Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
Chapter 1
Gene Kaz 1:1  Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.
Gene Kaz 1:2  Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты; суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды. Ал Құдайдың Рухы су бетінде қалықтап ұшып жүрді.
Gene Kaz 1:3  Сонда Құдай: «Жарық пайда болсын!» — деп бұйырды. Осылай жарық пайда болды.
Gene Kaz 1:4  Құдай жарыққа қарап, оның жақсы екенін көрді. Ол жарықты қара түнектен бөліп,
Gene Kaz 1:5  жарықты күн, ал қара түнекті түн деп атады. Кеш түсіп, таң атты; бұл бірінші күн еді.
Gene Kaz 1:6  Содан кейін Құдай: «(Айнала тұманданып тұрған) суды ортасынан бөліп тұратын әуе кеңістігі пайда болсын!» — деп бұйырды.
Gene Kaz 1:7  Осылай Ол әуе кеңістігін жасап, соның астындағы суды үстіндегі судан бөлді. Солай болды да.
Gene Kaz 1:8  Құдай әуе кеңістігін аспан деп атады. Кеш түсіп, таң атты; бұл екінші күн еді.
Gene Kaz 1:9  Мұнан соң Құдай: «Аспан астындағы су бір жерге жиналып, құрлық көрініп тұратын болсын!» — деп бұйырды. Солай болды да.
Gene Kaz 1:10  Құдай құрлықты жер, ал жиналған суды теңіздер деп атады. Ол жасағанына қарап, жақсы екенін көрді.
Gene Kaz 1:11  Құдай енді: «Жер жасыл өсімдіктерді: тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар алуан түрлі жеміс беретін ағаштарды өсіріп шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да.
Gene Kaz 1:12  Жер жасыл өсімдіктерді: түрлеріне қарай тұқым шашатын өсімдіктерді әрі дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды өсіріп шығарды. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
Gene Kaz 1:13  Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл үшінші күн еді.
Gene Kaz 1:14  Сонан соң Құдай: «Аспан кеңістігінде шырақтар орнасын! Олар күндіз бен түнді бір-бірінен ажыратып, арнайы мезгілдерді, күндер мен жылдарды белгілеп,
Gene Kaz 1:15  жерге нұрын шашу үшін аспан кеңістігінде жарқырайтын болсын!» — деп бұйырды. Солай болды да.
Gene Kaz 1:16  Құдай үлкенірегі күндізге, кішірегі түнге билік жүргізетін жарқыраған екі үлкен аспан шырағын әрі жұлдыздарды жаратты.
Gene Kaz 1:17  Құдай оларды жерге жарық түсіріп, күндіз бен түнге билік жүргізіп, жарықты қараңғыдан ажырату үшін аспан әлеміне орналастырды. Құдай мұның да жақсы екенін көрді.
Gene Kaz 1:18  Құдай оларды жерге жарық түсіріп, күндіз бен түнге билік жүргізіп, жарықты қараңғыдан ажырату үшін аспан әлеміне орналастырды. Құдай мұның да жақсы екенін көрді.
Gene Kaz 1:19  Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл төртінші күн еді.
Gene Kaz 1:20  Сонан соң Құдай: «Теңіздер, көлдер және өзендер су жәндіктеріне толсын, әрі аспандағы әуе кеңістігінде құстар ұшып жүрсін!» — деп бұйырды.
Gene Kaz 1:21  Осылай Құдай суды мекендейтін алып жануарларды, суда қаптап жүрген басқа да жануарлар мен жәндіктердің барлық түрін, сонымен бірге қанаттыларды да түр-түрімен жаратты. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
Gene Kaz 1:22  Оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер, теңіздерді толтырыңдар, құстар да жер бетінде көбейсін!» — деп бұйырды.
Gene Kaz 1:23  Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл бесінші күн еді.
Gene Kaz 1:24  Содан кейін Құдай: «Жер әр қилы тіршілік иелерін: малдар, бауырымен жорғалаушылар және аңдарды түр-түрімен шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да.
Gene Kaz 1:25  Құдай әр қилы аңдар мен малдарды және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты. Ол жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
Gene Kaz 1:26  Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін», — деді.
Gene Kaz 1:27  Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.
Gene Kaz 1:28  Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» — деді.
Gene Kaz 1:29  Құдай оларға тағы тіл қатып: «Мен сендерге жер бетіндегі тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды түр-түрімен бердім, бұлар сендерге тамақ болсын.
Gene Kaz 1:30  Жер бетіндегі барлық аңдарға, аспандағы күллі құстарға және бауырымен жорғалаушыларға — бойында тіршіліктің лебі бар жануарлардың бәріне Мен көк шөп атаулыны қорек етуге беремін», — деді. Солай болды да.
Gene Kaz 1:31  Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл алтыншы күн еді.
Chapter 2
Gene Kaz 2:1  Осылайша аспан мен жер және олардың рет-ретімен орналасқан барлық бөлшектері толықтай жаратылды.
Gene Kaz 2:2  Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, сол күні жұмыс жасамай демалды.
Gene Kaz 2:3  Жетінші күнге Құдай оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі. Себебі Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының бәрін бітірген соң тынықты.
Gene Kaz 2:4  Аспан мен жердің жаратылғаннан кейінгі тарихы мынау:Құдай Ие жер мен аспанды жаратқан кезде
Gene Kaz 2:5  жер бетінде әлі де даланың бұталары мен өсімдіктері көктеп, өспеген болатын. Себебі Құдай Ие жерге жаңбыр жауғызбаған еді; оны өңдейтін адам да жоқ болатын.
Gene Kaz 2:6  Ал жер бетінен бу көтеріліп шығып, бүкіл даланы суландырды.
Gene Kaz 2:7  Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді.
Gene Kaz 2:8  Құдай Ие шығыс жақта, Едем деген жерге пейіш бағын орнатып, Өзі жаратқан адамды сонда орналастырды.
Gene Kaz 2:9  Құдай Ие көз тартарлық, жеуге жақсы жеміс беретін әр түрлі ағаштарды жерден өсіріп шығарды. Бақтың ортасында «мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш» және «жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш» та өсіп тұрды.
Gene Kaz 2:10  Бақты суландыратын өзен Едемнен ағып шығып жатты, ол әрі қарай төрт тармаққа бөлініп кететін.
Gene Kaz 2:11  Біріншісі Пишон деп аталады, ол алтын шығатын бүкіл Хауила өлкесін айналып ағады.
Gene Kaz 2:12  Сол елдің алтыны ерекше бағалы, онда хош иісті шайыр мен оникс атты асыл тас та бар.
Gene Kaz 2:13  Екінші өзенді Гихон деп атайды, ол бүкіл Құш өлкесін айналып ағады.
Gene Kaz 2:14  Үшінші өзеннің аты Тигр, ол Ассурдың шығыс жағынан өтеді. Төртінші өзен — Евфрат.
Gene Kaz 2:15  Құдай Ие пейіш бағын өңдеп, күтіп-бағу үшін адамды сонда орналастырды.
Gene Kaz 2:16  Құдай Ие адамға бұйрық беріп: «Саған бақтағы күллі ағаштардың жемістерін жеуге болады.
Gene Kaz 2:17  Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің! Себебі одан жесең, сол күні өлесің», — деді.
Gene Kaz 2:18  Содан кейін Құдай Ие: «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзіне сай көмекші жасап берейін», — деді.
Gene Kaz 2:19  Құдай Ие даладағы барлық жануарларды және аспандағы күллі құстарды топырақтан қалыптастырып жасаған еді. Енді адамның оларды қалай атайтынын білу үшін бәрін оған алып келді. Адам қандай ат қойса, олар солай аталатын болды.
Gene Kaz 2:20  Сонымен адам малдар мен аңдардың және аспандағы құстардың барлық түрлеріне де өз аттарын берді.Ал адамға өзіне сай көмекші табылмады.
Gene Kaz 2:21  Сонда Құдай Ие адамды терең ұйқыға батырып, ұйықтап жатқанда оның бір қабырғасын алып, соның орнын етімен жауып тастады.
Gene Kaz 2:22  Құдай Ие осы қабырғадан әйел жасап шығарып, оны адамға алып келді.
Gene Kaz 2:23  Риза болған адам былай деді:«Міне, бұл — сүйек, өз сүйегімнен шыққан,Әрі тән, өз тәнімнен шыққан!Ол әйел деп аталатын болсын,Себебі ол еркектен алынып жасалған».
Gene Kaz 2:24  Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады.
Gene Kaz 2:25  Адам мен оның әйелі жалаңаш еді, ал олар бұған ұялған жоқ.
Chapter 3
Gene Kaz 3:1  Құдай Ие жаратқан жабайы хайуанаттардың ішіндегі ең қуы жылан еді. Жылан әйелге сұрақ қойып:— Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма? — деді.
Gene Kaz 3:2  Әйел жыланға:— Жоқ, бізге бақтағы ағаштардың жемісін жеуге болады.
Gene Kaz 3:3  Бірақ Құдай бақтың ортасында тұрған ағаштың жемісі жайлы: «Одан жемеңдер, әрі оған тиіспеңдер, әйтпесе өлесіңдер!» деген, — деп жауап берді.
Gene Kaz 3:4  Сонда жылан әйелге:— Жоқ, тіпті де олай емес, өлмейсіңдер!
Gene Kaz 3:5  Қайта, Құдай сендер осы жемісті жеген кезде көздеріңнің ашылатынын жақсы біледі. Сонда сендер ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра алып, Құдай сияқты боласыңдар! — деді.
Gene Kaz 3:6  Әйел ағаштың жемісіне қарап, оның жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екенін және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанын көрді. Содан ол ағаштың жемісінен алып жеді. Әйел қасындағы күйеуіне де содан берді, ол да жеді.
Gene Kaz 3:7  Сол кезде екеуінің көздері ашылып, өздерінің жалаңаш екенін білді. Содан олар інжір ағашының жапырақтарын біріктіріп тігіп, алжапқыштар жасап алды.
Gene Kaz 3:8  Қоңыр салқын самал соққан кезде адам мен әйелі Құдай Иенің бақ ішінде жүрген дыбысын естіді. Олар Оның көзінен тасаланып, бақтағы ағаштардың арасына жасырынып қалды.
Gene Kaz 3:9  Ал Құдай Ие адамды дауыстап шақырып:— Сен қайдасың? — деді.
Gene Kaz 3:10  Сонда ол:— Сенің бақта жүргеніңді естіп, қорқып кеттім. Себебі мен жалаңашпын, сондықтан жасырынып қалдым, — деп жауап берді.
Gene Kaz 3:11  Құдай Ие адамнан:— Саған жалаңашсың деп кім айтты? Сен Мен жеуге тыйым салған ағаштың жемісінен жедің бе? — деп сұрады.
Gene Kaz 3:12  Адам:— Қасыма Өзің берген әйел маған сол ағаштың жемісінен берді, содан мен жедім, — деді.
Gene Kaz 3:13  Құдай Ие әйелден:— Сенің бұлай істегенің не? — деп сұрады. Әйел:— Мені жылан азғырды, содан мен жедім, — деді.
Gene Kaz 3:14  Сонда Құдай Ие жыланға үкім шығарып: «Осылай істегенің үшін барлық малдар мен аңдардың ішіндегі сені қарғыс атқан. Өмір бақи жер бауырлап, топырақ жеп өт!
Gene Kaz 3:15  Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың», — деді.
Gene Kaz 3:16  Ал әйелге Құдай мынаны айтты: «Құрсақ көтерген кезіңде көретін бейнетіңді ауырлатамын, балаларыңды қиналып босанатын боласың. Сен күйеуіңе құштар боласың, ал ол саған жетекшілік етеді».
Gene Kaz 3:17  Адамға Құдай Ие былай деді: «Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісінен жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың.
Gene Kaz 3:18  Жердің топырағы саған тікенектер мен ошағандарды қаулатып, сен далада өсетін дәнді дақылдармен қоректенетін боласың.
Gene Kaz 3:19  Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың!»
Gene Kaz 3:20  Адам әйеліне Хауа (яғни «Өмір сүруші») деген ат қойды. Себебі ол өмір сүруші адамзат атаулының түп анасы болатын болды.
Gene Kaz 3:21  Құдай Ие адамға және оның әйеліне хайуандардың терілерінен киім жасап, оларды киіндірді.
Gene Kaz 3:22  Сонан соң Құдай Ие былай деді: «Міне, адам ненің жақсы, ненің жаман екенін біліп, Біз сияқты болды. Енді ол қолын созып, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаштың жемісін алып жеп, мәңгі өмір сүріп жүрмесін».
Gene Kaz 3:23  Сонымен Құдай Ие адамды пейіш бағынан қуып шығып, оған өзі жаратылған жердің топырағын өңдетіп қойды.
Gene Kaz 3:24  Адамды қуып шыққаннан кейін, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағашқа апаратын жолды күзету үшін пейіш бағының шығыс жағына керуб деген періштелерді және жүзінен от шашып, әрі-бері қозғалып жарқылдап тұрған бір семсерді қойды.
Chapter 4
Gene Kaz 4:1  Адам әйелі Хауамен жақындасқан соң, әйелі жүкті болып, Қабылды туды. Сонда Хауа: «Жаратқан Иенің жарылқауымен бір ұл балаға ие болдым», — деді.
Gene Kaz 4:2  Хауа қайтадан жүкті болып, Қабылдың інісі Әбілді туды.Әбіл мал бағушы, ал Қабыл жерді өңдейтін егінші болды.
Gene Kaz 4:3  Біраз уақыт өткеннен кейін Қабыл Жаратқан Иеге арнап жерден жинап алған өнімінен тарту ұсынды.
Gene Kaz 4:4  Ал Әбіл малының алғашқы төлдерінен әкеліп, құрбандыққа шалып, олардың майлы бөліктерін де тарту етті. Жаратқан Ие Әбілге және оның құрбандығына ризашылықпен қарады,
Gene Kaz 4:5  бірақ Қабылға және оның ұсынған тартуына риза болмады. Бұған Қабыл қатты ашуланып, қабағын түйіп безеріп алды.
Gene Kaz 4:6  Сонда Жаратқан Ие Қабылға:— Сен неге ашуланасың? Неліктен қабағыңды түйіп безересің?
Gene Kaz 4:7  Егер істегенің дұрыс болса, онда сені қабылдар едім. Ал істегенің дұрыс болмаса, онда босағаңды күнәнің жағалағаны: күнә сені иемденуге құштар, бірақ сен оған жол бермеуің керек, — деп сөзін арнады.
Gene Kaz 4:8  Алайда Қабыл інісі Әбілге: «Далаға барайық», — деді. Олар далаға шыққан соң, Қабыл інісін бас салып, ұрып өлтірді.
Gene Kaz 4:9  Кейін Жаратқан Ие Қабылдан:— Інің Әбіл қайда? — деп сұрады. Ол:— Білмеймін, мен інімнің күзетшісі ме едім? — деп жауап қайырды.
Gene Kaz 4:10  Жаратқан Ие:— Сен не істедің? Ініңнің төгілген қаны Маған жерден үн қатып, кегін алуды сұрап тұр!
Gene Kaz 4:11  Сені қарғыс атқан! Енді өз қолыңмен өлтірген ініңнің қаны сіңген жердің топырағынан аулақ жүресің.
Gene Kaz 4:12  Сен оны өңдегенде, түк өнім ала алмайсың. Сондықтан жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге айналасың, — деді.
Gene Kaz 4:13  Қабыл Жаратқан Иеге жауап беріп:— Менің тартатын жазам көтере алмастай ауыр.
Gene Kaz 4:14  Бүгін мені егіндік жерден қуып отырсың, Сенің көзіңнен таса жүретін боламын. Жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге айналамын. Кім кездессе, сол мені өлтіретін болады, — деді.
Gene Kaz 4:15  Бірақ Жаратқан Ие:— Жоқ, Қабылды кім өлтірсе, содан жеті есе кек алынады, — деді. Сондықтан Ол кездескендер өлтіріп қоймау үшін Қабылға таңба салып берді.
Gene Kaz 4:16  Ал Қабыл Жаратқан Иенің көз алдынан кетіп, Едемнің шығысында орналасқан Нод (яғни «Кезбелік») деген жерге қоныстанды.
Gene Kaz 4:17  Қабыл әйелімен жақындасып, ол жүкті болып, Енохты туды. Кейін Қабыл қала салып, оған ұлының атын қойды.
Gene Kaz 4:18  Ал Енохтан Ирад, Ирадтан Мехуел, Мехуелден Метушаил, Метушаилдан Ләмех дүниеге келді.
Gene Kaz 4:19  Ләмех екі әйел алды, біреуінің есімі Ада, екіншісінікі Зилла еді.
Gene Kaz 4:20  Ададан Ябал туды. Ябалдан шатырларда тұрып, мал баққандар тарады.
Gene Kaz 4:21  Оның інісінің аты Юбал еді. Ол ішекті аспаптар мен сыбызғыда ойнаушылардың түп атасы болды.
Gene Kaz 4:22  Зилланың да Тұбалқабыл есімді бір ұлы болатын. Ол мыс пен темірден әр түрлі құрал-жабдықтарды жасап шығарды. Тұбалқабылдың қарындасының аты Нағама еді.
Gene Kaz 4:23  Ләмех әйелдеріне тіл қатып: «Әй, Ада мен Зилла, Ләмехтің әйелдері, мені тыңдап, сөзіме құлақ түріңдер! Мені жаралағаны үшін бір еркекті, денемді көгерткені үшін бір жас жігітті өлтірдім.
Gene Kaz 4:24  Қабыл үшін жеті есе кек алынатын болса, Ләмех үшін жетпіс жеті есе кек алынатын болады», — деді.
Gene Kaz 4:25  Адам ата әйелімен тағы да жақындасқан соң, Хауа ұл туып, оның атын Сет (яғни «Сыйланған») деп қойды. Себебі ол: «Қабыл Әбілді өлтірген соң, Құдай маған оның орнына басқа бір ұрпақ сыйлады», — деді.
Gene Kaz 4:26  Сет те ұлды болып, атын Енос деп қойды.Сол кезден адамдар Жаратқан Иеге сиынып мінажат ете бастады.
Chapter 5
Gene Kaz 5:1  Мынау Адам атаның ұрпақтарының тарихы:Құдай адамды жаратқанда, оны Өзіне (рухани жағынан) ұқсас етіп жаратқан болатын.
Gene Kaz 5:2  Құдай адамдарды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратып, сол күні батасын беріп, оларға «адам» деген ат қойды.
Gene Kaz 5:3  Адам ата жүз отыз жасқа келгенде өзіне ұқсас бір ұлды болып, оған Сет деп ат қойды.
Gene Kaz 5:4  Сет туғаннан кейін, Адам ата сегіз жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
Gene Kaz 5:5  Адам ата барлығы тоғыз жүз отыз жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
Gene Kaz 5:6  Сет жүз бес жасқа келгенде ұлы Енос туды.
Gene Kaz 5:7  Бұдан кейін Сет сегіз жүз жеті жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
Gene Kaz 5:8  Сет барлығы тоғыз жүз он екі жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
Gene Kaz 5:9  Енос тоқсан жасқа келгенде Қайнанды дүниеге келтірді.
Gene Kaz 5:10  Қайнан дүниеге келгеннен кейін Енос сегіз жүз он бес жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қызды болды.
Gene Kaz 5:11  Енос барлығы тоғыз жүз бес жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
Gene Kaz 5:12  Қайнан жетпіс жасқа келгенде Мақалалел туды.
Gene Kaz 5:13  Бұдан соң Қайнан сегіз жүз қырық жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
Gene Kaz 5:14  Қайнан барлығы тоғыз жүз он жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
Gene Kaz 5:15  Мақалалел алпыс бес жасқа келгенде Иәрет туды.
Gene Kaz 5:16  Иәрет туғаннан кейін Мақалалел сегіз жүз отыз жыл өмір сүріп, басқа ұл-қыздарға әке болды.
Gene Kaz 5:17  Мақалалел барлығы сегіз жүз тоқсан бес жыл өмір сүрген соң қайтыс болды.
Gene Kaz 5:18  Иәрет жүз алпыс екі жасқа келгенде Енохты дүниеге келтірді.
Gene Kaz 5:19  Бұдан соң Иәрет сегіз жүз жыл жасап, басқа да ұл-қызды болды.
Gene Kaz 5:20  Иәрет барлығы тоғыз жүз алпыс екі жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
Gene Kaz 5:21  Енох алпыс беске келгенде Мәтусал туды.
Gene Kaz 5:22  Мәтусал дүниеге келген соң, Енох үш жүз жыл бойы Құдаймен тығыз байланыста жүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
Gene Kaz 5:23  Ол барлығы үш жүз алпыс бес жыл өмір сүрді.
Gene Kaz 5:24  Енох Құдаймен тығыз байланыста жүрді. Кейін ол жер бетінен ғайып болды, себебі Құдай оны Өзіне алып кеткен еді.
Gene Kaz 5:25  Мәтусал жүз сексен жеті жасқа келгенде Ләмех туды.
Gene Kaz 5:26  Ләмех туған соң, Мәтусал жеті жүз сексен екі жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қызды болды.
Gene Kaz 5:27  Мәтусал барлығы тоғыз жүз алпыс тоғыз жыл өмір сүріп, дүниеден өтті.
Gene Kaz 5:28  Ләмех жүз сексен екі жасқа келгенде ұлды болды.
Gene Kaz 5:29  Оған Нұх деп ат қойып: «Ол Жаратқан Иенің қарғысына іліккен жерде бейнетпен жұмыс істеп жүрген бізге жұбатушы болады», — деді.
Gene Kaz 5:30  Нұх туғаннан кейін, Ләмех бес жүз тоқсан бес жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
Gene Kaz 5:31  Ләмех барлығы жеті жүз жетпіс жеті жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
Gene Kaz 5:32  Нұх бес жүз жасқа келген соң, Шам, Хам және Япші деген ұлдарды дүниеге келтірді.
Chapter 6
Gene Kaz 6:1  Адамдар жер бетінде көбейе бастап, қыздары да көптеп туылғанда,
Gene Kaz 6:2  өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер адамдардың қыздарының сұлу, бойшаң екенін көріп, таңдап алғандарына үйлене беретін.
Gene Kaz 6:3  Сонда Жаратқан Ие: «Енді Менің Рухым әрдайым адам үшін арпалысқа түспейді, себебі адам әбден бүлінген. Сондықтан ол бұдан былай жүз жиырма жыл ғана өмір сүрсін», — деді.
Gene Kaz 6:4  Сол кезде де, содан кейін де өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер адамдардың қыздарымен жақындасып, олардан бұзақы алыптар туған болатын; бұлар өткен заманда ел танып білген батырлар еді.
Gene Kaz 6:5  Жаратқан Ие адамдардың жер бетінде әбден азғындыққа салынғанын көрді: олардың жүректеріндегі барлық ой-ниеттері әр уақытта зұлымдыққа бейім болды.
Gene Kaz 6:6  Сонда Жаратқан Ие жер бетінде жаратып шығарған адамдардың осындай күнәлі болып кеткеніне қайғырып, қасірет шекті.
Gene Kaz 6:7  Сондықтан Ол: «Мен Өзім жаратқан адамды да, онымен қоса малдарды, бауырымен жорғалаушыларды және аспандағы құстарды да жер бетінен құртып жібермекпін. Өзім жаратқандардың күнәкарға айналғандарына қайғырамын», — деді.
Gene Kaz 6:8  Жаратқан Иенің рақымына тек Нұх қана ие болды.
Gene Kaz 6:9  Мынау Нұхтың шежіресі:Нұх замандастарының арасында әділ де кінаратсыз, Құдаймен тығыз байланыста жүрген адам еді.
Gene Kaz 6:10  Нұхтың Шам, Хам және Япші деген үш ұлы болды.
Gene Kaz 6:11  Құдайдың көз алдында жер беті бүлінген үстіне бүліне беріп, зұлымдыққа толды.
Gene Kaz 6:12  Дүниенің әбден бұзылғанына Құдай көзін жеткізді, себебі жер бетіндегі барлық адамдар азғын өмір сүрді.
Gene Kaz 6:13  Сонда Ол Нұхқа үн қатып, былай деді: «Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Жер беті солардың кесірінен зұлымдыққа толды, сол себепті оларды жермен қоса құртып жіберемін.
Gene Kaz 6:14  Сен мықты ағаштан сандық тәрізді кеме тұрғыз, оны бірнеше бөлімдерден тұратын етіп жасап, іші-сыртын қара шайырмен майла.
Gene Kaz 6:15  Оны былай жаса: ұзындығы үш жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақ болсын.
Gene Kaz 6:16  Кеменің үстіне шатыр тұрғыз. Ішін ойып, терезелер жаса, оларды ең жоғарғы жерінде бір шынтақ етіп айналдыра орналастыр. Ал есігін бүйірінен шығар. Кеменің төменгі, ортаңғы, жоғарғы қабаттары болсын.
Gene Kaz 6:17  Біліп ал: Мен аспан астындағы жанды мақұлықтардың бәрін құрту үшін жер бетіне топан су қаптатамын. Жер бетіндегінің барлығы құруға тиіс.
Gene Kaz 6:18  Алайда сенімен Келісімімді жасамақпын. Өзің де, ұлдарың, әйелің және келіндерің де кемеге кіресіңдер.
Gene Kaz 6:19  Тірі жануарлардың әрқайсысынан екі-екіден кемеге бірге ала баруың керек, біреуі еркек, біреуі ұрғашы болсын.
Gene Kaz 6:20  Тіршілікті жалғастыру үшін құстардың, малдардың және бауырымен жорғалаушылардың әр түрінен — барлығынан қос-қостан сенімен бірге ішке кірулері керек.
Gene Kaz 6:21  Ал сен өзіңді және оларды тамақтандыру үшін жеуге жарайтын тағамдардың бәрінен қор жасап ал».
Gene Kaz 6:22  Нұх бұларды мұқият орындады. Ол барлығын да Құдайдың өзіне бұйырғанындай істеді.
Chapter 7
Gene Kaz 7:1  Сонан кейін Жаратқан Ие Нұхқа былай деді: «Үй ішіңмен бірге кемеге кір! Себебі Мен сенің замандастарыңның арасында әділ екеніңді көрдім.
Gene Kaz 7:2  Жер бетіндегі жануарлардың барлық түрлері өмірлерін жалғастыру үшін, адал жануарлардың әрқайсысынан жеті жұптан ал.
Gene Kaz 7:3  Арам жануарлардан екеуден ал, бір еркек, бір ұрғашы болсын және аспандағы құстардың әр түрінен де жеті жұптан ал.
Gene Kaz 7:4  Жеті күн өткен соң Мен жер бетіне қырық күн, қырық түн бойы жауын жауғызамын, жер бетіндегі Өзім жаратқан жаны барлардың бәрін жоқ қыламын».
Gene Kaz 7:5  Нұх барлығын да Жаратқан Иенің өзіне бұйырғанындай істеді.
Gene Kaz 7:6  Жер бетін топан су қаптаған кезде Нұх алты жүз жаста еді.
Gene Kaz 7:7  Ол өзінің ұлдары, әйелі және келіндерімен жерге топан су жайылмас бұрын кемеге кіріп алды.
Gene Kaz 7:8  Жұпталып алынған адал және арам жануарлар, құстар мен жер бетінде жорғалаушылардың барлығы бір еркек, бір ұрғашыдан
Gene Kaz 7:9  Құдай Нұхқа бұйырғандай оның қасына кемеге кірді.
Gene Kaz 7:10  Содан жеті күн өткеннен кейін жер бетіне топан су жайыла бастады.
Gene Kaz 7:11  Нұх алты жүз жасқа келгенде, екінші айдың он жетісінде — дәл сол күні терең тұңғиықтағы барлық қайнар көздерден су атқылап, әрі «аспан қақпалары айқара ашылып»,
Gene Kaz 7:12  жерге қырық күн, қырық түн бойы жаңбыр құйып тұрды.
Gene Kaz 7:13  Ал Нұх, оның ұлдары Шам, Хам және Япші, Нұхтың әйелі мен келіндері сол күні кемеге кірген еді.
Gene Kaz 7:14  Солармен бірге аңдардың, малдардың, жер бетінде бауырымен жорғалаушылардың және құстардың, қос қанаттылардың барлық түрлерінен,
Gene Kaz 7:15  яғни жаны барлардың бәрінен де, жұптасып Нұхтың қасына кемеге енгендер болды.
Gene Kaz 7:16  Олар Құдай Нұхқа бұйрық еткендей, барлық аңдардан бір еркек, бір ұрғашы болып, ішке кірді. Содан кейін Жаратқан Ие есікті жауып тастады.
Gene Kaz 7:17  Сонымен жер бетін қырық күн бойы топан су қаптады, судың көтерілгені соншалықты, кеме қалқып жүрді.
Gene Kaz 7:18  Жер бетінде су тіптен көбейіп асып-тасып кетті, кеме судың үстінде жүзіп жүрді.
Gene Kaz 7:19  Су жер бетінде көбейіп, көтерілген үстіне көтеріле берді, тіпті аспан астындағы барлық биік таулар да судың астында қалды.
Gene Kaz 7:20  Осылай топан су таулардың шыңдарынан он бес шынтақ биіктікке көтерілді.
Gene Kaz 7:21  Сонда жер бетінде қыбырлап жүрген күллі тірі мақұлықтар: құстар, малдар, аңдар, жер бетінде қаптап жүрген жәндіктер түгелімен және барлық адамзат та суға батып кетті.
Gene Kaz 7:22  Осылайша құрғақ жердегі тіршілік атаулының иелері түгел опат болып,
Gene Kaz 7:23  жер бетіндегінің барлығы жойылды: адамнан бастап малға дейін, бауырымен жорғалаушылардан бастап аспандағы құстарға дейін бәрі де жер бетінен құрып кетті. Тек Нұхпен бірге кеменің ішінде болғандар ғана аман қалды.
Gene Kaz 7:24  Жүз елу күн бойы жер бетінде су үздіксіз көтерілумен болды.
Chapter 8
Gene Kaz 8:1  Құдай Нұхты және онымен бірге кемедегі барлық аңдар мен малдарға мейірімділік көрсетіп, жер бетінде жел тұрғызды. Осылай су тартыла бастады.
Gene Kaz 8:2  Тұңғиықтағы қайнар көздер бітеліп, «аспан қақпалары жабылып», жаңбыр басылды.
Gene Kaz 8:3  Жер жүзіндегі судың беті қайтып, жүз елу күн бойы су біртіндеп тартыла берді.
Gene Kaz 8:4  Содан жетінші айдың он жетінші күні болғанда, кеме Арарат тауларының үстіне тоқтады.
Gene Kaz 8:5  Су оныншы айға дейін үздіксіз азайып, оныншы айдың бірінші күні тау шыңдары көріне бастады.
Gene Kaz 8:6  Қырық күн өткенде Нұх кемедегі өзі жасаған терезені ашып,
Gene Kaz 8:7  бір қара қарғаны сыртқа ұшырып жіберді. Қарға жер бетіндегі су кепкенше келіп-кетіп ұшып жүрді.
Gene Kaz 8:8  Содан кейін Нұх жер бетіндегі судың азайғанын тексеру үшін бір көгершінді сыртқа ұшырып жіберді.
Gene Kaz 8:9  Бірақ көгершін қонақтауға орын таппай, кемеге қайта оралды, себебі жер бетін әлі де су басып тұрған еді. Нұх қолын сыртқа созып, көгершінді қайтадан кемеге кіргізіп алды.
Gene Kaz 8:10  Ол жеті күн күте тұрып, тағы да сол көгершінді кемеден ұшырып жіберді.
Gene Kaz 8:11  Көгершін кешке қарай оған қайтып оралғанда, жаңа көктеген зәйтүн ағашының бір жапырағын тұмсығына қыстырып ала келді! Осылайша Нұх жер бетіндегі судың қайтқанын білді.
Gene Kaz 8:12  Дегенмен ол тағы жеті күн күтті, содан кейін қайтадан бір көгершінді сыртқа ұшырып жіберді. Бұл жолы көгершін қайта оралмады.
Gene Kaz 8:13  Нұхтың алты жүз бір жасқа толған жылының бірінші айының бірінші күні жер бетіндегі су тартылған еді. Нұх кеменің шатырын ашып қарағанда, жер кеуіп қалыпты!
Gene Kaz 8:14  Екінші айдың жиырма жетінші күні жер беті мүлдем құрғақ болды.
Gene Kaz 8:15  Сол кезде Құдай Нұхқа былай деді:
Gene Kaz 8:16  «Әйелің екеуің кемеден шығыңдар, ұлдарың мен келіндерің де шықсын.
Gene Kaz 8:17  Кемеде болған түрлі құстарды, малдарды және жер бетінде жорғалап жүргендерді сыртқа алып шық, олар жер бетін жайлап, өсіп-өніп көбейсін».
Gene Kaz 8:18  Сонда Нұх ұлдары, әйелі және келіндерімен бірге кемеден шықты.
Gene Kaz 8:19  Барлық аңдар мен малдар, құстар мен жер бетінде жорғалаушылар түр-түрімен, үйірімен түгел кемеден сыртқа шықты.
Gene Kaz 8:20  Нұх Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын жасады. Содан кейін ол малдың және құстың барлық адал түрлерінен біразын алып, оларды құрбандыққа шалып, өртеп жіберді.
Gene Kaz 8:21  Құрбандықтардың жағымды иісі Жаратқан Иеге жеткенде, Ол іштей былай деді: «Адамның жүрегіндегі ой-ниеті бала кезден-ақ зұлымдыққа бейім болса да, Мен бұдан былай еш уақытта жерді адамдарға бола қарғамаймын. Енді ешқашан да Өзім жасағандай барлық тіршілік атаулыны құртып жібермейтін боламын.
Gene Kaz 8:22  Бұдан былай, жер жер болып тұрған уақытта, тұқым себу мен егін ору, аяз бен ыстық, жаз бен қыс, күн мен түн үздіксіз бола бермек».
Chapter 9
Gene Kaz 9:1  Құдай Нұх пен оның ұлдарына былай деп бата берді: «Өсіп-өніп, ұрпақтарың көбейіп, жерді толтырыңдар.
Gene Kaz 9:2  Сендерді көргенде, барлық жер бетіндегі аңдар мен аспандағы құстарды, жер үстінде қыбырлап жүргендер мен теңіздегі балықтарды үрей мен қорқыныш билесін. Себебі олар сендердің биліктеріңе берілді.
Gene Kaz 9:3  Қимылдап жүргендер мен кеудесінде жаны барлардың бәрі сендерге қорек болады. Өсімдіктерді бергенім сияқты, қазірден бастап сендерге бәрін де беремін.
Gene Kaz 9:4  Алайда қанын шығармай тұрып, олардың етін жеуші болмаңдар, жаны қанында ғой.
Gene Kaz 9:5  Ал егер сендердің қандарың төгілетін болса, Мен сол үшін есеп беруді талап ететін боламын. Кез келген аңнан және кісіден адамның өмірі үшін есеп беруді талап етемін.
Gene Kaz 9:6  Кімде-кім адамның қанын төксе, оның да қаны адам арқылы төгілетін болады, себебі Құдай адамды Өзіне (рухани жағынан) ұқсас етіп жаратты.
Gene Kaz 9:7  Ал сендер өсіп-өніп көбейіп, жер бетін жайлаңдар».
Gene Kaz 9:8  Құдай Нұхқа және оның ұлдарына тағы да үн қатып:
Gene Kaz 9:9  «Осылай Мен сендермен, келешек ұрпақтарыңмен
Gene Kaz 9:10  және сендердегі барлық тірі мақұлықтармен: құстармен, малдармен, аңдармен, сендермен бірге кемеден шыққан жер бетіндегі барлық жан-жануарлармен Келісім жасаймын.
Gene Kaz 9:11  Бұдан былай еш уақытта барлық тіршілік атаулы топан судан құрымайды және жерді бүлдіретін топан су ешқашан қайтып болмайды деп, сендермен Келісім жасаймын», — деді.
Gene Kaz 9:12  Мұнан соң Құдай тағы былай деді: «Менің сендермен және қастарыңда жүрген бүкіл тіршілік иелерімен барлық болашақ ұрпақтар үшін де жасаған Келісімімнің белгісі мынау:
Gene Kaz 9:13  Мен садаққа ұқсас кемпірқосағымды бұлтқа орнатамын, бұл — Менімен жердің арасындағы Келісімнің белгісі.
Gene Kaz 9:14  Мен жерге жаңбырдың бұлттарын жібергенде, олардың арасынан кемпірқосақ көрінетін болады.
