Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
Chapter 1
Psal Kaz 1:1  Мынадай адам шынымен бақытты:Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
Psal Kaz 1:2  Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,Күні-түні сол туралы ойланады.
Psal Kaz 1:3  Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:Сол мерзімінде жемісін береді,Жапырақтары кеуіп те сембейді,Не істесе де, ол табысқа жетеді.
Psal Kaz 1:4  Ал құдайсыздарда солай болмайды,Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,
Psal Kaz 1:5  Құдай сотында ақтала алмайды,Әділдер қауымында орны болмайды.
Psal Kaz 1:6  Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.
Chapter 2
Psal Kaz 2:1  Неге халықтар жатыр бас көтеріп,Ұлттар іске аспайтын жоспарлар құрып?
Psal Kaz 2:2  Жаратқан мен Оның қойған патшасынаӘлемнің патшалары қарсы тұрып,Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп:
Psal Kaz 2:3  «Бізге салған шынжырларын сындырып,Бұғауларынан құтылайық лақтырып!»
Psal Kaz 2:4  Көктегі тағында отырған Құдай күледі,Солардың ойларын Жаратқан келекелейді,
Psal Kaz 2:5  Содан ашулана зекіп, тіл қатады,Қаһар шашып, зәрелерін ұшырады:
Psal Kaz 2:6  «Киелі тауым Сионда Мен ӨзімОсы патшамды тағайындаған едім!»
Psal Kaz 2:7  Паш етейін Жаратқанның жарлығын:«Рухани ұлымсың, — деді Ол маған.— (Өзіңді патшалыққа тағайындап)Мен бүгінгі күні Әке болдым саған.
Psal Kaz 2:8  Менен сұра, сонда иелігіңе сеніңХалықтарды мәңгілікке беремін,Шартарапты қол астыңа өткіземін.
Psal Kaz 2:9  Сен жауларды темір таяқпен ұрасың.Лақтырып сындырғандай қыш ыдыстарын,Талқандап құртасың өз қиқарлықтарын».
Psal Kaz 2:10  Енді, патшалар, ақылға келіңдер,Әлемнің билері, шындықты түсініңдер!
Psal Kaz 2:11  Жаратқан Иені терең қастерлеңдер,Қуана бой ұрып қызмет етіңдер!Һәм дірілдеп күнәдан шошыныңдар,
Psal Kaz 2:12  Ұлының аяғын сүйіп бағыныңдар!Әйтпесе Ол кәрленіп, көздеріңді құртпақ,Ашуы лезде жалындай лауламақ.Ал Оған сенгендер бақытты болмақ.
Chapter 3
Psal Kaz 3:1  (Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.)
Psal Kaz 3:2  Уа, Ием, жауларым сонша көбейді,Көп адам маған қарсы көтерілді.
Psal Kaz 3:3  Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні»Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.
Psal Kaz 3:4  Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің,Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.
Psal Kaz 3:5  Жаратқанға дауыстап жалынам,Ол жауап береді киелі тауынан.
Psal Kaz 3:6  Орныма жатып, ұйықтаймын бейқам,Содан оянып, тұрамын қайтадан,Себебі мені қорғайды Жаратқан.
Psal Kaz 3:7  Мен қорықпаймын өзіме жан-жақтанҚарсы шыққан мыңдаған жауларымнан.
Psal Kaz 3:8  Уа, Ием, көтеріліп қарсы тұрсаңшы,О, Құдайым, мені құтқарсаңшы!Сен жағынан ұрып күллі жауларымды,Күшінен айырасың сол зұлымдарды.
Psal Kaz 3:9  Уа, Жаратқан, Құтқарушымыз Сенсің,Батаңды төге гөр халқыңа Өзіңнің.
Chapter 4
Psal Kaz 4:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 4:2  Уа, Құдай, мені ақтаушы Өзіңсің,Сиынғанымда Сен құлақ сала гөр.Мені қысымшылықтан азат еттің,Қазір де рақыммен құлақ түре гөр.
Psal Kaz 4:3  Әй, пенделер, сендер абыройымдыҚашанғы қорлап төге бермексіңдер?Жақсы көріп құр сөз бен бос істерді,Қашанғы өтірікке ермексіңдер?
Psal Kaz 4:4  Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады,Жалбарынсам, Ием құлақ асады.
Psal Kaz 4:5  Ашуланғанда күнә жасамаңдар,Төсекте жатқанда ойланып-толғаныңдар,Жүрек түкпірін тексеріп, тынығыңдар!
Psal Kaz 4:6  Жаратқанға лайықты тарту арнаңдар,Оған сенім артып, мойынсұныңдар!
Psal Kaz 4:7  «Кім бізге жақсылық жасар?» деп сұрап,Күдік келтіреді көптеген кісілер.Уа, Жаратқан, жылы шыраймен қарап,Бет-жүзіңнің нұрын бізге төге гөр.
Psal Kaz 4:8  Молайса нан менен жүзім шырыны,Саған сенбейтіндер масаттанады.Менің жүрегімді Өзің шаттандырдың,Соншама зор қуанышқа толтырдың.
Psal Kaz 4:9  Уа, Жаратқан, мен төсегіме жатыпҰйықтаймын енді қаннен-қаперсіз,Өйткені Өзің маған бердің сыйлапТыныш өмірді қауіп-қатерсіз.
Chapter 5
Psal Kaz 5:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сыбызғылардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 5:2  Уа, Жаратқан Ием, сөзіме құлақ түре гөр,Қасіретті ойларыма көңіл бөле гөр,
Psal Kaz 5:3  Құлақ салсаңшы дауысыма зар жылаған,О, Патшам, Құдайым менің, сиынамын Саған.
Psal Kaz 5:4  Уа, Ием, ертеңгісін ести гөр дауысымды,Таң ата алдыңа келіп, күтемін жауабыңды.
Psal Kaz 5:5  Себебі Сен, Құдайым, зұлымдықты құптамайсың,Жамандық атаулыны қасыңа жолатпайсың.
Psal Kaz 5:6  Мақтаншақтар тұра алмас көз алдыңда Сенің,Заңсыздық істейтіндердің бәрін жек көресің.
Psal Kaz 5:7  Өтірік айтқандардың көзін құртып жібересің,Уа, Ием, Сен қанішер, опасыздан жиренесің.
Psal Kaz 5:8  Ал мен мол рақымыңның арқасындаӨзіңнің киелі үйіңе кіремін,Қасиетті ғибадатханаңның алдындаӨзіңді терең қастерлеп бас иемін.
Psal Kaz 5:9  О, Ием, мені Өзіңнің тура жолыңменЖауларыма бола бастап алып жүрші,Жолыңды Өзің маған белгілегенАлдымнан анықтап, тегістеп берші.
Psal Kaz 5:10  Себебі жауларымның сөздерінде жоқ шындық,Жүректерінде ағыл-тегіл мол зұлымдық,Арандары олардың көрдей ашық,Майда тілдерімен айтады жалғандық.
Psal Kaz 5:11  Уа, Құдайым, үкімдерін шығаршы,Құрған тұзақтарына өздерін құлатшы,Мол күнәлары үшін қуып шықшы,Өйткені олар Саған қарсы шықты.
Psal Kaz 5:12  Өзіңе үміт артқандар шаттансын,Лайым қуана мадақтап ән салсын.Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын,Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың.
Psal Kaz 5:13  Уа, Ием, Сен әділдерді жарылқайсың,Рақымыңмен қалқан іспетті қоршайсың.
Chapter 6
Psal Kaz 6:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 6:2  Уа, Ием, маған ызаланып сөге көрме,Қаһарланып мені жазалай көрме.
Psal Kaz 6:3  Әлсізбін, о, Ием, рақымды бола гөр,Дірілдеген денемді сауықтыра гөр.
Psal Kaz 6:4  Жан дүнием қатты арпалысады,Жол бересің, уа, Ием, бұған қашанғы?
Psal Kaz 6:5  Я, Ием, қайтып, жанымды құтқара гөр,Берік рақымыңмен аман сақтай гөр.
Psal Kaz 6:6  Өлгендер Сені естеріне алмас,Көрдегілер Сені мадақтамас.
Psal Kaz 6:7  Күрсіне ыңқылдап қатты шаршаймын,Түні бойы зар еңіреп жылаймын,Төсегімді көз жасыммен дымқылдаймын.
Psal Kaz 6:8  Осы қайғымнан көзім солып қалды,Көп жауыма бола көруден қалды.
Psal Kaz 6:9  Аулақ менен, бар зұлымдық жасайтындар!Ием құлақ түрді жылаған даусыма,
Psal Kaz 6:10  Жаратқан естіді жалынышымды,Иә, Ием қабылдайды мінажатымды.
Psal Kaz 6:11  Бар жауым үрейленіп масқаралансын,Кенеттен кері қайтып, қарабет болсын.
Chapter 7
Psal Kaz 7:1  (Бунямин руынан шыққан Құштың қылығы туралы Дәуіттің Жаратқан Иеге айтқан әні. Екпінді әуенмен айтылады.)
Psal Kaz 7:2  Уа, Құдай Ием, Сенен пана табам,Арашалай гөр мені қуғыншыларымнан.
Psal Kaz 7:3  Құтқарушым жоқ, жау мені быт-шыт қылады,Арыстандай паршалап, дал-дұлымды шығарады.
Psal Kaz 7:4  Уа, Құдай Ием, егер күнә істеген болсам,Яки қолыммен қылмыс жасаған болсам,
Psal Kaz 7:5  Бейбіт жолдасыма сатқындық жасағанНе дұшпанымды болсам себепсіз тонаған,
Psal Kaz 7:6  Онда жаулар мені қуып, ұстап алсын,Жанымды аяғымен жерге таптасын,Абыройымды топыраққа былғасын.
Psal Kaz 7:7  Уа, Жаратқан, қаһарлана көтеріле гөр,Жауларымның долдануына қарсы шыға гөр,Өзің бұйырғандай әділдік орната гөр,Мен үшін ендеше әрекеттене гөр.
Psal Kaz 7:8  Жиналып тұрсын халықтар айналаңа,Биіктен билік құршы қайтадан оларға.
Psal Kaz 7:9  Уа, Жаратқан, Сен халықтарды соттайсың,Мені ақтай гөр, Ием, әділ де адалмын.
Psal Kaz 7:10  Әділ Құдайым, жан дүниемізді сынайсың,Енді доғартсаңшы зұлымдардың сұмдығын,Әрі нығайтсаңшы әділдердің қорғанышын.
Psal Kaz 7:11  Алла Тағала мені қалқандай қорғайды,Шын жүректен адалды Ол аман сақтайды,
Psal Kaz 7:12  Құдай мәңгі әділ соттаушы болады,Тәңір күнде зұлымдарға ашуланады.
Psal Kaz 7:13  Егер адам бас тартпаса күнәсінен,Онда Құдай қайрайды өткір семсерін,Керіп, кезеніп дайындайды садағын,
Psal Kaz 7:14  Отқа қыздырады үшкір жебелерін,Сөйтіп даярлайды өлтіргіш қаруларын.
Psal Kaz 7:15  Міне, арамза адам зұлымдық ойлайды,Жан дүниесінде ол пәлені сақтайды,Содан өтіріктері оның туындайды.
Psal Kaz 7:16  Ол ор қазып, соны тереңдетіп дайындайды,Алайда сол тұзағына өзі кейін құлайды.
Psal Kaz 7:17  Осылай зұлымдығы өз басына келеді,Жауыздығы өзінің төбесіне түседі.
Psal Kaz 7:18  Жаратқанның әділдігін мадақтаймын,Алла Тағаланың есімін жырлаймын.
Chapter 8
Psal Kaz 8:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 8:2  Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,Бүкіл дүниеде әйгілі ӨзіңніңСондай айбынды да даңқты есімің!Көктен биік мерейіңді өсірдің.
Psal Kaz 8:3  Балалардың, кішкене бөбектердіңАузымен Өзіңді дәріптетесің.Дұшпандарыңа бола солай істейсің,Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.
Psal Kaz 8:4  Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа,Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарғаНазар аударған әрбір уақытымдаМынадай сұрақтар туады ойымда:
Psal Kaz 8:5  Өзің ескеретіндей адам сонша кім,Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
Psal Kaz 8:6  Оны көктегілерден сәл төмен қойдың,Құрмет, салтанатты оған тәждей сыйладың.
Psal Kaz 8:7  Сен адам баласын билеуші еттіңҚолыңнан шыққан бар жаратылысқа.Бәрін де оған бағындырып бердің:
Psal Kaz 8:8  Бүкіл ірілі-ұсақты малдарды да,Даладағы жабайы аңдарды да,
Psal Kaz 8:9  Самсаған құс пен судағы балықты,Теңіз ағыстарымен жүзгендердіТабыстадың Сен оның қол астына.
Psal Kaz 8:10  Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,Бүкіл дүниеде әйгілі ӨзіңніңСондай айбынды да даңқты есімің!
Chapter 9
Psal Kaz 9:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ұлдың қазасы» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 9:2  Уа, Жаратқан, шын жүректен Сені мадақтаймын,Жасаған кереметтеріңнің бәрін жариялаймын.
Psal Kaz 9:3  Ұдайы Саған қуанып шаттық ән шырқаймын,Уа, Хақ Тағала, есіміңді Сенің жырлаймын.
Psal Kaz 9:4  Жауларым шегініп, кері қарай бұрылады,Алдыңда сүрініп құлап, ойран да болады.
Psal Kaz 9:5  Себебі дауымда Сен мүддемді қорғадың,Тағыңда отырып әділ шешім шығардың.
Psal Kaz 9:6  Халықтарды сөгіп, зұлымдарды жоқ қылдың,Есімдерін мәңгілікке өшіріп тастадың.
Psal Kaz 9:7  Жау қару-жарағынан ада қалып, жойылды,Сен қиратқан қалалары із-түзсіз жоғалды.
Psal Kaz 9:8  Рас, Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді,Ол өз тағын орнатып, төрелік етеді.
Psal Kaz 9:9  Иеміз адамзатқа әділ үкім айтады,Халықтарға ақиқат шешім шығарады.
Psal Kaz 9:10  Қаналғандарға Жаратқан пана болады,Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады,
Psal Kaz 9:11  Сені шын білетіндер Саған сенім артады,Ием, тастап кетпейсің Өзіңе сиынғанды.
Psal Kaz 9:12  Сионда тұратын Жаратқанға ән шырқаңдар,Оның ғажап істерін бар ұлттарға айтыңдар!
Psal Kaz 9:13  Төгілген қанды ұмытпайтын Ол ескереді,Жәбір шеккеннің айқайына құлағын түреді.
Psal Kaz 9:14  Уа, Жаратқан Ие, маған рақым таныта гөр,Жек көрген жаулардан қиналғанымды байқай гөр,Ажалдың аранынан мені арашалай гөр.
Psal Kaz 9:15  Сонда қақпаларында Сион шаһарыныңӨз ұлылығыңды ұдайы марапаттаймын,Мені құтқарғаныңа қуана ән шырқаймын.
Psal Kaz 9:16  Басқа ұлттар қазған өз орларына құлады,Құрған қақпандарына өздері ұсталды.
Psal Kaz 9:17  Ием әділ үкім айтып, Өзін ашық танытты,Зұлымдар айлалы істерінің кесірін тартты.
Psal Kaz 9:18  Жамандық жасаушылар ажалға душар болады,Құдайды менсінбеген ұлттар соған тап болады.
Psal Kaz 9:19  Ал мұқтаж жан біржола ұмытылып кетпейді,Бейшараның үміті мүлдем зая кетпейді.
Psal Kaz 9:20  Уа, Ием, көтерілші, пенде жеңіп шықпасын,Халықтарға көз алдыңда үкім шығарылсын!
Psal Kaz 9:21  Жай пенде екендерін халықтар ұғып алсын,Оларды дірілдетіп қорқытсаң, о, Жаратқан!
Psal Kaz 9:22  Уа, Жаратқан Ие, неге менен алыстасың?Басыма күн туғанда неге жасырынасың?
Psal Kaz 9:23  Жарлыларды паңдана қудалайды зұлымдар,Өз айлалы істерінен ұсталсын сондайлар!
Psal Kaz 9:24  Арсыз жан құмарлығын тіпті мақтан етеді,Ашкөз де дандайсып Жаратқанды менсінбейді,
Psal Kaz 9:25  Зұлым тәкаппарланып, Тәңірге бет бұрмайды,Күллі ой-пікірінде «Құдай жоқ!» деп санайды.
Psal Kaz 9:26  Ұдайы іс-әрекеттері табыс келтіреді,Сенің сотың тым биікте, алыс боп көрінеді.Зұлым барлық дұшпанын келекелей береді.
Psal Kaz 9:27  «Шайқалта алмас мені еш нәрсе, — деп ойлайды, —Күллі ұрпақтарыма да пәле жоламайды».
Psal Kaz 9:28  Аузынан шыққандар: қарғыс, өтірік, жалғандық,Айтқандары түгелдей зорлық пен зұлымдық.
Psal Kaz 9:29  Аула артында тасада аңдып отырады,Бас салып тұтқиылдан, жазықсызды құртады.Қорғансыз жанға көз сүзіп, отырады қарап,
Psal Kaz 9:30  Тасадағы арыстандай тосады тығылып,Бейшара жарлыны ұстауға жатады аңдып,Байғұсқа бас салып, түсіреді торына тартып.
Psal Kaz 9:31  Шарасыз бейбақ жеңіліп, жерге құлап түседі,Жауының мықты тырнақтарына ілігеді.
Psal Kaz 9:32  Зұлым жан: «Құдай ұмытып кетті, — деп ойлайды, —Ол көзін жұмып, ешқашан назар аудармайды».
Psal Kaz 9:33  Уа, Жаратқан Ие, орныңнан көтеріле гөр,Құдайым, қол созып, қаналғанды ескере гөр!
Psal Kaz 9:34  Зұлымдар неліктен Құдайды қорлай алады?!«Жауапқа тартпайды» деп неге ойлай алады?!
Psal Kaz 9:35  Ал көрсеткен жәбірлерін Сен байқап келесің,Зорлықтарын бақылап, жазаларын бересің.Кедей Саған сенеді, жетімге де тірексің.
Psal Kaz 9:36  Сол сұрқия зұлымдардың қолдарын сындыршы,Сұмдық істерін тексеріп, із-түзсіз жоқ қылшы!
Psal Kaz 9:37  Жаратқан Ие мәңгі бақи Патша болады,Бойсұнбайтын ұлттар Оның елінен жоғалады.
Psal Kaz 9:38  Назар аударасың күшсіздердің аңсауына,Уа, Ием, құлақ салып, жігер бересің оларға,
Psal Kaz 9:39  Жетім мен қиналған жанның мүддесін қорғауға,Сұм пенденің оларды қайтып қорқытпауына!
Chapter 10
Psal Kaz 10:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені,Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені:«Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!»
Psal Kaz 10:2  Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда,Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.
Psal Kaz 10:3  Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?
Psal Kaz 10:4  Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,Өзінің киелі ғибадатханасында,Иеміз бақылайды барлығын да,Сын көзбен қарайды адам баласына.
Psal Kaz 10:5  Жаратқан Ие әділдерді тексереді,Зұлым да зорлықшыл жандарды Ол жек көреді,
Psal Kaz 10:6  Залымдарға жаудырады жанған көмірдіӘрі жазалау үшін лаулаған күкіртті,Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.
Psal Kaz 10:7  Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді,Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді.
Chapter 11
Psal Kaz 11:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 11:2  Уа, Жаратқан, құтқара гөр, әділдер қалмады,Адамзат арасынан адал атаулы жоғалды!
Psal Kaz 11:3  Әрбір жан жақындарына жалғандық айтады,Мүләйім жүзбен сөйлесіп, жағымпазданады.
Psal Kaz 11:4  Ием тілдерін олардың бөсіп мақтанатынТоқтата көрсін әрі жағымпаз ауыздарын.
Psal Kaz 11:5  «Тілімізбен жеңеміз, аузымыз өзіміздікі!Кім билік жүргізбек бізге?» деп олар көпіреді.
Psal Kaz 11:6  «Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді,Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, —Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді».
Psal Kaz 11:7  Жаратқанның сөздері таза да сенімді,Жеті рет балқытылып тазарған күміс секілді.
Psal Kaz 11:8  Жаратқан Ие, қаналғандарды Сен қорғайсың,Сол арсыз ұрпақтан оларды мәңгі сақтайсың.
Psal Kaz 11:9  Ал зұлымдар әлі де емін-еркін жүреді,Адамдар арасында арсыздық дәріптеледі.
Chapter 12
Psal Kaz 12:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 12:2  Уа, Жаратқан, қашанғы Сен мені ұмытпақсың?Мәңгілік пе бет-жүзіңді менен жасырмағың?
Psal Kaz 12:3  Қашанғы көңілім уайымға тола бермек,Жүрегім күн сайын қасіретке кенелмек?Дұшпаным қашанғы маған үстемдік жүргізбек?
Psal Kaz 12:4  Уа, Құдай Ием, назар аударып, құлақ сала гөр,Өлмейін, көзімді қайтадан жарқырата гөр.
Psal Kaz 12:5  Мен сенімімнен жалтарып, жауым шаттанбасын,Дұшпандарым «Жеңдік!» деп лепіре мақтанбасын.
Psal Kaz 12:6  Ал мен берік рақымыңа сенімімді артамын,Сенің құтқаруыңа шын жүректен қуанамын,Игілік жасаған Иеме әнімді айтамын.
Chapter 13
Psal Kaz 13:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды,Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды,Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды.
Psal Kaz 13:2  Жаратқан Ие көктен көз салады адамзатқа:«Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?»Деп байқайды Ол.
Psal Kaz 13:3  Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға,Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
Psal Kaz 13:4  Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,Жаратқанға сиыну ойларына еш түспеген.
Psal Kaz 13:5  Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады,Өйткені Құдай әділ ұрпаққа жар болады.
Psal Kaz 13:6  «Әй, зұлымдар, күлесіңдер жарлының ниетіне,Бірақ қолдап-қорғайды оны Жаратқан Ие!»
Psal Kaz 13:7  Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде,Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!
Chapter 14
Psal Kaz 14:1  (Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады,Киелі тауыңда кімнің тұруына болады?
Psal Kaz 14:2  Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді,
Psal Kaz 14:3  Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,Жақынының арына дақ түсірмейді.
Psal Kaz 14:4  Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды,Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды,Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды,
Psal Kaz 14:5  Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,Пара алып жазықсыз жанды қараламайды.Мұны істеуші нық тұрып мәңгі шайқалмайды.
Chapter 15
Psal Kaz 15:1  (Дәуіттің насихат мінажаты.)Уа, Құдайым, сақтай гөр Өзің мені,Баспана етемін жалғыз Сені!
Psal Kaz 15:2  Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің,Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»
Psal Kaz 15:3  Ұлы жандар — Саған бағышталғандар,Маған өте ұнайды елде олар.
Psal Kaz 15:4  Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар:Қасіретке молынан ұшырамақ олар.Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын,Олардың аттарын аузыма еш алмаймын.
Psal Kaz 15:5  Уа, Ием, маған жар болып келесің,Жарылқап мені амандық бересің,Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің.
Psal Kaz 15:6  Тамаша — маған тиген үлесім,Қатты ұнайды ғажайып мұрам.
Psal Kaz 15:7  Даңқтаймын ақыл-кеңес берген Иемді,Ұжданым түнде де мені ескертеді.
Psal Kaz 15:8  Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,Оң жағымда Ол маған жар боп келеді:Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде.
Psal Kaz 15:9  Содан жүрегім шаттыққа толады,Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады,Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.
Psal Kaz 15:10  Сен жанымды о дүниеге қимайсың,Қасиетті адамыңның тәнін шірітпейсің.
Psal Kaz 15:11  Шын өмір жолын маған көрсетесің,Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің,Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.
Chapter 16
Psal Kaz 16:1  (Дәуіттің мінажаты.)Уа, Ием, әділ өтінішімді ести гөр,Жалынған дауысыма көңіл бөле гөр,Шынайы мінажатыма құлақ түрші,
Psal Kaz 16:2  Сен Өзің мені тексеріп, ақтай көрші,Ісімнің әділдігіне көз сала көрші.
Psal Kaz 16:3  Жүрегімді зерттеп, түнде де мені сынадың,Тәптіштеп тексерсең де, еш нәрсе таппадың.Жалғандық айтудан ойланып сақтанам,
Psal Kaz 16:4  Іс-әрекетімде сөздеріңе бағынам,Аулақ жүріп келем зорлықшының жолынан.
Psal Kaz 16:5  Ізіңмен Сенің берік жүрді қадамдарым,Ақ жолыңнан тайып кетпеді аяқтарым.
Psal Kaz 16:6  Уа, Құдайым, Саған дұға етемін,Себебі Сен маған жауап бересің,Қазір де құлақ түрші сөзіме менің,
Psal Kaz 16:7  Көрсетші сондай керемет рақымыңды,Жауларынан Өзіңді паналаған жандардыҚұтқарасың ғой қолданып қуатыңды.
Psal Kaz 16:8  Көз қарашығыңдай мені сақтай көрші,«Қанатыңның астында» тасалай көрші.
Psal Kaz 16:9  Бас салған зұлымдардан мені қорғай гөр,Қоршаған жан алғыштардан сақтай гөр.
Psal Kaz 16:10  Жүректерінде жоқ мейірімділік,Ауыздарынан шыққандары — менмендік.
Psal Kaz 16:11  Соңымнан қуып олар қоршап алады,Жерге ұрып-соғу үшін қарайды қырағы,
Psal Kaz 16:12  Олжасын паршалауды аңсаған арыстандай,Тасада аңдып тұрған мықты арыстандай.
Psal Kaz 16:13  Уа, Жаратқан Ие, енді көтеріле гөр,Қарсы шығып, бұл жауларды құлата гөр,Зұлымнан мені семсеріңмен құтқара гөр!
Psal Kaz 16:14  О, Ием, күшті қолыңмен аман сақтай гөр,Жау тек осы дүниелік пайданы іздеп жүр.Жоғары бағалаған жандарыңды тоқ қыласың,Олардың балаларын да тойындырасың,Ұрпақтарына да жетер артып сыйлағаның.
Psal Kaz 16:15  Мен адал жүріп, бет-жүзіңді көремін,Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін.
Chapter 17
Psal Kaz 17:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған. Жаратқан Иенің қызметшісі Дәуіттің жыры. Ол Жаратқан Иенің оны барлық жауларынан және Саулдың қолынан құтқарғанына арналған. Сонда Дәуіт былай деді:)
Psal Kaz 17:2  Уа, Жаратқан Ие, Сені сүйемін,Сен күш-қуатымның қайнар көзісің.
Psal Kaz 17:3  Жаратқан — жартастай берік қорғаным,Мені қауіп-қатерден құтқарушым,Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам!
Psal Kaz 17:4  Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам,Ол мені арашалайды жауларымнан.
Psal Kaz 17:5  Өлім толқындары жан-жақтан құрсады,Заңсыздық тасқыны көміп тастады,
Psal Kaz 17:6  Ажалдың шынжыры мені матады,Өлімнің торы бұғаулап шырмады.
Psal Kaz 17:7  Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.Киелі орнынан Ол құлақ салды,Жалынышым Оның алдына барды.
Psal Kaz 17:8  Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Таулардың негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді.
Psal Kaz 17:9  Қаһарынан Оның түтін шықты,От лаулап, аузынан жалын атты,Ыстық шоқ ішінен атқылады.
Psal Kaz 17:10  Аспанды ашып Ол төмен түсті,Қара бұлттар болды аяғының асты,
Psal Kaz 17:11  Мықты періштелерге мініп алды,Желдің қанаттарында зулап ұшты,
Psal Kaz 17:12  Түнекті айналдыра перде қылды,Жаңбырдың қалың бұлттарын жамылды,
Psal Kaz 17:13  Қасындағы нұрын бұлттар жасырды,Бұршақ жауып, найзағай жарқылдады.
Psal Kaz 17:14  Жаратқан Ие аспаннан күркіреп шақырды,Алла Тағаланың дауысы жаңғырықты.
Psal Kaz 17:15  Жебелер атқылап жауларын шашыратты,Найзағай жарқылдап оларды абдыратты.
Psal Kaz 17:16  Көрінді сонда теңіздің арналары,Әрі дүниенің негіздері ашылды,Уа, Жаратқан Ие, қатаң сөгісіңнен,Қаһарлы да құдіретті лебіңнен.
Psal Kaz 17:17  Көктен қолын созып, Ол мені ұстап алды,Терең судан Ием мені шығарып алды,
Psal Kaz 17:18  Құтқарды мені мықты дұшпанымнан,Өзімнен қуатты қас жауларымнан.
Psal Kaz 17:19  Мүшкіл кезімде олар маған бас салды,Жаратқан Ие бірақ тірегім болды,
Psal Kaz 17:20  Кең-байтақ жерге Ол мені шығарды,Маған риза болып аман құтқарды.
Psal Kaz 17:21  Адал жүрген мені Ием қолдады,Пәк істерім үшін игілік сыйлады.
Psal Kaz 17:22  Өйткені Жаратқанның жолымен жүрдім,Арсыз болып Құдайымнан безбедім.
Psal Kaz 17:23  Қайта, күллі шешімдері көз алдымда,Оның ережелерінен бас тартпаймын да.
Psal Kaz 17:24  Құдайдың алдында мінсіз болып келемін,Күнә жасаудан сақтанып жүремін.
Psal Kaz 17:25  Жаратқан маған берді әділдігіме қарай,Оның көз алдындағы пәк ісіме сай.
Psal Kaz 17:26  Ием, рақымды жанға рақым танытасың,Адал жанға адалдықпен қарайсың,
Psal Kaz 17:27  Таза жүрген жанмен Өзің де тазасың.Арамзаға айламен жауап қайырасың.
Psal Kaz 17:28  Жәбір көрген жандарды құтқарасың,Бірақ менменді байқап, құлатасың.
Psal Kaz 17:29  Уа, Ием, маған шырақтай нұр шашасың,Уа, Құдайым, түнегімді жарық қыласың.
Psal Kaz 17:30  Сенің күшіңмен жау тобын жеңе аламын,Құдайыммен қамалдың үстіне шығамын.
Psal Kaz 17:31  Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана.
Psal Kaz 17:32  Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен?Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен?
Psal Kaz 17:33  Құдай мені күш-қуатқа бөлейді,Мінсіз өмір жолымен жетелейді,
Psal Kaz 17:34  Аяғымды бұғыдай жүйрік қылады,Биік жерлерімде аман тұрғызады.
Psal Kaz 17:35  Ол қолдарымды дайындайды шайқасқа,Майыстырам тіпті қола садақты да.
Psal Kaz 17:36  Сен құтқаруыңды қалқандай сыйладың,Мені қолдайды құдіретті қолың,Жоғарылатады мені шапағатың.
Psal Kaz 17:37  Жолда қадамдарымды ұлғайтасың,Аяқтарымды таюдан сақтап қаласың.
Psal Kaz 17:38  Жауларымның артынан қуып жеттім,Бәрін құртпайынша кері келмедім.
Psal Kaz 17:39  Олар жеңіліп, қайта тұра алмады,Аяғымның астына менің құлады.
Psal Kaz 17:40  Шайқасуға маған күш-қуат сыйладың,Қарсыластарды алдыма бас ұрғыздың,
Psal Kaz 17:41  Қалған жауларды қашуға мәжбүр қылдың.Мені жек көргендердің көздерін құрттым,
Psal Kaz 17:42  Көмекке шақырды олар, ешкім құтқармады,Жаратқанға жалынды, Ол құлақ салмады.
Psal Kaz 17:43  Жауларды желмен ұшқан шаңдай ұнтақтадым,Далаға батпақтай лақтырып тастадым.
Psal Kaz 17:44  Сен мені халықтың бүлігінен құтқардың,Әрі басшысы етіп қойдың өзге ұлттардың.Бөтен халық енді маған қызмет етеді,
Psal Kaz 17:45  Олар да айтқанымды екі етпейді,Бөгде ұлттар алдымда құлдық ұрады,
Psal Kaz 17:46  Жат жұрттықтар қатты қорқып бозарады,Дірілдеп өз қамалдарынан шығады.
Psal Kaz 17:47  Жаратқан тірі! Құздай Қорғаушым мақталсын,Құтқарушы Құдайым лайым даңқталсын!
Psal Kaz 17:48  Құдайым мүддемді қорғаған,Әрі халықтарды маған бағындырған,
Psal Kaz 17:49  Жауымнан өзімді аман сақтап қалған.Жоғары қойдың мені қарсыластардан,Сен құтқарып алдың зорлықшылдардан.
Psal Kaz 17:50  Басқа халықтар арасында сондықтан,Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын,Сенің атыңа ән-жырымды арнаймын.
Psal Kaz 17:51  Сен Өзіңнің тағайындаған патшаңа:Дәуітке және оның ұрпақтарынаҰдайы ұлы жеңістер сыйлайсың,Тұрақты мейіріміңді бағыштайсың.
Chapter 18
Psal Kaz 18:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 18:2  Құдайдың салтанатты ұлылығынАспан әлемі ашық паш етеді,Оның қолының керемет істерінӘуе кеңістігі де көрсетеді,
Psal Kaz 18:3  Осыларды олар жариялайды күнде,Бұл білімді мәлімдейді әр түнде.
Psal Kaz 18:4  Сол «үндерін естімеген» бір тіл де,Ешқандай ұлт та қалмайтын болады.
Psal Kaz 18:5  «Үндері» жайылады бар жер бетіне,«Сөздері» жердің шетіне таралады.Құдай күнді аспанда орналастырған.
Psal Kaz 18:6  Күйеу жігіттей бөлмесінен шыққанКүннің жүзі де қуана нұрланады,Ол жүйріктей жарысуға құлшынады.
Psal Kaz 18:7  Көкжиектің бір шетінен күн шығады,Келесі шетіне өтіп айналады,Ештеңе де қызуынан тыс қалмайды.
Psal Kaz 18:8  Кемелді — Жаратқанның тағылымдары,Жан дүниені олар жаңартады.Ақиқат — Иеміздің жарлықтары,Олар наданды да дана қылады.
Psal Kaz 18:9  Әрі әділ — Жаратқанның бұйрықтары,Олар жүрекке қуаныш құяды.Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы,Көздерді ашып, жарқыратады.
Psal Kaz 18:10  Мойынсұна қастерлеу Жаратқанды:Осы таза ниет мәңгі қалады.Жаратқанның шешімдері шынайы,Барлығы мүлтіксіз де әділетті,
Psal Kaz 18:11  Тіл үйірген таза балдан да тәтті,Алтыннан, саф алтыннан да бағалы.
Psal Kaz 18:12  Бұлардан пендең ескерту алады,Бәрін ұстанғанды зор сый тосады.
Psal Kaz 18:13  Кім байқайды өз теріс қылықтарын?Тазарта гөр, Ием, құпия күнәмнан,
Psal Kaz 18:14  Сақтай гөр әдейі күнә жасаудан,Жамандық жүргізбесін билік маған!Сонда көз алдыңда мінсіз боламын,Ауыр күнәлардан да аулақ тұрамын.
Psal Kaz 18:15  Лайым менің аузымдағы сөздерімӘрі жан дүниемдегі ой-ниеттерімҰнамды болсын Саған, о, Жаратқаным.Өзіңсің жартастай мықты ҚорғанымҺәм Құтқарушым, уа, Жаратқан Ием.
Chapter 19
Psal Kaz 19:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 19:2  Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын,Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын,
Psal Kaz 19:3  Ол киелі үйінен саған көмек жіберсін,Сиондағы тұрағынан нығайта көрсін,
Psal Kaz 19:4  Бар сый-тартуларыңды ескере көрсін,Өртелген құрбандығыңа да риза болсын.
Psal Kaz 19:5  Жүрегіңнің қалауын Құдай берсін,Бар ой-ниетіңді орындай көрсін.
Psal Kaz 19:6  Сонда жеңісіңе қуана әндетеміз,Құдайымыздың атынан ту көтереміз,Тілектеріңді қабыл алсын Иеміз.
Psal Kaz 19:7  Жаратқан Өзі тағайындаған ПатшасынАман сақтайтынын енді білемін,Жауап береді оған киелі көгінен,Құтқарады оны құдіретті қолымен.
Psal Kaz 19:8  Кейбір ұлт мақтанады күймелерімен,Басқалар мақтанады тұлпарларымен,Ал біз мақтанамыз Құдай Иемізбен.
Psal Kaz 19:9  Сол халықтар құлайды жығылып,Ал біз нық боламыз берік тұрып.
Psal Kaz 19:10  Уа, Жаратқан, патшамызға жеңіс сыйлай гөр,Сиынған кезімізде құлақ сала гөр.
Chapter 20
Psal Kaz 20:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 20:2  Уа, Ием, құдіретіңе патша қуанады,Құтқарғаныңа шексіз шаттанады.
Psal Kaz 20:3  Оған жүрегінің қалауын сыйладың,Сұраған тілектерінен бас тартпадың.
Psal Kaz 20:4  Игіліктер сыйлап оны қарсы алдың,Саф алтыннан басына тәж кигіздің.
Psal Kaz 20:5  Өмірін сақтауды сұрағанда ӨзіңненТіпті мәңгілік өмір сыйладың Сен.
Psal Kaz 20:6  Жеңіс беріп оны даңққа бөледің,Абырой мен салтанатқа кенелттің.
Psal Kaz 20:7  Сен патшаны мәңгілік жарылқадың,Қасыңда болу қуанышын сыйладың.
Psal Kaz 20:8  Себебі патша Жаратқанға сенім артады,Хақ Тағаланың рақымымен нық тұрады.
Psal Kaz 20:9  Өзіңді жек көргенді іздеп табасың,Бар жауыңды күшпен ұстап аласың,
Psal Kaz 20:10  Келгеніңде отты пешке тастайсың,Уа, Ием, қаһарыңмен талқандайсың,Оттың жалынымен түгел жалмайсың.
Psal Kaz 20:11  Жау ұрпақтарын жер бетінен құртасың,Адамзат арасынан жоқ қыласың.
Psal Kaz 20:12  Олар саған қарсы қастандық ойлайды,Алайда соны орындай алмайды.
Psal Kaz 20:13  Жебе тартып беттерін нысана етсең,Оларды кері қайтуға мәжбүрлейсің.
Psal Kaz 20:14  Уа, Ием, көтеріле гөр құдіретіңмен,Күш-қуатыңды даңқтаймыз ән-күйменен.
Chapter 21
Psal Kaz 21:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Таң атқандағы жәрдем» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 21:2  О, Құдайым, Құдайым менің!Неліктен мені жалғыз қалдырдың?Айқайлаған даусыма құлақ салмайсың,Мені құтқарудан неге алшақсың?
Psal Kaz 21:3  Құдайым, күндіз шақырсам, жауап қатпайсың,Түнде де айқайлап, тыным таппаймын.
Psal Kaz 21:4  Бірақ Сен киелісің, Исраил халқыңСені мадақтайтын тағыңда отырасың.
Psal Kaz 21:5  Ата-бабамыз Өзіңе иланып жүрді,Сөзіңе сенді, Сен де азат еттің.
Psal Kaz 21:6  Саған сиынып, олар құтқарылды,Өзіңе сеніп ұятқа қалмады.
Psal Kaz 21:7  Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын,Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым,
Psal Kaz 21:8  Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді:
Psal Kaz 21:9  «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,Сол оны аман қалдырсын пәледен!Жаратқан Ие разы болса оған,Құтқарып алсын оны қиындықтан!»
Psal Kaz 21:10  Ал мені ана құрсағынан Сен шығардың,Жас кезімнен Өзіңе иландырдың,
Psal Kaz 21:11  Туғаннан-ақ қолдауыңа мұқтажбын,Өмір бойы Сенсің Құдайым менің,
Psal Kaz 21:12  Енді алыстай көрме менен Өзің.Себебі азап-бейнет қалды таяп,Қол ұшын берерім жоқ мені аяп.
Psal Kaz 21:13  Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап,
Psal Kaz 21:14  Ақырған арыстандай жемге құмартып,Аранын ашады, маған қарсы шығып.
Psal Kaz 21:15  Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,Сүйектерім буынынан қалды босап.Кеудемде жүрегім балауыз құсапӘбден балқып, елжіреп кетті босап.
Psal Kaz 21:16  Қыш құмыраның сынығына ұқсапКүшімнен айырылып қалдым қурап,Тілім қалды таңдайыма жабысып,Өлім топырағына бердің мені қиып!
Psal Kaz 21:17  Төбеттердей жан-жақтан қыспақтадыСол жауыздар, лек-легімен қоршап алды,Аяқ-қолымды түйреп жаралады!
Psal Kaz 21:18  Сүйектерімді шыға алам санап,Ал халық тұр маған қадала қарап.
Psal Kaz 21:19  Жау жамылғымды бөлісіп алады,Киімім үшін жеребе салады.
Psal Kaz 21:20  Уа, Ием, Сен менен алшақтай көрме,Күшім менің, тез келе гөр көмекке,
Psal Kaz 21:21  Өмірімді аман сақтап семсерден,Құтқара гөр «төбеттердің» күшінен!
Psal Kaz 21:22  Құлақ сап, құтқара гөр «арыстанныңАраны» мен «мүйізінен бұқаның».
Psal Kaz 21:23  Атыңды бауырларыма білдіремін,Қауым жиынында Сені дәріптеймін:
Psal Kaz 21:24  «Ей, Жаратқанды терең қастерлейтіндер,Оны әрдайым мадақтай беріңдер!Ей, Жақыптың бүкіл үрім-бұтағы,Жаратқанды ұдайы дәріптеңдер,Иә, Исраилдің бар ұрпақтары,Иемізді құрметтей беріңдер!
Psal Kaz 21:25  Жарлының азабынан Ол жиренген жоқ,Құдай бет-жүзін одан жасырған жоқ,Қайта, құлақ салды шақырған даусына».
Psal Kaz 21:26  Сені мадақтаймын үлкен жиында,Уәдемді орындап халқыңның алдында,
Psal Kaz 21:27  Жарлылар мейрамдап, тойынады да.Құдайға сиынғандар мақтау айтсын —Лайым жандарың аман-есен болсын!
Psal Kaz 21:28  Жер шетіндегілер де мұны ескереді,Жаратқан Иеге бет бұрып дұға етеді,Бар ұлттардың әулеттері бас иеді,
Psal Kaz 21:29  Себебі билік Жаратқанның қолында,Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да!
Psal Kaz 21:30  Жердің бар байлары тойына қатыспақ,Жаратқанның аяғына жығылып сиынбақ,О дүниеге аттанатын жандар —Өмірі өткінші бүкіл адамдарОның алдында тізерлеп иілмек.
Psal Kaz 21:31  Келер ұрпақтар Оған қызмет етпек,Барлығы Иеміз туралы естімек,
Psal Kaz 21:32  Содан Оның әділдігін дәріптеп,Жаңа туған халыққа да паш етпек.Себебі Құдай мұны бітірді Өзі істеп.
Chapter 22
Psal Kaz 22:1  (Дәуіттің жыры.)Жаратқан Ием — менің Бағушым,Мен еш нәрседен де тарықпаймын.
Psal Kaz 22:2  Ол мені жасыл жайлауға жаяды,Тұнық суға жетелеп апарады.
Psal Kaz 22:3  Ием жаныма күш дарытады.Есімі «Қасиетті» деп аталады,Содан артамын Оған сенімімді:Ол мені тура жолмен жетелейді.
Psal Kaz 22:4  Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,Себебі Өзің менің қасымдасың,Жігер береді сойылың мен таяғың.
Psal Kaz 22:5  Сен маған дастарқан жаясыңКөз алдында дұшпандарымның,Мені құрметпен қарсы аласың,Тостағанды толтыра құясың.
Psal Kaz 22:6  Жақсылық пен мейірімділікҮлесім болады өмірлік,Жаратқан Иенің үйіндеМен қала беремін мәңгілік.
Chapter 23
Psal Kaz 23:1  (Дәуіттің жыры.)Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі,Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,
Psal Kaz 23:2  Жердің негізін Ол теңіздің түбіне орнатты,Ағындардың үстінен берік етіп нығайтты.
Psal Kaz 23:3  Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады,Оның киелі орнында кімнің тұруына болады?
Psal Kaz 23:4  Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
Psal Kaz 23:5  Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды,Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды.
Psal Kaz 23:6  Уа, Құдай, тек бұлар Сенің алдыңа барады,Жақып сиынған Құдай, олар Саған бет бұрады.
Psal Kaz 23:7  Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар,Кіре алсын даңққа бөленген Патша!
Psal Kaz 23:8  Кім екен осы даңққа бөленген Патша?Ол — құдіреті күшті Жаратқан Ие,Шайқаста құдіретті Жаратқан Ие!
Psal Kaz 23:9  Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар!
Psal Kaz 23:10  Кім екен осы даңққа бөленген Патша?Әлемнің Иесі, Сол — даңқталған Патша!
Chapter 24
Psal Kaz 24:1  (Дәуіттің жыры.)Уа, Ием, жанымды Саған бағыштаймын,
Psal Kaz 24:2  Я, Құдайым, Саған сенім артамын.Қалдыра көрме мені масқараға,Әрі жол берме жаудың табасына.
Psal Kaz 24:3  Саған сүйенген ешкім қалмайды ұятқа,Ал бекер сатып кеткендер болады масқара.
