан жоғары еркек кіндікті леуіліктерді шыққан ата-тектері мен әулеттері бойынша түгендеп санақтан өткіз!» | |
| Numb | Kaz | 3:20 | Мераридің ұлдарынан тараған әулеттер: Мәхли, Мұши. Шыққан ата-тектері бойынша леуіліктердің әулеттері осылар. | |
| Numb | Kaz | 3:22 | Олардағы санақтан өткен, жасы бір айдан жоғары еркек кіндіктілердің жалпы саны жетпіс мың бес жүз болып шықты. | |
| Numb | Kaz | 3:23 | Герсондық әулеттер киелі шатырдың артында, яғни, батыс жақта орналасып қостарын тіксін. | |
| Numb | Kaz | 3:25 | Герсондықтар киелі кездесу шатырында мына міндеттерді орындауға тағайындалды: шатырдың өзіне жабындарымен қоса, сондай-ақ кіреберісіндегі шымылдыққа, | |
| Numb | Kaz | 3:26 | ауланың перделеріне, киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланың кіреберісіндегі пердеге және арқандарға күтім жасау әрі соған байланысты барлық жұмыстарды атқару. | |
| Numb | Kaz | 3:28 | Бұлардағы санақтан өткен, жасы бір айдан жоғары еркек кіндіктілерінің жалпы саны сегіз мың алты жүз болып шықты. Олардың жауапкершілігінде киелі шатырдағы қызмет болды. | |
| Numb | Kaz | 3:31 | Қахаттықтар Келісім сандығын, (нан тартулары қойылатын) үстелді, шам қойғышты, құрбандық үстелін және хош иісті заттарды түтету үстелін, киелі шатырдағы қызметте қолданылатын құрал-саймандарды және шымылдықты қарап, оларға байланысты барлық жұмыстарды атқаруға тағайындалды. | |
| Numb | Kaz | 3:32 | Леуі руы басшыларының жетекшісі діни қызметкер Һаронның ұлы Елазар болды. Ол киелі шатырдағы түрлі қызметтерді атқаратындардың үстерінен қарады. | |
| Numb | Kaz | 3:34 | Олардағы санақтан өткен жасы бір айдан жоғары еркек кіндіктілердің жалпы саны алты мың екі жүз болып шықты. | |
| Numb | Kaz | 3:35 | Мерарилік әулеттердің басшысы — Әбихаил ұлы Суриел. Мерарилік әулеттер киелі шатырдың солтүстік жағында орналасып қостарын тіксін. | |
| Numb | Kaz | 3:36 | Мерариліктердің орындайтын міндеті киелі шатырдың бөренелеріне, көлденең сырықтарына, бағаналарына, тағандарына және барлық құрал-жабдықтарына күтім жасап, соларға байланысты бүкіл қызметті атқару болды. | |
| Numb | Kaz | 3:37 | Олар, сондай-ақ, киелі шатырдың айналасындағы ауланың бағаналары, тағандары, қазықтары мен арқандарына байланысты қызметтерді де атқаратын. | |
| Numb | Kaz | 3:38 | Киелі шатырдың алдында, оның шығыс жағында Мұса, Һарон және оның ұлдары қостарын тігетін болды. Оларға исраилдіктердің атынан киелі шатырды басқарып, бақылап қорғау міндеті жүктелді. Ал соған жақындаған бөтен адам өлтірілуге тиіс болды. | |
| Numb | Kaz | 3:39 | Мұса мен Һарон Жаратқан Иенің берген нұсқауына сай Леуі руын өз әулеттері бойынша түгендеп санақтан өткізгенде, олардағы жасы бір айдан жоғары еркек кіндіктілердің тіркелген жалпы саны жиырма екі мың болып шықты. | |
| Numb | Kaz | 3:40 | Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп нұсқады: «Исраилдіктердің жасы бір айдан жоғары барлық еркек кіндікті тұңғыштарын санақтан өткізіп, аты-жөндерін тізімге тірке. | |
| Numb | Kaz | 3:41 | Осылайша исраилдіктердің барлық тұңғыш ұлдарының орнына леуіліктерді Маған бағышта; Мен Жаратқан Иемін. Исраилдіктердің малының барлық алғашқы төлінің орнына леуіліктердің малы да Менікі». | |
| Numb | Kaz | 3:42 | Содан Мұса Жаратқан Иенің нұсқауына сай исраилдіктердің арасындағы барлық тұңғыш туған еркек кіндіктілерді түгендеп санақтан өткізді. | |
| Numb | Kaz | 3:43 | Сонда есімдерінің тізіміне сәйкес есептегенде, исраилдіктердің жасы бір айдан жоғары еркек кіндікті тұңғыш болып туғандарының жалпы саны жиырма екі мың екі жүз жетпіс үш болды. | |
| Numb | Kaz | 3:45 | «Исраилдіктердің барлық тұңғыш ұлдарының орнына леуіліктерді, барлық малының орнына леуіліктердің малын ал. Леуіліктер Менікі болып Маған арнайы қызмет етуге тиіс; Мен Жаратқан Иемін. | |
| Numb | Kaz | 3:46 | Леуіліктердің санынан асып түсетін екі жүз жетпіс үш тұңғыш болып туған исраилдіктің құнын өтеп, (міндеттерінен) босату үшін | |
| Numb | Kaz | 3:47 | олардың әрқайсысы үшін бес мысқал күмістен қабылдап ал. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын киелі орында қолданылатын ресми өлшем. | |
| Numb | Kaz | 3:49 | Сонда Мұса саны леуіліктерден артылып қалған тұңғыш болып туған исраилдіктердің құны ретінде төленген күмісті жинап алғанда, | |
| Numb | Kaz | 3:50 | ол киелі орынның ресми өлшемі бойынша салмағы бір мың үш жүз алпыс бес мысқал тартатын күміс болды. | |
Chapter 4
| Numb | Kaz | 4:3 | Жасы отыз бен елу арасындағы қызмет етуге жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана. | |
| Numb | Kaz | 4:5 | Ел қонысы көшуге дайындалғанда, Һарон ұлдарымен бірге ең қасиетті бөлмені ажыратып бөліп тұратын шымылдықты шешіп алып, сонымен Келісім сандығын жабатын болсын. | |
| Numb | Kaz | 4:6 | Олар соның үстіне борсық терілерінен жасалған жабын жайып, оның үстіне бір түсті қою күлгін жапқыш жапсын. Сырықтарды шығыршықтарға кіргізсін. | |
| Numb | Kaz | 4:7 | Һарон мен оның ұлдары нан тартулары қойылатын үстелге қою күлгін түсті дастарқан жайып, оның үстіне аяқ-табақтар мен табаларды, сұйық тартулар жасауға арналған құмыралар мен тостағандарды қоюлары керек. Сол үстелдің үстінде Жаратқан Иеге бағышталған нан тартулары ұдайы болсын. | |
| Numb | Kaz | 4:8 | Солардың үстіне ал қызыл түсті жапқыш жайып, борсық терілерінен жасалған жабынмен жауып, сырықтарды орнатсын. | |
| Numb | Kaz | 4:9 | Мұнан кейін олар қою күлгін түсті жабынды алып, онымен жарық түсіретін шам қойғышты, оның шамдарын, шам өшіргіш қысқаштар мен табақшаларды әрі шамдарға байланысты қызметте қолданылатын зәйтүн майының ыдыстарын да жапсын, | |
| Numb | Kaz | 4:10 | олар шам қойғышты және оның барлық құрал-жабдықтарын борсық терілеріне орап, зембілге салып қойсын. | |
| Numb | Kaz | 4:11 | Бұдан соң олар хош иісті заттар түтетілетін алтын үстелдің үстіне қою күлгін жабын жайып, оны борсық терілерінен жасалған жабынмен жауып, үстелге оның арнайы сырықтарын орнатсын. | |
| Numb | Kaz | 4:12 | Олар киелі орында қызмет етуге арналған басқа құрал-саймандарды да алып, оларды қою күлгін жабынға орап, борсық терісінен жасалған жабынмен жауып, зембілге салып қойсын. | |
| Numb | Kaz | 4:13 | Мұнан кейін Һарон және оның ұлдары шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді күлден тазартып, оның үстіне күрең қызыл жабын жайсын. | |
| Numb | Kaz | 4:14 | Олар құрбандық үстелінде жасалатын қызметте қолданылатын құрал-саймандардың бәрін: (шоқ салатын) табаларды, шанышқыларды, қалақтарды, (қан бүркуге арналған) тостағандарды, яғни құрбандық үстелінің барлық құрал-саймандарын, жабынның үстіне қойып, оларды борсық терілерінен жасалған жамылғымен жауып, үстелге оның арнайы сырықтарын орнатсын. | |
| Numb | Kaz | 4:15 | Исраилдіктердің ел қонысы көшер алдында Һарон және оның ұлдары киелі шатыр мен оның құрал-жабдықтарын жауып болған соң ғана қахаттықтардың жақындап келіп, оларды көтеріп алып жүрулеріне болады. Сол киелі заттардың ешқайсысына қол тигізулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады. Қахаттықтардың кездесу шатырындағы алып жүретін заттары осылар. | |
| Numb | Kaz | 4:16 | Діни қызметкер Һарон ұлы Елазарға шамдардың майына, түтетілуге арналған хош иісті заттарға, ұдайы ұсынылатын астық тартулары мен май жағу рәсіміне арналған майға қатысты, сондай-ақ, бүкіл киелі орын мен ондағының бәріне: кездесу шатыры мен оның құрал-жабдықтарына қатысты жауапкершілік жүктелген». | |
| Numb | Kaz | 4:19 | Олар ең киелі нәрселерге жақындап өліп қалмай, тірі қалулары үшін Һарон мен оның ұлдары қахаттықтардың әрқайсысын атқаратын қызметі мен алып жүретін жүгіне қарай тағайындасын. | |
| Numb | Kaz | 4:20 | Бірақ қахаттықтардың ең қасиетті бөлмеге бір сәтке де кіріп, жиналып жатқан киелі нәрселерді көрулеріне болмайды, әйтпесе олар өлім құшады». | |
| Numb | Kaz | 4:23 | Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, киелі шатырдың жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана. | |
| Numb | Kaz | 4:25 | олар кездесу шатырының шымылдықтарын, жапқыштарымен қоса кездесу шатырының өзін, оның үстіндегі борсық терілерінен жасалған жабынды және кездесу шатырының кіреберісіндегі перделерді көтеріп алып жүруге тиіс. | |
| Numb | Kaz | 4:26 | Герсондықтар ауланың перделерін, киелі шатыр мен құрбандық үстелінің айналасындағы ауланың кіреберісіне ілінген пердені, арқандарын және құрбандық үстелінде атқарылатын қызметке қажетті құрал-саймандардың барлығын алып жүреді. Сонымен герсондықтар осы нәрселердің бәрін істеуге міндетті. | |
| Numb | Kaz | 4:27 | Герсондықтар Һарон мен оның ұлдарының өздеріне берген нұсқауымен жұмыс жасауға әрі жүк тасуға тиісті. Һарон мен оның ұлдары герсондықтарға таситын жүктерін мұқият сақтап қадағалауды тапсырсын. | |
| Numb | Kaz | 4:28 | Герсондықтардың кездесу шатырында атқарар жұмыстары осылар. Олар міндеттерін діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың нұсқауы бойынша атқаратын болады. | |
| Numb | Kaz | 4:30 | Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілерін сана. | |
| Numb | Kaz | 4:31 | Кездесу шатырына қатысты жұмыс істегенде оларға мынадай міндет жүктеледі: олар шатырдың бөренелерін, көлденең сырықтарын, бағаналарын, күміс тағандарын, | |
| Numb | Kaz | 4:32 | ауланы айнала орналасқан бағаналарды, тағандарын, арқандарын, олардың барлық құрал-саймандары мен солардың қызметіне қатыстының бәрін алып жүруге міндетті. Қай затты кімнің алып жүруге тиіс екендігін аттарымен атап тағайындау керек. | |
| Numb | Kaz | 4:33 | Діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың нұсқауымен Мераридің ұрпақтары кездесу шатырында атқаруға тиісті жұмыстар, міне, осылар. | |
| Numb | Kaz | 4:34 | Содан соң Мұса, Һарон және Исраил қауымының жетекшілері Қахаттың ұрпақтарын өз әулеттері мен ата-тектері бойынша санақтан өткізді. | |
| Numb | Kaz | 4:35 | Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілері есептелгенде, | |
| Numb | Kaz | 4:37 | Бұл — кездесу шатырында жұмыс істейтін қахаттықтардың өз әулеттері бойынша санағы. Мұса мен Һарон санақты Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай өткізді. | |
| Numb | Kaz | 4:39 | Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілері есептелгенде, | |
| Numb | Kaz | 4:41 | Бұл — кездесу шатырында жұмыс істейтін герсондықтардың өз әулеттері бойынша санағы. Мұса мен Һарон санақты Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай өткізді. | |
| Numb | Kaz | 4:43 | Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқара алатын еркек кіндіктілері есептелгенде, | |
| Numb | Kaz | 4:45 | Бұл — кездесу шатырында жұмыс істейтін мерариліктердің өз әулеттері бойынша санағы. Мұса мен Һарон санақты Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сай өткізді. | |
| Numb | Kaz | 4:46 | Осылай Мұса, Һарон және Исраилдің жетекшілері барлық леуіліктерді әулеттері мен ата-тектері бойынша санақтан өткізді. | |
| Numb | Kaz | 4:47 | Жасы отыз бен елу арасындағы қызметке жарамды, кездесу шатырының жұмысын атқарып, оның жүгін көтере алатын еркек кіндікті леуіліктердің ұзын саны | |
Chapter 5
| Numb | Kaz | 5:2 | «Исраилдіктерге жұқпалы тері ауруына шалдыққан, денесінен ірің ағатын немесе өлікке жанасып арамданған адамдарды ел қонысынан шығарып жіберуге бұйыр. | |
| Numb | Kaz | 5:3 | Еркек болсын, әйел болсын, ондай адамдарды қоныстарыңның сыртына шығарып жіберіңдер! Ондағы мақсат — олардың Өзім араларыңда тұратын қонысты арамдамаулары». | |
| Numb | Kaz | 5:4 | Исраилдіктер осылай істеп, сондайларды ел қонысының сыртына шығарып жіберді. Жаратқан Ие Мұсаға қалай айтқан болса, исраилдіктер дәл солай істеді. | |
| Numb | Kaz | 5:6 | «Исраилдің үрім-бұтағына мынаны айт: Ер адам немесе әйел қандай да бір күнә жасап Жаратқан Иеге опасыздық істеуі арқылы айыпты болса, | |
| Numb | Kaz | 5:7 | ондай адам өз күнәсін ашық мойындасын. Содан кейін ол жасағанының толық құнын, оның үстіне сол құнның бестен бірін қосып, зиян шеккен адамға берсін. | |
| Numb | Kaz | 5:8 | Бірақ егер сол адам өліп, оның айып төлемін қабылдап алатындай туысқан қамқоршысы болмаса, онда айып төлем Жаратқан Иеге тиісті болып, діни қызметкерге берілсін. Оған сол адамның күнәсінің арамдығынан тазаруы үшін құрбандыққа шалған қошқары да берілсін. | |
| Numb | Kaz | 5:9 | Исраилдіктердің діни қызметкерге әкеліп, көтеріп ұсынатын киелі тартуларының барлығы оған тиесілі. | |
| Numb | Kaz | 5:10 | Әрбір адамның Жаратқан Иеге бағыштаған сый-тартулары діни қызметкердің меншігіне айналады: адамның діни қызметкерге табыс еткені сонікі болмақ». | |
| Numb | Kaz | 5:12 | — Исраилдіктерге мынаны айт: Біреудің әйелі түзу жолдан адасып, күйеуіне опасыздық жасап, | |
| Numb | Kaz | 5:13 | өзге ер адаммен төсектес болса, бірақ ешкім үстінен түспей, куәгер жоқ болғандықтан бұл жайт күйеуіне беймәлім болып, әйелдің арамданғаны құпия күйінде қала беруі мүмкін. | |
| Numb | Kaz | 5:15 | ол әйелін діни қызметкерге алып барсын. Күйеуі әйелі үшін берілетін тарту ретінде пұттың оннан біріндей мөлшерде арпа ұнын да ала барсын. Бірақ сол ұнға ол не май құйып, не хош иісті зат салушы болмасын. Себебі бұл — қызғанышқа бола ұсынылған астық тартуы, ол әділетсіздіктің орын алған-алмағанын тексеріп білуге арналған естелік тарту. | |
| Numb | Kaz | 5:17 | Діни қызметкер қыш құмыраға Жаратқан Иеге бағышталған судан құйып, оған киелі шатырдың жер еденінен алынған біразырақ топырақты салсын. | |
| Numb | Kaz | 5:18 | Содан соң ол Жаратқан Иенің алдында тұрған әйелдің шашын жайғызып, оның қолына естелік тартуын, яғни қызғанышқа бола ұсынылған астық тартуын, ұстатсын. Ал өзі қарғыс келтіретін жаңағы ащы су құйылған құмыраны ұстап тұрсын. | |
| Numb | Kaz | 5:19 | Діни қызметкер әйелге ант бергізіп, оған былай десін: «Егер бөтен еркек сенімен төсектес болмаған болса, сен некелі күйеуің бола тұра оған опасыздық жасамаған әрі өзіңді арамдамаған болсаң, қарғыс алып келетін мына ащы су саған еш зиянын тигізбесін. | |
| Numb | Kaz | 5:20 | Бірақ егер сен түзу жолдан адасып, некелі күйеуің бола тұра өзге еркекпен төсектес болып, күйеуіңе опасыздық жасап, өзіңді арамдаған болсаң, — | |
| Numb | Kaz | 5:21 | осы кезде діни қызметкер әйелге қарғыс келтіретін мына анттың сөздерін айтқызып, оған былай десін: — онда Жаратқан Ие саған бойыңа бала бітсе оны түсіріп тастайтын құрсақ беріп, бедеу қылсын. Солай сенің халқың саған лағнет айтып, айыптайтын болсын! | |
| Numb | Kaz | 5:22 | Қарғыс алып келетін осы су денеңе еніп, сені бедеу қылып, ал құрсағыңды бойыңа бала бітсе, түсіріп тастай беретін етсін!»Ал әйел бұған: «Аумин, солай болсын!» десін. | |
| Numb | Kaz | 5:23 | Діни қызметкер осы қарғыстарды бір нәрсеге жазып қойсын. Содан кейін ол жазғандарын ащы сумен өшіріп шайсын. | |
| Numb | Kaz | 5:24 | Діни қызметкер осы қарғыс алып келетін суды кейінірек әйелге ішкізсін. Егер әйел кінәлі болса, су оның денесіне еніп, оны қатты азапқа ұшыратады. | |
| Numb | Kaz | 5:25 | Бұдан кейін діни қызметкер әйелдің қолынан қызғанышқа байланысты астық тартуын алып, оны Жаратқан Иенің алдында тербей көтеріп, құрбандық үстеліне алып барсын. | |
| Numb | Kaz | 5:26 | Ол астық тартуының бір уысын алып, тартудың естелік бөлігі ретінде құрбандық үстелінде өртеп жіберсін. Осыдан кейін әйелге қарғыстың суын ішкізсін. | |
| Numb | Kaz | 5:27 | Егер әйел шынымен күйеуіне опасыздық жасап арамданған болса, ол қарғыс алып келетін сол ащы суды ішкенде, су оның бойына тарап, оны қатты азапқа ұшыратады. Сол су оның құрсағын ісітіп, мықынын аздырып, оны бала көтере алмайтын етеді. Сол себепті оның аты өз халқының арасында қарғысқа айналады. | |
| Numb | Kaz | 5:28 | Ал егер сол әйел арамданбаған, ешбір жазығы жоқ болса, ол өзіне тағылған айыптан құтылып, бала көтеретін болады. | |
| Numb | Kaz | 5:29 | Сонымен, әйел некелі ері бола тұра түзу жолдан адасып өзге ер адаммен төсектес болып арамданғанда, | |
| Numb | Kaz | 5:30 | немесе күйеуі әйеліне күдіктеніп, қызғанған кезде қолданылатын заң — осы. Сондай жағдайда діни қызметкер әйелді Жаратқан Иенің алдында тұрғызып, оған осы заңды толығымен іске асырады. | |
Chapter 6
| Numb | Kaz | 6:2 | — Исраилдіктерге мынаны айт: Егер бір ер адам не әйел өзін Жаратқан Иеге ерекше бағыштап бөлектейтін назир антын берсе, | |
| Numb | Kaz | 6:3 | сол адам шараптан және ашыған басқа сусыннан бас тартсын, әрі шарап не өзге ашыған сусыннан жасалған сірке суын да ішпеуі керек. Оған не жүзім шырынын, не жаңа піскен жүзімді, не мейізді ішіп-жеуіне болмайды. | |
| Numb | Kaz | 6:4 | Құдайға бағышталып назир болып жүрген кезінде оған жүзім бұтасынан шығатын еш нәрсені, тіпті жүзімнің қабығы мен дәнегін де жеуге болмайды. | |
| Numb | Kaz | 6:5 | Адамның Құдайға бағышталып назир антын ұстанған кезінде оның басына ұстара тимеуі тиіс. Жаратқан Иеге өзін ерекше бағыштаған киелі мерзімі біткенше ол шашын өсіре берсін. | |
| Numb | Kaz | 6:7 | Тіпті өз әкесі, шешесі немесе туған бауыры қайтыс болса да, ол солардың мәйітіне барып өзін арамдамасын. Оның Құдайға бағышталғандығының сыртқы белгісі — басындағы шашы. | |
| Numb | Kaz | 6:9 | Егер оның көз алдында біреу кенеттен қайтыс болса, осының өзі де оның басындағы бағышталған шашты арамдайды. Жеті күндік тазару мерзімі өткен соң ол шашын алдырып тастасын. | |
| Numb | Kaz | 6:10 | Ал сегізінші күні ол кездесу шатырының кіреберісіне діни қызметкерге екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді алып келсін. | |
| Numb | Kaz | 6:11 | Сол адам өліктің жанында болуы арқылы күнәлі болғандықтан, діни қызметкер екі құстың біреуін күнәнің құнын өтейтін, ал екіншісін түгелдей өртелетін құрбандық ретінде шалсын. Осылай адам өліктің қасында болып арамданған күйінен тазарады. Сол күні ол қайтадан назир антын беріп, бұдан былай шашын өсіретін болсын. | |
| Numb | Kaz | 6:12 | Ол өзін қайтадан Жаратқан Иеге бағыштап назир болып, соған арнайы уақытты белгілесін және айыбын өтейтін құрбандығы ретінде бір жасар тоқтыны алып келсін. Себебі ол арамданып қалғандықтан оның назир болған бұрынғы күндері жарамсыз. | |
| Numb | Kaz | 6:13 | Адамның назир болып Құдайға ерекше бағышталған мерзімі аяқталған кездегі рәсімдер туралы заң мынау. Назир антын берген адам кездесу шатырының кіреберісіне келтірілсін. | |
| Numb | Kaz | 6:14 | Ол Жаратқан Иеге арнап мына құрбандықтарды: бір жасар мінсіз еркек тоқтыны — түгелдей өртелетін құрбандыққа, бір жасар ұрғашы тоқтыны — күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа және бір мінсіз қошқарды — Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандыққа алып келсін. | |
| Numb | Kaz | 6:15 | Осыған қоса ол бір себет таңдаулы бидай ұнынан зәйтүн майымен араластырылып пісірілген ашымаған нан, зәйтүн майы жағылған шелпек, сондай-ақ астық және сұйық тартуларын да әкелсін. | |
| Numb | Kaz | 6:16 | Діни қызметкер осыларды Жаратқан Иенің алдына әкеліп, күнәнің құнын өтейтін құрбандықты және түгелдей өртелетін құрбандықты шалып ұсынады. | |
| Numb | Kaz | 6:17 | Бұдан кейін Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығы ретінде қошқарды шалып, ашымаған нан тартуы бар себетті қоса әкелсін. Сол сияқты, діни қызметкер астық және сұйық тартуларын да ұсынсын. | |
| Numb | Kaz | 6:18 | Содан соң назир болған кісі басындағы назирлікке бағышталған кезде шыққан шашын кездесу шатырының кіреберісінде қырықсын. Оны Құдаймен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандығының астында жанып жатқан отқа салып өртеп жіберсін. | |
| Numb | Kaz | 6:19 | Назир болған адам шашын қырқып тастағаннан кейін діни қызметкер құрбандыққа шалынған қошқардың пісірілген оң жақ жауырынын және себеттегі ашымаған нан мен шелпектен бір-бірден алып, оларды назир болған адамның алақанына салып берсін. | |
| Numb | Kaz | 6:20 | Мұнан соң діни қызметкер оларды Жаратқан Иенің алдында әрі-бері тербеп ұсынады. Олар әрі-бері тербеп ұсынылған төс және көтеріп ұсынылған сан етімен бірге діни қызметкердің үлесіне тиесілі әрі киелі. Бұдан былай назир болған адамның шараптан ішуіне болады. | |