Gene Kaz 9:15  Сол кездерде Мен Өзімнің сендермен және барлық тіршілік иелерімен жасаған Келісімімді есіме түсіремін: су бұдан былай ешқашан да барлық тіршілік иелерін құртатын топан суға айналмайды.
Gene Kaz 9:16  Бұлттың арасында тұрған кемпірқосақты көрген сайын, Мен жер бетіндегі әр түрлі тіршілік иелерімен мәңгілікке жасасқан Келісімімді есіме аламын».
Gene Kaz 9:17  Сонымен Құдай Нұхқа: «Бұл — Менің жер бетіндегі барлық тіршілік атаулымен бекіткен Келісімімнің белгісі», — деді.
Gene Kaz 9:18  Кемеден шыққан Нұхтың ұлдарының есімдері: Шам, Хам, Япші. Хам Қанаханның әкесі еді.
Gene Kaz 9:19  Бұлар Нұхтың үш ұлы болатын, осылардан жер бетіндегі барлық халықтар тарады.
Gene Kaz 9:20  Нұх жер өңдеп, жер бетінде бірінші болып жүзім екті.
Gene Kaz 9:21  Бірде ол шарап ішіп, мас болып, шатырдың ішінде жалаңаш жатты.
Gene Kaz 9:22  Қанаханның әкесі Хам өз әкесінің жалаңаш денесін көріп, сыртқа шығып, оны екі бауырына хабарлады.
Gene Kaz 9:23  Ал Шам мен Япші бір жамылғыны иықтарына іле салып, теріс қарап ішке кіріп, әкелерінің денесін жапты. Жүздерін басқа жаққа бұрғандықтан, олар оның жалаңаш денесін көрген жоқ.
Gene Kaz 9:24  Нұх мастығынан айығып, оянғаннан кейін, кіші ұлының өзін келеке еткені туралы естіп,
Gene Kaz 9:25  былай деді:«Қанаханды қарғыс атсын!Ол ағайындарының ең бейшара құлына айналсын!»
Gene Kaz 9:26  Содан соң ол:«Шамның Құдай Иесі мадақталсын!Ал Қанахан Шамның құлы болсын!
Gene Kaz 9:27  Құдай Япшінің өрісін кеңейтсін,Ол Шамның шатырларында тұрсын!Ал Қанахан оның құлы болсын!» — деді.
Gene Kaz 9:28  Топан судан соң Нұх үш жүз елу жыл өмір сүрді.
Gene Kaz 9:29  Нұх барлығы тоғыз жүз елу жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
Chapter 10
Gene Kaz 10:1  Мынау Нұхтың ұлдары Шам, Хам және Япшінің үрім-бұтақтарының шежіресі: олардың ұлдары топан судан кейін дүниеге келді.
Gene Kaz 10:2  Япшінің ұрпақтары мыналар: Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас.
Gene Kaz 10:3  Гомердің ұрпақтары: Ашкеназ, Рифат, Тоғарма.
Gene Kaz 10:4  Яуанның ұрпақтары: Елиша, Тарсис, Киттим, Доданим.
Gene Kaz 10:5  Бұлардан аралдар мен жағалауы бар жерлерде тұратын түрлі-түрлі халықтар тарады. Олар бір-бірінен өз тіл ерекшеліктері, рулары және ұлттарына қарай бөлінген еді.
Gene Kaz 10:6  Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр, Пұт, Қанахан.
Gene Kaz 10:7  Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабта, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан.
Gene Kaz 10:8  Құш — Нымродтың әкесі. Нымрод жер бетіндегі күшті әміршіге айналып,
Gene Kaz 10:9  Жаратқан Иенің көзіне түскен мықты аңшы да болды. «Мынау Жаратқан Иенің көзіне түскен Нымрод сияқты мықты аңшы екен» деген сөз содан қалған.
Gene Kaz 10:10  Нымродтың патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аққад, Қална деген қалалардан басталатын еді.
Gene Kaz 10:11  Нымрод осы жерден Ассурға барып, Ниневи, Рехобот-Ир, Қалах деген қалаларды
Gene Kaz 10:12  және Ниневи мен Қалахтың арасында орналасқан Ресен қаласын да тұрғызды. Ресен үлкен қала болатын.
Gene Kaz 10:13  Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух,
Gene Kaz 10:14  патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты.
Gene Kaz 10:15  Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханның ұрпақтарынан хеттік,
Gene Kaz 10:16  ебустік, аморлық, гергестік,
Gene Kaz 10:18  аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да шықты.Кейін қанахандықтардың рулары әрі қарай тарап кетті.
Gene Kaz 10:19  Олар орналасқан аймақ Сидоннан басталып Герар арқылы Газаға дейін, сонан соң Содом, Ғомора, Адма, Себоимды орап өтіп, Лашаға дейін созылып жататын.
Gene Kaz 10:20  Бұлар руларына, тіл ерекшеліктеріне, тұрған жерлеріне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Хамнан тараған ұрпақтар еді.
Gene Kaz 10:21  Япшінің ағасы Шамнан да ұлдар туған. Шам Еберден тараған барлық ұрпақтардың түп атасы еді.
Gene Kaz 10:22  Шамның ұлдары: Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама.
Gene Kaz 10:23  Араманың ұлдары: Ус, Хұл, Гетер, Маш.
Gene Kaz 10:24  Арпақсаттан Шелах, Шелахтан Ебер туды.
Gene Kaz 10:25  Еберден екі ұл туды: тұңғышының есімі Пелек (яғни «Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді.
Gene Kaz 10:26  Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах,
Gene Kaz 10:29  Опыр, Хауила, Жобаб туды. Бұлардың бәрі — Жоқтанның ұлдары.
Gene Kaz 10:30  Олардың тұрған жерлері Мешадан бастап Сефар арқылы шығыста орналасқан таулы аймаққа дейін жететін.
Gene Kaz 10:31  Бұлар руларына, тіл ерекшеліктеріне, тұрған жерлеріне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Шамның ұрпақтары еді.
Gene Kaz 10:32  Шығу тегіне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Нұхтың ұлдарының ұрпақтары — осылар. Олардан топан судан кейін пайда болған халықтар жер бетіне тарап кетті.
Chapter 11
Gene Kaz 11:1  Жер бетіндегі бүкіл адамзат бір тілді, бірдей сөздерді қолданды.
Gene Kaz 11:2  Адамдар шығыс жақта көшіп қонып жүргенде Шинар жерінде бір жазық алқапты тауып, соған орналасты.
Gene Kaz 11:3  Олар бір-біріне: «Келіңдер, кірпіш құйып, отқа күйдірейік!» — деді. Сонымен олар тас орнына күйген кірпіш, әк орнына қарамай қолданды.
Gene Kaz 11:4  «Өзімізге қала және төбесі көкке жететін зәулім мұнара тұрғызып алайық. Осылайша өз атымызды шығарайық, сонда біз жердің түкпір-түкпіріне бытырап кетпейміз», — десті.
Gene Kaz 11:5  Ал Жаратқан Ие көктен түсіп, адамдар тұрғызып жатқан қала мен мұнараға көз салып,
Gene Kaz 11:6  былай деді: «Олар біртұтас халық болып, бірдей тілде сөйлеп, мынаны істей бастады. Бұдан былай олар ойындағыларын жүзеге асырмай қоймайтын болады.
Gene Kaz 11:7  Енді Біз жерге түсіп, бірін-бірі түсінбеулері үшін олардың тілін шатастырып жіберейік».
Gene Kaz 11:8  Осылайша Жаратқан Ие адамдарды сол жерден бүкіл жер бетіне бытыратып жіберіп, қала құрылысын тоқтатты.
Gene Kaz 11:9  Сондықтан қалаға Бабыл деген ат қойылды, өйткені Жаратқан Ие сол жерде бүкіл әлемдегі тілді шатастырып, адамдарды жер бетіне бытыратып жіберді.
Gene Kaz 11:10  Мынау Шамнан тараған ұрпақтардың шежіресі.Топан судан кейін екі жыл өткенде Шам жүзге толып, ұлы Арпақсат дүниеге келді.
Gene Kaz 11:11  Сонан соң ол тағы бес жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары болды.
Gene Kaz 11:12  Арпақсат отыз беске келгенде одан Шелах туды.
Gene Kaz 11:13  Шелах туған соң, Арпақсат төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
Gene Kaz 11:14  Шелах отызға келгенде одан Ебер дүниеге келді.
Gene Kaz 11:15  Ебер туғаннан кейін де Шелах тағы төрт жүз үш жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
Gene Kaz 11:16  Ебер отыз төрт жасқа келгенде одан Пелек туды.
Gene Kaz 11:17  Пелек туғаннан кейін де Ебер төрт жүз отыз жыл өмір сүріп, тағы да ұл-қызды болды.
Gene Kaz 11:18  Пелек отыз жасқа келгенде одан Рәгу туды.
Gene Kaz 11:19  Рәгу туған соң, Пелек екі жүз тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
Gene Kaz 11:20  Рәгу отыз екі жасқа келгенде одан Серук туды.
Gene Kaz 11:21  Серук туған соң, Рәгу екі жүз жеті жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды.
Gene Kaz 11:22  Серук отыз жасқа толғанда ұлы Нахор туды.
Gene Kaz 11:23  Нахор туған соң, Серук екі жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздары дүниеге келді.
Gene Kaz 11:24  Нахор жиырма тоғыз жасқа келгенде одан Тарах туды.
Gene Kaz 11:25  Тарах туған соң, Нахор жүз он тоғыз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді.
Gene Kaz 11:26  Тарах жетпіс жасқа толғаннан кейін, одан Ыбырам, Нахор, Харан дүниеге келді.
Gene Kaz 11:27  Мынау Тарахтан тараған ұрпақтардың шежіресі: Тарахтан Ыбырам, Нахор, Харан атты ұлдары дүниеге келді. Хараннан Лут туды.
Gene Kaz 11:28  Бірақ Харан Халдейлер елінде өзі туған Ур қаласында дүние салды. Сол кезде оның әкесі Тарах әлі де тірі болатын.
Gene Kaz 11:29  Ыбырам мен Нахор да үйленді. Ыбырамның әйелі Сарай, ал Нахордың әйелі Мылқа болды. Мылқа мен Ысқа Харанның қыздары еді.
Gene Kaz 11:30  Сарай құрсақ көтермегендіктен, Ыбырамның балалары болмады.
Gene Kaz 11:31  Тарах өз ұлы Ыбырамды, немересі Лутты және келіні Сарайды ертіп алып, бәрі бірігіп халдейлер еліндегі Ур қаласынан жолға шықты. Олар Қанахан жеріне бармақшы еді, алайда Харан аймағына жеткен соң, сол жерде қоныс теуіп тұрып қалды.
Gene Kaz 11:32  Тарах екі жүз бес жыл өмір сүріп, Харанда қайтыс болды.
Chapter 12
Gene Kaz 12:1  Жаратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді:«Сен еліңді, туған-туысқандарыңдыЖәне әкеңнің үйін тастап,Мен өзіңе көрсететін елге көш!
Gene Kaz 12:2  Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын,Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын.Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады.
Gene Kaz 12:3  Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын,Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын.Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар жарылқанады».
Gene Kaz 12:4  Сондықтан Ыбырам Жаратқан Иенің айтуымен жолға шықты. Оған Лут ілесті. Хараннан көшіп кеткен кезде Ыбырам жетпіс бес жаста еді.
Gene Kaz 12:5  Осылайша Ыбырам әйелі Сарайды және туған інісінің ұлы Лутты ертіп, бар жиған-тергендері мен Харанда өздері иемденген қызметшілерін де алып, сапарға шығып, Қанахан еліне барды.
Gene Kaz 12:6  Ыбырам сол жерді кезіп, Сихем қаласының маңайындағы алып емен ағашы өсіп тұрған Море деген жерге дейін жетті. Ол кезде бұл елді қанахандықтар мекендеуші еді.
Gene Kaz 12:7  Ал Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: «Мен сенің ұрпақтарыңа осы жерді сыйлаймын», — деп уәде етті. Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды.
Gene Kaz 12:8  Содан соң ол Бетелдің шығыс жағындағы тауға қарай бет алып, батыс жақтағы Бетел мен шығыс жақтағы Ай деген екі жердің ортасына шатырын тікті. Сол жерде де Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызып, Оған сиынып ғибадат етті.
Gene Kaz 12:9  Сонан соң Ыбырам сапарын оңтүстіктегі Негев даласына қарай жалғастырды.
Gene Kaz 12:10  Бірақ Қанахан елін ашаршылық жайлап, Ыбырам біраз тұра тұру мақсатымен Мысырға көшіп барды. Себебі аштық үдеп тұрған еді.
Gene Kaz 12:11  Мысырға таяп қалғанда, Ыбырам әйелі Сарайға былай деді:— Сенің керемет сұлу әйел екеніңді жақсы білемін.
Gene Kaz 12:12  Мысырлықтар сені көргенде: «Мынау — оның әйелі» деп, саған бола мені өлтіріп, ал сені тірі қалдырып, иемденіп жүрер.
Gene Kaz 12:13  Маған да, саған да жақсы болсын, өз игілігің үшін де мені аман қалсын десең, өзіңді «Ыбырамның қарындасымын» деп айтарсың.
Gene Kaz 12:14  Солай болды да: Ыбырам Мысырға келген соң мысырлықтар Сарайдың өте сұлу әйел екенін байқады.
Gene Kaz 12:15  Мысыр патшасы перғауынның лауазымды қызметкерлері де әйелді көріп, перғауынға оның көркін мақтап жеткізді. Сонда перғауын оны өз сарайына алдыртты.
Gene Kaz 12:16  Әйел үшін Ыбырамға жақсылық жасап, оған молынан қой, сиыр, есек пен түйені, құлдар мен күңдерді сыйлады.
Gene Kaz 12:17  Бірақ Жаратқан Ие Ыбырамның әйелі Сарайға бола перғауынға және оның үй ішіне жаман індет жіберді.
Gene Kaz 12:18  Сонда перғауын Ыбырамды өзіне шақырып алып, оған: «Сен маған не істедің? Неге оның өз әйелің екенін айтпадың?
Gene Kaz 12:19  Не үшін оны қарындасым дедің? Сол себептен де оны әйелдікке алмақшы болдым. Әйелің өзіңе, ал да кет», — деді.
Gene Kaz 12:20  Перғауын адамдарына Ыбырам жайында бұйрық беріп, олар оны әйелімен және барлық иелігімен бірге жолға шығарып салды.
Chapter 13
Gene Kaz 13:1  Сонымен Ыбырам әйелімен, барлық иелігімен және қасындағы немере інісі Лутпен бірге Мысырдан көшіп кетіп, Қанаханның оңтүстігіндегі Негев аймағына қарай өрлеп барды.
Gene Kaz 13:2  Ыбырам малға, күміс пен алтынға өте бай болатын.
Gene Kaz 13:3  Кейін Ыбырам оңтүстік аймақтан шығып, Бетелге бағыт алып, жер-жерді аралап көшіп-қонып жүрді. Осылайша ол Бетел мен Айдың ортасында орналасқан, өзі алғаш шатыр тігіп,
Gene Kaz 13:4  құрбандық беретін орын тұрғызған жерге жетті. Сол жерде Ыбырам Жаратқан Иеге қайтадан сиынып тағзым ететін болды.
Gene Kaz 13:5  Ыбыраммен бірге көшіп-қонып жүрген Луттың да ірілі-ұсақты малдары және шатырлары болды.
Gene Kaz 13:6  Екеуінің мал-мүліктері көбейіп кеткендіктен бір орынға қоныстануларына жер аздық жасап, олар енді бір жерде бірге тұра алмады.
Gene Kaz 13:7  Сол себепті Ыбырам мен Луттың малшыларының арасында дау-жанжал туа бастады. Бұның үстіне сол кезде қанахандық және перездік тайпалар да осы елді мекендейтін.
Gene Kaz 13:8  Сонда Ыбырам Лутқа: «Екеу ара, сондай-ақ малшыларымыздың арасында да дау-жанжал туғызбай-ақ қояйық, ағайынды адамдармыз ғой.
Gene Kaz 13:9  Бір-бірімізден бөлінейік. Қалаған жеріңді таңдап ал: сен сол жақты таңдасаң, мен оң жаққа, сен оң жақты қаласаң, мен сол жаққа кетейін», — деп ұсыныс жасады.
Gene Kaz 13:10  Лут айналасына көз тастап, бүкіл Иордан өзені аңғарының Сиғорға дейін сулы жер екенін көрді. Себебі бұрын сол жердің суы мол болып, Жаратқан Иенің пейіш бағына және Ніл бойындағы Мысыр еліне ұқсайтын. Бұл Жаратқан Ие Содом мен Ғомора қалаларын құртпай тұрғандағы кез еді.
Gene Kaz 13:11  Сонымен Лут өзіне шығыста орналасқан бүкіл Иордан алқабын таңдап алып, (үй іші, отар-табындарымен) сол жаққа қарай көшті. Осылайша екі туысқан бір-бірінен бөлініп кетті.
Gene Kaz 13:12  Ыбырам Қанахан жерінде қала берді. Ал Лут Иордан алқабындағы қалалар арасында Содомға жақын жерде шатыр тігіп, қоныстанды.
Gene Kaz 13:13  Бірақ Содомның тұрғындары Жаратқан Иенің көз алдында ауыр күнәға батқан зұлым адамдар еді.
Gene Kaz 13:14  Лут бөлініп кеткеннен кейін, Жаратқан Ие Ыбырамға тіл қатып былай деді: «Айналаңа көз тастап, тұрған жеріңнен бастап солтүстік пен оңтүстікке, шығыс пен батысқа қара:
Gene Kaz 13:15  Мен көрініп тұрған мына жердің бәрін саған және сенің ұрпағыңа мәңгілікке беремін.
Gene Kaz 13:16  Мен үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. Кім жер бетіндегі құм түйіршіктерін санай алса, оның сенің үрім-бұтағыңды да санай алғаны.
Gene Kaz 13:17  Енді жолға жиналып, осы бүкіл елдің түкпір-түкпірін кезіп шық! Өйткені оны саған беремін».
Gene Kaz 13:18  Ыбырам шатырларын көліктеріне артып, Хеброн қаласының маңайына, Мамренің алып емен ағаштары өсіп тұрған тоғайына барып, қоныстанды. Сол жерде ол Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды.
Chapter 14
Gene Kaz 14:1  Сол заманда (Месопотамиядағы) Шинар патшасы Амрафел, Елласар патшасы Ариох, Елам патшасы Кедор-Лаумер және Ғоим патшасы Тидал бірігіп,
Gene Kaz 14:2  (шығыс жақтан аттанып, Иордан алқабындағы бес қаланың патшаларына) қарсы соғысуға келді. Жаңағы бес патшаның аты-жөндері: Содом патшасы Бера, Ғомора патшасы Бырша, Адма патшасы Шынап, Себоим патшасы Шемебер және Беланың патшасы болатын. Бела қазір Сиғор деп аталады.
Gene Kaz 14:3  Сол бес патша өзара келісім жасасып, қазір Тұз теңізі (яғни Өлі теңіз) орналасқан Сіддим жазығына жиналды.
Gene Kaz 14:4  Олар он екі жыл бойы Кедор-Лаумердің қол астында болып келіп, он үшінші жылы оған қарсы көтерілген еді.
Gene Kaz 14:5  Он төртінші жыл келгенде Кедор-Лаумер және оған ерген басқа патшалар жорыққа шығып, Аштарот-Қарнаимдағы рафалықтарды, Хамдағы зуздықтарды, Қырятаим жазығындағы емдіктерді
Gene Kaz 14:6  және Сейір тауларында, иен далаға таяу жердегі Ел-Паранға дейін орналасқан хорлықтарды жеңіп, талқандады.
Gene Kaz 14:7  Сонан соң олар оралып, Ен-Мышпатқа, яғни Қадешке, барып, амалектіктердің және Хасасон-Тамардағы аморлықтардың бүкіл жерін басып алды.
Gene Kaz 14:8  Сонда Сіддим жазығында әлгі бес патша: Содомның, Ғомораның, Адманың, Себоимның және Беланың, яғни Сиғордың, патшалары жасақшыларын ұрысқа дайындап,
Gene Kaz 14:9  төрт патшаға: Кедор-Лаумер, Тидал, Амрафел және Ариохқа қарсы аттанды.
Gene Kaz 14:10  Ал Сіддим жазығы жердің қарамайы шығатын шұңқырларға толы болатын. Сонда Содом мен Ғомораның патшалары шайқастан қашқанда, олар (және жасақшыларының көбі) сол шұңқырларға құлап түсіп, қалғандары тауға қарай безді.
Gene Kaz 14:11  Жеңімпаз төрт патша Содом мен Ғомора қалаларының бүкіл байлығын және барлық азық қорын талан-таражға салды.
Gene Kaz 14:12  Олар Ыбырамның немере інісі Лутты да бар мал-мүлкімен алып кетті. Өйткені ол Содомда тұратын.
Gene Kaz 14:13  Шайқастан қашып құтылған біреу осыны көшпенді Ыбырамға жеткізді. Сол кезде Ыбырам Ешқол мен Анердің ағасы аморлық Мамренің алып емен ағаштары өсіп тұрған тоғайының қасында тұратын. Бұлардың бәрі Ыбыраммен келісім жасасқан еді.
Gene Kaz 14:14  Інісінің тұтқынға түскенін естігенде, Ыбырам қол астындағы үш жүз он сегіз жаттыққан жасақшыларын жинап алып, жауды Дан қаласына дейін қуып кетті.
Gene Kaz 14:15  Түнде Ыбырам адамдарымен топ-топқа бөлініп алып, шабуылға шықты да, жауды жеңіп, оларды Дамаскінің солтүстігіндегі Хоба қаласына дейін қуды.
Gene Kaz 14:16  Осылай Ыбырам жау қолына түскен барлық мал-мүлікті, інісі Лутты да мал-мүлкімен және тұтқынға түскен әйелдер мен басқа да адамдарды қайтарып алды.
Gene Kaz 14:17  Ыбырам Кедор-Лаумер мен оған ерген патшаларды жеңіп, қайтып келе жатқанда, Содомның патшасы оны қарсы алу үшін «Патша аңғары» деп аталатын Шаве аңғарына жолға шықты.
Gene Kaz 14:18  Салим қаласының патшасы Мәліксадық та Ыбырамның алдынан шығып, оған нан мен шарап ұсынды. Ол Құдай Тағаланың діни қызметкері болатын.
Gene Kaz 14:19  Мәліксадық Ыбырамға ақ батасын беріп былай деді:«Лайым көк пен жерді жаратқанАлла Тағала Ыбырамды жарылқай көрсін!
Gene Kaz 14:20  Жауларыңды қолыңа тапсырғанҚұдай Тағала мадақтала берсін!»Ыбырам қолында барының оннан бір бөлігін Мәліксадыққа құдайы сый-тарту ретінде қалдырып кетті.
Gene Kaz 14:21  Бұдан кейін Содомның патшасы да Ыбырамға жетіп, одан:— Жаудан қайтарып алған адамдарды маған беріп, мал-мүлікті өзіңізге қалдыра көріңіз, — деп өтінді.
Gene Kaz 14:22  Бірақ Ыбырам:— Мен көк пен жерді жаратқан Тәңір Ие — Алла Тағала алдында қолымды көтеріп тұрып ант етемін:
Gene Kaz 14:23  сіз кейін «Ыбырамды мен байыттым» деп айтып жүрмеуіңіз үшін, мен барлық дүние-мүлкіңізден түк те алмаймын: бір сабақ жіп те, аяқкиімнің бір бауын да!
Gene Kaz 14:24  Тек адамдарымның ішіп-жеген тамағын ғана қайтармайын және менімен бірге жорыққа шыққан Анер, Ешқол және Мамре өздеріне тиісті үлестерін алатын болсын, — деп Содом патшасына жауап қайырды.
Chapter 15
Gene Kaz 15:1  Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп:— Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады, — деді.
Gene Kaz 15:2  Бірақ Ыбырам жауап беріп былай деді:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Сен маған қандай сыйлық бермексің? Мен әлі де ұрпақсыз келемін. Үйіме дамаскілік қызметшім Елиезер иелік етпек. —
Gene Kaz 15:3  Ыбырам тағы: — Сен маған бала сыйламадың, сондықтан мұрагерім үйімдегі бір қызметшім болады, — деп те мұңын шақты.
Gene Kaz 15:4  Ал Жаратқан Ие оған сөзін арнап:— Мұрагерің ол емес, сенен туатын ұл болады! — деді.
Gene Kaz 15:5  Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді.
Gene Kaz 15:6  Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
Gene Kaz 15:7  Тәңір Ие Ыбырамға тағы да тіл қатып:— Мен Жаратқан Иемін. Сені осы елді иемденсін деп халдейлік Ур қаласынан алып шыққан Менмін, — деді.
Gene Kaz 15:8  Ал Ыбырам:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны иемденетінімді мен қалай нақты біле аламын? — деп сұрады.
Gene Kaz 15:9  Сонда Иеміз оған:— Маған бір-бірден үш жасар сиыр, ешкі, қошқарды, әрі орман кептері мен жас көгершінді алып кел, — деп бұйырды.
Gene Kaz 15:10  Ыбырам соның барлығын әкеліп, оларды сойып, ортасынан қақ бөліп, бөліктерді бір-біріне қарсы қойды. Ол тек құстарды ғана бөлмеді.
Gene Kaz 15:11  Жыртқыш құстар сойылған малдардың етіне қонды, бірақ Ыбырам оларды қуып жіберді.
Gene Kaz 15:12  Күн батқанда Ыбырамды керемет ұйқы басты. Сол сәтте ол түсінде қара түнекті көріп, қатты қорқып кетті.
Gene Kaz 15:13  Ал Жаратқан Ие Ыбырамға тіл қатып:— Біліп ал: сенің ұрпақтарың бөтен елде жат жұрттық келімсектер ретінде тұратын болады. Сол жерде олар төрт жүз жыл бойы құлдықта болып жәбірленеді.
Gene Kaz 15:14  Бірақ оларды құл еткен халықты Мен жазалаймын. Бұдан кейін сенің ұрпақтарың сол елден мол дүние-мүлікпен көшіп шығады.
Gene Kaz 15:15  Ал сен болсаң, жасың ұлғайған шағыңда ақ өліммен бабаларыңның қасына аттанып, жер қойнына кіресің.
Gene Kaz 15:16  Сенің үрім-бұтағың осы елге төрт ұрпақтан кейін ғана қайтып келеді. Себебі аморлықтардың күнәлары әлі шегіне жеткен жоқ, — деді.
Gene Kaz 15:17  Күн батып, қараңғылық орнаған кезде, міне, пештен шыққан іспетті түтін мен лаулап жалындаған от бір-біріне қарсы жатқан мал бөліктерінің ортасынан өте шықты.
Gene Kaz 15:18  Сол кезде Жаратқан Ие Ыбыраммен Келісім жасап:— Мен сенің үрім-бұтағыңа Мысырдың шетіндегі өзеннен бастап үлкен өзен — Евфратқа дейін жайылған осы елді беремін.
Gene Kaz 15:19  Онда кендіктер, кеназдықтар, қадмондықтар,
Gene Kaz 15:20  хеттіктер, перездіктер, рафалықтар,
Gene Kaz 15:21  аморлықтар, қанахандықтар, гергестіктер және ебустіктер тұрып жатыр, — деді.
Chapter 16
Gene Kaz 16:1  Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді. Ал оның Ажар атты мысырлық күңі бар болатын.
Gene Kaz 16:2  Сонда Сарай күйеуіне:— Жаратқан Ие маған ана болуды сыйламаған екен. Ал енді, күңіммен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын, — деп ұсынды.Ыбырам бұған көніп,
Gene Kaz 16:3  Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді.
Gene Kaz 16:4  Ыбырам Ажармен жақындасып, оның бойына бала бітті. Мұнысын білген күң қожайыны Сарайға менсінбей қарай бастады.
Gene Kaz 16:5  Сонда Сарай Ыбырамға:— Менің жәбір көруіме сен кінәлісің. Күңімді саған өзім қосқан едім. Ал енді ол бала көтергенін білгеннен бері мені менсінбей жүр. Сен екеуіміздің арамыздағы дауды Жаратқан Иенің Өзі шешсін, — деді.
Gene Kaz 16:6  Ыбырам:— Күңің өз қолыңда, не істеуді дұрыс десең, соны істе, — деп жауап берді. Содан Сарай Ажарға қысымшылық көрсете бастады. Сол себептен Ажар оның қасынан қашып кетті.
Gene Kaz 16:7  Жаратқан Иенің періштесі Ажарды иен даладағы бір су көзінің қасынан: Шурға баратын жолдағы құдық басынан тауып алды.
Gene Kaz 16:8  Періште оған тіл қатып:— Сарайдың күңі Ажар, қайдан келе жатырсың, қайда бет алдың? — деп сұрады. Ол:— Мен қожайыным Сарайдан қашып келе жатырмын, — деген жауап берді.
Gene Kaz 16:9  Жаратқан Иенің періштесі оған:— Сен қожайын әйеліңе қайтып бар, оның айтқанына көн! — деді.
Gene Kaz 16:10  Періште Ажарға Жаратқан Иенің мына сөзін де жеткізді:— Мен сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. —
Gene Kaz 16:11  Жаратқан Иенің періштесі сөзін әрі қарай жалғастырып оған былай деді: — Сен жүктісің, ұл туасың, оның атын Ысмағұл («Құдай құлақ асады») деп қоясың. Өйткені Жаратқан Ие сенің зарыңа құлақ асты.
Gene Kaz 16:12  Ысмағұл асау құландай еркін кезіп жүретін адам болады. Ол бәріне қарсы, бәрі де оған қарсы күреседі. Осылай ол барлық ағайындарымен жауласып өмір сүретін болады.
Gene Kaz 16:13  Ажар өзіне тіл қатқан Жаратқан Иені «Маған көз қырын салатын Құдайсың» деп атады. Себебі Ажар: «Мен өзіме көз қырын Салатынды осында көрдім», — деді.
Gene Kaz 16:14  Сондықтан бұл құдық «Қамқоршым — тірі Құдай» деп аталады. Ол Қадеш пен Бередтің арасында орналасқан.
Gene Kaz 16:15  Қайтып келгеннен кейін Ажар Ыбырамға ұл туып беріп, Ыбырам оған Ысмағұл деп ат қойды.
Gene Kaz 16:16  Сол кезде Ыбырам сексен алтыда еді.
Chapter 17
Gene Kaz 17:1  Ыбырам тоқсан тоғыз жасқа толған соң Жаратқан Ие оған аян беріп:— Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр.
Gene Kaz 17:2  Мен екеуіміздің арамыздағы Келісімді бекітіп, сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін, — деді.
Gene Kaz 17:3  Сонда Ыбырам Оған жерге бас ұрып ғибадат етті. Құдай сөзін әрі қарай былайша жалғастырды:
Gene Kaz 17:4  — Айтқаным айтқан: Менің сенімен жасаған Келісімім бойынша сен көп ұлттың түп атасы боласың.
Gene Kaz 17:5  Бұдан былай сен Ыбырам («Ұлық ата») емес, Ыбырайым («Көптің атасы») деп аталасың. Өйткені Мен сені көптеген халықтардың түп атасы етіп тағайындадым.
Gene Kaz 17:6  Сенің тұқымыңды сансыз көбейтіп, көптеген халықты өрбітемін, сенен патшалар да шығатын болады.
Gene Kaz 17:7  Мен бұл Келісімді Менімен сенің араңдағы және кейінгі үрім-бұтағыңның арасындағы мәңгілік Келісім ретінде бекітемін. Ол ұрпақтан ұрпаққа созылатын болады. Мен сенің және үрім-бұтағыңның Құдайы боламын.
Gene Kaz 17:8  Қазір өзің жат жұрттық ретінде тұрып жатқан бүкіл Қанахан елін саған және келер ұрпақтарыңа мәңгі иеленуге беремін. Мен ұрпақтарыңның да Құдайы боламын.
Gene Kaz 17:9  Бірақ сен де Менің Келісіміме адал бол! Оны өзің де, үрім-бұтағыңның барлық ұрпақтары да сақтауға тиіссіңдер!
Gene Kaz 17:10  Менің сенімен және келешек ұрпағыңмен бекіткен осы Келісімімнің ережелерін жүзеге асырып, еркек кіндіктің бәрін де сүндеттеңдер!
Gene Kaz 17:11  Сүндет рәсімін орындауларың Менің сендермен жасаған Келісімімнің белгісі болады.
Gene Kaz 17:12  Болашақ ұрпақтарыңның әрбір жаңа туған ер баласы туғанына сегіз күн толысымен сүндеттелсін. Бұған әулеттеріңе жатпайтын ер адамдар да кіреді, үйлеріңде дүниеге келген құл-қызметшілерің болсын, не сатып алынғандары болсын, бәрі де сүндеттелуге тиіс.
Gene Kaz 17:13  Сонымен үйде туды ма, жоқ әлде құл ретінде сатып алынды ма, барлық еркек атаулы міндетті түрде сүндеттелсін. Менің Келісімімнің сырт белгісі сендердің тәндеріңде мәңгі қалуға тиіс.
Gene Kaz 17:14  Әрбір сүндеттелмеген еркек кіндіктіні өз халқынан аластату керек, өйткені ол Менің Келісімімді бұзды.
Gene Kaz 17:15  Сен әйеліңді енді Сарай емес, Сара деп ата.
Gene Kaz 17:16  Мен оны жарылқап, саған Сарадан да бір ұл сыйлаймын. Сараға ұлттардың түп анасы болсын деп ақ батамды беремін. Халықтардың патшалары да Сарадан тарайтын болады.
Gene Kaz 17:17  Сонда Ыбырайым Құдайдың алдына жерге бас ұра тағзым етіп: «Жүзге келген адам ұлды болып, тоқсанға келген Сара да бала таба алар ма екен?» — деп іштей күлді.
Gene Kaz 17:18  Бұдан кейін Құдайдан:— Ысмағұл Сенің көз алдыңда тірі жүргей, — деп өтінді.
Gene Kaz 17:19  Ал Құдай:— Әйелің Сара саған ұл туып береді, оның атын Ысқақ деп қоясың. Мен Ысқақпен Келісім жасап, оны үрім-бұтағы үшін мәңгілікке бекітемін.
Gene Kaz 17:20  Ал сенің Ысмағұл туралы айтқаныңды да орындаймын. Оны жарылқап, үрім-бұтағын молынан көбейтемін. Ысмағұлдан он екі рубасы шығатын болады. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын.
Gene Kaz 17:21  Бірақ Мен Келісімімді Сара келесі жылы осы уақытта дүниеге келтіретін Ысқақпен бекітемін, — деп жауап берді.
Gene Kaz 17:22  Құдай Ыбырайыммен сөйлесіп болғаннан кейін қасынан ғайып болды.
Gene Kaz 17:23  Ыбырайым сол күні-ақ баласы Ысмағұлды және үйінде туған немесе сатып алынған еркек атаулыны түгел жинап алып, барлығын Құдай өзіне бұйырғандай сүндеттеді.
Gene Kaz 17:24  Сол кезде Ыбырайым тоқсан тоғыз жаста,
Gene Kaz 17:25  ал Ысмағұл он үш жаста болатын.
Gene Kaz 17:26  Сол күні-ақ Ыбырайым мен оның ұлы Ысмағұл,
Gene Kaz 17:27  олармен бірге үйінде туып немесе сатып алынған құл-қызметшілер, демек, Ыбырайымның қол астындағы бүкіл еркек атаулы түгелдей сүндеттелді.
Chapter 18
Gene Kaz 18:1  Бұдан кейін Жаратқан Ие Ыбырайымға тағы да Мамренің алып емен ағаштары өсіп тұрған тоғайының қасында келіп кетті. Ыбырайым түске таман күн ысығанда шатыр аузында отырған еді.
Gene Kaz 18:2  Ол айналасына көз тастағанда өзінің алдында үш ер адамның тұрғанын көрді. Ыбырайым оларды көре сала, отырған жерінен ұшып түрегеліп, алдарынан шығып, жерге дейін иіліп сәлем берді.
Gene Kaz 18:3  Ыбырайым:— Мырза! Рақымыңыз маған түссе, мендей құлыңыздың қасынан өте шықпасаңыз екен.
Gene Kaz 18:4  Қазір-ақ аяқтарыңызды жуу үшін су әкелінеді. Ағаштың саясына жайғасып алыңыздар.
Gene Kaz 18:5  Құлдарыңыздың үйінен дәм татпай өтіп кетпеңіздер. Сіздерге тамақ әкелейін, әлденіп тынығып алыңыздар. Содан кейін әрі қарай жылжи берерсіздер, — деп өтінді. Олар:— Жарайды, айтқаның болсын, — деп келісті.