Psal Kaz 24:4  Уа, Ием, ақ жолыңды көрсете гөр,Еркіңе сәйкес жүруге үйрете гөр,
Psal Kaz 24:5  Шындығыңа сай бағыттап, нұсқай гөр.Себебі Құтқарушы Құдайымсың Сен,Күні бойы Саған үміт артамын мен.
Psal Kaz 24:6  Уа, Жаратқан Ием, есіңе алшыӨзің көрсетіп келген ежелден беріСарқылмас мейірімің мен рақымыңды.
Psal Kaz 24:7  Есіңе алмашы жас күнгі күнәмді,Кешіре гөр теріс қылықтарымды,Ескере гөр мейіріміңе сай мені,Уа, Ием, Сен рақымдысың өйткені.
Psal Kaz 24:8  Жаратқан Ие ізгі де әділетті,Сондықтан күнәкарға ақ жолды сілтейді,
Psal Kaz 24:9  Кішіпейілді әділдікке бағыттайды,Әрі тура жолын оған нұсқайды.
Psal Kaz 24:10  Келісімнің ережелерін ұстанған жандыЖаратқан рақым әрі шындықпен бастайды.
Psal Kaz 24:11  Өз есіміңе сай, уа, Жаратқан Ие,Кешіре гөр сондай ауыр күнәмді.
Psal Kaz 24:12  Кім Жаратқан Иені терең қастерлейді?Таңдайтын жолын Ол соған көрсетеді.
Psal Kaz 24:13  Сондай адам игілікке кенеледі,Үрім-бұтағы жерін мұра етеді.
Psal Kaz 24:14  Иеміз Өзін қастерлейтіндерге сырынАшады және білдіреді Келісімін.
Psal Kaz 24:15  Әрдайым Иеме тігемін көзімді,Жаудың торынан Ол босатады өзімді.
Psal Kaz 24:16  Рақыммен салсаңшы маған назарыңды,Жападан-жалғызбын, рухым жабырқаңқы.
Psal Kaz 24:17  Жүрегімнің қайғысы молайып келеді,Қиыншылықтан азат етсеңші мені.
Psal Kaz 24:18  Азап пен бейнетіме көңіл бөле гөр,Бүкіл күнәларымды кешіре гөр.
Psal Kaz 24:19  Жауларым қандай көп, назар сала көрші,Жауыздықпен олар мені жек көреді.
Psal Kaz 24:20  Құтқара гөр жанымды аман сақтап,Ұятқа қалмайын Сені паналап,
Psal Kaz 24:21  Адалдық пен әділдік қорғасын мені,Өзіңе үміт артамын мен өйткені.
Psal Kaz 24:22  Уа, Құдайымыз, Өзің ИсраилдіБар қиыншылықтан құтқара көрші.
Chapter 25
Psal Kaz 25:1  (Дәуіттің жыры.)Төрелік айтып мені ақташы Өзің,Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін,Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
Psal Kaz 25:2  Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр,Жүрегім мен ой-санамды сынап көр.
Psal Kaz 25:3  Өйткені көз алдымда мейірімің, СеніңАқиқат жолыңмен жүріп келемін,
Psal Kaz 25:4  Өтірікшілермен бірге отырмаймын,Зымияндармен де бірге жүрмеймін.
Psal Kaz 25:5  Арамзалар жиынын еш жаратпаймын,Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
Psal Kaz 25:6  Қол жуып адалдығымды білдіремін,Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,
Psal Kaz 25:7  Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін,Керемет істеріңді паш етемін.
Psal Kaz 25:8  Сен тұратын қасиетті үйіңді,Ұлылығың мекендейтін орындыСондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.
Psal Kaz 25:9  Күнәкарлармен бірге жанымды алма,Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
Psal Kaz 25:10  Арам қылықтары қолдарын былғайды,Пара алып, беруден олар бас тартпайды.
Psal Kaz 25:11  Бірақ мен кінәратсыз таза жүремін,Құтқаршы мені рақымыңмен Өзіңнің.
Psal Kaz 25:12  Тегіс жерде табан басып нық тұрамын,Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.
Chapter 26
Psal Kaz 26:1  (Дәуіттің жыры.)Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да,Кімнен мен қорқамын солай болғанда?Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да,Кімнен үрейленемін солай болғанда?
Psal Kaz 26:2  Мені жалмауға зұлымдар таяп қалса,Қарсылас, жауларым маған бас салса,Өздері-ақ сүрініп, жығылады да.
Psal Kaz 26:3  Мен қорықпаймын, әскер қоршап алса да,Үмітім үзілмес, ол маған лап қойса да.
Psal Kaz 26:4  Иемнен бір-ақ нәрсені сұрадым,Тек мынау ғана менің аңсағаным:Өмір бойы Оның үйінде болсам,Жаратқан Иенің көркіне қарасам,Ғибадатханасында ойланып-толғансам.
Psal Kaz 26:5  Өйткені менің басыма күн туғандаОл тасалайды мені тұрағында,Жасырады өз құпия орнында,Аман сақтайды биік тау құзында.
Psal Kaz 26:6  Сонда қоршаған жауымнан биік тұрамын,Иемнің киелі үйінде шаттанамын,Қуана Оған сый-тартулар бағыштаймын,Ән-жырымды Жаратқан Иеге арнаймын.
Psal Kaz 26:7  Өзіңе сиынған даусыма құлақ түрші,Уа, Ием, рақыммен жауап бере көрші.
Psal Kaz 26:8  Сен «Алдыма келіп, сиыныңдар» дедің,Саған шын жүректен жауап беремін:«Уа, Ием, сиынып алдыңа келемін».
Psal Kaz 26:9  Бет-жүзіңді жасыра көрме менен,Ашумен бас тартпа мендей пендеңнен.Қорғап-қолдаушым болып келесің Сен,Жалғыз қалдырып безіп кетпе менен,Уа, Құдайым, Құтқарушымсың Сен.
Psal Kaz 26:10  Бас тартса менен тіпті әке-шешем,Қабылдайды мені Жаратқан Ием.
Psal Kaz 26:11  Уа, Ием, жолдарыңды маған нұсқай гөр,Жауларыма бола ақ жолыңмен бастай гөр,
Psal Kaz 26:12  Жаудың еркіне қалдыра көрме мені,Жалған куәлар өзіме қарсы көтеріледі,Ашумен маған қоқан-лоқы көрсетеді.
Psal Kaz 26:13  Алайда мен мынаған нық сенемін:Әлі де бұ дүниеде тірі жүремін,Жаратқан Иенің мейірімін көремін.
Psal Kaz 26:14  Әрдайым Жаратқанға арт сеніміңді,Батыл болып, нығайта түс жүрегіңді!Әрқашан Жаратқанға арт сеніміңді!
Chapter 27
Psal Kaz 27:1  (Дәуіттің жыры.)Саған сиынамын, уа, Жаратқан Ием,Жартастай берік қорғанымсың Сен,Бас тарта көрме маған жауап беруден.Егер де тіл қатып жауап бермесең,Қабірге түскендерге ұқсаймын мен.
Psal Kaz 27:2  Киелі үйіңе қарай қол көтеріпЖалбарынсам Сенен қолдау тілеп,Менің даусыма құлақ түре көрші.
Psal Kaz 27:3  Қылмыс жасайтын зұлымдармен біргеМаған өлімді бұйыра көрмеші.Басқалармен солар жылы сөйлескенмен,Олардың жүректері арамза әбден.
Psal Kaz 27:4  Соларға жасаған қылмыстарына сай,Істеген зұлым істеріне қарайТиісті жазаларын тартқыза гөр,Лайықты қарымтасын қайтара гөр.
Psal Kaz 27:5  Иеміздің істерін олар елемейді,Оның жаратқандарын құрметтемейді,Сондықтан Ол соларды талқандайды,Енді қайтып оларды көтермейді.
Psal Kaz 27:6  Жаратқан Ие мақталсын әрқашан!Құлақ асты Ол даусыма жалынған.
Psal Kaz 27:7  Ием — күш-қуатым, қалқандай қорғаным,Шын жүректен Оған сенім артамын.Ол мені қолдады, қатты қуанады жүрегім,Иеме ән салып Оны дәріптеймін.
Psal Kaz 27:8  Жаратқан Ие — күш-қуаты өз халқының,Әрі Өзі тағайындаған патшасыныңБерік қорғаны аман-есен сақтайтын.
Psal Kaz 27:9  Уа, Жаратқан, халқыңды құтқара гөр,Меншікті қауымыңды жарылқай гөр,Бағушысы болып мәңгі көтере бер.
Chapter 28
Psal Kaz 28:1  (Дәуіттің жыры.)Ей, мықтылар, Жаратқанды дәріптеңдер,Иеміздің құдіретін құрметтеңдер,
Psal Kaz 28:2  Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,Қасиетті салтанатпен Оған бас иіңдер!
Psal Kaz 28:3  Жаратқанның даусы сулардың үстінде,Ұлылық Иесі — Құдай күркіреуде,Жаратқан гүрілдейді зор сулардың үстінде.
Psal Kaz 28:4  Жаратқанның даусы тым құдіретті,Жаратқанның даусы асқан айбатты.
Psal Kaz 28:5  Оның даусы самырсынды сындырады,Ливанның самырсындарын құлатады,
Psal Kaz 28:6  Ливанның тауларын бұзаудай секіртеді,Хермон тауын жас бұқадай сілкінтеді.
Psal Kaz 28:7  Жаратқанның даусы от-жалын шашады,
Psal Kaz 28:8  Оның даусы иен даланы шайқалтады,Қадештегі айдаланы да сілкінтеді.
Psal Kaz 28:9  Жаратқанның даусы емендерді сілкілейді,Орман ағаштарының жапырақтарын түсіреді.Киелі үйінде бәрі «Ұлылық!» деп айтады.
Psal Kaz 28:10  Жаратқан топан су үстінде тақта отырады,Жаратқан патша болып мәңгі тақта отырады.
Psal Kaz 28:11  Жаратқан Ие өз халқына күш дарытады,Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады.
Chapter 29
Psal Kaz 29:1  (Ғибадатхананы Құдайға бағыштау кезінде айтылатын Дәуіттің әні әрі жыры.)
Psal Kaz 29:2  Уа, Жаратқан, даңқыңды асырамын,Сен мені шыңыраудан алып шықтың,Жауларыма мені табалатпадың.
Psal Kaz 29:3  О, Құдай Ием, мен Саған сиындымҚолдау сұрап, сонда мені сауықтырдың.
Psal Kaz 29:4  Уа, Ием, мені көрден алып қалдың,Ажалдан жанымды арашаладың.
Psal Kaz 29:5  Ей, Жаратқан Иеге бағышталғандар,Оған арнап ұдайы ән шырқаңдар,Оның киелі атын мадақтаңдар!
Psal Kaz 29:6  Өйткені Ол бір-ақ сәт ашуланады,Ал рақымы өмір бойы ұласады.Кешке жылап-сықтау басым болады,Ал таң ата қуаныш тосып тұрады.
Psal Kaz 29:7  Аман-сау болғанда мақтанған едім:«Мен ешқашан да толқымаймын!» дедім.
Psal Kaz 29:8  Ал мені таудай нығайтқан Сенің рақымың.Кейін бет-жүзіңді менен жасырдың,Сонда мен қорқып уайымға салындым.
Psal Kaz 29:9  Уа, Жаратқан Ием, Саған сиындым,Қолдау сұрап Өзіңе жалбарындым:
Psal Kaz 29:10  «Өліп, көрге түсуімнен не пайда,Топырақ сонда Сені мадақтар ма,Адалдығыңды Сенің жариялар ма?!
Psal Kaz 29:11  Құлақ түрші, уа, Ием, рақым ете гөр,О, Жаратқан Ие, қолдаушым бола гөр».
Psal Kaz 29:12  Қайғымды шаттық биімен алмастырдың,Азалы киімімді шешіп тастадың,Ерен қуанышқа мені бөледің.
Psal Kaz 29:13  Енді үздіксіз Саған ән саламын,Уа, Құдай Ием, мәңгі мақтау айтамын.
Chapter 30
Psal Kaz 30:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 30:2  Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан,Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан,Сен әділсің, мені алып қалшы аман.
Psal Kaz 30:3  Құлақ түріп маған, тез құтқара көрші,Бас сауғалар құз бен қорғаным бола көрші.
Psal Kaz 30:4  Өйткені жартасым, берік қамалымсың,Жетелеп бастай гөр ізгілігің үшін,
Psal Kaz 30:5  Шығаршы мені жау құпия құрған тордан,Себебі Сен берік қорғансың маған.
Psal Kaz 30:6  Сенің қолыңа рухымды тапсырамын.Уа, Ием, шынайы Құдай, Сен мені құтқардың.
Psal Kaz 30:7  Жек көрем түк пайдасыз тәңірсымақтардыӘрі оларға табынған адамдарды,Ал Жаратқан Иеге нық сенемін,
Psal Kaz 30:8  Қуанып, шаттанамын рақымыңа Сенің,Сен байқадың мүшкіл халімді менің,Жанымның азабына көңіліңді бөлдің.
Psal Kaz 30:9  Сен мені қалдырмадың жаудың қолына,Қайта, мені тұрғыздың ашық орынға.
Psal Kaz 30:10  Рақым ете гөр, қиналып тұрмын,Уа, Ием, күйіктен солды жанарым,Зор қасіреттен әлсіреді жан-тәнім.
Psal Kaz 30:11  Ғұмыр жасым қайғыдан қысқаруда,Күңіреніп өмірім таусылуда,Күнәма бола күш-қуатым қайтуда,Сүйектерімнің күші кетіп қуаруда.
Psal Kaz 30:12  Көршілеріме жек көрініштімін,Таныстарыма да қорқыныштымын,Мені көре қалса қашады далада,Осындай болдым жауларыма бола.
Psal Kaz 30:13  Өлгендей-ақ олар мені ұмытқан,Ұқсаймын қыш ыдысқа сынып қалған.
Psal Kaz 30:14  Көп естимін өзім жайлы өсек-аяң,Қауіп төніп тұр басыма жан-жақтан,Жауларым маған қарсы сөз байласуда,Жанымды алуға жоспар құруда.
Psal Kaz 30:15  Ал мен Өзіңе сенемін, уа, Жаратқан,«Сен менің Құдайымсың» деймін Саған.
Psal Kaz 30:16  Өмірім Сенің қолыңда, я, Жаратқан,Құтқара гөр қуғындаған жауларымнан.
Psal Kaz 30:17  Бет-жүзіңнің нұрын маған түсіре гөр,Мейіріміңе сай мені құтқара гөр.
Psal Kaz 30:18  Мені ұятқа қалдырма, уа, Жаратқан,Себебі жалбарынып жүрмін Саған.Зымияндар масқараланатын болсын,Үндері өшіп, олар қабірге қойылсын,
Psal Kaz 30:19  Қарысып қалсын ауыздары жалған,Менмен паңдықпен әділді жамандаған.
Psal Kaz 30:20  Уа, Ием, қандай мол Сенің ізгілігің:Өзіңді қастерлеп, паналайтындар үшінСоны сақтап, жұрт алдында сыйлайсың.
Psal Kaz 30:21  Сен пана болып әділді қорғайсың,Өз саяңда аман-есен сақтайсыңАдамдардың астыртын әрекетіненӘрі ұрсып айыптайтын тілдерінен.
Psal Kaz 30:22  Маған мейірімін көрсеткені үшін,Қоршалған қалада қорғағаны үшінЖаратқан Ие әрдайым мадақталсын!
Psal Kaz 30:23  Қорқыныштан былай деп уайымдадым:«Сірә, Сенің назарыңнан тыс қалдым!»Бірақ Сен жалынған даусыма құлақ түрдің,Сиынған мінажатыма жауап бердің.
Psal Kaz 30:24  Жаратқанды сүйіңдер, бар әділдері,Иеміз аман сақтайды адал пенделерді,Ал молынан жазалайды менмендерді.
Psal Kaz 30:25  Жаратқанға сенім артқандардың бәрі,Қайратқа кенеліп, батыл болыңдар енді!
Chapter 31
Psal Kaz 31:1  (Дәуіттің насихат жыры.)Әділетсіз істері кешірілген,Барлық күнәларынан ақталғанҚандай бақытты әрбір жан!
Psal Kaz 31:2  Иеміз мойнына кінә артпайтын,Жан дүниесінде жалғандық болмайтынҚандай бақытты әрбір жан!
Psal Kaz 31:3  «Күнәмді айтқым келмеп еді,Сонда аяқ-қолым сырқырай берді,Ыңқылдап жүрдім күні бойы.
Psal Kaz 31:4  Себебі күні-түні Сенің қолыңЗілдей боп үстімде жатты менің.Сол кезде жаздың аптабы семдіргенКөк шөпке ұқсап солып қалдым мен.
Psal Kaz 31:5  Сонда алдыңда күнәмді мойындадым,Әділетсіздігімді енді жасырмадым.Жаратқанға кінәмді ашық айтам дедім,Сен сонда барлық күнәмді кешірдің.
Psal Kaz 31:6  Сондықтан Өзіңе адал жүрген жанПәлеге тап болғанда, сиынсын Саған.Тіпті топан судай апат келгенмен,Ажалдан құтылады ол аман-есен.
Psal Kaz 31:7  Сен баспанамсың пәледен сақтайтын,Құтқарылғаныма қуана ән шырқаймын».
Psal Kaz 31:8  «Мен саған ақыл-кеңес беремін,Жүретін жолыңды көрсетемін.Сені таса қылмай көзімнен,Әрдайым жетелеп жүремін Мен.
Psal Kaz 31:9  Ақылсыз ат пен есектей қасарма,Ауыздық, жүген саласың оларға,Әйтпесе бағынбай жүрер олар да».
Psal Kaz 31:10  «Құдайсыз жан көп қасірет шегеді,Ал Жаратқанға сенімін артқан пенденіОның берік рақымы қоршай береді.
Psal Kaz 31:11  Иемізге қуаныңдар, әділдер, шаттаныңдар!Шын жүректен адалдар, қуана ән салыңдар!»
Chapter 32
Psal Kaz 32:1  Әділдер, қуана мақтаңдар Жаратқанды,Адал жандардың мақтауы жарасымды.
Psal Kaz 32:2  Жаратқанды домбырамен мадақтаңдар,Он ішекті жетігенмен күй тартыңдар,
Psal Kaz 32:3  Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар,Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар!
Psal Kaz 32:4  Өйткені Жаратқанның сөзі шынайы,Ол бар істерін адалдықпен жасайды,
Psal Kaz 32:5  Иеміз әділет пен әділдікті қалайды,Оның рақымына толы жердің барлығы.
Psal Kaz 32:6  Жаратқанның сөзімен аспан жаралды,Аузының лебімен жұлдыздар да жасалды.
Psal Kaz 32:7  Теңіздің суларын Ол жинап, шек қойды,Түпсіз мұхитты «қоймаларына» құйды.
Psal Kaz 32:8  Күллі жер Жаратқан Иені қастерлесін,Әлемнің бар халқы Оны құрметтесін,
Psal Kaz 32:9  Өйткені Ол сөз айтқанда орындалды,Бұйрық бергенде бар болып, берік тұрды.
Psal Kaz 32:10  Иеміз бағынбайтын ұлттардың ойларынШайқалтып, жояды арамза жоспарларын.
Psal Kaz 32:11  Жаратқанның жоспары мәңгі берік тұрады,Бар ұрпақтарға ниеті нық сақталады.
Psal Kaz 32:12  Құдайы — Жаратқанға сиынған ұлт бақытты,Ол меншігіне таңдаған халық жарылқаулы!
Psal Kaz 32:13  Жаратқан Ие көктен жерге қарар,Сонда күллі адамзатты көзімен шолар,
Psal Kaz 32:14  Өз тағынан жер тұрғындарын байқар.
Psal Kaz 32:15  Ол бәрінің жүректерін жаратты,Бүкіл істерін толық ұғынады.
Psal Kaz 32:16  Патшаны қалың жасағы құтқармайды,Жауынгер зор күшімен қорғана алмайды,
Psal Kaz 32:17  Тұлпар да құтқаруға жарамайды,Ерен күшімен де құтылта алмайды.
Psal Kaz 32:18  Бірақ Өзін терең қастерлейтіндерге,Рақымына үмітін жүктегендергеНазарын салады Жаратқан Ие
Psal Kaz 32:19  Оларды ажалдан құтқару үшін,Ашаршылықта аман сақтау үшін.
Psal Kaz 32:20  Жаратқанға шын көңілден сенім артамыз,Ол — қолдаушымыз, қалқандай қорғаушымыз.
Psal Kaz 32:21  Жүрегіміз шаттанады Иемізге,Кәміл сенеміз киелі есіміне!
Psal Kaz 32:22  Үмітіміз Өзіңде, уа, Жаратқан Ие,Берік мейіріміңмен жар бола гөр бізге.
Chapter 33
Psal Kaz 33:1  (Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің Әбимәлік алдында есуас болғансып, соның қасынан қуылып, құтылып кеткен оқиғасына арналған.)
Psal Kaz 33:2  Жаратқан Иені мадақтаймын әр уақытта,Оны мақтаған жыр ұдайы жүрсін аузымда.
Psal Kaz 33:3  Тәңір Иені шын жүректен тұтамын мақтан,Байғұс бейшаралар естіп, қуансын соған.
Psal Kaz 33:4  Келіңдер, бірге Жаратқанды мадақтайықшы,Бірігіп Оның есімін марапаттайықшы!
Psal Kaz 33:5  Жаратқанға сиындым, Ол жауап берді маған,Әрі азат етті мені бар қорқынышымнан.
Psal Kaz 33:6  Жаратқанға сиынып көз тіккендер жайнайды,Олар шаттанып, еш масқара болмайды.
Psal Kaz 33:7  Жарлы болған мен жалбарындым Жаратқанға,Ол естіп, бар пәлемнен құтқарды сонда.
Psal Kaz 33:8  Иені қастерлейтіндерді қоршап тұрадыОның періштесі, ол соларды құтқарады.
Psal Kaz 33:9  Жаратқанның ізгілігіне көз жеткізіңдер,Қандай бақытты Оған сенімін жүктегендер!
Psal Kaz 33:10  Қастерлеңдер Иені, Оның қасиеттілері!Жоқшылық қинамайды Оны қастерлейтіндерді.
Psal Kaz 33:11  Арыстандар азыққа зәру жүре алады,Ал Иеге сенгендер бар игілікке тояды.
Psal Kaz 33:12  Келіңдер, балалар, тыңдаңдар сөзімді,Үйретемін сендерге Иемізді қастерлеуді.
Psal Kaz 33:13  Сендердің қайсыларың өмірді ұнатасыңдар,Жақсы күндерді көптеп көруді қалайсыңдар?
Psal Kaz 33:14  Онда жаман сөз ауыздарыңнан шығармаңдар,Өтірік айтудан да әрқашан сақтаныңдар!
Psal Kaz 33:15  Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасаңдар,Татулыққа ұмтылып, сол үшін күш салыңдар!
Psal Kaz 33:16  Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,Өзіне жалынған оларға құлақ салады.
Psal Kaz 33:17  Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан қарсы шығады,Есімдерін із-түзсіз жер бетінен жоқ қылады.
Psal Kaz 33:18  Әділдер жалынса, Иеміз құлақ салады,Күллі қиындықтан оларды құтқарып алады.
Psal Kaz 33:19  Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады,Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады.
Psal Kaz 33:20  Әділ жан қиындықты көп көреді,Ал Иеміз оны бәрінен азат етеді,
Psal Kaz 33:21  Оның барлық сүйектерін аман сақтайды,Тіпті бірде-біреуі сындырылмайды.
Psal Kaz 33:22  Сұрқияның зұлымдығы түбіне жетер,Әділді жек көрген жан зардабын шегер.
Psal Kaz 33:23  Жаратқан Ие құтқарады өз құлдарын,Ол соттамайды Өзін паналағандарын.
Chapter 34
Psal Kaz 34:1  (Дәуіттің жыры.)Менімен ерегісіп келгендерменСен Өзің ерегісе гөр, уа, Ием.Маған қарсы күресіп келгендерменСен Өзің күресе гөр, уа, Ием.
Psal Kaz 34:2  Сауыт киіп, қалқаныңды қолыңа алшы,Мені қолдап айқасуға дайындалшы.
Psal Kaz 34:3  Семсер суырып, қуғыншыларды бөгеші,«Мен Құтқарушыңмын!» деп жаныма жігер берші.
Psal Kaz 34:4  Жанымды алмақ жаулар ұятқа қалсын,Мені құртуға әрекет еткендер жасырынЕнді кері қайтып, әбден масқаралансын!
Psal Kaz 34:5  Олар жел өтіндегі қауыздай шашырасын,Жаратқанның періштесі айдап шықсын,
Psal Kaz 34:6  Жолдары қараңғы да тайғақ болсын,Иә, Жаратқанның періштесі қуғындасын!
Psal Kaz 34:7  Өйткені олар жазықсыз маған тор құрды,Еш айыпсыз маған арнап ор қазды.
Psal Kaz 34:8  Сондықтан оларға кенет ажал жетсін,Маған құрған торына өздері түссін,Осылайша өз бастары құрып кетсін.
Psal Kaz 34:9  Сонда мен Жаратқанға шаттанамын,Мені құтқарған Иеме қуанамын,
Psal Kaz 34:10  Жан-тәніммен Оны былай деп мақтаймын:«Күшсіз жанды күштіден қорғайтын,Бейшара кедейді тонаушыдан сақтайтынСаған кім тең келер, уа, Жаратқаным?»
Psal Kaz 34:11  Ал мені айыптайды жалған куәлар,Мен білмейтін жайттарды тергеп сұрар.
Psal Kaz 34:12  Жақсылығыма жамандықпен қайтарар,Жан дүниемді қаңыратып бос қалдырар.
Psal Kaz 34:13  Ал олар ауырған кезде мен де қайғырдым,Ораза ұстап жанымды қалжыраттым,Жаратқанға олар үшін жалбарындым.Жауапсыз қайтқанда сол мінажатым,
Psal Kaz 34:14  Олар үшін дос-жарандай қамықтым,Анамды жоқтағандай бас иіп қайғырдым.
Psal Kaz 34:15  Алайда мен сүрінгенде олар қуанды,Айыптауға маған қарсы жиналды,Бейхабар мені үздіксіз даттады,
Psal Kaz 34:16  Арсыз мазақтаушылармен бас қосты,Маған қарсы тістерін қайрап бақты.
Psal Kaz 34:17  Уа, Жаратқан, бұған төзесің қашанғы?Сол «кәрлі арыстандардан» жалғыз жанымдыҚұтқаршы, һәм зұлымдықтарынан ғұмырымды.
Psal Kaz 34:18  Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын,Көп халықтың алдында Сені мақтаймын.
Psal Kaz 34:19  Себепсіз жауым болған жандар қуанбасын,Кінәсіз мені жек көргендер табаламасын!
Psal Kaz 34:20  Татулық сөзін олар еш қозғамайды,Елдегі бейбіт жұртқа сұмдық жоспарлайды.
Psal Kaz 34:21  Арандарын кең ашып маған мін тағады:«Рас, біз сенің жамандық жасағаныңдыӨз көзімізбен көрдік» деп айыптайды.
Psal Kaz 34:22  Уа, Жаратқан, мұны көрдің, үнсіз қалма,О, Ием, Сен менен еш қашықтама,
Psal Kaz 34:23  Тұрып, мені қорғауға ұмтыла гөр,Уа, Ием, Құдайым, мүддемді қорғай гөр,
Psal Kaz 34:24  Әділдігіңе сай мені ақтай гөр,Уа, Құдай Ием, табаламасын олар!
Psal Kaz 34:25  «Жақсы екен бұл, дәл көңілдегідей,Енді оны жеп құртамыз тірідей!»Деп ойлай алмасын сол зұлым жандар.
Psal Kaz 34:26  Менің мүшкіл халіме қуанғандарБәрі ұятқа қалып, масқаралансын,Өздерін менен тым жоғары қойғандарҚара бет болып, ұятқа орансын.
Psal Kaz 34:27  Ал қалағандар ақталуымды меніңШаттана дауыстап қуанышқа кенелсін.«Қызметшісіне амандығын сүйсіне сыйлағанЖаратқан Иеміз мадақталсын әрқашан!»Деп дәріптей берсін олар тоқтамастан.
Psal Kaz 34:28  Күн сайын мен де Сені мақтап дәріптеймін,Әділдігіңді бар халыққа паш етемін.
Chapter 35
Psal Kaz 35:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, Жаратқан Иенің қызметшісі Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 35:2  Зұлымның заңсыздығы жайлы жүрегімніңТүкпірінен шыққан ойды былай деймін:Оның ниеті жоқ Құдайды қастерлейтін.
Psal Kaz 35:3  Күнәсін ұғып, жек көргеннен гөріЖағымпазданады ол өзіне-өзі.
Psal Kaz 35:4  Зұлымдық пен өтірік — айтқан сөздері,Жақсылық жасауды ойлағысы келмейді,
Psal Kaz 35:5  Төсекте жатып та сұмдық жоспарлайды,Теріс жолмен жүріп, күнәдан бас тартпайды.
Psal Kaz 35:6  Ал, Ием, көктей шексіз Сенің рақымың,Бұлттардай заңғар Сенің адалдығың!
Psal Kaz 35:7  Таулардай айбынды Сенің әділдігің,Тұңғиықтай терең Сенің шешімдерің.Сен адам мен хайуанның екеуін деҚамқорлап келесің, я, Жаратқан Ие.
Psal Kaz 35:8  Уа, Құдай, Сенің рақымың қандай қымбат,Қанатыңның астын паналайды адамзат,
Psal Kaz 35:9  Әлеміңнің игілігіне тойдырасың,Өзеніңнің рақатына қандырасың.
Psal Kaz 35:10  Өйткені өмірдің қайнары Өзіңсің,Жарықты көреміз нұрыңда Өзіңнің.
Psal Kaz 35:11  Сені білетіндерге рақымыңды төкші,Адал жандарға шындығыңды көрсетші.
Psal Kaz 35:12  Менмендерге мені таптата көрмеші,Зұлымдарға да қудалата көрмеші.
Psal Kaz 35:13  Әне, қылмыскерлер орындарынан құлады,Қайтып тұрмастай төменге лақтырылды!
Chapter 36
Psal Kaz 36:1  (Дәуіттің жыры.)Арамзаларға ренжіп ашуланба,Жамандық жасайтындарға қызықпа,
Psal Kaz 36:2  Олар шөп сияқты жылдам солады,Көк шөптей тез қурап, өліп қалады.
Psal Kaz 36:3  Жаратушыға сеніп жақсылық жаса,Еліңде тұрып адалдықты сақта,
Psal Kaz 36:4  Жаратқан Иеңнен тап рақатыңды,Ол сыйлайды ізгі жүрек қалауыңды.
Psal Kaz 36:5  Өмір жолыңды тапсыр Тәңір Иеге,Оған сүйеніп сеніміңді жүкте,Ол сен үшін әрекет етеді де:
Psal Kaz 36:6  Жайнатады әділдігіңді таңғы нұрдай,Ісіңнің ақтығын тал түскі күндей.
Psal Kaz 36:7  Шыдамды бол Жаратқанның алдында,Шешімін күт сабырмен, еш асықпа!Арам жоспарын іске асырған жанға,Табысқа жеткен зұлымға ашуланба!
Psal Kaz 36:8  Ашу-ызаңнан қайт, бас қаһарыңды,Сұмдыққа өршітпесін олар жаныңды.
Psal Kaz 36:9  Зұлымдық жасаушылар жойылып кетер,Иемізге сенушілер елді иемденер.
Psal Kaz 36:10  Көп ұзамай зұлым адам ғайып болар,Іздесең таппайсың, орны босап қалар.
Psal Kaz 36:11  Ал кішіпейіл жандар елді иеленер,Бейбіт өмірдің рақатына мол сүйсінер.
Psal Kaz 36:12  Арсыз жан әділге жамандық ниеттенер,Менсінбей оны, тіс қайрап жек көрер.
Psal Kaz 36:13  Бірақ Иеміз онысына тек күледі,Сот күнінің таяп қалғанын біледі.
Psal Kaz 36:14  Семсерін суырып, садағын тартты сұмдар,Жарлыны құлатып, адалды құртпақ олар,
Psal Kaz 36:15  Ал семсерлері өз жүректеріне қадалар,Садақтары сындырылып, талқандалар.
Psal Kaz 36:16  Әділдің қолындағы аздың өзіКөп зұлымның қолындағы молдан ізгі.
Psal Kaz 36:17  Себебі зұлымның күші жойылады,Бірақ әділді Жаратқан нығайтады.
Psal Kaz 36:18  Мінсіздерге Жаратқан күнде көз салады,Мұралық меншіктері мәңгі сақталады,
Psal Kaz 36:19  Ауыр күнде мінсіздер масқара болмайды,Тіпті аштық кезінде тамағын тоя жейді.
Psal Kaz 36:20  Жаратқанның жаулары жойылады,Зұлымдар даланың көркіндей солады,Жайылған түтіндей тез ғайып болады.
Psal Kaz 36:21  Арсыз жан қарыз алып, қайтармайды,Әділ жан мүсіркеп, қамқорлайды.
Psal Kaz 36:22  Иеміз жарылқағандар жерді мұралайды,Ал Оның қарғағандары қырғынға ұшырайды.
Psal Kaz 36:23  Әділдің қадамын Жаратқан нығайтады,Жүрген өмір жолын Ол ұнатады,
Psal Kaz 36:24  Сүрінсе әділ жан, біржола құламайды,Жаратқан оны қолынан демеп қолдайды.
Psal Kaz 36:25  Жас та болдым, енді міне, қартайдым,Көрмедім әділ жанның бейшара болғанын,Ұрпағының қайыршы боп нан сұрағанын.
Psal Kaz 36:26  Қайта, күнде жаны ашып қарыз береді,Ұрпағы да елге игілік әкеледі.
Psal Kaz 36:27  Жамандықтан без, ұдайы жақсылық істе,Сонда өмір бойы тұрасың еліңде.
Psal Kaz 36:28  Себебі Жаратушы әділдікті қалайды,Өзіне бағышталған жаннан бас тартпайды.Сондайды Ол мәңгі аман-есен сақтайды,Ал сұмның ұрпағы қырғынға ұшырайды.
Psal Kaz 36:29  Әділдер осылай елді иеленеді,Өмір бақи оны мекен етеді.
Psal Kaz 36:30  Әділ жанның аузынан даналық шығады,Тілімен ол әрдайым әділдік айтады,
Psal Kaz 36:31  Жүрегінде Құдайының заңы қалады,Әділдік жолында аяғы нық болады.
Psal Kaz 36:32  Арамза адам әділді торып аңдиды,Оның көзін құртудың амалын іздейді,
Psal Kaz 36:33  Ал Иеміз әділді арамзаға қалдырмайды,Оған әділге қарсы үкім шығартпайды.
Psal Kaz 36:34  Жаратқанға сүйеніп, Оның жолымен жүр,Ол сені көтеріп елді иелентер,Зұлымдардың құрығанын саған көрсетер.
Psal Kaz 36:35  Бұтағын жайып, тереңге тамырлағанЗор ағаштай сұм да қатал жанды байқағам,
Psal Kaz 36:36  Енді міне, ол уақыты өтіп жоқ болған,Іздесем де, оны мүлдем таба алман.
Psal Kaz 36:37  Мінсізді бақыла, әділге қара:Зор болашақ бар бейбіт адамда,
Psal Kaz 36:38  Бірақ заңсыздар түгел құртылады,Сұмдардың болашағы қырғын болады.
Psal Kaz 36:39  Әділдерді Жаратқан құтқарып алады,Пәлеге тап болса, оларға пана болады,
Psal Kaz 36:40  Жаратушы оларды қолдап құтқарады,Зұлымдардың қолынан босатып алады,Өйткені әділдер Оған үміт артады.
Chapter 37
Psal Kaz 37:1  (Басына түскен жағдайын Құдайдың есіне салған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 37:2  Уа, Жаратқан, қаһарланып сөге көрме,Ашуланып мені жазалай көрме.
Psal Kaz 37:3  Өзің атқан жебелерің денеме кірді,Қолың зілдей басты менің үстімді.
Psal Kaz 37:4  Қаһарыңнан денемде сау жерім жоқ,Күнәмнан жан-тәнімде тыныштық жоқ.
Psal Kaz 37:5  Істеген күнәларым басымнан асты,Ауыр жүктей денемді жерге жаншыды.
Psal Kaz 37:6  Ақымақ істерімнің кесіріненЖараларым іріңдеп, иістенген,
Psal Kaz 37:7  Иіліп кеттім тұла бойым бүгіліп,Күні бойы жүремін қайғы шегіп.
Psal Kaz 37:8  Белім менің ісіп кетіп қабынған,Денемде сау жерім жоқ ауырмаған.
Psal Kaz 37:9  Әбден әлсіреп, шалдығып-шаршаймын,Жан азабынан қатты ыңқылдаймын.
Psal Kaz 37:10  Уа, Ием, Саған аян барлық қалауым,Құпия емес Саған ыңқылдауым,
Psal Kaz 37:11  Жүрегім аласұрып, құрыды қуатым,Көз жанарым суалып, қашты нұрым.
Psal Kaz 37:12  Дос-жарандарым жарамнан қашқақтап,Жақын туыстарым да тұр алшақтап.
Psal Kaz 37:13  Жанымды алмақ жаулар тұзақ құрады,Дұшпандар ажалым туралы айтады,Күн сайын қастық жайлы ақылдасады.
Psal Kaz 37:14  Ал мен саңыраудай құлақ аспаймын,Мылқау сияқты жағымды ашпаймын,
Psal Kaz 37:15  Осылай құлағы естімес адамдаймын,Аузынан жауап шықпас мылқаудаймын.
Psal Kaz 37:16  Өйткені, Жаратқан Ие, Өзіңе сенем,Сен жауап бересің, уа, Құдай Ием.
Psal Kaz 37:17  Сонда мен былай деп ойлаған едім:Дұшпандарым мені табаламасын,Сүрініп құласам, олар паңданбасын.
Psal Kaz 37:18  Себебі жақын қалдым мен құлауға,Азабым әрдайым көз алдымда.
Psal Kaz 37:19  Әділетсіз ісімді мойындаймын,Жасаған күнәма қайғырудамын.
Psal Kaz 37:20  Ал көп жауларым сергек жүріп күшеюде,Себепсіз мені жек көретіндер көбеюде,
Psal Kaz 37:21  Жақсылығыма олар жамандық қайырады,Ізгі жолмен жүргеніме қарсы шығады.
Psal Kaz 37:22  Уа, Ием, мені жалғыз тастай көрме,О, Құдайым, менен алыстай көрме.
Psal Kaz 37:23  Асыға гөр маған көмек беруге,Құтқарушым менің, уа, Жаратқан Ие.
Chapter 38
Psal Kaz 38:1  (Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 38:2  Өзіме былай дедім: «Мен сақ жүрейін,Тіліммен күнә жасаудан безейін,Әділетсіз жан қасымда тұрғандаТіліме берік бұғау салайын да».
Psal Kaz 38:3  Осылай аузымды ашпай үндемедім,Тіпті жақсылық жайлы да сөйлемедім,Содан күшейе түсті қасіретім.
Psal Kaz 38:4  Жүрек жалындап, ойымда от тұтанды,Тілімнен отты сөздер ағытылды:
Psal Kaz 38:5  Көрсете гөр, Ием, ғұмырымның соңын,Көрер күндерімнің бүкіл санын,Өмірімнің өткіншілігін ұғайын.
Psal Kaz 38:6  Бір қарыстан ұзақ емес өмірім,Қас қағым сәт — ғұмыр жасым Сен үшін.Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі!
Psal Kaz 38:7  Адамдар өмірден елестей өтеді,Мал-мүлік мол жинап бекер күйбеңдейді,Себебі соның кімге тиерін білмейді.
Psal Kaz 38:8  Ал қазір, уа, Ием, нені тосамын?Тек Өзіңе үмітімді артамын.
Psal Kaz 38:9  Заңсыз істерімнен мені арылта гөр,Зердесіздің қорлауынан сақтай гөр.
Psal Kaz 38:10  Мен ауызымды ашып, еш үндемеймін,Өйткені осыны жасаған Сен Өзіңсің.
Psal Kaz 38:11  Бұйырған азапты ала гөр менен,Қолыңның соққысынан әлсіредім мен.
Psal Kaz 38:12  Күнәсі үшін жазаласаң пендені,Күйе жеп қойғандай таусылар көрігі,Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі!
Psal Kaz 38:13  Мінажатыма, уа, Ием, құлақ түрші,Көмекке шақырған даусымды естіші,Менің көз жасымды елемей жүрмеші,Себебі барлық ата-бабама ұқсаймын,Жат жерлік кірме болып Өзіңмен тұрамын.
Psal Kaz 38:14  Маған қарап тұрмашы ашуменен,Қайтадан көңілді болайын мен,Ғайып болмас бұрын кетіп бұл өмірден.
Chapter 39
Psal Kaz 39:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 39:2  Нық сүйеніп келемін Жаратқан Иеме,Бұрылып, құлақ түрді Ол өтінішіме.
Psal Kaz 39:3  Жаратқан Ием қорқынышты шұңқырданМені тартып шығарды әрі батпақтан;Дәу тастың үстіне тұрғызды аяғымды,Нық, қауіпсіз қылды қадамдарымды.
Psal Kaz 39:4  Ол жаңа ән-жырды маған айтқызды,Мадақтаймын әрдайым Құдайымызды.Мұны көрген көпшілік ЖаратқандыҚастерлеп, Оған сенімін артады.
Psal Kaz 39:5  Менмендердің қолдауын сұрамайтын,Жалғанға сүйенгендерге бет бұрмайтын,Қайта, тек Жаратқанға сенімін артқанӘркім — өмір бақи қандай бақытты жан!
Psal Kaz 39:6  Уа, Құдай Ием, көп керемет жасадың,Біздің игілігімізді Сен ойлап тұрсың.Игі істеріңді айтуға тырыссам,Көптігі сонша, санауға жетпейді сан:Саған тең келе алмас бірде-бір жан!
Psal Kaz 39:7  Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың,Бірақ маған Өзіңе құлақ салғыздың.Шалып, өртелетін не күнәнің құнынӨтейтін құрбандықтарды талап қылмадың.
Psal Kaz 39:8  Сонда мен былай дедім: «Міне, келе жатырмын,Шиыршық кітапта мен туралы жазылған:
Psal Kaz 39:9  Сенің еркіңді орындауға құштармын,Уа, Құдайым, жүрегімде Сенің тағылымың».
Psal Kaz 39:10  Үлкен жиында әділдікті уағыздадым,Ием, Сен білесің, мен үнсіз қалмадым,
Psal Kaz 39:11  Іште жасырмадым әділ хабарыңды:Сенімділігің мен құтқаруыңды,Рақымың мен ақиқатыңды ӨзіңніңҮлкен жиналыста айтпай кетпедім.
Psal Kaz 39:12  Мені мейіріміңнен айырмашы, о, Ием,Рақым мен шындығың мені қорғасын лайым.
Psal Kaz 39:13  Сансыз пәлелер маған жан-жақтан лап берді,Жасаған күнәларым мені қуып жетті,Соларға бола жолымды көре алмаймын.Басымдағы шашымнан көп саны олардың,Содан үмітім үзіліп, жүрексіз болдым.
Psal Kaz 39:14  Уа, Ием, рақым етіп мені құтқара гөр,Маған көмекке тездетіп келе гөр.
Psal Kaz 39:15  Жанымды алмақ болған бар жауларымТаңдана абыржып, ұятқа қалсын,Маған пәле тілеген бар дұшпандарымМасқараланып кері қайтарылсын!
Psal Kaz 39:16  «Өзіңе де сол керек!» деп табалағанОлар қатты ұялып, таңғалсын соған.
Psal Kaz 39:17  Бірақ бет бұрып сиынғандар СағанӨзіңе қуана берсін шат-шадыман,Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім:«Иеміз даңқты!» деп Сені дәріптесін!
Psal Kaz 39:18  Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін,Уа, Ием, Сен жағдайымды ойлайсың.Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің,Кешіге көрмеші, о, Құдайым менің.
Chapter 40
Psal Kaz 40:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 40:2  Жарлының қамын ойлайтын жан бақытты!Ауыр күнде Иеміз оны құтқарады,
Psal Kaz 40:3  Әрі қорғап, өмірін аман сақтайды,Жаратқан оны елде жарылқайды,Жауларының еркіне беріп қоймайды.
Psal Kaz 40:4  Ауырса ол, Иеміз оған күш береді,Төсектегі оның халін түзетеді.
Psal Kaz 40:5  Иеме былай деп мінажат еттім:«Рақымды бола гөр, уа, Жаратқан Ием,Саған қарсы күнә жасаған едім,Сауықтыра гөр жан дүниемді менің!»
Psal Kaz 40:6  Дұшпандарым жамандап былай дейді:«Қашан анау өліп, аты өшеді?»
Psal Kaz 40:7  Біреуі маған кіріп-шықса, жалған сөйлейді,Шынымен ол тек өсек-аяң жинайды,Барған жерлерінде сонысын жаяды.
Psal Kaz 40:8  Мені жек көргендердің барлығыӨзара маған қарсы сыбырласады,Былай деп жамандық ойластырады:
Psal Kaz 40:9  «Қатерлі ауру жабысыпты оған,Ол мәңгі тұрмайды жатқан орнынан!»
Psal Kaz 40:10  Тіпті дастарқандас боп нанымды жегенСырлас досым, өзім толықтай сенген,Енді мені теуіп жіберу үшінМаған қарсы көтерді өз өкшесін.