| Numb | Kaz | 6:21 | Өзін Жаратқан Иеге антпен ерекше бағыштап назир болған адамның жасайтын тартулары туралы заң осы. Егер назир болған адам өзі ұсынуға тиісті тартуларына қоса басқа нәрсені де ұсынуға серт берген болса, онда өзінің сол сертін де бұлжытпай іске асыруы қажет. | |
Chapter 7
| Numb | Kaz | 7:1 | Киелі шатырды құрып болған күні Мұса оған және ішіндегі барлық құрал-жабдықтарына, құрбандық үстелі мен оның бұйымдарына май жағу рәсімін орындап, оларды Жаратқан Иеге бағыштап киелі етті. | |
| Numb | Kaz | 7:3 | Олар Жаратқан Иеге арнаған сый-тартуларын он екі өгізге жегілген, үсті жабық алты арбаға тиеп алып келді. Әрбір жетекшіге бір өгізден, ал әрбір екі жетекшіге бір арбадан келді. Жетекшілер осыларды киелі шатырдың алдына әкеліп ұсынды. | |
| Numb | Kaz | 7:5 | «Алып келгендерін олардан қабылдап ал. Бұл тартуларды кездесу шатырындағы қызметте қолдануға болады. Оларды леуіліктерге атқаратын қызметтеріне қарай үлестіріп бер». | |
| Numb | Kaz | 7:7 | Мұса (кездесу шатырындағы) қызметтеріне сай екі арба мен төрт өгізді Герсонның ұрпақтарына, | |
| Numb | Kaz | 7:8 | төрт арба мен сегіз өгізді Мераридің ұрпақтарына үлестірді. Олардың барлығы күллі қызметтерін діни қызметкер Һаронның ұлы Ітамардың басшылығымен атқарды. | |
| Numb | Kaz | 7:9 | Ал қахаттықтарға Мұса еш көлік бермеді, себебі олардың қызметі — киелі жиһаздарды өз иықтарымен көтеріп алып жүру болды. | |
| Numb | Kaz | 7:10 | Құрбандық үстеліне май жағу рәсімі жасалып болғаннан кейін, рубасылар құрбандық үстелін қызметке бағыштау рәсіміне байланысты тартуларын оның алдына алып келе бастады. | |
| Numb | Kaz | 7:11 | Себебі Жаратқан Ие Мұсаға: «Әр күн сайын бір жетекші құрбандық үстелінің қызметке бағышталуына байланысты өзінің тартуларын ұсынатын болсын», — деп бұйырған болатын. | |
| Numb | Kaz | 7:12 | Бірінші күні Яһуда руының атынан Әминадап ұлы Нағасон өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:13 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:17 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Әминадап ұлы Нағасонның ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:19 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:23 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Суғар ұлы Нетанелдің ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:25 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:29 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Хелон ұлы Елияптың ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:30 | Төртінші күні Рубен руының атынан Шедеур ұлы Елисур өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:31 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:35 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Шедеур ұлы Елисурдің ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:36 | Бесінші күні Шимон руының атынан Суришадай ұлы Шелумиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:37 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:41 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Суришадай ұлы Шелумиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:43 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:47 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Рәгуел ұлы Әлиасафтың ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:48 | Жетінші күні Ефрем руының атынан Амихуд ұлы Әлишама өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:49 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі шатырдың орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:53 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Амихуд ұлы Әлишаманың ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:54 | Сегізінші күні Манаса руының атынан Педасур ұлы Гамалиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:55 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:59 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Педасур ұлы Гамалиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:60 | Тоғызыншы күні Бунямин руының атынан Гидеони ұлы Абидан өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:61 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:65 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Гидеони ұлы Абиданның ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:67 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:71 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Амишадай ұлы Ахиезердің ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:72 | Он бірінші күні Ашир руының атынан Охран ұлы Пагиел өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:73 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:77 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Охран ұлы Пагиелдің ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:78 | Он екінші күні Нафталим руының атынан Енан ұлы Ахира өзінің мына сый-тартуларын ұсынды: | |
| Numb | Kaz | 7:79 | салмағы жүз отыз мысқал күміс табақ, жетпіс мысқалдық күміс тостаған, екеуінің де салмағы киелі орындағы мысқалмен өлшенген және екеуі де астық тартуымен, яғни маймен араластырылған таңдаулы бидай ұнымен, толтырылған еді, | |
| Numb | Kaz | 7:83 | әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынасына ризашылығын білдіретін құрбандық үшін екі ірі қара, бес қошқар, бес теке және бес тоқты. Енан ұлы Ахираның ұсынған сый-тартулары осы болды. | |
| Numb | Kaz | 7:84 | Сонымен құрбандық үстеліне май жағу рәсімін жасап, оны Жаратқан Иеге бағыштаған кезде Исраилдің рубасыларының ұсынған сый-тартулары мыналар болды: он екі күміс табақ, он екі күміс тостаған, он екі алтын таба. | |
| Numb | Kaz | 7:85 | Әрбір күміс табақтың салмағы жүз отыз мысқал, күміс тостағанның салмағы жетпіс мысқал болды. Күміс табақтардың жалпы салмағы екі мың төрт жүз мысқалды құрады. Осындағы мысқал киелі орында қолданылатын ресми мысқал бойынша өлшенген. | |
| Numb | Kaz | 7:86 | Хош иісті зат салуға арналған, шоқ салатын он екі алтын табаның әрқайсысының салмағы ресми өлшем бойынша он мысқалдан болды. Хош иісті зат салуға арналған табалардың жалпы салмағы жүз жиырма мысқал болды. | |
| Numb | Kaz | 7:87 | Осы рәсімді жасағанда түгелдей өртелетін құрбандыққа шалынған малдар он екі жас бұқа, он екі қошқар, он екі тоқты болды. Олар тиісті астық тартуларымен бірге ұсынылды. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде он екі теке әкелінді. | |
| Numb | Kaz | 7:88 | Жаратқан Иемен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандыққа шалынған малдың жалпы саны мүйізді ірі қарадан жиырма төрт жас бұқа, сонымен қатар алпыс қошқар, алпыс теке және алпыс тоқты болды. Құрбандық үстеліне май жағу рәсімі жасалғаннан кейін шалынған құрбандықтар осы болды. | |
Chapter 8
| Numb | Kaz | 8:2 | Һаронға мынаны айт: «Шам қойғыштың жеті май шамын дайындатқанда жарығы оның алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп орнат!» | |
| Numb | Kaz | 8:3 | Һарон солай істеп, Жаратқан Иенің Мұсаға берген нұсқауына сай шам қойғышқа жеті май шамын орнатты. Олардың жарығы алдыңғы жаққа түсіп тұратын болды. | |
| Numb | Kaz | 8:4 | Шам қойғыш тұғырынан бастап жоғарғы жағындағы бүршіктеріне дейін түгелдей алтыннан балғамен соғылып жасалған еді. Бұл Жаратқан Иенің Мұсаға көрсеткен үлгісіне сай істелінді. | |
| Numb | Kaz | 8:7 | Оларды тазарту үшін былай істе: олардың үстіне тазарту суын бүркіп шаш. Олар денелеріндегі шашы мен түгін түгел қырып алып тастап, киімдерін жуып, өздерін осылайша тазартсын. | |
| Numb | Kaz | 8:8 | Содан соң леуіліктер бір жас бұқаны және тиісті астық тартуын, яғни зәйтүн майымен араластырылған таңдаулы бидай ұнын, әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа арналған екінші жас бұқаны әкелсін. | |
| Numb | Kaz | 8:9 | Леуіліктерді кездесу шатырының кіреберісіне алып келіп, Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын жина. | |
| Numb | Kaz | 8:10 | Леуіліктерді Жаратқан Иенің алдына алып келгенде, исраилдіктер олардың үстіне қолдарын қойсын. | |
| Numb | Kaz | 8:11 | Содан Һарон леуіліктерді Исраил халқының Жаратқан Иеге жасаған ерекше тартуы ретінде Оған ұсынып, Оның қызметіне бағыштасын. | |
| Numb | Kaz | 8:12 | Леуіліктер қолдарын екі жас бұқаның бастарына қойсын, содан кейін біреуін күнәнің құнын өтейтін, екіншісін түгелдей өртелетін құрбандық ретінде өздерін күнәларының арамдығынан тазарту үшін шалып, Жаратқан Иеге ұсынсын. | |
| Numb | Kaz | 8:13 | Бұдан соң леуіліктерді Һарон мен оның ұлдарының алдына тұрғызып, оларды Жаратқан Иеге арналған ерекше тарту ретінде бағышта. | |
| Numb | Kaz | 8:14 | Осылайша леуіліктерді басқа исраилдіктердің арасынан бөліп ал. Леуіліктер Менің ерекше меншігім болады. | |
| Numb | Kaz | 8:15 | Леуіліктерге тазару және Маған ерекше қызмет атқаруға бағышталғанын көрсететін рәсімдерді жасап болғаннан кейін олар кездесу шатырына барып, сол жердегі қызметтеріне кіріссін. | |
| Numb | Kaz | 8:16 | Себебі исраилдіктердің барлық тұңғыш ұлдары Менікі, бірақ олардың орнына Мен Исраил халқының арасынан леуіліктерді Өзіме тұрақты қызмет етуге таңдап алдым. | |
| Numb | Kaz | 8:17 | Мысыр елінің тұңғыштарына апат жіберген кезде Мен исраилдіктердің тұңғыштарын, адам болсын, мал болсын, Өзіме бағыштап таңдап алып қойғанмын. | |
| Numb | Kaz | 8:19 | Мен леуіліктерді діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына көмекші болсын деп тапсырдым. Содан леуіліктер исраилдіктердің күнәларының арамдығынан тазартатын құрбандықтарын шалып, ұсынуға және олардың Жаратқан Иенің кездесу шатырында істеуге міндетті басқа жұмыстарын атқаруға тиіс. Өзге исраилдіктердің киелі орынға өз беттерімен жақындап келгендіктерінен бастарына апат түспеуі үшін осылай істедім». | |
| Numb | Kaz | 8:20 | Содан да Мұса, Һарон және Исраил халқының бүкіл жамағаты леуіліктерді Жаратқан Иеге бағыштап, Оның леуіліктер туралы Мұсаға айтқан нұсқауларының барлығын мұқият орындады. | |
| Numb | Kaz | 8:21 | Леуіліктер күнәларынан тазару рәсімінен өтіп, киімдерін жуды. Һарон оларды Жаратқан Иеге ерекше тарту ретінде ұсынып, оларды күнәларының арамдығынан тазартатын құрбандық шалды. | |
| Numb | Kaz | 8:22 | Осыдан бастап леуіліктер діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына көмектесіп, кездесу шатырындағы тиісті міндеттерін атқаруға кірісті. Осының барлығын леуіліктер Жаратқан Иенің Мұса арқылы өздеріне берген нұсқауына сәйкес жасады. | |
| Numb | Kaz | 8:24 | «Жасы жиырма беске жеткен леуіліктер орындауға тиісті ереже мынау: олар осы жастан бастап кездесу шатырында қызмет етуге тиіс. | |
Chapter 9
| Numb | Kaz | 9:1 | Мысыр елінен шыққаннан кейінгі екінші жылдың бірінші айында Жаратқан Ие Мұсаға Синай атты елсіз далада тіл қатып былай деді: | |
| Numb | Kaz | 9:3 | Оны осы бірінші айдың он төртінші күні кешке қарай белгіленген мезгілінде барлық ережелер мен шешімдерге сәйкес өткізсін». | |
| Numb | Kaz | 9:5 | Олар Синай атты елсіз далада жүргенде бірінші айдың он төртінші күні кешке қарай Құтқарылу мейрамын өткізді. Исраилдіктер осының барлығын да Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай істеді. | |
| Numb | Kaz | 9:6 | Алайда халық арасында өлікке жанасып арамданғандықтан сол белгіленген күні Құтқарылу мейрамына қатыса алмаған кейбір адамдар да болды. Олар сол күні-ақ Мұса мен Һаронның алдына келіп, | |
| Numb | Kaz | 9:7 | былай деді:— Біз өлікке жанасып, арамданып қалған едік. Неліктен біз басқа исраилдіктермен бірге белгіленген уақытында Жаратқан Иеге арналған құрбандықты ұсынудан шет қалуға тиіспіз? | |
| Numb | Kaz | 9:8 | Мұса бұған:— Жаратқан Ие сендер туралы қандай нұсқау берер екен, мен соны біліп алғанға дейін күте тұрыңдар! — деген жауабын берді. | |
| Numb | Kaz | 9:10 | — Исраилдіктерге былай де: Егер біреу өліктен арамданып қалса немесе алыс сапарда жүрсе, ондай адам бәрібір Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамын өткізсін. | |
| Numb | Kaz | 9:11 | Сол адам екінші айдың он төртінші күні кешке қарай құрбандыққа бір тоқты шалып, оны ашытқысыз пісірілген нанмен және ащы шөптермен қосып жесін. | |
| Numb | Kaz | 9:12 | Ол таңға дейін құрбандықтан еш нәрсе қалдырмасын әрі ешбір сүйегін сындырмасын. Адам мұны Құтқарылу мейрамын өткізу жайлы барша ережеге сай істесін. | |
| Numb | Kaz | 9:13 | Ал егер біреу таза, арамданбаған болса да, алыс сапарға шықпаса да, Құтқарылу мейрамына немқұрайды қарап, оны өткізбесе, ондай жан Жаратқан Иеге белгіленген мезгілінде құрбандығын ұсынбағандықтан Оның алдында кінәлі болады. Мұндай адамды халықтың арасынан аластату керек. | |
| Numb | Kaz | 9:14 | Егер араларыңда тұрып жатқан бір жат жұрттық Құтқарылу мейрамын өткізгісі келсе, оны арнайы ережелер мен шешімдер бойынша өткізуі керек. Бұндай ережелер не елде туылған исраилдік болсын, не сендермен бірге тұруға келген жат жұрттық болсын барлығыңа бірдей тиісті. | |
| Numb | Kaz | 9:15 | Сонымен Жаратқан Иенің жердегі тұрағы — Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатыр тұрғызылды. Сол күні бұлт киелі шатырдың үстін жауып тұрды. Кеш батқан кезде таңға дейін шатырдың үстінен от тәрізді көрінетін бұлт жарқырап тұрды. | |
| Numb | Kaz | 9:16 | Осылай әрқашан күндіз (бағана тәрізді) бұлт киелі шатырдың үстін жауып тұратын болды. Түнде бұлт жалындаған отқа ұқсайтын. | |
| Numb | Kaz | 9:17 | Бұлт шатыр үстінен жоғары көтерілген кезде ғана исраилдіктер жолға жиналып, оның соңынан жылжып көшіп отырды. Ал бұлт бір жерге тоқтаса, сол жерге олар да тұрақтап қостарын тігетін. | |
| Numb | Kaz | 9:18 | Исраилдіктер осылайша сапарға шыққанда да, бір орында тұрақтап қостарын тіккенде де Жаратқан Иенің еркі бойынша істеп отырды. Бұлт киелі шатыр үстінде тұрған кезде исраилдіктер де қостарында қала берді. | |
| Numb | Kaz | 9:19 | Бұлт шатыр үстінде ұзақ уақыт тұрақтағанда да, исраилдіктер Жаратқан Иенің еркіне бағынып жолға шықпайтын. | |
| Numb | Kaz | 9:20 | Кейде бұлт кездесу шатырының үстінде санаулы күн ғана тұратын. Сонда халық Жаратқан Иенің еркімен тұрақтап, тек Оның еркімен ғана сапарға шығатын. | |
| Numb | Kaz | 9:21 | Кейде бұлт кешке тоқтап, келесі күні таңертең қайтадан алға жылжитын. Күндіз болсын, түнде болсын, бұлт жоғары көтерілген кезде исраилдіктер жолға шығып отырды. | |
| Numb | Kaz | 9:22 | Екі күн не бір ай болсын, немесе өте ұзақ уақыт болсын, бұлт шатыр үстінде тұрғанда, исраилдіктер де жылжымай тұрақтап тұрды. Ал бұлт жоғары көтеріліп, жылжи бастағанда, олар да көштерін жалғастыратын. | |
Chapter 10
| Numb | Kaz | 10:2 | «Исраил қауымына жиналу не жолға шығу туралы белгі беру үшін күмістен балғамен соққызып екі керней жасатып ал. | |
| Numb | Kaz | 10:4 | Ал біреуі ғана тартылғанда тек жетекшілер — Исраилдің мыңбасылары ғана сенің алдыңа жиналсын. | |
| Numb | Kaz | 10:5 | Кернейлермен дабыл тартылғанда, кездесу шатырының шығыс жағында қостарын тіккен рулар жолға аттансын. | |
| Numb | Kaz | 10:6 | Кернейлермен екінші рет дабыл тартылғанда, шатырдың оңтүстігіндегі рулар жолға аттансын. Сонымен кернейдің дабыл берген дауысы жолға шығудың белгісі болады. | |
| Numb | Kaz | 10:8 | Кернейлерді тартатындар — Һароннан тараған діни қызметкерлер болсын. Бұл — болашақтағы ұрпақтарыңа да тиісті тұрақты ереже. | |
| Numb | Kaz | 10:9 | Елдеріңде өздеріңе зорлық жасаған жауға қарсы соғысқандарыңда да, кернейлерді дабыл беріп тартыңдар! Сонда Мен, Құдайларың Жаратқан Ие, сендерді ескеріп, жауларыңнан құтқаратын боламын. | |
| Numb | Kaz | 10:10 | Сендер қуана той тойлағанда, белгіленген мейрамдарыңды өткізген уақыттарыңда, әр айдың бірінші күні, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынған кездеріңде де, кернейлеріңді тартыңдар! Сонда Мен сендерді ерекше ескеретін боламын. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін». | |
| Numb | Kaz | 10:11 | Сол екінші жылдың екінші айының жиырмасыншы күні Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың үстіндегі бұлт жоғары көтеріліп, алға жылжи бастады. | |
| Numb | Kaz | 10:12 | Сонда исраилдіктер Синай атты елсіз даладан шығып, бұлт жылжи Паран даласына келіп тоқтағанша көштерін жалғастырды. | |
| Numb | Kaz | 10:13 | Осылайша олар Жаратқан Иенің Мұса арқылы жақында берген нұсқауларына сай алғаш рет жолға шықты. | |
| Numb | Kaz | 10:14 | Яһуда тұрағындағы үш ру соның байрағының астында көш бастап шықты. Яһуда руы жасағының басшысы Әминадап ұлы Нағасон, | |
| Numb | Kaz | 10:17 | Бұлардан кейін Леуі руының Герсон мен Мерариден тараған екі тармағы киелі шатырды жинап, оны көтеріп алып жолға шықты. | |
| Numb | Kaz | 10:18 | Олардан соң Рубен тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Рубен руы жасағының басшысы Шедеур ұлы Елисур, | |
| Numb | Kaz | 10:21 | Олардан кейін Леуі руының Қахаттан тараған тармағы киелі шатырдың жиһаздары мен жабдықтарын көтеріп алып жолға шықты. Бұлар қоныстанатын жерге келіп жетпес бұрын киелі шатыр құрылып, дайын тұратын. | |
| Numb | Kaz | 10:22 | Солардан кейін Ефрем руының тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Ефрем руы жасағының басшысы Амихуд ұлы Әлишама, | |
| Numb | Kaz | 10:25 | Бүкіл көштің соңын қамтып, Дан тұрағындағы үш ру соның байрағының астында жолға шықты. Дан руы жасағының басшысы Амишадай ұлы Ахиезер, | |
| Numb | Kaz | 10:29 | Мұсаның қайын атасы мадияндық Рәгуелдің ұлы Хобаб та сол жерде еді. Мұса (балдызы) Хобабқа былай деді:— Жаратқан Иенің бізге табыстауға сөз берген еліне қарай бара жатырмыз. Сол елге бізбен бірге жүрсеңші. Жаратқан Ие Исраилге игіліктерді уәде етті. Біз де саған жақсылық жасайтын боламыз. — | |
| Numb | Kaz | 10:30 | Хобаб оған:— Жоқ, бармаймын. Мен өз еліме, өз жұртыма қайтып оралмақшымын, — деп жауап қатты. | |
| Numb | Kaz | 10:31 | Ал Мұса:— Өтінемін, бізді тастай көрме. Елсіз далада тұрақтауға болатын жерлерді жақсы білесің ғой. Біздің көзіміз іспетті жол бастаушымыз болсаңшы. | |
| Numb | Kaz | 10:32 | Егер бізбен бірге жүрсең, Жаратқан Иенің бізге сыйлайтын игіліктерін сенімен де бөлісеміз, — деді. | |
| Numb | Kaz | 10:33 | Сонымен исраилдіктер Жаратқан Иенің тауынан шығып, үш күндік жол жүрді. Сол үш күн бойы Келісім сандығы оларға тынығып демалатын орын табу үшін алдарында жүріп отырды. | |
| Numb | Kaz | 10:35 | Келісім сандығы көшпен бірге жолға шыққан сайын Мұса былай деп сиынатын:— Уа, Ием, көтерілші, жауларың шашырасын,Өзіңді жек көретіндер алдыңнан қашсын! | |
Chapter 11
| Numb | Kaz | 11:1 | Ал халық Жаратқан Иенің алдында ауыртпалықтарға шағымдана берді. Мұны естіген Жаратқан Иенің қаһары лаулап, Оның қасынан от лап етіп шықты. От халықтың арасына түсіп, ел қонысының шетін жалмап өртеп жіберді. | |
| Numb | Kaz | 11:2 | Сонда халық Мұсаға айқайлап жалбарынды. Мұса Жаратқан Иеге сиынып мінажат еткенде от басылды. | |
| Numb | Kaz | 11:3 | Жаратқан Иенің оты халықтың арасында жанып өртегендіктен, сол жер Табера (демек, Өрт) деп аталып кетті. | |
| Numb | Kaz | 11:4 | Исраил халқының арасындағы жат жұрттық тобыр өзге тағамдарға құмарлық танытты. Исраилдіктердің өздері де қайтадан күңкілдей жыланып: «Біреу бізге ет жегізсе ғой, шіркін! | |
| Numb | Kaz | 11:5 | Мысырдағы тегін балықты айтсаңшы! Қияр мен қарбыз, жуа, пияз әрі сарымсақ дегендерді айтсаңшы! | |
| Numb | Kaz | 11:6 | Ал енді, көзіміз мына маннадан басқа ештеңені көрмейді. Оны жей-жей тәбетіміз таусылып, өзегіміз талды ғой!» — деп шағымданды. | |
| Numb | Kaz | 11:8 | Адамдар далаға барып, маннаны жинап алатын, содан кейін оны қол диірменге тартып не келіде түйіп ұнтақтайтын. Содан олар оны қазанда пісіретін немесе одан күлше нан жасайтын. Маннаның дәмі май жағылған тәтті нанның дәміндей болатын. | |
| Numb | Kaz | 11:10 | Осылай Мұса халық әулеттерінің бәрі қостарының кіреберісінде шағымданып зарлап жатқандарын естіді. Жаратқан Ие оларға қатты қаһарланып, Мұса да соларына наразыланды. | |
| Numb | Kaz | 11:11 | Ол Жаратқан Иеге мінажат етіп:— Неге мендей қызметшіңнің басына осы ауыртпалықты түсіріп тұрсың? Неге маған рақыммен қарамайсың? Мына күллі халықтың ауыртпалығын маған жүктеп, Өзің жек көретіндей мен не істедім? | |