Gene Kaz 18:6  Ыбырайым дереу шатырдағы Сараға барып:— Тез үш табақ ең таңдаулы ұнды илетіп, күлше нан пісірт, — деді.
Gene Kaz 18:7  Өзі табынға жүгіріп барып, семіз баспақты таңдап алып, қызметшісіне берді. Қызметші баспақты тездетіп сойып, етін қазанға асты.
Gene Kaz 18:8  Бәрі дайын болғаннан кейін Ыбырайым айран, сүт және пісірілген баспақ етін алып, Қонақтардың алдына тартты. Олар ағаш саясында тамақтанып жатқан кезде Ыбырайым қастарында болып, өзі қызмет етті.
Gene Kaz 18:9  Қонақтар:— Әйелің Сара қайда? — деп сұрады. Ыбырайым:— Осында, шатырдың ішінде, — деді.
Gene Kaz 18:10  Иеміз:— Келесі жылы осы уақытта Мен саған тағы да келемін. Сонда әйелің Сараның ұлы болады! — деп уәде берді.Осы сөздерді Қонақтың артындағы шатырдың аузында тұрған Сара да естіді.
Gene Kaz 18:11  Ал Ыбырайым мен Сара қартайған адамдар еді, Сара бала туудан қалған жаста болатын.
Gene Kaz 18:12  Сол себепті ол: «Мен әбден қартайған шағымда осындай қуанышқа кенеле алар ма екенмін? Қожайыным да тым кәрі», — деп іштей күлді.
Gene Kaz 18:13  Ал Иеміз Ыбырайымға:— Сара неліктен күліп тұр? Ол неге «мен енді қартайған шағымда бала туа алар ма екенмін» деп сұрайды?
Gene Kaz 18:14  Жаратқан Ие істей алмайтын тым қиын іс бар ма? Мен белгілі кезде: келесі жылы осы уақытта саған тағы да келемін. Сол кезде Сараның ұлы болады! — деп уәдесін бекітті.
Gene Kaz 18:15  Сара сасып қалып:— Мен күлген жоқпын, — деп мойындамады. Бірақ Иеміз оған:— Жоқ, сен күлдің, — деді.
Gene Kaz 18:16  Қонақтар орындарынан тұрған соң, Содомға қарай бет алды. Оларды жолға шығарып салу үшін Ыбырайым бірге жүрді.
Gene Kaz 18:17  Жаратқан Ие: «Өзімнің не істейтінімді Ыбырайымнан қалай жасырмақпын?
Gene Kaz 18:18  Ыбырайымнан бір үлкен де күшті халық шығады. Менің ақ батам ол арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға жетеді.
Gene Kaz 18:19  Мен Ыбырайымды өз балаларына және кейінгі үрім-бұтағына Менің жолыма түсуді, дұрыстық пен әділдікті істеуді үйрету үшін таңдап алдым. Ыбырайым осылай істегенде Менің оған берген уәдем орындалады», — деді.
Gene Kaz 18:20  Содан Иеміз Ыбырайымға тіл қатып:— Менің атыма Содом мен Ғомора қалаларының үстінен қатты дауыспен айтылған шағым түсіп жатыр. Сол жерде жасалған күнәлар тым ауыр.
Gene Kaz 18:21  Сондықтан Мен жерге түсіп, ондағы әділетсіздік Маған жеткен шағым туғызатындай дәрежеде ме, жоқ па, соған көз жеткізбекпін, — деді.
Gene Kaz 18:22  Содан кейін ер адамдар бұрылып алып, Содом жаққа беттеді. Бірақ Ыбырайым Иеміздің алдында тұра қалды.
Gene Kaz 18:23  Оған жақындап, былай деп өтінді:— Сонда Сен зұлыммен бірге әділді де құртпақсың ба?
Gene Kaz 18:24  Мүмкін, қалада елу әділ адам бар шығар, Сен оларды шынымен құртпақсың ба? Сол жерге ондағы елу әділ адам үшін рақым еткің келмей ме?
Gene Kaz 18:25  Сен осылай істеп, әділ жанды жауызбен бірге өлтіріп, оған арам кісіге қарағандай қараудан аулақсың ғой. Бүкіл әлемді Соттаушы әділетті шешім қабылдамаушы ма еді? —
Gene Kaz 18:26  Сонда Иеміз:— Егер Мен Содом қаласынан елу әділ адамды тапсам, соларға бола ол жерге рақым етемін, — деді.
Gene Kaz 18:27  Ыбырайым:— Мен күл мен топырақтан жаралған пенде болсам да, Иеммен сөйлесіп тұрмын.
Gene Kaz 18:28  Мүмкін, әділ адамдардың саны елу емес, одан бесеуі кем шығар, сонда бесеуіне бола бүкіл қаланы құртпақсың ба? — деп сұрады. Иеміз оған:— Егер Мен одан қырық бес әділ кісі тапсам, сол қаланы құртпаймын, — деді.
Gene Kaz 18:29  Ыбырайым сөзін әрі қарай жалғастырды:— Мүмкін, ол жерде тек қырық әділ кісі болатын шығар. — Иеміз:— Мен қырық әділ адам үшін де оларға тиіспеймін, — деп жауап берді.
Gene Kaz 18:30  Ыбырайым сонда:— Уа, Ием, мен тағы да айтқанда ашулана көрме. Мүмкін, ол жерде отыз ғана әділ адам бар болса ше? — деп сұрады. Иеміз оған:— Ол жерде отыз әділ адам болса да, Мен оған тиіспеймін, — деп жауап қатты.
Gene Kaz 18:31  Ыбырайым тағы былай деді:— Мен Иеме еркінсіп тіл қатып тұрмын. Мүмкін, ол жерде тек жиырма әділ кісі болатын шығар. — Иеміз:— Жиырма әділ кісі болғанда Мен қаланы қиратпаймын, — деді.
Gene Kaz 18:32  Ыбырайым Одан:— Уа, Ием, мен тағы бір рет қана айтсам, ашулана көрме. Егер ол жерден небәрі он-ақ табылса ше? — деп сұрады. Иеміз:— Мен ол жерді он әділ кісі үшін де құртпаймын, — деп уәде берді.
Gene Kaz 18:33  Иеміз Ыбырайыммен сөйлесіп болған соң, кетіп қалды. Ал Ыбырайым үйіне қайтты.
Chapter 19
Gene Kaz 19:1  Кешке қарай Жаратқан Иенің екі хабаршысы Содом қаласына жетті. Лут сол кезде қала қақпасының алдында отырған еді. Ол хабаршыларды көргенде оларға сәлем беру үшін орнынан тұрып, жерге дейін басын иіп тағзым етті де:
Gene Kaz 19:2  — Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған:— Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді.
Gene Kaz 19:3  Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды.
Gene Kaz 19:4  Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды.
Gene Kaz 19:5  Лутты айқайлап шақырып:— Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік, — деді.
Gene Kaz 19:6  Лут кіреберіске, олардың алдарына шығып, есікті жауып:
Gene Kaz 19:7  — Оу, ағайындар, мұндай зұлымдық жасамаңдар! — деп өтінді. —
Gene Kaz 19:8  Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! —
Gene Kaz 19:9  Алайда қаланың ер адамдары оған:— Былай кет! Мынау кірме неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды.
Gene Kaz 19:10  Сонда үй ішінде тұрған хабаршылар есікті сәл ашып, қолдарын созып, Лутты ішке қарай тартып кіргізіп алды. Хабаршылар есікті қайтадан бекітіп,
Gene Kaz 19:11  алдында тұрған үлкенді-кішілі адамдардың бәрін есікті таба алмастай соқыр етіп тастады.
Gene Kaz 19:12  Бұдан кейін олар Лутқа:— Сенің бұл жерде тағы қандай жақындарың бар? Күйеу балаларың, ұл-қыздарың әрі барлық басқа адамдарыңды осы қаладан алып кет! — деп бұйырды.
Gene Kaz 19:13  — Біз оны құртпақшымыз. Жаратқан Иеге бұл жер туралы қатты дауыспен айтылған шағым түсуде. Сондықтан Жаратқан Ие бізді осы қаланы құрту үшін жіберді.
Gene Kaz 19:14  Сонда Лут сыртқа шығып, қыздарына үйленбек күйеу балаларына барып: «Жиналып, бұл жерден кетіңдер! Жаратқан Ие қаланы құртпақшы!» — деп ескертті. Бірақ күйеу балалары оны қалжыңдап тұр деп ойлады.
Gene Kaz 19:15  Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды алып, кетіп қал!» — деді.
Gene Kaz 19:16  Лут әлі де қобалжып тұрғанда, елшілер оны, әйелін, екі қызын қолдарынан ұстап далаға сүйрей жөнеліп, қаланың сыртына шыққанда ғана қоя берді. Себебі Жаратқан Иенің оларға рақымы түскен болатын.
Gene Kaz 19:17  Төртеуін қаладан алып шыққанда хабаршылардың біреуі:— Осы жазықтың еш жеріне аялдамастан, арттарыңа қарамай қашыңдар! Өліп қалмау үшін тауға барып, соны паналаңдар! — деп бұйырды.
Gene Kaz 19:18  Лут сонда былай деп өтінді:— Жоқ, Ием!
Gene Kaz 19:19  Сен құлыңа рақыммен қарап, мені аман сақтап қалып, үлкен мейірімділік жасадың. Бірақ мен тауға қашып құтыла алмаймын, әйтпесе апатқа ұшырап өліп қалармын.
Gene Kaz 19:20  Міне, алдымызда мына қала бар. Барып, паналау үшін ол жақын және кішкентай ғана қалашық қой. Соған қашып құтылайын. Ол кішкентай қалашық емес пе? Осылай жаным аман қалмақ.
Gene Kaz 19:21  Хабаршы оған:— Жарайды. Мен осы тілегіңді де орындап, сен айтып отырған қаланы құртпаймын.
Gene Kaz 19:22  Бірақ тезірек сол жерге қашып құтыл! Себебі сен жеткенше мен түк те істей алмаймын, — деді. Бұл қала осы оқиғадан кейін Сиғор (яғни «Кішкентай») деп аталатын болды.
Gene Kaz 19:23  Лут Сиғорға күн шыға жетті.
Gene Kaz 19:24  Сол кезде Жаратқан Ие Содом мен Ғомораның үстіне аспаннан от аралас күкірт жаудырып,
Gene Kaz 19:25  бұл қалаларды, төңірегіндегі бүкіл жазықты, барлық қала тұрғындарын және далада өсіп тұрғанның бәрін де күл-талқан етіп қиратты.
Gene Kaz 19:26  Ал Луттың әйелі артына қарамақ болып кері бұрылды. Сонда ол бірден тұз бағанасына айналды.
Gene Kaz 19:27  Ыбырайым таңертең ерте тұрып, кеше өзі Жаратқан Иенің алдында тұрған жерге қайтып барды.
Gene Kaz 19:28  Содом мен Ғомораға және төңірегіндегі бүкіл жазыққа көз тастағанда Ыбырайым сол жерден тек балқыту пешінен шыққандай будақтаған түтінді ғана көрді.
Gene Kaz 19:29  Алайда Құдай Лут тұрып жатқан жазықтағы қалалардың күл-талқанын шығарар кезде Ыбырайымды мейірімділікпен есіне түсіріп, Лутты апаттан аман алып шыққан болатын.
Gene Kaz 19:30  Лут Сиғорға қоныстанудан қорқып, қаладан көшіп кетіп, тауды паналады. Сонда бір үңгірде екі қызымен тұрып жатты.
Gene Kaz 19:31  Бір күні үлкен қыз кішісіне: «Біздің әкеміз кәрі, ал бұл маңайда бүкіл әлемдегі әдет бойынша бізбен жақындасатын еркек жоқ.
Gene Kaz 19:32  Жүр, әкемізге шарап ішкізіп, ұрпағын жалғастыру үшін онымен бірге жатып шығайық», — деді.
Gene Kaz 19:33  Олар сол түні әкелеріне шарап ішкізді. Үлкен қызы оның қасына жатты, бірақ әкесі не істеп, не қойғанын білмей де қалды.
Gene Kaz 19:34  Таңертең үлкені кішісіне: «Кеше мен әкеммен болдым, бүгін түнде біз оған тағы да шарап ішкізейік, сен де онымен жатып шық, осылайша әкеміздің ұрпағын жалғастырамыз», — деді.
Gene Kaz 19:35  Сол түні де олар әкесіне шарап ішкізді. Кіші қызы әкесіне барып, қасына жатты, бірақ әкесі тағы да не істеп, не қойғанын білген жоқ.
Gene Kaz 19:36  Сөйтіп Луттың екі қызы да әкесінен жүкті болды.
Gene Kaz 19:37  Үлкен қызы ұл туып, оның атын Моаб («Әкеден») деп қойды. Одан осы күнгі моаб халқы тарады.
Gene Kaz 19:38  Кішісі де ұл тауып, оны Бен Амми («Халқымның ұлы») деп атады. Ол қазіргі аммон халқының түп атасы болды.
Chapter 20
Gene Kaz 20:1  Сол кезде Ыбырайым тұрған жерінен Қанаханның оңтүстік аймағына көшіп, біраз уақыт Қадеш пен Шурдың арасында тұрды. Сол жерден ол Герар қаласының маңына көшіп барып, сонда жат жұрттық болып уақытша қоныстанды.
Gene Kaz 20:2  Ыбырайым (сол жерде кездескен адамдарға) әйелі Сара туралы: «Бұл — менің қарындасым», — деді. Содан Герардың патшасы Әбумәлік кісі жіберіп, Сараны алдыртты.
Gene Kaz 20:3  Бірақ түнде Құдай патшаға түсінде аян беріп:— Осы әйелдің кесірінен сен өлесің, себебі оның күйеуі бар, — деді.
Gene Kaz 20:4  Әбумәлік Сараға жақындаған жоқ болатын. Сондықтан ол:— Уа, Ием, Сен шынымен кінәсі жоқ халықты құртқың келе ме?
Gene Kaz 20:5  Күйеуінің өзі: «Бұл — менің қарындасым» деді емес пе? Әйелі де: «Ол — менің ағам» деген болатын. Мұны істегенде жүрегім адал, қолым да таза еді, — деп жауап берді.
Gene Kaz 20:6  Сонда Құдай оған түсінде былай деді:— Мен сенің мұны адал жүрекпен істегеніңді білемін. Сол себептен де сені Маған қарсы күнә жасаудан сақтап, оған жақындатпадым.
Gene Kaz 20:7  Енді әйелін күйеуіне қайтар. Ол — пайғамбар, сен үшін Маған сиынып сұрасын, сонда аман қаласың. Біліп қой, егерде әйелін қайтармасаң, өзің де, күллі адамдарың да өлетін боласыңдар.
Gene Kaz 20:8  Әбумәлік таңертең ерте тұрып, бүкіл нөкерлерін жинап алып, осы сөздерді түгелдей баяндап берді. Олар қатты қорқып кетті.
Gene Kaz 20:9  Әбумәлік Ыбырайымды өзіне шақыртып алып, оған жекіп:— Бұл не қылғаның? Мені және патшалығымды сондай үлкен күнәға батыратындай, мен саған қандай жамандық жасадым? Сен маған істемеуге тиістіні істедің, — деді.
Gene Kaz 20:10  Ол Ыбырайымнан: — Сен осыны қандай ниетпен жасадың? — деп те сұрады.
Gene Kaz 20:11  Сонда Ыбырайымның жауабы мынау болды:— Мен бұл жердегілер Құдайдан қорықпайды, сондықтан мені әйелім үшін өлтіріп тастар деп ойладым.
Gene Kaz 20:12  Ол — шынымен де менің қарындасым, өйткені — ол әкемнің қызы, бірақ шешемнің қызы емес, сондықтан да әйелім болды.
Gene Kaz 20:13  Құдай маған әкемнің үйін тастап, ел кезуді бұйырғанда, мен Сараға: «Маған істеген жақсылығың мынау болсын: біз баратын жерлердің бәрінде мені ағам деп айт» деген едім.
Gene Kaz 20:14  Әбумәлік ірілі-ұсақты малдар мен құл-күңдерді таңдап алып, Ыбырайымға сыйға тартты, сондай-ақ оған әйелі Сараны да қайтарып берді.
Gene Kaz 20:15  Патша Ыбырайымға:— Міне, менің елімде сен үшін есік айқара ашық, қалаған жеріңді мекенде, — деп ұсынды.
Gene Kaz 20:16  Сараға да тіл қатып:— Міне, мен сенің ағаңа мың мысқал күміс беріп отырмын. Бұл — қасыңдағы бүкіл жұрттың алдында арыңның тазалығының дәлелі. Осымен бәрі сенің кінәсіз екеніңді білетін болады, — деді.
Gene Kaz 20:17  Ыбырайым Құдайға сиынып мінажат етті. Сонда Ол Әбумәлікті, оның әйелі мен күңдерін сауықтырып, бала туа алатын етті.
Gene Kaz 20:18  Себебі Жаратқан Ие Ыбырайымның әйеліне бола Әбумәліктің үй ішіндегі әрбір әйелді бала көтермейтін етіп тастаған еді.
Chapter 21
Gene Kaz 21:1  Содан кейін Жаратқан Ие Өзі айтқандай, Сараға рақымын түсіріп, берген уәдесін орындады.
Gene Kaz 21:2  Сара жүкті болып, Ыбырайымға қартайған шағында ұл туып берді. Бұл Құдай алдын ала белгілеген мезгілде болды.
Gene Kaz 21:3  Ыбырайым Сара тапқан ұлдың атын Ысқақ («Күледі») деп қойды.
Gene Kaz 21:4  Өзіне Құдай бұйырғандай, оны сегіз күн өткен соң сүндеттеді.
Gene Kaz 21:5  Ысқақ дүниеге келгенде Ыбырайым жүзге толған еді.
Gene Kaz 21:6  Сара қуанып былай деді: «Құдай маған күлкі сыйлады. Мұны естіген әркім менімен бірге қуанып күледі.
Gene Kaz 21:7  Сара нәрестесін емізетін болады деп Ыбырайымға алдын ала кім айта алар еді? Бірақ екеуіміздің егде тартқанымызға қарамастан, мен оған ұл туып бердім».
Gene Kaz 21:8  Ысқақ біраз өскен соң, Сара оны емшектен шығарды. Сол күні Ыбырайым үлкен той жасады.
Gene Kaz 21:9  Бірде Сара мысырлық Ажардан туған Ысмағұлдың Ысқақты келекелеп, күлкі етіп жүргенін байқады.
Gene Kaz 21:10  Сонда ол Ыбырайымға: «Мына күңді баласымен бірге қуып жібер! Күңнің ұлы менің ұлым Ысқақпен бірдей мұраға ие болмасын», — деді.
Gene Kaz 21:11  Бұл әңгіме өзінің ұлы туралы болғандықтан, Ыбырайымға еш ұнамады.
Gene Kaz 21:12  Бірақ Құдай Оған: «Бала мен күңге бола қамықпа. Сараның айтқанының бәріне көн, себебі сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады.
Gene Kaz 21:13  Алайда күңнің ұлынан да халық таратамын, ол да сенің ұлың ғой», — деді.
Gene Kaz 21:14  Келесі күні Ыбырайым таңертең ерте тұрды. Нанды және су құйылған месті алып, оларды Ажардың иығына артып берді де, баласын оның қолына тапсырып, шығарып салды. Ажар жолға шыққан соң, Бер-Шеба маңайындағы айдалада адасып кетті.
Gene Kaz 21:15  Местегі су таусылғанда, Ажар ұлын бір бұтаның көлеңкесіне жатқызды да,
Gene Kaz 21:16  өзі кетіп қалды. Баласынан оқ жетер жерге барып, қарама-қарсы отырды. Өйткені ол: «Баланың өлгенін көруге шыдай алмаймын», — деді. Осылай оған қарама-қарсы отырып алып, дауыс шығарып, өксіп жылап жіберді.
Gene Kaz 21:17  Құдай баланың жылап жатқан даусына құлақ асты. Оның періштесі аспаннан Ажарға дауыстап: «Саған не болды, Ажар? Қорықпа, Құдай мына жерде жатқан баланың даусына құлақ асты.
Gene Kaz 21:18  Орныңнан тұр, балаңа қол ұшын беріп қамқорла. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын», — деп тіл қатты.
Gene Kaz 21:19  Содан Құдай Ажардың көзін ашып, оған сол маңдағы құдықты көрсетті. Ажар сонда барып, месті суға толтырып алып, баланың шөлін қандырды.
Gene Kaz 21:20  Құдай балаға жар болып, қамқорлығына алды. Ол өсіп, айдаланы мекендеп, мерген садақшы болды.
Gene Kaz 21:21  Сонымен Ысмағұл Синай түбегіндегі Паран атты елсіз далада тұрды. Анасы оған Мысыр елінен әйел алып берді.
Gene Kaz 21:22  Осы кезеңде (філістір патшасы) Әбумәлік қолбасшысы Пихолды ертіп келіп, Ыбырайымға:— Не істесеңіз де, барлық жағдайда Құдай сізге жар.
Gene Kaz 21:23  Сондықтан мені де, ұлдарым мен немерелерімді де алдамаймын деп Құдай алдында ант беріңіз. Мен сізге қалай жақсы қарасам, сіз маған да, өзіңіз жат жұрттық болып тұрып жатқан елге де жақсы қарайтын болыңыз, — деп ұсыныс жасады.
Gene Kaz 21:24  Ыбырайым:— Жарайды, ант беремін, — деп келісті.
Gene Kaz 21:25  Бұдан кейін ол Әбумәліктің құлдары күшпен тартып алған құдық туралы сөз қозғап, наразылығын білдірді.
Gene Kaz 21:26  Әбумәлік оған:— Мұны кім істегенін білмеймін. Бұл туралы сіз ешқашан айтпадыңыз. Бүгінге дейін мен ештеңе де естіген жоқпын, — деп жауап қайырды.
Gene Kaz 21:27  Ыбырайым бірқатар малдарын алып, оларды Әбумәлікке сыйға тартты. Содан олар бір-бірімен келісім жасасты.
Gene Kaz 21:28  Ыбырайым тағы да жеті ұрғашы қозыны бөлектеп қойды.
Gene Kaz 21:29  Сонда Әбумәлік Ыбырайымға:— Сіз бөлектеп қойған жеті қозы нені білдіреді? — деген сұрақ қойды.
Gene Kaz 21:30  Ол:— Жеті қозыны сіз менің қолымнан қабылдай ала көріңіз. Олар бұл құдықты өзімнің қазғандығымның айғағы болсын, — деп жауап берді.
Gene Kaz 21:31  Осылай бұл жер Бер-Шеба (яғни «Ант құдығы») деп аталды. Себебі осы екі адам сонда бір-біріне ант беріскен еді.
Gene Kaz 21:32  Бер-Шебада келісім жасалып біткен соң, Әбумәлік пен оның қолбасшысы Пихол філістір еліне қайтып кетті.
Gene Kaz 21:33  Ыбырайым Бер-Шебада жыңғыл ағашын екті. Сол жерде ол мәңгі тірі Құдай — Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті.
Gene Kaz 21:34  Бұдан кейін Ыбырайым філістірлердің мекендеген жерінде ұзақ уақыт бойы жат жұрттық ретінде көшіп-қонып жүрді.
Chapter 22
Gene Kaz 22:1  Осы оқиғалардан соң Құдай Ыбырайымды сынамақ болып, оны:— Ыбырайым! — деп шақырды. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
Gene Kaz 22:2  Сонда Құдай оған:— Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды.
Gene Kaz 22:3  Ыбырайым таңертең ерте тұрып, есегін ерттеп, жастау екі қызметшісін және ұлы Ысқақты өзімен бірге ертіп алды. Ол құрбандық отына жеткілікті етіп отындық ағаш жарып алып, Құдай өзіне айтқан жерге қарай жолға шықты.
Gene Kaz 22:4  Үшінші күн дегенде, Ыбырайым айналасына көз жүгіртіп, сол жерді алыстан көрді.
Gene Kaz 22:5  Сонда ол қызметшілеріне: «Сендер есекпен осы жерде қалыңдар. Балам екеуіміз сол жерге өрлеп барып, Құдайға ғибадат етеміз, содан кейін сендерге қайтып келеміз», — деді.
Gene Kaz 22:6  Ыбырайым құрбандық отына арналған ағашты баласы Ысқаққа арқалатып, өзі шоқ салынған ыдыс пен пышақты қолына ұстап, екеуі бірге әрі қарай жүріп кетті.
Gene Kaz 22:7  Сонда Ысқақ әкесіне:— Әке! — деп тіл қатты. Ыбырайым:— Иә, ұлым, не айтайын деп едің, — деді. Ысқақ:— Бізде шоқ пен отын бар, ал құрбандыққа шалынып, өртелетін қой қайда? — деп сұрады.
Gene Kaz 22:8  Ыбырайым:— Ұлым, Құдай құрбандыққа шалынып, өртелуге кажетті қойды Өзі береді, — деді. Осылай екеуі бірге әрі қарай жүре берді.
Gene Kaz 22:9  Олар Құдай белгілеп берген жерге келгенде, Ыбырайым құрбандық өртейтін орын жасап, оның үстіне отындық ағаштарды қаластырды. Мұнан соң Ысқақты байлап, осы ағаштардың үстіне жатқызды.
Gene Kaz 22:10  Содан кейін Ыбырайым пышағын қолына алып, ұлын бауыздамақ болды.
Gene Kaz 22:11  Ал сол сәтте Жаратқан Иенің періштесі оған көктен дауыстап:— Ыбырайым! Ыбырайым! — деп тіл қатты. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
Gene Kaz 22:12  Періште:— Балаңа қол көтерме, оған тиіспе! (Құдай былай дейді:) енді сенің Өзімді терең қастерлейтініңе көзім жетті. Себебі Менен өзіңнің жалғыз ұлыңды да аямадың, — деді.
Gene Kaz 22:13  Ыбырайым төңірегіне көз тастағанда, қалың бұтаның ішінде мүйізінен шырмалып қалған қошқарды көрді. Ол барып, қошқарды әкелді де, оны ұлының орнына құрбандыққа шалып, өртеп жіберді.
Gene Kaz 22:14  Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді» деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді.
Gene Kaz 22:15  Жаратқан Иенің періштесі Ыбырайымға екінші рет көктен дауыстап былай деді:
Gene Kaz 22:16  «Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін:
Gene Kaz 22:17  саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады.
Gene Kaz 22:18  Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің».
Gene Kaz 22:19  Бұдан кейін Ыбырайым қызметшілерінің қасына қайта оралып, бәрі Бер-Шебаға қарай жол тартты. Содан Ыбырайым сол маңайда қоныстанып тұрып қалды.
Gene Kaz 22:20  Осы оқиғалардан соң Ыбырайымға: «Ініңіз Нахордың әйелі Мылқа да бірнеше ұлдың анасы болды» деген хабар келіп жетті.
Gene Kaz 22:21  Атап айтқанда, ол тұңғышы Ұзды, оның інісі Бузды, Араманың әкесі Кемуелді
Gene Kaz 22:22  және Кесетті, Хазоны, Пилдашты, Идлафты, Бетуелді дүниеге келтірді.
Gene Kaz 22:23  Осы Бетуелдің қызы Рабиға болды. Сол сегіз ұлды Мылқа Ыбырайымның інісі Нахорға туып берді.
Gene Kaz 22:24  Ал Нахордың Рехума есімді кәнизагы Тебах, Ғахам, Тахаш, Маха атты төрт ұл тапты.
Chapter 23
Gene Kaz 23:1  Сара жүз жиырма жеті жыл өмір сүрді.
Gene Kaz 23:2  Ақырында ол Қанахан елінде, қазір Хеброн деп аталатын Кирият-Арба қаласының маңында дүниеден өтті. Ыбырайым Сараны жоқтап қайғырып, оның шатырына кірді.
Gene Kaz 23:3  Кейін ол мәйіттің қасынан шығып, сол жерде тұрған хеттік ақсақалдарға барып, олардан:
Gene Kaz 23:4  — Мен араларыңызда жүрген жат жұрттық келімсекпін. Үйде жатқан марқұм әйелімді жерлеуге ешқандай меншікті жерім жоқ. Маған зират үшін бір жер танабын сатсаңыздар екен, — деп өтінді.
Gene Kaz 23:5  Хеттік ақсақалдардың жауабы мынау болды:
Gene Kaz 23:6  — Қымбатты мырза, бізге құлақ асыңыз. Сіз арамызда Құдайдың батасы қонған көсем болып тұрып жатырсыз. Марқұмды біздегі ең жақсы қабірге апарып қойыңыз. Ешқайсымыз да зиратқа арналған жерлерімізді сізге беруден бас тартпаймыз. —
Gene Kaz 23:7  Сонда Ыбырайым орнынан тұрып, хеттіктерге басын иіп былай деді:
Gene Kaz 23:8  — Егер марқұм әйелімді осы маңайда жерлесін десеңіздер, мына өтінішімді Сохар ұлы Ефронға жеткізсеңіздер екен.
Gene Kaz 23:9  Ол маған өзіне тиісті егістіктің шетіндегі Махпела үңгірін меншікті зират ретінде сатсын. Оған сіздердің көз алдарыңызда толық бағасын беремін.
Gene Kaz 23:10  Хеттік Ефрон да қала қақпасындағы алаңда жиналған жерлестерінің арасында отырған еді. Ол бәрінің алдында Ыбырайымға жауап беріп:
Gene Kaz 23:11  — Жоқ, мырзам, менің ұсынысымды тыңдаңыз. Мен сізге егістікті беремін. Мұндағы ұлттастарымның көзінше сізге егістікте орналасқан үңгірді де қоса беремін. Сонда марқұм әйеліңізді қоярсыз, — деді.
Gene Kaz 23:12  Ыбырайым елдің адамдарына тағы да басын иіп,
Gene Kaz 23:13  барлығының алдында Ефронға былай деді:— Тыңдаңыз, мен сізге егістік үшін тиісті құнын төлеймін, оны қолымнан қабыл алыңыз. Сонда бұл жер марқұм әйелімнің зираты болмақ. —
Gene Kaz 23:14  Ефрон оған ойын білдіріп:
Gene Kaz 23:15  — Мырзам, жарайды. Танаптың құны — төрт жүз мысқал күміс, бұл мен үшін де, сіз үшін де түк емес. Марқұмды сонда жерлей беріңіз, — деді.
Gene Kaz 23:16  Ыбырайым келісіп, хеттіктердің көзінше Ефрон атаған құнды — төрт жүз мысқал күмісті оған саудада қолданылатын өлшем бойынша таразыға салып өлшеп берді.
Gene Kaz 23:17  Осылай Мамренің шығысындағы Махпелада орналасқан Ефронның егістік жері, ондағы үңгір және сонда өсіп тұрған барлық ағаштар
Gene Kaz 23:18  Ыбырайымның меншігіне айналды. Қала қақпасындағы алаңда жиналған хеттік ақсақалдардың барлығы бұған куә болды.
Gene Kaz 23:19  Ыбырайым мұнан кейін Сараның мәйітін Махпела даласындағы сол үңгірге апарып қойды. Бұл жерді Хеброн деп те атайды.
Gene Kaz 23:20  Сонымен хеттіктерден алынған Қанахан еліндегі егістік жер мен ондағы үңгір зират ретінде Ыбырайымның тұрақты меншігіне айналды.
Chapter 24
Gene Kaz 24:1  Ыбырайым жасы ұлғайып, қартайған еді. Жаратқан Ие оны қай жағдайда да жарылқап келді.
Gene Kaz 24:2  Бірде ол барлық мал-мүлкін басқаратын бас қызметшісін шақырып алып, оған:— Сен қолыңды менің жамбасымның астына қойып тұрып,
Gene Kaz 24:3  аспан мен жерді жаратқан Құдай Иеміздің алдында ант бер: сен ұлым Ысқаққа әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің.
Gene Kaz 24:4  Қайта, менің туған жеріме, туысқандарыма барып, сол жақтан алып келесің, — деп бұйырды.
Gene Kaz 24:5  Қызметшісі одан:— Егер қалыңдық маған еріп осы елге келгісі келмейтін болса, онда не істейін? Ұлыңызды өзіңіз көшіп келген елге қайтарып апарайын ба? — деп сұрады.
Gene Kaz 24:6  Ыбырайым:— Сен ұлымды ол жерге қайтып апарудан сақ бол!
Gene Kaz 24:7  Себебі көктегі Құдай — Жаратқан Ие мені әкемнің үйінен, туған жерімнен алып шығып, «осы елді сенің ұрпақтарыңа беремін» деп маған ант берді. Жаратқан Ие ұлыма сол жерден әйел тауып алуың үшін сенен бұрын Өзінің періштесін жібереді.
Gene Kaz 24:8  Егер қалыңдық саған еріп келгісі келмесе, маған берген антыңнан босайсың. Бірақ қайткен күнде де ұлымды сол жаққа қайтып апарушы болма! — деп мықтап ескертті.
Gene Kaz 24:9  Қызметші Ыбырайымның жамбасының астына қолын қойып, барлығын ол бұйырғандай етіп орындауға ант берді.
Gene Kaz 24:10  Қожайынының ірі малдарынан он түйе және әр түрлі бағалы дүниелерді таңдап алып, жолға шықты да, Евфрат пен Тигр өзендерінің арасындағы Нахор қаласына қарай беттеді.
Gene Kaz 24:11  Сонда жеткенде түйелерді қала сыртындағы құдық басына шөгерді. Бұл қыз-келіншектер су алуға келетін кешкі мезгіл еді.
Gene Kaz 24:12  Қызметші Құдайға мінажат етіп: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Бүгін жолымды оңғарып, қожайыныма рақымыңды түсіре гөр!
Gene Kaz 24:13  Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Қала тұрғындарының қыздары су алуға келе жатыр.
Gene Kaz 24:14  Мен араларындағы бір бойжеткенге: құмыраңызды еңкейтсеңіз екен, су ішіп алайын деп айтқанда, ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда құлың Ысқаққа Өзің бұйыртқан қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін. Қожайыныма жасаған рақымыңды осыдан білетін боламын», — деді.
Gene Kaz 24:15  Қызметші мінажатын аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиғаның келе жатқанын көрді. Ол Мылқаның ұлы Бетуелдің қызы болатын, ал Мылқа Ыбырайымның інісі Нахордың әйелі еді.
Gene Kaz 24:16  Рабиға өте сұлу, пәк таза бойжеткен қыз екен. Ол су көзіне қарай төмен түсіп, құмырасын суға толтырып алып, жоғары шықты.
Gene Kaz 24:17  Қызметші жылдам басып қыздың қасына келіп:— Құмыраңыздан кішкене су ішейінші, — деді.
Gene Kaz 24:18  Қыз:— Ішіңіз, мырзам, — деп, иығындағы құмыраны тез түсіріп, қызметшіге су берді.
Gene Kaz 24:19  Ол ішіп болған кезде қыз оған:— Мен түйелеріңізді де шөлдері қанғанша суарып берейін, — деп ұсынды.
Gene Kaz 24:20  Осыны айтып, бірден құмырадағы суын астауға құйды. Қыз құмырасын суға толтырып алу үшін қайтадан қайнарға қарай жүгіре жөнелді. Осылай ол барлық түйелерді суарып шықты.
Gene Kaz 24:21  Ал қызметші қызға үн-түнсіз қарап тұрып, Жаратқан Ие сапарымды оңғарды ма, жоқ па деген ойды саралады.
Gene Kaz 24:22  Қызметші үлкен алтын сырға мен екі алтын білезікті алып келген еді. Түйелер су ішіп болған соң, ол сол сыйлықтарды бойжеткенге берді.
Gene Kaz 24:23  — Кімнің қызысыз? Бізге түнеп шығуға әкеңіздің үйінен орын табыла ма, соны айтсаңыз екен? — деп қыздан сұрады.
Gene Kaz 24:24  Ол:— Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын, — деді.
Gene Kaz 24:25  — Бізде жеткілікті мөлшерде сабан, жем, түнейтін орын да бар, — деп қосты.
Gene Kaz 24:26  Сонда қызметші Жаратқан Иенің алдында иіліп:
Gene Kaz 24:27  «Қожайыным Ыбырайым сиынатын Құдай дәріптелсін! Иә, Өзінің мейірімділігімен, адалдығымен қожайынымды жарылқаған Жаратқан Ие мадақталсын! Ол мені тура қожайынымның туысқандарының үйіне бастап алып келді», — деп ғибадат етті.
Gene Kaz 24:28  Бойжеткен шешесінің үйіне жүгіріп барып, осының бәрін айтып берді.