Psal Kaz 40:11  Ал Сен, уа, Ием, рақымды бола гөр,Сауықтырып орнымнан тұрғыза гөр,Оларға лайықтысын қайтарайын.
Psal Kaz 40:12  Жауымның мені жеңіп шықпағанынанҰғамын Сенің риза екеніңді маған.
Psal Kaz 40:13  Адал жүрген мені аман сақтайсың,Көз алдыңа мәңгі орнатқызасың.
Psal Kaz 40:14  Исраил сиынатын Құдай ИеМадақтала берсін мәңгілікке!Аумин, иә, аумин.
Chapter 41
Psal Kaz 41:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)
Psal Kaz 41:2  Марал қалай аңсаса мөлдір суды,О, Құдай, жаным солай Сені аңсайды.
Psal Kaz 41:3  Жаным шын Құдайды іздеп шөліркейді,Қашан мен Құдайыма бара аламын,Қашан Оның алдында бола аламын?
Psal Kaz 41:4  Көз жасымды көл қыламын күндіз-түні,Себебі адамдар менен күні бойы:«Құдайың қайда?» деп сұрай береді.
Psal Kaz 41:5  Сырымды Саған ақтарған кезімдеМынау бірден түседі менің есіме:Мен көпшілікті жетелеген едім,Құдайдың үйіне қарай өрледім,Мейрамдаған халықпен бірге жүрдім,Шат-шадыман болып шүкірлік еттім.
Psal Kaz 41:6  Жан дүнием, неге сен мұңаясың,Бойымда алаңдап, неге мазасызсың?Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!Өйткені Құтқарушымды — өзімніңҚұдайымды мадақтаймын әлі де.
Psal Kaz 41:7  Мұңаяды ішімдегі жан дүние.Мен Иордан жағасындағы елде,Хермон, Мизар тауларының жеріндеАңсап ойлайтын боламын Сені.
Psal Kaz 41:8  Сарқыраған суларың долданғандаҰласа береді тасқын тасқынға,Сенің бар суларың, толқындарың даМені басып, асып кетіп жатты да.
Psal Kaz 41:9  Жаратқан күндіз рақым жасап маған,Мен Оны түнде мақтап, жырлап шығам,Һәм мінажаттарымды бағыштаймынҚұдайыма Өзіме өмір сыйлаған.
Psal Kaz 41:10  Маған жар болып келген Құдайдан:«Неліктен Сен мені есіңнен шығардың?Неліктен мен қысым көріп жауымнан,Сонша қайғырып жүрмін?» деп сұраймын.
Psal Kaz 41:11  Дұшпандарымның табалаған мазағыЖаныма менің қатты батады,Себебі олар менен күні бойы:«Құдайың қайда сенің?» деп сұрайды.
Psal Kaz 41:12  Жан дүнием, неге сен мұңаясың,Бойымда алаңдап, неге мазасызсың?Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!Өйткені Құтқарушымды — өзімніңҚұдайымды мадақтаймын әлі де.
Chapter 42
Psal Kaz 42:1  Уа, Құдай, үкім шығарып мені ақташы,Бұл мейірімсіз халықтан мені қорғашы,Әділетсіз өтірікшілерден құтқаршы!
Psal Kaz 42:2  Өйткені Сен бас сауғалайтын қорғанымсың,Неден менен бас тартып, жалғыз қалдырдың?Неге жаудан қиналып жүруге тиіспін,Не үшін қайғы-қасірет шегуге мәжбүрмін?
Psal Kaz 42:3  Нұрың мен шындығыңды жіберші, уа, Ием,Олар киелі тауыңа маған жол көрсетсін,Мені Өзің мекендейтін орынға жетелесін,
Psal Kaz 42:4  Сонда Саған арналған құрбандық үстеліне,Әрі шаттығым мен рақатымның көзіне —Уа, Құдайым, Өзіңнің алдыңа барамын,Жетігенмен Саған, Құдайым, мақтау айтамын.
Psal Kaz 42:5  Жан дүнием, неге сен мұңаясың,Бойымда алаңдап неге мазасызсың?Жалғыз Құдайдан үмітіңді үзбе!Өйткені Құтқарушымды — өзімніңҚұдайымды мадақтаймын әлі де.
Chapter 43
Psal Kaz 43:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.)
Psal Kaz 43:2  Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңменЕжелде бабалардың заманында істегенКеремет істерің жайлы құлағымызбенКөп естігенбіз әкелерімізден.
Psal Kaz 43:3  Қыңыр ұлттарды Сен елден қуып шықтың,Ал бабаларымызды орнықтырдың.Сол тайпаларды Сен езіп тастадың,Ал бабаларымызды азат қылдың.
Psal Kaz 43:4  Бабалар елді семсерімен басып алған жоқ,Әрі білек күштерімен жеңіп шықкан жоқ,Мұны істеген — Сенің ұлы құдіретің,Һәм бет-жүзіңнің нұры: Сен рақым көрсеттің.
Psal Kaz 43:5  Сен менің Патшам әрі Құдайымсың,Жақыптың халқына құтқарылу сыйлайсың,
Psal Kaz 43:6  Сенімен жауларымызды соққылаймыз,Сенің атыңнан дұшпанды таптаймыз.
Psal Kaz 43:7  Садағыма артпаймын мен сенімімді,Құтқара да алмайды семсерім мені,
Psal Kaz 43:8  Жауларымыздан Сен бізді құтқарасың,Бізді жек көргендерді масқара қыласың.
Psal Kaz 43:9  Күн сайын Құдайды айтып мақтанамыз,Атыңды мәңгілік мадақтайтын боламыз.
Psal Kaz 43:10  Ал қазір бізді тастап, ұятқа қалдырдың,Сен жасағымызбен бірге аттанбадың,
Psal Kaz 43:11  Жауымыздан қашуға мәжбүр қылдың,Дұшпандарға бізді тонатып қойдың,
Psal Kaz 43:12  Сойылатын қой іспетті бізді тапсырдың,Халықтар арасына шашыраттың,
Psal Kaz 43:13  Өз халқыңды арзанға сатып жібердің,Біздің құнымызды әбден түсірдің.
Psal Kaz 43:14  Көршілерімізге бізді қорлаттың,Маңымыздағыларға мазақтаттың,
Psal Kaz 43:15  Қыңыр ұлттардың қорлауына қалдырдың,Оларға бізді елетпей бас шайқаттың.
Psal Kaz 43:16  Масқарамыз күнде алдымыздан шығады,Халқымыз ұяттан қара бет болады,
Psal Kaz 43:17  Жалақордың ұрсуын естіп тұрамыз,Кек алмақ жаудың бетін көріп тұрамыз.
Psal Kaz 43:18  Осының барлығына ұшырадық,Алайда біздер Сені ұмытпадық,Сенің Келісіміңді де бұзбадық.
Psal Kaz 43:19  Жүрегіміз Сенен бас тартқан да жоқ,Аяғымыз жолыңнан тайған да жоқ.
Psal Kaz 43:20  Сонда да Сен бізді талқандап қираттың,Елімізді шибөрінің тұрағы еттің,Ажал қаупін бастарымызға төндірдің.
Psal Kaz 43:21  Егер Құдайымыздың атын ұмытсақ,Бөтен «тәңірге» қол жайып сиынсақ,
Psal Kaz 43:22  Құдай мұны әлде білмес пе еді?Ол жүректің құпияларын да біледі!
Psal Kaz 43:23  Ал Сен үшін жау бізді күнде жоюда,Сойылатын қой деп бізге қарауда.
Psal Kaz 43:24  Уа, Жаратқан, неге «жатырсың ұйқыда»?«Серпіліп», бас көтере гөр бізді қорғауға,Бізден бас тарта көрмеші біржолата!
Psal Kaz 43:25  Неге бізден бет-жүзіңді жасырасың,Қайғы мен жәбірімізді ұмытасың?
Psal Kaz 43:26  Өйткені ажал аузында жандарымыз,Әрі жерге жабысуда тәндеріміз.
Psal Kaz 43:27  Тұрып орныңнан, бізді қолдай гөр,Рақымыңа бола бізді құтқара гөр.
Chapter 44
Psal Kaz 44:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «қызғалдақтар» әуенімен айтылатын Қорах ұрпақтарының насихат жыры әрі махаббат әні.)
Psal Kaz 44:2  Патшаға арнап әнімді айтқандаЖүрегімнен ізгі сөз құйылуда,Тілім ұқсас хатшының жүйрік қаламына.
Psal Kaz 44:3  Сен әсемсің күллі адам баласынан,Мейірімді сөз ағылады аузыңнан,Құдай Сені мәңгілікке жарылқаған.
Psal Kaz 44:4  Уа, батыр, семсеріңді асынып ал,Зор даңқ пен ұлылыққа бөленіп ал.
Psal Kaz 44:5  Осы салтанатыңмен жеңіске аттанАқиқат, кішіпейілдік, әділдік үшін,Мықты оң қолың ғажап істер істесін.
Psal Kaz 44:6  Жебелерің үшкір, олар патшаныңЖауларының жүрегіне дәл қадалсын,Барлық ұлттар да аяғыңа жығылсын.
Psal Kaz 44:7  Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,Патшалығыңа жүргізесің әділ билік,
Psal Kaz 44:8  Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,Сондықтан да Құдай, өз Құдайың сенің,Өзіңді тағайындап, сыйлады сағанСеріктеріңнен гөрі шаттықты молынан.
Psal Kaz 44:9  Хош иісті сенің күллі киімдеріңМүр, алоэ, дәмқабық гүлінің жұпарымен,Көңіліңді көтереді сазды әуенСарайларыңда піл сүйегімен безенген.
Psal Kaz 44:10  Сенің құрмет тұтатын жұбайларыңАрасында бар қыздары патшалардың.Оң жағыңда отыр опырлық саф алтынӘшекейлер тағып алған патшайымың.
Psal Kaz 44:11  Тыңда, қызым, ұғып ал, тос құлағыңды:Ұмыт шыққан әулетің мен халқыңды,
Psal Kaz 44:12  Патша аңсап қалайды сұлулығыңды,Ол тақсыр иең сенің, ардақта оны!
Psal Kaz 44:13  Тир қаласы сыйлығын алып келеді,Елдің байлары ықыласыңды іздейді.
Psal Kaz 44:14  Қалыңдық ханшаң отыр өз бөлмесіндеАлтын кестелі көйлегі бар үстінде,
Psal Kaz 44:15  Түрлі түсті киімімен әкелінеді,Құрбы қыздары соңынан ілеседі,Барлығы да Сенің алдыңа келеді,
Psal Kaz 44:16  Зор қуаныш, шаттықпен бастап әкелінеді,Патшалық сарайыңа салтанатпен енеді.
Psal Kaz 44:17  Ұлдарың орнын баспақ аталарыңның,Бүкіл елге оларды әкім етіп қоясың.
Psal Kaz 44:18  Бар ұрпақтарға сыйлатамын есіміңді,Халықтар дәріптейді мәңгі Өзіңді.
Chapter 45
Psal Kaz 45:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған. Сопрано дауыспен айтылатын Қорах ұрпақтарының жыры.)
Psal Kaz 45:2  Құдай — біздің панамыз да күшіміз,Қиын кезде сенімді көмекшіміз.
Psal Kaz 45:3  Сол себептен біз уайымдап қорықпаймыз,Тіпті дүниенің астан-кестені шықса да,Таулар теңіздің тұңғиығына құласа да,
Psal Kaz 45:4  Теңіз долдана ақ көбік атқыласа да,Оның толқынынан тау сілкініп жатса да.(Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!)
Psal Kaz 45:5  Құдайдың таңдап алған қаласына,Алла Тағаланың киелі тұрағынаОның рақымы бұлақтың суындайӘрқашан да нәр беріп қуантуда.
Psal Kaz 45:6  Құдай осы қаланың ортасында,Ешқашан қозғалмайды да сол қала,Құдай көмегін береді таң ата.
Psal Kaz 45:7  Халықтар абыржи толқып,Патшалардың тақтары шайқалады,Алла Тағаланың үні естіліп,Бүкіл жер беті балқып жоқ болады.
Psal Kaz 45:8  Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!
Psal Kaz 45:9  Келіп көріңдер Иенің істерін,Ол ойрандатты жаулардың жерлерін,
Psal Kaz 45:10  Дүниедегі соғыстарды тоқтатып,Садақ, найза атаулыны сындырып,Күймелерді қиратты отқа жағып.
Psal Kaz 45:11  «Тынышталыңдар барлығың енді,Біліңдер Менің Құдай екенімді!Басқа халықтар Мені құрметтейді,Дүние жүзінде Мені қастерлейді».
Psal Kaz 45:12  Әлемнің Иесі біздің жанымызда,Жақып сиынған Құдай — биік қорғанымыз да!
Chapter 46
Psal Kaz 46:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)
Psal Kaz 46:2  Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар,Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!
Psal Kaz 46:3  Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты,Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы
Psal Kaz 46:4  Бізге халықтарды бағындырады,Жау ұлттарды табанымызға салады.
Psal Kaz 46:5  Үлесімізге таңдады Ол біз үшінӨзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін.
Psal Kaz 46:6  Құдай Ие халқының шаттық айқайыменТұрағына көтерілді, һәм керней үнімен.
Psal Kaz 46:7  Әндетіңдер, Құдайға ән-жыр шырқаңдар,Күй тартып та Патшамызды мадақтаңдар!
Psal Kaz 46:8  Құдай — Патшасы күллі жер бетінің,Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын!
Psal Kaz 46:9  Құдай халықтарға билігін орнатты,Киелі тағына Ол отырып алды.
Psal Kaz 46:10  Басқа ұлттардың басшылары жиналар,Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар,Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары,Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!
Chapter 47
Psal Kaz 47:1  (Қорах ұрпақтарының әні әрі жыры.)
Psal Kaz 47:2  Құдайдың таңдап алған қаласында,Оның қасиетті Сион тауындаЖаратқан Иеміз теңдессіз ұлы,Ол мадақталуға әбден лайықты!
Psal Kaz 47:3  Әсем де биік Сион тауы —Күллі әлемнің қуанышы,Таудың солтүстік жағындағыҰлы Патшаның астанасы.
Psal Kaz 47:4  Бекіністі сарайларында ҚұдайБелгілі қорғаушы, баспанадай.
Psal Kaz 47:5  Патшалар күштерін жинаған еді,Шайқасқа бірігіп аттанған еді.
Psal Kaz 47:6  Олар қаланы көріп, аң-таң болды,Үрейленіп, түгел қаша жөнелді,
Psal Kaz 47:7  Бойларын қорқыныш кернеді,Толғатқан әйелдей қиналды.
Psal Kaz 47:8  Теңіз кемелерін шығыстың дауылыҚиратқандай, құрттың Сен оларды.
Psal Kaz 47:9  Құлағымызбен мынаны естіген едік,Әлем Иесінің қаласынан соны көрдік,Иә, Құдайымыздың осы шаһарынан:Өз қаласын нығайтады Ол әрқашан.
Psal Kaz 47:10  Уа, Құдай, ғибадатханаңдаОйландық мейірімің жайында,
Psal Kaz 47:11  Уа, Құдайым, Сенің атың да,Саған арналған мадақтау даЖердің төрт бұрышына жайылады,Құдіретті қолың әділдік орнатады.
Psal Kaz 47:12  Сенің әділ билігіңе болаШаттанады Сион тауы да,Қуанады Яһуда қалалары да.
Psal Kaz 47:13  Сионға жақындап барыңдар,Шаһарды айналып шығыңдар,Барлық мұнараларын санаңдар,
Psal Kaz 47:14  Қамалдарына назар аударыңдар,Сарайларын да қарап шығыңдар.Келер ұрпаққа мынаны айтыңдар:
Psal Kaz 47:15  «Бұл Құдай — мәңгілік Құдайымыз,Деміміз біткенше Ол — жетекшіміз!»
Chapter 48
Psal Kaz 48:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)
Psal Kaz 48:2  Күллі халықтар, мынаны тыңдаңдар,Әлемнің тұрғындары, құлақ асыңдар,
Psal Kaz 48:3  Қатардағылар және атақтылар,Байлар мен бейшаралар, ден қойыңдар!
Psal Kaz 48:4  Даналық сөздер шығады аузымнан,Жүрек толғанысым түсінікке толған,
Psal Kaz 48:5  Нақыл сөзге құлағымды саламын,Домбыра тартып жұмбағымды ашамын.
Psal Kaz 48:6  Қиын-қыстау кезде қорықпаймын,Қоршаса да мені алдамшылардыңЗұлымдығы: әл-ауқаттарына оларСүйеніп, зор байлығымен мақтанар.
Psal Kaz 48:7  Қиын-қыстау кезде қорықпаймын,Қоршаса да мені алдамшылардыңЗұлымдығы: әл-ауқаттарына оларСүйеніп, зор байлығымен мақтанар.
Psal Kaz 48:8  Ал адам жанын пенде ажалдан босатпас,Оның төлемін Құдайға бере алмас.
Psal Kaz 48:9  Адамның мәңгі өмір сүруі үшін,Қабірге түсіп, шірімеуі үшінТөлем төлеп босатудың бағасыТым қымбат, істей алмас оны адам баласы.
Psal Kaz 48:10  Адамның мәңгі өмір сүруі үшін,Қабірге түсіп, шірімеуі үшінТөлем төлеп босатудың бағасыТым қымбат, істей алмас оны адам баласы.
Psal Kaz 48:11  Данышпанның да өлгенін жұрт көреді,Дәл солай ақымақ пен ессіз де өледі,Мал-мүлкін басқаға қалдырғанын біледі.
Psal Kaz 48:12  Ессіздердің ойынша мәңгі өз үйлері,Ұрпақтан ұрпаққа сақталар мекендеріӘрі өз аттарымен аталған жерлері.
Psal Kaz 48:13  Ал қадірлі адам да мәңгі қалмайды,Өліп құритын хайуанға ұқсайды.
Psal Kaz 48:14  Міне, бұл — ақымақтың жүрер жолдары,Сөздерін қолдайды ізбасарлары.
Psal Kaz 48:15  Олар қойлардай өлімге ұшырар,Ажал олардың «бағушысы» болар,Тәндері құрып, қабірді мекендер,Ал таңертең әділдер үстемдік етер.
Psal Kaz 48:16  Бірақ Құдай жанымды о дүниеден құтқарады,Ол мені Өзіне қабылдайтын болады.
Psal Kaz 48:17  Уайымдама, біреу баий қалғанда,Үйінің салтанаты тым молайғанда,
Psal Kaz 48:18  Өлгенде ол өзімен еш нәрсе алмайды,Салтанаты оған еріп бармайды.
Psal Kaz 48:19  Тірі кезде ол бақытты сезінетін,Өркендегенде жұрт оны дәріптейтін.
Psal Kaz 48:20  Бірақ ол да бабаларына аттанады,Өмірдің нұрынан енді ада болады.
Psal Kaz 48:21  Байлығына мастанған ақылсыз жанІспетті — кейін өліп құритын хайуан.
Chapter 49
Psal Kaz 49:1  (Асафтың жыры.)Құдіреті шексіз Құдай — ЖаратқанҮн қатып, батысқа дейін күншығыстанӘлемдегі адамзатты шақырған.
Psal Kaz 49:2  Мүлтіксіз көрікті Сион тауынанҚұдайдың салтанаты көрініс тапқан.
Psal Kaz 49:3  Құдайымыз келеді, Ол үнсіз қалмайды,Оның алдынан от жалындап жалмайды,Алапат дауыл айналасында соғады.
Psal Kaz 49:4  Құдай көк пен жерді куәлікке шақырады,Өзі таңдаған халқын соттауға барады:
Psal Kaz 49:5  «Қасыма жинаңдар Менің сенімді халқымды,Құрбандық шалып Өзіммен Келісім жасағандарды!»
Psal Kaz 49:6  Көк сонда Оның әділдігін паш етеді,Себебі соттайтын — Құдайдың Өзі.
Psal Kaz 49:7  «Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін:Саған қарсы куәлік келтіремін,Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын!
Psal Kaz 49:8  Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын,Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын.
Psal Kaz 49:9  Ал қаламаймын бұқаларды қораларыңнанЯки текелерді шарбақтарыңнан,
Psal Kaz 49:10  Өйткені орманның әр аңы Менікі,Әрі малдар да мыңдаған төбедегі,
Psal Kaz 49:11  Барлық құсты білемін таулардағы,Хайуандар да Менікі даладағы.
Psal Kaz 49:12  «Ашықсам» Мен саған айтпас та едім,Бар әлем мен ондағылар — өз меншігім.
Psal Kaz 49:13  Шалынған бұқаның етін жеймін бе,Не текелердің қанын ішемін бе?
Psal Kaz 49:14  Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,Берген сертіңді орында Алла Тағалаға.
Psal Kaz 49:15  Қиындық көргеніңде шақыр Мені,Сонда құтқарып аламын сені,Ал өзің мадақтайтын боласың Мені».
Psal Kaz 49:16  Бірақ Құдай былай дейді арамзаға:«Қандай қақың бар жарлықтарымды айтуғаЖәне Келісімімді аузыңа алуға?
Psal Kaz 49:17  Алайда сен ескертуімді жек көресің,Айтқан сөздерімді менсінбей жүресің.
Psal Kaz 49:18  Ұрыны көрсең оған қосыласың,Нәпсіқұмарлармен де араласасың.
Psal Kaz 49:19  Сенің аузыңнан жамандық шығады,Тілің өтірікті торлап тұрады.
Psal Kaz 49:20  Отырып алып бауырыңды ғайбаттайсың,Өз анаңның ұлын нақақ жамандайсың.
Psal Kaz 49:21  Сен солай істегенде Мен үндемедім,Сонда Мені өзіңдей есептедің.Ал қазір Мен сені сақтандырамын,Күнәларыңды көз алдыңа қоямын».
Psal Kaz 49:22  «Құдайын ұмытқандар, ұғыңдар бұл жайды:Жазалап, паршаласам, ешкім құтқармайды.
Psal Kaz 49:23  Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған,Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам».
Chapter 50
Psal Kaz 50:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры,
Psal Kaz 50:2  Барсабиямен жақындасып күнәға батқан Дәуітке Натан пайғамбар келген оқиғаға байланысты мінажат.)
Psal Kaz 50:3  Шексіз сүйіспеншілігіңе бола,О, Құдай, маған рақым ете гөр,Мейіріміңнің молдығына болаҚылмыстарымды өшіріп тастай гөр.
Psal Kaz 50:4  Мені әділетсіздігімнен арылтып,Күнәларымнан түгел тазарта гөр.
Psal Kaz 50:5  Қылмыстарымды жақсы білемін де,Күнәларым әрдайым тұр есімде.
Psal Kaz 50:6  Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым,Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім.Осылай әділ Сенің айтқандарың,Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың.
Psal Kaz 50:7  Мен күнәкар болып дүниеге келдім,Құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім.
Psal Kaz 50:8  Сен жүректің таза болуын қалайсың,Жан дүниеме даналық та құясың.
Psal Kaz 50:9  Құрбандық қанын бүркіп, күнәмді кеше гөр,Сонда көз алдыңда пәк таза боламын,Күллі күнәмнан мені жуып-шая гөр,Сонда қардан да аппақ тазарамын.
Psal Kaz 50:10  Шаттық үнін маған қайтадан естірте гөр,Сен әлсіреткен денемді қуанта гөр,
Psal Kaz 50:11  Күнәларыма енді назар аудармай,Бар қылмыстарымды өшіріп тастай гөр.
Psal Kaz 50:12  Уа, Құдайым, жүрегімді тазарта гөр,Рухымды берік қылып, жаңарта гөр.
Psal Kaz 50:13  Қасыңнан мені қуып шыға көрме,Киелі Рухыңды менен ала көрме,
Psal Kaz 50:14  Мені құтқарғаныңа қуантып тағы,Сыйлай гөр азғырылмайтын берік рухты.
Psal Kaz 50:15  Қылмыскерлерге ақ жолыңды үйретейін,Күнәкарлар сонда Саған бұрмақ беттерін.
Psal Kaz 50:16  Қан төккен мені арылтсаңшы кінәмнан,Сенсің ғой жалғыз Құтқарушы Құдайым.Тіліммен әділдігіңді мадақтаймын.
Psal Kaz 50:17  Аузыма ерік бере гөр, Жаратқан Ием,Сені емін-еркін мадақтап, дәріптейін.
Psal Kaz 50:18  Құрбандық шалуымды қаламай тұрсың,Өртеу құрбандығын да ұнатпай тұрсың,Әйтпесе оларды ұсынар да едім.
Psal Kaz 50:19  Ал Құдайға ұнамды сый, құрбандық —Күнәсіне шынымен өкінген рух.Шын опық жеп, бағынған жүрекке СенТеріс қарамайсың, уа, Құдай Ием.
Psal Kaz 50:20  Игі еркіңмен Сионды өркендете гөр,Қамалын оның қайта тұрғыза гөр.
Psal Kaz 50:21  Сонда Саған ұнамды пәк тартуларШалынбақ һәм өртелетін құрбандықтар,Үстеліңе торпақтар да ұсынылмақ,Сенің жолыңа солар бағышталмақ.
Chapter 51
Psal Kaz 51:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің насихат жыры.
Psal Kaz 51:2  Ол едомдық Доиқтың Саулға барып, Дәуіттің Ахимәліктің үйіне кіріп-шыққаны жайлы хабар жеткізген кезіне арналған.)
Psal Kaz 51:3  Ей, мықты жан, қылмысыңа неге мақтанасың,Әйтсе де Құдай маған төгеді рақымын.Ұзақты күн сен құрту жайлы ойланасың.
Psal Kaz 51:4  Өткір ұстарадай тіледі сенің тілің,Өтірікті айтуға шеберсің өзің,
Psal Kaz 51:5  Зұлымдықты артық көресің жақсылықтан,Алдауды да ақиқатты айтудан.
Psal Kaz 51:6  Ей, алдамшы тіл, сен өзгенің жанынЖаралайтын сөзді айтуды ұнатасың!
Psal Kaz 51:7  Содан да Құдай сені мәңгі құртады,Үйіңнен күшпен қуып шығарады,Тірілер арасынан аластатады.
Psal Kaz 51:8  Әділдер мұны көріп қайран қалады,Былай деп келекелейді сол арамды:
Psal Kaz 51:9  «Міне, Құдайды паналамаған жан,Қайта, мол байлығын арқа тұтқан,Зұлымдықпен одан бетер нығайған».
Psal Kaz 51:10  Ал мен Құдайдың киелі үйініңІшінде жасыл зәйтүндей өсіп-өнемін,Құдайдың рақымына мәңгі сенемін.
Psal Kaz 51:11  Уа, Ием, Сені игі істерің үшінХалқыңның алдында дәріптеймін,Ізгі мейіріміңе сүйенемін.
Chapter 52
Psal Kaz 52:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ауыртпалық шегу» әуенімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.)
Psal Kaz 52:2  Ақылсыз адамдар «Құдай жоқ!» деп ойлайды,Әбден бұзылған олар жексұрындық жасайды,Әрі ешқайсысы да жақсылық жасамайды.
Psal Kaz 52:3  Құдай көктен көз салады адамзатқа:«Ақылды біреу бар ма бет бұратын Құдайға?»Деп байқайды Ол.
Psal Kaz 52:4  Жоқ, бәрі тайып кетті теріс жолға,Әбден бұзылды бірігіп барлығы да.Жақсылық жасаушы ешкім жоқ, тіпті бір жан да.
Psal Kaz 52:5  Сұмдық жасайтындар ақылға келмес пе екен?Халқымды олар нан жегендей жалмап кеткен,Құдайға сиыну ойларына еш түспеген.
Psal Kaz 52:6  Ал оларды қорқыныш құрсаулайтын болады,Қауіп-қатер жоқ жерде үрейлері ұшады.Тап берген жауыңның сүйектерін Құдай шашады,Сен масқаралайсың Құдай бас тартқан оларды.
Psal Kaz 52:7  Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Құдай өз халқын тұтқыннан азат еткендеЖақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады!
Chapter 53
Psal Kaz 53:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.
Psal Kaz 53:2  Зифтің бірнеше тұрғынының Саулға барып: «Дәуіт біздің жақта тығылып жүрген сияқты!» деп хабар жеткізген кезіне арналған.)
Psal Kaz 53:3  Уа, Құдай, ұлы атың үшін құтқара гөр,Зор құдіретіңмен мүддемді қорғай гөр!
Psal Kaz 53:4  О, Құдайым, дұғама құлақ сала гөр,Аузымнан шыққан сөздерге көңіл бөле гөр!
Psal Kaz 53:5  Бөгде адамдар маған қарсы шықты,Зорлықшыл сұмдар жанымды алмақшы,Олар еш ойламайды Құдай туралы.
Psal Kaz 53:6  Алайда Құдай маған жар болады,Жаратқан Ие жан дүниемді нығайтады,
Psal Kaz 53:7  Сұмдығының есесін жауыма қайтарады.Ием, адалдығыңа сай оларды талқандашы.
Psal Kaz 53:8  Өз еркіммен Саған құрбандық шаламын,Уа, Ием, ізгі атыңа мақтау айтамын.
Psal Kaz 53:9  Сен құтқарып алдың мені бар пәледен,Жауларымның жеңілгенін көрдім көзіммен.
Chapter 54
Psal Kaz 54:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.)
Psal Kaz 54:2  Уа, Құдай, мінажатыма құлақ түрші,Өтінішімді елемей жүрмеші.
Psal Kaz 54:3  Назар аударып, жауап берші маған,Аһ ұрып, абыржып жүрмін қайғыдан,
Psal Kaz 54:4  Дұшпандарымның қатты дауысынанӘрі әділетсіздердің қыспағынан.Олар басыма азап жаудырады,Ашулана жала да жабады.
Psal Kaz 54:5  Жүрегім қинала дірілдейді,Өлімнің қорқынышы тап береді.
Psal Kaz 54:6  Үрей мен қалтырау басып алады,Қорқыныш билейді тұла бойымды.
Psal Kaz 54:7  Сонда мен тілек тілеп былай дедім:«Кептердің қанаттарын маған берер кім,Бұл жерден ұшып кетіп, тыншыр едім,
Psal Kaz 54:8  Алысқа ұшып, айдалада қалар едім,
Psal Kaz 54:9  Қастықтың дауылынан тез құтылар едім».
Psal Kaz 54:10  Уа, Ием, зұлымдарды абыржытып,Берекесін алшы тілдерін шатастырып,Қаладан зорлық-зомбылық тұрмын көріп.
Psal Kaz 54:11  Күні-түні олар қамалда аңдып жүреді,Сұмдық пен пәлеге толы қала іші,
Psal Kaz 54:12  Тонаушылық пен өлім мол шаһарда,Жалғандық пен зорлық бітпес базарда.
Psal Kaz 54:13  Жауым қараласа соған төзер едім,Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім.
Psal Kaz 54:14  Алайда мұны істеген қатарласымСенсің, о, жаныма жақын сырлас досым!
Psal Kaz 54:15  Қандай ғажап еді қарым-қатынасымыз,Құдайдың үйіне бірге барғанымыз.
Psal Kaz 54:16  Кенеттен жетсін ажал жауларыма,Тірідей түссін олар тұңғиыққа,Зұлымдық мекендейді ғой араларында.
Psal Kaz 54:17  Ал мен Құдайды көмекке шақырамын,Сонда мені құтқарады Жаратқаным.
Psal Kaz 54:18  Ертеңгісін, тал түсте және кешқұрымҚұдайыма дауыстап жалбарынамын,Оның құлағына шалынады дауысым.
Psal Kaz 54:19  Маған қарсы шығып, шайқасқан көп жауданҚұдай жанымды сақтап алады аман.
Psal Kaz 54:20  Ежелден Құдай тағында отырып келеді,Мені естіп, жауды Өзіне бас игізеді. Олар іс-әрекеттерін өзгертпей келді,Құдайдан қорқып, Оны қастерлемей жүрді.
Psal Kaz 54:21  Дұшпаным жасасқан келісімінен бас тартты,Өзімен тату тұрғандарға қарсы шықты,
Psal Kaz 54:22  Сарымайдан да жұмсақ айтқан сөздері,Бірақ қастандыққа толы оның жүрегі,Иісмайдан да жағымды айтқандары,Шынымен жалаң семсердей астарлары.
Psal Kaz 54:23  Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды,Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды,Мәңгілік құлатпайды әділ жанды.
Psal Kaz 54:24  Алайда, уа, Құдайым, сол сұмдардыТастайсың Сен тұңғиық шыңырауға,Қанішер жауыздардың жандарыҚұриды жетпей-ақ жасының жартысына.Ал мен болсам сенемін Жаратушыма.
Chapter 55
Psal Kaz 55:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Алыстағы үнсіз көгершін» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол філістірлердің Дәуітті Ғат қаласында ұстап алған кезіне арналған.)
Psal Kaz 55:2  Уа, Құдай, бола гөр маған мейірімді,Адамдар ұмтылады таптауға мені,Күні бойы қыспақтап, тап береді.
Psal Kaz 55:3  Жауларым күнде қудалап өкшелейді,Менмендер маған қарсы бас көтереді.
Psal Kaz 55:4  Қорыққанда Саған артам сенімімді.
Psal Kaz 55:5  Құдайға сеніп енді қорықпаймын,Берген сөзі үшін Оны мадақтаймын,Сонда пенде не жасай алады маған?
Psal Kaz 55:6  Күнде жаулар сөздерімді бұрмалайды,Әрдайым маған қарсы қастық ойлайды,
Psal Kaz 55:7  Жасырынып бір жерге жиналады,Бар қадамдарымды бақылап тұрады,Аңдып жанымды алуға ұмтылады.
Psal Kaz 55:8  Уа, Құдай, сұм істерімен құтылтпашы,Сол қыңыр ұлттарды қаһарыңмен құлдыратшы.
Psal Kaz 55:9  Шарасыздығымды ұмытпай ескересің,«Құтыңа» жинап қой көз жасымның бәрін,Жазылған жоқ па олар кітабыңда Сенің?
Psal Kaz 55:10  Сиынып сұрасам қолдауыңды Сенің,Кері шегінеді жауларым менің,Құдайдың маған жар екенін білемін.
Psal Kaz 55:11  Берген сөзі үшін Құдайды мадақтаймын,Берген уәдесі үшін Иемді даңқтаймын.
Psal Kaz 55:12  Құдайға сеніп енді қорықпаймын,Сонда пенде не жасай алады маған?
Psal Kaz 55:13  Уа, Құдайым, мен Өзіңе бағыштаймынБерген уәдеме сай шүкірлік тартуларын.
Psal Kaz 55:14  Өйткені аяғымды сүрінуден сақтадың,Жанымды ажалдың аранынан құтқардың.Осылай Сен мені Өзіңнің алдыңдаАман жүрсін дедің өмірдің нұрында.
Chapter 56
Psal Kaz 56:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол Дәуіттің Саулдан қашып, таудағы үңгірді паналағанына арналған.)
Psal Kaz 56:2  Мейірленіп, Құдай, рақым етші маған,Өйткені үмітімді артамын Саған,Пәле-жала өткенше бас сауғалайын,Қанатыңның аясын паналайын.
Psal Kaz 56:3  Сиынып тұрамын Алла Тағалаға,Маған игілік жасаушы Құдайға.
Psal Kaz 56:4  Ол көктен көмек жолдап аман сақтайды,Мені өкшелеп қудалағанды қорлайды. Иә, Құдай рақымы мен шындығын сыйлайды.
Psal Kaz 56:5  Айналам толы жыртқыш арыстандай,Сол сұмдардың тілдері өткір қылыштай,Тістері де үшкір жебе мен найзадай.
Psal Kaz 56:6  Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын,Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!
Psal Kaz 56:7  Дұшпандарым маған арнап тор құрды,Сондықтан еңсем түсіп, көңілім қалды.Жолыма олар тұзақ құрып, ор қазды,Алайда сол орға өздері құлады.
Psal Kaz 56:8  Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді,Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.
Psal Kaz 56:9  Жан дүнием, ояншы, сергек болайын,Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын,Ән-жырыммен атар таңды оятайын.
Psal Kaz 56:10  Уа, Ием, жұрт алдында Сені мадақтаймын,Ұлттар арасында мақтап жырлаймын.
Psal Kaz 56:11  Себебі берік рақымың заңғар аспандай,Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.
Psal Kaz 56:12  Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын,Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!
Chapter 57
Psal Kaz 57:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты.)
Psal Kaz 57:2  Уа, билер, шындықты айтасыңдар ма,Жұртқа әділ үкім шығарасыңдар ма?
Psal Kaz 57:3  Жоқ, іштей әділетсіздік жоспарлайсыңдар,Елге билік айтқанда зорлық жасайсыңдар!
Psal Kaz 57:4  Зұлымдар туғаннан-ақ жолдан адасады,Құрсақтан-ақ жаңылып, жалған айтады.
Psal Kaz 57:5  Айтқан сөздері зәрлі жыланның уындай,Олар шебер арбаушының да даусын тыңдамайҚұлағы бітелген улы сұр жыландай.
Psal Kaz 57:6  Айтқан сөздері зәрлі жыланның уындай,Олар шебер арбаушының да даусын тыңдамайҚұлағы бітелген улы сұр жыландай.
Psal Kaz 57:7  Уа, Құдай, олардың тістерін қиратшы,Ием, арыстандай жақтарын күйретші,
Psal Kaz 57:8  Ағып кеткен судай олар жоғалсын,Тартқанда жебелері сынып қалсын,
Psal Kaz 57:9  Жорғалап жоқ болар ұлудай құрысын,Тасталған түсіктей күн көзін көрмесін!
Psal Kaz 57:10  Тікенді бұтақ жанған от үстіндегіҚазанның тез қайнайтыны секілді,Құдайдың қаһары сол тірілердіҚұйындай көтеріп алып кетеді.
Psal Kaz 57:11  Тәңірдің жазалауын әділдер көріп қуанады,Зұлымның құрып кеткеніне риза болады.
Psal Kaz 57:12  Жұрт былай дер: «Рас, әділ жан сыйын алады,Жерде шынымен Құдай үкім шығарады!»
Chapter 58
Psal Kaz 58:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты. Ол Саул патшаның Дәуітті өлтіру үшін оның үйін күзеттірген кезіне арналған.)
Psal Kaz 58:2  Уа, Құдайым, құтқара гөр жауларымнан,Мені сақтай гөр қарсыластарымнан,
Psal Kaz 58:3  Арашалашы әділетсіздерден,Аман сақташы қанішерлерден.
Psal Kaz 58:4  Уа, Жаратқан Ие, олар мені аңдуда,Маған қарсы мықтылар жиналуда.Ал не қылмысым, не күнәм болмай тұр,
Psal Kaz 58:5  Еш кінәм жоқ, бірақ олар асығып жүр,Маған қарсы аттануға дайын тұр.Мені қорғап-қолдауға орныңнан тұршы,Мүшкіл жағдайыма көз сала көрші.
Psal Kaz 58:6  Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі,Исраил халқының сиынатын Тәңірі,Енді көктегі тағыңнан көтерілші,Өзіңе бағынбайтын ұлттарға тап берші,Зұлым опасыздарға рақым көрсетпеші.
Psal Kaz 58:7  Дұшпандарым кешқұрым кері қайтады,Қаланы аралап иттерше ұлысады.
Psal Kaz 58:8  Ауыздарынан жамандық бұрқырайды,Тілдері семсердей жарақаттайды,Олар «Кім естір екен?» деп ойлайды.
Psal Kaz 58:9  Ал Сен, Жаратқан Ие, оларға күлесің,Барлық қыңыр ұлттарды келекелейсің.
Psal Kaz 58:10  Сен менің күш-қуатымның қайнарысың,Назарымды Өзіңе аударамын,Себебі, уа, Құдай, Сен қорғанымсың,
Psal Kaz 58:11  Маған мейірім танытатын Құдайымсың,О, Құдай, алдымнан жүріп күш бересің,Жауларымның жеңілісін көрсетесің.
Psal Kaz 58:12  Оларды құртпашы, халқым ұмытпасын,Күшпен таратшы, Өзіңе бой ұрсын,Уа, Иеміз, қалқандай Қорғаушымызсың!
Psal Kaz 58:13  Күнә — айтқандарының барлығы да,Ауыздарынан шыққан — қарғыс пен жала,Менмендіктерімен құласын тұзаққа!
Psal Kaz 58:14  Қаһарыңмен оларды құртып таста,Жоқ қыла гөр оларды біржолата,Сонда «Жақыпқа Құдай билік жүргізеді»Деп жер түкпіріндегілер де біледі.
Psal Kaz 58:15  Дұшпандарым кешқұрым кері қайтады,Қаланы аралап иттерше ұлысады,
Psal Kaz 58:16  Жейтін олжа іздеп айнала шарлайды,Егер тоймаса түнде ырылдайды.
Psal Kaz 58:17  Ал Сен пәлеге ұшырағанымдаМаған болдың қорған және баспана,Сондықтан әнге салып құдіретіңді,Таңертеңнен паш етем мейіріміңді.
Psal Kaz 58:18  Сен менің күш-қуатымның қайнарысың,Өзіңе мадақтау жырымды арнаймын.Себебі, уа, Құдай, Сен қорғанымсың,Мейірімін төгетін Құдайымсың.
Chapter 59
Psal Kaz 59:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Келісім қызғалдағы» әуенімен айтылатын Дәуіттің насихат мінажаты.
Psal Kaz 59:2  Ол Дәуіттің Батыс Месопотамияның әрі Собаның арамалықтарымен шайқасып жүрген кезінде Жоғаб қайта оралып, он екі мың едомдықты Тұзды аңғарда күйреткен оқиғаға арналған.)
Psal Kaz 59:3  О, Құдай, Сен бізден бас тарттың,Қаһарланып бізді талқандадың,Бізге бұра гөр бетіңді қайтадан.
Psal Kaz 59:4  Сен жерді сілкілеп, қиратқан едің,Ол шайқалып тұр, жазшы жарылған жерлерін.
Psal Kaz 59:5  Өз халқыңның басына пәле түсірдің,Теңселтетін «шараптан» оған ішкіздің.
Psal Kaz 59:6  Сен Өзіңді қастерлейтіндерге ту бердің,Олар соны көтерсін деп шындық үшін.
Psal Kaz 59:7  Сүйіктілерің лайым аман сақталсынДеп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын!
Psal Kaz 59:8  Құдай былай деді киелі мекенінен:«Мен шаттанып Сихемнің жерін бөліп беремін,Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.
Psal Kaz 59:9  Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,Ефрем руы болады басты қорғаным,Яһуда руынан шығады патшаларым.
Psal Kaz 59:10  Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады,Едом жері де меншігіме айналады,Філістір елі де бой ұрып Маған қуанады».
Psal Kaz 59:11  Кім мені қамалды қалаға кіргізеді?Кім Едом елінің ішіне енгізеді?
Psal Kaz 59:12  Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан,Әскерімізбен бірге шабуылға шықпаған?
Psal Kaz 59:13  Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы,Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны.
Psal Kaz 59:14  Зор істер істейміз Құдай жар болғанда,Жауларымызды таптайды Ол аяғына.
Chapter 60
Psal Kaz 60:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 60:2  Уа, Құдай, айқайыма құлақ сала гөр,Мінажатыма менің ден қоя гөр.
Psal Kaz 60:3  Сары уайымға салынды жан дүнием,Өзіңе сиынамын жердің шетінен,Шыға алмас шыңға мені шығаршы Сен.
Psal Kaz 60:4  Себебі бас сауғалар панам болып келесің,Жаудан қорғайтын берік бекінісім Өзіңсің.
Psal Kaz 60:5  Уа, Құдай, мекеніңде мәңгі тұрайыншы,«Қанатыңның астынан» тыным табайыншы,
Psal Kaz 60:6  Өйткені берген анттарымды Сен естідің,Өзіңді қастерлейтіндермен бірге үлес бердің.
Psal Kaz 60:7  Патшаның ғұмыр жасын ұзарта гөр,Ұрпақтан ұрпаққа жалғастыра гөр,
Psal Kaz 60:8  Уа, Құдай, алдыңда ол мәңгі билік құрсын,Лайым рақым мен шындығың оны қорғасын.
Psal Kaz 60:9  Сенің атыңды әрдайым мадақтаймын,Берген анттарымды күнде орындаймын.
Chapter 61
Psal Kaz 61:1  (Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 61:2  Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан,Құтқарылуым келеді тек қана Одан,
Psal Kaz 61:3  Ол ғана — паналайтын жартасым,Құтқарушым әрі заңғар қорғаным,Енді қайтып қатты шайқалмаймын.
Psal Kaz 61:4  Қашанғы бас саласыңдар бір адамға?Теңселген дуал, қисайған қабырғаСияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?
Psal Kaz 61:5  Биіктен құлатуға жаулар жоспарлайды,Сол үшін өтіріктен де бас тартпайды,Ауыздарымен бата бергенсиді,Ал жүректерінде жамандық тілейді.
Psal Kaz 61:6  Жан дүнием, тыным тап жалғыз Құдайдан,Үміт келеді маған тек қана Одан,
Psal Kaz 61:7  Ол ғана — паналайтын жартасым,Құтқарушым әрі заңғар қорғаным.Енді қайтып ешқашан шайқалмаймын.
Psal Kaz 61:8  Құтқарылуым, абыройым Құдайдан,Ол — мықты қорғаным әрі баспанам.