| Numb | Kaz | 11:12 | Осы халыққа мен жүкті болдым ба? Оны дүниеге келтірген мен бе едім? Сенімді бала күтушінің сәбиді бауырына алып көтеріп жүретініндей, маған мына халықты ата-бабаларына сыйлауға уәде еткен елге көтеріп алып баруға сол себепті бұйырасың ба? | |
| Numb | Kaz | 11:13 | Бізге ет бер, ет жегіміз келеді деп жылап жүрген халыққа мен етті қайдан тауып беремін? | |
| Numb | Kaz | 11:14 | Осы халықтың ауыр жүгін мен жалғыз өзім көтеріп алып жүре алмаймын, бұл мен үшін тым қиын! | |
| Numb | Kaz | 11:15 | Егер Сен шынымен маған осылай етпекші болсаң, онда мейірімді болып мені қазір-ақ өлтіре сал. Басыма түскен осы пәлені көргеннен бұл әлдеқайда артық! — деді. | |
| Numb | Kaz | 11:16 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп жауап берді:— Исраилдің жетпіс ақсақалын жинап ал! Өзің оларды халықтың қамын ойлайтын басқарушылары ретінде жақсы танып білуің керек. Сол адамдарды кездесу шатырының алдына алып кел. Осы жерде күтіп тұрыңдар. | |
| Numb | Kaz | 11:17 | Мен сол жерге түсіп, өзіңмен тілдесемін. Сендегі Рухтан алып, олардың әрқайсысына үлестіріп қондырамын. Сонда осы халықты басқарудың ауыр жүгін сен жалғыз өзің көтермейсің, олар да сенімен бірге көтерісетін болады. | |
| Numb | Kaz | 11:18 | Ал халыққа мынаны жеткіз: Жаратқан Иеге бағышталып тазару рәсімінен өтіп ертеңгі күнге дайындалыңдар! Ет жейтін боласыңдар. «Біреу бізге ет жегізсе ғой, шіркін! Мысырда жүрген кездеріміз жақсырақ болатын еді!» деген шағымдарың Жаратқан Иенің құлағына жетті. Енді Ол сендерге ет береді, соны жейсіңдер! | |
| Numb | Kaz | 11:20 | тұтас бір ай бойы мұрындарыңнан шығып, өздерің ет атаулыдан жиренгендеріңе дейін жейтін боласыңдар. Өйткені сендер Жаратқан Иеден бас тарттыңдар, ал Ол сендердің араларыңда. Сендер: «Неге ғана біз Мысырдан көшіп шықтық екен?!» деп Оның көз алдында шағымдана зарладыңдар. | |
| Numb | Kaz | 11:21 | Сонда Мұса Жаратқан Иеге былай деді:— Міне, алты жүз мың жаяу жасақшысы бар халықтың арасында тұрмын. Ал Сен «Мен оларға тұтас бір ай бойы жейтін ет беремін» дейсің. | |
| Numb | Kaz | 11:22 | Отар-отар қой-ешкі мен табын-табын ірі қара сойып бергенде де бұл оларға жетер ме екен? Тіпті теңіздің бүкіл балығын аулап бергенде де бұл оларға жеткілікті болар ма екен? — | |
| Numb | Kaz | 11:23 | Жаратқан Ие Мұсаға жауап қатып:— Немене, бұлай істеу Жаратқан Иенің қолынан келмейді деп ойлайсың ба? Айтқан сөзімнің іске асып-аспайтынын қазір көретін боласың, — деді. | |
| Numb | Kaz | 11:24 | Мұса шықты да, Жаратқан Иенің сөздерін халыққа жеткізді. Содан соң ол халықтың ақсақалдарынан жетпіс адамды жинап алып, оларды кездесу шатырын айналдыра тұрғызды. | |
| Numb | Kaz | 11:25 | Сонда Жаратқан Ие бұлт ішімен төмен түсіп, Мұсамен сөйлесті; Мұсаға қонған Рухтан алып, Оны сол жетпіс ақсақалға үлестіріп қондырды. Өздеріне Рух қона салысымен олар пайғамбар ретінде Құдайдың хабарын жеткізе бастады. Ал кейін олар бұларын тоқтатты. | |
| Numb | Kaz | 11:26 | Ақсақалдар ретінде Елдад пен Модад деген екі адам да тізімге енгізілген болатын. Бірақ олар басқалармен бірге кездесу шатырына кірмей, қоныста қалып қойған еді. Алайда Рух оларға да қонып, екеуі қоныста пайғамбар ретінде Құдайдың сөзін жеткізді. | |
| Numb | Kaz | 11:27 | Бұны көріп қалған бір жас жігіт Мұсаға жүгіріп барып: «Елдад пен Модад қоныста пайғамбар ретінде Құдайдың хабарын жеткізіп жатыр!» — деді. | |
| Numb | Kaz | 11:28 | Сонда жастайынан Мұсаға қызмет етіп келген Нұн ұлы Ешуа:— Мырзам, Мұсеке, оларды тоқтата көріңіз! — деді. | |
| Numb | Kaz | 11:29 | Ал Мұса оған:— Сен менің қамымды жейсің бе? Жаратқан Ие өз халқының бәріне де Өзінің Рухын қондырып, олардың барлығының да пайғамбар болып кетуін тілеймін, — деп жауап қайырды. | |
| Numb | Kaz | 11:31 | Ал Жаратқан Ие бір жел жіберіп, сол жел теңіз жақтан бөденелерді ел қонысына ұшырып алып келді. Құстар ел қонысын айналдыра екі бағытта бір күндік жол қашықтықта екі шынтақ биіктікке төмендеп түсті. | |
| Numb | Kaz | 11:32 | Халық шығып, сол күні және ертеңіне күні бойы бөдене жинап жүрді. Олардың әрқайсысы ең аз дегенде он үлкен қапқа сыярлық мөлшерде бөдене жинап алып, (бауыздады да, кептіру үшін) қоныстың айналасында жайды. | |
| Numb | Kaz | 11:33 | Алайда олар шайнап жеп жатқан еттерін әлі жұтып үлгірмей жатып-ақ, Жаратқан Ие оларға қаһарланып, сұрапыл апат жіберді. | |
| Numb | Kaz | 11:34 | Осы себепті сол жер Қиброт-Хатауа (демек, Құмарту қабірлері) деп аталып кетті. Өйткені ет жеуді аңсап құмартқандар сол жерде қабірге қойылды. | |
Chapter 12
| Numb | Kaz | 12:1 | Мұса құштық әйелге үйленген болатын. Бір күні Мәриям мен Һарон соған бола Мұсаны сынады. | |
| Numb | Kaz | 12:2 | Олар тағы былай деді: «Жаратқан Ие тек Мұсаға ғана сөйлеп пе еді? Ол бізге де сөйледі емес пе?» — Бұлары Жаратқан Иенің құлағына жетті. | |
| Numb | Kaz | 12:4 | Жаратқан Ие кенеттен Мұса, Һарон, Мәриямды: «Үшеуің кездесу шатырына келіңдер!» — деп шақырды. Үшеуі сонда барды. | |
| Numb | Kaz | 12:5 | Жаратқан Иенің Өзі бағана тәрізді бұлтпен төмен түсіп, шатырдың кіреберісінде тұрып, Һарон мен Мәриям екеуін шақырды. Екеуі алға қарай шықты. | |
| Numb | Kaz | 12:6 | Жаратқан Ие оларға тіл қатып былай деді: «Енді сөзіме құлақ салыңдар! Сендердің араларыңда пайғамбар бар болса, оған аян арқылы көрініп, түсінде онымен тілдесемін. | |
| Numb | Kaz | 12:8 | Мен онымен жұмбақтап емес, бетпе-бет, анық тілдесемін. Мұса Менің — Жаратқан Иенің бейнесін көреді. Өз қызметшім Мұсаға қарсы сөйлеуден сендер қалайша қорықпадыңдар?» | |
| Numb | Kaz | 12:10 | Бұлт киелі шатырдан жоғары көтеріліп кеткенде, Мәриямның бүкіл денесін қардай аппақ алапес басып кетті. Һарон Мәриямға қарай бұрылғанда, оның алапес екенін көрді. | |
| Numb | Kaz | 12:11 | Сонда Һарон Мұсаға: «Уа, мырзам! Ақымақтықтан жасаған күнәмізді бізге қарсы қоймаңыз! | |
| Numb | Kaz | 12:12 | Мәриямның ана құрсағынан шығып жатқан өлі нәресте іспетті болуына жол бермеңіз. Оның тәнінің жартысы шіріп кетіпті!» — деп жалынды. | |
| Numb | Kaz | 12:14 | Жаратқан Ие Мұсаға:— Егер әкесі бетіне түкіріп жіберген болса, Мәриям ұялғаннан жеті күн бойы жұрттың көзіне көріне алмай жүрмес пе еді? Сол сияқты ол ел қонысының сыртына жеті күнге аластатылсын. Содан кейін оны қайтадан алып келуге болады, — деді. | |
Chapter 13
| Numb | Kaz | 13:1 | Мұнан кейін халық Хасироттан көшіп шығып, Паран атты елсіз далаға жетіп, қостарын тікті. | |
| Numb | Kaz | 13:3 | «Мен Исраил халқына табыстап отырған Қанахан елін барлап келу үшін сол жерге адамдар жібер. Ата-бабаларынан тараған он екі рудан бір-бір басшыдан жібер». | |
| Numb | Kaz | 13:4 | Сонымен Мұса оларды Жаратқан Иенің нұсқауы бойынша Паран атты иен даладан жұмсап жіберді. Олардың барлығы Исраил халқының басшыларынан болатын. | |
| Numb | Kaz | 13:17 | Мұсаның елді барлап келуге жіберген адамдарының есімдері осылар. Ал Мұса Нұн ұлы Ошияға Ешуа деген жаңа ат қойды. | |
| Numb | Kaz | 13:18 | Сонымен Мұса оларды Қанахан елін барлап келуге жіберіп, мынадай тапсырма берді: «Осы Негев аймағы арқылы елдің таулы жеріне өрлеп барыңдар. | |
| Numb | Kaz | 13:19 | Байқап көріңдер: ел қандай екен? Онда тұрып жатқан халықты да байқаңдар, қуатты ма, әлде әлсіз бе, көп пе, әлде аз ба? | |
| Numb | Kaz | 13:20 | Халықтың тұрып жатқан жері де қандай: жақсы ма, жоқ па? Қандай елді мекендерде тұрады екен, шатырлы қоныстарда ма, әлде бекіністі қалаларда ма? | |
| Numb | Kaz | 13:21 | Жерлерінің топырағы қандай: құнарлы ма, әлде құнарсыз ба? Онда ағаш өсе ме, жоқ па? Батыл да қайсар болып сол елдің жемістерінен де біраз алып келіңдер!» — Бұл жүзім піскен мезгіл болатын. | |
| Numb | Kaz | 13:22 | Жіберілгендер елге өрлеп барып, оны Сін атты елсіз даладан бастап (солтүстіктегі) Лебо-Хаматқа қарай баратын жолдағы Рехоб аймағына дейін шарлап, барлап шықты. | |
| Numb | Kaz | 13:23 | Олар елге Негев арқылы еніп, Хеброн қаласына жетті. Онда Анақтың ұрпақтары Ахиман, Шешай, Талмай деген алыптар тұратын. Ал Хеброн Мысырдағы Соған қаласынан жеті жыл бұрын салынған қала. | |
| Numb | Kaz | 13:24 | Мұнан кейін олар Ешқол аңғарына барып, онда жүзім бұтасынан шоғы бар бір сабағын кесіп алып, оны ағаш бақанға іліп, екеулеп көтеріп кетті. Сонымен бірге олар анар, інжір жемістерінен де ала жүрді. | |
| Numb | Kaz | 13:25 | Сол жер исраилдік барлаушылардың кесіп алған жүзім шоғына бола Ешқол (демек, жүзім шоғы) аңғары деп аталып кетті. | |
| Numb | Kaz | 13:27 | Олар Паран даласындағы Қадеште жиналып тұрған Мұса мен Һаронның және Исраил халқының бүкіл жамағатының алдында өздерінің көріп-біліп келгендерін айтып беріп, алып келген жемістерін де көрсетті. | |
| Numb | Kaz | 13:28 | Барлаушылар Мұсаға баяндап былай деді:— Біз сіз жіберген елге барып келдік. Онда шынында да ағы мен балы молынан ағып жатыр екен. Міне, мыналар — сол елде өсетін жемістер. | |
| Numb | Kaz | 13:29 | Алайда онда тұратын халық сондай мықты екен! Ондағы қалалар да бекіністі әрі өте үлкен. Біз одан тіпті Анақтың алып ұрпақтарын да көрдік. | |
| Numb | Kaz | 13:30 | Елдің оңтүстігіндегі Негев аймағында Амалек тайпасы тұрады. Ортадағы таулы аймақта хеттіктер, ебустіктер, аморлықтар орналасыпты. Қанахандықтар (батыстағы) теңіз жағасында және (шығыстағы) Иордан өзені бойында қоныстанған екен. | |
| Numb | Kaz | 13:31 | Ал Халеп Мұсаның алдында халықты тыныштандырып:— Уа, халайық, біз елге өрлеп барып, оны иемденіп алайық! Соны сөзсіз істей аламыз! — деді. | |
| Numb | Kaz | 13:32 | Бірақ онымен бірге барып келген басқалар:— Жоқ, біз сол халыққа қарсы шыға алмаймыз, олар бізден соншама күшті! — деп онымен келіспеді. | |
| Numb | Kaz | 13:33 | Сол он барлаушы исраилдіктердің арасында өздері барлап келген ел туралы жағымсыз хабар таратты: «Біз аралап, барлап келген сол ел өз тұрғындарын жалмайтын жер екен! Онда тұрып жатқан халықтың адамдары денелі. | |
Chapter 14
| Numb | Kaz | 14:2 | Барлық исраилдіктер Мұса мен Һаронға наразыланып, бүкіл қауым болып: «Бізге баяғыда-ақ Мысыр елінде өлгеніміз жақсы болған болар еді! Немесе осы елсіз далада өлген болсақ қой! — деп күңкілдесті. | |
| Numb | Kaz | 14:3 | — Жаратқан Ие бізді бұл елге неге алып келе жатыр екен? Сол жерде біз семсерден қырыламыз, әрі әйел, бала-шағамыз жауға олжа болмақ. Одан да Мысырға қайта оралғанымыз жақсы емес пе!» — | |
| Numb | Kaz | 14:5 | Ал Мұса мен Һарон жиналған исраилдіктердің бүкіл қауымының алдында жерге етпетінен жығыла кетті (де, Жаратқан Иеге сиынды). | |
| Numb | Kaz | 14:6 | Елді барлап келгендердің екеуі — Нұн ұлы Ешуа және Ефунне ұлы Халеп те (басқалардың сенімсіздігіне қатты қайғырып) киімдерінің өңірін айыра жыртты. | |
| Numb | Kaz | 14:8 | Егер Жаратқан Ие бізге риза болса, Ол бізді ағы мен балы ағыл-тегіл сол елге алып барып, оны бізге табыстайды. | |
| Numb | Kaz | 14:9 | Тек Жаратқан Иеге қарсы бас көтермеңдер, елдің халқынан қорықпаңдар! Олар бізге жем болады: олар қорғаныштарынан ада қалған. Ал арамыздағы Жаратқан Ие бізге жар! Олардан еш қорықпай-ақ қойыңдар!» — деп ескертті. | |
| Numb | Kaz | 14:10 | Бірақ бүкіл қауым олардың екеуін таспен атқылап өлтіру туралы айта бастады. Сонда кездесу шатырынан Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты барлық исраилдіктерге көрінді. | |
| Numb | Kaz | 14:11 | Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Мына халық Мені қашанға дейін менсінбей жүре береді? Мен олардың көз алдында құдіретімді дәлелдейтін қаншама кереметтер жасаған болсам да, олар қашанға дейін Маған сенбей жүре бермек?! | |
| Numb | Kaz | 14:12 | Енді Мен бұл халыққа індет жіберіп, құртамын. Содан кейін сенің өзіңнен олардан да көбірек әрі күштірек халықты өрбітемін! | |
| Numb | Kaz | 14:13 | Ал Мұса Жаратқан Иеге былай деп сиынды:— Сонда мысырлықтар бұл туралы еститін болады! Сен осы халықты Өзіңнің құдіретіңмен олардың арасынан алып шықтың ғой! | |
| Numb | Kaz | 14:14 | Олар мұны Қанахан елінің тұрғындарына айтатын болады. Уа, Жаратқан Ие, Сенің осы халықтың ортасында екендігің жайлы олар естіген. Уа, Ием, Сенің адамның көзіне көрініп аян бергенің әрі өз бұлтыңның халқыңның үстінде қалықтап тұрғаны да олардың құлақтарына шалынған. Сенің күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жалындаған от бағанасының ішінде халқыңның алдында жүргендігің туралы да олар хабардар. | |
| Numb | Kaz | 14:15 | Бірақ егер Сен мына халықты бір адамын да қалдырмай қырып тастасаң, онда Өзің туралы естіген бөтен халықтар: | |
| Numb | Kaz | 14:16 | «Әне, көрдің бе, Жаратқан Ие сол халықты оларға беруге Өзі ант еткен елге жеткізе алмапты. Сол себепті Ол халықты елсіз далада қырып тастапты» деп Сені табаламақ. | |
| Numb | Kaz | 14:17 | Сондықтан да, уа, Ием, Сенің зор құдіретің көріне түссін! Өзің сол туралы былай деп едің ғой: | |
| Numb | Kaz | 14:18 | «Жаратқан Ие тез қаһарланбайды,Ол сондай сенімді де қайырымды,Көтеріліс пен теріс қылықтардыТіпті кешіруге дайын тұрады!Ал қасарысқанды жазасыз қалдырмайды,Ол аталарының кінәлары үшінЖазалайды балалары мен немерелерін,Тіпті шөберелері мен шөпшектерін». | |
| Numb | Kaz | 14:19 | Өзіңнің ұлы да берік мейіріміңе сай осы халықтың кінәсін кешіре гөр! Оларды Мысырдағы кездерінен бастап қазірге дейін осылайша кешіріп келдің ғой. | |
| Numb | Kaz | 14:20 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп жауап берді:— Жарайды, сенің өтінгеніңдей Мен оларды кешіремін. | |
| Numb | Kaz | 14:21 | Бірақ Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, былай деп ант етемін: Бүкіл дүниенің Менің салтанатты ұлылығыма толы екендігі шүбәсіз. | |
| Numb | Kaz | 14:22 | Сол сияқты, мына адамдардың тағдыры да еш шүбәсіз. Олар Мысырда және осы айдалада Менің ұлы салтанатымды әрі құдіретімді дәлелдеген керемет істерімді өз көздерімен көрсе де, Мені он рет еркінсіп сынап, даусыма құлақ түрмеді! | |
| Numb | Kaz | 14:23 | Сол үшін олардың ешқайсысы да Мен ата-бабаларына табыстауға ант еткен елді көрмейтін болады! Мені менсінбегендердің ешқайсысы да сол елге көз тастамайды! | |
| Numb | Kaz | 14:24 | Алайда қызметшім Халеп ондай мінез көрсетпей, Маған шын жүректен сенімді болғандықтан, Мен оны өзі барлап келген сол елге апарып кіргіземін. Оның ұрпақтары сол елді иемденетін болады. | |
| Numb | Kaz | 14:25 | Ендеше амалектіктер мен қанахандықтар аңғарларда тұрғандықтан сендер ертең кері бұрылып, иен дала жолына түсіп, Қамысты теңізге қарай беттеңдер! | |
| Numb | Kaz | 14:27 | «Мына зұлым жамағат қашанға дейін Маған қарсы күңкілдеп шағымдана бермек? Исраилдіктердің Маған қарсы күңкілдеп шағымдануы құлағыма шалынды. | |
| Numb | Kaz | 14:28 | Оларға мынаны жеткіз: Мәңгі тірі Жаратқан Ие былай деп ант етеді: құлағыма шалынған сендердің айтқандарыңды Мен өз бастарыңа айнытпай-ақ келтіремін! | |
| Numb | Kaz | 14:29 | Санақтан өткен жасы жиырмадағы не одан асқан еркек кіндіктілерің — Маған қарсы күңкілдеп наразылық білдірген барлығыңның сүйектерің осы иен далада шашылып қалады. | |
| Numb | Kaz | 14:30 | Мен өздеріңді қоныстандыруға ант еткен сол елге Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуа екеуінен басқа сендердің ешқайсыларың кірмейсіңдер! | |
| Numb | Kaz | 14:31 | Сендер бала-шағамыз жауға олжа болады деген едіңдер. Алайда осы балаларыңды өздерің менсінбей қойған сол елге Мен Өзім алып барамын. Елдің игілігін солар көретін болады! | |
| Numb | Kaz | 14:33 | Жаратқан Иеге деген опасыздықтарыңа бола, бала-шағаларың сендердің бірде-біреуің тірі қалмай құрып бітпейінше, қырық жыл бойы осы иен далада көшіп-қонып мал бағып азап шегетін болады. | |
| Numb | Kaz | 14:34 | Уәделі елді қанша күн барлаған болсаңдар, сонша жыл, яки қырық жыл бойы өз кінәларыңның зардабын тартатын боласыңдар. Осылайша Менің өздеріңе қарсы болуымның не екенін ұғасыңдар. | |
| Numb | Kaz | 14:35 | Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Және осы айтқандарымды Маған қарсы шыққан мына зұлым жамағаттың бәріне міндетті түрде жүзеге асырамын: олар бірде-біреуі тірі қалмай, осы иен далада құритын болады!» | |
| Numb | Kaz | 14:36 | Ал Мұсаның елді барлауға жіберген және сол ел туралы халыққа жаман хабар таратып, бүкіл жамағаттың Жаратқан Иеге наразы болуына түрткі салған адамдары | |
| Numb | Kaz | 14:38 | Елді барлап келген он екі адамнан тек Нұн ұлы Ешуа мен Ефунне ұлы Халеп екеуі ғана тірі қалды. | |
| Numb | Kaz | 14:39 | Мұса Жаратқан Иенің айтқан сөздерін Исраил халқына жеткізгенде бәрі қатты қайғырып жылаумен болды. | |
| Numb | Kaz | 14:40 | Бірақ келесі күні ертемен олар таулы елге қарай өрлеп баруға дайындалып:— Иә, күнә жасадық, мойындаймыз! Енді Жаратқан Иенің айтқан жеріне өрлеп барамыз! — десті. | |
| Numb | Kaz | 14:41 | Мұса оларға былай деп басу айтты:— Неге қайтадан Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығасыңдар? Осылай табысты болмайсыңдар! | |
| Numb | Kaz | 14:42 | Таулы жерге қарай өрлеп бармаңдар, өйткені Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болмайды. Сонда жауларыңнан жеңіліп күйрейсіңдер. | |
| Numb | Kaz | 14:43 | Амалектіктер мен қанахандықтар сендерге сол жерде қарсы шығады. Сендер Жаратқан Иеден теріс бұрылып кеткендіктен, Ол араларыңда бірге болмай, сендер семсердің жүзінен қырыласыңдар. | |
| Numb | Kaz | 14:44 | Алайда олар өркөкіректеніп, таулы жерге қарай өрлеп шығуға бәрібір ұмтылды. Ал Жаратқан Иенің Келісім сандығы және Мұса пайғамбар қоныстан шықпады. | |
Chapter 15
| Numb | Kaz | 15:2 | «Исраилдіктерге мынаны айт: Мен сендерге табыстағалы тұрған елге еніп, қоныстанатын боласың. | |
| Numb | Kaz | 15:3 | Бұдан кейін сендер Өзіме ұнамды хош иісті тартулар ұсынатын боласыңдар. Осы тартуларды адам шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ретінде, не өзінің Жаратқан Иеге берген сертін орындау үшін, не өз еркімен немесе белгілі мейрамға орай беретін тарту ретінде бағыштай алады. Құрбандықтар мүйізді ірі қара не ұсақ малдан бола алады. | |
| Numb | Kaz | 15:4 | Сонда сый-тартуды ұсынушы адам шалатын құрбандығына қоса мынадай астық тартуын да әкелсін: ол пұттың оннан біріндей мөлшердегі таңдаулы бидай ұнын екі қадақ зәйтүн майымен араластырып, астық тартуы ретінде ұсынуы керек. | |
| Numb | Kaz | 15:5 | Түгелдей өртелетін тарту ретінде құрбандыққа шалынған әрбір тоқтыға қоса сұйық тарту ретінде екі қадақ шарап та ұсынылсын. | |
| Numb | Kaz | 15:6 | Ал егер құрбандыққа қошқар ұсынсаңдар, оған арналған астық тартуы үш қадақ зәйтүн майымен араластырылған бір пұттың оннан екі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұны болсын. | |
| Numb | Kaz | 15:7 | Сонымен қатар сұйық тарту ретінде үш қадақ шарап та ұсыныңдар. Бұлар Маған хош иісті де ұнамды тарту болады. | |
| Numb | Kaz | 15:8 | Түгелдей өртелетін құрбандыққа, не берілген сертке байланысты шалынған құрбандыққа, не Өзіммен қарым-қатынасқа ризашылық білдіретін құрбандыққа бір жас бұқаны әкелгенде, | |
| Numb | Kaz | 15:9 | бұқамен бірге астық тартуы ретінде бір пұттың оннан үштей мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын төрт жарым қадақ зәйтүн майымен араластырып ұсыну керек. | |
| Numb | Kaz | 15:10 | Соған қоса сұйық тарту ретінде бес қадақ шарап та ұсыныңдар. Бұлар Маған өртелу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту болады. | |
| Numb | Kaz | 15:11 | (Құрбандыққа шалынып, өртелетін) әрбір жас бұқа не қошқарға, әрбір тоқты не ешкіге қоса осы тартулар ұсынылсын. | |
| Numb | Kaz | 15:13 | Елде туған әрбір адам Маған өртелу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту әкелгенде, бұларын осы нұсқауға сай істеуге тиіс. | |
| Numb | Kaz | 15:14 | Араларыңда уақытша не тұрақты тұрып жатқан жат жұрттықтар Маған өртелу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды құрбандық ұсынса, олар да сендер сияқты істеулері керек. | |
| Numb | Kaz | 15:15 | Халыққа арналған ережелер сендер үшін де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар үшін де бірдей болуға тиіс. Бұл — келер ұрпаққа да арналған тұрақты ереже. Мен Жаратқан Иемін, әрі Менің алдымда сендер де, жат жұрттықтар да бірдей боласыңдар. | |
| Numb | Kaz | 15:16 | Заңдар және шешімдер сендер үшін де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар үшін де бірдей болулары керек». | |