Gene Kaz 24:29  Рабиғаның Лабан деген ағасы бар еді. Лабан қарындасының жаңа сырғасы мен білезіктерін көріп, Рабиғадан бөтен адамның оған не айтқанын сұрап білді. Содан ол тездетіп су көзінде түйелердің жанында тұрған сол адамға қарай бет алды.
Gene Kaz 24:30  Рабиғаның Лабан деген ағасы бар еді. Лабан қарындасының жаңа сырғасы мен білезіктерін көріп, Рабиғадан бөтен адамның оған не айтқанын сұрап білді. Содан ол тездетіп су көзінде түйелердің жанында тұрған сол адамға қарай бет алды.
Gene Kaz 24:31  Оны:— Ей, Жаратқан Ие жарылқаған пенде, менімен бірге жүріңіз. Далада тұрып қалмаңыз. Мен үйді де, түйелерге орынды да даярлатып қойдым, — деп шақырып,
Gene Kaz 24:32  үйіне алып барды. Лабан түйелердің жүктерін түсіртіп, алдарына сабан мен жем салдырды да, қызметшіге және оған еріп келгендерге аяқтарын жууға су әкелдірді.
Gene Kaz 24:33  Қонаққа арналып дастарқан жайылып тамақ ұсынылды. Бірақ Ыбырайымның қызметшісі:— Мен келген шаруамды айтпай тұрып дәм татпаймын, — деді. Лабан:— Онда жұмысыңызды айтыңыз, — деп келісті.
Gene Kaz 24:34  Сонда қонақ былай деп сөйлеп кетті:— Мен Ыбырайымның қызметшісімін.
Gene Kaz 24:35  Жаратқан Ие қожайынымды молынан жарылқап, ол дәулетті де абыройлы адамға айналды. Жаратқан Ие оған көп қылып қой-ешкі мен ірі қара малын, алтын-күміс, құл-күңдерді, түйе мен есектерді сыйлаған.
Gene Kaz 24:36  Қожайынымның әйелі Сара оған қартайған шағында бір ұл сыйлады. Қожайыным өзіндегі бар мал-мүлкін соған атады.
Gene Kaz 24:37  Қожайыным маған: «Менің ұлыма әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. Қайта, менің әкемнің үйіне, өз туған-туысқандарыма барып, қалыңдықты сол жақтан алып келесің» деп бұйырып, осылай істеуге ант бергізді.
Gene Kaz 24:38  Қожайыным маған: «Менің ұлыма әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. Қайта, менің әкемнің үйіне, өз туған-туысқандарыма барып, қалыңдықты сол жақтан алып келесің» деп бұйырып, осылай істеуге ант бергізді.
Gene Kaz 24:39  Мен: «Егер қалыңдық маған ергісі келмесе ше?» деп сұрағанда, қожайыным маған былай деп жауап берді:
Gene Kaz 24:40  «Мен көз алдында өмір сүріп келген Жаратқан Ие жолыңды болдыру үшін саған Өзінің періштесін ертіп жібереді. Осылай сен ұлыма әйелді өз туған-туысқандарымнан, менің әкемнің үйінен алып келе аласың.
Gene Kaz 24:41  Сен туысқандарыма барып, олар қызын ұзатуға келіспесе, онда берген антыңнан босайсың».
Gene Kaz 24:42  Содан мен бүгін су көзіне жеткенде былай дедім: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Жолымды оңғара гөр.
Gene Kaz 24:43  Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Су алуға бір бойжеткен келгенде, оған: құмыраңыздан кішкене су ішкізсеңіз екен деп айтайын.
Gene Kaz 24:44  Егер ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда қожайынымның ұлына Өзің таңдаған қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін».
Gene Kaz 24:45  Мен осы мінажатымды іштей аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиға келді. Ол су көзіне қарай төмен түсіп, су тартып алды. Мен одан: «Маған ішуге су беріңізші», — деп сұрадым.
Gene Kaz 24:46  Ол тез иығындағы құмырасын түсіріп: «Ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін» деді. Осылай су ішіп алдым, ол түйелерімді де суарып берді.
Gene Kaz 24:47  «Кімнің қызысыз?» деп сұрағанымда: «Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын» деп жауап берді.Сонда мен оған сырға тағып, қос білегіне білезік салдым.
Gene Kaz 24:48  Мұнан кейін өзіме жол көрсетіп, ұлына қожайынымның інісінің қызын таңдағаны үшін, қожайыным сиынатын Құдай — Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат еттім.
Gene Kaz 24:49  Енді сіздер қожайыныма мейірімділік пен адалдық көрсеткілеріңіз келсе, оны маған білдіріңіздер. Ал олай болмаса, оны да айтыңыздар. Содан мен не істеу қажет екенін білетін боламын, — деп құда түсуші сөзін тамамдады.
Gene Kaz 24:50  Сонда Лабан мен Бетуел:— Бұл іс Жаратқан Иенің Өзінен шықты. Біз сізге не қарсы болып, не қостап түк айта алмаймыз.
Gene Kaz 24:51  Міне, Рабиға көз алдыңызда, оны алып жүре беріңіз. Жаратқан Ие шешіп қойғандай, қызымыз қожайыныңыздың баласының әйелі болсын, — деп жауап берді.
Gene Kaz 24:52  Қызметші осыны естігенде жерге дейін иіліп Жаратқан Иеге ғибадат етті.
Gene Kaz 24:53  Содан кейін әкелген киімдері мен алтын-күміс әшекейлерін шығарып, Рабиғаға сыйлады. Оның ағасы мен анасына да құнды сыйлықтар ұсынды.
Gene Kaz 24:54  Мұнан кейін қызметші және оған еріп келгендер ішіп-жеп, түнеп шықты. Таңертең тұрған соң, қызметші:— Маған қожайыныма оралуға рұқсат етіңіздер, — деп өтінді.
Gene Kaz 24:55  Бірақ бойжеткеннің ағасы мен шешесі:— Қыз біраз күн бізбен бірге тұра тұрсын, айталық, он күндей. Содан кейін жолға шығарсыздар, — деп ұсынды.
Gene Kaz 24:56  Алайда қызметші:— Жаратқан Ие сапарымды оңғарғандықтан, енді жолымнан қалдырмай, қожайыныма жіберіңіздер, — деп қоймады.
Gene Kaz 24:57  Сонда олар:— Бойжеткенді шақырып, біліп алайық: ол бұған қалай қарар екен, — десті.
Gene Kaz 24:58  Рабиғаны шақырып алып:— Мына кісіге еріп жолға шығуға дайынсың ба? — деп сұрады. Ол:— Иә, жолға шығуға дайынмын, — деп жауап берді.
Gene Kaz 24:59  Сонда олар Рабиғаны және күтуші әйелін Ыбырайымның қызметшісі мен оның адамдарына ертіп жіберуге келісті.
Gene Kaz 24:60  Туысқандары Рабиғаға бата беріп былай деді:«Қарындасымыз, сан мыңдағанҰрпақтардың анасы болғын,Жауларының қалаларынҮрім-бұтағың басып алсын!»
Gene Kaz 24:61  Мұнан кейін Рабиға мен оның қызметші қыздары жолға жиналып, түйелеріне отырып, сол кісіге еріп кетті. Осылай Ыбырайымның бас қызметшісі Рабиғаны ертіп алып, келген еліне кері беттеді.
Gene Kaz 24:62  Сол кезде Ысқақ Қанаханның оңтүстік аймағында тұратын. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдыққа дейін көшіп-қонып барып, қайтып келген еді.
Gene Kaz 24:63  Бір күні кешке қарай ол далаға шығып, ойға батып отырғанда, айналасына көз тастап, келе жатқан керуенді байқады.
Gene Kaz 24:64  Рабиға да Ысқақты көрді. Бойжеткен лезде түйеден түсіп, айналасына көз жүгіртіп,
Gene Kaz 24:65  қызметшіден:— Далада бізге қарсы жүріп келе жатқан мына кісі кім? — деп сұрады. Ол:— Бұл — менің қожайыным, — деп жауап берді. Сонда Рабиға пердесімен бетін жауып алды.
Gene Kaz 24:66  Қызметші Ысқаққа сапарында не істегенін түгел айтып берді.
Gene Kaz 24:67  Ысқақ Рабиғаны өзінің марқұм анасы Сараның шатырына кіргізіп, оған үйленді. Қалыңдығы Ысқаққа қатты ұнады. Содан оның анасы қайтыс болғаннан кейінгі қайғысы сейілді.
Chapter 25
Gene Kaz 25:1  Ыбырайым тағы да үйленіп, Кетура есімді әйел алған болатын.
Gene Kaz 25:2  Одан Ыбырайымның Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах деген ұлдары дүниеге келді.
Gene Kaz 25:3  Жоқшаннан Сәба мен Дедан туды. Деданнан кезінде ашурлықтар, летуштіктер және леумдіктер тарады.
Gene Kaz 25:4  Мадиянның ұлдарының аттары мыналар: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Кетурадан тараған ұрпақтар болатын.
Gene Kaz 25:5  Алайда Ыбырайым жинаған бар дүние-мүлкін Сарадан туған Ысқаққа мұра етіп қалдырды.
Gene Kaz 25:6  Өзінің көзі тірісінде ол кәнизактарынан туған ұлдарына енші беріп, оларды шығыс жаққа, өз ұлы Ысқақтың маңынан алшақтау жерге, жіберді.
Gene Kaz 25:7  Ыбырайым барлығы жүз жетпіс бес жыл жасады.
Gene Kaz 25:8  Ол мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды.
Gene Kaz 25:9  Ысқақ пен Ысмағұл әкелерінің мәйітін Мамренің қасында, хеттік Сохар ұлы Ефронның егістігінде орналасқан Махпела үңгіріне апарып, марқұм әйелі Сараның қасына қойды. Бұл жер танабы мен үңгірді Ыбырайым кезінде хеттіктерден сатып алған болатын.
Gene Kaz 25:10  Ысқақ пен Ысмағұл әкелерінің мәйітін Мамренің қасында, хеттік Сохар ұлы Ефронның егістігінде орналасқан Махпела үңгіріне апарып, марқұм әйелі Сараның қасына қойды. Бұл жер танабы мен үңгірді Ыбырайым кезінде хеттіктерден сатып алған болатын.
Gene Kaz 25:11  Ыбырайым өлгеннен кейін Құдай оның ұлы Ысқақты да жарылқап жүрді. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдықтың маңайында өмір сүріп жатты.
Gene Kaz 25:12  Ыбырайымның Сараның мысырлық күңі Ажардан туған ұлы Ысмағұлдың үрім-бұтағының шежіресі мынау:
Gene Kaz 25:13  Ысмағұлдың ұлдарынан тараған ұрпақтар рет-ретімен былай аталады: Ысмағұлдың тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам,
Gene Kaz 25:15  Хадад, Тема, Етур, Нафиш, Кедмах туды.
Gene Kaz 25:16  Бұлар Ысмағұлдың он екі ұлынан тарап, жартылай көшпенді, жартылай отырықшы болып, мекендеген жеріне қарай бөлінген рулардың он екі көсемі болды.
Gene Kaz 25:17  Ысмағұл барлығы жүз отыз жеті жыл өмір сүріп, ата-бабаларының қасына аттанды.
Gene Kaz 25:18  Оның ұрпақтары Мысырдың шығысындағы Шурдан Ассур еліндегі Хауилаға қарай созылған аралықты мекендеп, барлық бауырлас тайпалармен жауласып өмір сүрді.
Gene Kaz 25:19  Ыбырайымның ұлы Ысқақтың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Ыбырайымнан Ысқақ туды.
Gene Kaz 25:20  Ысқақ қырық жасында солтүстік Месопотамияда тұратын арамалық Бетуелдің қызы, Лабанның қарындасы Рабиғаға үйленді.
Gene Kaz 25:21  Әйелі бала көтермегендіктен, Ысқақ ол үшін Жаратқан Иеге жалына сиынды. Оның тілегін Иеміз қабыл алып, күндердің күнінде Рабиға жүкті болды.
Gene Kaz 25:22  Оның құрсағындағы екі нәресте бір-бірімен тебісетін. Сонда ол: «Менде не үшін бұлай?» — деп ойлап, осыны білмекші болып Жаратқан Иеге жүгінді.
Gene Kaz 25:23  Иеміздің жауабы мынау болды:«Сенің ішіңде екі тайпа жатыр,Құрсағыңнан екі ұлт тарамақ.Біреуі екіншісінен күштірек болып,Ағасы інісінің қызметшісі болмақ».
Gene Kaz 25:24  Босанатын уақыты келіп, Рабиға егіз ұл тапты.
Gene Kaz 25:25  Бірінші туған баланың денесін киім іспетті қалың қызыл түк басып кеткендіктен, оған Есау (яғни «Түкті») деп ат қойды.
Gene Kaz 25:26  Одан соң оның сыңары көрінді, ол бір қолымен Есауды өкшесінен ұстап алыпты. Оны Жақып (яғни «Өкшеден ұстаушы, Алдамшы») деп атады. Егіз ұлды болғанда, Ысқақ алпыста еді.
Gene Kaz 25:27  Балалар ер жетті. Есау дала кезіп жүретін білікті аңшы болса, Жақып шатыр маңайында тыныш жүретін жігіт еді.
Gene Kaz 25:28  Ысқақ баласы аулаған аңның етін ұнатқандықтан, Есауды жақсы көретін. Ал Жақып Рабиғаның сүйікті ұлы болды.
Gene Kaz 25:29  Бір күні Жақып тамақ пісіріп жатқанда, Есау шаршап, қарны ашып даладан келді.
Gene Kaz 25:30  Ол Жақыпқа:— Маған тезірек мына бір қызғылт түсті көжеңнен берші, мен ашпын, — деді. Сондықтан ол кейін Едом (яғни «Қызыл») деп аталды.
Gene Kaz 25:31  Жақып:— Онда қазір маған өзіңнің тұңғыштық жолыңды сат, — деп қолқа салды.
Gene Kaz 25:32  Есау:— Аштықтан өлейін деп тұрғанымда, маған тұңғыш боп туғандығымның керегі қанша? — деді.
Gene Kaz 25:33  Жақып:— Алдымен маған ант бер, — деп талап етті. Есау ант беріп, өзінің тұңғыштық жолын Жақыпқа сатып жіберді.
Gene Kaz 25:34  Сонда Жақып оған нан және қызыл жасымықтан пісірген көжені ұсынды. Есау ішіп-жеп болған соң жөніне кетті. Осылайша ол тұңғыштық жолына немқұрайды қарап, одан бас тартты.
Chapter 26
Gene Kaz 26:1  Бір кезде Ыбырайымның тұсында болғандай, елді тағы да аштық жайлады. Сонда Ысқақ філістірлердің патшасы Әбумәліктің еліндегі Герар қаласына қарай жол тартты.
Gene Kaz 26:2  Ал Жаратқан Ие Ысқаққа аян беріп: «Мысыр жаққа көшпей, Мен айтқан жерде қоныстанып,
Gene Kaz 26:3  сол елде жат жұрттық болып тұра бер! Саған жар болып, батамды қондырамын. Сенің ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін табыстап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын.
Gene Kaz 26:4  Мен үрім-бұтағыңды аспандағы жұлдыздар сияқты сансыз етіп көбейтіп, оларға осы жерлердің бәрін табыстаймын. Сенің ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады.
Gene Kaz 26:5  Өйткені Ыбырайым Менің тілімді алып, берген бұйрықтарыма, ережелеріме және өсиет сөздеріме түгел құлақ асып, жүзеге асырды», — деді.
Gene Kaz 26:6  Осылайша Ысқақ Герарда тұрып қалды.
Gene Kaz 26:7  Алайда сол жердің адамдары одан әйелі туралы сұрағанда, Ысқақ оларға: «Ол — менің қарындасым», — деп жауап берді. Себебі Ысқақ «Жергілікті адамдар Рабиғаға бола көзімді құртып жүрер, ол керемет сұлу ғой» деп ойлап, оны әйелім деп айтудан қорықты.
Gene Kaz 26:8  Ысқақ сол жерде едәуір уақыт тұрғаннан кейін, філістір патшасы Әбумәлік бір күні терезеден Ысқақтың әйелі Рабиғаны аймалап жатқанын көріп қалды.
Gene Kaz 26:9  Сонда Әбумәлік Ысқақты шақыртып алып:— Ол сенің әйелің екен ғой! Сен қалайша оны қарындасым деп жүрсің? — деп жекіді. Ысқақ оған:— Өйткені оған бола мені өлтіріп тастар деп ойладым, — деді.
Gene Kaz 26:10  Әбумәлік:— Сен неге бұлай істедің? Жергілікті ер адамдардың біреуі әйеліңе жақындап қоюы мүмкін еді. Сонда біз кінәлі болып қалатын едік, — деп сөкті.
Gene Kaz 26:11  Содан Әбумәлік халыққа мынандай жарлық шығарды: «Кімде-кім мына ерлі-зайыптыға тиіссе, сол өлімге кесіледі!»
Gene Kaz 26:12  Ысқақ осы жерге егін салып, сол жылы одан жүз есе өнім алды, себебі Жаратқан Ие оны жарылқаған болатын.
Gene Kaz 26:13  Осылай байи берді. Дүние-мүлкі көбейген үстіне көбейіп, Ысқақ нағыз бай адамға айналды.
Gene Kaz 26:14  Оның ірілі-ұсақты малдарының отар-табындары және құл-қызметшілері көп болғандықтан, філістірлер Ысқаққа қызғанышпен қарай бастады.
Gene Kaz 26:15  Сондықтан олар Ысқақтың әкесі Ыбырайымның тірі кезінде қызметшілеріне қаздырған барлық құдықтарын топырақпен толтырып, бітеп тастады.
Gene Kaz 26:16  Әбумәлік те: «Біздің жақтан көшіп кет, бізден әлдеқайда күшейіп алдың», — деп Ысқаққа теріс қарады.
Gene Kaz 26:17  Ысқақ сол арадан көшіп, шатырларын Герар аңғарына тігіп, қоныстанды.
Gene Kaz 26:18  Сол жерде Ысқақ әкесі Ыбырайымның тірі кезінде қаздырған, бірақ ол өлгеннен кейін філістірлер топырақпен бітеп тастаған құдықтарын қайтадан аршытып, оларды әкесінің қойған аттарымен атады.
Gene Kaz 26:19  Ысқақтың қызметшілері сол аңғарда тағы бір құдық қазып жүріп, судың қайнар көзін тапты.
Gene Kaz 26:20  Алайда герарлық бақташылар оның малшыларымен таласып: «Бұл — біздің суымыз», — деп дау көтерді. Сол құдық үшін дауласқандықтан Ысқақ оны «Дауласу құдығы» деп атады.
Gene Kaz 26:21  Кейін қызметшілері тағы бір құдық қазды. Герарлық бақташылар оған да таласты. Ысқақ оны «Қастасу құдығы» деп атады.
Gene Kaz 26:22  Ысқақ әрірек көшіп барып, сол жерден тағы бір құдық қаздырды. Оған бола дау-жанжал тумағандықтан, Ысқақ оны «Кең өріс құдығы» деп атап: «Жаратқан Ие бізге енді кең өріс сыйлады. Содан біз осы елде өсіп-өнетін боламыз», — деді.
Gene Kaz 26:23  Сол жерден Ысқақ Бер-Шебаға қоныс аударды.
Gene Kaz 26:24  Бұл түні оған Жаратқан Ие аян беріп: «Мен әкең Ыбырайым сиынатын Құдаймын. Қорықпа, әрдайым сені көз алдымда ұстап жарылқаймын. Қызметшім Ыбырайым үшін сенің үрім-бұтағыңды өте көп етемін», — деді.
Gene Kaz 26:25  Ысқақ бұл жерде құрбандық ұсынатын орын салып, Жаратқан Иеге сиынып мінажат етті. Сол маңайға шатырларын тігіп, қызметшілеріне құдық қаздырды.
Gene Kaz 26:26  Осы екі арада Герар қаласынан Әбумәлік патша кеңесшісі Ахузат пен қолбасшысы Пихолды ертіп алып, Ысқаққа келді.
Gene Kaz 26:27  Ысқақ оларға:— Маған неге келдіңіздер? Менімен өштесіп, қуып жіберген едіңіздер ғой, — деген сұрақ қойды.
Gene Kaz 26:28  Олар:— Біз Жаратқан Иенің сізді көз алдында ұстайтынын анық көріп тұрмыз. Сіз бен біздің арамызда антпен бекітілген келісім болу керек деп шештік. Сондықтан бір-бірімізбен келісімшарт жасасайық.
Gene Kaz 26:29  Біз сізге тиіспей, тек жақсылық жасап, бізден бейбіт түрде кетуіңізге жағдай жасағанымыз сияқты, сіз де бізге жамандық істемейсіз. Сіз қалай дегенмен Жаратқан Иенің батасы қонған адамсыз ғой, — деп жауап берді.
Gene Kaz 26:30  Ысқақ оларға қонақасы беріп, барлығы ішіп-жеді.
Gene Kaz 26:31  Бәрі ертеңіне ерте тұрып, бір-біріне ант берісті. Содан Ысқақ оларды жолға шығарып салып, жылы жүзбен қоштасты.
Gene Kaz 26:32  Сол күні Ысқақтың қызметшілері оған өздері қазған құдық туралы: «Біз су таптық», — деп хабар жеткізді.
Gene Kaz 26:33  Ысқақ сол құдықты Шеба (яғни «Ант») деп атады. Сондықтан кейін сол жерде салынған қала осы күнге дейін Бер-Шеба («Ант құдығы») деп аталып келеді.
Gene Kaz 26:34  (Ысқақтың тұңғышы) Есау қырық жасқа толғанда хеттік Бегеридің қызы Ехудитті және хеттік Елонның қызы Басематты әйелдікке алды.
Gene Kaz 26:35  Бұлар Ысқақ пен Рабиғаға үлкен уайым әкелді.
Chapter 27
Gene Kaz 27:1  Ысқақ қартайып, көзі көрмей қалған еді. Бірде ол тұңғыш ұлы Есауды шақырып алып:— Ұлым! — деді.— Иә, тыңдап тұрмын. — деп жауап қатты ол.
Gene Kaz 27:2  Ысқақ:— Мен қартайдым, қай күні өлерімді білмеймін.
Gene Kaz 27:3  Сен садақ пен қорамсағыңды алып, маған даладан бір аң аулап әкел.
Gene Kaz 27:4  Соның етінен мен сүйсініп жейтіндей дәмді тағам пісіріп, алып кел. Оны жеп, өлмей тұрғанда саған батамды беретін болайын, — деді.
Gene Kaz 27:5  Ысқақ ұлымен сөйлескен кезде, Рабиға да құлақ түріп тыңдап тұрды. Есау аң аулап әкелу үшін далаға шығып кеткеннен кейін,
Gene Kaz 27:6  Рабиға Жақыпқа былай деп кеңес берді:— Тыңда, мен әкеңнің ағаң Есауға:
Gene Kaz 27:7  «Маған бір аң аулап әкеліп, дәмді етіп тамақ пісіріп бер. Мен оны жеп, өлмей тұрғанда саған Жаратқан Иенің алдында батамды берейін» дегенін естідім.
Gene Kaz 27:8  Ұлым, саған айтатын ақылыма мұқият құлақ сал:
Gene Kaz 27:9  қораға барып, маған екі қоңды лақты алып кел. Олардан дәмдеп, әкең сүйсініп жейтін тағам дайындаймын.
Gene Kaz 27:10  Соны әкеңе апар, ол жесін. Осылай ол өлер алдында батасын саған беретін болады! —
Gene Kaz 27:11  Бірақ Жақып шешесіне:— Ағамның денесін қалың түк басқан, ал менде жоқ.
Gene Kaz 27:12  Әкем мені сипаласа ше, онда оның алдында өтірікші болып, одан бата орнына қарғыс алармын, — деді.
Gene Kaz 27:13  Сонда шешесі:— Саған деген қарғысты өз мойныма аламын. Сен айтқанымды істеп, маған екі лақты әкеп бер, — деп жауап қатты.
Gene Kaz 27:14  Жақып лақтарды алып келіп, шешесіне берді. Ол солардан ұлдың әкесі сүйсініп жейтіндей дәмді тамақ әзірледі.
Gene Kaz 27:15  Содан кейін Рабиға үлкен ұлы Есаудың өз үйінде жатқан ең сәнді киімдерін алып, оларды кенжесі Жақыпқа кигізді,
Gene Kaz 27:16  әрі сойылған лақтардың терісімен оның түксіз мойны мен екі білегін жапты.
Gene Kaz 27:17  Жақыптың қолына өзі әзірлеген дәмді тамағы мен пісірген нанын ұстатты.
Gene Kaz 27:18  Сонда Жақып әкесіне кіріп:— Әке! — деді. Ысқақ:— Иә, ұлым, сен кімсің? — деп сұрады.
Gene Kaz 27:19  — Мен тұңғышыңыз Есаумын. Маған айтқаныңызды орындадым. Басыңызды көтеріп, мен аулап әкелген аңның етін жеп, маған батаңызды беріңіз. —
Gene Kaz 27:20  Ысқақ:— Ұлым, қалайша оны тез тауып алдың? — деп сұрағанда, Жақып:— Сіздің сиынатын Құдайыңыз — Жаратқан Ие оны маған кездестірді, — деп жауап қайтарды.
Gene Kaz 27:21  Сонда Ысқақ:— Ұлым, маған жақындашы. Сен шынымен ұлым Есаусың ба, жоқ па, соны білу үшін сені сипалап көрейін, — деді.
Gene Kaz 27:22  Жақып қасына келген соң әкесі оны сипалап тұрып:— Даусы Жақыптікі, ал қолдары Есаудікі, — деп шүбәсін білдірді.
Gene Kaz 27:23  Жақыптың қолдарынан ағасының қолдарындағыдай түкті сезгеннен кейін Ысқақ Жақыпты танымай қалды. Оған батасын бермек болды,
Gene Kaz 27:24  бірақ ол тағы бір рет:— Сен шынымен ұлым Есаумысың? — деп сұрады. Жақып:— Иә, солмын, — деп жауап берді.
Gene Kaz 27:25  Сонда әкесі:— Ұлым, аңнан әзірленген тамағыңды бер. Мен жейін де, саған батамды берейін, — деді.Жақып әкесіне тамақты ұсынды, ол жеді; кейін шарап әкеліп, ол оны да ішті.
Gene Kaz 27:26  Содан соң Ысқақ:— Ұлым, маған жақын келіп, мені сүй, — деді.
Gene Kaz 27:27  Жақып әкесінің қасына барып, оны сүйгенде, Ысқақ оның киген киімдерінен Есаудың иісін сезді. Содан ол ұлына батасын беріп былай деді:«Ұлымның иісі Жаратқан ИеЖарылқаған даланың иісіндей.
Gene Kaz 27:28  Айырмасын Құдай сені аспан шығынан,Әрі топырақтың құнарлылығынан,Ағыл-тегіл астық пен жүзім шырынынан!
Gene Kaz 27:29  Саған ұлттар қызмет жасай берсін,Һәм халықтар бас иетін болсын!Сен билейтін бол бауырларыңды,Саған бағынсын анаңның ұлдары!Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,Ал батасын беретіндер жарылқансын!»
Gene Kaz 27:30  Ысқақ батасын аяқтап, Жақып әкесінен шығып бара жатқан кезде, ағасы Есау аң аулаудан қайтып келді.
Gene Kaz 27:31  Ол да дәмді тамақ пісіріп, әкесіне апарды да, оған былай деп тіл қатты:— Әке, басыңызды көтеріп, батаңызды беру үшін мен әзірлеген тамақтан ішіңіз.
Gene Kaz 27:32  Сонда әкесі одан:— Сен кімсің? — деп сұрады. Ұлы оған:— Мен тұңғыш ұлыңыз Есаумын ғой, — деп жауап берді.
Gene Kaz 27:33  Сонда Ысқақ қатты дірілдеп шошып кетіп:— Аң аулап, маған жаңа ғана тамақ әзірлеп, әкелген адам кім болды екен? Мен сол тамақты сен келер алдында ғана жеп, оны әкелген адамға батамды беріп қойдым. Енді батам сол күйінде қалады, — деді.
Gene Kaz 27:34  Есау әкесінің сөзін естігенде әбден күйініп, қатты айқайлап жіберіп:— Әке! Маған да батаңызды берсеңіз етті! — деп жалбарынды.
Gene Kaz 27:35  Ал әкесі:— Інің қулықпен келіп, саған тиесілі батаны иемденіп кетті, — деп бас тартты.
Gene Kaz 27:36  Сонда Есау:— Оның аты Жақып қой, ол мені екі рет алдап үлгерді. Алдымен ол менен тұңғыштық жолымды алдап алды, енді маған тиісті батаны да иемденіп кетті! — деді де, әкесінен:— Сіз маған деген ешқандай бата қалдырған жоқсыз ба? — деп сұрады.
Gene Kaz 27:37  Ысқақ:— Мен оны саған билеуші етіп, барлық бауырларының бәрін өзіне қызметші қылып бердім. Оны мол астық пен жүзім шырынымен қамтамасыз еттім. Ұлым, мен енді сен үшін не істей аламын? — деп жауап берді.
Gene Kaz 27:38  — Әке, сізде бар болғаны бір-ақ бата ма еді? Маған да батаңызды бере көріңіз! — деп, Есау дауыстап жылады.
Gene Kaz 27:39  Соңында Ысқақ оған бата беріп былай деді:«Құнарлы топырақ пен аспан шығынанСен алшақтау мекендейтін боласың.
Gene Kaz 27:40  Семсеріңе сүйене өмір сүресің,Әрі бауырыңа мойынсұнып жүресің.Бірақ жұлқынып қарсы шыққан уақытыңЖеткенде мойныңдағы езгісінен оныңБосап, құтылып кететін боласың».
Gene Kaz 27:41  Есау сол кезден бастап Жақыпты әкесінен алдап алған батасы үшін жек көрді. Ол өз-өзіне: «Көп ұзамай әкем дүние салып, жоқтау айтатын уақыт келер. Содан кейін Жақыптың көзін құртамын», — деді.
Gene Kaz 27:42  Үлкен ұлының бұл сөздері Рабиғаның құлағына шалынды. Сонда ол кенжесін шақырып алып: «Ағаң Есау кек алып сені өлтірмекші.
Gene Kaz 27:43  Сондықтан айтқанымды тыңда: тез жолға жиналып, Харандағы туған ағам Лабанға қашып кет.
Gene Kaz 27:44  Ағаң Есаудың ашуы басылғанша сол жерде біраз қала тұр.
Gene Kaz 27:45  Кейінірек ол сенің өзіне істегеніңді ұмытып, ашуы қайтқаннан кейін біреуді жіберіп, сені шақыртып аламын. Мен бір күнде екі ұлымнан бірдей айырылып қалар жайым жоқ!» — деді.
Gene Kaz 27:46  Содан соң Рабиға Ысқаққа: «Есаудың алған хеттік әйелдерінің кесірінен өмірім уайымға толы өтіп жатыр. Егер Жақып та мына хеттік әйелдер сияқты жергілікті қыздардан әйел алатын болса, онда маған өмір сүрудің не қажеті бар?» — деді.
Chapter 28
Gene Kaz 28:1  Сонда Ысқақ Жақыпты шақырып алып, оған батасын беріп, былай деп өсиет айтты: «Сен қанахандық әйелге үйленбе!
Gene Kaz 28:2  Одан да жолға жиналып, солтүстік Месопотамияға, шешеңнің әкесі Бетуелдің үйіне барып, әйелді сол жерден, шешеңнің ағасы Лабанның қыздарының біреуінен ал!
Gene Kaz 28:3  Құдіреті шексіз Құдай сені жарылқап, ұрпақты етіп, сенен бір топ ұлттарды таратсын!
Gene Kaz 28:4  Құдайдың Ыбырайымға берген батасы саған да, ұрпақтарыңа да қонсын. Осылай Құдай бір кезде Ыбырайымға уәде еткен, қазір сен жат жұрттық болып тұрып жатқан осы елді иемденіп алыңдар!»
Gene Kaz 28:5  Осылай деп, Ысқақ оны қоя берді. Жақып арамалық Бетуел ұлы Лабанға қарай жол тартты. Лабан шешесі Рабиғаның туған ағасы болатын.
Gene Kaz 28:6  Ал Есау болса, Ысқақтың Жақыпты әйел алу үшін солтүстік Месопотамияға жібергенін, оған батасын беріп тұрып: «Қанахандықтардың қыздарына үйленбе!» — деп өсиеттегенін
Gene Kaz 28:7  және Жақыптың әке-шешесінің тілін алып, сол жаққа кеткенін естіді.
Gene Kaz 28:8  Осы арқылы Есау әкесінің (жалған тәңірлерге табынатын) қанахандық әйелдерді қаншалықты жаратпайтынына көзін жеткізді.
Gene Kaz 28:9  Сондықтан ол Ыбырайым ұлы Ысмағұлға барып, әйелдерінің үстінен оның қызы, Набайоттың қарындасы Махалатты да әйелдікке алды.
Gene Kaz 28:10  Ал Жақып Бер-Шебадан шыққаннан кейін, Харанға қарай беттеген еді.
Gene Kaz 28:11  Күн батып кеткендіктен, жеткен жерінде түнеп қалды. Ол сол жерден бір тасты алып, басына жастанды да, ұйқыға кетті.
Gene Kaz 28:12  Ұйықтап жатып, түс көрді. Түсінде оған жерден көкке дейін жетіп тұрған баспалдақ көрінді. Құдайдың періштелері оның үстімен бір шығып, бір түсіп жүр екен.
Gene Kaz 28:13  Соның басында тұрған Жаратқан Ие аян беріп былай деді: «Мен Жаратқан Иемін, атаң Ыбырайым мен әкең Ысқақтың сиынатын Құдайымын. Сен ұйықтап жатқан жерді саған және ұрпақтарыңа беремін.
Gene Kaz 28:14  Сенің үрім-бұтағың жер бетіндегі құм түйіршіктеріндей сансыз көп болады. Батыс пен шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке тарайсыңдар. Өзің және ұрпақтарың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға батам қонады.
Gene Kaz 28:15  Біліп ал, Мен саған жар болып, қайда барсаң да қорғаймын, кейін сені осы жерге қайта алып келемін. Мен сені жалғыз қалдырмаймын, саған қандай уәде берсем, соның бәрін орындаймын».
Gene Kaz 28:16  Жақып оянып: «Шынында Жаратқан Ие осы жерде екен! Ал мен мұны еш білмеппін, — деп,
Gene Kaz 28:17  қорқып тұрып: — Мына жер неткен киелі еді! Бұл — Құдайдың үйі, мұнда көкке апаратын қақпа тұр екен!» — деді.
Gene Kaz 28:18  Ертеңіне Жақып ерте тұрып, басына жастанған тасты ескерткіш ретінде тұрғызды. Ол соның үстіне май құйып, оны Құдайға бағыштады.
Gene Kaz 28:19  Осы жерге Жақып Бетел (яғни «Құдайдың үйі») деген ат қойды; бұрын ол Лұз деп аталған еді.
Gene Kaz 28:20  Содан Жақып ант етіп былай деп уәде берді: «Егер Құдай маған жар болып, осы сапарымда аман сақтаса, жейтін нан, киетін киіммен қамтамасыз етіп,
Gene Kaz 28:21  әкемнің үйіне аман-есен қайтарса, онда Жаратқан Ие менің сиынатын Құдайым болады.
Gene Kaz 28:22  Мен ескерткіш ретінде орнатқан осы тас Құдайға ғибадат ететін орын болмақ. Я, Құдайым, Сенің маған беретініңнің барлығының оннан бір бөлігін Өзіңе арнамақпын».
Chapter 29
Gene Kaz 29:1  Жақып сапарын әрі қарай жалғастырып, шығыс еліне жетті.
Gene Kaz 29:2  Сол жерде ол далада тұрған бір құдықты көрді. Оның қасында үш отар қой жатты, шопандар малдарын содан суарады екен. Құдықтың аузы алып таспен бекітілген еді.
Gene Kaz 29:3  Барлық отарлар жиналғаннан кейін малшылар тасты аударып тастап, малдарын суарып, болған соң құдық аузын қайтадан бекітіп қоятын.
Gene Kaz 29:4  Жақып малшылардан:— Ағайындар, қай жерліксіңдер? — деп сұрады.— Хараннанбыз.
Gene Kaz 29:5  — Нахор ұлы Лабанды білесіңдер ме?— Иә, білеміз.
Gene Kaz 29:6  — Оның хал-жағдайы жақсы ма?— Жақсы. Міне, оның қызы Рахила қойларын айдап келе жатыр.