Psal Kaz 61:9  Халайық, лайым Оған сенім артыңдар,Ойларыңды Оған толық ашыңдар,Құдай — біздің панамыз, мұны ұмытпаңдар!
Psal Kaz 61:10  Адамзат атаулы шығарған деміңдей,Атақты, атақсыз бәрібір бекердей,Таразыға бәрін салып көргенде,Жеңіл олар шығарған деміңнен де.
Psal Kaz 61:11  Зорлықпен алып қоюға үміт артпа,Дүние-мүлік ұрлаймын деп те мақтанба,Дәулетің молайса, соған сенім артпа!
Psal Kaz 61:12  Бірде Құдай маған былай деп айтты,Талай рет мен естігенмін мынаны:Құдіретті күш, о, Құдай, Сенікі.
Psal Kaz 61:13  Уа, Ием, тұрақты — Сенің рақымың,Әркімге лайықтысын ісіне сай қайтарасың.
Chapter 62
Psal Kaz 62:1  (Дәуіттің жыры. Оның Яһуда еліндегі иен далада жүрген кезі туралы.)
Psal Kaz 62:2  Уа, Ием, Сен сиынатын Құдайымсың,Таң сәріден мен Саған бет бұрамын,Сусыз жердемін кеуіп, құлазыған,Жан-тәніммен Сені аңсап сағынам.
Psal Kaz 62:3  Киелі тұрағыңда аяныңды көрдім,Құдірет пен ұлылығыңды байқадым.
Psal Kaz 62:4  Өмірден де артық берік — мейірімің,Ауызым Өзіңді мадақтай берсін,
Psal Kaz 62:5  Өмір бойы бір Сені мадақтаймын,Атыңды атап қолымды жаямын.
Psal Kaz 62:6  Өйткені жіліктің майлы басынанГөрі Өзіңнен мол ләззат табамын,Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын.
Psal Kaz 62:7  Төсекке жатып Сені еске аламын,Түні бойы Сен жайлы ойланамын.
Psal Kaz 62:8  Өйткені Өзің менің қолдаушымсың,«Қанатыңның аясында» шаттанамын.
Psal Kaz 62:9  Жаным тығыз байланыста Сенімен,Мені демейсің құдіретті қолыңмен.
Psal Kaz 62:10  Ал көзімді құртпақшы арамзаларТозақтың түбіне түсетін болар,
Psal Kaz 62:11  Семсердің күшімен олар қырылар,Өліктері шибөріге жем болар.
Psal Kaz 62:12  Уа, Құдай, патша Өзіңе шаттанады,Саған бағышталғандар мақтау айтады,Ал өтірікші ауыздар жабылады.
Chapter 63
Psal Kaz 63:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 63:2  Уа, Құдай, арызыма құлақ сала гөр,Жаудың сесінен жанымды сақтай гөр,
Psal Kaz 63:3  Зұлымның астыртын әрекетіненҚорғап әрі залымның бүлігінен.
Psal Kaz 63:4  Тілдерін олар семсердей өткірлеген,Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен.
Psal Kaz 63:5  Айыпсыз жанды атады тосқауылдан,Кенеттен тап береді қорықпастан.
Psal Kaz 63:6  Зұлым ойларында бір-бірін қолдайды,Құпия тор құруды жоспарлайды,«Мұны кім көрер?» деп өздерін мақтайды.
Psal Kaz 63:7  Қаскүнемдік ойластырып, құрайды,«Мүлтіксіз жоспар құрдық» деп ойлайды.Адамның жан дүниесі — түпсіз тұңғиық,Жүрек түкпірлері пендеге жабық.
Psal Kaz 63:8  Ал Құдай соларды жебемен атады,Кенеттен олар жарақаттанады,
Psal Kaz 63:9  Өз сөздеріне бола талқандалады,Мұны көргендер олардан бас тартады.
Psal Kaz 63:10  Күллі адамзат үрейленеді,Құдайдың істерін жария етеді,Оның керемет жасағанын түсінеді.
Psal Kaz 63:11  Жаратқанға әділдер шаттанады,Олар Иемізден пана табады.Ақжүрек жандар Оны мақтан тұтады.
Chapter 64
Psal Kaz 64:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің әні әрі жыры.)
Psal Kaz 64:2  Сионда Саған, Құдай, мақтау арналады,Өзіңе берілген анттар орындалады,
Psal Kaz 64:3  Мінажаттар құлағыңа жетеді,Барлық адамдар алдыңа келеді.
Psal Kaz 64:4  Теріс істеріміз жаншып тұр бізді.Ал Сен кешіресің күнәларымызды.
Psal Kaz 64:5  Қандай бақытты — Өзің таңдағандар,Қасыңда, аулаларыңда тұрады олар,Сонда кенелеміз үйіңнің жақсылығына,Киелі ғибадатханаңның рақатына.
Psal Kaz 64:6  Құдай, құлақ саласың әділдікпен,Бізді құтқарасың керемет істермен.Саған үміт артады жер шетіндегілерЖәне алыс теңіздегі кемешілер.
Psal Kaz 64:7  Сен құдіретіңмен тауларды орнаттың,Күш-қуатқа бөленіп, беліңді будың.
Psal Kaz 64:8  Теңіз толқынының гүрілін тыншыттың,Халықтардың шуылын тыныштандырдың.
Psal Kaz 64:9  Кереметтеріңе таңғалар алыс елдер,Шығыс пен батысқа айтқызасың әндер.
Psal Kaz 64:10  Сен жерді баптап суарып, құнартасың,Уа, Құдай, халықты нанға тойдыру үшінӨзендеріңді суға толтырасың,Жерді Өзің солай дайындайсың.
Psal Kaz 64:11  Соқаның іздерін суға қандырасың,Топырақ кесектерін тегіс қыласың,Құйылған нөсермен оларды жұмсартасың,Өсіп шыққан өнімдерін жарылқайсың.
Psal Kaz 64:12  Солай жылды игілікке бөлейсің,Қайда жүрсең де молшылық бересің,
Psal Kaz 64:13  Иен даланың жайылымдары суланған,Қыраттар құлпырып қуаныш жамылған,
Psal Kaz 64:14  Жайылым қора-қора малға толып,Алқаптар егінменен жайқалып,Бәрі қуана айқайлайды ән салып.
Chapter 65
Psal Kaz 65:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған ән әрі жыр.)Бар әлем, Құдайға қуана дауыстаңдар,
Psal Kaz 65:2  Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,Зор ұлылығының даңқын шығарыңдар!
Psal Kaz 65:3  Құдай алдында былай деп айтыңдар:«Қандай керемет Сенің іс-әрекетің,Һәм қандай ұлы Сенің құдіретің,Жауларың Сенің алдыңда бойсұнады,
Psal Kaz 65:4  Бүкіл жер Саған бас иіп сиынады,Саған арнап мақтау жырларын айтады,Есіміңді мадақтап ән салады».
Psal Kaz 65:5  Келіп, Құдайдың істерін көріңдер,Адамдар үшін Ол істейді кереметтер,
Psal Kaz 65:6  Құдай теңізді айналдырды құрлыққа,Оның халқы жаяу өтті арғы жаққа.
Psal Kaz 65:7  Ол құдіретті күшімен мәңгі билейді,Халықтарды әрдайым бақылайды,Қыңырдың бас көтеруіне жол бермейді.
Psal Kaz 65:8  Халықтар, Құдайымызды мақтаңдар,Қатты дауыспен Оны мадақтаңдар!
Psal Kaz 65:9  Ол жанымызды аман-есен қорғайды,Аяғымызды сүрінуден сақтайды.
Psal Kaz 65:10  Уа, Құдай, Сен сынақтан бізді өткіздің,Күмісті балқытқандай тазарта бердің,
Psal Kaz 65:11  Тұзаққа түсіріп бізді құлаттың,Арқамызға құлдықтың жүгін арттың,
Psal Kaz 65:12  Адамдарды басымызға шығардың,Оттан да, судан да бізді өткіздің,Ал ақыры молшылыққа жеткіздің.
Psal Kaz 65:13  Қасірет кезінде аузымнан шыққан,Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,Саған берген сертімді іске асырамын,Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын.
Psal Kaz 65:14  Қасірет кезінде аузымнан шыққан,Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,Саған берген сертімді іске асырамын,Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын.
Psal Kaz 65:15  Саған арнап семіз малдарды шаламын,Қошқар майын өртеп, жұпарын шығарамын,Бұқалар мен ешкілерді де ұсынамын.
Psal Kaz 65:16  Ей, Құдайымызды қастерлейтіндер,Барлығың келіп, құлақ түріңдер.Оның маған істегенін сендерге айтамын.
Psal Kaz 65:17  Мен Құдайға дауыстап сиындым,Аузымменен Оның даңқын шығардым.
Psal Kaz 65:18  Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам,Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан.
Psal Kaz 65:19  Расында Құдай құлақ түрді маған,Сиынғанымда даусым жетті Оған.
Psal Kaz 65:20  Мінажатымнан менің бас тартпаған,Мейірімін менен алып қоймағанҚұдайымыз мадақталсын әрқашан!
Chapter 66
Psal Kaz 66:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын жыр әрі ән.)
Psal Kaz 66:2  Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр,Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
Psal Kaz 66:3  Бүкіл жер бетінде Сенің жолың мәлім болсын,Барлық халықтарға құтқаруың аян болсын!
Psal Kaz 66:4  Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін,Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
Psal Kaz 66:5  Рулар қуана-қуана ән шырқай берсін,Себебі Сен ұлттарды әділдікпен билейсің,Жер бетіндегі руларға дұрыс бағыт сілтейсің.
Psal Kaz 66:6  Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін,Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
Psal Kaz 66:7  Сонда жердің топырағы бізге өнімін сыйлар,Һәм Құдай, сиынған Құдайымыз, бізді жарылқар.
Psal Kaz 66:8  Лайым Құдай бізді жарылқай берсін,Бар жердегі адамдар Оны қастерлесін!
Chapter 67
Psal Kaz 67:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің әні әрі жыры.)
Psal Kaz 67:2  Құдай көтеріліп, жауларын шашыратсын,Оны жек көретіндер алдынан қашсын.
Psal Kaz 67:3  Түтіннің желмен ыдырайтыны сияқты,Уа, Құдайым, жауларыңды ыдыратшы,Балауыздың отқа еритіні іспетті,Зұлымдарды алдыңнан құртып жіберші.
Psal Kaz 67:4  Бірақ әділдер болса, шаттана ән-салсын,Құдай алдында күліп мәз-мейрам болсын.
Psal Kaz 67:5  Біздің Құдайымызға ән айтыңдар,Оның есімін дәріптеп жырлаңдар,Бұлттармен жүретін Оны мадақтаңдар,Жаратқан Ие — Оның аты, біліп алыңдар,Көз алдында шат-шадыман болыңдар.
Psal Kaz 67:6  Құдай әке болады жетімдерге,Қорғаушы болады жесірлерге,Тағында отыр Ол киелі мекенінде,
Psal Kaz 67:7  Жалғыз жандарға жанұя сыйлайды,Тұтқынды босатып, шаттыққа бөлейді,Ал қыңырды қапырық шөлге тастайды.
Psal Kaz 67:8  О, Құдай, халқыңды Мысырдан бастап шыққанда,Айдалада оны ертіп жүріп отырғаныңда,
Psal Kaz 67:9  Жер сілкініп, аспаннан жаңбыр қатты құйылды,Уа, Құдай, көз алдыңда Синай тауында,Исраил сиынған Өзіңнің алдыңда.
Psal Kaz 67:10  Уәделі еліңе, я, Құдай, нөсер жаудырдың,Кеуіп қалған жерді қайтадан жандандырдың,
Psal Kaz 67:11  Рақыммен халқыңды елде қоныстандырдың,Уа, Тәңірім, сол кедейлерді Сен қамқорладың.
Psal Kaz 67:12  Жаратқан Ие мынаған бұйрық шығарды,Көптеген қыз-келіншек оны хабарлады:
Psal Kaz 67:13  Жау әскері басшыларымен қашып кетеді,Ауылдағы әйел заты олжаны бөліседі,
Psal Kaz 67:14  Мал бағып қораларында қонған соларКүміс оранып кептер қанатына ұқсар,Алтын әшекей тағып, мамықтай құлпырар.
Psal Kaz 67:15  Құдіретті Құдай патшаларды шашыратты,Салмон тауында соққан ақ боранға ұқсатты.
Psal Kaz 67:16  Құдай жаратқан керемет — Башан тауы,Шыңдары заңғар биік — Башан тауы.
Psal Kaz 67:17  Зәулім шыңдар, қызғанасыңдар не үшінҚұдай тұруға таңдап алған Сион тауын,Жаратқан Иенің мәңгі мекендейтін тауын?
Psal Kaz 67:18  Құдайдың күймелері сан мыңдаған,Араларында Иеміз шайқасқа аттанған,Киелі үйіне көшіп келді Синайдан.
Psal Kaz 67:19  Сен заңғар биікке көтерілдің,Көптеген тұтқындарды ертіп жүрдің,Адамдардан тартулар қабылдадың,Бас көтергендерден де сыйлықтар алдың,Құдай Иенің мұнда тұруы үшін.
Psal Kaz 67:20  Әрдайым Иеміз мадақталсын,Құтқарушы Құдайымыз даңқталсын:Жүгімізді көтеріп жүр Ол күн сайын,Құдайдың Өзі — бізді аман сақтайтын.
Psal Kaz 67:21  Құдайымыз бізді қорғап-қолдайды,Жаратушы Тәңір Ие ажалдан сақтайды.
Psal Kaz 67:22  Құдай жауларының басын талқандайды,Соғысқұмар, қыңыр қылмыстыларды жояды.
Psal Kaz 67:23  Сол жауыздар жайлы Иеміз былай деген:«Оларды Башан тауынан да алып келем,Теңіздің ар жағынан да қайтарып әкелем.
Psal Kaz 67:24  Сонда аяқтарың жаудың қанын басады,Әрі иттерің қанды жалап тойынады».
Psal Kaz 67:25  Уа, Құдай, Сенің салтанатты шеруің,Киелі тұрағыңа Сенің кіруіңКөрінеді бар жұртқа, о, Патшам, Құдайым.
Psal Kaz 67:26  Әншілер жүр алдында, аспапшылар соңында,Даңғыра ойнаған қыздар араларында:
Psal Kaz 67:27  «Жиындарда Құдайымызды мадақтаңдар,Исраилдің ұрпақтары, Иемізді даңқтаңдар!»
Psal Kaz 67:28  Кенже Бунямин руы бастап келеді,Яһуда басшыларының тобы ереді,Забулон, Нафталим басшылары да жүреді.
Psal Kaz 67:29  Уа, Құдай, күш-қуатыңды жинашы,Бұрын көрсеткен құдіретіңді танытшы,
Psal Kaz 67:30  Иерусалимдегі ғибадатханаңа болаПатшалар Саған сый-тарту әкеледі сонда.
Psal Kaz 67:31  Жау халықтарды сөгіп жуасытшы:Перғауын — қамыстағы хайуан сияқты,Ал бұзаудай күшсіз ұлттар арасындағыБұқалар табынындай — оның әміршілері,Олар күмістен салық талап етеді.Соғысқұмар ұлттарды тарқатып жіберші!
Psal Kaz 67:32  Мысырдан жіберілген мырзалар келеді,Құш елі де қол созып Құдайға көнеді.
Psal Kaz 67:33  Жердегі патшалықтар, Құдайға ән салыңдар,Иемізді мадақтап ән-жыр айтыңдар,
Psal Kaz 67:34  Дәріптеп ежелден аспанда жүрген Иемізді,Тыңда, зор даусымен Ол күркірейді.
Psal Kaz 67:35  Хабарлаңдар Құдайдағы құдіретті!Исраилдің үстінде Оның салтанаты,Әрі бұлттардан жоғары күш-қуаты.
Psal Kaz 67:36  Құдай киелі үйінде үрей туғызады,Исраилдің Құдайы халқын нығайтады.Лайым Құдай мадақтала берсін!
Chapter 68
Psal Kaz 68:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Қызғалдақтар» әуенімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 68:2  Құтқара гөр, уа, Құдайым менің,«Тасыған су» жетті мойныма дейін,
Psal Kaz 68:3  «Батпаққа» терең батып бара жатырмын,Аяқ басып тұрар жер таба алмаймын,Судың тереңіне батқан адамдаймын,Ағызып барады мені қатты ағын.
Psal Kaz 68:4  Жалбарына айқайлап қалжырадым,Құрғап, кеуіп қалды менің тамағым,Құдайымды күтіп талды қос жанарым.
Psal Kaz 68:5  Басымдағы шашымнан көп дұшпандарым,Себепсіз мені жек көреді жауларым,Сұмдықпен мені қудалап келеді,Алмаған нәрсемді талап етеді.
Psal Kaz 68:6  Уа, Құдай, Саған аян ақымақ қылығым,Сенен таса емес жасаған күнәларым.
Psal Kaz 68:7  Өзіңе сенімдерін артқан жандардыМаған бола ұятқа қалдырмашы,О, Әлемнің Иесі, Жаратушы,Саған бет бұрып дұға еткен жандардыЕнді маған бола масқаралатпашы,Уа, Исраилдің сиынатын Құдайы!
Psal Kaz 68:8  Сен үшін мазаққа төзіп келем,Масқарам көрініп тұр бет-жүзімнен.
Psal Kaz 68:9  Туған бауырларым да мені танымайды,Шешемнің ұлдары маған жат деп қарайды.
Psal Kaz 68:10  Киелі үйіңнің қамын жеп азапқа түсем,Сені қорлағандардың ғайбаты маған тиген.
Psal Kaz 68:11  Ораза ұстап, жылаған уақытымдаОлар мені келекелеп қорлауда.
Psal Kaz 68:12  Қайғыланып азалы киім кигенімдеОлар мені мазақтап келемеждеуде.
Psal Kaz 68:13  Алаңда ақсақалдар мені өсектейді,Сыра ішкендер сықақтап әндетеді.
Psal Kaz 68:14  Ал мен Саған, уа, Жаратқан, Өзіңнің мейірімКөрсететін кезіңде сиынып келем,Құлақ сала көрші маған, уа, Құдайым,Шынында құтқаршы зор рақымыңмен.
Psal Kaz 68:15  «Батпақтан» мені тартып шығара көрші,«Тұңғиыққа» батуыма жол бермеші,Жек көретін дұшпандардан құтқаршы,«Терең сулардан» Мені тартып шығаршы.
Psal Kaz 68:16  Жол берме тасқынның ағызып әкетуіне,Терең судың мені жұтып жіберуіне,Ажал шыңырауының жалмап қоюына.
Psal Kaz 68:17  Уа, Жаратқан Ие, дұғама құлақ түрші,Берік мейірімің Сенің сондай игі,Мол рақымыңа сай маған көңіл бөлші.
Psal Kaz 68:18  Мендей пендеңнен бетіңді жасырмашы,Қасірет шегудемін, тез жауап берші.
Psal Kaz 68:19  Жақындап келіп, жанымды құтқаршы,Жауларыма бола босата көрші.
Psal Kaz 68:20  Сен білесің қандай қорлық көргенімді,Ұятқа қалып, жапа шеккенімді,Көріп алдың бар дұшпандарымды.
Psal Kaz 68:21  Мазақтары жүрегімді күйретіп, әлсізбін,Бекерге жұрттан аяныш күттім,Ешбір жұбатушыны кездестірмедім.
Psal Kaz 68:22  Қайта, тамағыма олар өт қосып берді,Шөлдеп тұрғанымда сірке суын ішкізді.
Psal Kaz 68:23  Мол дастарқандары жауларыма тор болсын,Бейқам ішкен астары тұзаққа айналсын,
Psal Kaz 68:24  Көздері көре алмастай тұмандансын,Белдері ұдайы бейнеттен бүкшиіп қалсын,
Psal Kaz 68:25  Оларға төге гөр өз қаһарыңды,Һәм қуып жетсін ашуыңның жалыны,
Psal Kaz 68:26  Тұрған мекені қаңырап бос қалсын,Шатырларында тұратын ешкім болмасын!
Psal Kaz 68:27  Өйткені Сен соққанды олар қуғындайды,Сен жаралағанды тағы мазақтайды.
Psal Kaz 68:28  Мойындарына салшы бар қылмыстарын,Өзіңнің алдыңда ақтала алмасын.
Psal Kaz 68:29  Өмір кітабынан өшірші есімдерін,Әділдер тізіміне олар тіркелмесін.
Psal Kaz 68:30  Ал мен азап шегіп қиналудамын,Уа, Құдай, құтқаруың мені қолдасын,
Psal Kaz 68:31  Сонда Құдайдың атын әнге қосамын,Шүкіршілік етіп мақтау айтамын.
Psal Kaz 68:32  Көбірек ұнатады мұны ЖаратқанҚұрбандық мүйізді ірі қарадан.
Psal Kaz 68:33  Соны көріп, мәз болады қаналғандар,Жігерленіңдер, Құдайға бет бұрғандар!
Psal Kaz 68:34  Өйткені Жаратқан Ие мұқтажға құлақ түреді,Тұтқын пенделерін Ол менсінбей кетпейді.
Psal Kaz 68:35  Мадақтаңдар Иемізді, аспан мен жер,Теңіз бен ондағы күллі жәндіктер,
Psal Kaz 68:36  Себебі Құдай Сионды құтқарады,Яһуданың қалаларын қайта тұрғызады,Құдай халқы орнығып, елге ие болады.
Psal Kaz 68:37  Пенделерінің ұрпағы елді иемденеді,Құдайдың есімін сүйгендер соны мекендейді.
Chapter 69
Psal Kaz 69:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, басына түскен жағдайын Құдайдың есіне салған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 69:2  Уа, Құдай, мені құтқаруға асыға гөр,О, Жаратқан, тездетіп көмекке келе гөр!
Psal Kaz 69:3  Жанымды алмақ болған күллі жауларымТаңдана абыржып, масқаралансын,Маған пәле тілеген бар дұшпандарымҰятқа қалып, кері қайтарылсын!
Psal Kaz 69:4  «Өзіңе де сол керек!» деп табалағанОлар қарабет боп безіп кетсін сондықтан.
Psal Kaz 69:5  Бірақ бет бұрып сиынғандар СағанӨзіңе қуана берсін шат-шадыман,Лайым құтқаруыңды ұнатқан әркім:«Құдайым даңқты!» деп Сені дәріптесін!
Psal Kaz 69:6  Ал мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін,Я, Құдай, маған тездетіп келе гөр!Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің,О, Жаратқан Ием, кешікпей жете гөр!
Chapter 70
Psal Kaz 70:1  Өзіңді паналаймын, уа, Жаратқан,Ұятқа қалдырмашы мені ешқашан.
Psal Kaz 70:2  Сен әділсің, мені босата көрші,Құлақ түріп маған, құтқара көрші.
Psal Kaz 70:3  Бола гөр лайым бас сауғалар панам,Сөзіңе сай құтқаршы, құздай қорғаным!
Psal Kaz 70:4  О, Құдайым, босатшы мені зұлымнан,Күнәкар қанаушының қыспағынан.
Psal Kaz 70:5  Жаратушы Тәңір Ием, үмітім Сенсің,Жастайымнан-ақ Өзіңе сеніп келемін,
Psal Kaz 70:6  Құрсақтан-ақ Саған сүйеніп келемін,Туғаннан-ақ Сен қамқоршымсың менің.Еш таусылмас Сені мадақтайтын әнім.
Psal Kaz 70:7  Көп адамға ғажап белгі іспеттімін,Ал Сен күш-қуатым мен қорғаушымсың.
Psal Kaz 70:8  Өзіңді мадақтауды еш тоқтатпаймын,Сенің көркіңді күнде жырлаймын.
Psal Kaz 70:9  Қартайғанда маған теріс қарай көрме,Күшім қайтқанда мені тастап кетпе.
Psal Kaz 70:10  Жауларым маған қарсы сөз байласуда,Жанымды аңдығандар ақылдасуда:
Psal Kaz 70:11  «Жоқ құтқарушысы, Құдай тастап кетті,Қуып жетіп, ұстап алайық!» деседі.
Psal Kaz 70:12  Уа, Құдай, менен алыстап кетпеші,Құдайым менің, көмекке тез жетші.
Psal Kaz 70:13  Маған мін таққандар ұялып, жоқ болсын,Қастық ойлаған олар ұятқа орансын!
Psal Kaz 70:14  Ал мен әрдайым үмітпен күтудемін,Барған сайын молырақ дәріптеймін,
Psal Kaz 70:15  Сенің әділдігің және құтқаруыңТуралы мен күн ұзаққа айтудамын,Маған көрсетіп келген жақсылықтарыңСансыз, олардың бәрін біле алмаймын.
Psal Kaz 70:16  Жаратушы Тәңір Ием, құдіретіңді ойлаймын,Тек Сенің әділдігіңді жұртқа жариялаймын.
Psal Kaz 70:17  Уа, Құдай, жастайымнан мені үйретесің,Әлі де ғажаптарыңды паш етемін.
Psal Kaz 70:18  Қартайып басымды қырау шалғанда,О, Құдайым, мені жалғыз қалдырма,Қайта, құдіретіңді жаңа ұрпаққа,Керемет істеріңді келер буындарғаЖол бере көрші маған уағыздауға.
Psal Kaz 70:19  Әділдігің Сенің заңғар аспандай,Ұлы істерді жасап келесің, о, Құдай,Саған тең келер кім бар еді, уа, Құдай?
Psal Kaz 70:20  Көп ауыр азаптар жібердің маған,Қалпына келтіресің бірақ қайтаданЖанымды менің, шығарып тұңғиықтан.
Psal Kaz 70:21  Құрмет сыйлап жұбата гөр жаңадан.
Psal Kaz 70:22  Сонда Сені жетігенмен мадақтаймын,Сен уәдеңе беріксің, уа, Құдайым,Исраил сиынатын Киелі Тәңірім,Саған домбыра тартып әнімді арнаймын,
Psal Kaz 70:23  Шаттанып Саған жырымды бағыштаймын,Өйткені Сен мені құтқардың апаттан.
Psal Kaz 70:24  Иә, күн сайын әділдігің жайлы айтам:Маған қастық ойлағандар ұятқа батқан!
Chapter 71
Psal Kaz 71:1  (Сүлейменнің жыры.)Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр,Патшаның ұлына да әділдікті үйрете гөр,
Psal Kaz 71:2  Ол халқыңа әділетпен билік құрсын,Жарлыларыңа әділ үкім шығарсын.
Psal Kaz 71:3  Қыраттар халқыңа молшылық берсін,Қырдан олар әділдіктің өнімін терсін.
Psal Kaz 71:4  Патша халықтың жарлыларын қорғасын,Мұқтаждың ұрпақтарын да аман сақтасын,Ал қанаушыларын басып жуасытсын.
Psal Kaz 71:5  Күн мен ай нұрын шашып болмайынша,Халқың Сені қастерлесін ұрпақтан ұрпаққа.
Psal Kaz 71:6  Игілікті болсын патшаның билігі:Қайта қаулата өсірген шабындықтыАспаннан жауған көктемгі жаңбырдай,Иә, топырақтың шөлін қандырған нөсердей.
Psal Kaz 71:7  Патша заманында әділдер өркендесін,Ай өшпейінше молшылық жайыла берсін.
Psal Kaz 71:8  Ол билік құрады теңізден теңізге дейін,Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін,
Psal Kaz 71:9  Құла түздің тұрғындары оған бас ұрады,Ал жаулары топырақты жалайтын болады.
Psal Kaz 71:10  Тарсис пен аралдардың патшаларыПатшаңа алым-салық төлеп тұрады,Әрі Себа мен Сәбаның патшаларыСый-тартулар әкеліп отырады.
Psal Kaz 71:11  Күллі патшалар оған бас иеді,Күллі ұлттар оған қызмет етеді.
Psal Kaz 71:12  Патша құтқарады жалынған мұқтаждыЖәне қолдаушысы жоқ қаналғанды,
Psal Kaz 71:13  Ол әлсіз бен кедейді қамқорлайды,Оларды ажалдан аман сақтайды,
Psal Kaz 71:14  Әрі зорлық-зомбылықтан қорғайды,Олардың қанын қымбат деп санайды.
Psal Kaz 71:15  Ғұмыры патшаның ұзақ болсын,Оған Сәбаның алтынынан сый тартылсын,Лайым жұрт патшасы үшін мінажат қылсын,Күн сайын жарылқануы үшін Тәңірге сиынсын!
Psal Kaz 71:16  Жердің беті егінге тола берсін,Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін,Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын,Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін.
Psal Kaz 71:17  Патшаның есімі мәңгілікке ұлассын,Күннің сәулесіндей ұзаққа созылсын,Ол арқылы барлық ұлттар жарылқансын,Есімі оның үздіксіз мақталатын болсын!
Psal Kaz 71:18  Лайым мадақталсын Исраил сиынатын Құдай,Тек Жаратқан Ие — керемет жасайтын Құдай!
Psal Kaz 71:19  Оның даңқты есімі мәңгі дәріптелсін,Күллі жер Оның салтанатына кенелсін.Аумин, иә, аумин.
Psal Kaz 71:20  (Есей ұлы Дәуіттің мінажаттары осымен аяқталады.)
Chapter 72
Psal Kaz 72:1  (Асафтың жыры.)Құдай Исраил үшін қандай игі,Жүрегі пәктер үшін мейірімді!
Psal Kaz 72:2  Ал мен тура жолдан тая жаздадым,Тірегімнен айырылуға шақ қалдым.
Psal Kaz 72:3  Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,Менмендерге қызғана қарай бердім.
Psal Kaz 72:4  Өмірінде шекпейді олар азапты,Денсаулығы мықты әрі қуатты,
Psal Kaz 72:5  Өзгелердей көрмейді ауыртпалықты,Басқалардай жемейді олар соққыны,
Psal Kaz 72:6  Содан моншақтай тағып алып мақтанышты,Әрі киімдей жамылған зорлық-зомбылықты.
Psal Kaz 72:7  Тым семіздіктен көздерін май басқан,Арамдық пиғылдары да асып-тасқан.
Psal Kaz 72:8  Өзгелерді олар қорлап, жамандайды,Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды.
Psal Kaz 72:9  Көкті ауызымен иеленгенсиді,Жерге де тілімен билік еткенсиді.
Psal Kaz 72:10  Сондықтан да халық оларға бет бұрып,Айтқандарын тыңдайды құштарланып:
Psal Kaz 72:11  «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдарМақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?»
Psal Kaz 72:12  Бейқам болып осы арам пиғылдыларМолынан жинайды байлықтар.
Psal Kaz 72:13  Әлде бекерге жүрегімді пәк сақтап,Қолымды күнәдан таза ұстадым ба?!
Psal Kaz 72:14  Сонда да күн ұзағына қиналып,Таң атысымен түсемін азабыма!
Psal Kaz 72:15  Ал егер мен солай сөйлейін десем,Халқыңды алдап, опасыздық жасар едім.
Psal Kaz 72:16  Мұның бәрін ақылға салып көргенімдеКөзім жетті аса қиын екеніне.
Psal Kaz 72:17  Соңында мен Құдайдың үйіне кірдім,Ақыры солармен не боларын білдім:
Psal Kaz 72:18  Сен зұлымдарды тайғақ жолға түсіресің,Биіктен құлатып, жойып жібересің.
Psal Kaz 72:19  Олар күтпеген жерден талқандалады,Зәрелері ұшып, жойылып, жоғалады.
Psal Kaz 72:20  Я, Ием, көтерілсең, олар ғайып болар,Оянғанда жоқ болатын түске ұқсар.
Psal Kaz 72:21  Ал жүрегім менің қызғаныштан күйді,Жан дүнием шүбәдан налып ренжіді.
Psal Kaz 72:22  Сонда санасыз ақымақ болып қалдым,Көз алдыңда ақылсыз хайуанға ұқсадым.
Psal Kaz 72:23  Алайда қасыңда боламын әрқашан,Сен мені ұстап қолдайсың оң қолымнан,
Psal Kaz 72:24  Ақыл-кеңесіңмен мені бастайсың,Ақыры салтанатыңа қабылдайсың.
Psal Kaz 72:25  Өзіңнен басқа кімім бар еді көкте?Өзге ештеңе аңсамаймын жерде де!
Psal Kaz 72:26  Тәнім әлсіреп, жаным шаршағанмен,Уа, Құдай, мәңгілік жар боласың Сен,Жүрегімнің берік тірегі бола бересің.
Psal Kaz 72:27  Бірақ жойылады алшақтағандар Өзіңнен,Безіп кеткендердің бәрін жоясың Сен.
Psal Kaz 72:28  Құдайға жақын болғаным қандай игі!Паналап Жаратушы Тәңір Ием — Сені,Жариялап тұрмын күллі істеріңді.
Chapter 73
Psal Kaz 73:1  (Асафтың насихат жыры.)Уа, Құдай, неге бізден біржола бас тарттың,Неліктен өрши түседі қаһарың«Қойларыңа» қарсы «отарыңдағы» Сенің?
Psal Kaz 73:2  Өзің таңдап алған ежелгі замандаХалқың екенімізді есіңде сақташы:Сенің босатқан ұлтыңбыз, меншігің айрықша.Сиондағы тұрағыңды да ұмытпашы:
Psal Kaz 73:3  Ежелде қираған қаланы аралашы,Жау түгел жойған мекеніңді қарашы.
Psal Kaz 73:4  Бізбен кездескен орныңда жауың шулады,Таңбасын тігіп киелі жерде паңданды.
Psal Kaz 73:5  Орманда ағаш кескендер сияқтыКіреберіс қақпаларды шапқылады,
Psal Kaz 73:6  Айбалта, шоттарымен қиратып тастадыӨрнектеліп ойылған тақтайшаларды.
Psal Kaz 73:7  Жау киелі үйіңді өртеп, талқандады,Сенің атыңдағы мекенді арамдады,
Psal Kaz 73:8  «Соларды біржола құртамыз!» деп шешті,Елдегі Саған сиынатын жерлерді,Уа, Құдай, олар түгел өртеп жіберді.
Psal Kaz 73:9  Еш көрмейміз өзімізді құтқаруыңдыБелгілейтін Сенің керемет істеріңді.Пайғамбар жоқ бізге хабарыңды жеткізуші,Әрі жоқ пәленің қашан бітетінін білуші.
Psal Kaz 73:10  Уа, Құдай, дұшпан мазақтай бермек қашанғы,Жау ұдайы қорлай бермек пе атыңды?
Psal Kaz 73:11  Неге құдіретті қолыңды тұрсың тартып?Жұмсашы оны, оларды соғып та құртып!
Psal Kaz 73:12  Уа, Құдай, ежелден-ақ Сен патшамсың,Жерде ғажап істермен құтқарасың:
Psal Kaz 73:13  Өз құдіретіңмен теңізді қақ жардың,Дәу су мақұлықтарының бастарын жойдың,
Psal Kaz 73:14  Алып хайуанның бастарын мыжыдың,Өлігін жыртқыш аңдарға жем қылдырдың,
Psal Kaz 73:15  Көздер мен бұлақтарды ашып ағыздың,Ешқашан суалмас өзендерді суалттың.
Psal Kaz 73:16  Күндіз бен түнге Өзің билік құрасың,Күн мен басқа аспан шырақтарын жараттың,
Psal Kaz 73:17  Жер бетінің бар шектерін Сен бекіттің,Жаз бен қыс мезгілдерін де белгіледің.
Psal Kaz 73:18  О, Жаратқан, есіңе алшы дұшпанның мазағын,Зердесіз ұлттың өз есіміңді қорлағанын.
Psal Kaz 73:19  Жыртқышқа «көгершініңнің» жанын қимашы,Бейшара халқыңды мәңгілік ұмытпашы.
Psal Kaz 73:20  Жеріміз қара түнек пен зорлыққа толы,Жасаған Келісіміңе енді ден қойшы,
Psal Kaz 73:21  Қаналған жандар қорлана шегінбесін,Қайта, жарлы-жақыбайлар атыңды дәріптесін!
Psal Kaz 73:22  Уа, Құдай, көтеріліп, ісіңді қорғай көрші,Күнде ессіздің Өзіңді қорлағанын ескерші:
Psal Kaz 73:23  Жауларыңның айқайын ұмыта көрме,Саған қарсы шыққандардың шуы күшеюде.
Chapter 74
Psal Kaz 74:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме!» әуенімен айтылатын Асафтың әні әрі жыры.)
Psal Kaz 74:2  Саған мақтау айтамыз, уа, Құдайым!Сені дәріптейміз, бізге жақынсың,Паш етіледі керемет істерің.
Psal Kaz 74:3  Сен былай дедің: «Кезін Мен белгілеймін,Әділетті сотты Өзім жүргіземін.
Psal Kaz 74:4  Шайқалады жер күллі тұрғындарымен,Тіреулерін оның берік ұстаймын Мен».
Psal Kaz 74:5  «Бөсуіңді тоқтат!» — дедім мақтаншаққа,«Жұдырығыңды көтерме! — дедім арамзаға, —
Psal Kaz 74:6  Көкке қарсы да жұдырығыңды көтерме,Тоңмойын болып паңдана сөйлеме!»
Psal Kaz 74:7  Шығыс, батыс не айдаладан келгенЕшкім басқаны жоғарылатпас шынымен,
Psal Kaz 74:8  Себебі сотты Құдайдың Өзі жүргізеді,Ол біреуді түсіріп, басқаны көтереді.
Psal Kaz 74:9  Жаратқанның қолында «қаһарлы тостаған»,Іші дәмдеуіштермен араласқанКөпірген «жаңа шарапқа» толған.Оны құйып береді Жаратқан,Бар зұлымдар ішуге тиіс содан,Сарқып ішеді тіпті ашытқысынан.
Psal Kaz 74:10  Ал мен Иемнің істерін мәңгі паш етемін,Жақыптың сиынған Құдайын әндетемін,
Psal Kaz 74:11  Өйткені Құдай Иеміз былай деген:«Мен зұлымдарды күшінен айырамын,Ал әділдің күш-қуатын молайтамын!»
Chapter 75
Psal Kaz 75:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын Асафтың әні әрі жыры.)
Psal Kaz 75:2  Құдай танымал Яһуда елінде,Оның аты қастерлі Исраилде,
Psal Kaz 75:3  Тұрағы Оның Иерусалимде,Киелі үйі Сион төбесінде.
Psal Kaz 75:4  Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін,Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін.
Psal Kaz 75:5  Уа, Құдай, аңға толы таулардан гөріСен салтанаттысың әрі құдіретті.
Psal Kaz 75:6  Тоналды батыл жүректі ер адамдар,Терең ұйқыға батты мықты сарбаздар,Қол көтере алмайды бізге қарсы олар.
Psal Kaz 75:7  Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:Соғыс күймелері және аттары.
Psal Kaz 75:8  Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңдаКім тұра алар еді Сенің алдыңда?
Psal Kaz 75:9  Жердегі бейшара жандарды құтқаруғаСен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,Көктен үкім шығардың күнәкарларға,Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.
Psal Kaz 75:10  Жердегі бейшара жандарды құтқаруғаСен сот жүргізіп орныңнан тұрғанда,Көктен үкім шығардың күнәкарларға,Жер қорқып үнсіз тұрды Сенің алдыңда.
Psal Kaz 75:11  Пенденің ашуымен де даңқталасың,Оның қалған ашуын Өзің басасың.
Psal Kaz 75:12  Ей, айбатты Құдайдың маңындағылар,Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар,Әрі соларыңды мұқият орындаңдар,Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!
Psal Kaz 75:13  Ол әміршілердің батылдығын жояды,Жер патшаларының үрейін ұшырады.
Chapter 76
Psal Kaz 76:1  (Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Асафтың жыры.)
Psal Kaz 76:2  Мен Құдайға дауыстап жалбарынамын,Құлақ түре көрсін деп Оған жалынамын.
Psal Kaz 76:3  Қиын кезде де Иеме бет бұрамын,Түнде қол жайып, тоқтамай сиынамын,Жан дүнием бас тартады жұбаныштан.
Psal Kaz 76:4  Қатты күйзелемін Құдайды есіме алсам,Рухым әлсірейді, егер де ойға шомсам.
Psal Kaz 76:5  Уа, Ием, Сен мені ұйықтатпайсың,Қатты абыржып, сөйлей де алмаймын.
Psal Kaz 76:6  Ежелгі заман жайлы ойланамын,Өткен ғасырларға ой саламын,
Psal Kaz 76:7  Түнде айтқан әндерімді еске аламын,Рухым жауап іздеп, жүрекпен толғанамын.
Psal Kaz 76:8  Әлде Иеміз біржола бас тартты ма?Енді қайтып ықылас танытпай ма?
Psal Kaz 76:9  Берік мейірімі мүлдем үзілді ме?Берген сөзі мәңгілік күйреді ме?
Psal Kaz 76:10  Мейірленуді Құдай ұмытқан ба?Қаһары рақымын басып тастаған ба?
Psal Kaz 76:11  Мен былай деймін: «Құдай ТағаланыңҚұдіреті өзгеріпті, бұл — нағыз азабым».
Psal Kaz 76:12  Ием, Сенің істеріңді еске аламын,Ежелгі кереметтеріңді ойға аламын,
Psal Kaz 76:13  Бар іс-әрекетің жайлы ойланамын,Ұлы істерің жөнінде толғанамын.
Psal Kaz 76:14  Жолдарың Сенің, уа, Құдай, қасиетті,Өзіңдей тәңір бар ма құдіретті?
Psal Kaz 76:15  Сен кереметтер жасайтын Құдайсың,Халықтарға күш-қуатыңды таныттың,
Psal Kaz 76:16  Құдіретіңмен халқыңды құтқардың:Жақып пен Жүсіптің осы ұрпақтарын.
Psal Kaz 76:17  Уа, Құдай, Қамысты теңіз Сені көрді,Суы Өзіңді байқап үрейленді,Теңіздің тұңғиығы дүр сілкінді.
Psal Kaz 76:18  Бұлттар сонда жерге нөсер жаудырды,Аспанда күн күркіреп жаңғырды,Найзағай жебедей ұшып жарқылдады.
Psal Kaz 76:19  Құйында Сенің даусың күркіреді,Жай оты әлемге жарығын түсірді,Һәм жер беті шайқалып дірілдеді.
Psal Kaz 76:20  Сонда Сен теңіз арқылы жол жүрдің,Ұлан-ғайыр су арқылы қадам бастың,Ал көзге көрінбеді іздерің Сенің.
Psal Kaz 76:21  Содан халқыңды отардай бастадыңЖетекшілігімен Мұса мен Һаронның.
Chapter 77
Psal Kaz 77:1  (Асафтың насихат жыры.)Уа, халқым, тәліміме көңіл бөлші,Айтатын сөздеріме құлақ түрші,
Psal Kaz 77:2  Астарлы әңгімелерді айтамын,Әуелден бар құпияларды ашамын.
Psal Kaz 77:3  Өзіміз естіп білген әңгімелерді,Аталарымыз айтқан нәрселерді
Psal Kaz 77:4  Солардың ұрпақтарынан жасырмаймыз,Келер буынға оларды жариялаймыз:Жаратқан Иенің даңқты істерін,Оның құдіреті мен кереметтерін.
Psal Kaz 77:5  Өйткені Иеміз Жақыптың ұрпағынаЕрежесін орнатып, Исраил халқынаАрнап Таурат заңын шығарып тапсырды,Ол ата-бабаларымызға солардыБалаларына үйретуге бұйырды.
Psal Kaz 77:6  Келер ұрпақ оларды жақсы танысын,Кейін туар перзенттері де ұғынсын,Олар да өз балаларына үйретсін.
Psal Kaz 77:7  Осылай бұлар Құдайға үміт артсын,Оның кереметтерін есте сақтасын,Әрі өсиеттерін нық орындасын.
Psal Kaz 77:8  Олар бабаларындай істеп жүрмесін:Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін,Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін,Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын.
Psal Kaz 77:9  Ефремнің ұрпақтары садақпен қаруланған,Ал шайқасар күні кері бұрылып қашқан,
Psal Kaz 77:10  Құдайдың Келісімін сақтамаған,Таурат заңын ұстанудан бас тартқан,
Psal Kaz 77:11  Құдайдың ежелгі істерін ұмытқан:Ғажап кереметтерін Ол жасаған
Psal Kaz 77:12  Мысыр елінде, Соған алқабындаАта-бабаларының көз алдында.
Psal Kaz 77:13  Сол кезде Құдай теңізді қақ бөлген,Арғы жағаға халықты жеткізген,Теңіз суын қабырғадай тұрғызған,
Psal Kaz 77:14  Күндіз бұлтты, түнде отты бағанаменӨзі оларды жетелеп бастап жүрген.
Psal Kaz 77:15  Шөл далада жартасты қақ айырған,Терең тұңғиықтан су шығарған,Халқының шөлін молынан қандырған.
Psal Kaz 77:16  Жартастан Жаратқан бұлақтар ағызған,Өзендей төмен қарай сарқыратқан.
Psal Kaz 77:17  Алайда халық күнә жасай берген,Хақ Тағалаға қарсы түзде бас көтерген,
Psal Kaz 77:18  Талғамдарына қарай тамақ талап еткен,Тәңірді іштей сынап еркінсіген,
Psal Kaz 77:19  Былай деп қарсы сөйледі Құдайға:«Айдалада Құдай тамақ бере ала ма?
Psal Kaz 77:20  Рас, жартасты ұрғанда су тасқындап,Жылғамен аға жөнелді сарқырап,Алайда Ол нан да бере ала ма,Етпен де халқын қамти ала ма?!»