| Numb | Kaz | 15:19 | елдің өнімін жейтін боласыңдар. Сонда Жаратқан Иеге бағышталған тарту ретінде өнімнің арнайы бөлігін ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 15:20 | Қырманның алғашқы өнімінің тартуы ретінде диірменде тартылған алғашқы ұннан пісірілген дөңгелек нанды әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 15:21 | Диірменде тартылған алғашқы ұннан Жаратқан Иеге тарту ұсынуды барлық келер ұрпақтарың да орындасын. | |
| Numb | Kaz | 15:23 | яғни Жаратқан Иенің алғашқы кезден бастап Мұса арқылы берген барлық өсиеттерінің бірін болашақ ұрпақтарың да | |
| Numb | Kaz | 15:24 | абайламай бұзып алатын болса және бұл туралы ешкім де білмесе, онда бүкіл қауым бір жас бұқаны шалып, түгелдей өртеп, Жаратқан Иеге хош иісті де ұнамды құрбандық ретінде ұсынсын. Соған тиісті астық және сұйық тартуларын да алып келсін, әрі күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалсын. | |
| Numb | Kaz | 15:25 | Осылайша діни қызметкер Исраил халқының бүкіл қауымын күнәларының арамдығынан тазартып, олар кешіріледі. Себебі сол күнә әдейі емес, абайламай жасалған еді, әрі исраилдіктер осы теріс істері үшін Жаратқан Иеге арнап өртелу арқылы жасалатын және күнәнің құнын өтейтін құрбандықтарын шалып, өртеп ұсынған болатын. | |
| Numb | Kaz | 15:26 | Сонда бүкіл исраилдік қауым және араларында тұрып жатқан жат жұрттықтар да кешіріледі, себебі бұны бүкіл халық абайламай істеген болатын. | |
| Numb | Kaz | 15:27 | Егер бір жеке адам абайламай күнә жасаған болса, онда ол бір жасар ешкіні күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде шалсын. | |
| Numb | Kaz | 15:28 | Діни қызметкер абайламай күнә жасаған адам үшін оны күнәсінің арамдығынан тазартатын рәсімді Жаратқан Иенің алдында орындайды, осылайша сол адамның күнәсі кешіріледі. | |
| Numb | Kaz | 15:29 | Абайламай күнә жасаған адам тумысынан исраилдік болсын не араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық болсын, екеуіне де қолданылатын заң бірдей болады. | |
| Numb | Kaz | 15:30 | Бірақ тумысынан исраилдік болсын не жат жұрттық болсын, әдейі күнә жасайтын кез келген адам сонысымен Жаратқан Иені қорлайды. Ондай адам халықтың арасынан аластатылсын. | |
| Numb | Kaz | 15:31 | Жаратқан Иенің сөзін түкке тұрғысыз деп есептеп, өсиеттерін бұзғандықтан ондай жан міндетті түрде аластатылсын. Оның кінәсі өз мойнында қалады. | |
| Numb | Kaz | 15:32 | Исраилдіктер елсіз далада жүрген кезде (араларындағы) бір адам діни демалыс күні отын жинап жүрген жерінен ұсталып қалды. | |
| Numb | Kaz | 15:35 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Сол адам өлуге тиіс. Бүкіл жамағат оны қоныстың сыртына шығарып, таспен атқылап өлтірсін». | |
| Numb | Kaz | 15:36 | Бүкіл жамағат адамды қоныстың сыртына алып шығып, Жаратқан Иенің Мұса арқылы берген нұсқауына сәйкес оны таспен атқылап өлтірді. | |
| Numb | Kaz | 15:38 | — Исраилдіктерге мынаны айт: Олар киімдерінің етектеріне арнап шашақтар жасап, оларды етектің бұрыштарына байлайтын болсын. Әр шашақтың қою күлгін түсті жіптен жасалған бауы болуы керек. Келер ұрпақтарыңның бәрі де осындай шашақтарды тағып жүретін болсын. | |
| Numb | Kaz | 15:39 | Осы шашақтар сендерге ескертпе болады. Ондағы мақсат — шашақтарды көрген сайын естеріңе Жаратқан Иенің барлық өсиеттері түсіп, соларды орындауларың, әрі өз жүректерің мен көздеріңнің құмарлығымен жүріп, Маған опасыздық жасаудан аулақ болуларың. | |
| Numb | Kaz | 15:40 | Мұны Менің өсиеттерімді әрқашан естеріңде ұстап, орындауларың үшін және осы арқылы Маған, өз Құдайларыңа, бағышталған киелі болуларың үшін істеңдер. | |
Chapter 16
| Numb | Kaz | 16:1 | Леуі руының Қахат тармағының адамы Ысқар ұлы Қорах және Рубен руынан шыққан Елияптың екі ұлы Датан мен Абирон әрі Пелет ұлы Ауон өзара сыбайласып, | |
| Numb | Kaz | 16:2 | Мұсаға қарсы бас көтерді. Олармен бірге исраилдіктердің тағы екі жүз елу атақты ер адамы болды. Бұлар жамағатта тағайындалған қауым жетекшілері еді. | |
| Numb | Kaz | 16:3 | Барлығы Мұса мен Һаронға қарсы бірігіп, былай деді:— Жетер енді сендерге! Өздерің ғана емес, бүкіл қауым киелі! Жаратқан Ие біздің де арамызда ғой. Сендер неге өздеріңді Жаратқан Иенің халқынан жоғары қоясыңдар?! | |
| Numb | Kaz | 16:5 | Содан кейін ол Қорах пен оның барлық жақтастарына тіл қатып былай деді:— Ертең Жаратқан Ие кімнің Өзіне бағышталған киелі екенін көрсетеді. Жаратқан Ие таңдап алғандарына Өзіне жақындауға жол береді. | |
| Numb | Kaz | 16:6 | Енді сен, Қорах, өзіңнің барлық жақтастарыңмен бірге былай етіңдер: хош иісті заттарды түтететін табалар алыңдар. | |
| Numb | Kaz | 16:7 | Ертең соларға Жаратқан Иенің алдында қызып тұрған шоқтан салып, үстіне хош иісті зат түтетіңдер. Жаратқан Ие кімді таңдап алып қабылдаса, сол адамның киелі болғаны. Жетер енді сендерге, леуіліктер! — | |
| Numb | Kaz | 16:9 | Жаратқан Иенің киелі шатырында қызмет атқару, қауымның алдында тұрып, оларға қызмет етудің өзі — өте сыйлы міндет. Ал Исраилдің Құдайы Исраил халқының арасынан дәл өздеріңді осы міндетті атқаруға таңдап алғандығы сендерге аздық ете ме? | |
| Numb | Kaz | 16:10 | Қорах, осылайша Жаратқан Ие саған және леуілік ағайындарыңның бәріне Өзінің алдына келіп қызмет етуге жол берген. Ал қазір сендер тағы діни қызметкер болуға да дәмеленіп жатырсыңдар. | |
| Numb | Kaz | 16:11 | Өзің де, күллі жақтастарың да бұларыңмен Жаратқан Иеге қарсы шығып отырсыңдар. Ал сендер Һаронға наразы болып күңкілдейтіндей, ол кім өзі? | |
| Numb | Kaz | 16:12 | Содан соң Мұса Елияптың ұлдары Датан мен Абирон екеуін өзіне шақыртты, алайда олар былай деп жауап қатты:— Жоқ, келмейміз! | |
| Numb | Kaz | 16:13 | Бізді ағы мен балы ағыл-тегіл елден шығарып алып, мына елсіз далада өлімге душар еткің келіп отырғаны саған аздық ете ме? Соның үстіне сен бізге үстемдік жүргізгің келеді. | |
| Numb | Kaz | 16:14 | Сен бізді ағы мен балы ағыл-тегіл елге алып барған жоқсың, бізге егіндік жер мен жүзімдіктерді мұралық меншікке үлестірген де жоқсың. Енді мына адамдардың көзін алдауыңды қой! Келмейміз дедік пе, келмейміз! | |
| Numb | Kaz | 16:15 | Мұса қатты ашуланып, Жаратқан Иеге сиынып: «Олардың сый-тартуларын қабылдай көрме! Мен олардан тіпті бір есек те алған жоқпын! Ешбіреуіне жамандық та істеген емеспін!» — деді. | |
| Numb | Kaz | 16:16 | Содан Мұса Қорахқа былай деп нұсқау берді:— Ертең сен өзіңнің барлық жақтастарыңмен бірге және Һарон Жаратқан Иенің алдына келіңдер! | |
| Numb | Kaz | 16:17 | Әрқайсың бір-бір табадан барлығы екі жүз елу таба әкеліңдер, соларға хош иісті зат салып, Жаратқан Иеге ұсыныңдар. Һарон екеуің де солай істеңдер. | |
| Numb | Kaz | 16:18 | Сонымен әрбір адам табасын алып, соған қызып тұрған шоқ пен хош иісті зат салып, кездесу шатырының кіреберісінің қасындағы Мұса мен Һаронның жанына келіп тұрды. | |
| Numb | Kaz | 16:19 | Осылайша Қорах өзінің барлық жақтастарын Жаратқан Иенің кездесу шатырының кіреберісінің алдына Мұса мен Һаронға қарсы жинады.Сонда бүкіл қауымға Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді. | |
| Numb | Kaz | 16:21 | — Екеуің мына қауымнан бөлек тұрыңдар! Мен оларды қас-қағым сәтте-ақ жойып жіберейін! | |
| Numb | Kaz | 16:22 | Осыны естіген Мұса мен Һарон жерге етпеттерінен жата кетіп:— Уа, Құдай, демі бар күллі тірі жанның Құдайы! Бір адамның жасаған күнәсі үшін бүкіл қауымға қаһарланбақсың ба? — деп жалбарынды. | |
| Numb | Kaz | 16:24 | — Қауымға: «Қорах, Датан және Абиронның қостарының жан-жағынан кері шегініңдер!» деп бұйыр. | |
| Numb | Kaz | 16:25 | Мұса орнынан тұрып, Датан мен Абиронға қарай беттеді. Исраилдің ақсақалдары оның соңынан ілесті. | |
| Numb | Kaz | 16:26 | Мұса қауымға бұйрық беріп: «Мына зұлым адамдардың қостарынан аулақ шегініңдер! Әрі оларға қарасты ештеңеге де тиісуші болмаңдар! Әйтпесе олардың күллі күнәларына бола сендер де құрып кетесіңдер», — деді. | |
| Numb | Kaz | 16:27 | Сонда халық Қорах, Датан мен Абиронның тұратын қостарының жан-жағынан кері шегінді. Ал Датан мен Абирон әйелдері, ұлдары және кішкентай сәбилерімен бірге қостарының кіреберісінде тұрды. | |
| Numb | Kaz | 16:28 | Мұса Исраилдің қауымына тағы былай деді: «Осы істердің барлығын өз ойыма сай емес, Жаратқан Иенің маған тапсыруымен істегеніме мынау арқылы көздерің жететін болады: | |
| Numb | Kaz | 16:29 | Егер бұлар барлық адамдар іспетті көз жұмып ақ өліммен өлетін болса, онда Жаратқан Иенің мені жібермегені. | |
| Numb | Kaz | 16:30 | Ал егер Жаратқан Ие бұрын-соңды болмағанды жасап, жер аранын ашып, оларды барлық мал-мүлкімен бірге жұтып қойып, олар тірідей тұңғиыққа түсіп кетсе, онда сендер сол адамдардың Жаратқан Иені менсінбей қорлағанын білетін боласыңдар!» | |
| Numb | Kaz | 16:31 | Мұса осы сөздерді айтып бола салысымен, сол адамдардың аяқ астындағы жер қақ айырылды. | |
| Numb | Kaz | 16:32 | Осылай жер аранын ашып, Қорахтың бүкіл тобын үй іштерімен бірге, барлық дүние-мүлкімен қоса жұтып қойды. | |
| Numb | Kaz | 16:33 | Олар өздеріндегі барымен бірге тірідей тұңғиыққа түсіп кетті. Содан соң жер жабылып, олар жамағаттың арасынан біржола құрып жойылды. | |
| Numb | Kaz | 16:34 | Айналаларында тұрған бүкіл Исраил халқы олардың айқайын ести сала: «Ойбай, бізді де жер жұтып қоймасын!» — деп, жан-жаққа бас сауғалап қаша жөнелді. | |
| Numb | Kaz | 16:35 | Ал Жаратқан Ие от жіберіп, өз беттерімен хош иісті заттарды түтетіп жатқан екі жүз елу адамды өртеп жіберді. | |
| Numb | Kaz | 16:37 | «Діни қызметкер Һарон ұлы Елазарға мынаны айт: Өрттің арасынан табаларды жинап ал, себебі олар киелі. Іштерінде қызып тұрған шоқтарын алысқа төгіп таста! | |
| Numb | Kaz | 16:38 | Бұл адамдар күнә жасап, сол үшін өліммен жазаланғанмен, табалары Жаратқан Иенің алдына келтірілгенде Оған бағышталып киелі болды. Табаларды балғамен жалпақтап соғып, құрбандық үстелін солармен қаптап тастау керек. Осылайша исраилдіктерге ескертпе болсын». | |
| Numb | Kaz | 16:39 | Діни қызметкер Елазар өртеніп кеткендердің әкелген қола табаларын жинап алды. Құрбандық үстелін қаптау үшін олар балғамен соғылып тегістелді. | |
| Numb | Kaz | 16:40 | Бұның барлығы Жаратқан Иенің Мұса арқылы айтқан нұсқауы бойынша істелді. Һаронның ұрпақтарынан басқа ешкімге Жаратқан Иенің алдына барып, хош иісті зат түтетіп ұсынуға болмайтынын, әйтпесе соның Қорах пен оның сыбайластарының кейпін киетіні туралы исраилдіктерге берілген ескертпе осындай болды. | |
| Numb | Kaz | 16:41 | Келесі күні Исраилдің бүкіл жамағаты қайтадан Мұса мен Һаронға наразы болып: «Сендер Жаратқан Иенің халқын құрттыңдар!» — деп күңкілдей бастады. | |
| Numb | Kaz | 16:42 | Алайда жамағат Мұса мен Һаронға қарсы жиналып, кездесу шатырына бет бұрған сәтте-ақ шатырды бұлт жауып, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді. | |
| Numb | Kaz | 16:45 | «Мына жамағаттың арасынан кетіңдер! Мен оларды қас қағым сәтте-ақ жойып жіберемін», — деп ескертті. Сонда Мұса мен Һарон етпеттерінен жерге жығыла кетті. | |
| Numb | Kaz | 16:46 | Мұса Һаронға: «Бір табаны ал да, оған түтету үстелінен қызып тұрған көмір шоғын сал, ал оның үстіне хош иісті зат сал. Тезірек жамағатқа жүгіріп бар да, оларға күнәнің арамдығынан тазартатын рәсімді орында! Өйткені Жаратқан Ие қаһарланып отыр, халық арасында індет жайыла бастады», — деп тапсырды. | |
| Numb | Kaz | 16:47 | Сонда Һарон Мұсаның айтқан нәрселерін алып, жамағаттың ішіне жүгіріп барды. Қараса, олардың арасында індет жайыла бастаған екен. Һарон хош иісті затты түтетіп, халықты күнәларының арамдығынан тазартатын рәсімді орындады. | |
| Numb | Kaz | 16:49 | Ал сол індеттен, Қорахтың күнәсіне бола көз жұмғандарды есептемегенде, он төрт мың жеті жүз адам қырғынға ұшырады. | |
Chapter 17
| Numb | Kaz | 17:2 | «Исраилдіктерге он екі рудың он екі рубасының таяқтарын берсін деп бұйыр да, өзің соларды қабылдап ал. Әрбір рубасының есімін оның берген таяғына жазып қой. | |
| Numb | Kaz | 17:3 | Леуі руының таяғына Һаронның есімін жаз, өйткені әрбір рудың бір басшысының таяғы болу керек. | |
| Numb | Kaz | 17:4 | Таяқтарды кездесу шатырында Өзім сендермен кездесетін орын — Келісімнің айғақтары (сақталған сандықтың) алдына қой. | |
| Numb | Kaz | 17:5 | Мен кімді (діни қызметкер болуға) таңдап алған болсам, соның таяғы бүр жарады. Осылайша Мен исраилдіктердің өздеріңе қарсы күңкілдеп білдірген наразылықтарын доғартамын». | |
| Numb | Kaz | 17:6 | Мұса исраилдіктерге бұйырып, әрбір рубасы өз руының атынан бір таяқтан берді. Һаронның таяғы да солардың таяқтарының арасында болды. | |
| Numb | Kaz | 17:7 | Мұса таяқтардың барлығын алып, оларды Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырда Жаратқан Иенің алдына қойды. | |
| Numb | Kaz | 17:8 | Келесі күні Мұса киелі шатырға келіп қараса, Леуі руы үшін берілген Һаронның таяғы бүр жарып қана қоймай, гүлдеп, бадам жаңғақтарын да беріпті! | |
| Numb | Kaz | 17:9 | Мұса таяқтардың барлығын Жаратқан Иенің алдынан алып шықты да, оларды бүкіл Исраил халқына көрсетті. Халық таяқтарды қарап, әр рубасы өз таяғын қайтарып алды. | |
| Numb | Kaz | 17:10 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деді: «Һаронның таяғын бағынбайтын қиқарларға ескертпе болу үшін Келісімнің айғақтары алдына қайтадан сақтап қой. Осылайша өздерінің Маған күңкілдеп наразылық білдірулерін доғарсын. Әйтпесе олар өлім құшады». | |
| Numb | Kaz | 17:12 | Ал исраилдіктер Мұсаға: «Біз өлеміз, құрып бара жатырмыз! Бәріміз де құрып бара жатырмыз-ау! | |
Chapter 18
| Numb | Kaz | 18:1 | Содан кейін Жаратқан Ие Һаронға тіл қатып былай деді: «Егер киелі орынға қарсы бір күнә жасалатын болса, оған өзің де, ұрпақтарың да, арғы атаңнан шыққан бүкіл Леуі руы да жауапты боласыңдар. Ал діни қызметкердің қызметіне байланысты күнә үшін тек өзің мен ұрпақтарың ғана жауапты боласыңдар. | |
| Numb | Kaz | 18:2 | Ағайындарың — арғы атаңнан шыққан Леуі руын қасыңа қосып ал. Олар өздеріңмен бірге болып, сендерге қызмет етсін. Бірақ Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың алдында қызметті тек өзің және ұрпақтарың ғана атқаратын боласыңдар. | |
| Numb | Kaz | 18:3 | Леуіліктер сендерге қызмет етіп, киелі шатырға байланысты барлық міндеттерін атқаратын болсын. Алайда олар киелі шатырдағы құрал-жабдықтарға және құрбандық үстеліне жақындаушы болмасын, әйтпесе олар да, өздерің де өлесіңдер. | |
| Numb | Kaz | 18:4 | Олар қасыңда болып, кездесу шатырын күзетіп, ондағы барлық міндеттерін орындасын. Ал бөтен ешкім сендерге жақындап келуші болмасын. | |
| Numb | Kaz | 18:5 | Бұдан былай исраилдіктер қаһарыма ұшырамаулары үшін, сендердің киелі шатырдағы және құрбандық үстелінің алдындағы міндеттерді орындауларың керек. | |
| Numb | Kaz | 18:6 | Мен леуіліктерді исраилдіктердің арасынан таңдап алдым. Олар сендерге көмекке беріліп, кездесу шатырындағы жұмыстарды орындау үшін Өзіме бағышталған. | |
| Numb | Kaz | 18:7 | Ал құрбандық үстеліне және Киелі шатырдағы шымылдықтың артындағы (ең киелі орынға) байланысты қызметтерді тек сен және ұрпақтарың ғана орындайтын боласыңдар. Мен діни қызметкер болып сол міндетті атқаруды сендерге сыйлап отырмын. Ал киелі шатырдағы қызметті орындау үшін жақындап келген әрбір бөтен адам өлім құшады». | |
| Numb | Kaz | 18:8 | Жаратқан Ие Һаронға қайтадан тіл қатып былай деді: «Біліп қой, Мен исраилдіктердің Өзіме жасайтын сый-тартуларын бақылауды саған тапсырдым. Олардың Өзіме көтеріп ұсынатын тартуларын Мен саған және ұрпақтарыңа арналған үлестерің әрі тұрақты құқықтарың етіп сыйладым. | |
| Numb | Kaz | 18:9 | (Маған бағышталған) тартулардың отқа өртелмейтін бөлігі сендердің үлестерің болады. Ол не астық тартуы, не күнәнің құнын өтейтін құрбандық, не айыпты өтеу құрбандығы болсын, халықтың Маған бағыштаған ерекше киелі тартуларының осы бөліктері сенің өзіңе және ұрпақтарыңа тиісті. | |
| Numb | Kaz | 18:10 | Оларды киелі орында жеңдер. Сендердің еркек кіндіктілерің сол бөліктерді жей алады. Оларға Өзіме бағышталған киелі деп қараңдар. | |
| Numb | Kaz | 18:11 | Сондай-ақ, мыналар да сенікі: исраилдіктердің көтеріп не әрі-бері тербеп ұсынатын тартуларынан арнайы үлесті Мен саған және ұл-қыздарыңа сыйладым. Ол әрқашан солай болуы тиіс. Ондай сыйды отбасыңдағы тазару рәсімінен өткен әркім жей алады. | |
| Numb | Kaz | 18:12 | Халықтың Маған, Жаратқан Иеге, ұсынатын алғашқы өнімдерін: зәйтүн майының, жүзім шырыны мен астығының таңдаулы үлестерін Мен саған бердім. | |
| Numb | Kaz | 18:13 | Халықтың өз жерінен алған, Маған беруге тиісті алғашқы өнімдерінің барлығы саған арналған. Үй ішіңнің тазару рәсімінен өткен әр адамы оны жей алады. | |
| Numb | Kaz | 18:15 | Әр әйелдің тұңғышы және малдың әр бірінші төлі Жаратқан Иеге ұсынылып, сенікі болсын. Бірақ тұңғыш ұл балаға және Маған арнап құрбандыққа шалуға болмайтын арам хайуандарға өтем құнын белгіле. Сол құн тұңғыш ұл не малдың орнына төленсін. | |
| Numb | Kaz | 18:16 | Ал өтем құны мынау: бір айлық ұл бала немесе төл үшін бес күміс мысқал. Мұндағы мысқал — салмағы жиырма гераһтан тұратын киелі орында қолданылатын ресми өлшем. | |
| Numb | Kaz | 18:17 | Алайда сиыр, қой, ешкінің алғашқы төлін құрбандыққа шалмай, құнын өтеп тірі алып қалуға жол берме! Олар Маған бағышталған. Оларды шалып, қанын құрбандық үстеліне шашып, майын Жаратқан Иеге хош иісті де ұнамды құрбандық ретінде өртеп ұсын. | |
| Numb | Kaz | 18:18 | Ал олардың еті, әрі-бері тербеліп ұсынылатын көкірек еті мен оң жақ саны сияқты, сендерге тиісті үлес болады. | |
| Numb | Kaz | 18:19 | Осылайша Мен исраилдіктердің Жаратқан Иеге алып келетін барлық киелі тартуларын тұрақты түрде сенің өзің мен ұл-қыздарыңа сыйладым. Бұл — өзіңе және отбасыңа арнап Жаратқан Ие жасаған ешқашан бұзылмауға тиіс Келісім». | |
| Numb | Kaz | 18:20 | Жаратқан Ие Һаронға тағы былай деді: «Сендерге, діни қызметкерлерге, елден мұралық аймақ бөлінбейді, халық арасында сендерге тиер үлес те жоқ. Исраилдіктердің арасындағы сендердің үлестерің де, мұраларың да Менмін. | |
| Numb | Kaz | 18:21 | Мен Леуі руына кездесу шатырында атқаратын қызметтері үшін алатын мұралық үлестері ретінде Исраилдегі барлық өнімнің он бөлігінің бірін бердім. | |
| Numb | Kaz | 18:22 | Бұдан былай өзге исраилдіктер киелі шатырға тым жақындап келмесін! Әйтпесе олардың күнәсі мойындарында болып, өлім құшады. | |
| Numb | Kaz | 18:23 | Кездесу шатырындағы қызметтерді леуіліктер атқарсын. (Егер міндеттерін ұқыпсыз атқарса) оған өздері айыпты болады. Бұл келер ұрпақтарың үшін де тұрақты ереже.Исраилдіктердің арасынан леуіліктер мұралық үлес алмайды. | |
| Numb | Kaz | 18:24 | Себебі Мен леуіліктерге исраилдіктер жинаған өнімдерінің Маған сый-тарту ретінде ұсынатын он бөлігінің бірін сыйладым. Сондықтан Мен Леуі руы жайлы «Исраилдіктердің арасынан леуіліктер мұралық үлес алмайды» деген едім». | |
| Numb | Kaz | 18:26 | «Леуіліктерге мынаны айт: Мен сендерге мұралық үлестерің ретінде сыйлаған он бөліктің бірін исраилдіктерден қабылдағанда, өздерің де сол алғандарыңның он бөлігінің бірін Маған көтеріп ұсынатын тартуларың ретінде бағыштаңдар. Яғни он бөліктің бірінің он бөлігінің бірін беріңдер. | |
| Numb | Kaz | 18:27 | Сендердің бұл тартуларың қырманда бастырған астық немесе жүзім сыққыштан алынған жүзім шырынының алғашқы өнімдері іспетті саналады. | |
| Numb | Kaz | 18:28 | Осылайша исраилдіктерден өнімдерінің он бөлігінің бірін қабылдайсыңдар, ал соның он бөлігінің бірін Маған көтеріп ұсынатын тарту ретінде бағыштайсыңдар. Маған тиісті осы бөлікті сендер діни қызметкер Һаронға табыстауларың қажет. | |
| Numb | Kaz | 18:29 | Өздеріңе жасалатын барлық тартулардың ең таңдаулы да киелі бөлігін Маған, Жаратқан Иеге, арнап көтеріп ұсынуларың керек. | |
| Numb | Kaz | 18:30 | Сондықтан леуіліктерге былай де: Сендер барлық тартулардың ең таңдаулы бөлігін Маған бағыштап ұсынғанда, ол сендердің өз қырмандарыңның немесе өз жүзім сыққыштарыңның өнімі ретінде саналады. | |
| Numb | Kaz | 18:31 | Оның қалған бөлігін өздерің және үй іштерің кез келген жерде жей аласыңдар. Себебі ол кездесу шатырында жасайтын қызметтеріңнің ақысы. | |
Chapter 19