Gene Kaz 29:7  Жақып:— Күн әлі ерте, малды жинайтын уақыт болған жоқ. Қойларды суарып алып, өріске жайып, бағыңдар, — дегенде,
Gene Kaz 29:8  малшылар:— Барлық мал жиналып, құдық аузындағы тас алынып тасталғанша, олай істей алмаймыз. Тек содан кейін ғана малды суарамыз, — деп жауап берді.
Gene Kaz 29:9  Олар сөйлесіп тұрғанда, Рахила әкесінің ұсақ малдарымен құдық басына келді. Себебі ол да мал бағатын.
Gene Kaz 29:10  Жақып нағашысы Лабанның қызы Рахиланы және оның қойларын көрісімен, құдық аузындағы тасты аударып тастап, малдарын суарып берді.
Gene Kaz 29:11  Сонан соң Рахиланың бетінен сүйіп, дауыстап жылап,
Gene Kaz 29:12  өзін: «Әкеңнің жиені, Рабиғаның ұлымын», — деп таныстырды. Қыз әкесіне жүгіріп барып, болған жайтты айтып берді.
Gene Kaz 29:13  Лабан қарындасының ұлы Жақып туралы ести сала, алдынан шықты. Оны құшақтап бауырына қысып, бетінен сүйіп, үйіне алып барды. Жақып Лабанға өзінің неге келгені жайлы әңгімелеп берді.
Gene Kaz 29:14  Сонда Лабан: «Сен қандас бауырымсың», — деп, оған құшағын жайды.Жақып нағашысының қасында бір ай болғаннан кейін,
Gene Kaz 29:15  Лабан оған тіл қатып:— Сен туысым болғандықтан маған тегін қызмет етуге тиіссің бе? Жоқ, қызметің үшін менен не қалайсың, соны айтшы, — деді.
Gene Kaz 29:16  Лабанның екі қызы бар болатын, үлкенінің аты Лия, кішісінің аты Рахила еді.
Gene Kaz 29:17  Лия көзінде оты жоқ, тартымсыз, ал Рахила сұлу, дене бітімі әдемі болатын.
Gene Kaz 29:18  Жақып Рахиланы ұнатып қалып, Лабанға:— Мен сізге кіші қызыңыз Рахила үшін жеті жыл қызмет істеуге әзірмін, — деп жауап қайтарды.
Gene Kaz 29:19  Лабан:— Оны бөтен біреуге ұзатқанша саған бергенім артық. Менің қасымда қал, — деп келісті.
Gene Kaz 29:20  Осылай Жақып Рахила үшін жеті жыл қызмет етті. Ол Рахиланы өте жақсы көргендіктен бұл жылдар бірнеше күндей зымырап өте шықты.
Gene Kaz 29:21  Уақыты жеткенде Жақып Лабаннан: «Келісілген мерзім аяқталды. Маған қалыңдығымды беріңіз, үйленгім келеді», — деп рұқсат сұрады.
Gene Kaz 29:22  Сонда Лабан ауыл адамдарын түгел шақырып, үлкен той жасады.
Gene Kaz 29:23  Ал кеш түсе Лабан Жақыпқа үлкен қызы Лияны жетектеп апарып берді. Жақып түнде сонымен бірге болып шықты.
Gene Kaz 29:24  Лабан күңі Зилпаны Лияға жеке қызметшісі етіп берді.
Gene Kaz 29:25  Таң атқанда, міне ғажап, қалыңдық Лия болып шықты! Жақып Лабанға:— Бұл не істегеніңіз? Сізге Рахиланы алу үшін қызмет еттім емес пе? Мені неге алдадыңыз? — деп ашуланды.
Gene Kaz 29:26  Лабан оған:— Бізде үлкені тұрғанда кіші қызын ұзатпайды.
Gene Kaz 29:27  Бір жұма бойы үйлену тойын осы қалыңдығыңмен өткіз, содан кейін мен саған кішісін де беремін. Ол үшін тағы да жеті жыл қызмет етесің, — деген шешімін айтты.
Gene Kaz 29:28  Жақып бұған келісіп, бір апта бойы тойды Лиямен өткізді. Мұнан соң Лабан оған кіші қызы Рахиланы да қосты.
Gene Kaz 29:29  Рахилаға жеке қызметшісі етіп күңі Балханы берді.
Gene Kaz 29:30  Жақып Рахиламен де бірге болып, оны Лиядан гөрі артық ұнатты. Бұдан кейін ол Лабанның қол астында тағы да жеті жыл қызмет етті.
Gene Kaz 29:31  Жаратқан Ие Жақыптың Лияны ұнатпайтынын көрген соң, оған балалы болу қабілетін сыйлады. Ал Рахила бедеу болатын.
Gene Kaz 29:32  Сонымен Лия жүкті болып, ұл туды. Ол: «Шеккен жәбіріме Жаратқан Ие қарады. Енді күйеуім мені жақсы көретін болады», — деп, баласына Рубен («Қара, бір ұл!») деген ат қойды.
Gene Kaz 29:33  Кейін Лия тағы да ұл тапқанда: «Жаратқан Ие менің (күйеуіме) ұнамсыз екенімді естіп, маған мына ұлды да сыйлады», — деп, оған Шимон (яғни «Естіп тұрған») деген есім берді.
Gene Kaz 29:34  Тағы бір ұл туған соң Лия: «Енді күйеуім маған берік қосылатын болды, себебі мен оған үш ұл туып бердім», — деді. Сондықтан бала Леуі («Берік қосылған») деп аталды.
Gene Kaz 29:35  Мұнан соң да Лия құрсақ көтеріп, ұл тапқанда: «Енді Жаратқан Иені мадақтай беремін», — деп, ұлын Яһуда («Мадақтау») деп атады. Содан кейінгі жылдары ол бала көтермеді.
Chapter 30
Gene Kaz 30:1  Рахила өзі Жақыпқа бала туып бермегендіктен әпкесіне қызғана қарап, күйеуіне:— Маған бала берші, әйтпесе өлемін! — деді.
Gene Kaz 30:2  Жақып оған:— Саған бала тууды бұйыртпаған Құдай мен емеспін ғой! — деп қатты ашуланды.
Gene Kaz 30:3  Ал Рахила:— Мынау күңім Балха, сонымен жақындас. Ол мен үшін бала туып берсін, соның арқасында мен де балалы болайын, — деп,
Gene Kaz 30:4  Балханы Жақыпқа қосты. Онымен бірге болған соң,
Gene Kaz 30:5  күңнің аяғы ауырлап, ұл туды.
Gene Kaz 30:6  Сонда Рахила: «Құдай құқығымды қорғап, төрелік етті. Ол өтінішіме құлақ асып, маған ұл сыйлады», — деді де, баланы Дан («Төреші») деп атады.
Gene Kaz 30:7  Бұдан кейін Рахиланың күңі Жақыпқа тағы бір ұлды туып берді.
Gene Kaz 30:8  Сонда Рахила: «Мен әпкеммен жүргізген зор тартысымда оны жеңіп шығудамын», — деп, оған Нафталим («Тартысым») деген есім берді.
Gene Kaz 30:9  Лия өзінің тумай қалғанын көрген соң, күңі Зилпаны Жақыпқа қосты.
Gene Kaz 30:10  Зилпа да Жақыпқа ұл туып берді.
Gene Kaz 30:11  Сонда Лия: «Бұл не деген бақыт!» — деді де, оны Ғад («Бақыт») деп атады.
Gene Kaz 30:12  Кейін Лияның күңі Зилпа Жақыпқа екінші ұлын туды.
Gene Kaz 30:13  Сонда Лия: «Мен қандай қуанышқа кенелдім! Барлық әйелдер мені қуанышты деп атайтын болады», — деп, балаға Ашир («Қуанышты») деген ат қойды.
Gene Kaz 30:14  Рубен егін орағы кезінде даладан махаббат алмасы деген жемістер тауып алып, шешесі Лияға алып келді. Сонда Рахила Лиядан:— Ұлыңның махаббат алмасынан берші, — деп сұрады. Ал Лия:
Gene Kaz 30:15  — Сен күйеуімді тартып алғаның аз болғандай, енді баламның махаббат алмаларын да алғың келе ме? — деп бермей қойды. Ал Рахила:— Егер маған ұлыңның әкелген жемістерін берсең, онда Жақып бүгін түнде сенімен болсын, — деді.
Gene Kaz 30:16  Жақып кешке даладан келгенде, Лия оның алдынан шығып: «Бүгін түнде менімен бірге болсаңыз екен. Соны ұлымның әкелген махаббат алмаларына сатып алдым», — деді. Содан ол түнді Лиямен өткізді.
Gene Kaz 30:17  Құдай Лияның тілегін қабылдап, ол екіқабат болып, Жақыпқа бесінші ұлды туды.
Gene Kaz 30:18  Сонда Лия: «Мен күңімді күйеуіме бергенім үшін Құдай маған есесін қайтарып, осы баламды сыйлады», — деп, ұлын Исашар (яғни «Есе») деп атады.
Gene Kaz 30:19  Кейінірек Лия тағы да бала көтеріп, Жақыпқа алтыншы ұлын туып берді.
Gene Kaz 30:20  Сонда ол: «Құдай маған құнды сыйлық тартты. Енді күйеуім мені сыйлап, бірге қалатын болады, өйткені оған алты ұл тауып бердім», — деп, оның есімін Забулон («Сый») деп қойды.
Gene Kaz 30:21  Мұнан соң Лия бір қыз туып, оны Дина («Төрелік») деп атады.
Gene Kaz 30:22  Ақырында Құдай Рахиланы мейірімділікпен есіне түсіріп, тілегіне құлақ асып, оған да ана болу бақытын сыйлады.
Gene Kaz 30:23  Рахила ұл туып: «Құдай мені масқаралықтан құтқарды», — деді.
Gene Kaz 30:24  Баласына Жүсіп («Қоса берсін») деген ат қойып: «Жаратқан Ие маған тағы бір ұлды қоса берсін!» — деді.
Gene Kaz 30:25  Рахиладан Жүсіп дүниеге келгеннен кейін Жақып Лабанға тіл қатып:— Маған өз жеріме, туған еліме қайта оралуыма рұқсат етіңіз.
Gene Kaz 30:26  Мен жолға шығайын, әйелдерім мен балаларымды беріңіз, солар үшін қызмет еттім ғой. Сізге қаншалықты қызмет жасағанымды өзіңіз білесіз, — деді.
Gene Kaz 30:27  Лабан:— Сенің маған істеген жақсылығың сол болсын, осында қал. Жаратқан Иенің мені саған бола жарылқап жүргенін байқап жүрмін.
Gene Kaz 30:28  Алуға тиісті ақыңды өзің белгілеші, мен оны төлемекпін, — деп жауап қатты.
Gene Kaz 30:29  Жақып оған:— Сізге қаншалықты қызмет еткенімді, менің арқамда малыңыздың қаншама өскенін өзіңіз білесіз.
Gene Kaz 30:30  Мен келгенде сізде болған азғана дүние әлдеқайда көбейді. Жаратқан Ие сізді менің қолым тиген әрбір жұмыста жарылқап отырды. Ал енді, қашан мен өз үйім үшін бірдеме істей аламын, соны айтыңызшы? — деп наразылық танытты.
Gene Kaz 30:31  Лабан:— Мен саған не беруім керек? — деп сұрады. Жақып:— Маған түк бермей-ақ қойыңыз. Мына ұсынысымды қабылдасаңыз, ұсақ малдарыңызды әрі қарай баға берейін.
Gene Kaz 30:32  Бүгін барлық отарларыңызды аралап шығайық. Сонда әрбір теңбіл, ала қойды, қара қозыны және теңбіл, ала ешкіні маған айырып беріңіз, олар еңбек ақым болсын.
Gene Kaz 30:33  Келешекте сізге адалдығымды былайша дәлелдемекпін: сіз ақымды көру үшін келген кезде менің отарымдағы әрбір теңбіл, ала емес ешкі, қара емес қой ұрланған болып табылсын, — деген ұсыныс жасады.
Gene Kaz 30:34  Лабан:— Жарайды, айтқаның болсын, — деп келісті.
Gene Kaz 30:35  Алайда сол күні Лабан (айлакерлік жасап) ұрғашысы бар, еркегі бар барлық ала, тарғыл ешкілер мен қара қозыларды өзіне айырып алып, ұлдарының қарамағына жіберді де,
Gene Kaz 30:36  Жақыптың қасынан үш күндік жерге қоныс аударды. Ал өзінің қалған ұсақ малдарын Жақыпқа бақтырып қойды.
Gene Kaz 30:37  Сонда Жақып теректің, бадам ағашының, шынардың жас шыбықтарын алып, ақ жолақтары айқын көрінетіндей етіп қабықтарын аршыды.
Gene Kaz 30:38  Шыбықтарды мал су ішкенде көз алдарында жату үшін науалардың ішіне салып қойды. Қойлар ала шыбықтар жатқан науаның қасына келіп,
Gene Kaz 30:39  бір-бірімен шағылысқанда, олардан тарғыл, қара ала қозылар туды.
Gene Kaz 30:40  Жақып тарғыл, қара ала қошақандарды айырып алып, өзі бағып жүрген отардың алдыңғы жағына қарай айдап отырды. Осылай ол өзіне жеке отар дайындап алып, қойларын Лабанның малына жуытпай бақты.
Gene Kaz 30:41  Күйлі малдар шағылысар кезде Жақып қойлар ала шыбықтарға қарап шағылыссын деп соларды науалардың ішіне салып қойып жүрді.
Gene Kaz 30:42  Бірақ нашар малдар шағылысқанда шыбықтарды науаға салмайтын. Осылайша Лабанның үлесіне нашар қойлар тисе, Жақып күйлі малға ие болды.
Gene Kaz 30:43  Осы айламен Жақып әбден байып, отар-отар ұсақ малдар, түйелер және есектерге әрі құл-қызметшілерге ие болды.
Chapter 31
Gene Kaz 31:1  Сол шамада Лабанның ұлдарының: «Жақып әкеміздің жиған-тергенін иемденіп алды. Ол өз байлығын әкеміздің мал-мүлкі арқылы жасады», — деп наразыланып жүргені Жақыптың құлағына шалынды.
Gene Kaz 31:2  Ол, сондай-ақ, Лабанның өзіне бұрынғыдай қарамайтынын да байқады.
Gene Kaz 31:3  Осы кезде Жаратқан Ие Жақыпқа тіл қатып: «Ата-бабаңның еліне, өз жақындарыңа қайт! Мен саған жар боламын», — деп бұйырды.
Gene Kaz 31:4  Жақып Рахила мен Лияны мал жайып жүрген далаға шақыртып алып,
Gene Kaz 31:5  оларға былай деді:— Мен әкелеріңнің маған бұрынғыдай қарамайтынын байқап жүрмін. Бірақ әкемнің сиынатын Құдайы маған жар болып келеді.
Gene Kaz 31:6  Менің бар күшіммен әкелеріңе қызмет еткенімді жақсы білесіңдер.
Gene Kaz 31:7  Бірақ сол кісіден көңілім қалды, ол алатын ақымды он рет өзгертті. Алайда Құдай оның маған зиян келтіруіне жол бермеді.
Gene Kaz 31:8  Әкелерің: «Теңбіл мал сенікі болсын», — деп еді. Сол-ақ екен, отардағы бүкіл малдар теңбіл қозыларды туды. Ол: «Шұбар малдар сенікі болсын», — деп еді, отардағы бүкіл малдар шұбар қозыларды туды.
Gene Kaz 31:9  Осылайша Құдай әкелеріңнің малын одан алып, маған берді.
Gene Kaz 31:10  Малдардың шағылысар уақыты келгенде түс көрдім. Түсімде ешкілермен шағылысып жүрген текелер теңбіл, ала немесе шұбар екен.
Gene Kaz 31:11  Құдайдың періштесі аян етіп: «Жақып!» — деді. Мен: «Тыңдап тұрмын», — деп жауап бердім.
Gene Kaz 31:12  Ол маған Құдайдың хабарын жеткізіп: «Басыңды көтеріп, қара! Ешкілермен шағылысып жүрген текелердің барлығы шұбар, теңбіл, ала. Өйткені Лабанның саған не істегенінің бәрін көріп жүрмін.
Gene Kaz 31:13  Мен саған Бетелде көрінген Құдаймын. Сол жерде сен үстіне май құйып Маған бағыштап ескерткіш тас тұрғызып, Өзіме мойынсұнуға уәде берген едің. Енді тұрып, сапарға дайындал. Бұл жерді тастап, туған еліңе қайт!» — деді.
Gene Kaz 31:14  Сонда Рахила мен Лия Жақыпқа:— Әкеміздің үйінде біздің ешқандай үлесіміз қалған жоқ қой.
Gene Kaz 31:15  Ол бізге бөтен адамдарға қарағандай қарады емес пе? Бізді сатып жіберіп, сол ақшаны түгелдей өзіне жаратты.
Gene Kaz 31:16  Шындығында әкеміздің Құдай алып қойған байлығы біздікі, балаларымыздың үлесі. Енді Құдай не айтса, соны істей көріңіз, — деп жауап берді.
Gene Kaz 31:17  Содан Жақып жолға жиналып, балалары мен әйелдерін түйелерге отырғызды да,
Gene Kaz 31:18  өзі солтүстік Месопотамияда тұрғанда тапқан барлық мал-мүлкін алып, әкесі Ысқақ тұрған Қанахан жеріне қарай жолға шықты.
Gene Kaz 31:19  Ал Лабан қойларын қырқып жүрген кезінде Рахила әкесінің үйіндегі мүсінделген шағын тәңір бейнелерін ұрлап алған еді.
Gene Kaz 31:20  Мұның үстіне Жақып өзінің көшіп кететінін айтпай, қайын атасы арамалық Лабанды алдап кетті.
Gene Kaz 31:21  Өзіне тиістінің бәрін ала сала қашқан ол Евфрат өзенінен өтіп, Ғилақад тауларына қарай бет алды.
Gene Kaz 31:22  Үш күн өткен соң Лабан Жақыптың қашып кеткені туралы естіді.
Gene Kaz 31:23  Ол туыстарын ертіп алып, жеті күн бойы суыт жүріп, Жақыпты Ғилақад тауларында қуып жетті.
Gene Kaz 31:24  Бірақ түнде Құдай Лабанға түсінде аян беріп: «Сен Жақыпқа не жақсы, не жаман сөз айтудан сақ бол!» — деп бұйырған болатын.
Gene Kaz 31:25  Лабан Жақыпты қуып жеткен кезде ол Ғилақад тауларында шатырларын тігіп қойған еді. Лабан да туыстарымен сол жерге шатырларын тікті.
Gene Kaz 31:26  Лабан Жақыпқа былай деп тіл қатты:— Бұл не қылғаның? Мені алдап, қыздарымды соғыста қолға түскен тұтқын сияқты алып кетіпсің!
Gene Kaz 31:27  Неге мені алдап, түк айтпастан жасырын түрде қашып кеттің? Мен сені қуана-қуана ән-күймен думандатып шығарып салатын едім ғой.
Gene Kaz 31:28  Бірақ сен маған өз немерелерім мен қыздарымның беттерінен сүйгізбей алып кетіп, нағыз ақымақтық жасадың!
Gene Kaz 31:29  Енді менің сендерге жамандық істеуге де күшім жетуші еді. Бірақ соңғы түні әкеңнің Құдайы маған: «Сен Жақыпқа не жақсы, не жаман сөз айтудан сақ бол!» — деп аян берді.
Gene Kaz 31:30  Жарайды, сен әкеңнің үйін сағынған соң кетіп бара жатырсың. Алайда неліктен менің тәңірлерімді ұрлап алып кеттің? —
Gene Kaz 31:31  Жақып оған:— Мен қыздарыңызды тартып әкетерсіз деп қорыққан едім.
Gene Kaz 31:32  Ал тәңір мүсіндеріңізді кімнен тапсаңыз, сол адам тірі қалмасын. Туыстардың алдында тінту жүргізіңіз, бізден сізге қарасты бір нәрсе тауып ала қояр ма екенсіз. Егер бір нәрсе тапсаңыз, алыңыз, — деді. Рахиланың мүсінделген тәңірлерді ұрлап алғанын Жақып білмейтін.
Gene Kaz 31:33  Сонда Лабан Жақыптың, Лияның және екі күңнің шатырларына кіріп, түк таппай, соңында Рахиланың шатырына кірді.
Gene Kaz 31:34  Рахила болса, сол шағын тәңір мүсіндерін алып, түйесінің қомының астына тығып, өзі қомның үстіне отырып алған еді. Сондықтан Лабан бүкіл шатырдың ішін ақтарса да, түк таппады.
Gene Kaz 31:35  Рахила әкесіне сылтауратып: «Мырзам, ашулана көрмеңіз, мен алдыңызда тұра алмай отырмын. Қазір менің әйелдерге тән ауыратын кезеңім», — деді. Содан Лабан қанша іздегенімен, мүсіндерін таба алмады.
Gene Kaz 31:36  Сонда Жақып ашуланып, Лабанмен айтысып былай деді:— Осылай қуып келетіндей, мен не бүлдіріппін, қандай күнәм бар?
Gene Kaz 31:37  Сіз менің бүкіл үй ішімді тінтіп шықтыңыз, сонда өзімдікі деген бір зат таптыңыз ба? Сондай зат тапсаңыз, оны өзіңіздің де, менің де туыстарымыздың алдында көрсетіңізші! Екеуімізге төрелігін солар айтсын.
Gene Kaz 31:38  Мен қасыңызда жиырма жыл бойы болдым. Сіздің қой-ешкілеріңіз ешқашан қозы не лақ тастаған емес. Мен ешқашан бір тоқтыңызды да сойып жеп көрген емеспін.
Gene Kaz 31:39  Сізге ешқашан жыртқыш аңдар талап тастаған қойларды әкелген емеспін. Қайта, олардың орнын өзім толтыруға тиісті болдым. Малдар мейлі күндіз, мейлі түнде ұрлансын, сіз оларды маған төлеттірдіңіз.
Gene Kaz 31:40  Күндіз ыстықта, түнде суықта жүріп, ұйқы көрмедім.
Gene Kaz 31:41  Осылайша үйіңізде жиырма жыл жүрдім, он төрт жыл бойы қыздарыңыз үшін, алты жыл малдарыңыз үшін қызмет істедім. Ал өзіңіз менің жалақымды он рет өзгерттіңіз.
Gene Kaz 31:42  Егер атамның Құдайы, яғни Ыбырайым сиынатын Құдай — «Ысқақтың үрейлі Қорғаушысы» маған жар болмағанда, сіз мені құр қол қоя берер едіңіз. Бірақ Құдай мүшкіл халіме, ауыр еңбегіме назар аударып, өткен түнде менің пайдама үкім кесті. —
Gene Kaz 31:43  Ал Лабанның жауабы мынау болды:— Әйелдер менің қыздарым, балалар да менікі, малдар да менің малым. Сен көріп тұрғанның бәрі менікі! Алайда мына қыздарым мен олардың туған балалары үшін енді не істей аламын?
Gene Kaz 31:44  Кел, сен екеуіміз арамызда айғақ ретінде жүретін келісім жасайық.
Gene Kaz 31:45  Сонда Жақып бір үлкен тасты алып, ескерткіш ретінде орнатып,
Gene Kaz 31:46  туыстарына: «Біраз тас жинаңдар!» — деді. Олар тастарды жинап, төбе етіп үйіп, соның басында отырып, тамақ ішті.
Gene Kaz 31:47  Лабан бұл төбені Егар-Сахадута деп атап, ал Жақып оған Ғилақад деген ат берді.
Gene Kaz 31:48  Лабан: «Бұл тас төбе бүгін екеуіміздің арамыздағы айғақ», — деді. Сондықтан ол Ғилақад («Айғақ төбесі») деп аталды.
Gene Kaz 31:49  Ол төбенің Миспа («Қарауыл мұнарасы») деген аты да бар. Өйткені Лабан: «Біз бір-бірімізден көз жазып қалғанымызда, Жаратқан Ие үстімізден қарауыл болып тұрсын.
Gene Kaz 31:50  Егер сен қыздарыма нашар қарап, олардың үстінен басқа әйелдер алсаң, екеуіміздің арамызда ешқандай төреші тұрмаса да, айғақ ретінде Құдайдың тұратыны есіңде болсын, — деген еді.
Gene Kaz 31:51  Лабан Жақыпқа тағы былай деді: — Міне, төбе, міне, екеуіміздің арамызда мен орнатқан тас ескерткіш.
Gene Kaz 31:52  Арам оймен осы төбе мен ескерткіштен әрі өтіп не мен саған қарай бармаймын, не сен маған қарай келме! Соның куәсі ретінде мына тас төбе де, тас ескерткіш те тұратын болсын.
Gene Kaz 31:53  Ыбырайым мен Нахор және олардың әкелері мойынсұнған Құдай екеуіміздің арамызда төрелік етсін».Сонда Жақып әкесі Ысқақ «Үрейлі Қорғаушым» деп сиынған Құдайдың атын атап, ант берді.
Gene Kaz 31:54  Содан кейін тау басында құрбандыққа қой шалып, туыстарын асқа шақырды. Олар тамақ ішіп, сол тауда түнеп шықты.
Gene Kaz 31:55  Таңертең ерте Лабан орнынан тұрып, немерелері мен қыздарының беттерінен сүйіп, оларға батасын берді. Осылай ол өз мекеніне қайтып кетті.
Chapter 32
Gene Kaz 32:1  Жақып жолға шыққанда оған Құдайдың періштелері кездесті.
Gene Kaz 32:2  Жақып оларды көріп: «Мынау Құдай тұратын мекен екен!» — деп, сол жерді Маханаим («Қос мекен») деп атады.
Gene Kaz 32:3  Жақып Едом еліндегі Сейір жерінде тұратын ағасы Есауға өзінен бұрын хабаршыларын жіберіп, оларға былай деп тапсырды:
Gene Kaz 32:4  — Қожайыным Есауға былай деңдер: сіздің құлыңыз Жақып сізге сәлем жолдайды. Осы уақытқа дейін мен жат жерлік болып нағашы ағамыз Лабанның қасында тұрып келдім.
Gene Kaz 32:5  Сол жерде ірілі-ұсақты малдар, есектер және құл-қызметшілер иемденіп алдым. Енді міне, мен қожайыныма маған мейірім көрсетсеңіз екен деген үмітпен осы хабарымды жіберіп отырмын —
Gene Kaz 32:6  Шабармандары қайта оралып:— Ағаңыз Есауға бардық. Ол сізге қарсы келе жатыр, қасына ерткен төрт жүз жігіті бар! — деген хабар әкелді.
Gene Kaz 32:7  Жақып қатты қорқып, үрейі ұшып кетті. Сондықтан ол өзімен бірге жүрген адамдарын, ірілі-ұсақты малдары мен түйелерін екі көшке бөліп:
Gene Kaz 32:8  «Егер Есау көштердің біреуіне жолығып, басып алып жатса, екіншісі қашып құтыла алар», — деп амалдады.
Gene Kaz 32:9  Содан кейін Жақып мінажат етіп былай деді: «Уа, атам Ыбырайым мен әкем Ысқақтың сиынатын Құдайы, о, Жаратқан Ие! Сен маған: туған еліңе, туыстарыңа қайта орал! Мен саған жақсылық істеймін деген едің ғой.
Gene Kaz 32:10  Өзіңнің мендей пендеңе көрсеткен тұрақты рақымың мен адалдығыңның бәріне де еш лайықты емеспін. Мен Иордан өзенінен бір таяққа ғана сүйеніп өткен болсам, енді өзімдегі барды екі көшке бөле алатын болып отырмын.
Gene Kaz 32:11  Мені ағам Есаудың қолынан сақтай көрші. Ол келіп, өзімді, әйелдерім мен балаларымды өлтіріп кете ме деп қорқамын.
Gene Kaz 32:12  Ал Сен маған: саған көп жақсылық істеп, ұрпағыңды сансыз көбейтемін, олар санаса сан жетпейтін теңіз жағалауындағы құм түйіршіктеріндей көп болады деп сөз бергенсің».
Gene Kaz 32:13  Бұл түні Жақып сол жерде қалып, өзінің тапқан мал-мүлкінен ағасы Есауға сыйға тарту үшін
Gene Kaz 32:14  екі жүз ешкі мен жиырма текені, екі жүз саулық пен жиырма қошқарды,
Gene Kaz 32:15  отыз боталы інгенді, қырық сиыр мен он бұқаны, жиырма ұрғашы және он еркек есекті бөлек таңдап алды.
Gene Kaz 32:16  Жақып әр қызметшісінің қолына жеке-жеке табын тапсырып: «Менің алдыма түсіп жүре беріңдер! Ал табындардың араларында едәуір қашықтық болсын!» — деп бұйырды.
Gene Kaz 32:17  Бірінші болып бастап жүретін қызметшіге ол:— Егер сені ағам Есау көріп: «Сен кімдікісің, қайда барасың, айдап келе жатқан малың кімдікі?» деп сұраса,
Gene Kaz 32:18  сен: «Бұлар құлыңыз Жақыптікі. Бұл — оның қожайыны Есауға арнаған сыйлығы. Өзі артта келе жатыр» деген жауап бер! — деп тапсырды.
Gene Kaz 32:19  Жақып осы талапты екінші, үшінші болып кетіп бара жатқан адамдарға, әр табынның соңында келе жатқан адамдардың бәріне де қойып, былай деді: — Есауға кезіккенде, сендер дәл осылай айтарсыңдар!
Gene Kaz 32:20  Сендер тағы да оған: «Құлыңыз Жақып артта келе жатыр» деңдер!Себебі Жақып: «Осы сыйлықтар арқылы оның ашуын басайын. Содан соң ғана өзім көзіне көрінейін. Мүмкін, ол мені жылы жүзбен қарсы алатын шығар», — деп ойлады.
Gene Kaz 32:21  Осылайша сыйлыққа арналған отар-табындар Жақыптан бұрын кетті, ал өзі көш тұрақтаған жерде түнеп қалды.
Gene Kaz 32:22  Сол түні Жақып орнынан тұрып, екі әйелін, екі күңін және он бір ұлын ертіп алып, Ябок өзенінің тайыз жеріне әкелді.
Gene Kaz 32:23  Оларды судан өткізіп алған соң, барлық мал-мүлкін де арғы жаққа өткізіп,
Gene Kaz 32:24  өзі бергі жақта жалғыз қалды. Сонда Жақыпқа бір кісі тап беріп, таң атқанша онымен күресті.
Gene Kaz 32:25  Ол Жақыпты жеңе алмайтынына көзі жеткенде оның жамбасына қолын тигізді. Осылайша сол кісімен күрескенде, Жақыптың жамбас ұршығы ойығынан шығып кетті.
Gene Kaz 32:26  Әлгі кісі:— Мені қоя бер, таң атып қалды, — деді. Ал Жақып:— Маған батаңды бермейінше сені жібермеймін, — деп жауап берді.
Gene Kaz 32:27  Сонда ана кісі Жақыптан:— Есімің кім? — деп сұрады. Ол:— Жақып (яғни «Алдамшы»), — деді.
Gene Kaz 32:28  Әлгі:— Сен енді қайтып Жақып деп аталмайсың. Бұдан былай Исраил деп аталатын боласың! Себебі Құдаймен күресіп, (Оның жарылқауын) ұтып алдың, — деді.
Gene Kaz 32:29  Жақып:— Өз есіміңді айта гөр, — деп өтінді. Ол:— Неге есімімді сұрайсың? — деп жауап қайтарып, содан кейін Жақыпқа батасын берді.
Gene Kaz 32:30  Жақып осы жерді «Пенуел» («Құдайдың бет-жүзі») деп атап, «Мен Құдаймен бетпе-бет кездестім, сонда да жаным аман қалды», — деді.
Gene Kaz 32:31  Жақып Пенуелдің қасынан өтіп бара жатқанда, оның үстіңгі жағынан таң атып, күн шықты. Ал ол жамбасынан ақсап жүрді.
Gene Kaz 32:32  Исраилдің үрім-бұтағы осыны ескеріп күні бүгінге дейін жамбастағы сіңір етті жемейді. Себебі әлгі кісі Жақыпты жамбас сүйегіндегі сіңірінен ұрған болатын.
Chapter 33
Gene Kaz 33:1  Бұдан соң Жақып басын көтеріп, төңірегіне көз тастағанда, ағасы Есаудың келе жатқанын көрді. Оның қасында ілестірген төрт жүз жігіті болды. Сонда Жақып балаларын Лияға, Рахилаға және екі күңіне бөліп беріп,
Gene Kaz 33:2  күңдерді балаларымен алдына, олардың артына Лияны балаларымен, ең соңына Рахиланы Жүсіппен тұрғызды.
Gene Kaz 33:3  Жақыптың өзі бұлардың ең басында жүріп, ағасының алдына жеткенше жеті рет жерге иіліп тағзым етті.
Gene Kaz 33:4  Бірақ Есау жүгіріп келіп, құшақтай алып, оны бетінен сүйді. Екеуі де егіле жылады.
Gene Kaz 33:5  Есау басын көтеріп, әйелдер мен балаларды көргенде:— Мына қасыңа ерткендерің кім? — деп сұрады. Жақып:— Бұлар — Құдай сіздің құлыңызға сыйлаған балалар, — деді.
Gene Kaz 33:6  Күңдер балаларымен ілгері шығып, Есауға бастарын иді.
Gene Kaz 33:7  Содан кейін Лия да балаларымен келіп, оған тағзым етті. Ең соңында Жүсіп пен Рахила алға шығып, бастарын иіп сәлем етті. Есау:
Gene Kaz 33:8  — Мен жолшыбай кездестірген табын-табын малдарыңмен не істейтін ойың бар? — деп сұрады. Жақып:— Солар — қожайыныма тартқан сыйлығым. Маған мейірім көрсетсеңіз екен, — деп жауап берді.
Gene Kaz 33:9  Бірақ Есау:— Менің өзімдікі де жетіп жатыр. Бауырым, өз мал-мүлкіңе өзің ие бол, — деді.
Gene Kaz 33:10  Ал Жақып:— Жо-жоқ! Маған мейіріміңіз түскені рас болса, онда мына сый-тартуымды қабылдаңыз. Мен жүзіңізді көріп, Құдайдың бет-жүзін көргендей болып тұрмын. Себебі сіз мені игі ниетпен қарсы алдыңыз.
Gene Kaz 33:11  Өзіңізге арнаған осы тартуларымды қабыл алыңызшы. Маған Құдайдың рақымы түсті, менде не керектің бәрі де бар, — деп қиыла өтініп қоймады. Ақыры Есау көніп, Жақыптың сыйлықтарын қабылдады. Оған:
Gene Kaz 33:12  — Жолға шығайық, мен сендермен бірге жүремін, — деді.
Gene Kaz 33:13  Бірақ Жақып былай деп жауап берді:— Қожайыным өзі біледі, менің жас балаларым бар, қозылы қойларым мен бұзаулы сиырларыма да абай болуым керек. Оларды бір күн ғана жылдам айдайтын болса, отар-табындарым құрып кететін болады.
Gene Kaz 33:14  Қожайыным, құлыңыздың алдынан жүре беріңіз. Мен Сейір жеріне, қожайынымның қасына жеткенше, айдап келе жатқан малдарымның, жүре алатын балаларымның ыңғайына қарай ақырындап жүретін болайын. —
Gene Kaz 33:15  Есау:— Ендеше мен ертіп келген жігіттердің бірнешеуін қасыңа қалдырып кетейін, — деп ұсынды. Ал Жақып:— Рақмет, оның қажеті жоқ. Қожайынымның маған бұдан былай да жылы жүзбен қарағанының өзі бір ғанибет, — деп тілегін білдірді.
Gene Kaz 33:16  Содан Есау сол күні-ақ Сейір жеріне кері аттанды.
Gene Kaz 33:17  Жақып болса, көшіп-қонып Соқотқа барып, сонда өзіне үй, малдарына қора салды. Сол себептен осы жерге Соқот («Қоралар») деген ат қойылды.
Gene Kaz 33:18  Кейін Жақып солтүстік Месопотамиядан қайтып келген сапарын аяқтап, аман-есен Қанахан елінде орналасқан Сихем қаласына жетті. Оның қақпасының алдына шатырын тігіп жайғасты.
Gene Kaz 33:19  Жақып шатырын тіккен жер танабын Хамордың ұлдарынан жүз мысқал күміске сатып алды. Ал Хамордың бір ұлының аты Сихем болатын.
Gene Kaz 33:20  Жақып сол жерде Құдайға құрбандық беретін орын жасап, оны «Исраил сиынатын Тәңір — Құдай» деп атады.
Chapter 34
Gene Kaz 34:1  Жақыптың Лиядан туған қызы Дина бірде сол жердің қыздарымен кездесу үшін үйінен шықты.