Psal Kaz 77:21  Мұны естіп Жаратқан Ие ашуланды,Жақыпқа зәрінің оты тұтанды,Иә, Исраилге қатты қаһарланды,
Psal Kaz 77:22  Өйткені олар Құдайға сенбеді,Оның құтқаруына үміттенбеді.
Psal Kaz 77:23  Бірақ та Ол бұлттарға бұйрық берді,«Аспанның қақпаларын» ашып берді,
Psal Kaz 77:24  Халыққа жейтін маннаны жаудырды,Сөйтіп оларға нанды аспаннан жіберді,
Psal Kaz 77:25  Адамдар «періштелер нанын» жеді,Қарындары тойғанша Құдай мол берді.
Psal Kaz 77:26  Құдай аспанда шығыстан жел тұрғызды,Құдіретімен оңтүстіктен жел соқтырды,
Psal Kaz 77:27  Ол аспаннан тозаңдай мол ет жаудырды:Теңіз жағалауындағы құм сықылдыСансыз көп боп ұшып келген құстарды
Psal Kaz 77:28  Халық қоныстанған жердің ортасынаҚондырды, шатырларының маңайына.
Psal Kaz 77:29  Осылайша халық тойына ет жеді,Құдай оларға аңсағандарын берді,
Psal Kaz 77:30  Ал құмартқан тамақтарын жеп болмастан,Ауыздарындағы етті жұтпастан,
Psal Kaz 77:31  Оның зәрі оларға қарсы көтерілді,Ол ең мықты адамдарын өлтірді,Сұлатып исраилдік жас жігіттерді.
Psal Kaz 77:32  Алайда халық күнә жасай берді,Ғажаптарын менсінбей Құдайға сенбеді.
Psal Kaz 77:33  Сонда Ол күндерін бекер қылып қысқартты,Оларды қорқытып, жылдарын доғартты.
Psal Kaz 77:34  Құдай кейбіреулерін құртқанда,Басқалары Оған бет бұрды соңында,Өкініп, қайтты теріс жолдарынан,Сиына берді Құдайға таң азаннан.
Psal Kaz 77:35  Естеріне түсті: «Құдай — құздай панамыз,Иә, Алла Тағала — Құтқарушымыз».
Psal Kaz 77:36  Олар жағымпазданды бірақ ауыздарымен,Жаратқанға жалған айтты тілдерімен,
Psal Kaz 77:37  Шын жүректен Оған адал болмады,Келісімін Оның берік ұстанбады.
Psal Kaz 77:38  Алайда Құдай сондай шапағатты,Күнәларын кешіріп, оларды құртпады.Әлденеше рет Ол ашуын басты,Жалынды қаһарын толық тұтатпады,
Psal Kaz 77:39  Олардың тәндік екенін ұмытпады,Шыққан демдей қайтпайтынын ұғынды.
Psal Kaz 77:40  Қанша рет олар иен түзде бас көтерді,Айдалада Оны қапаландырды!
Psal Kaz 77:41  Қайта-қайта еркінсіп сынап Құдайды,Исраилдің Киелі Құдайын қайғыртты,
Psal Kaz 77:42  Олар ұмытты Оның шексіз құдіретін,Қанаған жауларынан құтқарған кездерін:
Psal Kaz 77:43  Мысырда көрсеткен ғажап істерін,Соған алқабындағы кереметтерін,
Psal Kaz 77:44  Мысыр өзендерін Ол қанға айналдырды,Ағынынан ешкім су іше алмады,
Psal Kaz 77:45  Оларға шақсын деп көптеп масаларды,Зақымдасын деп жіберді бақаларды,
Psal Kaz 77:46  Шегіртке құрттарына қиды егіндерін,Шегірткелерге еңбектерінің өнімдерін,
Psal Kaz 77:47  Бұршақпен жойды Ол жүзім бақтарын,Аязбен қиратты тұт ағаштарын.
Psal Kaz 77:48  Жаудың малына да бұршақты жаудырды,Табындарын найзағай астында қалдырды.
Psal Kaz 77:49  Құдай қаһарының тізгінін ағытты,Ашу-ызасы мен қастығын танытты,Құртушы хабаршыларын жөнелтті,
Psal Kaz 77:50  Лаулаған қаһарына Тәңір жол берді,Ажалдан жаудың жандарын сақтамады,Оларды обаның індетіне табыстады.
Psal Kaz 77:51  Мысырдың тұңғыштарының құртты көздерін,Хамның үйлеріндегі мықты өскіндерін.
Psal Kaz 77:52  Ал Құдай өз халқын алып шықты қойлардай,Иен далада бастап жүрді отардай,
Psal Kaz 77:53  Оларды аман-есен жетеледі,Сонда халық ешқандай үрейленбеді,Бірақ жауларын теңіз жалмап жіберді.
Psal Kaz 77:54  Құдай халқын әкелді киелі еліне,Құдіретпен иемденген таулы өлкесіне,
Psal Kaz 77:55  Алдарынан ұлттарды шығарды қуып,Олардың жерлерін мұраға берді бөліп,Үйлерін де Исраил руларына мекендетіп.
Psal Kaz 77:56  Бірақ олар әлі де Құдайды сынады,Бас көтеріп, Хақ Тағалаға бағынбады,Оның берген жарлықтарын сақтамады,Бабаларының қылықтарын қайталады,
Psal Kaz 77:57  Құдайдан бас тартып опасыздық жасады,Кеуіп қалған садақтай сенімсіз болды.
Psal Kaz 77:58  Биіктеу жерлерде тәңірсымақтарға арнапҒибадат ететін орындарын салып,Құдайдың ашу-ызасын туғызды,Жалған тәңір мүсіндерін тұрғызды,Құдайдың зор қызғанышын тудырды.
Psal Kaz 77:59  Мұны естіп Құдайдың қаһары тұтанды,Ол Исраилден жиреніп мүлдем бас тартты,
Psal Kaz 77:60  Содан тастап кетті Шилодағы тұрағын,Адамдар арасындағы киелі шатырын.
Psal Kaz 77:61  Ол тіпті өз құдіретін паш еткен сандығынХалқының жауларының қолына түсірді,Иә, Өзінің ұлылығының осы белгісінСол дұшпандарының қолдарына тапсырды!
Psal Kaz 77:62  Құдай меншікті халқына қаһарланды,Семсер жүзіне оларды табыстады,
Psal Kaz 77:63  Халықтың жас жігіттерін өрт жалмады,Қыздарына той әндері айтылмады,
Psal Kaz 77:64  Діни қызметкерлері семсерден құрыды,Жесірлері жоқтау да айта алмады.
Psal Kaz 77:65  Соңында Иеміз тұрды ұйқыдан оянғандай,Ішіп алып қызбаланған балуандай,
Psal Kaz 77:66  Жауларына соққы беріп, кері тойтарды,Оларды шексіз масқараға қалдырды.
Psal Kaz 77:67  Кейін Тәңір Жүсіптің әулетін таңдамады,Ол Ефрем руын басшылыққа қоймады,
Psal Kaz 77:68  Орнына таңдап алды Яһуда руын,Әрі Өзі қатты ұнатқан Сион тауын,
Psal Kaz 77:69  Киелі үйін зәулім аспандай орнатты,Жер іспетті оны мәңгілікке нығайтты.
Psal Kaz 77:70  Қызметшісі етіп Дәуітті таңдады,Қой отарынан Құдай оны шақырды,
Psal Kaz 77:71  Саулық бағып жүрген жерінен алдырды,Жақыптың ұрпақтарын оған бақтырды,Меншікті Исраил халқын қамқорлатты.
Psal Kaz 77:72  Ол халқын бағып жүрді шын жүректен,Жетелеп алып жүрді епті қолымен.
Chapter 78
Psal Kaz 78:1  (Асафтың жыры.)Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттарСенің меншікті еліңді басып, оларСенің киелі үйіңді арамдады,Иерусалимді қиратып, талқандады.
Psal Kaz 78:2  Жау Сенің қызметшілеріңнің мәйіттерінҚұстарға жемтік етіп тастап кеткен,Олар адал адамдарыңның денелерінЖабайы аңдардың азығы еткен,
Psal Kaz 78:3  Солардың қанын ИерусалимдіАйналдыра ағызды су тәрізді,Сүйектерін жерлейтін қалдырмады ешкімді.
Psal Kaz 78:4  Көршілеріміз бізді келеке қылуда,Маңымыздағылар мазақтап қорлауда.
Psal Kaz 78:5  Қашанғы бізге ашуланасың ұдайы,Уа, Ием, қашанғы қаһарың оттай лаулайды?
Psal Kaz 78:6  Ашуыңды төксеңші соның орнынаӨзіңді мойындамайтын бөтен ұлттарға,Саған сиынбайтын патшалықтарға.
Psal Kaz 78:7  Олар Жақыптың ұрпақтарын жалмады,Мекен-тұрағын қиратып, бос қалдырды.
Psal Kaz 78:8  Бізге аталарымыздың күнәларын артпашы,Қайта, өз рақымыңды бізге тезірек жолдашы,Өйткені әлсіреп түңілдік аса қатты.
Psal Kaz 78:9  Құтқарушы Құдайымыз, бізді қолдай гөр,Атыңның даңқына бола азат ете гөр,Есіміңе бола бар күнәмізді кешіре гөр.
Psal Kaz 78:10  Бізді Өзіңе бағынбаған халықтардың«Құдайы қайда екен бұлардың?»Деген мазағына неге қалдырасың?Олар Сенің қызметшілеріңнің қанын төкті,Әділ жаза тартқандарын бізге көрсетші.
Psal Kaz 78:11  Тұтқындардың күңіренісіне құлақ салшы,Ұлы құдіретіңмен әрекет жасашы,Өлімге кесілгендерді аман сақташы.
Psal Kaz 78:12  Көршілерімізге, уа, Ием, өз атыңдыҚорлағандарын жеті еселеп қайтаршы.
Psal Kaz 78:13  Бағып жүрген халқың әрі «отарыңбыз»,Сондықтан Өзіңді мәңгі мадақтаймыз,Күллі ұрпаққа ұлылығыңды даңқтаймыз.
Chapter 79
Psal Kaz 79:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Келісім қызғалдағы» әуенімен айтылатын Асафтың жыры.)
Psal Kaz 79:2  Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші,Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті.Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы,Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы.
Psal Kaz 79:3  Ефрем, Бунямин, Манаса руларыныңКөз алдында зор күшіңді көрсетші,Өзің келіп, бізді құтқарсаң етті!
Psal Kaz 79:4  О, Құдай, бізді қайтаршы өз жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша.
Psal Kaz 79:5  Уа, Жаратқан, Әлемнің Иесі — Құдайсың,Қашанғы өз халқыңа ашуланасың,Мінажаттарымыздан мүлдем бас тартасың?
Psal Kaz 79:6  Сен халқыңды көз жасымен тойындырдың,Иә, көз жасымен шөлімізді әбден қандырдың,
Psal Kaz 79:7  Сөйтіп мазақтаттың бізді көршілерімізге,Дұшпандарымыз табалап келекелеуде.
Psal Kaz 79:8  Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша.
Psal Kaz 79:9  Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,Солардың орнына бізді отырғыздың.
Psal Kaz 79:10  Ол үшін тазартып, өңдедің жерді,Сол «бұта» тамыр жайып, толтырды елді,
Psal Kaz 79:11  Оның көлеңкесі тауларды жапты,Сабақтары зор самырсындарды басты.
Psal Kaz 79:12  Бұтақтары созылды теңізге дейін,Өркендері — Евфрат өзеніне дейін.
Psal Kaz 79:13  Енді неге қоршаған дуалын қираттың?Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін,
Psal Kaz 79:14  Орман қабаны түбін қазып, қопаруда,Түз аңдары жайылып, «бұтаңды» жалмауда!
Psal Kaz 79:15  Уа, Әлемнің Иесі, қайта оралсаңшы,О, Құдай, көктен жерге көз салсаңшы,Осы «жүзім бұтасын» қамқорлашы,
Psal Kaz 79:16  Құдіретті қолыңмен оны отырғыздың,Сабақтарын Өзіңе арнап өсірдің.
Psal Kaz 79:17  «Жүзім бұтаңды» шауып, өртеді жаулар,Бетіңнің ызбарынан жойылады олар.
Psal Kaz 79:18  Қолдай гөр оң жағыңдағы халқыңды,Өзіңе арнап нығайтқан ұлтыңды.
Psal Kaz 79:19  Сенен енді қайтып безбейміз сонда,Сиынатын боламыз Сенің атыңа,Өмірімізді жаңарта гөр тағы да.
Psal Kaz 79:20  Уа, Әлемнің Иесі — Құдай Тағала,Бізді қайтара гөр өз тура жолыңа,Бет нұрыңды төксең бізге тағы да,Құтқарылатын боламыз осылайша.
Chapter 80
Psal Kaz 80:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық күй аспабының сүйемелдеуімен айтылатын Асафтың жыры.)
Psal Kaz 80:2  Күш-қуатымыз — Құдайға шаттана ән салыңдар,Жақып сиынған Құдайға қуана айқайлаңдар,
Psal Kaz 80:3  Ән-жырлар айта бастап, даңғыраны соғыңдар,Домбыра, жетігенмен әсем әуен тартыңдар!
Psal Kaz 80:4  Жаңа ай туғанда кернейде ойнаңдар,Ай толғанда да тойымызды жариялаңдар.
Psal Kaz 80:5  Өйткені бұл — Исраил халқының міндеті,Жақып сиынған Құдайдың берген ережесі.
Psal Kaz 80:6  Жаратқан Иеміз Мысырға қарсы шыққанда,Осыны бұйырды Жүсіптің ұрпағына,Біз бөтен тілді естіген уақытта.
Psal Kaz 80:7  (Жаратқан былай деп білдірді бұйрығын:)«Иықтарыңнан ауыр жүкті алып тастадым,Қолдарыңды көтерген себеттен босаттым.
Psal Kaz 80:8  Қиын кезде айқайлап сиындыңдар Маған,Сонда сендерді азат етіп алдым аман.Күннің күркірінен сендерге құлақ салғам,Меріба сулары маңында сендерді сынағам.
Psal Kaz 80:9  Халқым, Мені тыңда, сендерге ескертемін,Игі болар, Исраил, Маған құлақ түргенің!
Psal Kaz 80:10  Ешқандай да бөгде тәңірлерің болмасын,Құлшылық етпеңдер жат тәңірлерге ешқашан!
Psal Kaz 80:11  Мен Жаратқан Ие — бірден-бір Тәңірлеріңмін,Мысыр елінен алып шыққан Иелеріңмін.Ал енді, ауыздарыңды ашыңдар айқара,Мен оларды толтырамын жақсылыққа.
Psal Kaz 80:12  Бірақ таңдаған халқым Мені тыңдамады,Исраилдің ұрпағы Маған бағынбады,
Psal Kaz 80:13  Сондықтан Мен қасарысқан жүректерінеЖол бердім өз беттерімен жүрулеріне.
Psal Kaz 80:14  Халқым Менің сөзіме құлақ салса екен,Исраилдің ұрпағы жолыммен жүрсе екен!
Psal Kaz 80:15  Онда Мен жауларын лезде жуасытар едім,Қинаған дұшпандарына қол жұмсар едім,
Psal Kaz 80:16  Өзімді жек көргендер Маған бағынғансыр еді,Ал азапты уақыттары мәңгіге созылар еді.
Psal Kaz 80:17  Бірақ сендерді жақсы бидаймен тойдырар едім,Жартастағы балмен рақатқа қандырар едім».
Chapter 81
Psal Kaz 81:1  (Асафтың жыры.)Құдай үлкен мәжілісін басқарады,Сонда Ол билерге үкім шығарады:
Psal Kaz 81:2  «Қашанғы әділетсіз үкім айтпақсыңдар,Зұлымдарға оң қабақ танытпақсыңдар?
Psal Kaz 81:3  Жарлы мен жетімнің мүддесін қорғаңдар,Бейшара кедейге әділдік жасаңдар!
Psal Kaz 81:4  Шарасыз бен мұқтажды құтқарыңдар,Зұлымның шеңгелінен оны босатыңдар!»
Psal Kaz 81:5  Ештеңе ұқпастан, ештеңе білместен,Қанаушылары түнекте жүріп келген,Содан елдің бар негізі дірілдеген!
Psal Kaz 81:6  Былай деген едім: «Сендер құдайсыңдар,Бәрің Хақ Тағаланың рухани ұлысыңдар,
Psal Kaz 81:7  Дегенмен жай пендедей құрисыңдар,Әрі әміршідей қаза табасыңдар».
Psal Kaz 81:8  Уа, Құдай, көтеріліп, жерді сотташы,Сен иемденесің ғой бар халықтарды!
Chapter 82
Psal Kaz 82:1  (Асаф сөзін жазған ән әрі жыр.)
Psal Kaz 82:2  Уа, Құдайым, үндемей қала берме,Тіл қатпастан тып-тыныш бола көрме,
Psal Kaz 82:3  Себебі жауларың у-шу көтеруде,Сені жек көретіндер өркөкіректенуде.
Psal Kaz 82:4  Халқыңа қарсы олар сұмдық ойласуда,Өзіңе қымбат жандарға қарсы ақылдасуда:
Psal Kaz 82:5  «Кәне, құртайық оларды ұлттар арасынан,Исраил аталмасын енді қайтып ешқашан».
Psal Kaz 82:6  Бірауыздан олар сөз байласыпЖатыр, Саған қарсы одақ құрып:
Psal Kaz 82:7  Шатырларда тұрған едомдықтар,Ысмағұлдық, моабтық, ажарлықтар,
Psal Kaz 82:8  Гебалдық, аммондық, амалектіктер,Тирдің тұрғындары мен філістірлер.
Psal Kaz 82:9  Ассурдың халқы да оларға қосылды,Луттың ұрпақтарына қолдаушы болды.
Psal Kaz 82:10  Сен ежелде Мадиян тайпасына,Сисара мен Ябинге Қишон аңғарындаІстегеніңдей істеші жауларымызға!
Psal Kaz 82:11  Сол байырғылар Ендорда талқандалды,Төгілген қи-қоқыстай жерге тапталды.
Psal Kaz 82:12  Істеші жаулардың әміршілерінеЕжелде істегеніңдей Ориб пен Зипке,Істеші олардың бар көсемдеріне,Өзің істегеніңдей Салман мен Зебейге,Өйткені жау былай деді біз жөнінде:
Psal Kaz 82:13  «Құдайдың мекендерін иемденейік,Жайылымдарын қолға түсірейік!»
Psal Kaz 82:14  Зұлымдарды етші құйын соққан тозаңдай,О, Құдайым, жел ұшырған сабандай
Psal Kaz 82:15  Әрі от жалмап қойған ормандай,Жалын күйреткен қырат басындай.
Psal Kaz 82:16  Дұшпанды қуып шықшы елден құйыныңмен,Дүрбелеңге түсірші Өзіңнің дауылыңмен,
Psal Kaz 82:17  Уа, Жаратқан жауды қара бет қылып масқарала,Олар Саған бұрылып, сиынсын атыңа.
Psal Kaz 82:18  Ал қыңырлары лайым қысылып абыржысын,Олар қорланып, ақырында өлім құшсын,
Psal Kaz 82:19  Жаратқан Ие деп аталған жалғыз СеніңБүкіл жер бетіне билік жүргізетінХақ Тағала екеніңді барлығы білсін!
Chapter 83
Psal Kaz 83:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Қорах ұрпақтарының жыры.)
Psal Kaz 83:2  Өзіңнің тұрағың жер бетіндегіҚандай сүйкімді, уа, Әлемнің Иесі!
Psal Kaz 83:3  Жан дүнием Жаратқанның киелі үйіндегіАулаларына баруды аңсап, әлсірейді,Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.
Psal Kaz 83:4  Тіпті торғай да қонатын жерін тауып алды,Қарлығаш балапандарын басуға ұя салды:Маңайында Сенің құрбандық үстелдеріңнің,Уа, Әлемнің Иесі, Патшам, Құдайым менің!
Psal Kaz 83:5  Киелі үйіңде тұратындар сондай бақытты,Әрқашан да олар Саған мақтау айтады!
Psal Kaz 83:6  Сенің күшіңе кенеле берген, ой-ниетіӨзіңе бағытталған жандар қандай бақытты!
Psal Kaz 83:7  Жылау аңғарымен жүріп су көздерін ашады,Содан күзгі жаңбыр жауғандай жер жарылқанады.
Psal Kaz 83:8  Олар жол жүргенде күш-қуаты өсе береді,Ақыры Сионда Құдайдың алдына келеді.
Psal Kaz 83:9  Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі,Өзіңе арнаған дұғамды ести көрші,Жақып сиынған Құдай, құлақ түре көрші.
Psal Kaz 83:10  Уа, Құдай, біздің қорғаушымыз, көңіл бөле гөр,Таңдап алған патшаңа көз қырыңды сала гөр.
Psal Kaz 83:11  Бір-ақ күн болғаным киелі үйіңнің ауласындаМың күннен жақсы өткізген өзге орында.Мен қақпасында тұруды Құдайымның үйіндеАртық көрем жайлы өмірден сұмдардың үйінде.
Psal Kaz 83:12  Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды,Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды,Ол тура жолменен жүретін адамдардыСыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды.
Psal Kaz 83:13  Уа, әлемнің құдіретті Иесі — Жаратқан,Қандай бақытты Өзіңе сенім артқан жан!
Chapter 84
Psal Kaz 84:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорахтың ұрпақтарының жыры.)
Psal Kaz 84:2  Уа, Ием, Сен еліңе рақымды болдың,Жақыптың ұрпағын тұтқыннан қайтардың.
Psal Kaz 84:3  Халқыңның кінәсіне кешірім жасадың,Барлық күнәларын да жауып тастадың.
Psal Kaz 84:4  Сонда Сен ашу-ызаңды түгел бастың,Жалындаған қаһарыңнан бас тарттың.
Psal Kaz 84:5  Құтқарушымыз Құдай, қалпымызға келтірші,Бізге деген наразылығыңды бәсеңдетші.
Psal Kaz 84:6  Әлде мәңгі бізге қаһарлана бермекпісің,Ұрпақтан ұрпаққа ашуыңды төкпекпісің?
Psal Kaz 84:7  Өз халқыңның Саған шаттануы үшінӨмірімізді қайтадан жаңартпаймысың?
Psal Kaz 84:8  Бізге тұрақты рақымыңды таныта көрші,Уа, Жаратқан, пәледен құтқара көрші.
Psal Kaz 84:9  Құлақ түремін Құдай Иенің айтарына,Тыныштықты уәде етеді Ол өз халқына —Таңдап алған өз адал адамдарына,Халық тек қайтпаса ақымақтық жасауына!
Psal Kaz 84:10  Сөз жоқ, Өзін қастерлейтін жандардыҚұдай жақында құтқаратын болады,Осылайша Оның даңқты ұлылығыЕлімізге орнығатын болады.
Psal Kaz 84:11  Сонда рақым мен шындық бірге кездеседі,Әділдік пен татулық бір-біріне сәйкес келеді.
Psal Kaz 84:12  Адалдық жер бетінен көктеп шығады,Әділдік көктен төмен қарап тұрады.
Psal Kaz 84:13  Шынымен Жаратқан Ие игілік сыйламақ,Содан жеріміз бізге өнімін ұсынбақ,
Psal Kaz 84:14  Жаратқанның алдынан әділдік жүрмек,Оның жүретін жолдарын дайындап бермек.
Chapter 85
Psal Kaz 85:1  (Дәуіттің мінажаты.)Уа, Жаратқан, жарлымын, зәрумін көмегіңе,Құлақ тосып, жауап берші өтінішіме.
Psal Kaz 85:2  Құдайым, қорғай гөр жанымды Саған арналған,Құтқара гөр құлыңды Өзіңе сенім артқан.
Psal Kaz 85:3  Рақымыңды түсіре гөр, уа, Жаратқан Ием,Күнде Саған үздіксіз сиына берем.
Psal Kaz 85:4  О, Жаратқан, жадырата гөр пендеңнің жанын,Себебі бір Өзіңе сенімімді артамын.
Psal Kaz 85:5  Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығынаКешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да.
Psal Kaz 85:6  О, Жаратқан, мінажатыма құлақ сала гөр,Жалбарынған дауысыма көңіліңді бөле гөр.
Psal Kaz 85:7  Тек Өзіңе сиынамын күн туғанда басыма,Өйткені жауап бересің Сен мінажатыма.
Psal Kaz 85:8  Уа, Ием, ұлттардың табынатын тәңірлеріАрасында жоқ Сендей бірде-біреуі!Сенің жасаған кереметтерің іспеттіЖоқ басқа ешкімнің де ғажайып істері.
Psal Kaz 85:9  Өзің жаратқан күллі ұлттар алдыңа келеді,Есіміңді ардақтап бастарын иеді.
Psal Kaz 85:10  Себебі Сен ұлысың, ғажап істер жасайсың,Уа, Жаратқан Ие, жалғыз Өзің Құдайсың!
Psal Kaz 85:11  О, Жаратқан, ақ жолыңа бағыттай гөр мені,Өзіңнің шындығыңа сәйкес жүргім келеді,Тек Сені ардақтауға нығайтшы жүрегімді.
Psal Kaz 85:12  Уа, Құдай Ием, Өзіңді шын жүректен мақтаймын,Әрі Сенің есіміңді мәңгі бақи даңқтаймын.
Psal Kaz 85:13  Сондай зор Сенің маған түсірген шапағатың,О дүниенің тұңғиығынан аман сақтадың!
Psal Kaz 85:14  Тәкаппар жандар маған қарсы бас көтереді,Қатыгездер тобы мені құртқысы келеді,Олар Саған мойынсұнып, менсінбейді.
Psal Kaz 85:15  Ал Сен рақымды да қайырымды Құдайсың,Уа, Ием, Сен тез қаһарланбайсың,Шексіз Сенің мейірімің мен адалдығың.
Psal Kaz 85:16  Маған көз қырыңды салып рақым ете көрші,Қызметшіңмін, нығайтып, аман сақтай көрші,
Psal Kaz 85:17  Маған ізгілікпен қарайтыныңды көрсетші!Уа, Жаратқан, жауларым соны көріп, ұялсын,Өйткені Өзің маған демеу болып, жұбаттың.
Chapter 86
Psal Kaz 86:1  (Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры.)
Psal Kaz 86:2  Қала іргесін салды Құдай қасиетті тауда,Сионның қақпалары ұнамдырақ ЖаратқанғаЖақып ұрпағының барлық басқа тұрағынан да.
Psal Kaz 86:3  Уа, Құдайдың қаласы, сен жайындаКеремет жақсы жайттар айтылуда.
Psal Kaz 86:4  Өзімді танып білетіндер арасынанМысыр мен Бабыл елдерін атаймын,Сондай-ақ філістір, Тир, Құш тұрғындарын:«Бұлар — Сионда туғандар» деп санаймын.
Psal Kaz 86:5  Жұрт былай демек Сион қаласы жайында:«Осындай да осындай ер туған мұнда,Қаланы Өзі бекіткен Құдай Тағала».
Psal Kaz 86:6  Жаратқан Ие тіркегенде халықтарды:«Бұлар — Сионда туғандар» деп жазады.
Psal Kaz 86:7  Жұрт былай дер ән айтып, күй ойнаған кезде:«Өмірімнің қайнар көздері бір Өзіңде».
Chapter 87
Psal Kaz 87:1  (Қорахтың ұрпақтарының әні әрі жыры. Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Ауыртпалық шегу» әуенімен айтылатын езрахтық Хеманның насихат жыры.)
Psal Kaz 87:2  Уа, Жаратқан Ием — Құтқарушы Құдайым,Күні-түні дауыстап Саған сиынамын.
Psal Kaz 87:3  Мінажатым Сенің алдыңа жетсінші,Дауыстаған айқайыма құлақ түрсеңші.
Psal Kaz 87:4  Өйткені жан дүнием қайғыға толды,Өмірім ажалға жақындап қалды,
Psal Kaz 87:5  Көрге түсетіндер арасынан саналдым,Күші жоқ, әлсіз адамға ұқсас болдым.
Psal Kaz 87:6  Осылай өлілер қатарына қалдырылдым,Қаза тауып, қабірде жатқандардаймын,Сен оларды енді қайтып еске алмайсың,Аласталды олар қамқорлығыңнан Сенің.
Psal Kaz 87:7  Сен мені қап-қараңғы тұңғиыққаСалып қойғансың, ең терең шұңқырға.
Psal Kaz 87:8  Үстімді зілдей басады қаһарың,Мені жаншиды барлық «толқындарың»,
Psal Kaz 87:9  Жолдастарымнан мені алшақтаттың,Оларға мені жек көрінішті қылдың,Ешқайда шыға алмай құрсаудамын,
Psal Kaz 87:10  Көп жылап бұлыңғырланды қос жанарым.Уа, Жаратқан, күнде дауыстап Саған сиынамын,Ием, қолдарымды Өзіңе қарай жаямын.
Psal Kaz 87:11  Әлде өлгендер үшін керемет жасайсың ба,Сүйектер қайта тұрып, Сені мадақтай ма?
Psal Kaz 87:12  Көрде Сенің рақымың уағыздала ма,Қабірде шындығың жариялана ма?
Psal Kaz 87:13  Түнектегілер кереметтеріңді біле ме,Ұмыт болғандар әділдігіңді түсіне ме?
Psal Kaz 87:14  Уа, Жаратқан, дауыстап Саған сиынамын,Таң ата алдыңа жетеді мінажатым.
Psal Kaz 87:15  О, Ием, неге менен бас тартасың?Бет-жүзіңді неліктен менен жасырасың?
Psal Kaz 87:16  Жасымнан әлсіз болдым, өлім жүрді жақын,Айбыныңнан қорқып әлсіреп шаршадым.
Psal Kaz 87:17  Қаһарыңның оты үстімнен басып өтті,Зор қорқынышың мені тас-талқан етті,
Psal Kaz 87:18  Олар тасқын судай ұзақты күн қоршайды,Жан-жақтан қаһарың мені қыспақтайды.
Psal Kaz 87:19  Таныс-достарымды менен алшақтаттың,Тас түнек айналды серігіме ең жақын.
Chapter 88
Psal Kaz 88:1  (Езрахтық Етанның насихат жыры.)
Psal Kaz 88:2  Зор рақым-шапағатыңды, уа, Жаратқан,Әр уақытта мен ән-жырға қосамын,Сөзіңе беріктігіңді ӨзіңніңБар ұрпақтарға айтатын боламын.
Psal Kaz 88:3  Солай Сенің тұрақты рақымыңныңМәңгілік екенін жариялаймын.Өзіңнің шындығыңды көкте бекіттің,(Өйткені Сен мынаны айтқан едің:)
Psal Kaz 88:4  «Мен таңдаулыммен Келісім жасадым,Қызметшім Дәуітке былай деп ант бердім:
Psal Kaz 88:5  Әулетіңді әрқашан да нығайтамын,Ұрпақтан ұрпаққа тағыңды орнатамын».
Psal Kaz 88:6  Уа, Жаратқан, көкте даңқталар кереметтерің,Қасиеттілер жиынында — өз беріктігің.
Psal Kaz 88:7  Көктегі кім Иемізбен теңесе алар,Күштілер арасында кім Жаратқанға ұқсар?
Psal Kaz 88:8  Қасиетті періштелердің үлкен тобыТерең қастерлейді айбынды Құдайды,Биік тағын айналдыра Оны құрметтейді.
Psal Kaz 88:9  Уа, Жаратушы Құдай, Әлемнің Иесі,Саған ұқсас кім бар, сондай құдіретті?Адалдығың жан-жақтан қоршайды Сені.
Psal Kaz 88:10  Уа, Ием, буырқанған теңізге билік айтасың,Көтерілген толқындарын тыншытасың.
Psal Kaz 88:11  Паң мысырлықты Сен талқандап қираттың,Жауларыңды күшті қолыңмен шашыраттың.
Psal Kaz 88:12  Көк те — Сенікі, жер де — өз меншігің,Негізін салдың Сен күллі әлемнің,Әрі жараттың ондағылардың бәрін.
Psal Kaz 88:13  Сен жараттың солтүстік, оңтүстікті де,Табор, Хермон таулары қуанады есіміңе.
Psal Kaz 88:14  Қолың мен білегің ерен қуатты,Оң қолың барлығынан да жоғары.
Psal Kaz 88:15  Әділдік, әділет — тағыңның негізі,Рақым мен адалдық алдыңда жүреді.
Psal Kaz 88:16  Мадақтау жиналысына шақырғанҚуанышты дауысты танып, қосылғанХалық сондай бақытты, өйткені оғанЖүзіңнің нұрында жүру бұйырылған,
Psal Kaz 88:17  Күні бойы олар ұлы атыңа қуанады,Әділдігің оларды жоғарылатады.
Psal Kaz 88:18  Бұлардың күші мен ұлылығы Өзіңнен,Сенің рақымыңмен патшамыз күшейген.
Psal Kaz 88:19  Себебі қорғанышымыз — Жаратқан Иеден,Біздің патшамыз — Исраилдің киелі Тәңірінен.
Psal Kaz 88:20  Уа, Жаратқан, бірде Сен аян берген едің,Адал кісіңе мынадай сөз айтқан едің:«Мен жауынгер адамға күш-қуат дарыттым,Халықтан оны таңдап ап, жоғарылаттым:
Psal Kaz 88:21  Осы қызметшім Дәуітті тауып алдым,Арнайы майымды оған жақтырттым,Патша болуға оны тағайындаттым.
Psal Kaz 88:22  Ұдайы оны қорғап-қолдайтын боламын,Әрдайым күш-қуат сыйлайтын боламын.
Psal Kaz 88:23  Жау одан амалын асыра алмайды,Зұлымдар тықсырып, жеңе алмайды,
Psal Kaz 88:24  Оның алдынан жауларын құртамын,Өзін жек көргендерді қиратамын.
Psal Kaz 88:25  Берік рақымыма Дәуіт ие болады,Өз атыма бола оның күші артады,
Psal Kaz 88:26  Дәуіттің билігін Жерорта теңізінеСоздырам, әрі шығыстың өзендеріне.
Psal Kaz 88:27  Ол былай деп атамақ атымды Менің:«Сен Әкемсің, Құдайымсың өзімнің,Жартастай паналайтын Құтқарушымсың».
Psal Kaz 88:28  Мен оны «Тұңғышым» деп белгілеймін,Жер патшаларынан үстем етемін.
Psal Kaz 88:29  Мейірімімді оған мәңгі сақтаймын,Келісімімнен ешқашан бас тартпаймын.
Psal Kaz 88:30  Дәйім оның ұрпағын нығайтамын,Тағын да көк іспетті шексіз орнатамын.
Psal Kaz 88:31  Ал ұлдары тастаса Таурат заңымды,Әрі орындамаса бұйрықтарымды,
Psal Kaz 88:32  Егер бұзып жатса ережелерімді,Сақтаудан бас тартса өсиеттерімді,
Psal Kaz 88:33  Онда күнәлары үшін таяқпен ұрамын,Зұлым істері үшін қамшымен соғамын.
Psal Kaz 88:34  Ал Дәуіттен мейірімімді қайтып алмаймын,Өз адалдығымнан ешқашан таймаймын,
Psal Kaz 88:35  Мен Келісімімді еш уақытта бұзбаймын,Аузымнан шыққан сөзді өзгертпеймін.
Psal Kaz 88:36  Мен Дәуітке ант еткенмін біржолата,Қасиеттімін, жалғандық айтпаймын да:
Psal Kaz 88:37  Әулеті жалғасады шексіз уақытқа,Оның патшалық тағы Менің көз алдымда,Күн іспетті ол әрдайым бар болады да,
Psal Kaz 88:38  Ай іспетті ол тұрақты болып орнайды,Аспандағы адал айғаққа ұқсайды».
Psal Kaz 88:39  Ал қазір Сен тағайындаған патшаңнанСырт айналдың, жаратпай ашуландың оған,
Psal Kaz 88:40  Қызметшіңмен жасаған Келісіміңнен тандың,Оның тәжін жерге лақтырып арамдадың.
Psal Kaz 88:41  Күллі қамалдарын жойып қираттың,Қорғандарын үйіндіге айналдырдың.
Psal Kaz 88:42  Жолшыбай өткендер оны тонайды,Көршілері келекелеп мазақтайды.
Psal Kaz 88:43  Оның жауларын күшейтіп, үстем еттің,Барлық дұшпандарын шаттыққа кенелттің.
Psal Kaz 88:44  Патшаның семсерінің жүзін мұқалттың,Шайқаста оны қорғап-қолдамадың.
Psal Kaz 88:45  Оның жарқын салтанатын тоқтаттың,Әрі патшалық тағын жерге құлаттың.
Psal Kaz 88:46  Сен патшаның жастық шағын қысқарттың,Масқараны оған шапандай жаптың.
Psal Kaz 88:47  Қашанғы, уа, Жаратқан, жасырынбақсың?Ием, мәңгі лаулай ма оттай қаһарың?
Psal Kaz 88:48  Ескерші өмірімнің қысқалығын,Қандай бекершілікке адамзатты бұйырдың!
Psal Kaz 88:49  Қай адам ғұмыр кешіп, өлімді көрмеді,Кім ажал тырнағынан өзін құтқарды?
Psal Kaz 88:50  Уа, Ием, қайда бұрынғы зор рақымың,Адалдығың мен Дәуітке берген антың?
Psal Kaz 88:51  Ием, ескере гөр құлыңның мазақталғанын,Көп ұлттың мысқылының көңіліме батқанын,
Psal Kaz 88:52  Уа, Жаратқан, жауларыңның балағаттағанын,Өзің бекіткен патшаңның істерін қорлағанын.
Psal Kaz 88:53  Жаратқан Ие мәңгілік мадақталсын!Аумин, иә, аумин.
Chapter 89
Psal Kaz 89:1  (Құдайдың адамы Мұсаның мінажаты.)
Psal Kaz 89:2  Уа, Ием, атам заманнан бері ӨзіңБаспанамыз біздің болып келесің.
Psal Kaz 89:3  Жаратылмай-ақ жер мен бүкіл әлем,Таулар жаратылмас бұрын бар боп келген,Мәңгі тірі болатын Құдайсың Сен!
Psal Kaz 89:4  «Қайт, адам баласы!» деп қана айтсаң,Пендені топыраққа айналдырасың.
Psal Kaz 89:5  Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңдаӨте шыққан күн тәрізді қып-қысқа,Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана.
Psal Kaz 89:6  Сен лезде-ақ алып кетесің пендені,Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді,Яки далада өскен шөп тәрізді:Таң ата шықса да көгеріп,Кешке қарай қурап қалады семіп.
Psal Kaz 89:7  Осылай біз жоқ боламыз ашуыңнан,Зәреміз ұшады Сенің қаһарыңнан.
Psal Kaz 89:8  Сен күнәларымызды қойдың алдыңа,Нұрыңда айқын құпияларымыз да.
Psal Kaz 89:9  Өмір бойы бізге қаһарың төнеді,Жылдарымыз күрсінумен бітеді.
Psal Kaz 89:10  Ғұмырымыз жетпіс жасқа созылар,Күш-қуат жетсе, мүмкін, сексен болар,Жақсы кезде де шегеміз бейнет-азап,Ақыры ғайып боламыз, ғұмыр зырлап.
Psal Kaz 89:11  Қаһарыңның күшін кім түсінеді?Соған сай қастерлеу қажет Өзіңді.
Psal Kaz 89:12  Үйрете гөр ғұмырды есептеуді,Содан иемденейік дана жүректі.
Psal Kaz 89:13  Қашан райыңнан қайтасың, уа, Иеміз?Пенделеріңе шапағат тигізе гөр,
Psal Kaz 89:14  Ертеңгісін бізді рақымыңа кенелте бер,Содан әндетіп шаттанайық күллі күндер.
Psal Kaz 89:15  Өткерген ауыр күндерімізге сәйкес,О, Тәңір, бізді шаттыққа кенелте гөр.Азап шеккен көп жылдарымызға сәйкес,Бұдан былай қуанышқа бөлей гөр.
Psal Kaz 89:16  Лайым пенделеріңе, уа, Иеміз,Керемет істеріңді көрсете гөр,Біздің ұрпақтарымызға да әр кезШексіз ұлылығыңды паш ете гөр.
Psal Kaz 89:17  Құдай Иеміз бізге риза бола көрсін,Қолға алған ісімізді оңғара көрсін.Я, Құдай, ісімізді жарылқай гөр.
Chapter 90
Psal Kaz 90:1  Алла Тағаланың панасында тұрған адамҚұдіреттінің саясынан табады тыным.
Psal Kaz 90:2  Мен Жаратқан Иеге былай дейтін болам:Бас сауғалайтын панам әрі қорғаным,Сенімімді Саған артам, уа, Құдайым!
Psal Kaz 90:3  Хақ Тағала сені зұлымның тұзағынанӘрі жойқын обадан сақтайды аман.
Psal Kaz 90:4  Сені Өзінің «қанатымен» жауып алады,«Қалқан мен қамалың» — Оның адалдығы,Осылай өмірің қауіп-қатерсіз болады.
Psal Kaz 90:5  Түнде сен қара түнек қорқынышынан,Күндіз де қорықпайсың жау оғынан,
Psal Kaz 90:6  Сескенбейсің түнгі індет-ауруданҺәм тал түсте басыңа төнген апаттан.
Psal Kaz 90:7  Қасыңда мыңдағандар қаза тапса,Оң жағыңда он мыңдап қырылғанда,Саған зақым жақындай алмайды да.
Psal Kaz 90:8  Тек болып жатқанды көріп тұрасың,Зұлымдардың жазаланғанын ұғасың.
Psal Kaz 90:9  Сен Жаратқанға сенім артып келесің,Алла Тағаланы панаң етесің,
Psal Kaz 90:10  Басыңа енді жамандық түспейді,Үйіңе ешбір апат та төнбейді.
Psal Kaz 90:11  Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді:Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді,
Psal Kaz 90:12  Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшінҚолдарына көтеріп сені алып жүреді.
Psal Kaz 90:13  Жас арыстан мен оқжыланды аяқпен таптайсың,Үлкен арыстан мен абжыланды жаншып тастайсың.
Psal Kaz 90:14  Себебі Жаратқан Ие былай деп айтқан:«Өзімді сүйгенді Мен құтқарып аламын,Өзімді мойындағанды қорғайтын боламын,
Psal Kaz 90:15  Ол Маған сиынғанда құлақ саламын,Азап шеккен кезінде оған жар боламын,Аман-есен сақтап, құрметке бөлеймін.
Psal Kaz 90:16  Ғұмырын ұзақ қылып риза етемін,Құтқаруымды оған сыйлап беремін».
Chapter 91
Psal Kaz 91:1  (Демалыс күні айтылатын ән әрі жыр.)
Psal Kaz 91:2  Қандай ғанибет — Жаратқан Иені мақтау,Уа, Хақ Тағала, есіміңе ән-жыр арнау,
Psal Kaz 91:3  Таң ата жариялап рақымыңды,Кешке де Өзіңнің адалдығыңды,
Psal Kaz 91:4  Он ішекті аспапта әсем күй тартып,Жетіген және домбырамен қосылып.
Psal Kaz 91:5  Уа, Ием, жаратқандарыңа шаттанамын,Ұлы істеріңе қуана ән саламын.
Psal Kaz 91:6  О, Ием, қандай керемет Сенің істерің,Түпсіз терең Сенің ой-ниеттерің!
Psal Kaz 91:7  Ессіз адам ғана бұларды білмейді,Түйсіксіз жан мынаны түсінбейді:
Psal Kaz 91:8  Зұлымдар қазір жерді шөптей қаптайды,Заңсыздық істейтіндер өркендейді,Ал кейін олар мәңгілікке құриды.
Psal Kaz 91:9  Бірақ Сен, уа, Ием, мәңгі үстемсің!
Psal Kaz 91:10  О, Жаратқан, жауларың Сенің,Иә, бар жауларың да сөзсіз құриды,Сол зұлымдық жасайтындар шашырайды.
Psal Kaz 91:11  Маған жабайы бұқадай күш бердің,Басыма май жағып әлдендірдің,
Psal Kaz 91:12  Жауларымның күйрегенін өзім көрдім,Маған қарсы бас көтерген зұлымдардыңЖеңілісі туралы хабар алдым.
Psal Kaz 91:13  Әділ жан құрма ағашындай өркендейді,Ливандық самырсындай өсіп биіктейді,
Psal Kaz 91:14  Жаратқанның үйінде ол тамыр жаяды,Құдайымыздың ауласында құлпырады,
Psal Kaz 91:15  Жасы ұлғайса да, жемісін береді,Шырынды, ширақ болып қала береді,
Psal Kaz 91:16  «Жаратқан мінсіз, Ол — қорғанар жартасым» дейді,Осылай Оның әділдігін паш етеді.
Chapter 92
Psal Kaz 92:1  Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,
Psal Kaz 92:2  Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.
Psal Kaz 92:3  О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді,Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,
Psal Kaz 92:4  Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі,Теңіз жағасына соққан толқындардан гөріКөктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!
Psal Kaz 92:5  Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді,Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.
Chapter 93
Psal Kaz 93:1  Уа, Иеміз, зұлымды жазалайтын Құдай,Нұрыңды төкші, о, әділ соттаушы Құдай!