| Numb | Kaz | 19:2 | «Жаратқан Иенің бұйырған заңының тағы бір ережесі мынау: Исраил халқына мынаны айту керек: Олар бір жирен баспақты алып келсін. Сол жас сиырдың барлық жері сау, ешбір кемістігі жоқ болсын және оған ешқашан мойынтұрық салынбаған болуы керек. | |
| Numb | Kaz | 19:3 | Жас сиырды діни қызметкер Елазарға табыстасын. Содан соң мал ел қонысының сыртына шығарылып, біреу оны Елазардың көз алдында бауыздасын. | |
| Numb | Kaz | 19:4 | Діни қызметкер Елазар саусағын баспақтың қанына батырып алып, кездесу шатырының алдыңғы жағына қарай жеті рет бүріксін. | |
| Numb | Kaz | 19:5 | Малдың өзі: терісі, еті, қаны, жыны түгелімен Елазардың көз алдында өртеліп жіберілсін. | |
| Numb | Kaz | 19:6 | Діни қызметкер самырсынның бір жаңқасын, сайсағыздың бір бұтақшасын және ал қызыл түсті жүннің бір шүйкесін алып, жанып жатқан мал денесінің үстіне лақтырсын. | |
| Numb | Kaz | 19:7 | Содан соң діни қызметкер үстіндегі киімін жуып, өзі де сумен жуынсын. Бұдан кейін оған қонысқа қайтып келуге болады, алайда ол кешке дейін таза емес болып саналады. | |
| Numb | Kaz | 19:8 | Малдың денесін өртеген адам да киімін жуып, сумен жуынсын. Ол да кешке дейін арамданған болып саналады. | |
| Numb | Kaz | 19:9 | Арамданбаған басқа бір адам өртелген баспақтың күлін жинап алып, оны ел қонысының сыртындағы бір таза жерге апарып сақтап қойсын. Осы күл исраилдіктердің жамағаты үшін тазару рәсімінің суында қолдануға сақтала берсін. Бұл рәсім күнәдан тазарту үшін жасалады. | |
| Numb | Kaz | 19:10 | Жас сиырдың күлін жинаған адам да өз киімін жусын. Ол да кешке дейін таза емес болып саналады. Бұл — өздеріңе де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтарға да арналған тұрақты ереже». | |
| Numb | Kaz | 19:11 | Өлген адамның мәйітіне жанасқан әркім жеті күн бойы таза емес арамданған болып саналады. | |
| Numb | Kaz | 19:12 | Арамданғаннан кейінгі үшінші және жетінші күндері сондай адам арнайы сумен тазару рәсімінен өтсін. Бұдан кейін ол таза болады. Ал егер үшінші және жетінші күндері тазару рәсімінен өтпесе, онда ол таза болмайды. | |
| Numb | Kaz | 19:13 | Өлген адамның мәйітіне жанасып, тазару рәсімінен өтпеген әркім Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағын арамдайды. Ондай адам Исраилдің қауымынан аластатылсын. Тазарту суы оған бүркіп себілмегендіктен ол арамданған күйінде қала береді. | |
| Numb | Kaz | 19:14 | Біреу үй ішінде қайтыс болған жағдайдағы ереже мынау: сол кезде үйде болғандардың және кейін оған кіргендердің барлығы жеті күн бойы таза емес болып саналады. | |
| Numb | Kaz | 19:16 | Сол сияқты, далада семсерден қаза тапқан немесе өз ажалымен өлген адамның мәйітіне, сүйектеріне не қабіріне жанасқан әр кісі де жеті күн бойы таза емес болып саналады. | |
| Numb | Kaz | 19:17 | Осындай арамданған адамды тазару рәсімінен өткізу үшін алдымен шалынып, өртелген жирен баспақтың біраз күлін ыдысқа салып, үстіне ағынды судан құйсын. | |
| Numb | Kaz | 19:18 | Арамданбаған бір адам сайсағыздың бір бұтақшасын ыдыстағы суға малып алып, сонымен суды сол үйге, ондағы бұйымдар мен адамдардың бәріне бүріксін. Ол, сондай-ақ, өлген адамның сүйегіне, қаза тапқан не өз ажалымен өлген адамның мәйітіне немесе қабіріне жанасқан әркімге арнайы суды бүркіп себуі қажет. | |
| Numb | Kaz | 19:19 | Содан соң үшінші және жетінші күндері таза адам арамданған адамға сол судан бүріксін. Осылайша оны жетінші күні арамдығынан тазартады. Сол күні адам киімін жуып, өзі сумен жуынсын, сонда ол кеште арамданбаған болып саналады. | |
| Numb | Kaz | 19:20 | Ал егер біреу арамданып қалып, тазару рәсімінен өтпесе, ондайды жамағаттан аластату керек. Себебі ол үстіне тазару рәсімінің суын сепкізбей, Жаратқан Иенің киелі орнын арамдады. | |
| Numb | Kaz | 19:21 | Бұл — халыққа арналған тұрақты ереже. Тазарту рәсімінің суын бүркіп сепкен адам да киімін жусын. Ал тазару рәсімінің суы біреуге тисе, сол адам кешке дейін таза емес болып саналады. | |
Chapter 20
| Numb | Kaz | 20:1 | Бірінші айда исраилдіктердің бүкіл қауымы Сін атты елсіз далаға жетіп, сондағы Қадеш деген жерде тұрақтады. Мәриям сол жерде қайтыс болып, мәйіті қабірге қойылды. | |
| Numb | Kaz | 20:3 | Олар Мұсаға қатты наразы болып былай деді: «Ағайындарымыз Жаратқан Иенің алдында өлген кезде біздің де өліп қалғанымыз игі болар еді! | |
| Numb | Kaz | 20:4 | Бізді — Жаратқан Иенің қауымын неге осы иен далаға бастап алып келдіңдер? Өзіміз бен малымыздың қырылуы үшін бе?! | |
| Numb | Kaz | 20:5 | Бізді Мысыр елінен шығарып, мына қу медиенге неге алып келдіңдер? Мұнда астық шықпайды, інжір, жүзім, анар дегендерің өспейді! Тіпті ішетін су да жоқ!» | |
| Numb | Kaz | 20:6 | Осы сөздерді естігенде Мұса мен Һарон бас қосқан халықтан бөлініп шығып, кездесу шатырының кіреберісіне барып, сол жерде етпеттерінен жата кетті. Сонда оларға Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты көрінді. | |
| Numb | Kaz | 20:8 | «Әлгі таяқты қолыңа алып, ағаң Һарон екеуің бүкіл қауымды жинаңдар. Олардың көз алдында мына жартасқа бұйыра сөйлеңдер! Сонда ол сендерге ішінен суын ағызады. Осылайша сен жартастан су ағызып шығарып, халықтың да, малының да шөлін қандыратын боласың». | |
| Numb | Kaz | 20:10 | Һарон екеуі бүкіл жамағатты жартастың алдына жинады. Мұса оларға: «Уа, бағынбайтын қыңырлар, құлақ салыңдар! Сендерге осы жартастан су ағызайық па?» — деп дауыстады. | |
| Numb | Kaz | 20:11 | Содан кейін Мұса қолын көтеріп, жартасты екі рет таяғымен соғып қалды. Сонда одан су молынан сарқырап аға жөнелді. Бүкіл жамағат та, малдары да ішіп, шөлдерін қандырды. | |
| Numb | Kaz | 20:12 | Бірақ Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді: «Маған жете сенбей, Исраилдің үрім-бұтағының алдында Менің киелі екенімді көрсетпедіңдер. Сондықтан екеуің осы қауымды Өзім оларға табыстап отырған елге алып бармайсыңдар!» | |
| Numb | Kaz | 20:13 | Бұл жер Меріба (Ұрсу) суы деп аталып кетті. Себебі Исраилдің үрім-бұтағы сол жерде Жаратқан Иеге ұрсып, Ол Өзінің киелі екенін көрсетті. | |
| Numb | Kaz | 20:14 | Мұса Қадештен Едом патшасына елшілері арқылы мынадай сәлем жіберді:— Ағайындарың исраилдіктерден дұғай сәлем. Біздің басымызға түскен әр алуан бейнеттер туралы өздерің білесіздер. | |
| Numb | Kaz | 20:15 | Ата-бабаларымыз Мысыр еліне қоныс аударып, сол жерде көп жыл тұрдық. Ал мысырлықтар бізге және аталарымызға жәбір көрсетті. | |
| Numb | Kaz | 20:16 | Сонда біз Жаратқан Иеден көмек сұрап жалбарынған едік. Ол бізге құлақ салып, періштесін жіберіп, бізді Мысыр елінен азат етіп алып шықты. Енді біз сіздің елдің шет жағында орналасқан Қадеш қаласындамыз. | |
| Numb | Kaz | 20:17 | Бізге жеріңіз арқылы өтіп шығуға рұқсат берсеңіз екен. Не егістіктеріңізге, не жүзімдіктеріңізге түспейміз. Құдықтарыңыздан да су ішуші болмаймыз. Патшаның үлкен жолымен ғана еліңізді кесіп өте шығамыз. Соған дейін жолдан оңға да, солға да бұрылмаймыз! — | |
| Numb | Kaz | 20:18 | Бірақ едомдықтар Мұсаға мынадай жауап жіберді:— Жеріміз арқылы өтпейсіңдер, әйтпесе сендерге қарсы семсермен шығамыз! — | |
| Numb | Kaz | 20:19 | Сонда исраилдіктер:— Біз үлкен жолмен ғана өте шығамыз. Егер біз өзіміз не малдарымыз суыңызды ішетін болсақ, ақшасын төлейміз. Тек жеріңіз арқылы жаяу өте шықсақ болғаны. Одан басқа ештеңе істемейміз, — деп өтінді. | |
| Numb | Kaz | 20:20 | Алайда едомдықтар қайтадан:— Жоқ, өйтпейсіңдер! — деген жауап берді. Олар Исраилге қарсы мықты қарулы қолмен шықты. | |
| Numb | Kaz | 20:21 | Сонымен едомдықтар Исраилге өз жерлері арқылы өтіп кетуге рұқсат бермегендіктен, халық оларды айналып өтпек болып бағыттарын өзгертті. | |
| Numb | Kaz | 20:23 | Едом елінің шекарасындағы Һор тауында Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді: | |
| Numb | Kaz | 20:24 | «Һаронның о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанатын мезгілі жетті. Ол Мен исраилдіктерге табыстауға уәде еткен елге кірмейді. Себебі екеуің Мерібадағы су жайлы Менің бұйрығыма бағынбадыңдар. | |
| Numb | Kaz | 20:26 | Сол жерде Һаронның арнайы киімдерін шешіп, ұлы Елазарға кигіз. Ал Һаронның өзі сол жерде дүниеден өтіп ата-бабаларының қасына жөнеледі». | |
| Numb | Kaz | 20:27 | Мұса Жаратқан Иенің бұйрығын орындап, үшеуі бүкіл жамағаттың көзінше Һор тауына көтеріліп кетті. | |
| Numb | Kaz | 20:28 | Сонда Мұса Һаронның үстінен арнайы киімін шешіп алып, оның ұлы Елазарға кигізді. Һарон сол таудың басында қайтыс болды. Кейін Мұса Елазар екеуі таудан түсті. | |
Chapter 21
| Numb | Kaz | 21:1 | Негев өлкесіндегі Арад қаласының қанахандық патшасы Исраил халқының Атарим жолымен келе жатқанын естіп, оларды шабуылдап, біразын тұтқындады. | |
| Numb | Kaz | 21:2 | Сонда исраилдіктер Жаратқан Иеге: «Егер осы халықты біздің қолымызға тапсырсаң, онда біз олардың қалаларын Өзіңе бағыштап, толығымен құртатын боламыз», — деген ант берді. | |
| Numb | Kaz | 21:3 | Жаратқан Ие исраилдіктердің өтініштеріне құлақ салып, қанахандықтарды олардың қолдарына тапсырды. Исраилдіктер солардың өздері мен қалаларын Құдайға бағыштап, толығымен құртты. Содан осы жер Хорма (Құрту) деп аталып кетті. | |
| Numb | Kaz | 21:4 | Һор тауынан исраилдіктер Едом елін сырт айналып өтпек болып, Қамысты теңізге қарай бет алды. Жолшыбай халықтың шыдамы таусылып, | |
| Numb | Kaz | 21:5 | Құдайға және Мұсаға қарсы сөйлеп: «Бізді не үшін Мысырдан алып шықтыңдар? Мына иен далада қырылуымыз үшін бе? Жейтін нан, ішетін суымыз жоқ! Әлгі жеп жүрген жиренішті тамағымыздан әбден мезі болдық!» — деді. | |
| Numb | Kaz | 21:6 | Сонда Жаратқан Ие халық арасына отқа ұқсаған улы жыландар жіберіп, солар Исраил халқының арасынан көптеген адамды шағып өлтірді. | |
| Numb | Kaz | 21:7 | Халық Мұсаның алдына келіп: «Біз Жаратқан Иеге және өзіңізге қарсы сөйлеп күнә жасадық. Мына жыландарды бізден аластата көрсін деп Жаратқан Иеге біз үшін өтініш жасап сиыныңызшы!» — деп жалынды. Содан Мұса халық үшін өтініп сиынды. | |
| Numb | Kaz | 21:8 | Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: «Отқа ұқсаған улы жыланның мүсінін жасап ал да, оны белгі беретін бағананың басына бекітіп, жоғары көтеріп қой! Жылан шаққан әркім соған қараса, тірі қалады». | |
| Numb | Kaz | 21:9 | Сонымен Мұса мыстан жылан мүсінін жасап, оны бағананың басына бекітіп, жоғары көтеріп қойды. Жылан шағып алған әркім мыс жыланға қарағанда, тірі қалып отырды. | |
| Numb | Kaz | 21:11 | Олар Оботтан шығып, Моаб елінің шығысындағы елсіз даладағы Ие-Абаримге көшіп барып, сонда аялдады. | |
| Numb | Kaz | 21:13 | Халық сол жерден иен даладағы Арнонның арғы жағына өтіп, сонда тоқтады. Арнон — аморлықтардың аймағынан бері ағатын өзен, ол Моаб елін аморлықтардың аймағынан бөліп тұратын шекарасы еді. | |
| Numb | Kaz | 21:14 | Сол себепті «Жаратқан Иенің шайқастары» деген кітапта былай деп жазылған: «Суфаның маңайындағы Уахеп қаласы және Арнон өзені мен | |
| Numb | Kaz | 21:15 | оның Ар деген елді мекенге қарай созылып жатқан сайлары Моаб шекарасының бойында орналасқан». | |
| Numb | Kaz | 21:16 | Сол жерден исраилдіктер Бегерге көшіп барды. Жаратқан Ие сондағы құдық туралы Мұсаға: «Халықты жина, Мен оларға су беремін», — деді. | |
| Numb | Kaz | 21:17 | Сол кезде Исраил халқы мына әнді шырқады:«Уа, құдық, суыңды сарқырата бер,Құдық жайында айтыңдар әндер! | |
| Numb | Kaz | 21:18 | Оны ойып қазды билеушілер,Халықтың озаттары, жетекшілер,Қолдарында асатаяқ пен сүңгілер».Елсіз даладан халық Матанаға, | |
| Numb | Kaz | 21:20 | Бамоттан олар Моаб еліндегі алқапқа көшіп барды. Сол маңайдағы Писга тауы құлазыған далаға тіреліп тұр. | |
| Numb | Kaz | 21:21 | Мұнан кейін Исраил халқы елшілері арқылы аморлықтардың патшасы Сихонға мынадай сәлем жіберді: | |
| Numb | Kaz | 21:22 | «Жеріңізден өтуімізге рұқсат етсеңіз екен. Не егістіктеріңізге, не жүзімдіктеріңізге бұрылмаймыз, құдықтарыңыздан су да ішпейміз. Тек Патшаның үлкен жолымен ғана жеріңізден өтіп шығамыз». | |
| Numb | Kaz | 21:23 | Бірақ Сихон Исраилге өз жері арқылы жүріп өтуге рұқсат бермей, бүкіл жасағын жинап, Исраилге қарсы елсіз далаға аттанды. Яхас деген жерге жетіп, исраилдіктермен шайқасты. | |
| Numb | Kaz | 21:24 | Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. | |
| Numb | Kaz | 21:25 | Исраил халқы аморлықтардың барлық қалаларын да қолға түсіріп, соларды, әсіресе, Хешебон мен оған қарасты елді мекендеріне қоныстанып алды. | |
| Numb | Kaz | 21:26 | Себебі Хешебон аморлықтардың патшасы Сихонның тұрған қаласы болатын. Ол Моабтың бұрынғы патшасына шабуыл жасап, оның Арнонға дейінгі бүкіл жерін тартып алған еді. | |
| Numb | Kaz | 21:27 | Сондықтан жыраулар ол туралы мынадай нақыл айтқан:«Келіңдер Хешебонға, Сихонның қаласына,Қайта салынып, бекітілсін астана! | |
| Numb | Kaz | 21:28 | Себебі Хешебоннан от жалыны шықты,Сихонның қаласынан алау лап етті,Моабтың Ар қаласын жалмап қойды,Арнон қыраттарының иелерін қырды. | |
| Numb | Kaz | 21:29 | Уа, Моаб халқы, қасірет саған!Хамосқа табынған халық қырылған.Хамос өз «ұлдарын» қашуға қалдырды,«Қыздарын» Амор патшасы Сихонға олжалатты, | |
| Numb | Kaz | 21:30 | Ал біз оларды жебе атып талқандадық,Дибонға дейінгі Хешебон елін құрттық,Медеба мен Нофаға дейін ойран салдық!» | |
| Numb | Kaz | 21:32 | Кейін Мұса Жазер қаласына барлаушылар жіберді. Исраил жасағы оған қарасты елді мекендерді басып алып, сондағы аморлықтардың жерін де иемденді. | |
| Numb | Kaz | 21:33 | Бұдан кейін исраилдіктер бұрылып, Башан аймағына баратын жолмен жоғары қарай өрледі. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп олармен шайқасуға Едірейге аттанды. | |
| Numb | Kaz | 21:34 | Ал Жаратқан Ие Мұсаға: «Одан қорықпа! Себебі Мен оның өзін, бүкіл жасағы мен елін сенің қолыңа тапсырып отырмын. Аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихонға не істеген болсаң, оған да дәл соны істе!» — деді. | |
Chapter 22
| Numb | Kaz | 22:1 | Содан соң исраилдіктер көшіп барып, Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моабтың елсіз алқаптарына орналасты. | |
| Numb | Kaz | 22:2 | Исраилдің аморлықтарға не істегені туралы (Моаб халқының патшасы) Сипор ұлы Балақ хабардар болатын. | |
| Numb | Kaz | 22:4 | Мадиян халқының ақсақалдарына мына хабарды жолдады:«Өгіз даланың шөбін толық жалмап қояр,Енді бұл тобыр маңымызды жалмап қояр!»Моаб патшасы Сипор ұлы Балақ | |
| Numb | Kaz | 22:5 | елшілерін жіберіп, Беғор ұлы Балағамды өзіне шақыртты. Балағам Евфрат өзенінің бойындағы Петор деген туған жерінде тұрып жатты. Патша Балағамға мынадай сәлем жіберді: «Мысырдан бір халық көшіп шығып, жер бетін қаптап кетті. Олар енді қасымызға қоныстанып жатыр. | |
| Numb | Kaz | 22:6 | Өтінемін, келіп, сол халықты қарғап беріңіз. Олар бізден сондай қуатты! Мүмкін, осылай оларды күйретіп, елден қуып шыға алармын. Себебі сіз кімге бата берсеңіз, соның жарылқанатынын, ал кімді қарғасаңыз, соның қарғысқа ұшырайтынын білеміз». | |
| Numb | Kaz | 22:7 | Осылайша Моаб пен Мадиянның ақсақалдары Балағамға сәуегейлігі үшін беретін сый-тартуын ала шығып, Балақтың айтып жібергенін жеткізді. | |
| Numb | Kaz | 22:8 | Балағам оларға: «Бүгінше осында түнеп шығыңыздар. Жаратқан Ие маған не айтса, соны сіздерге жеткіземін», — деді. Содан Моабтың әміршілері Балағамның қасында қалды. | |
| Numb | Kaz | 22:11 | «Мысырдан көшіп шығып келген халық жер бетіне қаптап кетті. Келіп, оларды қарғап беріңіз. Мүмкін, сонда олармен шайқасып, қуып шыға алармын», — деп жауап берді. | |
| Numb | Kaz | 22:12 | Құдай Балағамға:— Олармен барып, сол халықты қарғаушы болма! Себебі олар жарылқанған, — деп бұйырды. | |
| Numb | Kaz | 22:13 | Ертеңіне таңертең Балағам орнынан тұрып, Балақтың жіберген әміршілеріне былай деді: «Елдеріңізге қайта беріңіздер. Өйткені Жаратқан Ие маған сіздерге ілесіп жолға шығуға рұқсат берген жоқ». | |
| Numb | Kaz | 22:14 | Моабтың әміршілері Балаққа қайтып келіп: «Тақсыр, Балағам бізге ілесіп келуден бас тартты», — деді. | |
| Numb | Kaz | 22:16 | Олар Балағамға келіп, былай деді:— Сипор ұлы Балақтан сізге дұғай сәлем. Еш нәрсе де сіздің маған келуіңізге бөгет болмасын! | |
| Numb | Kaz | 22:17 | Мен сізге зор сый көрсетіп, айтқаныңыздың бәрін де орындаймын. Өтінемін, тек келіп, ана халықты қарғап берсеңіз екен. | |
| Numb | Kaz | 22:18 | Балағам Балақтың жіберген адамдарына мынадай жауап қайырды:— Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Құдайым Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не үлкен, не майда-шүйде еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. | |
| Numb | Kaz | 22:19 | Сіздер де бүгін осында түнеп шығыңыздар. Жаратқан Ие маған тағы не айтар екен, соны біліп алайын. | |
| Numb | Kaz | 22:20 | Түнде Құдай тағы да Балағаммен кездесіп: «Мына адамдар сені шақыруға келген соң жолға жиналып, оларға еріп бара бер. Бірақ тек Менің айтқанымды ғана істейтін бол!» — деп бұйырды. | |
| Numb | Kaz | 22:21 | Балағам таңертең тұрып, мәші есегін ерттеп, мініп алды да, Моабтың әміршілеріне ілесіп сапарға аттанды. | |
| Numb | Kaz | 22:22 | Бірақ оларға ілесіп шыққаны үшін Құдай Балағамға қаһарланды. Сондықтан Жаратқан Иенің періштесі Балағамға қарсы шығып, жолын бөгеп тастады. Балағам екі қызметшісін ертіп жол жүріп бара жатқанда, | |
| Numb | Kaz | 22:23 | оның астындағы мәші есегі Жаратқан Иенің періштесінің қолына жалаң семсер ұстап жолда тұрғанын көрді. Есек жолдан шығып, ашық далаға қарай беттеді. Ал Балағам оны ұрғылап, жолға қайтарды. | |
| Numb | Kaz | 22:24 | Бұдан кейін Жаратқан Иенің періштесі жүзімдіктердің арасындағы соқпақ жолға тұрып алды. Соқпақтың екі жағынан да дуалдар қоршап тұрды. | |
| Numb | Kaz | 22:25 | Есек Жаратқан Иенің періштесін көріп, дуалға жабыса ығысып, Балағамның аяғын қысып тастады. Балағам жануарды қайтадан ұрғылады. | |
| Numb | Kaz | 22:26 | Ал Жаратқан Иенің періштесі алға жылжып, не оңға да, не солға да бұрылып өтуге мұрша бермейтін бір тар жерге келіп тұрып алды. | |
| Numb | Kaz | 22:27 | Жаратқан Иенің періштесін көрген мәші есек жерге жата кетті. Бұдан Балағамды ашу кернеп, есегін таяғымен ұра бастады. | |
| Numb | Kaz | 22:28 | Сонда Жаратқан Ие мәшіге тіл бітіріп, ол:— Мені үш рет қатарынан ұрып-соғатындай саған не жаздым? — деп сұрады. | |
| Numb | Kaz | 22:29 | Балағам есекке:— Мені келеке қылғаның үшін. Егер қолымда семсер болса, сені өлтіре салар едім! — деп дауыстады. | |
| Numb | Kaz | 22:30 | Ал есек Балағамға:— Баяғыдан бері мініп келе жатқан мәші есегің емеспін бе? Бұрын-соңды менің осындай әдетім болып па еді? — деген сұрақ қойды. Балағам оған: — Жоқ, — деп жауап берді. | |
| Numb | Kaz | 22:31 | Сонда Жаратқан Ие Балағамның көзін ашып, ол Жаратқан Иенің періштесінің қолына жалаң семсер ұстап жолда тұрғанын көрді. Балағам оның алдында иіліп, етпетінен жерге жығыла кетті. | |
| Numb | Kaz | 22:32 | Періште оған:— Не себептен сен мәші есегіңді үш рет қатарынан ұрып-соқтың? Мен өзім бөгет болу үшін саған қарсы шыққан едім. Себебі сен маған қыңырлана мойынсұнбайсың. Жүрген жолың сені менің көз алдымда тұңғиыққа құлатпақ! | |
| Numb | Kaz | 22:33 | Ал есегің мені көріп, үш рет қатарынан менен жалтарды. Ол солай етпегенде, мен қазір-ақ сені өлтіріп, оны тірі қалдыратын едім, — деп ескертті. | |
| Numb | Kaz | 22:34 | Балағам Жаратқан Иенің періштесіне:— Мен күнә жасадым. Сіздің маған қарсы шығып, жолды бөгеп тұрғаныңызды білмеген едім. Ал енді, егер мұным сізге ұнамаса, онда кері қайтайын, — деп жауап қатты. | |
| Numb | Kaz | 22:35 | Бірақ Жаратқан Иенің періштесі:— Мына адамдарға ілесіп бара бер. Алайда тек менің өзіңе айт дегенімді ғана айтатын бол! — деген бұйрық берді. Осылай Балағам Балақтың әміршілеріне ілесіп кете берді. | |
| Numb | Kaz | 22:36 | Балақ патша Балағамның келе жатқанын ести салысымен, оны қарсы алу үшін жолға шығып, өз елінің шекарасындағы Арнон өзенінің бойында орналасқан моабтық қалаға барды. | |
| Numb | Kaz | 22:37 | Балақ:— Мен адамдарымды жіберіп, сізді жедел келуге шақырмап па едім? Неге келіп болмадыңыз? Әлде сізге тиесілі сый-сыяпат көрсету қолымнан келмей ме? — деп ренішін білдірді. | |