Gene Kaz 34:2  Оны сол өлкенің әміршісі хевтік Хамордың ұлы Сихем көріп қалып, алып кетіп, зорлап тастады.
Gene Kaz 34:3  Сихемнің көңілі Динаға қатты ауып, оған ғашық болып қалды. Содан жас жігіт бойжеткенмен жылы сөйлесіп, көңілін аулауға ұмтылды.
Gene Kaz 34:4  Сихем әкесі Хамордан: «Маған осы қызды әйелдікке алып беріңіз», — деп өтінді.
Gene Kaz 34:5  Жақып қызының масқараланғаны туралы естіді. Алайда ұлдары әкесінің малдарын далада бағып жүргендіктен, ол солар қайта оралғанша үндемеді.
Gene Kaz 34:6  Сихемнің әкесі Хамор Жақыппен сөйлесу үшін қаладан шығып, оған келді.
Gene Kaz 34:7  Сол екі арада даладан Жақыптың ұлдары да оралды. Не болғанын естігенде жігіттер қатты ренжіп, бойларын ашу кернеді. Себебі Сихем қызды зорлауымен Исраилдің бүкіл әулетін масқаралап, болмауға тиіс қылмыс жасаған еді.
Gene Kaz 34:8  Ал Хамор оларға былай деп өтініш жасады:— Ұлымның көңілі қыздарыңызға қатты ауып тұр, оны оған ұзатсаңыздар екен.
Gene Kaz 34:9  Қыз алысып, қыз беріскен құдандалы болайық.
Gene Kaz 34:10  Біздің жақта тұра беріңіздер, ел есігі сіздерге ашық. Осы жерде қоныстанып, емін-еркін жүріп, егіс танаптарын да иемденіңіздер.
Gene Kaz 34:11  Сихем де қыздың әкесі мен ағаларынан:— Маған мейірімділік таныта көріңіздер. Не қаласаңыздар, соны беремін.
Gene Kaz 34:12  Қалыңмалдың және қызға арналған сыйлықтардың мөлшерін мейлінше көп атай беріңіздер, мен беруге даярмын. Тек осы қызыңызды маған қоссаңыздар екен, — деп сұрады.
Gene Kaz 34:13  Бірақ қарындастары Динаның абыройы төгілгендіктен, Жақыптың ұлдары Сихем мен Хаморды алдап былай деді:
Gene Kaz 34:14  — Олай істей алмаймыз. Қарындасымызды сүндеттелмеген жігітке қосуға болмайды. Бұл біз үшін масқара болар еді.
Gene Kaz 34:15  Барлық еркек кіндіктілеріңіз біздер сияқты сүндеттелгенде ғана тілектеріңізді орындай аламыз.
Gene Kaz 34:16  Сонда сіздермен қыз алысып, қыз беріскен құдандалы халық болып, бірге тұратын боламыз.
Gene Kaz 34:17  Ал егер сүндетке отырудан бас тартсаңыздар, қарындасымызды алып, өз жөнімізге кетеміз.
Gene Kaz 34:18  Олардың ұсынысы Хамор мен Сихемге ұнады.
Gene Kaz 34:19  Жақыптың қызын қатты ұнатып қалған жас жігіт айтылған шартты орындауға бірден келісті. Ол әкесінің үйіндегілердің ең беделдісі еді.
Gene Kaz 34:20  Содан Хамор мен Сихем қаланың ер адамдарымен сөйлесуге қақпа алдындағы алаңға барды. Оларға тіл қатып былай деді:
Gene Kaz 34:21  «Мына адамдар бізге бейбіт ниетпен келді. Оларға да жер жетеді, біздің елде тұрып, осында қалауынша жүре берсін. Құдаласып қыз алысып, қыз берісейік.
Gene Kaz 34:22  Тек біздегі бүкіл еркек атаулы олар сияқты сүндеттелетін болса ғана, олардың ер адамдары бізбен бірге тұрып, біртұтас халық болуға көнеді.
Gene Kaz 34:23  Осылай өз отар-табындары мен жиған-тергендерінің бәрі де біздікі болмай ма? Ал енді айтқандарымен келісейік, сонда олар осында бізбен бірге тұрып қалмақ».
Gene Kaz 34:24  Хамор мен Сихемнің ұсынысы алаңда жиналған барлық беделді ер адам атаулының қолдауын тапты. Сондықтан қала қақпасынан кіріп-шығып жүрген бүкіл еркек кіндіктілер сүндеттелді.
Gene Kaz 34:25  Бұдан үш күннен кейін ер адамдардың барлығы әлі де ауырып жатқан кезде Жақыптың екі ұлы Шимон мен Леуі семсерлерімен табан астынан қалаға шабуыл жасап, күллі адамдардың көзін құртты.
Gene Kaz 34:26  Олар Хамор мен Сихемді де семсерлерімен шауып өлтіріп, қарындастары Динаны Сихемнің үйінен алып кетті.
Gene Kaz 34:27  Содан Жақыптың өзге ұлдары да келіп, қарындастарын масқаралап кеткені үшін өлтірілгендердің қаласын тінте бастады.
Gene Kaz 34:28  Олар қой-сиырлары мен есектерін, іште, сыртта жатқан
Gene Kaz 34:29  бүкіл байлығын талан-таражға салып, барлық балалары мен әйелдерін тұтқынға алып, үйлеріндегі дүние-мүліктерін тонап кетті.
Gene Kaz 34:30  Ал Жақып Шимон мен Леуіге қатты наразыланып:— Сендер мені осы жерде тұрған қанахандықтар мен перездіктерге жек көрінішті қылып, бақытсыздыққа итермеледіңдер. Мендегі адамдар азғана. Әлгілер жиналып қарсы шығып, мені жеңіп, үй ішіммен жоқ қылар, — деп сөкті.
Gene Kaz 34:31  Сонда ағайынды екеуі:— Ал сол жігіттің біздің қарындасымызға жезөкшеге қарағандай қарауға құқығы болды ма?! — деп жауап қайтарды.
Chapter 35
Gene Kaz 35:1  Мұнан кейін Құдай Жақыпқа: «Жинал да, Бетелге өрлеп барып, сол жерді мекенде. Сонда Есаудан қашып кетіп бара жатқан жолыңда саған аян берген Өзіме арнап құрбандық ұсынатын орын сал», — деп бұйырды.
Gene Kaz 35:2  Содан Жақып үй ішіне және еріп жүрген адамдарының бәріне былай деп тапсырма берді: «Қолдарыңда бар бөтен тәңірлердің мүсіндерін лақтырып тастап, жуынып-тазарып, киімдеріңді ауыстырыңдар!
Gene Kaz 35:3  Содан кейін жиналып, Бетелге өрлейік. Сол жерде мен Құдайға арнап құрбандық ұсынатын орын салмақпын. Күйзелген кезімде Ол маған құлақ асып, жүрген жолдарымда жар болып келеді». —
Gene Kaz 35:4  Сонда Жақыптың қасындағы адамдары оған қолдарындағы мүсінделген бүкіл бөтен тәңірлерді және тұмар-сырғаларын табыстады. Ол соларды Сихем қаласының қасындағы бір емен ағашының түбіне көміп тастады.
Gene Kaz 35:5  Сонан соң олар жолға шықты. Құдай төңіректегі қалаларға үрей төндіргендіктен Жақыптың ұлдарының артынан ешкім қуғындаған жоқ.
Gene Kaz 35:6  Осылайша Жақып және оған еріп жүрген барлық адамдар Қанахан еліндегі Лұз (яғни Бетел) қаласының маңайына жетті.
Gene Kaz 35:7  Сонда Жақып Құдайға арнап құрбандық ұсынатын орын салып, оны «Ел-Бетел» («Бетелде (аян берген) Құдай») деп атады. Себебі ағасынан қашып бара жатқан кезінде Құдай оған сол жерде аян берген еді.
Gene Kaz 35:8  Осы шамада Рабиғаның күтуші шешесі Дебора қайтыс болды. Ол Бетелден төменірек жердегі емен ағашының түбіне жерленді. Сондықтан сол ағаш «Жоқтау емені» деп аталып кетті.
Gene Kaz 35:9  Жақып Месопотамиядан қайтып келгеннен кейін Құдай оған тағы да аян беріп:
Gene Kaz 35:10  «Сенің есімің — Жақып. Бірақ бұдан былай сен Жақып емес, Исраил деп аталасың, — деп батасын берді. Сонымен Құдай оның Исраил деген жаңа атын бекітті.
Gene Kaz 35:11  Ол сөзін жалғастырып: — Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Өсіп-өніп, ұрпақтарың көбейсін! Сенен халық, тіпті көптеген халықтар тарап, патшалар да шығатын болады.
Gene Kaz 35:12  Ыбырайым мен Ысқаққа беруге уәде еткен елді Мен саған да, кейінгі ұрпақтарыңа да беремін», — деді.
Gene Kaz 35:13  Бұдан соң Ол Жақыпқа сөзін арнаған жерден жоғары көтеріліп, ғайып болды.
Gene Kaz 35:14  Жақып өзіне Құдай тіл қатқан сол жерде ескерткіш тас орнатып, оның үстіне Құдайға арнап сый-тарту ретінде сусын құйды. Содан кейін біраз май да құйып, ескерткішті Құдайға бағыштады.
Gene Kaz 35:15  Құдай өзіне тіл қатқан сол жерді ол Бетел («Құдай үйі») деп атайтын.
Gene Kaz 35:16  Жақыптың көші Бетелден шығып, Ефратаға біраз шақырым қалғанда, Рахила толғата бастады. Ол қатты қиналып босанды.
Gene Kaz 35:17  Рахила босанып қиналып жатқанда босандырушы әйел оған: «Қорықпа, сен бұл жолы да ұл туасың», — деп жұбатты.
Gene Kaz 35:18  Рахила хал үстінде жатып, соңғы демін шығарарда, баланы Бенони («Бәлемнің ұлы») деп атады. Бірақ әкесі Жақып оған Бунямин («Бақыт ұлы») деген ат қойды.
Gene Kaz 35:19  Осылайша Рахила қайтыс болды. Оның мәйіті Ефратаға бара жатқан жолда, қазір Бетлехем деп аталатын жерде, қабірге қойылды.
Gene Kaz 35:20  Жақып қабірдің басына құлпытас орнатты. Рахиланың құлпытасын осы күнге дейін көруге болады.
Gene Kaz 35:21  Исраил (яғни Жақып) әрі қарай көше отырып, шатырын Мығдал-Едердің ар жағына тікті.
Gene Kaz 35:22  Ол сол елде тұрған кезде тұңғышы Рубен әкесінің кәнизагы Балхамен жақындасты. Ал Исраил бұл туралы біліп қойды.Жақыптың он екі ұлы болды.
Gene Kaz 35:23  Лиядан туғандары: Жақыптың тұңғышы Рубен, одан кейін Шимон, Леуі, Яһуда, Исашар, Забулон.
Gene Kaz 35:24  Рахиладан туған ұлдары: Жүсіп пен Бунямин.
Gene Kaz 35:25  Рахиланың күңі Балхадан туған ұлдары: Дан мен Нафталим.
Gene Kaz 35:26  Лияның күңі Зилпадан туған ұлдары: Ғад пен Ашир.Жақыптың солтүстік Месопотамияда туған ұлдары осылар болды.
Gene Kaz 35:27  Ақырында Жақып Хеброн деп те аталатын Кирият-Арбадағы Мамреге әкесі Ысқаққа қайтып келді. Бұл жерде Ыбырайым мен Ысқақ жат жұрттық болып тұрып жатқан еді.
Gene Kaz 35:28  Ысқақ жүз сексен жыл жасады.
Gene Kaz 35:29  Ол мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында жан тапсырып, о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды. Үрім-бұтағы оны азалап, ұлдары Есау мен Жақып мәйітін қабірге апарып қойды.
Chapter 36
Gene Kaz 36:1  Едом деп те аталатын Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау:
Gene Kaz 36:2  Есау Қанахан елінде жергілікті үш қызға үйленді. Олардың аты-жөндері мынау: хеттік Елонның қызы Адах, Анахтың қызы, хевтік Сибеонның немересі Охолибама,
Gene Kaz 36:3  бұлардан кейін Есау тағы Ысмағұлдың қызы, Набайоттың қарындасы Басематты да әйелдікке алды.
Gene Kaz 36:4  Адах Есауға Елипазды, Басемат Рәгуелді,
Gene Kaz 36:5  әрі Охолибама Егуш, Яғлом, Қорах есімді ұлдарды туып берді. Бұлар Есаудың Қанахан елінде дүниеге келген ұлдары.
Gene Kaz 36:6  Есау әйелдерін, ұлдары мен қыздарын, үйіндегі барлық қызметшілерін, сонымен бірге бүкіл ірілі-ұсақты малдарын, Қанахан елінде тапқан барлық дүние-мүлкін алып, інісі Жақыптан бөлектеніп, басқа бір елге қоныс аударды.
Gene Kaz 36:7  Ағайынды адамдардың мал-мүлкінің көптігі соншалықты, олардың бірігіп қоныстануына жағдай болмады. Олар жат жұрттық ретінде тұрып келген жер оларды малдарының көптігінен асырай алмады.
Gene Kaz 36:8  Осылайша Есау, яғни Едом, Сейірдің таулы жеріне қоныс тепті.
Gene Kaz 36:9  Сейірдің таулы жерін мекендеген едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағының шежіресі мынау:
Gene Kaz 36:10  Есаудың ұлдарының аттары: оның әйелі Адахтан Елипаз, ал әйелі Басематтан Рәгуел дүниеге келді.
Gene Kaz 36:11  Елипаздың ұлдары Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ еді.
Gene Kaz 36:12  Елипаздың кәнизагы Тимна оған Амалек атты ұл туып берді. Бұлар Есаудың әйелі Адахтан тараған немерелері.
Gene Kaz 36:13  Рәгуелдің ұлдары Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Бұлар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері.
Gene Kaz 36:14  Есаудың кейінгі әйелі Охолибаманың оған сыйлаған ұлдарының аттары: Егуш, Яғлом, Қорах. Охолибама Анахтың қызы, Сибеонның немересі еді.
Gene Kaz 36:15  Есаудың ұрпақтарының ішіндегі рубасылар: оның тұңғыш ұлы Елипаздың ұлдары — Теман, Омар, Сефо, Кеназ,
Gene Kaz 36:16  Ғатам, Амалек. Едом елінде қоныстанған бұл рубасылар Елипаздың ұлдары, Есаудың Адахтан тараған немерелері еді.
Gene Kaz 36:17  Есаудың ұлы Рәгуелдің ұлдары — Нахат, Зарах, Шаммах, Миза. Рәгуелден тараған осы рубасылар да Едом елін мекендеді. Олар Есаудың әйелі Басематтан тараған немерелері болатын.
Gene Kaz 36:18  Есаудың әйелі — Анах қызы Охолибаманың ұлдары Егуш, Яғлом және Қорах та кезінде рубасылар болды.
Gene Kaz 36:19  Жоғарыда аталғандар Есаудың ұлдары әрі олардан тараған рубасылар. Есау Едом деп те аталады.
Gene Kaz 36:20  Ал хорлық Сейірдің сол елде тұрған ұлдары: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах,
Gene Kaz 36:21  Дишон, Езер, Дишан. Бұлар Сейірдің ұлдары әрі Едом жеріндегі хорлықтардың рубасылары болатын.
Gene Kaz 36:22  Лотанның ұлдары: Хори мен Хемам, ал Тимна Лотанның қарындасы болатын.
Gene Kaz 36:23  Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шефо, Онам.
Gene Kaz 36:24  Сибеонның ұлдары: Аях пен Анах. Айдалада әкесінің есектерін бағып жүріп, ыстық су көздерін тапқан осы Анах болатын.
Gene Kaz 36:25  Анахтың балалары: ұлы Дишон, қызы Охолибама.
Gene Kaz 36:26  Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан.
Gene Kaz 36:27  Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Ақан.
Gene Kaz 36:28  Дишанның ұлдары: Ус пен Аран.
Gene Kaz 36:29  Хорлықтардың рубасылары мыналар: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах,
Gene Kaz 36:30  Дишон, Езер, Дишан. Бұлар хорлықтардың Сейір жерін мекендеп, билейтін аймақтарына қарай бөлінген рубасылары болды.
Gene Kaz 36:31  Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда, Едом жерінде билік құрған патшалар мыналар:
Gene Kaz 36:32  Беғор ұлы Бела Едомға патшалық құрды, тұрған қаласының аты Динхаба болатын.
Gene Kaz 36:33  Бела дүние салғанда орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патша болды.
Gene Kaz 36:34  Ол дүние салғанда орнына темандықтардың елінен келген Хушам патша болды.
Gene Kaz 36:35  Хушам дүние салғанда Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол Моаб даласында мадияндықтарды жеңіп шықты. Хушамның тұрған қаласының аты Ауит болатын.
Gene Kaz 36:36  Хадад дүние салғанда Масректен келген Самла патшалық құрды.
Gene Kaz 36:37  Самла дүние салғанда Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патша болды.
Gene Kaz 36:38  Саул дүние салғанда Ахбор ұлы Бағал-Ханан патша болды.
Gene Kaz 36:39  Ахбор ұлы Бағал-Ханан дүние салғанда Хадар патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау болатын. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб еді.
Gene Kaz 36:40  Төмендегілер руларына, тұрған мекендеріне, өздеріне қойылған аттарына қарай бөлінген Есаудан тараған рубасылар: Тимна, Алуа, Етет,
Gene Kaz 36:43  Магдиел, Ирам. Бұлар Едомнан шыққан, атамекендеріне қарай бөлінген рубасылар.Едомдықтардың түп атасы Есаудың үрім-бұтағы туралы деректер осылар.
Chapter 37
Gene Kaz 37:1  Әкесі Ысқақ кезінде жат жұрттық болып өмір сүрген Қанахан елінде енді Жақып та тұрып жатты.
Gene Kaz 37:2  Жақыптың үрім-бұтағының шежіресі мынау:Он жеті жасар Жүсіп әкесінің әйелдері Балха мен Зилпадан туған ағаларымен бірге оның ұсақ малдарын бағысып жүрді. Бозбала бауырларының жаман іс-әрекеттері туралы жұрттың айтқандарын әкесіне жеткізетін.
Gene Kaz 37:3  Исраил өзінің барлық басқа ұлдарынан гөрі Жүсіпті жақсы көрді, себебі ол оның қартайған шағында дүниеге келген еді. Әкесі оған әдемілеп өрнектелген, түрлі түсті ұзын шапан тіккізіп берді.
Gene Kaz 37:4  Әкелерінің оны өздерінен артық көретінін сезген ағалары Жүсіпті жаратпай, енді онымен жылы сөйлесе алмады.
Gene Kaz 37:5  Бір күні Жүсіп түс көріп, оны ағаларына айтып берді. Содан кейін олар Жүсіпке бұрынғыдан бетер теріс қарады.
Gene Kaz 37:6  Ағаларына айтқаны былай еді:— Менің көрген түсімді тыңдаңдаршы:
Gene Kaz 37:7  Міне, бәріміз далада егін жинап, бау байлап жүр екенбіз. Кенет менің бауым тік тұра қалды. Ал сендердің бауларың менікін қоршап, оған иіліп тағзым етті! —
Gene Kaz 37:8  Ағалары оған:— Сен немене, бізге патшалық құрғың келе ме? Бізге билік жүргізбексің бе? — деп, оны көрген түсі мен айтқан сөзіне бола тіптен ұнатпай кетті.
Gene Kaz 37:9  Жүсіп екінші рет түс көріп, оны да ағаларына айтып:— Тыңдаңдаршы, мен тағы да түс көрдім. Міне, ғажап, бұл жолы маған күн мен ай, аспандағы он бір жұлдыз иіліп тағзым етті! — деді.
Gene Kaz 37:10  Ол бұл түсін әкесі мен ағаларына айтқанда, әкесі оған:— Сенің көргенің қандай түс? Біз, ата-анаң, туған бауырларың алдыңа келіп, тағзым етпекпіз бе? — деп зекіп тастады.
Gene Kaz 37:11  Ағалары Жүсіпке қызғанышпен қарады, бірақ әкесі оның айтқанын көңіліне түйіп алды.
Gene Kaz 37:12  Бірде ағайындылар әкелерінің ұсақ малдарын жаюға Сихемнің төңірегіне кеткен болатын.
Gene Kaz 37:13  Сонда Исраил Жүсіпке:— Ағаларыңның малды Сихемнің маңайында бағып жүргенін білесің ғой. Бар, мен сені соларға жіберейін, — деді. Жүсіп оған:— Жарайды, мен дайынмын, — деп жауап берді. Әкесі:
Gene Kaz 37:14  — Барып, ағаларыңның хал-жағдайын, малдың күйін көріп қайт, — деп, баласын Хеброн аңғарынан Сихемге жіберді.Жүсіп дала кезіп жүргенде
Gene Kaz 37:15  оны бір адам көріп:— Не іздеп жүрсің? — деп сұрады.
Gene Kaz 37:16  Жүсіп:— Мен бауырларымды іздеп жүрмін. Олардың қай жерде мал бағып жүргенін білмейсіз бе? — деді.
Gene Kaz 37:17  Сол кісі оған:— Олар бұл жерден кетіп қалды. Дотанға барайық дегенін құлағым шалды, — деп жауап қайтарды.Бауырларының артынан жүріп отырып, Жүсіп оларға Дотанның маңында жолықты.
Gene Kaz 37:18  Ол ағаларына жақындамай жатып-ақ, Жүсіпті алыстан көрген бетте олар оны өлтірмекші болып,
Gene Kaz 37:19  бір-біріне: «Қараңдар, түс көргіш келе жатыр!
Gene Kaz 37:20  Жүріңдер, оны өлтіріп, құдыққа лақтыра салайық. Жыртқышқа жем болыпты дерміз. Сонда оның түстерінің не болып шыққанын көрерміз», — десті.
Gene Kaz 37:21  Рубен осыны естігенде Жүсіпті бауырларынан құтқармақшы болып: «Оны өлтірмейік!
Gene Kaz 37:22  Қан төкпеңдер! Оны айдаладағы құдыққа тастаңдар, бірақ қол жұмсамаңдар!» — деді. Осылай Рубен оны бауырларынан құтқарып, әкесіне қайтармақшы болды.
Gene Kaz 37:23  Жүсіп ағаларының қасына келгенде олар оның киіп жүрген ұзын, әдемі шапанын шешіп алып,
Gene Kaz 37:24  өзін құдыққа тастай салды. Құдық бос, суы жоқ болатын.
Gene Kaz 37:25  Мұнан кейін ағалары тамақтану үшін жерге жайғасты. Сол кезде төңіректеріне көз тастап, Ғилақад маңынан келе жатқан ысмағұлдық саудагерлер керуенін көрді. Мысырға бет алып бара жатқан олар түйелеріне иісмай жасайтын құнды шайыр, май дәрі және мүр деген хош иісті зат тиеп алған еді.
Gene Kaz 37:26  Сонда Яһуда аға-інілеріне: «Бауырымыздың қанын төгіп, оның өлгенін жасырғаннан бізге не түседі?
Gene Kaz 37:27  Жүріңдер, оны ана саудагерлерге сатып жіберейік. Қандас бауырымыз ғой, оған қол жұмсамай-ақ қояйық!» — деп ұсыныс жасады. Аға-інілері бұған келісті.
Gene Kaz 37:28  Мадияндық саудагерлер қастарынан өте бергенде ағалары Жүсіпті құдықтан шығарып алып, жиырма мысқал күміске сатып жіберді. Олар Жүсіпті Мысырға алып кетті.
Gene Kaz 37:29  (Сол кезде олармен бірге болмаған) Рубен құдыққа қайта оралғанда Жүсіп ішінде болмай шықты. Қатты күйзелген Рубен көйлегінің өңірін айыра жыртып,
Gene Kaz 37:30  бауырларына қайтып келді де: «Бала жоқ, енді мен қайда кетсем екен?!» — деп налыды.
Gene Kaz 37:31  Ал ағайындылар Жүсіптің шапанын алып, бір текені сойды да, шапанды соның қанына бояды.
Gene Kaz 37:32  Шапанды әкесіне жіберіп:— Біз мұны даладан тауып алдық. Анықтап қараңыз: бұл ұлыңыздың шапаны емес пе екен? — деді.
Gene Kaz 37:33  Әкесі шапанды танып тұрып:— Бұл — ұлымның шапаны! Ол жыртқышқа жем болыпты-ау! Иә, шынымен-ақ Жүсіпті жыртқыш аң жарып тастапты! — деп еңіреп жіберді.
Gene Kaz 37:34  Жақып көйлегінің өңірін айыра жыртып, азалы киім киіп алды. Содан ұзақ уақыт бойы ұлын жоқтап аза тұтты.
Gene Kaz 37:35  Қасына ұл-қыздары келіп, әкелерін жұбатпақшы болды. Бірақ ол: «Мен о дүниеге ұлымның қасына аттанғанша қайғырып өтемін», — деп жұбанбады. Әкесі ұлын осылайша зар жылап жоқтай берді.
Gene Kaz 37:36  Осы екі арада мадияндық саудагерлер Жүсіпті Мысырға алып барып, перғауынның сарайындағы Потифар есімді уәзіріне сатып жіберді. Ол патшаның бас қорғаушысы болатын.
Chapter 38
Gene Kaz 38:1  Сол кездері Яһуда бауырларынан бөлініп кетіп, адулламдық Хирах есімді кісінің қасына қоныстанды.
Gene Kaz 38:2  Осы жерде ол Шуа деген қанахандықтың қызымен кездесіп, оған үйленді.
Gene Kaz 38:3  Содан әйелі бала көтеріп, ұл туды. Яһуда оның атын Ер деп қойды.
Gene Kaz 38:4  Әйелі тағы да ұл туып, оған Онан деген есім берді.
Gene Kaz 38:5  Мұнан кейін де әйелі ұлды болып, оны Шелах деп атады. Ол туғанда Яһуда Хезіб қаласында болатын.
Gene Kaz 38:6  Тұңғышы Ер есейіп, Яһуда оған әйел алып берді, оның аты Тамар еді.
Gene Kaz 38:7  Бірақ Ердің мінез-құлқы Жаратқан Иеге жек көрінішті болғандықтан, Жаратқан Ие оның өмірін қысқа қылды.
Gene Kaz 38:8  Сонда Яһуда Онанға: «Жеңгеңе әмеңгер болып үйлен. Осылай ағаң марқұмның үрім-бұтағын жалғастыр», — деді.
Gene Kaz 38:9  Ал Онан Тамардан туатын балалары өз ұрпағы болып саналмайтынын білгендіктен, онымен жақындасқанда ағасынан ұрпақ қалдырмау үшін шәуетін төгіп тастап отырды.
Gene Kaz 38:10  Онанның бұл қылығын Жаратқан Ие жек көріп, оның да өмірін қысқа қылды.
Gene Kaz 38:11  Сонда Яһуда Тамарға: «Кенже ұлым Шелах үлкейгенше әкеңнің үйінде жесір болып отыра тұр», — деді. Шынында ол Шелах та ағалары сияқты өлмесе екен деп ойлап, келінін алдамақ болды. Сонымен Тамар әкесінің үйіне қайтып барып, сонда тұрып қалды.
Gene Kaz 38:12  Көп уақыт өткен соң Яһуданың өз әйелі — Шуаның қызы қайтыс болды. Аза тұту мерзімі аяқталысымен Яһуда адулламдық досы Хирахпен Тимнада қойларын қырықтырып жатқан адамдарына өрлеп бару үшін жолға шықты.
Gene Kaz 38:13  Ал Тамарға біреулер: «Қайын атаң қойларын қырықтыруға Тимнаға қарай өрлеп бара жатыр», — деп хабарлады.
Gene Kaz 38:14  Шелах ержетсе де, Яһуданың өзін Шелахқа қоспайтынына Тамардың көзі әбден жеткен болатын. Сондықтан ол жесірлік киімдерін әдеттегідей киімдермен ауыстырып, ешкім танымасын деп бетін пердемен жауып алды. Осылай ол Тимнаға баратын жол бойындағы Енаимға барып, қала қақпасының жанына жайғасты.
Gene Kaz 38:15  Яһуда Тамарды көргенде оны жезөкше әйел екен деп ойлады, өйткені ол бетін пердемен жауып алған еді.
Gene Kaz 38:16  Оның өз келіні екенін білмей, көшеден бұрылып келіп, оған:— Жүр, мен саған кіріп шығайын, — деді. Әйел:— Маған кіріп шықсаңыз, не бересіз? — деп сұрады.
Gene Kaz 38:17  — Саған отарымнан бір лақ беріп жіберемін.— Маған лағыңызды жібергенше кепілдікке бір нәрсеңізді бере тұрыңыз.
Gene Kaz 38:18  Яһуда:— Қандай кепілдік беруім керек? — деп сұрағанда әйел:— Мөріңізді, бауыңызды, қолыңыздағы таяғыңызды, — деп талап етті.Яһуда оған сұрағандарын берді. Онымен болып шыққаннан кейін Тамар жүкті болды.
Gene Kaz 38:19  Сол жерден шығысымен ол бетпердесін алып тастап, жесірлік киімдерін қайтадан киіп алды.
Gene Kaz 38:20  Яһуда қалдырған кепілдік заттарын қайтарып алу үшін лақты адулламдық досы арқылы беріп жіберген еді, бірақ ол әйелді таба алмады.
Gene Kaz 38:21  Сонда досы сол жердің тұрғындарынан:— Енаимға баратын жолда отырған жезөкше қайда? — деп сұрады. Олар:— Мұнда жезөкше болған емес, — деді.
Gene Kaz 38:22  Досы Яһудаға қайтып келіп:— Оны таппадым. Жергілікті адамдар сол жерде ешқандай жезөкшенің болмағанын айтты, — деді.
Gene Kaz 38:23  Яһуда:— Онда сол заттар әйелде қала берсін, әйтпесе күлкіге қалып жүрерміз. Мен оған лақты жіберуін жібердім, бірақ сен оны таба алмадың ғой, — деп шешті.
Gene Kaz 38:24  Үш айдан кейін Яһудаға мынадай хабар келіп жетті:— Келініңіз Тамар жеңіл жүріске салынып, жүкті болып қалған көрінеді! — Сонда Яһуда:— Оны алып шығып, өртеу керек, — деп бұйырды.
Gene Kaz 38:25  Тамарды қаланың сыртына алып шыққан кезде ол қайын атасына кісі жіберіп:— Мен мына заттардың иесінен жүкті болып қалдым! Анықтап қараңыз: мөр, бау және таяқтың иесі кім екенін білесіз бе? — деп сәлем айтты.
Gene Kaz 38:26  Яһуда заттарды танып тұрып:— Ол менен әділеттірек, себебі мен оны ұлым Шелахқа қосқан жоқпын, — деді. Ал мұнан кейін ол Тамармен қайтадан жақындасқан жоқ.
Gene Kaz 38:27  Босанатын уақыты келгенде Тамардың егіз туатыны белгілі болды.
Gene Kaz 38:28  Ол босанып жатқан кезде алдымен біреуінің қолы шықты. Босандырушы әйел бір қызыл жіпті алып, қолға байлап: «Бұл бірінші болып шықты», — деді.
Gene Kaz 38:29  Бірақ ол қолын қайта тартып алып, оның сыңары бірінші болып туды. Босандырушы әйел таңғалып: «Сен қалайша бұзып-жарып бірінші боп шықтың?» — деді. Сондықтан оған Парес («Бұзып-жарушы») деген ат қойды.
Gene Kaz 38:30  Одан кейін қолына қызыл жіп байланған інісі де туды. Оны Зарах («Қызыл», «Таң шапағы») деп атады.
Chapter 39
Gene Kaz 39:1  Ал Жүсіп болса, ысмағұлдық саудагерлер оны Мысырға апарған еді. Сол жерде Потифар есімді мысырлық уәзір Жүсіпті олардан сатып алды. Потифар перғауынның бас қорғаушысы болатын.
Gene Kaz 39:2  Жаратқан Ие жар болғандықтан, Жүсіптің қай нәрседен де жолы бола кететін. Осылай ол мысырлық қожайынының сарайында тұрып қалды.
Gene Kaz 39:3  Қожайыны Жаратқан Иенің Жүсіпке жар болып, оның қолы тиген заттың бәрінің орайын келтіріп отырғанына көз жеткізіп,
Gene Kaz 39:4  оған мейірімін түсірді. Уәзір Жүсіпті жеке қызметшісі қылып, сарайын басқартып, өзіндегі барлық дүние-мүлікті де оның жауапкершілігіне тапсырды.
Gene Kaz 39:5  Қожайыны Жүсіпке сарайын, барлық дүние-мүлкін сеніп тапсырғаннан бері Жаратқан Ие оның өзін де, үйіндегі және даладағы барлық иелігін де Жүсіпке бола жарылқап, батасын қондырды.
Gene Kaz 39:6  Сол себептен Потифар өзіндегінің бәрін де Жүсіпке сеніп тапсырып, тек күнделікті жейтін тамағының ғана қамын ойлады.Ал Жүсіп дене бітімі келісті, келбетті жігіт еді.
Gene Kaz 39:7  Күндердің күнінде қожайынының әйелінің көзі Жүсіпке түсіп:— Жүр, бірге болайық, — деп еліктіреді.
Gene Kaz 39:8  Бірақ Жүсіп одан бас тартып:— Қараңыз, қожайыным өз сарайындағы барлық істі менің міндетіме артып, еш нәрсемен айналыспайды.
Gene Kaz 39:9  Бұл үйде ешкім менен артық күшті емес. Қожайыным өзіңізден басқа ештеңені де билігімнен айырған жоқ. Ал сіз оның жұбайысыз ғой! Сонда мен қалайша сондай ауыр қылмыс жасап, Құдайдың көз алдында күнәға батпақпын?! — дейді.
Gene Kaz 39:10  Әйел күн сайын қайта-қайта мазалап, сөз салса да, Жүсіп ешқашан айтқанына көніп, не жақындасқан, не бірге болған емес.
Gene Kaz 39:11  Алайда бір күні Жүсіп жұмысын атқарып жүріп, үйге кірсе, басқа ешбір ер адам жоқ екен.
Gene Kaz 39:12  Сонда әлгі әйел оның шапанының етегінен ұстай алып: «Жүр, бірге болайық», — деп бұйырады. Бірақ Жүсіп шапанын тастай сала, сыртқа қаша жөнеледі.
Gene Kaz 39:13  Жүсіптің шапанын тастай, үйден тұра қашқанын көргенде,
Gene Kaz 39:14  қожайынының әйелі үй қызметшілерін шақырып: «Қараңдаршы, мына көшпендіні бізді мазақтасын деп алып келіпті! Ол үйге кіріп, мені зорламақшы болды! Бірақ мен қатты айқайладым.
Gene Kaz 39:15  Ол айқайымды естісімен шапанын қасыма тастай сала, қаша жөнелді», — деп байбалам салады.
Gene Kaz 39:16  Күйеуі үйге келгенше, әйел шапанды қасына қояды.
Gene Kaz 39:17  Күйеуіне де сол әңгімені айтып беріп: «Сенің бізге алып келген көшпенді құлың мені мазақ етпекші болды!
Gene Kaz 39:18  Бірақ мен шу көтеріп, айқайлағанда шапанын қасыма тастай сала, тұра қашты», — дейді.
Gene Kaz 39:19  Қожайыны әйелінің «Сенің құлың маған осыны істеді» деген сөзін естігенде, қатты ашуланды.
Gene Kaz 39:20  Ол Жүсіпті ұстап алып, патшаның тұтқындары қамалған түрмеге жапқызып тастайды.
Gene Kaz 39:21  Алайда Жаратқан Ие Жүсіпке жар болып, оған шапағатын төгіп, түрме бастығының мейіріміне кезіктірді.
Gene Kaz 39:22  Осылай түрме бастығы онда отырған барлық тұтқындарды Жүсіптің қарамағына тапсырып, бүкіл жұмыс оның басқаруымен атқарылатын болды.
Gene Kaz 39:23  Жүсіпке тапсырған істің ешқайсысына да бастық көңіл бөлмеді. Себебі Жаратқан Ие Жүсіпке жар болып, оның істеген әрбір ісін оңынан келтіріп отырды.
Chapter 40
Gene Kaz 40:1  Біраз уақыт өткенде сарайдағы бас шарапшы және бас наубайшы өздерінің қожайыны — Мысырдың патшасының алдында кінәлі болып қалды.
Gene Kaz 40:2  Содан перғауын осы екі уәзіріне қатты ашуланып,
Gene Kaz 40:3  оларды бас қорғаушысы басқаратын түрмеге отырғызды. Мұнда Жүсіп те отырған болатын.