Psal Kaz 93:2  Уа, әлемге Үкім Шығарушы, көтеріле гөр,Менменге тиісті жазасын тартқыза гөр!
Psal Kaz 93:3  О, Жаратқан Ие, қашанғы осылай болмақ?Қашанғы әділетсіздер дауыстап қуанбақ?
Psal Kaz 93:4  Ауыздарынан менмен сөздер үздіксіз шығады,Зұлымдық істейтіндердің бәрі мақтанады,
Psal Kaz 93:5  Уа, Жаратқан Ием, аяққа таптап халқыңды,Олар қанайды таңдаған меншігіңді:
Psal Kaz 93:6  Жесірлер мен жат жұрттықтарды жояды,Жетімдердің де көзін сол қаталдар құртады.
Psal Kaz 93:7  Олар былай дейді: «Жаратқан мұны көрмейді,Жақып сиынған Құдай бұған мән бермейді».
Psal Kaz 93:8  Елдегі ақымақтар, ақылға келіңдер,Сендер парасатқа қашан кенелесіңдер?
Psal Kaz 93:9  Құлақты жаратқан Тәңір әлде естімей ме,Көзді жаратқан Оның Өзі әлде көрмей ме?
Psal Kaz 93:10  Халықтарға ескерткен Ол саған ескертпей ме?Адамға тағылым беретін Ол —
Psal Kaz 93:11  Жаратқан ИеПенденің ойларының бекерлігін біледі де!
Psal Kaz 93:12  Уа, Жаратқан Ие, Өзің тәрбие берген жанБақытты: Таурат заңыңнан үйретесің оған,
Psal Kaz 93:13  Тыным бересің соған қиын-қыстау уақытта,Ал сұмдарға көр қазылады ақыр соңында.
Psal Kaz 93:14  Себебі Жаратқан Ие өз халқынан бас тартпайды,Таңдаған меншігін Ол жалғыз қалдырмайды.
Psal Kaz 93:15  Сөз жоқ, төрелік қайта әділдікке негізделмек,Бар ақжүрек жандар әділдік жолымен жүрмек.
Psal Kaz 93:16  Кім мені қорғау үшін қарсы шығар зұлымдарға,Кім мен үшін қарсы тұрар күнә жасайтындарға?
Psal Kaz 93:17  Егер Жаратқан Ие маған жар болмағанда,О дүниеге аттанар едім жақын арада.
Psal Kaz 93:18  «Аяғым таяды!» дегенімде, уа, Жаратқан,Сенің мейірімің болды сүйеніш маған.
Psal Kaz 93:19  Уайым-қайғы кернегенде менің жүрегімді,Сенің жұбанышың жадыратты көңілімді.
Psal Kaz 93:20  Заңыңа қарсы зорлық-зомбылық ойлағанАрамзалардың тақтары жақын бола ма Саған?
Psal Kaz 93:21  Топтасып олар әділге қарсы ұмтылады,Кінәратсыз адамды өлімге бұйырады.
Psal Kaz 93:22  Бірақ Жаратқан Ие — паналайтын қорғаным,Иә, Құдайым менің — бас сауғалар жартасым.
Psal Kaz 93:23  Сол зұлымдарға Ол қылықтарын қайтарады,Өз жауыздықтарымен өздерін құртады,Құдай Иеміз оларды мүлдем жояды.
Chapter 94
Psal Kaz 94:1  Келіңдер, Жаратқан Иеге арнапӘндетейік қуана-қуана жырлап,Жартастай мықты ҚұтқарушымызғаСиына берейік қатты дауыстап!
Psal Kaz 94:2  Бәріміз Иеміздің алдына барып,Ризашылығымызды білдірейік,Ән-күймен де Оған мақтау айтып,Даңқын Оның асыра берейік!
Psal Kaz 94:3  Себебі Жаратқан Ие — ұлы Құдай дағыҺәм ұлы Патша — бар «тәңір, пірден» тым жоғары!
Psal Kaz 94:4  Бәрі Оның қолында: жердің тұңғиықтары,Әрі меншігі Оның — зәулім тау шыңдары,
Psal Kaz 94:5  Теңіз де Иеміздікі — Өзі соны жаратқан,Құрлықтың барлығы да Оның қолынан шыққан!
Psal Kaz 94:6  Келіңдер, тағзым етейік Иемізге иіліп,Жаратушымыздың алдында тіземізді бүгіп!
Psal Kaz 94:7  Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымызӘрі қамқорындағы отары сияқтымыз.Бүгін сендер Оның даусын естігенде,
Psal Kaz 94:8  Мерібада істегендерің секілдіҚасарыстырмаңдар жүректеріңді:Ежелде айдалада жүрген кездеМасадағы бас көтергендерің іспеттіҚайтадан солай істемеңдер енді!
Psal Kaz 94:9  Сендердің ата-бабаларың сол жердеКөріп жүрсе де керемет істерімді,Еркінсіп сынай берді төзімімді.
Psal Kaz 94:10  Бұл ұрпаққа қырық жыл ашуландым,Сонымен былай деп қорыттым:Жүрек қалаулары теріс бағыттағыОсы халық тағылымымды қабылдамады!
Psal Kaz 94:11  Қаһарланып ант еттім Мен сондықтан:«Тыныштық сыйлау үшін Мен дайындағанЕлге кірмейді олар енді ешқашан!»
Chapter 95
Psal Kaz 95:1  Шырқаңдар жаңа ән Жаратқан Иеге,Күллі әлем, ән-жыр айтыңдар Иемізге!
Psal Kaz 95:2  Ән салып Оның есімін мадақтаңдар,Бізді құтқарғанын күн сайын хабарлаңдар,
Psal Kaz 95:3  Халықтарға паш етіп Оның ұлылығын,Бар ұлттарға Иеміздің кереметтерін!
Psal Kaz 95:4  Иеміз ұлы, мадақталуға әбден лайықты,Оны қастерлеу қажет бар «тәңір, пірден» гөрі.
Psal Kaz 95:5  Өзге ұлттар табынған «тәңірлер» жалған,Ал Жасаған Ие аспанды жаратқан!
Psal Kaz 95:6  Сән-салтанат, ұлылық Оның алдында,Құдірет пен әсемдік киелі тұрағында.
Psal Kaz 95:7  Жаратқанның ұлылығы мен күш-қуатынМойындаңдар, уа, рулары күллі ұлттардың,
Psal Kaz 95:8  Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,Оның аулаларына сый-тарту әкеліңдер,
Psal Kaz 95:9  Қасиетті салтанатына бөленіңдер,Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер,Оның алдында дірілдеп дәріпте, бүкіл жер!
Psal Kaz 95:10  Бар ұлттарға мынаны паш етіңдер:«Жаратқан Иеміз патшалық жүргізер!»Әлем берік орнатылды, орнынан қозғалмайды,Иеміз ұлттарды әділдікпен соттайды.
Psal Kaz 95:11  Заңғар көк шаттансын, жер де қатты қуансын,Теңіз бен ондағылар бәрі шуылдасын,
Psal Kaz 95:12  Дала мен ондағылар жырлап шаттансын,Бар орман ағаштары қуана ән салсын,
Psal Kaz 95:13  Келе жатқан Жаратқан Иенің алдынан шықсын!Себебі Ол келіп, жерге сот құрады,Әлемге әділдікпен үкім шығарады,Ұлттарға адалдығымен билік айтады.
Chapter 96
Psal Kaz 96:1  Жаратқан Ие патшалық құрады,Қуанып шаттансын бүкіл жер шары,Көп аралдар әрі теңіз жағалары!
Psal Kaz 96:2  Бұлт пен түнек — айналасы Оның,Шындық пен әділдік — негізі тағының.
Psal Kaz 96:3  Жаратқанның алдында от жүреді,Айналдыра ол жауларын құртып өртейді.
Psal Kaz 96:4  Найзағайы әлемді жарқыратады,Жер беті соны көріп, шайқалады.
Psal Kaz 96:5  Бүкіл әлемнің Иесінің алдында,Жаратқан Иенің бет-жүзінің алдында,Балауыз іспетті ериді таулар сонда.
Psal Kaz 96:6  Аспан Оның әділдігін паш етеді,Күллі ұлттар ұлылығын көреді.
Psal Kaz 96:7  Жалған тәңірлерімен мақтанғандарҰялсын, сол мүсіндерге табынғандар.Жаратқанға бас иіңдер, барлық пұттар!
Psal Kaz 96:8  Сион шаһары естіп, шаттанады,Яһуда қалалары да қуанадыСенің шешімдеріңе, о, Жаратушы!
Psal Kaz 96:9  Жоғарысың бүкіл әлемнен, уа, Жаратқан,Үстемсің барлық «тәңір, пір» атаулыдан.
Psal Kaz 96:10  Ей, Жаратқан Иені сүйетіндер,Зұлымдық атаулыны жек көріңдер!Өзіне бағышталғандарды Ол қорғайды,Зұлымдардың қолынан арашалайды.
Psal Kaz 96:11  Әділ адамдарға нұр төгіледі,Ақжүрек жандар шаттыққа кенеледі.
Psal Kaz 96:12  Әділдер, Жаратқанға шаттаныңдар,Қасиетті есімін мадақтаңдар!
Chapter 97
Psal Kaz 97:1  Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді,Өйткені Ол кереметтер істеді,Киелі құдіретімен жеңіп шықты.
Psal Kaz 97:2  Жаратқан Ие жеңісін аян етті,Әділдігін де халықтарға көрсетті,
Psal Kaz 97:3  Ол Исраилге деген мейірімін де,Сенімділігін де сақтайды есінде.Құдайымыздың құтқаруын көрдіЖер бетінің түкпірлеріндегілер де.
Psal Kaz 97:4  Бүкіл жер жүзі, шаттанып айқайлаңдар,Жаратқанға қуана ән-жыр айтыңдар,
Psal Kaz 97:5  Домбыра шертіп, әдемі ән салыңдар,Жетігенмен де Иемізге күй тартыңдар,
Psal Kaz 97:6  Сырнай, кернейдің үнімен дауыстаңдар,Патшамыз — Жаратқан алдында шаттаныңдар!
Psal Kaz 97:7  Теңіз де өзін мекендейтіндерімен,Әлем де сонда тұратындарыменШаттана шуласып Оны мадақтасын!
Psal Kaz 97:8  Өзендер қуана қол шапалақтасын,Таулар да бірігіп шаттана ән салсын
Psal Kaz 97:9  Жаратқан Иеміздің көз алдында!Ол жерге келеді үкім шығаруға,Әлемге әділ билік айтуға,Нағыз шындықпен күллі ұлттарға.
Chapter 98
Psal Kaz 98:1  Жаратқан Иеміз патшалық құрады,Керубтер арасындағы «тағында» отырады.Халықтар Оны қастерлеп қалшылдасын,Жер де Тәңір Иеден қорқып шайқалсын!
Psal Kaz 98:2  Жаратушы Сионда салтанатпен тұрады,Оның даңқы бар халықтардан жоғары.
Psal Kaz 98:3  Уа, Ием, ұлы да айбарлы есіміңдіХалықтар мадақтасын: ол киелі!
Psal Kaz 98:4  Құдіретті патша, ұнатасың әділдікті,Сен жер бетіне орнаттың әділетті.Жақыптың үрім-бұтағына шындықтыБекіттің, уа, Ием, және адалдықты.
Psal Kaz 98:5  Мақтау айтыңдар Иеміз — Құдайға:Ол киелі! «Табан тіренішінің» алдындаБас иіп ғибадат етіңдер Құдайға!
Psal Kaz 98:6  Оның діни қызметкерлерінің арасындаМұса мен Һарон болды ежелгі заманда.Атын атап Оған сиынғандар арасындаСамуил пайғамбар да болды баяғыда,Жаратқан құлақ салды олар сиынғанда.
Psal Kaz 98:7  Бұлт бағанасынан Ол сөзін жолдады,Ережелер мен жарлығын жариялады,Ал халық соларды сақтап орындады.
Psal Kaz 98:8  Уа, Құдай Иеміз, оларға құлақ салдыңӘрі кешірім беретін Құдайы болдың,Ал зұлым істерін жазалайтынсың.
Psal Kaz 98:9  Құдай Иемізді даңқтап дәріптеңдер,Қасиетті тауында Оған бас иіңдер,Құдай Иеміз киелі, соны біліңдер!
Chapter 99
Psal Kaz 99:1  (Халық Құдайға шүкірлік еткенде айтылатын жыр.)Бар әлем, жырлаңдар Жаратқанды дауыстап,
Psal Kaz 99:2  Иемізге қызмет етіңдер шаттанып,Келіңдер алдына қуана әндетіп,
Psal Kaz 99:3  Жаратқанды мойындаңдар Құдайымыз деп:Бізді жаратты Ол, меншікті халқымыз,Оның ізгі шопандай бағатын «отарымыз».
Psal Kaz 99:4  Құдайдың ғибадатханасына барып,Алғыс жыр айтыңдар қақпасынан өтіп,Иемізді мақтаңдар аулаларына кіріп,Шүкірлік етіңдер есімін дәріптеп!
Psal Kaz 99:5  Себебі Жаратқан Ие мейірімді,Ол мәңгілік шапағатын тигізеді.Ұрпақтан ұрпаққа Иеміз бізгеШексіз сенімділігін көрсете береді.
Chapter 100
Psal Kaz 100:1  (Дәуіттің жыры.)Рақым мен әділдік жайлы ән шырқаймын,Уа, Жаратқан, әніммен Сені мадақтаймын.
Psal Kaz 100:2  Мінсіз жүру жайлы мұқият ойлаймын,«Қашан маған келесің?» деп сұраймын,Таза жүрекпен үйімді аралаймын.
Psal Kaz 100:3  Арам нәрселерге еш көз салмаймын,Опасыздардың істерін мүлдем ұнатпаймын,Өзіме жабысуларына мүмкіндік бермеймін.
Psal Kaz 100:4  Азғын жүректіні қасымнан қуамын,Зұлымдық атаулыдан аулақ боламын,
Psal Kaz 100:5  Өзгені құпия жамандайтынды жоямын,Паң көзді, өркөкірекке төзе алмаймын.
Psal Kaz 100:6  Елдегі адалдарға назар аударамын,Олар аман-есен қасымда тұра алсын,Таза жүргендер ғана маған қызмет қылсын.
Psal Kaz 100:7  Ешбір алдамшы сарайымда тұрмайды,Жалған сөйлеуші көз алдымда қалмайды.
Psal Kaz 100:8  Таң атқаннан зұлымның бәрін басамын,Жаратқанның қаласынан сұмдарды құртамын.
Chapter 101
Psal Kaz 101:1  (Ауыртпалық шегіп, әлсіреген жанның Иемізге мұңын шаққан мінажаты.)
Psal Kaz 101:2  Уа, Жаратқан, мінажатымды естіші,Көмек сұраған даусым Саған жетсінші,
Psal Kaz 101:3  Қиын кезде менен сырт айналмашы,Маған құлағыңды түре көрсеңші,Өзіңді шақырсам тез жауап берші.
Psal Kaz 101:4  Күндерім түтіндей лезде жоғалады,Сүйектерім от шоғындай маздап жанады.
Psal Kaz 101:5  Шабылған шөптей қурады жүрегім,Тамақ ішуді де ұмытып келемін,
Psal Kaz 101:6  Қатты қиналып ыңқылдағанымнанӘбден жүдегенмін, құр сүлдерім қалған.
Psal Kaz 101:7  Құла түздегі бірқазанға ұқсаймын,Һәм қираған орындағы жапалақтаймын,
Psal Kaz 101:8  Мен ұйықтай алмай ояу жатырмын,Үй төбесіндегі құстай тым жалғызбын.
Psal Kaz 101:9  Дұшпандарым күнде балағаттайды,Мені мазақтап, атымды қарғайды.
Psal Kaz 101:10  Нан орнына күлмен тамақтанамын,Көз жасымды сусыныма қосамын.
Psal Kaz 101:11  Мұның себебі — ашу-ызаң Сенің,Жоғары көтеріп, мені лақтырған едің.
Psal Kaz 101:12  Кешкі көлеңкедей өтеді күндерім,Қураған шөптей әбден әлсіредім.
Psal Kaz 101:13  Ал Сен, Жаратқан Ие, мәңгі боласың,Бар ұрпақтарға жайылар Сенің даңқың.
Psal Kaz 101:14  Орныңнан тұрып, Сионға рақым етші,Енді уақыт болды, мейірім көрсетші,Соған белгілеген мезгілің жетті.
Psal Kaz 101:15  Құлдарың Сионның тастарын ұнатады,Шаң-тозаңы аяныштарын оятады.
Psal Kaz 101:16  Бар ұлттар дірілдер Жаратқанның атынан,Әлемнің патшалары да Оның даңқынан:
Psal Kaz 101:17  Жаратқан Ие Сионды қайта тұрғызбақ,Өз салтанатымен сонда пайда болмақ,
Psal Kaz 101:18  Мұқтаждың мінажаттарын Ол тыңдайды,Жалыныштарын жауапсыз қалдырмайды.
Psal Kaz 101:19  Болашақ ұрпақтар үшін бұл жазылмақ,Келер буындар Жаратқанды даңқтамақ:
Psal Kaz 101:20  Жаратқан Ие көктен жер бетіне қарады,Киелі үйінен Ол төмен көз тастады,
Psal Kaz 101:21  Тұтқындардың ыңқылдауын есту үшін,Өлімге кесілгендерді азат ету үшін.
Psal Kaz 101:22  Содан Жаратқанның аты Сионда мақталмақ,Даңқы Оның Иерусалимде асырылмақ,
Psal Kaz 101:23  Сонда бар халықтар бұл қалаға жиналар,Патшалықтар Жаратушыға ғибадат қылар.
Psal Kaz 101:24  Өмір жолымда Тәңір мені қалжыратты,Ғұмырымның күндерін Ол қысқартты.
Psal Kaz 101:25  Сонда мен былай дедім Жаратқанға:«Уа, Құдайым менің, жарты жолдаӨмірімді көрмеші қысқарта!Сен жасайсың ұрпақтан ұрпаққа,
Psal Kaz 101:26  Жердің негізін салғансың әуел баста,Құдіретіңмен жараттың аспанды да.
Psal Kaz 101:27  Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,Киімдей тозады олардың барлығы да,Көйлектей ауыстырасың Сен оларды,Содан олар лақтырылып тасталады.
Psal Kaz 101:28  Ал Өзің өзгермей қалатын боласың,Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.
Psal Kaz 101:29  Құлдарыңның ұлдары тыныш тұрады,Ұрпақтары көз алдыңда нық болады».
Chapter 102
Psal Kaz 102:1  (Дәуіттің жыры.)Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын,Шын жүректен қасиетті атын ардақтаймын.
Psal Kaz 102:2  Жан-тәніммен Жаратқан Иені мадақтаймын,Маған көп жақсылық жасағанын ұмытпаймын.
Psal Kaz 102:3  Ол бар күнәларымды кешіріп,Дерттерімнің бәрін сауықтырады,
Psal Kaz 102:4  Ажалдан жанымды аман қалдырып,Рақымы мен мейірімін сыйлайды,
Psal Kaz 102:5  Тілегімді жақсылықпен қанағат қып,Қырандай мені қайта түлетеді.
Psal Kaz 102:6  Иеміз жәбір көргендердің барлығынаӘділдік жеткізіп, мүддесін қорғайды да.
Psal Kaz 102:7  Ақиқат жолдарын танытты Ол Мұсаға,Кереметтер жасады Исраил халқына.
Psal Kaz 102:8  Жаратқан — мейірбанды да рақымды,Тез қаһарланбайтын, тым қайырымды.
Psal Kaz 102:9  Ол бізді ұдайы айыптамайды,Мәңгі бақи кек те сақтамайды,
Psal Kaz 102:10  Бізді күнәмізге қарап жазаламайды,Жаман ісіміздің есесін қайтармайды.
Psal Kaz 102:11  Аспан жерден қанша жоғары болса,Жаратқанның Өзін терең сыйлағандарғаЖаудыратын рақымы сонша мол да!
Psal Kaz 102:12  Шығыс батыстан тым қашық болғаны сияқты,Ол заңсыз істерімізді бізден зор қашықтатты.
Psal Kaz 102:13  Әкенің сәбиіне жаны ашығаны іспетті,Жаратқан Иеміз де Өзін қастерлегендергеДәл сондай мейірім мен жанашырлық көрсетеді.
Psal Kaz 102:14  Неден жаратылдық, соны түгел біледі,Топырақтан екеніміз Оның есінде.
Psal Kaz 102:15  Адамның өмірі көк шөп секілді,Ол гүлдейді дала гүлі тәрізді:
Psal Kaz 102:16  Ыстық жел соғып өтсе, ғайып болар,Тұрған жеріне беймәлім боп жоғалар.
Psal Kaz 102:17  Ал Өзін терең қастерлеген жандарғаЖаратқанның рақымы мәңгі жауады да.
Psal Kaz 102:18  Иемізбен жасасқан Келісімін бұзбайтын,Оның бұйрықтарын есінде сақтайтын,Әрі солар бойынша жүріп-тұратынАдамдардың келер ұрпақтарына дағыҚұдайдың әділдігі жетіп тұрады.
Psal Kaz 102:19  Жаратқан Ие көкте орнатты өз тағын,Оның Патшалығы билейді барлығын.
Psal Kaz 102:20  Уа, Иеміздің сөзіне құлақ салатын,Оның айтқанын іске асыратын,Құдіреті күшті періштелері,Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!
Psal Kaz 102:21  Уа, Иеміздің еркін орындайтынКөктегі топтары, қызметшілері,Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!
Psal Kaz 102:22  Уа, Оның Патшалығының бар орындарындаЖүретін күллі жаратқандары да,Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар!Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын да.
Chapter 103
Psal Kaz 103:1  Жан-тәніммен Жаратушыны мадақтаймын.Уа, Құдай Ием, Сен керемет ұлысың,Құрмет пен салтанатқа бөленгенсің.
Psal Kaz 103:2  Жарық нұрды Сен шапандай киесің,Аспанды шатырдай жайып жібересің,
Psal Kaz 103:3  Су үстінен «сарайыңды» бекітесің,Бұлттарды Өзің «мінер күймең» етесің,«Желдің қанаттары үстінде» жүресің.
Psal Kaz 103:4  Желді етесің періштелеріңдей,От жалынын да өз нөкерлеріңдей.
Psal Kaz 103:5  Сен жерді берік негізге орнаттың,Ол ешқашан қозғалмайды орнынан.
Psal Kaz 103:6  Терең сумен жерді киімдей жаптың,Тіпті тау бастарын да сумен бастың.
Psal Kaz 103:7  Берген бұйрығыңнан кейін сулар безді,Күркіреген үніңнен олар дереу шегінді,
Psal Kaz 103:8  Таулардан асып, аңғарларға түсті,Белгілеген жеріңе қарай ағып кетті.
Psal Kaz 103:9  Сен суларға сонда берік шек қойдың,Су енді қайтып жерді жаппастай қылдың.
Psal Kaz 103:10  Сен сайларға ағызасың бұлақтарды,Өзендер тау арасымен құйылады,
Psal Kaz 103:11  Дала аңдарын олар суға қандырады,Құландар да одан шөлін басады.
Psal Kaz 103:12  Құстар су жағасына ұя салады,Бұтақтар арасынан ән айтады.
Psal Kaz 103:13  Заңғар мекеніңнен тауды суғарасың,Ісіңнің жемісімен жерді толтырасың,
Psal Kaz 103:14  Топырақтан мал азығына шөп өсіресің,Адамға ас болуға дақылдар еккізесің,
Psal Kaz 103:15  Пенденің жүрегін қуантар шарапты да,Бетті жылтыратар зәйтүн майын да,Денеге күш-қуат берер нанды да.
Psal Kaz 103:16  Суға қанығады Жаратқанның ағаштары,Өзі өсірген Ливан самырсындары.
Psal Kaz 103:17  Құстар соларға ұяларын салады,Шыршалар ләйлектің мекені болады,
Psal Kaz 103:18  Таутекенің тұрағы — зәулім шыңдар,Таутышқанның панасы да — құз, жартастар.
Psal Kaz 103:19  Мезгілді белгілеуге жараттың айды,Күн де біледі қай уақытта батуды.
Psal Kaz 103:20  Сен қараңғылық жайғанда түн болады,Орманның аңдары кезіп сандалады,
Psal Kaz 103:21  Жас арыстандар ақырып олжа аңсайды,Құдайдан өздеріне азық сұрайды.
Psal Kaz 103:22  Күн шыға олар бұғып кері қайтады,Апандарына еніп, тынығып жатады.
Psal Kaz 103:23  Адамдар сол кезде жұмысқа шығады,Кеш түскенше еңбекпен айналысады.
Psal Kaz 103:24  Сенің істерің қандай көп, Жаратқан Ием!Сен жасадың барлығын да даналықпен,Жер толған Өзіңнің жаратқандарыңмен.
Psal Kaz 103:25  Міне, тағы ұлан-ғайыр теңіз де бар,Құжынар сансыз үлкен-кіші хайуандар,
Psal Kaz 103:26  Теңізде жүзеді кемелер, қайықтар,Сен онда ойнауға жаратқан дәу балықтар.
Psal Kaz 103:27  Өзіңнен күткендері бәрінің де —Сенің тамақ беруің мезгілінде.
Psal Kaz 103:28  Азығын берсең олар жинап алар,Қолыңды ашсаң игілікке тойынар.
Psal Kaz 103:29  Ал бет-жүзіңді жасырсаң әбігерге қалар,Жанын алсаң өліп, топыраққа айналар.
Psal Kaz 103:30  Рухыңның лебін жіберіп, өмір жаратасың,Жер бетін қайтадан толтырып, жаңартасың.
Psal Kaz 103:31  Жаратқанның ұлылығы мәңгі мадақталсын,Иеміз өз істеріне әрдайым шаттансын.
Psal Kaz 103:32  Ол жер бетіне көз салса шайқалады,Тауларға қол тигізсе түтін шығады.
Psal Kaz 103:33  Өмір бойы Жаратқанға ән саламын,Дем біткенше Құдайыма жыр айтамын,
Psal Kaz 103:34  Ой толғанысым Оған ұнамды болсын,Жаратқан Иеме ұдайы шаттанамын.
Psal Kaz 103:35  Күнәкарлар жер бетінен аласталсын,Әділетсіздер енді қайтып болмасын.Жан-тәніммен Жаратушыны мақтаймын.Жаратқан Иемізді мадақтаңдар әрдайым!
Chapter 104
Psal Kaz 104:1  Жаратқан Иеге мақтау айтыңдар,Оның есімін атап сиыныңдар,Ұлы істерін халықтарға хабарлаңдар!
Psal Kaz 104:2  Иемізге ән салып, Оны мадақтаңдар,Барлық кереметтерін паш қылыңдар,
Psal Kaz 104:3  Оның киелі атымен мақтаныңдар,Жаратқанға сиынатын сендер, шаттаныңдар!
Psal Kaz 104:4  Иемізге әрі құдіретіне ден қойыңдар,Дәйім Оның еркін білуге ұмтылыңдар!
Psal Kaz 104:5  Ұмытпаңдар Оның жасаған кереметтерін,Ғажап істері мен шығарған шешімдерін,
Psal Kaz 104:6  Уа, Оның құлы Ыбырайымның ұрпақтары,Жақыптан тарағандар, таңдаулы адамдары!
Psal Kaz 104:7  Ол — біздің Құдайымыз, Жаратқан Ие,Бүкіл әлемге Өзі билік жүргізуде.
Psal Kaz 104:8  Мәңгі есінде сақтайды Ол өз Келісімін,Келер мың буынға да бұйырған өсиеттерін —
Psal Kaz 104:9  Ыбырайыммен жасаған Келісімін,Ысқаққа да антпен берген сол уәдесін,
Psal Kaz 104:10  Жақыпқа оны ереже қылып бекітті,Исраил үшін тұрақты Келісім етті.
Psal Kaz 104:11  «Мұралық үлесің етіп беремін сағанҚанахан елін» деді сонда Жаратқан.
Psal Kaz 104:12  Сол кезде бұл әулет әлі де аз болатын,Азғана кірме болып сонда тұратын.
Psal Kaz 104:13  Олар елден елге көшіп-қонатын,Патшалықтарды аралап орнығатын.
Psal Kaz 104:14  Ал Құдай ешкімге соларды жәбірлетпеді,Олар жайлы патшаларға қатаң ескертті:
Psal Kaz 104:15  «Тағайындағандарыма еш тиіспеңдер,Пайғамбарларыма зұлымдық істемеңдер!»
Psal Kaz 104:16  Тәңір Ие ашаршылық жіберді елге,Талқандап тамақ қорының бәрін де.
Psal Kaz 104:17  Алдарынан шығарды Ол бір жігітті,Мысырға құлдыққа сатылған Жүсіпті.
Psal Kaz 104:18  Тәңірдің сөзі оның мінезін сынап болғанша,Алдын ала айтқандары орындалғанша,Жүсіптің аяқтары қысылып бұғауланды,Мойнына оның темір құрсау салынды.
Psal Kaz 104:19  Тәңірдің сөзі оның мінезін сынап болғанша,Алдын ала айтқандары орындалғанша,Жүсіптің аяқтары қысылып бұғауланды,Мойнына оның темір құрсау салынды.
Psal Kaz 104:20  Патша сонда адам жұмсап, Жүсіпті босатты,Халықтардың билеушісі оны азат етті,
Psal Kaz 104:21  Тіпті өз сарайының басқарушысы қылды,Жүсіпке бар иелігін басқартып қойды,
Psal Kaz 104:22  Төрелерінің үстінен оның бұйрығын жүргізді,Жүсіпке басшыларын даналыққа үйреткізді.
Psal Kaz 104:23  Содан кейін Исраил Мысырға көшті,Жақып жат жерлік боп Хам елінен қоныс тапты,
Psal Kaz 104:24  Жаратқан Ие сонда халқын өсімтал етті,Оның санын дұшпанынан басым етті,
Psal Kaz 104:25  Ол Мысырға Исраил халқын жек көргізді,Өзінің құлдарына қарсы сұмдық жасатқызды.
Psal Kaz 104:26  Иеміз қызметшісі Мұсаны жолдады,Сондай-ақ Өзі таңдап алған Һаронды.
Psal Kaz 104:27  Бұлар Жаратқан Иенің ғажап істерін —Хам елі Мысырда Оның мына кереметтерінХалық арасында іске асырып көрсетті:
Psal Kaz 104:28  Тәңір Ие қараңғы түсіріп түнек етті елді,Себебі Мысыр Оның сөзіне бағынбай келді.
Psal Kaz 104:29  Елдің суларын Ол қанға айналдырды,Ондағы балықтарды құртып жоқ қылды,
Psal Kaz 104:30  Мысырдың жерін қаптап кетті құрбақалар,Патшаның бөлмесін де жайлап алды олар.
Psal Kaz 104:31  Иеміз айтқанда шыбын-шіркей құжынады,Әрі масалар да бүкіл елді қаптады.
Psal Kaz 104:32  Жаратқан жаңбырды бұршақпен ауыстырды,Найзағайдың отын жерге жаудырды.
Psal Kaz 104:33  Жүзім мен інжір ағаштарын құлатты,Елдегі бар ағаштарды қиратты.
Psal Kaz 104:34  Иеміз айтқанда шегірткелер қаптады,Сансыз көп шегіртке құрттары құжынады,
Psal Kaz 104:35  Жердің жасыл шөбінен түк қалдырмады,Егіндіктегі бар астықты жалмады.
Psal Kaz 104:36  Ақыры Ол елдегі бар тұңғышты өлтірді,Мысырлықтардың мақтанышы солар еді.
Psal Kaz 104:37  Жаратқан Ие Мысырдан халықтыСыйға алған алтын-күміспен алып шықты,Руларындағы біреу де шаршап-шалдықпады.
Psal Kaz 104:38  Халық кеткенде мысырлықтар қуанды,Өйткені қорқыныш биледі оларды.
Psal Kaz 104:39  Жаратқан Исраилді бұлтпен жапты,Түнде от оларға сәулесін шашты.
Psal Kaz 104:40  Халық ет сұрағанда Ол бөденелер жіберді,Аспаннан түскен нанмен тойындырды,
Psal Kaz 104:41  Жартасты жарып, содан су ағызды,Су шөлді жерлермен өзендей сарқырады.
Psal Kaz 104:42  Себебі Жаратқан киелі сертін ескерді,Қызметшісі Ыбырайымға соны берген еді.
Psal Kaz 104:43  Осылай Ол алып шықты халқын шаттықпен,Таңдап алған адамдарын зор қуанышпен,
Psal Kaz 104:44  Өзге ұлттардың жерін оларға берді,Бөтен халықтың еңбегін де иемдендірді,
Psal Kaz 104:45  Енді Оның халқы жарлықтарын орындасын,Заңдарын да ұдайы берік сақтасын.Лайым Жаратқан Ие мадақталсын!
Chapter 105
Psal Kaz 105:1  Мадақтаңдар Жаратқан Иені!Жаратқан Ие ізгі, мақтаңдар Оны,Мәңгі ұласады берік рақымы!
Psal Kaz 105:2  Құдіретті істерін кім айта алар,Иемізді кім лайықты мадақтай алар?
Psal Kaz 105:3  Әділдікті ұстанғандар жарылқанар,Ұдайы олар әділ істер жасар.
Psal Kaz 105:4  Халқыңа көрсеткенде мейіріміңді,Уа, Жаратқан Ие, мені де ескерші,Көмекке келіп, мені құтқара көрші.
Psal Kaz 105:5  Содан мен де таңдаған адамдарыңныңКөретін игілігіне ортақ болайын,Халқыңның қуанышын да бөлісейін,Меншікті халқыңмен бірге Сені құрметтейін.
Psal Kaz 105:6  Біз ата-бабамыздай күнә жасадық,Заңсыздық істеп, зұлымдыққа баттық.
Psal Kaz 105:7  Ата-бабамыз Мысырда болған кездеКеремет істеріңнің мәнін түсінбеді,Істеген жақсылықтарыңды ұмытты,Қамысты теңізде Өзіңе қарсы шықты.
Psal Kaz 105:8  Бірақ құдіретті күшін таныту үшінӨз атына бола Құдай құтқарды халқын.
Psal Kaz 105:9  Қамысты теңізді құрғатты бұйрығымен,Жай бастап алып жүргендей айдаламенАлып шықты оларды теңіздің түбімен.
Psal Kaz 105:10  Құдай өз халқын дұшпандарынан құтқарды,Жау қолынан оларды босатып алды.
Psal Kaz 105:11  Қанаушыларының барлығын су басты,Жаулардың біреуі де аман құтылмады.
Psal Kaz 105:12  Сонда халық Оның сөздеріне иланды,Оған арнап мадақтау әндерін шырқады.
Psal Kaz 105:13  Бірақ олар тез ұмытты Тәңірдің істерінӘрі сұрап күтпеді Оның ақыл-кеңесін,
Psal Kaz 105:14  Айдалада құмарлықтарына салынды,Құла түзде Құдайды еркінсіп сынады.
Psal Kaz 105:15  Құдай халыққа сұрағандарын берді,Бірақ әлсірететін індет те жіберді.
Psal Kaz 105:16  Қоныста олар күндеп қызғанды МұсаныӘрі Жаратқанға бағышталған Һаронды.
Psal Kaz 105:17  Сонда жер жарылып, Датанды жұтып қойды,Абиронның тобын да көміп тастады.
Psal Kaz 105:18  Олардың жиынында жалын лаулады,От жалыны зұлымдарды жалмап қойды.
Psal Kaz 105:19  Хориб беткейінде халық жас бұқаныҚұйып жасап, сол мүсінге табынды,
Psal Kaz 105:20  Олар сиынып келген салтанатты ҚұдайынАлмастырды мүсінімен шөп жейтін бұқаның,
Psal Kaz 105:21  Өздерін құтқарған Құдайды ескермеді,Ол Мысырда ұлы істер жасаған еді,
Psal Kaz 105:22  Хамның елінде кереметтер істеген еді,Әрі үрейлі істер Қамысты теңізде.
Psal Kaz 105:23  Сонда Құдай халықты құртамын деді,Бірақ Өзі таңдаған Мұса пайғамбар өтінді,Құртамын деген ашуынан қайтуын тіледі.
Psal Kaz 105:24  Кейін халық аңсаған елін менсінбеді,Құдайдың уәдесіне сенім жүктемеді,
Psal Kaz 105:25  Шатырларында Оған қарсы күңкілдеді,Жаратқанның даусына құлақ түрмеді.
Psal Kaz 105:26  Сонда Ол қол көтеріп оларға ант берді:«Айдалада құритын боласыңдар! — деді,
Psal Kaz 105:27  — Халықтар арасында ұрпақтарың өледі,Жат жерлерге олар шашырайды!» — деп шешті.
Psal Kaz 105:28  Пеғорда халық Бағалға құлшылық етті,Өлі «тәңірлердің» құрбандықтарын жеді,
Psal Kaz 105:29  Арам істерімен Құдайды ашуландырды,Сондықтан індет араларына жайылды.
Psal Kaz 105:30  Ал Пінехес тұрып, зұлымдыққа қарсы шықты,Індеттің апаты осылайша тиылды.
Psal Kaz 105:31  Сол үшін Пінехес Құдай алдында ақталды,Ұрпақтан ұрпаққа мәңгі бақи мақталды.
Psal Kaz 105:32  Халық Құдайды Меріба суының маңында даЫзаландырып, жапа шеккізді Мұсаға,
Psal Kaz 105:33  Олар Мұсаны кейітіп өшіктірді,Сонда ол қызбаланып ағат сөйледі.
Psal Kaz 105:34  Халық Қанахандағы азғын ұлттардыЖаратқан Ие бұйырса да құртпады.
Psal Kaz 105:35  Қайта, олармен қоян-қолтық араласты,Солардың арам істеріне ортақтасты.
Psal Kaz 105:36  Жат ұлттардың пұттарына бірге табынды,Осылайша торға түсіп, арамданды,
Psal Kaz 105:37  Өз ұл-қыздарын жын-перілерге арнады:Құрбандыққа шалып, ешбір аямады!
Psal Kaz 105:38  Кінәсіз жандардың олар төкті қанын,Қанаханның пұттарына өз ұл-қыздарынҚұрбандыққа шалып, олардың қанын ұсынды,Сол қанмен Қанахан елін арамдады.
Psal Kaz 105:39  Осындай істерімен халық өзін қорлады,Қасиетті Келісімге сатқындық жасады.
Psal Kaz 105:40  Содан халқына қарсы қаһарланды Жаратқан,Әбден жиренді Өзінің меншікті халқынан.
Psal Kaz 105:41  Оларды бөтен ұлттарға тапсырды,Үстерінен жек көрген жаулары билік құрды,
Psal Kaz 105:42  Сол дұшпандары қыспақтап қанады,Халықты билеп-төстеп қорлады.
Psal Kaz 105:43  Жаратқан Ие көп рет халқын құтқарды,Ал олар бас көтерулерін жалғастырды,Күнәларының кесірінен құлдырады.
Psal Kaz 105:44  Дегенмен Құдай халықтың қиыншылығынаКөзін салып, құлақ түрді жалыныштарына,
Psal Kaz 105:45  Халқымен жасаған Келісімін ескерді,Зор рақымымен оларды есіркеді,
Psal Kaz 105:46  Содан Ол халқын тұтқында ұстаған бар елдердіОларды аяп мүсіркеуге мәжбүрледі.
Psal Kaz 105:47  О, Құдай Иеміз, құтқарып ала гөр бізді,Ұлттар арасынан жинап ала гөр кері,Сонда біз дәріптейміз киелі атыңды,Қуана мақтан тұтамыз ұлы даңқыңды.
Psal Kaz 105:48  Исраилдің Құдай Иесі мадақталсын,Мәңгіліктен мәңгілікке Ол даңқталсын,Барша халық мақұлдап «Аумин!» десін!Лайым Жаратқан Ие дәріптелсін!
Chapter 106
Psal Kaz 106:1  Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,Мәңгілікке ұласады берік рақымы!
Psal Kaz 106:2  Осылай десін Жаратқанның құтқарғандары,Оның жау қолынан босатып алғандары,
Psal Kaz 106:3  Жаратқанның жат елдерден жинағандары,Шартараптан еліне қайтарғандары.
Psal Kaz 106:4  Біреулері құла түзде босып жүрді,Мекендейтін қала таппай дала кезді.
Psal Kaz 106:5  Аш болып, олар суға да зарықты,Жандары әлсіреп, өше жаздады.
Psal Kaz 106:6  Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.
Psal Kaz 106:7  Мекендей алатын қалаға олардыТура жолмен жетелеп бастап барды.
Psal Kaz 106:8  Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,Адамдарға істеген кереметтері үшін!
Psal Kaz 106:9  Сусаған адамның шөлін Ол қандырды,Қарны аш жанды нәрлі аспен тойдырды.
Psal Kaz 106:10  Біреулер түнекте, үмітсіз жағдайдаТұтқында қиналып жатты темір бұғауда,
Psal Kaz 106:11  Олар сөзіне қарсы шығып Құдайдың,Кеңесін менсінбеп еді Хақ Тағаланың.
Psal Kaz 106:12  Сонда Ол халқын ауыр бейнетке салды,Олар сүрініп құлап, ешкім қолдамады.
Psal Kaz 106:13  Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,Иеміз оларды қасіреттен құтқарды,
Psal Kaz 106:14  Үмітсіз жағдай мен түнектен шығарды,Байланған құрсауларын сындырып лақтырды.
Psal Kaz 106:15  Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,Адамдарға істеген кереметтері үшін!
Psal Kaz 106:16  Қола қақпаларды Ол быт-шыт қылды,Темір ысырмаларын да сындырды.
Psal Kaz 106:17  Біреулер бас көтеріп ақымақ болды,Күнәларына бола індетке шалдықты,
Psal Kaz 106:18  Барлық тамақтан жиренетін болды,Ажалдың қақпаларына таяп қалды.
Psal Kaz 106:19  Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.
Psal Kaz 106:20  Ол сөзін арнап, оларды сауықтырды,Жандарын ажалдан аман алып қалды.
Psal Kaz 106:21  Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,Адамдарға істеген кереметтері үшін,
Psal Kaz 106:22  Шүкірлік тартуларын Иемізге ұсынсын,Шаттық әнмен Оның істерін паш қылсын!
Psal Kaz 106:23  Кемелермен теңізге шығатындар,Мұхитты кезіп, сауда жасайтындар
Psal Kaz 106:24  Көреді Жаратқан Иенің істерін,Терең теңіздегі кереметтерін.
Psal Kaz 106:25  Ол бұйрық беріп, қатты дауыл жіберді,Зәулім биік толқындарды көтерді.
Psal Kaz 106:26  Кеме аспанға көтеріліп, жоғары шықты,Тұңғиыққа құлағандай төмен түсті,Қауіптен адамдардың үрейлері ұшты,
Psal Kaz 106:27  Маскүнемдей тәлтіректеп шайқалысты,Не істерін білмей сапырылысты.
Psal Kaz 106:28  Мүшкіл халдерінде Жаратқанды шақырды,Иеміз оларды қасіреттен құтқарды.
Psal Kaz 106:29  Ол дауылды басып, саябырсытты,Теңіздің толқындарын да тыншытты.
Psal Kaz 106:30  Дауыл басылғанда адамдар қуанды,Аңсаған кемежайына Ол бастап апарды.
Psal Kaz 106:31  Олар Жаратқанды мақтасын мейірімі үшін,Адамдарға істеген кереметтері үшін,
Psal Kaz 106:32  Халықтар жиынында Оны дәріптесін,Ақсақалдар кеңесінде қастерлесін!
Psal Kaz 106:33  Құдай өзендерді айналдырады шөлге,Ал бұлақтарды құрғатып құла түзге,
Psal Kaz 106:34  Шұрайлы жерді — сортаң иен далаға,Тұрғындарының зұлымдықтарына бола.
Psal Kaz 106:35  Бірақ шөлейт жерді Ол айналдырады көлге,Кеуіп қалған даланы қайнар көзге,
Psal Kaz 106:36  Аш жандарды сонда қоныстандырады,Олар мекендейтін қала тұрғызады,
Psal Kaz 106:37  Егін егіп, жүзімдік отырғызады,Солардан ағыл-тегіл өнім алады.
Psal Kaz 106:38  Жаратқан Ие сол жандарды жарылқайды,Олар өсіп-өніп ғаламат молаяды,Мал басын да Иеміз азайтпайды.
Psal Kaz 106:39  (Халық тағы паңданса) саны қысқарады,Езгі, апат, қайғы оны жуасытады,
Psal Kaz 106:40  Атақтыларын Иеміз қор қылады,Жолсыз құла түзді кездіріп қояды,
Psal Kaz 106:41  Ал жарлыны мүшкіл халінен босатады,Отардағы қойдай ұрпағын молайтады.
Psal Kaz 106:42  Әділдер мұны көріп, шаттанады,Бар зұлымдар ауыздарын жабады.
Psal Kaz 106:43  Ақылды жан бұл жайттарға ден қояды,Жаратқанның берік рақымын ұғынады.
Chapter 107
Psal Kaz 107:2  Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді,Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді.Жан дүнием, ояншы, сергек болайын,
Psal Kaz 107:3  Жетіген мен домбыра, болыңдар дайын!Атар таңды әніммен оятайын.
Psal Kaz 107:4  Уа, Жаратқан, жұрт алдында Сені даңқтаймын,Ұлттардың арасында мадақтап жырлаймын.