| Numb | Kaz | 22:38 | Ал Балағам оған:— Міне, қасыңызға келдім ғой. Алайда өзім қалаған сөзімді айта алар ма екенмін? Жоқ, Құдай аузыма қандай сөз салса, соны айтамын, — деп жауап берді. | |
| Numb | Kaz | 22:40 | Сол жерде патша мүйізді ірі қара мен ұсақ малдарды құрбандыққа шалып, солардың біраз бөлігін Балағамға және қасындағы әміршілеріне берді. | |
Chapter 23
| Numb | Kaz | 23:1 | Сонда Балағам Балаққа:— Маған осы жерде жеті құрбандық орнын тұрғызып, жеті жас бұқа мен жеті қошқар дайындап қойыңыз, — деп тапсырды. | |
| Numb | Kaz | 23:2 | Балақ оның айтқанын орындады. Екеуі әрбір құрбандық орнында бір-бірден жас бұқа мен қошқарды құрбандыққа шалып, өртеп ұсынды. | |
| Numb | Kaz | 23:3 | Мұнан кейін Балағам Балаққа:— Мына шалынып, түгелдей өртелген құрбандықтарыңыздың қасында тұра тұрыңыз. Мен әрірек барып келейін, мүмкін, Жаратқан Ие кездесу үшін келіп қалар. Ол маған не ашып көрсетсе, соны сізге айтып беремін, — деп, бір тақыр төбе басына шығып кетті. | |
| Numb | Kaz | 23:4 | Сол жерде Құдай оған кездескенде, Балағам:— Жеті құрбандық орнын тұрғызып, әрқайсысында бір-бір жас бұқа мен қошқарды құрбандыққа шалып, өртеп ұсындым! — деді. | |
| Numb | Kaz | 23:5 | Жаратқан Ие Балағамның аузына айтатын сөздерін салып, оған:— Енді Балаққа қайтып бар да, оған осы хабарымды жеткіз, — деп бұйырды. | |
| Numb | Kaz | 23:6 | Сонымен Балағам қайтып келсе, Балақ өзінің шалып, түгелдей өртеген құрбандықтарының жанында тұр екен. Моаб елінің барлық әміршілері оның қасында болды. | |
| Numb | Kaz | 23:7 | Енді Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Балақ мені шақырды Арама аймағынан,Моаб патшасы алдыртты шығыс тауларынан:«Келіп, Жақыптың ұрпағын қарғап беріңіз, — Деп, — Исраил халқын лағынеттеп кетіңіз!» | |
| Numb | Kaz | 23:9 | Оны көріп тұрмын жартастың шыңынан,Оған қарап тұрмын төбе бастарынан.Бұл халық оңашаланып бөлек тұрады,Басқа ұлттарға қосылудан бас тартады. | |
| Numb | Kaz | 23:10 | Жақыптың құмдай көп ұрпағын кім есептер?Исраилдің төрттен бірінің өзін санап көр!Көз жұмған кезімде сол әділдердей өлейін,Бұлардай ақ өліммен дүниеден өтейін! | |
| Numb | Kaz | 23:11 | Балақ Балағамға:— Бұ не қылғаныңыз маған? Мен сізді жауымды қарғауға алдырттым, ал сіз оған ақ бата жаудырдыңыз?! — деп налыды. | |
| Numb | Kaz | 23:12 | Балағам:— Жаратқан Ие маған не бұйырса, дәл соны ғана айтуым қажет емес пе? — деп жауап берді. | |
| Numb | Kaz | 23:13 | Балақ:— Менімен бірге басқа бір жерге жүріңіз, халыққа сол жерден қарайсыз. Бірақ оны толығымен емес, тек бір бөлшегін ғана көретін боласыз. Сол жерден оларды қарғап беріңізші, — деді де, | |
| Numb | Kaz | 23:14 | көріпкелді Писга тауының басындағы «Қарауылдар» атты алаңқай жерге алып барды. Балақ патша сонда жеті құрбандық орнын тұрғызып, әрқайсысында бір жас бұқа мен бір қошқардан құрбандыққа шалып, өртеп ұсынды. | |
| Numb | Kaz | 23:15 | Көріпкел Балаққа:— Мен Құдаймен ана жақта кездесіп жатқанда сіз мұнда, түгелдей өртелген құрбандықтарыңыздың қасында тұра тұрыңыз, — деп тапсырды. | |
| Numb | Kaz | 23:16 | Мұнан кейін Жаратқан Ие Балағамды кездестіріп, оның аузына айтатын сөздерін салып беріп былай деп бұйырды: «Балаққа қайтып бар да, оған осы хабарымды жеткіз!» | |
| Numb | Kaz | 23:17 | Балағам қайтып келсе, патша Моаб елінің әміршілерімен бірге өзінің түгелдей өртелген құрбандықтарының жанында тұр екен. Балақ:— Жаратқан Ие не деді? — деп сұрады. | |
| Numb | Kaz | 23:18 | Сонда Балағам нақыл сөзін айтып былай деді:— Уа, Балақ, тұрыңыз да, мені тыңдаңыз,Иә, Сипор ұлы, маған құлақ салыңыз! | |
| Numb | Kaz | 23:19 | Құдай өтірік айтатын пенде емес,Ойын өзгерте беретін адам да емес.Ол айтса, сонысын іске асырмай ма,Әлде сөз беріп, онысын орындамай ма? | |
| Numb | Kaz | 23:21 | Жақыптың ұрпағынан пәле көрінбейді,Исраил халқынан бейнет деген білінбейді.Құдайы Жаратқан Ие арасында тұрады,Оны Патшамыз деп кернеймен жар салады. | |
| Numb | Kaz | 23:23 | Жақыпқа қарсы ешбір сиқырлық жүрмейді,Исраилге қарсы сәуегейлік өтпейді!Қазір де Жақып пен Исраил жөнінде:«Қарашы Құдайдың ісін!» — деп дәріптейді. | |
| Numb | Kaz | 23:24 | Ана арыстандай халық өрлеп шығады,Дәу арыстандай ол орнынан тұрады,Олжасын жалмап, қанын ішіп тояды,Содан соң ғана жатып, тыным табады. | |
| Numb | Kaz | 23:25 | Балақ сонда Балағамға:— Ендеше бұл халыққа қарғыс та айтпаңыз, бата да бермеңіз! — деп бұйырды. | |
| Numb | Kaz | 23:26 | Балағам оған:— Жаратқан Ие маған не айтса, соның бәрін істеуге тиіспін деп өзіңізге ескертпеп пе едім? — деп жауап берді. | |
| Numb | Kaz | 23:27 | Сонда Балақ патша Балағамға:— Жүріңізші, басқа бір жерге барайық. Мүмкін, Құдай сіздің оларды сол жерден қарғағаныңызды құп көрер, — деді. | |
| Numb | Kaz | 23:29 | Сол жерде Балағам тағы да Балаққа:— Маған осында жеті құрбандық орнын тұрғызып, жеті бұқа мен жеті қошқар дайындап қойыңыз, — деп тапсырды. | |
Chapter 24
| Numb | Kaz | 24:1 | Ал Балағам Жаратқан Иенің Исраилді жарылқағысы келіп отырғанын сезіп, енді бұрынғыдай сәуегейлікке сүйенбеді. Қайта, ол елсіз далаға қарай бет-жүзін бұрып қарады. | |
| Numb | Kaz | 24:2 | Балағам көз тастап, рулары бойынша қатар-қатар тұрақтаған исраилдіктерді көрген кезде, оған Құдайдың Рухы қонды да, | |
| Numb | Kaz | 24:3 | ол мына нақыл сөзін айтты:— Беғор ұлы Балағамның пайғамбарлық сөзі,Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі: | |
| Numb | Kaz | 24:4 | Құлағым шалады Құдайдың хабарын,Көзім көреді Құдіреттінің аянын,Көзім ашық күйі жерге жығыламын,Құдайдың хабарын енді айтамын. | |
| Numb | Kaz | 24:6 | Бұл халық кеңінен жайылған алқаптардай,Өзен жағасында өсетін бақтардай,Жаратқан отырғызған алып ағаштардай,Су жағалай өсетін самырсындардай. | |
| Numb | Kaz | 24:7 | Халықтың шелектерінен су мол ағады,Сепкен тұқымдарына ылғал мол барады,Оның патшасы Агагтан да үстем болады,Иә, патшалығының даңқы тым асады. | |
| Numb | Kaz | 24:8 | Құдай осы халықты Мысырдан алып шықты,Жабайы бұқаның мүйізіндей оның күш-қуаты,Жауласқан бөгде ұлттарды ол қиратады,Олардың сүйектерін күйретіп сындырады,Һәм жебелерімен тәндерін тесіп атады. | |
| Numb | Kaz | 24:9 | Халық арыстандай еңкейіп дайын тұрады,Ана арыстандай тыншып жерге жатады.Оны мазалауға кімнің батылы барады?Жақып, саған бата бергеннің өзі жарылқанады,Ал сені қарғағанның өзін қарғыс атады. | |
| Numb | Kaz | 24:10 | Сонда Балақтың Балағамға деген ашу-ызасы лаулап, екі алақанын сарт еткізіп, былай деп айқайлады:— Сені жауымды қарға деп шақырсам, сен оның орнына оларға үш рет ақ бата бердің! | |
| Numb | Kaz | 24:11 | Лезде өз жөніңе тайып тұр! Сені молынан сыйлаймын деген едім. Ал Жаратқан Иенің Өзі сені сыйыңнан құр қалдырып отыр! | |
| Numb | Kaz | 24:12 | Сонда Балағам Балаққа мына жауапты қайырды:— Маған жіберген елшілеріңе-ақ былай деп айтпап па едім: | |
| Numb | Kaz | 24:13 | Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не жақсы, не жаман болсын, еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Мен тек Жаратқан Иенің айтқанын ғана айтатын боламын. | |
| Numb | Kaz | 24:14 | Ал енді, мен өз халқыма қайтпақпын. Кәне, болашақта мына халықтың сіздің халқыңызға не істейтіні жайлы ақыл берейін, — деді. | |
| Numb | Kaz | 24:15 | Сонымен Балағам мына нақыл сөзін айтып берді:«Мынау — Беғор ұлы Балағамның айтқан сөзі,Көкірек көзі ашық адамның болжау сөзі, | |
| Numb | Kaz | 24:16 | Құдайдың айтқан сөздерін еститіннің,Тағаланың білдіргенін білетіннің,Көздері ашық күйі сіресіп құлап,Құдіреттінің аянын көретінніңАйтқандары (тыңдаған пенде құлақ түрсін!): | |
| Numb | Kaz | 24:17 | Көріп тұрмын оны, бірақ қазір емес,Байқап тұрмын оны, бірақ жақын емес:Жақыптан бір жұлдыз туатын болады,Исраилден ұлы патша шығатын болады.Ол Моабтың әміршілерін таптап жояды,Шеттің бар ұрпақтарының көзін құртады. | |
| Numb | Kaz | 24:18 | Сонда ол Едом елін басып алады,Сейірдегі жаулары оған бағынады,Ал Исраил үнемі күшейіп нығаяды. | |
| Numb | Kaz | 24:20 | Балағам Амалек халқына көз салып мына нақыл сөзді айтты:«Амалек халықтардың алғашқысы еді,Бірақ ақыр соңында ол құрып бітеді». | |
| Numb | Kaz | 24:21 | Балағам кендіктерге де көз салып, олар туралы мына нақыл сөзін айтты:«Сондай берік екен сенің тұрағың,Жартасқа салынған, қауіпсіз екен ұяң. | |
| Numb | Kaz | 24:24 | Ал Киттим жағасынан жүзіп келген кемелерАссурға әрі Еберге жәбір көрсетер,Бірақ өздері де кейін күйретілер». | |
Chapter 25
| Numb | Kaz | 25:1 | Ал Исраилдің көші Шиттим деген жерде тұрған кезде, халық моабтық қыздармен азғындық жасай бастады. | |
| Numb | Kaz | 25:2 | Бұлар халықты өздерінің жалған тәңірлеріне арнаған құрбандықтарына шақырған еді. Исраилдіктер солардан дайындалған тамақты жеп, моабтықтардың жалған тәңірлеріне иіліп табынды. | |
| Numb | Kaz | 25:3 | Осылай исраилдіктер пеғорлық Бағал атты жалған тәңірге мықтап беріліп кетті. Содан Жаратқан Иенің қаһары Исраил халқына қарсы лаулады. | |
| Numb | Kaz | 25:4 | Ол Мұсаға былай деді: «Осы халықтың барлық басшыларын ұстап алып, оларды күндіз Менің, Жаратқан Иенің, алдында (күллі жұрттың көзінше) дарға асып, іліп қой! Сонда Менің Исраилге деген жалындаған қаһарым басылады!» | |
| Numb | Kaz | 25:5 | Сондықтан Мұса Исраилдің төрешілеріне: «Әрқайсыларың пеғорлық Бағалға беріліп кеткен өз адамдарыңның барлығын өлтіріп жазалаңдар!» — деген әмір берді. | |
| Numb | Kaz | 25:6 | Дәл осы кезде исраилдіктердің біреуі бір мадияндық әйелді өз әулетіне алып келді. Адам онысын кездесу шатырының кіреберісі алдында қайғырып зарлап тұрған Мұса мен бүкіл исраилдік жамағаттың көз алдында істеді. | |
| Numb | Kaz | 25:7 | Мұны діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес көрді. Ол жамағаттың ортасынан шықты да, қолына найзасын алды. | |
| Numb | Kaz | 25:8 | Пінехес исраилдік ер адам мен сол әйелдің артынан шатырға кіріп, екеуіне де найзасын сұғып алды. Найза еркекті тесіп өтіп, әйелдің ішіне қадалды. Осылай Пінехес исраилдіктердің басына түскен індеттің бетін әрі қайырды. | |
| Numb | Kaz | 25:11 | «Діни қызметкер Елазардың ұлы, Һаронның немересі Пінехес Менің исраилдіктерге деген қаһарымды басты. Ол солардың арасында Менің абыройымды Өзім іспетті жан сала құлшына қорғады. Сол себепті Мен Исраил халқының бәрін бірдей қаһарыммен қырып тауысқан жоқпын. | |
| Numb | Kaz | 25:12 | Сондықтан оған мынаны айт: Біліп қой, Мен сенімен амандық пен тыныштық туралы Келісімімді жасамақпын. | |
| Numb | Kaz | 25:13 | Мен Елазардың өзін және одан кейінгі ұрпақтарын әрқашан діни қызметкер қыламын деп уәде беріп Келісімімді бекітемін. Себебі ол қызмет еткен Құдайының абыройын жан сала қорғап, Исраил халқын күнәларының арамдығынан тазартты». | |
| Numb | Kaz | 25:14 | Мадияндық әйелмен бірге өлтірілген исраилдіктің есімі — Салу ұлы Зімри. Ол Шимон руындағы бір әулеттің басшысы еді. | |
| Numb | Kaz | 25:15 | Ал өлтірілген мадияндық әйелдің есімі — Хазба, ол мадияндықтардың бір әулетінің басшысы Сурдың қызы болатын. | |
Chapter 26
| Numb | Kaz | 26:1 | Сол індеттен кейін Жаратқан Ие Мұсаға және діни қызметкер Һарон ұлы Елазарға тіл қатып былай деді: | |
| Numb | Kaz | 26:2 | «Исраил қауымындағы шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлық исраилдіктерді шыққан әулеттері бойынша түгендеп санап шығыңдар!» | |
| Numb | Kaz | 26:3 | Сол кезде бүкіл Исраил халқы Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағасындағы Моабтың елсіз алқаптарында қостарын тігіп аялдаған еді. Сонда Мұса мен діни қызметкер Елазар оларға былай деп жариялады: | |
| Numb | Kaz | 26:4 | «Жаратқан Ие Мұсаға бұйырғандай, жасы жиырмаға толған не одан асқан барлық ер адамдарды түгендеп санап шығыңдар!»Мысыр елінен көшіп шыққан Исраилдің бүкіл үрім-бұтағы мынау: | |
| Numb | Kaz | 26:5 | Исраилдің тұңғыш ұлы Рубеннің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Ханохтан ханохтықтар, Паллудан паллулықтар, | |
| Numb | Kaz | 26:7 | Бұлар Рубеннен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық үш мың жеті жүз отыз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:9 | Елияптың ұлдары: Немуел, Датан, Абирон. Жаратқан Иеге мойынсұнбай, Мұса мен Һаронға қарсы шыққан Қорахтың сыбайластарының арасында осы Датан, Абирон атты қауым жетекшілері де болды. | |
| Numb | Kaz | 26:10 | Сол кезде жер қақ айырылып, оларды Қорахпен бірге жұтып қойды. Қорахтың тағы да екі жүз елу жақтасын сол күні Құдайдың оты жалмап құртты. Осылайша бұл адамдар басқаларға ескертетін мысал болды. | |
| Numb | Kaz | 26:12 | Шимонның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Емуелден емуелдіктер, Яминнен яминдіктер, Яхиннен яхиндіктер, | |
| Numb | Kaz | 26:14 | Бұлар Шимоннан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны жиырма екі мың екі жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:15 | Ғадтың ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Сефоннан сефондықтар, Хагиден хагиліктер, Шуниден шуниліктер, | |
| Numb | Kaz | 26:18 | Бұлар Ғадтан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық мың бес жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:19 | Яһуданың Ер мен Онан деген ұлдары да бар еді, бірақ олар Қанахан елінде қайтыс болды. | |
| Numb | Kaz | 26:20 | Ал Яһуданың қалған ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шелахтан шелахтықтар, Парестен парестіктер, Зарахтан зарахтықтар тарады. | |
| Numb | Kaz | 26:22 | Бұлар Яһудадан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны жетпіс алты мың бес жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:23 | Исашардың ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Толадан толалықтар, Пуадан пуалықтар, | |
| Numb | Kaz | 26:25 | Бұлар Исашардан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны алпыс төрт мың үш жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:26 | Забулонның ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Середтен середтіктер, Елоннан елондықтар, Яхлелден яхлелдіктер тарады. | |
| Numb | Kaz | 26:27 | Бұлар Забулоннан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны алпыс мың бес жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:28 | Манаса мен Ефрем есімді екі ұлы арқылы Жүсіптен тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: | |
| Numb | Kaz | 26:29 | Манасаның ұрпақтары: Махырдан махырлықтар тарады. Махыр Ғилақадтың әкесі болатын, әрі Ғилақадтан ғилақадтықтар тарады. | |
| Numb | Kaz | 26:33 | Хефер ұлы Салопахадтың ұлдары болмай, Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса есімді қыздары болды. | |
| Numb | Kaz | 26:34 | Бұлар Манасадан тараған әулеттер. Олардың жалпы саны елу екі мың жеті жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:35 | Ефремнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Шутелахтан шутелахтықтар, Бехерден бехерліктер, Таханнан тахандықтар, | |
| Numb | Kaz | 26:37 | Бұлар Ефремнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны отыз екі мың бес жүз екендігі анықталды.Жүсіптен (ұлдары Манаса мен Ефрем арқылы) тараған әулеттер, міне, осылар. | |
| Numb | Kaz | 26:38 | Буняминнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Беладан белалықтар, Ашбелден ашбелдіктер, Ахирамнан ахирамдықтар, | |
| Numb | Kaz | 26:40 | Беланың Ард пен Нағыман есімді екі ұлынан да екі әулет тарады: Ардтан ардтықтар, Нағыманнан нағымандықтар тарады. | |
| Numb | Kaz | 26:41 | Бұлар Буняминнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық бес мың алты жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:43 | Дан руының барлығы шухамдықтар әулеті болды. Олардың жалпы саны алпыс төрт мың төрт жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:44 | Аширдің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Имнадан имналықтар, Ишуиден ишуиліктер, Берияхтан берияхтықтар тарады. | |
| Numb | Kaz | 26:45 | Осы соңғы әулет Берияхтың Хебер мен Малхиел деген екі ұлынан тараған хеберліктер мен малхиелдіктер әулеттеріне бөлінетін еді. | |
| Numb | Kaz | 26:47 | Бұлар Аширден тараған әулеттер. Олардың жалпы саны елу үш мың төрт жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:48 | Нафталимнің ұлдарынан тараған ұрпақтардың әулеттері мыналар: Жахсиелден жахсиелдіктер, Гуниден гуниліктер, | |
| Numb | Kaz | 26:50 | Бұлар Нафталимнен тараған әулеттер. Олардың жалпы саны қырық бес мың төрт жүз екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:51 | Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктердің жалпы саны алты жүз бір мың жеті жүз отыз ер адам екендігі анықталды. | |
| Numb | Kaz | 26:53 | «Елдің жері осы руларға меншікті үлестері болуға олардың адамдарының санына сәйкес бөлінуі керек. | |
| Numb | Kaz | 26:54 | Халқының саны көп руға мұралық жер көбірек, ал халқының саны аз руға жер азырақ берілуі тиіс. Жер әр рудың санақтан өткен адамдарының санына сәйкес бөлінуі керек. | |
| Numb | Kaz | 26:55 | Елдің жері жеребе арқылы үлестірілсін. Ол әркімге өзінің әкесінің руының аты бойынша беріледі. | |
| Numb | Kaz | 26:56 | Әрбір мұралық жер үлкенірек және кішірек әулеттердің арасында жеребе арқылы бөлінетін болады». | |
| Numb | Kaz | 26:57 | Леуіліктердің шыққан әулеттері бойынша түгенделіп саналғандар мыналар: Герсоннан герсондықтар, Қахаттан қахаттықтар, Мерариден мерариліктер тарады. | |
| Numb | Kaz | 26:58 | Леуіліктерге тағы мынадай әулеттер де жататын еді: лібіниліктер, хеброндықтар, мәхлиліктер, мұшилықтар, қорахтықтар.Қахаттан Ымрам тарады. | |
| Numb | Kaz | 26:59 | Ымрамның әйелінің есімі Иохебед болатын, ол да Мысыр елінде туған леуілік әйел еді. Ымрам мен Иохебедтің Һарон, Мұса мен Мәриям есімді екі ұл, бір қызы болды. | |
| Numb | Kaz | 26:61 | Надаб пен Әбиһу Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынғанда өлімге ұшыраған болатын. | |
| Numb | Kaz | 26:62 | Жасы бір айдан жоғары еркек кіндікті леуіліктердің жалпы саны жиырма үш мың болды. Олар Исраилдің басқа руларымен бірге санаққа енгізілмеді. Себебі леуіліктерге олардың арасында жеке мұралық аймақ бөлінбеген еді. | |
| Numb | Kaz | 26:63 | Сонымен Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағасындағы Моабтың елсіз алқаптарында Мұса мен діни қызметкер Елазар исраилдіктерді түгендеп санаған кезде санақтан өткендер, міне, осылар болды. | |
| Numb | Kaz | 26:64 | Олардың арасында (содан отыз сегіз жыл бұрын) Синай атты елсіз далада болған бірінші санаққа енген исраилдіктерден бірде-бір адам болған жоқ. | |
Chapter 27
| Numb | Kaz | 27:1 | Бір күні Салопахадтың қыздары: Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса жамағаттың алдына шықты. Олардың әкесі Салопахад Хефердің ұлы, Ғилақадтың немересі, Махырдың шөбересі еді, ол Жүсіптің ұлы Манасаның руына жататын. | |
| Numb | Kaz | 27:2 | Осы қыздар кездесу шатырының кіреберісінің маңына Мұсаның, діни қызметкер Елазардың, жетекшілердің және бүкіл жамағаттың алдына шығып, былай деп өтініш жасады: | |
| Numb | Kaz | 27:3 | «Әкеміз иен далада көз жұмған еді. Соңынан ұл қалмады. Ол Жаратқан Иеге қарсы шыққан Қорахтың сыбайластар тобына қосылған жоқ, (өзге пенделер іспетті) өз күнәсі үшін өлді. | |
| Numb | Kaz | 27:4 | Артынан қалған ұлы жоқ болғандықтан, әкеміздің аты өз әулетінен өшіп қалуға тиіс пе? Сол себептен бізге әкеміздің ағайындарының арасынан мұралық жер үлестіріп берсеңіз екен». | |
| Numb | Kaz | 27:7 | «Салопахадтың қыздары дұрыс айтады. Оларға әкесінің ағайындарының арасынан, сөзсіз, мұралық жер үлестіріп беруің керек. Әкелеріне тиесілі мұралық жерін қыздарына табыста. | |
| Numb | Kaz | 27:8 | Исраилдіктерге мынаны айт: егер біреу артынан ұл қалдырмай қайтыс болса, онда оның мұралық жерін қызына табыстаңдар. | |
| Numb | Kaz | 27:10 | Егер туған аға-інісі де болмаса, онда мұралық жерді қайтыс болған адамның әкесінің туған ағайындарына табыстаңдар. | |
| Numb | Kaz | 27:11 | Ал егер әкесінің туған аға-інісі де болмаса, онда мұралық жерді марқұмның әулетінің ішіндегі ең жақынының иелігіне беріңдер».Жаратқан Иенің Мұсаға бұйырғанындай, бұл шешім исраилдіктерге арналған ереже болуға тиіс. | |
| Numb | Kaz | 27:12 | Содан соң Жаратқан Ие тіл қатып Мұсаға былай деді: «Абарим қыратындағы мына таудың басына шық. Мен исраилдіктерге табыстағалы тұрған елге көз таста. | |