Gene Kaz 40:4  Бас қорғаушы екеуін Жүсіптің қарамағына тапсырып, ол соларға қызмет етті.Шарапшы мен наубайшы түрмеде біраз күн өткізген соң,
Gene Kaz 40:5  екеуі де бір түнде түс көрді. Әр түстің өзіндік мағынасы бар болатын.
Gene Kaz 40:6  Келесі күні таңертең оларға кірген Жүсіп екеуінің жабырқау екенін байқап:
Gene Kaz 40:7  — Бүгін неге мұңайып отырсыздар? — деп сұрайды.
Gene Kaz 40:8  — Біз екеуіміз де түс көрдік, бірақ оны бізге жорып беретін ешкім жоқ, — дейді олар. Жүсіп:— Түс жору Құдайдың ісі емес пе? Маған айтып беріңіздер, — дегенде,
Gene Kaz 40:9  бас шарапшы оған түсін әңгімелеп береді:— Түсімде бір жүзім бұтасын көрдім.
Gene Kaz 40:10  Бұтаның үш сабағы бар екен. Көгере бастасымен гүлдеп, жүзім пісіп те үлгеріпті.
Gene Kaz 40:11  Қолымда перғауынның шарап ішетін тостағаны бар екен. Сонда мен жүзімді алып, сығып, шырынын тостағанға ағызып, перғауынның қолына беріппін. —
Gene Kaz 40:12  Жүсіп оған:— Түстің жоруы былай: үш жүзім сабағы үш күнді білдіреді.
Gene Kaz 40:13  Үш күннің ішінде перғауын басыңызды жоғары көтеріп, сізді қайтадан орныңызға қояды. Оған бұрынғысынша шарап ұсынатын боласыз.
Gene Kaz 40:14  Ал ісіңіз оңғарылған шақта мені ұмытпай, перғауынға мен туралы айта көріңізші! Мені түрмеден босаттырып, жақсылық жасасаңыз екен.
Gene Kaz 40:15  Себебі мені көшпенділердің елінен ұрлап алып келген болатын. Бұл жерде де түрмеге түсетіндей ешқандай қылмыс жасаған жоқпын, — дейді.
Gene Kaz 40:16  Жүсіптің түсті жақсы жорығанын көріп, бас наубайшы да түсін айтып береді:— Мен түсімде басыма үш себет көтеріп жүріппін.
Gene Kaz 40:17  Ең үстіңгі себеттің ішінде перғауынға арнап пісірілген тағамдар бар екен. Бірақ оларды басымдағы себеттің ішінен құстар шоқып жеп жатты. —
Gene Kaz 40:18  Сонда Жүсіп:— Бұның жоруы мынау: үш себет үш күнді білдіреді.
Gene Kaz 40:19  Үш күннің ішінде перғауын сіздің басыңызды көтеріп, дарға асып қояды. Құстар етіңізді шоқып жейтін болады, — деп түсіндіреді.
Gene Kaz 40:20  Үш күн өткен соң перғауынның туған күні болып, ол күллі нөкерлеріне той жасады. Сонда патша бас шарапшысы мен бас наубайшысын түрмеден шығарып алдыртып, нөкерлерінің алдында
Gene Kaz 40:21  бас шарапшыны бұрынғысынша шарап құйып беру үшін қайтадан орнына қойды,
Gene Kaz 40:22  ал бас наубайшыны дарға асқызды. Бәрі де дәл Жүсіп алдын ала айтқандай болды.
Gene Kaz 40:23  Алайда бас шарапшы Жүсіптің тілегін есіне алмай, ұмытып кетті.
Chapter 41
Gene Kaz 41:1  Арада екі жыл өткенде перғауын түс көреді. Түсінде ол Ніл жағалауында тұр екен.
Gene Kaz 41:2  Судан жеті семіз, күйлі сиыр шықты да, қамыс-құрақ ішінде жайылып жүрді.
Gene Kaz 41:3  Мұнан кейін олардан басқа, сұрықсыз, арық тағы жеті сиыр судан шығып, жағада тұрған сиырлардың қасына келді.
Gene Kaz 41:4  Сұрықсыз, арық сиырлар жеті семіз, күйлі сиырды жеп қойды. Сол кезде перғауын оянып кетеді.
Gene Kaz 41:5  Перғауын тағы да ұйықтап кетіп, қайтадан түс көреді. Түсінде бір сабақтан әдемі, толық піскен жеті масақ өсіп тұр екен.
Gene Kaz 41:6  Ал солардан кейін жеті сидиған арық масақ та өсіп тұрды. Оларды шығыстан соғып тұрған ыстық жел күйдіріп жіберген болатын.
Gene Kaz 41:7  Жеті сидиған арық масақ әдемі, толып піскен жеті масақты жұтып қойды. Ал перғауын ұйқысынан оянып кетіп, бұның түс екенін біледі.
Gene Kaz 41:8  Ертеңінде ол жанын қоярға жер таппай, Мысырдың барлық балгерлері мен білімпаздарын алдыртып, көрген түстерін айтып берді. Алайда олардың ешқайсысы да патшаның түстерін жорып бере алмады.
Gene Kaz 41:9  Сонда бас шарапшы тұрып, перғауынға былай деді:— Бүгін мен өзім жасаған кінәні есіме түсіріп тұрмын.
Gene Kaz 41:10  Бірде перғауын өзінің құлдары — бас наубайшы мен маған ашуланып, бізді бас қорғаушының қарамағындағы түрмеге қаматты.
Gene Kaz 41:11  Бір күні екеуіміз де түнде түс көріп шықтық, әр түстің өзіндік жоруы бар екен.
Gene Kaz 41:12  Бізбен бірге бас қорғаушының қызметшісі — бір жас көшпенді жігіт отырды. Оған түсімізді айтып, ол әрқайсымызға жорып берді.
Gene Kaz 41:13  Кейін оқиға дәл ол жорығандай болды: мен қайтадан орныма тұрып, екінші адам дарға асылды.
Gene Kaz 41:14  Сонда перғауын кісі жіберіп, Жүсіпті тез арада түрмеден босатып алғызды. Жүсіп сақал-мұртын алдырып, киімдерін ауыстырған соң, перғауынның алдына келді.
Gene Kaz 41:15  Перғауын Жүсіпке:— Мен түс көрдім, бірақ оны ешкім де жори алмай отыр. Сен туралы түс жори аласың деп естідім, — деді.
Gene Kaz 41:16  Жүсіп перғауынға:— Тақсыр, түс жори алатын мен емес. Перғауынның игілігі үшін жоруын Құдай бермек, — деді.
Gene Kaz 41:17  Сонда патша Жүсіпке түсін айтып берді:— Мен түсімде Нілдің жағасында тұр екенмін.
Gene Kaz 41:18  Сол кезде судан жеті семіз, күйлі сиыр шығып, қамыс-құрақ ішінде жайылып жүрді.
Gene Kaz 41:19  Кейінірек мен олардан басқа, еті сүйегіне жабысып қалған, сұрықсыз, арық тағы жеті сиырдың судан шығып келе жатқанын көрдім. Бүкіл Мысыр елінде осындай ұсқынсыз малдарды көрген емеспін.
Gene Kaz 41:20  Әлгі арық, сұрықсыз жеті сиыр бірінші көрінген жеті семіз сиырды жеп қойды.
Gene Kaz 41:21  Бірақ олар семіз сиырларды жеп қойса да, бұрынғысынша сұрықсыз, арық күйлерінде қала берді. Сол жерде мен оянып кеттім.
Gene Kaz 41:22  Мен қайтадан түс көрдім. Түсімде бір сабақтан әдемі, толып піскен жеті масақ өсіп тұр екен.
Gene Kaz 41:23  Солардан кейін қатып-семіп қалған, сидиған арық тағы да жеті масақ өсіпті. Оларды шығыстан соғып тұрған ыстық жел күйдіріп жіберген болатын.
Gene Kaz 41:24  Сидиған арық жеті масақ әдемі, толып піскен жеті масақты жұтып қойды. Мен көрген түстерімді сәуегейлерге айтып беріп едім, бірақ олардың ешқайсысы да дұрыстап жорып бере алмады, — деді.
Gene Kaz 41:25  Жүсіп перғауынға былай деп жауап қатты:— Перғауынның екі түсінің де мағынасы біреу. Құдай перғауынға не болатынын көрсетті.
Gene Kaz 41:26  Жеті әдемі сиыр мен жеті әдемі масақ жеті жылды білдіреді. Бұл екеуі де — бір түс.
Gene Kaz 41:27  Олардың артынан келген жеті арық, сұрықсыз сиыр және шығыстан соққан желден кеуіп қалған жеті масақ жеті жылдық ашаршылыққа меңзейді.
Gene Kaz 41:28  Мен жаңа айтқандай, Құдай осы түстер арқылы келешекте не болатынын перғауынға білдіріп тұр:
Gene Kaz 41:29  бүкіл Мысырда жеті жыл бойы молшылық болады.
Gene Kaz 41:30  Содан соң молшылықты ұмыттыратын жеті жылдық қуаңшылық келіп, елді құртып жібереді.
Gene Kaz 41:31  Сонда бұл жерде болған молшылық ешкімнің есінде қалмай, елді өте ауыр ашаршылық жайламақ.
Gene Kaz 41:32  Перғауынның түсті екі рет көруі Құдайдың Өзі шешіп қойған бұл істі жуырда жүзеге асыратынын білдіреді.
Gene Kaz 41:33  Енді перғауын бір ақылды, данышпан адамды таңдап алып, Мысыр елін басқаруды оның қолына тапсыра көрсін,
Gene Kaz 41:34  сонымен қатар арнайы салықшылар тағайындап, егіннің бестен бір бөлігін жинап алдыртсын.
Gene Kaz 41:35  Осы қызметкерлер болашақтағы молшылықтың астығын жинап, қалаларда перғауынның қарамағындағы қоймаларда азық қоры ретінде сақтаудың қамын жасаулары керек.
Gene Kaz 41:36  Бұл астық Мысыр елін жайлайтын жеті жылдық жұт кезінде халықты аштан өлуден сақтайтын қор болады.
Gene Kaz 41:37  Бұл ұсыныс перғауынға да, оның барлық уәзірлеріне де ұнап қалды.
Gene Kaz 41:38  Перғауын оларға: «Біз Құдай Рухына кенелген тап осы адамдай біреуді таба аламыз ба?» — деп,
Gene Kaz 41:39  Жүсіпке қарап: «Мұның бәрін саған Құдай білдіріп тұр екен! Өзің сияқты ақылгөй, дана ешкім де жоқ.
Gene Kaz 41:40  Бұдан былай менің сарайымды қарамағыңа аласың, бүкіл халқым сенің айтқаныңмен жүруге тиіс. Мен патшалық тағыма байланысты ғана сенен жоғары боламын.
Gene Kaz 41:41  Міне, мен сені бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп тағайындаймын», — деген шешімін айтты.
Gene Kaz 41:42  Перғауын қолынан өзінің мөрі бекітілген сақинасын шешіп алып, Жүсіптің саусағына кигізді. Оған ақ бәтестен киімдер кигізіп, мойнына алтын алқа салып,
Gene Kaz 41:43  оны өзінің екінші пәуескесіне отырғызды. Жүсіп жақындаған кезде атқосшылары жұртқа: «Жол беріңдер! Иіліңдер!» — деп айқайлайтын болды. Осылайша перғауын Жүсіпті бүкіл Мысыр елін басқаратын бас уәзірі етіп тағайындап,
Gene Kaz 41:44  оған: «Ел патшасы перғауын менмін. Ал сенің келісіміңсіз бүкіл Мысырда ешкім де іс-әрекет жасамайтын болады», — деп міндетін табыс етті.
Gene Kaz 41:45  Жүсіпке Сафнат-Панеах деген ат қойып, оған әйелдікке Он қаласындағы діни қызметкер Потифердің қызы Асенетті алып берді.Жүсіп Мысырдың әміршісі болып патшаға қызметке тұрғанда отыз жаста еді. Ол перғауынның қасынан кетіп, бүкіл Мысыр елін аралауға кірісті.
Gene Kaz 41:46  Жүсіпке Сафнат-Панеах деген ат қойып, оған әйелдікке Он қаласындағы діни қызметкер Потифердің қызы Асенетті алып берді.Жүсіп Мысырдың әміршісі болып патшаға қызметке тұрғанда отыз жаста еді. Ол перғауынның қасынан кетіп, бүкіл Мысыр елін аралауға кірісті.
Gene Kaz 41:47  Жеті жылғы молшылық кезінде елде өнім ағыл-тегіл мол болды.
Gene Kaz 41:48  Жүсіп сол жылдары Мысырда өсіп-өніп шыққан барлық дәнді дақылдарды қалаларға жіберді. Әр қалада сол маңнан жиналған өнімді сақтап қойды.
Gene Kaz 41:49  Осылай Жүсіп астықтан құм түйіршіктеріндей мол етіп азық қорын жасап алды. Мұның көптігі сонша, санаса сан жетпейтін еді.
Gene Kaz 41:50  Сол кезде, елді ашаршылық әлі де жайламай тұрғанда, әйелі Асенет Жүсіпке екі ұл туып берді.
Gene Kaz 41:51  Жүсіп тұңғышына Манаса («Ұмыту») деген ат қойды. Себебі ол: «Құдай менің барлық уайымымды, әке-шешемнің үйінен алыстап кеткенімді ұмыттырды», — деді.
Gene Kaz 41:52  Екінші ұлын Ефрем («Өнімді») деп атап, «Құдай мені бұрын жапа шеккен елде өнімді қылды», — деді.
Gene Kaz 41:53  Сонымен Мысыр еліне молшылық әкелген жеті жыл аяқталды.
Gene Kaz 41:54  Содан кейін, Жүсіп алдын ала айтқандай, жеті жылдық жұт та жетті. Барлық елдерге ашаршылық жайылды, бірақ бүкіл Мысыр жерінде азық қоры сақтаулы болатын.
Gene Kaz 41:55  Мысырлықтар аштық көре бастағанда перғауынға нан беруін сұрап жалбарынды. Перғауын оларға: «Жүсіпке барыңдар! Ол не айтса, соны істеңдер!» — деп әмір етті.
Gene Kaz 41:56  Бүкіл елде ашаршылық үдей түскенде Жүсіп қоймаларды ашып, мысырлықтарға астық сата бастады.
Gene Kaz 41:57  Айналадағы барлық басқа мемлекеттерден де адамдар азық сатып алу үшін Жүсіпке келді, өйткені бүкіл өлкені ғаламат ашаршылық жайлап алған еді.
Chapter 42
Gene Kaz 42:1  Сол кезде Жүсіптің әкесі Жақып Мысырда астықтың бар екенін естіп, ұлдарына: «Неге бір-біріңе қарап отырсыңдар?
Gene Kaz 42:2  Мысырда нан бар деп естідім. Аштан өліп қалмауымыз үшін сол жаққа барып, астық сатып алыңдар!» — деп тапсырды.
Gene Kaz 42:3  Осылай Жүсіптің он ағасы азық алып келуге Мысырға қарай бет алды.
Gene Kaz 42:4  Ал Жақып Жүсіптің бірге туған інісі Буняминді жолда бір пәлеге ұшырап қалар деп қауіптеніп, ағаларымен бірге жібермей қойды.
Gene Kaz 42:5  Сонымен Жақыптың он ұлы Мысырға жетті. Олармен бірге азық сатып алу үшін басқа адамдар да келген еді. Өйткені аштық Қанахан елін де қамтыған болатын.
Gene Kaz 42:6  Ал Жүсіп Мысырдың әміршісі болып, бүкіл халыққа астық сатуды басқаратын. Сондықтан ағалары оның алдына келіп, жерге дейін иіліп тағзым етті.
Gene Kaz 42:7  Жүсіп оларды көрісімен-ақ танығанмен, бөтен адамның сыңайын танытып, олармен қатал сөйлесті:— Сендер қайдан келдіңдер?— Біз астық сатып алу үшін Қанахан елінен келдік, — деді олар.
Gene Kaz 42:8  Жүсіп ағаларын таныса да, олар оны таныған жоқ.
Gene Kaz 42:9  Баяғыда олар туралы көрген түстері есіне түскен Жүсіп:— Сендер тыңшысыңдар! Біздің шекараның әлсіз жерлерін іздеп табу үшін келдіңдер! — деп дүрсе қоя берді. Олар:
Gene Kaz 42:10  — Жо-жоқ, уа, тақсыр иеміз. Алдыңыздағы құлдарыңыз осында тек астық сатып алу үшін ғана келдік.
Gene Kaz 42:11  Біз барлығымыз бір адамның ұлдарымыз, тыңшы емес, адал адамдармыз, — деді.
Gene Kaz 42:12  — Жоқ, сендер елге қай тұсынан шабуылдауға болатынын біліп алу үшін келдіңдер!
Gene Kaz 42:13  — Тақсыр ие, біз он екі ағайынды болғанбыз. Қанаханда тұратын бір адамның ұлдарымыз. Ең кішіміз әкеміздің қасында қалды, ал бір бауырымыз қайтыс болған. —
Gene Kaz 42:14  Жүсіп оларға:— Шынында да сендер дәл мен айтқандай тыңшысыңдар!
Gene Kaz 42:15  Перғауынның атымен ант етемін, енді сендер сыналмақсыңдар! Үйде қалған ең кіші інілерің де келмейінше бұл жерден ешқайда кетпейсіңдер.
Gene Kaz 42:16  Кенже бауырларыңды алып келуге араларыңнан біреуіңді жіберіңдер, ал басқаларың қамауға алынасыңдар. Осылайша сөздерің шын ба, жоқ па, соны тексереміз. Егер өтірік болып шықса, онда тыңшы екендерің айдай анық болады, — деді.
Gene Kaz 42:17  Содан оларды үш күнге қаматып қойды.
Gene Kaz 42:18  Үшінші күні Жүсіп оларға тіл қатып:— Мен Құдайды қастерлейтін адаммын. Енді мынаны істеңдер, сонда аман қаласыңдар:
Gene Kaz 42:19  егер расында адал болсаңдар, бауырларыңның біреуін түрмеде қалдырып, басқаларың ашығып жатқан отбасыларыңа астық алып барыңдар.
Gene Kaz 42:20  Ал кейін кенже інілеріңді әкелуге тиістісіңдер! Сонда сөздеріңнің шындығына көзім жетіп, сендер ажалдан құтыласыңдар, — деді. Олар солай істеуге келісті.
Gene Kaz 42:21  Ағайындылар бір-біріне: «Шынында біз бұл жазаға ініміз Жүсіпке бола ұшырап отырмыз. Оның жапа шегіп, жан даусымен бізге жалынғанын көрсек те, құлақ салмадық. Сондықтан да осы бақытсыздық басымызға төніп тұр», — десті.
Gene Kaz 42:22  Рубен інілеріне: «Балаға тиісіп күнәға батпаңдар деп сендерге айтпап па едім? Алайда мені тыңдамадыңдар. Енді міне, оның төгілген қаны үшін есеп беретін уақыт жетті», — деді.
Gene Kaz 42:23  Олар осы айтқандарын Жүсіптің түсініп қойғанын білген жоқ, себебі ол ағаларымен тілмаш арқылы сөйлескен болатын.
Gene Kaz 42:24  Жүсіп бұрылып кетіп, көзіне жас алды. Содан ол қастарына қайта оралып, олармен тағы да сөйлесті. Кейін ағайындылардың ішінен Шимонды тұтқындатып, олардың көзінше байлатты.
Gene Kaz 42:25  Қызметшілеріне ағайындылардың қаптарын астыққа толтырып, әрқайсысының төлеген күмістерін қаптың аузына салуға, жол азығын да беруге бұйырды. Барлығы да Жүсіп айтқандай іске асты.
Gene Kaz 42:26  Ағалары қаптарын есектеріне артып, жолға шықты.
Gene Kaz 42:27  Олар түнеуге аялдаған кезде біреуі есегіне жем беру үшін қабының аузын ашып, төлеген күмісінің сонда жатқанын көрді.
Gene Kaz 42:28  Таңғалған ол бауырларына: «Ақшам өзіме қайтарылыпты! Ол, міне, қаптың бетінде жатыр!» — деді. Бәрінің жүректері суылдап, бір-біріне үрейлене қарап: «Құдай бізге не істеді?» — десті.
Gene Kaz 42:29  Қанаханға, әкелері Жақыпқа қайтып келген соң, олар оған көрген-білгендерін түгелдей баяндап берді:
Gene Kaz 42:30  — Сол елдің әміршісі бізге еліне кірген тыңшылар ретінде қарап, өте қатал сөйлесті.
Gene Kaz 42:31  Біз оған: «Тыңшы емес, адал адамдармыз!
Gene Kaz 42:32  Бір кісінің балалары, он екі ағайындымыз. Бір бауырымыздан айырылғанбыз, ал кенжеміз әкеміздің қасында Қанаханда қалды», — дедік.
Gene Kaz 42:33  Бірақ сол кісі — елдің әміршісі бізге: «Мен сендердің адал екендіктеріңе былай көз жеткіземін: бауырларыңның біреуін қасымда қалдырып, басқаларың ашығып жатқан отбасыларыңа астық алып барыңдар.
Gene Kaz 42:34  Алайда маған кенже інілеріңді әкелуге тиіссіңдер! Содан сендердің тыңшы емес, адал адам екендіктеріңе көз жеткізіп, осында қалдырған бауырларыңды қайтарып беремін. Сонда бұл елде еркін жүре алатын боласыңдар», — деп бұйырды.
Gene Kaz 42:35  Бұдан кейін ағайындылар қаптарын босатып жатып, әрқайсысы төлеген күмістерін тауып алды. Мұны көргенде өздері де, әкелері де зәрелері ұшып қорқып кетті.
Gene Kaz 42:36  Жақып:— Сендер мені балаларымсыз қалдырып отырсыңдар: Жүсіптен айырылдым, Шимоннан да айырылдым, енді Буняминді де алып кетпексіңдер! Апаттың бәрі басыма төніп тұр! — деп қапаланды.
Gene Kaz 42:37  Сонда Рубен әкесіне:— Егер мен Буняминді қайтарып әкелмесем, онда менің екі ұлымның көзін құртуыңызға болады. Маған сеніңіз, оны қайтып алып келемін, — деді.
Gene Kaz 42:38  Бірақ Жақып былай деп шешті:— Ол ұлым сендермен бірге бармайды! Ағасы өлген соң Рахиладан туған ұлдардан жалғыз сол қалды. Жолшыбай бір пәлеге ұшыраса, сендер мені қайғыға батырып, ақ шашты басымды ажалымнан бұрын көрге тығасыңдар!
Chapter 43
Gene Kaz 43:1  Елді әлі де ашаршылық қысып тұрған болатын.
Gene Kaz 43:2  Мысырдан әкелінген астық таусылғанда, Жақып ұлдарына:— Тағы да барып, біраз астық сатып алыңдар! — деп бұйырды.
Gene Kaz 43:3  Ал Яһуда әкесіне былай деп жауап қатты:— Әлгі адам: «Қастарыңда інілерің болмаса, көзіме көрінбеңдер!» деп бізге мықтап ескертті.
Gene Kaz 43:4  Сіз інімізді бірге жіберсеңіз, астық әкелуге барамыз.
Gene Kaz 43:5  Ал оны жібермесеңіз, бара алмаймыз. Өйткені ол адам бізге: «Қастарыңда інілерің болмаса, көзіме көрінбеңдер!» деп тыйым салған еді ғой. —
Gene Kaz 43:6  Сонда әкесі:— Неліктен сендер сол адамға: «Тағы бір ініміз бар» деп айтып маған зұлымдық жасадыңдар? — деп ренішін білдірді.
Gene Kaz 43:7  Олар:— Сол адам өзіміз және туысқандарымыз туралы: «Әкелерің тірі ме, тағы бір інілерің бар ма?» деп егжей-тегжейлі сұрады ғой. Біз тек оның сұрақтарына жауап бердік. Оның: «Інілеріңді алып келіңдер» дейтінін қайдан білейік? — деп түсіндірді.
Gene Kaz 43:8  Ал Яһуда әкесінен:— Сіз де, біз де, балаларымыз да аштан өлмеуіміз үшін ұлды менімен бірге жіберіңіз.
Gene Kaz 43:9  Мен жас жігіттің қауіпсіздігіне басыммен жауап беремін, оны менің қолымнан қайтарып алатын боласыз. Егер мен ұлыңызды қайтып әкеле алмай, көзіңізге көрінетін болсам, онда мен сіздің алдыңызда өмір бойы кінәлі болып өтейін.
Gene Kaz 43:10  Уақытты осылайша соза бермегенде біз Мысыр жаққа ендігі екі рет барып келген болар едік, — деп өтінді.
Gene Kaz 43:11  Ақырында Исраил ұлдарына тіл қатып былай деп шешті:— Егер қажет болса, мейлі, былай істеңдер: елде шығатын ең жақсы өнімдерден сәлемдеме жасап, сол адамға аздап май дәрі, бал, иісмай жасайтын шайыр, хош иісті мүр және жаңғақ, бадам дәндерін апарып беріңдер!
Gene Kaz 43:12  Сонымен қатар астық үшін төленетін күмісті де екі есе көп етіп алыңдар! Қаптарыңның аузында қайтып әкелген ақшаны қайтарып берулерің керек. Мүмкін, олар қателескен шығар.
Gene Kaz 43:13  Кенже інілеріңді ертіп алып, әлгі адамға тағы да барыңдар.
Gene Kaz 43:14  Құдіреті шексіз Құдай оны мейірімділікке кенелтіп, бауырларың Шимон мен Буняминді қайтарып бергізсін. Ал егер маған баласыз қалу бұйырылса, солай-ақ болсын, — деп қосты.
Gene Kaz 43:15  Жақыптың ұлдары әзірленген сәлемдемелерді, екі есе күмісті және Буняминді қоса алып, Мысырға барып, Жүсіптің алдына келді.
Gene Kaz 43:16  Ол ағаларының қасынан Буняминді көріп, үй басқарушысына: «Мына адамдарды менің үйіме алып бар! Мал сойғызып, тамақ әзірлет! Бұл кісілер бүгін менімен бірге түстенсін», — деп тапсырды.
Gene Kaz 43:17  Үй басқарушысы айтқанды екі етпей, оларды Жүсіптің сарайына апарды.
Gene Kaz 43:18  Олар бұған зәрелері ұша қорқып: «Бізді өткен жолғы қаптарымызға қайтадан салып жіберілген ақшалардың кесірінен осында алып бара жатыр. Сол үшін де әлгі адам бізге тиісіп күш көрсетіп, есектерімізді тартып алып, өзімізді құлдарына айналдырмақшы», — деп шошынды.
Gene Kaz 43:19  Олар Жүсіптің үй басқарушысына барып, оған сарайдың кіре берісінде тіл қатып былай деді:
Gene Kaz 43:20  — Мырза, бізге құлақ сала көріңіз. Өткен жолы да астық алу үшін келіп кеткенбіз.
Gene Kaz 43:21  Түнгі аялдамаға тоқтап, қаптарымызды ашып қарасақ, міне қызық, әрқайсымыздың төлеген күллі күмісіміз қаптың аузында жатыр екен! Соны өз қолымызбен қайтадан әкеліп отырмыз.
Gene Kaz 43:22  Енді тағы да астық сатып алу үшін қосымша ақша алып келдік. Ал сол күні ақшамызды қаптарымыздың аузына кімнің салып қойғанын мүлде білмейміз.
Gene Kaz 43:23  Үй басқарушысы оларға:— Қорықпаңдар, жандарың тыныштықта болсын! Өздерің және әкелерің сиынатын Құдай қаптарыңа қазына-байлық сыйлапты. Сендердің ақшаларың қолыма түсті ғой, — деді де, оларға Шимонды алып келді.
Gene Kaz 43:24  Үй басқарушысы жігіттерді Жүсіптің сарайына кіргізіп, аяқтарын жуатын су әкелдіріп, есектеріне жем бергізді.
Gene Kaz 43:25  Жігіттер Жүсіптің түсте келуіне сәлемдемелерін даярлап қойды, себебі өздерінің сол жерде онымен бірге түстенетіндері туралы естіген болатын.
Gene Kaz 43:26  Ақырында Жүсіп үйге келді. Олар қолдарындағы сыйлықтарын алып келіп, оның алдында жерге дейін иіліп тағзым етті.
Gene Kaz 43:27  Жүсіп олармен амандасып:— Кәрі әкелеріңнің халі қалай? Маған ол туралы айтып едіңдер ғой. Оның көзі тірі ме? — деп сұрады.
Gene Kaz 43:28  Олар:— Құрметті тақсыр ие, әкеміздің халі жақсы, тірі, — деп жауап берді де, ізет көрсете тағы да иіліп тағзым етті.
Gene Kaz 43:29  Жүсіп жан-жағына қарағанда, өзінің шешесінен туған інісі Буняминді көріп:— Сендердің маған айтқан кенже інілерің осы ма? Құдай саған рақымын түсірсін, балам! — деді.
Gene Kaz 43:30  Туған інісін көргенде, Жүсіптің оған деген сүйіспеншілігі лап етті. Оның басқа ештеңе айтуға шамасы келмей, сол жерден шыға жөнелді. Көзіне жас толып кеткен ол өз бөлмесіне барып, жылап алды.
Gene Kaz 43:31  Сонан соң өзін-өзі қолға алып, бетін жуып, сыртқа шықты да, қызметшілеріне тамақ әкелуге бұйырды.
Gene Kaz 43:32  Қызметшілер Жүсіпке, ағаларына және бірге тамақтанатын мысырлықтарға бөлек-бөлек дастарқан жайды. Себебі мысырлықтар көшпенділермен бірге тамақтанбайтын. Олар бірге ішсек, арамданып қалармыз деп сенетін.
Gene Kaz 43:33  Ағайындылар жас мөлшеріне қарай үлкенінен бастап кішісіне дейін Жүсіпке қарама-қарсы отырғызылды. Олар бұған қатты таңғалды.
Gene Kaz 43:34  Жүсіптің дастарқанынан олардың алдына тамақ таратылған кезде Буняминнің табағына басқаларға қарағанда бес есе артық тамақ түсті. Олар Жүсіппен бірге тойғандарынша ішіп-жеп, көңілді отырды.
Chapter 44
Gene Kaz 44:1  Кейін Жүсіп үй басқарушысына мынадай тапсырма берді: «Жігіттердің қаптарын көтере алғандарынша астыққа толтырып, әрқайсысының төлеген ақшасын қабының аузына сал!
Gene Kaz 44:2  Ал кенжелерінің қабының аузына ақшасымен бірге менің күміс тостағанымды да салып қой!» Үй басқарушысы Жүсіптің айтқанын орындады.
Gene Kaz 44:3  Ертеңіне жарық түсе ағайындылар есектеріне астық артып алып, жолға шықты.
Gene Kaz 44:4  Олар қаладан ұзап шықпай жатып, Жүсіп үй басқарушысына былай деп бұйырды:— Тұр, аналардың артынан қу! Қуып жеткен кезде оларға мынаны айт: «Неге сендер жақсылыққа жамандықпен жауап қайтарып,
Gene Kaz 44:5  күміс тостағанды ұрлап кеттіңдер? Бұдан қожайыным ішеді ғой. Мұны ол жаман ырымға жорып отыр. Сендер зұлымдық жасадыңдар!»
Gene Kaz 44:6  Үй басқарушысы оларды қуып жетіп, осы сөздерді айтып берді.
Gene Kaz 44:7  Олар оған жауап қайтарып:— Мырзамыз мұндай сөздерді неге айтады? Алдыңыздағы құлдарыңыз ондай қылықты істеуден мүлдем аулақ жүреміз!
Gene Kaz 44:8  Біз тіпті қаптың ішінен тапқан ақшаны да Қанахан елінен сізге қайтып алып келдік қой. Қалай біз қожайыныңыздың үйінен күміс не алтынды ұрламақпыз?
Gene Kaz 44:9  Күміс тостаған қайсымыздан табылса, сол өлім құшсын, ал біз бәріміз қожайынымыздың құлына айналайық, — деді.
Gene Kaz 44:10  Үй басқарушысы сонда:— Жарайды, айтқандарың болсын! Тостаған кімнен табылса, сол менің құлым болады! Ал қалғандарың бос боласыңдар, — деп шешті.
Gene Kaz 44:11  Олар тездетіп қаптарын жерге түсірді де, әркім өз қабының аузын ашты.
Gene Kaz 44:12  Үй басқарушысы үлкенінен бастап кішісіне дейін бәрінің қаптарын тінтіп шықты. Сонда тостаған Буняминнің қабынан табылды.
Gene Kaz 44:13  Қатты қапаланған олар көйлектерінің өңірін айыра жыртты. Есектеріне жүктерін артып, қалаға қайта оралды.
Gene Kaz 44:14  Яһуда бауырларымен Жүсіптің сарайына келіп жеткенде ол әлі сонда еді. Жігіттер оның алдына жығылып табынды.
Gene Kaz 44:15  Жүсіп оларға:— Сендер не істедіңдер? Мен сияқты адамның осындай жайттарды сөз жоқ болжай алатынын білмеп пе едіңдер? — деп тіл қатты.
Gene Kaz 44:16  Яһуда:— Тақсыр иемізге не айта аламыз? Енді біз не дейміз, кінәсіз екенімізді қалайша дәлелдейміз? Құдай кінәмізді әшкереледі. Біз де, тостаған алған адам да бұдан былай тақсыр иеміздің құлдары боламыз, — деп жауап берді.
Gene Kaz 44:17  Жүсіп:— Мен олай істеуден аулақпын! Тостаған кімнен табылса, сол ғана менің құлым болады. Ал қалғандарың тыныштықпен әкелеріңе жүре беріңдер! — деп шешті.
Gene Kaz 44:18  Сонда Яһуда тұрып, Жүсіпке былай деді:— Уа, тақсыр ием, маған бір ауыз сөз айтуға рұқсат етсеңіз екен. Сіз перғауынға пара-пар болсаңыз да, осы пендеңіздің сөйлеп тұрғанына ашулана көрмеңіз.
Gene Kaz 44:19  Тақсыр ием, сіз: «Әкелерің немесе інілерің бар ма?» деп сұраған едіңіз ғой.
Gene Kaz 44:20  Сонда біз иемізге: «Әкеміз бар, ол кәрі. Оның қартайған шағында туған кенже баласы бар. Соның бірге туған ағасы өлді, енді бұл — шешесінен қалған жалғыз ұл. Сондықтан әкеміз оны қатты жақсы көреді» деп жауап бердік.
Gene Kaz 44:21  Сонда сіз осы құлдарыңызға: «Оны көргім келеді, маған алып келіңдер!» деп әмір еттіңіз.
Gene Kaz 44:22  Ием, біз өзіңізге: «Жас жігіт әкесін жалғыз қалдырып кете алмайды. Егер ол қасынан кетсе, әкесі өліп қалады» дедік.
Gene Kaz 44:23  Ал сіз: «Кенже інілерің сендерге еріп келмесе, менің көзіме қайтадан көрінбеңдер!» деп бұйырдыңыз.
Gene Kaz 44:24  Содан біз сіздің құлыңыз — өз әкемізге қайта оралғанда оған тақсыр иеміздің бұйырғандарын жеткіздік.
Gene Kaz 44:25  Кейінірек әкеміз бізге: «Тағы да барып, аздап астық сатып алып келіңдер!» дегенде
Gene Kaz 44:26  біз: «Олай бара алмаймыз. Егер кенже ініміз бірге жүрсе, барамыз. Онсыз сол адамның көзіне көріне алмаймыз» дедік.
Gene Kaz 44:27  Сонда әкеміз бізге былай деді: «Сендер әйелім Рахиланың маған екі-ақ ұл туып бергенін білесіңдер.
Gene Kaz 44:28  Олардың біреуі қасымнан кетіп, жоқ болды. Жыртқыш аң жарып тастаған шығар деймін, өйткені күні бүгінге дейін оны қайтып көрген емеспін.
Gene Kaz 44:29  Енді сендер менен тағы мына ұлымды алып кетіп, ол да жолшыбай пәлеге ұшыраса, онда мені қайғыға батырып, ақ шашты басымды ажалынан бұрын көрге тығатын боласыңдар!»
Gene Kaz 44:30  Сондықтан егер мен сіздің құлыңыз — өз әкеме қайта оралғанда қасымда оның жанындай жақсы көретін баласы жоқ болып шықса,
Gene Kaz 44:31  онда ол мұны көріп, сол жерде өлер еді. Осылай біз ақ шашты әкемізді қайғыға батырып, ажалынан бұрын көрге кіргізер едік.