Psal Kaz 107:5  Себебі берік рақымың заңғар аспандай,Әрі сенімділігің асқар бұлттардай.
Psal Kaz 107:6  Уа, Құдай, көктен жоғары атың шықсын,Күллі әлемде Сенің даңқың артсын!
Psal Kaz 107:7  Сүйіктілерің лайым аман сақталсынДеп ден қойып, құдіретіңмен құтқарғын.
Psal Kaz 107:8  Құдай былай деді киелі мекенінен:«Мен шаттанып Сихемнің жерін бөлшектеймін,Соқот аңғарын да халқыма үлестіремін.
Psal Kaz 107:9  Ғилақад пен Манаса да — Менің иелігім,Ефрем руы болады басты қорғаным,Яһуда руынан шығады патшаларым.
Psal Kaz 107:10  Моаб Маған шылапшындай пайдалы болады,Едом жері де меншігіме айналады,Філістір елі де бойсұнып Мені қуантады».
Psal Kaz 107:11  Кім мені қамалды қалаға кіргізеді?Кім Едом елінің ішіне енгізеді?
Psal Kaz 107:12  Сол Сен емес пе, Құдай, бізден бас тартқан,Әскерімізбен бірге шайқасқа шықпаған?
Psal Kaz 107:13  Жаулардың қыспағына қарсы қолдашы,Еш жарамсыз — пенделердің қолдағаны,
Psal Kaz 107:14  Зор істер істейміз Құдай жар болғанда,Жауларымызды таптайды Ол аяғына.
Chapter 108
Psal Kaz 108:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Уа, Құдай, мадақтап келемін Сені,Тіл қатпай, үнсіз қала көрме енді.
Psal Kaz 108:2  Себебі адамдар зұлым да алдамшы,Маған қарсы ауыздарын ашады,Жалған тілдерімен жала жабады,
Psal Kaz 108:3  Қас сөздерімен жан-жақтан қыспақтайды,Еш себепсіз маған шабуыл жасайды,
Psal Kaz 108:4  Достығыма жауап береді қастықпен,Алайда Саған сиынып келемін мен.
Psal Kaz 108:5  Жақсылығыма олар сұмдық қайтарады,Достығыма өшпенділік танытады.
Psal Kaz 108:6  (Қарсыластарым мені былай деп қарғады:)«Оған бір зұлым жанды қарсы қойшы,Оң жағына айыптаушысын тұрғызшы,
Psal Kaz 108:7  Сотталғанда ол кінәлі боп шықсын,Тіпті дұғасы да күнә боп табылсын,
Psal Kaz 108:8  Көретін күндері оның аз болсын,Міндетін оның басқа біреу алсын!
Psal Kaz 108:9  Балалары жетім, әйелі жесір қалсын,
Psal Kaz 108:10  Ұрпақтары қаңғырған қайыршы болсын,Қираған үйлерінен аластатылсын,
Psal Kaz 108:11  Қарыз берген оның барын тартып алсын,Еңбегінің жемісін бөтендер тонасын,
Psal Kaz 108:12  Жаны ашитын адал досы болмасын,Жетімдерін мүсіркейтін де табылмасын,
Psal Kaz 108:13  Перзенттері көп жасамай шетінесін,Есімдерін келесі ұрпақ білмесін.
Psal Kaz 108:14  Әділетсіз істері ата-бабасыныңЖаратқан Иенің есіне салынсын,Шешесінің күнәсі де кешірілмесін,
Psal Kaz 108:15  Кінәлары Жаратқанның алдында қала берсін,Ол есімдерін жер бетінен із-түзсіз өшірсін.
Psal Kaz 108:16  Өйткені бұл жан жақсылық жасаудан безді,Кедейді, мүсәпір мен үмітсіздіӨлтірмек болып қуғындап өкшеледі.
Psal Kaz 108:17  Ол қарғыс айтуды сондай ұнатты,Ендеше өзіне қонсын қарғысы,Оң бата дегенді ол менсінбейтін,Ендеше оң бата оған қонбай кетсін.
Psal Kaz 108:18  Бұл өзі қарғауын «киімдей киетін»,Тәніне сол су, май іспетті «сіңетін»,
Psal Kaz 108:19  Енді қарғыс болсын киетін киіміндей,Ұдайы буынатын белбеуіндей.
Psal Kaz 108:20  Ол мені айыптап, қастық айта беретін.Жаратқан оған қайтарсын соның есесін!»(Деп білдіреді олар теріс тілектерін.)
Psal Kaz 108:21  Ал Сен, уа, Тәңір Ием — Жаратушы,Есіміңе бола маған жақсы қарашы,Берік рақымың игі, мені құтқаршы.
Psal Kaz 108:22  Өйткені мен бейшара, мүсәпірмін,Әрі жаралы — бойымдағы жүрегім.
Psal Kaz 108:23  Ғайып болар көлеңкедеймін кешкі,Шегірткедей жау қағып жібереді мені.
Psal Kaz 108:24  Оразадан әлсіреді тізелерім,Денем жүдеу, омсырайған бүкіл тәнім.
Psal Kaz 108:25  Мен келекеге айналдым жұрт үшін,Көрсе мені шайқайды олар бастарын.
Psal Kaz 108:26  Уа, Құдай Ием, маған көмектесші,Рақымыңа сай мені құтқара көрші.
Psal Kaz 108:27  О, Ием, мұны істеген Сен екенін,Өз қолыңның жасағанын олар білсін!
Psal Kaz 108:28  Жауларым қарғайды, бірақ Сен жарылқайсың,Бас салса, өздері масқараға қалсын,Ал Сенің қызметшің шаттанатын болсын.
Psal Kaz 108:29  Айыптаушыларым ұятқа бөленсін,Олар масқараға жамылғыдай орансын.
Psal Kaz 108:30  Мен Жаратқан Иеге көп мақтау айтамын,Үлкен жиында Оның даңқын асырамын,
Psal Kaz 108:31  Жаратқан бейшара жанды қолдап-қорғайды,Айыптаушылардан аман-есен сақтайды.
Chapter 109
Psal Kaz 109:1  (Дәуіттің жыры.)Жаратқан Ие менің иеме былай деп айтқан:«Мен жауларыңды табаныңның астынаСалып бергенімше отыр оң жағымда».
Psal Kaz 109:2  Жаратқан Сионнан билігіңді құрғызады сенің,Енді жауларыңа да үстемдік жүргізесің,
Psal Kaz 109:3  Сен патшалық құрған күні бағынады халқың.Туғаннан-ақ киелі салтанат жамыласың,Күн сайын таң ата жаңаратын шық сияқты,Сен де ұдайы жасара түсетін боласың.
Psal Kaz 109:4  Жаратқан былай деп ант берген еді,Онысын ешқашан да өзгертпейді:«Сен Мәліксадықтай діни қызметкерсің,Мәңгі сондай болып қала да бересің!»
Psal Kaz 109:5  Жаратқан Ие сенің оң жағыңда тұрады,Қаһарланған күні Ол патшаларды ұрады,
Psal Kaz 109:6  Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды,Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады.
Psal Kaz 109:7  Патша жолшыбай бұлақтан сусындап алады,Еңсесін көтеріп, жеңімпаз болып шығады.
Chapter 110
Psal Kaz 110:1  Мадақтаңдар Жаратқан Иені!Мақтау айтамын Жаратқан Иеге,Халық жиылып, әділдер кеңескенде.
Psal Kaz 110:2  Қандай ұлы — Жаратқанның істері,Оларды ұнатқандар терең зерттейді.
Psal Kaz 110:3  Оның істері ұлы да салтанатты,Әділдігі мәңгілікке ұласады.
Psal Kaz 110:4  Ол кереметтерін есте қаларлық қылды,Иеміз шапағатты да қайырымды,
Psal Kaz 110:5  Өзін қастерлейтінді аспен қамтиды,Келісімін ұдайы есінде сақтайды.
Psal Kaz 110:6  Ол құдіретті істерін халқына көрсетті,Өзге ұлттардың жерін оған мұра етті.
Psal Kaz 110:7  Жаратқанның істері адал да әділетті,Оның бұйрықтары да түгел сенімді,
Psal Kaz 110:8  Олар мәңгілікке берік негізделген,Әрі орындалады шындықпен, адалдықпен.
Psal Kaz 110:9  Жаратқан Ие өз халқын азат етті,Келісімін мәңгілікке бекітті,Есімі Оның киелі де қасиетті.
Psal Kaz 110:10  Даналықтың бастауы — терең қастерлеуЖаратқан Иені әрі Оған шын бағыну,Мұны ұстанған әркім парасатты болады.Иеміз мәңгі бақи мадақталады!
Chapter 111
Psal Kaz 111:1  Жаратқан Иені мадақтаңдар!Иеміздің өсиеттерінен ләззат тапқан,Оны қастерлейтін жан жарылқанған.
Psal Kaz 111:2  Әулеті оның елде күшті болады,Иә, әділдің ұрпақтары жарылқанады,
Psal Kaz 111:3  Оның үйінде байлық-дәулет жиналады,Әрі әділдігі мәңгі есте қалады.
Psal Kaz 111:4  Турашыл жанға түнекте таң атады,Ол рақымды, мейірбан, әділ болады,
Psal Kaz 111:5  Мұқтажға қайырыммен қарыз береді,Әрі істерін әділдікпен жүргізеді,Содан оның өзі де жақсылық көреді.
Psal Kaz 111:6  Шүбә жоқ, ол ешқашан шайқалмайды,Әділ жан жұрттың есінен шықпайды.
Psal Kaz 111:7  Сондай адам қауесеттен қорықпайды,Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды,
Psal Kaz 111:8  Қайта, жүрегі нық, үрейленбейді,Соңында жаулардың жеңілісін көреді.
Psal Kaz 111:9  Ол мұқтаждарға мол көмек таратады,Оның әділдігі мәңгіге ұласады,Абыройы да жоғарылайтын болады.
Psal Kaz 111:10  Ал зұлым жан мұны көріп, абыржиды,Тісін қайрап, қалжырап қажиды,Зұлымдардың аңсағаны құриды.
Chapter 112
Psal Kaz 112:1  Жаратқан Иені мадақтаңдар!Иеміздің қызметшілері, мақтау айтыңдар,Жаратқанның есімін мадақтаңдар!
Psal Kaz 112:2  Қазіргі кезден мәңгілікке дейінЖаратқанның есімі дәріптеле берсін!
Psal Kaz 112:3  Күннің шығысынан батысына дейінЖаратқанның есімі қастерлене берсін!
Psal Kaz 112:4  Жаратқан бар ұлттардан да жоғары,Оның салтанаты аспаннан да жоғары.
Psal Kaz 112:5  Кім Құдайымызға тең бола алады?Жаратқан Ие зәулім тағында отырады,
Psal Kaz 112:6  Ол төмен қарап аспан мен жерге көз салады.
Psal Kaz 112:7  Құдай тозаңнан кедейді жоғарылатар,Күл-қоқыстан мұқтажды көтеріп алар.
Psal Kaz 112:8  Оларды әміршілермен бірге отырғызар,Халқының көсемдерімен жайғастырар.
Psal Kaz 112:9  Бедеу әйелді отбасымен жарылқар,Перзент сыйлап, шат-шадыман қылар.Жаратқан Иені мадақтаңдар!
Chapter 113
Psal Kaz 113:1  Исраил көшіп шыққанда Мысырдан,Жақыптың әулеті сол бөтен тілді жұрттан,
Psal Kaz 113:2  Яһуда елі Құдайдың киелі үйінеАйналды, Исраил де — Оның иелігіне.
Psal Kaz 113:3  Сонда теңіз көріп, қаша жөнелді,Иордан өзені кері бұрылды,
Psal Kaz 113:4  Таулар қошқар іспетті секірді,Төбелер қозы іспетті секектеді.
Psal Kaz 113:5  Уа, теңіз, сен неге қаша жөнелдің?Уа, Иордан, сен неге кері бұрылдың?
Psal Kaz 113:6  Таулар, қошқардай неге секірдіңдер?Төбелер, қозыдай неге секектедіңдер?
Psal Kaz 113:7  Жер, дірілде Жаратқанның алдында,Жақып сиынған Құдайдың алдында.
Psal Kaz 113:8  Құдай жартасты айналдырды көлге,Дәу шақпақ тасты атқылаған су көзіне.
Psal Kaz 113:9  Біздің емес, уа, Жаратқан, тек Сенің атыңРақымың мен адалдығың үшін даңқталсын!
Psal Kaz 113:10  «Қайда екен сиынған Құдайы бұлардың?»Деп басқа халықтар неге табаласын?
Psal Kaz 113:11  Ал сиынған Құдайымыз заңғар көкте,Ол барлық қалауын асырады іске.
Psal Kaz 113:12  Өзге ұлттардың пұттары күміс, алтыннан,Адамдардың қолдарымен жасалған.
Psal Kaz 113:13  Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,Көздері бар, бірақ көре алмайды,
Psal Kaz 113:14  Құлақтары бар, бірақ ести алмайды,Мұрны бар, бірақ иіс білмейді,
Psal Kaz 113:15  Қолдары бар, бірақ сезе алмайды,Аяқтары бар, бірақ жүре алмайды,Көмейінен бір дыбыс та шықпайды.
Psal Kaz 113:16  Өлі пұтты жасаған пенде соған ұқсайды,Мүсінге сенген әркім де содан аумайды.
Psal Kaz 113:17  Уа, Исраилдің бүкіл әулеті,Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге!Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.
Psal Kaz 113:18  Уа, Һаронның бүкіл әулеті,Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге!Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.
Psal Kaz 113:19  Уа, қастерлейтіндер Иемізді,Сенім артыңдар Жаратқан Иемізге!Қалқандай қорғап, қолдайды Ол біздерді.
Psal Kaz 113:20  Жаратқан Ие бізді есінде ұстайды,Иә, Иеміз біздерді жарылқайды,Ол Исраилдің әулетін жарылқайды,Һәм Һаронның ұрпақтарын жарылқайды.
Psal Kaz 113:21  Жаратқан Өзін қастерлейтін жандарды —Үлкенді-кішілі бәрін де жарылқайды.
Psal Kaz 113:22  Өздерің мен ұрпақтарыңның сандарынЖаратқан Ие ұдайы ұлғайтсын.
Psal Kaz 113:23  Аспанды да, жерді де жаратқанИеміз өздеріңді жарылқаған.
Psal Kaz 113:24  Заңғар көк — Жаратқанның иелігі,Ал жер бетін Ол адамзатқа берді.
Psal Kaz 113:25  Өлілер Жаратқанды дәріптемес,Қабірде жатқандар үндемес,
Psal Kaz 113:26  Ал біз паш етеміз Иеміздің игілігінҚазіргі кезден мәңгілікке дейін.Жаратқан Ие дәріптеле берсін!
Chapter 114
Psal Kaz 114:1  Қатты сүйемін Жаратқан Иені,Жалынған даусымды Ол естіді,
Psal Kaz 114:2  Иә, Ием құлақ түрді маған,Өмір бойы сиынбақпын Оған.
Psal Kaz 114:3  Өлімнің торы жан-жақтан шырмады,Ажалдың азабы мені қинады,Зор қайғы-қасірет тым меңдеп алды.
Psal Kaz 114:4  Жаратқанның атын атап сиындым:«Уа, Ием, құтқаршы мені!» — деп шақырдым.
Psal Kaz 114:5  Жаратқан Ие әділ де рақымды,Біздің Құдайымыз сондай қайырымды!
Psal Kaz 114:6  Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды,Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарып алды.
Psal Kaz 114:7  Тыныштала гөр енді, уа, жан дүнием,Мол игілік жасады Жаратқан Ием.
Psal Kaz 114:8  О, Жаратқан, Сен жанымды өлімненҚұтқардың һәм көзімді жас төгуден,Аяғымды сақтадың сүрінуден.
Psal Kaz 114:9  Осылай мен тірілердің ғаламындаЖүремін Жаратқанның көз алдында.
Chapter 115
Psal Kaz 115:1  Ием, мен Саған сенімімді жүктедім,Содан мынаны айттым: «Қатты қиналып жүрмін!»
Psal Kaz 115:2  Үрейім ұшып, тым абыржыған едім,«Күллі жандар өтірікші!» деп түңілдім.
Psal Kaz 115:3  Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарынҚалай ғана Өзіне қайтара аламын?
Psal Kaz 115:4  Мені құтқарғаны үшін шүкірлік тостағанынКөтеріп, паш етемін Иеміздің атын,
Psal Kaz 115:5  Жаратқанға берген анттарымның барлығынБүкіл халқы алдында іске асырамын.
Psal Kaz 115:6  Иемізге бағышталған адамдарыныңАжалына Жаратқан Ие аударады назарын.
Psal Kaz 115:7  Уа, Ием, шынымен Сенің қызметшіңмін,Мен, сондай-ақ, күңіңнің баласымын,Сен Өзің мені бұғаудан босаттың.
Psal Kaz 115:8  Шүкірлік құрбандығын ұсынамын Саған,Сенің атыңды паш етемін, уа, Жаратқан.
Psal Kaz 115:9  Жаратқанға берген анттарымның барлығынБүкіл халқы алдында іске асырамын:
Psal Kaz 115:10  Иемнің киелі үйінің ауласында,Уа, Иерусалим, сенің қақ ортаңда.Жаратқан Иені мақтаңдар әр уақытта!
Chapter 116
Psal Kaz 116:1  Иемізді даңқтаңдар, барлық ұлттар!Оны мадақтаңдар, күллі халықтар!
Psal Kaz 116:2  Ол зор мейірімін танытады,Бізге мәңгілік адал болады.Мадақтаңдар Иеміз — Жаратқанды!
Chapter 117
Psal Kaz 117:1  Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,Мәңгіге ұласады берік рақымы!
Psal Kaz 117:2  «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»Деп жарияласын Исраил халқы.
Psal Kaz 117:3  «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»Деп мойындасын Һаронның ұрпақтары.
Psal Kaz 117:4  «Мәңгіге ұласады берік рақымы!»Десін Иемізді қастерлейтін барлығы.
Psal Kaz 117:5  Мүшкіл халімде шақырдым Жаратқанды,Ол жауап беріп, мені азат етіп алды.
Psal Kaz 117:6  Ием маған жар, қорықпаймын ешбір жайттан,Не істей алады адам баласы маған?
Psal Kaz 117:7  Ием маған жар, Ол — Қолдаушым менің,Жаудың жеңілісін әлі де көремін.
Psal Kaz 117:8  Адам баласына сенім артқаннан гөріЖаратқан Иені паналау сондай игі!
Psal Kaz 117:9  Әмірші, әкімдерге сенім артқаннан гөріЖаратқан Иені паналау сондай игі!
Psal Kaz 117:10  Барлық ұлттар айнала қоршап алды,Жаратқанның атымен құрттым оларды.
Psal Kaz 117:11  Жан-жақтан олар мені қоршап алды,Жаратқанның атымен құрттым оларды.
Psal Kaz 117:12  Айналамда олар арадай құжынады,Бірақ жанған бұтадай тез өшіп қалды,Жаратқанның атымен құрттым оларды.
Psal Kaz 117:13  Құлатпақ болып сол жаулар қатты итерді,Ал Жаратқан Ие мені қолдап демеді.
Psal Kaz 117:14  Күш-қуатым әрі жырым — Жаратқаным,Ол болды, міне, менің Құтқарушым.
Psal Kaz 117:15  Құтқарылу мен жеңістің шаттық айқайыӘділдердің үйлерінде жаңғырады:«Жаратқан Иенің құдіретті оң қолыҚандай ғажап кереметтер жасайды!»
Psal Kaz 117:16  Сонда көтерілді Иеміздің оң қолы:«Жаратқан Иенің құдіретті оң қолыҚандай ғажап кереметтер жасайды!»
Psal Kaz 117:17  Енді өлмеймін, өмір сүре беремін,Жаратқанның істерін паш етемін.
Psal Kaz 117:18  Жаратқан мені қатты жазалады,Бірақ жанымды ажалға қимады.
Psal Kaz 117:19  «Әділдік қақпаларын» маған ашшы,Оған кіріп, мадақтайын Жаратқанды.
Psal Kaz 117:20  Мына қақпа — Жаратқанның қақпасы,Әділ жандар оған кіре алады.
Psal Kaz 117:21  Сені мадақтаймын, маған құлақ салдың,Уа, Ием, менің Құтқарушым Сен болдың.
Psal Kaz 117:22  Құрылысшылар менсінбеген тас ендіҮйдің басты іргетасына айналды!
Psal Kaz 117:23  Жаратқанның Өзі соны істеді,Көз алдымызда бұл керемет болды!
Psal Kaz 117:24  Иеміз жаратты бізге бұл күнді,Шаттанып қуанайық осы күні.
Psal Kaz 117:25  Уа, Жаратқан, бізді құтқаршы,Уа, Иеміз, табыс сыйлашы!
Psal Kaz 117:26  Жаратқанның атынан келе жатқан жарылқанған,Оның киелі үйінен бата береміз соған.
Psal Kaz 117:27  Жаратқан Ие — Құдай, Ол бізге нұрын шашқан.Мейрамның құрбандық малын апарыңдар,Үстелдің мүйіздеріне байлап қойыңдар.
Psal Kaz 117:28  Сен Құдайымсың, Саған мақтау айтамын,Сен Құдайымсың, даңқыңды асырамын.
Psal Kaz 117:29  Жаратқан Ие ізгі, мадақтаңдар Оны,Мәңгіге ұласады берік рақымы!
Chapter 118
Psal Kaz 118:1  Пәк таза да тура жолмен жүріп,Жаратқанның тәліміне бағынғандар бақытты!
Psal Kaz 118:2  Иеміздің ережелерін ұстанып,Шын жүректен Оған бет бұрғандар бақытты!
Psal Kaz 118:3  Олар әділетсіздік істемейді,Тек Жаратқанның жолымен ғана жүреді.
Psal Kaz 118:4  Ием, тұрақты орындауымыз үшін,Өз бұйрықтарыңды шығарған едің.
Psal Kaz 118:5  Сенің жарлықтарыңа бағынып менЖүре берсем, шіркін, тура жолыңмен!
Psal Kaz 118:6  Сонда ден қойып бар өсиеттеріңе,Ешқашан масқара болмас та едім.
Psal Kaz 118:7  Әділ шешімдеріңді үйренгендеСені дәріптеймін таза жүрекпен.
Psal Kaz 118:8  Мен жарлықтарыңды ұстана берем,Жалғыз қалдыра көрме мені мүлдем.
Psal Kaz 118:9  Жастар қалай таза жолмен жүре алады?Сөзіңе бағынып соны істей алады.
Psal Kaz 118:10  Шын жүректен Саған бет бұрып келемін,Тайдыра көрме мені өсиеттеріңнен.
Psal Kaz 118:11  Күнә жасамауым үшін Саған қарсы,Жүрегіме сақтадым айтқандарыңды.
Psal Kaz 118:12  Даңқталуға лайықсың, уа, Жаратқан,Үйрете гөр жарлықтарыңды маған.
Psal Kaz 118:13  Мен дауыстап айтып та отырамынБар шешімдеріңді Өзің шығарған.
Psal Kaz 118:14  Жұрт шаттана қуанғандай мол байлыққа,Мен ережелеріңмен жүремін шаттана.
Psal Kaz 118:15  Бұйрықтарың жайлы терең ойланамын,Сенің жолыңа мұқият ден қоямын.
Psal Kaz 118:16  Жарлықтарыңды қуана орындаймын,Сөздеріңді ешқашан ұмытпаймын.
Psal Kaz 118:17  Уа, Ием, мол мейірім көрсете гөр маған,Сонда аман болып, сөзіңді сақтай аламын.
Psal Kaz 118:18  Рухани көзімді аша гөр менің,Тәліміңнен кереметтер көрейін.
Psal Kaz 118:19  Бұ дүниеде жат жерлік кірмедеймін.Өсиеттеріңді жасыра көрме менен.
Psal Kaz 118:20  Шешімдеріңді үйренуді сағынып,Жаным әрдайым шөліркейді зарығып.
Psal Kaz 118:21  Сөгіп ескертесің тәкаппар адамдарды,Өсиеттеріңнен тайған сол қарғалғандарды.
Psal Kaz 118:22  Масқара, қорлықты алып тастай гөр менен,Ережелеріңді ұстанып келемін мен.
Psal Kaz 118:23  Әкімдер жиналып, мені өсектегенмен,Жарлықтарың жайлы толғанамын, уа, Ием.
Psal Kaz 118:24  Ережелеріңнен рақат табамын,Олар маған ақыл береді әрдайым.
Psal Kaz 118:25  Ажал аузында жанымның жатқаны-ай,Аман сақтай гөр берген уәдеңе сай!
Psal Kaz 118:26  Жүрген жолдарымды айтып бергенімдеӨзің құлақ салып, жауап бердің де,Жарлықтарыңды маған үйрете гөр енді.
Psal Kaz 118:27  Ұқтыра гөр бұйрықтарыңның мағынасын,Кереметтерің жайлы терең ойланамын.
Psal Kaz 118:28  Жаныма қайғы батып, шаршап-шалдыққам,Уәдеңе сәйкес күш сыйлай гөр маған.
Psal Kaz 118:29  Тәліміңді маған сыйлап рақымменен,Жалғандық жолын алшақтата гөр менен.
Psal Kaz 118:30  Шындық жолымен жүруді таңдап алдым да,Шешімдеріңді ұстаймын мен көз алдымда.
Psal Kaz 118:31  Берік ұстанамын Сенің ережелеріңді,Уа, Жаратқан, ұятқа қалдыра көрме мені.
Psal Kaz 118:32  Менің жүрегімді азат еттің Сен,Жүремін өсиеттеріңнің жолымен.
Psal Kaz 118:33  О, Ием, үйретсеңші жарлықтарыңның жолын,Оны соңына дейін берік ұстанбақпын.
Psal Kaz 118:34  Түсінік сыйлашы, тәліміңді сақтамақпын,Оған шын жүректен мойынсұнбақпын.
Psal Kaz 118:35  Жүргізе гөр мені өсиетіңнің жолымен,Содан зор қуаныш тауып келемін мен.
Psal Kaz 118:36  Жан дүнием пайдақорлыққа салынбасын,Оны ережелеріңе құштар етсең, шіркін!
Psal Kaz 118:37  Бос нәрселерге түсірмей көзімді,Өз жолыңда жаңарта гөр өмірімді.
Psal Kaz 118:38  Ием, орындай гөр маған берген сөзіңді,Содан бәрі терең қастерлесін Өзіңді.
Psal Kaz 118:39  Менен алшақтата гөр үрейлі масқараны,Себебі шешімдерің сондай жақсы!
Psal Kaz 118:40  Қалаймын бұйрықтарыңа бағынуды,Әділдігіңмен сергіте гөр жанымды.
Psal Kaz 118:41  Уа, Жаратқан, маған рақымыңды түсіре гөр,Берген сөзіңе сай мені құтқара гөр.
Psal Kaz 118:42  Сонда сөккенге жауап бере аламын,Сенің сөзіңе сенімімді артамын.
Psal Kaz 118:43  Шындық сөзін алып қойма аузымнан,Шешімдеріңе үмітімді артамын,
Psal Kaz 118:44  Тәліміңді мен ұдайы ұстанамын,Әрдайым оны орындайтын боламын.
Psal Kaz 118:45  Содан жүрісім де болады емін-еркін,Себебі бұйрықтарыңа бет бұрып келемін.
Psal Kaz 118:46  Патшалар алдында ережеңді айтамын,Сонда ешқандай қаймықпайтын боламын.
Psal Kaz 118:47  Өсиеттеріңді қатты ұнатамын,Олардан жұбаныш пен рақат табамын.
Psal Kaz 118:48  Өсиеттеріңді сүйіп, қабылдаймын,Жарлықтарың жайлы үңіле ойлаймын.
Psal Kaz 118:49  Ескере гөр пендеңе берген уәдеңді,Өзің қалайсың соған үміттенуімді.
Psal Kaz 118:50  Сенің сөзің мені жандандырады,Бұл мені жапа шеккенде жұбатады.
Psal Kaz 118:51  Паң жандар мені мазақтай бергенмен,Тағылымыңнан тайып кетпедім мен.
Psal Kaz 118:52  Ежелгі шешімдеріңді еске аламын,Уа, Жаратқан, содан жұбаныш табамын.
Psal Kaz 118:53  Тағылымыңнан безген зұлымдардыКөргенімде ашу кернейді бойымды.
Psal Kaz 118:54  Жат жерлік болып тұрған жақтарда менЖарлықтарыңды жырлап жүремін.
Psal Kaz 118:55  Уа, Жаратқан, түнде атыңды есіме саламын,Сенің тәліміңді ұдайы ұстанамын.
Psal Kaz 118:56  Бұл менің берік әдетіме айналды:Іске асырамын берген бұйрықтарыңды.
Psal Kaz 118:57  Уа, Жаратқан, Өзіңсің менің үлесім,Сөздеріңді сақтаймын деп уәде бердім.
Psal Kaz 118:58  Шын жүректен сиынып келемін Саған:Уәдеңе сай рақымды бола гөр маған.
Psal Kaz 118:59  Жүрген жолдарыма түңіле толғандым,Ережелеріңмен жүруге бел будым.
Psal Kaz 118:60  Мен өсиеттеріңді тез орындап,Кешеуілдеткен жоқпын жалтақтап.
Psal Kaz 118:61  Зұлымдар шырмап алды айналамды,Ал мен ұмытпадым тағылымыңды.
Psal Kaz 118:62  Сені әділ шешімдеріңе болаДәріптеймін, тұрып түн ортасында.
Psal Kaz 118:63  Мен Сені терең қастерлеген жандардыңӘрі бұйрықтарыңды ұстанғандардыңБарлығымен де жақын жолдаспын.
Psal Kaz 118:64  Жер мейіріміңе толы, о, Жаратқан,Жарлықтарыңды үйрете гөр маған.
Psal Kaz 118:65  Берген сөзіңе сай, уа, Жаратқан,Көп жақсылық жасап келесің маған.
Psal Kaz 118:66  Мені үйретші дұрыс түсінік пен білімге,Себебі сенемін Сенің өсиеттеріңе.
Psal Kaz 118:67  Мен азап шекпес бұрын жолдан адасқан едім,Ал енді Сенің сөзіңді сақтап жүремін.
Psal Kaz 118:68  Ізгісің Сен, істейсің игі істеріңді,Үйрете көрші маған ережелеріңді.
Psal Kaz 118:69  Тәкаппарлар жапса да маған жалаларын,Мен шын жүректен бұйрықтарыңа бағынамын.
Psal Kaz 118:70  Олардың жүрегі сезімсіз боп қасарысқан,Ал мен рақат табамын тағылымыңнан.
Psal Kaz 118:71  Үйренуім үшін жарлықтарыңды,Азап шеккенім маған жақсы болды.
Psal Kaz 118:72  Мыңдаған алтын-күміс ақшаларданАузыңнан шыққан тәлімің қымбат маған!
Psal Kaz 118:73  Сенің қолың мені жаратып қалыптастырды,Енді түсінік сыйлап, үйрете гөр бұйрықтарыңды.
Psal Kaz 118:74  Сені қастерлейтіндер мені көргенде шаттансын,Себебі Сенің сөзіңе сенімімді артамын.
Psal Kaz 118:75  Сенің шешімдеріңнің әділдігін мойындаймын,Мені жазалағаның да әділ, уа, Жаратқаным.
Psal Kaz 118:76  Осы пендеңе берген уәдеңе сай мейіріміңМаған ұдайы жұбаныш бола берсін.
Psal Kaz 118:77  Рақымың түсіп, мен аман болайын,Тағылымыңнан қуаныш табайын.
Psal Kaz 118:78  Мені себепсіз езген паңдар масқаралансын,Ал мен бұйрықтарың туралы толғанамын.
Psal Kaz 118:79  Қастерлеп Сені, ережелеріңді білетінКісілер маған бет бұрып, қосылса, шіркін!
Psal Kaz 118:80  Масқара болмауым үшін жүрегім меніңЖарлықтарыңа түгел адал бола берсін!
Psal Kaz 118:81  Құтқаруыңды аңсап шаршап келемін,Бірақ Сенің сөзіңе үміттенемін.
Psal Kaz 118:82  «Мені қашан жұбатасың?» деп зарығып,Көзім талды сөзіңнің іске асуын тосып.
Psal Kaz 118:83  Түтінге қақталған торсықтай менЕш нәрсеге жарамсыз көрінгенмен,Шығармадым жарлықтарыңды есімнен.
Psal Kaz 118:84  О, Ием, мен тағы қанша уақыт тосайын,Мені қудалағандарды қашан соттайсың?
Psal Kaz 118:85  Сол тәкаппарлар Сенің заңыңа қарсыМені құлатпақ болып терең ор қазды.
Psal Kaz 118:86  Күллі өсиет атаулың адал да ақиқат,Жар бола гөр, жау артымнан қуады нақақ!
Psal Kaz 118:87  Олар мені аластата жаздады жерден,Бірақ Сенің бұйрықтарыңнан безбедім мен.
Psal Kaz 118:88  Сақтауым үшін шығарған ережелеріңді,Рақымыңа сай нығайта гөр өмірімді.
Psal Kaz 118:89  Сенің айтқан сөздерің, Жаратқан Ием,Көкте тұр мәңгілікке бекітілген!
Psal Kaz 118:90  Күллі келер ұрпаққа адал боласың,Жер бола береді, Сен оны орнаттың.
Psal Kaz 118:91  Шешімдеріңе сай бұған дейін бәрі тұрады,Бір Өзіңе барлығы да қызмет қылады.
Psal Kaz 118:92  Сенің тәлімің мені жұбатып қуантпағанда,Құрып кеткен болар едім мүшкіл жағдайымда.
Psal Kaz 118:93  Ешқашан ұмытпаймын ережелеріңді,Солармен аман сақтайсың өмірімді.
Psal Kaz 118:94  Құтқара гөр мені, себебі Сенікімін,Мен бұйрықтарыңа көңіл бөліп келемін.
Psal Kaz 118:95  Зұлымдар аңдып жүр мені құртуға,Мен болсам үңілемін жарлықтарыңа.
Psal Kaz 118:96  Әр кемелдіктің шегі бар екенін түсіндім,Ал аясы шексіз Сенің өсиеттеріңнің!
Psal Kaz 118:97  Сенің тәліміңді сондай қатты сүйемін!Күні бойы сол жайлы ойланып та жүремін.
Psal Kaz 118:98  Өсиеттерің есімде мәңгі бақи қалады,Олар мені жауларымнан парасатты қылады.
Psal Kaz 118:99  Бар ұстазымнан терең ұға аламын,Себебі жарлықтарың туралы толғанамын.
Psal Kaz 118:100  Тіпті жасы үлкендерден де білімдірекпін,Себебі бұйрықтарыңды сақтап келемін.
Psal Kaz 118:101  Сенің сөздеріңді ұстанып келемін,Сол үшін теріс жолдан аулақ жүремін.
Psal Kaz 118:102  Сенің шешімдеріңнен тайып кетпеймін,Өйткені Өзің маған тәлім беріп келесің.
Psal Kaz 118:103  Қандай тамаша Сенің сөзіңнің дәмі,Ол тіпті тіл үйірген балдан да тәтті!
Psal Kaz 118:104  Ақыл-кеңес табамын бұйрықтарыңнан,Бар жалған жолдар сондай жексұрын маған!
Psal Kaz 118:105  Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады,Өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады.
Psal Kaz 118:106  Мен ант еттім әділ шешімдеріңді сақтауға,Сөзімде тұрып, сертімді орындаймын да.
Psal Kaz 118:107  Уа, Жаратқан Ие, қиналып жүрмін тым қатты,Берген сөзіңе сай өмірімді жаңартсаңшы!
Psal Kaz 118:108  Аузымнан шыққан мадақтауымды, уа, Жаратқан,Ерікті сый-тарту деп менен қабылдасаң,Әрі өз шешімдеріңді үйретсеңші маған,
Psal Kaz 118:109  Әрқашан жанымды қиюға дайынмын,Сенің тәліміңді есімнен шығармаймын!
Psal Kaz 118:110  Зұлымдар маған тор салып, тұзақ құрған,Ал мен тайып кетпедім бұйрықтарыңнан.
Psal Kaz 118:111  Ережелеріңді қабылдадым мәңгі мұраға,Жүрегімді кенелтеді олар қуанышқа.
Psal Kaz 118:112  Жүрегімде нық шешім қабылдадым бағынуғаАқырына дейін Сенің жарлықтарыңа.
Psal Kaz 118:113  Жалтақтайтын жандарды еш жақтырмаймын,Сенің тәліміңді қатты ұнатамын!
Psal Kaz 118:114  Сен қорғанымсың әрі қалқаным,Сенің сөзіңе сенімімді артамын.
Psal Kaz 118:115  Әй, әділетсіздер, аулақ кетіңдер қасымнан,Құдайымның өсиеттерін ұстанатын болам.
Psal Kaz 118:116  Тірі қалуым үшін мені қолдасаңшы,Берген уәдең бойынша нығайтсаңшы,Үмітім Өзіңде: ұятқа қалдырмасаңшы.
Psal Kaz 118:117  Мені қолдай гөр, сонда аман қаламын,Жарлықтарыңа ұдайы ден қоямын.
Psal Kaz 118:118  Жарлықтарыңнан безгендерді құлатасың,Құр бекер — айлалы қылықтары олардың.
Psal Kaz 118:119  Қоқыстай шығарасың жердің бар зұлымдарын,Ережелеріңді сондықтан қатты ұнатамын.
Psal Kaz 118:120  Тұла бойым дірілдеп Сенен қорқамын,Шешімдеріңді елемеуден шошынамын.
Psal Kaz 118:121  Қуғыншылардың қолына түсіре көрме мені,Жасап келемін ғой әділ де дұрыс істерді.
Psal Kaz 118:122  Осы пендеңді игілікке жеткізіп, қолдай гөр,Паң жандардың жәбірінен мені сақтай гөр!
Psal Kaz 118:123  Әділ уәдеңнің іске асуын тосып,Көзім талды құтқаруыңды аңсай күтіп.
Psal Kaz 118:124  Осы пендеңе рақымшылықпен қарай гөр,Жарлықтарың жайлы тәлім бере гөр.
Psal Kaz 118:125  Пендеңмін, түсінік сыйлай гөр маған,Сонда ережелеріңді ұғына аламын.
Psal Kaz 118:126  Уа, Жаратқан, шара қолданатын уақытың жетті:Адамдар Таурат заңыңа бағынбай кетті!
Psal Kaz 118:127  Ал мен Сенің өсиеттеріңді алтыннанАртық көремін, әрі саф алтыннан!
Psal Kaz 118:128  Содан бар бұйрықтарыңды әділ деп санаймын,Бүкіл бұрыс жолдарды да жақтырмаймын.
Psal Kaz 118:129  Сондай керемет — Сенің ережелерің,Сондықтан оларға шын жүректен көнемін.
Psal Kaz 118:130  Мәнісі ашылғанда сөздерің нұрын шашады,Білімсіздердің де санасын оятып ашады.
Psal Kaz 118:131  Аузын ашып, ауаға зәру болған кісідей,Мен шексіз құштармын Сенің өсиеттеріңе.
Psal Kaz 118:132  Есіміңді сүйген өзгелерге істегеніңдей,Маған да бет бұрып, көрсете гөр мейіріміңді.
Psal Kaz 118:133  Қадамдарымды табанды ете гөр сөзіңмен,Еш жамандық жүргізбесін маған өктемдігін!
Psal Kaz 118:134  Мені құтқара гөр адамдардың езгісінен,Сонда бұйрықтарыңды сақтай аламын мен.
Psal Kaz 118:135  Уа, Ием, маған нұрын төгіп бет-жүзіңнің,Үйрете гөр ережелеріңді Өзіңнің.
Psal Kaz 118:136  Көпшілік көнбегендіктен тағылымыңа,Көз жасым менің көл болып ағылуда.
Psal Kaz 118:137  Уа, Жаратқан Ие, Сен әділсің,Әрі әділетті күллі шешімдерің!
Psal Kaz 118:138  Әділдікпен және шексіз адалдықпенЕрежелеріңді белгілеп бердің Сен.
Psal Kaz 118:139  Сөздеріңді менсінбейді дұшпандарым,Соған қатты налып, шаршап-шалдығамын.
Psal Kaz 118:140  Уәделеріңнің шындығы іс жүзінде сыналған,Уа, Ием, оларды қатты ұнатамын сондықтан.
Psal Kaz 118:141  Жұрт менсінбей, кішік болғаныммен,Бас тартпаймын Сенің ережелеріңнен.
Psal Kaz 118:142  Сенің әділдігің — мәңгі бақи хақ,Әрі тағылымың — нағыз ақиқат.
Psal Kaz 118:143  Ауыртпалыққа ұшырап, қысылып қалдым,Ал өсиеттеріңнен жұбаныш пен рақат таптым.
Psal Kaz 118:144  Мәңгілік әділетті ережелерің Сенің,Түсінік сыйлай гөр шын өмір сүруім үшін.
Psal Kaz 118:145  Уа, Ием, шын жүректен Саған сиынамын:Құлақ сала гөр, жарлықтарыңа бағынамын.
Psal Kaz 118:146  Мені құтқара гөр деп Саған жалынамын,Ережелеріңді ұстанатын боламын.
Psal Kaz 118:147  Таң атпас бұрын Сені көмекке шақырамын,Сенің берген сөзіңе сенімімді артамын.
Psal Kaz 118:148  Сөзіңе терең үңілу мақсатындаҰйқыдан бас тартамын таң алдында.
Psal Kaz 118:149  Уа, Ием, рақыммен үніме құлақ сала гөр,Әділдігіңе сай өмірімді нығайта гөр!
Psal Kaz 118:150  Сұм жоспар құрғандар таяп қалды маған,Олар алшақтап кетті тағылымыңнан.
Psal Kaz 118:151  Ал, Жаратқан Ие, Сен маған жақынсың,Нағыз шындық — күллі өсиет атаулың.
Psal Kaz 118:152  Баяғыда-ақ мен Сенің ережелеріңненОларды мәңгілік орнатқаныңды білгенмін.
Psal Kaz 118:153  Мүшкіл халіме көз салып құтқарсаңшы,Есімнен шығармадым тағылымыңды.
Psal Kaz 118:154  Сен мені жақтап, мүддемді қорғасаңшы,Уәдеңе сәйкес өмірімді сақтасаңшы.
Psal Kaz 118:155  Құтқарылу тым алыс зұлымдардан,Өйткені олар безеді жарлықтарыңнан.
Psal Kaz 118:156  Уа, Ием, ұлан-ғайыр — Сенің мейірімің,Шешіміңе сай нығайта гөр өмірімді менің.
Psal Kaz 118:157  Мені қудалауда жаулар сонша көптеген,Бірақ мен бас тартпаймын ережелеріңнен.
Psal Kaz 118:158  Опасыздарды көргенде жиренемін,Олар сақтамайды сөздеріңді Сенің.
Psal Kaz 118:159  Бұйрықтарыңды қалай сүйетініме қарасаңшы,О, Ием, рақымыңа сай өмірімді нығайтсаңшы.
Psal Kaz 118:160  Түп-тамырымен ақиқат Сенің сөздерің,Әділетті де мәңгілік әрбір шешімің.
Psal Kaz 118:161  Басшылар жазықсыз мені қудалайды,Ал жүрегім сөздеріңді қастерлеп қалтырайды.
Psal Kaz 118:162  Зор олжаға тап болған адам сияқты,Сенің сөздеріңе қуанамын сондай қатты!
Psal Kaz 118:163  Жалғандықты жек көріп, одан жиренемін,Өзіңнің тағылымыңды қатты сүйемін!
Psal Kaz 118:164  Өзіңді әділетті шешімдерің үшінСені күніне жеті рет дәріптеудемін.
Psal Kaz 118:165  Тәліміңді сүйгендер тыныштыққа кенелер,Ештеңеге сүрінбей, аман-есен жүрер.
Psal Kaz 118:166  Уа, Ием, өсиеттеріңді іске асырамын,Мені құтқарасың деп үміттене тосамын.
Psal Kaz 118:167  Ережелеріңді жан дүниемде сақтап келемін,Өйткені мен оларды қатты сүйемін.
Psal Kaz 118:168  Мойынсұнамын ережелерің мен заңдарыңа,Барлық жүрген жолдарым Сенің көз алдыңда.
Psal Kaz 118:169  Жалбарынған үнім құлағыңа жетсе екен,Түсінік сыйлай гөр уәдеңе сай, уа, Ием.
Psal Kaz 118:170  Өтінішім Өзіңнің алдыңа жетсінші,Берген сөзіңе сай мені құтқара көрші.
Psal Kaz 118:171  Сен маған үйреткендіктен ережелеріңді,Лайым аузым мадақтай берсін Өзіңді.
Psal Kaz 118:172  Тілім сөздеріңді ән-жырға қоса берсін,Өйткені әділ күллі өсиеттерің Сенің.
Psal Kaz 118:173  Бұйрықтарыңды орындаймын деп шешкенмін,Құдіретті қолың маған көмектесе көрсін.
Psal Kaz 118:174  Уа, Жаратқан Ием, құтқаруыңды аңсап тосамын,Сенің тағылымыңнан зор қуаныш табамын.
Psal Kaz 118:175  Жаным аман қалып, Сені дәріптей берсін,Шешімдерің тірек болып мені қолдай көрсін.