| Numb | Kaz | 27:14 | Себебі қауым Сін атты елсіз далада Маған қарсы бас көтергенде, екеуің де Менің бұйрығыма бағынбай, жартастан су аққызған кезімде олардың алдында Мені қастерлеп, киелілігімді көрсетпедіңдер». — Бұл оқиға Сін даласындағы Қадештің маңындағы Меріба суының қасында болды. | |
| Numb | Kaz | 27:16 | «Жаны бар күллі адамзаттың Құдайы — Жаратқан Ие осы қауымның үстінен біреуді жетекшілікке тағайындасын. | |
| Numb | Kaz | 27:17 | Сол кісі оларды бастап алып жүреді. Осылайша Жаратқан Иенің қауымы бағушысы жоқ бір отар қой сияқты болмайды. — | |
| Numb | Kaz | 27:18 | Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: — Бойында Менің Рухым бар адам — Нұн ұлы Ешуаны қасыңа ал да, оның үстіне қолыңды қойып бата бер. | |
| Numb | Kaz | 27:19 | Ешуаны діни қызметкер Елазардың және бүкіл жамағаттың алдына тұрғызып, олардың көз алдында оған міндетін өсиеттеп тапсыр. | |
| Numb | Kaz | 27:20 | Өзіңнің билігіңнің біразын Ешуаға табыста! Осылай Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымы оған бағынатын болсын. | |
| Numb | Kaz | 27:21 | Ешуа Менің, Жаратқан Иенің, еркін білу үшін діни қызметкер Елазардың алдында тұрсын. Елазар «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелер арқылы Жаратқан Иенің алдында Оның шешімін анықтасын. Соның білдіргенімен Ешуа және барлық исраилдіктер ел қонысынан аттанып, оған қайта оралатын болсын». | |
| Numb | Kaz | 27:22 | Мұса Жаратқан Иенің берген бұйрығын орындап, Ешуаны діни қызметкер Елазар мен бүкіл жамағаттың алдында тұрғызды. | |
Chapter 28
| Numb | Kaz | 28:2 | «Исраилдің үрім-бұтағына мына нұсқауды жеткіз: Маған өртелу арқылы ұсынатын ерекше тартуларың Өзіме ұнамды да хош иісті әрі тамақ іспетті. Оларды белгілі мезгілдерде әкелуге мұқият болыңдар! | |
| Numb | Kaz | 28:3 | Оларға тағы мынаны айт: Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық ретінде күн сайын мінсіз бір жасар екі тоқтыдан әкеліп отырыңдар. | |
| Numb | Kaz | 28:5 | Бұған қоса пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын төрт жарым қадақ ең таза зәйтүн майымен араластырып, астық тартуы ретінде ұсыну керек. | |
| Numb | Kaz | 28:6 | Бұл — Синай тауында бұйырылған, Жаратқан Иеге түгелдей өртелу арқылы ұсынылатын, Оған ұнамды да хош иісті әрі тұрақты тарту. | |
| Numb | Kaz | 28:7 | Әрбір тоқтымен бірге сұйық тарту да ұсынылсын. Ол екі жарым қадақ ашыған сусын болсын. Сұйық тарту киелі орында Жаратқан Иеге арнап құйылып ұсынылсын. | |
| Numb | Kaz | 28:8 | Ал екінші тоқтыны кешке қарай бірінші тоқты сияқты ұсынып, оған тиісті астық, сұйық тартуларын да дәл таңертең істегендеріңдей ұсынуларың керек. Бұл да Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған, Оған ұнамды да хош иісті тарту болмақ. | |
| Numb | Kaz | 28:9 | Діни демалыс күні мінсіз бір жасар екі тоқтыны, тиісті сұйық тартуын және пұттың оннан екі бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, астық тартуы ретінде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 28:10 | Күн сайын тиісті сұйық тартумен бірге ұсынылатын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандыққа қоса, діни демалыс күніне арналған түгелдей өртеліп ұсынылатын құрбандық — осы. | |
| Numb | Kaz | 28:11 | Әр айдың бірінші күні Жаратқан Иеге арналған шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ретінде екі жас бұқа, бір қошқар, бір жасар жеті тоқты шалыңдар. Олардың барлығы да мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 28:12 | Оларға тиісті астық тартуын: әрбір құрбандық бұқа үшін пұттың оннан үш бөлігі, әрбір құрбандық қошқар үшін пұттың оннан екі бөлігі, | |
| Numb | Kaz | 28:13 | әрбір құрбандық тоқты үшін пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар. Бұлар Жаратқан Иеге түгелдей өртеліп ұсынылатын, хош иісті де ұнамды тартулар. | |
| Numb | Kaz | 28:14 | Осы құрбандықтарға тиісті сұйық тартулар мынадай болады: әр бұқаға — сегіз қадақ, әр қошқарға — бес қадақ, әр тоқтыға — екі жарым қадақ мөлшеріндегі шарап. Жыл бойы, әр ай сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтардың ұсынылу тәртібі осындай. | |
| Numb | Kaz | 28:15 | Әр айдың бірінші күні Жаратқан Иеге күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде бір теке шалынсын. Ол күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандыққа және оған тиісті сұйық тартуына қоса ұсынылады. | |
| Numb | Kaz | 28:16 | Жыл сайынғы бірінші айдың он төртінші күні — Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамы. Бұл күні Оған арнап құрбандық шалынады. | |
| Numb | Kaz | 28:17 | Сол айдың он бесінші күні жеті күндік мейрам басталады. Осы жеті күн бойы ашымаған нан желінуі керек. | |
| Numb | Kaz | 28:18 | Мейрамның алғашқы күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер. | |
| Numb | Kaz | 28:19 | Жаратқан Иеге түгелдей өртелетін құрбандық ретінде екі жас бұқа, бір қошқар, бір жылдық жеті еркек тоқты әкеліңдер. Олардың барлығы да мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 28:20 | Осы құрбандықтарға тиісті астық тартуын: зәйтүн майымен араластырылған бидай ұнынан әрбір бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі | |
| Numb | Kaz | 28:21 | және жеті еркек тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыну керек. | |
| Numb | Kaz | 28:22 | Ал өздеріңнің жасаған күнәларыңның арамдығынан тазаруларың үшін тағы бір текені күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалыңдар. | |
| Numb | Kaz | 28:24 | Осылайша сендер мейрамның жеті күнінің әрбіреуінде тамақ іспетті тартуды өртеу арқылы ұсыныңдар. Олардың хош иісі Маған, Жаратқан Иеге, ұнамды. Оларды күн сайын түгелдей өртелетін құрбандықтар мен сұйық тартуларға қоса ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 28:25 | Ал жетінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні еңбектеніп, жұмыс істемеңдер. | |
| Numb | Kaz | 28:26 | Жаңа жиналған егіннен Жаратқан Иеге арнап астық тартуын Алғашқы өнім мейрамының кезінде алып келіңдер. Сол күні Оған бағышталған жиналыс өткізіңдер және еңбектеніп жұмыс істемеңдер. | |
| Numb | Kaz | 28:27 | Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін, Оған ұнамды да хош иісті құрбандық ретінде екі жас бұқа, бір қошқар, бір жылдық жеті еркек тоқты шалыңдар. | |
| Numb | Kaz | 28:28 | Осы құрбандықтарға тиісті астық тартуын: әрбір бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі, | |
| Numb | Kaz | 28:29 | жеті тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 28:30 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның арамдығынан тазаруларың үшін тағы бір текені күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа шалыңдар. | |
Chapter 29
| Numb | Kaz | 29:1 | Жетінші айдың бірінші күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні жұмыс істемеңдер. Мейрам күні керней тартыңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:2 | Жаратқан Иеге ұнамды да хош иісті құрбандықтар ретінде бір жас бұқа, бір қошқар, бір жылдық жеті еркек тоқтыны шалып, түгелдей өртеп жіберіңдер. Бұлардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:3 | Оларға тиісті астық тартуын: жас бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі | |
| Numb | Kaz | 29:4 | және жеті тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:5 | Ал жасаған күнәларыңның құнын өтеп, солардың арамдығынан тазаруларың үшін бір текені шалып ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:6 | Осы айтылған мейрамдардағы арнайы құрбандықтар мен сый-тартулар белгіленген тәртіптеріне сай ұсынылатын мына кезекті құрбандықтарға қоса әкелінсін: айдың бірінші күні шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар мен оларға тиісті астық тартуы, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар мен оларға тиісті астық және сұйық тартулары. Бұлардың барлығы да — өртеліп ұсынылатын, Жаратқан Иеге ұнамды да хош иісті тартулар. | |
| Numb | Kaz | 29:7 | Жетінші айдың оныншы күні Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Сол күні Оған ерекше бой ұсынып ораза ұстаңдар, әрі ешқандай жұмыс істемеңдер! | |
| Numb | Kaz | 29:8 | Жаратқан Иеге түгелдей өртеліп ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту ретінде: бір жас бұқа мен бір қошқарды және бір жылдық жеті еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, өртеп жіберіңдер. Құрбандықтардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:9 | Оларға тиісті астық тартуын: жас бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі, | |
| Numb | Kaz | 29:10 | жеті тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:11 | Ал күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Айтылып кеткен құрбандықтар мен тартулар өздеріңді жасаған күнәларыңның арамдығынан тазартып, күнәнің құнын өтейтін құрбандыққа қоса ұсынылсын. Сонымен қатар күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар мен оларға тиісті астық тартуын және осылардың барлығына тиесілі сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:12 | Жетінші айдың он бесінші күні де Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіп, сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер. Жеті күн бойы Жаратқан Иеге арнап мейрам өткізіңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:13 | Сонда Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту ретінде он үш жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберіңдер. Құрбандықтардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:14 | Оларға тиісті астық тартуын: он үш жас бұқаның әрқайсысы үшін — пұттың оннан үш бөлігі, екі қошқардың әрқайсысы үшін — пұттың оннан екі бөлігі, | |
| Numb | Kaz | 29:15 | он төрт тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыну керек. | |
| Numb | Kaz | 29:16 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:17 | Мейрамның екінші күні он екі жас бұқа, екі қошқар, бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:18 | Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:19 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:20 | Мейрамның үшінші күні он бір жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:21 | Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:22 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:23 | Мейрамның төртінші күні он жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:24 | Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:25 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:26 | Мейрамның бесінші күні тоғыз жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:27 | Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:28 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:29 | Мейрамның алтыншы күні сегіз жас бұқа, екі қошқар, бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:30 | Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:31 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені де шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:32 | Мейрамның жетінші күні жеті жас бұқа, екі қошқар және бір жылдық он төрт еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, ұсыныңдар. Олардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:33 | Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:34 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:35 | Мейрамның сегізінші күні салтанатты жиналыс өткізіңдер. Сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:36 | Жаратқан Иеге өртеу арқылы ұсынылатын хош иісті де ұнамды тарту ретінде бір жас бұқа, бір қошқар және бір жылдық жеті еркек тоқтыны құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп жіберіңдер. Құрбандықтардың бәрі де мінсіз болсын. | |
| Numb | Kaz | 29:37 | Сол жас бұқаларға, қошқарлар мен тоқтыларға тиісті астық және сұйық тартуларын белгіленген мөлшерде ұсыныңдар. | |
| Numb | Kaz | 29:38 | Өздеріңнің жасаған күнәларыңның құнын өтейтін құрбандыққа бір текені шалып, ұсыныңдар. Сондай-ақ, күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықты, оған тиісті астық және сұйық тартуларын да әкеліңдер. | |
| Numb | Kaz | 29:39 | Белгіленген мейрамдарыңның кезінде аталып өткен құрбандықтар мен сый-тартуларды Жаратқан Иеге ұсыныңдар. Оларды өздеріңнің Жаратқан Иеге ант еткен құрбандықтарыңа, ерікті сый-тартуларыңа, шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтарыңа, астық және сұйық тартуларыңа әрі Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңа қоса ұсыныңдар!» | |
Chapter 30
| Numb | Kaz | 30:1 | Мұса Жаратқан Иенің өзіне айтқандарының барлығын Исраилдің үрім-бұтағына жеткізіп айтып берді. | |
| Numb | Kaz | 30:2 | Мұнан кейін Мұса Исраилдің рубасыларына былай деді: «Жаратқан Иенің берген бұйрығы мынау: | |
| Numb | Kaz | 30:3 | Егер бір адам Жаратқан Иеге бір нәрсені ұсынуға не бір нәрседен бас тартуға ант етсе, я болмаса біреуге берген сөзін сертпен байласа, онда ол өзінің берген уәдесін бұзбай, аузынан шыққанының бәрін де орындауға тиісті болады. | |
| Numb | Kaz | 30:4 | Егер әкесінің қолында тұрып жатқан қыз Жаратқан Иеге бір нәрсені ұсынуға не бір нәрседен бас тартуға ант етсе, я болмаса біреуге берген уәдесін сертпен байласа | |
| Numb | Kaz | 30:5 | және әкесі оның берген анты не серті туралы естігенмен ештеңе демесе, онда қыздың берген барлық анттары да, сертпен байлаған барлық уәделері де өз күшінде қалады. | |
| Numb | Kaz | 30:6 | Ал егер әкесі сол туралы естіген күні қызына тыйым салса, онда қыздың берген анттары мен уәделерінің ешқайсысы күшінде қалмайды. Қыздың әкесі тыйым салғандықтан, Жаратқан Ие қызды берген сертінен босатады. | |
| Numb | Kaz | 30:7 | Егер де қыз ант етіп, асығыстықпен біреуге берген уәдесін сертпен байлап, бұдан кейін күйеуге шықса | |
| Numb | Kaz | 30:8 | және күйеуі сол туралы естіген күні ештеңе демесе, онда бұл әйелдің берген анттары да, сертпен байлаған уәделері де өз күшінде қалады. | |
| Numb | Kaz | 30:9 | Ал егер күйеуі сол туралы естіген күні әйеліне тыйым салса, онда ол әйелінің берген антының не байлаған сертінің күшін жояды, әрі Жаратқан Ие әйелді берген сертінен босатады. | |
| Numb | Kaz | 30:10 | Бірақ егер жесір немесе күйеуінен ажырасқан әйел ант етсе, я болмаса берген уәдесін сертпен байласа, онда сонысы күшінде қалады. | |
| Numb | Kaz | 30:11 | Егер күйеуімен бірге тұрып жатқан әйел ант етсе немесе берген уәдесін сертпен байласа | |
| Numb | Kaz | 30:12 | және күйеуі сол туралы естіп, ештеңе демесе әрі тыйым салмаса, онда әйелдің берген анттарының бәрі де, сертпен байлаған әрбір уәдесі де өз күшінде қалады. | |
| Numb | Kaz | 30:13 | Ал егер күйеуі сол туралы естіген күні әйеліне тыйым салса, онда әйелдің ауызынан шыққан әрбір анты не серті күшінен айырылады. Күйеуі олардың күшін жойғандықтан, Жаратқан Ие әйелді берген сертінен босатады. | |
| Numb | Kaz | 30:14 | Әйелдің еткен әрбір антын немесе Жаратқан Иеге ерекше бой ұсынып ораза ұстауға берген әрбір сертін оның күйеуі не бекіте, не күшінен айыра алады. | |
| Numb | Kaz | 30:15 | Егер күйеуі бұл туралы естіген соң, күн өткен сайын әйеліне ештеңе демесе, онда ол бұнысымен әйелінің берген анттары мен серттерінің бәрін бекітеді. Себебі ол сол туралы естіген күні үндемегені арқылы оларды бекітіп қойды. | |
| Numb | Kaz | 30:16 | Ал егер күйеуі (біраз уақыт өткеннен кейін ғана) тыйым салса, онда әйелінің осыған байланысты кінәсі күйеуінің мойнында болады». | |
Chapter 31
| Numb | Kaz | 31:2 | «Исраилдіктерді (жалған тәңірге табындырып күнәға батырғандары үшін) мадияндықтардан өшімді ал. Содан соң өзің дүниеден өтіп ата-бабаларыңның қасына жөнелесің». | |
| Numb | Kaz | 31:3 | Сонда Мұса халыққа былай деп бұйырды: «Араларыңнан ер адамдарды қаруландырып жасаққа жіберуге дайындаңдар! Олар Мадиянға қарсы аттанып, олардан Жаратқан Иенің өшін алсын. | |
| Numb | Kaz | 31:5 | Сонда Исраилдің әулеттерінен әр рудан бір-бір мыңнан, шайқасқа қаруланып дайындалған он екі мың адам жиналды. | |
| Numb | Kaz | 31:6 | Әр рудан бір-бір мыңнан шыққан оларды Мұса шайқасқа аттандырды. Діни қызметкер Елазар ұлы Пінехес қолына киелі бұйымдар мен белгі беретін кернейлерді алып, солармен бірге аттанды. | |
| Numb | Kaz | 31:7 | Исраилдіктер Жаратқан Иенің Мұсаға берген бұйрығы бойынша мадияндықтарға қарсы шайқасқа шығып, олардың күллі еркектерінің көзін құртты. | |
| Numb | Kaz | 31:8 | Сол өлгендердің арасында Мадиянның бес көсемі — Еуи, Рекем, Сур, Хур және Реба да болды. Исраилдіктер Беғор ұлы Балағамды да семсермен өлтірді. | |
| Numb | Kaz | 31:9 | Исраилдік сарбаздар мадияндықтардың әйелдері мен балаларын қолға түсіріп, барлық табындарын, отарларын және өзге дүние-мүліктерін олжалап алды. | |
| Numb | Kaz | 31:11 | Исраил жасағы қолға түскен барлық олжаны және тонап алғандарын: адамдар мен малдарды жинап алып, | |
| Numb | Kaz | 31:12 | бәрін де Иерихонға қарама-қарсы, Иордан жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында қоныста тұрып жатқан Мұсаның, діни қызметкер Елазардың және исраилдіктердің бүкіл қауымының алдына алып келді. | |
| Numb | Kaz | 31:14 | Бірақ Мұса шайқастан қайтып келе жатқан жасақ басшыларына: мыңбасылар мен жүзбасыларға қатты ашуланып | |
| Numb | Kaz | 31:16 | Бері қараңдар! Балағамның кеңесі бойынша Пеғордың маңында исраилдіктерді азғындыққа еліктіріп, олардың Жаратқан Иеге опасыздық жасауларына себепші болған солар емес пе еді?! Содан да Жаратқан Иенің халқының арасында індет жайылды ғой! | |
| Numb | Kaz | 31:19 | Ал сендердің соғыста адам өлтірген не өлген адамның мүрдесімен жанасқандарыңның барлығың, жеті күнге ел қонысының сыртында қалыңдар! Арамданғаннан кейінгі үшінші және жетінші күндері өздерің де, қолға түсірген тұтқындарың да тазару рәсімінен өтіңдер. | |
| Numb | Kaz | 31:20 | Барлық киімдеріңе, теріден, жүннен не ағаштан жасалған бұйымдарыңа да күнәдан тазарту рәсімін орындаңдар!» — деді. | |
| Numb | Kaz | 31:21 | Діни қызметкер Елазар шайқасқа қатысқандарға тағы мынаны айтты: «Жаратқан Иенің Мұса арқылы бұйырған заңының ережелері былай: | |
| Numb | Kaz | 31:23 | жалпы, отқа төзімді бұйымдардың барлығын отқа күйдіріп тазартыңдар. Бірақ оларға тазарту суын бүркіліп тазарту рәсімі де орындалсын. Отқа төзбейтін бұйымдарды тек тазарту суымен бүркіп тазартыңдар. | |
| Numb | Kaz | 31:24 | Жетінші күні киімдеріңді жуыңдар, сонда тазарасыңдар. Содан соң қонысқа қайтып келулеріңе болады». | |
| Numb | Kaz | 31:26 | «Өзің, діни қызметкер Елазар және қауымдағы әулеттердің басшылары қолға түскен тұтқындар мен мал басын санаңдар. | |
| Numb | Kaz | 31:27 | Содан соң қолға түскен олжаны шайқасқа қатысқандар мен қауымның қалған адамдарының арасында тең бөл. | |
| Numb | Kaz | 31:28 | Алайда алдымен сарбаздардың олжасына тиген адамдар, мүйізді ірі қара, есек және қой-ешкінің әрбір бес жүзінен біреуін Жаратқан Иенің үлесіне арнаңдар. | |
| Numb | Kaz | 31:29 | Сарбаздардың өздеріне тиген жартысынан Жаратқан Иеге бағыштаған осы үлестерін діни қызметкер Елазарға табыстаңдар! | |
| Numb | Kaz | 31:30 | Ал олжаның қалған исраилдіктерге тиген екінші жартысының: адамдар, мүйізді ірі қара, есек және қой-ешкінің, яғни барлық малдың әрбір елуінен біреуін Жаратқан Иенің үлесіне арнаңдар. Бұл тартуды Жаратқан Иенің киелі шатырындағы күзет пен өзге де міндеттерді атқаратын леуіліктерге табыстаңдар!» | |
| Numb | Kaz | 31:32 | Сарбаздардың қолдарына түскен олжаның қалғанын есептегенде барлығы алты жүз жетпіс бес мың қой-ешкі, | |
| Numb | Kaz | 31:36 | Олжаның шайқасқа қатысқандардың үлесіне тиген жартысы мынадай болды: қой-ешкіден — үш жүз отыз жеті мың бес жүз бас, | |
| Numb | Kaz | 31:38 | Мүйізді ірі қара: отыз алты мың, одан Жаратқан Иеге тиісті тартудың саны: жетпіс екі. | |
| Numb | Kaz | 31:41 | Мұса Жаратқан Иеге тиісті тартуды діни қызметкер Елазарға табыстады. Жаратқан Ие Мұсаға осыны бұйырған болатын. | |
| Numb | Kaz | 31:42 | Қолға түскен олжаның сарбаздарға тиісті үлесін бөліп алғаннан кейін Мұса оның екінші жартысын қалған исраилдіктерге белгіледі. | |