Gene Kaz 44:32  Уа, тақсыр ием, мен жас жігіттің қауіпсіздігіне басыммен жауап беремін деп әкеме уәде беріп: «Егер мен оны сізге қайта алып келмесем, онда сіздің алдыңызда өмір бойы кінәлі болып өтейін» деген болатынмын.
Gene Kaz 44:33  Сондықтан бұл жігіттің орнына мені құлдыққа алып қалып, оны ағаларымен бірге жібере көріңіз!
Gene Kaz 44:34  Жас жігіт қасымда болмаса, не бетіммен әкеме барамын? Әкемнің басына түскен бақытсыздығын көрмесем екен! — деп жалынды Яһуда.
Chapter 45
Gene Kaz 45:1  Сонда Жүсіп айналасында тұрған қызметшілерінің алдында өзін ұстай алмай, оларға: «Бәрің де кетіңдер қасымнан!» — деп айқайлап жіберді. Жүсіп бауырларына өзінің кім екенін айтқанда қасында бөтен ешкім де қалмады.
Gene Kaz 45:2  Оның дауыстап жылағаны соншалықты, соны сырттағы мысырлықтар да естіп, бұл туралы хабар перғауынның сарайына да жетті.
Gene Kaz 45:3  Жүсіп бауырларына қарап:— Мен Жүсіппін ғой! Әкем шынында да әлі күнге дейін тірі ме? — деп сұрады. Бірақ олар оның алдында қатты абыржып қалғандықтан жауап бере алмады.
Gene Kaz 45:4  Жүсіп оларға: — Маған жақындаңдар! — деп, олар қасына келгенде мынаны айтты: — Мен сендер Мысырға сатып жіберген Жүсіппін!
Gene Kaz 45:5  Ал енді, ештеңені уайымдамаңдар, мені осында сатып жібердік деп өздеріңді кінәламаңдар! Өйткені Құдайдың Өзі мені осы жерге өмірлеріңді сақтап қалу үшін сендерден бұрын жіберді.
Gene Kaz 45:6  Елді аштық жайлағалы екі жыл өтті, енді келесі бес жыл бойы да жер өңделіп, астық егілмейді.
Gene Kaz 45:7  Ұрпақтарыңның жер бетіндегі өмірін жалғастыру үшін сендерді ұлы іспен құтқарып, аман-есен қалдыру үшін Құдай мені мұнда өздеріңнен бұрын жіберді.
Gene Kaz 45:8  Осылайша сендер емес, Құдай мені бұл жерге жіберді! Ол мені перғауынға әке іспетті бас кеңесші қылып тағайындап, сарайына қожайын, бүкіл Мысыр еліне билеуші етіп қойды.
Gene Kaz 45:9  Енді сендер тезірек әкеме жетіп, оған мына сөздерімді жеткізіңдер: «Ұлыңыз Жүсіп сізге былай деп сәлем жолдайды: Құдай мені бүкіл Мысыр елінің әміршісі етіп қойды. Көп кешікпей көшіп келіп,
Gene Kaz 45:10  Гөшен аймағына қоныстаныңыз. Сонда балаларыңыз, немерелеріңіз, ірілі-ұсақты малдарыңыз және бар дүние-мүлкіңізбен бірге менің қасымда тұрыңыз.
Gene Kaz 45:11  Сізге сол жерде қарайласпақпын, өйткені аштық әлі де бес жылға созылады. Егер олай етпесеңіз өзіңіз, үй ішіңіз және барлық адамдарыңыз жоқшылыққа ұшырайсыздар».
Gene Kaz 45:12  Міне, өздерің де, інім Бунямин де өз көздеріңмен көріп тұрсыңдар: сендермен сөйлесіп тұрған мен Жүсіппін!
Gene Kaz 45:13  Әкеме мені мұнда қалай қадірлейтіні және өздерің көріп, білген басқа нәрселер туралы да айтып беріңдер! Тезірек барып, әкемді осында жеткізіңдер! — деді де,
Gene Kaz 45:14  бірге туған інісі Буняминді мойнынан құшақтап егіле жылады, ол да құшақтап жылай берді.
Gene Kaz 45:15  Жүсіп барлық ағаларының да беттерінен сүйіп, құшақтап жылады. Бұдан кейін ағалары онымен сөйлесе бастады.
Gene Kaz 45:16  Жүсіптің бауырлары келіпті деген хабар сарайға жеткенде, перғауын мен оның нөкерлері бұған қуанып қалды.
Gene Kaz 45:17  Патша Жүсіпке:— Сен бауырларыңа мынаны айт: «Есектеріңе астық артып алып, Қанахан еліне тартыңдар.
Gene Kaz 45:18  Сонан соң әкелерің мен отбасыларыңды алып, маған келіңдер. Сендерге жердің өнімін жеу үшін Мысыр елінің ең жақсы бөлігін беремін».
Gene Kaz 45:19  Оларға міндетті түрде тағы да былай де: «Әйелдеріңе, балаларыңа арнап Мысырдан күймелер ала кетіп, әкелеріңді өз жұртымен осы жерге көшіріп әкеліңдер.
Gene Kaz 45:20  Ол жақтағы дүние-мүліктеріңді ойлап уайымдамаңдар, өйткені Мысырдың ең жақсысы сендердікі болады», — деді.
Gene Kaz 45:21  Исраилдің ұлдары бұл айтылғандармен келісті. Перғауынның бұйрығы бойынша Жүсіп оларға күймелер және жол азық берді.
Gene Kaz 45:22  Әрқайсысына бір-бірден шапан жауып, Буняминге үш жүз мысқал күміс және бес әдемі шапан сыйлады.
Gene Kaz 45:23  Ал әкесіне арнап он есекке артып, Мысырдың ең жақсы заттарын, тағы он ұрғашы есекке тиеп, астық, нан, жол азық жіберді.
Gene Kaz 45:24  Жүсіп ағаларымен қоштасып, сапарға шығарып салды. Кетерінде оларға: «Жолда бір-біріңмен ұрсыспаңдар!» — деп ескертті.
Gene Kaz 45:25  Олар Мысырдан шығып, Қанахан еліне әкелері Жақыпқа келгенде,
Gene Kaz 45:26  оған: «Жүсіп тірі екен! Ол — бүкіл Мысырдың әміршісі!» — деген хабарды жеткізді. Ал ұлдарының айтқандарына сенетіндей Жақыптың жүрегі бүлк етпеді.
Gene Kaz 45:27  Олардан Жүсіптің сөздерінің бәрін естіп, оның жіберген күймелерін көргеннен кейін ғана Жақып (Исраил) рухтанып:
Gene Kaz 45:28  «Көзім жетті: ұлым Жүсіп әлі тірі екен. Мен сонда барып, оны өлмей тұрғанымда көріп қалайын!» — деп шешті.
Chapter 46
Gene Kaz 46:1  Сонымен Исраил өзінің қасындағы барлық жұртын мал-мүліктерімен ертіп алып, жолға шықты. Ол Бер-Шебаға келгенде әкесі Ысқақ сиынған Құдайға арнап құрбандық жасады.
Gene Kaz 46:2  Сонда Құдай оған түнде аян беріп:— Жақып! Жақып! — деп шақырды. Ол:— Тыңдап тұрмын, — деп жауап қатты.
Gene Kaz 46:3  — Мен Құдаймын, әкең мойынсұнған Тәңірмін. Мысырға көшіп барудан қорықпа, сенен сол жерде бір үлкен халық өрбітіп таратамын.
Gene Kaz 46:4  Мен саған Мысырда да жар болып, сендерді қайтадан Қанахан еліне Өзім алып келемін. Қайтыс болғанда көзіңді жұмғызатын Жүсіп болады, — деді.
Gene Kaz 46:5  Осылай Жақып Бер-Шебадан жолға шықты. Ұлдары оның өзін де, олардың балалары мен әйелдерін де перғауын жіберген күймелерге отырғызды.
Gene Kaz 46:6  Жақып пен оның үрім-бұтағы — ұлдары мен немере ұлдары, қыздары мен немере қыздары барлығы да Қанахан елінде жинап алған малдары мен дүние-мүліктерін алып, Мысырға көшіп барды.
Gene Kaz 46:7  Жақып пен оның үрім-бұтағы — ұлдары мен немере ұлдары, қыздары мен немере қыздары барлығы да Қанахан елінде жинап алған малдары мен дүние-мүліктерін алып, Мысырға көшіп барды.
Gene Kaz 46:8  Мысырға көшіп барған Исраилдің (яғни Жақыптың) ұлдарының аттары төмендегідей:Жақыптың тұңғыш ұлының аты Рубен.
Gene Kaz 46:9  Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми.
Gene Kaz 46:10  Шимонның ұлдары: Емуел, Ямин, Яхин, Сохар, Саул; Саул қанахандық әйелден туған еді.
Gene Kaz 46:11  Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари.
Gene Kaz 46:12  Яһуданың ұлдары: Ер, Онан, Шелах, Парес, Зарах. Ер мен Онан Қанахан жерінде қайтыс болған еді. Парестің ұлдары: Хесрон мен Хамул.
Gene Kaz 46:13  Исашардың ұлдары: Тола, Пуа, Ишоб, Шимрон.
Gene Kaz 46:14  Забулонның ұлдарының аттары: Серед, Елон, Яхлел.
Gene Kaz 46:15  Бұлар Лияның Жақыпқа солтүстік Месопотамияда туып берген ұлдары. Дина есімді қыздары да сол жерде дүниеге келді. Барлығын қосқанда Жақып пен Лиядан тарағандар отыз үш ұрпақ болды.
Gene Kaz 46:16  Ғадтың ұлдары: Сифион, Хаги, Шуни, Езбон, Ери, Ароди, Арели.
Gene Kaz 46:17  Аширдың ұлдары: Имна, Ишуах, Ишуи, Бериях, ал қызы — Серах. Берияхтың ұлдары: Хебер мен Малхиел.
Gene Kaz 46:18  Бұлар Лабанның қызы Лияға күтуші күң ретінде берген Зилпаның ұлдары; Зилпадан Жақыптың он алты ұрпағы тарады.
Gene Kaz 46:19  Жақыптың әйелі Рахиланың ұлдарының аттары: Жүсіп пен Бунямин.
Gene Kaz 46:20  Мысырда Жүсіптің Манаса мен Ефрем есімді ұлдары дүниеге келді. Бұларды Он қаласындағы діни қызметкер Потифердің қызы Асенет туды.
Gene Kaz 46:21  Буняминнің ұлдары: Бела, Бехер, Ашбел, Гера, Нағыман, Ехи, Рош, Мупім, Хупим, Ард.
Gene Kaz 46:22  Бұлар Рахиланың Жақыпқа туып берген ұлдары мен олардан тарағандар — барлығы он төрт ұрпақ.
Gene Kaz 46:24  Нафталимның ұлдары: Яхсиел, Гуни, Есер және Шилем.
Gene Kaz 46:25  Бұлар — Лабан өзінің қызы Рахилаға күтуші күңі ретінде берген Балханың ұлдары; Балхадан Жақыптың жеті ұрпағы тарады.
Gene Kaz 46:26  Жақыпқа еріп Мысырға көшіп барған ұрпақтары, келіндерін қоспағанда, алпыс алты жан еді.
Gene Kaz 46:27  Жүсіптің Мысырда туған ұлдары екеу. Осылайша Жақыптың Мысырға көшіп келген бүкіл үрім-бұтағының жалпы саны өзін қосқанда жетпіс болды.
Gene Kaz 46:28  Гөшендегі қоныстарын көрсету үшін Жақып Жүсіпке алдын ала Яһуданы жіберді. Осылайша көш Гөшен аймағына жетіп,
Gene Kaz 46:29  Жүсіп те күймесін жегіп, әкесі Исраилді қарсы алу үшін Гөшенге қарай беттеді. Әкесін көргенде оны мойнынан құшақтап тұрып ұзақ жылады.
Gene Kaz 46:30  Исраил Жүсіпке: «Енді мен өлсем де болады, сенің тірі екеніңе көзім жетті», — деді.
Gene Kaz 46:31  Ақырында Жүсіп бауырларына және әкесінің үйіндегі адамдарға былай деді:— Мен перғауынға барып, мынаны айтпақпын: «Қанахан елінен маған бауырларым және әкемнің үй іші көшіп келді.
Gene Kaz 46:32  Олар бақташылар, сондықтан ірілі-ұсақты малдары мен дүние мүліктерінің бәрін өздерімен бірге ала келді».
Gene Kaz 46:33  Егер перғауын сендерді өзіне шақырып, кәсіптерің туралы сұрай қалса,
Gene Kaz 46:34  сендер: «Уа, тақсыр ие, біз ата-бабаларымыз сияқты бала кезімізден бері мал бағушылармыз» деп жауап беріңдер. Сонда ол сендерге Гөшен аймағында қалуға рұқсат береді. Өйткені мысырлықтар үшін ұсақ мал бағушылар жиіркенішті, — деді.
Chapter 47
Gene Kaz 47:1  Жүсіп перғауынға барып, былай деп мәлімдеді: «Әкем мен бауырларым ірілі-ұсақты малдарымен, бар дүние-мүлкімен Қанахан елінен көшіп келді. Қазір олар Гөшен аймағында».
Gene Kaz 47:2  Жүсіп ертіп апарған бес бауырын перғауынға таныстырды.
Gene Kaz 47:3  Патша оның бауырларынан:— Мамандықтарың қандай? — деп сұрады. Олар:— Уа, тақсыр ие, біз ата-бабаларымыз сияқты ұсақ мал бағушылармыз.
Gene Kaz 47:4  Бұл жерге жат жұрттық болып тұруға келіп жатырмыз. Қанаханда аштық қатты үдеп кеткендіктен малдарымызға жайылатын өріс қалмады. Сол себепті Гөшенде тұрып қалуымызға рұқсат бере көріңіз, — деп жауап берді.
Gene Kaz 47:5  Перғауын Жүсіпке былай деп бұйырды:— Әкең, бауырларың саған келіп жатыр.
Gene Kaz 47:6  Мысыр елі сендер үшін ашық. Әкең мен бауырларыңды елдің ең жақсы жеріне қоныстандыр: олар Гөшен аймағын мекендесін! Араларында кәсібіне ерекше ұқыпты адамдардың бар екенін білсең, соларды менің малдарымның үстінен қарайтын аға бақташылар етіп тағайында!
Gene Kaz 47:7  Мұнан соң Жүсіп әкесін ертіп келіп, перғауынға таныстырды. Жақып онымен амандасқан соң,
Gene Kaz 47:8  перғауын:— Сіз нешедесіз? — деп сұрады.
Gene Kaz 47:9  Ол:— Мен жүз отыз жыл жат жұрттық болып өмір сүріп келемін. Өмірімнің жылдары әрі аз, әрі азапқа толы болды. Олар аталарымның бөтен елде көшіп-қонып жүріп жасаған жылдарынан әлдеқайда аз, — деп жауап қатты.
Gene Kaz 47:10  Содан Жақып перғауынға батасын беріп, қасынан шығып кетті.
Gene Kaz 47:11  Сонымен Жүсіп әкесі мен аға-інілерін Мысырға қоныстандырып, перғауын айтқан Рамсес қаласының төңірегіндегі ең жақсы жерді олардың меншігі етіп пайдалануға берді.
Gene Kaz 47:12  Жүсіп әкесін, бауырларын, әкесінің үй ішін түгелімен әр отбасының қажетіне қарай астықпен де қамтамасыз етті.
Gene Kaz 47:13  Барлық елде астық қалмады. Жұттың өте қатты болғаны сондай, Мысыр мен Қанахан елдері аштықтан құрып кете жаздады.
Gene Kaz 47:14  Содан олардың тұрғындары астық сатып алу үшін қолындағы бар ақшаларын Жүсіпке өткізді. Ол бұл қаржыларды жинап, перғауынның сарайына апарды.
Gene Kaz 47:15  Мысыр мен Қанахандағы жұрттың ақшасы сарқылғанда, мысырлықтар түгелдей Жүсіпке келіп:— Бізге астық бере көріңіз. Біз неге сіздің көз алдыңызда аштан қырылмақпыз? Ал ақшамыз таусылды, — деп өтінді.
Gene Kaz 47:16  Жүсіп оларға:— Ақшаларың таусылса, малдарыңды әкеліңдер. Мен оларды астыққа айырбастап беремін, — деді.
Gene Kaz 47:17  Сонда олар малдарын айдап келіп, Жүсіп оларға жылқыларының, ірілі-ұсақты малдары мен есектерінің орнына астық берді. Сол жылы оларды барлық малдарының есебінен астықпен қамтамасыз етті.
Gene Kaz 47:18  Олар Жүсіпке келесі жылы да келіп, былай деп өтініш жасады:— Уа, тақсыр, біз ақшамыздың біткенін ғана емес, сонымен қатар малымыздың да иеміздікі болғанын ашық мойындаймыз. Бізде иемізге ұсынатын жеке басымыз бен жерімізден басқа түк те қалмады.
Gene Kaz 47:19  Неге сіздің көз алдыңызда өзіміз де, жеріміз де құрып кетуге тиіспіз? Бізді және егіндіктерімізді астыққа сатып алыңыз, осылай перғауынның меншігіне айналамыз. Бізді өлмей, тірі жүрсін, жеріміз қаңырап бос қалмасын десеңіз, тұқым бере көріңіз.
Gene Kaz 47:20  Содан Жүсіп Мысырдың бүкіл егіндік жерін перғауынға сатып алды. Аштық қысқан мысырлықтардың әрқайсысы егіндігін сатып, жер перғауынның меншігіне көшті.
Gene Kaz 47:21  Осылай Жүсіп Мысырдың о шеті мен бұ шетіндегі халқын түгел құлға айналдырды.
Gene Kaz 47:22  Жүсіп тек діни қызметкерлердің жерлерін ғана сатып алмады. Олар перғауыннан үздіксіз алып тұрған жалақыларымен күнелткендіктен, жерлерін сатуға мәжбүр болмады.
Gene Kaz 47:23  Жүсіп халыққа:— Сонымен мен бүгін өздеріңді, сондай-ақ егістік жерлеріңді де перғауын үшін сатып алдым. Енді сендерге жерге себетін тұқым үлестіремін.
Gene Kaz 47:24  Бұдан былай сендер түскен өнімнің бестен бірін перғауынға салық ретінде беруге тиіссіңдер. Қалған төрт бөлігі себілетін тұқым әрі отбасыларыңның жейтін тамағы ретінде өздеріңде қалсын, — деп жариялады.
Gene Kaz 47:25  Сонда халық:— Сіз өмірімізді сақтап қалдыңыз. Бізге қожайынымыздың рақымы түссе екен дейміз. Енді перғауынның басыбайлы қызметшілері боламыз, — деп мақұлдады.
Gene Kaz 47:26  Осылайша Жүсіп мысырлықтар үшін жинаған өнімдерінің бестен бірін перғауынға беруді заңға айналдырды. Бұл заң күні бүгінге дейін күшінде. Тек діни қызметкерлердің жерлері ғана перғауынның меншігіне кірмей қалды.
Gene Kaz 47:27  Исраилдіктер Мысырдағы Гөшен аймағына көшіп келіп, орнығып алған соң, өсіп-өніп, қатты көбейді.
Gene Kaz 47:28  Жақып Мысыр елінде он жеті жыл тұрып, жасы жүз қырық жетіге жетті.
Gene Kaz 47:29  Ажалы жақындағанда ол баласы Жүсіпті шақыртып алып, оған былай деді:— Маған жақсылық жасағың келсе, қолыңды жамбасымның астына қойып тұрып мынадай уәде бер: сен менің сүйегімді Мысырда қалдырмайсың. Маған деген сүйіспеншілігің мен адалдығыңның белгісі сол болсын.
Gene Kaz 47:30  Мен ата-бабаларымның қасына аттанғаннан кейін сүйегімді Мысырдан әкетіп, олар жатқан қабірге апарып қоярсың! — Жүсіп:— Айтқаныңызды орындаймын, — деп сөз берді.
Gene Kaz 47:31  Жақып:— Маған антыңды бер! — деген соң Жүсіп оған ант берді. Сонда Исраил таяғының басына сүйеніп тұрып Құдайға ғибадат етті.
Chapter 48
Gene Kaz 48:1  Біраз уақыт өткенде Жүсіпке «Әкең ауырып жатыр» деген хабар жетті. Жүсіп ұлдары Манаса мен Ефремді ертіп алып, әкесінің қасына барды.
Gene Kaz 48:2  Жақыпқа «Сізге ұлыңыз Жүсіп келе жатыр» дегенде, ол күшін жинап, төсегінде басын көтеріп отырды.
Gene Kaz 48:3  Содан Жақып ұлына тіл қатып былай деді:— Құдіреті шексіз Құдай маған Қанахан жеріндегі Лұзда аян беріп батасын берген болатын.
Gene Kaz 48:4  Сонда ол маған мынадай сөздер айтты: «Мен сені ұрпақты етіп көбейтемін, топ-топ руларға айналдырамын. Осы елді сенің ұрпақтарыңның тұрақты меншігіне беремін».
Gene Kaz 48:5  Ал енді, мен саған келмей тұрғанда Мысыр елінде туған сенің екі ұлың менікі. Ефрем мен Манаса екеуі де Рубен, Шимон сияқты өзімнің ұлдарым болады.
Gene Kaz 48:6  Кейінірек туатын балаларың сенікі болмақ. Алайда олардың ұрпақтары өз үлестеріне тиген жерлерінде ағалары Ефрем мен Манасаның аттарымен аталатын болады.
Gene Kaz 48:7  Мен солтүстік Месопотамиядан қайтып келе жатып, Қанахан еліндегі Ефратаға таяу қалғанда Рахила қайтыс болды. Мен оны жоқтап, сол жерде, Ефратаға бара жатқан жолдың бойында, қабірге қойдым. — Сол Ефратаның бүгінгі аты Бетлехем.
Gene Kaz 48:8  Исраил Жүсіптің ұлдарына қарап:— Мыналар кімдер? — деп сұрады.
Gene Kaz 48:9  — Бұлар Құдай маған сыйлаған екі ұлым.— Маған жақындатшы, оларға батамды берейін.
Gene Kaz 48:10  Қартайғандықтан Исраилдің көздері нашар көретін еді. Жүсіп ұлдарын әкесіне жақындатып, ол немерелерін беттерінен сүйіп, құшақтады.
Gene Kaz 48:11  Жүсіпке:— Өзіңнің жүзіңді қайта көруден үмітім үзілген еді. Ал Құдай маған тіпті ұлдарыңды да көруге бұйыртты, — деді.
Gene Kaz 48:12  Жүсіп әкесінің алдында отырған ұлдарын оның құшағынан босатып алып, оған жерге дейін бас иіп тағзым етті.
Gene Kaz 48:13  Ол оң қолымен Ефремді ұстап Исраилдің сол жағына, ал Манасаны сол қолымен ұстап оның оң жағына апарып тұрғызды.
Gene Kaz 48:14  Алайда Исраил оң қолын кенжесі болса да Ефремнің басына, ал сол қолын тұңғыштығына қарамастан Манасаның басына қойып тұрып, екі қолын айқастырып ұстады.
Gene Kaz 48:15  Исраил Жүсіпке батасын беріп тұрып былай деді:— Аталарым Ыбырайым мен Ысқақ Құдайдың көз алдында ғұмыр кешті. Құдай менің де өмір бойы бүгінге дейін Қорғанышым болып келеді.
Gene Kaz 48:16  Ол — барлық апаттан мені құтқарып келген Хабаршы, енді мына балаларды да жарылқай көрсін! Менің атым және аталарым Ыбырайым мен Ысқақтың аттары осылар арқылы жалғаса беріп, олар жер бетінде кереметтей көбейсін!
Gene Kaz 48:17  Әкесі оң қолын Ефремнің төбесіне қойғаны Жүсіпке ұнамады. Сондықтан ол оң қолын Ефремнің басынан алып, Манасаның төбесіне қоймақшы болып:
Gene Kaz 48:18  — Әке, олай емес! Тұңғышы мынау, оң қолыңызды соның басына қойыңыз, — деді.
Gene Kaz 48:19  Бірақ әкесі бұған қарсы шығып:— Ұлым, мен оны өзім де білемін. Бұдан да халық шығып, ол да атақты болады. Бірақ оның інісі ағасынан да ұлы болып, оның ұрпақтарынан топ-топ рулар тарайды, — деді.
Gene Kaz 48:20  Жақып оларға батасын беріп тұрып: — Исраилдің ұрпағы бата бергенде сенің атыңды атап, «Құдай сені Ефрем мен Манасадай қылсын!» деп айтатын болады, — деді. Осылайша ол Ефремді Манасадан жоғары қойды.
Gene Kaz 48:21  Содан кейін Исраил Жүсіпке:— Біліп ал: жақында мен бұ дүниеден кетемін. Бірақ Құдай жар болып, сендерді аталарыңның жеріне қайтарады.
Gene Kaz 48:22  Мен семсер-садағыммен аморлықтардың қолынан тартып алған қыратты жерімді ағаларыңның озаты ретінде саған арнап қалдырамын, — деді.
Chapter 49
Gene Kaz 49:1  Жақып ұлдарын шақыртып алып былай деді:— Бәрің келіңдер, мен сендерге болашақта неге ұшырайтындарыңды айтып берейін:
Gene Kaz 49:2  Жақыптың ұлдары, жиналыңдар,Әкелерің Исраилге құлақ салыңдар!
Gene Kaz 49:3  Рубен, сен тұңғышымсың, менің күшімсің,Һәм күш-қуатымның алғашқы белгісісің!Сен құрметтеліп, билік жүргізуге лайықсың,
Gene Kaz 49:4  Бірақ тасыған судай шектен тыс астың:Сен әкеңнің төсегін аттап, арамдадың,Содан тұңғыштық жолыңнан айырылдың!
Gene Kaz 49:5  Ағайынды жігіттер Шимон және Леуі:Кісі өлтіргіш қарулар — семсерлері.
Gene Kaz 49:6  Ақыл-кеңестеріне ортақтығым жоқ,Қабылдаған шешімдеріне де қатысым жоқ!Олар ашуға беріліп, құртты адамның көзін,Қызық үшін бұқаның кесті тілерсегін.
Gene Kaz 49:7  Сол екеуінің жауыз ашу-ызасынҚарғыс атсын һәм рақымсыз қаһарын!Сендерді Исраилдің ішіне бытыратамын,Жақыптың халқының арасына таратамын.
Gene Kaz 49:8  Яһуда, сені бауырларың мадақтайды!Қолың жауыңның желкесінен түспейді,Әкеңнің ұлдары саған бас иеді.
Gene Kaz 49:9  Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың!Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың:Ол еркек арыстан құсап қомданады,Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады;Оны мазалауға кімнің батылы барады?
Gene Kaz 49:10  Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды,Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды,Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында,Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да!
Gene Kaz 49:11  Яһуда есегін мықты жүзім бұтасына,Қодығын байлап қояды жүзім сабағына.Ол өз шапанын жүзім шарабына,Киімін жуатын болады жүзім шырынына.
Gene Kaz 49:12  Көзінің түсі шараптан жылтырақ,Тістері сүттен де аппақ болмақ.
Gene Kaz 49:13  Забулон теңіздің жағалауындағыКеме тоқтайтын аймақта тұрады,Шекарасы Сидонға дейін созылады.
Gene Kaz 49:14  Исашар мықты есектей болады,Екі қоржынның арасына орнығады.
Gene Kaz 49:15  Ол дем алуды қатты ұнатады,Өз жерінің ұнамды екенін байқап,Иығын жүк артуға ыңғайлап,Басыбайлы қызметшіге айналады.
Gene Kaz 49:16  Дан Исраилдің бір руы болады,Халқына төрелік айтады.
Gene Kaz 49:17  Дан жол жиегіндегі жылан тәрізді,Жолда жатқан сұр жылан секілді,Ол атты өкшесінен шаққандаСоған мінген құлайды артқа.
Gene Kaz 49:18  О, Жаратқан Ие, бар пәледенҚұтқаруыңды зарыға күтемін мен!
Gene Kaz 49:19  Тонаушылар тобы шабуылдап Ғадты ығыстырады,Бірақ ол барлық жауларын да өкшелеп тықсырады.
Gene Kaz 49:20  Ашир азық-түлікке лайым бай болады,Ол патшаға лайықты дәмді тағам шығарады.
Gene Kaz 49:21  Нафталим жедел жүрісті елік секілді,Ол, сондай-ақ, сүйкімді сөздердің иесі.
Gene Kaz 49:22  Жүсіп — мол жеміс беретін жүзім бұтасы,Ол бұлақ басында өсіп-өніп тұрады,Сабақтары дуалдан асып шығады.
Gene Kaz 49:23  Дұшпандары ызаландырып шабуыл жасады,Оқ атқан садақшылардай қастық жасады.
Gene Kaz 49:24  Бірақ үнемі керулі оның садағы,Керемет епті қарулы қолдары.Оны Жақып сиынған құдіретті Құдайы —Исраилді қолдап жүретін БағушысыӘрі жылжымас Жартасы қорғайды.
Gene Kaz 49:25  Иә, әкеңнің Құдайы өзіңді қолдайды!Құдіреті шексіз Құдай сені аспаннанБар жақсылықтармен жарылқасын әрқашан!Шыңырау бұлақтарын молынан ағызсын,Сәби мен төлді көп қып, аққа тойғызсын!
Gene Kaz 49:26  Лайым әкеңнің берген осы баталарыАтам заманнан тұрған таулардан,Көне қырлардан үміт еткен баталарданӘлдеқайда асып түсе берсін!Бұл баталарым төбесіне Жүсіптің —Бауырларының ішінен таңдаулыныңБасына әрдайым қона берсін!
Gene Kaz 49:27  Бунямин жыртқыш қасқырға ұқсайды:Таң ата аулаған аңын жалмайды,Кешкісін де олжасын бөлісіп тояды.
Gene Kaz 49:28  Осылайша Жақып он екі ұлының бәріне сөзін арнады. Әрқайсысына өзіне сай келетін ерекше батасын беріп, болашақта олардан тарайтын Исраилдің он екі руы туралы айтып берді.
Gene Kaz 49:29  Содан кейін Жақып ұлдарына былай деп өсиеттеді:— Мен жуырда ата-бабаларымның қасына аттанамын. Менің сүйегімді хеттік Ефронның егістігіндегі үңгірге апарып қойыңдар!
Gene Kaz 49:30  Бұл үңгір Қанахан елінде, Мамренің қасындағы Махпела егістігінде орналасқан. Оны Ыбырайым зират үшін жерімен қоса хеттік Ефроннан сатып алған болатын.
Gene Kaz 49:31  Сол қабірге марқұм Ыбырайым мен әйелі Сара, Ысқақ пен әйелі Рабиға қойылды. Соған мен Лияның мәйітін де апарып қойдым.
Gene Kaz 49:32  Жер танабы мен ондағы үңгір — хеттіктерден сатып алынған меншігіміз.
Gene Kaz 49:33  Жақып ұлдарына осы өсиет сөздерін айтып болысымен қайтадан төсегіне жайғасты. Бұдан кейін о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды.
Chapter 50
Gene Kaz 50:1  Сонда Жүсіп әкесін бас салып құшақтап, жылап бетінен сүйді.
Gene Kaz 50:2  Содан кейін ол өзіне қызмет жасап жүрген дәрігерлерге әкесінің денесіне май дәрі жағып бальзамдауға бұйырды. Олар Исраилдің мәйітіне қырық күн бойы хош иісті май дәрілер жақты,
Gene Kaz 50:3  себебі бальзамдау үшін осыншама уақыт керек болатын. Мысырлықтар да Жақыпты жетпіс күн бойы жоқтап аза тұтты.
Gene Kaz 50:4  Қаралы күндер аяқталғанда Жүсіп перғауынның уәзірлеріне:— Маған мейірімділік көрсетіп, перғауынға мынаны жеткізіңдер:
Gene Kaz 50:5  әкем марқұм көзі тірісінде маған: «Біліп ал, мен жуырда өлемін. Сүйегімді өзім Қанахан жерінде дайындап қойған қабірге апарып қоярсың!» деп өсиеттеп, осылай істеуге менен ант алған еді. Сондықтан енді әкемнің мәйітін қабірге қою үшін сол жерге барып, қайтып келейін, — деп өтініш жасады.
Gene Kaz 50:6  Мұны естіген перғауын Жүсіпке:— Әкеңе берген антыңа сай сол жаққа барып, сүйегін зиратқа қойып қайт! — деп рұқсатын берді.
Gene Kaz 50:7  Сонымен Жүсіп жолға шықты. Оған перғауынның бүкіл нөкерлері — сарайындағы уәзірлері және Мысыр елінің рубасылары түгел ерді.
Gene Kaz 50:8  Бұлармен бірге Жүсіптің үй іші, аға-інілері және әкесінің үйіндегі барлық адамдар ілесті. Гөшен елінде тек бала-шағалары мен ірілі-ұсақты малдары ғана қалды.
Gene Kaz 50:9  Күймелер, салт аттылар да Жүсіппен бірге жүрді. Осылай бәрі үлкен көшке айналды.
Gene Kaz 50:10  Олар Иордан өзенінің арғы жағында орналасқан Горен-Ғатадқа жеткен соң жеті күн бойы марқұмды зор қастерлеп еңіреп жылап жоқтады.
Gene Kaz 50:11  Жергілікті қанахандықтар Горен-Ғатадтағы жоқтауды көріп: «Мысырлықтар үлкен жоқтау жасап жатыр», — десті. Сол себепті Иорданның ар жағындағы бұл жер Әбел-Мысраим («Мысырлықтардың жоқтауы») деп аталып келеді.
Gene Kaz 50:12  Ал Жақыптың ұлдары әкелерінің айтқан өсиетін орындап,
Gene Kaz 50:13  оның сүйегін Қанахан еліне, Ыбырайымның өз отбасының меншікті зираты ретінде хеттік Ефроннан сатып алған, Мамренің қасындағы Махпела егістігінде орналасқан үңгірге апарып қойды.
Gene Kaz 50:14  Мұнан соң Жүсіп бауырларымен және өзіне еріп келген барлық адамдарымен Мысырға қайтып кетті.
Gene Kaz 50:15  Әкелері өлген соң Жүсіптің ағалары бір-біріне: «Егер Жүсіп өзіне істеген жаман қылықтарымыз үшін бізден кек алатын болса қайтеміз?» — десті.
Gene Kaz 50:16  Сол себепті олар Жүсіпке былай деп сәлем айтты:— Сіздің әкеңіз өлер алдында бізге мынаны тапсырып кетті:
Gene Kaz 50:17  «Сендер Жүсіптен ағаларыңның өзіңе жасаған күнәлары мен жауыздық әрекеттерін кешіре гөр деп сұраңдар!» Енді сіз әкеңіз сиынатын Құдайдың біздей құлдарының күнәларын кешіре көріңіз! — Жүсіп бұл сөзді естігенде жылап қоя берді.
Gene Kaz 50:18  Содан кейін ағалары Жүсіпке өздері келіп:— Сіздің құлдарыңызбыз, — деп, оның алдына жерге бас ұра жығылды.
Gene Kaz 50:19  Ал Жүсіп оларға:— Қорықпаңдар! Мен Құдайдың орнында емеспін ғой.
Gene Kaz 50:20  Сендер маған жамандық ойладыңдар, бірақ Құдай мұның бәрін жақсылыққа соқсын деп, осы арқылы көп адамдарды аштан өлуден аман сақтап қалуға ниет етті. Ол солай болды да.
Gene Kaz 50:21  Сондықтан қорықпаңдар, мен сендерге де, балаларыңа да қамқор боламын, — деді. Осылай жылы сөйлесіп, ағаларының көңілдерін орнықтырды.
Gene Kaz 50:22  Жүсіп Мысырда әкесінің үй ішімен бірге тұрып, жүз он жасқа келді.
Gene Kaz 50:23  Ол Ефремнің үшінші ұрпағынан шөпшек ұлдарын да көріп, Манасадан туған Махирдың ұлдарын бауырына басты.
Gene Kaz 50:24  Жүсіп бауырларына: «Мен жуырда дүниеден қайтамын. Алайда Құдай рақымшылық жасап, сендерді осы елден сөзсіз алып шығып, Өзі Ыбырайымға, Ысқаққа және Жақыпқа ант беріп, уәде еткен еліне бастап апаратын болады», — деді.
Gene Kaz 50:25  Сол себепті Жүсіп Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді ешбір шүбәсіз осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге осы жерден ала кетіңдер!» — деп өсиеттеді.
Gene Kaz 50:26  Жүсіп жүз онға жетіп, қайтыс болды. Оның бальзамдалған мәйіті табытқа салынып, Мысыр елінде сақталып қойылды.