Psal Kaz 118:176  Жоғалған қой іспетті адасып келемін,О, Ием, іздеп мені, қасыңа қайтарсаң екен,Өсиеттеріңді енді шығармаймын есімнен.
Chapter 119
Psal Kaz 119:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым,Ол мінажатыма түрді құлағын.
Psal Kaz 119:2  Құтқара көрші мені, уа, Жаратқан,Айлалы тіл мен өтірікші ауыздан.
Psal Kaz 119:3  Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан,Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан:
Psal Kaz 119:4  Тартар жазаң сарбаздың өткір оғындай,Әрі жанған ағаш көмірінің шоғындай.
Psal Kaz 119:5  Алыс Мешехте кірме болып тұрған,Қидар шөлінде шатыр маңында қонғанСияқты сорлы басымды қайғы басқан!
Psal Kaz 119:6  Ынтымақты ұнатпайтындарменҰзақ уақыт бірге тұрып келемін,
Psal Kaz 119:7  Татулықты сүйетін жанмын мен,Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем.
Chapter 120
Psal Kaz 120:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)«Тауға көзді қадаймынҚайдан жәрдем келер деп.
Psal Kaz 120:2  Көк пен жерді жаратқанҚұдай Ием маған жар».
Psal Kaz 120:3  «Тайдырмайды Ол табаныңды,Ұйықтамайды Қорғаушың,
Psal Kaz 120:4  Исраилді Қолдап-қорғаушыҚалғымайды да ұйықтамайды.
Psal Kaz 120:5  Қорғаушың — Жаратқан Ие,Қасыңда Ол саяң болып жүреді,
Psal Kaz 120:6  Күндіз күннің, түнде айдыңТимесін деп сәулелері.
Psal Kaz 120:7  Жамандықтың барлығынанЖаратқан Ие сені сақтайды,Жаныңды Ол қорғап-қолдайды.
Psal Kaz 120:8  Бүгіннен бастап мәңгі бақиИеміз қорғайтын боладыБарып-келу сапарыңды».
Chapter 121
Psal Kaz 121:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)«Барайық киелі үйіне Жаратқанның!»Дегенді естіп қатты қуандым.
Psal Kaz 121:2  Уа, Иерусалим, аяғымыз біздіңҚақпаларыңның алдында тұр сенің.
Psal Kaz 121:3  Қабырғалары кірігіп бір тұтасқанҚала болып Иерусалим салынған.
Psal Kaz 121:4  Осында өрлеп келіп тұрадыЖаратқанға сиынатын рулары,Исраилге Ол мынаны заң етіп тапсырды:Жаратқан Иенің есімін мұнда даңқтауды.
Psal Kaz 121:5  Қалада тұр билердің орындықтары,Дәуіттің әулетінің патшалық тақтары.
Psal Kaz 121:6  Амандық тілеңдер Иерусалим үшін:«Қаланы сүйетіндер өркендесін,
Psal Kaz 121:7  Қамалыңның ішінде амандық болсын,Сарайларыңда тыныштық орнасын!»
Psal Kaz 121:8  Тума-туыс, дос-жарандарым үшінҚалаға аман-есендік тілеймін.
Psal Kaz 121:9  Құдай Иеміздің киелі үйі үшінИерусалимге зор игілік тілеймін.
Chapter 122
Psal Kaz 122:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Назарымды Өзіңе аударамын,Уа, көкті мекендеуші Құдайым!
Psal Kaz 122:2  Құлдың көзі қожайынының қолынан,Күңінің көзі ханымының қолынанТаймайтындай, біз де Иеміз ҚұдайданКөз алмаймыз рақым көргенше Одан.
Psal Kaz 122:3  Рақым ете гөр, уа, Жаратқан Ие,Мейіріміңді түсіре гөр біздерге,Тойындық жұрттың бізді жек көргеніне,
Psal Kaz 122:4  Жанымыз тойды менменнің қорлауына,Паңдардың бізді балағаттауына.
Chapter 123
Psal Kaz 123:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)«Егер де Жаратқан жар болмағанда, —Деп Исраил мойындасын әр уақытта, —
Psal Kaz 123:2  Егер де Жаратқан жар болмағанда,Адамдар бізге шабуыл жасағанда,
Psal Kaz 123:3  Бізге қарсы қаһары жалындағанда,Олар бізді тірідей жұтар еді,
Psal Kaz 123:4  Су ағымындай басып тастар еді,Тасқын судай бізді тұншықтырар еді,
Psal Kaz 123:5  Буырқанған судай басып өтер еді».
Psal Kaz 123:6  Олардың тістеріне бізді қимағанЖаратқан Ие мадақталсын әрқашан!
Psal Kaz 123:7  Аңшының торынан құтылған құстаймыз:Тор жыртылды, енді міне, біз азатпыз!
Psal Kaz 123:8  Біз қолдау күтетін бірден-бір есіміміз —Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз!
Chapter 124
Psal Kaz 124:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иеге сенім артқандарСион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.
Psal Kaz 124:2  Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды,Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды,Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.
Psal Kaz 124:3  Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін,Зұлымдардың оларға билігі шектелген.
Psal Kaz 124:4  Мейірімділер мен ақпейілділергеИгілік ете гөр, уа, Жаратқан Ие!
Psal Kaz 124:5  Ал жүріп жатқандарды теріс жолдарменИеміз бірге аластатсын заңсыздармен.Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!
Chapter 125
Psal Kaz 125:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Ие тұтқындарды СионғаҚайтарып алып келген уақытындаҰқсадық түс көріп жатқан адамға,
Psal Kaz 125:2  Езуіміз жиылмады күлкіден,Аузымыздан үзілмеді шаттық ән.Басқа ұлт адамдары өзара былай десті:«Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»
Psal Kaz 125:3  Жаратқан бізге керемет жасады шынында,Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!
Psal Kaz 125:4  Шөлдегі кеуіп қалған өзендердіЛезде-ақ суға толтыратының секілді,Уа, Жаратқан Ие, игіліктеріміздіБіздерге қайтадан сыйлай гөр енді.
Psal Kaz 125:5  Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінінҚуана әндетіп жинамақ өнімін:
Psal Kaz 125:6  Олар еңіреп жүріп тұқымдарынСеуіп тастайды егістік жерлеріне,Кейін құшақтап алып астық бауларынҚуана қайтады мекендеріне.
Chapter 126
Psal Kaz 126:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Сүлейменнің жыры.)Егер Жаратқан үйдің құрылысын жарылқамаса,Құрылысшылардың еңбегі түгелдей зая.Егер Жаратқан Ие қаланы күзетпесе,Қарауылшылар босқа тұрады күзетте.
Psal Kaz 126:2  Бекерге ерте тұрып, кеш жатасыңдар,Нандарыңды көп бейнетпен табасыңдар.Ал Жаратқан Ие сүйікті адамдарынаБейқам тыныштық сыйлайды жандарына.
Psal Kaz 126:3  Балалар — игілік Жаратқан Иеден келген,Перзенттер — Оның сыйы рақыммен берген.
Psal Kaz 126:4  Адамның жас кезінде туған балаларыЖебелері іспетті жауынгердің қолындағы,
Psal Kaz 126:5  «Қорамсақтарын» солармен толтырғанКісілер қандай бақытты болған,Қарсыластарымен биге барғандаҚалмайтын болады олар масқараға.
Chapter 127
Psal Kaz 127:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жаратқан Иені қастерлейтін,Оның жолдарымен жүретінӘрбір адам қандай бақытты!
Psal Kaz 127:2  Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің,Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
Psal Kaz 127:3  Әйелің сенің үйіңнің ішіндегіЖемісті жүзім бұтасы секілді,Ал ұл балаларың дастарқан басындағыЗәйтүн ағашының өркендері сияқты.
Psal Kaz 127:4  Жаратқан Ие осылай жарылқайдыӨзін терең қастерлеген жандарды.
Psal Kaz 127:5  Сион тауындағы киелі үйіненЖаратқан Ие сені жарылқай берсін.Өмір бойы Иерусалимнің амандығын
Psal Kaz 127:6  Көресің һәм немерелеріңнің қызығын.Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!
Chapter 128
Psal Kaz 128:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Жастайынан көріп келген қыспағыЖайлы айтып берсін Исраил халқы:
Psal Kaz 128:2  «Жастайымнан мол көрдім қыспақты,Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
Psal Kaz 128:3  Жон арқамда айдағандай соқаныҰзынынан созылған атызы қалды.
Psal Kaz 128:4  Бірақ Жаратқан Ие әділетті,Сұмдар салған кісеннен азат етті».
Psal Kaz 128:5  Сионды жек көрген дұшпандарыныңБәрі ұятқа қалып кері қайтсын,
Psal Kaz 128:6  Өспей жатып бірден қурап қалатынҮй төбесіндегі шөпке олар ұқсасын:
Psal Kaz 128:7  Орақшының қолы соған талмайды,Бау байлаушының құшағы да толмайды.
Psal Kaz 128:8  «Жаратқан Ие сендерді жарылқасын,Бата береміз Жаратқанның атымен»Деп қастарынан өткендер тілемесін!
Chapter 129
Psal Kaz 129:1  (Киелі үйге өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Ауыр жағдайымның тұңғиығынан,Уа, Жаратқан Ием, дауыстаймын Саған.
Psal Kaz 129:2  О, Тәңір Ием, даусымды тыңдай гөр,Мінажатыма менің құлақ түре гөр!
Psal Kaz 129:3  Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң,Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан?
Psal Kaz 129:4  Бірақ Сен кешірім беруге әзірсің,Содан бәрі Сені қастерлей берсін!
Psal Kaz 129:5  Шын жүректен Иеме сенім артамын,Берген сөзіне үмітімді артамын.
Psal Kaz 129:6  Күзетші күткендей таңның атуын,Қарауыл аңсағандай күннің шығуын,Жан-тәніммен Иемді күтіп сағынамын.
Psal Kaz 129:7  Уа, Исраил халқы, сенім арт Жаратқанға,Рақым мен құтқаратын күш шексіз Онда.
Psal Kaz 129:8  Бар күнәсінің құнын төлеп, ИсраилдіҚұтқарып Жаратқан Ие азат етеді.
Chapter 130
Psal Kaz 130:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ие, өркөкірек емеспін,Паңдана қарамайды көздерім менің,Не тым ұлы істермен шұғылданбаймын,Не шамам келмейтіндермен айналыспаймын,
Psal Kaz 130:2  Қайта, ризамын, жан дүнием тыныштықта.Бейқам жүр сәби анасының қасында,Сол нәресте сықылды өз жаным даТыныш жатыр бейқам болып бойымда.
Psal Kaz 130:3  О, Исраил халқы, бұдан былай мәңгігеШын жүректен сеніңдер Жаратқан Иеге!
Chapter 131
Psal Kaz 131:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Уа, Жаратқан Ие, есіңе түсіршіҚиындық молынан көрген Дәуітті.
Psal Kaz 131:2  Ол Жаратқан Иеге уәде етті,Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдайына былай деп ант берді:
Psal Kaz 131:3  «Мен кірмеймін үйімнің ішіне,Әрі жатпаймын төсегіме,
Psal Kaz 131:4  Ұйқы бермеймін көздеріме,Мүлгітпеймін кірпіктерімді,
Psal Kaz 131:5  Жақыптың сиынатын құдіреттіҚұдай Иесіне жер бетіндегіТұрағын салып бермейінше».
Psal Kaz 131:6  Сандықтың Ефратада екенін естідік,Иғарым даласынан оны таптық.
Psal Kaz 131:7  Жүріңдер, тұрағына Оның кірейік,«Табан тіренішінде» мінажат етейік.
Psal Kaz 131:8  Уа, Жаратқан Ие, көтерілші,Тынығар киелі тұрағыңа кірші,Сандығыңмен бірге — құдіретіңнің белгісі.
Psal Kaz 131:9  Діни қызметкерлерің әділдік жамылсын,Өзіңе адалдар шаттана ән-жыр айтсын.
Psal Kaz 131:10  Қызметшің Дәуітті есіңе алсаңшы,Тағайындаған патшаңнан бас тартпашы.
Psal Kaz 131:11  Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан,Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан:«Бір ұрпағыңды өзіңнен тарағанМен сенің тағыңа отырғызамын.
Psal Kaz 131:12  Келісімім мен ережелерімдіҰрпақтарың Өзімнен үйренеді.Егер соларды ұстанатын болса,Олардың ұрпақтары сенің тағыңдаӘрқашан отыратын болады да».
Psal Kaz 131:13  Өйткені Жаратқан Ие Сионды таңдады,Оның жердегі тұрағы болуын қалады:
Psal Kaz 131:14  «Бұл — Менің ұдайы тынығар тұрағым,Мен мұнда орнығамын, сол — Менің қалауым.
Psal Kaz 131:15  Бұл қаланы өркендетіп, жарылқаймын,Мұқтаждарын тамақпен қарық қыламын.
Psal Kaz 131:16  Дін қызметкерлеріне құтқаруды тапсырамын,Өзіме адалдар ән-жыр айтып шаттансын.
Psal Kaz 131:17  Мұнда Дәуіттің күшті ұрпағын шығарамын,Бұл патшамның өмір шырағын жандырамын,
Psal Kaz 131:18  Басындағы тәжін жарқыратамын,Ал оның жауларын ұятқа қалдырамын».
Chapter 132
Psal Kaz 132:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)Бауырлардың ынтымақта тұрғандарыҚандай тамаша да жарасымды!
Psal Kaz 132:2  (Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда)Басына құйылған жұпар май іспетті,Ынтымақтастық та аса ізгілікті!Сол иісмай Һаронның басынан сақалына,Киімінің етегіне дейін аққан еді.
Psal Kaz 132:3  Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы —Хермон тауына түсетін шық тәрізді.Бұл шық Сион тауына да түседі,Жердің бәрін құнартып, көгертеді.Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірдіМәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.
Chapter 133
Psal Kaz 133:1  (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)«Уа, Жаратқанның бар қызметшілері,Иемізді дәріптей беріңдер!Сендер Құдайдың киелі үйіндеТүн кезінде қызмет көрсетесіңдер:
Psal Kaz 133:2  Киелі орнына қарай қол жайыпИемізді мадақтай беріңдер!»
Psal Kaz 133:3  «Көк пен жерді жаратқан Тәңір Иеміз сағанЛайым төксін батасын Сиондағы орнынан!»
Chapter 134
Psal Kaz 134:1  Жаратқан Иені мадақтаңдар!Жаратқан Иенің атын дәріптеңдер,Өз қызметкерлері, Оны қастерлеңдер,
Psal Kaz 134:2  Құдайымыздың ғибадатханасында,Оның киелі үйінің аулаларында!
Psal Kaz 134:3  Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар,Бұл ұнамды, Оның атын әнмен даңқтаңдар!
Psal Kaz 134:4  Өйткені Жаратқан Жақыптың әулетін таңдады,Исраилді Өзінің меншігіне тағайындады.
Psal Kaz 134:5  Мынаны ұқтым: Жаратқан ерен ұлы,Иеміз бар «тәңір, пір» атаулыдан жоғары!
Psal Kaz 134:6  Жаратқан Өзіне ұнамдысын жасайды даКөк пен жерде, теңіз бен тұңғиықта.
Psal Kaz 134:7  Ол көкжиектен бұлттарды көтереді,Нөсер мен найзағайды жібереді,«Қоймасынан» желді айдап әкеледі.
Psal Kaz 134:8  Ол жойғызды Мысырдың тұңғыштарын,Адамның да, малдың да тұңғыштарын,
Psal Kaz 134:9  Перғауын мен құлдарына қарсы ТәңірҒажаптар көрсетті өз араңда, уа, Мысыр.
Psal Kaz 134:10  Кейін көп халықтарды жеңіп шықты,Күшті патшалардың көздерін құртты:
Psal Kaz 134:11  Аморлықтардың патшасы Сиғонды,Сондай-ақ Башанның патшасы Оқты,Қанаханның бар патшасын да құртты.
Psal Kaz 134:12  Олардың жерлерін мұра секілдіӨз халқы Исраилге меншікке берді.
Psal Kaz 134:13  Атың Сенің мәңгілік, уа, Жаратқан Ие,Сен боласың бар ұрпақтың есінде.
Psal Kaz 134:14  Жаратқан Ие өз халқын ақтайтын болады,Әрі қызметшілеріне рақым танытады.
Psal Kaz 134:15  Өзге ұлттардың пұттары күміс, алтыннан,Адамдардың қолдарымен жасалған.
Psal Kaz 134:16  Пұттың аузы бар, бірақ сөйлей алмайды,Көздері бар, бірақ көре алмайды,
Psal Kaz 134:17  Құлақтары бар, бірақ ести алмайдыЖәне ауызынан дем де шықпайды.
Psal Kaz 134:18  Өлі пұтты жасаған пенде соған ұқсайды,Мүсінге сенген әркім де содан аумайды.
Psal Kaz 134:19  Уа, Исраилдің үрім-бұтағы,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,Уа, Һаронның үрім-бұтағы,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,
Psal Kaz 134:20  Уа, Леуінің үрім-бұтағы,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,Уа, қастерлейтіндер Оны,Мадақтаңдар Иеміз — Жаратушыны,
Psal Kaz 134:21  Сионнан мадақтаңдар Жаратқанды,Уа, Иерусалим, Оның жердегі тұрағы!Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Chapter 135
Psal Kaz 135:1  Жаратқан Ие ізгі, Оны мадақтаңдар,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:2  «Тәңірлерден» жоғары Құдайды мақтаңдар,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:3  Иелердің Иесін мадақтаңдар,Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
Psal Kaz 135:4  Жалғыз Өзі ұлы кереметтер жасайды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:5  Ол көкті даналықпен жаратты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:6  Жер бетін теңіз суынан жоғары орнатты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:7  Аспанда үлкен шырақтар жаратты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:8  Күндізді билейтін күнді жаратты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:9  Түнді билейтін ай мен жұлдыздарды жаратты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
Psal Kaz 135:10  Ол Мысырды жазалап тұңғыштарын құртты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:11  Сол елден Исраилді бастап алып шықты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:12  Мұны зор құдіретімен жүзеге асырды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:13  Қамысты теңізді қақ айырды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:14  Ортасымен Исраил халқын алып шықты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:15  Перғауын мен әскерін теңізге батырды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
Psal Kaz 135:16  Ол өз халқын иен даламен бастап жүрді,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:17  Ұлы патшаларға соққы берді,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:18  Күшті патшалардың көзін құртты,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:19  Аморлықтар патшасы Сихонды жойды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:20  Әрі Башан патшасы Огты да жеңді,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:21  Олардың жерлерін иелікке тапсырды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:22  Құлы Исраилге мұралыққа табыстады,Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
Psal Kaz 135:23  Нашар халімізде бізді назарында ұстады,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:24  Жауларымыздың қолынан құтқарды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:25  Ол барлық жан иелерін тамақтандырады,Рақымы Оның мәңгіге ұласады,
Psal Kaz 135:26  Көктегі Құдай Иені мадақтаңдар,Рақымы Оның мәңгіге ұласады!
Chapter 136
Psal Kaz 136:1  Бабылдың өзен жағаларында отырдық,Сионды еске алып біз зар жыладық.
Psal Kaz 136:2  Жетігенімізді іліп қойдық сондаЖағада өсіп тұрған қызыл талдарға.
Psal Kaz 136:3  Тұтқындағандар жыр айтуымызды талап етті,Азаптағандар бізден шаттық әнін күтті:«Сионның ән-жырларын айтыңдар!» деді.
Psal Kaz 136:4  Бөтен елде жүргенде қалайша бізИеміздің ән-жырларын айта аламыз?
Psal Kaz 136:5  О, Иерусалим, егер ұмытсам сені,Оң қолым, сен де ұмытқайсың мені!
Psal Kaz 136:6  Иерусалимді есімде сақтамасам,Оны шаттығымның шыңы деп санамасам,Онда тілім көмейіме жабысып қалсын!
Psal Kaz 136:7  Уа, Жаратқан Ием, есіңе түсіршіИерусалим жау қолына түскен күніЕдомдықтардың не істегендерін:«Қиратыңдар қаланы түбіне дейін!Қиратыңдар оны!» деп өршіткендерін.
Psal Kaz 136:8  Уа, Бабыл қаласы, ойран салғышсың,Саған бізге істеген қастығыңныңЕсесін қайтарған жан бақытты болмақ,
Psal Kaz 136:9  Ұстап алып балаларыңды өзіңнің,Тасқа ұрған адам бақытты болмақ.
Chapter 137
Psal Kaz 137:1  (Дәуіттің жыры.)Шын жүректен, уа, Ием, Сені дәріптеймін,Періштелер алдында әндетемін.
Psal Kaz 137:2  Киелі үйіңе қарай иілемін,Берік рақымың мен адалдығың үшінСенің атыңа шүкіршілік етемін,Өйткені дүниеде бар нәрселерденАтың мен сөзіңді жоғары қойдың Сен.
Psal Kaz 137:3  Мінажат еткенімде жауап бердің,Жігер беріп, жанымды берік еттің.
Psal Kaz 137:4  Уа, Ием, естігенде аузыңнан шыққан сөзіңдіЖердің бар патшалары мадақтасын Өзіңді,
Psal Kaz 137:5  Олар әнге салсын Жаратқанның жолдарын,Өйткені шексіз зор — ұлылығы Оның!
Psal Kaz 137:6  Жаратқан Ие бәрінен де жоғары,Ал кішіпейілге Ол назар аударады,Тәкаппар адамды да алыстан ұғады.
Psal Kaz 137:7  Жүрсем де қақ ортасында қиын жағдайдың,Уа, Ием, жанымды аман сақтайсың,Кәрлі жауларыма қарсы қол жұмсайсың,Мені құдіретіңмен қолдап-қорғайсың.
Psal Kaz 137:8  Осыны істейді мен үшін Жаратқан,Рақымың, уа, Ием, ұласады әрқашан,Бас тартпа бізден, өз жаратылысыңнан.
Chapter 138
Psal Kaz 138:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің,Сен мені толығынан танып білесің:
Psal Kaz 138:2  Отырғаным, тұрғаным да Саған аян,Ойларымды біліп, ұғасың алыстан.
Psal Kaz 138:3  Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын,Жолдарымның барлығы да Саған айқын.
Psal Kaz 138:4  Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнанОны толық білесің, уа, Жаратқан!
Psal Kaz 138:5  Алды-артымнан жүресің мені қоршапҚұдіретті қолыңды үстімде ұстап.
Psal Kaz 138:6  Біліміңді ұға алмаймын ешқашан,Ол қол жеткізбес биік те ғажап маған!
Psal Kaz 138:7  Сенің Рухыңнан мен қайда қашпақпын?Көз алдыңнан қайда жасырынбақпын?
Psal Kaz 138:8  Көкке көтерілсем, сол орындасың,Тұңғиыққа түссем де, Сен сондасың.
Psal Kaz 138:9  Таң шапағына қалықтап ұшсам да,Не теңіздің ар жағына қонсам да,
Psal Kaz 138:10  Сол жерде де мені қолың жетелеп,Құдіретті қолың ұстайды демеп.
Psal Kaz 138:11  Мен: «Қараңғылық мені тасаласын,Айналамдағы жарық түнекке айналсын!»
Psal Kaz 138:12  Десем де, түнек жасырмайды Сенен,Саған күндей нұрлы — түннің өзі де,Жарықтай айқын — түнек те көзіңе!
Psal Kaz 138:13  Сен іш құрылысымды қалыптастырдың,Ана құрсағында мені жараттың.
Psal Kaz 138:14  Тамаша жаралдым, Сені мадақтаймын,Керемет ғажап — жасаған істерің,Мұны мен шын жүректен мойындаймын.
Psal Kaz 138:15  Мен ана құрсағында қалыптастым,Құпия жерде жатқанда жаратылдым,Сенен таса болмады сонда сүйектерім,
Psal Kaz 138:16  Ұрық күйімде мені көзіңмен көрдің.Сен маған бұйырған күндердің біріӘлі де тумас бұрын, солардың бәріКітабыңда жазулы тұрған еді.
Psal Kaz 138:17  Сенің ойларың маған тым жоғары,Уа, Құдай, қанша көп олардың саны!
Psal Kaz 138:18  Санап шықсам барлық ойларыңды,Құм қиыршықтарынан көп болады!Бірақ оянған кезде әрдайым менБірге боламын әлі де Өзіңмен.
Psal Kaz 138:19  Уа, Құдай, зұлымдарды жазалай гөр,Аулақ кетіңдер менен, қанішерлер!
Psal Kaz 138:20  Олар Сен жайлы арамдық айтады,Дұшпандарың атыңды құр қолданады.
Psal Kaz 138:21  Сені жек көріп, қарсы шыққан жауларыңҚалай маған жексұрын, жиренішті болмасын?
Psal Kaz 138:22  Жан-тәніммен жақтырмаймын соларды,Олар нағыз дұшпандарыма айналды.
Psal Kaz 138:23  Уа, Құдай, жүрегімнің түкпірлерін тексере гөр,Мені мазалаған ойларымды біле гөр,
Psal Kaz 138:24  Қауіпті жолдамын ба, сынай көрсеңші,Мәңгілік өмір жолымен мені жүргізсеңші!
Chapter 139
Psal Kaz 139:1  (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Psal Kaz 139:2  Уа, Жаратқан, зұлым адамнан құтқаршы,Зорлықшыл жандардан мені қорғашы,
Psal Kaz 139:3  Ойларында олар сұм жоспар құрады,Күн сайын ұрыс-керіс туғызады.
Psal Kaz 139:4  Өткір тілдері жыландай шағады,«Сұр жыланның уы» тілдерінен тамады.
Psal Kaz 139:5  Уа, Жаратқан, зұлымның қолынан сақташы,Зорлықшыл жандардан мені қорғашы,Аяғымнан шалып олар құлатпақшы.
Psal Kaz 139:6  Паңдар маған жасырын тұзақ құрды,Торларының жіптерін кеңінен жайды,Олар жүрген жолыма қақпандар құрды.
Psal Kaz 139:7  «Сен Құдайымсың, — дедім Жаратқанға, —Уа, Ием, құлақ түрші жалынған даусыма.
Psal Kaz 139:8  Жаратушы Тәңір Ием, мықты құтқарушымсың,Шайқас күні басымды дулығадай қорғадың.
Psal Kaz 139:9  О, Ием, зұлымға қалауын бермеші,Оның сұм ойларын табысты етпеші,Дұшпандарға көкіректерін көтертпеші».
Psal Kaz 139:10  Жауларым мені қоршауға алды жан-жақтан,Ал зұлымдықтары ауыздарынан шыққанӨз бастарына түсе берсін әрқашан!
Psal Kaz 139:11  Көмір шоғындай оларға жаудырылсын,Отқа не батпақты шұңқырға лақтырылсын,Енді қайтып солардан шыға алмасын,
Psal Kaz 139:12  Жалақор адамдар елде орнықпасын,Зорлықшылдарды апат қуып ұстасын.
Psal Kaz 139:13  Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,
Psal Kaz 139:14  Иә, әділдер атыңды мадақтайды,Адал жандар көз алдыңда жасайды.
Chapter 140
Psal Kaz 140:1  (Дәуіттің жыры.)Уа, Ием, Сені шақырамын, асыға гөр,Жалбарынған даусыма құлақ сала гөр,
Psal Kaz 140:2  Дұғам алдыңа жетсін жұпар тартудай,Саған қол жайғаным кешкі құрбандықтай.
Psal Kaz 140:3  Уа, Жаратқан Ие, тіліме күзет қоя гөр,Аузымның ашылуын бақылай гөр.
Psal Kaz 140:4  Жүрегім жамандыққа құмартпасын,Зұлымдардың істеріне қатыспайын,Олардың ләззаттарынан дәм татпайын.
Psal Kaz 140:5  Жазаласын мені әділетті жан,Бұл нағыз мейірімділік болмақ маған,Сөгіс берсін маған ізгілікті жан,Бұл иісмайдай болмақ басыма жаққан,Мен еш бас тартпаймын да сол жазадан,Ал сұмдардың ісіне қарсы сиынамын Саған.
Psal Kaz 140:6  Құздан төмен лақтырылған соң басшылары,Қалған жұрт сөзімді ұнатып қабыл алады.
Psal Kaz 140:7  «Егінші соқа айдап, жер жыртады,Топырақ кесектерін қопарады,Ажал жетіп, солай сүйегіміз шашылады!»(Деп сол зұлымдар уайыммен айтады.)
Psal Kaz 140:8  Тек Өзіңе қарай бағытталған көздерім,Жалғыз Өзіңнен ғана көмек күтемін,Уа, менің Жаратушы Тәңір Ием,Өзіңсің паналайтын берік қорғаным,Залымдардың қолында қалмасын жаным.
Psal Kaz 140:9  Олардың құрған торынан мені қорғай гөр,Зұлымдардың тұзағынан лайым сақтай гөр,
Psal Kaz 140:10  Арсыздар өз торларына өздері түссе екен,Ал мен содан құтылып кетейін аман-есен.
Chapter 141
Psal Kaz 141:1  (Дәуіттің насихат жыры. Оның үңгірде жасырынған кезіне арналған мінажаты.)Жаратқан Иені дауыстап шақырдым,Қатты дауыспен Иеме жалындым.
Psal Kaz 141:2  Оның алдында тілегімді ақтардым,Қасіретімді Оған түгел аштым.
Psal Kaz 141:3  Рухым қажығанда Сен білесің жолымды,Ал маған байқатпай жауларым торлар құрды.
Psal Kaz 141:4  Көмек күтіп оң жағыма қараймын,Мені ойлаған ешкім жоқ деп байқаймын.Жер қалмады енді маған пана болар,Ешкімім жоқ жанымның қамын ойлар.
Psal Kaz 141:5  Саған былай деп дауыстап сиынамын:«Уа, Жаратқан Ие, Сен менің баспанамсың,Бұ дүниеде маған жар тек Өзіңсің.
Psal Kaz 141:6  Зар жылаған даусыма құлақ салшы,Өйткені мен әлсіредім тым қатты,Қуғындаған дұшпандардан құтқаршы,Менікінен тым басым күш-қуаттары.
Psal Kaz 141:7  Тас түнектен алып шықшы жанымды,Мадақтауым үшін Сенің атыңды.Әділдер сонда қасыма жиналады,Себебі Маған көрсеттің Сен рақымыңды».
Chapter 142
Psal Kaz 142:1  (Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ием, дұғама құлақ салшы,Сенімдісің Сен, өтінішімді тыңдашы,Әділдігіңе сай маған жауап қатшы.
Psal Kaz 142:2  Тергеп соттай көрме мені, қызметшіңмін,Мінсіз жан болмайды алдыңда Сенің.
Psal Kaz 142:3  Дұшпаным өкшелеп қуғындайды,Жерге жығып жанымды таптайды,Мені көрде жатқан сүйектей етті,Түнекте тұруға мәжбүрледі.
Psal Kaz 142:4  Көңілім жабырқаңқы, рухым түсті,Қорқыныштан менің үрейім ұшты.
Psal Kaz 142:5  Ежелгі кереметтеріңнің барлығынЕске алып, ойланып-толғанамын,Қолыңның істерін ақылға саламын,
Psal Kaz 142:6  Өзіңе қарай қолдарымды жаямын:Кепкен топырақ жаңбырды тілейді,Жан дүнием де Сені аңсап шөліркейді.
Psal Kaz 142:7  Тез құлақ түре гөр, жаным күйреді,Ием, кері бұрмашы менен бетіңді,Әйтпесе боламын көрге түскен секілді.
Psal Kaz 142:8  Таң ата маған естіртші мейіріміңді,Өйткені Өзіңе артамын сенімімді,Көрсетші Маған қай жолмен жүретінімді,Себебі Саған бағыштаймын өмірімді.
Psal Kaz 142:9  Уа, Жаратқан, жауларымнан құтқара гөр,Сені паналаймын, мені қорғай гөр,
Psal Kaz 142:10  Өз еркіңді орындауға үйрете гөр.Өйткені сенім артқан Құдайымсың,Сенің игілікті Киелі РухыңТүзу жолмен мені жетелей көрсін.
Psal Kaz 142:11  О, Ием, ұлы атың үшін жанымды сақтай гөр,Әділдігің үшін қиындықтан құтқара гөр,
Psal Kaz 142:12  Рақымыңа бола бар жауларымды жоя гөр,Қызметшіңмін, қанаушыларымды құрта гөр.
Chapter 143
Psal Kaz 143:1  (Дәуіттің жыры.)Даңқталсын құздай нық қорғаным — Жаратқан!Қолдарымды соғысқа Ол жаттықтырған,Саусақтарымды шайқасқа дайындаған.
Psal Kaz 143:2  Ол — рақымның қайнары әрі қамалым,Мықты мұнарам әрі құтқарушым,Қалқандай қорғаушым әрі баспанам,Халқымды Ол билігіме тапсырған.
Psal Kaz 143:3  Уа, Ием, Сен ескеретіндей адам сонша кім,Өзің қамқорлайтындай адам баласы кім?
Psal Kaz 143:4  Алған деміне ғана ұқсайды адам,Өткен көлеңкедей күндері қысқарған.
Psal Kaz 143:5  Көкті қақ жарып, уа, Ием, төменге түсші,Түтін шықсын деп тауларға қол тигізші,
Psal Kaz 143:6  Найзағай жарқылдатып, жауды шашыратшы,Жебелер атқылап оларды қиратшы,
Psal Kaz 143:7  Қолыңды көктен созып мені құтқаршы,Топан судай мол жат жұрттан азат қылшы,
Psal Kaz 143:8  Өтірікке лық толған өз ауыздары,Алдамшы да олардың берген анттары.
Psal Kaz 143:9  Уа, Құдай, Өзіңе жаңа ән саламын,Он ішекті жетігенмен күй тартамын.
Psal Kaz 143:10  Патшаларға Сен жеңісті сыйлайсың,Қызметшің Дәуітті аман сақтайсың.
Psal Kaz 143:11  Ажалды семсерден мені құтқаршы,Жат жұрттың қолынан азат қылшы,Өтірікке лық толған өз ауыздары,Алдамшы да олардың берген анттары.
Psal Kaz 143:12  Жастық шақтан өсіре гөр ұлдарымыздыЖақсы өңделген дала дақылдары сықылды,Қыздарымыз болсын безендірген сарайдағыӘсемдеп өрнектелген бағана сияқты.
Psal Kaz 143:13  Қоймамыз лайым толы бола берсінАлуан түрімен азық-түліктің,Малдарымыз мың-мыңдап көбейсін,Жайылымда оң мыңдап молайсын,
Psal Kaz 143:14  Өгіздеріміз ауыр жүктен арылмасын,Қамалдарымыз ешқашан жарылмасын,Ешбір жау бізді тұтқынға айдамасын,Көшеде зар жылаған дауыс шықпасын!
Psal Kaz 143:15  Осындай тілектері іске асқанӘрбір халық қандай жарылқанған!Құдайы — Жаратқан Иеге сиынғанӘрбір халық қандай жарылқанған!
Chapter 144
Psal Kaz 144:1  (Дәуіттің мадақтау жыры.)Уа, Құдайым, Патшасың, даңқыңды асырамын,Атыңды мәңгілік жоғарылатамын.
Psal Kaz 144:2  Күн сайын Сені дәріптейтін боламын,Атыңды мәңгілік құрмет тұтамын.
Psal Kaz 144:3  Жаратқан Ие ұлы, мадаққа лайықты,Ұлылығын ешкім жете ұғынбайды.
Psal Kaz 144:4  Ұрпақтан ұрпаққа жұрт істеріңді мақтайды,Құдіретті әрекеттеріңді жариялайды,
Psal Kaz 144:5  Сенің керемет ұлы салтанатыңӘрі ғажап істерің жайлы толғанамын.
Psal Kaz 144:6  Жұрт айтады айбарлы құдіретіңді,Мен де паш етемін ұлылығыңды,
Psal Kaz 144:7  Бәрі ескереді зор ізгілігіңді,Ән-жырмен дәріптейді әділдігіңді.
Psal Kaz 144:8  Жаратқан мейірбанды да қайырымды,Тез қаһарланбайтын, өте мейірімді!
Psal Kaz 144:9  Жаратқан Ие барлығына ізгілікті,Бүкіл жаратылысына кең пейілді.
Psal Kaz 144:10  Уа, Ием, бар істерің даңқыңды шығарсын,Адал адамдарың да Сені мадақтасын!
Psal Kaz 144:11  Патшалығыңның даңқын олар асырады,Құдіретті істерің туралы айтады,
Psal Kaz 144:12  Осылай адамзатқа құдіретіңді ұқтырсынӘрі Патшалығыңның даңқты ұлылығын.
Psal Kaz 144:13  Патшалығың Сенің мәңгілік болмақ,Ұрпақтан ұрпаққа билігің ұласпақ.Жаратқан бар сөздерін іске асырады,Оның күллі істері де шапағатты.
Psal Kaz 144:14  Сүрініп жатқандарды Жаратқан сүйейді,Еңкейіп жүргендерді көтеріп демейді.
Psal Kaz 144:15  Барлығының көздері бір Өзіңде,Тамақтарын бересің мезгілінде,
Psal Kaz 144:16  Әр тірі жанға қолыңды ашасың,Мархабатпен барлығын тойындырасың.
Psal Kaz 144:17  Жаратқанның бар жолдары әділетті,Иә, Оның күллі істері игілікті:
Psal Kaz 144:18  Иеміз Өзіне сиынғандардың жанында,Ол шынайы шақырғандардың қасында,
Psal Kaz 144:19  Өзін қастерлейтіннің тілегін орындайды,Жалынышын естіп, оны аман сақтайды.
Psal Kaz 144:20  Иеміз Өзін сүйетіндердің бәрін қорғайды,Ал барлық зұлымдарды Ол талқандайды.
Psal Kaz 144:21  Аузыммен Жаратқанның даңқын асырамын,Лайым әрбір жан мақтасын киелі атын!
Chapter 145
Psal Kaz 145:1  Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!Мен жан-тәніммен Иемді мадақтаймын,
Psal Kaz 145:2  Тірі жүргенімде Жаратқанды даңқтаймын,Өмір бақи Құдайыма ән-жырымды арнаймын.
Psal Kaz 145:3  Әміршілерге үміттеріңді артпаңдар,Өткінші пендені сүйеніш қылмаңдар,Пәледен құтқара алмайды олар:
Psal Kaz 145:4  Демі бітіп, жерге қайта оралады,Сол күні-ақ ой-ниеті ада болады.
Psal Kaz 145:5  Жақып сиынған Құдай жар болғанЖәне Құдай Иесіне үміт артқанҚандай бақытты болады әрбір жан!
Psal Kaz 145:6  Көк пен жерді, теңізді әрі олардағыБардың бәрін де Иеміз жаратты,Ол мәңгі бақи сөзінде тұрады.
Psal Kaz 145:7  Қаналғандарды Ол әділдікке жеткізеді,Ашығып жүргендерге тамақ береді.Жаратқан Ие тұтқындарды босатады,
Psal Kaz 145:8  Иеміз зағиптардың көзін ашады.Жаратқан бүкірлерді түзу етеді,Иеміз әділдерді жақсы көреді.
Psal Kaz 145:9  Жат жұрттықтың мүддесін Жаратқан қорғайды,Жетім-жесірлерді де қолдап-қоштайды,Ал зұлымдардың ой-ниетін талқандайды.
Psal Kaz 145:10  Жаратқан Ие мәңгі билік жүргізеді!Уа, Сион, сиынған Құдайың патшалықҚұрады ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік.Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Chapter 146
Psal Kaz 146:1  Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!Құдайымызды ән-жырмен мадақтау игі,Бұл қандай ұнамды да жарасымды!
Psal Kaz 146:2  Иеміз Иерусалимді қайта салар,Исраилдің айдалғандарын қайтарар,
Psal Kaz 146:3  Жаралы жүректерді сауықтырар,Қайғы-қасіреттерін Ол жұбатар.
Psal Kaz 146:4  Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген,Ол барлығына да өз аттарын берген.
Psal Kaz 146:5  Жаратқан Ие ұлы әрі тым қуатты,Шексіз мол Оның ақыл-парасаты.
Psal Kaz 146:6  Иеміз қорланған жанды жоғарылатады,Ал зұлымдарды Ол жерге құлатады.
Psal Kaz 146:7  Жаратқан Иеге шүкірлік әнін айтыңдар,Құдайымызға жетігенмен күй тартыңдар!
Psal Kaz 146:8  Жаратқан аспанды бұлттармен жабады,Жер бетіне жаңбырды жаудырады,Тау-төбені көк шөппен жамылдырады.
Psal Kaz 146:9  Осылай азық өсіреді мал мен аңдарға,Қарғаның шақырған балапандарына да.
Psal Kaz 146:10  Тұлпардың күшіне Жаратқан қарамайды,Жігіттің жүйріктігінен рақат таппайды,
Psal Kaz 146:11  Қайта, риза болады Жаратқан ИеӨзін қастерлеп, рақымына үміт еткенге.
Chapter 147
Psal Kaz 147:1  Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта,Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!
Psal Kaz 147:2  Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан,Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,
Psal Kaz 147:3  Таңдаулы астықпен оны тойындырады,Шекараңа бейбітшілік орнатады.
Psal Kaz 147:4  Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды,Оның айтқандары лезде тарайды.
Psal Kaz 147:5  Жаратқан қарды мамықтай жаяды,Қырауды да күлдей жерге шашады,
Psal Kaz 147:6  Бұршақты жұмыр тастай жаудырады,Кім Оның аязына шыдай алады?
Psal Kaz 147:7  Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды,Жылы жел соққызып, ағызады суды.
Psal Kaz 147:8  Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын,Исраилге заңдары мен жарлықтарын,
Psal Kaz 147:9  Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді,Олар Оның шешімдерін білмей келеді.Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Chapter 148
Psal Kaz 148:1  Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!Жаратқан Иені көктен мақтаңдар,Заңғар аспанда Оны даңқтаңдар,
Psal Kaz 148:2  Мадақтаңдар Оны, бар періштелер,Мадақтаңдар Оны бәрің, көктегілер,Оған бағышталған нөкерлері, сендер!
Psal Kaz 148:3  Мадақтаңдар Иемізді, күн мен ай да,Барлық жарқылдаған жұлдыздар да,
Psal Kaz 148:4  Мадақта Оны лайым, аспан заңғар,Мадақтаңдар Оны, бұлттан жоғары сулар!
Psal Kaz 148:5  Жаратқанның атын дәріптесін барлығы,Ол бұйрық бергенде әлем жаратылды,
Psal Kaz 148:6  Мәңгілікке берік орнатты Ол соларды,Әрдайым сақталады берген жарлықтары.
Psal Kaz 148:7  Мадақтаңдар Жаратқанды, жердегілер,Алып балықтар мен түпсіз теңіздер,
Psal Kaz 148:8  Найзағай мен бұршақ, қар және тұман,Дауыл да Оның бұйрығына бағынған,
Psal Kaz 148:9  Мақтаңдар Оны, бар төбелер мен таулар,Жеміс ағаштары мен күллі самырсындар,
Psal Kaz 148:10  Алуан түрлі аңдар және малдар,Құстар әрі бауырымен жорғалаушылар!
Psal Kaz 148:11  Әлемнің патшалары мен бүкіл халықтар,Жердегі әміршілер және барлық соттар,
Psal Kaz 148:12  Мадақтаңдар Оны, жігіттер мен қыздар,Қарттармен қатар сендер де, балалар!
Psal Kaz 148:13  Мадақтасын бәрі де Жаратқанның атын,Тек Ол ғана жоғары барлығынан,Даңқы Оның жер мен аспаннан асқан.
Psal Kaz 148:14  Ол Өзінің халқына күш-қуат дарытты,Бар адал жандарға мақтау әнін айтқызды,Исраил ұрпақтарының даңқын асырды,Осы халық Өзімен тығыз байланысты.Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Chapter 149
Psal Kaz 149:1  Лайым Жаратқан Иені мадақтаңдар!Жаратқан Иеге жаңа ән-жыр салыңдар,Сенушілер қауымында Оны мадақтаңдар!
Psal Kaz 149:2  Шаттан, Исраил, өзіңді Жаратқанға,Сион халқы қуансын Патшасына,
Psal Kaz 149:3  Би билеп мадақтасын Оның атын,Дауылпаз, жетігенмен ән шырқасын!
Psal Kaz 149:4  Жаратқан өз халқынан рақат табады,Кішіпейілдерді даңқтап, құтқарады.
Psal Kaz 149:5  Адал жандар бұл құрметке шаттансын,Төсекте жатып та қуана ән салсын,
Psal Kaz 149:6  Аузында Құдайды мақтайтын ән болсын,Қолдарына екі жүзді семсер ұстасын,
Psal Kaz 149:7  Бас көтерген ұлттарды соттау үшін,Қыңыр халықтарды жазалау үшін,
Psal Kaz 149:8  Олардың патшаларын кісендеу үшін,Төрелерін темірмен шынжырлау үшін,
Psal Kaz 149:9  Жазылған үкімдерін орындау үшін.Бұл — құрмет Оған бағышталғандар үшін.Жаратқан Иені мадақтаңдар әрдайым!
Chapter 150
Psal Kaz 150:1  Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде,Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!
Psal Kaz 150:2  Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін,Мадақтаңдар Оны зор ұлылығымен!
Psal Kaz 150:3  Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің,Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!
Psal Kaz 150:4  Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен,Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
Psal Kaz 150:5  Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен,Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!
Psal Kaz 150:6  Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді!Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Chapter 151