| Numb | Kaz | 31:47 | Исраилдіктерге арналған олжаның осы жартысынан Мұса адам мен малдың елуден бірін алып, Жаратқан Иенің киелі шатырындағы күзет пен өзге де жұмыстарды атқарып жүрген леуіліктерге табыстады. Жаратқан Ие Мұсаға осыны бұйырған болатын. | |
| Numb | Kaz | 31:49 | оған былай деді: «Біз қол астымыздағы жасақты түгендеп санап шықтық. Сонда бірде-бір сарбазымыз шығын болмапты! | |
| Numb | Kaz | 31:50 | Сол себепті әрқайсымыз қолға түсірген алтын бұйымдарды: шынжыр, білезік, жүзік, сырға, алқалардың барлығын (бәріміздің өмірімізді сақтап қалған) Жаратқан Иеге тарту етеміз. Осылайша (абайсызда) жасаған күнәларымыздың арамдығынан Оның алдында тазарғымыз келеді». | |
| Numb | Kaz | 31:51 | Мұса мен діни қызметкер Елазар алтыннан өрнектеп жасалған әр түрлі бұйымдардың барлығын да олардан қабылдап алды. | |
| Numb | Kaz | 31:52 | Мыңбасылар мен жүзбасылар Жаратқан Иеге тарту ретінде көтеріп ұсынған сол алтынның жалпы салмағы он алты мың жеті жүз елу мысқал болып шықты. | |
Chapter 32
| Numb | Kaz | 32:1 | Ал Рубен мен Ғад руларының малдары өте көп болатын. Олар Жазер мен Ғилақад аймақтарын көргенде, бұлардың мал бағуға өте қолайлы жер екенін ұқты. | |
| Numb | Kaz | 32:2 | Сонда Ғад пен Рубеннің рубасылары Мұсаның, діни қызметкер Елазардың және қауым жетекшілерінің алдына келіп, былай деп өтініш жасады: | |
| Numb | Kaz | 32:4 | Жаратқан Ие Исраил халқы үшін басып алды. Осы жер мал бағуға өте қолайлы екен. Ал алдыңыздағы пенделердің табын-отарлары бар ғой. | |
| Numb | Kaz | 32:5 | Бізге марқабат етіп, осы жердің біздей пенделеріңіздің иелігіне берілуін бұйырсаңыз екен. Бізді Иорданның арғы жағына өткізбей-ақ қойыңыз. — | |
| Numb | Kaz | 32:6 | Алайда Мұса ғадтықтар мен рубендіктерге мына жауапты қайырды:— Сонда қалай, исраилдік ағайындарың (арғы жаққа өтіп) соғысуға барғанда, сендер осында қалмақсыңдар ма? | |
| Numb | Kaz | 32:7 | Жаратқан Иенің Өзі оларға табыстап отырған елге барудан исраилдіктерді неге айнытасыңдар? | |
| Numb | Kaz | 32:8 | Мен әкелеріңді (бұдан қырық жыл бұрын) елді барлап келуге Қадеш-Барниден жіберген кезде олар дәл осылай істеген еді! | |
| Numb | Kaz | 32:9 | Сонда олар Ешқол аңғарына дейін өрлеп барып, жерді барлап келгеннен кейін исраилдіктерді Жаратқан Ие оларға табыстап отырған еліне кіруден айнытып жіберген болатын. | |
| Numb | Kaz | 32:11 | «Мысырдан шыққан мына адамдардың жасы жиырмаға толған не одан асқан ешбір адамы Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыпқа ант еткен сол елді көре алмайды! Себебі олар Маған толықтай сеніп мойынсұнған жоқ. | |
| Numb | Kaz | 32:12 | Тек Кенездің ұрпағы Ефунне ұлы Халеп және Нұн ұлы Ешуа ғана сол елге кіреді. Өйткені бұл екеуі Маған, Жаратқан Иеге, толығымен сеніп мойынсұнды». | |
| Numb | Kaz | 32:13 | Сонда Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулаған еді. Ол Өзіне жеккөрінішті зұлымдықты жасаған буын толығымен бұ дүниеден құрып бітпейінше, исраилдіктерді осы елсіз далада қырық жыл бойы сандалып жүретін етті. | |
| Numb | Kaz | 32:14 | Енді, міне, сендер — күнәкарлардың тұқымы өз әкелеріңнің орнын басып, Жаратқан Иенің Исраилге деген қаһарын олардан бетер өршітіп отырсыңдар! | |
| Numb | Kaz | 32:15 | Егер Жаратқан Иеге мойынсұнбай кететін болсаңдар, онда Ол халықты тағы да осы иен далада қалдырып, сендер бүкіл халықтың қырылып қалуына жауапты боласыңдар! — | |
| Numb | Kaz | 32:16 | Бірақ олар Мұсаға таяп келіп, былай деді:— Осы жерде біз малымызға қора, әйелдеріміз бен бала-шағамызға қала салып алайық. | |
| Numb | Kaz | 32:17 | Ал өзіміз қаруланып, басқа исраилдіктердің алдында жүріп, оларды жаңа мекендеріне алып баруға дайынбыз. Сол кезде бала-шағамыз елдің тұрғындарынан қауіпсіз бекіністі қалаларда тұра берсін. | |
| Numb | Kaz | 32:18 | Әрбір исраилдік өзінің мұралық жерін иемденіп алмайынша, біз өз үйлерімізге қайтпайтын боламыз. | |
| Numb | Kaz | 32:19 | Бізге мұралық жер үлесіміз Иордан өзенінің осы шығыс жағынан тисе, онда біз Иорданның арғы жағынан және содан әрі қарай өзімізге мұралық жер алмаймыз. — | |
| Numb | Kaz | 32:20 | Мұса оларға былай деп жауап берді:— Егер осы айтқандарыңды шынымен орындайтын болсаңдар, яғни, егер Жаратқан Иенің көз алдында шайқасқа қаруланған | |
| Numb | Kaz | 32:21 | және қару ұстанған барлығың да Иорданның арғы жағына өтсеңдер, онда Ол Өзінің жауларын қуып шығарып, | |
| Numb | Kaz | 32:22 | бүкіл ел Жаратқан Иеге бағынып болған кезде сендер Жаратқан Ие мен Исраил халқының алдындағы міндеттеріңнен босатыласыңдар. Сонда сендерге кері қайта берулеріңе болады, әрі осы жер сендердің Жаратқан Иенің алдындағы мұралық меншіктерің болады. | |
| Numb | Kaz | 32:23 | Бірақ егер осылай етпейтін болсаңдар, сонда Жаратқан Иеге қарсы күнә жасағандарың. Біліп қойыңдар, онда осы күнәларыңның зардабын тартпай қоймайсыңдар. | |
| Numb | Kaz | 32:24 | Енді солай болсын, бала-шағаларыңа қала, малдарыңа қора салыңдар, бірақ та ауыздарыңнан шыққан осы уәделеріңді орындаңдар! — | |
| Numb | Kaz | 32:25 | Сонда ғадтықтар мен рубендіктер Мұсаға былай деп жауап берді:— Тақсыр, сіз қалай бұйырсаңыз, алдыңыздағы қызметшілеріңіз соны бұлжытпай орындаймыз! | |
| Numb | Kaz | 32:26 | Бала-шағамыз, әйелдеріміз әрі барлық малымыз осы жақта, Ғилақадтың қалаларында қалады. | |
| Numb | Kaz | 32:27 | Ал біздің бәріміз де шайқасқа қаруланып, өзіңіз әмір еткендей, Жаратқан Иенің алдында соғысу үшін арғы бетке өтеміз. | |
| Numb | Kaz | 32:28 | Мұнан кейін Мұса олар туралы діни қызметкер Елазарға, Нұн ұлы Ешуаға және исраилдік рубасыларына нұсқау беріп | |
| Numb | Kaz | 32:29 | былай деді:— Егер ғадтықтар мен рубендіктердің шайқасқа қаруланған адамдарының бәрі өздеріңмен бірге Жаратқан Иенің алдында Иордан өзенінен өтсе, онда сендер Қанахан елін өздеріңе бағындырып алған кезде оларға Ғилақад аймағын мұралық үлестері ретінде беріңдер. | |
| Numb | Kaz | 32:30 | Ал егер олар қаруланып сендермен бірге өтпесе, онда олардың мұралық жері өздеріңнің араларыңда Қанахан елінде болады. — | |
| Numb | Kaz | 32:31 | Бұған ғадтықтар мен рубендіктер жауап беріп былай деді:— Жаратқан Иенің біздей пенделеріңізге берген әмірін бұлжытпай орындаймыз! | |
| Numb | Kaz | 32:32 | Біз шайқасқа қаруланып Жаратқан Иенің алдында Қанахан еліне өтеміз. Ал бізге тиісті мұралық жеріміз Иорданның бергі жағында болсын. | |
| Numb | Kaz | 32:33 | Сонымен Мұса ғадтықтар мен рубендіктерге және Жүсіп ұлы Манасадан тараған рудың жартысына аморлықтардың патшасы Сихонның және Башанның патшасы Огтың патшалықтарын бүкіл жерімен, ондағы қалаларымен әрі соларға тиісті елді мекендерімен бірге қосып табыстады. | |
| Numb | Kaz | 32:38 | Небо, Бағал-Меон, Симба атты қалаларды салды. Олар қолдарына түсіріп, өздері қайтадан салған бірнеше қалаларға жаңа ат қойды. | |
| Numb | Kaz | 32:39 | Манаса ұлы Махырдың әулеті Ғилақадқа аттанып, оны иемденіп, сонда тұрып жатқан аморлықтарды қуып жіберді. | |
| Numb | Kaz | 32:40 | Сондықтан Мұса Ғилақад аймағын Манаса ұлы Махырдың әулетіне табыстап, олар сонда қоныстанып алды. | |
| Numb | Kaz | 32:41 | Манасаның басқа ұлы Жайырдың әулеті де аттанып, сол жердегі қоныстарды иемденіп алып, оларды Жайыр қоныстары деп атады. | |
Chapter 33
| Numb | Kaz | 33:1 | Мұса мен Һаронның бастауымен өз топтары бойынша Мысыр елінен шыққаннан кейін исраилдіктер көшіп-қонып жүрген сапарында төмендегі жерлер арқылы өтті. | |
| Numb | Kaz | 33:2 | Мұса Жаратқан Иенің бұйрығымен көшіп-қонып жүрген жолдарында өздері аялдаған жерлердің аттарын жазып алып отырды. Солар мыналар еді: | |
| Numb | Kaz | 33:3 | Бірінші айдың он бесінші күні, құтқарылу мейрамынан кейінгі келесі күні исраилдіктер мысырлықтардың көз алдында Рамсес қаласынан нық сеніммен алға басып шықты. | |
| Numb | Kaz | 33:4 | Жаратқан Ие мысырлықтардың барлық тұңғыштарын қырғынға ұшыратқандықтан, олар сол күні тұңғыштарының мәйіттерін жерлеп жатты. Себебі Жаратқан Ие олардың жалған тәңірлеріне Өзінің үкімін жүзеге асырған еді. | |
| Numb | Kaz | 33:7 | Халық Етамнан шығып, Бағал-Сефонның шығысындағы Пи-Һахиротқа қарай кері бұрылды да, Миғдолдың маңында аялдады. | |
| Numb | Kaz | 33:8 | Кейін олар Пи-Һахироттан шығып, Қамысты теңізден өтіп, арғы жақтағы иен далаға жетті. Олар Етамның жанындағы айдаламен үш күн жол жүріп, Мараға барып аялдады; | |
| Numb | Kaz | 33:9 | Марадан шығып, Елимге жетіп тоқтады. Сол шұратта он екі су көзі, жетпіс құрма ағашы болды. | |
| Numb | Kaz | 33:36 | сол жерден қайтадан Сін атты елсіз далаға жетіп тоқтады. Сол аймақ Қадеш деп те аталады. | |
| Numb | Kaz | 33:38 | Діни қызметкер Һарон Жаратқан Иенің айтқанына сәйкес Һор тауына көтеріліп, сол жерде көз жұмып дүние салды. Бұл, исраилдіктердің Мысыр елінен шыққаннан кейінгі қырқыншы жылдың бесінші айының бірінші күні болды. | |
| Numb | Kaz | 33:40 | Сол кезде Қанахан елінің оңтүстік (Негев) бөлігінде тұрып жатқан Арадтың қанахандық патшасы исраилдіктердің көшінің елге жақындап қалғаны туралы естіді. | |
| Numb | Kaz | 33:48 | Халық Абарим қыратынан шыққаннан кейін Иерихонға қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарына жетіп қонды. | |
| Numb | Kaz | 33:49 | Сонда олар Моабтың елсіз алқаптарында Иордан өзенін бойлап Бет-Ешимоттан Әбел-Ситтимге дейінгі аралықта жайғасты. | |
| Numb | Kaz | 33:50 | Жаратқан Ие сол жерде, Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында, Мұсаға тіл қатып былай деді: | |
| Numb | Kaz | 33:52 | елде тұрып жатқандардың барлығын қуып шығып, олардың ойып жасаған және балқытып құйған тәңір мүсіндерінің бәрін де жойып, жоқ қылыңдар! Биіктеу жерлердегі табыну орындарын да талқандап қиратыңдар! | |
| Numb | Kaz | 33:53 | Елді иемденіп, сонда қоныстаныңдар, себебі Мен сол елді сендердің иеліктеріңе беріп қойғанмын. | |
| Numb | Kaz | 33:54 | Оның жерін жеребе тастап әулеттерің бойынша өзара бөлісіп алыңдар. Халқының саны көп әулетке көбірек, ал халқының саны аз әулетке азырақ жер берілетін болсын. Жеребе бойынша кімге қай жер үлесіне тиген болса, сол жер онікі болады. Жерді сендердің ата-бабаларыңнан тараған руларың бойынша бөлісіп, мұралық меншіктерің ретінде иемденіп алыңдар. | |
| Numb | Kaz | 33:55 | Ал егер елдің тұрғындарын қуып жібермесеңдер, онда елде қалып қойғандары көздеріңе тікендей кіріп, денелеріңе жаңқадай қадалып, қоныстанған сол елдеріңде сендерге жәбір көрсететін болады. | |
Chapter 34
| Numb | Kaz | 34:2 | «Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Сендер Қанахан еліне кіргенде, мұралық меншіктерің болатын Қанахан елі мен оның шекаралары мынау болады: | |
| Numb | Kaz | 34:3 | Елдеріңнің оңтүстік бөлігі Сін даласынан басталып, Едомның шекарасын бойлай орналасатын болады. Сендердің оңтүстік шекараларың шығыстағы Өлі (Тұзды) теңіздің шетінен басталады. | |
| Numb | Kaz | 34:4 | Содан соң шекара оңтүстікке бұрылып, Шаяндар асуынан өтіп, Сін (даласы) арқылы Қадеш-Барнидің оңтүстік жағына дейін жетеді. Содан шекара Хасар-Адарға, одан әрі Асмонға қарай ұласып, | |
| Numb | Kaz | 34:5 | Асмоннан Мысырмен шекарадағы өзенге қарай бұрылып, сол арқылы үлкен теңізге дейін жетіп аяқталады. | |
| Numb | Kaz | 34:6 | Елдің батыс шекарасы — Жерорта теңізінің жағалауы. Сендердің батыс шекараларың, міне, осы. | |
| Numb | Kaz | 34:8 | ал Һор тауынан Лебо-Хаматқа дейін шек белгілеңдер. Сол жерден шекара Седадқа дейін жететін болады. | |
| Numb | Kaz | 34:9 | Одан әрі шекара Сифронға қарай жалғасып, Хасар-Енанда бітеді. Сендердің солтүстік шекараларың, міне, осы. | |
| Numb | Kaz | 34:10 | Шығыс шекараларың үшін Хасар-Енаннан оңтүстікке қарай Шефамға дейін шекара белгілеңдер. | |
| Numb | Kaz | 34:11 | Шекара Шефамнан Аинның шығысындағы Риблаға дейін созылып, Кінерет (яғни Ғалилея) көлінің шығысындағы қыраттардың үстімен өтеді. | |
| Numb | Kaz | 34:12 | Одан Иордан өзенінің бойымен Өлі теңізге дейін жетіп аяқталады. Өздеріңе тиісті елдерің және оның жан-жағындағы шекаралары, міне, осылар болады». | |
| Numb | Kaz | 34:13 | Мұнан кейін Мұса исраилдіктерге өсиеттеп бұйрық беріп былай деді: «Иордан өзенінің арғы жағына өтіп, сонда қоныстанайын деп жатқан тоғыз ру мен бір рудың жартысына Жаратқан Иенің жеребе арқылы үлестіріліп берілсін деп бұйырған жері — осы. | |
| Numb | Kaz | 34:14 | Себебі Рубен, Ғад рулары және Манаса руының жартысы өздерінің меншікті жерлерін өз әулеттері бойынша | |
| Numb | Kaz | 34:17 | «Сендерге елді мұралық меншіктеріңе үлестіріп беретін адамдардың есімдері мыналар: діни қызметкер Елазар және Нұн ұлы Ешуа. | |
Chapter 35
| Numb | Kaz | 35:1 | Жаратқан Ие Мұсаға Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында тіл қатып былай деді: | |
| Numb | Kaz | 35:2 | «Исраилдіктерге мына бұйрықты жеткіз: Олар өздерінің үлесіне тиген мұралық жерлерінен леуіліктерге тұруға бірнеше қаланы айналаларындағы жайылымдарымен қоса бөліп берсін! | |
| Numb | Kaz | 35:3 | Сол қалалар леуіліктерге қоныс, ал айналаларындағы жерлер олардың отар-табындары мен басқа да малдарына жайылым болады. | |
| Numb | Kaz | 35:4 | Леуіліктерге берілетін қалалардың қамалынан айнала мың шынтақ қашықтықта жатқан жердің барлығы сол қалаға тиісті жайылым болып саналсын. | |
| Numb | Kaz | 35:5 | Яғни қаланың сыртынан шығыс, оңтүстік, батыс, солтүстік жақтарының ұзындығы екі мың шынтақ болып табылатын үлкен төртбұрышты өлшеңдер. Қаланың өзі соның ортасында орналассын. Осы аумақ леуіліктер қоныстанатын қалалардың жайылымдары болсын. | |
| Numb | Kaz | 35:6 | Леуіліктерге тұруға берілетін қалалардың алтауы абайсызда кісі өлтіріп алған адамдарға арналған бас сауғалау қалалары болуға тиіс. Соған қоса леуіліктерге тағы қырық екі қала беріңдер. | |
| Numb | Kaz | 35:8 | Леуіліктерге қалаларын белгілеп бергенде, үлкенірек жер үлесін алған руларың қаланы көбірек, кішірек үлес алған руларың азырақ берсін. Демек, рулардың беретін қалаларының саны әрқайсысының алған мұралық жер үлесінің аумағына сай болсын». | |
| Numb | Kaz | 35:10 | Исраилдіктерге мынаны айт: Сендер Иордан өзенінен өтіп, Қанахан еліне кіргеннен кейін, | |
| Numb | Kaz | 35:11 | елден өздеріңе бірнеше қаланы біреуді абайсызда өлтіріп алған адам қашып барып, паналайтын бас сауғалау қаласы етіп белгілеңдер. | |
| Numb | Kaz | 35:12 | Сол қалалар кісі өлтіріп алған адам бас сауғалайтын пана болады. Осылай ол жамағаттың алдында өз ісіне жауап беріп, үкімі кесілмес бұрын, қаны төгілген кісінің жазалаушы туысқаны оны өлтіріп қоя алмайды. | |
| Numb | Kaz | 35:14 | Оның үшеуі Иордан өзенінің шығыс жағында, үшеуі Қанахан елінің өзінде орналасатын болсын. | |
| Numb | Kaz | 35:15 | Егер исраилдік не араларыңда тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан жат жұрттық біреуді абайсызда өлтіріп алса, сол адам осы алты қаланың біреуіне қашып барып, бас сауғалай алады. | |
| Numb | Kaz | 35:16 | Бірақ егер сол адам бір кісіні темір құралмен ұрып өлтірген болса, онда оның кісі өлтіруші екені анық. Оны өлімге кесу қажет. | |
| Numb | Kaz | 35:17 | Немесе, егер адамның қолында біреуді өлтіре алатындай тас болып, ол сонымен басқа адамды ұрып өлтірсе, онда оның кісі өлтіруші екені анық. Оны өлімге кесу қажет. | |
| Numb | Kaz | 35:18 | Не болмаса, егер адамның қолында біреуді өлтіре алатындай ағаш бұйым болып, ол сонымен басқа адамды ұрып өлтірсе, онда оның кісі өлтіруші екені анық. Оны өлімге кесу қажет. | |
| Numb | Kaz | 35:20 | Егер біреу басқа кісіні өшіккеннен итеріп немесе арам ниетпен оған қарай бір нәрсені лақтырып жіберіп, ол содан өліп қалса, | |
| Numb | Kaz | 35:21 | не болмаса анау өшігіп жұдырығымен соғып қалғаннан сол кісі өліп қалса, ондай адамды өлімге кесіңдер. Оның кісі өлтіруші екені анық. Өлген кісінің жазалаушы туысқаны әлгі адамға кездескен жерінде жазасын тартқызсын. | |
| Numb | Kaz | 35:22 | Ал егер біреу басқа адамды өшіккендіктен емес, абайламай, ешбір арам ниетсіз итеріп немесе оған бір затты лақтырып жібергеннен сол кісі өліп қалса | |
| Numb | Kaz | 35:23 | немесе адамды көрмей бір ауыр тасты абайсызда түсіріп алып, сол кісі өліп қалса және өлтірген адам оған жау болмаған, ешбір зияндық тілемеген болса, | |
| Numb | Kaz | 35:24 | онда жамағат абайламай кісі өлтірген адам мен қаны төгілген адамның жазалаушы туысқанының арасында мына заң ережелері бойынша шешім қабылдасын. | |
| Numb | Kaz | 35:25 | Жамағат абайсызда кісі өлтіргенді жазалаушының қолынан құтқарып алсын әрі оны бұрынырақ өзі бас сауғалап барған қаласына қайтарсын. Әлгі адамның тағайындалған бас діни қызметкер қайтыс болғанға дейін сол қалада тұра беруі қажет. | |
| Numb | Kaz | 35:27 | әрі қаны төгілген адамның жазалаушы туысқаны оны сол қаланың сыртында ұстап алып, өлтірсе, онда жаза тартқызған туысқанға сонысы үшін еш айып тағылмайды. | |
| Numb | Kaz | 35:28 | Себебі абайсызда кісі өлтірген адам бас діни қызметкер қайтыс болғанға дейін сол қаладан шықпауға тиіс. Тек бас діни қызметкер қайтыс болғаннан кейін ғана кісі өлтірген адамның өзінің меншікті жеріне қайтуына болады. | |
| Numb | Kaz | 35:29 | Өздерің мен барлық келер ұрпақтарың болашақта қай жерде тұрсаңдар да, сендер орындауға тиісті заң ережелері, міне, осылар. | |
| Numb | Kaz | 35:30 | Біреуді әдейі өлтірген адамды тек куәгерлердің айтқандары бойынша ғана өлімге кесу керек. Жалғыз бір ғана адамның куәлігі кісі өлтіргенді әшкерелеп, өлімге кесуге жеткіліксіз. | |
| Numb | Kaz | 35:31 | Қасақана кісі өлтіріп, өлім жазасына лайықты адамға құн төлетіп, жанын аман сақтап қалуына жол бермеңдер! Ондай қылмыскерге міндетті түрде өлім жазасын тартқызу керек. | |
| Numb | Kaz | 35:32 | Бас сауғалау қаласына қашып барған адамға да бас діни қызметкер қайтыс болмай тұрып, құн төлетіп, өз мекеніне қайтуына жол бермеңдер! | |
| Numb | Kaz | 35:33 | Осы арқылы сендер өздерің тұрып жатқан елді арамданудан сақтайсыңдар. Себебі өлтірілген кісінің төгілген қаны елді арамдайды. Оны өлтірген адамның өз қаны төгілмей, төгілген қаннан арамданған елді тазартуға болмайды. | |
Chapter 36
| Numb | Kaz | 36:1 | Бір күні Ғилақад әулетінің басшылары — Жүсіптің немересі, Манасаның ұлы Махырдың ұрпақтары Мұсаның және Исраил халқының жетекшілері мен әулет басшыларының алдына келіп, былай деді: | |
| Numb | Kaz | 36:2 | — Уа, тақсыр! Жаратқан Ие сізге мына елдің жерін исраилдіктерге жеребе арқылы үлестіріп бер деп бұйырған кезде ағайынымыз Салопахадқа тиесілі мұралық жерді артында қалған қыздарына беруге бұйырған болатын. | |
| Numb | Kaz | 36:3 | Егер сол қыздар басқа рулық исраилдіктерге күйеуге шықса, онда олардың үлестері өз әулетіміздің мұралық меншігіне тиген жерден бөлініп, қыздың барған әулетінің жеріне қосылады. Осылайша сол жер біздің жеребе арқылы иемденген үлесімізден алынып тасталады. | |
| Numb | Kaz | 36:4 | Мереке жылы келген кезде де сол қыздардың мұралық жері бізге қайтарылмай, қыздың күйеуге тиген руының жер үлесіне қосылып, біздің руымыздың мұралық меншігінен шығып қалады. | |
| Numb | Kaz | 36:5 | Сонда Мұса Жаратқан Иенің айтқан сөзі бойынша исраилдіктерге мына шешімін жеткізді:— Жүсіптен тараған рудың адамдары дұрыс айтады. | |
| Numb | Kaz | 36:6 | Жаратқан Иенің Салопахадтың қыздарына байланысты шешімі мынау: Олардың қалаған адамдарына күйеуге шығуларына болады, тек күйеуі қыздың өз руының бір әулетінен шыққан адам болсын. | |
| Numb | Kaz | 36:7 | Осылайша исраилдіктердің мұралық жерлері бір рудан екіншісіне көшпесін. Әрбір исраилдік ата-бабаларының руының мұралық жерін біртұтас сақтайтын болсын. | |
| Numb | Kaz | 36:8 | Исраил руларының бір жер үлесін мұра етпек болған әрбір қыз өз әкесінің руының адамына күйеуге шығатын болсын. Осылайша исраилдіктер ата-бабаларының мұралық жерлерін біртұтас сақтайтын болады. | |
| Numb | Kaz | 36:9 | Сонымен мұралық үлестер бір рудан екіншісіне көшпесін. Қайта, исраилдіктердің барша рулары өздерінің мұралық жерлерін біртұтас сақтайтын болсын. | |
| Numb | Kaz | 36:11 | Махла, Тирса, Хоғла, Мылқа, Ноға есімді осы қыздар әкелерінің ағайындарының ұлдарына күйеуге тиді. | |
| Numb | Kaz | 36:12 | Демек, олар Жүсіптің ұлы Манасадан тараған рудың ер адамдарына тұрмысқа шықты. Осылай өздерінің мұралық жерлері әкелерінің руының үлесінде қалды. | |